Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 19

Total number of words is 4193
Total number of unique words is 2231
35.5 of words are in the 2000 most common words
50.9 of words are in the 5000 most common words
58.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Жай ма екен. Соншама қатты келе жатқанына қарағанда өте
қауырт ісі бар шығар?— деді Əлібек;
— Оның қауырт іссіз жүретін күні бар ма? Атын суаруға шықса да ол
өзенге жеткенше шабады. Өкше арты болыс кеңсесі жаң — «мен
əкіммін, болыстан келе жатырмын» деген шабысы ғой бүл,— деп
қорытты Əділбек.
Інісінің бүл келе жатқан ағайынын неге жек көретінін Əлібек сұрап
жатпады. Сұраған күнде де ол жауап алып үлгермес еді. Өйткені, Ұзақ
шабысқа барабар текірекпен жетіп-ақ келді. Атынан секіріп түсіп,
шылбырын жерге тастай сала, жүгіріп келіп Əлібектің қолына да
жармасты.
— Ал, аман-сау жүрмісің? Аман қайттың ба?— деді ұзақ есе қуанған
шыраймен,— Қызыл үйге келгеніңді Сүлекеңнен естіп едім. Барып
амандасуға қол тимеді. Жұмыс көп. Ауылға езіңнің келгенің жақсы
болды.
Көптен көрмеген құрдасын Əлібек те алыстан күліп, қуана
құшақтады. Екеуі «қандай болғансың өзің» дегендей, бірінің-бірі жүз
келбетін, бойын, киімдерін де аударыстыра, төңкерістіре қарады.
Хакімге ұқсаған Əлібектің бойы Ұзақтан сəл сұңғақтау еді де, бірақ
денесі анағүрлым жұқа, бет əлібі де сопақшалау жəне қызыл
шырайлыдан гөрі ақ құба дерлік болатын. Ал, Ұзақ нағыз дөңгелек
жүзді, қызыл күрең шырайлы, денесі өте тығыз, құйып қойғандай, əрі
топшылы., қайратты жігіттің пішінін көз алдына келтіретін. Маңдайы
жазық, мұрны сұлуша келген, қабақ үсті қалың емес, ұдайы жылы
шырай беретін күлім көзділеу еді. Осы сияқты көрер көзге
ашушаңдықтан аулақ, жұмсақ реңді жігіт іштей өте берік, қадалған
жерінен қан алар, қайсар болатын.
— Ымм, жұмысы көп... дүниені бір өзі ұстап тұрғандай,— деп қалды
Əділбек.
Əділбектің бұл сөзі құлағына анық тисе де, Ұзақ оған мойын да
бұрмады. Онымен амандық та сұраспады. Тек Əлібекпен болып:
— Опырм-ай, солай де. Алыстағы оқудан келдім де. Елді көрмегеніңе
тіпті көп жыл болды ғой, Əлібек, ə? Бірақ өзің баяғы боз Əлібек,
өзгерген жоқсың,— деді.
— Өзің де маган бүрынгыдай көрінесің. Үй-ішің тегіс аман ғой?
— Аман-ақпыз. Ел де тегіс аман. Бірақ өзгеріс көп...
— Қай жақтан келесің? Тіпті суыт жүрген адамның түрі бар ғой, өзің
де баржиып кетіпсің, атың да судан шыққандай.
— Болыстың жас ортақшылдар комитетінің мəжілісінен келемін.
Кеңсе Ащысайда ғой. Сен жолда көрген шығарсың. Біздің жас
ортақшылдар ячейкасы да сол жерде, Олжаорыс аулында. Кеше барып
едім, мəжілісіміз бүгін болды да, сол бітісімен елге қарай шапқаным.
— Сонау Ащысайда?— деді Əлібек таңданып.— Бүгін сол
жиналыстан шығып келіп те үлгергенің бе?
— Жиналыс бағана сəскеде басталды да, түсте бітті. Ауылға тез
жетейін деп шыға салып жортып кеттім. Біраз жерді шоқырақтап
жеңдім. Онсыз болмайды ғой.
— Жоқ, сен ұшып келген шығарсың, отыз шақырым жерден түсте
шығып, атпен бесінде келе алмайды.
— Мен келдім ғой, міне,— деді Ұзақ отыз шақырым жерден бір сағат
ішінде жетіп келуді аса бұйым көрмей.— Сен Əлібек, ортақшыл жастар
қатарында бар шығарсың?
Əлібек таң қалған пішінмен: «Бұл жерде менің комсомол ұйымында
бар-жоғым неге керек болып қалды?» деп ойлады.
— Иə, онда не айтпақшы едің, Ұзақ?— деді Əлібек аз мүдіріп қалып.
Ұзақ шеткерірек тұрған Əділбекке сенімсіз көзбен бір қарап алып,
Əлібекке сыбырлай түсті.
— Байлардың жасырған малдарын, егістік желерін қаттауға
шықтық. Кеңес үкіметіне қаны қас контрлар малдарын салық салады
деп жасырса, acтық планын береді деп егісін көрсетпейді. Бұл атаңа
нəлет бай-құлақтардан құтылмай тыныш табатын емеспіз. Біздің елде
ортақшыл жастар ұйымына мүше Халық екеуіміз, сенімен үшеу
болдық,-— деді Ұзақ сөз аяғын Əділбекке есіттіре сөйлеп,
— Сен осы сырттан көзейтін бұзықтығыңды қашан қоясың?— деді
Əділбек Ұзаққа дауыстап.
Ұзақ оның бетіне жалт қарады да, тиіскісі келіп дауыс көтерген
Əділбекке ақырындап қана:
— Бала, сен ондай тіл тигізе сөйлеуді таста. Сен баласың. Мен саған
жасым үлкен бола тұрса да «əй, сен» деп əкіреңдеген жерім жоқ. Ұят
болады,— деді.
— Ұятты сен өзің білмейсің, сондықтан маған оны үйретпе. Бұзық
болмасаң біздің Бекейді төтенше салыққа іліктіру керек деп неге
айтасың?
— Оны мен емес айтқан, ауылдың кеңестің мəжілісінде сөз болған.
Сен өзің, шырағым, ұрынуға қара таба алмай тұрсың ғой шатынап.
Ұрынуға қара таба алмай жүрген мен емес, мына сенсің. Сенің
сырттан сыбырлағаныңды басқа жұрт естімей ме? «Бекей малын
жасырады» депсің. Қайда, қане көрсетші, қанша мал жасырыпты?
Бекей кімнен бай, кəне, санашы, Бекейдің қатарындағыларды? — деп
Əділбек өжектеп Ұзаққа жақындай түсті.
Жоқ, деді Ұзақ, тағы да Əділбекке сенімсіз көзбен қарап.— Менің
жұмысым көп. Бір минут тоқтауға да уақытым жоқ. Сен елде боласың
ғой, бірге жүрім, талай шай-су ішерміз. Қазір мен өзіміздің ауылға
соғып, Халыққа ячейканың тапсырмасын беремін де, өзім əрі қарай
таудағы ауылға асамын. ІІІұғылдың балаларының малын... иə жəне
мына • атын өзіне қайырып беріп, Нұрыштың басқа атын мінбесем,
мынасы болдырып. қалды.
Ағасының сөзінен кейін ойланыңқырап төмен қарап қалған Əділбек
басын көтеріп алып, тағы да сөзге араласты,
— Ай, сен осы Нұрыштан басқа кісіден ат мініп көрдің бе? Жуас түйе
жүндеуге жақсы деп Шұғылдың баласы сөз айтпағасын соны ғана
білесің бе? Ана Орымбектен неге сұрамайсың атты?'— деді Ұзаққа.
— Нұрышты аяйсың ба?— деді Ұзақ күлімсіреп.
— Сен Орымбекті аяйсың ба?— деді оған Əділбек қадала қарап.
— Аямаймын. Байдың бірін де аямаймын.
— Онда неге ала жаздай Нұрыштың үстінен түспей қойдың?
— Оның атын басқалар мініп жүр.
— Орымбек саған да, басқаға да ат бермейді. Ат беру түгіл
маңайынан да жүргізбейді. Сондықтан оған жолай алмайсыңдар. Ал,
байлыққа қалғанда Орымбек Нұрышыңнан да, Нығыметіңнен де сорлы
емес. Бірақ ол сенің жаңының,— деп Əділбек Ұзақтың қытығына тиді.
— Сен маған, Əділбек, шын тиіскің келіп тұр екен. Бірақ мұныңнан
ештеме шықпайды. Сенің сырың маған белгілі.
— Қандай сырым белгілі?
— Барлық сырың.
— Айт, айт, жасырма!
— Менің аузымды қышытып қайтесің.
— Орымбекті жақтайсың, жақтамадым деуге дəлелің жоқ. Сенің
ортақшылдығың сол ма? Мен ортақшыл жаспын, ортақшыл жастар
қатарындамын дегенде тілің көмейіңді суырады. Менің аузымды сен
де қышытпа...
Əлібек інісін итермелеп үйге қарай жөнелтуге тырысып еді, бірақ
Əділбек қарысып орнынан жылжи қоймады. Ол сүзісуге үйір тайынша
бұқадай желігіп, бір мойындап ағасының ырқына көнер болмады. Жоқ
жерден байланыса қалған бұл екі жігіттің араларын қалайда
жұмсартайын деген ниетпен, ол енді Ұзаққа бұрылып:
— Ұзақ, сенің жасың үлкен ғой, қайтесің, енді сен үндемеші. Ұят
болды. Ал, өзің үйге жүр, тым болмаса қымыз ішіп кет. Сонша жер
шапқылап таңдайың да құрғаған шығар,— деп жалынды.
— Рақмет, Əлібек. Жаңа Қадестікінен сусын жұттым. Мен жүремін,
— деп Ұзақ атына бұрылды да бүйірін соғып тұрған биенің шылбырын
жинап, ер қасына іле салып, өзі үстіне мініп те алды,
— Сол бұзықты үйге шақырып... қымыздың садағасы кетсін,— деді
Əділбек.
Атына мінгенмен жүріп кете қою ниетінен аулаң екен. Ұзақ тізгінін
қытыңқырап ұстап, ер үстіне жайланыса түсті де үзеңгіге шірене
көтеріліп сөйледі.
— Əлібек, мына бақа қара бұзық жігіт. Іні сенікі, өйтпегенде мұны
əлдеқашан қара тізімге іліктіретін едім. Хакімнің көңіліне қарап, соны
сыйлап үндемейміз. Болмаса мұның істеп жүргені нағыз табы жат
адамның, баюға ғана ұмтылған адамның ісі. Анау күні Дабыл байдың
ауылына түсіп, соның қызын алып беремін деген Рақымғалиға кісі
салыпты. Дабылдың алпыс атанға жүк артып, аң отаумен ұзататын
қызына үйленбекші. Мұны мырза демей не дейсің? Баюға ұмтылған
емей бүл не? Айтып тұрған сөзінің кесірі мынау. Ортақшыл жастар
ұйымының өзіне де тіл тигізеді, оның мүшесі маған да тіл тигізеді. Бір
емес, екі емес, осымен үшінші рет менімен байланысып сөзге келді.
Көңіліңе келмесін, мен ұны ауыздықтаймын — ана бай қайын
атасының көшіне мінгізіп жіберемін. Хакім коммунист, ол бəрімізге
ортақ, əділ аға. Сен де ортақшыл жастар мүшесісің. Мына кішкене
мырзаға ара түсе алмайсыңдар. Екеуің де ара түсе алмайсың. Мұны
жақсылап ұғыну керек. Бекейдің малын жасырып жүрген де осы. Мен
бұл бақа қараны... жəне кеше ғана Жымпитыдан екі көк арба, бір
машинасы жетпейтіндей, тағы да бір шоп шабатын машина əкелді.
Ойды-қырды маяға толтырып болды. Бұл құлақ емей не? Ана
Нұрыштан да, Нығыметтен де осы зиянды, бұл жиырма сегізге де
ілігеді,— деп Ұзақ атын тебініп қалды да жорта жөнелді.
— Білгеніңнен қалма, бұзық! Маңыма жуушы болма! Егерде енді
қайтып көзіме түссең менен жақсылық көрме!— деп айқайлады
Əділбек жұлқынып.
Ұзақ артына қарамастан cap желіп Аралтөбенің сыртына қарай аса
берді. Ертеден бері көңілі əлденеге алас ұрып, бір мұңайып, бір
томсарып үйге отыра алмай, көл жағасына шыққан Əлібекке Ұзақтың
өзі де, сөзі де жер астынан шыққандай, тосын көрінді. Ол төмен қарап
тұрды да, інісіне:
— Саған не болған, Əділжан. Менің байқауымша сен жолсыз
ұрындың. Ол белсенді болса, ортақшыл болса, бұл оның өз жұмысы.
Бұл үшін оған сенің ілік қоюға хақың жоқ. Жəне ол əлеумет ісін, үкімет
ісін атқарып жүр ғой,— деп еді, Əділбек енді ағасының өзіне бас салды.
— Оны үкімет ісіне қосқан ешкім жоқ, өзінен-өзі атқа мініп
шабуылдап жүр. Тырнадан əкім болса, басыңнан қиқу кетпейді деп,
осыларды басқа секіртетін жаңағы сенің сөзің. Неге жайыңа жүр
демейсің. Қорқасың ба? Кім ол соншама маған əкіреңдейтін?! Машина
алсам мен өз ақшама алдым. Кісі жалдап байып отырғаным жоқ, өз
еңбегім. Бекеңнің малы да ұрлап алған мал емес, өз тапқаны. Маған
тиіп көрсін қолынан келсе. Менің кімнің қызын алатынымда оның
шаруасы жоқ. Қап, өзін атынан аударып алып, біраз тізерлегенде
болатын еді,— деді.
Əлібек үндемеді. Өмірі дегеніне көнбей келген інісіне ол ақыл айта
алмады.
«...Қара бура шаптығып, құйрығымен сауырын сарт-сұрт сабалай
түсті. Бір кез жүрелеп жата қалып төс табанымен екі-үш саржан жер
жорғалады да, қайтадан ұшып түрегелді. Жер бауырлап жорғалаған
жері қазып тастаған ордай болып қала берді. Əлібек анық таныды:
Бекейдің түйе жүн тымағындай, алдыңғы өркеші мыжырая
жапырылған, бүтін омырауы мен тізесін жалбыр қара шуда жапқан,
кеудесі жуан, құйымшағы шөмейген кəдімгі Шұғылдың қара бурасы.
Əділбекті көре салып жынданған бақсыдай, аузы-басы көпіріп, жеңдей
қып-қызыл қолқасы қол бойы түсіп, адам алардай, айбатты айуан
ұмтыла түсті. Қаша жөнелген Əділбекті қуып келеді. Жетеді-ау! Енді
жетеді! Ойпырм-ай!
Ата қаздай ұзын мойнын алға қарай соза түсіп, еспе желіспен
зулаған бура ауаны ысқырта жарып келеді. Бір көш жерді көзді ашыпжұмғанша болмай алып қоярлық. Əділбек пен екі арасы көре көзге
қысқарып барады. Серіппедей жазылған ұзын сирақтар қара жерді
жеміріп бара жатқандай зуылдайды. Бура жетіп қалды. Əділбектің
адымы ашылмай, дымы құрып, буын-буыны дірілдеп кетті.
Жақындаған бураның гүрілдеген даусы алыста тұрған Əлібекке де
естілді. Бірақ Əлібек жүгірейін десе жүгіре алмайды. Қолындағы
мылтығын кезенейін десе, екі қолы жоғары көтерілмейді. «Сен атшы,
Ұзақ. Тез, мə? Ұста мылтықты. Өлтіреді, тапайды Əділжанды!
Апырмай, жетті-ау»— деп қысылады Əлібек. Бірақ Ұзақ тыпыр етер
емес. «Таптасын!» дейді.— Өзіне сол керек, бұл бақа қараның!
Байимын деп Шұғылдың қара бурасын сатып алып неге керек еді!
Мұны байлық өлтіреді! Мен бұл бақа қараны арашаламаймын. Сен де
əуре болма, Əлібек. Мұндай мырза сымақты аямау керек. Мейлі тапай
берсін!» дейді. Ойпырм-ай, саған не болған! Ойпырм-ай! Ойпырм-ай!..»
— Тұр, Əлібек, таң саз беріп келеді. Булығып жатырсың ғой өзің. Түр,
балыққа барамыз,— деді Əділбек ағасын жұлқылай оятып.
— Немене?.. Немене?!.— деп Əлібек оятып тұрған інісіне жармаса
кетті. Ол көпке дейін есеңгіреп қалған адамша теңселіп, қайда
баратынын, не істейтінін түсінбей, тек қана інісінің сілтеуімен шала
киініп, соңынан еріп жүре берді. Екеуі де үн қатпастан, құпия бір ұлы
іске аттанғандай, үйден ұзақ шығып кеткенше аяқтарын ептеп басып,
дыбысын білдірмеуге тырысып келе жатты. Шамамен қиялап келіп,
Аралтөбенің өзен беттегі үлкен түбегіне апаратын жалғыз аяқ жолға
түсті. Бұл жолдың қай жерден шығатынын, қай тұсқа апаратынын
Əлібек ұмытып қалған-ды. Ол ұмытпаса да өз бетімен келіп жолды да,
ол жолдың апаратын жерін де тауып алу əрекетінен алыс болатын.
Оның ойы кешеден бері «бүл қалай?» деген сұрақпен алысуда еді.
Жатар алдында ол күндізгі Ұзақ құрдасының Əділбекке: «Сені Хакім
де, мына Əлібек те арашалап алып қалмайды. Бұлардың бірі
коммунист, бірі ортақшыл» деген сөзімен болған. Сол сөзге жауап таба
алмай, мұның мəнісін інісіне де ұқтыра алмай шаршаған. Əділбек не
қылмыс жасады? Шаруасын ұлғайтса, тіпті байыса онан келер-кетер не
бəле бар?» деп ойлаған еді ол бір кез. Бірақ бұл оңай жауаптың екінші
бір жағы оны тағы да басқа жаққа жетектеп, тіпті алды-арты тұйық
кептеліске алып келіп тіреген. «Хакім үлкен қызметкер. Беделі күшті,
атағы зор, жұрт алдында құрметті адам. Коммунист. Көптен
коммунист. Ол он сегізінші жылдан бастап жасырын жұмыстарға
араласып, Кеңес үкіметін орнату жолына барын жұмсаған адам. Кедей
шаруаға теңдік əперемін деп күні-түн жортқан жан. Қазірде сол көп
шаруаның мақсатын көздеп əділ заңын соған жұмсап жатыр. Ол өмірі
байдың сөзін сөйлемек емес. Ал «ортақшыл» мен ше? Мен де солай
ғой... Онда Ұзақтың айтқаны дəл емес пе?
Сонда... сонда... маған анау Ақметшенің еліндегі волисполком,
волком, волжаском басшыларының айтқаны ше?! Оның үстіне
Хакімнің: «Балалар көп нəрсені əлі түсінбейді» дегені қайда? Міне, осы
ғой түске де кіріп, қайдағы бір баяғы кішкене күнімдегі қара бураның
қуғаны қайтадан еніп жанымды түршіктірген...
Ағайынды екеуі су жағасына келгеннен кейін де Əлібек шымшытырық ойдың құшағынан шыға алмады.
— Екеуіміз бір жерде болсақ, бірімізге біріміз кесел жасаймыз...
сазан сақ балық. Көрінім жердегі көлеңкені де көреді, көш жердегі
дыбысты да сезеді. Сен осы жерде қал. Мен анау қойнауға кетемін. Ол
жер бір үмітті жер. Қасыңа келгенін шаныш та, тізбегіңе тізе бер. Ал,
тоңсаң жағаға шығып жылынып аласың ғой,— деген Əділбектің сөзін
де аса зер салмай тыңдап:
— Жарайды, жүре бер,— деді.
Əділбек өз жөніне кетті. Етігін шешіп, балағын түрініп, Əлібек
інісінің көрсеткен жерінен шанышқысын қолына ұстай келіп суға аяқ
салды. Көптен сыз баспаған жұп-жұмсақ табанынан шөп жамылып
жатқан жып-жылы су да мұздай тиіп, Əлібек, денесі түршігіп тұра
қалды. Бірақ ə дегенше адым жер жүргеннен кейін су жылынып бара
жатқан сияқты болды. Биіктігі тізеден асатын қалың қара өлеңді
жағалап келіп, ол «осы бір ашықтан балық анық көрінер» деп шөбі əрі
селдір, əрі аласа біткен жерде тұрып қалды. Ала-көлеңде су беті бейне
бір қара айнаның жүзіндей жылтырап жатыр. Қыбыр еткен не жан
иесі, шөп басын шайқаған не бір жел де жоқ. Бергі жағы өлеңді, арғы
жағы бала құрақты мүлгіп жатқан жайылма. Алыстағы айдыннан ғана
анда-санда əлде құстың, əлде үлкен балықтың салдыр ете қалған
дыбысы шығады да, ілесе жоғалып кетеді. Кешікпей шығыс бет
бозарып, батыс жақтың қара көлеңкесін əрегірек ысырып түсті.
Қимылсыз ұзақ тұрған Əлібек жан-жағына кезек қарап айдынды да,
аралды да, тіпті алыстағы қыстауларды да əлденеше рет кезбен
аралап өтті. Айнала тым-тырыс. Тағы да əлгі алыстағы сыбдыр құлаққа
шалынды. Болмашы дыбыс оған күндізгі шоқ құрақ жақтан келді.
«Бағанағы қасқалдақ,— деді ол өзіне-өзі күбірлеп, жексұрын, көруге
ажарсыз...»
Бір кезде селдір өлеңді судың беті қаймақши түсіп кей жері
шымырлағандай болды да, кенет тына қалды. Суға түскен көлеңкені
де, бейсеуіт қимылдаған қыбырды да алыстан сезіп судың дір еткенін
аңдитын балық сақтығын Əлібек білмейтін. Ол түнімен қоғажай мен
құрақтың, селдір өлең мен шөлең шөптің түбіне толып, қыр арқасы
судан шыққанша тайызға өрмелейтін, тек қана күннің көзін күтіп
тұрған айналасының бəрі сары сазан екенін де аңғарған жоқ-ты. Суға
үңіле қарап Əлібек те тынды. «Мүмкін, балық шығар» деген оймен
немкеттілеу етіп ол шанышқыны бөлек тұрған бір шоғыр өлеңнің
түбіне пысып қалды. Шанышқы шөпке пырс етті де, айналаның бəрі
қозғалып, бүтін өлеңді, өлеңсіз жер тұтасымен іркілдей жөнелді. Су
асты шайқалып, қара өлең теп-тегіс тереңге қарай жапырылып кетіп,
қайта тұрды...
Əрі-бері үнсіз тұрды да, Əлібек ақырындап жағаға шықты. Бұл кезде
Əділбек су бетіне еңкейіп, қос қолдап қоға түбін тінтіп жатқан
сияқтанды. Аз-мұз дірілдеген денесін жылыту үшін Əлібек аяңдай
басып, құрлықпен жағалап Əділбектің тұсына келді. Таң аппақ атып
кеткен. Қадалып қарап тұрған інісінің көз тіккен қоғажай өлеңге шетте
тұрып Əлібек те қарады. Ұзақ қарады. Бір кез оған қоғажай шөп дір
еткендей болды да, Əділбектің кезенген ұзын шанышқысы найзадай
сарт ете қалды. Ол жалма-жан шанышқыны судың түбіне тіреп, өзі
еңкейіп қос қолын қолтығына дейін суға тығып əлденені ұстап жатты.
«Сазан» деді Ішінен Əлібек. Аздан кейін Əділбектің соңына еріп
жүрген ұзын тізбегінің су астындағы ұшы ойқан-тойқан боп тулап,
маңындағы шөп-шөлеңді тас-талқан қып жапыра бастады. Балықшы
оған қарамастан үнсіз-қимылсыз шаншылып тұрып қалды. Ол екінші
бір шоғырдың түбін аңдып, судың астындағы сары сазанның көзге
ілігер-ілікпес қыбырын аңдыды.
«Ұзақ... қалайша тез өскен. Қандай берік. Бұл да волком Шынғалиев
сияқты. Онан да өткір. Жасында да өте пысық еді. Елдегі тап күресі
деген осы екен! Біз қоғам тану кітабынан білсек, бұлар қанаушы тапты
өз қолымен тізімдеп, малын өз қолымен қаттап салық салып бір
шыбықпен айдап жатыр. Ағайындық ұғым адамдық ұғымға жол
берген... Гүлжиһан ше! Ол қандай күйде екен?! Мына қым-қиғаш
тартыстың ішінен тез алып кетсе, алыстағы қалада, театрлы, кинолы
қалада, жақсы киініп, жақсы тұратын қалада бірге жүрсе. Өзі ақылды,
өзі білімді, өзі домбырашы, əнші жəне сұлу. Əттең тек... бір көзі қырын
қарайды. Жұрт...»
Інісінің балық шанышқан қызығы да Əлібекке эсер етпеді. Ертеңгі
тұнық ауа көрінісі сұлу көл басы, алыстан шыққан күн де оның көңілін
көншітпеді. Өңі сұрғылт тартып, жолда бірер рет қана інісімен тіл
қағысып, тізбекке тізген сары сазандарды қолдасып ол үйге қайтты.
3
— Жаңа Сүлеймен əкеліп тастады мына хатты,— деді Балым кемпір
балықтан қайтқан екі баласына шайын əзірлеп жатып. Əлібек
шешесінің қолынан хатты ала-сала конвертін ашып жіберді.
«Шырақ!
Сен ауылға жүріп кеткелі, міне, бүгін бір жұмаға жуың уақыт өтті:
бір жұма ұзақ уақыт емес, алайда сенің қайда жүргеніңді анық білмей,
тек қана болжалмен сырттан пішіп отырған маған өте ұзақ уақыт
сияқты көрінеді. Оның үстіне осы бір жұманың ішінде өткен кейбір көз
тоқтатар жаңалықтар мен болып жатқан уақиғаларға қарағанда бұл бір
жұма бір айға, тіпті бір жылға да татырлық өзгеріс енгізді. Соған көре
сенің қаладан кеткенің аса алыс қалған сияқтанады, кеп заман хабарошарсыз жүрген шеттегі кездеріңе ұстайды, сағындырады, тезірек
оралуыңды керексітеді.
Ойлап қарашы: аз күнде көпті көріп, əлдеқандай əңгімелерге айғақ
болғанымызға мына төмендегі жайлар куə емес пе?! Сен кеткен күннің
ертеңіне-ақ кішкене қаламыздың бар ынта-назары Қазаннан келген
татар артистері мен олардың ойынына ауды. Атақты артист Оралский
мен Фатима ханымның есімдері қазір еңкейген шал мен еңбектеген
баланың аузында десе боларлық. Өркені өскір татар халқының əні мен
биі, əдебиеті мен мəдениеті біздің бесіктен бастап қаз-қаз тұрған
сəбилік заманымыздан бері бойға сіңіп қалған жан азығымыз ғой.
«Бибисара» мен «Ғалия Бану» əнін ұйып тыңдап, таңдайын қағып,
тамсанып қошеметтемейтін қазақ кемде-кем шығар-ақ. Бұл біздің үн
атасы Мұхиттың жан тулатар жарқын əндерімен барабар түседі,
миллат байлығы емес пе?! Ой, несін сұрайсың, Фатима ханымның
сахнада тұрған сұлу пішіні мен бұлбұл дауысы əлі құлағымда, əлі көз
алдымда! Олар əлі кеткен жоқ, əлі де бір жұмадай болады деседі. Ал,
келген күннің ертеңіне берген, берген емес-ау, ойнаған ойындары
бейне бір ертегі сияқты. «Бақыт іздеушілер» дейтін татар
жазушыларының шығарған бір пьесасы бар екен. Бұл пьесаның
уақиғасын айтайын ба, мағынасын айтайын ба, əлде ойнап көрсеткен
артистердің шеберлігін айтайын ба... Жоқ, мен мұны ауызбен айтып,
жə хатпен жеткізуге шамам келмейді. Мұны сипаттау үшін
Бейімбеттей жазғыш болу керек. Əжемнің ертегісімен ауызданып,
ауылдық мектептің берген тақыл-тұқыл білімімен ғана өмірге көз
ашқан біздің ады-бұдыр хат жазарлық өнеріміз мұны жеткізе сипаттай
алмайды, сипаттар еді — оған шамасы келмейді. Мұны сондықтан тек
əркім көзбен керіп, оз құлағымен тыңдауы керек.
Кел, Шырақ, тез кел!
Алда тағы да «Ғалия Бану», «Башмағым» пьесалары бар. Тезірек кел!
Біз Шолпан екеуміз барып көрдік. Хакім бір күн барды да, тағы да
тығыз қарайтын істері болып, кеш қолы босамады.
Шолпан демекші, сорлы Шолпанның басына бұлт төніп тұрады...
Бишараның арғы өмірін сен жақсы білесің ғой, Шыраң. Оның жас
кезінен бері тартқан хасіреті аздай-ақ, тағы бір ауыр уақиға кездесті
оған. Ойламаған жерден кездесті. Жұрт алдында, халық алдында... өте
ауыр уақиға. Мұндай нəрселерді хатта жазу да келіссіз. Бірақ, саған
шет-пұшпағын білу артық емес... Айтан əңгімеге ілінді. Бұл əңгіме қазір
тек Жымпиты қаласының ғана шеңберінде емес, одан тысқары
жайыларлық əңгіме болып кетпесе не қылсын! Əңгіме былай: анау
күнгі Кенжебаланың өгіз арбасына асылып келген кішкене
Құрмаштың елде апасы бар екен. Ол биыл он алтыдан он жетіге
қараған ғана бала көрінеді. Ал, осы баланы жасына жетпей, кəдімгі
Дабыл бай... тоқалдыққа алып қойыпты. Сұмдық! Алпыстан асқан адам
он алтыдағы қызды, есігінде жүрген панасыз қызды əйел еткен! Қай
жолмен, қалай «тиген» десейші! Қызды алдау, арбау, қорқыту, басын
айналдыру қазір өнерге айналып бара жатса керек. Жасынан жетім
қалған сорлы қызды жалмауыз кемпір сияқты бір бақсы əйел үш күн,
үш түн қараңғы үйде жападан-жалғыз ұстап: «Алланың əмірі,
пайғамбардың сүндеті, аруақты атаның бұйрығы, ата-бабалардың
тілегі деп есінен алжастырған. «Дабыл байдың əйелі болуды тағдыр да,
лаухел-махфуз кəламда жазған» деп бірнеше күн сарнаған... Ақырында
некесін қиып, жүйкедей баланың басына ақ жаулық тартқызып босаға
аттатып, не керек Дабылға «халал жұпты» еткен.
Осы қыздың ісін зерттеп келуді Айтанға тапсырған екен Хакім, анау
аңқиған байғұс бұзық ауылнайдың алдауымен «қыз өз еркімен тиіпті,
жасы жиырмада екен, заңға хилап жері жоқ екен» деп қорытынды
шығарған. Мұны біздің Хакім біліп қалыпты. Айтан Дабыл байдың
жүйрік жирен атын жегіп қайтыпты... Ол бишара мұны параға алды ма,
əлде оны алдап қолға түсірді ме, əйтеуір не керек, бұл іс укомның,
уаткомның алдына қойылған. Губернияға Хакім телеграмм беріп,
Айтанды орнынан босатуға санкция алған ба, қалай (мұны маған ашып
айтпады), əйтеуір қазір Ақбасов тергеуші емес. Шолпан адам бетіне
қарай алмайтын халде. Бұл сорлы əйелдің басына төнген қара бұлт
емес пе?
Шырақ, хатым ұзарып барады. Қысқартайын, айтайын дегенім бір-
ақ ауыз сөз еді жəне ол өзің мен Гүлжиһан жөнінде еді... Ал, мына
толып жатқан жаңалықтар мен оқиғалар əлденеше ауыз сөзге
айналып, бір бет жазудың орнына екі-үш беттік əңгіме болып кетті.
Есіңде ме, «Ақметшенің аманаты» деген сөзге Хакімнің құлағын тіге
қалғаны? Бұл сен келген күнгі шай үстіндегі əңгіме еді ғой. Міне, сол
əңгімені ұнатпағанын Хакім маған сен кеткен күннің етеңінде-ақ сөз
қылды. Ал, сенің «Ақметшенікіне кеткеніңді естіп, «осының бəрі сенің
ісің» деп мені кінəлады. Бұл қолайсыз кінəның немен тынғанын мен
айтпай-ақ қояйын, мұны кейін естірсің, өзің келген соң айтармын.
Сондықтан тез кел. Тез келмесең болмайды. Бұл əңгіменің аяғы келіссіз
жағдайға соқтырмаса деп қорқамын. Өйткені, Хакім... айтуға да аузым
бармайды. Уездік жастар комитетіне айтып қойыпты, мен «мұның
қаталдық» деп шыр ете қалып едім, «жоқ, бұл əділдік. Мен Əлібекті
жаудың қолына бергенім жоқ, өзінің Коммунистік жастар одағына
бердім. Солар шығарсын əділ билікті — тегі жат, ниеті жат адамның
қызына үйленетін болса ашық айтсын — уездік комитет мақұл дер ме
мұнысын, əлде теріс деп табар ма, көрсін» дейді. Бұған мен не айтам,
Хакімнің қорытындысына қарсы мен қандай дəлел, қандай күш көрсете
алармын! Сондықтан екеуіміз бұл əңгімені уездік жастар комитетіне
бірігіп түсіндірейік. Укомолдың хатшысы Хакім Мусин ғой. Ол саналы
азаматтарымыздың бірі. Түсінер, қолдар. Қызда, сенде не жазық бар
сүйгеннен өзге... Əңгіме ашыққа кетті, тез жетпесең болмайды. Мен көп
ойладым. Хакімнің бұлай етуі нағыз коммунистік қой деп ойлаймын.
Қорқатын еш нəрсе жоқ, əңгімені ашық қоямыз. Шешеме көп-көп сəлем.
Қайнаға мен жеңешеме, Кенжебалаға арнаулы сəлем.
Меңдіқыз.
17/VI. 28 жыл
Беті-қолын да жумастан, хатқа жармасқан күйі, Əлібек түрегеліп
тұрып оқып еді, ең соңындағы «Меңдіқыз» деген сөзге тірелгенде оның
хат ұстаған қолы төмен жылжыды да, көздері қарсы алдындағы
шапшаңдап ішін жарып жатқан Əділбек қолындағы сары сазанға түсті.
Бірақ ол інісінің не істеп жатқанына көз тікпеді білем, тұмсарған жүзі
онан да əрі асып, ошақ жаққа бқрылды.
— Не жазыпты?— деді Əділбек, басын жоғары көтерместен өз
ісімен болып.
— Амандық... Бəріңе сəлем айтыпты,— дей салды ағасы босаң үнмен.
Əділбек басын көтеріп ағасының қолындағы хатқа жəне оның
өзгерген пішініне бір көз тастап алып, қайтадан балығына кірісті.
— Амандықтан өзге де бір мəн-жай бар ғой шамасы, баяғы нанға
өкпелеп томсарып қалатындай бозарып кетіпсің,— деді ағасын
қырлап.
— Жұмысыңды істей берсейші...
— Дегенмен, Меңдіқыздың не жазғанын білу маған да теріс болмас
еді,— деп бір қойды інісі, ішін жарып тазартқан сазанның енді
пышақпен қабыршағын ашып жатып.
Əлібек үндемеді. Оның томсарған пішіні өзгеріп, енді қабағы
шытыла бастады. Əлденені тез ойлап, енді бір түйінге тірелген
адамша оның қыртыссыз жұқа маңдайы кештіғұрым шыбын-шіркей
толқытқан тымық өзеннің бетіне ұсап кетті, қабақ үстіне майда толқын
жиырылып, жіңішке қастар жұмарлана бастады.
«Орнынан түссе, тергеуші үйінде отыр екен ғой...— деген ой келді
студентке алдымен.— Не мағына бар қалаға барып!»
— Иə,— деді тағы да інісі оның ойын бөліп:— Сəлем айтыпты дейсің
бе Меңдіқыз? Əлик сəлем, сəлемет болсын. Басқа не жазады? Түнеу күні
жазға салым маған да тап осындай, бірнеше бетке толтырып ұзыннан
ұзыншуақ бір хат жазған. Жеңгеміздің тұла бойы толып жатқан ақыл:
«Кенжебала, сен оқуын керек. Бұл оқу аз. Сен қатарлы жұрттың бəрі
үлкен оқуға кіріп жатыр. Бұдан былай қарай үйлі-күйлі боласың да оқи
алмай қаласың», деп не керек баяғы оңу жөніндегі ұзын сүре
жазғанының бəрі. Мына хатында да саған ақыл айта ма, əлде Гүлжиһан
жөнінде ме? Көп жазыпты ғой... ойға салды ғой өзіңді жеңгең.
«...Хакім жастар комитетіне айтқан! Тапқан екен ақыл беретін
адамдарды! Жастар комитетіне айтса ана Шынғалиев оңдырар!
Ақметшенің ауылына бара жатқанның өзін сөз қылды. Егерде Əлібек
Ақметшенің қызына үйленеді деп есітсе Қауғабайлар жер-дүниені
басына көтерер: «Долой комсомолдан! Долой мектептен! Тегі жат
адамның қызын алған мырзаларға орын жоқ»— деп...
— Не дейсің, Əділ?— деді Əлібек інісіне.
— Не жазыпты жеңгең деймін.
— А, Меңдіқыз ба? Меңдіқыздың жазғандары көп. Оның бəрін айтып
жеткізерлік емес. Сен мені неге бозарып қалдың дейсің бе, Əділ? Мен
жүрмекші болып тұрмын. Соны ойланып қалдым.
— Иə, қалаға ма?
— Қалаға, Қызылордаға. Қызылордадан да əрі Алматыға.
Əділбек ағасының жүзіне қадала қалды.
— Ол жақтан хабар келіп пе, тез қайтсын деген?
— Жоқ. Хабар келмесе де жүріп кетуім керек. Бүгіннен бастап жол
қамына кіріспесем болмайды. Билетке литерім бар...
Əділбек басын шайқады.
— Маған берші Меңдіқыздың хатын. Оқиын.
— Оқисың ғой соңынан. Қазір қайтесің. Ана балығыңды арши бер,
— Балық аршылар да, балың ауланар да. Мен сенің күрт өзгерген
мінезіңе түсінбей тұрмын. Ал, Алматыға жүрдің. Гүлжиһанды қайтесің?
Əлібек сөзбен бұғалықтап бұлтартпайтын інісіне жауапты тез
тапты:
— Оңып жүріп кісі үйленбес болар,— деді ол қарсы жауап
қаттырмайтын ақылды ағалық үнмен.
Сан адам əйелімен келіп кинода оқып жүргенін, олардың
келіншектері де бірі курста, бірі орта мектепте оқитынын, кейбіреуі
тіпті жеңіл-желпі жұмыста жүргенін ол жақсы білсе де, Əділбекке
оңуды үйлену жолындағы өткелсіз өзен етіп көрсетті.
Аз ойланып тұрды да Əділбек те бет бермеді.
— Гүлжиһан да оңуға түсуі керек. Тап сол сенің əлгі болашақ
университетіңе түсуі керек,— деді ол шегелей сөйлеп.
Көптен бері ойлап жүрген ойының үстінен түссе де ағасы басын
шайқады.
— Сен, Əділ, еш нəрсені білмейсің. Бəрі елдегідей, мына жайбарақат
жатқан өмірдей деп ойлайсың. Онда — үлкен қалада, бірге тұруға үй
керек, үй болса — оның керек-жарағы тағы керек. Оқып жүрген
адамның стипендиясы тамаққа ғана жететінін сен көрген де жоқсың,—
деп еді, Əділбек оған ең соңғы тіпті жалтартпайтын ақылын айтты.
— Сары ағам екі жыл Мəскеуге кеткенде Меңдіқыз мына үйдің
екінші хозяйкесі болып отырған. Алып кел Гүлжиһанды, сен оқу
бітіргенше өз қолымызда болады. Мамама қолқанат жəне серік болады.
Құдайға шүкір жұрттан кем ұстамаспыз. Мен аман тұрғанда, мына
қара-құра шаруашылың барда аш-жалаңаш қалады деп ойламай-ақ қой.
Əкесі еншісін бермесе де Жүністің тұқымы жесірін баға білер. Сөз емес
айтып тұрғаның,— деді басын көтеріп алып. Сөйтті де: — мама, мына
балықты аршыдым, табаға салуыңа дайын,— деп шешесін шақырды.
Əлібек соз таба алмай қалды. Ағасын бұл жөнінде енді қайтып
аузын аштырмайын деген адамша Əділбек:
— Мама, Меңдіқыз келінің сəлем айтыпты, аман-ақ көрінеді, бұл бір
хабар. Екінші қуанатын нəрсең: мына балаң келіншегін алып келіп өз
қолыңа беріп кетеді. Сары ағам Мəскеуде оқып жүргенде Меңдіқыз екі
жыл үйде болып еді. Енді Гүлжиһан да сол сияқты. Əлібек оқудан
қайтқанша өз қолыңда тұрады. Келінсіз болмайсың, мама. Бұған қарсы
емессің ғой, а?!— деді ол құлағы тосаң тартқан үлкен кісіге даусын
қаттырақ шығара сөйлеп.
— Айналайын, Меңдіқызым. Адам ғой ол келінім менің. Сəлем
айтыпты дейсің бе? Өмір жасы ұзақ болсын. Екеуінің де өмірі ұзақ
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 20
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.