Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 05

Total number of words is 4166
Total number of unique words is 1776
42.0 of words are in the 2000 most common words
57.8 of words are in the 5000 most common words
64.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Бүгін көңілімнің қошы жоқ, апа,— дей салды қыз əйелдің сыр
тарту үшін айтқан сөзін де, көзқарасын да түсіне қойып.— Жүрегім
ұйтқи береді, əлде бір жамандық барын сезгендей.
— Қойшы, қарағым, қайдағы жоқты шығармай. Құдайға шүкір, төрт
құбылаң бірдей Меке, көркің де, дəулетің де, білімің де біріне-бірі сай
жəне оның үстіне мына менің қайным...
Қыз əйелдің аузын баса қойды, сөзін аяқтатпады.
— Дəулет... Сол дəулет қазір папама жамандықтың басы болғалы
тұр.
— Неге?
— Солай, апа. Менің əр нəрсені аңғаратыным өзіме зиян болып жүр.
Жүрегім сондықтан ұйтқиды.
— Қой, қарағым, бұл екеуіміздің ойлайтын нəрсеміз емес,— деп
Меңдіқыз Гүлжиһанды терезенің алдына қарай жетектеді.
Бұл кезде Хакімнің үйіне қарай, көпірден тура тартқан шаңырақ
мүйіз пар өгіз жеккен ағаш арбалы қақпаға төніп қалып еді. Меңдіқыз
жалма-жан терезені ашып жіберді де:
— Кенже бала келіп қалды. Біздің кенже бала, Гүлжиһан,— деп
айқайлап Əділбекті көрсетті.— Сен көрген жоқсың кенже баланы.
Атамның сүт кенжесі.
— Мен кенже бала түгіл, Əлібектің де қандай екенін көз алдыма
келтіре алмаймын.
Қыздың бұл сөзі аузынан еріксіз шығып кетті де, ол тары да қызара
түсті.
— Əлібекті де, Əділбекті де енді өз көзімен көріп, өз аузыңмен
тілдесетін боласың, амандық болса. Саған еремін деп қайнілерімнің
аттарын атап қойдым, Гүлжиһан. Кенже бала атын атағанын естісе
шатақ шығарады. Оның мінезі екі ағасының екеуінен де өзгеше, қазір
көресің.
2
Өгізін туарып, лапас астына байлап, үйге үстін қарып-сілкіп,
жайымен кірген Əділбек Гүлжиһанға көзін салмады. Меңдіқызбен ғана
болып, оған елдің амандығын, үй ішінің сəлем айтқанын қысқаша
баяндай салды да:
— Мынау жалпақ баланың кім екенін танисың ба, жеңеше?— деді де,
сонсоң Меңдіқыздың жауабын күтпей жəй-мəністі өзі жеткізе бастады.
— Біздің жақын ағайын Бақы деген кісінің баласы. Бұл да қайның.
Оқуға кіремін деп Дабыл байдың қойын қорасымен аш бөріге
тапсырып, осындағы нағашысы Жолмұқанды іздеп келе жатыр.
— Қойшы, кенже бала, рас айтасың ба? Аман ба, қарағым,— деп əйел
баламен амандасып,— шынымен қойды қасқырға қудырдың ба?— деді
таңданып.
— Жоқ. Əй, жеңеше-ай, бала екенсің ғой. «Қора толған қойымды аш
бөріге тапсырдым» деп Қобыланды айтпай ма? Бұл да сондай батыр.
Батыр болғанда «Сырым да қойшы екен, мен де қой бақтым. Енді
Сырымдай боламын!» дейді. Мықты емес пе, қайның, ə?
Мендіқыз езу тартты да жалма-жан:
— Кенже бала, мына...— деп Гүлжиһанды көрсетіп,— баланы, қызды
танисың ба? Танымайсың. Кім деп ойлайсың? Кімге ұқсайды?— деп
сұрады күліп.
Əділбек Гүлжиһанға тесіле қарап алып:
— Қалада бой жеткен аз ба? Танымаймын. Бүгін мені жолда Дабыл
байдың күйеуі, кəдімгі біздің Рақымғали: «Менің балдызым бар.
Байдың сүт кенжесі, бой жетіп отыр» деп жымың-жымың етті. Сол,
Рақаң айтқандай, біреудің бал кенжесі шығар бұл бой жеткен де,— деп
тағы да Гүлжкһанға көзін тікті.
— Ой, кенже бала, кенже бала. Сөздің кесірін қара, «сүт кенже, бал
кенже» дейді... Жарайды, өзім таныстырайын: көріс, Гүлжиһан...
өзіміздің кəдімгі... жиен,— деді.
— Солай ма? Өзімнің кəдімгі сүт кенже жеңешем екен ғой,— деп
Əділбек барып Гүлжиһанның қолын алды.— Аман-есен жүрсің бе? Ақаң
дені сау ма?
Гүлжиһан бұрынғыдан əрі қызара түсті. Ол Əділбекке ақырын ғана:
— Сəлəматсыз ба?— дей салды.
Меңдіқыз да қызарып кетті, бірақ ол сөзге ұста, мінезге тік
қайнысының көрген жерден Гүлжиһанды ұялтып тастағанын жуыпшаймақшы болды.
— Гүлжиһан, сен көңіліңе алма, кенже баланың мінезі ашық ол көп
нəрсені тұра бетке айтады. Жаңа айтып едім ғой, кенже баланың мінезі
екі ағасының екеуінен де басқаша деп. Бірақ болғанынша ақкөңіл.
Сөйлесе келе білесің. Ең алдымен сөзге ұста. Кенже баланы сөзден жеңе
алмайсың. Оның айтқанын тек құптай бермесең, ол бой бермейді,—
деді күліп.
— Меңдіқыз жеңеше, сөзіңе мен түсінбедім. Көңілге алғандай мен не
айттым?
— Мені жеңеше десең ол құдай жазғандай. Ал, əлі өзіңдей жас
Гүлжиһанды «жеңеше» деп ұялтуың аса тапқырлық емес.
— Менімше бұл əбден орынды. Жас, жас дейсің, жаңа айттым ғой,
Рақымғали «балдызым бар» деп жымың қаққанын. Ол маған мұны құр
«жымың» қағу үшін ғана айтқан жоқ. Саған айттырып беремін деп
сыбырлады. Мен мұны орынды-ақ сөз деп білдім. Əлібектің де, менің
де қатын алатыным өте даусыз нəрсе. Ал Гүлжиһанның менің жеңешем
екені мұнан он екі жыл бұрын (Əділбек бетін сипады) «алла əкбармен»
тамам болған. Құдекеңнің өзі мөрін басып, қолын қойған зат. Жəне сүт
кенже жеңешем, өйткені мұнан кіші менде жеңге болмайды.
Меңдіқыз күліп жіберді. Ол шай əзірлеп жүріп те, оны құйып отырып
та Əділбектің аузынан шыққан сөзге езу тартпай қалмады.
— Ой, кенже бала, кенже бала!— деумен болды.
«Көруге сүйкімді ғана қара торы. Бойлы болмаса да құйған
қорғасындай шымыр жігіт екен. Əттең мінезі орға жығар шəлкес, оның
үстіне жақсы сөзінен жаман сөзі көп жəне оны бетке айтатын бір
ұялмас безбүйрек» деп сынады Гүлжиһан Əділбекті, оған жиі-жиі көз
астымен қарап қойып. Бір кез оның ойына Əлібек те келіп өр мінезді
інісімен қатарласа қалды. «Жоқ, оның мінезі мынаның мінезінен
өзгеше шығар. Бойы да бойшаң, Меңдіқыздың сырттан сипаттауына
қарағанда өңі де аққұба, көзі де үлкен жəне астананың ең жоғары
саналатын мектебінде оқып жүрген студент. Оның ойы да, білімі де
жұрттан жоғары» деп санады қыз алыстағы іштей күткен
сақтаулысына шаң тигізбей. Аздан кейін Гүлжиһанға Əділбектің ел
жайын шаруа жайын сөйлеген ожарлау əңгімелері өте көңілсіз тиді.
Қыз Меңдіқызға:
— Мен қайтайын. Үйде Қаршыға күтіп отыр. Жəне абыстай да мені
жоқтап үйге бір кіріп, бір шығумен болады,— деп рұқсат сұрады.
— Айнам-ау, енді шыныңмен елге жүріп кетесің бе?—деді Меңдіқыз
оған ренжіген пішінмен қабағын шытып.— Ең болмаса бір күн кідірсең
етті, Хакімдер де келіп қалар еді...
— Жоқ, жеңеше,— деп Гүлжиһан да балаша қабақ шытып, əйелдің
мойнына асыла түсті.
Бірақ қыз əйелдің күні жетіп қалған ішін жаңа ғана көргендей
мойнына салған қолын шапшаңдай кері тартып алды да, бетіне күле
қарап:
— Сізге көп жүруге болмайды. Күні бойы тыным тапқан жоқсыз.
Енді жатыңыз,—деді.
Сөйтті де ол тағы да бір жарамсыз сөз айтып салар дегендей
Əділбекпен асыға қоштасып, есікке қарай жүрді. Ере шыққан
Меңдіқызды баспалдақтан төмен түсірмей қыз бетінен сүйіп алды да:
— Шықпаңыз, шықпаңыз,— деп аптыға өзі балаша жүгіріп төмен
түсті де, қолын бұлғап қақпадан шығып кетті.
Гүлжиһан қақпадан шығып үлгермей, оған қарсы Шолпан кіріп келе
жатты. Гүлжиһанды ол бұрыннан танитын жəне оның Жүнісовтерге
жиеншар екенін де жақсы білетін. Бірақ жүгіре шыққан қызды ол
тоқтатып амандаспады, танымаған адам сияқтанды.
— Меңдіқыз, сен қайдағы əдемі қыздарды тауып аласың. Көрдің бе,
тағы бір қыз шықты үйіңнен,— деді ол əзілдеген болып.
Бірақ оның бұл əзілінен Меңдіқыздың құлағына бір кекесін үн
келгендей болды.
— Бізге жиен, Гүлжиһан ғой. Білмеген кісіше сұрайсың-ау, əдейі,—
деді Меңдіқыз оны үйге қарай жетектеп.— Ауылдан кіші қайным
Əділбек келді.
— Қойшы əрі? Əділбек, кішкене Əділбек пе? Қандай болыпты, үлкен
жігіт болған шығар,— деді Шолпан жүре сөйлеп.— Мəссаған... Əділбек,
аман ба айналайын. Ту, қара, бойы менімен бірдей. Су жағасынан
шықпайтын кішкене Əділбек... Баяғыда Шұғылдың қара бурасын да
алдаған Əділбек. Құдай-ау біз үлкеймей қайтейік. Қара.
Əділбек қол беріп еді, Шолпан оның қолын алмастан құшақтап
тұрып бетінен қайта-қайта сүйді.
— Түу, қара! Құдай-ау, нағыз балуан болып өскен, екі иығына екі кісі
мінгендей. Менің Əділбекті көрмегеніме қанша уақыт болғанын білесің
бе, Меңдіқыз? Алты жыл. Тура алты жыл. Ойпырмай, қызық екен-ау өзі,
кейінгі балалар өзіңмен бірдей болып қалған.
Үндемей күлімсіреп тұрған Əділбек, Шолпанның құшағынан
босаған соң:
— Енді менің кезегім, Шолпеке,— деді.
— Иə — деп аңтарылып қалды. Шолпан, Əділбектің үлкен кісілерше
жуан дауыспен сөйлегеніне қайран қалып.
— Шолпекең десем ренжімейсің ғой? Ренжімессің. Біздің ауылда
Қалима дейтін кемпір күйеуін Мəмбет деп өз атымен атайды, ал
Мəмбет Қалима шешейді Қалеке дейді...
— Иə, білемін... Оның бұл жерде не керегі болып қалды, Əділбек?
— Керегі сол, сен Шолпан дегеннен гөрі Шолпеке деуге лайықсың.
Нағыз оқыған үлкен əкім əйел болыпсың. Сірə сіздің үйдегі отағасы
өзіңді Шолпеке дейтін шығар да, ал ол кісіні сен,., аты қалай еді?
— Айтан.
— ...Сен Айтеке дейтін шығарсың.
Шолпан мен Меңдіқыз шегі қата күлді.
— Неге, неге олай дейсің, Əділбек?
— Сенің қасыңда ол отағасы Мəмбет сияқты шығар, шынашақтай
болып: «Шолпеке, Шолпеке» деп жампаңдай қалатын болар, сірə.
Ерінен əйелі мықты болса солай болады. Бұл көрініп тұр.
— Ой, Əділбек, Əділбек. Сені бұл сияқты ірі жігіт болады деп кім
ойлаған, ірі сөз сөйлейді деп кім болжаған. Бірақ, Əділбекжан, сен
шатастың. Менің отағасым менен де ірі... Лауазымы ғана ірі емес, бойы
да, өзі де ірі адам. Мəмбет атай сияқты шынашақтай кісі емес. Көрерсің
өзің де ол кісіні. Ал мен ол кісіні Айтан демеймін, Айтеке де демеймін,
отағасы деймін. Есіттің бе?
— Ымм, мұның да жаны бар. Өзі мықты əйелдер ғана айта алады
«отағасы» деп. «Отағасы» деген еркекке еркектің айтатын сөзі ғой.
Айттым ғой бəсе! Айтаны не, отағасысы не — оның бəрібір. Əйтеуір сен
онан ірі болып шықтың.
— қой, мынау сөзге десте берер бала емес. Ал, солай-ақ болсын,
Əділбек. Кəне өзің келіншек алған жоқсың ба? Келіншегің қандай болар
екен сенің?—деп күлді Шолпан, Əділбекке риза болған пішінмен.
Əділбек жауап іздеп жатпады.
— Біздің жақта ағасы қатын ала алмай соза берсе, келіншекті інісі
бұрын алатын əдет те бар. Есіңде ме, Байназардың Атапкелі екі інісі
үйленгеннен кейін əрең қатын алғаны.
Шолпанның үлкен кезі онан да бетер адырая қалды.
— Сен, Əділбек, ағаңды күтіп ұялғаннан үйленбей жүр екенсің ғой?
Білдім, білдім,— деп күлді əйел.— Сенің жолыңды бөгеп жүрген Əлібек
екен ғой. Келген соң айтайың, сен Əділбектің жолын бөгеме деп.
Əділбек əйелдің бетіне қарап отырды да:
— Шолпеке, сен бұрынғыдан да əдемі болып кетіпсің. Бұл менің
нағыз шыным. Мен өтірік айту дегенді, көзге күлімдеу дегенді, біреуге
жарамсақтану дегенді білмеймін. Бұл мінезімді мына Меңдіқыз
жеңешем де айтар...
— Рас, рас, кенже бала өтірік айтуды білмейді,— деп. қостап қойды
Меңдіқыз.
— ...Əдемі болып кетіпсің. Тіпті асқан сұлу деуге де болады. Ал, жаңа
ғана осы үйден біздің Əлібектің қалыңдығы шығып кетті. Байқауым:
өте сұлу, өте ақылды қыз. Бірақ өзіңдей емес, басқарақ. Өзіңдей емес
дегенге бұрыс түсінбе: шаруаның шой табаны болатын кісі емес
дегенім. Тек қалалы жерде жұмыс істетпей, күнге тигізбей қоятын кісі.
Əлібекке құдай қосқандай. Ол да мен сияқты отын мен суға бірдей
емес, шылтиған бірдеме. Əуелден сондай еді. Жаңағы өзің айтқан
Шұғылдың бурасы қуғанда есі шығып кетіп, үш күн тілсіз қалған.
Есіңде шығар... Бірақ жаңағы қыз піскен қыз. Енді Əлібек тағы бір-екі
жыл елге келмей бұйданы соза берсе, бұл қыз да жөнін табады.
Қартайған кемпірді мен де келінсіз отырғыза алмаймын. Байназардың
Атапкелінің кебі Əлібектің басына келеді.
Екі əйел тағы да қосыла күлді. Бірақ сəлден кейін Шолпан күлкіні
қойып, өзінің сазарған ойлы пішініне көшті. «Əлгі қыз сенен де сұлу
дегені ме Əділбектің...» деп ойлады Шолпан. Қалада көп жұрттың
аузына ілігіп жүрген Шолпанның бұл сөзді іші жаратпай қалды. «Көзі
бақырайған. Баяғы Зағипа сияқты талдырмаш, қатпа қыз» деп қойды
ішінен Гүлжиһанды сынап.
Бірақ Əділбектің ашық, тік айтатын өткір мінезі, ауыл жігіттерінің
əзілқой сөзуарлығы елден аулақ кетпеген Шолпанға қатты ұнады. Ол
ауылдың кемпірі мен шалына дейін, өзі барда туған жас балаларға
дейін сұрады. Əділбектің шешесінің қартайғанын əңгіме етті.
— Шешем мені ұмытқан жоқ шығар, Əділбек, ə? Əлде үлкейген соң
есінде қалмадық па екен. Қала қаншама қызықты болса да, ауылды
сағындым. Аңқатыға жағалық ойнап, ерте де, кеш те суға түсетін
кездер есімнен шықпайды,— деді əйел мұңайғандай пішінмен.
— Сарыны сағынған жоқсың ба?— деді Əділбек Шолпанға көзін
тігіп...— Сарымен екеуміз құрдаспыз ғой: ол да мендей, менен ірірек
қазір.
Шолпан қып-қызыл болып кетті. Жастай атастырған кішкене
қайнысын баласынып тастап кеткені баста орынды көрінсе де, бері
келе аяныш сияқты бір сезім оның жүрегін ұйтқытып, оқтын-оқтын
«еһ!» дегізетін. Əсіресе, бұл «еһ деп қалатын байқаусыз өкініші
анасындай болып қалған Күміс кемпір ойға түскенде қаттырақ
шығатын еді. Ал Əділбектің мына сөзі бір жағынан əйелге: «Біз де
өстік, біз де бір əйелге ие боларлық халге жеттік, ал сенің Сарыны
баласынғанда тапқаның қандай?!» деген найзадай тиетін орынды ілік
боп көрінсе, екінші жағынан Шолпанның елді сағынатынын, оның
ішінде өзінің тастап кеткен бақытсыз үй-ішін ұмытпайтынын біліп
айтқандай ауыр тиді. Меңдіқыз Шолпанның қысылып қалғанын көре
сала қайнысына қабағын түйіп:
— Кенже бала, сен əзіл мен əзіл еместің айырмасын байқамай
көңілге ауыр тиетін нəрсені айтып қалатын əдетті қашан тастар
екенсің,— деді.
Сəл уақыт үшеуі де үндемей қалды да, екі құлағы далада тұрған
Меңдіқыз:
— Хакімдер келді, кенже бала, қақпаға келіп тірелді, есіттің бе
арбаның дыбысын,— деп есікке қарай ұмтылды.
Меңдіқыз əңгіме бөлініп кеткеніне қатты қуанды. Ал, жауап таба
алмай қалған Шолпан:
— Ай, Əділбек-ай... Мен сені мұндай деп ойлаған жоқ едім,— деп
басын шайқай берді.
3
Шолпанның жүрегі, бейнебір кенеттен кесек толқытқан су беті
сияқты, сол күн, сол сағат, сол минуттен бастап ұйтқи түсті. Бұған
Əділбектің сөзінен басқа, тағы бір көлденеңнен киліккен құйын сезім
себеп болды.
Хакім мен Сүлейменге бас изеп қана амандасып, Меңдіқыз бен
Шолпан алыстан келген Əлібекті құшақтауға ұмтылды...
Қуанышты жаспен қарсы алатын да бір шақ бар. Ол күйініштен
ытқып шыққан ыстық жасы емес. Көзден еріксіз домалап кететін,
зəмзəм суындай бір ақық моншақтар.
Көп жыл көрмеген Əлібекті балаша құшақтап сүйген көңілі бос,
пейлі кіршіксіз Меңдіқыздың ұдайы жұмсақ нұр шашып тұратын
көздерінен де сол ақық моншақтар тіпті мол домалап кетті. Ол
Əлібекпен əбден мауқын басып көрісіп болғаннан кейін де күліп жүріп
жылаумен болды. Үй ішіндегі басқа жандардың қалай көріскенімен
оның шаруасы болған жоқ. Ол тек қайта-қайта Əлібекке қарап алып,
теріс айналып күле берді, күліп жүріп көзін сүрткіштей берді. Ал
жеңгесін əзілдей аймалап:
— Қаратаудың басынан көштер келді... көштер келді... Қара кезден
мөлтілдеп жастар келді,— деп оны иықтан қаққан Əлібекті:
— Ал, енді менімен керіспейсің бе...— деп құшақтай алған
Шолпаннан шошып кеткендей жас жігіт кілт тұрып қалды.
Əйел оның бетін қос алақанымен ұстай алып, сүю ниетімен ерніне
тақай түсіп еді, көздері мен көздері ұшыраса қалды да, қолын жалмажан қоя берді. Əлібек таң қалғандай, оның сұп-сұлу мұрнын, бүрілген
еріндерін, өзгеше көрініп кеткен тамағын, онан да төмен, қалаша
киінген жағасы ашық көйлектен сыртқа теуіп тұрған көкірегін көзбен
қыдырыстап кетті. Сонсоң неге екені белгісіз көзін қайтадан жоғары
көтеріп барып, бірақ Шолпанның отты жанарынан көріне көздерін
аулақ алып қашты. Ол əйелдің шашына бақты. Баяғы елде жүргендегі
жыланша оралған ұзын шашы əлдене бір сиқырлы шүйкедей, төбеге
барып түйіліп қалыпты. Шаштың ығысып барып жоғары қонған
мойнын да, бойын да көре көзге сұңғақ етіп жіберген жəне бұрынғы
дөңгелек көрінетін бет сəл сопая түскен сияқты. Оның үстіне бұрынғы
қара қоңыр жүзі қазір бидай өңге айналған. Бəрінен бұрын Əлібекке аса
эсер еткені: ұзын көйлекті, ұзын шашты, өткір жүзді бұрынғы шаруа
Шолпан емес, оның көз алдында өзгеше сымбатты, ойлы жүзді, тек
қарай беру үшін ғана қарсы алдынан шыға келген, қаса сұлу əйел,
қаланың томаға көзді қызметкері Шолпаны тұр... Əлібек тағзым
еткендей, бұл өзгеріп кеткен жанға дыбыссыз түрде бас иіп қана
амандасты да жалма-жан інісіне бұрылып кетті. Ол Əділбекті иығынан
ұстай алып, бұрынғы бала кездегі шайқап-шайқап қоятын əдетімен
құшақтап жатып, Шолпанның ақырын ғана күрсінгенін құлағы шалып
қалды. Бірақ ол екінші қайтып əйелге бұрыла алмады. Оған ашық тіл
қатып еш нəрсе айта алмады. Бұл қас пен көздің арасында тап болған
түсініксіз көз алып қашу Шолпан кеткенше созылды. Ол жүзін, көзім
түсіп кетсе сыр беріп алармын деген адамша алып қашты əйелден.
Ал Шолпанның жүзін кенет бір мұңды пішін жапты. Оның ойынан
Əділбектің жоқ жерден көз алдына алып келген Сарысы кетпеді, Күміс
кемпір елестеді. Мұнан он жыл бұрынғы ыстық құмарлықпен Хакімнің
сыртынан құшақ жайғаны көрген түстей қайта оралып бəрі араласып,
ойын онға бөлді де кетті. Ол өте-мөте ұялшақ жүзді Əлібектің мұның
бетіне тура қарай алмай, іштей əлде не ойдың құшағында отырғанын
да сезді. Бірақ көп жыл бойы көрмеген Əлібекті бірден əзіл əңгімеге
араластыруға да, алыс жердің мəн-жайын сұрап білуге де жөн көрмеді.
— Меңдіқыз, жолаушыларың аман келді, қуанышың молайды.
Көптен көрмеген Əлібек пен Əділбекті көріп менің де төбем көкке
жетті. Отағасым іздеп жатқан шығар, мен енді кетейін,— деді.
Сөйтіп, жүрегі əлденеге алас ұрған Шолпан үйден тез шығып кетті.
Жүнісовтер кешті өздері ғана болып оңаша өткізді.
4
— Ах, ең болмаса бір күн кідірсемші,— деді қыз ішінен.
Бірақ Гүлжиһанның бұл ішінен өзіне ғана айтқан сөзі еріксіз қатты
шығып кетті — қатарында отырған ағасының құлағына шалынып
қалды. Алайда ағасы оны елең қылған жоқ, өйткені ол жұрттың ойпікірін қадағалайтын жан емес-ті, өз бетімен жүретін, еш адаммен
шешіле сөйлеспейтін, сұрамаса жауап та қатпайтын тұйық жігіт
болатын. Қазір де қарындасының: «Ах, тағы да бір күн кідірсемші!»
деген өкінішіне түсінбей қалған адамша жүзіне аңтарыла бір қарап
қойып, керіп ұстап келе жатқан делбесін бұрынғыдан да кере түсті.
«...Көрген түстей өтті де кетті аз уақыт! Аз уақыт! Неге адам
жасқаншақ болады екен? Неге ұялшақ болады екен? Бір күн кідіріп,
көрісіп, ең болмаса бір ауыз тəтті лебіз тата алмадым-ау Əлібектің
аузынан. Көре алмай кеттім. Көргенім тек қана ана шақпақ қара
Əділбек. Қандай жан ойындағысын бетке айтатын! Сол үйдің ішіндегі
батыры да, батылы да сол. Қалай-қалай сөйлейді, дүниеде бір жүз жыл
жасаған қариядай... Ах, тағы бір күн кідірсемші. Əлібек қашан келер?
Меңдіқыз уəдесінен шықса кешікпес, жіберер. Бірақ кім біледі, дүниеде
не көп, себеп көп, сөз көп... деп күбірледі қыз, ағасының сөзге аса мəн
бермейтінін біле тұрса да ақырын сөйлеп.
Гүлжиһан кері бұрылып пəуескенің артқы кішкене терезесінен
кейін қалып бара жатқан қалаға көз жіберді. Жүрдек ат, жайлы пəуеске
ұзын жолды жеміріп жеп ұшына шығуға жанталасқандай ұшып келеді
екен. Қала көрер кезге алыстап бара жатыр. Қыз көзімен ат
тағасындай болып ашаланған қаланы бір сүзіп еткенше пəуеске
Күзенбел қырқаның арғы бауырына түсіп кетті де, кеп үйлер тоғытқан
қойдай бел астына топырлап түсіп бара жатты. Аздан кейін ақ
шіркеудің күмбезінен жоғары сары ала буындары күн кезіне
шағылысып, ноғай мешітінің көкке қадалған істік мұнарасы ғана көз
тоқыратты.
Мешіт... Мешіт түбіндегі абыстайдың кірсіз, шаңсыз аппақ үйі, қоңыр
салқын бөлмелері, кешкі ымырт кезіндегі күмбірлей құйылған қоңыр
үн Гүлжиһанның құлағына анық естіліп тұрғандай болды.
«Неге тулайсың, тынымсыз жүрек? Не іздейсің, жүйрік көңіл? Неге
қарайлатады артқа ұшқыр қиял! Нең қалды анау шаң басқан кішкене
қалада?,. Кім қалды кейінде? Кейінде: көптен бергі көз алдынан
кетпеген жұмбақ жас! Ақ құба, сұлу жас! Алыстағы астанада оқып
жүрген өзгеден озық сүйікті жан! Арман еткен... жар!» Қыз селк ете
түсті. «...Жар!» деген сөз оны қалың бір тұманнан суырып алғандай
болды. Ол айналаға қадала қарады. Жарқыраған ертеңгі шақ! Дала
нұрға бөленіп тұрғандай. Аспан да өзгеше ашық! Тұп-тұнық, теп-терең!
Зеңгір көк аспан! Жол иреңдеп, түйіні жазылған жіптей ағылып жатыр.
Ал жол жанындағы шөкелер секіріп ырғып, балқурайлар кейінге қарай
би билеп кетіп бара жатқан сияқты. Алысырақтағы теңселген бидайық
ығысып, төңкеріліп, кілемін бір бүктеп, бір жайғандай құбыла түскен.
Өңі далап, өзгеше далап! Қыз көңіліне арман құйған ұзын жол. Алысқа
сүйреген күймелі арба! Тынымсыз сырғыған дөңгелек!
«Ех, бір күн кідірсемші!..»
Доктордың кеңесімен Меңдіқыз күнде ертемен су жағасына
қыдырып қайтатын. Бүгін де ертеңгі таза ауаны мейлінше жұтып, кері
оралғанда жүріп бара жатқан Гүлжиһанды көріп, атүсті қоштасып қана
қалды. Бір күнге қыз да қала алмады. Қалуға оның қасындағы Қаршыға
да көнбеді... Көндіре алмай көпірден өткізіп қана шығарып салған
Меңдіқыз да: «Қап, қалайша тоқтата алмадым бір күнге Гүлжиһанды?!
Неге босаң сөйлестім; «жібермеймін, тағы да бірер күн боласың» деп
неге айтпадым?! Əлібек пен екеуің біріңді-бірің көріп сөйлесіңдер;
армансыз сөйлесіңдер; болашақтарыңды, бақытты болашақтарыңды
осы бастан ашып алыңдар, қосылатын шақтарыңды белгілеңдер, деп
неге ашық айтпадым. Мені де бір ұялшақтық қысып кететіні бар,
осындай керек жерде ақыл айтып, баулу орнына», деп өкінді əйел
үйіне келе жатып.
Бірақ Меңдіқыз: «Шырақты қалайда жіберермін.
Барар, өз қызығын өзі қолына алар. Бала емес қой аузына сөз тауып
салатын», деп жұбатты сəлден кейін өзін.
Жолдан келген ері мен қайнылары алаңсыз ұйықтасын деп
Меңдіқыз терезе біткенді қараңғылап, есікті жауып қойды да, өзі тыста
шай жабдығына кірісті. Нан илеп, бауырсақ пісірді; үлкен самауырға
шай қайнатты; тəтті тағамдарын мол етіп алдыңғы үйге үстел
даярлады.
Əңгімеқұмар Сүлеймен Құрмашты қасына алып жатып түні бойы
жетім баланың хал-жайын сұрап əбден қанды да, ертемен оны
нағашысы Жолмұқан поштабайдың үйіне алып кетті. Ол кетіп бара
жатып Меңдіқызға:
— Мен шайды Құрмаштың балуан нағашысының үйінен ішермін.
Мені күтпе,— деді.
Сөйтіп коп заманнан бері əр жақта жүрген ағайынды Жүнісовтер үй
іші болып түгел бас қосып, ертеңгі шайды тату-тəтті жайда ішпек еді.
Бірақ Гүлжиһан жөнінде əзілмен басталған əңгіме Хакімге ұнамай
қалды...
Кешкілікте Меңдіқызға: «Мынау саған əкелген базарлығым» деп
Əлібек жібек орамал мен иіссуды чемодан түбіндегі кестелі
малақайдың ішінен алып ұсына берген-ді. Қайнысының шет елдей
көрінетін алыстағы астанадан алып келген сыйлығына əйел мықтап
қуанды да, аздан кейін үлкендер киетін əдемі кестелі малақайды:
— Мынау қайнағаға əкелген базарлығың шығар. Өте əдемі екен,—
деген еді.
— Жоқ, қайнағаңа базарлық əкелуге оқушының қалтасында ақшасы
бола қоя ма, бұл ма, бұл бір адамның аманаты... Мына хатты да «өз
қолына тапсыр, өз аузыңмен сəлемімді жеткіз» дегесін, өзім табыс
етермін деп ойлап тұрмын,— дей салған Əлібек ұялып қалып.
Əйел бұл аманаттың Ақметшеге екенін білгеннен кейін жымиып
күліп қана сұқ қолын шошайтып: «Білдім, сырыңды» деп ишара берген
болатын.
Ал қазір шай үстінде:
— Шырақ, аманатыңды жиенге қашан жеткізесің? Гүлжиһан артына
қарай-қарай кетті, ағасы тоқтамады. Бірақ сыр бермейтін бала ғой,
ашылып еш нəрсе
Мешіт... Мешіт түбіндегі абыстайдың кірсіз, шаңсыз аппақ үйі, қоңыр
салқын бөлмелері, кешкі ымырт кезіндегі күмбірлей құйылған қоңыр
үн Гүлжиһанның құлағына анық естіліп тұрғандай болды.
«Неге тулайсың, тынымсыз жүрек? Не іздейсің, жүйрік көңіл? Неге
қарайлатады артқа ұшқыр қиял! Нең қалды анау шаң басқан кішкене
қалада?.. Кім қалды кейінде? Кейінде: көптен бергі көз алдынан
кетпеген жұмбақ жас! Ақ құба, сұлу жас! Алыстағы астанада оқып
жүрген өзгеден озық сүйікті жан! Арман еткен... жар!» Қыз селк ете
түсті. «...Жар!» деген сөз оны қалың бір тұманнан суырып алғандай
болды. Ол айналаға қадала қарады. Жарқыраған ертеңгі шақ! Дала
нұрға бөленіп тұрғандай. Аспан да өзгеше ашық! Тұп-тұнық, теп-терең!
Зеңгір көк аспан! Жол иреңдеп, түйіні жазылған жіптей ағылып жатыр.
Ал жол жанындағы шөкелер секіріп ырғып, балқурайлар кейінге қарай
би билеп кетіп бара жатқан сияқты. Алысырақтағы теңселген бидайық
ығысып, төңкеріліп, кілемін бір бүктеп, бір жайғандай құбыла түскен.
Өңі далап, өзгеше далап! Қыз көңіліне арман құйған ұзын жол. Алысқа
сүйреген күймелі арба! Тынымсыз сырғыған дөңгелек!
«Ех, бір күн кідірсемші!..»
Доктордың кеңесімен Меңдіқыз күнде ертемен су жағасына
қыдырып қайтатын. Бүгін де ертеңгі таза ауаны мейлінше жұтып, кері
оралғанда жүріп бара жатқан Гүлжиһанды көріп, атүсті қоштасып қана
қалды. Бір күнге қыз да қала алмады. Қалуға оның қасындағы Қаршыға
да көнбеді... Көндіре алмай көпірден өткізіп қана шығарып салған
Меңдіқыз да: «Қап, қалайша тоқтата алмадым бір күнге Гүлжиһанды?!
Неге босаң сөйлестім; «жібермеймін, тағы да бірер күн боласың» деп
неге айтпадым?! Əлібек пен екеуің біріңді-бірің көріп сөйлесіңдер;
армансыз сөйлесіңдер; болашақтарыңды, бақытты болашақтарыңды
осы бастан ашып алыңдар, қосылатын шақтарыңды белгілеңдер, деп
неге ашық айтпадым. Мені де бір ұялшақтық қысып кететіні бар,
осындай керек жерде ақыл айтып, баулу орнына», деп екінді əйел
үйіне келе жатып.
Бірақ Меңдіқыз: «Шырақты қалайда жіберермін.
Барар, өз қызығын өзі қолына алар. Бала емес қой аузына сөз тауып
салатын», деп жұбатты сəлден кейін өзін.
Жолдан келген ері мен қайнылары алаңсыз ұйықтасын деп
Меңдіқыз терезе біткенді қараңғылап, есікті жауып қойды да, өзі тыста
шай жабдығына кірісті. Нан илеп, бауырсақ пісірді; үлкен самауырға
шай қайнатты; тəтті тағамдарын мол етіп алдыңғы үйге үстел
даярлады.
Əңгімеқұмар Сүлеймен Құрмашты қасына алып жатып түні бойы
жетім баланың хал-жайын сұрап əбден қанды да, ертемен оны
нағашысы Жолмұқан поштабайдың үйіне алып кетті. Ол кетіп бара
жатып Меңдіқызға:
— Мен шайды Құрмаштың балуан нағашысының үйінен ішермін.
Мені күтпе,— деді.
Сөйтіп көп заманнан бері əр жақта жүрген ағайынды Жүнісовтер үй
іші болып түгел бас қосып, ертеңгі шайды тату-тəтті жайда ішпек еді.
Бірақ Гүлжиһан жөнінде əзілмен басталған əңгіме Хакімге ұнамай
қалды...
Кешкілікте Меңдікызға: «Мынау саған əкелген базарлығым» деп
Əлібек жібек орамал мен иіссуды чемодан түбіндегі кестелі
малақайдың ішінен алып ұсына берген-ді. Қайнысының шет елдей
көрінетін алыстағы астанадан алып келген сыйлығына əйел мықтап
қуанды да, аздан кейін үлкендер киетін əдемі кестелі малақайды:
— Мынау қайнағаға əкелген базарлығың шығар. Өте əдемі екен,—
деген еді.
— Жоқ, қайнағаңа базарлық əкелуге оқушының қалтасында ақшасы
бола қоя ма, бұл ма, бұл бір адамның аманаты... Мына хатты да «өз
қолына тапсыр, өз аузыңмен сəлемімді жеткіз» дегесін, өзім табыс
етермін деп ойлап тұрмын,— дей салған Əлібек ұялып қалып.
Əйел бұл аманаттың Ақметшеге екенін білгеннен кейін жымиып
күліп қана сұқ қолын шошайтып: «Білдім, сырыңды» деп ишара берген
болатын.
Ал қазір шай үстінде:
— Шырақ, аманатыңды жиенге қашан жеткізесің? Гүлжиһан артына
қарай-қарай кетті, ағасы тоқтамады. Бірақ сыр бермейтін бала ғой,
ашылып еш нəрсе айтқан жоқ. Аманатыңды да алып бар, өзің де
Гүлжиһанды көр. Кешікпеуің керек,— деді Меңдіқыз подносты
Əлібектің алдына ұсынып.
Əлібек қызарып кетті де, ал Хакім əйелінің бұл жұмбақ сөзіне
елеңдей қалды.
— Ол не қылған аманат?— деді əйеліне, ыстық шайды баппен
ұрттап қойып.
— Əшейін... Шырақтың бір құпиясын көріп қалғанмын.
Құпия дегенге Хакім бұрынғыдан да құлағын тіге түсті.
— Иə, ол қандай құпия, Əділбек екеуімізге есіттіруге болмай ма?
— Қайтесің сондай ұсақ нəрсеге араласып.
Хакім аз ойланды да, үндеместен шайын қайта ұрттай бастады.
Оның орнына əңгімеге Əділбек кірісті.
— Малақай дейсің бе, жеңгей? Көрсетші, Əлібек, Ташкенттен келген
базарлық шығар, жұрттың аузынан тастамайтын Ташкент малақайы
қандай болады екен. Онда малақайды қыздар да киеді дейді ғой.
Мүмкін, Гүлжиһанға да əкелген шығарсың. Сүт кенже жеңешем жаман
емес көрінеді,— деп қойды ол.
— Əуелі малақайды кім киетінін, тақияны кім киетінін айырып
алсаң етті, Əділбек. Сонан кейін қалжыңдасаң жөн болар,—деді Əлібек
қызарып. Інісінің: «Гүлжиһанға да малақай əкелген шығарсың» деген
сөзіне ызаланып.
— Əй, сен туысқан, қалжыңды көтере алмайсың ба, əлде Гүлжиһан
сенің қалыңдығың екенін мойныңа алмайсың ба? Атаңа малақай
əкелгеннен кейін, қызына онан гөрі келістірегін сыйлауың керек.
Жеңеше, солай емес пе?— деді Əділбек Меңдіқызға қарап қойып.
Сөйтті де сөз ұпайын жіберіп көрмеген бұл жас жігіт Əлібектің
солқылдақ жерін бір майыстырып өтіп, оған енді бас сала сөйледі.—
Малақайды кім киетінін, тақияны кім киетінін білсейші дейсің бе? Көп
оқыған сен білетін шығарсың. Бұл да бір оқу-тоқумен білетін нəрсе ғой.
Менің көргенім: үлкен де, кіші де, əйел де, қыз да малақайды аяғына
кимейді, басына киеді.
— Надандық. Малақай үлкен кісілердің бөрік ішінен киетін жеңіл
бас киімі, ал тақияны қазақта тек қыздар ғана киеді, басыбайлы
сəнділікке киетін жазғы киімі. Екеуінің заты да, үлгісі де, пішуі де, тігуі
де екі басқа...
— Рақмет. Көп біліп, көп үйреніп қалдым. Əйтпегенде сенің
Гүлжиһанға əкелген тақияңды малақай орнына біреуіміз киіп алсақ
масқара болар едік.
Меңдіқыз мырс ете қалды.
— Жетті, жетті, кенже бала. Сенің осы түбін түсіре сөйлейтін
мінезің-ай,— деді ол кіші қайнысына.
— Менің надан екенім рас,— деді Əділбек ежелене түсіп.— Жұрттың
бəрі оқымысты болса шаруаны кім шаруалайды.
— Надансың дегенім жоқ, білу керек дедім. Ал білімнің қайдан,
қалай табылатынын сезесің,— деді Əлібек. Əділбек бұл сөзге де бір
жауап қатты.
— Қой, қарағым,— деді ол өзінің баяғы үлкен кісіше Əлібекке еркін
сөйлейтін əдетімен,— бəріміз бірдей тойшы бола алмаспыз, біреуімізге
қойшы болуға тура келер. Ел билеу, басқару мына Сары ағамның
еншісіне тиді, сен де міне бірдеме болғалы оқып жүрсің. Жұрттың бəрі
түбін тесіп оқып, əкім болуға ұмтылса, сонда егінді кім салмақшы?
Малды кім өсірмекші? Əлде шаруашылықты жауып қоямыз ба? Ол
болмас! Ата-бабаның істеп келе жатқан адал кəсібін мен тастай
алмаспын. Шаруашылықты тастасаң елді де тастайсың, бұл екеуі —
егіз зат. Сондықтан да мен елді-жұртты тастап кететін ниеттен
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 06
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.