Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 11

Total number of words is 4167
Total number of unique words is 2067
36.7 of words are in the 2000 most common words
51.3 of words are in the 5000 most common words
58.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
киіндірмейді?— деді саудагер, баланың айтқанына нанбаған пішінмен.
Құрман еркіндей түсті.
— Оқуға кіргізеді, сонсоң орысша оқимын, орысша киінемін.
— Ымм, оқуға түспей де орысша киінуге болады, егер де ақшаң
болса.
— Бөрік қымбат па?— деп сұрады Құрман фуражканы көрсетіп.
— Бұл бөрік емес, фуражка. Нағыз учениктер киетін фуражка. Елу
бес тиын тұрады бағасы.
Құрман ойланбастан жыртық нанке шалбарының қалтасынан
қағазға орап, сыртынан жіппен байлаған ақшасын суыра бастады.
Саудагердің екі көзі баланың қағазында болды. Ол жібін тісімен шешіп,
қағазды жаза бастаған баланың саусақтарын бір үлкен байлықтың
басын ала келген игі саусақтай көріп кетті. Ал қағаздан босаған бес
сомдық көк ала құйрықты ақшаны көргенде:
— Aha!— деді.— Сен, бала, мына ақшаға ең жақсы киімді алып
киінесің. Мен қазір саған керегіңнің бəрін келтірейін алдыңа.
Бес теңгені саудагер басқа адамның қолына түсіп кете ме деген
адамша, жалма-жан оған фуражканы да, бірнеше көйлекті де, қара
былғары белбеуді де, трико шалбарды да жая салды.
— Мына фуражка елу бес тиын. Көйлектің көгі қырық жеті тиын,
ағы алпыс тиын. Саған енді көгі келіседі. Сонда — бұл екеуі бір сом екі
тиын. Ал шалбар тіпті арзан — бір сом он бес тиыннан. Қалағаныңды
ал, бала. Қоңыры жақсы болар, ана ақшылы кіршең. Сен көшеде көп
жүретін баласың... Сонда небары екі сом он жеті тиын болады. А,
көйлек сыртынан учениктерге мына қара былғары белбеу керек; бүл
тоқсан тиын. Сенің бұл ақшаңа тағы бір жақсы зат беремін. Не
қалайсың?— деді саудагер.
Құрманның есі шығып кетті. Ол бұл бес сомдық қағазға бар керегін
аламын деп өмірінде ойлаған жоқ.
Мұның бірінші арман еткені ана қара фуражка болды да, содан кейін
белбеу еді. Не дерін білмей абдырап қалған баланы саудагер жалмажан өзі киіндіре бастады. Ол шалбарды Құрманның бойына бір
мөлшерлеп алды да:
— Ал, ки. Ана ескі шалбарыңды өзім қағазға орап беремін, оны
қолтығыңа қысасың,— деп жетектеп дүкеншенің ішіне кіргізді де он
минут өтпей ол балаға шалбар кигізіп, көк көйлектің етегін оның
сыртына жіберіп, беліне қара былғары белбеу буындырды да, басына
фуражка кигізді. Қуанышы қойнына сыймай, екі езуі екі құлағына
жеткенше ыржиған Құрманды тегін киіндірген адамша, саудагер
қолынан ұстап тұрып: — енді аяғыңа əдемі аяқ киім керек. Бірақ қалған
ақшаң етікке жетпейді, сондықтан мен саған мына ботинканы беремін,
— деп, бұрыштан көне-тоз ботинканы шығарып берді.
Құрман мұның бəрін тегіннен-тегін табылған киімдей көріп:
— Алдыраз болсын, ағай,— дəл дүкеннен шыға жөнелді. Ол бір
қойдың құны тұрарлық киім киді ме, кимеді ме — оны ойлап жатпады.
Ботинканың бағасын да сұрамады. Тек аяғын асыға басып, Хакімдікіне
қарай жөнелді.
Неге екені белгісіз, ол əлсін-əлсін жүріп келе жатып, басын ұстайды
да фуражкасын қоқырайта түседі. Кей кез оған жұрттың бəрі айнала
қарап тұрған сияқтанады. Жəне «мына баланың белбеуі мен
фуражкасы қандай келісті! Көйлегі мен шалбары да қатып тұр екен!
Қайдан келген бала өзі?!» дегендей болады...
2
Прокурор кеңсесінің алдына келіп «бастық қайда?» деп сұраған
Құрманға аппақ қудай шоқша сақалды əдемі шал сұқ қолымен есікті
көрсетті. Үлкен қызыл есіктің жез тұтқасын бала қызыға ұстап
ақырындап қана тартып қарап еді — есік тас бекітулі көрінді. Мұнысы
қалай деп күдіктенген пішінмен ол есікті нұсқаған шалға көз тікті, ал
шал оған жұдырығын меңзеп «тарсылдат!» деген белгі берді. Бір
жағынан əкім алдына баруға жүрексініп, екіншіден мына өте-мөте
үлкен есік пен өмірінде көрмеген жалтыраған жез тұтқа таңдандырып
өзінен-өзі жасыңқырай бастаған бала кенет селк ете түсті:
— Кеңсе жабың! Ешкім де жоқ!— деп аңырды оған ішкі жақтан
қаһарлы бір қарлыққан дауыс.
Құрман не қыларын білмей, көмек сұраған адамша, шалға қарап екі
көзі жаутаңдай қалды. Шал бұл кезде сапты сыпырғышпен ауланы
тараштап жатқан-ды. Ол жұмысын қоя салып балаға тағы да ым қақты
— бұл жолы бұрынғыдай жай ғана нұсқаған жоқ. Ернін жымқырып,
жұдырығын түйіп: «Ұр! Мықтап ұр! Соқ! Қаттырақ соқ!»—деген жігерлі
белгі берді.
Бала пыси түсті. Шалдың «ымы» оған арқа сүйеу ғана болған жоқ,
тіпті «сендей бала қайтпауы керек, тайсалмай қимылдауы керек; сенің
қорқатын ретің жоқ деп тұрғандай болды.
— Аш! Маған бастық керек!— деді бала жіңішке ащы дауыспен
үлкен есікті кішкене жұдырығымен тарс-тарс соғып.
Жексенбі күні есікті ілмегін ішінен салып қойып, бүтін прокурор
кеңсесінің төрінен есігіне шейін жуан делоларды жайып салатын
Басекенің бірге жасасып келе жатқан ескі əдеті еді. Оның ең жек
көретін нəрсесі: тəртіпсіз текшеленген папкалар мен іркіс-тіркіс
тігілген делолар. Бұларды кітапша түптеп, жік-жігімен шкафқа
сандықша текшелемей оның өмірі көңілі көншіген емес. Ал жаңа ғана
сотпен біткен алты делоны тасқа таңба басқандай етіп тігіп болып,
номерлеп, сыртына басталған, аяқталған жыл, айларын жазып
бітіргенде тағы да біреу есік қаққаны. Бұл да сол іздегені соз, ертеден
қара кешке дейін сөйлесе де мылжыңдауға қанбайтын Кəмали шығар!
«Осындай бездельник шалдарды қайдан тауып алатынын
білмейсің!— Ескі таныс, адал адам. Баяғыда Əбдірахман Əйтиевті
казак-орыстардан жасырып үйіне паналатқан шал,— деп дəріптейді.
Хакімнің де əйтеуір білмейтіні жоқ, мақтамайтыны да жоқ,
жақтамайтыны да жоқ. Тіфу! Бұл мылжыңға: «Кеңсеге ешкімді
жіберме!— деп құлағына құйып тұрсаң да түсінбейді. Бөтен адам
болмаса — өзі кіріп шығады. Сондағысы қайдағы-жайдағы əңгімені
бастап: «шолай болды, шолай болды!»— деп отырмақшы»,— деп
кіжінді Басеке Кəмали қартқа. Басеке Кəмалиді «мылжың» деп жек
көрсе, қағазды алтыннан артың көретін, төңірегіне жан жуытпайтын
хатшыны Кəмали де жүрек елжіретер дос санамайтын. Қалайша дос
болмақ, ең қызық базар күні де ол осы хатшының кесірінен кеңсе
бағып қалды. Ол ол ма, ұзақ күнді қысқартып əңгімелесуге кірген
шалды: «Реттеп қойған қағаздарды орнынан қозғап аласың, сенің
пайдаңнан зияның көп, əңгімең де өзіңе, өзің де өзіңе» деп қуып шықты
іштен. Бірақ Кəмали де оның іштей сазасын берді: «Сенің бу шақша
көбік сопайған нашар басың осы қағаз арасында қалар əлі; иншалла
қалар. Базар күні де делолардың ішінде ат басындай алтын ұмыт
қалғандай қобыратасың. Настоящий чиновник! Настоящий бюрократ!»
деп жерлеген-ді. Сондықтан ол Құрманға: «Қатты соқ есікті,
тарсылдат!» деп ымдап еді. Онысы: өзімен сөйлеспеген хатшының тым
болмаса мына бала мазасын алсын, дегендік еді.
— Ешкім жоқ дедім мен саған. Қазақшаға түсінбейсің бе өзің? Əлде
айтқанды естімейтін мылқау ма едің?— деп ақырды ол іштен.
— Ешкім жоқ болса, сен кімсің? Сен əлде адам емеспісің? Аш, тығыз
жұмысым бар прокурорда.
— А? Не дейсің? Қайта айтшы!— деп, тарс ашылған есіктен қырма
сақал, ашаң кісі шыға келді.
Құрман қорқып кетті. Ол жалма-жан кері шегініп, «мынау не
қылады?» деген кісіше кейінгі жақтағы сыпырғыш ұстаған шалға қарай
жылжыды. Бірақ шал өз ісімен болып, ашулы хатшыға да, əлде не
жұмыспен жүрген бейтаныс балаға да қарамады — бұрынғыдай
күйбеңдеп аула тараштаған күйі қыбырлай берді.
Құрман оны қазір шын мылқау екен деп ойлады. Ал кеңседен жекіре
шыққан арық адамның түтеген беті оған өте ызғарлы көрінді. Тіпті ол
соғып жіберуге де дүз жанбайтын сияқтанды.
Ол бір сəт қаша жөнелуге де дайындала түсті. Бірақ бұрын
кездеспеген қыр баласының жасыған түрін көріп хатшы оған енді
қайтып жекірмей, «бар бəле сенен» деген оймен Кəмали қартқа киліге
кетті.
— Менің жұмыс істеп жатқанымды білесің. Кеңсенің бүгін жабың
екенін білесің. Прокурордың болмайтынын білесің. Соның бəрін біле
тұра қайдағы бір елден келген танымайтын балаға есікті
тарсылдаттырып, өзің түк білмеген адамша, түк көрмеген адамша, түк
сезбеген жанша күйбеңдей қаласың! Сен қартты мұнан кейін не десем?
Өзің айтшы?! Кəне, айтшы! Не десем?
Кəмали сыпырғышын жарға сүйей салды да:
— Басеке, бұл малайды сіздің танысыңыз деп ойлап ем. Өйткені, бұл
малай Хакім үйінің қонағы көрінеді, елден келген. Əллə тумасы болуы
да ғажап емес. Мені не десеңіз де өзіңіз білесіз. Бірақ мен сізді, бəлкім
бүл малай шақыра келген болар деп те ойладым,— деді.
Өзі сөзуар, əзір жауап шалдың бүл орынды əрі дəлелді сөзіне жауап
бере алмай, зығыры қайнай түсті де:
— Жақыны болса Хакімнің үйі əне тұр, соның үйіне алып бар. Бар,
бар, бірге бар,— деп есікті тарс еткізіп, өзі кері сүңгіп кетті.
— Аға, мен Хакім ағама келдім. Айтатын сөзім бар. Ол үйде жоқ,
осында кеткен,— дей беріп еді Құрман, бірақ оның сөзін ашулы хатшы
құлағына да ілмеді.
— Ех, малай!— деді қарт, Құрманға таңдайын қағып.— Қабахат
ашулы кісі. Бұл кісі қағаз жазып жатқанда маңына жолама. Жоласаң
бəле; ал делоларды қотарыстырып жатқанда тоже солай, еще хуже.
Бүгін, міне, сағат тоғыздан бастап келді де, мені де, өзін де əуре етіп
дело тігіп жатыр. Есіктен төрге хатлі дело, бүтін еден толы дело. Сол
делолардың ішінде ат басындай алтын ұмыт қалғандай қопарады.
ұның башы сол дела ішінде қалады. Хакім де қызық кісі, но ақылды кісі.
Бу крысаны тауып та алған. Бұл болмаса делолары алға бармас еді. Ну
енді тапқан хатшыны!..
Құрман қарттың сөзінің көбін жете ұқпаса да, оның сөйлегеніне
қуанып кетті; тіпті бұл иман жүзді шалдың үні оған есіркегендей,
аяғандай болып естілді. Сонымен бірге ашушаң арық қара кісіні бұл
шалдың іші жаратпайтынын да аңғарып қалды.
— Саған Хакім керек пе еді? Хакімді үйден күт. Бұл кісіге жолама!
Қабахат ашулы кісі.
— Неге ашуланады? Сізге де, маған да ашуланып, жекіре сөйлейді.
Жұрттың бəріне де осылай айқайлай ма?
— Айқайлайды, еще как айқайлайды. Буржуй деп айқайлайды,
бездельник деп айқайлайды. Буржуй деп соғыс уақытында айтатын
еді. Бұл кісі қазір де соны қалдырмаған. Қабахат ашулы. Сен малай, өзің
пысық малай екенсің. Фамилияң кім?
Құрман түсінбей шалдың бетіне қарады.
— Не дедіңіз?
— Фамилияң нешік деймін? Но əкең аты кім?
— Əкем аты Бақы. Хакім туысқан ағамыз, осында келдім... Оқуға.
— Жақсы. Біліп тұрмын, пысық малайсың. Оқысаң əне Хакімдей
боласың. Қазақта, ноғайда қазір оқығандар көбейді. Оқымасаң қой
бағасың.
— Қой бақтым. Сол қой баққан ақымды ала алмай... жəне,— деп бала
бөгеліп қалды.
— Сен қой бақсаң, мен яш күнімде байға, əлгі Акчуриндерге малай
бол дым. Акчуриндер өте дəулетті болды. Олардың барлық саудасы
солардың қолында болды. Міне, енді олар да бітті. Сенің ақы төлемеген
байларың да бітəр, малай, қапаланба. Хакімге арыз етсең — ол
моментально бұйрық береді де, милиция жіберіп айдаттырып алады...
— Дабыл байды да айдаттырып алар ма екен? Менің онда ақым
кетті. Жəне менің апам...
— Дабыл түгіл... Анық əкесі кім Дабылдың?
— Əкесі Махмет.
— Дабыл түгіл, Дабылдың əкесі Махметті де айдатып алдырады да,
моментально сотқа береді. Сотқа берген соң оның арғы жағы белгілі
енді. Повестка, испольнительный лист и готово.
Құрман шалдың сөзінің ұзын ұрғасына түсінсе де, оның «повестка»,
«исполнительный лист», «готов» деген сөздерін ұққан жоқ. Бірақ «бұл
ноғайдың тілі ғой. Байлардан ақы төлетеді деген сөз шығар» деп
топшылады.
— Ата, сіз мұнда қандай қызмет атқарасыз?— деп сұрады Құрман
шалдан, оның қолындағы үлкен сыпырғышын көргенмен, бұл кісі де
аздап кеңсе жұмысына араласып тұратын болар деп ойлап.
— Мен малай, сторож должносын атқарамын,— деді қарт тағы да
Құрман түсінбей қалған бұл сөздерге үлкен мəн беріп мұқамдап
сөйлеп.— Қаршық идəн жуады, от жағады, кеңсені порядокта ұстайды.
Ал қызым вечерний курста оқиды. Мұның бəрі Хакімнің арқасында.
Алла ғұмырын ұзақ етсін, Хакім ноғайға да, қазаққа да бірдей қарайтын
əділ адам. Шал-кемпір, жалшы-малшы, жетім-жесірдің бəрі Хакімге
жүгіреді, бəрі Хакімге мұң шағады. Солардың бəріне де Хакім жəрдем
көрсетеді. Сен де арызыңды Хакімге көрсет, малай. Хакімнің əйелі де
бик мусылман адам. Меңдіқыз деген кісі. Екеуі де біріне-бірі лайық
келген кісілер. Міне, алтмыш жасқа келдім, мұндай жақсы адамдарды
көргенім юқ. Мына секретарь нашар кісі, бюрократ. Қабахат ашулы
кісі. Сен ғаризаңды Хакімнің өзіне бер. Үйі мынау,— деді қарт баланы
қақпадан шығарып салып.
— Білемін, ата, Хакім біздің ағай. Жеңгейді де білемін. Бірақ мен
арызымды кеңседе өз қолына беремін.
— Ей, малай, сенің онда жолың болған малай!— деді қарт баланың
«Хакім біздің ағай» деген сөзіне тағы да қатты қуанып.
3
Прокурорды анадайдан көре сала Таңқыбай бұқпалап есіктің
қайырылысында тұра қалды.
Таңқыбайдың бұқпалаған жері уездік тергеушінің үлкен кеңсесінің
алды — биіктігі кісі бойы қол ұсыным, ақ сырлы, қалың, қапсырмалы
есіктің тасасы еді. Бұл жерде қоянның көжегіндей əуселесіз, қаршадай
Таңқыбай түгіл, атандай жігіттер де жасырынарлық бұрынғы бай
ноғайлардан қалған зор қақпалы ірі үйдің өзіне лайық қондырылған
сыртқы жалпақ есіктерінің бірі болатын. Бірақ бейсеуіт қимылды
алыстан шалып қалатын Хакімнің көреген көзі түйе шекпеннің жалп
етіп жоқ болған етегін анық-ақ байқап қалды жəне оның əрі қарай ішке
енбегенін де білді. Ол: «Бұл не қылған адам, жасырынбақ ойнаған
балаша, неге тасаланады?» деп ойлап, екі көзін есіктен алмады;
аралары бірнеше саржан жер болса да жасырынған адамды көруге,
оның кім екенін білуге ынтықты. Ал есік артына бұққан шаруа неге
қысылғанын, неліктен тасалана қалғанын өзі де анық білмеді. Ол тек
əлде не бір кенеттен пайда бола қалған үрейдің құшағына еріксіз еніп
кетті; прокурор кездессе оны ұстап алатындай-ақ көрінді. Ол Хакімді,
Хакім де оны жақсы танитын, бірін-бірі сан рет көрген. Əсіресе, соңғы
кезде Хакім оның болыс кеңсесінің жанындағы «Қосшы» ұйымынан
шықпайтынын, соның бір белсендісі екенін байқап қалғанды. Тіпті оны
елге барғанда бір рет «қосшы би» деп əзілдеп те қойған. Ал қазір
Хакімге бұл адам жұмбақ сияқты көрінді — тегіннен-тегін есі бар адам
есік сыртына тығыла ма?..
Дабыл байдың толып жатқан малшылары мен жалшыларының
еңбек ақы талап еткен арыздары тез тергеле қоймағанына ренжіп,
Хакім бүгін бүл істерді бітпесе де өз қолына алмақшы болған еді. Ол
үшін прокуратураның хатшысы Басекені ертемен халық тергеушісінің
кеңсесіне жіберген болатын. Сағат тоғыз бен онның арасында екі рет
барып тергеушінің хатшысын таба алмай күйгелек Басеке прокурорға
келіп:
— Мына бездельникті немістің овчаркасымен іздесең де таба
алмассың. Сағат он бірге кетті, бұл идиот жауапкершілікті мүлдем
ұмытқан. Кеңсесінде де жоқ, үйінде де жоқ. Бұл хатшының өзін жауапқа
тарту керек,— деді түтігіп.
Қатыңқы қабағы тас жиырылып, оның өте-мөте етсіз, қу жақты
бетінің шеке тамырлары білеудей болып кетіпті. Қолына түссе
тергеушінің хатшысын бұл жай уақытта күйіп-пісіп жүретін адам жұрт
алдында балағаттап салудан да дүз жанарлық емес-ті. Ол оны сырттан
сыбап та салған, бірақ прокурордың алдында ол сөздерді жұтып қалып,
тек қана өзінің байырғы «бездельнигі» мен «идиотын» ғана
қосарландырды.
Хакім оған ақырын ғана:
— Жақсы, Бəке, мен өзім тауып алармын оны. Сіз өз жұмысыңызды
істей беріңіз. Қаладан шығып қайда кетті дейсің, өзі де келіп қалмас па
екен,— деп басу айтты.
Басеке бұл сөзге де басыла қоймайды.
— Абажадай кеңсесінде ана бір қағаз тіркеуші жарты жаннан басқа
тірі қарға жоқ. Сонысына айтып кеттім «тез жетсін!» деп.
Осындайларға кеңсе басқартып қояды... Мұндай аяғы жерге тимейтін
қу сирақтарды кеңсенің төңірегінен көш жер аулаң ұстар едім,— деп
тістенді ол өз бөлмесіне кіріп бара жатып.
Жарты сағат күтіп Хакім тергеуші хатшысы келмеген соң, оған енді
қайтып терісіне сыймай ызаланған Басекені жұмсамастан өзі келіп
еді... Есікке жақындап келіп Хакім тоқтай қалды да, артында тұрған
адамның кебіс-мəсісін көріп мырс ете түсті. Сөйтті де, əдейі:
— Ай, бала, бері шың, кімнен жасырынып тұрсың?— деп еді, оған
тығылып тұрған Таңқыбай жауап қатпады. Ол шынында да: «Мені
байқамаған екен. Іштегі балаға айтып тұр» деп ойлады.
Есіктің тұтқасынан тартып жауып жібергенде ғана ол Хакімге
танымаған адамша қадала қалды, бірақ оның екі көзі жыпылықтап
кетті.
— Е, бəрекелді!— деді Хакім оған күліп.— Иə, қосшы би, сен бұл
жерде не бітіріп тұрсың? Əлде мені қорқытқалы тұрсың ба?
Таңқыбай қатты сасып қалса да, сөз тауып кетті.
— Жай... ойбай, сізді қорқытып мен бала дейсіз бе?! Мына бір,— деп
күйбеңдеп қалды да: — іш киімімнің бауы қашып кетіп... соны тасада
əреңдеп өткізгенім. Бұл сөз тапқыш қу адамның жалтарған жауабын
«нағыз шыны осы шығар» деп ойлады ма, əлде оның ыңғайына көшіп
сөйлесті ме, əйтеуір Хакім оған:
— Е, онда еш нəрсе емес, ондай-ондай ханның қызында да болады,—
деп күлді екі ұшты əзілмен.— Жүр, бермен жүр, ішке кірелік.
Таңқыбай Хакімнің соңына ере берді. Ол «амалды асырдым» десе де
əлденеге күдіктене бастады. Өйткені, Хакім оны алдыңғы бөлмеге
тоқтамастан уездік халың тергеушісінің өзі отыратын түпкі бөлмеге
алып кірді: жəне «қолға түстің бе?» деген адамша есікті қапсырып,
Таңқыбайға «отыр!» деп терезе алдындағы орындықты көрсетті.
Таңқыбай басындағы бөркін алып, қамшысымен бірге стол үстіне
қойды да өзі ақырындап, бір нəрсені төгіп алмайыншы деген адамша,
аяғын ұшынан басып, орындыққа жақындай түсті, бірақ отыра
қоймады.
— Отыр, отыр. Сол жұмсақ орындыққа отыр,— деді Хакім тағы да
көптен көрмеген жақын адамынша, өзгеше ықылас көрсетіп. Сөйтті де,
Таңқыбай отырып болған соң сəлден кейін:— елден келесің бе?— деп
сұрады жұмсақ үнмен.
Иə, елден. Жай бір шаруамен қалаға келіп едім. Сонсоң мына балаға
жолыға кетейін деп осында бұрылғаным,— деді Таңқыбай иегімен
алдыңғы бөлмені меңзеп.
Шаруаның бойы үйрене түсті. Хакім де асықпады, жанынан
трубкасын алып, асықпай оған темекі толтырды, сонсоң сұқ қолымен
оны жаныштап-жаныштап қойып аузына тістеді, аңырында
шырпысын шағып тұтатты да, тез-тез сорып жіберді. Содан кейін ғана
ол шамырқанғандай шалқая түсіп.
— Мына балаң қай бала?— деп сұрады шаруадан, бұл да алдыңғы
бөлмені иегімен меңзеп.
— Мына хатшы бала... Тəжімұрат. Кеңсесінде жоқ па, қалай?
— Ымм, бұл сіздің ауылға...
— Күйеу бала болады,— деді Таңқыбай оның сөзін аяқтатпай. Сөйтті
де ол атақты прокурормен жүзбе-жүз сөйлескеніне мадақтанып,
сұйықтау шоқша сақалын салалап-салалап қойды.
— Иə, өзім де солай деп шамалайтын едім. Бірақ кімге күйеу екенін
білмейтін едім.
— Біздің Сəрсеннің.
— Сəрсеннің бе?— деп Хакім таңырқағандай қабағын кере түсті де,
тағы да трубкасын тез-тез сорып алды.
«Майталман жігіт-ау өзі, ұлықтың мінезі жоқ. Біздің болысқа
барғанда да əңгімелесетіні өңкей қосшы кедейлер. Менің бір тең
құрбымдай сөйлеседі басын изеп қойып»,— деп риза болды Таңқыбай
ішінен.
— Сəрсенді сіз білесіз ғой. Ол да болыстық қосшыком мүшесі. Сіз
көрдіңіз əлгі жер бөліскенде.
— Е, неге білмейін. Анау шипаң торы атпен ойқастайтын Сəрсен ғой.
Өзі бір пысық адам.
— Тап өзі. Апырым-ай, қалай ұмытпайсыз бір көрген адамыңызды.
Біз екеуіміз немере боламыз. Сəрсен екеуіміз дегенім ғой. Сəрсенді
ұмытпағаныңыз, тіпті оның торы атына дейін есіңізде ұстағаныңыз.
Апырым-ай, а?!— деп таңданды шаруа. Ол осындай ретіне келгенде
Хакімге мақтау айтып қалуды да бір бүйіріне түйе қойды.— Апырымай, Хаке, сіздің ініңіз де тап өзіңізден аумаған екен. Ол да сіздей бір
көргенін өмірде ұмытпайды екен. Ғажап...
Хакім «бұл не айтайын деп тұр? Менің інімді қайдан біледі?» деп
шектене қалды да, бірақ сөз соңын күтіп үндемеді; ол тек Таңқыбайдың
сөзін түгел тыңдауға құлағын тіге түсті..
— ...Иə, кеше кеңсе басында кездестірдім ініңізді... Əлібекті. Мен оны
бірден таныдым, сізден ауған жоқ мінезі де тап сіздей сабырлы, сөз
саптасы да дəл өзіңізше сөйлейді. Ал көргенін жадына сақтауға
келгенде өзіңізден де асып түсерлік. «Шеген құдыққа» дейді, мұнан он
жыл бұрын келген едім дейді. Болыс кеңсесінен əрі кішкене жылғаны
да білді, онан əрі селеу шыққан дөң, дөңнен ассаң Қашарсойғын,
малдың өрісі дейді. Ал «Шеген құдыққа» Қашарсойғаннан екіндіде
шығып, жұрт орынға отырып жетесің дейді. Апыр-ай, бəрін
ұмытпапты. Мұнан он жыл бұрын көргенін бұлжытпай айтып отыр. Ол
кезде өзі сегіз-тоғыздан бері болмас, а? Мен Əлібекті ауылға ертіп
бардым.
— Ымм,— деді Хакім ойланып.
Біреулер уақытты ұту үшін ойын түйерде жə тамағын кенеп, жə
«иəлеп», жə «значит» деп жатады. Ал Хакім мұндайда «ымм» деп қана
біраз кідіріп қалатын-ды. Шала танитын бұл шаруаның алдында
інісінің қайда жүргенін білмеу оған ретсіз көрінді де, Ақметшенің
аулына оның айтпай кеткенін қатты ұнатпаса да ол үндемей, тек
«ымм» деп қана кідірістеді. Сөйтті де, əңгіменің өрісін кеңейту
ниетімен:
— Ақаңның үй іші аман ба?— деп сұрады, өмірі Ақметшені «Ақаң»
деп атап, оның хал-жайын сұрап білуді дағды етпесе де. Белгілі, атақты
туысқанын «Ақаң» деп ұлықтап, жақын тұтып амандық сұрағанына
Таңқыбай қуанып кетті. «Інісін жібергені жақындық желісін қайта
тартқаны деп шамалап ем өзім де, мұным тура шықты. Ақаңмен ілітей
жақын екен ғой, бəсе, солай болуы керек» деп ойлап, Таңқыбай
сиректеу сақалын тағы да бір рет салалап өтті.
— Судай аман, Хаке. Жиеніңіздің үй іші бұрынғы күйінде. Жақында
оңудан Гүлжиһан келіп, қарттың қуанышы қойнына сыймай жатыр.
Оның үстіне Əлібек те сəлем беруге өте бір лайықты дер кезінде келді,
— деді ол, соңғы сөзіне зор мағына беруге тырысып, аузын
толтырыңқырап сөйлеп.
Хакім басқа жаққа бұрды.
— Жақсы,— деді ол шапшаңдап бұл сөзді əрілетпей.— Өзің түйедей
құдасың. Қалаға келгенде біздікіне неге соқпайсың. Құдағи келініңнің
шай-суы əзір. Төрдің төбесі өзіңдікі.
— Хаке, мен өзім қалаға өте сирек келетін адаммын. Елде анаумынау жұмыстан мұрса жоқ. Бүгін тек атүсті соға кететін болмашы
шаруамен бұрылғаным. Сіздікіне неге бармаймын. Сəлем беріп шығуға
міндеттіміз. Қалаға келсем, сөз жоқ кіріп шығамын.
— Бұл кеңсеге жай келдің бе? Тəжімұратқа əлде Ақаңның аманаты
бар ма еді айтатын?— деп қалды Хакім, терезеге қарап отырып
жайбарақат пішінмен.
—; Иə,— деп Таңқыбай Хакімнің бетіне қадала қалды. Бірақ
прокурор сыр бермеді, терезеге қараған күйі алысқа көзін тіккен
болып, «қосшы бидің» сөз ізін бақты.
«Əттегене-ай, бекер айтып қалдым «иə» деп. Аузымнан байқамай
шығып кетті,— деп тілін тістеді «қосшы би» өкініп. Бірақ сол сəт ол:
«Өз адамы ғой Ақаң, туған жиені. Қастық ойламас, жəне қастық
ойлайтын іс емес қой бұл» деп жұбатты өзін.
Ол бұл пікірге тұрақтағанша дес бермей Хакім:
— Жай жұмыс па еді, Ақаңның тапсырғаны? Тəжімұрат маған да
керек. Ол қазір келеді,— деп сұрағымен қоса оны алдарқатып та қойды.
«Бұл қалай болды өзі? Əлібек маған айтпай Ақметшенікіне кеткен.
Ал мынау Ақметшенің тапсырмасымен тергеушінің хатшысына
жолығуға келген. Меңдіқыз да біле тұра қайнысының қай жаққа
жүретінін менен жасырды. Бұл не? Мұның бəрінің жібі бір қазыққа
оралып жатқан жоқ па? Əлде бұл қу ана қолға түскен жөнінде бір нəрсе
біле келді ме екен?»— деп ойлады. Бірақ əлі сол терезеге қарап алысқа
көз тіккен қалпында қалды.
— Қандай жұмыс екенін оқыған адамдар бізге түсіндіріп жата ма,
Хаке. Тəжімұратқа бір хат-қағаз бере қайт деген еді.
— Ана, əлгі... аты кім еді? Тергеуге алынған адам,— деп прокурор
аузына сөз салуды күтіп мүдіре қалды.
— Акбар... Ол жөнінде өзі қызың, Хаке. Əлгі Шит баласы түлкі
тұйыққа салып, алыстан орап əлденені сұрады ғой елден. Акбарды
біреумен шатастырып жүр ме деп қалдық.
— Құныспен бе?
— Апыр-ау, ол жойқынның мұнымен үш қайнаса сорпасы
қосылмайтын адам ғой. Атын атауға да адамның аузы барар емес.
— Қағазы кəне?— деді Хакім тез мойнын бұрып алып...— Басқа
оқыған адамдар саған түсіндірмесе, мына мен түсіндіріп берейін.
— Əрине, біз бар десе барамыз, барма десе бармаймыз. Түсіндір деп
те сұрамаймыз... Ол қағазды Тəжімұраттың өз қолына ұстат деп
жиеніңіз мұқият тапсырып еді.
Танқыбайдың жүзі жылайтын баланың жүзіндей жұмсарып жүре
берді.
— Өзің қосшы ұйымының мүшесісің. Болыстың жерде көзі ашың
кедей, саналы кедей деп санайды үкімет сені. Біздің ауылдағы тірейміз
деп сенеді сендерге. Ал, сен өзіңнің болкомыңнан, өзіңнің
прокурорыңнан бұқпалайсың. Біресе есік артына тығыласың балаша,
біресе келген жұмысыңды айтпай жасырасың. Сені мұнан кейін қалай
деп, кім деп түсіну керек?
Таңқыбай қорқып кетті. Хакімнің ісіне де, кішіпейілділігіне де қатты
риза болғанымен оның прокурорлығынан ол қатты сескенетін:
«Дүниеде ең мықты əкім прокурор» деп түсінетін.
— Жоқ, жасырмаймын, Хаке. Сіз қате түсінген шығарсыз. Мен сізден
жасырсам басында айтпас едім. Мына бір қағаз еді «өз қолына тапсыр,
ешкімге көрсетпе» деп бергені. Ол кісі сізге алыс адам емес қой,
оқыңыз,— деп ол шекпенінің ішкі жасырын қалтасынан кірлеу к,ол
орамалға мұқияттап ораған төрт бүктеулі қағазды шығарып Хакімге
ұсына берді.
Хакім қағазды қолына алып, бірақ оның бүктеуін жазбастан сөзін
соза түсті. Ол енді кінə тағуды доғара салып, үгіттей сөйлеп бұл
адасқан шаруаны жолға салуға тырысты. Сөз арасында оған тіпті
коммунист бол деген сөзді де құлағына құя бастады.
— Біз мына сендерді бұрынғы билеп-төстеп қалған Салың сияқты
правительдердің, Дабыл сияқты теңдік бермейтін байлардың өздеріне
қожа еткіміз келеді. Олардың сендерді жылатып, еңіретіп келгені
жетті, енді елді сендер билеуің керек. Өйткені, өкімет сендердікі,
сендердің сөзіңді сөйлейді, сендерді жақтайды, ала алмай жүрген
аңыларыңды алып береді. Жердің шұрайлысын өздерің шауып, өздерің
жыртатын болдыңдар. Енді өз еңбектеріңе өздерің қожасыңдар.
Жиырма жыл ұдайымен байға жалшы болып келген анау Қарабай
Козеев өздерің сияқты еңбекші, өз араларыңнан шыққан адам. Соның
сөзін тыңдап, дегенін орындау сендердің міндеттерің. Сен өзің
партияға неге кірмейсің! Ақты-қараны танып қалан адамсың. Кіретін
болсаң өзім кепілдік беремін,— деді.
— Ойбай, Хаке, біз партия жолын алып бара аламыз ба? Наданбыз
ғой. Қара танымаймыз.
— Үйренесің. Қиын емес. Адам іштен білімді болып тумайды. Егер
де сен ана Ақметшемен қатар оқысаң, онан сенің білімің бір де кем
болмас еді. Бірақ сен кедей болдың — оқи алмадың, ал Ақметше оқыды
да білімді болды. Қазір саған қара тану түгіл білімді болып алу да оңай.
Мысалы: ынта салып үш ай оқысаң хат танып, жазып-оқуды біліп
аласың. Ал содан кейін қаладағы ауыл Совет қызметкерлерін
дайындайтын алты айлық курсқа кірсең — ауыл Советке председатель
боласың. Көрдің бе, бір жыл оқысаң Қарабайдай болмағанмен
жергілікті Советті басқару ісіне жарап қаласың.
Таңқыбай Хакімнің сөзін ұйып тыңдады. Оның ешбір қалтқысыз дос
көңілмен айтқан ақылын ата сөзіндей көріп қалды. «Осы мықтыға
сүйенсем, мені бұл далаға тастамас. Ай, өзі де аса ақылды жігіт-ау,
шіркін. Білімі жұрттың бəрінен асқан оқымысты. Бірақ... Ақаңның
айтқанын далаға тастауға бола ма. Ол да дана жан ғой. Жұрт тек оны
бай деп, би деп шеттетеді. Мына уездің басына Ақаңды қойса, ай, ол да
уысынан ешкімді шығармас еді»,— деп ойлады шаруа, өзі білген бұл
екі адамның өмір тартысында біріне-бірі өте алшақ жатқанын
байқамай.
Хакім төртке бүктелген қағазды ашып жіберіп, онда жазылған бір-ақ
ауыз: «Үкімет ақылды ғой, бұл істі талдар. Сонда да сен Акбарды
білші» деген сөзді көзімсн тез сүзіп өтіп:
— Ақметше жалшы орнына өзінің туысқандарын жұмсап шөбін
шаптырып, малын бақтырады, дейді. Ал егін жұмысына да ат-көлік,
құрал-сайманын пайдаланып, қызметін істегендерге айрықша ақы
төлемейтін көрінеді. Мұны қосшы орны болып бақылауға алдыңдар
ма, əлде жауырды жаба тоқып, ағайыншылықпен сауынға сиыр, мінуге
ат алғандарыңа мəз болып жүрсіңдер ме?— деді.
— Мұны мен, Хаке, өзіңізден естіп отырмын. Ақы алмадым деп
шағынып келген адам жоқ. Ал, əрине, ағайын болған соң ат мініп,
сауын сауып жалғасып жататын қазақ емес пе? Ондай бар ғой,— деп
міңгірледі Таңқыбай төмен қарап.
— Қосшы ұйымына шағынбаса, мына маған шағынушылар бар.
Мына сенің өзің де көптен бері ақың кетіп жүрген кедейсің. Арыз
жазып беруге болады,— деп прокурор шаруаға əлгі қағазды қайырып
берді.— Қағазға қол қоймапты, кімге екенін де айтпапты. Мұны жазған
Ақаңның өзі ғой, ə?
— Иə, өзі, өзінің қолы. Тəжімұратқа табыс етерсің деді. Ал ақы
жөнінде... қалай болады, мен, Ақа, пəлен берерсің деп оған өмірі айтқан
емен. Ал Ақаң пəлендей нəрсе, болмаса мал аларсың деп атаған емес.
Азын-аулақ ,қолғабыс тигізгеніміз үшін жаз сауын сауып, қыс көлігін
жегетініміз рас. Мұны мен жақын адам болған соң... ақым кетті деп
сұрауым қалай болар, заңды болмайды ғой.
Хакім күліп жіберді.
— Сен енді пыси түс, отағасы. Заңды-заңсызын мына біз айырамыз.
Үйіңе бар да неше жыл қызмет істегеніңді, қанша ақың кеткенін есепте
де арызыңды алып кел. Арғы жағын мен шеншмін, ана халық соты
айырады. Туысқаным деп сен Ақметшені аяйтын ретің жоқ. Ақыңды
бермей еңбегіңді жегені қалай, ол сені аяғаны ма? Байып кетеді, малын
баға алмайды, бейнет көреді деп мүсіркегені ме? Қалай деп ойлайсың?
Таңқыбай күліп жіберді.
— Сіздің сөзіңіз əділ сөз. Əділ айтасыз. Ақыңды жеп кететін
озбырлар көп. Бірақ біздің Ақаң зұлым адам емес қой. Оны өзіңіз де
білесіз.
— Анау Ақметшелерден мына сен сияқты түсінбей жүрген
шаруаларды қорғау — міне, бас əділдік осында.
Таңқыбай тағы да күлді. Ол ішінен: «Əй, шеберсің- ау, аяқты қалай
салады? » деп ойлады да:
— Хаке, мен оны енді... қалай дейін... Мен Ақаңа өмірі жалданып
көргенім жоқ. Сондықтан ақы сұрау ұят болар. Біз ағайынбыз. Басқалар
сұраса, оған қарсы емеспіз. Сонсоң əлі...— Ол аздап бөгеліп қалды,— Иə,
сіздің ініңіз Ақаңдікінде жатыр. Жақын-жуық болған соң қонақ болуы,
үлкен кісіге сəлем беруі жол нəрсе,— деді, өзің де Ақметшені жақын
тұтасың ғой деген астарлы үнмен.
— Ол қазақшылық жолмен барып қалған. Жəне менің інім бала,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 12
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.