Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 30

Total number of words is 4155
Total number of unique words is 2160
37.4 of words are in the 2000 most common words
51.0 of words are in the 5000 most common words
59.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Жайық жағасынан кездестіремін деп ойлаған жоқ еді: ал, алыстан
келген, жел аударған қаңбақша, ертемен су басына еріксіз телмірген
Əлібек уездік қаладан келіп, Жайықтың суына құлаш ұрып жатқан
ағасын көремін деген ойдан көш жер аулақ еді.
Ол өзенді бойлай, жағалың ойнаған балаша, есіп жүзген ақ денелі
Хакімді танымай қалды. Қайта жағадағы інісін су ішіндегі ағасы бұрын
таныды. Жалма-жан ол шетке шықты да:
— Бəрекелді, кездесу деп осыны айт!— деді.
Əлібек сасқанынан:
— Сары аға, ассалаумағалайкүм!— деп сəлем берді, бірақ қысылып
қалғаны үнінен де, қимылынан да айқын сезілді.
— Уағалайкүмүссəлем...
Ол үндемей киіне бастады. Денесінің суын қолымен сыпырып,
қалтасынан қол орамалын алып, бетін, мойнын сүртті: асықпай
шалбарын киді, шашын тараштады...
Не айтарын, не дерін білмей Əлібек те үнсіз қалды. Ағасы да əлде не
ойын салмақтап, айтар сөзін жинақтауға уақыт ұтты. Ұзақ киінді.
Хакім аздан кейін бəрін де түсінді: інісі баяндамаса да, оның
алыстағы Алматыдан жетіп келуі, аға-жеңгесіне хабарламауы, ертемен
су жағасында сергелдеңге түсуі, өңінің қашып түн ұйқысын төрт
бөлгені, тек қана қыз мəселесімен... Гүлжиһанмен байланысты екені
«мен мұндалап» тұрған жайлар ғой. Хакімнің бөгелгені өзгеде.
«Ақметшенің жəне оның қызының Оралда екенін хабарлаған кім?
Қыздың өзі ме? Əлде Меңдіқыз ба? Болмаса əлгі біздің елдегі тентек
пе?»— деген сұрақтар еді. Ол мұны да болжағандай, болжау ғана емес,
дəл үстінен басқандай еді. «Бұл тек қана. Əділбектің қолынан келетін
іс. Өйткені, қыздың бұл сияқты батыл қадамға шамасы келмейді.
Əкесінен биліксіз аяғын аттап басатын жан ондай нəзік болмайды. Ал,
Меңдіқыз хат жазса, сыр бермей қоймайды. Жə жүрісінен, жə сөзінен,
жə жүз құбылысынан болса да сездіріп алады. Жəне ол ойын аса
бүкпейді, тура сөйлесуге үйренген пенде. Жоқ, бұл тек қана Əділбектің
жұмысы. Бұл істі бір тыңғыға жеткізерлік көкбезерлік мінезі анау
күннің өзінде-ақ көрініп қалған. Жымпитыдан қызды жеңге есебінде
үйіне алып келген кісі Алматыдан ағасын шақырып алуға батылы
жетпес пе! Айтқандай, Əділбек сонда менен алпыс сом ақша сұрап
алды-ау. «Інің қаржысыз кетті, ақша жібермесе мұқтажданып қалар»
деді. Оның мұқтажы жол қаражаты болды ғой! Енді не істеу керек?!.
— Бала, жай ма бұл жүрісің? Оқуларың қашан басталатын еді?— деп
сұрады етігін киіп жатып.
«Не дер екен?.. Мен не деймін?» деген түйіндегі жазылмай,
бағанадан бері қырық оралып тұрған күйкі сұраулар сасқалақ
Əлібектің мазасын да кетіре бастап еді. Оның аузына мағынасы да аз,
дəлелі де күйкі жауап сөз іліге кетті.
— Жай. Оқу бірінші сентябрьден басталатын болған соң, елге келіп
қайтайын дедім...
— Імм... жолдың өзі де екі жұмадай уақыт алады. Сентябріңе де сол
шамалы мезгіл қалды...
— Иə, жол он шақты күн алып қояды. Алыс жер той. Пішпектен
Алматыға дейін ат-арбамен төрт қонып жететін жер...
— Солай, солай...
Хакім енді қайтып тексеру-тергеу сұрағын қойғысы келмеді. Бəрі
белгілі. Інісінің жайы да, мінезі де белгілі. Қызға келгені үркіп тұр.
Əлібек — Əділбек емес. Өте шиті жан. Байқамай ұстасаң шытынап
кетерлік шөлмек сияқты адам. Жұқа, өте нəзік. Оның үстіне жуас. Тек
бұлттан жоғары шарықтап жүретін қиял дүниесіне ғана бейім.
— Мені Оралға қызметке ауыстырды,— деді Хакім əңгімені де, əдісті
де басқа жаққа бұрып.— Уезд таратылды ғой, оны естіген
шығарсыңдар. Бұдан былай аудан, кей жерде округтер де болмақ.
— Қандай қызметке?
— ...Сол заң бақылау жұмысына. Облыстық прокуратураға. Екі күн
болды тағайындалғаныма. Пəтер алдым. Енді үйді, үй дегенде
Жымпитыдағы жеңгеңді алып келемін. Айтқандай, сен ауылға барасың
ба? Уақытың да аз ғой...
— Бара алмаспын. Екі-үш күннен кейін Алматыға жүріп кетуім
керек.
— Онда, сен, мүмкін, желпініп қайту үшін...— деп созып, баптап,
бұған не дер екен дегендей сынап, əр сөзін бөліп, інісіне қарап тұрды
да Хакім: — мүмкін жеңгеңді сен барып көшіріп əкелерсің. Бүгін кетсең,
кешке жетіп қонасың. Жолда өзің білесің ғой. Мықты ат, арба тауып
қойдым. Арғы күні қайтып келесің... деді.
Бұл сөздерді баптап тұрғанда Хакімнің ойы басқа түйінге тіреліп еді.
Ол қысқаша: «Мен бұл мəселеге енді кіріспейін. Өмірдің өз еркіне, өз
билігіне салайын. Қалай жүріп, қайдан шығар — оны алдағы күндер
шешсін. Өйткені бұл қалай айтқанда да махаббат... мен өзім де...»
Хакімнің көз алдына мұнан он жыл бұрынғы Мүкəрəмамен екеуінің
тəтті күндері, арман-қиялдары, су жағасына талай келіп, талай
жүгірген шақтары елестеп кетіп еді. Ол жалма-жан Əлібекке:
— Жүр, алған пəтерді көрсетейін,— деді.
Ағалық етіп аңғырт басқан қадамын сөкпегеніне, оның тіпті
мұқшағыш əдетінен бас тартып сапары жөнінде сөз қозғамағанына,
үнінің жұмсақтығына, аса шат нұрлы жүзбен, бұл ақылды ағасының
өте-мөте бір шарықтау үстінде тұрғанына қуанып кетіп Əлібек:
— Жақсы, Сары аға, жақсы. Мен өзім барып көшіріп əкелейін
Меңдіқызды. Кетерде асығып амандаса алмағаныма өкініп жүр едім.
Мен түскен пəтеріме айтып кетейін. Бір сағаттан кейін келем. Адрес
қалай еді?— деді.
Хакім адресін айтты. Інісінен сен қайда түстің деп те сұрамады. Оған
бəрі де анық сияқтанды. «Баяғы Ақметшенің хазіреттері, солардың
абыстайларының үйі ғой қызының тоқтағаны. Бұл бала да сонда
шығар. Айтқандай, Ақметше қалай қарайды екен бұл «некеге?»
Ақметше... Бұрынғы Ақметше болса ол алдақашан шешкен шығар бұл
мəселені. Əй, Жүністің баласына, «қатал» прокурордың, коммунист
прокурордың інісіне бере қоймас. Менің көлеңкеммен жүріп бас
пайдасын ойлайтын Ақметше емес...»
Бір сағаттан кейін ағайынды Жүнісовтердің кішісі жеңгесін көшіріп
əкелуге Жымпитыға жүріп кетті де, үлкені Оралда қалды.
Ал, ең кішісі... Əділбек «Шеген құдыққа» екінші рет барғанда, ондағы
қым-қиғаш тартыс пен шым-шытырық уақиғаның шет-жағасын
көзімен көріп, көрмегенін өз құлағымен естіп қайтқан. Ол
уақиғалардың бəрі баяғы Құныскерей мен кедей ағайынын өлтіріп,
елден безіп кеткен Қаршығаның лаңына байланысты еді.
БЕСІНШІ ТАРАУ
1
Құрмаш атпен сол маңдағы сай-саланы шолып шығып, жылқы алған
адамның ізін кесті. Жаздыгүні із кесу қиын. Сонда да ол шөпсіз
тақырлау жерге түскен ат тұяғының таңбасын жəне шеттегі Сəрсен
үйінің алдындағы аттың жас таңдағын көрді. Сəрсеннің өзі
Жолмұханмен бірге жылқыларды жəне басқа малдарды қайтадан
түгендеуге кеткен. Сондықтан ол Сəрсеннің үй-ішінен сұрауға бата
алмай, бірақ бейсеуіт аттылының бұл жерге тоқтағанын, шамамен
оның келген жағы қыстау бет екенін сезіп, Ақметшенің мекен-жайын
тінтіп өтуге кірісті...
Шеткі қораның бұрышында жаңағы Сəрсен үйінің алдындағы жас
таңдақ тағы да пайда болды. Қораның іргесіндегі шөп шықпай
тақырланып қалған жерге түскен тұяқ таңбасы шым-шытырық екен.
Ол ішінен «ат жер тарпыған екен» деп ойлады. Енді атынан түсіп, өзі ат
қораның ішіне кірмекші болып еді, оның қақпа сияқты үлкен қарағай
есіктерінің шалқасынан жатқанын жəне есік алдындағы ұзынша киіз
дорбаны көрді. Киіз дорбаның бір жағы шаң-топырақ та, екінші беті
қара құрымдана бастаған екен. «Бұл не дорба?» деп ойланып
үлгергенше оның ауыз жағына ап-айқын түскен мылтықтың майлы
таңбасын көрді. Көп заман ораулы жатқан зілдей винтовка киізді
жаншып, бейне бір қағазға басқан мөрдей-ақ тапталған айқын таңба
басқан. Ол басын шайқады. «Мынау кəдімгі елдегі мылтық
жасырушылардың қылығы»— деді ол өзіне-өзі. «Қабылбайдың інісі,
əйелі Қалампырдан басқаны бір шыбықпен айдайтын бұзық
Бейсенғалидың да осындай тыққан мылтығы бар деуші еді. Бұл да
сондай екен...»
Бала ұзақ ойланды. Мұның иесі кім екенін табуға тырысты. Бірақ өз
ойын ортаға салуға, көргені мен білгенін тез жеткізуге атына міне сала
Жолмұханға шапты...
— Сен ауылнайға жылқының ұрланғанын айт. Ұры бар сырды
білетін осы жердің адамы де. Түнде келіп мылтығын алып кеткен. Итін
ертіп кеткен. Өз жылқысын өзі қуып кеткен де. Арғы жағын өздері
түсінер. Əйтпесе, «аппақ сақалдарыңмен қолдағы малға ие бола
алмайсыңдар» деп ұялтар. Өздері іздеп, өздері тапсын... Таба алмаса,
ұстай алмаса өздері ұялсын. Ұқтың ба? Біздің міндет: қалған малды
Хакеңнің тапсыр деген жеріне жеткізіп тапсыру,— деді, балаға
Жолмұхан.
Құрмаш əудем жер шықпай-ақ тоғай жақтан үсті су-су болып жетіп
келген көк төбетті көрді, төбет шоңқайып отыра қалды да ұлыды.
Тоғайға қарап жылаған жандай ұлыды.
— Қара басыңа көрінгір, кет, жоғал!— деп жекірді Құрмаш оған
жақындап келіп. Ит орнынан жылжып үйге қарай жөнеле берді де, бұл
ұзаңқырап шыққан соң тағы да зарлай бастады.— Мынау тоғайдан
келген екен. Жамандығың өз басыңа көрінгір арам қатқыр-ай, тура
тоғайға қарап ұлиды...
2
Бұрын үстіне атша мініп алып тыным бермейтін, жатса қайта
тұрғызып мініп, өзі зеріккенше əурелейтін Қойбағарын Қаршыға
соңғы жылдары қасына жуытпай қойған-ды. Қаншама бұрынғы достық
шыдатпай алыстан қисаңдап, омырып-жеміріп жүретін жас
қожайынның қасы мен қабағын бақса да Қойбағарға бір жылы шырай
болмай-ақ қойды. Кейде тіпті арба астынан шыға келіп, бұрынғы
əдетінше аяқ астына жығыла кеткен итті жас қожайын теуіп қалып та
жүрді. Ал, ат ерттеп, мылтық алып аңға шығу қамын көздеген иесінің
күні бұрын үйден аулақ, жолын тосып, жанамалай ере жөнелген ескі
досын Қаршыға атпен қуып сабалап, қан қақсатып арба астына
тығады...
Бұл өзгерген қаталдықты Қойбағар бірте-бірте ұқты. Ол көзінің
астымен сүзе қарап, кейде қатты қайғырып көзін жұмып қалып қайта
ашып, мұңды шыраймен басын жерге салып жатып алатын ауыр
жағдайға да көнді.
Қойбағар Қаршығаға енді ермейтін де болды... Бəріне кінəлы ақ
күшік... Ақтабан. Жас қожайынның барлық ынта-іңкəрлігі соның
үстінде. Кішкене күннен бастап-ақ оны бөлек саптыаяқтан
тамақтандырды. Ежелгі көне итаяққа оның тұмсығын сұқтырын
көрген жоқ. Жəне үш мезгіл де емес, саптыаяғы жылы-жұмсаққа толы...
Ойнатқанда тізесіне секіртеді, екі аяғынан ұстап алып тік жүргізеді,
жауында іргеге жатқызады, суықта сенекке кіргізеді. Ыстық кезде де
ақ күшіктің бабы басқа. Көлеңкенің төрі сонікі...
Бəрінен де қорлығы: аң қуғанда алыстан қайырып, түлкіні
көлденеңдеп шапқан қожайынның алдына қарай тықсырып, соңынан:
«Жарайсың, Қойбағарым!» деп талай-талай мадақтаған лебізінен
біржола махрұм қалу; «Қойбағарым» орнына енді Ақтабан! Ақтабан!
Үйде де Ақтабан, түзде де Ақтабані Бүгін де, міне екі күннен бері
көрмеген қожайынға жеті түнде тап болып, қанжығалап шауып,
жылқысын қайырысып келгенде кері қуып, үлкен судың кең жағасын
да қызғанды-ау!..
Қойбағар Қаршығаның қаһарлы жүзін көргеннен кейін үйге қарай
жөнеп берген еді. Біраз жер жортқаннан кейін ол тұра қалып артына
қарады. Орман ішінен шығып бірге ере ме деген Ақтабан жоқ. Біраз
уақыт қарап тұрды да ешкім көрінбеген соң бұрылып келіп қара жолға
түсті. Жолмен бүлкілдеп ауылға тартты...
Құрмаштың із кесіп жүріп көргені сəске түсте орман жақтан келе
жатқан осы төбет еді.
Төбет бұл жат адамға жуыған жоқ. Өйткені алысырақта тұрып бір
жекіріп алып, өзіне қарай ұмтыла түскен бұл ұшқыр жігіттің тайынбас
ниетін ап-анық сезді. Сондықтан ол жалт беріп, өзінің үйреншікті қора
төріне қарай бүлкілдеді.
Балағын түріп алған оңтайлы жігіт оны шақырғыштап көріп еді,
бірақ Қойбағар оған бұрылмады. Бұрылатын қылығы да жоқ. О бастан
көзін жұмып жатса да селт еттіретін сүйікті атымен «Қойбағар!
Қойбағар!» — деп шақырмайды. Бұл бала оны келеке еткендей: бірде
«Майлыаяқ! Қаһ! Қаһ!» деп, бірде Бөрібасар, маһ! Маһ!» деп ажуалайды.
Қойбағар қора мен үлкен ақ үйдің орта шеніне барып жатып қалды.
Ол ұзақ жатты. Үйден шыққан жандарды, үйге кірген жандарды
көзімен сүзді. Атын атамай-ақ көзімен шақыратын жұмсақ үнді кəдімгі
қара сақал ескі қожайын екі күннен бері жоқ. Көп уақыттан бері,
арбамен жүріп кеткен, шашбауы сыңғырлап жүретін қара шашты қыз
қожа да ұшты-күйді жоғалды.
Үйден бүгін көбірек шығып жүрген жалғыз ғана бəйбіше. Ұзын
көйлекті бəйбіше. Ол бүгін аяғын ақырын басады, ұзақ тұрып далаға
көз тігеді...
Бəрі өзгеріп кеткен. Қойбағарға атын атар, ас құяр, көз жылылығын
төгер жанның бəрі əлдеқайда, көз тасада жоғалып бара жатқандай
көрінді.
Ит орнынан түрегелді де Жайың бетке қарап, ышқынып тұрып,
ұлып-ұлып жіберді...
3
Ауыл Совет кеңсесі қашық емес еді. Құрмаш құйғытып отырып «а»
дегенше жетіп келді. Алдынан шыққан екі адамның бірі қазақ сияқты
емес: жүзі сары, мұрны істіктей кісі екен. Бірақ екеуінің де киімі
шаруаның киімі: басында елтірі бөрік, үстінде жеңіл түйе жүн шекпен.
Көйлектерінің жағалары да қазақы, жалпақ жаға, Құрмаш мұны бірден
байқап қалды. Екеуіне қоса сəлем беріп:
— Ассалаумағалайкүм, ағайлар. Мен «Шеген құдықтан» келдім.
Жолмұхан нағашым жіберді...— дей бергенде, жүзі сары, мұрны
істіктей кісі:
— Уағалейкүмəссəлəм, бала. Не хабар бар? Жай келдің бе?— деді.
Құрмаш аң-таң болып не дерін білмей қалды. «Мына кісі... қазақ екен
ғой! Мен орыс па деп едім...» — деп күбірледі. Оның күбірін сары кісі
естіп қалды.
— Қазақ болғанда нағыз қазақпын. Молдаш деген кісінің мендей
тағы да төрт баласы бар. Бəріміздің де көзіміз көк, жүзіміз сары,
мұрнымыз істіктей, орыс сияқты қазақтармыз. Айта бер, айта бер,—
деді.
Қасындағы жуандау келген қызыл шырайлы қазақ теріс айналып
кетті. Ол «мырс» еткендей болды. «Нанайын ба, нанбайын ба?» деген
жанша Құрмаш сарыға бір, қызыл шырайлыға бір қарап қойып:
— Сіздер ауылнайсыздар ма?— деп сұрады.
— Иə, ауылнаймыз, бала. Айта бер жұмысыңды. Əлде бір тығыз
хабар əкелдің бе?— деді сары.
Құрмаш хал-жайды, түнгі уақиғаны, бүгінгі өзінің көрген-білгенін
ақтара бастады. Ол əдемілеп сөйледі, Қалекеш жыршының айтатын
əңгімесіндей етіп, қасындағы тыңдаушылары тамсанып қаларлық етіп
айтты.
— Жылқының қуған ізі де түндегі дүбір шыққан тоғай жаққа қарай
жетектейді. Мен көп жерге дейін із кестім — тақыр жерлерге ат
тұяғының таңбасы қағазға басқан мөрдей болып жатыр. Ал, ит... көк
төбет тура Жайыққа қарап ұлиды. Өзі жəне бүгін сол жақтан келді.
Қасындағы Бөрібасар қайтқан жоқ. Мен білсем: жылқыны қашып
кеткен иесі Қаршыға қуып əкеткен болуы керек. Онан басқа ешкім де
емес. Нанбасаңыз оның атының жас таңдағы ат қораның бұрышында
жатыр, Сəрсеннің үйінің қасында да жатыр. Сонсоң мына киіз қапты
лақтырып кеткен де сол, кəміл сол. Жасырған мылтығын алып тайып
отырған шығар...
— Бала, тоқта. Жақсы. Ендігісін мына біз Едекеңмең ақылдасып
алып істейік. Сен түсіп сусын іш. Кешке дейін осында бол. Кешке
бізбен бірге жүресің. Үшеулеп, төртеулеп, көптеп тауып алайық
бəлемді,— деді істік мұрын сары кісі.
Бұл Щитов болатын. Құрмаштың көзі оның қазақ емесін айырса да
тілінде бір мүлтік жоқ бұл «адамды» орыс деуге батылы бармап еді. Ал,
«Құрмаштың сөзіне қарағанда болған уақиғаның желісінен, мылтық
салған ұзынша киіз дорбадан жəне басқа да бірқатар белгілерден өткен
түні қашқын жігіттің орманға түнеп шыққаны айқын сияқтанды.
Жылқыға да шеттен жау келмегені белгілі. Ал, сол қаршыға жалғыз ба?
Жалғыз болса бір өзі мұндай істерді істей ала ма? Бұл іс қорықпай-
үрікпей еркін қимылдап жүрген батыл жанның ісі емес пе? Сүйеніші
жоқ жалғыз жігіт ол қуып кеткен жылқыларды қайда қоймақ? Қару
алып кеткені... ойының қаралығын дəлелдемей ме?» Міне, осы
сұрақтар еді Щитовтың талдай бастағаны.
Ол кешке қарай ауылдың милиционер Əжіғалиды жіберіп, сол маңда
жүрген өзінің «жасырын жігітін» шақырды. Сөйтіп қасындагы волком
хатшысы Едігеновті, Əжіғали мен «өз жігітін» алып, Құрмашты қосшы
балалыққа ертіп, өзімен бесеу болып Жолмұханға келді.
Аяқ астында бұғып қалған Құныскерейді аяқ астынан жинап алған
төрт-бес кісімен аңдуға кірісті. Бірақ Щитон оны ұстап ала қоямын
демеді, өйткені «Құныскерейдің оңай қолға түсетін жау емесін» ол
көптен білетін. Ізін аңдып, жолын торып, не ой-пиғылы барын əбден
ашып, таңы да адам жинап отряд құрып, жолын тосып, алысқа
шығандап кетпеуге əрекет жасамақ еді...
4
Жолмұхан ермеді...
Кіріп келген екі адамның бірін Жолмұхан бұрын-соңды көрген еместі, ал түсін танитын Қарабаймен де сырласып сөйлесіп көрмеген.
«Сəрсендікіне бір-екеуі кіріп кетті. Қосарланып бұлар неғып жүр, əлде
мені жылқы ұрлаттың деп тергемекші ме?»—деп, палуан келгендерді
бірден-ақ жаратпай қалған. Оның үстіне зілсіз болса да Қарабайдың
əзілі аралас ашық сөзі Жолмұханға тікендей қадалды.
— Əй, жігіт, сен қолыңнан іс келетін мықты жəне сенімді адам деп
мына мал-мүліктің бəрін қолыңа тапсыртып едік. Бес жылқы ұрланып
кетіпті, бұл қалай? Оны кімге алдырдың? Бүйте берсең қойыңды
алдырып, қораңды бекітіп, сопайып бір өзің ғана қаларсың,— деді.
Сөйтті де ол əдетінше «е-е» деп тамағын қолқылдатып күліп қойды.
Жолмұхан желкесін күдірейтіп, қасқырша бір қарап алды: «Осы неме
шынымен мені айыптағысы келе ме, əлде сынау үшін айтқаны ма?»
Күлкісін тоқтатқаннан кейін Қарабай тағы сөз бастады. Ол енді өз
күдігін туралап ашқандай болды.
— Жылқыны алған Құныскерейдің қанқұмар баласы дейді ғой. Оны
сен неге айтпайсың, жігіт. Əлде бір бүйірің бұрып тұра ма сондай
діннен безгендерге?!
Жолмұхан енді желкесімен ақырын бұрылмады, аса тез бұрылып,
жүзін адам сескенерлік бір безерген қалыпқа салды. Тайпақтау келген
кең маңдайдағы жазық қабақ жиырыла түсті, көзі қызыл тамырланып,
күреңітіп кетті. Ол құлаштап соғып жіберуге дайындалғандай екі
иығын қиғаштап қозғап, оң қолын көтеріп алды.
— Сен, Қарабай, менен жасың үлкен, сондықтан ауызға келген сөзді
бір жол тежеп тұрмын. Оның қандай сөз екенін қазақ атаулының бəрі
шамалайды. «Бүйрегің бұрып тұр ма?»— деген сөз не сөз ол? Ал, бұрып
тұр, сонда не істегің келеді?»— десем не айтар ең, ə?...
Қарабай сасып қалды. Палуанның түрі оған қатты əсер етті.
— Сен білесің. Сен білмейтін бұл маңда сыр жоқ дегенім. Е-е-е...
— Иə, білемін. Мен білмейтін де, сен білмейтін де сыр жоқ бұл
аймақта. Жылқыны Құныскерейдің баласы алғанда не істейсің?
— Тауып, қолға түсіру керек.
— Кімді тауып қолға түсіріп жатырсың? Он жыл болды ғой сол
Құныскерейдің
артына
түскендеріңе.
Неге
тауып
қолға
түсірмейсіңдер?
— Сен жігіт ол сөзді қой. Оны қолға түсіру, түсірмеу екеуміздің
қолымызда емес! Сен алдымен мына бес жылқыны алғанды ойла. Ол
бұзық баланың қайда жүргенін айт. Ашуланба. Сабырмен сөйлесейік, ее-е-е...
— Құныскерейді қолға түсіре алмасаң, оның баласын да қолға түсіре
алмайсың. Алады. Тағы да талай жылқыны алады. Оған ешкім қарсы
тұра алмайды,— деп салды Жолмұхан күрілдеңкіреп шыққан жуан
дауысын сəл бəсеңдетіп.
— Е-е-е,— деп күліп алды Қарабай тағы да əйелін келеке еткендей.
Бірақ оның бұл əдетін Жолмұхан жақсы білетін. Сондықтан оның
күлкісіне назар салмады.— Қалайша түсірерсің оны қолға, мына
сендер жақтап сөйлеп тұрғанда!
— Жалғыз мен емес оны жақтайтын, жұрт жақтайды. Сондықтан
қолға түспейді ол. Мұны өзің де білесің ғой.
— Қызық екен. Шектен шыққан бұзықты жұрт жақтайды дегенді
бірінші рет естіп тұрмын.
— Жақтамаса неге ұстап бермейді? Бір адам күшті ме, мың адам
күшті ме? Мың адам күшті. Сондықтан ешкім оған еш нəрсе істей
алмайды.
— Иə! Қызық! Кеше ғана кісі өлтіріп кеткен бас кесерді жақтайды
деу өте қызық...
— Əлі де өлтіреді. Көп адамды өлтіруі мүмкін.
— Жолмұхан, сен жұртқа үрей салма. Дұрыс емес сөзің. Жазықсыз
жанды өлтіріп қоймайды, оны өкімет ұстайды,— деді Қарабай
салмақты, сабырлы үнмен.
Бұл жолы ол күлетін əдетін тыйып қалды. Аз ойланды да Жолмұхан
бастапқы ашу қысқан қалпын өзгертіп, ақырын сөйледі.
Қазір Құныскерейдің қайда жүргенін білесіңдер ме? – деп сұрады
Жолмұхан енді қадала қарап.
– Білсек ұстамаймыз ба? Білмейміз. Ал, сен өзің ше?
– Білмейтін жалғыз мына өздерің. Əкімдер. Басқа жұрттың бəрі
біледі Құныскерейдің қайда жүргенін. Мен де білемін. Білмесем де
шамалаймын.
– Онда сен неге айтпайсың?—деді Қарабай жұлып алғандай.
— Айтпаймын.
— Онда бүйрегің бұратыны шын ғой...
– Əңгіме бүйректе емес, сирақта да емес. Мен білемін. Білсем де
айтпаймын. Өйткені мен ер жігітті сыртынан көзеп: «Əне? Əне жүр.
Барыңдар! Ұстаңдар!» деп көрсететін пасық емеспін. Басқалар да
осыны ойлайды. Неге дейсің ғой, өйткені Құныскерей өздігінен
ешкімге тиіскен де жоқ, ешкімді нақақ өлтірген де жоқ.
Жолмұхан енді жай қалыппен сөзінің дəлелділігіне көзін жеткізейін
деген жанша нықтап, тұжырымдап сөйледі.
— Менсіз де білесің қазақтың жайын. Соның ішінде Құныскерей
сияқты нағыз ер, айтқанынан қайтпайтын табанды, жан жолдасқа адал
адамдардың не істеп, не қоятынын, не ойлайтынын! Құныскерейді
жұрт жақтайды, ол жазықсыз, оны нақақ жазғырады деген түсінік
менің миыма зорлап тыққылаған түсінік емес. Мұның асыратын,
жасыратын, дəлелдейтін, сұлулайтын ештеңесі жоқ. Бұл ақиқат жай.
Ақиқат уақиға. Сондықтан жұрттың бəрінің миына тегіс қонған нəрсе.
Құныскерей кім өзі? Құныскерей руын алсаң — Ысық. Бергі атасын
алсаң Тоғызбай. Өз əкесі Қожахмет. Жайлайтын жері Тайсойған,
Бүйректі. Əкесі қазір жетпісте. Сол жетпіс жасының ішінде осы өңірде
оны осал адам деп ешкім айтқан жоқ. Оның мықтылығы
жүректілігінде, білегінің күшінде, ақылының молдығында. Өзі иманшарт пен əптиектен асып білім салмақтастырған жан емес. Немен күн
көреді? «Ер азығы мен бөрі азығы жолда» деген қағиданың құлы
болған жан. Өзі əлі тірі... Ал, оның үш баласының үшеуі де өзіндей.
Оның ішінде Құныскерей өзгеше. Ол ірі, күшті, мерген, ақылды, өжет.
Қуғаны əкесінің жолы. Өйткені кең даланың үрікпей, қорықпай,
қысылмай, тарылмай, тарықпай өскен тарлан жігіті. Оның қолы
жарлыға да, жақыбайға да, жақынға да тиіп көрген емес. Бірақ, аламын
дегенін ол аузы алты қарыс Шормап билер мен мыңғырған байлардан
да, аузымен құс тістеген əкім-қаралардан да алып келді. Жексұрын
атануымен аты шыққан жоқ, «жігіт!» деген сөзбен шықты оның
Құныскерей деген аты. Ал, сол жігітті он сегізінші жылы жаңа
өкіметтің өзі қойды ғой ауылнай етіп.
Қолынан іс келмейтін адамды қоя ма өкімет? Мына өзіңді де қойып
отыр ғой басына! Сөйтіп жұрт білген, жұрт сыйлаған, елге «жігіт»
атанған Құныскерейдің үйіне келіп тығылды, сонау арғы беттегі
бөкейліктен ығысқан атақты Аязбайдың Ерғалиы, «ұстап бер!» деп
дікеңдегендерге Құныскерей не демек? Қырғидан қашқан торғайды да
паналатады ғой адам. Үйіне келген миманды ұстап берген зұлымды
қай ата-бабаның қағидасынан көрдік! Міне, бас салып, «қонағыңды
бауыздаймын!» дегенге ер жігіт көнер ме! Əңгіме намыстан,
адалдықтан, ата-бабаның аяқ асты етпейтін ғұрпынан шықты, соны
таптаймын деген есерсоқ милицияны да, қол көтерген нашандігін де,
тіпті бастап алып келген волатком Зиманды да жоқ ету əрекетін
жасады ғой. Зиманды əрине өлтірмеді, қара санынан ғана атты. Сонан
бастап Құныскерей «бас кесер» болды. Бас кесер деп жүрген əкімдер.
Ал жұрт Құныскерейді кінəлы деп білмейді. Оның өңгеріп кеткен
қозысын, мініп кеткен бір тайын ұрлық деп те санамайды, зорлық деп
те есептемейді. Бұл да қазақтың байтақ даласының тентек, тел ескен
ұлдарының еркелігі деп біледі. Тап қазір де солай түсінеді. Сондықтан
да оны ешкім: «Əне, Құныскерей! Ана жерде жатыр! Анау үйге
қонады!» деп айтпайды. Ол намыс жақтаушы. Егерде тағы да оны
ұстаймын десе, сөз жоқ ол қару жұмсайды. Мүмкін көп адамды өзінен
бұрын о дүниеге жіберіп те үлгерер. Осыны түсінбегендер ғажап топас
жандар...
— Жолмұхан, сен əділдік айтудан аяғыңды жазым бастың білем —
мына сөзің дəл емес. «Нашандігін де, милициясын да атып тастады,
атпағанда қайтеді» дейсің. Бұл Құныскерейді жақтау, мұның
қылмыскерді ақтау болды. Нашандік Мырза дейтін адал, еңбекшінің
мүддесін қорғап жүрген көзі ашық саналы жігіт еді. Сол кезде қаптап
кеткен баукеспе ұры, сəудегер, алыпсатар алдаушылардан момын
шаруаны қызғыштай қорыған адам. Сол Мырза сияқты азаматтар ғой
қаны мен жанын қоса берсе де Совет өкіметіне шаң тигізбей келген.
Сен асырып жібердің. Сірə өзіңнің де мінезің мен құлқың соның сыңары
болмағай. Хакім Жүнісовтің «Жолмұханның істемегені жоқ» деп
отырғанын талай естіп едім. Қарғаның көзін қарға шұқымайды деп...
— Мен де сондаймын, мен де сол Құныскерейдің сыңарымын. Мұны
ешкімнен жасырып көргенім жоқ,— деп Жолмұхан атком
председателінің сөзін бөліп кетті.— Бірак мен елде жүрмін. Ешкімге
зұлымдықпен қол көтеріп көрген емеспін, өзіме де қол көтерген адам
болған жоқ. Егерде ана сияқты намысыма тисе — мен де тап соның
істегенін істер едім.
— Істепсің де...
— Жоқ, менің істегенім басқа. Керек болса оны да айтайын.
Ешкімнен мұны жасырып көргенім жоқ. Он сегізінші жылы мен
жиырма бесте едім. Жұрт Жанша ханның дүржинасына жазып жатыр
деген соң, ең болмаса астыма ат, қолыма бір көсеу тимес пе екен деп
мен де келіп жазылдым. Ат та міндім, мойныма көсеу де ілдім. Көсеу
болғанда қандай, бір көмейінің өзінде бес оқ қатар тығылатын сала
құлаш сабаз. Əйт-дыбаны қақтық. Айқай салып қылышпен оңды-солды
шыбық турауды үйрендік. Казармасын басымызға көтеріп түнімен
дүрілдетіп шығатын болдың. Не керек, еріккен жігіттер «қызылдар
келе жатыр» деп шу көтеріп, бас салып хан ордасының өзін шауып
алдық. Кеткен жұрт қызылдарға кетті, мен хан қазынасын қоржынға
салып алып, өз жайыма кеттім. Онан жинаған менде мал болмады ғой,
мал түгіл астымдағы атымның өзі де құтаймады. Қотырға шалынып
шаруасы бітті. Бұрынғыдай болмаса да, ел арасында бірде атты, бірде
атсыз жүріп əрекет жасадық. Бірақ əлгі банды-санды, ұры-қарымен
күресеміз деп жек көрген жандар менің еркін жүріп, қолыма іліккен
атқа мінетінімді көре алмады. Үстімнен уезге шағым жасаумен болды.
Сөйтіп жүрген кезде сабаз Хакең кездесіп, кəдімгі осы күнгі прокурор
Хакім: «Жігіт, бұлай жүруге болмайды. Дене мынау, күш мынау, ана
бастың іші миға толы шығар. Бұрынғыңды мен ұмытайын, қазіргіні сен
ұмыт. Ел болып əлеумет ісін қолға алып жатқанда, бір жұмыстың
басын ұстамауың ұят»,— деді. Сөйтті де сенің қолың анау почта айдау.
Қолыңда төрт-бес ат, тақымың астында өзіңнің үйренген көсеуің,
ақысы айлық ақша, жататын үйің тағы бар дегеннен кейін екеуміз қол
ұстасып уəде байластық. Міне, адам деп Хакеңді айт! Ол мені таныды,
мен оны таныдым. Сонан бері Хакеңнің өл деген жерінде өлемін, тіріл
деген жерінде тірілемін. Мына тапсырмасын да орындаймын. Ал,
Құныскерейдің баласын да, өзін де мен көргенім жоқ, көргім де
келмейді. Көрсем — білгім де келмейді,— деді.
Қарабай адамның мінез-құлқын жақсы білетін кісі еді. Ол
Жолмұханды енді жұмсартуды мақұл көрді.
— Мен, Жолмұхан, сені Құныскерейге теңеп тұрғаным жоқ. Сенің
жайыңды мен де естігенмін. Сен ер жігіт болған соң, мына жердегі бір
топ кедейлерге жəрдемің тиер деп осы жұмысты тапсырдық қой. Ал
Құныскерей жөніндегі жаңсақ пікірді қоя тұралық. Оны өзің де
түсінесің соңынан,— деді.
Бір беткей өжет Жолмұхан омыраулап, өз ойын атком ағасына
тайсалмай айтса да, ісі де, сөзі де қара шаруаға қонымды адамның
мына сөзіне енді қайтып қарсы жауап қатпады. Тіпті өр көкіректікке
салса да. «Құдай атқан Құныскерейді ақтайтын дəлел аз. Ол иттің
істемегені бар ма!? Жəне сол істеген қылмысынан безіп ел қатарына
қосылуды ойлаған адам емес. Ақыл айтқан Хакімге де, тіпті жаздыгүні
жанына батыра сөйлеген менің ащы сөзімді де құлағына ілген жоқ.
Шынында мына батырақ аткомның қылмысты дегені жанды» деп
ойлады да, бірақ бұл ойын Қарабайдың алдында мойындамай өз
бетімен кетті.
Қарабай үйден шығуға бет алды.
Жолмұхан да оған əзір шайға отыр деп айтпады. «Осы жалпақ бас
Жолмұханның сөзінде шындық бар. Құныскерейді жұрт неге ұстап
бермейді? Бəрі жиылса бір адамға құдіреті келмес пе еді?! Ұстап беру
былай тұрсың, тіпті теріс сілтейтіндер көп деседі. Ол діннен безген.
Арқаға қарай бет алса, кейбіреулер құбыла бетті көрсетеді екен.
Əнеугуні бір жылқышылар: «Тура Жымпитыға кетіп бара жатқанын өз
көзімізбен көрдік» деп ант-су ішкен. «Бір тентек ел ішінде жүрмей ме
екен?...» дегенді осы жұрт тегіннен-тегін өлеңге қоспаған да шығар»
деп ойлады Қарабай атком. Енді қосшы кедейлерден құрылған
артельге бет бұрып келе жатып, жаңадан бөлінген жердің шекарасын
ол өз көзімен белгілеттіріп, өз қолымен бермекші болды. Сонымен
бірге ол өзінің сенімді қосшыларынан жоғалған жылқы жайлы да
көрген-білгенін сұрамақ еді.
5
Құныскерей де көп нəрсені енді ғана түсінді.
Қалайша?— деді Құныскерей қабағын түйіп.— Комсомол хатшысы?
— Комсомол хатшысы, аға. Қоғабай дейтін бір қу жақ. Өлтіргенің
жақсы болды. «Қара таяқ... оқымысты... Борсықша сорып отырған
қанаушы... Ақметшелерді жер аударған күні қосшы кедейлер «уһ!» деп
бір кеудесін кере дем алады» деп əнеугүнгі жиналыста өңменін соза
сөйлеген шешендердің ең бір өшпендісі еді...
— Əкесінің аты кім?
— Əкесінің аты Шынғали. Ол да баласы сияқты қу жақ болса керек,
баяғыда бандыларды құртамын деп жүргенде о дүниеге жөнелтіпті
ғой,— деп Қаршыға əкесінің де, баласының да өлгеніне мейірі қанған
жандай нығыздап, сөздің жігін жеріне жеткізе қаластырды.
— Шынғалидың баласы?! Пыркарол емес дейсің бе қаза тапқан?
— Пыркаролды қай құдай алушы еді, жүрген шығар жұртты бір
шыбықпен айдап.
— Сен қателескен жоқсың ба?
— Не жөнінде, аға?
— Пыркарол жөнінде...
— Жоқ, аға. Айтып тұрмын ғой, кəдімгі Шынғалидың қу жақ
Қоғабайы деп. Шашы дудардай болып сұлап түскен өзің атқанда.
Сəрсен ағам айтты. Ол бəрін де өз көзімен көріп, өз қолымен өлігін
арбаға салысқан.
Құныскерейдің жүзі əлденеге елең еткендей таңырқаған пішін
көрсетті. Үнемі тұнжыр қабақ қатал үн, жирылыңқы шырайдан бір
арылмаған бұл түсі суық жанның қабағын көріп, көз шарасын кеңейте
түскеніне қарап Қаршыға да өңін құбылта қалды. Ол тіпті қуанып кетті.
«Қоғабайдың өлгеніне риза екен» деген өз болжалына төр бергендей.
— Иə, аға. Өлген сол комсомол. Талайдың түбіне жетер өшпендік
пиғылда еді. Бізге өштігі өз басын жұтты...
— Бұл қабарың анық болса пыркаролдың аман қалғаны жақсы
болды. Зұлымдық ойдан аулақ ер жігіт...— деп сөз аяғын ашпай балаға
кенет ащы ой туғызды.
— Анығына анық, аға. Бірақ сол пыркаролың да, оның інісі де, өлген
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 31
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.