Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 08

Total number of words is 4133
Total number of unique words is 2240
37.5 of words are in the 2000 most common words
53.2 of words are in the 5000 most common words
60.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Сонда да, бітірген мектебіңізді, əлгі айтқан ауылдағы
тəжірибеңізді толығырақ сұрап білуге болар ма екен? Сұлу сақалын сол
қолымен ақырын ғана сипап өтіп, Ақметше күткені осы сұраудай-ақ
ілесе жауап қатты.
— «Санкт-Петербургская высшая сельскохозяйственная школа» деп
аталады менің бітірген мектебім. Оған көп заман өтті, биыл он сегіз
жыл. «Мемлекеттің, ұлттың тірегі белді шаруашылықта, үлгілі
хозяиндерде; америкаша ғылым мен техника жемісін пайдалана
білуде»,— деп еді профессор Милюков. Тап сондай болмағанмен қазақ
даласына
лайқатты
шаруашылық
түрін
енгізіп,
өнімді
шаруашылықтың асқар пайдасын көзге көрсету еді түпкі мақсат.
Алайда, көпке үлгі етерлік ірі жұмыс жүргізе алмай, шағын ғана іспен
айналысып, соның төңірегінде болып келдім. Өзіңізге белгілі,
төңкерістен бұрын да, төңкеріс болғаннан кейін де Ресейде Европа
үлгісімен қойылған ірі жеке шаруашылық та, мемлекеттік тəжірибелі
шаруашылық та өріс алып кете алмады. Бұған түрліше əлеуметтік
себептер кездесті. Ал бізде өнегелі жер жырту кəсібі де, асыл нəсілді
мал өсіру тəжірибесі басталмай келеді. Осыған сай «тамшыдан тама
берсе болар дария, істетпей ме ақырында бір молайып» деген аңын
айтқан ақиқатқа сүйеніп, өз мекенім, өз жайымда тəжірибе ретінде бір
кішкене шаруашылықтың табанын тарттым.— Ақметше сəл кідіріп,
тамағын кенеп қойды.— Əрине жаңалық деген, əсіресе,
шаруашылықтағы прогресс деген бірден егілмейтін зат. Бүл біртебірте енетін, халықтың білімінің молаюымен, отырықшылық
мəдениетінің орын тебуімен байланысты нəрсе. Бірте-бірте ену табиғи
заң. Европа елдерінің осу жолына көз жіберсеңіз, шаруашылықтағы
өнімді түр бірден туа қалмаған. Жүнді көп беретін ланкашпр қойлары
сан жылдардың жемісі, ағылшынның кəсіп өндірісінің тез өсуімен тізе
қосып ілгерілеп келе жатқан жаңару. Жалғыз ағылшын емес,
американдықтардың жаңаруы да солай. Бірақ тарихи, табиғи
жайлармен байланысты американ елі тез жаңарған, тез ілгерілеп
кеткен ел ғой. Онда шаруашылың мəдениеті біздің елмен
салыстырғанда өте-мөте озық. Бұл, əрине кəсіпорындарының, өндіріс
өнімдерінің озат өрістеуінен... Ал бізде барлың жағынан мешеу
қалғандық бойды жаздырмай келеді. Лениннің Ресейді электрлендіру
саясаты тез арада қолға алынса, бұл ауыл шаруашылығын да жетектеп
кетеді. Осының бəрін есептегенде бізге көп еңбек, талап керек. Инемен
құдық қазғандай мехнатты ұзақ жол өтуге тура келеді. Алайда, қарға
адымымен аттасаң да ілгері ұмтылу — тарихтың қалауы...
Ақметше жанынан қол орамалын алып мұрнын сіңбіріп жатып,
қандай əсер алды екен деп сынаған адамша Əлеуовтың жүзіне көз
астымен қарап қойды. Ақметшенің аяқ алысына ден қоя бастаған
Əлеуов басын шайқап:
— Солай деңіз... Ал сонда сіздің жасап жатқан тəжірибенің түрі
қандай?— деп сұрады.
— Айыпқа бұйырмаңыз...— деп, үй ішіне көз тастап өтті де, Ақметше
ешбір көлденең сөз қыстырмастан əңгімесіне тура жол тартты.— Биыл,
міне, бес жыл болды, өлкелік жер-су бөлімі қызметке шақырғалы. Бірақ
өлке көлемінде басқару ісіне тəжірибе аз болғандықтан ондағы
азаматтардың жылқы өсіру бөліміне кел дегенін қабыл алмай қойып
едім. Биыл сол шақыру қайтадан қозғалды. Оған себеп: менің аз-мұз
істеген ауылдағы тəжірибемді жер-су бөлімінде ғалым-зоотехник
міндетін атқаратын орыс жігіті көріп кетті де, соның қолқа салуынан
болды. Ол азаматқа иə барамын, иə бармаймын деген үзілді-кесілді
жауап менің тарапымнан болған жоқ. Сонда да ғалым-зоотехник қолқа
салуын қоймай, телеграмма үстіне телеграмма соғып жатыр. Осы
жөнінде сізбен тілдесейін деп келіп едім. Ертеңге дейін күтуге үй
ішінің бір ауыр жағдайы мүмкіндік бермей, сізбен кеш те болса,
пəтеріңізге келу лайықсыз да болса, жүзбе-жүз сөйлесуге мəжбүр
болдым.
«Жер-су комиссариаты бес жылдан бері қызметке шақырумен
келген бұл белгілі адам болды ғой. Үлкен маман-ау шамасы»,— деп
ойлады ішінен Əлеуов. Оның мына əрі көрікті, əрі ескінің көзіндей
өзгеше қазаққа көңілі кете бастады.
— Менің тəжірибем өте шағын. Түйе тұқымын асылдандыру, яғни
біздің елдің жағдайына қарай оның берер өнімін аз-мұз ғана арттыру
дəрежесі сыннан өтіп келеді. Түйе құнды жануар. Алдымен ол төзімді
көлік; сонсоң жүні қымбат, шудасы құнды, еті мол, сүті қуатты. Шөлге
ең тезімді үй жануары — түйе. Бүл қасиеті оны шаруашылың жағынан
қазақтың кең даласында тасымал тасуға келгенде теңдесі жоқ
транспорт есебінде танытады. Мұнан өзге қасиеттері де келешекте
ашыла түседі деп білеміз. Бұған əлі зерттеу жүргізіліп болған жоқ.
Мысалы, шұбаттың емдік қасиеті мол, бірақ соны əлі біліп жеткеніміз
жоқ. Менің адай інгені мен желмая үлегінен туған түйемнің қазақтың
ез түйесінен қаншама артықшылығы барын əлі күнге есептеп
шығаруға мүмкіндік болмай келеді. Өйткені бұған керекті жағдай
жасауға қаражат кем. Тек қана бұл тұқымы өзгертілген түйенің күші,
төзімділігі, жүрісі өзгеше екенін білемін. Көруге сұлу екені де даусыз.
Басқасын көзге айқын елестететін əзірге дəлелдерім аз. Ал бұл түйенің
күтімі: шөбі, жемі, қорасы, бағу тəртібі бұрынғыдан əлдеқайда артық.
Бағасы күтімімен өлшенеді. Алатын өнім — шығарған шығымымен
безбенделеді.
— Жемісті іс, үлгілі іс,— деп салды Əлеуов.— Мұны енді қалай, қай
түрде ілгері дамыта беру керек?
— Міне, осы мəселе қол бөгейді. Жергілікті өкімет орны қолдаса
ғана, басшы азаматтар тиісті бағасын бергенде ғана нəтиже шығатыны
мəлім. Ал бізде ескі ұғым күшті, ғылым мен білімге сүйенген нəрсенің
бəрін бірдей қолдай бермейтіндік бар. Жасыратыны жоқ, мені ескішіл
дейтін ірі қызметкерлер көп. Мен ескішілмін, жасырмаймын. Бірақ қай
түрде мен ескішілмін, қандай істе мен жаңашылмын, осыны айыра білу
керек қой. Ескішіл халың ілгері жүре алмайды деген теорияны
ағылшын тəжірибесі жоққа шығарды. Қарақыз, ағылшындарда ескіден
келе жатқан заңдар мен тəртіптер, əдеттер мен ғұрыптар көп. Алдымен
ағылшындардың корольдық (патшалық) жүйесі ескі, демократия
көзімен қарағанда ескіні ескі қалпында сақтау үшін дүниеге келген
консерваторлар партиясының өзі ескі; король сарайының бақташы
полкына шейін атам заманғы формасын тастамауы, тағы осы сияқты
толып жатқан ескішілдігі бар. Ал осыған қарай Англияны артта қалған
мешеу, надан ел деп көріңіз! Мен сақал қойсам, киімді ескіше кисем бұл
менің өз ісім. Мұнан халыққа келер зиян жоқ. Ал менің кішкене
шаруашылығымның үлгісі елге өнеге бола алмай ма? Менің
тəжірибеммен шаруашылығын жаңа жолға салып, тым болмаса бір
ауылнай ел өзгерте бастаса, мақсаттың орындалғаны емес пе? Сіз
естіген шығарсыз, естімесеңіз атын естисіз, бəлкім, өзін де керерсіз.
Мына Шідерті ауылсоветінде Дабыл дейтін əлді шаруа бар. Анық
санын білмеймін. Жұрттың айтуы: сол кісінің мың жарым түйесі бар
көрінеді. Тіпті мың жарым болмай-ақ қойсын, бес жүз түйесі болсын.
Сол бес жүз түйенің бергенін, менің тəжірибе жасаған бірінші
буданның да жүзі өндіре алады. Қазақ қас айырдан нар туады дейді,
бұл не деген сөз? Бұл үлек пен таза айырдан туған нар. Ал осы нардың
өзі тəуір үш атанның жүгін тартады. Дабылдың мақарларының
бесеуіне тұрады. Міне, нəсілдің араласуы мен асылдануы.
Ақметше тағы да қол орамалымен мұрнын сүртіп өтті. Ол
Əлеуовтың жүзінен қатты назары ауған ықыласты, тыңдаушының
елжірей бастаған бір нышанын да байқап қалды.
— ...Сіз,— деп қайта бастады Ақметше.—«Мұны енді қай түрде ілгері
дамыта беру керек?»— деп сұрадыңыз. Мен осы сауалды сіздің өзіңізге
қайтарып қойсам: «игілі іс — мұндай істі қолдаймыз, тəжірибеңізді
соза түсіңіз. Бұл іс өкіметтің қолға алып отырған, алмаса да, енді-енді
алайын деп отырған жұмысы; өйткені қазақ халқының халықтың
атаққа ие болғаны малшы деген сөзбен жымдасып жатыр; оның төрт
түлігі тарихи сүтін ақтап келеді, ал келешекте онан да əрі ақтауы шарт;
етті, жүнді қой мен сүтті сиыр, жүрдек ат пен əлді түйе əлі де сан
ғасырларға серік» дер едіңіз. Солай емес пе?
— Əлбетте. Мұны əрбір оқыған адам қолдауға тиіс, шаруашылығын
өркендетуге білім жолымен кіріскен азамат құптайтын іс,— деді
Əлеуов езу тартып. Оның шықшытты беті сəл ендей түсті.
— Өз болжалым да осылай. Өйткені, қазіргі қазаң оқығандары біздің
тілегімізден көп əрілеген. Барлық жағынан да бізден көп ілгері басқан
оқығандар. Жаңбыр тілеген сахарадай білімге ынтызар қазақ жастары
бұрынғысына көп білім қосты, жаңадан оқи бастағандары білім нəрін
жұтып үлгіре алмай жатыр. Олар ғылым жолын бізден де гөрі көбірек
құрметтеуге тиіс, тек қана əр нəрсенің жұқалап бетін қалқып өтіп,
жеңілге əуестенуші кейбір ұшқалақтары бүлдірмесе. Мен сіз
мақұлдасаңыз мал тұқымын асылдандыру тəжірибесін қолымнан
келгенше жүргізе бергім келеді. Сіз көріңіз, өз көзіңізбен бəрін өлшеп
баға беріңіз.
— Сөзсіз қолдаймын, ақсақал, сіздің мына жұмысыңызды. Шетжағасын Тəжімұрат айтып еді, бірақ өз аузыңыздан есіту маған өзгеше
мағына берді, бұл үлкен істің толық картинасын көз алдыма тартты.
— Рақмет. Көп рақмет,— деп Ақметше уатком председателіне боларболмас қана басын еңкейтті.
— Ал крайға не жауап бересіз? Олар бүкіл өлке бойына шақталған
болашаққа жоспар есебінде мəселе қозғауы мүмкін.
— Мен шағыннан бастап, кеңірек қанат жаю тəжірибесін асықпай
істеуді қолдаймын. Сондықтан өз тəжірибемді түптеуім керек.
— Онда қозғалмай жұмыс істеуді мақұлдайсыз ғой. Біз крайға жаймəністі түсіндіруге əзірміз.
Ақметше бүгінгі бірінші беттесу нəтижесі көңілдегідей шықты деп
есептеді. Ол бұдан əрі Əлеуовті жетектемей, орнынан тұра келіп:
— Сіз ғапу етерсіз, мезгілсіз шақта мазалап, демалар уақытыңызға
қиянат жасадым. Сау болыңыз. Сізді «Шеген құдыққа» жол-жөнекей
болса да соғып өтер деген үміттемін,— деді.
— Жақсы. Соғамын. Сау болыңыз,— деді Əлеуов те орнынан тұрып.
Ол Ақметшені есіктен шығарып салды.
БЕСІНШІ ТАРАУ
1
Ессіз құмарлық жас Əлібекті əлдеқайда сүйреді... Үлкен жиналыстан
кейін Шолпан əлде не ойларға кетті.
Оған өзінің отағасысы себеп болды.
Уездік əйелдер бөлімінде нұсқаушы болып істейтін Шолпанның бір
қарауға төрт құбыласы тең сияқты еді. Оның қызмет істейтін орны да
аса құрметті мекеме. Ал жұмыста ең абыройлы адамдардың бірі
Шолпан болатын. Өзінің үздік зейіні мен алғырлығы арқасында соңғы
кезде ол əйелдер арасында бірден көзге түскен-ді.
Қалада сауат ашқыш мектептерді басқару, ойын-сауық үйірмелерін
құру, үй шаруасындағы əйелдерді біріндеп əлеумет жұмысына баулу,
қыздар коммунасына жетек-шілік жасау — бəрі ІІІолпанның жұмысы
болып кеткен. Ол өзі бас болып ойнап, «Қатесіз қарғыс» пьесасын
бірінші рет уездік сахнада көрсетіп, жұрттан үлкен алғыс алды. Кеше
ғана оны баяндамасында уездік партия комитетінің хатшысы
Дəулетовтың өзі мақтап кетті. Ол: «Шолпан ауылдан шыққан
əйелдердің ішіндегі өсіп келе жатқан қызметкердің бірі»,— деді.
Мұның үстіне Шолпанның жеке өмірі де өз қатарынан кем емес
тəрізді. Ері оқыған адам жəне оның үстіне атағы бар — уездік халық
тергеушісі. Бірақ бүгін Шолпан өте жабыңқы, ұзақ кеш терезе алдында,
ой теңізіне шомуда. Бұған себеп отағасының жалғыз-ақ ауыз сөзі.
— Əйелің көпшіл болса, түн жарымына дейін күтуге де үйрен.
Ағаңмен бірге қайтқан шығарсың, ə?..— деді, Айтан пленумнан үйге
кеш келген Шолпанға. «Ағаң» дегені Хакім болатын. Шолпан ерінің
үнінде өрі кекесін, əрі күншілдік барын ұқты да жауап қатпады.
Шешініп, шай қойып, кешкі тамағын əзірлеуге кірісті. «Менің адал
екенімді біле тұра қызғанады, баяғыдан солай. Əсіресе, Хакім уездік
прокурор болып тағайындалғаннан кейін іштей қатты өшігіп кетті.
Жазықсыз, себепсіз өшігу. Бұл қызғану ғана емес, күндеу...»—деп
ойлады əйел шай құйып беріп отырып. Екінші қайырып тіл қатпаған
ері бір шыны аяқ шай ішті де жатып қалды. Жатып қалды да, өзінің
карта ойнап, арақ ішіп келген күнгі əдетіне басып, жатысымен-ақ
үлкен қорылына көшті. Мұндай қоңыр қабақтың соңғы кезде бұл екі
ерлі-зайыпты адамның басында бірнеше рет болып еді. Бірақ көбіне
сөзге келмей əйел өз жөнімен қоңырқай пішінде жүре берді.
Бүгін де тап осындай болды. Айтан үндеместен елге шығып кетті.
Шолпан терезе алдында қалды.
Неге екені белгісіз, кішкене Əділбектің ауыл туралы, бұрынғы үйі
жөнінде оғаш көрінсе де əділ айтқан сөздерінен кейін Шолпан
Аңқатыны, Бəшекең көлінің жағасындағы үйін, бұрынғы бақытсыз
енесі Күмісті, əсіресе, сəби күнінде айдар таққан Сарыны еріксіз
ойлайтын болды. Жерді сағынып, ана жандарды аяп ойлайтын болды.
Айтанмен отасқалы алты жылдан астам уақыт өтіп кетсе де, бұрын бұл
жай болып керген жоқ еді.Бүгін де Шолпан сол бұрынғы ащы өмірінің
тұщы жақтарын көз алдынан өткізді. Оның ойына тек терезе алдынан
қара көлеңке шақта елең ете қалған əлдекімнің көлеңкесі бұзып кетті.
Бірінші көргеннен-ақ Шолпаннан Əлібек көзін алмай, əлдебір
құмарлық оты лып етіп жанып, қайта сөніп, қайта жанғандай мазасыз
қалыпқа түсе бастап еді. Бүгін неге екені белгісіз Шолпанның үйіне
кіріп келді де, бетіне дұрыстап қарап амандасып үлгермеген əйелді
қолынан ұстай алды.
Шолпан көзін алмай біраз уақыт Əлібекке қарап тұрды да:
— Жоғары шық, Əлібек, жоғары шық!— деді.
Бірақ əйелдің іші əлденені айтпай сезгендей, қолын мықтап қысқан
Əлібекті жетектеп терезе алдына алып келді де жас балаша иығынан
төмен басып, орындыққа отырғызып қойды. Сөйтті де өзі жас жігіт
келіссіз бір соз айтып қоя ма деген адамша «үндеме» деп Əлібекке ым
қатты, екінші бөлмеге кетті.
Жұрт жатар шақ болса да ұясына асықпай енген күн шам жарығын
керексітпейтін кез-ді. Ал кешкі ай жарығына ұласқан мезетте үй іші
тап күндізгідей дерлік уақыт.
— Самауыр қоюға да, шай ішуге де кеш болып қалды, ертең қызмет
бар. Мені жалғыз ғой, қорқар деп келген шығарсың, Əлібек,— деп күлді
Шолпан.— Жездең... жоқ екенін көріп тұрсың.
Əлібек үндемеді.
— Ана жаққа төсек салдым. Кір де шешін. Ұялма. Əлібек бұл сөзге де
жауап қайырмады. Ол тек Шолпанның меңзеген бөлмесіне кірді де,
үлкен болыски кроватқа отыра кетті. Кешікпей ол əйел бөлмесінің
есігіне таман аяғын мысықша басып, ұрлық қылған адамдай жетіп-ақ
келді.
— Шолпан, менің бір сөзім бар...
— Сөзің болса қасыма кел... Қасымда отырып айт. Мен тыңдаймын.
— Əлібек кровать жанына қалай келгенін білмей қалды, Шолпанды
құшақтай түсті.
Шолпан тəн тілегі еріксіз жетектейтін шақтан өткен əйел-ді; ессіз
құмарлық алды-артын байқатпай тереңге сүйрейтін кез де артта
қалған-ды; бірақ жасынан қас сұлу болмаса да — көрікті, озат шыққан
дана болмаса да — ақылды, ел аузына алғыр қыз атанған Шолпан: бұл
дүниеде менің үлесім өзіме ғана тиісті, оған ешкімнің дауы жоқ!— деп
өр өскен албырт жан еді. Бір кезде өзі айтқан: «Мейрімсіз тағдыр
таптап, жаншып» кемеліне келмей сола бастаған қызғалдақ болатын.
Қырдың тоқ дəнді, қызыл өңді, албыраған алмасы болғанымен жерігін
таппаған жан еді. Сондықтан жастай жар құшағына зар болып,
қанатын серпе алмай қатарынан кем, көп күнін, көп ойын, көп жылын
зарығу мен тарығуда өткізген, жастықтың ең асыл шағын көңілі жүдеу,
ойы мүлəйім, арманы аш қалыпта бастан кешірген ару еді. Жылдар
бойы ғашық Хакімін емін-еркін өз құшағына ала алмай, көбіне сырттан
көргеніне мəз, арыстанын алыстан демеу еткен, құныққан мауқын бір
басуға жетпей, қолын ғана созып келген арман иесі еді.
Жасы көрер көзге балғын болса да, Хакімнің ертеректегі
көлеңкесіндей көз алдына жоқ жерден тұра қалған мына сымбатты
жасты Шолпан бір кез «көктен түсті ме?» деп қалды. Бірақ əйел арғы
жағын аз ойланды. Ақылға жел көңіл десте бермеді. Дəні толып, пісіп
жеткен жар құмар жастың олқы жерін бір толтырып қаларлықтай
қомданды. Көп арманның бір ұшы енді оң қолында тұрған сияқтанды.
Тояттауға сараң көз бен көңіл қосарлана ұмтылып, татпай
шамырқандырмайтын ашқылтым алмаға еріксіз қол создырды; көп
жыл көксеген алдамшы үміт қолға оралып, құшаққа енгендей көрінді...
Шолпан Əлібекті айқара құшақтап, қатты-қатты қысып, құмары
қанғанша сүйді... Бетінен, көзінен, тамағынан сүйді. Ессіз, есепсіз сүйді.
Қайта-қайта қысып, талықсығанша сүйді. Құшағын жазбастан,
сүмбідей жігітті ырқына жіберместен сүйді...
Ал, Əлібек əйел құшағы бір көз еркіне жіберген кезде үлбіреген
бұғақты жеп қоятындай-ақ аймалады. Оның басы асау, еркі еш нəрсені
сезіп, таңдап жатуға, талдап жатуға келтірмеді; ол еш нəрсені
салмақтап пішіп те үлгірмеді, тек көзсіз құмарлықтың буына балқып,
лəззат құшағына шарықтап еніп кетті...
Уақыт жылжып өтіп жатты. Бірақ мұны екеуі де сезбеді. Тəжірибелі
əйел де, от құшақтап, жалын сүюді тілеген жас жігіт те тəн мен жанның
балға бөленгендік тіледі. Əйелдің əрі ыстық, əрі тығыз, қуатты жұмыр
денесі құба талдай жас жігітті мейлінше бұрап, демімен шарпып
еліктіре берді...
Таң аппақ атқанда Əлібек:
— Шолпан, а, Шолпан,— деп сыбырлады елтіп қалған жанша керіліп
жатқан Шолпанның талмаусыраған жүзіне үңіліп,— Шолпан, мен
кетейін...
— Ым...— деп сəл ғана аунай түсті де, əйел «ым- нан» басқа үн
қатпады.
— Шолпан, мен кетейін...
— Кетпейсің!— деді əйел кенет оны тас құшақтай алып.—
Кетпейсің. Осында боласың, кешке дейін, ертеңге дейін, арғы күнге
дейін. Осында, менің қасымда боласың. Сасып қалған Əлібек сөз таба
алмай:
— Солай ма?— деді.
Сонсоң ол, үйде Хакім барын, Меңдіқыз барын ойлады: «Олар мені
қайда кетті деп отыр екен. Білсе не деймін? Осылай жатқанда
«отағасы» келіп қалса ше? Қой, мен кетейін...»
Əлібек құшағын босата берген кезде, Шолпан «енді менің кезегім»
дегендей сүйді. Ол ессіз құштарлықпен қайта-қайта сүйді; əлдекімнен
қызғанғандай қысып, құшақтап сүйе берді.
— Мен кетпеймін, келемін. Кешке де келемін, ертең де келемін, арғы
күні де келемін, келе беремін,— деді ол елтіп қалған əйелдің қасынан
тұрып жатып.
2
Қаладан қыл елі шығуға зауқы жоқ Əлібекті бір күні оның оқыс
басқан адымы кенеттен елге кетуге итермеледі. Ол былай болды:
Шығасыға əмəнда иесі басшы. Тап сол кезде тергеуші ауылға шығып
қайтуды жиілетіп жіберді де, ал Шолпанға ессіз құмартқан Əлібек
оның үйінен басқа жерді үй деп есептемей қойды. Ол ерте де, кеште де
сонда, Шолпан қызметтен қайтты болды — Əлібек онымен қақпаға
ілесе кіреді; кейде бұл бұрыннан көрікті, ал қазір мейлінше өзгерген
сұлу Шолпанды ертеңгі сағат тоғызда да кеңсесіне ұзататын болды. Бір
абырой: көптің көзіне түскіш алыстан келген атақты студентті, оның
əдептілігі мен сақтығы қызғыштай қорып, көлденең көзге түсірмей,
жақындарының іліп-шалуынан да аман сақтап жүрді. Бірақ көз қорқақ,
қол батыр, бірте-бірте бой үйреткен жас, аяқ астынан кездескен
сүйіспеншіліктің қызығына белшесінен батты да, жүре бара тіл мен
көзден сақтануды ұмытып кетті. Сөйтіп, жасық ұстарадай мұқала
бастаған сақтық сезім «ештеме де болмас» деген нар тəуекелге жол
ашты.
Қоңыр қаз ілген жас қаршығадай саяттап, Əлібек бір кеште
Шолпанның жанынан шыға алмай отырды да, сол күні түні бойы
əйелдің қойнында қалып қойды. Ол құду белді тас құшақтап, əлсінəлсін аймалап, тар төсекте қомағай мейірін қандыра алмай жатты.
Шолпанның да оралып қалған құштар білегі құмарлана түссін
дегендей, албырт жастың сүйкімді басын бал тамағының астынан
шығармады; көп жылдар бойы еріксіз іркілген махаббат тасқыны,
жаңа ғана жол тапқандай, бөгеусіз ақтарылды; бар қазынасын игі іске
төккен жомарт жандай, өр жастықтың көзсіз күшіне əйел де мастана
шамырқанды...
Дүниеде бəрі өлшеулі, шаттықтың күйініші кезек күтіп тұрса,
ессіздіктің өкінішті ұяты əзір.
— Қақпа қағып тұр... Əлібек, тез... киін,— деді Шолпан ақырын ғана
сөзін бөліп-бөліп,— біздің отағасының қағуы...
Есі шығып кеткен Əлібек кровать жанындағы киімдерін қойған
орындықты қағып кетті де, оның салдырынан бұрынғысынан екі есе
састы. Ол қай киімінің қалай тұрған ретінен жаңылып, енді не істерін
білмей əлек болды. Ештеме көрмеген, сезбеген адамның қалпын ұстап,
Шолпан есікке бармас бұрын шам жағып, киім жамылып, сыртқа қарай
жүрген кісі болып дыбыс берді де, тез жүгіріп келіп, білдірмей терезе
ашты.
— Терезеден шығып кет,— деді ол ақырын ғана.
Сөйтті де, Əлібекті бетінен бір сүйіп, өзі жалма-жан есік аша
бастады. Аяқ киімі мен шалбарын ғана киіп үлгерген Əлібек, сырт
көйлегі мен бешпетін қолтығына қыса, əйел есіктен шыққан кезде,
терезеден сыртқа дік етті...
— А, сен бе, шырақ! Сен!.. Сен!..— деген сөздер жүгіре жөнелген
Əлібектің соңынан атқан кесектей құлағына рақымсыз соғылып
жатты. Бүтін көшені басына көтерген тергеушінің жуан даусы оған
бейне бір суға кетіп бара жатқан адамның жан даусындай болып
естілді. Оның жүрегі де, құлағы да жарылып бара жатқан тəрізденіп
кетті.
«...Ұят болды, ұят емес, өлім болды. Өлімнен де жаман. Не деп қалды
ана адам?! Не деуші еді, бəрін де білді. Қалайша білмес, үйінен жеті
түнде жас жігіт шыға келсе!.. Жалғыздан-жалғыз жатқан əйелдің, сұлу
əйелдің жанынан жас жігіт шыға келсе! Тіфу! Өлім, өлімнен де жаман,
— деп кескіледі Əлібек өзін-өзі.— Мұнан кейін менің не болғаным?!
Құрбы емес, құрдас емес, өзімнен екі мүшел жас үлкен адамның халал
төсегіне аунағаным айуандық емес пе? Бос əйел табылмағаны ма бұдан
өзге? Тіфу! Жұрттың бетін қалай көремін, ана кісінің жүзін енді қайтіп,
не деп көремін? Оқыған адам! Бір уездің бетке ұстар белгілі адамы!
Басты адамы! Хакіммен салмақтас адам! Ертең кіріп келіп: «Сенің інің
халал төсегімді арам етті; ақ некемді аяққа басты; аяулы өмірімді жер
етті; тұрмысымды қорлады; жұрт алдында көрге кіргізді,— десе не
деймін? Аға мен жеңге алдында не деймін?!.»
Шым-шытырық, бірінен-бірі ауыр, қара жер қайысарлық қас
жамандықтың зілі басып-жаншып, Əлібек өз есігінің алдындағы күнде
кешке шығып отыратын кішкене сəкіге отыра кетті. Ол маңдайын қос
қолдап тіреп, ұзақ отырып қалды. Бір кез оның Шолпанның не күйде,
нендей ауыр халде қалғаны түсіп кетті.
...Əйелге еркектен де жаман! Ана кісі неден бастады екен? Не деді
екен? Жер-жебіріне жеткен шығар. О,сорлы Шолпан, лəззəт үшін
жаралған Шолпан. Сенің не жазығың бар еді. Толықсыған жас шағың,
отты лебің, ыстық лебің шарпып тұрған шағың. Анау жұп-жұмыр құду
дене. Анау бала білек, анау бал тамақ құшақтауға, құшақтауға,
құштарлануға, аймалауға жаралған жоқ па?! Анау шошақ мұрын, құмар
көз қарауға ғана, құмартуға ғана тұрған жоқ па?!.
Мас адамша теңселіп тұрып қақпаны ептеп ысырып аулаға енді де,
қақ есік алдына келіп ұрлық қылған адамша ішкі жаққа құлағын тосты.
Ешбір дыбыс білінбегеннен кейін ақырындап қана Əлібек шаппа
пышақтың ұшымен өзіне белгілі есіктің шəкешін көтеріп ашты да
мысықша басып өз бөлмесіне кірді.
Таң аппақ атып қалған еді. Ол төңбекшіген күйі күн шыққанша көзін
іле алмады. Қайта-қайта «тіфу- тіфу» дей берді. Оны ардың ұяты
рақымсыз кемірді. Бірақ бұл опықты ісінің ең болмаса туған жеңгесі
алдында болса да ақталатын жолы бар ма — оны Əлібек таба алмады.
Ауру адамдай өңі қашқан күйі ол «басым аурып отыр» деп ертеңгі
шайдан бір ғана шыны аяқ ішті де, бөлмесіне қайта кетті.
Хакім жұмысқа кеткеннен кейін шыдай алмай, хал-жайды анықтап
білуге кірген Меңдіқызға Əлібек:
— Мен ауылға жүремін. Қазір жүріп кетемін,— деді төмен қарап сол
қолымен маңдайын тіреп отырып.
— Елге шықсаң алдымен Гүлжиһанға бар, жиенге сəлем бер...
Сонсоң, сол жерден өзіміздің ауылға жүріп кетерсің,— деді жеңгесі бүл
əңгімеге көлденең сөз қыстырмай.
Əлібек аз отырды да, басын көтеріп алып:
— Меңдіқыз, білесің бе менің не істегенімді?— деді.
— Білмеймін, бірақ сеземін, шырақ... Ол бар болғыр...
— Шолпанды айыптама, Меңдіқыз! Айыпты... жоқ. Оның жазығы
жоқ. Ол бақытсыз əйел! Ол сұлу əйел. Сұлу кісі бақытсыз...
— Шолпаннан да сұлу бар шығар, шырақ...
— Жоқ. Шолпаннан сұлу жан жоқ. Оның жаны сұлу. Ол теңдесі жоқ
жаны сұлу адам. Оны айыптама, бетіне баспа...
Меңдіқыз Əлібектің бетіне тіктеп қарады да, өңінің бұрынғыдан да
жаман қуарып кеткенін көріп:
— Шырақ, саған не болған? Өңің бұзылып кетіпті. Соншама не
болды, кісі өлтірген адамша? Жоққа бола адам өзін-өзі қажытпас болар,
— деді.
— Кісі өлтіргеннен де жаман,— деді Əлібек қабағын қарс жауып.—
Өлімнен ұят əлдеқайда күшті екен. Мен түнде жер тесік болса кіріп
кететін едім, бірақ оның тығылатын жарығын таба алмадым...
Меңдіқыз не болғанын енді ғана сезгендей болды, аңтарылып
қайнысының бетіне қадала қалды.
— Тергеуші... келіп қалды ма?
— Иə...
— Көзге түспей кетуге амал болмай қалды ма? Əлде ұйықтап
қалдыңдар ма?
— ...Келгенін де, қақпадан кіргенін де жақсы білдім. Бірақ менің
қарсы алдымнан шығатынын білмей қалдым.
— Есігі біреу ол үйдің...
— Есік емес, терезені ашып, секіріп түссем — күреске шыққан
балуандарша талтайып қарсы алдымда тұр. Өзім шошып кеттім.
Көзіме қос көрінді ме — бұл қалай деп?! Тергеушіңнің өзі. Өзі болғанда
қандай: жап-жалпақ, беті де жап-жалпақ. Мұрты да молайып кеткен...
Өлім, тірі өлім. «Сен, шыраң, осындай иесі жоқ үйді тонауға келіп пе
едің? Есіктен кіріп, терезеден шығуға маманданып шығып па едің?!
Неге үндемейсің?»— деп əлдеқайдағы адамның өңменінен өткендей
сөздерді қардай боратып артымнан ере түсті. Мұнан артық өлім бар
ма? Мен не демекшімін? Артыма қарамастан жүре бердім. «...Мен сотқа
беремін. Мен сендей бұзықты əлемге əшкере етемін...» деген не
сұмдық, құлақ шошырлық масқара сөздері миымды жарып кеткендей
болды. Əлі естіліп тұрған сияқты. Жоқ, мен кетемін, қазір жүріп
кетемін, Меңдіқыз... Сары ағамның өзіне айтқанмын, атыңды елге мініп
барамын деп.
Əлібек жалма-жан киініп, сыртқа шықты да, Хакімнің қара атына ер
салды. Ол үйге қайта кірместен, Меңдіқызбен асыға қоштасып, атқа
мініп те алды.
— Алдымен жиендердікіне... Шырақ, қалайда жиендердікіне. Сені
күтіп отыр олар. Гүлжиһан күтіп отыр. Ол анау күні де артына қарайқарай амалсыз жүріп кеткен. Елге содан кейін де үлгерерсің. Сəлем айт,
көп-көп сəлем Гүлжиһанға, жиенге, бəріне...— деді əйел қақпадан
шығып бара жатқан Əлібекке.
Əлібек үн қатпастан көпірге қарай тартты.
3
Көпірге барғанша Əлібек тез елге жетіп, қалайда елге жетіп, құрбықұрдас арасында болуға асықты. Үлкен қаланы да, кішкене қаланы да
уақытша ұмыту ниетінде болды. Бірақ көпірден өтіп, жол айрығына
келгенде ол ойланбастан сонау Тайпақтың түкпіріндегі «Шеген
құдыққа» асатын жолға түсіп кетті. «Сəлем беріп, мойнындағы
парызын түсіріп, Ақметшенің аманатын табыс етейін де, ертең
Қашарсойған арқылы Шалқарға асайын. Елге барған соң шыға алмай
қалармын. Ойын-сауық, той-думаннан бас босамас. Босаса балықтың
қызығына түсермін. Шіркін, қазір сазан ойнаққа шығар кез» деп
ойлады. Ол кенет жас кезінде жаз балықтың соңында жүрген қызық
шақтарын, қыс қақпан құрып, аң аулап өткізген қайта оралмас күндерді
көз алдына келтіріп, түнгі оқиғаны, ертеңгі өкініш жайды есінен
шығара бастады. Сұлу қара аттың лекіте аяңдағаны, бетке соққан
даланың жұп-жұмсақ жылы желі, бірінен соң бірі кезектескен жылан
қырқа, ойпаң көлшімектер, қырдың иісті қара жусаны мен селеулі бозы
көз тартып, көңілді сергіте бастады.
Əлібек Ақметшенің жазғы жайлауы «Шеген құдықтың» тап қай
тұста екенін дəл білмесе де шамамен болжалдап, алдағы ауылдан оң
қолға бұрылу керек шығар деп ойлады. Алысырақтан үлкен ауыл
сияқтанған бұл шоғыр қарасынның маңына жақындаған сайын қос
қыстау екені анықталды да, олардың терістік бетінде ғана төрт-бес
киіз үй бары көрінді. «Жайлауға көше алмай қыстау маңында қалған
мүгедек кедейлер шығар. Сусын ішіп жол сұрайын» деп ол шеттегі
қоңырша үйдің сыртына келіп:
— Əй, кім бар?— деп дауыстады.
Əлібектің хабарласуына үйден ешкім тіл қатпады. Тіл қатудың
орнына үйдегілердің өз даң-дұңы басқа дыбысты құлаққа іліктірер де
емес. Оның екінші рет айғайы да үй ішіндегі шуылға араласып судай
сіңіп кетті. Не қыларын білмей, басқа үйге бұрылсам ба деп екі оқты
боп тұрғанда, əрегіректегі үйден бір қолымен шалбарының бауын
ұстай шыққан бір қаршадай кісі, мұны көре сала бос қолымен күннен
көзін көлеңкелей шүйіле қалды. Əлібек аттың басын соған бұрды.
Жақсы атты, орысша киінген адам өзіне қарай бет алғаннан кейін
кішкене кісі шалбар бауын тез беркіте салып, түк көрмеген адам бола
қалды.
— Ассалаумағалайкүм,— деді Əлібек оған жақындап келіп.
— Уағалайкүмассалам, жол болсын, шырақ.
Шаруа қайда көрдім деген адамша қара атқа да, оның иесіне де кезек
көз тастап, əлденеге жымия түсті.
— Бұл кімнің ауылы, ақсақал?—деп сұрады Əлібек балаша
тызылдаған кішкене сақалды, кішкене кісіден.
— Қарекеңнің... жоқ, ауыл емес, Қарекеңнің кеңсесі.
— Қарекең деген кім?
— Қарекеңді білмейсіз бе? Атком Қарекең кəдімгі,— деді шаруа
таңданған пішінмен.— Шеттен келген бала емессің бе, қалай?
Қарекеңді білмеуіңе қарағанда басқа жақтікісің-ау байқауым. Ал атыңа
қарағанда...
— Қарекең деген көп шығар. Бірақ мұның қай Қарекең екенін қайдан
білейін, фамилиясын атамасаңыз.
— Қарабай Көзеев.
— А,— деді Əлібек енді түсініп. Қарабай Көзеев деген адамды ол
сыртынан білетін. Хакімнің оны əлденеше рет əңгіме еткенін есіткенді.— Иə, волисполком өзі осында ма?
— Анау, жаңағы ат басын тіреген үйде мəслихат құрып жатыр
пырзайдам.
Əлібек оның «пырзайдамының» президиум мəжілісі екенін аңғарды.
— Жақсы, ақсақал, мен бір сусын ішсем бе деп бұрылып едім. Жəне
«ІІІеген құдыққа» шығатын жолды сұрау үшін.
Шаруаның құлағы елең ете түсті.
— Əлде сен, шырағым, Хакімнің інісі боламысың? Күні бойы
қараймын: ат Хакімнің қара аты. Ал өзің де... ұқсайсың. Жəне «Шеген
құдықты» сұрауыңа қарағанда Хакімнің інісі Əлібек сен бе деп жорып
тұрмын.
— Болсақ болармыз,— деді Əлібек ағасының аты елге тегіс таныс
екеніне іштей риза болып.— Ал өзіңіз қай жердікісіз?
— Мен сол өзіңнің сұрап тұрған «Шеген құдықтікімін». Кəне, түс.
Мына үйге аялдай тұр. Бұл жастар комитетінің кеңсесі. Мен қазір
сусынды да, бəрін де реттеймін,— деп, шаруа Əлібектің тізгініне
жармасты.
Үйге ертіп кірді де, шаруа жүгіре басып қайта шығып кетті. «Өте
пысық адам екен» деп ойлады Əлібек оны.— Дəуде болса ауылдық
белсендінің бірі ғой. Əлде ауылнай ма екен?..»
Кешікпей шаруа үлкен бір зерең аяқпен ернектете толтырып қымыз
əкеліп Əлібекке ұсынды. Жиырма бес-отыз шақырым жер жортып,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 09
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.