Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 10

Total number of words is 4086
Total number of unique words is 2091
38.8 of words are in the 2000 most common words
54.2 of words are in the 5000 most common words
61.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
əдептілік көз шығармас деген оймен студент аттан түсіп, тізгінін
қаңтарып, шылбыр ұшын қолға алды да, жүріп келген атқа еркіндік
беріп, өзі жел жағына шықты.
Тағы да біраз уақыт етті. Бір кезде отау жақтан дыбыс шыққандай
болды да, үлкен үйден бір əйел шығып, далада тұрған қонаққа көз
салмастан отауға беттеді.
Көз қиығын екі үйге кезек тастап тұрған жігіттің назары əйелге
ауды. Бірақ əйел далада адам тұр деген ойдан аулақ, өз бетімен жүріп
бара жатқан сияқты. Көлбеңдей түскен Əлібекке көз салу ниеті жоқ.
Əлібек тамағын кенеп қойды, əйел онда да мойнын бұрмады.
Бұл қалай? Көрмей ме, көрсе де мойнын бұрғысы келмей ме?
Осындайда бастап əкелетін бағанағы кішкене шаруаның да жұмыс
басты бола қалғанын-ай. Бұл жерде мен егін басына қойған қарауыл
құсап, қашанға дейін шошайып тұрмақпын?» деп қысылды,
Таңқыбайдың əлдеқашан келгенінен де, Ақметшемен қызының өзі
жөнінде тілдескенінен де бихабар Əлібек.
Əйел отауға жетер-жетпесте аяғын өте-мөте шапшаңдай басып қыз
шыға келді де, Əлібекке қарай жүрді. Оның соңынан ілесе, қуа шыққан
адамдай ұзын бойлы жас жігіт аршындады. Екеуі де үнсіз, егесе
аяңдағандай қатарласа түсті де, бірнеше қадам жер жүргеннен кейін
қыз кідірістеп кейін қалды да жігіт тез жақындай берді. Үй сыртынан
Əлібектің тоқтаған жері ең кемі жүз қадамдай еді; бұл жерді ұзын
бойлы жігіт бес-алты-ақ аттап жеткендей болды. Ол анадайдан
Əлібекке:
— Шідер сал атыңа!— деп бұйырды.
Əлібек оған не дерін білмеді, тек оның жүзіне қадала бақты: ұзын
бойлы, сіңірлі қара жігіт, екі кезі бүркіттің көзіндей, мұрны да...
бүркіттің тұмсығындай, ауған жоқ! Жолдағы көпір! Ол мұны бір
дегенде соның өзі ме деп ойлады да, бірақ бойы одан анағүрлым аласа
жəне денесі толыспаған талдырмаш болғаннан кейін ойы бөлінді.
«Ол емес, бірақ содан аумаған. Сөзі де дөкір, əрі өктем. Бұл кім? Əлде
үй Ақметшенікі емес пе?» Екі ойлы Əлібек қысыла түсіп:
— Бір-бірімізді бұрын көргеніміз жоқ. Атымызды сырттан ғана
білеміз. Сен Қаршыға шығарсың?— деп сұрады, оның өңі қызара түсті
де, жүзінде күлкі де емес, елес те емес бір белгісіз шырай пайда болды.
— Қаршығамын. Кім болғанда да бəрі бір емес пе саған. Шідер сал
атыңа.
Əлібек таңданған күйі ердің қанжығасынан қолын соза түсті де,
бірақ алдымен көрісуді жөн көріп, шідерге созған қолын жалма-жан
Қаршығаға ұсынды.
— Мен Əлібекпін. Кəне, көрісейік, жиен.
— Біз ондай қол қысысып, орысша амандасуды білмейтін қыр
қазағымыз.
«Аманбысың»,
«аманмын»
дейміз.
Болмаса
«саламағалайкум»—«уағалайкүмссалам»,
сонымен
бітті,—
деп
Əлібектің ұсынған қолын алмай, орнында тұрып қалды.
Мінезін білмейтін бұл ожар жастың мына сөзі Əлібекті бұрынғыдан
да əрі тұйыққа тіреді. Ол тіпті бір сəт не істерін білмей састы: не
мынаның бұйырғанын орындап атқа шідер салып, ауыл баласы сияқты
томпаңдап алдына түсе беру керек те, не жақынды жақын деп сыйласа
білмейтін дөрекі жиенге жанына тигізе, адыр сөзіне бұдыр жауап қату
қажет. Осы бөгелісті көріп, келіссіз жайды сезіп қалған Гүлжиһан
жақындап келіп:
— Қаршыға, неге нағашыңның атын ұстамайсың? Күнде келіп
жүрген ауыл баласы деп тұрсың ба? Ұят емес пе?..— деді.
Əлібек Гүлжиһанға жалт қарап, аузына келіп қалған: «Нағыз сал
сойыл ғой мынау, сырын білмеген аттың сыртынан жүрме деп,
мұндайын білсем сəлемдеспеймін ғой» деген Қаршығаға арнаған сөзін
жұтып қалды. Ол:
— Сəлеметсіз бе, Гүлжиһан,— деп шылбырының ұшын жерге тастай
беріп, көрісуге ыңғайланған қыздың қолына жармасты.
— Аман-сау жүрсіз бе, нағашы. Хош келдіңіз,— деді қыз сыпайы
түрмен. Бірақ оның Қаршығаға ренжіп шытынаған қабағы жазылмай
қалды.
«Нағашы дейді... Атымды атаса болмады ма?— деп ойлады Əлібек.
— Менің Əлібек екенімді қайдан біледі? Əлде шамамен елібіме қарап
таныды ма?
— Үйге жүріңіз,— деп қыз Қаршығаға қайырып жауап бермесін
деген адамша, Əлібекті отауға қарай жетектеді.— Сіздің келе
жатқаныңызды естігенбіз. Жаңа осында бір ағайын адам келіп айтып
кетті. Меңдіқыздың, Хакім нағашымның дендері сау ма?
— Сау, аман-есен, өзің көргендегідей.
— Өзім көре алмай кеттім Хакім нағашымды. Ол кісіні де, сізді де
күтуге мына Қаршыға қаратпады.
— Біз келген күні кеткеніңді есіттім, Меңдіқыз айтты. Қаршыға
ешкімді алды-артына қаратпас,— деп күлді Əлібек басын шайқап.
— Құдай берген мінезді өзгерту қиын... Оны байқап қалған
шығарсыз.
Ұр да жық мінезді Қаршығаның, құрметпен тізгінін ұстаудың
орнына түйеден түскендей сөйлеп, дөрекі түрде қасқырша
қарсылағаннан кейін, ашық Гүлжиһанның əдепті лебізі Əлібекке самал
желдей əсер етті. Тіпті отауға кіріп жайласып үлгірмей, көптен таныс,
күнде сөйлесіп жүрген адамша екеуінің əңгімелері де жараса қалды.
Біріне-бірі сырттан қанық болса да қысқа сұрақ, келте жауаппен аз
уақытта көп жайды анықтап та тастады.
— Демалыс күзге дейін бе?— деп сұрады қыз.
— Бір-ақ ай.
— Неге аз?
— Институт Алматыға көшеді.
— Алматы Қызылордадан қанша жер?
— Темір жолмен Пішпекке дейін екі тəулік, арғы жағы ат-арбамен
төрт-бес күндік жер деседі.
— Ой-ой! Алыс екен ғой Алматы. Қызылордадан Текеге дейін неше
күн жүрдіңіз?
— Үш күннен артығырақ.
— Сонда біздің Жымпитыдан Алматы он күндік жер болғаны ма,
нағашы?
«Тағы да нағашы дейді...»,— деп ойлады Əлібек.
— Солай болғаны ғой, Гүлжиһан жиен,— деді ол езу тартып.
Қыз оған жалт қарады да, бірақ Əлібектің сөзін елемеген болды.
— Алматыдан басқа жерде институт болмағаны ма, соншама елден
жырақ кеткеніңіз?
— Институт көп шығар. Бірақ қазақтың бірінші жоғары дəрежелі
мектебі Алматыда ашылғалы жатыр. Бұл қазақтың мемлекеттік
университеті . Біздің «Халық ағарту институтымыз» сол жаңа
ашылатын университетке қосылып кетті. Ол университеттің онда
ашылуы — қазақ республикасының астанасы сол Алматыға көшпекші.
Алматы болашақ астанамыз. Сол алыс қалаға ертерек жетіп, ертерек
орналасу керек. Сондықтан елде бір айдай ғана болмақшымын,— деді
Əлібек, отауға еніп келе жатып.
Ол жалма-жан үстіндегі плащын шешіп, орындықтың басына іле
салды да, сол үй ортасындағы столдың жанындағы орындыққа өзі де
отырды.— Қоныс жайлы болсын,— дейді ғой үлкендер, солай ма, жиен
Гүлжиһан?
— Айтсын. Қазақ əдетін ұмытып қалмағандығыңызға да көп рақмет.
— Отырыңыз, жиен Гүлжиһан.
— Нағашымды кім күтеді, мен отырсам, Əлібек нағашы?
Əлібек езу тартқан күйі айналасына көз жүгіртіп өтті.
— Сізді үйді сұрамай-ақ танырлық екен.
— Жұрттың бəрі де солай дейді, нағашы.
— Мен əзіл ретінде емес, шынын айтамын. Ана жылқы, түйе... басқа
жерде ондай өзгеше малдар кездесе қоймас. Тек сіздікінде ғана.
Сонсоң...— Əлібек отаудың ішін көзімен бір шолып өтіп: — қырда
сіздікінде ғана бар шығар мына европалық салт...
— Бұл жаңа ғана жасалған жай емес қой, нағашы. Папамның
Петербургтан оқу бітіріп қайтқан кезінен бері бар дүние. Бірақ, осыны
біздің қазақ басқаша түсініп жүр...
Қыздың көмейіндегі айтылмай қалған сөздің арғы жағын Əлібек
түсінді де:
— Иə, естіп келемін: қалада да, далада да... естіп келемін,— дей
салды.
Осы кез үйге Қаршыға кіріп келіп, əңгіме үзіліп кетті де, аздан кейін
қайта басталды. Бұл жолы сөзді Əлібек бастады.
— Нағашысынан жиені мықты болуы да ғажап емес: жиеннің
жиендік назы да заңды. Алайда, Қаршығаның танымасын сыйламас
етіп, қырғи қабақ көрсетуі түсініксіз болды. Əрине, мұның бəрі біздің
жиі қатынасып жүргенімізден шығар,— деді ол, Қаршығаға арнаған
сөзін Гүлжиһанға қарап айтып.
— Біреудің мінезі олай, біреудікі бұлай. Ал қабақтың қырғилығы
адамына қарай. Қасқа — қасша, досқа — досша,— деді Қаршыға сол
сырттағы түксиген пішінімен.
— Менің бірақ та қастың қатарына қосыла қалған жерім жоқ еді...
— Байдың үйіне коммунистің інісі достық ниетпен келеді дегенге де
нану қиын. Сондықтан қабақтың қырғиы емес, онан да əрі болуы жөн,
— деді ол даусын бұрынғыдан анағұрлым қаталдатып.
Гүлжиһан қып-қызыл болып кетті де, Əлібек не дерін білмей қалды.
Бұл ыңғайсыз жағдай, жөні болып тез өзгеріп кетті.
— Қаршыға, сені папаң шақырып жатыр,— деді орта жасты əйел
есіктен кіріп келіп.
— Қазір,— деді де «тоқтай тұр, сенімен əлі сөйлесермін» деген
адамша Əлібекке қабағынан қар жаудырып бір қарап алып, Қаршыға
үйден шығып кетті.
Əлібек ол кеткен соң да көпке дейін соққы тиіп есеңгіреп қалған
адамдай, сөзге келе алмады. Ол үйге кірген əйелге де тек басын иіп
амандасты. Ал Гүлжиһан шығып кеткен ағасының ізіне қарап, ұзақ
уақыт басын шайқаумен ғана болды.
— Шайды əзірлейін бе?— деп сұрады əйел қыздан.
Қыз:
— Иə,— дей салды.
«Бұл қандай жан, қасқырдың баласы сияқты жағадан ала түсуге
дайын. Түрі қандай?! Мынау Ақметшенің баласы болмас. Бұл сол
Құныстың қасқыр нəсілінен болмағай! Апыр-ай, қосшы комитеті мен
жастар комитеті тіксіне қарап пəле қылып еді, енді мынаның да мені
жатсынып тұрғаны. Əлде Ақметшенің өзі осындай пікірде ме?
Айтқандай маған Ақметшеге барып сəлем беру керек шығар»,— деп
ойлады да, Əлібек Гүлжиһанға:
— Гүлжиһан мен үлкен кісіге сəлем беріп шығайын жəне мына бір
аманатты берейін,— деді, Ақметшені жиен деудің орнына аузына
«үлкен кісі» деген сөз түсіп.
— Əлібек нағашы,— деді Гүлжиһан даусы дірілдеңкіреп,— біздің
Қаршыға осындай... Оның өте келіссіз қарсы алғанын басқаша
түсінбеңіз. Бұл бір өзгеше жаралған адам. Əзірге айтарым осы. Осы
мінезі үшін оны папам шақырып алды, қазір ұрсып та жатқан шығар.
Ал папама сəлем беруге кейінірек кіресіз. Шешініп, жуынып,
жайланысып дем алыңыз. Қымыздан гөрі шай дұрысырақ болар деп,
соны жабдықтап жатыр жеңгей.
Сонсоң қыз «жеңгей» деген əйелге жез шылапшын мен мойны ұзын
бұқар құман алдырып, Əлібектің қолына су құйдыртты да, өзі стол
жабдықтауға кірісті.
Əлібек жуынып жатып, кешеден бергі кездескен келіссіз
оқиғалардың үстіне мына Қаршығаның қылығы қосылғанын
бақытсыздықтың басы деп ойлады. «Меңдіқыздың айтқаны аумай
келді. Гүлжиһанның сұлулығы ауызбен айтып жеткізерлік емес екен
де, ал ақылдылығы мен тəрбиелілігі теңдессіз болып шықты. Бірақ...
бақытсыздықтың басы мына Қаршығадан шықпағай! «Байдың үйіне
коммунистің інісі достық ниетпен келеді дегенге кім нанар?» дейді.
Қауғабайдан мынау ауыр тиді. Қауғабай басында, мектепте оқып
жүргенде бізді «оқымыстылардың балалары, орташалардың
балалары» деп бөлетін. Оның «Князь сияқты, қара таяқ зиялы адамның
үйіне барасың ба?— деп кекетуі орынды да. Ал мына сол «князьдің»
баласының маған жауша қарағаны жақсылық емес. Бұл... жамандықтың
басы»,— деп ойлады.
Ол сүртініп жатып Гүлжиһанның бойына, əсіресе, салған суреттей
мүсініне ұрлап көз тастап, күрсінгендей болды. Сөйтті де жалма-жан
тамағын кенеп, бұл байқаусыз шығып кеткен ішкі жан сырын
жасырып қалды. Шашын тарап та, стол жанына келіп отырып жатып
та ол Гүлжиһанның қимылы мен қабағын бақты. Өте нəзік үнді
лебізінің салған əндей толқып, аузынан еркелеп шығатынын, сөзінің
əрі жан сүйсінерлік мағыналы, əрі өз орнында тізген моншақтай
төгілетінін ешбір жанға бітпеген тəңірі берген сый деп түйді. Ол
Гүлжиһан сөйлегенде «сөйлей берсе екен» дегендей, əлденеше рет
аузына қарап, өзіне кезек келгенін байқамай да қалды.
— Қалай, нағашы, қыр ұнай ма?— деді Гүлжиһан шай үстінде
Əлібектен.
Басында Əлібек ешбір тоқтаусыз жауап қатып, өзі де көп əңгімелерді
Гүлжиһанмен қысылмай сөйлесіп еді. Ал қазір шай үстінде екеуден
екеу қалғаны оған теріс əсер етті білем, ол аздап қысылғандай болды.
Бақылаған адам оның жүзінен қызғылт шырай жүгіре қалғанын байқар
еді.
— Қыр да ұнайды, қырдың жандары да...— деп мүдіріп қалды ол.
Аздан кейін даусының дірілін басып,— «Шеген құдыққа» жеткенше
ұшуға қанат болмады,— деп салды.
— Папамның аманатын тапсыру шығар асықтырған,— деп күлді
қыз.
— Онан да үлкен асықтырғыш бар ғой, Гүлжиһан.
Қырдың ыстың желі өссе алдыңнан... жүрек алып ұшады ғой,— деді
Əлібек, жұмбақ сөзін аса келістіре алмай. Оның көңілі тағы да орныға
бастады.
— Ыстың жел мазасыз болмай ма?— деп іліп еді қыз, Əлібек тез
жауап тапты.
— Гүлжиһан, біз біле тұра жұмбақ сөзге көшпейік. Ыстық жел деп
мен екеуміздің арамыздағы о бастағы ескен жүрек желін айтамын.
Аманат тапсыру, үлкенге сəлем беру — ең жақсы борыш. Алайда,
осының бəріне көпір болып жатқан сені мен менің табысуымыз шығар.
Сондықтан мен ең алдымен «нағашы» деген өте құрметті, өте үлкен
сөзді тастап, «Əлібек» деуіңді өтінемін. Мен «жиен» деп айта қойғаным
жоқ, мұнан былай да тура жолмен кетермін,— деді ол қызға қарап.
Гүлжиһан төмен қарап отырып тыңдады да, басын жоғары
көтерместен ойлана түсті. Бірнеше минут өтті. Содан кейін қыз
Əлібектің төңкерген шыны аяғын қайта жазып, шай құйды да:
— Мына шыны аяқ менің арнап құйған шайым болсын, Əлібек
нағашым... Əзірге екі сөзді қоса айта тұрайын. Уақыты жетсе «нағашы»
деген сөздің өзі де қосарланбас. Жарай ма? Міне, алыңыз,— деп шыны
аяқты қолына берді.
Əлібек оң қолымен алған шыны аяқты жерге қойды да, сол қолымен
ұстаған Гүлжиһанның білегін жібермей, қол алысқандай:
— Жарайды, Гүлжиһан, бұл сөздің де орны бар сияқты,— деді.
6
Неге екені белгісіз, Əлібекті үлкен ас алдында ғана шақырды. Атағы
зор жəне жасы елуге төнген Ақметшенің алды ете қатты, өзі де сұсты
адам шығар деп ойлап еді Əлібек. Бірақ сəлем беріп кіріп келген жас
жігіттің қолын қарсылап келіп алған қара сақалды адам оған жылы
шырайлы, жұмсақ лебізді көрінді.
— Жоғары шық, нағашы. «Алты жастағы бала алыстан келсе, алпыс
жастағы кəрі барып сəлем берер,— дейді біздің қазақ. Жасым үлкен
болса да жолы биік саған мен өзім қол созуым керек еді, бірақ соза
алмадым. Тəкаппарлық емес жол бермеген, манның рəсімі қалаға
барғанда қат-қабат бөгеттерге соқтырды. Сондықтан сəлемдесе алмай
кеттім,— деді Ақметше жас қонаққа төр көрсетіп.
— Жоқ... жоқ,— деп қана жауап қатты Əлібек қылғынған адамша,
қысылғаннан сөзін жұтып.
Ақметше үндемеді. Ол өз қызметі тірелген адам болмаса, ешкіммен
де сөзбен шүйіркелесе қалуға құмар еместі. Оның үстіне қарымқатынасын мүлде тыйған, тіпті суық лебін естіре бастаған Хакімнің
інісімен сырласар да, одан жақындық үміт күтер де нышан іздемеп еді.
Бұрынғы əкесі барда бата еткен сүйек жаңғыртуды ол: «Құдай мақұл
көрмеген іс, жеке байлық пен жеке меншік иесіне, бүкіл ескі би-қазы
біткенге қарсы тізгін тежемей келе жатқан қайсар қажының
коммунист баласы жаңа ғұрыптан ауытқыр жан емес. Жақын болу
түгіл бұл алдымен менің басымды тұзаққа ілуге тырысар. Ал ағасынан
бөлініп, жаңа бағытта оқып, тəрбиеленіп келе жатқан мына студент
жекжат бола алар ма? Болса да мұнан не мархабат күтпекпін?!» деген
пікірге келген. Сондықтан да Ақметше ауа жайылып келген Əлібекпен
əңгімесін келтелеп қана тұжыруға тырысты.
— Қай мектепте оқып жүрсің, Əлібек шырағым?— деді ол ас үстінде.
— Халық ағарту институтында оқушы едім. Қазір бұл мектебіміз
жабылып, жаңа ашылған университетке қосылмақшы. Осы күзден
бастап мен сонда оқимын,— деген жауап алды ол Əлібектен.
Біраз уақыт өткен соң, бас ұстаудан бас тартқан Əлібекке жүзін
бұрмастан, етті өте талғап, шымшып қана жеп отырған Ақметше тағы
да бір сұрақ қойды.
— Университеттің ашылғаны аса игілікті іс. Бұл қазақ халқының осы
ғасырдың бас кезінен бері күткен арманы. Балаға жоғары білім беру
қол сирек жетіп келген нəрсе. Профессорларды қайдан алдырмақ?
Əлібек бұл сұраққа бөгеліп қалды да, бірақ жөні болып, оның ойына
Молдекеңнің айтқан бір сөзі түсе кетті.
— Тіл ғылымынан, математикадан жəне психологиядан қазақ
профессорлары болмақшы,— деді ол.
Ақметше оған құлағын тіге қалды.
— Олардың фамилияларын білмейсің бе?
Акметшенің бұл хабарға назарын қатты аударғанын Əлібек те сезе
қойды. Ол болашақ қазақ университетінің бірінші профессорлары
болып тағайындалған адамдардың аттарын атап өтіп:
— Бəрі де бұрынғы кезде оқыған ескі ғалым — интеллигенттер
көрінеді,— деді жауабын ширата түсіп.
Ақметше бұған риза болған пішінмен ақырындап қана сақалын
сипап өтті.
Өмірінде бірінші рет көрген үлкен адаммен мұнан кейін Əлібек те
шешіле сөйлесудің жолын таппады. Нағашылық еркіндігі де сырын
білмейтін кісінің алдында бой жаза алған жоқ, өйткені ой түкпірінде
жатқан «ата» деген сөз оның алдын орап, əдеп сақтауға бой ұрғыза
берді. Ал Ақметше мен қызы да ас үстінде: «нағашы, ал», «етті аз жедің
ғой. Тағы да бірер рет ал» деген сыпайы өтініштен əрі əңгіме өріне аяқ
салмай қойды. Сірə, бұрынғы жақындық пен болашақ араласудың екі
арасында үлкен өткел тұрғанын əкесі де, қызы да əлдеқашан көріп,
біліп қойған сияқты. Күн көзіне жібіген қар бетіндей лебіз майдалығы
ғана нағашы мен жиен деген сөздің сыртын жұмсартып-ақ тұр. Бұл
келу үлкен сынды қадам екенін, бұл керісу аса алыс сапардың не
жолын ашу, не жолын кесу болып қалатынын Əлібек те жақсы түсінді:
Ол қалайда қызға бар сырды ақтарудың қапысын таппақ болды.
Астан кейін, жатар алдында — отауға келген Гүлжиһанға:
— Атақты «Шеген құдықты» көрейін, Гүлжиһан, бес-он минут
сейілдеп қайтайық,— деді.
Бірақ, бейғам көлдің басын дүрліктірген беймаза құстай, басталар
əңгіменің шырын Қаршыға бұзып кетті. Ол құдық басына бет алған қыз
бен жігіттің соңынан шырмауықша ілесті.
Жылы шырай мен жұмсақ лебізден бұрыннан да жұрдай
Қаршығаның Əлібекке өте-мөте өшігіп, бастан ақырая келгенін біле
тұрса да Гүлжиһан оны əңгімеге шақырды.
— Қаршыға, нағашы бір ғана менікі емес, екеумізге тең ортақ. Бері
келсейші бөлектенбей. Алыстағы астананың, Сыр елінің жайын
сұрайың. Ол жақтың жастарының ойыны мен сауығы қандай болады
екен, бармасақ та естіп білейік,— деді қыз.
— Өзің сұра. Мен сенен естірмін соңынан.
Қаршығаның жауабы морт болғанымен Гүлжиһанға да, Əлібекке де
бағанағы қатал үн азырақ ұяң тартқан тəрізденді. Сонда да Əлібек
шүйіркелесе қалудан бас тартты. Ол айнала алқапқа көз тікті.
«Шеген құдық» кішкене жылғаның құбыла беттегі алақанында екен.
Ақметшенің отаулы үйі құдыққа жақын қонғанымен «Ақметше аулы»
атанатын көп үйлер едəуір жерде көрінді; малдың дені де сол бір
шақырымдай жердегі ауылдың төңірегінде сияқты. Күндізгі көрген
арғымақ жылқылар мен түйелер əлдеқайда аулақта жатыр да, мына
қос үй төңірегінде бірер аттан өзге қыбырлаған қара жоқ.
Осы өлкеге аты белгілі бұл құдықтың қарағай шегені біп-биік,
басындағы айналмалы зырылдауық қауға жабдықтары алыстан көзге
шалынарлық лақабы да сол биік шегені мен қыруар малға сыр
бермейтін мол суынан тараса керек. Жылғаның терістік беті күндіз
дөңес көрінген еді. Ал қазір ақшам байыған кезде бейнебір бүктесінін
жазып жіберген кілем сияқтанып, Əлібектің көзіне қырқа-қыртысы
жоқ жап-жазық өріс ашылды. Бұл бидайық шыққан көлтабан
тегістіктің батыс жақ шет-шегіне көз жетпейтін. Батқан күннің біртебірте солғын тартып бара жатқан көктегі шарбы бұлтқа түскен əлсіз
шапағы жазықты онан да əрі ысырып бара жатқандай.
— Ертеңгіліктен гөрі кеш шапағын көбірек сүйем. Гүлжиһан,
қарашы, қандай əдемі! Аспандағы қызыл шапаққа малынған, бейне
қалам сияқты ана ұп-ұшты бұлттар ери келе жіңішкеріп, мүжіліп,
жоғалып барады. Ал, əлгі əзірдегі бүтін батысты тұтас буына ұстаған
алтын сəуле барған сайын солғын тартып, ажарлы өңінен біржола
айрылуға таяу,— деді Əлібек батысқа көзін қадап тұрып. Гүлжиһан
оның сөзінде əлдеқандай астар бар деп ойлап:
— Ертеңгіліктен кештің артықшылығы неде болғаны, нағашы,
дүниенің бəрі мүжіліп, таусылып, өңі қашып бара жатқандығы ма?—
деді езу тартып.
— Жоқ, Гүлжиһан, бұл кештің адамды күндізгі үмітіне жуықтата
түскені,— деді Əлібек, жадыраған бір елікпелі пішінмен.
Қыз үндемеді.
— Неге үндемейсің,— деп кірісе кетті Қаршыға кекесін үнмен.—
Қараңғыны не бір ниеті қара ұры жандар жақсы көреді. Немесе бұзық
іске бой ұрған тұрлаусыз жандар кешті күтеді. Түсінбейсің бе,
нағашыңның өз ниетінен өзі хабар беріп тұрғанын.
Əлібек қызара түсті, қарсы жауап қайыра алмай көре көзге бөгеліп
қалды. Тағы да Гүлжиһан ағасының ащы сөзін тұшытуға кірісті.
— Əлібек нағашы, сіз суреткер екенсіз, аспанды қандай əдемі
суреттеп жібердіңіз. Меңдіқыз жеңешем «Шырақ ақын» деп еді, рас
айтқан екен. Мен, əрине, сауалды сынау үшін бергенім жоқ, ой түйінін
шеше кетсін деп едім. «Кеш таңдағы үмітті жақындата береді»,— деп
өте мағыналы сөз тастадыңыз. Ал, Қаршыға сіздің Əділбек сияқты өр
мінез, қатты сөздерге үйір, кейде оған сырын білмеген адам өкпе
артып қалуы да мүмкін,— деді. Сонсоң Əлібектің басын изегенін көріп,
көңілі көншігендей болды.— Мына жаң біздің, бос су жоқ, қолдағы
малды мына құдықтан суарады. Папам су тартатын машина аламын
деп жүр. Жəне тағы да бір үлкен құдық қаздырмақшы...
— Есеп беріп болсаң үйге қайт. Папам кешке қарай ұзақ жүргенді
жек көреді. Айттым ғой,— кеш — қыздың уағы емес деп.
«Жүр» деп ешкім шақырмай-ақ ерген Қаршығаны Əлібек бірден
жаратпап еді. «Мына бұзық əңгімені бұзу үшін əдейі шыққан екен,
түсіндім. Мақсат Гүлжиһан екеуіміздің əңгімемізге көлденең түсу
болды. Бастан-ақ сыры мəлім болған. Солай болып шықты»,— деп
ойлады Əлібек Қаршығаның қарындасына үйге қайт деген орынсыз
бұйрығынан кейін. Ал Гүлжиһан оның содыр мінезінен тайсалып,
Əлібекке мұнан да ауыр сөз айтып тастар деп қысылды. Сондықтан ол
ағасының ырқына еріксіз көнді.
— Жақсы, Қаршыға, қайтайық. Нағашым төңіректі көрсін, аздап бой
жазсын деп ойлап едім. Ұзақ күн ат үстінде болып шаршаған да шығар,
нағашы, солай ғой, жатып дем алғаныңыз жөн болар, қайтайық,— деді
қыз.
Үйге жеткенше үшеуі де үн қатпады. Айтар сөз, ашар сыр мол болса
да Əлібек мына көзімен де, тілімен де найзасын қадап тұрған
Қаршығаның көзінше аузын аша алмады. Ол үйге келген соң да
əлденеше рет Гүлжиһанмен тілдесуге оңаша минут іздеп еді, бірақ
қонақтың атын отқа жіберуге де қол ұшын бермеген Қаршыға
қарақшыдай қақшиып, екі арада тұрып алды. Сірə, қыз да Əлібектің
халінде қалған болуы керек, өйткені отауға төсек əзірлегеннен кейін:
— Нағашы, жақсы жатып, жай тұрыңыз. Ертең көріскенше
саушылықта болыңыз,— деп Əлібекке қайта-қайта қарап, шығып кетті.
Əлібек ұзақ уақыт кірпік қақпай жатты. Ол күндізгі оқиғаны бастанаяқ тағы да бір рет көз алдынан өткізді. Гүлжиһаннан өзгенің бəрі қас
сияқты. Əсіресе, Қауғабай мен Қаршығаның бірі «тегі жат» деп
айыптауға, бірі жау деп бас салуға дайын жандар екенін ашық сезді.
Бүл екеуінің өңменінен өтерлік ауыр сөздері мен өздерінің түтеген
жүздері кез жұмып жатқан Əлібектің ойынан шықпай, қарсы алдында
тұрғандай болды. «Бұл қалай? Себебі не? Не үшін қас?» Мұны ол талдап
шеше алмады. Жалғыз-ақ бұл жердей тез кету оған бірінші шарт
сияқтанды. Гүлжиһан ше? Көз ишарасынан өзге оған не айтты? Не
сездірді? Ертең бе? Жалынды сөздер қашан ағытылмақ? Жүрек тілі
қашан сайрамақ? Əлде кейінге ысырылмақ па? Көз ілінгенше мұның
анық жауабы ауызға оралмады...
...Ертеңіне:
— Мен жүремін,— деген Əлібектің салқын хабарына қыз таңданған
жоқ. Ол мұны күні бұрын біліп қойған адамша төмен қарап тұрып:
— Алты күн етіп, жетінші күні қалада боламын. Музыка мұғалімінен
жазға алатын тапсырма — сабақтарым бар. Менен бұрын көрсеңіз
Меңдіқыз жеңешеме сəлем деңіз. Жолыңыз болсын, нағашы,— деді.
Əлібек бұл сөзді: «Қалаға кел. Уəде сол» дегені деп жорыды да:
— Меңдіқызды бір уақытта көрерміз. Сау болуды тілеймін,— деп
Гүлжиһанның қолын алды.
Қызды сүюге ол Қаршығадан сескенді; қоштасарда басқа ыстық сөз
айтудың да ретін таппады. Ол жалын мен мұздың арасында қалған
адамдай, аяғын енді қай жаққа басарын білмей аттанды. Ал туған ағасы
Хакімнің бұл əнтек басқан адымын аяусыз айыптайтынын Əлібек
сезген де жоқ еді,
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
1
Ертемен почта конторының үлкен ауласына Құрманды қолынан
жетектеп кіргізіп, ат жегіп жатқан поштабай Жолмұқанға:
— Жолеке, а, Жолеке! Құрмашты алып келдім. Іні менікі, жиен
сенікі, қалайда оқуға кіргіз. Өзі белкүллі сенен ауған жоқ — батыр
десең батыр, ақылды десең ақылды. Кеше біздің Əділбектің арбасына
мініп келіпті. Нағашысына тартқан дегдардың тұқымы емес пе, бүкіл
Дабыл байдың аулын бөрліктіріп қашып кетіпті. Қашпай қайтеді, сенің
көзің тірі тұрғанда біздің бала қорлыққа көне ме? Ай, Бисенғалиды да
қатырып кеткен көрінеді, айтып отырса. Тіпті қызық, өзі айтып береді,
— деп Сүлеймен бар жайды бір-ақ ақтарды.
Қаратөбе мен Жымпиты қаласының екі арасындағы əрі шалғай, əрі
елсіз құмды жолда ат арбамен почта айдайтын Жолмұқан кезекті
сапарына шыққалы жатыр еді. Ол көптен бері көрмеген кішкене
жиенін бетінен сүйіп, Сүлейменмен амандасты.
— Алда разы болсын, Сүлеке, баланы алып келгеніңе. Айтқан
тілегіңнің орындалуына шəгің болмасын. Мына сапардан қайтып
келген соң оқу бөліміне алып барам. Қалайда оңуға кіргізем. Ал қазір
кемпірге тапсырып кетем, ашығып қалмасын деп. Ал өзіңнің шаруаң
күйлі ғой?— деді Жолмұқан.
— Аман-ақпыз. Текеден келдім. Хакімді алып келдім. Түнде келдік.
Жол жақсы екен, белкүллі бір жақсы сапар болды. Бүгін базар аралап,
ертең кеңседегі қызметімді бітіріп, арғы күні елге қайтам,— деп сайрай
жөнелген Сүлейменнің ұзақ сонар əңгімесін күтпестен Жолмұқан
баланы ауланың түкпіріндегі үйіне алып кетті.
Ол кешікпей қайта шығып:
— Ал, Сүлеке, қош тұр. Мен кеттім,— деп арбасына қарғып мінді де
аттарының делбесін қақты.
— Жолың болсын, жолың болсын! Өздері де бір мұңым тоқпақтай
жылқылар екен. Қаратөбеге дəуде болса мыналар бесінде жеткізеді,
бесінде жеткізбесе де екіндіден қалдырмайды,— деді Сүлеймен
қоңырауын күмбірлете жөнелген почтаның қоңды аттарына сүйсіне
қарап.
Сөйтті де ол, үйден елегізіп, сыртқа шыға келген Құманға ақыл бере
бастады.
— Міне, мынау почтаның үйі, осында боласың. Ал сонау көрініп
тұрған үлкен көк үй Хакім ағаңның кеңсесі, көрдің бе? Оның бергі
жағындағы кішірек ақ үй соның пəтері ғой. Көзіңді жұмып табасың. Біз
кеткенше кел. Жəне ана жанындағы жазып берген арызды Хакімнің өз
қолына бер; үйіне апарып беруші болма, кеңсесіне апарып бер. Түсіндің
ғой, Оқу жөнінде мен өзім де тапсырып кетермін Хакімге. Жолмұқан да
күш салады ғой. Бір баланы оқуға кіргізбейді деген не тəңірі сірə,
болмаса өзім кірісермін,— деп қойды ол өзінің де осал қазаң емес
екенін байқатып.
Бала басын изеді.
— Мен енді өз жұмысыма кеттім. Арызды ұмытпа. Үлкен көк үйге —
кеңсесіне апарып бер,— деп нықтады Сүлеймен кетіп бара жатып.
Үйінің тұрған жерін мықтап белгілеп алып, кешікпей Құрман да
базар жаққа жылжыды.
«Ой-ой-ой! Қандай көп еді! Тарсылдаған т-т-т ғой!» деп баяғы
Мүкəрама айтқандай, қаланың тұрған жері сол аяғы қатаң дыбысты:
Аңқаты, Шідерті, Бұлдырты, Қақпақты, Қалдығайты дейтін сулардың
дəл ортасындағы Өлеңті өзенінің иіні болатын. Ал қаланың сырт пішіні
сол өзеннің иініне ашасын тіреген, үлкен бір доға сияқты да, доғаның
нақ қойыны кең алаң-ды. Сол алаң бүгін мал мен жанға, арба мен
көлікке лық толы еді. Қалаға жақын жердегі Жымпиты, Бұлдырты,
Қаратөбе, Тайпақ, Ащысай болыстарынан ғана емес, сонау алыстағы
Қаракөл, Қарабау, Қызылқоға, Ойыл болыстарынан да келген
базаршылардан аяң алып жүргісіз. Шаруаның малын сатып, шай мен
шекер, ұн мен матаға арбасын толтырып қайтатын орталық базары
осы. Ел-елден келген адамды іздегеніңді осыдан кездестіресің. Бұрын
мұндай үлкен базар көрмесе де Құрман көпшіліктен үріккен жоқ. Ол
тіпті көрмеген нəрсесін көріп қызыққа белшесінен батып жүр. Мал
базарының бір жерінде ол Рақымғалиды көзі шалып қалып, жалма-жан
бұрыла салып, базардың екінші шетіне қарай, адам-адамның арасымен
зыта жөнелді. Бірақ Рақымғали оны байқамай қалды, көп арасында ол
əлдекіммен сұқ қолын шошайта сөйлесіп, өзімен-өзі болып жатыр еді.
Сонда да Құрман қолға түсіп қалатындай артына қарап қойып жүгіре
берді Оны тек екі адамның алақан соғып, жеме-жемге кел¬ген ат
саудасы тоқтатты.
— 80 сом,— деді жалпақ қызыл кісі.
— 70. Шекесінен шыққан бағасы?— деп кішкене сары адам жұпжұмыр торы биенің дөңгеленген сауырын бір сипап, басқа жаққа
қарады.
— 80. Айтқаным-айтқан.
— 70-тен 70 тиын артпаймын,— деп кішкене сары қатардағы
жылқы ұстап тұрған адамға қарай жүрді.
— Тоқта. Бір сом қалсын.
Елде əр нəрсені жете бақылап өскен Құрманның байқағыш көзі
саудагерлердің қасында тұрған бір татар баласының киіміне қызығып,
соның көпке дейін қасынан шықпады. Əдемі киінген: қоңыр шалбар, аң
көйлек киіп, беліне қара белбеу буынған. Басындағы биік қара
фуражка қандай əсем. «Мен де осындай киінсем» деп ойлады Құрман.
Ол аяғын шапшаңдай басып ілгері жүрді де, кешікпей ұсақ-түйек
сататын саудагерлердің тырна қатар тізілген дүкеншелеріне жетті.
Бұлардың ұсақ дүниесі баланың көз құртын қытықтағандай болып
кетті. «Ана айнаны алып қалтаға салып, ертеңді-кеш қарап қойсам...
ана бір а0ша салатын шиланды-ай. Карта. Кəдімгі Рақымғалилардың
ойнайтын ала картасы. Шіркін, ойнар ма еді! Ол есі кетіп ұсақ-түйек
заттарға қадала қарап тұрды да, əлгі татар баласының басындағы
фуражкадай бір фуражкаға көзі түсіп кетті. Ол не қыларын білмей
дүкен иесіне бір, фуражкаға бір жалтаң-жалтаң қарады. Қала көрмеген
ауыл баласының таң қалып дүниеге есі кетіп тұрғанын байқай қойған
саудагер:
— Кім баласысың?— деп сұрады.
Құрман бір сəт тосырқап қалды да, ақырындап қана:
— Бақының,— деді.
— Бақың кім? Қайсы ауылдан?
— Шідертіден.
— Мұнда кімге келдің?
— Нағашыма...
— Нағашың кім?
— Жолмұқан.
— А,— деді саудагер.—Поштабай Жолмұқан ба?
— Иə.
— Танимын Жолмұқанды. Жақсы кісі.
Бала саудагердің жіби сөйлескенін көріп, бұрынғыдан гөрі
батылдана бастады. Ол: «Ана бір бөрікті көрсетші»,— дейін деп
оқталды да, саудагердің сынай қарап тұрғанын байқап бөгеліп қалды.
— Сен Жолмұқанның жақын інісі болсаң, сені неге орысша
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 11
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.