Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 09

Total number of words is 4094
Total number of unique words is 2004
37.7 of words are in the 2000 most common words
51.9 of words are in the 5000 most common words
59.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
таңдайы құрғақсыған Əлібек, шаруаның ұсынған қымызының
бетіндегі қара қиқымға да қарамастан, оның қымызға бойлата малып
келген шүбəлі бармағының түрінен де жиренбестен, бетін үрлей түсті
де, сіміріп-сіміріп жіберді.
— Жақсы қымыз екен,— деп ол аяқтағы қымызды орталай жерге
қойды.— Өте жақсы екен. Көптен ішкен жоқ едім.
— Несін айтасың бұл жарықтықтың,— деп қостады шаруа оның
сөзін.— Қаладан келген адамға жəне оның үстіне жол жүріп
шөліркеген адамға мұнан артық сусын бар ма?! Бұл тап сол бара
жатқан «Шеген құдықтікі». Бүгін қосшы бастығына бір торсығын ала
келіп едім. Осында бəрі талап ішті. Торсық түбінде қалғаны, жолаушы,
мына өзіңе бұйырған екен. Ертең бұйырса бұл қымызды сабаның
өзінен ішесің, қарағым.
Аяқ түбіндегі қымыздың қалғанын қайтадан сімірген Əлібекке ол
рақаттана қарап, тамсанып та қойды. Мұнан кейін шаруа сөзді неден
бастарын білмей, сақалының ұшын шиыршықтай түсті де:
— А, Хакең қалада ма? Үй іші аман ғой?—деп сұрады Əлібектен.
— Қалада. Мұздай қара-көк аман.
— О кісі келсе майталман, осы жердегі кедейлер бір жасап қаламыз.
Сондай əділ кісі ғой, жарлы-жақыбайларға көріне болысады,— деп,
шаруа Хакімді сырттан мақтай бастады.
Əлібек ойланып қалды. «Мына кісі езі ертіп барар аулына. «Шеген
құдықтікі» болса сөз жоқ Ақметшенің бір жақыны ғой. Ана болыстық
атқару комитетінің көзіне түсіп қайтем. Жүре берейін. Оларға
жолықсам қайда бара жатқанымды, не үшін бара жатқанымды сұрап
мазалайды ғой. Қазақ қазбалап біліп алмай тынбайды. Танымайтын
адамдарға жөн сұрасып, жөн айтып жатқаннан қиыны жоқ...»
— Сіз маған жол көрсетіп жібересіз бе, əлде өзіңіз ертіп барасыз ба
ауылыңызға,—деп сұрап еді шаруадан, шаруа:
— Мəжіліс қазір бітеді. Мен бастап барсам да, басқа барса да Қарекең
айтар. Əдейі бұрылып келген соң ол кісімен сəлемдеспесеңіз ренжиді.
Жəне сіздің ағаңыздың жақсы көретін адамы Қарекең. Күтіңіз, қазір
шығады,— деді.
Қайырып жауап қатқанша үйдегілердің бірқатары сыртқа шығып та
қалды.
— Қарекеңді білмейсіз бе? Атком Қарекең кəдімгі,— деді шаруа
таңданған пішінмен.— Шеттен келген бала емессің бе, қалай?
Қарекеңді білмеуіңе қарағанда басқа жақтікісің-ау байқауым. Ал атыңа
қарағанда...
— Қарекең деген көп шығар. Бірақ мұның қай Қарекең екенін қайдан
білейін, фамилиясын атамасаңыз.
— Қарабай Көзеев.
— А,— деді Əлібек енді түсініп.Қарабай Көзеев деген адамды ол
сыртынан білетін. Хакімнің оны əлденеше рет əңгіме еткенін есіткенді.— Иə, волисполком өзі осында ма?
— Анау, жаңағы ат басын тіреген үйде мəслихат құрып жатыр
пырзайдам.
Əлібек оның «пырзайдамының» президиум мəжілісі екенін аңғарды.
— Жақсы, ақсақал, мен бір сусын ішсем бе деп бұрылып едім. Жəне
«Шеген құдыққа» шығатын жолды сұрау үшін.
Шаруаның құлағы елең ете түсті.
— Əлде сен, шырағым, Хакімнің інісі боламысың? Күні бойы
қараймын: ат Хакімнің қара аты. Ал өзің де... құсайсың. Жəне «Шеген
құдықты» сұрауыңа қарағанда Хакімнің інісі Əлібек сен бе деп жорып
тұрмын.
— Болсақ болармыз,— деді Əлібек ағасының аты елге тегіс таныс
екеніне іштей риза болып.— Ал езіңіз қай жердікісіз?
— Мен сол өзіңнің сұрап тұрған «Шеген құдықтыкімін». Кəне, түс.
Мына үйге аялдай тұр. Бұл жастар комитетінің кеңсесі. Мен қазір
сусынды да, бəрін де реттеймін,— деп, шаруа Əлібектің тізгініне
жармасты.
Үйге ертіп кірді де, шаруа жүгіре басып қайта шығып кетті. «Өте
пысың адам екен» деп ойлады Əлібек оны.— Дəуде болса ауылдың
белсендінің бірі ғой. Əлде ауылнай ма екен?..»
Кешікпей шаруа үлкен бір зерең аяқпен ернектете толтырып қымыз
əкеліп Əлібекке ұсынды. Жиырма бес-отыз шақырым жер жортып,
таңдайы құрғақсыған Əлібек, шаруаның ұсынған қымызының
бетіндегі қара қиқымға да қарамастан, оның қымызға бойлата малып
келген шүбəлі бармағының түрінен де жиренбестен, бетін үрлей түсті
де, сіміріп-сіміріп жіберді.
— Жақсы қымыз екен,— деп ол аяқтағы қымызды орталай жерге
қойды.— Өте жақсы екен. Көптен ішкен жоқ едім.
— Несін айтасың бұл жарықтықтың,— деп қостады шаруа оның
сөзін.— Қаладан келген адамға жəне оның үстіне жол жүріп
шөліркеген адамға мұнан артық сусын бар ма?! Бұл тап сол бара
жатқан «Шеген құдықтікі». Бүгін қосшы бастығына бір торсығын ала
келіп едім. Осында бəрі талап ішті. Торсың түбінде қалғаны, жолаушы,
мына өзіңе бұйырған екен. Ертең бұйырса бұл қымызды сабаның
өзінен ішесің, қарағым.
Аяқ түбіндегі қымыздың қалғанын қайтадан сімірген Əлібекке ол
рақаттана қарап, тамсанып та қойды. Мұнан кейін шаруа сөзді неден
бастарын білмей, сақалының ұшын шиыршықтай түсті де:
— А, Хакең қалада ма? Үй іші аман ғой?—деп сұрады Əлібектен.
— Қалада. Мұздай қара-көк аман.
— О кісі келсе майталман, осы жердегі кедейлер бір жасап қаламыз.
Сондай əділ кісі ғой, жарлы-жақыбайларға көріне болысады,— деп,
шаруа Хакімді сырттан мақтай бастады.
Əлібек ойланып қалды. «Мына кісі өзі ертіп барар аулына. «Шеген
құдықтікі» болса сөз жоқ Ақметшенің бір жақыны ғой. Ана болыстық
атқару комитетінің көзіне түсіп қайтем. Жүре берейін. Оларға
жолықсам қайда бара жатқанымды, не үшін бара жатқанымды сұрап
мазалайды ғой. Қазақ қазбалап біліп алмай тынбайды. Танымайтын
адамдарға жөн сұрасып, жөн айтып жатқаннан қиыны жоқ...»
— Сіз маған жол көрсетіп жібересіз бе, əлде өзіңіз ертіп барасыз ба
ауылыңызға,—деп сұрап еді шаруадан, шаруа:
— Мəжіліс қазір бітеді. Мен бастап барсам да, басқа барса да Қарекең
айтар. Əдейі бұрылып келген соң ол кісімен сəлемдеспесеңіз ренжиді.
Жəне сіздің ағаңыздың жақсы көретін адамы Қарекең. Күтіңіз, қазір
шығады,— деді.
Қайырып жауап қатқанша үйдегілердің бірқатары сыртқа шығып та
қалды.
— Айттым ғой, мəжіліс бітті əне,—деді шаруа.— Əне Қарекеңнің өзі
де шықты.
Үй аралары жақын еді.
— Мынау Хакімнің қара аты ғой. Келген кім?— деген дауыс естілді.
Шаруа жалма-жан үйден шықты да, Əлібек жалғыз қалуды келіссіз
көріп, оған ере бұл да орнынан түрегелді.
Болыс басшылары байлаулы тұрған үй сыртындағы қара аттың
төңірегін қоршап та алған екен, үйден шыққан ат иесін кере сала,
қатқан арық қара кісі:
— Ал, бала, аман ба?— деді Əлібек сəлем беріп үлгіргенше.— Жол
болсын. Атты да, өзіңді де танып тұрмын, сен Хакімнің інісісің ғой? Е-ее, кескінің айтпай-ақ Жүнісовпін деп тұр.
Берер сəлемін жұтып қалған Əлібек ернін ғана жыбырлатты. Бұл
үнсіз сəлемі сірə оған жетпеді білем, арық қара кісі, оны міней бастады.
— Бала, сен өзің тұйықтау көрінесің. Хакімге тартпағансың. Əлде
бізді менсінбейсің бе, қалай өзі? Е-е-е,— деп көмейінен күліп Əлібекке
жақындай түсті.
Бірінші көрген адамға қалай жауап берерін білмей, Əлібек кідірістеп
қалды. Оның «бізді менсінбейсің бе?» дегені шыны ма, əлде қалжыңы
ма. Оны тағы анықтап айыра алмай састы.
Бізге, облыстық жастар комитетіне жəрдемге келдің бе? Алыстан
келген білімді комсомолдар қазір керек-ақ,— деп ол көптен таныс
адамындай Əлібектің иығынан қағып қойды.
«Мынау тірі бəле болды. Қайдан бұрылып едім...» — деген өкініш
келді Əлібектің ойына.
— Жоқ, ағай, жəрдемге келгенім жоқ, мен демалысқа келіп, тек
ауылды көре кетейін деп, үлкендерге, туған-туысқандарға сəлем беру
үшін бұрылдым,— деді студент сасыңқырап.
Арық кісінің қасындағы семіздеу келген қызыл шырайлы жас адам
кекете кірісті.
— Қареке, бұл жігіттің жəрдемге келмегені көрініп-ақ тұрған жоқ
па? Жақсы ат мініп, əдемі киінген сұлу жігіт жалаң аяқ
комсомолдардың арасында не бітіреді?. Біреуіне атын суартып,
біреуіне ерін ерттете ме? Əлде аристократтық салт-санаға үйрете ме?
— деді де кəріне жаратпаған пішінмен теріс айналды.
Əлібек қызара түсті. Ол не деуге білмей, тығылып қалды. Шынында
да мына қараша үйлер мен оның ішіндегі болыстың қызметкерлер
өзгеше киінген қаланың шылтнған студентінің қасында өте жұпыны
көрінді. Əлібек ішінен: «Менің мына түрім бұларға ақ сүйектің
баласынан бір де кем көрінбейді екен. Болыстық басшыларының сөзі
мынадай, ал қосшы кедейлер мен сорлының балалары көрсе: «Бай
баласы, бізден аулақ кет» деуден дүз жанбас. Бекер бұрылдым, бекер
бұрылдым...» деп бұрынғыдан жаман опынды.
Əлібектің бағына қарай, бұл ауыр сөз бен ауыр ойдан болыстың
жастар комитетінің хатшысы арашалағандай болды. Ол қатардағы
үйден жүгіре шығып:
— Уа, Əлібек! Ойбай-ау, сен бе едің Хакеңнің қара атына мініп
келген. Түу! Иə, жол болсын!— деп қос қолдап көрісе бастады.— Түу,
қандай болғансың! Неше жыл болды-ай көрмегенімізге? Биыл
төртінші жыл ғой, ə? Уа, өзгеріпсің, қатты өзгеріпсің.
Əлібек қуанып кетті. Ол Шынғалиевті құшақтай алды.
— Қауғабай, сен осында ма едің? Ойпырым-ай, мына ағайлар...
бұрын көрмеген кісілер. Түу, сенің мұнда болғаның қандай жақсы
болды.
— Иə, ал қай жаққа қарай?.. Қай жаққа қарай деппін-ау, бізге келдің
ғой. Бүгін ауылға шығып қонамыз. Ертең бір жиналысымыз бар. Жақсы
болды, бірге боласың.
Əлібек күмілжи түсті. Оған Қауғабайдың тап бола кеткені, мына
болатком ағасы арық кісі мен оның қасындағы семізше адамның
жайсыз əңгімесінен арашаласа да, бұл жігіттің де қырын қарар жағы
мол еді. Оның ойына қырың мысалдағы қасқырдың ауылға қашып
келіп, пана таба алмай сасқаны түсе қалды. Бұл мысал, əрине,
Əлібектің «қасқырлық» зұлымдығын сипаттар мысал емес те ғой.
Дегенмен... бұрын Жымпитыдағы жетіжылдық мектепте бірге оқыған
мына Қауғабай мен мұның дос құшағы қабыса қаларлық жағы да аз-ды.
Интернатта жатып тəрбиеленген Қауғабайлар сырттан оқып жүретін
қызметкерлердің інілері мен əлді шаруаның балаларын «буржуй» деп
санайтын. Шлем-тымақты, қоңыр мауыт шолақ пальтолы, бір ұядан
шыққан балапандай, қоп-қоңыр интернаттықтар түлкі құлақшын,
қайырма қара бөрік киіп шылтиған пальтолы мырзасымақтардан
көріне бөлек жайылып, бөлек топтала қалатын. Оның үстіне осы
Қауғабайды балалық жігітшіліктің есерлігі соңғы класқа көшкен жылы
табыспас жау етіп кеткен еді. Бұл оқиғалар, əрине, естен шығып та
үлгерген. О бір ақыл тоқтатпаған жылдардың, жас қораздың қоқаңы
тəрізді, шалалық көріністері ғой. Бірақ иті қыңыр жүгіріп, тергеушінің
үйінен, судан шыққан тышқандай, түңіле қашқан Əлібектің алдынан
қосшы-кедейшіл батырақ басшылар мен бастан өші бар Қауғабайдың
шыға келгенін қарасайшы.
— Қауғабай, мен асығыс едім. Сондықтан жиналысқа шақырғаныңа
рақмет айтуға тура келеді,— деді Əлібек, көріспей жатып көнекті
сырттан сұрай сөйлеп.
— Қой əрі. Жаз демалыста жүрген студенттің қауырт жұмысы:
күндіз қымыз ішіп, түн сауықтап көңіл аулап, сиыр түске шейін
ұйықтаумен жазды өткізу ғой. Біз сияқты, шала сауатты жастарды
күнде жинап, оңды-солын айыртып, қалғыған халден жұлқылап оятып
жатқан жан емессің. Ал асыға ғой, уақытың жетпесін; сонда ат
маңдайын туралап барар жерің қай Балқан?— деді болжаском.
Əлібек тағы да күмілжіді.
— Онша алыс жер емес... Сондай бір тығыз... бір жағы амалсызда
шығып қалдым осы жаққа...
— Үйлене, то-есть қайын жұртыңа шыққан жоқ па едің?! Жақсы ат
мініп жəне жақсы киініп деген сияқты!— деп кекете қалды Қауғабай.—
Дегенмен, біздің болыста бір күн болса да аялдайсың ғой, ə?
— Болыста, əрине, сіздің болыста, тек бір-ақ күн боламын.
— Əлгі Қарекең айтқандай: біздің болысқа келген кісі Ақметшеге бір
соқпай кетпейді деп. Сен əлде, Əлібек, бай жиендеріңе сəлем бере келе
жатқан шығарсың?— деп Қауғабай, не дер екен деген кісіше Əлібектің
аузын бақты.
Ақметшенің Жүнісовтерге жиен екенін бұл Қауғабай əуелден
білетін. Өйткені өзі осы жердікі жəне оз елінде қызмет істеп келе
жатқан жігіт. Жас болса да ауызға ілінген жанның түбір-тамырымен
жіктеп отыратын жас-ты. «Бəрібір ертең-ақ есітеді ғой менің
Ақметшенің үйінде болғанымды. Сондықтан Қауғабайдан несін
жасырамын? Жəне бұл ұрлық іс емес қой жаңын адамға сəлем беру»
деп ойлады да, Əлібек бұрынғы мектептес жолдасқа жөнін айтты.
— Жиеннің байын, кедейін таңдап жатқан мен жоқ, Қауғабай.
Ежелден біздің қарттың жақын көретін адамы болған соң, «кейінгі
жастар жақынды сыйламайды» деп айтпасын, сəлем бере кетейінші
деген оймен осылай бұрылғаным. Өзім елге — Шалқарға бара
жатырмын,— деді ол аузын баққан Қауғабайдың солбырлау келген
тарғақ өңді бетінен қостау іздестіріп. Бірақ алыстан қараған адамға
Хакім сияқты көрінетін бұл шашты, бойлы, келбетті жас жігіт ішкі
сырын көлеңкелей алмай, студентті қолдау тұрмақ, сықақ етуге дайын
тұрған-ды. Болкомның осы ірмек пішінін көре салып Əлібек оған:
— Қауғабай, сен менімен бірге «Шеген құдыққа» жүрсең қандай
жақсы болар еді. Əңгімеге əбден қандырар едің,— деп қарсы тілек
қойған болды.
Қауғабай басын шайқады.
— Бірге оқыдық, бірге өсіп келеміз. Алайда, замандастық көңілің
ауыр көрсе де айтайын: табы жат, тілегі жат еңбекшіні езіп келген
Ақметшелерге ел жастары қан сорғыш қанаушы деп қарайды. Өзі тап
орыстың ескі князьдары сияқты, имениесі бар, жерлі, мүлікті, малды,
қазақ ақсүйегінің, бұрынғы қара таяқ, қара қалпақты зиялы адамның
төрінде қонақ болып отырсам, мені жаңа заманды жаңа-жаңа таныл
келе жатқан жастарым кім деп ойлар еді?.. Арғы жағын айтпай-ақ
қояйын... Жиен сенікі. Жолың болсын! Бастап барар адам керек болса,
ана бір Таңқыбай деген қосшы сол ауылдікі, соған айтайын, ертіп
апарсын,— деді.
Болжаском үнінен қанжардың жүзінен де суық бір ызғар есіп кетті.
Əлібек түсі бұзылса да, сөз өңін қуартпауға тырысты.
— Солай ғой. Ел ішінде жаңа леп, жаңа ұғым туғанын жақсы
түсінеміз. Өзің айтқан «жиен сенікі» деген сөздің күшімен жолшыбай
төбе көрсете кету ғана. Əйтпесе... жақын тұтып мадақтау пікірден
аулақпыз... Ол шаруамен сөйлестім. Аты кім дейсің?..
— Аты Таңқыбай.
— ...Жарайды,— деді Қауғабай, оған қабағын түйе қарап. Сөйтті де:
— Ай, Таңеке, мына кісіні ауылыңызға ертіп барыңыз. Білесіз ғой кім
екенін. Алыстан келген студент. Ана атақты жиеніне сəлем бергелі
бара жатыр,— деп дауыстады Таңқыбайға.
Əлібек үндемеді. Бірақ оның түсі бұрынғыдан да қуара түсті.
— Жақын жер ғой. Жол да біреу. Жолды көрсетейін. Ал өзім бір
шаруам болып тұр... Бірге ертіп бара алмаймын,—деді жаңа ғана
Əлібекпен шүйіркелесе қалған шаруа көре көзге еріп жүруден қашып.
Əлібек атына мінді.
— Мына жол тура апарады. «Шеген құдықтың» үстінен түсіреді,—
деп шаруа оған ере түсіп, қолын шошайтып еді, бірақ оның сөзін де
естігісі келмеген Əлібек мойын бұрмастан атын тебініп қалды.—
Жолдың оң бетіндегі он шақты үй... Ең үлкен ақ үй...— деген сөз келді
оның құлағына.
— Қоңыр үйлерге өзі де жуымас, Таңеке, саспаңыз. Он екі қанат ақ
үйдің төріне лайық қажының баласы. Қара құрым жамылған қара қасқа
кедейдің қосына кіріп кетер деп қорқасың ба?!— деген Қауғабайдың
жіңішке даусы оның құлағына түрпідей тиді.
4
Бұрыннан да көп нəрсені ішіне түйіп жүрген Таңқыбай Əлібектің
түр сипатын ғана емес, оның өте мүшкіл халде кеткенін, болыстық
басшылардың, əсіресе, жастар комитеті хатшысының оған жаудай
түксиіп, сөзін тікенше қадағанын жадына мықтап жымқырды. Оның,
əрине, «жұмысы бар» дегені шығарып салу ғана болды. Кеңсе басы
əкімдерден арылған сағатта-ақ, ол да жалма-жан «Шеген құдыққа»
тартты. Жəне Əлібек кеткен жолдан төтерек — Жалған сайдың ішімен
шоқытты...
Таңқыбай көруге де өзгеше жан: бойы бейне он бес — он алты жасар
бала жігіттің бойындай-ақ, денесі де тап сондай талдырмаш, толысып
жетпеген бозбаланың денесі. Сыртынан қарағанда, оны тек үстіндегі
түйе жүн шекпеніне бағып үлкен кісі дерлік; ал алдынан көз тіккен
кісіге бір шөкім ғана сақал мен сеп-селдір мұрт көмкерген кішкене
аузы, шүңкиген беті, жұрыны бір елі, сары нəнкемен тыстаған төбесі
шошақ бөркі оны түлкі еліптес етіп тұр. Тесе қарайтын кішкене көздері
де бұл елібін баса ұқсатқан.
Ол жəне өте пысық жан. Жаратылысында кешеуілдеп жұрт соңында
қалып көрмеген Таңқыбай қосшы ұйымы шығады деген дақбыртты да
бірінші боп естіген-ді. Ол ұйымға бірінші болып та «Шеген құдықтан»
сол жазылды. Ал қосшы ұйымына мүше болғаннан кейін ол болыс
кеңсесінің төңірегінен шықпай қойды. Бұрыннан да жұмсай қоюға
«атқа жеңіл құбаша» Таңқыбай болыстық қосшыкомның тура оң қолы
сияқтанып кетті: қосшы мүшелерін жинау оның басыбайлы сыбағасы,
ал керек жерінде уезге шаптырып алуға бүтін болып қол астынан
Таңқыбайдан қолайлы жанды іздесе де таппас еді. Таңқыбайдың
үйінде болуы көп пе, кеңсе басында жүруі басым ба?— деп сұрар жан
болса: үйіне қонып шығуға да қолы тимейді,— деген жауап алар еді.
Таңқыбай сөзге де ұста. Болыс кеңсесінде, қала берді уезде не болып
жатқанын ауыл адамдары Таңқыбайдың ертектей сайлы етіп айтатын
əңгімесінен қанады. Бірақ жұрттың көбі мал басында, егін үстінде, шөп
төңірегінде болады да, көбіне-көп оның əңгімесін тыңдайтын біренсаран шалдар мен Ақметше. Неге екені белгісіз, Ақметше одан əдейі
арнап əңгіме сұрамайды, ол өзі айтады. Ұсынған бір тостаған қымызды
ол басқа жұртша көтере салып жұтынып отырмайды, оны шайқапшайқап алып дəмін татады да жерге қоя сала əңгімеге кіріседі. Жəне
бір ғажабы: Ақметше оның өмірде сөзін бөлген емес. Əлденені ойлап
отырған, ойы аса алыста жатқан адамша жүзі далада, тек құлағы ғана
Таңқыбайда. «Неге бұлай?» деп монжайын анықтаған да емес,
айтқанының бəрін тыңдайды да отырады.
...Біздің қосшыкомның мəжілісі сондай қызу өтті — қызыл шеке
керіс болды. Байларға бір түйір, жалғыз түйір де жер бермейміз деп
шештік,— деп бастайды ол əңгімесін. Болмаса:
— Уездік қосшыкомның ағасы болып баяғы қу сирақ кедей пұшық
Əбілдің баласы Құспан сайланды дегенде, бір ду қол шапалақтадық.
Біздің сорлы кедейлерге де теңдік тиді деп есептедік,— дейді ол
Ақметшеге қарап қойып.
Ақметше бірақ Таңқыбайдың неге қуанатынын сұрамайды. «Бір
түйір жер» бермеуіне де көңіл аудармайды. «Бəрі де дұрыс шығар,
Ақаңдар біледі ғой» деп ойлайды Таңқыбай.
Таңқыбай Ақметшеге ағайын. Ақметше бұл ауыл түгіл, осы елге тегіс
ағайын, білімді ағайын. Баяғыдан бері жұрт оған «Ақаң білсіннен» өзге
лебіз айтып көрген жоқ...
Сол Таңқыбай күндегі əдетінше, атын келген бойы үйінің арғы
жағына — қазан жақ белдеуіне байлай салды да, Ақметшенікіне қарай
аяңдады.
Ақметше үй көлеңкесіне текемет жайдырып, оның үстіне кілем
төсетіп, оқудан қайтқан қызына домбыра тарттырып отырған.
Соңғы үш қыс Гүлжиһан Жымпиты қаласында оқумен бірге музыка
сабағын да алып келген-ді. Оқытушысы жер ауып келген бір үлкен
адам рояльді меңгертіп тастап еді. Қазір қырда, киіз үйде қызының
роялі жоқ, оны қаладан əкелу де оңай емес жəне əкесі: «қыс қайта
оқиды, сол жерде тұрғаны да жөн»,— деп алдырмаған. Оның үстіне
соңғы жылдарда көбіне-көп сөйлеуден бас тартып, ойға молырақ
батыңқырай бастаған Ақметше ұдайы жазумен болушы еді де, кей кез
кештің бір қоңыр күй тілейтін тыныш шағында домбыра тыңдауды
əдеттеніп еді. Бұрыннан əнді жақсы салып, домбыраны əжептəуір
шерте білетін Гүлжиһан өзі келгеннен бері орта жастан ауған тұйық
əкенің тұнжыр көңілін он екі перне, екі шекпен əлдилейтін. Бүгін де
көлеңкеде отырып, Ақметше өзінің көңілі көбірек қолқалайтын «Көбік
шашқан» күйін шерттірді. Оның қара сұр жүзі сұрлана түсті — құлағы
домбыра үнінде, көңілі алыста... Қиял теңізіне шомды.
...Бурыл шашты қарт теңіздің кəрі жыны ұстап, көк зеңгіл беті қара
қошқылдана қалғандай. Домбыраның буынған сағағынан құдіретті үн
мейманасы асқан өр көкірек судың бұлтпен кеуде соғыстырғанын
дүңкілдеткенге ұқсайды; иықтап-иықтап, арпалыса қалған дүлей күш
жығылып тұрып, қайта алысқан сияқты күмбірлейді; бір кез
дүрілдеген зелзала бой бермей шапшиды — ойдан өрге, теңізден төрге
ғарық апаты алып кеткен тəрізденеді; əлді де, əлсіз де «япырым»
құшағында: сеңдей соғылысқан адам мен мал, жанды мен жансыз
жапырыла жығылып ағын мен айдау жолында кете барады. Түйсінген
табиғат астан-кестен дүниені шайқалтып-шайқалтып жібергендей
ышқынған үнінен бой түршігіп кетеді...
«Данышпан шал. Табиғат апатын көз алдына алып келеді. Мұндай
топандар жаратылыс əлемінде ғана емес, адам қоғамының төрінде де
кездесіп келеді: ағылшын революциясы, ұлы француз төңкерісі. Орыс
перевороты...»— деді Ақметше ішінен төмен қарап отырып.
Ол Таңқыбайдың əңгімесіне құлағын да салмаған сияқты. Жалғыз-ақ
Гүлжиһанның таңданғандай оған қарап қалғанына бағып:
— Қонақ келсе үй бар ғой, Гүлжан,— деді.
Əкесінің «Əлібек келе жатыр»,— деген хабарға, «болыс кеңсесі
басында Шынғалиев оған найза салғандай сөз айтты» деген
сескенерлік жайға да құлақ ілмегені қызына да тосырқау салды. «Үй
барын білемін ғой»,— деген жауап берді əкесіне қыздың төңкерген
көзі. Бірақ қызының ойын көзі түгіл қабағының қаққанынан да ұғатын
Ақметше:
«Алыста жүрген жақынды алып келу оңай, ал жақында жүріп жат
болған көңілді жуықтау екіталай іс»,— деген сөзді əзірге тауы
шағылмаған қызына қатты тиер деп паш етпеді. Ол тіпті аузына келіп
қалған: «Жау қамалына барлауға келе жатқан жан болса не еттің? Бірақ
қазір жауды жауша қарсылар да шаң емес, қызым»,— деген ащы
ғақылдан да бас тартты. Ол тек мұның бəрі басты жұмыс емес қой —
мұнан əлдеқайда тереңірек жатқан сырлар бар, соны байқау керегірек
шығар деген адамша, жауап тілеген Гүлжиһанның мөлдір көзінен
жүзін аударып:
— Мына қағазды Тəжімұратқа бер,— деді төс қалтасынан төртке
бүктеген қағаз суырып, оны Таңқыбайға ұсынып.
Таңқыбай қағазды ішкі қалталарының біріне сүңгітіп жіберді де,
тостағандағы қымызды тауыса сімірді. Сіміріп болып бет сипады да, ол
келгендегідей жинақы əрі пысық адыммен үйіне қарай жөнеді.
Қағазды қашан апару керек, жауап əкелу қажет пе, мұны ол анықтап
жатпады, оған бəрі белгілі, бəрі орынды іс сияқты: кеңседен келген
бойы үйіне де бас сұқпастан тура келіп, бір тостаған қымыз үстінде
Əлібектің келе жатқанын сипаттап еді, ал енді тапсырар қағазды ала
салып барар жағына асықты.
Кетіп бара жатқан Таңқыбайды көзімен ұзатып, əлде не бір ойға
бөгелгендей болды да, Гүлжиһан тағатсыздана бастады. Қабағын
шытып, жалма-жан домбырасын үйге алып кетті де, кешікпей қайта
шығып, үйіне жетіп қалған Таңқыбайға тағы да бір көз тастап алып:
— Ертіп келуге бата алмағаны ғой,— деді, қыз қаңбақтай дөңгеленіп
бара жатқан бұл тынымсыз адамға ілік қойғандай зілді үнімен.
Бұл, əрине, қыздың іштей тағатсыз күткен Əлібегіне сый-сыяпат
көрсетіп, қарсы алу керек дегені еді.
Шаруаның ертіп келмегенін Ақметше «ақылдылық» деп есептеп еді.
Қосшы комитетінің мүшесі Ақметшенің қонағын қошеметтеп жүруі,
оның кеңсе басындағы жолдастарына байшылдық, ескі бишоралардың алдында құрдай жорғалағандық болып көрінер еді.
Осыны ойлап жəне қызының көп затты болжай алмайтынына қарай
Ақметше ауыр да болса терең ой салды. Ол осы күні ауылда болып
жатқан істердің топан келбетті екенін суреттей келіп:
— Ақылды бала əкеге еліктейді. Əкенің не ойлайтыны байқағыш
баланың шамалауынан аулақ жатпайды,— деді ол қызына қарамай
жердегі əлде не бір қарайған қоңыз сияқты жəндікке көзін тігіп.—
Мұны мен саған да, Қаршығаға да ескертем. Сен жаңа ертеңгі. əлемде
сұлу, құлаққа жұмсақ, ойға толы «Бал қаймақ» жырын шығарған күйші
шалдың нөсер «Көбік шашқанын» тарттың. Бұл зелзала қаптаған
дүниенің сұрапыл сүдінін көзге алып келеді. Мен сонымен көбірек
ойлансын, үн ойранына құлағын тосыңқырасын деген пиғылмен
тартқыздым. Əдейі жұмсақ, шаттың күйден өзге, ашық аспаннан басқа,
ауыр күй де барын, тұнжыр, бұлты қалың көк те барын сезсін дегенім...
Əкенің қар ұшқындатқан үскірік лебізі қыз арқасын шымырлатып
жіберді. Ол ауылдың өмірінде не өзгеріс болып жатқанын бұлдыр ғана
топшылайтын, əсіресе, соңғы кездегі əлді мен əлсіз боп екіге жарылған
елдің бітімге келмес тартыс майданында тұрғанын жас қыз Гүлжиһан
тұрмақ, күнбе-күнгі саяси жұмыстың бір құлағын ұстап отырған
Хакімдердің «көзі ашық» əйелдері де мықтап сезе қоймайтын. Ауылға
шығарда да, онан бұрын да Меңдіқыздың бар ойы Гүлжиһанды өзіне
тартпақ еді. Екі сөзінің бірі Əлібекке Гүлжиһан, Гүлжиһанға Əлібек
қана тең екенін құлаққа сіңіре бергенін қыз жақсы аңғарған. Ал сол
ынтық шақты жақындатуға шыққан Əлібекті неге «адасып келе
жатпағай,— дейді? Əкесі əлді болғанда, оқыған ғалым жан болғанда
қыз тағдырына не бөгет? Келе жатқан жастың алдына қара түнек
орнату неге керек? Оны шаттық көңілімен қарсы алу емес пе еді қыз
арманы...»
Өмірде əкесінің сөзін бөлмейтін Гүлжиһан десбісінен жаңылғандай:
— Папа,
қойшы,
қойыңызшы.
Ашық
күнді
бұлтқа
айналдырмаңызшы. Менің ойым да, айтқан сөзім де бұл
айтқаныңыздан аулақ жатқан ой мен лебіз,— деп салды.
Ақметше тұрып қалды. Ол басын жоғары көтерді де, бірақ жүзін
қызынан басқа жаққа бұрып кетті.
— Жақсы олай болса, Гүлжан,— деді Ақметше аз кідіргеннен кейін.
— Қонақты қалай қарсылауды өздерің де білетін шақтарың жетті.
Қаршыға мен екеуің ол... жас нағашыларыңды отауға түсіріңдер,
шайды да сонда беріңдер, асты да... асты осында жегізерсіңдер... Сен
менің бастапқы сөзімді бөліп жібердің. Бұлтты мен емеспін, қарағым,
қалыңдасын деген. Бұл жөнінде əңгіме басқа. Сен ана Таңқыбайды
«қонақты ертіп келмеді» деп кінəлағандайсың, Таңқыбай дұрыс
істеген. Ол заман сазын, заман үнін жақсы айырып келе жатқан адам.
Ол өмірде не болып жатқанын əбден ұғына бастаған жан. Мұны сен
байқауға тиіссің. Осы атыраптың қожасы түбі Таңқыбай болады.
Сондықтан оның ақылы мен ісіне баға бермей болмайды.
Асыққан Гүлжиһан:
— Жақсы, папа,— дей салды.
Ол Таңқыбай қандай адам екенін ойлағысы да келмеді. Алыстағы
шаруа жаққа қолын бір-ақ сілтеп, өз ісімен шұғылдана бастады.
Үйге кірген əкесінің ізінше қыз көлеңкеге төселген сырттағы
киіз,кілемдерді қызметкер əйелге жинаттырып, өзі отау жаққа кетті.
5
Семізше адам мен Қауғабайдың сөзі Əлібекке найзадай тиді. Ол
кеңсе басынан əрілеп кеткенше де, бұл өңменінен өтерлік сөздер
құлағына ап айқын келіп тұрған сияқты.
«Қазақтың ақсүйегіне қонаққа бара жатыр... Князь жиеніне сəлем
береді...»— дейді.
«Бұл қандай өшігу? Бұл қандай жек көру? Жақсы, бай-бекзатты жек
көрсін. Қанаушылығын бетіне бассын. Ал сонда оны жердің бетінен
құртып жібере ме? Үйіне бармай ма? Сəлемдеспей ме? Асын да жемей
ме? Қарсы келсе бұрылып кете ме? Қызын алмай ма? Оған қызын
бермей ме?..»
Əлібектің есіне мектептен «бай баласы» деп шығарған Ғали
Ақметов түсті. «Солай екен!,— деді ол өзінен-өзі.— Мен өсер екенмін.
Тегі жат деп бар жерден аулақтатып жатқанда, мен сол нағыз байбекзаттардың тап жауы — қосшы кедейлердің алдында Ақметшеге
сəлем бере бара жатырмын деп ағымнан жарылдым. Шынында менің
кім болғаным?.. Өзі оқыған зиялы, өзі дəулетті адам жиенім еді деп
үйіне сəлем бере келе жатқаным не? Бұл есерлік, нағыз есерлік. Мені
мектептен бай баласы деп шығармаса да, байдың тілегін тілеуші,
денсаулығын сұраушы деп кінəлауға мүмкін. Мүмкін емес — міндетті,
бұлай айтуға ақысы бар. «Сен жə бұлай, жə бұлай шық» десе жолдастар
— мұнысы əділдік... Түу, енді не істедім?»
Əлібек ұзақ уақыт тізгінін бос қоя беріп ойланып келе жатты да:
«Бəрібір, не болса да болды. Мен қазір бұрыла сала ауылға қарай жөнеп
бергенмен, Қауғабай мені Ақметшенікінде болған жоқ демейді.
Əуелден жек көретін адам, ол мені ақтай қоймас. Мейлі не болса да
көріп алдым. Бүгін «Шеген құдыққа» қонайын да, ертең ертемен
ауылға асайын»,— деп шешті.
Бірақ Əлібекті «Шеген құдық та» құшақ жайып қарсы алмады.
Он екі үй жамағайыннан оқшау отырған Ақметшенің отаулы үйін
Əлібек ешкім қол шошайтып көрсетпесе де танырлық екен.
Үлкен үй мен отаудың сырт көруге басқа жұрттың отаулы үйінен
айырмасы үлкендігінде де емес, ақтығында да емес, айналасындағы
қора-құрасында болып шықты.
Бір бүйірден келіп шыққан Əлібек отаулы үйден шеткерірек тұрған
қора сияқты жабындыны көпке дейін айыра алмай, жақындаған соң
барып оның шатыр екеніне көзі жетті. Араларының алшақтығы бірдей
қатарынан орнатқан он шақты діңгектің төбесіне брезенттен шатыр
керген. Əр шатырдың түбінде бір-бірден жем астау. Жем астауға
біріне-бірін қарсы байлаған құлынды бие. Күн еңкеуден төмендеп
кетсе де күндізгі ыстық əлі серпілмеген. Бірақ үлкендігі кіші-гірім
кебендей-кебендей шатырдың астында тұрған биелер шыбындап
құйрығын да сирек серпетін сияқты. Жəне бұл жылқылардың түрі де
жуан құйрықтарымен бүйірін сабалап жер тепкілеп тұратын қазақтың
қара байыр биелеріндей емес, шекесінен қараған кербез жандар
сияқты тік сирақ, қаз мойын бірдемелер.
Одан əрі сайдың алқабында ағаш, ағаш түбінде биіктігі кеудеден
келетін құдықтың шегені көрінді. Оның бəрінен де көзге оттай
ұшыраған, тап əнеукүнгі жолда кездесетін ұзын қараның жегіп
жүргеніндей, қамшыдай қатқан қос қызыл нар болды. «Мынау кəдімгі
Ақметшенің нарлары,— деді Əлібек ішінен.— Жылқының түрін қара,
ол жылқының күтімінің түрін қара! Мына шатыр астында тұрған
құлынды биелер қымыз үшін ұстап тұрған жылқылар ғой шамасы.
Жем беріп, шөп жегізеді екен жаз күнінде,— деп басын шайқады ол ат
үстінен, көзін байлауда тұрған жылқылардан алмай.— Мынаны князь
демегенде не десін...
Үй төңірегінде қыбырлаған мал да, жан да көрінбейді. Жылқы
шатырлары мен құдық бір көрінім жерде тұр. Тəртіп пен тазалық
орнаған жер екен. Үй іші қандай? Гүлжиһан... қандай екен?» деген ой
жалғасып оның дүбірлей бастаған жүрегінің мазасыз соғысын одан əрі
дүрсілдетіп жіберді.
Үлкен үй мен отаудың ат басын қайсысына тіреуге білмей ол
алысырақ тоқтап, екі жаққа да тең шамада тұрып қалды. «Дыбыс беру
керек пе? Əлде аттан түсіп жаяулау жөн бе? Қазақтың ең ескі əдетіне
жүгінсе: нағашының жолы үлкен, нағашыға аттан түсу шарт емес, тіпті
тақап келіп үлкен үйдің өз сыртына тоқтауға да болады. Бірақ... жас
адамға... оның үстіне...» Əлібек ойын жұтып қалды.
Ол аттан түсе қоймады. Алайда, бұл көзге түсерлік-ақ жақсы атты,
салтанатты жігітті көре қойған да ешкім болмады. Аздан кейін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 10
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.