Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 07

Total number of words is 3955
Total number of unique words is 2123
34.9 of words are in the 2000 most common words
48.6 of words are in the 5000 most common words
55.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
көбірек алу шарт. Бұрынғы оқығандарды, орташа балаларын сынақтап
барып, ой-пікірлерінің дұрыстығын анықтап алып, іскерлігіне қарай,
берілгендігіне қарай, бес кепілдікпен ғана өткіземіз,— деп сөйлепті
жақындағы бір уком мəжілісінде. Сондай қатал адамдар бюрода
отырғанда қиын, Əлен аға, Өте қиын»,— деді Тəжімұрат бұрынғыдан
да гөрі мұнайыңқыраған пішінмен.
— Ым, м,— деді Əлеуов созып сөйлеп,— солай де. Жүнісов қажының
баласы де, ымм, бұл бір есте болатын жағдай екен. Ал ана бөкейлік
секретарь қандай?
— Дəулетов лесной объезчиктің баласы, ол да төңкеріске дейін орта
дəрежелі бастауыш мектепте оқыған. Дегенмен, тегі қара шаруадан
шыққан. Алайда, оның қаттылығы Жүнісовтің ар жағында. Алдына
баруға сескенеді жұрттың көбі. Тура қарап жауап бермейді. Қағазына
үңіліп отырып жə «бар», жə «жоқ» деп бір-ақ айтатын сияқты.
Бөкейліктердің бір қасиеті: Астрахань мен Саратовқа жақын, орыс
революционерлерімен бізден бұрын табысқан. Сондықтан он жетінші
жылдан бастап-ақ қолына мылтық ұстап, советшіл болғандар.
Олардың айтуға правосы мол, Əлен аға. Бірақ өте тұйық адам. Сырын
білмес аттың сыртынан жүрме деп, шынында қорқамын Дəулетовтен.
Оның үстіне Лениннің қабылдауында болған, о бастан үлкен
адамдармен табақтас кісі.
— Оны мен де есіттім, Лениннің приемында болыпты деп... Ал,
жарайды, бала, мен пленумға кеттім. Коп хабар жеткіздің, əсіресе,
Жүнісов жөнінде. Сірə... сен бала... сыр шашпайтын, білімі бар, ақылды
азаматсың ғой, онша жая бермессің кейбір сөздерді. Жүнісовті бұл
жұмыста ұстау лайықсыз... Жақсы, мен кеттім.
— Жолыңыз болсын, Əлен аға. Мерейіңіз үстем болуына тілектес
ініңіз...— деп қалды ол есіктен шығып бара жатқан Əлеуовқа.
Əлеуовтың соңғы сөзін ол ішіне тұмардай түйді. Хакімнің ісі де,
мінезі де оның көптен көңілін көншітпейтін. Көншіту қайда — оның
алдында көбі аяқты білдірмей басуды, байқап басуды шығарды.
Тəжімұраттың өз сөзімен айтқанда: түлкіден де қызыл болуға, түгі
жетіспей тұрып түлеуге ұшыратты ғой. Бірақ Тəжімұрат Əлеуовтың
сөзіне аса қол артқысы келмеді, «екі қошқар сүзіссе — ол да қызық.
Бірақ онан қойшыға келер пайда не?» деп қорытты ол ішінен.
3
Алдыңғы қатарына ғана жеке орындықтар қойып, онан кейінгі
жақты тұтас қарағай скамейкалармен сығыстырып қойған ұзын
клубтың іші Əлеуов кіргенде адамға толы екен. Ол кейбіреулері басын
изеп қалып, біреулері жапырыла түсіп жол берген коммунистердің
арасын жарып, аласа сахнаның алдына қарай сызды. Оның сырт пішіні,
мына қоңырқай түрде киінген, жел мен күнге тотығып көбінің жүзі
қара қайыстанған жандардың арасында, кəдімгі мыжырайған көп
мүриттерінің ортасындағы Хамидолла хазіреттің аң сəлделі, аң жібек
шапанды, күн шалмаған ақсұр бетті, бойлауың мүсініне ұқсап кетті.
Оның үстіне бас изегендерге еңкеймей, қол созып қалғандарды елемей
өткені «көзіне жан ілінбейтін мынауың бір масқара ғой өзі» деген
сырттан сынағыш халықтың аузына жағымсыз сыбыс салып кетті.
Əлеуов сахнаның оң жағында əңгімелесіп тұрған мейлінше жүдеу
Козеев пен хатшы Дəулетовқа да болар-болмас бас иіп, тілдеспестен
президиум столына өрлей берді. Жұрт көзіне жаңа уаткомның бұл
өрлігі де ілінбей қалған жоқ. Арт жақтан біреудің:
— Президиумнан басқа жерге отырып көрмеген көсем ғой!— деген
ащы мысқылы жəне оған жауап ретінде екінші бір адамның:
— Е, солай болмағанда. Үсті-басың шаң-шаң боп ауылдан келген сен
қара сирақтың қасында отыра ма!— деген күңгірт кекесін де естіліп
қалды.
Уездік партия комитетінің хатшысы əлде естімеді ме, əлде басшы
қызметкер жөніндегі көлденең сөзге құлақ тігуді орынсыз деп тапты
ма ол, əйтеуір, қасындағы болатком ағасымен болып, Əлеуовтың өзіне
де, ол жөніндегі айтылған сөздерге де назар салмады.
— Қаулы алынғаннан кейін іске кіріспеуіңіз жарамайды,— деп
хатшы қасындағыға қадаңқырап ескертті.
— Сіз солай дейсіз ғой, бұл орынды ескерту. Сонда да, еһ-еһ-еһ...—
деп көмейімен күліп қойды Қарабай Көзеев, хатшының сөзін қостағанқостамағанын ашпай.
— «Сонда да» дегенді қойыңыз. Осы пленумнан кейін іске кірісіңіз,
— деп тұжырды уком хатшысы сөзін.
Бірақ оған Көзеев:
— Байқадыңыз ба... Ақ теректің жанындағы қатқан қара ағаштай
болып отыр дейсіз бе? Еһ-еһ-еһ,— деп Əлеуовты иегімен көрсетті.
Дəулетов жаңа ғана сахнадағы столға жетіп, оған отырып та
үлгерген уаткомға жалт қарады да, оның жұрттан бұрын бір өзі барып
отырғанына мырс етіп күліп жіберді. Ол сонсоң басын шайқап,
дыбыссыз көмейден күлген Көзеевтің ақ тастан қалап қойғандай ақсия
тізілген тістеріне бірінші рет көзі түсті. Бұрын мұны ол байқаған жоқ
еді. «Тісі қандай əдемі, бет əлібі де келісті. Əттең тек жүдеу адам» деп
ойлады Ғабдол Дəулетов оны аяғандай.
— Рас айтасыз. Уатком председателі біздің арамызда ақ терек
сияқты. Бірақ қара ағаштың да орны бар. Көруге қораш нəрсенің дəнді,
нəрлі болатыны да көп қой,— деді ол Көзеевке «аурулығың мінің емес»
деген сенім беріп.
Көзеев пен Əлеуовтың сырт айырмасы өзгеше, көрінім жердей көзге
түсетін айырма еді.
Өмір бойы жалшылықта келген Қарабай Көзеевтің түрінде аса ауыр
тұрмыстың ащы жылдары басқан таңбасы «мен мұндалап-ақ» тұр.
Жасы қырықтан аз ғана асса да оның өңі алпысты қусырған адамның
өңіндей: қара қайыс маңдайда əжім жырасы айқыш-ұйқыш; етсіз
шықшыттың терісі керіп қойғандай — оңыс қозғалса сүйегі тесіп
шығарлық ал екі ұрты омсырайып əрі құлап кетіпті де, бет сүйек бері
қалыпты; бірақ əріден қараған көз түбінде өзгеше бір құр жатыр. Ол
нұрдың əлсін-əлсін ұшқын атып, жүздескен жанды бірде суың, бірде
жылы шырайға бөлеуі оның ойлы қайраткер екеніне айғақ қасиет
сияқты.
Əлеуов сияқты оның екі иығы да тең емес, бірі жоғары, бірі төмен
жəне сұр гимнастерканың ішінде бос жатыр.
Қарабай Козеев соңғы екі жылдың ішінде ғана қосшы ұйымынан
көтеріліп, əуелі ауылсоветке, сонан кейін болыстың атқару комитетіне
тораға болып сайланған шала сауатты, бірақ есті, өте-мөте алғыр жəне
сөзге ұста қызметкер еді. Өткен жұманың ішінде уездік атқару
комитетінің төрағасына орынбасар етіп белгіленген болатын. Бірақ
жаңадан келген уатком председателінің бір көргеннен-ақ мінезін
ұнатпай, Қарабай себептен себеп іздеп жұмысына кіріспей,
волисполкомнан босанбаған күйі осы пленумға келген. Уком
хатшысына: «Ақ терек жанындағы қатқан қара ағаштай болып отыр
дейсіз бе?»— дегені де оның сол уаткомға келуін ауырлағандық еді...
Мұны қазір Дəулетов Козеевтің «Əлеуовпен істесе алмаймын ғой, босқа
қыстап қайтесіз» дегені ме деп ойланып қалды. Хатшы ішінен: сырт
пішіні де, мінезі де əдейі бір-біріне қарсы жаратылған жандар сияқты.
«Білімсіз батрак пен оқыған жəне оның үстіне кербез Əлеуов бір
мекемеге сыйыса да алмас. Қарабайдың іші мұны сезіп те жүрген
шығар» деп түйді ойын. Мұнан кейін хатшы өзінің басын тұқырта
жүретін əдетімен, еденнен əлденені іздегендей, төмен қарап аңырын
жүріп барды да, аласа сахна үстіндегі столдың жанына келіп
жиналысты ашуға кірісті:
— Уездік партия комитетінің бақылау комиссия мүшелерімен бас
қосқан пленумы ашың деп жариялаймын. Бұл пленумға басшылық ету
үшін бюро мүшелері мына стол жанынан орын алуын өтінемін,— деп
Дəулетов отырғандарға мұны қалай дейсіңдер деген үнсіз сұраумен көз
тікті.
Жұрт шабандау басталған қол соғуды бірте-бірте үдете келіп, бір
кез бүтін клуб дүрліккен біртүтас шуылға айналды. Өзі де президиум
столының орта шенінде отырған Əлеуов, «председательдік міндетті
сіз атқарасыз ғой» деп айтып үлгіргенше Дəулетовтың қолынан
қағазды алып, күн тəртібін жариялауға кірісіп кетті:
— Екі мəселе қаралмақшы, бас қосқан пленумда,— деді Əлеуов
қағазға қарап тұрып. Сонсоң ол басын көтеріп алып жамырай көз
тіккен ала шұбар киімді, қара қоңыр жүзді, үркек отырысты ауыл
коммунистерінен жоғары, сонау алдыңғы жапсарға қадалып бірер
минут тұрып қалды. Ол бір терең ойын жиып ала алмай, сөзді қалай
саптарын ойлап қалған адам сияқтанды. Клубтың орта шенінде
отырған бірнеше кісі «не болып қалды» дегендей тораға көз тіккен
жаққа мойындарын жапырла бұрып, бұлар да жапсарға қарай қалысты.
— Ың-ық,— деп тамағын кенеп қойды, дəті шыдамаған біреу, тап
президиумның қарсы алдынан.
Біреулер қиюы қашқан қарағай скамейкаларды сықырлата түсті де,
бір-екі адам «таңқ, «таңқ» сіңбіріп те жіберді. Дегенмен, жұрт өздері
бұрын көріп білмеген төрағаның бұл оғаштау қылығын сөзбен сынапмінеп, сыбыр-күбірге түсе қоймады, тек қыбыр-қимылымен ғана
елегізе түсті.
— ...Бұл екі мəселенің бірі,— деді Əлеуов, енді есік жақты көзбен
сүзіп,—«крайкомның үшінші пленумы қаулысын іске асыру
нəтижесінде ауыл коммунистерінің сана-сезімі мықтап өскені» жайлы;
ал, екіншісі болыстық қосшы ұйымы кедей батырақтың белсенділігін
қалай көтеріп жатқаны жөнінде. Бірінші баяндама уезд партия
комитетінің хатшысы Ғабдол Дəулетов жолдастікі, екінші
баяндаманы...— Ол Қарабай Козеевке көзін тігіп: — Сіздің фамилияңыз
қалай еді?— деп сұрады.
— Козеев Қарабай жолдас,— деп түзеді Дəулетов.
— ...Қарабаев Козей жолдас жасайды!
— Қарабаев емес, Көзеев Қарабай!— деп айқай салды кейінгі жақтан
көзі шатынаған бір жігіт.
— ...Иə, Қарабай Көзеев...— деп Əлеуов тағы да есікке қарады.— Есік
жабық па? Есік алдында неге адам тұрмаған? Клубтың
қызметкерлерінен кім бар? Тəртіпті білмейсіңдер ме?— деп,
əлдекімдерге сұрақ жаудырта бастады.
— Ұрлық жасап жатқанымыз жоқ қой, соншама!— деді əлгі кезі
шатынаған жігіт дауыстап.
Оның сөзіне жауап берместен Əлеуов:
— Күн тəртібіне қарсылық жоқ,— деп қорытты да, Дəулетовқа сөз
берді.— Тынышталыңыз, жолдас Дəулетов баяндамасына кіріседі.
Өлкелік партия комитеті үшінші пленумының ауыл коммунистерін
өсіру жөнінде, шын мағынасындағы советшіл, партия жолын тура
алып баратын коммунистер тəрбиелеу ісінде маңызы өте зор
болғанын, рушыл, жікшіл, байшыл кадрлардың орнына жаңа кадрлар
тұрғанын айта келіп, Дəулетов екі-үш көзге көрінерлік мысал тартты.
— ...Соңғы екі жыл ішіндегі жұмысымыздың нəтижелі екенін мына
бір жай жақсы дəлелдейді,— деді ол, үлкен қол орамалымен сары
айдын сияқты кеп кең маңдайын солдан оңға қарай сыпыра сүртіп.—
Уезд көлемінде барлық жауапты жұмыстың тең жарымын кедей
табынан шыққан, партияға шын берілген коммунистер атқарып отыр.
Уездік қосшы бөлімінің бастығы бұрынғы қырық жыл управитель
болған Омаровтың есігінде күні еткен жалшының баласы.
Залдағылар президиум столының
бастығына қарай қолдарын соқты.
жанында
отырған
қосшы
— Ал, уездегі ең жауапты, ең қадірлі орын атқару комитет болса,
оның председателіне орынбасар етіп мына алдарыңызда отырған
Қарабай Козеевті ұсындық. Қарабай он жасынан байдың есігінде
жүрген, қырық бес жасының отыз бес жылын арқасы арша, борбайы
борша, еңбегі еш, тұзы сор болып өткізген жалшы. Егер Совет өкіметі
орнамаса, Коммунист партиясының əділ саясаты болмаса, партияға
тірек қосшы ұйымы құрылмаса Қарабай Козеевтер кім болып өтер еді?
Олар өмір бойы тұрмысқа лағнет айтып, мəңгі-бақи теңсіздік, табан
астында өтер еді.
Жұрт бұрынғыдан да күштірек қол соқты.
...Міне, біздің көзге көрініп тұрған табысымыз... Алда үлкен кезең
тұр. Сынды кезең тұр. Ауылды түбімен өзгертіп, жаңа өмірге көшіру
міндеті тұр. Бұл міндетті көңілдегідей орындап шығу үшін барлық
жұмыста біз саналы кедейге сүйенуіміз керек. Байлардың ықпалын
мүлдем жоюға кірісуіміз керек. Бұған таяуда кірісеміз. Сондықтан əлі
де əлдінің сөзін сөйлеп, астыртын амалын асырып отырған ескі
оқығандарды — бұрынғы мировой судья, губерниялық уездік тілмаш
болғандарды, ақ казактар кезінде халыққа зиян келтірген, бірақ қазір
жасырынып арамызда қулығын асырып жүргендерді, хан шашпауын
Көтергендерді жауапты қызметтен, керек болса тіпті совет
орындарынан босатуымыз керек. Олардың орнын білімі аз болса да,
ниеті таза, өз өкіметін өзі таныған, танып қана қоймай, іске жетіліп
бара жатқан өрі ақылды, əрі алғыр, мына отырған өткір
Қарабайлармен толтыруымыз керек. Ал ауылдағы шаруашылық түрді
артельдік, кооперативтік-бірлестік формаға көшіруге жол ашу үшін,
қосшы ұйымдарының мəжілістеріне, жалпы еңбекшілер жиналысына
салып, ең зиянды, ең дəулетті қанаушыларды еңбекші бұқарадан
іргелерін аулақтата бастауымыз керек...
Баяндама тыңдаушыларына тегіс ұнаған сияқты болды. Бірақ, уком
хатшысы сыртқы көрінісі ғана ала-құла емес, білімі де ала шұбар,
кешегі ауылдан шыққан шала сауатты волком мүшелеріне түсінікті
сөйлеу үшін қазақ тілінің халықтың жағын көбірек іздеп қара терге
түсті, ол «көп терминдердің ұғымды түрін тауып айтамын деп коп
кідіріп, сылбыр сөйлеп алдым ба?» деп қауіптенді. Бірақ көбірек
пікірлесетін Жүнісов əрегірек отырды да, баяндаманың қалай
шыққанын сұрай алмады. Өзінен соң сөйлеген Қарабай Козеев жалпаң
тілмен баяндап, ойын өте айқын мүлтіксіз түсіндірді. Дəулетовқа
Қарабайдың тілі де жұрттың күнде айтып жүрген, əзілдесіп сөйлесетін
тіліндей əрі жатық, əрі көңілді күлкісі аралас қызық көрінді.
Баяндамасы жөніндегі хатшының күдікті ойын жарыс сөзге
шыққандар сейілдіре бастады. Олардың біреуі: «Уком хатшысының
тасқа таңба басқандай айқын пікірі, дəлелді сөзі бізге сабақ» деп өте
жоғары баға да беріп кетті. Ал уездік оқу бөлімінің бастығы: «Уком
хатшысының терең мағыналы, көкейге қонымды сөздеріне қосуға
болады? Алар, қосарымыз жоқ»,— деп бастады. Алайда жұрт Əлеуов
сөйлегенде елегізе қарап, оның сөзіне құлақтарын ала-бөле тіге
қалысты. Өйткені:
— Енді менің өзіме бірер ауыз соз айтуға рұқсат етіңіз, бірақ менің
сөзім, осындағы кейбір жолдастардың жібектен жұмсақ, үкіден жеңіл,
майда, мөлдір, сылдыр сөздерінен айырмасы молырақ,— деп бастап,
ол тағы да баяғы клубтың алдыңғы жапсарына қарап тұрып алды.
— Қап, мынаның...— деп қалды бағанағы көзі шатынаған жігіт.
— Мынауың хатшыңнан да асырып түсірер... Көкжиекке көзін тағы
қадады ма?..
Бірақ бұл сөздерге елең етпеген шешен, керекті кідірісін жасап алып
баппен тыныстап, айтарын шегелей сөйлеп, бастаған ойын соза
жөнелді.
— ...Айырмасы молырақ болатын себебі: мен баяндаманың мүкі
жағын ұластырыңқырап жəне сылаңқырап жібермекпін. Сылағанда
оны майлап-сылап олқы жерін бүркей салу емес. Кейбір түсініктерді
ашыңқырап, кейбір кетіктерді толықтырыңқырап, кейбір көрініп
тұрған міндерін түзеңкіреп жібермекпін. Жолдас Дəулетов мəселенің
партиялық жағын ұштаңқырап айтты; пленум қаулысын толық
қамтып, ауыл жөніндегі саясатқа, кеңес орындарын ұлт кадрларымен
қамтамасыз ету жұмыстарына тоқтады. Алайда, осы міндеттерді алға
қойғанда біз анықтай кететін бір үлкен жағдай бар. Ол жағдай ұлт
республикасының ұлттық жағдайы, ұлттың айырмашылығын естен
шығармау мəселесі. Өздеріңізге белгілі, Оралдың губисполкомының
председателі Əзекең бір сөзінде: «Біздің қазақ аулы орыс
деревнясынан басқа. Ауылмен деревняның айырмасы зор. Бұл айырма
алдымен
шаруашылық
экономикалық
факторлардың
басқашалығынан, мəдениет сатысының бірі ілгері, бірі төмен
жатқандығымен байланысты»,— деді. Ал, осы жайды айта келіп ол:
«Қазақ байы мен орыс кулагын бір өлшеуішпен өлшеуге болмайды»,—
деді. Осы бір данышпандық сөздің біз үшін бүгін ең бір қасиетті жағы
бар. Ол ұлт қадірін өсіргенде оны тыңнан туғызамын демей, бұрынғы
барға сүйене отыру. Дəулетовтың баяндамасында бұрынғы
оқығандарды кеңес мекемелерінен босату дегенге айрықша мəнді
қойылды. Бұл тап бүгін бас салып қолға алатын міндет болып
табылмайды. Өйткені ескі үзікті сыпырып тастап, жалаңаш үйде
отырып жаңа үзік тігемін деу шебер шешейлердің əдеті емес. Кеңес
мекемелерін, əсіресе жер-су бөлімін, қаражат-ақша бөлімін, тіпті соттергеу орындарын білімді қазақ жігіттерін халас етіп, даңғыраған бос
мекемеде отырып қалсақ, бұл тап күні бұрын көне үзікті сыпырып
тастағанмен бірдей болар еді. Сонсоң...— деп уатком ағасы клубтың
есігіне тағы да түйіле қарап:—Есік жабың па? Есік алдында кім бар?—
деп кідіре қалды,
— Есік берік, сайтан кірмесе, адам кірмес,— деді сол баяғы көзі
шатынаған жігіт.
— ...Сонсоң, жолдас Дəулетовтың соңғы сөздерінің ішінде ауыл
шаруашылығы артельдік-кооперативтік жаңа форматқа көшу үшін
жол ашуымыз керек деді. Бұл сөзді анықтаңқырап кетпей болмайды.
Жол ашу, жол беру деген жақсы нəрсе. Жаңа нəрсеге ескі нəрсе жол
беруі қажет. Бұл диалектика заңы. Ескі тозып, оның орнына жаңа
келеді. Ал сол жаңаны келтіру ісі коп шеберлікті, үлкен сақтықты
керексітеді. Жолдас Дəулетов ең зиянды қанаушыларды бұқарадан
аулақтату шарт деген сөзбен түйді ойын. Қанаушыны жоғалту əдісі
қалай болды? Міне, осыны ойласуда біздің көреген азаматтарымыз өте
саң болуды ескертеді. Бай — қанаушы. Бұған сөз жоқ. Ал сонымен бірге
бай — тəжірибелі шаруа. Екі шаруаның бірі, тіпті торт шаруаның бірі
бай бола алмайды. Қаншама ол бай боламын деп ұмтылса да, қолынан
келмейді. Бұған тəжірибе керек, шаруашылықтың тілін білу шарт.
Малды қайткенде екі етуді, егінді қайткенде бітік шығаруды білген
адам дəулетін молайта алады...
— Сонда шаруашылықты жаңа формаға түсіру үшін бізге үлгі
көрсетіп «тəжірибелі» байлар арамызда ақылшы болып отыруы керек
пе?— деп қалды Жүнісов, оның сөзін бөліп.
— ...Бұл аса ақылды сұрау болып табылмайды, жолдас... Əңгіме
тəжірибе жөнінде; əңгіме мал бағу, тары егу сияқты атам заманнан
келе жатқан кəсіпті жаңа түрге айналдырған кезде ескі деп қолда
бардың бəрін түбінен қопара салмауда. Ақырындап, ақылмен іс істеуде.
Ұлттың ерекшелік барын, яки қазақ даласының тіршілік сипаты
басқадан бөлек екенін ұмытпауда. Міне, өмірдің осы сияқты жақтарын
біз іске кірісерде көз алдымыздан таса етпеу борыш. Ал, кəне, тағы кім
сөйлейді? Қарабаев жолдас, немене, түсінбей қалдың ба?
Түсінбегеніңді сұрап ал, түсіндіруге біз міндеттіміз.
— Мен түсінбегенімді сұрау үшін қол көтергенім жоқ, түсінгенімді
айту үшін сөз сұраймын,— деп Козеев тамағынан күлгендей бір
күңгірт дыбыс беріп, сайдың тасындай тістерін ақсита қалды.
— Болады, болады. Əрине, түсінгенін ортаға салу үшін, басқаға
түсіндіру үшін жиналыстар жасалады. Кəне, айта ғой,— деді Əлеуов
Козеевке иегін қағып.
— Мен уком хатшысының баяндамасын бар зерімді салып
тыңдадым, бар зейінімді қойып ұғуға тырыстым. Түсінбеген сезім де
болған жоқ, ұғынуға түрпі мінін де тапқаным жоқ. Жалғыз
Дəулетовтың сөзі ғана емес, менің бар ынтам мен құлақ тіккен нəрсем
жолдас Əлеуовтың да сөзі болды. Өте шебер сөйлейтін кісі екен,
Əлеуов жолдас өте-мөте əдемі келтіреді екен сөз кестесін. Біздің елде
ет асатқыш Майжан деген кісі болып еді, оны жұрт май асатқыш
Майжан деп кеткен. Майжанның асатқан еті көмейіңнен əрі қарай өзі
құлап кететін еді, өйткені оның бармақтары сондай епті еді, буыны
жоқ еді. Майысып жататын еді, етті көмейіңнің тап аузына апарып қоя
қояды, тіпті оның асатқанының ішінде не барын да аңғармай қаласың.
Құйрық пен бауыр ғана ма, əлде солардың арасына қыстырып жіберген
желке де кетіп қала ма?! Əлеуовтың шебер сөзін тыңдап отырып, менің
көз алдыма тап сол Майжанның ет асатқаны келе қалғаны, е-е-е,— деп
Қарабай көмейін қолпылдата қалды да, оның сол сəтте ақсия ңалатын
тістері Əлен Əлеуовқа əдейі істегендей, аузы келеке үшін ыржиғандай
көрінді...
— Козей жолдас, айтатын пікіріңізге қарай иіліңіз, нақты сөзге
көшіңіз,— деді Əлеуов оған, бірінші рет сыпайы «сіз», «бізге» көшіп.
— ...Мен шалқақ адам емеспін, өмір бойы иілумен, еңкеюмен келем.
Бұл жолы да солай, Əлеуов жолдас,— деп тамағын кенеп қалды
Қарабай...
— О, байғұсың, қадаңқыра! Түйреңкіре!— деді бағанағы көзі
шатынай қалған жігіт Көзеевке риза болып. •
— ...Осында отырған адамның жүзден сексені кедейдің арасынан
шыққан, кедейдің жоғын жоқтайтын, кедейдің көзін ашып келе жатқан
коммунистер. Дəулетовтың айтқаны, міне осы. Бұл менің бірінші
түсінігім. Сіз, Əлеуов жолдас, менен: «Түсінбей қалдың ба, Қарабаев!»—
деп сұрадыңыз. Мен Қарабаев емеспін, Козеевпін, мұны сіз байқамай
қалған шығарсыз, жаңылмас жақ, сүрінбес тұяқ жоқ. Ал мен сізге
түсінгенімді айту үшін сөз сұраймын дедім. Менің баяндамадан екінші
түсінгенім: «Қырық жыл правитель болған адамдарды, жəне солардың
сөзін сөйлеушілерді, жоғын жоқтаушыларды, кедей өкіметінің басына
бұдан былай қоя алмаймыз»,— деді Дəулетов. Осы күнге дейін бір
əлдінің төңірегінде он бес — Жиырма сорлы қоңсы қонып жүр.
Олардың біреуі шөбін шапса, екіншісі əлдінің қора-қопсысын
жөндеседі. Үшіншісі құдығын қазысса, төртіншісі етігін жамап береді,
бесіншісі қойын қырықса, алтыншысы пішенін үйіседі. Жетіншісі
егінін орысса, сегізіншісі қысқы үйін майлап жатады, тоғызыншысы
малын суарса, оныншысы тағы сондай жұмыстарын істеседі. Ал
бұлардың əйелдері байекеңнің отынымен кіріп, күлімен шығатынын
бұған қосса не болады? Сіздің тəжірибелі байыңыз міне, осылай мал
жинап отыр... Осыларды ендігі жерде байекеңнен бөліп,
жəрдемдесейік, өз еңбегінің жемісін өздеріне жегізейік, деді хатшы,—
бұл менің үшінші түсінгенім. Ал төртінші түсінгенім... баяғы
Майжанның ет асатқанындай, сіздің шебер сөзіңіздің ішінде кедейге ас
болмайтын желке де бар ма деп қалдым...
— Тəртіпке. Тəртіппен...— деп қызарып кетті Əлеуов.— Дəлелмен
сөйлеу керек, жолдас Козеев.
— Бесінші түсінгенім: тағы да сол Майжаннан шығады. Майжанның
асатуына біз көзімізді сатып, ай қарағандай қарап, оның көзі қашан
түсер екен деп бақтық, өйткені одан басқа асатушы жоқ, оның бергені
желке түгіл сүйек болса да қылқ ете түсіретін күйде едік. Ал, қазір
сүйек асату түгіл, қара кесекке де көнбейтін, бауырды да талғап
қалатын күйге жеттік. «Бай қанаушы болғанмен тəжірибесі бар шаруа»
деген сөзге мен өзім түйіліп қалып тұрмын. Е-е-е, бұл бесінші, жоқ,
алтыншы түсінігім.
Козеев сахнадан түсе бергенде жұрт ду ете қалды. Абыр-жұбыр
əңгімеге мақұлдаған бас изесулер қосылып, мəжіліс басқарушыға көпке
дейін ырың бермеді. Ол кезектегі сөйлеуші Жүнісовке сөз бергенде де
көзі шатынаған жігіт:
— О, байғұсың жарайсың. Солай болмағанда ше!— деп жатты.
— Совет заңының ең асыл қасиеті — еңбекті қорғау, еңбек несі
еңбекшілердің мүддесін қорғау, оның түп қазығы пролетариат
үстемдігін орнатуда, қанауды жоғалтуда,— деп бастап, прокурор
Жүнісов ауылды советтендірудегі прокуратураның ісін айта келді де,
баяндамашыны қолдады.— Партияның ауылдағы қазіргі басты
жұмысы — тап күресін басқару. Қанаушы таптың амал-айласын
қырқып, кедей шаруаның мерейін үстем ету. Осы ең басты жəне ең ірі
міндетті ауылда қалай жүргізуді Дəулетов жолдас аса мазмұнды түрде
жобалап берді. Біздің бұған қосарымыз жоқ. Сонымен бірге Əлеуов
жолдастың сөзіндегі құлаққа басқаша ызың құятын бір өзекті əңгіменің
ұшын елемей кетуге болмайды. Мен Əлеуов жолдасқа сөз үстінде сауал
қойдым. Бірақ ол сауалыма «бұл ақылсыздық» деген жауап алдым.
Неге ақылсыздық, қалайша ақылсыздың, бұған шешен түсінік беруді
орынды көрмеді білем, үндемеді. Ал Көзеев жолдас бұл жайды
образды түрде «мен түйіліп қалдым» деп сынап өтті. Бұл шын мəнінде
бəрімізді түйілдіретін жай. Əлеуов жолдастың сөзін бастан-аяқ
тыңдаған кісіге: «Абай болыңдар, байқаңдар. Ескіні жығып салып,
жаңаны орната алмай шерменде қалмаңдар. Қазақ аулы орыс
деревнясынан басқа. Қазақ байы орыс кулагынан момынырақ. Ал, бай
дегеніміз бір жағынан тəжірибелі шаруа» деген ызыңды құлаққа
құйды. Бұл көптен естіп жүрген ызыңымыз. Бірақ мұны Əлеуов жолдас
өте шебер тілмен бал қаймақтай етіп берді. Қарабайдың образды
сөзімен айтсақ, «құйрыққа қосып желкесін де, шеміршегін де, тіпті
сүйегін де асатып жіберді». Бірақ бұл түйіліп қана қалатын нəрсе емес,
өлтіретін, өте қауіпті зат. Ойлап қараңызшы, «бай дегеніміз тəжірибелі
шаруа» деген сөз; «ауыл шаруашылығын өркендетем десең, байға
тиме, байды қозғама, байдың мазасын кетірме» деген соз ғой. Бұл
баймен тату өмір сүріп кетсең қанау да болмайды, жеке меншік
дегеніміз зиянды нəрсе емес, пайдалы деген қисын. Мен мұны
əрілетпей-ақ қояйын; жалғыз-ақ айтатыным бұл — байшыл
оқығандардың көптен айтып жүрген, көптен зарлап келген сарыны.
Мұны біздің өлкелік комитет əлдеқашан əшкерелеген, біз бүл пікірден
аулаң болуымыз керек. Партия қолдаған, еңбекшілер қостаған жолдан
байды да, байшылды да шеткері шығару шарт. Қанаушы мен
қаналушыны қол ұстастырып, қой үстіне боз торғай жұмыртқалатам
деу — сол қанаушыны жақтаудың нағыз ұят түрі. Бұл төңкеріс
жолынан ауа жайылу.
Көп адам сөз сөйлеп, көп пікірге жол ашқан пленум, кештетіп
аяқталды. Қатты сындар қаулыда жазылмағанымен, жаңадан келген
уатком басшысына ауыр тиді. Ол неге екені белгісіз, «алыста жатқан
уезде саясат жөніндегі терең мəселелер түсініксіз қалады, оны көпке
жеткізетін адам аз жəне көптің құлағына үлкен проблемалар сіңбейді»
деп ойлайтын. Бүгін ол аяғын аңдаусыз басып, теп-тегіс деген жерден
де сүрініп кеткен адам сияқтанды. Төменгі қызметкерлердің кейбір
жерде ісі ақ қанжардың қынындай болса, сөзі оның жүзіндей келетінін
Əлеуов бүгін ғана сезді. Ол өте тұнжыр қайтты. Ішінен «ақымақсың,
байқамайсың!» деп өзін де жерледі, «жер астынан жік, екі құлағы тік
шыққан мыналарды көрдің бе!» деп уездің қызметкерлеріне де тісін
қайрай түсті.
4
Əлеуов үйге кірісімен Тəжімұрат есіктен сып ете қалды.
— Əлеке, сізге жолықсам дейді бір азамат. Мен оған: «Кеңсеге неге
бармадыңыз, үйде сөйлесу лайықсыз болар»— деп ем: «Жай ғана
мəселе, кеңсеге баратын официальный жұмыс емес. Жөне оның үстіне
Əлеуов жолдас мені біледі, қарағым, сен рұқсат сұрап шыға ғой!»—
деді. Қалай дейсіз, Əлен аға?
— Кім ол? Оқыған адам ба?
— Ақметше Мұқаметшин дейтін кісі.
— Білемін. Ол кісі жөнінде телеграмма бар крайдан.
— Сол кісі, білсеңіз...
Əлеуов аз ойланып тұрды да:
— Білгенде мен атын ғана есіттім, дұрысы телеграмманың
айтуымен таныспын. Қандай адам дейсің?— деп қайталап сұрады
Тəжімұраттан, көңілсіздеу пішінмен.
— Сіз шаршағансыз ғой...
— Иə, қатты шаршадым. Дегенмен, қалай дедің фамилиясын?
— Мұқаметшин.
— ...Дегенмен, қандай адам екенін көрсем бе деп те ойлап тұрмын.
Телеграмма тіліне қарағанда мəн-мағына берерлік маман ба, қалай, а?
— Ақметше Мұқаметшин дейтін кісі. Өзі елде, шаруашылық
жұмысындағы адам. Шаруашылық болғанда; мал өсіру, мал тұқымын
асылдандыру жөнінде ғылыми тəжірибе жүргізіп отырған ғажап
жаңашыл жан. Көрсеңіз сөйлессеңіз, қандай кісі екенін бірден түсінесіз.
Кірсін бе?— деп таңдайы тақ ете қалды Тəжімұраттың.
— Қайда отыр, сыртта ма?
— Жоқ, үйде... менің бөлмемде.
— Шақыр.
— Жақсы, Əлен аға.
Тəжімұрат шығысымен Əлеуов шашын тарап, мұртын сипап өтті де,
«ғалым біреу ғой шамасы. Мал тұқымын асылдандыру жөнінде
тəжірибе жүргізіп жүрген жан» дейді. «Бұл қазақ даласында не жоқ
дейсің?» деп ойлады ол, айнадан есікке қарай бұрылып.
— Ақа, əңгіме ашық арнасында көрінеді. «Білемін, крайдан
телеграмма бар ол кісі жөнінде» деді. «Қандай адам екенін көрсем бе
деп те тұрмын» деді. Мен: «мал тұқымын асылдандыру жөнінде
ғылыми тəжірибе жүргізіп отырған адам деп сырттан таныстырып та
қалдым,— деп Тəжімұрат Ақметшеге жалаң қағып, сыбыр ете түсіп еді,
бірақ Мұқаметшин оны тойтарып тастады.
— Мен өзім де сөйлесе білемін ғой. Кім екенімді шолақ
атқамінерлерше сырттан айтудың қажеті қанша. Əр нəрсеге əр қашан
да парасатпен ақыл мұнарасынан көз тігу керек. Балаша елбең қағатын
осы мінездерің қашан қалар екен?!—деді ол жат сабағынан жаңылған
шəкіртін құлақтаған молдадай сөзбен шабақтап.
Тəжімұрат жым болды. Ақметше аяғын ақырын басып, Əлеуовтың
үлкен, кең бөлмесінің есігін қақты да, «рұқсат» деген сөзді естіп ішке
енді.
— Жоғары шығыңыз!— деді Əлеуов Ақметшеден көзін алмай.—
Мына орындыққа...
Əлеуов келбетті, қара сақалды Ақметшені «орыстың ескі ғалымдары
сияқты» деп қалды да, киіміне қарап, «Еділ бойының ұзын бешпетті
көпестерге де ұқсайды екен» деп ойлады. Ақметше оған бір көргенненақ қатты əсер етті. Ұзын бойлы, қара торы, көз айналасы күлкі
шырайын көбірек беретін жұмсақ сызықтармен безелген, еріндері
жұқа. Ал шоқшалау келген шымқай қара сақал сопаң жақты,
шықшытсыз бетін одан əрі ұзартып тұрған сияқты. Жүрісі, аяғын жеңіл
басқанмен аса салмақты көрінді де, тік тұрып, жұмсақ лебізбен
асықпай сөз бастауы үй иесіне «аса көргенді адам екен» дегізді.
— Мекеніңіз жайлы болсын,— деді Ақметше, сол қолымен аңырын
ғана сақалын сипап,
— Əлей болсың,
— Айыпқа бұйырмаңыз...— деп, үй ішіне көз тастап өтті де, Ақметше
ешбір көлденең сөз қыстырмастан əңгімесіне тура жол тартты.— Биыл,
міне, бес жыл болды, өлкелік жер-су бөлімі қызметке шақырғалы. Бірақ
өлке көлемінде басқару ісіне тəжірибе аз болғандықтан ондағы
азаматтардың жылқы өсіру бөліміне кел дегенін қабыл алмай қойып
едім. Биыл сол шақыру қайтадан қозғалды. Оған себеп: менің аз-мұз
істеген ауылдағы тəжірибемді жер-су бөлімінде ғалым-зоотехник
міндетін атқаратын орыс жігіті көріп кетті де, соның қолқа салуынан
болды. Ол азаматқа иə барамын, иə бармаймын деген үзілді-кесілді
жауап менің тарапымнан болған жоқ. Сонда да ғалым-зоотехник қолқа
салуын қоймай, телеграмма үстіне телеграмма соғып жатыр. Осы
жөнінде сізбен тілдесейін деп келіп едім. Ертеңге дейін күтуге үй
ішінің бір ауыр жағдайы мүмкіндік бермей, сізбен кеш те болса,
пəтеріңізге келу лайықсыз да болса, жүзбе-жүз сөйлесуге мəжбүр
болдым.
«Жер-су комиссариаты бес жылдан бері қызметке шақырумен
келген бұл белгілі адам болды ғой. Үлкен маман-ау шамасы»,— деп
ойлады ішінен Əлеуов. Оның мына əрі көрікті, əрі ескінің көзіндей
өзгеше қазаққа көңілі кете бастады.
— Кешіріңіз, білмеу айып емес, білуге тырыспау айып дейді ғой
қазақ. Сіз қай жағынан... қай саладан маман едіңіз?— деп сұрады
Əлеуов.
— Бұл сауал маған қиын сауал болды,— деп езу тартты Ақметше.—
Менің жоғары дəрежелі білімім ғана бар. Ғылыми түрде тəжірибе
арқылы үлкен мамандыққа ие болған адам емеспін.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 08
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.