Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 17

Total number of words is 4084
Total number of unique words is 2073
35.7 of words are in the 2000 most common words
50.1 of words are in the 5000 most common words
58.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Ал бүгін Тəжімұрат көптен бері құрметтеп келген бастығын тағы да
қолтықтай түсті.
— Айтеке, айыпқа бұйырмаңыз... ер басына күн туса етігімен су
кешер, деп өмірде ащы да, тұщы да кездесер. Ащыға тыржиып, тұщыға
ыржиюды өз басым жек көремін. Көп үлгі көрсеткен, ұзақ жылдар
бойы ақыл айтып, тəлім-тəрбиеге бөлеген ағамыз мына сіз боласыз.
Осындайда іш пыспасын деп мына шарапты...— деп, ол жалма-жан өзі
жүгіріп жүріп, стол үстіне шыны аяң əкелді. Қазан жақтан нан мен пияз
тауып, оны келтірді. Сөзге шорқақтау жəне қапелімде бет қайтарып
тастай алмайтын Айтан ойланып үлгіргенше арақты шыны аяққа
құйып жіберіп, қолына ұстатып та салды. Сөйтті де:
— Айтеке, кəне, өмір жібінің əлдеқалай түйіншектелген жері
жазылып жібектей есіліп кетсінші!— деп шыны аяқты көтерісе берді.
— Жақсы лебізіңе алдыриза болсын, Тəжімұрат. Ал, мынаны мен
ішпейтін едім,— деп Айтан құйылған араққа елжіреген бір қимастық
жүзбен қарай қалды.
— Жоқ, Айтеке, ішіп жіберіңіз. Түк те етпейді, ішіп жіберіңіз. Мас
болу емес, əшейін бір көңіл көтеру ниеті ғой. Əйтпесе, етек-жеңін
түрініп кірісетін маскүнем жоқ.
— Бұл да рас сөз. Маскүнем қазақты əзір көргенім жоқ. Ал, жақсы,
болсын...
Жатаған келген кең шыны аяқтың орта шенінен асырыңқырап
құйған арақты Ақбасов саспай көтеріп, ақырындап жұтып бітірді де,
көкжал пияздың бір қабатын сыдырып алып насыбай атқан адамша
қос танауға кезек-кезек басты. Əлде пиязға, əлде араққа елтіп ол көз
жұмған күйі сəл уақыт отырып қалды. Тəжімұрат азғана ерін тигізген
өз шыны аяғын жерге қоя салып, бұрынғы бастығының босаған
ыдысын мөлдір қалпына қайтадан келтірді. Мұны көз жұмып елтіп
отырған тергеуші елең қылмастан отыра берді.
— Өмірдің өзі өрмек сияқты. Жоқ жерден жібі түйілгенін бастан-ақ
сезіп едім,— деді Тəжімұрат айтарын алыстан меңзеп. Өзі ұялмаған
адам, кісі бетін шиедей қылады деп, өз басы шырмалғаннан кейін
өзгені де шырмаған.
Айтан көзін ашып жіберді. Бірақ Тəжімұрат оның елең еткенін
байқамады ма, əлде елемеді ме, сөзін сол жұмбақ адамның маңында
өріп, жүзін жоғары көтерместен сөйлей берді.
— ...Сондай адамдар болады. Өзгелер де өзіммен бірдей болсын
дейді. Рас, мені кінəлайды екен — басқаны да солай етсін деген ой
олардікі. Бірақ біз олай жібереміз бе оны. Біз де адамбыз ғой. Ақтықараны айырады деп қойды ғой бізді іс басына...
— Тəжімұрат, сен не жөнінде?
— ...Адам бұзық болып тумайды. Өмірде бардан үлгі алады.,.
— Тəжімұрат, мен сөзіңе түсінбей отырмын.
— Жоқ-ау деймін, Айтеке, мынаны алып жіберейікші.
— Құрғырың мас қылар. Ішті ып-ыстық етіп жіберді.
— Түк те етпейді, Айтеке. Мас болу емес, əшейін бір көңіл көтеру
ғой.
— Бұл да рас... Сен не жөнінде?
— Айтеке, алдымен алып жіберейік.
Бұл жолы да қолқалап ішкізді Тəжімұрат. Бірақ өзі ауыз тиюмен ғана
тынды. қыза бастаған Айтан оның сөзін де қыза тыңдауға кірісті.
— Не жөнінде, айтсаңшы, бала,— деді ол Тəжімұратқа қабағын
шытып.
— Əлгі Маймақов жөнінде. Тəңір алғыр əдейі шатастырған ғой,
кетсем бірге ала кетейін деп. Бірақ біз де адамбыз ғой, ақты-қараны
айырады деп қойды ғой бізді іс басына.
— Ол атаңа нəлет, қас қылды, қас қылып істеді...
— Əлбетте, қас қылмаса солай ете ме? Өз атым деп басқаның атарбасын жегіп жібере ме?!
— Көрсетермін мен оған көрімді.
— Мен көрсеттім, Айтеке, оған көрімді.
— Көрсетпегенде?
— «қас қылып істедім, тергеушіні қолыма түсіру үшін істедім: өз
басымнан қорыққаннан тал қарма дым. қиын-қыстау кезең келгенде
жəрдемші болсын, көмектессін деп тергеушіге əдейі қармақ салдым»
деп жазғыздым тергеу актісіне.
— Е, сөйтпегенде. Менде тырнақтай жазық жоқ. Тек ана Жүністің
баласының істеп отырғаны!..
Тəжімұрат мүлəйімси қойды.
— Жазығым жоқ екенін біле тұра істеді Жүністің баласы... А,
Тəжімұрат, саған тапсырды ма Маймақовтың ісін?
— Маған тапсырды, Айтеке. Сізге кір жұқтырмаймын қолдан келсе.
Мен əділетке ғана жүгінетінімді сіз білесіз ғой.
— Е, сөйтпегенде. Менде тырнақтай жазың жоқ. Əлгі қатынның
«қырағылық керек еді, пəлен-пақтуан еді» деуі əшейін қызыл сөз. Мен
арыз жазамын. Губерниялық жерге, тіпті крайға жазайын деп
отырмын. Жүнісовтің пəле жауып отырғанын айтам.
Тəжімұрат құлағын тіге қойды да, əлденені мақұлдағандай бас изеді.
— Сен арызға шебер едің, Тəжімұрат. Елдің арызын көп жазасың...
— Қайда жазуды сіз əлбетте менен гөрі жақсы білесіз. Ал, мен
болсам арызды алдымен уатком председателі Əлен Əлеуовтың атына
бағыштар едім,— деді Тəжімұрат аңырын ғана.
— Неге?
— Біріншіден, бұл кісі тез шешеді. Екіншіден, Жүнісовтің бүл ісіне
риза болмауы керек. «Қажының баласы болған соң асыра сілтейді,
жақсы атақ алуға ұмтылады» деп отырғанын есіттім. Үшіншіден, бұл
кісі де Дəулетов сияқты крайком мүшесі, құдіреті күшті...
— Жаз,— деді Айтан, столды жұдырығымен дүрс еткізіп.— Жаз, мен
айтайын.
Тəжімұрат жүгіріп жүріп екінші бөлмедегі столдан қағаз бен қаламсауыт алып келіп, жалма-жан арыз жазуға кірісті.
— «Крайком мүшесі, уатком ағасы Əлен Əлеуов жолдасқа!» деп жаз!
— деді Айтан.
— Жаздым: «Жымпиты уездік атқару комитетінің председателі
Əлеуов жолдасқа...»
— Дұрыс. Енді... Ым... Кеңес өкіметі орнағаннан бері адал қызмет
етіп келемін... Жаздың ба?
— Жазып жатырмын: «Бостандық көксеген қазақтың көзі ашық
азаматтары жаңа өкімет орнаған күннің ертеңінде-ақ езілген елінің
еңсесін көтеруге кірісті. Бірі — еңбекші бұқараның оқу-білім ісін қолға
алса, екіншісі — мешеу елдің жер мен суын дұрыс пайдалануына күш
салды. Үшіншісі — денсаулық сақтау саласында қайрат көрсетсе,
төртіншісі — əкімшілік, сот құрылыс жүйесінде еңбек ете бастады.
Міне, сол игілікті істердің бір үлкен тармағы болған сот-тергеу
құрылысында қал-қадарымша қызмет істеп келгендердің бірі мен едім.
Жеті-сегіз жыл үзбей тергеушілік міндетін атқардым. Жоғарғы басшы
мекемелер тарапынан да, жергілікті орындардан да осы ұзақ уақыт
істеген істеріме абыройлы баға алумен келдім.
Өткен айдың 16 жаңасында қызмет бабымен Шідерті ауыл
Советінде болып, сырқаттығым себепті салт атпен жүре алмаған соң
ауылнайдың ат-арбасын қалаға жегіп келіп едім. Міне, сол ат-арбаны
«ауылнайдікі емес, байдікі екен, сұрап жекпепті, параға алыпты
əлдекімнің таратқан өсегі ерді. Арбаның байдікі, кедейдікі екенін,
болмаса ауылнайдың өзінікі екенін осы күнге шейін айырғаным жоқ.
Ауылнай əзірледі, мен міндім. Бар əңгіме осы ғана. Бірақ іс насырға
шапты.
«Ой сені ме!» деп маған көзін алартып келген прокурор тарпа бас
салды. Үстімнен губернияға мəлімдеме жазды, айыпсыз орнымнан
алғызды.— Тергемей, тексермей Жүнісов прокурор неге бəле жабады?
— деп сұрарсыз. Бұған бір-ақ жауап бар деп түсінемін, өйткені Жүнісов
Кеңес өкіметі орнамастан бұрын оқыған қазақ азаматтарының бəрін
зиялы, байшыл деп қарайды.
Жүнісовтің жапқан жаласынан адал қызметкеріңізді арашалап
алады деп сенемін.
Уездік халық тергеушісі Айтан Ақбасов».
Тыңдап отырғанда семіз тергеушінің терши түскен семіз беті
елжірей қалған еді. Ал, Тəжімұрат арызды оңып шыққаннан кейін ол
сұстана түсті.
— Өз ойым да осы. Тап осылай етіп жазармын деп ойлап едім.
Үстінен түстің. Ал, анау марқа мен саба қалай болар екен? Артық
болмас па? Марқаны жеуін жейді ғой, қымызды да ішеді. Тек туысқаны
əкелді деген жері артықтау ма қалай?— деді Айтан.
— Артың емес, Айтеке. Əкелгені рас. «Мен өз көзіммен көрдім» деп
Əжіғали милиционер айтты. Дабылдың келіні көрінеді келген,
Қалампыр деген.
— Білем,— деді Айтан,— ол ауызды бəйбіше. Ол əкеледі, жарайды
олай болса.
Айтан арызды төрт бүктеп қалтасына салды да, енді Тəжімұратқа
орта стакан арақты өзі құйып ұсынды.
— Айтеке, мені қойыңыз, өзіңіз ішіңіз. Сіз үйдесіз ғой. Мені қазір
Жүнісов шақырып қалуы мүмкін. Ауыздан араң иісі шығып тұрса
шатақ болады. Дабылдың ісін де, Маймақовтың ісін де маған
тапсырғанын айттым ғой,— деді.
Айтан қыстамады.
— Саған тапсырса жақсы болған екен, өзім де осылай болады ғой
деп шамалап едім,— деді ол.
«Мақтанғаныңа болайын. Александр патшаның ескерткішіндей
қауқиған бишара... деді ішінен Тəжімұрат шығып бара жатып.
Сөйтіп, Хакімнің үстінен жазылған арыз да, Ақметшенің айтқан
тілегіндей, бір арнаға құйылды. Əлен Əлеуовтың қолына тиді.
ОНЫНШЫ ТАРАУ
1
Хакім Акбардың кім екенін де ашты. — Жолдас Щитов, мен саған бір
сауал бергелі келдім,— деді Хакім күліп ГПУ начальнигіне.— Аса қиын
емес, алайда ойландыратын сауал.
Ол Щитовпен көбіне-көп қазақша сөйлесетін, өйткені бұл қазақ
ауылдарымен іргелес селениеде туып-өскен белгілі егінші шаруаның
баласы орысша сөйлеген қазақты жаратпай қалатын еді де, қате
сөйлеген жерін қазақшалап жөндеп отыратын, оның үстіне тіпті кейбір
мақал-мəтелдерімен сөзін өрнектеп сөйлеуге құмар болатын.
— Айтып, көр, шама келсе жауап беріп бағайын. Бірақ сен, Хакім,
чекист Əйтиевтің уағында да істеген жігітсің, оның үстіне
прокурорсың, мені жаңылдырайын деп отырған жоқсың ба?— деп
Николай Щитов қазақша сақалын сипап жымия түсті.
«Осы сайтан неге сақал қояды екен?» деп ойлады да Хакім, ол ойын
түптемей, жалма-жан ілкі əңгімеге кешті.
Егерде менің орнымда сен болсаң, Николай, саған Құныскерей
шыған кездессе, оны сен кəміл танысаң, сонда сен не істер едің?— деді
Хакім.
— Хитрый сауал,— деді Щитов, бұл жолы «сұм» деген сөзді біле тұра
қолданбай, қазақтардың хитрый дегенді көбірек айтатынына еліктеп.
— Менің Құнысты ұстай алмағаныма жория оспақ ажуа жасайсың, а?
Щитовтың бұл сөзінен Хакім нағыз Құныстың қолға түспегенін анық
білді...
— Жоқ, Николай, сені ажуалап мен соншама...— ол сөз жұбын дəл
келтіре алмай бөгеле түсті де, қайтадан бастады,— жоқ, Николай, сені
ажуалап қайтейін. Бұл мəселе əзіл-қалжыңды керексітпейтін нəрсе ғой.
Менің сауалым шын сауал. Мен сенің сондай жағдайда не істейтініңді
білгім келіп еді.
— Егерде Құнысты кездестірсең не істер едің дейсің бе?
— Иə.
— Бұл мəселе менің талай бас қатырған мəселем. Оның ең қысқа
жолы — бұл діннен безген шығанды соттау керек.
Хакім Щитовтың сөзіне бірден түсінбей қалды да, бірақ жауап
қайтаруға тез жармаспай, бүл сөздің мағынасын ойлаңқырап алу үшін
темекі орауға кірісті. Ол темекісін орап болып, тұтатқанша Щитов тағы
да:
— Оны не де болса соттау керек,— деді.
Хакім бұл көпті көрген чекистің ойын енді болжағандай болды.
— Сырттан соттауға материалы жеткілікті, екені рас, алайда қолға
түсірген дұрысырақ болар еді.
— Ол тірілей қолға түспейді,— деді Щитов, арғы жағын ашпай.
«Мен кəміл танысам, кездескен жерде атып тастар едім» деген
қорытындыны Хакім оған айтқызбады. Ол енді ана қолда отырған
адамның кім екенін, оны Щитовтың неге ұстағанын анықтауға бет
бұрды.
— Солай екен...— Хакім əдетінше терезеден алысқа көз жүгіртіп алу
үшін мойнын бұрып еді, бірақ Щитовтың кабинеті алысқа көз
түсірмейтін түкпірде екенін, жалғыз ғана терезесі аула жаңқа
шыққанын байқап, уездік ГПУ начальнигіне жүзін қайта тікті де:—Əлгі
қолға түсірген шаруа Ақметшенің кімі?— деді.
Щитовтың қара қошқыл тартқан беті бүл жолы томсара қалды. Ол
енді қазақша сақал сипауын да қайталамады. Орнынан түрегеліп
терезе алдына барды да, Хакімге тура қарамастан:
— Ақметше біздің бəрімізден де тіс қаққан, өте ойлы жəне ең қиын
жері: ол алдағы ісін бірнеше жыл бұрын ойлап, пішіп, ұсақ-түйек
нəрселерге дейін күдіксіз етіп жобалайтын кісі: Менің ойымша бұл
шаруа Ақметшенің бізді алдауға қойған қарақшысы, кəдімгі егіннің
басына құс үркіту үшін қоятын қарақшы сияқты, жалған Құнысы.
Қарақшы жалғыз ғана құс үркіту үшін қойылмайды, ұрыға да
қойылады. Ана Шалқар сагасында Орымбек қажы дейтін шал бар ғой,
сол шал қарбыз, қауынын ұрыдан сақтау үшін қас қарайғанша
қақырынып, түкірініп өзі бақшасының басында шошайып тұрып алады
екен де, түнде қос таяқты жерге қадап, үстіне шекпенін жауып, басына
жаман ескі бөркін кигізіп кетеді екен. Жұрт оның бұл қулығын
түсінбей, түнде ұйықтап алып ер¬темен үйіне қайтқан шалды
кергенде: «Орекең түні бойы көз ілмей бақшасын қарауылдап
шығады» дейтін көрінеді. Мына Ақметше қу да соның сыңары ма
деймін. «Акбарды ұстасын ұстағыштар. Мен Құныстан аулақпын,
Құныста менің, менде Құныстың шаруасы жоқ деу үшін шығар»,— деді
ол Хакімге, аула ішінен əлденені бақылап тұрған адамша, терезеден
кезін алмай.
Хакім басын шайқады. Ол Щитовтың ұстағаны басқа кісі екенін
аңғаруы былай тұрсын, бүл ұсталған адамның аты да Акбар екенін
білді.
— Нар жегіп, атын қабырғаға байлаған нағыз Акбар маған көпірлі
Аңқатыда кездесті,— деп ол Щитовқа анау күнгі Құнысты көргенін
айтып берді.
— Ал, мен саған нағыз Акбардың қандай екенін көрсетейін,— деп
Щитов жалма-жан кабинеттің есігінен басын шығарды да, əлдекімге
иек қаққандай болды.— Ана шығанның өзі қолға түссе оны бұл жерде
ұстамаймын ғой, ал мынау құлпы жоқ бөлмеде отыр,— деп күлді ол
прокурорға бұрылып.
Ұзын бойлы, сіңірлі, бет əлібі бір қарағанда Құнысқа мықтап
ұқсайтын, бұл да түйе жүн шекпенді, кебіс-мəсілі, еңгезердей қара
кісіні ертіп келген ГПУ қызметкері Хакімге честь беріп, қайтадан
шығып кетті.
Щитовтың сөздеріне, Ақметшенің ісі мен өміріне ой жүгіртіп
отырған прокурор Акбарға бірден көз тікпей бірер минут кідірді де,
сонан кейін шаруаға қарап:
— Сіздің атыңыз кім еді осы? Аузыма түсіре алмай отырғаным.
Көптен көрмеген соң адамның жадынан шығып кетеді екен,— деді.
Шаруа қысылып қалды. Мұндай үлкен адамдардың өзін неге
жауаптайтынын, не үшін оңаша жатқызып, жұрт көзіне түсірмей
оңаша ұстап отырғанына көзі жетпеген бұл адам мықтап қорқып
қалған болуы керек. Ол сəл уақыт сөйлей алмай, тұла бойы дірілдеп
кетті де, Хакімге жалынғандай жалтаң-жалтаң қарай берді.
«Нағыз егін басына құс үркіту үшін қоятын киіз қарақшы сияқты
екен. Щитовтың сипаттамасы дəл. Егерде бүл нағыз Құныс болса —
кезімен атыса қарап, сөзден ерім өре бастар еді» деп ойлады Хакім,
Акбардың жауабын күтіп отырып.
— Сен мына кісіні танисың ғой. Бүл Хакім Жүнісов дейтін прокурор,
сенімен сөйлесіп, керек сұрауларына жауап алып, өзіңді ауылға,
бəйбішеңнің жанына қайтаруға келіпті,— деді Щитов шаруаға жүзін
аса жұмсартпастан.
Шаруа басын шайқады.
— Танымайсың ба?
Шаруа басын изеді.
— Сен Ақметшенің жақын құдасысың ғой? Неге үндемейсің, қорықпа.
Николай жазықсыз адамды босқа жазғырмайды,— деді Хакім шаруаға.
— Аса жақын құдасы емеспін,— деді шаруа əлі де даусы дірілдеп.—
Біздің жақын ағайынның қызын алып отыр Сəрсен. Қарындасымыз.
— А-а,— деп созып қойды Хакім.— Сəрсен Ақметшеге жанама
ағайын.
— Құда дейміз, Ақаңды.
— Иə. Құда.
— Сол Сəрсен жағынан.
— Дұрыс, дұрыс. Сіздер Есентемірмісіз?
— Жоқ. Біз Есентемір емеспіз, Кетеміз.
— Ымм,— деді Хакім Құныстың «Кетемін» дегенін есіне түсіріп.—
«Шеген құдыққа» қай жылы келіп едіңіз?
Шаруа Хакімнің жылы жүзбен руын сұрағанға риза болып кетті.
— Біздің ел егін екпейді ғой. Тауың жылғы күйзелісте Ақаң құданы
сағалап келіп қалдық та, бұл жақта күн көріс жақсы болған соң
орналаса бастадық. Қыс малды төмен айдағанда ел табанында болып,
мұнда жазға қарай қайтамыз,— деді ол енді бірден-екі шешіле сөйлеп.
Хакім оның бойы үйрене бастағанын байқап өзіне керек жайжапсарды анықтай түсті.
— Төменге түйеден басқа жылқы да айдайсыздар ма?
— Жоқ, Жылқының көбі сол жақта. Қысы-жазы сонда болады. Бұл
жақтан түйе барады. Ақаңның ол жақта да елу-алпыс нары бар,— деді
шаруа.
— Онда жылқы көп болмас?
— Аса көп емес қой, екі айғыр үйір.
«Ол жақта екі айғыр үйір жылқысы, елу-алпыс түйесі болса,
малының тең жарыға жақыны сонда болды ғой. Мүмкін басқа жақта да
қызыл нарлар мен дончактар бар шығар» деп ойлады Хакім.
— Сізге Құныс қандай жақын?— деді Хакім мал жөніндегі əңгімені
тұжыруға бет алып.
Шаруа үрейлене түсті, ол жауап орнына басын шайқады. Прокурор
оның бұл өзгере қалғанын «қорықты ма» деп ойлап оған ақыл бере
сөйлесті.
— Сіз оның мүмкін, бізден сескенгеннен атын да атағыңыз
келмейтін шығар. Ол бір қылмысты адам. Онан жұрттың бəрі ат-тонын
ала қашады. Бірақ сіз əңгімені бізден жасырмауыңыз керек жəне пəлесі
тиеді деп шошымағаныңыз жон. Əркім оз басына ғана жауапты. Сіз
Құныс үшін айып тартпайсыз,— деп темекісін тұтатты.
— Мен оның атын ғана білем. Өмірде көрген адамым емес. Біз Кете,
ол Қызылқұрт болуы керек жұрттың айтуы. Еліміз де басқа, жеріміз де
басқа,— деп шаруа жалынышты пішінмен Хакімге мұң шаққандай
болды.
— Атыңызды айтпадыңыз ғой,— деді Хакім шаруаға, сөйтті де басқа
сұрарым жоқ дегендей Щитовқа көз тоқтатты.
— Атым — Акбар. Біз алты ағайындымыз, мен ортаншысымын
əкемнің. Менен үлкен Жаппар деген ағамыз қазір елде Ақаңның
малына бас-көз болып тұрған.
Хакім Акбардың əңгімесінен: «Бұл шын Акбар жиырма бірінші
аштық жылы Ақметшенің ауылына көшіп келген екен, мұның
Құныспен ешбір араласы болмауы мүмкін, он сегізінші жылғы
Жаншаның қаруын тасыған керуеннің басындағы ұзын қара сол
шығанның өзі болуға тиіс; бұл шаруа да, оның ағасы да Ақметшенің
шаруасын шаруалаумен жүрген адамдар болды»,— деген
қорытындыға келді.
— Мен де бұл Акбар Еламан ұлын адал шаруа деп санаймын.
Бірнеше күн оңаша сөйлесіп, осындағы бір саудагер жөнінде күмəнды,
күмəнды жайларды түсіністік. Енді еліне қайтаруға болады ғой, жолдас
прокурор,— деді Щитов онан шын рұқсат сұраған пішінмен.
— Əлбетте,— деді Хакім басын изеп.
Щитов əлгіндегі Акбарды ертіп келген қызметкерін шақырып алды
да:
— Еламановты ауылына жеткізіп салыңдар,— деп жарлық берді.
Қызметкер:
— Құп болады!— деп құлақ қақты да, Акбарға бұрылып,— жүріңіз,
отағасы,— деді.
Хакім мен Щитовтың мұнан арғы əңгімесі Ақметшенің Құныспен қай
түрде жолығып жүруі жайлы болды...
2
Талай бұзауын өлтіріп, талай қозысын арқалап кеткен табандағы
ауылға тура соға алмай, қыр астынан сығалап, аулақта жортқан аш
бөрідей бір күні боз атпен желге қарсы аяңдап Құныс келе жатты.
Оның бас паналар құмы Қаратөбеден əрі жатса да, айында-аптасында
төбе көрсетер жері əзір молды. Соның бірі ең кемі екі айда бір соғып
өтетін «Шеген құдық». Бірақ оның келіп кеткенін бүл жерде көретінбілетін адамның өзі жоққа тəн: тіпті оны көрген жан «көрдім» деп,
білген адам «білдім» деп тіс жарған емес. Оның не үшін «Шеген
құдыққа» соғатыны да бимағлұм сияқты. Сонда да оның өткен айдың
аяқ кезінде үлкен қалаға жуың маңды да шарлап еткені анық. Ол уездік
прокурор Хакім Жүнісовтің де жолын кескені белгілі еді. Ал, қазір
мүмкін сол Жүнісовтің алдына жүгінгісі келді ме кім білсін, бет алды
əйтеуір уезд орталығы.
Соңғы кезде өткен күндерін көбірек еске түсіріп, ол ат үстінде ойға
кететін де жайы бардай, қалғыған адамша келе жатады. Анда-санда:
«Солай, өкімет құрығы ұзын» дейді өзіне-өзі. Бұл Аңқаты басындағы
айтқан Хакімнің сөзі еді. «Өкімет құрығы ұзын болса — неге салмайды
оны мойынға? Торушы тосқауылдың ізін суытқалы екі жылдан асты.
Не қырда, не ойда аңдушының сыбысы білінбейді» деді ол тағы да
езіне.— «Əлде кешірмек пе?.. Жоқ! Жарасы жеңіл бас жару емес, қол
сынып, көз шығу да емес. Коп адамның қазасы, коп жанның қаны
төгілді егеспен. Алайда бұған күнəлы мен бе екем? Мен еруліге қарулы
істі қолдадым...»— желге қарсы жүріп келе жатып ойлап еді ол мұны.
Оның бет алды Қаратөбеден Жымпитыға асатын қара жол, ол осы
жолды қиялап келіп кесіп өтпекші болды. Өкше арты үлкен құм,
жиырма-отыз шақырымсыз ел төбесі көрінбейтін құла дала. Боз ат
аршындай аяңдап келеді, оқта-текте болмаса оны жортаққа көтермей
иесі жайымен кештетіп, ел маңына ойыспақшы.
Күн еңкеуден əлдеқашан құлап кеткен, бірақ етек желпір жел
тұрмай, тымырсық орап демді буып тұрғандай қапа. Жалғыз аттылы
жол алабына қарай сүйір құйымшақтанып созылған құмайттан аса
бергенде ғана еңқу астынан қағу желпіді. Қиялап келіп ол сол аяңмен
жол тепсеңіне ілікті. Жолға түсіп жорту елсіз жерде қауіпті бола
бермесе де, үйреншікті əдетімен ол үзеңгіге шірене көтеріліп тоқтап
тұрып, оңды-солды көзбен шүйді. Алдында сонау Бұлдырты
қырқасына шейін көз сүрінер бұдыр жоқ, ал, арт жақта жалғыз ноқат
қарасын қыбырлайды.
«Саудагер ноғай, жə поштабай» деп түйді Құныс қарасынды. Аяңмен
біраз жер жүріп келіп, аттылы тағы да артына қарады да: «Саудагер
болса аңырын жүрер еді, мынау қарасын көзге ілініп қалды, тіпті пар
жеккен арба. Поштабай болуы неғайбыл» деп ол жолдан жүз қадамдай
шеткері шығып атынан түсті. Иесінің ниетін сезгендей ат түйеше
шөгіп, қос тізерлей қалды. Құныс оның құлағының түбін бір қасып өтті,
бүктеулі қамшымен ақырындап оны мойынға қағып қойды. Ат аунауға
əзірленгендей аяқтарын керіп көлбей түсті. Мұнан кейін ат иесі
жүресінен отыра қалып арбалыға көзін тікті. Арбалы əлі де əрегіректе
екен, бірақ мұның поштабай екені анық-ақ сияқты, тіпті жүресінен
отырған адамның құлағына алыстан талып жеткен қоңырау даусы
сияқты нəзік дыбыс та шалынып қалды. Арбалы жақындай түсті.
Бірден-екі ол жығылып жатқан атты, қасындағы жүрелеп отырған
иесін анық көрді білем, екі көзін алмастан қарады. Арбалы нағыз
деңіне келгенше Құныс басын жоғары көтерместен, бейне бір өліктің
басына дұға етіп отырған адамша отырып қалды. Аң-таң бол¬тан
арбалы жолаушы атының делбесін сəл тежей түсіп, деңінен өтіп барып
кідіруге айналды. Қарасын көрсе тоқтай қалуға үйренген аттар да
шоңқиып отырған адамды көріп ілби түсті. Жолдан екі жүз қадамдай
жерде отырған кісі орнынан түрегеліп, аяғын шойнаңдай басып, қарсы
жүргенде аттар біржола тоқтауға да бет алды. Қырдың бұл əккі болған
жылқылары: «Ассалаумағалайкумнен бастап, қай жер, қай ру, қай
жақтан келе жатқанын сұрасып үлгіргенше бір тыныстап алайық» деді
білем, шойнаңдаған адам келіп жеткенше, тоқтап та үлгірді. Бірақ
арбалы серейген кісінің түрінен сескенсе керек, ол бес — жиырма
қадамдай жер қалғанда аттарды шыбыртқымен осып-осып жіберіп, cap
желіспен бөгелмей аса берді. Арбалының жедел ниетіне басқа əдіс эсер
етпес дегендей Құныс жыламсырағандай мүлəйім дауыспен:
— Азамат, бір ауыз сөзге бақсаң, мүгедек жолаушымын,— деді.
— Немене? Қандай мүгедектік?— деп айқайлады арбалы қатал
үнмен. Сөйтті де, ол жаяу жолаушыға құлағын қолымен қалқалай
тосты.
— Азамат, мен бір кенеттен қазаға ұшырап қалған жолаушымын,—
деді Құныс дірілдеген дауыспен, аты жатқан жаққа қарай қолын
шошайтып.— Бүгін ертеден жаталақшып шығып еді, атым осы жерге
жетті де жығылды. Əне жатыр!
Делбесін сəл тежей түскен поштабай:
— Оны не қыл дейсің? Өзің кімсің?— деп айқайлады.
Құныс оған шойнаңдаған күйі ере сөйлеп кетті.
— Қарабаудікімін. Ауылнаймын. Қалаға барамын: Азамат жігіт,
ілестіре кетсең. Жаяу қалдым,— деп дауыстады.
Шын мүлəйім адамның даусымен жыларман күйде шойнаңдай
басып келе жатқан адамға оның жаны ашығандай болды. Бірақ жолда
тоқтауға болмайтынын, əсіресе, мидай далада ешкімге жолығуға
жарамайтынын ойлап ол ат делбесін қыта түсті.
— Азамат, мұсылмансың ғой. Мына күймен қалаға қалай жетемін.
Ақысын төлейін. Арбаңа мінгізе кет.
Екі ойлы поштабай, «аңысын төлеймін» деген сөзге ерді ме, əлде
шынымен аяды ма, əйтеуір, күліп:
— Қанша бересің?— деп айқайлады.
— Қанша алсаң да ал, азамат,— деген жауап жетті оның құлағына.
— Сонда да қанша?
— Өзің айт, азамат. Не айтсаң — сол болсын.
— Жиырма манет берсең мінгізейін.
— Ер-тоқымымды ал.
— Ай, ер-тоқымың да өзіңе, өзің де өзіңе. Еш нəрсенің де керегі жоқ
маған. Мен пошта айдаушымын. Адам мінгізуге болмайды.
— Білемін болмайтынын. Қалаға жақындағанда түсіп қалайын.
Азамат, қол ұшын бере кет. Мен де бір кəдеңе жарармын.
Поштабай аз ойланып, атының басын тежей түсті де:
— Жарайды,— деді.
— Рақмет, азамат. Мен ер-тоқымымды алып келейін.
Құныстың шойнақы мүлдем жазылып кеткендей болды. Ол ұзынұзын адымдап, аяғын тең баса ұмтылды.
— Тез, күтуге уақыт жоқ,— деп поштабай тақымын жазбақшы боп
арбадан қарғып түсті. Ер-тоқымды ебедейсіздеу қолтықтап,
шекпенінің етегін желге кере Құныс та жетті. Ол үнсіз-түнсіз жүгін
арбаға ырғай ұрып өзі де мініп алды.
— Ай, отағасы, сен арбаға аяғың іліккеннен кейін, «мына ат-арба
енді өзімдікі» деп ойлап қалғаннан саумысың. Көрмейсің бе, мынау
менің орным ғой. Əрегірек, ана артқы қалқанға таяу отыр. Сонсоң,—
деп поштабай оның астына басып алған винтовканы суырып алып,
өзіне таман салмақшы болып еді, «аты өлген жолаушы» етегін басып
қалып, орнынан тұра алмай қалған адамша өзінен-өзі күйбеңдей
қалды.
— Сенің, азамат, сөзіңнің жаны да бар,— деді ол поштабайға бір
нəрсе беруге ыңғайланғандай шекпенінің жеңін сыбаныңқырап. «Бұл
орын маған жайлы екен»,— деп күзенді інінен қуып шыққан кірпідей,
— менің де бір жайсыз отырып қалатын əдетім бар. Сен өзің ол
мылтықты қозғап əуре болма, өйткені маған да бір осындай қару керек
болып қалды.
Делбесімен болып «ақсақ» жолаушыға жүзін бұрмай сөйлеген
поштабай «шын айта ма мына малығұн» деп оған жалт қарап еді, өз
көзіне өзі нанбастай жайды көзі көрді. Аты өлген «бишараның»
қолындағы кішкене ақ наганның аузы тұп-тура оның кеудесіне қарап
тұр. Поштабай наганнан бұрып көзін жоғары көтерді: өңі қара қошқыл
тартқан қарақұс көзді Құныстың ірі денесі де тізерлей көтеріліп, жаңа
ғана отыра берген мұның үстіне шөге кеткендей төніп қалған.
Поштабай жасып, ығудың орнына басын шайқады.
— Мен Құныспын. Қимылдасаң өлесің!— деді атақты жол тосушы,
арлан қасқырдың гүріліндей, жан түршігерлік əрі жуан, əрі қарлыққан
тарғыл үнмен.
Поштабай тағы да басын шайқады.
— Құныс екендігіңе менің шəгім бар...
«Құныспын» деген сөзге ол селт ете түссе де сыр бермеді, үнін де
өзгертпеуге тырысты.
— Шəгім бар, отағасы, үлкен шəгім бар,— деді поштабай қайта
қайырып.
Жасы отыздан асқан, дембелше келген бұл қара кісінің жауырыны,
белі біртүтас, сандал сияқты, жазық жəне жалпақ еді. Оның беті де
денесіне үйлестіре жасағандай жап-жалпақ маңдайы тəйпек, көздері
үлкен, құлақтары кішірек, бірақ сырғалығы қиықсыз ұзарып барып,
шықшыт теріге ұласып кеткендіктен ірі көрінеді. Ал, өзі етті, ірі
дөңгелек бетке орта қол мұрын аздың етіп тұрғандай: оның үстіне,
қалың болмаса да қара мұрт жапқан көлемді ауыз, ол мұрынды
анағүрлым кішірейтіп көрсетіп, тіпті пұшық па өзі деп қалғандай. «Осы
кім еді?» деп ойлап қалды Құныс, оның ықпастан басын шайқап жəне
«сенің Құныс екеніңе шəгім бар» деген сөзіне, бұрын көріп жүргендей
таныс кеуделі түріне тура қарап тұрып:
— Шəгіңді соңынан жұртқа айтарсың. Ал қазір арбадан түс те, он
қадам шетке шығып тұр.
— Айттым ғой шəгім бар деп...
— Сөзді қысқарт, қаның төгілмесін десең арбадан түс.
— Арбадан мен түсейін. Түспейді деп саспа. Өйткені сен Құныс
емессің ғой, адаммен адамша сөйлесетін.
Құныс оның мына сөзіне намыстана бастады.
— Сен кімсің өзің, мұндай салмақты сөз айта білетін?
— Сен Құныс емессің. Ал, мен кəдімгі өзің естіген, жауырыным
жерге тиіп көрмеген, бірақ Құнысты бір сілки алмай жүрген
Жолмұқанмын. Не керек өзіңе? Ана ойыншығыңның аузын басқа жаққа
бұр да, керегіңді айт. Мен берейін. Ат па саған керегі?
Құныс мүдіріп қалды. Жолмұқанның ер келбетіне ден қойғандай
болды. Жəне оның палуан екені, атағы он екі болысқа тегіс тараған
белгілі Жолмұқан екені оған бір сəт су сепкендей əсер етті. Жаудың
мүдіргенін көріп Жолмұқан оны жерлей бастады.
— Бүркіт қартайса тышқаншыл деген. Сен Құныс болсаң бұл сияқты
тышқаншылық халге келмейсің. Поштаның мəштегін алып, хат салған
қапшығын жағу Құныстың атын былғағандық қой, отағасы. Оны өзің
байқамай қалған шығарсың.
Жиырма жылдан астам, оның ішінде елден жырақ он жыл бойы сан
рет қарулы да, қарусыз да жандармен шайқасқан бас кесер Құныс мына
сияқты міз бақпай қарсы алған жалпақ денелі, ер келбетті, сөзге де,
қимылға да батыл адамды бірінші рет кездестіріп еді. Бетпе-бет
келгенде көбі оның сұсынан үркіп, көбі жұрт аузына жайылып кеткен
мергендігінен тайсалып, көбі жан безер, қара жүрек, қан ішерлігінен
қорқып, желден ыққан қаңбақтай дөңгеленетін. Ал, мынау өзінен де
асып түсті. «Сол Жолмұқан ит болар, маңдайы аруақты екен, бір тайпа
ел қонарлық Қараобаның жазығындай» деп ойлады Құныс.
— Азамат, сен не дедің? «Құнысты бір сілки алмай жүрген
Жолмұқанмын» дедің бе? Сіліксең міне, қарсы алдыңда түр сол Құныс.
Сені менің соңыма түсті дегенге мен сенген жоқ едім. Айтуыңа
қарағанда бұл ақиқат болды ғой. Иə, ашыңқырап айт: мені сілкушінің
бірі сен бе едің əлі?
— Сен шын Құныс болсаң көрсет Құныстығыңды, менің айтатын
сөзім бар,— деді Жолмұқан арбадан түсіп.
— Қандай сөз?
— Əуелі Құныс екеніңді дəлелде.
Арба үстіндегі Құныс жылқы суарғандай «өлген ат жаққа қарап екі
рет «ғыш-ғыш!» деп қалып еді, аунап тұрған аттай, үлкен аң боз
алдыңғы екі аяғын қаз-қатар салып еңсесін көтеріп алды да, дік етіп
орнынан ұшып тұра келді.
— Қара, ана атқа!— деді ол Жолмұқанға.
Жолмұқан «ғыш-ғыштағанда» ақ атқа көзін тіккен еді. Енді сілкініп-
сілкініп жіберіп көлденеңдей қалған аттың ізін бақты. Екінші рет
шыққан «ғыш-ғышқа» ат бұрылып иесіне бір қарап алып, қарсы жүрді
де «қасыңдағың кім?» деп таңырқағандай, арба мен аттарға қарап
құлағын қайшылай кілт тұра қалды.
— Жарайды. Aт Құныстың аты екен. Ал, енді сенің ана қолыңдағы
наганның оғы жетпес, көрпе астындағы менің винтовкамды ал да,
сонау төмпенің басында отырған құладынды атып түсір, сенің шын
Құныс екеніңді мен сонда білейін. Əйтпесе, жол тосып жүрген,
Құныстың атын жамылып жүрген қоянға шабатын қасқырлар көп,—
деді Жолмұқан оған.
— Мені сен əжуа қылғалы тұрсың ба, əлде Құныстың белгілі боз
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 18
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.