Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 13

Total number of words is 4072
Total number of unique words is 2154
35.8 of words are in the 2000 most common words
50.5 of words are in the 5000 most common words
57.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
көрсетесің бе — міне, осы тарихи тарауда тұрмыз. Мен інім екен деп,
ана арқасы арша, борбайы борша болып жүрген сансыз еңбекші
жастардан Əлібектің қылығын жасырам ба? Бұлай ету, Меңдіқыз,
адамшылық ұжданыңа қол сұғу болады.
— Ойпырым-ай, Хакім, аяусыз іс...
— Аяусыз деп, мен Əлібекті жаудың қолына беріп отырғаным жоқ.
Өзінің лениншіл жастарының одағына айттым. Одағының алдында:
«Жау қызын сүйемін, бірақ халқыма опасыздық жасамаймын.
Қызды өзімдей жаңа өмірдің құрушысы етуге уəдемді беремін» деп
айтсын. Жолдастарының алдында, одағының алдында уəдесін берсін.
Олар қалай деп табады — үкім шығаратын солар. Əлібек білімді жас.
Оны Əділбекпен қатар қоюға болмайды. Ал сенің кішкене қайның да
«байлық» деген сөзді ұйып тыңдайды. «Дабылдың қызын əперемін.
Малымен, отауымен əперемін» деп еліріпті əлгі Рақымғали суайт.
Мұны да ойлау керек. Оныкі мына сен айтқан махаббат емес, малдың,
байлықтың махаббаты, яғни «бай болсам» деген қара шаруаның есебі.
Ол жас, оған түсіндіріп, тəрбие беру сенің міндетің. Дабылдың қызынан
басқа қыз құрып қалып па үйленетін болса. Онан ақылды да, көрікті де
қыздар бар шығар. Меңдіқыз, ойлан. Сана майданы, салт майданы — оң
түтеген соғыс майданынан əлдеқайда қиын, əлдеқайда нəзік. Көзге
көрінбейтін жерден бұл нəзік нəрсе жə былай, жə былай ауытқуы, тіпті
үзіліп кетуі мүмкін. Сондықтан мақсат айқын тұрғанда, жаңа дүние
жасаймыз деп бел байлағанда — біздің жаңа салтымыз қылапсыз
болуға тиіс, мінезіміз бен құлқымыз соған бағынуға тиіс. Жастар
серікті өзіне ақылы сай, дүниеге өзімен көзқарасы бірдей, бірге еңбек
етуге дайын жандардан іздеу керек. Дүниеқор, өзімшіл, үлпілдек
жылтималардың керегі жоқ,— деді Хакім.
Ол темекісін тұтатып, ащы түтінді ауыз толтыра сора бастады.
Меңдіқыз оның бетіне ұзақ қарап отырды да, үн-түн қатпастан
орнынан тұрып кетті. Ол екінші бөлмеге кіріп, стол жанына келді.
Қолына қағаз бен қарындаш алып, Əлібекке хат жазуға кірісті.
2
Хакіммен сөйлескеннен кейін Таңқыбай қосшы кеңсесіне келіп ақы
сұрап, арыз беріп кеткен еді. Ал оның ізін ала Ақметшенің тағы да
бірнеше ауылдасы арыз түсірді.
— Ақылы істерге арналған сот мəжілісіне прокурордың қатынасуы
шарт емес. Алайда, мына екі шорманның жұмысын өзің қолдағаның
мақұл ғой деп отырмын,— деді Халит судья Хакімді шақырып алып.
— Қай екеуі?-— деп сұрады Хакім, өйткені ақы сұраған жалшының
арызы екеу ғана емес, осы жұманың ішінде өз қолымен тапсырғаны
əлденеше іс болатын.
— Тай-тулағыңды өзім. де үйретемін, маған, шырағым, ана жүгенқұрық тимеген бесті асаудың белін бір басып берші, дейтін біздің қарт
құрылысшы інісіне. Сол айтқандай, бесті асаудың кім екенін өзің де
шамалаған шығарсың. Екіншісі Ақметше.
— Біріншісі Салың қой шамасы. Қарттың құрықшы інісі мен болдым
ба сонда? Қалай қайырсаң солай жүйткитін сорлының бес ешкісіндей
шүлдіреген Түкіш-ай, Қазы немересінің пысы басып қолпаңдап отыр
екенсің ғой. Бəсе, салқын жерде отырып-ақ терлей бастапсың,— деп
қалжыңдады Хакім оны, соттайтын шонжарынан судьяның ата-тегі
əлдеқайда атақсыз екенін іліп.
Судья Хакіммен əрі замандас, əрі бір кезде іске араласқан жəне
көптен бір уезде қаз-қатар келе жатқан белгілі қызметкер еді. Ол атабабасының атақты емес екенін кек тұтқан жоқ. Бірақ еруліге қарулы,
Хакімді де ата жағынан бір шаужайлап өтті.
— Рас. Қазының немересі былай шыға беріп: «Əлгі судья дегенің
жаңағы ма? Бұл қай Мұхамбеттің баласы? Мұхамбет деген правительді
де, атақты биді де, тіпті ондай əжіні де естіген емен» деуі мүмкін,— деп
күлді Халит.
Хакім қызарып кетті. Бірақ, өз əзілінен горі судьяның əзілі нысанаға
дəлірек тигенін ол шешендік сөзбен қымтады.
— Осы Салықтың əкесі Омар управитель, белгілі Сақау Мəмбетін
ертіп масқар деген елге келіпті. Тізесі батқан Омарға масқарлар тісін
қайрап отыр екен. Бірақ олар бас салып сабауға, болмаса басқа түрде
жəбірлеуге соңынан пəлесі тиер деп. айла жасапты. Бір ауылдың
қатын-қалашын қайрап-қайрап, қасында Сақау Мəмбеттен басқа қол
қатар серігі жоқ Омарды. əдейі еркексіз, өңкей əйелдері ғана қалған
ауылға түсіреді. Елде жоқ еркектері — елде жоқ, елде бары — күні
бұрын жасырынып қалады. Омар бір дəулетті үйге түсіп, жайланысып,
бəйбішенің əзірлеген əдемі шайына бас қойған кезде, бір көк айыл
қатын айқайды салып, бүтін ауылды басына көтеріп, Омардың атабабасын, өзін, үрім-бұтағын қалдырмай бас терісін басына кигізіп
сыбап, балағаттап, шай ішкелі жатқан Омарға көсеу ала ұмтылады.
Екінші əйел — иін ағаш сілтеп, үшіншісі ожаумен, төртіншісі қазанның
қара тұтқышымен — не керек, əйелдер əйелше атақты управительді
қолына түскен нəрсемен соғып, үйден айдап шығады. Сыртқа шыққан
биге сырттағы қатындар бірі басына су шашып, бірі мəйекпен сыбап
ірə сілейтеді. Мұның бəрінен де жаманы — əйелдер былапыт сөзбен
қуыс-тесігін қалдырмастан сыбайды. Жандəрмен күн ат-арбасына
қарай ұмтылып, зорға деп əйелдер мен бала-шағалардың қоршауынан
жырылып шыққан Омар анадай жерде:
— Омар-ау, Омар, атаңның аузын... Омар-ау, Омар, өз аузыңды...
Омар-ау, Омар, үрім-бұтағыңды... Омар-ау, Омар, ауыл-аймағыңды!..—
деп айқайлап боқтап тұрған Сақау Мəмбетті көреді. Бірақ істер амал
жоқ, қолдан келер қайрат кем. Масқардың қатыны мен баласы кегін
алсын. А, сен опасыздың мынауың не? Тоқта, бəлем, соңынан
тарттырармын сазайыңды,— деп тістеніп, ат-арбасына мініп алып
жөней беріпті. Масқарлардан жаман тілін тигізген Мəмбеті бір кез
артына қараса, арқан бойы жерде соңынан еріп келе жатыр екен.
Аттың делбесін тежеп: «Ай, опасыз, бері кел!»—деп айқайлайды Омар
терісіне сыймай. Əбден ыза кернеген Омардың қасына жетіп келіп,
ойында ештеме жоқ адамша: «Омеке, бір нəрсе айтпақшы болдыңыз ба,
əлде менің құлағым таса есітті ме?— деп көлгірси қалады. «Жау
жағадан алғанда, ит болып етектен қаптың ба? Кəне, кеще не дедің?»—
деп Омар Мəмбетке қарап түтігіп кетсе керек. Сонда Мəмбет: «Омекеау, мен сені балағаттадым. Балағаттамай қайтейін, масқардың
қатындары масқаралап, қуыс-тесігіңді қалдырмай былғап жатқанда,
есіл Омарымды бұларға қор қылғанша, өзім де бір сыбап қалайын деп
едім» депті. «Қызыл тілің қырқылсын, құдай сенің осы тіліңді аз да
болса қысқартайын деп сақау етті ғой сені» деп Омар жүре берген екен.
Сол сияқты сені қауым:« Судья бола алса, осы Мұхамбеттің баласы
судья бола алады» деп босқа сайламаған. Бұдан былай байқап
сөйлейтін болдың,— деді Хакім езу тартып.
— Судьялардан Сақау Мəмбет шықпайтын шығар-ақ. Ал, жақсы,
Хаке, істің мазмұны мəлім ғой, енді сол тағайындалған мəселелерді
шешіп жіберейік,— деді де Халит сот хатшысын шақырып алып,
талапкерлерді дайындауға жарлың берді.
— Судьялардан Сақау Мəмбет шықпаса оның оқасы жоқ, ал Сақау
Мəмбеттерден судьялар шыға беруге тиіс; өйткені біздің қазақтың
жігіттері шетінен Сақау Мəмбет, шетінен тілге ұста. Мұны дəлелдеудің
керегі жоқтығына жаңағы сөзің айғақ қой,— деді прокурор.
— Жақсы енді, Хаке, солай-ақ болсын. Мəжіліс бөлмесіне шығайық,
— деп Халит орнынан тұрды.
3
Ақметше сот мəжілісін билеп кетті, ол
талапкерлердің тілегін онан əрі тереңдете түсті.
өзін-өзі
айыптап,
Судья сот тəртібі бойынша жауапкердің аты-жөнін, кəсібін, тұрақты
мекенін тағы басқа тиісті ақпар алу жағын сұрақтап болғаннан кейін,
талапкерлердің аттарын атап, олардың «еңбек аңы өндіріп беріңіз»
деген тілектерін жариялады. Сонсоң:
— Жауапкер Ақметше Мұқаметшеұлы, сіз бұл заңды тілектерді
мойындайсыз ба?— деп сұрады.
Орнынан екінші рет түрегелген Ақметше:
— Маған түсініктірек етіп, яғни .талапкерлердің талабын
дəлелдеңкіреп сөз сөйлеуге бола ма?— деп ол судьяға қарсы сұрақ
қойды.
— Мен сізге мына жарияланған арыздар бойынша талапкерлер
тілегін мойындайсыз ба?— деп сұрақ қойдым.
— Мен сізден сол тілектерді толың мойындайтынымды
дəлелдеңкіреп айтуға рұқсат сұрадым,— деді Ақметше езу тартып.
Халит аз мүдіріп қалды да, оң жағында отырған халың заседателі
Шолпанға жəне сол жақтағы қосшы биге мойнын кезек бұрып сыбыр
ете түсті де, аздан кейін жауапкерге:
— Сөйлеңіз,— деді.
— ...Біздің, қазақ халқының шаруашылықты ғылыми жолмен
өркендету жөнінде де, мəдениет ошағы — мектеп санын молайтып,
халықты білімге жаппай жетелеу жөнінде де кешеуілдеп к,алғанымыз
мəлім. Сол сияқты мына жаңа заманды түсіну жөнінде де орыс
халқынан бір саты төмен тұрмыз. Ал əлеуметтік, азаматтық борышты
өтеу, яғни саналылық сатыға өрмелеу өте-мөте төмен. Саналылықты
алдымен оқыған азаматтарымыздан күтеміз. Ал сол оқыған адамның
бірі мен едім. Мына отырған (ол сол қолындағы Таңқыбай тобына иек
көтерді) момын, жалпақ бөрік, кең шекпенді қазақ, шаруасы бізге көзін
тігеді. Əділдікті, теңдікті, туысқандықтың ең абзал түрін бізден күтеді,
бұрын да бізден күтіп келді. Бірақ соған біз өз өтенімізден қол ұшын
беріп, қолтығынан көтеріп, білмегенін үйретіп, білгенін пайдаға
асыртып келдік пе? Жоқ. Солардың жоғын жоқтап, көзіне көрсетіп игі
іс істедік пе? Жоқ. Мысалға көзі ашың деген мені алыңыз. Менің
мамандығым, білімім арқасында ғылыми жолға түсіріп келе жатқан
дөңгелек шаруам бар. Əрине, бұл шаруаны өркендетуге мен қол күшін
жұмсағаным жоқ, ми күшін ғана жұмсадым. Ал қол күшін жұмсаған
мына отырған азаматтарға — ауылдастарға істеген еңбегі үшін тиісті
ақысын Европа үлгісімен төлеп келгенім жоқ, яғни бұлардың қазақтың
ғадет-ғұрпын, нанғыштық-сенгіштік сезімін өзіме бейімдеп, тиісті
ақысын бермей, оны аттың майы, сиырдың сүті, көліктің күшімен
төлеп келдім. Егер де сіздер осы мəжіліске шақырмасаңыз, заң
бойынша талап етпесеңіз, бұл қалып созыла берер еді. Мінекей, біздің
санамыздың өте шабан, өте қазақы қалыпта қалғаны. Аттың майы,
сиырдың сүті, көліктің күші мына отырған Таңқыбайлардың маңдай
терін ақтай алмайды. Бұларға мен толық ақы, яғни адал еңбегін
айтқызбай, сотқа шақыртпай төлеуім керек емес пе еді. Ғапу етіңіз,
құрметті судья, сіздер де ғапу етіңіз, халық билеpi, міне біздің
азаматтың борышты аяқ асты еткеніміз, міне біздің сана сатысына
өрмелей алмағанымыз. Сондықтан үлкен кешірім сұрай отырып, мен
мына арыз берген ауылдастарыма: əрқайсысына екі түйе, екі биеден
ақы беруге міндеттімін, міндетті емес, борыштымын. Жалғыз бұлар
емес, елде қалған ауылдастарыма, яғни мына Таңқыбай сияқты көптен
бері менімен бірге шаруамды шаруаласып келген азаматтарға —
небəрі он бес үйге отыз түйе, отыз бие беруге мəжбүрмін.Мұны мен
есептеп шығардым. Бұл менің еңбекшілерге бермей келген борышым...
Ақметше «осы сөзім қалай?»—деген адамша аздап қана ұзынша қара
сақалының ұшын сол қолымен жанап өтіп, Хакімге көз құйрығымен
күле көз бастады. Оның жүз құбылысын, сөйлегендегі баяғы жұмсақ
үнін, ой кестесін, келісті қимылын, іркілмей бір қалыпта, бір сазда
сөйлейтін шеберлігін Хакім ішінен сұқтана тыңдап еді, бірақ сыр
бермеуге тырысып, сазарыңқы қалып сақтаған болды. Көзін
Ақметшенің көзіне кездестірмей əрегіректе отырған Таңқыбайға
қарады. Сəл аузын ашып, арбалған торғайдай мойнын созып қалған
Таңқыбай, Хакімнің көзіне көзі ұшыраса қалып, үсті-үстіне
жыпылықтай жөнелді. Хакім басын шайқады. «Əлі баяғы Ақметше.
Жоқ, баяғы емес, баяғыдан əлдеқайда ілгері кеткен... Баяғыдан
əлдеқайда жүйрік... Не деп еді сонда? Сол Текедегі естен қалмайтын
қатерлі кеште!? Мені Абылаев танып қалып, бірақ сыр бермеген болып,
түнгі қару тиеген керуенмен бірге кеткен түні... «Менің ауыр күнəм,
құдайға күнəлы жерім, адамның ішіндегісін біліп қою деп пе еді?..»
Ол тағы да басын шайқап, Ақметшеге мойнын бұрды. Ақметшенің
көзі аңдыған қалпын өзгерте . қалды: «Білемін не ойлап тұрғаныңды»
деді оның бұл қарасы. Хакім судьяға:
— Маған жауапкерге сұрақ қоюға рұқсат етіңіз!— деп өтініш жасады.
— Уездік прокурор Жүнісов жолдас, жауапкер
Мұқаметшеұлына сұрақ қою үшін сізге сөз берілді.
Ақметше
— Сіздің барлық түйеңіз қанша?— деп сұрады прокурор көзін төмен
түсіріп.
— Алпыс екі.
— Бəрі де нар ма?
— Иə, бəрі де нар.
— Асыл тұқымды түйелер?
— Адай інгені мен желмаяның үшінші генерациясы.
— Бұл асылдандырудың мақсаты жөнінде не айтар едіңіз?
Ақметше аңырын ғана күліп қойды.
— Қазақтың он сиырынан симентальдың біреуі артық. Сол сияқты
түйенің нəсілі асылданса шаруашылық құны артады ғой.
— Жақсы. Сіз бір сөзіңізде əлеуметтік борышты айтып кеттіңіз. Мал
тұқымын асылдандыру əлеуметтік борышпен қалай қабысар?
— Бұл керек сұрақ, прокурор мырза,— деді іркілместен Ақметше.
Оның көзінің құйрығы енді жылы күлкі сызығын жазып жіберді.
— Жауапкер Ақметше Мұқаметшеұлы, прокурор мырза емес, азамат
прокурор... деңіз,— деп судья оның сөзін жөндеді.
— ...Ғапу етіңіз, бұл өте орынды сұрақ, азамат прокурор. Менің
шамалауымша: сіздің мал басын асылдандырғаныңыздан халыққа
келер пайда бар ма, дегіңіз келеді ғой? Жауап: жақсы сөз — жарты
ырыс; сол сияқты үлгілі іс халыққа пайда. Бөкей губерниясында
Махамбет Бөкейхановтың жылқы тұқымын асылдандыру тəжірибесі
бар. Жымпитыда, менің осы кішкене талабым бар, анау Гурьев уезінде
еділбай қойын сұрыптау басталды. Міне, аз, некен-саяқ болса да бұл
бастама əлеуметтік борыштың басым жағы. Кім біледі, он жыл, он бес
жыл өтер, қазақ даласында сүтті сиыр, жүнді қой, жүрдек жылқы,
бағалы түйе өсіру ісі тегіс өріс алар...
Судья да, қосшы-билер де Ақметшенің мына сөздеріне таңданған
пішінде қалды. Бірақ Хакім сұрақты жаңғыртып, жұртқа еткен сөз
əсерін қайтадан тарқатты.
— Сонда қалай? Алпыс екі түйенің тең жарымын ағайынтуғандарыңызға бөліп бергіңіз келгені ме? Жылқының да біразын
жақын ағайындарыңызға таратпақсыз. Бұл мына адамдардың қосқан
еңбегінен артың па, кем бе?— деді Хакім.
Ақметше сəл қабағын шытты.
— Прокурор азамат, сіз заңға жетіксіз, бұл табиғи нəрсе. Менің
жасым үлкен, сондықтан сөз ұғымын дəлелдеу жағынан тəжірибесі бар
адаммын. Кешіріңіз, бұл ағайын-туғандарға бөліп бергенім емес,
оларға борыштармын, соны төлегенім, яғни еңбек ақысын халайық
алдында қолына ұстатқаным. Мұны бұрын істемегеніме өкініштімін.
Бірақ ештен кеш жақсы деген халың нақылы бар.
Аз отырды да Хакім судьяға:
— Менің басқа сұрағым жоқ,— деді.
Судья оң жағындағы қосшы би Шолпанға мойын бұрып:
— Жауапкерге беретін сұрағыңыз жоқ па?— деп сұрап еді, Шолпан:
— Біреу емес, бұл кісіге қоятын бірнеше сұрағым бар,— деп жауап
қатты.
Сөйтті де ол желкеге түйген тоқпақтай қолаң шашын бір түзеп
қойып, айыпкер Ақметшеге қабағын түйе қалды.
— Сіз төңкерістен бұрын өкімет сайлауына қатынастыңыз ба?—
деді Шолпан.
Ақметше күлімсіреп сақалын сипай түсті де түрегеліп:
— Жауап беруге рұқсат етіңіз, судья азамат,— де¬ген оның тілегіне
ілесе Халиттің бас изеген рұқсаты да жалғаса берді.
— Сіз, əрине, төңкерістен бұрынғы сайлаудың бұқарашылдық жағын
айтатын шығарсыз,— деді Ақметше жұмсақ үнмен.— Ол кезде жассыз,
сондықтан бұрынғы сайлауды көрген жоқсыз. Төңкерістен бұрынғы
сайлау азаматтарды тегіс қатыстыратын, жасы жеткен азамат тегіс
дауыс беретін, ала-құла болған жоқ. Ал мен кəмелет жасқа толғаннан
кейін өткен сайлаудың бəріне де қатынастым...
— Сіз тура жауап беріңіз,— деп бөлді Шолпан оны.— Мен патша
өкіметінің тұсында сайлау бұқарашыл ма еді, бұқарашыл емес пе еді?
деп сұрағаным жоқ. Сіз өзіңіз бұрын сайлау жолымен қандай қызмет
атқардыңыз, соны сұраймын.
— А, лауазым жөнінде деңіз.
— Иə, лауазымыңыз қандай болды деп сұрадым.
— Бұл сұрақтың жөні басқа,— деп күлімсіреді Ақметше.— Бір
сайлауда волостной управитель болдым. Қазақша болыс дейді оны
жұрт.
Шолпан кимелеп кетті.
— Сіз жаңа «бұрынғы сайлау бұқарашыл еді» дедіңіз. Кəне айтып
көріңіз, немен бұқарашыл еді: кедейден болыс қоюшы ма еді?
Əйелдерден старшина сайлаушы ма еді? Қай жағы бұқарашыл еді?
Əлде əйелді мал орнына сатуға болатыны бұқарашылдық па?
— Сіз тым кимелеп кеттіңіз, судья. Бұл айтып тұрғаныңыз өте əділ
нəрселер. Бірақ мұның бəріне бірдей жауап беру оңай да емес. Өте
топтап жібердіңіз сұрақтарыңызды. Сонымен қатар бұл мəселелер
аңылы іске коп жанаса да бермес. Алайда, сұрақ қойылғаннан кейін
мен өз тəжірибемді, өз көргенімді түсіндіре кетпей болмайды. Рас
айтасыз: бұрынғы сайлау осы күнгі совет көзімен қарағанда өте-мөте
əділсіз сайлау еді. Алдымен малды, оқыған азаматтар ауызға ілінетін.
Ал əйел деген халың, əсіресе, қазақ əйелдері ілуде біреу болмаса
сайлауға қатынасты деп ауыз толтырып айтуға келмейді. Мен
«бұқарашыл» дей қойғаным жоқ. «Бұқарашылдық жағын айтасыз ба»
дедім. Ондағы айтпағым: кəрі-жасы аралас, бай-кедей демей, бəрі де
қол көтерді демек ем...
— Жақсы,— деді Шолпан.— Рас, бұл ақылы істерге жанаса да
бермес. Бірақ совет соты: жауап беріп тұрған кім — осыны дəл
көрсетуге міндетті. Сіз бұрын болыс болдыңыз, оқымысты адамсыз.
Бір сөзіңізде ауылдастарымның ақысын жеп келдім дедіңіз, оған
өкінемін дедіңіз. Егер де Совет өкіметі болмаса сіз ол
туысқандарыңыздың еңбегін жеп келгеніңізді халыққа айтар ма едіңіз?
Қалай ойлайсыз?
Ақметше күлімсіреп, басын шайқады.
— ...Ал бұл бір мəселе. Екінші сұрақ сіздің жасыңыз қырық бесте...
Мына отырған азаматтардың ана бір екеуі сіз шамалас. Сіз болыс
болғаннан бері дəулетті болсаңыз да, бұл кісілер сізге сол кезден бері
қызмет істегенде де бұған он сегіз, жиырма жыл өткен-ақ шығар. Сол
жиырма жылғы еңбек екі жылқы, екі түйе болғаны ма? Сіздің бір
басыңыздың жинағаны да жиырма жыл ішінде, өлген-жіткенін
қоспағанда, жүздеген жылқы, жүздеген түйе болып қосылып келген
жоқ па? Жиырма жылды айға, күнге айналдырып, үш-төрт қараның
құнын соған бөлсе қанша болар? Күніне тиын да шықпай қалып
жүрмесе не қылсын,— деді Шолпан.
Хакім жалма-жан қағазға тез-тез бір цифрларды жазғыштады да
Аметше жауап бергенше:
— Егер де бұл кісінің асыл жылқысының бағасы жүз сом тұрған
күнде, жаңағы айтқан өзінің билігі бойынша қызметшілеріне күніне
ширек тиыннан төлеген болып шығады,— деді ол Халитке қарап.
— Мен мұндай қиындатқан сұрақтарға жауап бере алмаспын. Қалай
болғанда да біздің қазақ елінің еңбекті бағалау жөнінде мешеу қалғаны
айқын ғой, жолдас судья. Сондықтан мен өз борышымды өтеу
жолында пікір айттым. Ал енді, билік айту сіздердің судьялық
борыштарыңыз,— деп Ақметше орнына отыруға ыңғайланды.
Судья қасындағылармен ауызша кеңесіп талапкерлерге сөз берді.
Аңы сұрап арыз берген шаруалар бірінен соң бірі орнынан тұрып,
жат сабақтай бір-ақ ауыз сөзді кезегімен айта бастады.
— Ақаңнан пайдадан өзге зиян көргеніміз жоқ.
— Мархабатты адам ғой, еңбек аңымызды төлеймін дегені де ізгілік.
— Ақаңнан пайдадан басқа зиян көрген ағайын жоқ.
— Мархабатты кісі. Еңбек аңымызды төлегеніне мың рақмет.
— Ақаңнан пайда...
— Жақсы, жақсы,— деп судья тіпті біреуінің сөзін бөліп жіберді.—
Қай жылдан бері көрші-қолаң болып келдіңіз?
Шаруа оның сөзіне түсінбей қалды білем.
— Лəббай?— деп құлағын тікті.
— Қай жылдан бастап Ақметше Мұқаметшеұлының шаруасын
шаруалап келесіз?
— А... Көрші-қолаң ба едіңіз дейсіз бе? Жоқ, көрші-қолаң емеспіз,
ағайынбыз ғой. Ағайын болғаннан кейін қай жылдан бастап шаруасын
шаруалаушы ек, еншалла, туғаннан бері ища дескеніміз жоқ,— деді
шаруа.
Судья оған:
— Сонда, сіз бұл кісіге, шамамен айтқанда, ең кемі жиырма бес жыл
қолғабысыңызды тигізген боларсыз? Солай ма?—деп еді, шаруа:
— Еншалла, еншалла,— деп басын изеді.
— Жақсы. Ал, сіз ше?— деп судья Таңқыбайға қарады.
— Менің ақым көп бұл кісіден алатын. Мен қосшы кедейлер
ұйымына мүшемін. Мені Қарабай Көзеевтің өзі біледі, мына пыркарол
Хакең де жақсы біледі. Жақында, жақында емес-ау, күні кеше менің
есіме салған осы кісі. Елге барғасын күнімен, түнімен ойланып,
басқаларға да ойымды ортаға сап кеңесіп, аңы сұрауды ұйғардық.
Маған бұл кісі ақымды толық етіп беруі керек. Хүкімет қосшы мүшесіне
жақ. Бұл кісі оны біліп қоюы керек,— деп Таңқыбай күш көрсетіп те
қойды.
Хакім бұл пысық шаруаның: «Өз сөзі емес, əлде Ақметше аузына
салып берген нəрсені айтты ма? «Күні-түні ойланып, ақы сұрауды
ұйғардық» дейді.
Анау күнгі əңгімеден кейін жабыла арыз бергендері ойландыратын
жайт. Күдікті іс...»— деді ішінен Таңқыбайға көзін тіге қарап.
Сот үкімін шығару үшін басқа бөлмеге кетті.
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
1
Дабыл ауылынан кішкене Құрманның ұшты-күйді жоқ болғаны, сол
маңдағы жұрттың назарын қос жетім баланың қараша үйіне аударды.
Бұл бір аяқ астынан кездескен үлкен оқиғадай көрінді. Бисенғалидың
баланы жазықсыздан жазықсыз ұрып жібергенін, оған Қалекеш
жыршының ара түскенін, бұл екеуін де таң сəріден оның үйден қуып
шыққанын ауыл тегіс білген жоқты. Ал білгенінің бай інісін сөгуге
аузы бармады. Тек болғаны баланы ғана əңгімелеумен болды.
Біреулері:
— Əлі келген жоқ па? Үш күннен бері қайда жүргені?
— Қасқыр жеп кетуден аман ба өзін?!— деп күдіктенсе, Құрманның
пысықтығын жақсы білетіндері:
— «Қасқыр жеп кетуден аман ба өзі?» дейді. Ондай бала қасқырды
өзі жеп қоймаса, қасқырға ауыз салдырмас. Ол қалаға қашып кетті,
сонда нағашысы бар,— десті. Бірақ оған:
— Рақымғали қаладан таба алмай қайтты ғой,— деген қарсы жауап
та табылып жатты.
Көбі баланы аяп жоқтады. Қаршадай баланың елден кеткенде қайда
барып, қалай күн көретінін ойлады.
Жоқтаушының ішінде Бисенғали мен Қалампыр да болды, бірақ
бұлар: — Келін мен қойшының қашқаны... құдай тек жамандыққа
жазбасын. Ал, бұл жақсы ырым емес: бұл бір сұмдықтың алды,— деп
үрейленді.
Сөйтті де екеуі қосарлана бар бəлені баяғы «жаман күйеуге» жапты.
— Сен соны төрге шығарып жаман үйреткен. Жалғыз оны ғана емес,
қайдағы бір қу жақ жырауды да сен осы ауылға үйір қылған!— деп
Қалампырдың алдын орай тиіскен Бисенғалиды қаһарлы бəйбіше
тоқтатып қойып, өзі кірісті.
— Сен соны не мақсатпен шақырып келдің, соны айтшы,— деп
қысты бəйбіше.
— Ойбай-ау, би жеңеше-ау, мен емес оны алып келген. Бұралқы
өгіздей сүйкеніп, үйді-үйді санап, босағасын босатпай жүрген белгілі
жарапазаншы емес пе! Мен оны шақырып əкеліп, соншама ошағыма
тас қыламын ба? Жеңеше-ау, өзіңіз ойлаңызшы, əлмисақтан бері қарай
ел-елді қыдырып жүрген Қалекеш қой. Мен тумастан бұрын да, ол ел
кезген кезбе емес пе? Бəлкім, о л сіздерден де бұрын дүниеге келген
шығар. Былтыр да келді, биыл да келді осы ауылға: аяғын тұсап
қоймасаң, бұл ендігі жылы да келеді, онан арғы жылы да келер,— деп
тізбектеді, сөзі кемерінен асып төгіліп тұрған Рақымғали.
— Ал, солай болсын. Ол ендігі жылы да келсін. Ана баланы қайдан
табасың, енді соны айтып көрші.
— Оны енді ақылдасып, көп болып ойласайың, жеңеше. Мен іздеуін
іздермін. Бірақ қайткенде тез табу керек, соны ақылдасайық. Əкесі де
бір қашаған еді...— деп жөней беріп еді Рақымғали, əйел:
— Тоқта!— деді.— Мен əкесінің қандай екенін сұрап тұрғаным жоқ.
Қалай да тап. Қалада болса — қаладан қайтар, далада болса — даладан
қайтар. Еліне қашса елінен ізде. Үш күн ішінде ол қойшы осы жерде
болсын,— деп бұйырды.
— Иə, сөйт,— деп Бисенғали да өзінше əйелінің өкімін нықтай түсті.
— Ай, сол кешегі... анау күнгі өгіз арбалы қара домалақ
туысқанымен кетпеді ме? Сол азғырмады ма екен оны? Тілмарсыған
бір ол да сен сияқты сөзден түйін түйген неме көрініп еді,— деді əйел
тағы да Рақымғалиға тигізе.
— Айта көрмеңіз, жеңеше,— деп Рақымғали Əділбектің маңына
жуытпады.— Айта көрмеңіз. Ол деген ондай ұсақ нəрсеге өмірі
жуымайды. Жуу қайда, ондай қойшы азғыру деген оның атабабасының, тіпті үрім-бұтағының басында болып кермеген іс. Бұған
күнəлы болмаңыз, жеңеше. Өмірде ешкімге қиянат жасап көрмеген
бала. Жəне ол баланы мен общем, осы ауылға соғатын еттім ғой,
жеңеше. Оның шет жағасын өзіңіз де түсінесіз. Үлкен бақыттың
тұлымынан ұстаттым — ол бала енді онан айрылмайды. Құдай біледі,
деп айтайын, айрылмайды. Айрылу қайда, біреу қайда, ертең ол
баланың өзі-ақ жетіп келеді осында. Қойшыңыз түгіл мысығыңызға да
қолын тигізбес, қайта менен де мұқият қорғар,— деп жымиды күйеу.
Əділбекті «балдызымды көрсетем, кел» деп шақырғанын алыстан
меңзеп бəйбішенің алдына тартып.
Қалампыр бұл өте қолайлы жəне тиімді құдалықты о бастан-ақ жек
көрмеген болуы керек. Сонда да ол:
— Ай, оны қоя тұр. Ол алдағы іс. Онан бұрын мына қу қойшыны тап,
— деп өз бұйрығына оралды.
Бисенғали да:
— Иə, сөйт,— деді.
Сөйтпеске амал қанша — ұзақ күнгі бос сөзден салған бөгеті бəйбіше
əміріне кесе-көлденең тұра алмай, Рақымғали енді Құрманды іздеуге
екінші рет шықпақшы болды.
Зым-қайым жоқ болған інісін қыз екінші күні мықтап жоқтады.
Екіндіден бастап мал сауу, сүт пісіру, шай қайнату, су əкелу қамымен
шаршап жығылған Халима Құрманның үйге қайтпағанын бірінші түні
аса жоқтаған жоқ еді. Ол: «Ашуланып бір жерде отырған шығар.
Жазғытұрым да ол қыстау жаққа барып айналып екінші күні қайтқан.
Түнде келмесе, ертең ертемен келіп жетер» деп ойлап, ұйықтап қалған
болатын. Бірақ, ертемен қайтар деген інісі түсте де, кеште де үйге
оралмаған соң қыздың жүрегі қобалжи бастады. Ымыртта ол қойшы
Қалиға келіп, қотан шетінде біраз отырды.
— Қали, сен ештеме де білмейсің бе? Құрмаш саған өрісте не айтып
еді?— деп сұрады, қойшы əлденені жасырып жүр ме деп ойлап.
Бірақ оған Қали өзінің кімге болса да талғамай айтатын:
— Жоқ-а,— деген жауабын қатты да, жантайған күйі жата берді.
— Сен, Қали, ұмытқан шығарсың, ойлашы, Құрмаш бірдеме айтқан
шығар,— деді қыз тағы да Қалидың бірден сөйлесе қалмайтынын
ескеріп.
Қойшы екінші рет, сол жатқан күйі:
— Жоқ-а!— деді.
— Дегенмен, кеше өрісте ол саған ақылдасқан шығар.
Құрмаш əңгімешіл ғой.
— Кеше өріске ол келген жоқ,— деді Қали біраз бөгелгеннен кейін.
— Сенен келіп шалап та ішпеді ме?
— Жоқ-а!..
Бір ауыз сөзден əрі əңгімеге аяқ баспайтын, «жоқ-а» дегеннен өзге
жауапқа да шорқақ қойшыны қыз онан əрі қинамады, үйіне қайтып
келіп төсегіне қисая кетті. Бірақ ол таң атқанша көзін ілмеді — түні
бойы жылаумен шықты. «О, жасаған, не жазығым бар еді?»— деп
жыбырлады жас қыздың ерні, қараңғы, өзінен өзге қыбырлаған жаны
жоқ, иесіз үйде.— Əкемнің қандай екенін білмеймін де... Сорлы шешем
көз жұмғаннан кейін арқа сүйеген кішкене бауырым — Құрмашым...
сенсіз мен қайтып күн көрермін. Мына иесіз үйде қалай жатып, қалай
тұрамын?.. Жасаған маған енді сені де көпсінді ме?! Не жазығым бар
еді»...
Кейде жылап жатып көзін ашып қалған Халимаға қараңғы үйдің
ішінде əлдекім жүргендей болады: ол аңырын жылжып босағаға қарай
ығысады; сыртқа, үй ішіне құлақ тосып, қарай-қарай қараңғының боз
қылауланған сəулесінде бұрыш-бұрышты тінткілейді. Жым-жырт.
Қыбырсыз жатқан түнгі əлем. Оның елегізген құлағына күйіс тартып,
ауыр күрсінген малдың дыбысы ғана келеді: оқтын-оқтын шыбыншіркейден тынысын тазартып пысқырып қалған қойдың ышқынғаны
көңілін бөліп кетеді. Біраз уақыт қыз босағада отырып ойға шомады...
«Кеше бірге де жатпадым құшақтасып. Жыршы атай оңаша болсын деп
бауырыммен бірге қонбадым» деген өкініш тынысын буады. Тынысын
буады да өксиді. Түн ұзақ, қайғы мол, сүйеніш жоқ...
Келесі күндері Халима ботаны ермек ете бастады...
Енесіне еруге əлі буыны бекіп жетпеген бота маймақ тірсектері
жерге тиердей қайысып, ілкі кез ши қоршауда тұрды да, екі-үш күннен
кейін əудем жерге өзі жүріп барып, кері оралатын болды. Біраздан соң
ол тарпаң тапыраққа үйрене бастады. Бірақ оны аяқтанған соң да
енесіне ертеңді-кеш желкесінен ұстап апарып жағызып, Халима жас
балаша бағып тұрып емізетін. Кей кез ембей селтеңдей бастаса, қыз
оны желкесінен нұқып қойып, аңдып тұратын еді. Сөйтіп, ауық-ауық
қоректендіріп, қоршауда ұстап, көлеңкеге баққан төл қызға біржола
үйреніп кеткен. Ол тіпті сүтке тойып алғаннан кейін енесінің қасында
қалмай қыз соңынан еріп жүретінді шығарды. Ал, інген өріске кеткен
шақта бота Халиманы іздеп жүріп тауып алады, онымен кейде үйге
ілесіп кіріп те кетеді...
Сол жас бота мұңды Халиманың жан серігіне айналды. Сиыр
сауысып, малды өріске шығарысып, бұзау ағытқаннан кейін жалғыз
қалған Халиманың бар ермегі бота. Бота үндемей қалған қыздың, «неге
мұңаясың» деген адамша, қолтығына басын тығып, иықтап ойынға
шақырады. Қыз оның басын, көзін сипап еркелетсе, бота тізерлей
бастайды да, қыз орнынан түрегелсе ол қаша жөнеледі, «мені қу!»
дегендей болады. Қуа түссе — ол əрілей береді, ал, қайтып орнына
келіп, босағаға отыра кетсе — бота да жетіп келеді, тағы да тізесін
бүгіп, қыз қолтығына басын тығады. Бір күні Халиманың көзі ботаның
буалдырланған үлкен көзіне түсіп кетті де, ол көз ұшындағы
қыбырлаған суреттей боп жүзіп жүрген өзінің титтей бейнесін көрді.
Өзінің кəдімгі жалаң бас, шашын бір бұрған, бүрме көйлекті суреті.
Бірақ ұсақтала-ұсақтала көзге əрең ілінерліктей боп қалған ойыншық
сияқты,— жүз əлпеті анық емес, ал тұрпаты, киімі бəрі езі. Бота көзін
жұмып қалса жоғалып кетеді де, ашса буалдырланып қайтадан шыға
келеді. Қызық сурет. Кейде өз бейнесі емес, жыбырлаған көп сурет, үй
төңірегінде жүрген адамдар мен малдың кішкене суреттері де
қыбырлап өтеді.
Өрістен інген қайтар шаң. Күн екіндіге төніп қалған. Жас бота енесін
жоқтағандай далаға қарап тұрып боздай бастады. Нəп-нəзік мүлəйім
даусынан жас баланың мұңайып жылап қоя бергені сияқты бір жан
тебірентерлік аяныш үні құлаққа келді. Үй ішінде əлденеге
айналақтаған қыз кенет жүгіріп есік алдына шығып еді, бота оған
мойнын аңырын ғана бұрды да орнында тұрып қалды. Оның көре сала
жүгірмегеніне таң қалып, қыз да бөгелді — екеуі бірін-бірі сынағандай
қарасты. Бірақ бота бұрылып, далаға қарап тағы да боздап еді, оның
үнінен бұл жолы əлденеге жалбарынған əлсіз зардың үзілмелі,
дəрменсіз дыбысы тұла бойды шымырлатып Жүре берді. Қыз
шыдамады — екі қолын жайып, оны жұбатқандай, аяғын асыға басып
келіп мойнынан құшақтай алды. Бота қызға сүйене түсті де,
«сағындым ғой» деген мүлəйім пішінмен көзін жаудырата түсті. «Мен
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 14
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.