Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 35

Total number of words is 4147
Total number of unique words is 2089
37.9 of words are in the 2000 most common words
53.4 of words are in the 5000 most common words
61.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Жүнісов! Біздің студент Жүнісовтің ағасы емес пе?
— Бар, інісі бар оқып жүрген.
— Мен ол жігітті де білемін ғой. Жымпитыда жиырмасыншы
жылдың басында ЧК-да істеген жігіт. Ораз бен екеуін...
Сəкен арғы жағын аяқтамай ойланып қалды. Ол енді өзі кеше ғана
көрген шəкірті Əлібекті көз алдына келтірді. Оның ел ішіндегі сойқан
істі жыр еткенін... бір аттың жайын баян еткенін... бəрін ойына тізе
бастады... Aт... асау тұлпар... Кəдімгі құс қанат ат. Алты айшылық
жолды аз күнде алты басатын ат. Кешегі өз тұлпары... Ақынның ерні
жыбыр етті.
Сан қиын істе мені сынаған ең...
Сəкеннің қабағы қатты түйіле қалды. Ол тез купесіне кіріп кетті.
Бірінші жолдың жалғасы енді ауыздан қағазға көшті:
Жан қияр серігің боп ұнаған ем,
Жаныңа-ап кейбір түнде «қанатым» деп,
Құшақтап талай мені сылаған ең.
Атаниязов та, қос қара жігіт те оның купесіне кіре алмады. Поезд
тербетіп, ақын тебіреніп отырды.
Көп жерде көз аялдар шөке жоқ; үсті шаңылтақ, қатқан тулақ тəрізді,
əрі түксіз тырысқан, қыртыс-қыртыс көк ала жер. Оқта-текте,
кездесетін жиегі көгерісті шолақ жылғалар да қаңсып қалған, айнала
жылан жалағандай.
Еңсесі түскен қара қотыр. Мұғажарға қарап Сəкен кенет күрсініп
қалды. Алыста, көз ұшында бір қара көрінеді. Қара — кəміл ат. Ат екені
жаңа ғана үстінен адам түскеннен байқалып еді. Ақын көзі талғанша
қарап, аттың аяқты зорға басып, бір жүріп, бір тұрғанын анық көрді.
Адамы да аса қарулы болмаса керек, отырып-отырып сүйрегендей
атын ілгері жылжытады, өзі де қарыс аттам жер жылжиды.
«Əлсіздердің бірі ғой. Қайткенде де аты бар. Қалқиса да — ат. Аты
жоқтар?..»
Құлазыған айдаланың екінші бетінде, телеграф ағашының қуқыл
тізбегі шұбатылған жақта жетім станциясының төңірегін сағалаған,
ербиген, сүреңсіз суреттерге де көз түсіп кетті...
Даланың жып-жылмағай панасыз беті бүгін өзгеше ызғырық,
бүріскен жан иесін жерге біржола бұқтырайын дегендей қара жел
азынай қалған. Тоң жаба бастаған жердің құп-қуаң көсе бетінде
ызғыған тұрақсыз жел қандай мазасыз. Алматының шуақ күніне
көбеңсіп қалған құлақ-мұрынды қарып алғандай жалайды...
Өңсіз дала. Қажыған адам. Құр тулақ. Қалжыраған ат... Ат пен адам
суреті ақын көзін бұлдыратып жіберді. Қызыл ат... Қызыл ат... дей
берді оның еріні.
ОН БІРІНШІ ТАРАУ
1
Оның шəкіртінің азабы...
Күз күні.
Түн ұзақ.
Ойдан ой. Үзік-үзік ойлар. Шеті де жоқ, шегі де жоқ — бірінен соң
бірі тізбектеле береді. Жəне бірінен соң бірі өзекті өртей түседі.
Арасында толас-толас езу тарттыратындары да бар. Бірақ оның ізінше
күрсіндіретіні əзір тұр.
«...Көйлегім мен бешпетімді қолтығыма қыса, терезеден сыртқа дік
еттім-ау! Ə, сен бе, шырақ! Сен!.. Сен!»— деді-ау сонда Айтан отағасы!
Артыма қарамастан қашып бара жатқанда...
Əлібектің езуі еріксіз жыбырлағандай болды.
Ол қараңғы үйдің төбесіне көзі талғанша қарап жатыр еді. Ізінше
жыбырлаған ерні жымқырыла түсті.
«...Ұят болды. Ұят. Өлім. Өлімнен де жаман. Не деп қалды екен сонда
ана үлкен кісі?!.
...Ол ол ма!— деп жыбыр етіп еді Əлібектің ерні тағы да, жүрегі
тулап қоя берді. Бейне бір қатты-қатты жүгіріп келіп тұра қалғандағы
дүрсілдейтіндей. Қараңғы үйдің ішіндегі қатар жатқан қожайынға
естілгендей, тіпті оның арғы жағындағы келіншекке, əрегіректегі қыз
құлағына шалынарлық, тарсылдап кетті. «— Қайда қалды! Не халде!
Сорлы жан! Менің тəңірі қосқан Гүлжиһаным! Қайтып келер ме, сол
«Шеген құдықтың» түбінде қол ұстасып тұрып, бүтін əлемді бір
қауызға сыйғызған албырт шағым! Бақытты шағым! Шалқыған,
тасыған шағым! Сұлудың қолынан ұстап, көзіне телмірген шағым!
Құшақтап, қысып, қанбай сүйген шағым!»
Күзгі түн. Қысқа болса да ұзақ. Көз ілмеген жанға ұзақ. Ойдан ой.
Үздік-үздік ойлар. Шеті де жоқ, шегі де жоқ бірінен соң бірі тізбектеле
береді. Жəне бірінен соң бірі өзекті өртей түседі...
Əлібектің жатқан үйі Кішкенебайдың үйі. Кəдімгі Тереңөзек
станциясының басындағы Қаражанов Кішкенебай. Мұнда ол кеше ғана
келген. Күріш дайындау науқаны сүйреп келген. Ойда жоқ жерден
келді. Өзі тілеген жоқ еді, «жаңа өмірді көзімен көріп, қолымен
жасассын, күйрек ақын! Сары уайымға бейім байшыл идеологияға
ұрынған неме!» деп жіберді.
Ақмешіт. Қызылорда. Əлібек Қызылордадан мұнан үш жыл бұрын
кеткен еді. Онда Қызылорда астана болатын. Белгілі қазақ
азаматтарының бəрі сонда болатын. Қазір бəрі Алматыда.
Осы сапар Қызылордаға аз тоқтады. Бір-ақ күн. Аудандық партия
комитетінің секретары Мусин деген кісі екен. «Алматыдан келген
жігіттердің бірін Жалағашқа, бірін Тереңөзекке, бірін Шиеліге
жіберіңдер» деп райком комсомолға тапсырды. Өзі сөйлескен де жоқ.
Жай-мəністі түсіндіріп те жатпады. «Басты мəселе — күріш. Күріштің
түйірін қалдырмай жинап, бастырып, дайындау пунктіне өткізсеңдер,
бар алғыс бір өздеріңдікі. Үгіт жұмысының өлшеуіші осы»,— деді
бозаңдау сары өңді секретарь. Əлібек үлесіне Тереңөзек тиген-ді...
Кішкенебай жүк қоймасында жұмыс істейтін кісі. Жасы қырыққа
таяу болса керек. Шошақтау иегінде бір түйір сақалы бар, бет-аузы бір
уыс адам. Мұрны жүзіне лайық — шошақ. Көзі кішкене ұясына
жасырыныңқырап, сұм ниетпен ғана қарап тұрған сияқты. Бірінші
көргенде Əлібек ішінен «қызық кісі екен» деп қойды.
«Қызың кісінің» арықша денесіне, шырылдауық дауысына қарап ол:
«Жаным-ау, осы кісіні қайда көрдім?» деп көп ойланып еді. Бірақ қазаң
даласында Кішкенебайлар аз ба, таба алмады. Ол баяғыда Таңқыбайды
да бір рет қана көріп еді, «Шеген құдықтағы» Ақметшенікіне ат басын
тірегенде. Ол кезде ат үстінде онымен сыр алысқандай сөйлесіп те
үлгерген жоқ-ты. Есінде бір сипатын анықтап қалдыра алмаған. Бəлкім
оның «бір көрген кісісі» сол да шығар. Өйткені Кішкенебайдың
Таңқыбайға сырт пішіні ұқсас келген екен.
Кішкенебайдың бой жетіп қалған қызы да өзіне ұқсас. Талдырмаш
денелі, мұның да бет-жүзі бір уыс қана қоңырша қыз. Ал əйелі ақсары,
сұлу жүзді, нұрын төгіп тұрған əдемі қой көзді, өте-мөте сүйкімді
мұрынды, денесі тіп-тік, бұрымы төгілген, көруге көз керек адам екен.
«Мына қыз бұрынғы əйелінен. Мына кісі екінші əйелі. Жасы өзінен
жиырма жас кіші шығар-ақ?»— деп бір қойды күндіз Əлібек. Жəне ол
өзінің философиясына салып: «Өмірдің шатқал жолы жас пен кəріні де,
сұлу мен ажарсызды да, дені сап-сау жан мен ғаріпті де қосақтай
береді. Мына сұлу да соның бірі ғой»,— деп түйді. Бірақ Кішкенебай да
бір əйелге ер боларлық білем. Қарауға бір мал жинағыш адам сияқты
көрінеді.
Кішкенебайдың үйі бір бөлмелі дерлік шым үй. Екінші жағы қазан
жақ. Едені жер, терезелері көздей-көздей, ши қамыспен жауып, төбесін
ақ балшықпен майлап тастапты. Түнде жоғары қарап көзін ашып
жатқан Əлібекке төбе боз буалдыр болып көрінеді. Ол бұрышқа таяу
жатыр, қатарлас Кішкенебай, оның арғы жағында сұлу келіншек,
əрегіректе қоңырша келген, жаңағы айтқан шүңкиген қыз.
Қожайын да, əйел де, қыз да ұйықтап жатыр. Елдің бейқам ұйқысы.
Тəтті ұйқы. Үй иесінің ғана оқта-текте қорылы естіледі, басқасы
дыбыссыз, кейде тыныстаған мүкі дыбыс қана құлаққа шалынады.
Бірқалыпты, іркісі жоқ рақат тыныс, рақат ұйқы. Өзек жеген ойдан
аулаң, тыныш ұйқы...
Қасіретсіз тəтті ұйқы,
Көп заман маған болды жат.
Толар-ақ солған тəн сиқы,
Жан бұғаудан болса азат?!
Өлең өрнектеп, төгіліп кетеді. Ішті кернеген ой үні еріксіз ерінді
жыбырлатады. Əлібек тұрып өлең жазып тастамақ болып басын
көтеріп алды да қайта жата қалды. Үй иесі оянып кетер деп қысылды.
Жəне шам қайда? Оны жағатын сіріңке қайдан табылар? Бүтін үй іші
дүрлікпей ме, түрегеліп жан-жағын қарманып жүрсе!
Ол аузынан бұрынырақ еріксіз шыққан бір ауыз өлеңін қазір ішінен
тағы да қайталай береді. Тағы да ойланады. «Жан бұғаудан болса
азат!» Мені жиналысқа салғаны да осы өлең үшін. Мұнан басқа өлең де
бар, əлдеқайда буалдыр өлең. Табиғат үрейін өзіне бейімдеп айта
салған жолдар. Жалғыз-ақ аяғындағы:
Жай оғынан тек махаббат өледі...
дегені болмаса!
Ол жатақханада ауызға ілінген, досы мақтап, қасы боқтаған өлеңін,
оның қалай жазылғанын еске түсірді.
Ойдан ой... Өңі ме, түсі ме?
2
...Алай-түлей боран. Жел үйдей атанды жыққандай, ысқырып
соғады. Бет бақтырмайтын үскірікке қарай алмай қиналып, булығып,
не істеуге білмей сасқан кезде кенет тынысы кеңейіп жүре береді.
Əлібек оянып кетті.
Ол сəл уақыт қайда жатқанын білмей аң-таң, көзін маңдайшадан
алмай жатып еді, есік ашық екен. Сырттан кірген жел мұздай. Кəдімгі
күздің салқын желі, көрпеден шығып жатқан тізені тоңдырып барады.
Жаңа ғана есіне түсті: шоқша сақалды кішкене кісінің үйі екен ғой
жатқан жері. Соның төрі. Еден. Жер төсек. Қалың көрпе, үлкен жастық.
Жаңағы үскірік боран көз алдында тұрғандай əсер етті де басын
шайқады. «Түс деген қызық. Есіктен кірген жел боран болып əсер етеді
ұйқы құшағындағы тəнге. Ғажап!»
Ол ойын аяқтамай, үйге кіріп келе жатқан əйелді көрді. Бір қолтық
қурай көтеріп келеді. Төрде жатқан жігіттің оянып кеткенін көріп, ол
есікті асыға жапты да жалт қарады. Кешірім сұрағандай қарас. Көздері
жайнай түскен.
«Қандай əдемі жан! Шолпан сияқты...»
— Жеңгей... жоқ, жеңгей деуге тым жассыз, замандас деу лайық
болар. Уақыт қанша екен?— деп қалды Əлібек тіл қағысып.
Əйел қызарып кетті.
— Тым жассыз дейсіз. Мен жас емеспін. Жеңгей дегеніңіз дұрыс...
— Ауыз бармайды олай деуге,— деп Əлібек, біреу естіп қалды ма
деп есікке қарады.— Уақыт қанша екен?
— Сағатыңыз бар емес пе? Біздікінде сағат болмайды.
— Бар болғыр тұрып қалыпты,— деп Əлібек өтірік айтты да, жастық
астындағы сағаттың құлағын бұраған болды; ол стрелкасын да қозғап
айналдыра түсті де қайтадан бұрынғы орнына келтірді. Сағат
тоғыздан асып барады білем...
Əйел сəл бөгеліп қалды да, қазан жаққа қарай жылжи түсті. Тағы да
тіл қатып сөйлесе түсуді іші жек көрмесе де, Əлібек бөтен үйде тер
алдында жатып сөйлесудің лайық емесін енді ғана білгендей, орнынан
ұшып түрегеліп киіне бастады.
— Сағат тоғыздан асып кеткен болуы керек,— деп күбірледі ол тағы
да білмегенсіп.
Қазан жақта қайнатқан суды самаурынға бақыраштап құйған дыбыс
шықты. «Ері жұмысқа кеткен ғой. Алыста істей ме екен?» деп ойлап та
үлгермеді, есіктен шығып келе жатқанда Кішкенебай қарсы ұшырады.
Əлібек əлденеге селт етіп, сасып қалды. Бірақ екеуі де үн қатпай бірі əрі
— сыртқа шығып, бірі беpi — үйге кіріп кетті.
Екі-үш минуттен кейін қайтып кірген қонаққа құман-шылапшын
қойып жуындыруға қолға су құя бастаған əйелдің бетіне ол қарай
алмады. Əлденеге қуыстанып:
— Өзім де жуынатын едім ғой, жеңгей...— дей берді. Ал өзі
бұрынғыдан əлдеқайда тез жуынды. Суды ақырын ағызып, жайлап
жуынатын, мұқият сүртініп, асықпай таранатын. Айнаға қарап шашты,
жағаны мінсіз қалыпқа түсіретін əдет ұшты-күйді жоғалып кеткендей.
Қимылдың бəрі құйын соққандай, əлденеге асығып, əлденеден
қысылып, күнəлі адамдай болды.
Əлібек бұл күрт өзгеріп кеткен қалпын өзі жақсы сезсе де, оның
мəнісіне ой жібере қойған жоқ-ты. Сұлу келіншектің жас жанға өзгеше
əсер еткен, оның үстіне қас қылғандай ерінің сақа адам екені, əлдебір
қызғаныш отын тұтата бастағандай болды. Бірақ ізінше бір көрген
жанға құмарта түсіп, жарамсыз ойға киліккені оны қылмыс істегенмен
бірдей халге салды. Əсіресе, əйелдің қызара жауап бергені, жоқ жерден
«тым жассыз» деп қалып «ана отағасы тең емес қой» дегендей əйелге
ой салғаны оны қобалжытып жіберді. «Менің не шаруам бар еді,
сонша!..» деп қысылды ол. Осы ойдың өзі-ақ оны жарамсыз іс
істеткендей етті.
«Осы маған не болды?— деді ол ішінен сүртініп жатып,— əлін
білмеген əлек деп, бір рет өкініш шөгірі өкшеге кірмеп пе еді?! Қайда
жүрсем сұлу келіншек, қайда барсам ол сұлудың екі көзі менде...
Сорлылардың өзі сүттей жас, ерлері қасқа тіс болып қалған бірдеңе.
Оның үстіне ажар-көрікке де жұтап жүрген біреулер. Бірі — жуан, оның
үстіне арақты судай сіміріп баржиып отыратын еді; ал мынау байғұс
шүңкиген бір ешкі тұяқ...»
Ойым құлағына шалынып қалды ма деп қымсынған жанша Əлібек
Кішкенебайға көзінің астымен қарап еді, үй иесі оның қимылқозғалысын, бет-құбылысын сынап тұр екен. Мұны ол Кішкенебайдың
көздерін қыса түскенінен жəне қабағының түйіле қалғанынан байқады.
Оның үстіне өзі бар шағын денесін шүберекке түйгендей, əлденеге
құлағын тосып, аяғын білдірмей басып, бейне бір бұққан мысыққа ұсап
қалған.
«Тоба, мынау бір бəлені сезбесе нетті. Бірақ, мен қандай жақпас іс
жасадым? Əйелімен тіл қатысқаныма шүйілмесе? Бөтен сөз айтқаным
жоқ қой...»
Əлібектің ойына тағы да Жымпитыдағы Айтан Ақбасовтың түнде
үйінен қашып шыққанда қуа түсіп жұдырық түйгені, жұдырықтан да
жаман сөзбен тілдегені түсе қалды. Ол сол күнгі масқара оқиғаны
бұлжытпай көз алдына келтірді, беті шымырлап кетті. Құлағына
Айтанның сөзі қазір де естіліп тұрғандай болды...
— Мырза, қалай, ұйқы қанды ма?— деп Кішкенебай кенеттен көзін
шүйе қалды. Бір жақсысы — үй иесінің сөзінде кекесін үн құлаққа
шалынбады. Бірақ «мырза» деген сөз Əлібекке ерсі естілді. «Бұл күнде
«мырза» деген сөздің айтылмайтынын түсінбей ме екен, əлде жори
айтып тұр ма, кекетіп. Үнінде кекетіп-мұқату жоқ сияқты».
— Отағасы...— деп тоқтай қалды Əлібек. Ол не дерін білмей
Кішкенебайға тіке қарады. «Аузыма құдай салды ма бұл сөзді? Баяғы
Шолпан ерін «отағасы» деуші еді?» Ол жалма-жан мүдіріп қалған
себебін сездірмеуге тырысты.
— Бізде отағасы дейді өзінен үлкен кісіні. Сіз мұны көңіліңізге
алмаңыз...
— Бізде де солай дейді. Оның ешбір ерсілігі жоқ.
— Олай болса тіпті жақсы. Бұрын көрмеген жер, көрмеген үй болған
соң іңірде көз ілінбей, кейін түк сезбестен ұзақ ұйықтап қалыппын. Сіз
бір барып қайттыңыз ба?
Кішкенебай көзін қабағымен қоса түйді.
— Ұйықтаған жақсы. Ұйықтай алған адамға ерте жатып, кеш
тұрғаннан артық не бар?.. Ол тамағын кенеп, келесі сөздің етек-жеңін
түргендей болды.
«Менің көп ұйықтағанымды сөгіп тұр» деді Əлібек ішінен.
— ...Қалада солай шығар. Ал, біз елдегі адамбыз. Ұйқымыз қашқалы
көп болды.
— Сіз темір жолда істейсіз бе?— деді Əлібек.
Оның аузына кенет темір жол түсті. Станция басында тұрғаннан
кейін теміржолшы шығар деген болжал келді.
— Иə, еріксіз теміржолшы болдық.
— Қалайша отағасы? Темір жолда істеу пайдалы емес пе? «Еріксіз
теміржолшы болдық» дегеніңізге түсінбей қалдым.
— Түсінерсің, шырағым. Бізден артық түсінерсің. Түсінбесең күріш
жинауға келмес ең.
Əлібек не дерін білмеді. Мына кішкене кісінің сөзінен əлденені жек
көру оты жалындап тұрғанын сезді. Ол үндемеді. Əңгіме Əлібектің
жаңағы күдік алған нəрсесінен тереңірек екені байқалып қалды.
«Күріш жинауға келмес ең» дейді. Бұл қалай? Күріш жинауға наразы үн.
Неге, бұл кісі күріш екпейтін адам емес пе? Күріш жинауға неге
қастерін тігеді?..
Бұдан кейін сөз еріксіз доғарылды. ЬІзалы адаммен сөйлесуге оның
батылы бармады. Əсіресе, күдіктенгені: соңғы екі жылдың ішіндегі
кейбір ауылда болып жатқан түсініксіз істердің жайына көшсе оған
айтар сөз шамалы. Ал, мына адамның «күріш жинауға келмес ең»
дегені сол шатақ іс қой. Өзін сынауға жіберген күріш науқаны емес пе?
Бұл жерде жинайтын күріш бар ма, жоқ па, оны анықтаған Əлібек жоқ.
«Берілген жоспарды орындамай жатыр, соған жастар күш салуы
керек» деген нұсқаудан өзге қолға ұстар дерек жоқ.
3
Ақмет қызық адам. Қырман басына келгенде, бейне бір жолындағы
атты да, арбаны да, тіпті адамды да атымен бастырып, тапап,
жапырып кетердей ұмтылады. Топтанып тұрғандарға атын тебіне
түсіп, араларына екпіндеп енеді. Əсіресе, дауысы зəреңді зірк
еттіргендей «дүрс» етіп, сонсоң күжілдеп шығады, өзі де жалын
күдірейткен бөрідей айбат шеге бастайды. Алды ашық арты салбыр
ескі түлкі тұмақты қодырайта түсіп, желкелігін жымырып, құлақ тұсын
қоқырайта қояды. Ал, түйеден түскендей ожар сөзі мен жуан үні:
— Өй, сендердің істерің өнбей кетті ғой, қоңыз екеш қоңыз да алған
жүгін домалатып, аударып, сүйреп, ə дегенше əудем жерге апарып
тастайды. Ал, сендер қорбаң-қорбаң етіп жұмыстарың өнбейді,—
дегенде нəзік үнді дыбыстары да ауыз толтырарлық күмбірге айналып
кетеді.
Бірақ қырман басындағы үлкенді-кішілі қыбырлаған жандар
Ақметке жол бергендей ақырын ығысып, сыпайы ғана амандасып,
күндегі қалпынша бастырған дəннің сабанын тырнауыштап шетке
ысырып, ағаш күрекпен қауызды күрішті асықпай күреп, баптап
жинастырып жатады. Бірінші рет көргенде де осы қалып еді, ал, бүгін
Ақметпен екінші рет келгенде де Əлібек сол белгілі сөз, белгілі екпін,
белгілі үн есітті. Жұрттың қимылы да сол белгілі қалпында еді. Небір
Ақметке наразылық қабақ қатқан, болмаса оның сөзіне қарсы жауап
берген жə «олай, жəне «бұлай» деген жан көрінбейді. Жұрттың
қимылы мен түрінде не бір сескену, не бір қостау, болмаса қарсы
жауаптау болған емес. Жалғыз қырман басы емес, салық төлеу жөнінде
де сөйлескен жандар тап осы жайбарақат қалып көрсете береді. «Бұл
қалай» деп ойланып, əртүрлі ойға кетті де, Əлібек бастырған күріштің
қырман шетіндегі жонданып, қобырап жатқан сабағына көз тікті. Ол,
көппен сөйлесіп күжілдеп тұрған зəрсіз Ақметке ішінен риза болса да,
жұрт алдында белгісіз бір қолайсыздық сезгендей болды. Біле тұра
күжілдеген болады. Оны жұрт құлағына да ілмейді... Бұл қалай, мұны
тыңдамай ма?.. Əлде басқа бір себебі бар ма?... Ол жонданып жатқан
күріш сабанының іргесін аяғымен ысырып еді, Əлібектің көзі жерге
шашылып жатқан күрішке түсті. Ол: «Шамасы сабан астында
шашылған дəн қалған ғой» деп ойлады да, енді сабан арасынан
бірнеше сабақ суырып еді, толған дəн... кəдімгі күріш дəні, өріліп тұр.
Аз ғана ат аяғына езілген бас жағы дəннен таза да, сағасы басылмаған,
тоқпақтай дəндер сол күймен қалған.
— Шырақ, бері кел,— деп қасына төніп, əлденеге алысқа көз тіккен
Ақметке, Əлібек жəй ғана:
— Ақа, мына сабан асты да, күріш сабағы да дəнге толып, шала
басылған ба қалай?— деп сұрады.
Əлібек мұны сыбырлағандай ақырын айтты.— Жұмысты шала істеп
жатқанын бетіне басқандай болармын, еңбекші халықтың көңіліне
келер деп ойлады. Мұның бұл сөзін Ақмет құлағына да ілмеді.
— Пай, шіркін, осы кез қырғауылдың майдан жатып қалған кезі.
Көрдің бе анау шеңгелдің арғы түбінен біреуі «дыр» етіп көтерілді де,
қайта қонды. Ертең амандық болса екеуміз қырғауыл атуға
шығайықшы. Тоңған шығарсың, жүр қарағым, қайталық. Қараңғы түсіп
кетсе... ауыл бірталай жер, көрдің ғой көп жер жүріп келгенімізді,— деп
қырман шетінде байлаусыз тұрған атына қарай жүрді.
Əлібек те оның соңынан ерді.
— Тездетіңдер, бітіріңдер ана маяларыңды бастырып. Қар жауып
кетсе қиын болады!— деп күжілдеді Ақмет жүре бұйрық беріп.
Əудем жер шыққан соң-ақ, Əлібек жаңағы сөзін қайталап, «күрішті
шала басып жатыр екен» дей беріп еді, Ақмет оның жүзіне тіктеп бір
қарап алды да жауап қатпады.
«Қызық адам» дейді ішінен Əлібек: оның мінезі де қызық көрінді
оған, өзі де қызық көрінеді. Өйткені жұрт сөз жоқ, Ақметті жақсы
көреді, сөзін тыңдайды, айтқанын істейді. Ауыл Совет бастығы
көбінесе аудан мен екі арада, алыстағы ауылдарда болады, ал Ақмет
бастық болмаса да, станция маңында колхоз — ауылдардың бас
көтерері есепті. Əлібекті осы жерге келгеннен бері осы Ақмет ертіп
«Науқанды» басқарысып жүр. Ауылдық басшылар бөліп жұптап қойған.
Көруге де көз толарлық адам: палуан денелі, ірі жүзді, ұзын бойлы.
Жасы қырықтың үстінде, кəрі емес. Бірақ аяқ басуы нық, шабан жүрісті,
салмақты жан. Осыған қарап Əлібек оны аса үлкен санайды, көпті
көрген тəжірибелі, өз жұмысын білетін, басқаға ақыл бере алатын,
оқымаса да оқығанға бергісіз қазақ деп бағалайды. Бірақ, кейбір мінезі
аужарлау сияқты, сырт қарауға қауқиған денесі де соны дəлелдеп
тұрғандай-ау. «Қызық кісі»,— дейді ол ішінен.
— Жас кезіңізде палуан болған жоқсыз ба, Ақа?— деп қалды ол,
аттары бүлкілден аяңға түскен бір шақта.
— Жоқ,— деді Ақмет, кілт жауаптап.— Белдесіп көрген адам
емеспін. Ал, көкпар тартуда «текемді» тақымымнан жұлдырған
жоқпын-ау деймін. Неге сұрадың?
— Жəй, көзіме палуан адам сияқты көрініп кеттіңіз.
— Оны əркім де айта береді. Құдекең ой бермесе де бой берген.
Əлібек тоқтап қалды да, ойланып жауап қатты.
— Қатты жерге қақ тұрар демей ме қазақ, бойы бар адам, ойға да
жарлы болмасқа тиіс.
— Қатты жерге қақ тұрар. Қайратты ерге мал тұрар,— дейді аяғын
қоссақ. Ал, менде қайрат болған шығар, бірақ бір ат, бір сиырдан өзге
тұяқ тоқырап көрген емес, інішегім. Осыған қарағанда менің бітімім
бұл мəтелді ақтамайды.
«Жоқ, сен ақылды қазақсың,— деді ішінен Əлібек.— Ақылсыз кісі
мұндай болмайды».
— Ақа, осы сіз айтыңызшы, мына қосымша... үстеме жоспарды
артель орындай ала ма? Өйткені бастырып жатқан күріштеріңіз келесі
жылғы тұқымдарыңызға да жетпейді ғой. Əлде тұқымды басқа жақтан
аласыздар ма?
Ақмет тағы да бағанағыдай, Əлібектің жүзіне тіктеп қарап алды да,
атын тебініп қалып:
— Інішегім, қараңғы түсіп кетер, кəне жүріңкірейік,— деді.
«Жауап бергісі келмейді. Бəрін біледі. Бірақ ішіне жиған сырын
айтуға маған сенбейді»— деп түйді Əлібек.— Бұл қалай? Қалайы жоқ.
Бұл үстеме жоспарды да құптамаған кісінің амалы. Маған «астық жоқ»
деп айта алмайды, өйткені ауылдың басқа басшылары аудан алдында
жақсы ат алу үшін тағы да екі мың пұт күріш береміз деп келген.
Оларға қарсы Ақметтің жалғыз өзі айқай салып шығуға шамасы келе
ме? Бұл тап осылай болуға тиіс. Ашық жауап бермей, алдарқатып, басқа
əңгімеге бұра беруі де осыдан шығар. Кəміл осыдан. Жаңа сабан
астындағы күрішті көрсеткенде де үндемей қалды. Мұны көрсе де
көрмеді, білсе де білмеді.»
— Інішегім, сен тұқымды басқа жақтан аласыңдар ма деп сұрадың,
мұны аудан білер, өйткені тұқымға деген күрішті де жоспардың
есебінде қазына қоймасына төктірді ғой. Қазір біздікіне түсіп шəй
ішесің бе, əлде жатқан пəтеріңе тура кетесің бе?— деді Ақмет.
Оның үнінде жə қостаған, жə аудан басшыларын сөгерлік қатаң
дыбыс құлаққа шалынбады, бұл жайбарақат үн «біздікіне түсіп шəй
ішесің бе? дегенін де сыпайыгершілік ретінде айтылған сөзге
айналдырып жіберді. Əлібек қызыл іңірден өз пəтеріне қайтып, қабағы
салынған Кішкенебайды көруге құмар-ақ емес-ті, əсіресе, онымен тіл
қатысып, жүйелі əңгімеге көшу үмітсіз нəрсе. Ал, Ақмет...
Əлібек шəй жөнінде жауап қайтармастан кенет Ақмет пен
Кішкенебайды салыстыра бастады. Кішкенебай тұйық, əңгімеге аса
үйір емес. Оның орнына шарт мінезді ашулы адамның қалпын көрсете
береді. Ал, үй ішіндегі құлқынан, сөзінен, қимылынан дүниеқор
жанның бейнесін таныған. Жерге түскен қисық шегені де тастамай
қалтасына сала келетін кісі көрінді. Мұны Əлібек алдыңғы күні байқап
қалды. Жұмыстан қайтып келіп қалтасынан тат басқан қос шығыршық,
тағаның шегесі тəрізді ұсақ темірлерді алып, қобдишаға тоғытты.
Мұнан өзге де үй төңірегінен үзілген қайыс белбеудің бөлшегін,
сынығын, айырдың ұңғысын жинап сенектің бұрышына тыққыштап
жатқанын көрген. Əсіресе, жұртқа риза емес, тіпті өш пенденің сиқы
бар.
Мына Ақмет ше? Ақмет алдымен аңғал-саңғал денесіне лайық мінезі
де əрі адамға үйір; сөзге де ұтымды жəне əңгімелескіш. Өзі айтқандай,
«бір ат, бір сиырдан өзге тұяқ тоқырап көрген емес» дегені қалтқысыз
шындық білем. Мал жинар адам, дүниеқор бұлай келмейді. Мұның бəрі
жұрт үшін, жұрт өзі үшін жаралғандай. Сондықтан да оның үйіне
келмейтін жан аз: дастарқан жаюлы, шəй қайнаулы, барын жайып
салатын бəйбішесінің де қабағы шайдай ашық. Өзі бөгетші бола тұрып,
басқа жұмысқа мұршасы да аз Ақметтің совет жұмысын қолдап ат
үстінен түспейтіні де сол халықшыл ашық жан болғанының айғағы
шығар. Бір қарағанда тура батыр келбетті. Батыр аңғырт, бай салғырт.
Осы не деген сөз? Бұл елге пана болудан басқаны білмейтін, өзін
ойламайтын, күшін, барын басқаға жұмсайтын қалтқысыз аңғырттық
па? Мына Ақмет те өткен замандарда өмір сүрсе, сөз жоқ, сол «аңғырт
батыр» болар еді. Мүмкін, бұл қазақтың еліне, жеріне сай кең мінез,
ашық бауыр, жел жағына пана болумен келген асыл сойының алтын
дəстүрінен қалған бір тарау болар. Сонда батыр білекті, ашық мінезді,
арыстан жүректі ер қазақтың бүгінгі ұрпақтары «бұқпантайлыққа» бет
бұрғаны ма? Алып келбетті Ақаң күріштің шала басылғанын
бүркемелеп күн көрмек пе? Бұл: «Жұрт дəнсіз, нəрсіз қалмасын деген
жасырын батырлығы ма?..» Қалай болғанда да Кішкенебай да, Ақмет
те адам. Біреуі біздің бір малды екеу етем деп тырысатын Бекей
сияқты. Ал, Ақаң «батыр келбетті палуан Шайдолла мен кəдімгі көпшіл
Сүлейменнің қоспа түрі сияқты», – деп ойлады Əлібек.
– Ақа, жеңгейдің шайы əзір-ақ шығар, сіздікіне барайық.
— Мақұл, інішегім. Жеңгең шайы əрдайым дайын.
4
Райком секретарының кабинетіне кірер жерде:
— Мусин ағай крайға жүріп кетті, орнында Ақмамбетова апай
қалды,— деді кішкене қара қыз.
Əлібек іштей «уһ!..» деді. Қаншама батыл түрде, бетке-көзге
сабалағандай, ауыр шындықты айту, тіпті адамның аузы бармайтын,
«жоқ күрішті бар деп, тағы да қосымша жоспар қабылдап, ауылдық
Совет пен жергілікті партия ұйымы алдап отыр» деп бірінші
секретарьға шағу оңай да емес еді. Бұл «сенің өзің осыны көрмей не
бітіріп отырсың?» деп айыптаумен тең. Бұған ауданды басқарып
отырған беделді партия қызметкеріне бұл оп-оңай да тимес еді.
Сондықтан Мусиннің крайға кеткені Əлібекке тыныс сияқтанды. Оның
іші бұл əңгіменің кешіккенін тіледі. Ал, секретарьдың орнында қалған
əйелмен сөйлесу əлдеқайда жеңіл, оның қарсы жауап қатуы да екіталай
сияқтанды.
Ал, ол кабинетке кіріп келгенде не дерін, сөзді неден бастарын
білмей қалды. Тіпті, бұл «өңім бе, түсім бе?» деген күдік пайда
болғандай, белгісіз бір əлсіздік өн бойын тұтас билеп алды. Оның аяғы
да тəлтіректеп кетті...
Əлібекке қарай столдың арғы жағынан Шолпан түрегеліп еді.
Кəдімгі Шолпан! О, тəңірі, баяғы отағасының: «Сен! Сен бе! Сен!» дегені
бойды шіміркендіргендей əсер етіп, өткенді өкініш оймен шолып
өткізген, кəдімгі үш жыл бұрын Жымпитыда болған оғаш уақиғаны
Тереңөзекте, Кішкенебайдың үйінде көз ілмей жатқанда еріксіз еске
түсірген Шолпаны.
Əйелдің Қызылордада екенін Əлібек, əрине білмейтін. Тіпті оның
оқуға кеткенін де естімеген. Мұнда партия қызметінде жүргені, ең
қызығы Шолпанның фамилиясы Ақмамбетова екені де Əлібектің
ойында жоқ еді.
Шолпан да қызарып кетті. Бірақ ол өз бойын тез билеп алды.
Əлібектің қасына аудандық комсомол комитетінің секретары ере
келгені оның бұл үлкен қызметтегі үлкен жауапкершілігін бірден еске
түсірді. Жастық шақтың ұшқалақ сезіміне жол бермеді.
— Əлібек!.. Қай жақтан келіп қалдың? Иə, жоғарыла. Былай қарай өт.
Сен біздің ауданға келеді деген адамның өңі түгіл түсіне де кірер нəрсе
емес... Қызық уақиға!— деді.
— Иə, ойға келмеген нəрсе... Мұнда сіздің барыңызды мен де білген
жоқ едім!— Ілкі əлсіздік енді батыл сезімге орын берді. Өзін қарсылап,
аяғын қадап басқан сүйкімді Шолпанға Əлібек те ұмтыла түсті. Ол
жалма-жан қолын берді де, Шолпанның көзіне қадала қалды. Бұрынғы
от шашқан сиқырлы көзді аздап мұң шалғандай, жүздегі қызғылт
шырай қарақоңыр тартқан. Ал, өзі анағұрлым таразылана түскен, тіпті
Əлібекке жүдеу көрініп кетті...
— Мұнда екеніңізді білген жоқ едім дейсің бе, Əлібек? Мүмкін солай
шығар. Ал, «сіз» деп сөйлеуіңе жол болсын, əлде мен қартайып
қалыппын ба? Бұрын Шолпан демеуші ме едің, ə?
— Шолпан... сасып, не дерімді білмей жатырмын. Тіпті ойламаған
жерден алдымнан шықтың...
Əлібектің қасындағы аудандық комсомол комитеті секретарының
бұл күтпеген кездесуге таңданғандай көз қимылын қайшылай
түскенін байқап, Шолпан жай-мəністі түсіндіре бастады.
— Біз Əлібекпен бір жерде, бір елде туып-өскен ағайын
адамдармыз, Бəсібеков. Көрмегенімізге үш жылдан артық уақыт өтіп
кеткен еді. Бұл Алматыға оқуға, мен Қызылордаға курске келгенмін.
Осыған сан жылдар өтіп кеткен сияқты. Күтпеген жерден тосын
көрісіп қалдық,— деді.
— Көріп тұрмын, Шолпан апай. Ініңізді тауып берген екенмін.
Мусин жолдасқа ертіп келіп едім. Бұл жігіт крайкомолдың жіберген
уəкілі. Тереңөзекте күріш мəселесімен жүр...
— Імм. Рақмет ертіп келгеніңе. Ағайынымды тапқаныма төбем
көкке жеткендей болып қалдым.
«Ағайын... Əрине, ағайынбыз. Əсіресе, сырымызды білмейтін
Қызылордада басқа не демекпіз...» деп ойлады Əлібек.
Енді Əлібек те жазыла түсті. Ілкі келіссіз қысылыс тарқай
бастағандай болды.
— Өмірдің өзі осы сияқты тосын кездесумен қызық емес пе,
Шолпан? Қызылордаға да, Тереңөзекке де ойламаған жерден сапар
шектім. Бірақ бұл қалада бұрын болдым ғой, үйренген жер. Ал, өзің
қашан келіп едің?
— Сол жылы... Сол жылы деп əлгі сен келіп кететін жылды
айтқаным ғой. Курсқа келіп, оны бітірген соң осында райкомда қалып
қойдым.
— Үй-ішіңмен бе?
— Үй-ішіммен. Отағасы жəне кішкене қызыммен... Гүлбаһраммен
үшеуміз де.
«Отағасы» деген сөз Əлібекке тағы да, жалаң аяқ жүріп аңдамай
басып кеткен мұздай əсер етіп, оның денесі түршіге түсті. Сасқанынан:
— Імм... Ол кісі де осында қызметте ме?— деп сұрай салды.
— Осында. Темір жолда істейді.
— Темір жолда? Астағпыралла! Сол кісі сияқты бір адамды бүгін
Тереңөзекте көріп қалдым. Бұл ол кісідей семіз емес. Мен асығып жүріп
кеттім де, анықтап айыра алмадым...
— Тереңөзекке кеткен. Көргенің сол, тап біздің отағасы. Семіз емес
бұрынғыдай! Сырдың күні жеп, жүдеген жəне қарайып та кеткен.
Əлібек таң-тамаша қалды. Ол кісі сол отағасы болса, онда біздің
Кішкенебай соның қарамағында болмағай? Қызыл вагоннан жүк
түсіріп, оны складқа арқалап тасып жүр. «Отағасы» оны əзілдеп қояды:
— «Көтер Қыпшақ көтер!»— деп. Қызық...
— Əйтекең қайдан семірсін, бүтін темір жол бойының рабкобын
жұмасына бір рет көрмесе көңілі көншімейді. Кеше Шиеліде жүр еді,
бүгін Тереңөзекке барған ғой,— деді Бəсібеков.
— Маған айтатын сөзің бар ма еді?— деп Шолпан Бəсібековке қарап
еді, райкомол секретары:
— Жоқ мына Жүнісов жолдас Мусинмен сөйлесемін дегеннен
кейін...— деп мүдіріп қалды.
— Не жəйлі?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 36
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.