Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 34

Total number of words is 4035
Total number of unique words is 2167
36.2 of words are in the 2000 most common words
50.9 of words are in the 5000 most common words
58.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
председательдің соңынан Башмаков балаша қорбаңдады.
ОНЫНШЫ ТАРАУ
1
Сырт қарауға тəкаббар дерлік, кербез пішінді, əрі келбетті, тіпті бір
қарағанда өзінен кіші адамға иілмейтін адам сияқты, айбарлы Сəкен
көп жерде бота мінезді жан: əзіл-қалжыңға да бейім көз құйрығы жиіжиі жұмсақ шырайға көше береді.
Бүгін ол дəріс соңынан қаумалаған студенттеріне кілт қабақ қатып
алды да:
— Жүнісов, берірек кел. Сен бүгін неге қашқақтап шеткері тұрсың?
Қабағың да қалыңдай түскен бе қалай? Əлде бір нəрсеге сен де ренжіп
қалдың ба?— деді ұстаз ақын.
Сөйтті де өзінің байқамай «сен де ренжіп қалдың ба?» деген сөзіне
басын шайқады. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» дейді қазекең.
Тауып айтқан. Бүгінгі өз қабақ шытқанымды ауыздан шығарып
алдым...
Əлібек бұл сөздің астары барын аңдаған да жоқ. Өзінің түйіліп
тұрғанын сезіп, күтпеген жерден оның себебін сұраған үлкен адамнан
қысылып қалды, жауап та таба алмай састы. Не демек? Не демек? Мені
комсомол комитетінің бюросы тезге салмақ демек пе? Əлде, бəрін
мойындап: өзімде де кінə көп, жайыма жүрмей сары уайымға салыну
неге керек еді? Онымен қоймай мұны — жеке басымның мұңын
өлеңмен шағынғаным теріс еді демек пе? Міне, енді илейтін терідей
малмаға салып малшылап-малшылап алғалы жатыр, деп шағынбақ па?
Ол:
— Сəкен аға, жəй əншейін. Еш нəрсеге де ренжігенім жоқ,— деп
міңгірледі...
Жолдасының жасырғанын қоштамаған «философ» ашып айтуға
кірісті.
— Дəл байқадыңыз, Сəкен аға. Қабағы қатыңқы, оның себебі бар.
Себепсіз өзгеріс жоқ. Ескі сынып, жаңа бөртіп келе жатқан заманда
нəзік сезіммен түк сезбес көнтері болып қалған топас ойлар да алыса
түспек қой, Сəкен аға. Əлібектің «күйрек» өлеңін бюрода күйретпекші.
Əрине, өзіміздің комсомол комитетінің тезімен түзетпек... Сын кіріп
келмесе, төрге шығып кеткен мін ығыса қоя ма! Осы жай Əлібек түгіл
менің де көн қабағымды тыржита бастады.
Сəкен құлағын тіге қалған еді, мына жастар арасында философ
атанған жігіттің сөзіне екіұшты сезіммен қабағын шыта бастады.
— Солай ма еді? Мені де шақырып еді комсомол. Осы жөнінде болды
ғой. Імм! Сын кіріп келмесе төрге шығып кеткен мін ығыса ма дейсің?
Бұл бір аталы сөз екен. Осы күні «сын түзелмей, мін түзелмес» дегенді
айтушылар да бар. Бұл қазақтың: «Жібекті түте алмаған жүн қылады,
қатынды күте алмаған күң қылады» деген даналығына сəйкес...— деп
Сəкен сөзінің аяғын жұтып қалғандай кілт тоқтап, əлденеге қабағы
қатулана қалды.
Ол аз ойланып сөз саптағандай болды. Сонсоң тамағын болмашы
ғана білдірмей кенеп:
— Жігіттер!— деді келісті жүз, ақылды көзге лайық əдемі қоңыр
үнмен: — Жəңгір ханды білесіңдер ғой. Қазақтың соңғы хандарының
бірі Батыс Қазақстанда дəуірлеген. Сол Жəңгірдің он екі биінің бірі ер
Исатай басқалардан мойны озық қалпын ат үстінде де сақтайды екен.
Аты да өзіне сай атақты Ақтабан дейтін ат болған. Аяңы желіске
бергісіз, желісі — шапқан атты алға салмайтын жануар екен.
Сондықтан əрдайым үстіндегі батыр денелі, нарттай көрікті, асыл
туған иесі басқалардан оқ бойы ілгері отырады екен деседі. Бір күні
хан барлық нөкерімен, он екі биімен ат үстінде келе жатса, қасындағы
тілі ащы жəне Исатайға өш бір биі: «Тақсыр, жез қарғылы қызыл тазы
сияқты, осы Исатай алдымызға түсе беретіні несі? Тым болмаса хан
алдына шығып көлбеңдей беруін қоймай ма?»— депті. Исатайдың
алдына шыға беруі ханға да ұнамайтын «қылық» болса керек. Жəңгір:
—«Əй, Исатай, бері кел! Жез қарғылы тазы сияқты осы сен неге алға
шыға бересің?»—депті-міс. Сонда Исатай: — «Сөзіңізге құлдық, алдияр,
тауып айттыңыз, тап сондай. Бірақ қысылмаңыз, алдыңызда жез
қарғылы тазыдай мен келе жатсам, соңыңызда жалбаң-жұлбаң шауып,
о жағыңызға бір, бұ жағыңызға бір шығып, арсалаңдап, жалбарынып он
бір төбетіңіз келе жатса, сізді қай құдай алар деп қорқасыз?»— деген
екен. Сол сияқты, қай кезде де, қандай жағдай болса да, біреудің
шашбауын көтеріп, арсалаңдап шаба беруден аулақ болыңдар.
Философ Жақия басын шайқады. Басқалары аузын ашып ыржия
күлісті. Ал, Əлібек тұнжыр қалпында қалды. Дəріс үстінде де, мына
жайбарақат əңгіме кезінде де жүзінен ренжу кетпеген шəкіртін
бақылап, сынап тұрған Сəкенге бұл қатты ой салды. Əлгіде ғана көз
құйрығы күлкі шырайын төгіп тұрған ақын өзі де тез тұнжыр қалыпқа
көшті.
«Күйрек өлеңін бюрода қарайды... Күйректік əрине, біздің
қаһармандық заманға сай сезім емес. Алайда, Əлібектің күйректігі
болып жатқан нашар істердің, асыра сілтеушіліктің салдарынан туған
ауыр жағдайлардың əсері. Əлібек мұны көзімен көріп келді. Бір ғана
көрген жоқ, бірнеше рет елге шықты. Бір ауданға ғана барып қайтқан
жоқ, əлденеше ауданның сипатын өзіме əңгімелеп берді. Сорақы істер,
қайғылы халдерге соқтықтыратын, соқтырып та жатқан жайлар мол...
деп ойлады ақын комсомол бюросының мəжілісінде отырып. Ол
бірінші мəселерге аса зейін қойып тыңдамады, ал, Əлібек мəселесіне
келгенде қабағын түйіп жинақтала түсті.
Бізде жетістік көп, ауыр кəсіпорындарын құрдық, Қарағандымыз
үшінші көмір кочегарына айналды. Балқашымыз мыс қазаны болды.
Эмбамыз нефті байлығын шалқытса, Өскеменіміз темір рудасын
ақтарып жатыр. Толып жатқан заводтарымыз бен фабрикаларымыз
түтінін будақтатты. Енді осыған сай ауыл шаруашылығы коллективтік
жолға түсе бастады,— дейді секретарь жолдас.
Солқылдата соғылсын,
Бесжылдықтың балғасы.
Арқырасын асаудай,
Өндірістің арнасы,—
деп жас ақын, екпінді ақын Тайыр Жароков жаңа заманның жарқын
бейнесімен жоғары өрлеген қайсар қарқынын суреттесе, біздің мына
алдарыңызда отырған Əлібек Жүнісов күйректік, жылауықтың,
сарыуайымшылдыққа салынады. Алдыңғы жылы кəнпескеленген
шынжыр балақ, шұбар төс, Ақметшенің қызына ғашық болып, бірақ
комсомол комитеті сөгіс бергеннен кейін одан безіп, безгенмен
мұңайып, тұнжырап, аспан жерге түскендей, жер төңкеріліп кеткендей
зарығып жазған «Қап-қара бұлт көкті қаптап келеді» деген сұрапыл
өлеңінде:
Жерде толы, көкте толы жай оғы,
Махаббат пен жырға тимес қай оғы?! —
деп дүниенің бəрін жай оғына сұлаттырып еді. Енді бүгін:
Қасіретсіз тəтті ұйқы,
Көп заман маған болды жат.
Толар-ақ солған тəн сиқы,
Жан бұғаудан болса азат,—
дейді. Бұл қалай? Тəтті ұйқыдан айрылған кім? Жаны бұғаудағы
адам қайсы? Бұл əрине, менің ойымша жақсы сарын емес. Бұл осы күнгі
өмірімізге қарсы кеткен сарын, бұл іштей тулаған наразылық. Бұл онан
да зор... Міне, сіздердің пікірлеріңізді есітелік деп ортаға салған мəселе
осы,— деді Нақысбек.
Нақысбек қадап, нықтап сөйлейтін жас болғанмен, сол айтып тұрған
сөзіне өзі күліп тұрғандай жүзі кəрсіз, сөзі зəрсіз жұмсақ мінезді еді.
Қазір де комсомол комитетінің хатшысы саяси мəн беріп, үлкен
айыпқа қарай төндірген сөзінен кейін Əлібекке əдетінше езу тартты,
бұл жай қадала қарап, түйіле тыңдап отырған бюро мүшелері мен
оқытушылар атынан қатынастырған Сəкеннің алдында кешірім
сұрағандай əсер етті. «Ерке баласын əкесі ақырын ғана құлағынан
тартып қоюшы еді, мына жігіттің де қатты сөзі жай құлақ тарту болды»
деп ойлады ақын. Бірақ ілесе сөз алған бір бюро мүшесі комсомол
секретарының меңзеген шегесін балғалай түсті.
— Қазір салт-сана майданы күйректікті, солқылдақтықты, зарығу
мен торығуды көтермейді, өйткені тап тартысы шиеленіскен шақта
бізге қайыспас қайраткер керек. Қаһарман іске қаһармандарша
қимылдайтын болат жандар керек. Біз болат жандарды дайындаймыз,
дайындап та жатырмыз. Алдағы күнде дайындай бермекпіз де. Неге
десеңіз шиеленіскен тап тартысы бір күнде, болмаса бір айда, тіпті бір
жылда біте қоятын тартыс емес, ол ұзақ тартыс. Ал, осыған орай біздің
ертең институт бітіріп шығып, келешекте құрыштай берік, алмастай
өткір, табаны мұзға таймайтын буыршындай табанды жаңа ұрпақты
тəрбиелейтін болашақ учителіміз, болашақ ұстаз не жазып отыр?
Нақысбек сұрақты дəл қойды. «Жаны бұғаудағы адам қайсы? » Мен
тура айтар едім: бұл сол жазған ақынның өзі! Жаны бұғаудағы адам
ғана осыны айтады. Демек, бүл, əлгі Ілияс Жансүгіров айтқан
«Ескіліктің төбесін қашап жатқан заманда, бай-құлаққа шабуыл жасап
жатқан заманда» сол төбесі қашалған, қамалына шабуыл жасалған
топтың сарыны, соның зары, соның күйігі. Мұндай жандардан...— бұл
Боранов деген студент еді.
— ...Іргені көш аулақ жерге салған заңды,— деп іліп əкетті оған
жалғас отырған сары, Боранбеков дейтін,— мұндай зиянды сарынмен
де, сарын иесімен де алдын ала қоштасқан жөн...
Бұл Боранбеков пен Борановты оқушылар бір жүріп, бірге
тұрғанына қарап жəне екеуі де мінбеге қосарлана қалатынын есептеп,
«қос сары» деп атап кеткен-ді.
Жұрт тым-тырыс бола қалды, Сəкен басын көтеріп алды, қабағын
қатты түйіп екі жағына кезек қарады да, уыздай жас жандардың
қалтқысыз ойын, кіршіксіз сезімін тура ақтарып жатқанын көріп
елжірей түсті; қаймақши бастады. Бірақ тым елжіреуден де аулақ,
қатал сөзден де қашып, қоңыр үнмен:
– Жігіттер, мені мəжілістеріңізге шақырғандарыңызға көп рақмет!
Бұл кішкене мəжілісіңіз үлкен жиналысқа татырлық. Риза болып
отырмын. Білім жағынан да, саяси тəрбие алу жағынан да, іске
құмарлық, болашаққа ынтықтық жағынан да жақсы бой көрсетіп
қалғансыздар. Пісіп, жетіліп қалғансыздар. Дос сүйінетін, дұшпан
күйінетін дəрежеге жеткенсіздер. Қатты ризамын!— деді.
Аты аңызға айналып кеткен атақты революционер, оның үстіне
өздері қойған «Қызыл сұңқарлар» мен жастанып жатып оқитын «Тар
жол, тайғақ кешудің» авторы даңқты Сəкеннің аузына қылқандай жас
жігіттер қадала қарап қалды. Біреулері ақынның мақтау сөзіне
қодырая түсті; ал, кейбірі «біздің мына «қос сары белсендінің» пікірін
қостар ма екен, қостамас па екен?!» деп күдікпен күтті. Кейініректе
отырған Жақия философ қалай болғанда да өзінің бірер сөз айтып
қаларын сезіп қас-қабағын кере түсті, «сен жасыма!» дегендей
қасындағы Əлібектің жүзіне салмақпен көз тастап, үйреніскен
шыраймен дем беретіндігін сездірді. Əлібекке басқалары да көз
құйрығын қиғаштауы, бəрі де «не болар екен?» деген іштей түйіліске
кептеліп, «айыпты» жас ақынды да, айбарлы үлкен ұстаз ақынды да
сынағандай болды.
Бірінші қатты ризалық білдірген сөзінен кейін талапты жастарына
кезек-кезек, əрқайсысына жеке-жеке баға берерлік пішінмен асықпай
сынды көз тастап Сəкен мұртын сипады, сол жақ миығын сұлулап
шиырып қойды. Бар көз, бар құлақ өзіне тігілгенін сезді, бір ауыз
сөзіне бір студенттің тағдыры біржола байланысты екенін əбден
ұқты...
— Сен бала, жақсы сөйлейсің. Сөз өнеріне бейім жігітсің. Мұны мен
соңғы кезде байқап жүрмін,— деді секретарьға ілесе, бірінші қатты
сөйлеген Борановқа. Сонсоң ол əлденеге ойланып қалғандай кідірістей
түсті де, аса жай, жұмсақ үнмен сөзін аяқтады.— Сендер əрқайсың
əртүрлісіңдер. Біріңіз жақсы сөйлейтін шешен болсаңыз, енді біріңіз
сабаққа алғыр, ғылымға бейім шығарсыз. Ал, іштеріңізде мүмкін
суретшілік өнерге құмар, құмар ғана емес, салып жүргендер де болар.
Маған осылай көрінесіңдер. Ал, мен көбірек білетін мына жаңағы
өздерің сынаған жігіт, мықтап сынаған жолдасыңыз өлеңші. Өлеңші
болғанда анау-мынау емес; бір ауыз өлең шығара салу, оны жəне жұрт
алдында айта салу көп адамның қолынан келеді. Бірақ оның бəрі ақын
емес, жай өлеңші ғана. Жүнісов нағыз ақын. Ақын болу, суретші болу əр
нəрсені, əр құбылысты көргіш, адамның қасірет-қайғысына жаны
ашығыш, біреудің мұңын мұңдасқыш, жə болмаса шаттығына қосыла
шаттанғыш жандардың еншісіне тиген дарын. Шын дарын сирек
кездеседі. Ондай дарынды қолдау, демеу жолдастарының міндеті,
мына сендердің борыштарың. Жел соғып жерге тұқыртып кеткен жас
ағаштарын қайта көтеріп, мəпелеп, тірек қойып түзу өсіріп жатқан
адамдарды талай көрдім. Ал, сендердің мына алдарыңда отырған
жолдастарың ондай қисайып, бүгіліп қалған жоқ, оны демеп жіберу
керек. Тəрбиелеу деп осыны айтады, табаны мұзға таймайтын
болашақ күрескер ұрпақ шығару деген осылай болмай ма? Талапты
жас балапанның көптеп қанатын берік қақтыру емес пе бұл, жігіттер?!
— Солай Сəкен аға, тура айтасыз. Ал, Жүнісов өзің не дейсің?— деп
еді Нақысбек...
Бірінші қатты ризалық білдірген сөзінен кейін талапты жастарына
кезек-кезек, əрқайсысына жеке-жеке баға берерлік пішінмен асықпай
сынды көз тастап Сəкен мұртын сипады, сол жақ миығын сұлулап
шиырып қойды.
Сəкен, бұлардың шешім-қарарына араласпайын деген оймен
Нақысбектен рұқсат сұрап кетті.
Ал, Сəкен кеткеннен кейін ілкі қатты сөйлеген сары жігіт:
— Əңгімені ашық айту керек. Жүнісов қатесін мойнына ала ма,
алмай ма? Соны айтсын,— деді.
Философ:
— Алды ғой, жарқыным. Мына қиналып отырғаны мойындағаны
емес пе? Жүзінен де көрініп тұр ғой, əйтпесе қайғыра ма. Бəрін де
мойындап тұр ғой. «Мен кінəлімін» деп айқайлату адам табиғатына
келіспейді,— деді.
— Жақсы, жақсы. Ал, шешім... Жүнісов сен де шыға тұр. Бəрібір
айтарың жоқ...— деді Нақысбек.
Жүнісов шығып кетті.
– Сəкен ағаның ақыл сөзін негізге аламыз. Солай ғой, жігіттер.
Əйтпегенде мұндай былқылдақты...
– Қуып шығу керек,— деді Боранов секретарь сөзін аяқтап.
— ...Қуып шығуға болады... Қуып шығу қашпас, əзірге сынға салайық.
Бүгін өлкелік комсомол комитеті үш комсомол сұрады: Қызылорда
аудандық комитетіне көмек беруге. Сонда жібереміз. Күріш дайындау
науқанына. Бұған қалай қарайсыңдар?
— Үзілді-кесілді ескерту жасалсын: егер де күріш дайындау
науқанында жақсы істеп қайтсаң біздің қатарымыздасың. Ал, олай
болмаған күнде, кінə өзіңде — деп қадады Боранов.
— Басқа пікір?
— Басқа пікір жоқ.
— Онда осы тоқтамға келеміз. Қане, қарсы бар ма? Жоқ?
2
Аулада жүрген əйелден ақынның үйде бар-жоғын сұрады да, Ораз
өзі есік қақты. Есікті ақынның өзі ашты. Күтпеген қонақ...
Амандасып тор көрсеткен үй иесіне ол тіл қата қоймай, кідірістеп
қалды. Лебіз күтті.
Оразға тік қарап отырды да Сəкен қабағын шыта бастады.
Совнарком председателі ақынның мінезін де жақсы білетін. Жиі
əңгімелесіп жүрмесе де, бұрыннан кейбір мінез-құлықтарына да қанық
еді. Келіспеген шақта, ауыр сөз айтарда ғана ақын қабағын шытады.
Мұны ол мұнан сегіз-тоғыз жыл бұрын Орынборда байқаған. Ойлаған
ойын тура жайып салатын, жаратпаған нəрсесін бетке айтатын ежелгі
бойға сіңген əдеті...
Сəкен қабағын шыта түсті.
— ...Жасың кіші болса да, орның үлкен. Сондықтан кейде
Совнаркомдығыңызға «сіз» керек. Бұл Ленин Совнаркомы, соның бір
тармағы. Менің айтарым да сол жөнінде: көздеген мақсат біреу, бірақ
сол мақсатқа жеткізер жолдың бұдыры көп. Бұдырға соқтырмай, көшті
іркіс-тіркіссіз жүргізетін жанашыр басшы жоқ. Мына көз алдымызда
жүргізіліп жатқан асыра сілтеудің жайын өзің түсінесің.
Ораз басын көтермей біраз отырды. Сөзін бітірсін дегендей
ақынның жүзіне қарамастан отырды. Бірақ Сəкен тоқтап енді жауап
күтіп еді. Ойындағы іркілгеннің, бəрі айтылмаса да, ең ащы сөздің басы
төбе көрсетті. «Қалайда бұл келуі мəні бар келу — жə тыңдау үшін, жə
тыңдату үшін басқан қадам» деп ойлады ақын.
Ол енді шалқайыңқырап отырды, жаңа ғана шытыла түскен қабақ
енді жазыла бастады. Батыр мүсін, сұлу келбет. Сəкеннің қарасы
мөлдір, ағы кіршіксіз үлкен өткір көз жанарынан қарсы отырған сөзге
шешен, қатарының бəрінен мойны озық, аз жылдың ішінде атағы тез
жайылған басшыға: «Не бар аянатын. Өзіңнен басқа кім бар
қимылдайтын. Ел сенген жігіт сен емес пе ең?!» деген дем
ұшқындағандай болды. Ал ұзынша келген аққұба бетінде доғалы қасы
көмкере түсіп, көбіне көп жұмсақ шырай шашатын. Ораздың көзі бұл
жолы ақынға жалт еткендей болды да, кенет кітап полкасына ауды:
ақынның атақты «Тар жолына» кідірістеді, онан əрі тұрған «Клим
Самгиннің өміріне» көшті, қатарындағы тағы бір кітапқа түсті.
— Тар уақыт! Тар жыл! Ауыр шақ, Сəке! Бірақ мұнан да тайғақ
кешуді бастан кешірген ел іркілмей, іркілсе де ерлігін, төзімділігін,
қайсарлығын жоғалтпай өтеді. Сіз бен біз қолдан келгенін тартынбай
жұмсауға дайынбыз ғой. Бұған ешкімнің шəгі болмасқа тиіс.
Айтқаныңыз қалтқысыз шындық. Сол шындықты ана сияқты көркем
тілмен безелінер-ақ.
Сəкен бір минуттей үнсіз отырды, ол сөзінің Оразға əсер еткеніне
күмəнданған жоқ. Өйткені іштей жақсы, көретін, тіпті мақтауды аса
сүймейтін ақын, əр жерде əңгіме болған шақта, ісі мен сөзіне, мінезі
мен жүріс тұрысына аса биік баға беретін бұл ірі қайраткер тағы қазір
не ойлап отыр екен деп оған тұра бағып еді. Ораз да оның сынап
отырғанын əбден сезді, бірақ ол! əлі де айтыңқырасын дегендей құлақ
тосып отырған шəкірт шырай көрсетті.
— Кешегі Крайком пленумында көп сөз болды. Қатынаспасақ та
оқыдық. Біраз мəселені əңгіме еттіңіз... «Сəкен пионерлерге
Қажымұқандай палуан бол деп үгіттейді» деп ілік тағады. Мұндай
дəрменсіздік, надандық Жанайдардан шықпаса керек еді. Бұл сөз оның
аузына салынған сөз. «Қосшы балаларына» Сəкен пролетариат
жазушысы ма, емес пе дегеннен өзге шешетін проблема қалмап па? Ел
қамын қамдап болып, енді Сəкеннің қамын қамдамақ па? Ұсақ мəселе.
Ұсақ қана емес, жексұрындыққа соқтыратын кеп. Сəкеннің кім екенін
Сəкеннің халқы мен өзі біледі. Баян əншіні мадақтаса — халқының əн
мен күйін мадақтағаны. «Қажымұқандай палуан бол» десе, ел
абыройын аспандататын жұрттан асқан өнер иесі бол, тайынбайтын
жүректі бол, жығылмайтын білекті бол, қажымайтын жігерлі бол,
дегені.
«Əдебиетте сын болмай келді, сондықтан пролетариат ісіне зиянын
тигізетін пікірлер басым» дейді. Бүл да алдымен мен жөнінде, менің
шығармаларым жөнінде айтқаны. Meн сол сыншыл Жанайдарға:
пролетариат ісіне үлкен кінəрат келтіретін, ауыл шаруашылық
саласындағы теріс істі неге сынамайсыңдар? Мал басы кемуін, малмен
əрекет ететін шаруаның тозғындау себебін неге айтпайсыңдар, неге
сынамайсыңдар? — деген сұрақ қояр едім.
— Сəке, бəрі шындық...
Сəкен енді қонақ жайлыққа көшті.
суреттер
Мұхамметжан Қаратаев(сол жақта) пен Хамза Есенжанов – ҚазПИдің студенттері. (1933 ж)
Хамза Есенжановтың студент кезі (1933 ж)
X. Есенжанов (сол жақтан
жолдастары арасында (1935 ж)
екінші)
аспирантурада
оқитын
X. Есенжановтың Жазушылар одағына мүшелік билетінің көшірмесі
(1930 ж)
X. Есенжанов жұбайы Софиямен бірге (1958 ж)
М. Əуезов пен X. Есенжанов (алдыңғы қатарда) 1958 жылғы Қазақ
совет əдебиеті мен өнерінің Москвада өткен он күндігі кезінде.
X. Есенжановтың 1930 жылы «Жаңа əдебиет» журналында
жарияланған «Өлеңтінің жағасында» деген əңгімесінің фотокөшірмесі.
«Жаңа əдебиет» журналының мұқабасы (№ 7. 1930 жыл)
X. Есенжанов (ортада) автограф беруде
X. Есенжанов (оң жақта) Америкадағы Колумбия университетінде
болғанда (1960 ж)
X. Есенжанов (сол жақтан үшінші) Қазақстан жазушыларының V
съезі делегаттары арасында (1966 ж)
X. Есенжанов (оң жақтан екінші) СССР жазушыларының IV съезі
делегаттары арасында (1967 ж)
X. Есенжанов (сол жақтан екінші) Алматыда өткен Азия-Африка
жазушыларының V форумына қатысушылар арасында (1973 ж)
Ж. Молдағалиев пен X. Есенжанов СССР жазушылары I съезінің
ашылғанына 40 жыл толуына арналған мерекелік пленумға
қатысушылар арасында (1974 ж)
X. Есенжанов өзінің жұмыс столында (1974 ж)
— Кешірерсіз, Ораз. Маған бұл жөнінде сіздерге барып пікірлесу
керек еді, өзіңіз келгеннен кейін «отырыңыз, төрге озыңыз» деудің
орнына əлеуметтік жұмысты əңгімелеп кеттік. Біздің үйдегі...
Гүлбаһрам! Үйдемісің? Шай əзірлет!— деді екінші бөлменің есігіне
төніп.
— Жоқ, жоқ, Сəкен. Біз, мына Башмаков екеуміз сіздің халжайыңызды біле шығайық деп қана келдік. Жəне адам жібертіп
шақыртудан көрі... қолыңыз тисе, бізге, маған ертең кіріп шықсаңыз
қалай болар?— деді Ораз кетуге ыңғайланып.
— Əлбетте болады. Өзіңіз келмей Башмаковты жіберсеңіз де
болатын еді...
— Сəке, Жүніс дейтін халық дəстүрін қолдайтын, сөзге ұста кісінің
айтқан бір сөзі қазір аузыма түсіп кетті.
...Өкше ізі алыстан, бірақ мінгені тай, бір жас бала, ауыл сыртында
далаға көз шүйіп тұрған қартқа жетіп келіп: — Ассалаумағалейкүм, ата!
—деп сəлем беріпті. Жап-жас бала болғаннан кейін, мұнымен не
сөйлесем деп ойлап, қария: — Уағалейкумəссəлам,— деп жүре сəлем
алыпты. Үлкен адам тоқтамай, елеп жөн сұраспасын көріп, бала:—Ата,
қай ұлыссың?— дейді. Үлкеннің сұрар жөнін өзінен сұрағанға аң-таң
болып бірақ баланың пысықтығын байқап: — Тана едім, шырағым,—
дейді немкеттілеу түрмен.
— Тананың қайсысыз?— деп тақымдайды бала.— Тəйт, сен күшік
Тананың қайсысын білуші едің?— деп қалыпты ақсақал.— Мен
білмейтін Тана бар ма еді, алты ауыл Əлмамбетбісің, болмаса жеті
ауыл Жиембетбісің? Əлде қарғыс атқан Қараманбысың, бақ дарыған
Аламанбысың?— деп шұбырта жөнеледі бала. Қарт тоқтай қалып:—
Əй-əй, сен бала... қалай-қалай жіктейсің өзі,— деп тұра қалады да,—
əлгі Даттың алды дауыл, арты өрт бір күшігі бар деп еді, сен сол болып
жүрмегейсің өзі,— дейді қадала қарап. Сонда бала:— Менің іздеп келе
жатқан атам сіз болмағай...— Сен кімді іздеп келе жатыр едің?—
дегенде:— Маған Малайсары деген дана керек еді, деп бала да жас
бүркітше шүйіле түседі.— Мен сол Малайсарыңмын...— Тайдан
домалап түсіп бала қоржынын қолтықтай тізесін бүгіп: — Ата,
батаңызды беріңіз, мен сол үшін келе жатыр едім,— деген екен жас
Сырым...
Сол Жүніс кəрия айтқан қазақ дəстүрінің күштілігі еске түскен.
Əрине, мен Сырым емеспін, сіз Малайсары емессіз. Алайда данасына
тізе бүгу ата дəстүріміз ғой деп ойладым... Əзірге қош тұрыңыз, ертең
көрісеміз ғой,— деп Ораз бас иіп шығып кетті.
Сəкен аң-таң пішінде қалды. Оны таңдандырған мына атақты
жастың сөзге де, дəстүрге де ұсталығы еді. «Осындай ақылды қазақтар
молырақ болса!..» — деді ол ішінен.
3
Сəкен кіріп келгенде Ораз бен Мырзағұл орындарынан тұра келіп
есікке қарай жүрді. Мырзағұл ақын қолын бұрын алатын жерде-ақ еді,
бірақ ол бір адым кері шегініп, Оразға жол беріп тұрып қалды. Атақты
адам мен əйгілі үкімет басшысы алдымен амандасу керек. Сол үшін бұл
əдет-салтқа шебер, көргенді жігіт басын иіп қана жылы шыраймен
екеуінің қол алысуын күтті. Ораз ұзын кабинеттің төрінен маңғаз
аяңдаған Сəкенге тез жетті, белгілі жарқын жүзі мен ұшқыр сөзін ала
жетті.
— Сəке, жоғарылаңыз.—«Жасы үлкенді сыйламас заман, орныма
отырып алып шіренуін көрдің бе» дей көрмеңіз. Өзіңізден үйренген:
керек жерінде шалқақтайтын да əдетіміз бар. Іні ағаға қарап өспей ме,
ə!— деп күлді ол Сəкеннің самарқаулау берген қуатты қолын қос
қолдап қысып жатып.
Сəкен қарсы жауаптай қоймады. Көзі күліп, қабағын шытып тұратын
өзінің іштей риза қалпымен шалқайып тұрып, Совнарком
председателінің қолын
Мырзағұлға қол берді.
қысып
амандасты
да,
кейінде
тұрған
— Денсаулығыңыз қалай, Сəке? Тау етегі əдемі болғанмен қит етсе
жауып кететін құбылмалы табиғаты мазасыз болып тұрған жоқ па?
— Ден сау, тамақ тоқ. Тау етегі əдемі. Осыны, елдің бəріне тегіс...—
Сəкен сəл мүдіріп қалды да,— тегіс тілесек,— деп Ораздың меңзеген
жұмсақ креслосына отырды. Ораз жауап қатпай төмен қараған күйі
оның оң жағына барып отырды. Сəкен сөздің дəл тигенін сезді де ендігі
зілді басқа жаққа тастап, артында тұрған Атаниязовқа:
— Мырзағұл, отыр, тура айтатын жігіт едің, кəрі райкомға жақпай
қалып жүрген жоқсың ба?— деді.
Сəкеннің бұл екі лебізінің екеуі де Оразға оспақтауды керексітпейтін
сөздер. «Елдің бəріне осыны тілесек» дегені «тегіс тоқтық тілесек»
дегені. Совнарком председателінің көптен бері жатпай-тұрмай ойлап,
ел мен екі араға атақты ақынның сөзін дəнекер етуге қам жасап
жатқаны осы «тегіс тілек» үшін ғой...
Мырзағұл:
— Қайтер дейсіз, Сəкен-аға. Жеке бас бірде жағар, бірде жақпас,—
деді де қойды.
Əңгіменің арғы жағына Мырзағұл бармады. Бұған Ораз да десте бере
қоймады. Ол Сəкенге тура қарамай отырып:
— Қиын кезең, Сəке. Халыққа қиын кезең. Мұны сізден
жасырмайтынымызды білесіз ғой. Əңгіме кəрі райкомға да тиеді, кəрі
емесіміз де ортақпыз бұл күйзеліске. Алайда осының қайткенде жеңіл
жолын, сүрінген үстіне сүріне бермей, ендігі жерде сүрінбеу жолын
табамыз ба деп ізденіп отырмыз. Орталыққа мағлұмдадық. Ащы
жайды ащы түрінде мағлұмдадық. Алдын ала істейтін шаралар
белгіленді. Кейінгісін тағы көрерміз,— деді.
Ораздың бұл сөзі Сəкенге айыпты адамның сөзіндей естілді.
— Ораз, сенің алғыр жігіт екеніңді, революцияға да адал қызмет
істей алатыныңды мен о бастан білемін. Бұл қиыншылыққа бəріңіздің,
бəріміздің кінəлі екенімізді де білемін. Ендігі жерде: қайтсе халықты
шығыннан аман сақтап қалуға болады. Осыған мемлекет қайраткері
есебінде кірісуің керек. Сен кірісуің керек. Мен де, өзге де, халық та
сенен осыны күтеді. Сені біледі. Саған сенеді, саған көзін тігеді.
«Кірісіп жатырмыз, Сəке... Күйзелгендерге, жалаңаштарға көмек
ұйымдастырдық... Ал менен өзгеше үміт күткеніңізге рақмет», деп
айтпақшы болды да, Ораз тоқтап қалды. «Қимылыңды сынап, не ойлап
отырғаныңды бірден сезетін өткір ойлы жанға ауыл сыртында
көлбеңдеген бозбаладай көрінермін» деп ойлады Совнарком
председателі.. Ол енді іске тіке кірісе сөйледі.
— Əнеугүнгі əңгіме қиынға айналды, Сəке. Сіз бір сөзіңізде «бүлік
шығарған жандар да есті жігіттер шығар» деп едіңіз жəне «олармен
өзара қазақшылап сөйлесуге болмай ма» деп қалдыңыз. Бұл менің де
ойыма келіп жүрген үміт болатын. Соны ақылдасу ниеті еді менің
сізбен сөйлескенім. Енді міне, сіз мақұлдасаңыз, біздің өтінішіміз:
соларға барып бір ауыз сөз айтсаңыз. Адасқандарына арты жөн болар
жағын алдына тартсаңыз. Көбі бейкүнə шаруа...
Сəкен ойланбады:
— Е, оның сөйлеспейтін несі бар,— деді.
Ораз қоштай кетті.
— Көптен көп рақмет, Сəке. Онда біз сіздің тез жүруіңізді қамдайық.
— Бұл үшін маған рақмет айтуларың артық. Менің өз борышым бұл.
Елмен жүзбе-жүз сөйлесуге бұрынырақ баруым керек еді. Олардың
сөзін мен тыңдасам, менің сөзімді олар тыңдаса — мұнан артық бақыт
бар ма?— деді ақын.
— Сəке, сізбен бірге мына Мырзағұл жүреді. Мен де сол облыста
боламын. Ақтөбеде.
— Жақсы, жарайды.
— Онда, Мырзағұл, қашан дейсіз Сəкеңе сапар сағаты?— деп Ораз
Атаниязовқа бақты. Шолғыш көзі енді ғана жарқ ете қалды.
— Мен өзім сізді барып алып шығамын. Жол керегі жөнінде ешбір
қам жемейсіз. Тек киіміңізді реттесеңіз болды. Машина үстінде
ұзағырақ боламыз,— деді Мырзағұл орнынан тұрып...
4
...Үлкен даланың үлкен ақыны отарбамен келе жатты.
Кəдімгі өзінің бір кезде өмір жүрісіне теңеген отарбасы. Бірақ та
қазір ақын тұйық келеді. Жұмсақ вагон, қатты жүріс ойды өрге
шалқыта бермейді. Қайта оны мазасыз тербеткендей.
«Ұйықтатпады, поезд шапқан сайын ойлатты... Түпсіз Мұхит ой
түбіне бойлатты. Босқан елдей, тасқан селдей, ойым керней, мыс
қазандай баста миды қайнатты» деп күбірлейді.
«...Босқан елдей... босқан елдей... баста ми қайнайды.
...Дала. Шетсіз дала. Шексіз дала. Бір шеті мен бір шеті атпен жүрсең
алты айшылық жол». Бұл шалқар даланың шалқақ кеудесіне атам
заманнан бері жөңкілген ел жаңа ғана табан тіреп, босудан саябыр
тартып еді. Жүген-құрық тимеген бас асау ел орныға түсіп еді.
Басып жатқан қара түнек те серпілген. Желі улеген Сарыарқа да
шаттана түскен. Бірақ... қимыл баяу, өнері олқы, өнімі шағын өмірден
экспресс сынды зулаған тұрмысқа ілесе кету оңай тие ме?
— Сəкен аға, желдің етіне тұрмаңыз. Мына жабық терезе алдына
келіңіз,— деді Мырзағұл, Сəкеннің далаға қарап түйіліп тұрғанын, өтемөте ауыр ойға кеткенін сезіп.
— Бастығы кім екен? Аты-жөні белгілі ме?— деді Сəкен кілт мойнын
бұрып.
Ақынның кім жөнінде, не жөнінде сұрағанын Атаниязов мошқаған
жоқ. Бəрі белгілі.
— Бастығы Қара жəне Ысқақ дейтін ағайынды жігіттер көрінеді.
Руы Əлім. Оның ішінде Қарасақал болса керек. Дəулетті болған
адамдар. Ең қауіптісі: солардың маңында, аш арыстан тəрізді адам бар
деседі. Оның аты Құныскерей. Бұл он шақты жылдан бері жортуылға
түсіп, білгенін істеп келе жатқан жан. Өкімет орыны қолға түсіре
алмай келген адам. Өзі мерген. Қарсылық жасайтындардың топ
бастаушысы сол бола ма деген болжал бар...
Сəкен ойланып қалды.
— Құныскерей! Бұл менің естіген есімім сияқты. Баяғыда
Жымпитыға барғанда есіттім ғой деймін. Ол құдайдан безгенді
ұстамап па еді?
— Жоқ, Сəке!
— Шамасы қанша екен? Қолын айтам.
— Қарулы тобы болса — шағын шығар. Ал оларға еріп адасып
жүргендер найза, қылыш, шиті мылтық, көбі балта, айыр көтерген
жандар дейді. Оның бəрінен де қиыны бала-шағалы мал мен жаны
шұбырып жүрген сорлылар ғой.
Сəкен енді далаға қарамай, Атаниязовтың жанында тұрған екі
жігітке көз тікті. Бұл екеуі əскери киімді, үлкен шенді, Ішкі Істер
Комиссариатының басшы қызметкерлері еді.
«Ол қолға тірі түспейді. Өліп түскенше... талай қызметкердің басын
жұтар», деп айтпақшы болды да, дөңгелек жүзді кішкене қара жігіт
Атаниязовқа көз тікті. Ал, оның бұл көзқарасы «бүліншілік жөнінде де,
бүліншілікті бастап жүрген жандар хақында да көп сөйлеуге
болмайды. Бұл өте құпия іс. Ал айтуға болатын жайды сіз ептеп
баяндарсыз» деген ишара болса керек.
Сəкеннің наразы пішінін көріп жəне оның тік сөйлерін сезген
Мырзағұл:
— Сəкен, аға, тап тартысы күшейген кезінде, ел елден, əсіресе қазақ
сияқты етек-жеңі кең халықтың арасынан түрлі-түрлі адамдар
шығатынын мен айтпай да білесіз. Торғайда Əбдіғапар əлек салса,
Жетісуда Сəдірбек бас көтеріп Қашғар асып кетті. Құныскерей де
солардың сыңары, құдайдан безген бір алаяқ,— деді.
— Өзі сол он бір, он екі жылдан бері құмда жүр ме екен?
Сəкен сұрағына Мырзағұл қысқа-қысқа жауап қатты да тынды.
Сонсоң:
— Бұл адамның бар тарихын білетін жігіт қазір алдымыздан
шығады, Сəке,— деді Атаниязов, ақынның қашқын жөнінде көбірек
қанғысы келгенін сезіп.
— Ол кім?
— Ол жігіт сол Құныскерейді бастан-аяқ білетін адам. Айла-тəсілін
де, қайда жүргенін де, қалай етіп жатқанын да сізге баяндайды.
— Аты кім?
— Аты Хакім, фамилиясы Жүнісов.
— Жүнісов?
— Иə, Жүнісов, прокурор. Көп уақыттан бері заң қызметінде еді.
Жақында соны басқа қызметке ауыстырды... Крайком секретары... деп
сөз аяғын жұтты.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 35
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.