Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 16

Total number of words is 4044
Total number of unique words is 2159
35.7 of words are in the 2000 most common words
51.1 of words are in the 5000 most common words
58.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
есігінде жүрген жетім қыз Халиманы тығыз түрде уездік
прокуратураға жеткіз деп бұйрық берді.
4
Жаз бойы тамшы санап тамып, қырдың құйқасы ақшаңдақ тартқан,
тандырын əбден кептірейін дегендей-ақ, ақ түтек күн еңкеуден
құлаған шақта да оны аямай қарып тұр. Даланың орын таппай
жүйткіген қоламталы жетім желі бетті шарпып кетеді, ал қаланың
шақырайған түксіз алаңында ол жел жалынымен сабалағандай: денеге
көйлек ауыр, түкірік жерге жетпей жоғалатын тамыз. Терезеге оқтыноқтын борап тұрып кенет айналаны бүркеп алған шаң тұманы
демалуға жетпей тұрған ауаны ішіне тартып əкетсе, кей кез қайырлап
қалған балықтай адам аузын ашып қаларлық. Əсіресе, жұқа жарлы
ағаш үйлердің ішіндегі жұрттың аузы судан, қолы орамалдан
ажыраспайды.
Хакім қисық жағалы ақ көйлегінің жағасын ашып тастап, шашақты
жібек белбеуін орындыққа іліп қойып, көйлегінің етегін қос қолдап
желпіп отыр еді. Сұр мауыты гимнастеркасының бар түймесін тас
қылып салып, етік, шалбарлы, басында зілдей милиция фуражкесі бар
əлекедей жаланған Əжіғали кіріп келді де, тік тұрып:
— Жолдас уездік прокурор, сіздің тығыз бұйрығыңыз бойынша
Шідерті ауыл советінің ағасы Маймокин, сол ауылдың азаматы Дабыл
Мақметов жəне азаматша Халима дейтін жетім қыз айтқан срокте
хұзырыңызға жеткізілді,— деп мағлұмдады. Ол оң қолын жоғары
көтеріп честь берген күйі тік тұрып, жарлық күтті.
— Жақсы,— деді Хакім етегін желпігенін қоя салып. Сөйтті де,
«мына ыстықта соншама қымтанып, не жаны шыдайды екен? Форма
кигеніне мəз қазақ-ай. Ең болмаса жоғарғы түймесін босатсайшы» деп
аяп,— күн ыстың, кеңсе ішінде отырып судан қолымыз босамайды,
формамен жүру өте қиын шығар,— деді.
— Үйреніп кеткен адамға еш нəрсе етпейді, жолдас прокурор. Менің
формам ауыр көрінсе, Дабылдың формасын көріңіз: бешпет-шалбар,
оның үстіне қызыл шапан киіп, белін буынып, сыртынан жадағай
жамылып келді. Басында жəне бөрік, сыртынан салған далбайы бар.
Көресіз бе, кірсін,— деді.
Оның күлмей, салмақты бола қалғанын көріп, Хакім езу тартты.
— Шілдеде күпі, тымаң киген қазекеңді көрмеді дейсің бе?! Оны қой,
алдымен ауылдың Советтің председателі кірсін. Шақырып жібер.
Шағын денелі, шамбыл сары, көзі сəл шағырлау, сиректеу жирен
мұртты, маңдайына əжім молырақ түскен орта жасты кісі, жол беріп
есік ашқан Əжіғалидың тасасынан шыға алмай, күйбеңдей қалды. Бірақ
столдың арғы жағында тор жақта қарсы отырған Хакім оны бірден
шырамытты...
«Ат керек, қаражат керек деген бұйрықты түсінбейді. Хүкімет
дегеннің не екенін білмейді. Бұларда қазақтарды тəртіпке үйреткенше
көп заман өтер,— деп қамшы үйіретін Май-ма-қов... Қамшы үйіретін
емес, Бəшекең колінің жағасында Сүлейменнің торы биесін тартып
аламын деп сабаған Май-ма-қов, Нұрым жағасынан бір сілкіп, атынан
аударып алған Май-ма-қов».
Хакімнің көз алдынан сонау он сегізінші жылғы ауыл үстінде ат
ойнатып, елден жігіт, ат, аңша, ер-тоқым жинап ойран салған хан
жігіттерінің бейбастақ қылықтары тізіле қалды.
— Сіз Шідерті ауылсоветінде қашаннан бері председатель болып
істеп жүрсіз?— деп сұрады Хакім онан, сəл қабағын шытып. Оның
еріксіз тістеніп қалғаны шамбыл сары мен Хакімнің арасында тұрған
Əжіғалиға естілді. Сонда да іштей қаны қата бастағанын білдірмей
прокурор даусын өзгертпеді: шытылған қабағын жазуға тырысты.
— Мен... мен... жолдас пыркарол Хаке, өткен жылдан бері істеймін,—
деді ауылда жүргенде сөзге желдей есетін Маймокин дегбірінен
жаңылып.
— Өткен жылы сайлау болған жоқ қой. Турасын неге айтпайсыз,—
деді Хакім, жүзін жылытса да, үнін жұмсартпай.
— Мен, пыркарол Хаке, сайлауда сайланғаным жоқ... Бұрынғы, яки
алдыңғы жылғы сайланған ауылнай орнынан түсіп қалған соң, мені
волисполком тағайындаған. Сөйтіп, мен халайықтың қалауы бойынша,
то есть, волисполком, волком, волқосшы, волженотдел, волком
жастардың ұйғаруымен болдым... Болғаным жоқ, сол айтылмыш
органдардың тапсыруымен əлеумет ісін қолымнан келгенше күн
демей, түн демей атқарып келемін...
Ілкі сөзінен кейін бойы үйреніп пыси сөйлегені Əжіғалиға табиғи
нəрсе сияқты көрінді. Өйткені, ол ауылға келгенде бұған да ап
дегеннен тұтыға, шатала, сөзінің жарымын жұтып сасқалақтап жауап
беріп еді де, аздан кейін жорғалата жөнелген-ді.
— Бұл өзі бəйгі көк сияқты кібіртіктеп бастап, бара-бара бауырын
жазып жүре береді, прокурор жолдас. Өте пысық, іскер жəне
сұмдықтан да құр алақан ауылнай көрінбейді,— деді аға милиционер.
Аз ойланып отырды да Хакім:
— Пысықтығы мен сұмдығы бұрыннан да мол азамат...— деп
Маймокиннің бетіне қадала қарады.
Прокурордың арғы жағында мұздай леп жатқанын күні бұрын
байқап, келмес бұрын күдіктенген ауылнай, оған тура қарай алмай,
терезеге көз жіберген болды.
— Апыр-ай, күннің де шыжуын-ай, өртеп барады,— деді ол ауырлау
дем алып. Бірақ «Пысықтығы мен сұмдығы бұрыннан мол» деген Хакім
сезін естімей қалған адамша, оған қарсы жауап қайтармады.
— Ал, Маймақов... киіз қабыңды аш. Маған ауылдың тізімі керек,—
деп Хакім қолын созды. Ол байқамай сыпайы түрден сізден «сенге»
көшті. Маймокин селк ете түсті де шапшаңдап киіз қабын ашып, сырты
жыртылып бұрыштары мүжілген тізім книгасын шығарды. Ол
фамилиясын Хакімнің дұрыс атағанына таңданған жоқ, өйткені
Əжіғалимен кездесіп, «уезге жүресің» дегеннен-ақ оның сол жақ
бүйрегі солқ ете түсіп, қай мекемеге шақырылғанын да біліп алған еді.
Прокурор шақыртқаннан кейін оның үстіне белгілі Хакім Жүнісов аға
милиционердің өзін жібергені оған бəленің басы үй сыртынан емес,
тура есіктің өзінен енгенмен бірдей болды. Қазір Маймокин книгасын
прокурордың қолына ұстауға ыңғайланып жатып: «Книгадан неге
бастайды?» деп ойлады. Бірақ əңгіме неден басталса да, оны енді бөгер
жай болмай, ол тек:
— Міне, пыркарол Хаке,— деп сұраған книганы ұстата берді.
Алайда Хакім тізім-книганы стол үстіне қоя салып, тартпадан кеше
ғана тергеушіге табыс еткен Маймокиннің өзіне таныс қызыл
сызықты қағазға жазған жетім қыздың жасы жөніндегі анықтаманы
алды. Ол бұл қағазды көзбен сүзбей-ақ аяғындағы ауыл совет
председателінің қолына, мөріне бөгелді.
— Маймақов қалайша Маймакин болды?— Хакімнің енді ызғарлы
пішіні лезде аяқ астынан көтерілген дауылдай, ауылнайдың бетпердесін түріп, сыпырып тастайтын суық үскірікке айнала бастады.—
Көпірлі Аңқаты болысына ат, жігіт, ақша, киім жинауға жіберілген
ханский дружинник он жыл өткен соң Шідерті ауыл советіне
председатель болып шыға келгеніндей, бұрынғы Маймақұлы, қазір
Маймокин болды де. Аңқатының бойында адам қалдырмай сабап,
жарлының жалғыз ұлын, жалғыз биесін, соңғы лағын айдап кеткен
Маймақұлы бүгін халықтың, жетімнің қорғанышы болды де,— деп
созды ол зілдей сөзін одан əрі салмақтап.
Сөйтті де, ол книганың анықтамада көрсетілген қатар тізімі жетпіс
бесінші адамға тоқтады да, ол жердің бетін қайырып бүктеп, көзбен əрі
асты, бірнеше бетті қуалап шығып тағы бөгелді...
— Он жыл ғажап өзгерістер туғызды,— деді Хакім аға милиционерге
қарап. Екі иығы төмен кеткен кішкене Маймақовты ол енді елеп көзін
де тоқтатпады.— Ғажап өзгерістер туғызды: содырды — молда,
сотқарды — сопы етті, ал азуынан айрылған бөріні амалсыз қой
қораның бұрышына паналауға бүгжеңдетті... Мына тізімнің қатар саны
жетпіс бес. Халима сегізінші жылы туған қыз, ал жүз елу жетінші адам
ол да қыз, ол да Халима, бірақ бұл соңғы Халима он бірінші жылы туған
— ана сыртта тұрған, жаңағы өзің алып келген жетім қыз... Солай ма,
ауылнай?
Ауылнай темен қараған күйі тұрып қалды. Хакім сөзін соза берді.
— ...Мына анықтамадағы Халима жиырма жаста... Бақы қызы. Ал,
анықтамаға түспеген Халима Бақықызы он алтыдан он жетіге қараған,
сыртта тұрған бала. Қалай істейді, нағыз қарташы. Нағыз Шыбли .
Балта керек болса — балта шығарады, бірақ ол қарғанікі ме, табандікі
ме, крестікі ме — белгісіз. Əйтеуір балта, тоғыздықтың үстіне ала бер.
Нағыз кəнімгі карташылардың қалайтын, белгілі Шыблидың ақ
балтасы.
Хакім арғы жағын айтпады. Оның шамалаған ойы: тергеушіні жə
алдаған, жə оған пара беріп, «жасы жетпеген қызды жасы жеткен етіп
ауылсовет документ берген» деген болжал еді. Бұл ете «шебер»
істелген іс болып шықты. Маймақовтан сұрай қалса: екеуі де Халима
жəне екеуі де Бақы қызы, мен байқамаппын» демекші ғой.
— Жирен атты неге менікі дейсің, Маймақов? Əлде Дабыл оны саған
беріп пе еді?— деді прокурор.
— Хаке. Прокурор Хаке. Төрт аяғы бар ат та сүрінеді, менен
білместік болды. Қателік болды... кəрі адам жылап-сықтап отырғаннан
кейін,— деп міңгірледі ол.
— Ал, фамилияңды да байқамай, білместіктен, надандықтан
өзгерттің бе?
— Өзгерткенім жоқ қой. Орысша жазғаннан кейін Маймакин болып
жазылып еді тізімге. Оны бір жігіттер Маймокин болса құлаққа жатық
болады деген соң қарпі өзгеріп кетті.
Түйілген күйі Хакім Маймақовқа:
— Мына бөлмеге кір де, он жетінші жылдан бері қарай істеген ісіңді
көрсетіп арыз бер,— деп оң жақ қолдағы кішкене бөлмені көрсетті.
Сонсоң қара терге түсіп, киіз қабын жинай алмай, қолы дірілдеген
ауылнайдан көзін бұрып, сəл ойланғандай болды да,— кешірім сұрап,
шын ниетіңмен өтірік қоспай жаз. Бұрынғы қару-жарағыңды көрсете
кет,— деді.
— Хаке. Прокурор Хаке... Менде қару жоқ. Шыным, иманым. Хан
жігіттері Ойылға көшкенде. Қызылдар келер алдында құртқанмын.
Бұрынғы ісінің бəрін өз көзімен көрген, өзі де жəбір жапа шеккен
Хакімнің бұлтартпайтынын Маймақов жақсы түсінді. Сондықтан ол
əңгіме жирен атпен бітпейтінін, мұнан он бір жыл бұрын істелген
қылмыстардың қозғалатынын да əбден ұқты.
Бірақ бұл «кешірер» деген Маймақовтың сан рет аударыстырып,
тексерістіріп, жылдар бойы түн етегіне түйіп сақтаған, жан дəрмен
күнге арнаған үміті еді. Қазір оның сол үміт шырағы лып ете қалды. Ол
Хакімнің «кешірім сұрап, шын ниетіңмен өтірік қоспай жаз» деген
сөзіне жармаса кетті.
— Хаке, прокурор Хаке, сіздің атыңызға жазайын. Ұсынған
мойынды қылыш кеспейді деген. Жаным, иманым, шыным, бəрін мүлт
етпей жазып берейін. Қанымыз бір қазақ едік қой. Өлтірсеңіз өз
қолыңыздан өлтіріңіз. Мен бір адасқан жетім лаң... Кешірім алуға заң
бар ғой, ол оз қолыңызда ғой,— деп тізерлей қалды.
Əжіғали басын шайқады. Ол бағанадан бері бұл ауыр оқиғаның
айғағы болып, бірақ не істеуге білмей тұрып қалып еді. Сөзге араласуға
ол прокурордың көпке мəлім ауыр мінезінен сескенген-ді. Ал, қазір
күтпеген жерден əшкереленген мына жасырын жаудың тергеу астына
алынатынын ұға қалды. Ол араласудың жөнін енді тапты.
— Жолдас прокурор, бұрынғы Маймақов, қазіргі Маймокин атпен
жүрген адамның бойында қаруы, болмаса басқа қауіпті құрал жоқ па
екен — тəртіп бойынша қарауға рұқсат етсеңіз,— деп ол қайтадан тік
тұра қалды.
— Осы бөлмеден басқа жаққа бармай мына Маймокин —
Маймақовтың арызын толық жазып бітіруі, аға милиционер Əжіғали
Тəтенов жолдас, сізге жүктеледі, жаңадан жарлық болғанша сіздің
қарауыңызда,— деді Хакім оған тінтсең де, тінтпесең де бəрі сенің
қолыңда деген адамша.
Сонсоң ол орнынан көтеріліп алдыңғы бөлмеге шықты да, зəресі
ұшып орнынан түрегелген Дабыл байды иегімен меңзеп:
— Мына кісіден қолхат алыңыз, ертеңге дейін ешқайда алыстап
кетпеске,— деп бұйрық етті хатшыға.
Есік алдындағы алақтап, неғыларын білмей елегізіп тұрған ақ
жаулықты шынашақтай Халиманы көріп Хакім тұрып қалды.
«Өзіміздің үйге алып кетсем бе екен» деген ой келді оған. Бірақ оның
тергеушілік тəжірибесі қызды екі жақтан да аулақ оңаша ұстауды
керексітті де, ол бұл ниеттен бас тартты.
— Мына баланы бөлек үйге қойыңдар,— деді ол Басекені шақырып
алып...— Ешбір жанмен сөйлестірмеңіз... аналармен,— деп иек қақты,
Дабылдар қалған бөлмені меңзеп.
Ертеңіне Хакім кеңсеге кетісімен аңдып тұрғандай-ақ, қақпадан бір
ат-арбалы аулаға ене берді. Арбаның салдырына терезеден кез тіккен
Меңдіқыз, атын ішке қарай кіргізіп, езі жалма-жан қақпаны қапсырып
жатқан Рақымғалиды танып есікке қарай беттеді. «Қасындағы əйелі
ғой шамасы, базарға келген шығар» деп ойлады да, «осы бар болғыр
əнеугүнгі Кенже балаға балдызымды көрсетемін, алпыс атанға ақ
отауын арттырып беремін деген сөзін түптеу үшін жүрмесін» деп
көңіліне күдік ала бастады. Əйел есік алдындағы баспалдақтан түсіп
үлгірмей, Рақымғали желдей есіп кетті.
— Меңдіқыз, аман ба, қарағым? Аман-есен тұрасыңдар ма? Сендер
елге шыққанда ат басын тіремейсіңдер. Сондықтан туған-туысқанның
хал-жайын білейін деп келгеніміз. Оқасы жоқ, ат басын тіремейсің деп
əзілге айтамын. Қаладағы іс басындағы адамдардың туысқан іздеп
елге шығуға уақыты жете ме. Мына біз сияқты шаруа болмаса —
малды кіш-кіштеп өріске шығарып жіберіп қалаға соға кететін. Ал,
Меңдіқыз сол Меңдіқыздың өн бойын көзбен жалт сүзіп өтіп), денің сау
ғой əйтеуір. Естігенмін аяғы ауыр деп. Қалада қазір ыстық, шаңы да
мол, ай, елге қымызға шықсаңыз қандай керім болар еді,
денсаулықтарыңа таптырмайтын жер ғой мына Шідертінің бойы.
Əсіресе, Атшоңқайдың саласы, шіркін, белуардан көк майса, ой,
ертеңді-кеш жұпар иісі аңқып тұрады... (аулаға бір қарап қойып).
Қайырлы болсын, үйлерің де жақсы екен. Мынадай ауласы бар қора аз
ғой. Ат-арба қоятын лапасы да əзір. Хакімнің аты көрінбейді, бір жаққа
шығып кетуден аман ба?..
Меңдіқыз оның қай сұрағына жауап беріп, қай сөзіне құлақ қоюға
білмеді, бейнебір кенеттен борап кеткен қардың астында қалып
қойып, көзін аша алмай қалған адамға ұсады. Жүгіріп келіп қолын
алып тұрып, сөзден боран боратқан Рақымғалиға амандасқаннан кейін,
арбадан түсіп жатқан бейтаныс əйелге Меңдіқыз:
— Сəлеметсіз бе,— деп қолын берді.
— Шүкір,— деді салмақпен Қалампыр, өте сыпайы пішінмен жағын
сипап.
«Жасы менен үлкен болса да, иба етіп жатыр. Көргенді əйел екен»
деп ойлады Меңдіқыз оның қара қошқыл ірі бетіне көз жіберіп. Мұның
Қалампыр екенін жəне белгілі Дабыл байдың келіні екенін Меңдіқыз
білген де жоқ, тіпті үйіне мұндай адам келеді деп ол ойлаған да жоқты. Рақымғалимен базарға еріп келген ауылдың бір бəйбішесі шығар
деп жобалап:
— Үйге кіріңіз,— деді Меңдіқыз аздан кейін.
— Кіре беріңіз, жеңеше, кіре беріңіз. Бүл кісі кəдімгі өзіміздің
Хакімнің жолдасы Меңдіқыз болады. Талай сырттан айтып, сізге талай
алыстан сипатын сипаттап жеткізе алмаған келініміз. Келін болғанда
замандас келін, тіпті қазақшылап кетсең Хакіммен құрдас та болып
шығамын. Біріміз жылдың басында, біріміз аяғында туғанмен жасқа
бір іліккен көрінеміз. Алайда менің он бір айлық марқалығым
болғаннан кейін елде мені Хакімнен үлкен деп санайды. Оның оқасы
жоқ,— деп бір қойды Рақымғали. Сонсоң ол ат-арбасын ауланың
түкпіріндегі жаққа қарай жетектеп : — Мен қазір кіремін, Меңдіқыз
қарағым. Аттың басын жарға тіреп, белін босатайын, сонсоң кіремін.
Сіздер маған қарамаңыз, кіре беріңіз.
Қонақ жатсынбайтын Меңдіқыз, өз елінің адамы тіпті жаңын ағайын
есебінде келген Рақымғалиды құрметпен қарсы алды да, қасындағы
əйелді үйге алып кірді. Бұл кезде Рақымғали атының басын лапастың
тірегіне іле салып, жалма-жан арбадағы кішілеу сабаны қымызымен
шəрмендеп көтеріп сенекке кіргізді. Сөйтті де енді ол трантастың
алдыңғы козло отырғыштың қуысына үш аяғын буып салған қойды
суырып алып, зорға дегенде жерге түсіріп, сүйрелеп жүріп лапас
астына тықты.
5
Жанама ағайыны Рақымғалидың сөзшеңдігімен қатар епті екенін
Хакім о бастан білетін. Бірақ оны қайын атасының ісін қуып тоқтысы
мен саба қымызын арбасына арта салып, үйіне жетіп келеді деп
ойлаған жоқ-ты. Прокурордың сол күндері бар ойы жалғыз-ақ нəрсенің
төңірегінде болды, ол: он алты жасар қорғансыз қызды жасы алпыстан
асқан адамның озбырлықпен жар еткен қылмысын жазалау еді. Бұл
құр жаза ғана емес, ендігəрі мұндай зұлымдықтың қайталамауына
бөгет жасау еді. Ол үшін ашың сот құрып, халың алдында ескіліктің
төбесін біржола ою ниетінде еді. Хакім тіпті бұл болашақ сотта
сөйлейтін сөзін де ойлай бастағанды. «Адамды адам қанап,
туысқандық, достық, адамгершілік қасиеттерді мал құнымен бағалай
бастаған замандардан бері қаншама асыл ана, асыл жар, асыл
қарындас көз жасымен меңіреу даланы қол етпеді! Қаншама он
саусағынан өнері төгілген апа-қарындастар күңдік құшағында
қалмады! Қаншама əнші, күйші сұлу сезімді қара көздер, күл астында
қалған моншақтай, бай босағасында жүзі солмады! Теңдіксіз, бақытсыз,
асыл өмірін қорлықта өткізген қыздың зарлы үні күңіренген күй
болып екі шекті домбырада ғана қалған жоқ па?! Оның асыл арманы əн
мен жыр болып келіп талай күрсіндірген жоқ па? Міне, сол қасіретті
қазақ қызының тағы бір балапаны аяң астынан торға түсіп, бостандық
жемісіне жаутаңдай қарап тұрған жоқ па? Кеңес өкіметінің əділ заңына
иек сүйей алмай əлі де қапы кетемін бе, деп күдікпен қол созып тұрған
жоқ па? Жоқ, енді сен əділ соттың алдындасың! Теңдікке қолыңды
жеткізетін əділ заңның қорғауындасың!..»—деп бастамақшы еді
прокурор сөзін. Бірақ оның ойына жоқ жерден бір кедергі кептеле
қалды. Ол: қыздың алдын ала берген жауабы. «Мені ешкім зорлаған
жоқ, өз еркіммен шықтым...» деді қыз. Сот мəжілісінде халың алдында
осы сөзінен танбай, «мені ешкім зорлаған жоқ, өз еркіммен шықтым»
деп тұрса не демекпін? Мұның терістігін қалай дəлелдеу керек. Немен
дəлелдеу керек? Қыздың азғыруға еріп кеткенін қандай нəрселер
ыспаттай алады? Бұл бұрын-соңды сот-тергеу тəжірибесінде аз
кездесетін жай. Өз басым бірінші рет көріп отырмын. Он алты жасар
қыз əрі кəрі, əрі ажарсыз адамға «өз еркіммен шықтым» деп безеріп
отырып алуы тегін емес, мұнда терең сыр болуға тиіс...» деген ойға
кетті. Сонсоң ол қыздың інісі Құрманды шақыртты.
«Хакім шақырады» дегенге таңқылау келген танауы ендей түскен
Құрмаш, есіктен асыға кірді де, тура прокурордың қарсы алдына келіп,
столына қос қолдай сүйене қалды. Баланың өзімсініп еркін келгені
Хакімге ұнап кетті.
— Көйлегіңнің түймесін үзіп алыпсың ғой, Құрмаш. Халимаға неге
қадатып алмайсың,— деді ол бар жұмыс баланың осы ілгегіне
тірелгендей кабағын шытып.
Құрмаш екі етегі екі жаққа кеткен жағасын қапсыра түсті.
— Түймесін жоғалтып алдым. Қайда қалғанын білмеймін,— деді ол
қызарып.
— Жоғалтып алсаң біздікіне бар. Меңдіқыз жеңгең түйме тауып
қадап берер. Сонсоң сен Меңдіқызға айтшы, шайын əзірлесін. Мен қазір
барамын. Өзің де кетпе. Біріміз прокурор, біріміз «жəрдемшісі» болып
қатар отырып шай ішейік бар, жарай ма?— деді күліп.
— Жарайды,— деді Құрмаш, Желдеген танауы бүл жолы əлдеқайда
өрлей түсіп.
Бала есікке қарай жүре бергенде Хакім:
— Құрмаш, сен тоқташы,— деді.
Құрмаш тағы да сол прокурордың қарсы алдына келіп, столына
сүйене қалды.
— Сен апаңның қалай алданғанын білесің бе?— деді Хакім,
ыстықтан мұрнының шолақ ұшына дейін терлеп кеткен Құрмаштан.
— Білемін,— деді бала ойланбастан.— Мұның бəрін бастаған
Бисенғалидың би қатыны — Қалампыр. Қалампыр өзі емес, Бұрыш
дейтін дуашыға үшкірткен. Үшкірткенде бал ішкізіп, басын
айналдырған. Бұрышты елдің бəрі біледі. Ол дуалайды. Оның дуалаған
адамы бұзауша соңынан еріп жүреді, не айтса, соны істейді.
Қарсы жауап қатпай Хакім баланың ыңғайына көшті.
— Рас, ол кемпір үшкіріп емдейді. Əйелдер босанғанда да, сол кісінің
қолының ептілігімен пайдаланатын көрінеді. Балды қалай ішкізеді
екен? Құрмаш, сен көрген жоқсың ба елде жүргенде?
— Бұрыштың балын ішкен адам балқып кетеді дейді ғой, Сары аға,
— деді бала оған жалт қарап. «Сары аға» деген атты ол прокурордың
туған інілерінен естіп еді. «Қазір сол туған інілеріндей жақсы көретін
ағасын ардақты атымен атағанына, оның өзі қысылып қалды. Бір үйде,
бір ұяда туып өскен, басынан сипап, бетінен сүйіп еркелететін
інілерінің бауыр басып қалған атын атау оған зорлық сияқты көрініп
кетті. Бірақ Хакім мұны елемегеннен кейін баланың көңілі жайлана
бастады. «Сары аға деуге болады екен. Мұнан былай мен де осылай
атайын» деп Құрманның іші елжірей түсті. Ол апасы жөнінде
прокурордың алыстан орап анықтау жүргізіп отырғанын сезген жоқ,
тек Хакімнің өзімен сөйлескеніне оның төбесі көкке жеткендей болып
кетті. Əсіресе, Хакім оған: «Құрмаш, сен Меңдіқызға айтшы, шайын
əзірлесін. Мен қазір барамын, өзің де кетпе. Біріміз прокурор, біріміз
жəрдемшісі болып, қатар отырып бір шай ішейікші» деді ғой. Мұнан
артық қадірлеу бар ма? Бала жалма-жан:
— Сары аға, мен оқуға кіремін. Қалайда кіремін,— деді. Ең жақын
ағасындай көріп өзіне арқа сүйеп баланың батыл сөйлегеніне Хакім
риза болып кетті.
— Иə, оқу керек, Құрмаш. Қалайда оқуға кіру керек. Оқысаң ғана
білімді жігіт боласың. Елде қызмет істеуге білімді жігіттер таптырмай
отыр. Мына сен сияқты жас балалар оқып жетілген кезде ғана
учительдер, дəрігерлер молаяды,— деп қолдады баланың талабын.
Құрмаштың арманы ұлғая түсті.
— Халиманы да оқуға кіргізсе... қыздар мектебіне. Анау күні мен
қасынан өттім. Толған қыз мектептің ауласына сыймай тұр. Біздің
Халимадай қыздар. Ішінде онан үлкендері де бар.
Хакім баланың бетіне қарай қалды да, көңілін жықпай:
— Оны да көрерміз. Алдымен... ісі бітсін,— деді. Сонсоң Хакім
қалтасынан сағатын суырып, қақпағын ашып қарады да қайтадан
жапты.
— Жүр. Біздің үйден шай ішеміз,— деп Құрмашты ертіп кеңседен
шығып кетті.
— Сары аға, мынау Рақымғали ағайдың арбасы, ат та солардікі,—
деді Құрмаш лапас астындағы ат-арбаны көріп.
Ат-арбаны Хакім де көріп еді. Бірақ оның Рақымғали келеді деген
ойында жоқ-ты. «Бұл суайт неғылып жүр? Əлде қайын атасы жөнінде
қолқа салмақ па?.. Көптен бері көрінбей жүрген бұл қу тегін келмеген
шығар! Болмаса анау күнгі Əділге айтқан балдызына шынымен құда
түсу ниетінде ме?»
Кенеттен жауып кеткен күдікті сұрақтарына жауап іздегендей, ол
байлаулы тұрған атты айналып етіп қораның есігін ашты. Оның бүл
есікті ашуына себебі де мол еді — көптен ат байланбаған əрі құрғақ, əрі
іші тап-таза қораның есігі өмірі жабылмайтын. Бағана таңертең өзі
үйден шығып бара жатқанда да ашық жатқан. Ал, қазір біреу оны
мұқияттап жауып, сыртынан доғамен тіреп қойыпты. Енді бəрі
түсінікті: Рақымғалидың тегін келмегенін дəлелдеп, жіптен бос сыңар
аяғын құшырлана серпіп, қызыл ісек басымен жерді соғып-соғып
қалды. Хакім есікті қайта жапты.
Үйде отырған Рақымғалиға иегін ғана көтеріп, оның қасындағы
бейтаныс бəйбішеге амандаспастан Хакім төргі үйге өтіп кетті де,
аздан кейін өзіне ілесе кірген Құрмашты шақырды.
— Ой, айналайын, Құрмашжан! Аман-есенсің бе, қарағым. Түу! Коп
күн өтіп кетті ғой, сен кеткелі! Ой айналайын! Мен сені қанша іздедім!
Бармаған жерім қалды ма?!— деп Рақымғали лекілдете бастап еді,
Хакім оны бірден тойтарып тастады.
— Əй, Рақымғали, бауырың елжіреп бара жатса
Құрмаштың ақысын неге алып берме дің Дабылдан? Бос əңгімені
қысқарт! Құрмаш, сен Əжіғалиді шақырып кел. Тез келсін, тығыз
жұмыс бар,— деді прокурор.
— Сары аға, қазір!— деп Құрмаш үйден жүгіре жөнелді.
«Əжіғалиді шақырып кел» деген сөзге Рақымғалидың да, оның төр
жағында отырған əйелдің де құлағы елең ете қалды.
— Би қайным... құда бала, сыртыңыздан атыңызға да, затыңызға да
қанық болғанымен жүз көрісе алмай жатырмыз. Кінə сізден емес,
бізден. Не үлкен, құда үлкен; ненің жолы үлкен, құданың жолы үлкен.
Алайда осы үлкен жоралғыны.ата-бабаның салты бойынша жүргізе
алмай келеміз. Бұған да кінəлы сіз емес, мына біз. Рақымғали бізге
күйеу болса, сізге туысқан, бізге бала болса, сізге құлынтайдай тебісіп
өскен замандас, бауыр. Бізге ағайынды екеуіңіздің де ала-құлалығыңыз
жоқ.
— Ойбай, жеңеше-ау, не дегеніңіз! Хакім екеуіміз туысқандықтың
үстіне бір жылы туған құрдаспыз ғой. Менің тек дүниеге бес-алты ай
ғана бұрын келгендігім бар...
— Иə, білемін, күйеужан, құрдассыз. Осының бəрі бізге құданы сыйқұрметке бөлеп отыруды жүктейді. Пайғамбарымыз айтқан ғой:
«Біріңді-бірің бауыр көр, бауырыңды құрметтей біл» деп. Бірақ біз
надандықтың аркасында осы қасиетті қасиеттей алмай келдік. «Ештен
кеш жақсы» деген нақылға сүйеніп, енді ғана танысып отырмыз,— деп
бəйбіше жорғалай жөнелді.
«Мынау бір сөзге ағып тұрған шешен əйел ғой. Қалай тастайды
аяғын! Сөзшең деген Рақымғали шашпауын көтеруге шақ жарайтын.
Сарыны сол баспалдақ жасау...» деген қорытындыға келді де, Хакім:
— Сөз ыңғайына қарағанда сіз мына Рақымғалидың қайын жұрты
сияқтысыз. Қысқа айтқанда, мен сізді танығаным жоқ. Таныған күнде
де жұрағаттың салтты тізіп жатуға шамам келмейді. Өйткені мен заң
қызметкерімін. Біреуден көрген зəбір-жапаңыз болса соны айтыңыз.
Өкіметтің заңын бұзған адам болса, мұны да жасырмаңыз. Тиісті
жəрдем көрсетуге мен даярмын, бəйбіше,— деді Хакім, түрегеліп
тұрған күйі, əйелдің жүзіне сынай қарап.
— Ой, Хакімжан, сен тіпті ашық кеттің ғой. Заң қызметкері екеніңді
ел тегіс біледі. Білмегенде ше! Ағайындық, замандастық жөнімен
танысуға алып келген мен едім, бұл жеңешемді,— дей беріп еді
Рақымғали.
— Рақымғали, сен қой,— деді Хакім қабағын түйіп.— Білемін
сырыңды. Қалаға шай-шекер ала келсең оны айт, болмаса мына кісіні
ертіп Дабыл байдың ісін қуып жүрсең сөз басқа. Арбаңа саба қымыз
салып, ісек тиеп жүруіңе қарағанда бір есебің бар-ақ шығар деп
қалдым.
Хакімнің қабағы жабылып кіргенін көріп, Меңдіқыз сескеніп қалып
еді, енді бұл күтпеген жерден келген қонақты өзі шақырып əкелгендей
қысылды.
— Қызды зорлап күйеуге беріп, қойшының ақысын жеп, қуып
жіберетін заман əлдеқашан өтіп кеткен жоқ па, құрдас. Арбаңда не
барын білген жоқ едім, бұл қалай? Əлде «прокуpopдың үйіне саба
қымыз бен қой келіп жатыр» деген өсекке іліктіргің келді ме?— деді
Меңдіқыз ренжіген пішінмен.
Бəйбіше тағы да құрдай жорғалады.
— Қарағым, келін, бүл мына құрдасыңның «замандастық
базыналықпен барғанда қолыма қарайды ғой» деп əкелген базарлығы
ғой. Шаруада тоқты-торымнан басқа не болсын. Қолда барын салады
біздің қазақ қоржынға. Ал, жұрт: «Дабыл бай, Дабыл бай» дейді. Жеркөкке сыйғызбай айғайлап бар пəлені сол байдың басына үйеді.
«Зорлық-зомбылық жасайды» дейді. «Жарлыға теңдік бермейді» дейді.
Шынына келсең сол Дабыл байың: «Иə, құдай» деп отырған бір
жұдырықтай момын шал. Біреу оны зəбірлемесе, оның ешкімді
зəбірлеуге шамасы келмейтін сорлы. Бес жандығы бар деп
айыптамасаң өзін адам аярлық мүсəпір. Мүсəпір болатыны: құдай бір
жұдырықтай перзент бермей қойды. Ал сол перзент жолындағы игі
тілегін көре алмайтын дұшпандары теріске жориды. «Зорлап үйленді»
деп бəле салады. Осы күні зорлық бар ма? Кімді кім зорлай алады,
келін-ау. Өзің айтқан қызды зорлап күйеуге беретін заман əлдеқашан
өткен. Нанбасаңыз өзіңіз сұраңызшы ана Халима дейтін баладан — кім
зорлады екен? Баланың өзі...
Бұл əңгіменің арғы жағы ұзаққа созылар ма еді кім білсін,
прокурордың шақыруымен мəлім болған Əжіғали үйге кіріп келді де
Қалампыр бəйбішенің сөзі үзіліп кетті. Əйел орнынан ұшып түрегелді,
Əжіғалидан көре көзге сескеніп қалды.
— Жолдас прокурор! Аға милиционер Əжіғали Тəтенов қарауыңызға
келіп тұр. Не бұйырасыз!— деді Əжіғали тік тұрып.
Хакім ойланып тұр еді. Əжіғалидың келуі оның жарлығын тездетіп
жіберді.
— Мына кісілерді танисыз ғой...— деді ол Əжіғалиға бөгеліңкіреп.
— Əлбетте. Шідерті ауыл Советінің азаматтары: Дабыл
Мақметовтың келіні мен күйеуі. Екеуі де сөзге шебер адамдар. Айлашарғыға да олақ көрінбейді,— деді аға милиционер. Ол бұрылып
Қалампыр бəйбішеге сұстана қалды.— Мына бəйбіше анау күні жалғыз
қайнағасын əңгімеден арашалау үшін жомарттығын да көрсетіп қалды.
— Иə, жомарт кісі көрінеді. Біздің қорада аяғы байлаулы қой жатыр.
Есік алдында бір саба қымыз тұр. Соны Дабылдың сауыншысы мен
қойшы баласына табыс етіңіз, солардың үйіне жеткізіп беріңіз. Сонсоң
арыз айтып келушілерді кеңсеге жіберу керек. Пəтерге келу
жарамайды,— деді Хакім.
— Жақсы,— деді Əжіғали арғы жағын сұрамастан. Сөйтті де ол
Рақымғалиға иек қақты.— Жүріңіз.
Рақымғали қорқып кетті.
— Мен жай келіп едім, Хакімжан. Менің жөнім басқа.
Мына кісіні...— деп күбірледі ол күйбелектеп.
— Жүр, отағасы, тез атыңды жек!— деп бұйырды Əжіғали оған.
Сыртқа шыққан соң:
— Бұл үйге қарай менің рұқсатымсыз аяғыңды аттаушы болма.
Прокурор сенің жекелеп сөйлесетін ауылнайың емес,— деді.
Рақымғали терлеп-тепшіп қызыл ісекті зорға көтеріп, арбасына
қайтадан салды.
6
Тəжімұраттың өзі-өз болып, ес білгелі етегінен ұстап еріп келе
жатқан бір қағидасы бар еді. Ол: «дұшпаныңа досыңша езу тарт та,
қойныңдағы жарыңа да сырыңды ақтарма» деген қағида. Бұл оны өмірі
жер соқтырып көрген жоқ. Төрт жыл бастауыш мектеп пен төрт
жылдай гимназияда оқыған кезде де, осы бой" тұмардай сенімді
қағида «көргенді оқушы» атандырды. Бұл оқушылық кезі ғой. Ал,
қызметке араласқан шақта мұндай қасиет екінің бірінде бола
бермейтін нəрсе емес пе? Солай! Тəжімұраттай кішіпейіл адам жоқ.
Үлкенге де, кішіге де бала сияқты қызмет етеді. Өмірі қабағын шытқан
емес, өтірік-өсекпен ісі жоқ жігіт» деген іздегенде табылмайтын, екінің
бірі қолға түсіре бермейтін сымбатты мінездеме өзі істеген мекеме
түгіл уезд орталығының көп кеңсесінде орын ала бастаған-ды.
Бір күні Тəжімұрат, түстен кейін бір «қасіреттен бір қасіретке
ұшыраған», ұзақ жылдар бойы бірге қызмет істеген бастығының үйіне
зып ете қалды. Оның қас қаққандай тез ойламаған жерден шыға
келетін əдеті Айтанға бұрыннан белгілі еді. Əсіресе, қабағының үсті
қатаң тартқан шақтарда бастығының алдында жібектей есіле
қалатыны бар-ды. Командировкадан келген түні аш күзендей бүгілген
жылмаң студенттің терезесінен шыққанын көріп тұрғандай-ақ
ертеңіне Тəжімұрат оның қасы мен қабағына қарады да қалды.
— Айтеке, сіз демалыңыз. Кеңсе жұмысы ешқайда қашпас. Нервіңізді
сақтаңыз. Қайтыңыз, қайтыңыз!—деп қоярда қоймай үйіне қайтарған
еді.
Қызметтен босанған күні де ол соны істеген.
— Қызмет деген не, Айтеке. Ең бастысы — денсаулық. Қызмет
табылады, денсаулық табылмайды. Тынығыңыз. Бəрі орнына қайтадан
түседі,— деп дем берген-ді.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 17
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.