Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 22

Total number of words is 4047
Total number of unique words is 2284
35.4 of words are in the 2000 most common words
49.4 of words are in the 5000 most common words
57.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жағына қарай қалтаңдады. Бұл өз үйінен, қатарындағы Сəрсеннің
үйінен де оқшауырақ тұрған Акбардың кішкене қара лашығы жаң
болды. Бұл екі ара елу-алпыс қадамнан артық болмаса да Таңқыбайға
қиямет-қайымдай көрінді — ол үйде əзірейілдей түсі суық Ақметше
отыр деп ойлады.
Кішкене денесіне лайық жүзі де бір уыс, сақалы да сол жүзіне сай бір
шөкім Таңқыбайдың сол сағатта ой-өрісі де шап-шағын бір сұрақтың
төңірегінен шықпады: «Бірден неге келмедің десе не айтамын?»
болды. Ол сол сұраққа сүрініп келе жатқан адамша тоқтала берді.
— Бас аяғыңды!— деп зекіді Қаршыға біреуге əзірленгендей төне
түсіп.
Акбардың үйін ол Ақметшенің ақ ордасы деді білем, ежелгі əдетінше
кіріп келіп, төрге жетпестен жүрелеп отыра кетті. Сонсоң Ақметшенің
төрге таяу отыратын орнына кезін қадады. Жеті түн болса да үй іші аса
қараңғы емес еді, шамалаған орында Ақметше көзге шалынбағаннан
кейін:
— Ақаң осында келе ме, Қаршығажан?— деді ол, үйге сəл
кешеуілдеп кірген Қаршығадан.
Жауап орнына оның төбесіне зілдей қара тас түсіп кеткендей болды.
— Ақметше айдалсын деп сенен басқа тағы кім қол көтерді?— деді
Қаршыға. Оның үні қара жердің астынан шыққандай дүңкілдеп кетті.
— Айналайын, Қаршығажан,-— деп отыра қалған Таңқыбайды ол
жағасынан ұстап орнынан тұрғызды.— Айдалсын деген сөзді жаңа
ғана... кешке таман есіттім...
— Ақметшені жер аударып үлгергенше, сол жермен бəріңді тегіс
қоштастырармын. Алдымен мына сені.
— Айналайын Қар...
Таңқыбай «қырқ» етті. Оның желкесінен бүрген Қаршығаның
салалы шеңгелі жыртқыш аңның улы тырнағындай қыр мойынды
сығып бара жатты...
Асты құз, үсті мұз найза қияның шаншылар төбесінде тарғыл тас
жастанып өскен балапан жыртқыш ұяда көргенін ұмытпайды. Ол
құрулы торға, тордан кейін құсбегінің қолына түскеннен кейін ұзақ
уақыт шеңгелдей ұстап, тұмсықтап жыртатын қанды жемін көксейді.
Тұғырда отырған шағында көлденең қыбырдың бəрі оның шамын
келтіреді: адамның аяқ басқаны, баланың жүгіргені, төлдің
шапқылағаны арқасын шымырлатып, құлшынын шабақтайды. Ал
əлдеқалай үй сыртында адам, абалаған төбеттің үргені, шапқан аттың
дүрсілі құлаққа шалынса бейне топшысына қыл бұғау салып ғазаптап
жатқандай өшігеді; дүбір иесін орып түсердей қомданып, шеңгелін көк
сандалға қадайды; ол жемін астына басқандай тегеурінін батыра
түседі. Мұндай көк иық алысқа алып шығып, томағасын сыпырып
тастап жібергенде аңнан тайып түссе, ұзақ уақыт іркілген кегін иесінен
алады — қандыкөз қаскүнем адамның өзіне бас салады...
Өзгеден бөлек өр төбеде есіп, бала шағынан жат баулынған жылы
шырайдан жұда, суық жүз, ызғарлы лебізбен ауызданған Қаршығаның
бар зəрі ішінде, бар сыры бүйрегінде келген еді. Құм мен құзда түнеп,
елден аулақ сергелдең өмірдің бөрі жортуылына түскен шыған əкенің
қылмысты қимылын ол жұмбағы мол ер жүректік деп санайтын; ал
түсі сұр, іші суық Ақметшенің тас тəртібін дүниені бір уысына
сыйғызатын күштей көретін. Ол Құнысша қимылдап, Ақметшеше
уыстауды арман етіп келген...
Сол қара бауыр Қаршыға үлкен уысына олқы келген Таңқыбайдың
қыр желкесін жаны бар жəндіктей де көрмеді. Өңешті қоса сыққан бес
саусақтың темірдей ұштары ет пен теріге бырт-бырт кіріп, көжектей
құрбандықтың «шиқ» ете қалғанын байқаған да жоқ. Ол қарысқан
қолдарын сəл уақыт жаны кеткенше қыса түсті де, мезет жазып
жіберді, уысындағы дір-дір қаққан шалажансар дене жерге сылқ етті.
Екі көзіне қан толған Қаршыға сылқ еткен денені жайына тастап
кете бармады. Темір шеңгелмен бүрген құрбандығына енді болат
тұмсықты бір көміп өтетін жыртқыш құстай, ол жерге еңкейе берді.
Соқыр өшпенділіктің құмарын аяусыз қандыруға ерік алған қол
буынып, есеңгіреп қалған Таңқыбайдың өкпе тұсына суық қанжарды
сұғып жіберіп, кері тартып алды. «Ыңқ» еткендей бір дəрменсіз дыбыс
берді де, шала өлі дене тыпырши қалды. Үстінен төніп тұрған Қаршыға
қара жолданып жүгірген алаша үстіндегі қан жылғасын анық көрді;
бұлақтың көзіндей ол қанның əлдеқайдан ытқып шыққан дыбысын да
құлағы шалды. Қап-қара түннің ішінде көзден таса жерде бітірген
бірінші ісіне шамырқанғандай, ол басын жоғары көтеріп, кідірместен
сыртқа шығып бой жазды. Жан-жаққа көз тастады. Əлі сол оң
қолындағы сабын саусақтары қарысқанша қысқан қанжарды аузына
тақап, жүзін бір қырындатты да суық болаттың жалпақ жерін жалап
алды. Жылымшы тартқан қанның кермек дəмі мен күлімсі иісін анық
сезсе де, ол жиреніп шіміркенген жоқ.
Қазан асып жүрген Қибат екі көзін ерінің кеткен жағынан алмай
қарап еді. Қаршығаның суыт жүрісінен, өңінен де, үнінен де əйелдің
шошынған зəресі бір пəле боларын білгендей-ақ елегізген. Иесіз
тұрған Акбардың лашығына екеуінің қабаттаса кіргенін, біраздан
кейін ұзын Қаршығаның үйіне қарай жөнелгенін ошақ басында
жүресінен отырып аңдыған əйел айқын көрді. Ол Қаршыға ұзап
шығысымен-ақ жүгіріп келіп үй сыртынан құлағын тосты. «Егер де
Ақметше болса сөйлесіп отырған шығар» деген ой келді. Бірақ демін
ішінен алып, құлағын селт етпей тосса да, үйден жан иесінің не
қыбырлаған, не сыбырлаған дыбысы шықпай қойды.
— Ау, біздің кісі, бармысың? Үйде қонақ жалғыз қалды. Сен неғылып
отырсың?
Үн жоқ.
— Біздің кісі-ау, дыбыс берсейші!
Тым-тырыс дүние.
Кіріп келіп, алаша үстінде қарауытып жатқан адамға қолын соза
берді... Жылы қанға бұланған мұздай денені ұстаған күйі көтере түсті
де, жансыз, буынсыз өлі екенін көріп, есіктен шыға жөнелді. Жан
ұшырған əйел Сəрсендікіне жете жығылып, естіген жанның сай-сүйегін
сырқыратарлық ащы дауыс көтерді...
— Пышақтап кетті ме?— деді Сəрсен сыбырлап. Сөйтті де ол есіктің
көзіне сұлап түскен Қибаттың басын көтеріп, қолтығынан демеп
тұрғызуға əрекет жасап:
— Ақырын, ақырын. Сабыр ет, Қибат. Ол бəрімізді бауыздап кетеді.
Қонағың қайда? Үйде ме? Ақырын, ақырын, сабыр ет!— дей берді.
Есі шығып кеткен əйел түнді басына көтеріп өксіді.
Жүгіріп келген Шынғалиевке Сəрсен:
— Бауыздап кетіпті... Таңқыбайды. Акбардікінде көрінеді,— деп
қолынан жетектей жөнелді.
Сəрсен мен Шынғалиев алаша үстінде жатқан Таңқыбайдың қан
соқта денесін шырпы шағып айналдыра қарады да, кері шықты.
— Мені де өлтіреді,— деді Сəрсен дірілдеп.
— Құныс па?— деп сұраған Шынғалиевке, Сəрсен:
— Оның баласы да жетер бізді қырып кетуге,— деді.
ІІІынғалиев тез атқа мінді де, болыс кеңсесіне соқпастан,
Жымпитыға асатын жолмен шаба берді.
Жаздыгүні таң аппақ атып, күн ұясынан əлі шығып үлгермеген
шақта көңілді əлдеқайда алып ұшатын, жəн-тəніңді ғажайып бір
шаттыққа шомдыратын, аяғыңды жеңіл бастырып, ауаны тоймай
жұттыратын бір сиқырлы сағат болады. Ол кезде алыстағы заттардың
бейнелері көзге өзгеше ертегі сияқты елестейді; көз ұшындағы ауыл
мен селендер бері ығысып жақындай түседі; үй-жайлар баланың
ойыншығындай дөңгеленіп ұсақтала қалады; өрістегі жылқылар қара
шыбындай қыбырлап, көш жердегі қыраттар құлын жалдана береді,
жер бетінің ойлы-қырлы қыртысы жазылып кеткендей бұдырсыз
көрінеді де, көкжиегі жоғары қалып, бүтін көз ораған аймақтың қақ
ортасы тостаған түбіндей шұқырайып жатады.
Тастаған дəн қодыраңдап өсіп жататын құнарлы жері мол ен сахара
ту күйінде жатыр. Мал бағып көшіп жүруден басқаны əдет қылмаған
қазақ шаруасы егіншілік кəсібіне жұмылатын шағы жетті. Əр саланың.
бойында тарыдай шаншылған сирек ауыл қашан қыстақ болып бас
қосады? Ішкі Ресейде қолға алына бастаған совет шаруашылығы міне
бізге де керек. Машинасы мол, өкімет қаражатына сүйенген сол ірі
совхоздың бір-екеуі орнаса мына самарқау дала қандай жанданып
жүре берер еді. Поселкелер молайса, жол салынса, сонсоң... сонсоң
қырда, ауылда Ильич шамы жанса!..»— деп ойлап келе жатыр еді
Дəулетов.
Күнде ертемен серуендеген сайын алдынан тосып тұратын
хатшысының бұл арманға айналған ойын алыстан көрінген түйдек
шаң мен шаң арасынан шыға келген құмырысқадай қарасын бөліп
кетті. Бұл құмырсқа қарасынның салт аттылы адам екенін айырғаннан
кейін Дəулетов басын шайқап: «Уаткомға ақпар алып келе жатқан
шабарман шығар. Шабарман орнына телефон болса! Бұл халықтың ойсанасына қандай эсер етер еді! Темір жол көрмеген, қала өмірінен
хабарсыз, аулақта жатқан ауылдарға осындай заттар керек-ақ...» деді.
Дəулетов бойня бетпен оралып үйіне жеткенде салт аттылы уком
партияның өз кеңсесіне келіп тоқтады. Бұл «Шеген құдықтан» кеше
ымыртта шығып, жаздың шолақ түнін ер үстінде өткізген болжаском
Шынғалиев еді. Ол көрші қақпаға кіріп бара жатқан Дəулетовты көре
сала ат тізгінін тастай беріп, жүгіре басып хатшының қасына жетіп
келді.
— Дəулетов жолдас... мен сізге келдім. Өте тығыз жұмыспен келдім,
— деді ол ентіге сөйлеп.
Түн жортып түсі қашып келген жас жігіттің бетіне бір қарап алды да
хатшы:
— Кеңседе күте тұрыңыз, мен қазір келемін,— деп үйіне ене берді.
Кеңсенің ішін сыпырып, терезесін сүрткіштеп жатқан əйел оны
аяған пішінмен:
— Тым ерте ғой, шырағым, сағат жеті ғана. Жуынып, шай ішіп кеңсе
ашылуына қарай келсең етті,— деді.
Шынғалиев жауап бермеді. Аздан соң шыдай алмай қайтадан сыртқа
шықты. Хатшыны ұзақ күтіп қалған сияқтанды. Ал, ізінше-ақ жетіп
келген Дəулетовтың жүрісі де, сөз бастауы да оған өте-мөте жай
көрініп кетті.
— Сонау Қоспа жолымен келген сіз ғой?— деді уком хатшысы, отыр
дегендей орындың көрсетіп.
— Иə, Дəулетов жолдас. Түнімен жүріп келдім...
— Қатты келдіңіз... Сіз Көзеевпен бірге келген жігітсіз ғой анау
күнгі?
— Иə, Дəулетов жолдас...
— Ертемен шапқылап келуіңізге қарағанда асығыс жұмыс бар ғой
шамасы?
Шынғалиев шыдамады.
— Бай-құлақтар кедейді пышақтап өлтіріп жатқанда шапқыламай
бола ма, Дəулетов жолдас...
Шынғалиев уком хатшысына кеше кеште болған оқиғаны да,
«Шеген құдыққа» Құныс қарақшының жасырын келіп жүргенін де,
шаруалардың үрейі кете бастағанын да бірақ ақтарды.
— Сіз қазір пəтеріңізге барып жуынып, тамақтанып, ұйықтап
тынығып алыңыз. Қатты қобалжып жəне түнімен көз ілмей ат үстінде
қалжырап қалыпсыз. Бəрі де реттеледі. Тиісті шара қолданылады.
Комиссия шығады,— деді Дəулетов Шынғалиевтің қызарып кеткен
көзіне қарап.
— Жоқ, Дəулетов жолдас, мен үйықтай алатын емеспін. Комиссия
тез шықса, мен бірге кетейін. Жұртқа түсіндіру керек бұл жайды.
Жастарға мықтап ұғындыру керек. Мұндай кезде ұйықтауға уақыт жоқ,
— деді Шынғалиев аптығып.
Дəулетов басын шайқады.
Бір сағаттан кейін Дəулетов бюро мүшелерін жинап алып:
— Қазір ғана губернияда хабар алдым: ірі бай-бектердің мал-мүлкін
конфискелеп, өздерін басқа губернияға жер аудару жөнінде үкіметтің
қаулысы шықты,— деп жаңалық жайды мəлім етті.
Өзара пікір алысқаннан кейін уезд басшылары «Шеген құдыққа»
шаруалардың жиналысын өткізуді, ол жиналыста болыстық қосшы
ұйымының шығарған қаулыларын жариялап, іске асырылуын мақұл
тапты.
— Губернияға, уезге бөлінетін əкімшілік тəртіп өзгеруімен
байланысты жəне басқа қызметке ауысқандықтан Əлен Əлеуов
Уаткомның председательдік қызметінен босатылып, губисполком
қарамағына шақырылды. Уатком председателінің міндетін уақытша
оның орынбасары Қарабай Козеев атқаратын болды,— деді Дəулетов
онан кейін.
— Əлеуовтың кері шақырылатыны келген күннен бастап-ақ көрініп
тұр еді,— деді Хакім.
Бұл жолы да алушыны аңдушы жеңді.
Болыстың атқару комитетінің ағасы Қарабай Козеев «Шеген
құдықта» болған уақиғаны түнде есітті де, уезден адам келгенше
Ақметшені кеңсесіне шақыртты. Бұлай еткені батырақ кедей
Таңқыбайдың өліміне қалай түсінік берерін Ақметшенің өз аузынан
есіту жəне тергеу комиссиясы істің бетін ашқанша өктемдігін жүргізіп
келген бұл белгілі адам ауылдан аулақ болсын деген ниет еді.
Ақметше атком ағасына амандасқаннан кейін жай-мəністі сұратпайақ өзі бастап, өзі түсіндіруге кірісті.
— Өте өкінішті жағдай, өкінішінен де аянышы басым,— деді ол
Қарабайға мұңайған пішінмен.— Өкініші: ата-бабаның дəстүрінде
болмаған, көп заманнан бері көз көріп, құлақ естімеген, туысқан
туысқанға қол жұмсап, жазықсыз қан төгу; ол қан менің ауылымда,
менің баламның қолымен төгілді. Аянышы: өмірі адам бетін
жыртпаған, өзгеге оймақтай зиян етпеген, өзіме болсын деп бұра
тартуды білмеген, шақырғанға балаша тіл қатып, жұмсағанға балаша
зыр жүгірген пенде еді. Пенделігінен бұрын өзімізге руластан да гөрі
жақын аталас, қандас, қарындас еді. Оның үстіне жан баққан үйлі еді,
жаңаға көз тіккен саналы азамат еді. Баласын жамандайтын ата жоқ,
атадан алшаң кетпейтін бала жоқ. Мен пəлен деп баланы да ақтар
пікірде емен, зұлым еді деп оны қарғар да шамам жоқ. Əділ билікке бас
иемін, қылапсыз заңға бой ұсынамын. Қолмен істегенді иықпен
көтеруге тура келеді. Не жаза берсеңіздер де балаға ара түсер жай аз
қалып тұр. Бірақ есте тұтатын бір негіз бар. Ол адамның баршасына хас
негіз. Жас бала еңбектеп барып қаз тұрып, балдыр-бұлдыр сөйлей
бастағаннан-ақ үлкенге еліктейді. Бұл еліктеу ересек кезге дейін
созылады. Үлкен болсам екен, ер жетсем екен деген тілек бүл. Ал ер
жете бастаған кезде бұл үлкен болу тілегі дүние сүйгіш
малжандылыққа айналып кетеді. Байысам екен, мен де үлкендердей
үйге ие, малға қожа болсам деп ұмтылады. Бұл табиғи тілек...
— Мен сізден жастың қалай өсуін, оның қандай арманы болатынын
сұрауға шақырғаным жоқ Ақметше жолдас. Сіздің балаңыз Таңқыбай
Еламановты не үшін өлтірді? Соны білуге, соны өз аузыңыздан есіту
үшін шақырдым,— деді Қарабай оның сөзін бөліп.
Əлбетте, міне осыны, баланың мұндай ауыр іске адам өліміне
себепкер болғанын айтып отырмын. Малжандылық, малға қожа болу
тілегі оны мұндай ауыр халге ұшыратқан.
Үйге Хакім, Щитов, Жолмұқан жəне Қарабайға бұрын соңды таныс
емес бір жігіт кіре берді. Алыстан келгендер де, үйде отырған екеуі де
бірін-бірі бұрын көрмеген-білмеген адамдардай, сəлемдеспестен,
көріспестен тосырқап тұрып қалды. Аздан кейін ғана Қарабай орнынан
тұра келіп:
Былай шығыңдар,— деді. Басқа сөз айтпады. Тек қана өзінің сөйлер
алдындағы тамағын қайта-қайта кенеп, аздап жөтеліп алатын əдетін
істеді.
Қарабайды еліктегендей ілесе Ақметше де орнынан тұрып, тамағын
кенеді, бірақ ол уезден келген басшы əкімдерге ысырылып орын бере
қоймады.
— Мына кісіні сіз алдырдыңыз ба, əлде өзі келіп мəлім етті ме?—
деді Хакім аздан кейін.
— Болған уақиғаны өз аузынан естиін деп мен шақыртып алдым,—
деді Қарабай тағы да тамағын кенеп қойып.
— Иə...
— Біраз əңгіме айтты. Алайда, бұл кісінің сөзіне мен аса түсіне
алмадым.
— Не айтады,— деді Хакім Ақметшеге көлдеңнен көз тастап.
— Баласының кісі өлтіргенін жасырмайды. Бұл өкінішті уақиға
дейді. Солай дей тұрып Еламановты өлтіру табиғи нəрсе дегендей
пікір айтады.
Хакім де, Щитов та Қарабайдың сөзіне құлағын тіге қалды.
— Еңбектеп қаз-қаз тұрып, тілі шығып бойы өскенше, тіпті ақылы
кіріп əбден есейгенше адам мал-жанды болады дейді бұл кісі,— деді
Қарабай.— Мал-жанды кезінде адам адамның қадірін білмейді. Яғни
адамжанды болмайды. Бұл жұрттың бəріне ортақ қасиет дейді. Жəне
өлім деген нəрсеге магына бермейді, өйткені өлімнен өзі де
қорықпайды, басқаны да алмайды. Міне, осыны ескерерсіз дегендей
етеді.
Хакім ойланып қалды да, сəлден кейін қабағын түйді. Оның түсі де
бозарып кетті.
— Бұл түсінікті философия, Қареке. Өте түсінікті,— деді ол соңғы
сөзін нықтай түсіп.— Балам малжанды деуі шындық. Бұл адамды адам
мал үшін, дүние үшін өлтіреді деген сөз. Мал бастан артық деген
философия. Қазіргі күрес те осыны дəлелдейді.
— Балаңыз қайда?— деді Щитов Ақметшеге қазақшылап.
Ақметше Хакімге қарап сақалының ұшын сипап өтті де:
— Түннен бері қолыма түспей қойды. Қорыққаннан бір жерде
жасырынып жатыр ма деймін. Бұл табиғи нəрсе қорқу деген,— дей
беріп еді, Хакім оған:
— Онда бала жас кезінде қорықпайды деген сөз жалған болды ғой,—
деді кекесінді үнмен.
— Балаңыз онда... өзінің туған əкесіне қосылған шығар,— деді
Щитов Ақметшеге қадала қарап. Ақметше де онан көзін бұрмады.
— Туған əкесінің қайда екенін сіздер білмесеңіз, мен білмеймін. Мен
оны тірі болса өте алыста жүрген шығар деп шамалаймын. Оған
баланың кетуі екіталай.
— Оны соңынан сөйлесерміз,— деді Щитов.
Ақметше үндемеді. Əңгіме үзілуге айнала бастады.
— Сіздер осы жерде боласыздар ма? Мен «Шеген құдыққа» барып
қайтқалы отыр едім,— деп Қарабай Хакім мен Щитовқа кезек қарады
да, сен қайдан жүрсің дегендей Жолмұқанға көз тоқтатып: — Мына
палуанды сіз ертіп жүрсіз бе, Хакім?— деп прокурорға мойнын бұрды.
— Иə, біз ертіп келдік. Құлынға құрық, асауға бұғалық сала білетін
де кісі керек болады. Сізге көмектесер деп əкелдік,— деді Хакім.
Қарабай басын изеді. Ол оқымаған адамның зерегі болатын.
«Ақметшенің асыл нəсілді жылқыларын бөрі-қарыдан сақтауға да
осындай белді жігіт керек» деген ой келді оған.
Бұл кезде он шақырымдай жердегі «Шеген құдықта» тағы да бір
ауыр уақиға болды.
Өткен түнгі адам жаны түршігерлік өлімді көзімен көрген
Шынғалиев жазықсыз қан төккен кісі өлтірушіні қолға түсіру үшін
қалаға да өзі хабар беріп, тергеу орнының адамын да өзі ертіп келіп еді.
Тап осыны аңдып таң ата «Шеген құдыққа» Құныс қарақшы да келіп
жетті. Ол баланы ұстауға прокурордың өзі келер деген оймен торыды.
Жалғыз шөкенi бетке ұстап та бұғып үйренген Құнысқа ауыл
жанындағы құдық, құдық тұрған сай жəне Ақметшенің құлынды
биелерге жасатқан брезентті лапастары əдейі құрған қамалдай болды.
Ол өз атын əдетінше сай ішіне бос жіберді де, Қаршығаға шабысы бар
белді аттардан
қарауылдатты.
екеуін
дайындатып,
сайдың
арғы
басын
Алушыны аңдушы алатыны мəлім, құдық басында бұққан белгілі
жартыбасты ауылдың жандары да, алыстан келетін тергеуші де
байқамады, байқау түгіл түнде келіп оны ауыл ториды деп ешбір жан
ойлаған да жоқ. Ол ұзақ күтпеді. Болыс кеңсесі жақтан көрінген төрт
аттылы желе бүлкілдеп келіп, шеткі Акбардың үйіне аттарын байлай
салып, біреуі сыртта қалды да, үшеуі үйге кірді. Көп кешікпей екеуі
Таңқыбайдың үйіне беттеді, қалған екеуі аттарына мініп тура
Ақметшенікіне келді. Құныстың қызғылт тартқан көзі бір кез қанталап
жүре берді. Оған аттан түскен екеудің бірі прокурор Хакім Жүнісов
болып көрінді.
Құныс жата алмады. Орнынан түрегеліп аяғын адымдай басып
ілгері жүрді.
— Пыркарол!— деді дауыстап ол.— Бері шық!
Дауысқа жалт қараған Шынғалиев құдық басынан берегірек шығып
шақырып тұрған ұзын қара кісіге көзін тіге қалды. Оның ойына осы
Ақметшенің белгілі жалшысы Акбар түсті. «Анау күнгі қалаға жауап
беруге барған Акбар. Бұл не айтпақшы?..»
— Бері шық!— деді қара кісі тағы да.
Екі арада ең кемі екі жүз қадамдай жер болса да, оның даусы
Шынғалиевтің құлағына тап қасында тұрғандай естілді. Танитын
адамға беп-белгілі бұл өктем шыққан жуан дауыстың Құныстікі екенін
аңғармай:
— Келіңіз, келіңіз,— деп Құныстың өзін шақырды.— Бері келіңіз,
қорықпаңыз.
Шынғалиев «Акбарды» Əжіғалидан қорқып тұр деп ойлады. Ол тағы
да қолын бұлғап ымдай түсті де, өзі екі-үш адым шеткерірек шығып
тұрды.
Алыстан қарағанда сырт пішіні Хакім сияқты көрінгенмен,
Шынғалиевтің жүзі оған ұқсамайтын. Сонда да оның бойлы келген
келісті мүсіні, галифелі сұр гимнастеркасы, тіпті бұйраланған қомақты
шашы «прокурордың өзі» дегізді. Құныс шолақ мылтығын көтеріп
алды. Шынғалнев қарап үлгергенше құлағына тарс еткен дауыс қана
естілді, өзі дəрменсіз түрде жерге отыра кетті. Бар сезгені: ішіне біреу
шоқ тастап жібергендей күйіп жүре берді де, көзі қарауытып түпсіз бір
тереңге құлап бара жатты. Қармануға дəрмен жоқ құлдырап бара
жатты...
Бар ынтасы үй ішінде болып, далаға көз жібере қоймаған Əжіғали
таңқ еткен мылтық даусына жалт қарап, айтулы Құнысты көрді. Оның
қолындағы қаруын да жақсы айырды. Бірақ өзі қару жұмсауға
үлгергенше белгілі қарақшының желді күнгі жөңкіген қара қаңбақтай,
тез төңкеріліп, құдықтың арғы тасасына түсіп кеткенін ғана көзі
шалып қалды. Ол енді жалма-жан жығылып қалған Шынғалиевтің
басын сүйей берді. Бірақ сол сəт «тасадан атқан жартыбасқа бір оқ
жұмсамай қаламын ба?» деген ой оны құдыққа қарай алып ұшты.
Мылтығын кесе-көлденең ұстаған күйі құдыққа жеткенше, одан кейін
адамды да, атты да толық көзден тас аларлық сайдың иініне барғанша
Құныс боз атқа қонып, жөнеліп те кетіп еді. «Артымда қуғын бар ма
екен?» деген жанша ол енді сай иінінен қылт ете қалып арт жағына көз
тастады. Тарс та тарс қатарынан шыққан мылтық даусына ілесе
зыңылдаған егіз оң оның басынан асып əлдеқайда жоғалып жатты.
Бірақ ол асығыс атылған оқтар даритын шеңберден əзірге аулақтап
кетіп еді.
— Тоқтай тұр!— деді Əжіғали кіжініп, не атына мініп оның соңына
түсерін де, соңына түскенде бір өзінің не бітірерін де білмей.
— Тоқтай тұр. Алдыңдағы қос тосқауылдан аман кетсең сенің қара
жұлдызыңның əзір сөнбегені, Щитовтың қамалынан өтіп, құмға иек
сүйеуің екіталай болар...
Ол қайтадан келіп əлсіреп қалған Шынғалиевтің кезерген еріндеріне
су тамызды.
— Əкеңнің қанын төккен де Құныс еді, сенің қаның да осы
жауыңның қолынан шашылды. Өзіңнен басқа ешкімің жоқ... Ең болмаса
артыңда тұяғың да қалған жоқ, жас қыршын... Дегеніңе жете алмай
кеттің, асыл іні. Кеше ғана... жаңа ғана сайрап тұрған тіл күрмелді.
Жайнаған көз жұмылды, бақыл бол, інім!..
Көзіне жас алып көрмеген Əжіғалидың ыстық бұршағы
Шынғалиевтің жылап ағып, топыраққа сіңіп жатқан ақ шабдар қанына
тамып кетті.
4
Ертеңіне «Шеген құдықта» үлкен жиналыс ашылды.
«Уезд басшылары келеді, халықтың мұң-мұқтажы жайында сөз
сөйленеді. Ел тегіс жиналсын!» деген атком жарлығы кештен бастап
ауыл-ауылға таралып кетіп еді.
Сабынкөлдің алыстағы түкпірлерінен жиналысқа жұрт түннен
аттанды. Ауыл үсті абыр-жұбыр əңгімеге толып, жол үстін аттың дүбірі
мен арбаның сықыры басты. Топ-тобымен үздік-үздік жылжыған
жандар түні бойы жол үстінде болды. Түсетін жекжаты жоқ адамдар
торсық толтырып айран-шалабын да арбаға сала кетті. Əйелдерге
жылап ілескен жас бала бар көліктерге көрпе-жастық та салынды.
Ермегі аз бозбала мінер жылқысын кештен үй жанында ұстап, таң
біліне аттарына қонды да, ертеңгі даланы қым-қиғаш жарыс пен
аударыспақ ойнаған асыр шабысқа айналдырды. Сөйтіп, ауылауылдың тегіс бас қосқан жиналысына еркек-əйелі қалмай шұбырды.
Күн көкжиектен арқан бойы көтерілмей-ақ аттылы, түйелі, жаяуы да
аралас ағылған қалың адам «Шеген құдық» басына тұс-тұстан құйыла
бастады.
Осы топтың арасында бірнеше арбаға тиелген комсомол мүшелері
болыстың комитеттің туын көтеріп бөлек келе жатты. Олар «Шеген
құдыққа» жақындаған соң арбаларынан түсіп, екі қатардан сапқа тұрды
да: «Басыңдар, жолдастар, аяқты!» жəне «Жолдастар» жырын əндетіп
тəртіппен жылжыды. Қалың жиынға жуықтаған сайын жыр үні мен аяқ
дүбірі самарқау даланы тебіренте түскендей болды. Бұлардың ықшам
киімі мен жігерлі қимылы сол күнгі теңіздей теңселген кең шекпен,
қалың шапан киген тұмақты, бөрікті, жаулықты жандардың арасында
көзге өрім талдай өзгеше көрінді.
Кешікпей өз мал-жанынан өзгеге аяқ асты болып көрмеген
Ақметшенің жаз жайлауы аткөлікке толды да, құдық жанындағы
тепсең үстін қара-құрым адам басты.
Үстін мінбе, қалқанын таяныш, жетегін баспалдақ етіп қойған ұзын
көк арбаны халық қаумалай қоршады. Жадағай жамылған ақ бурыл
шалдар мен шаңырақ жаулық кемпірлер мінбеге таяу жайланысты да,
олардан əрі орта буын отырды. Арбаның төрт жағы да қабат-қабат
отырған адамдар мен тұрған күйі алыстан мойын созған бозбалаға лық
толды.
Не боларына көзі жетпей, соңғы кездегі оқиғаларды түрліше
жорыған халың өзара күбір-күбір əңгімеге көшіп еді. Қайта-қайта
тамсанып, сақалын сипап қойып Əжіғалиға көбірек көз тіккен бір шал:
— Əжіғали шырағым, сен өкімет басында жүрсің ғой, айтсайшы,
осыншама жұртты неге жинап жатыр?— деп сұрады.
Əжіғалимен бірге мінбенің қасында тұрған сұр гимнастеркалы жігіт:
— Ақсақал, асықпаңыз, Қазір Қарекең айтады,— Деді.
Оған қосыла:
— Иə, ақсақал, жаңалық бар. Дəулетовтің өзі сөз сөйлейді,— деген
Əжіғалидың сөзіне де шал місе тұта қоймады.
Ол қасында отырған екінші шалмен сөйлесіп кетті.
— «Шеген құдықтың» басына неге жинайды жұртты? Жаңалықты
басқа жерде айтуға болмай ма? Əлде əлгі атышулыны ұстап əкеліп,
соны көрсетпекші ме?
— Ақметшені нетпесе...
— Нетпесесі қалай?
— Əлгі деймін-ау...
— Дұрыстап айтсайшы, Жəке, «нетпесе», «əлгі деймін-ау» деген
түйінді сөздеріңнің осындай жерде тінін жазып жібермейсің бе?
— Жəкең қайдан жазсын күрмеліп қалған сөзді. Уезден келген əкім
айтпаса турасын. Жəкеңе қиын ғой,— деп қойды бір қара сақал.
Мінбе-арбаның екінші жағында отырған адамдар бұдан гөрі
ашығырақ болжам айтып жатты.
— Таңқыбай мен əлгі Шынғали комсомолды жерлеуге байланысты
ғой бұл жиын. Мұны жұртқа түсіндірмесе бола ма?
— Түсіндіретін не бар. Жау жаулығын етті — өлтірді.
— Сол жаудың кім екенін атын атап, түсін түстеу керек.
— Белгілі емес пе. Өлтірген Ақметшенің баласы...
— Құныс та Ақметшенің баласы ма?
— Əй, қойшы əрі, білмеген адамша сөйлейсің.
— Жоқ енді, білгенде... Ақметшенің баласы емес қой ол бас кесер.
— Бəріне Ақметше жауапты. Өкімет мұны білмей отыр дейсің бе?
— Онда Ақметшені ұстайтын шығар. Ол үшін жұртты жинап
қайтеді?
— Ұстау аз. Халықтың алдында жауды əшкерелеу керек,— деді
тəртіппен жұртты отырғызып жүрген сұр гимнастеркалы жігіт
əңгімеге кірісіп.
— Імм...— десті отырғандар.
Ақметшенің отауы жағынан шыққан адамдар көк арбаға жақындай
берді.
Сұр гимнастеркалы жігіт:
— Шуламаңдар!— деп зекіп қойды да, келе жатқан адамдарды
қарсылап арбаның үстіне шығуға жəрдемдесті.
Бірінің соңынан, бірі арба үстіне: Дəулетов, Жүнісов, Көзеев,
Едігенов шықты. Орысша киінген тағы да бір-екі адам. Аға
милиционер Əжіғали жəне Жолмұқан палуан арбаның жанында тұрып
қалды.
Аз кідіріп жұртты көзімен шолып алды да, Қарабай Көзеев:
— Алты ауыл Советтің азаматтары қатынасқан жалпы жиналысты
ашылды деп жариялаймын. Ауыл шаруашылығын өркендету, кедейжалшыларға көмек беріп, оларды жер жыртып, егін салуға жұмылдыру
жайлы уездік партия комитетінің хатшысы Дəулетов жолдас сөз
сөйлейді. Одан кейін болыстық қосшы ұйымының қаулысын
жариялаймыз. Ал Дəулетов жолдастың баяндамасынан бұрын айтатын
сөз: кеше осы «Шеген құдық» басында адамның тебе шашы тік
тұрарлық айуандық жолмен қосшы мүшесі, белсенді шаруа Таңқыбай
Еламанұлы жолдасты Ақметшенің баласы Қаршыға дейтін пышақ
салып өлтірді. Ол ол ма, болыстық жастар комитетінің хатшысы,
жалынды жас қайраткер, еңбекші үшін жан-тəнімен қызмет етіп
келген аяулы азаматымыз Қауғабай Шынғалиев бас кесер бандит
Құныстың қанды қолынан қаза тапты. Бұл екі ауыр өлім осы мына
«Шеген құдықтың» басында болды. Атақты шонжар, қаратаяқ
оқымысты, кезінде Алаш өкіметіне жəрдем еткен правитель Ақметше
Мұхаметшиннің аулында болды. Аулында ғана емес, Ақметшенің
кезеуімен қаза тапты. Табы жат дұшпан советтің адал азаматтарына
қол жұмсады. Біз бұл дұшпан оғына қапыда душар болған қадірлі
адамдарымызды азалаумен бірге, бүгін оларға: сендердің арман еткен
мақсаттарыңа тез жету үшін тап қырағылығын күшейтеміз; еңбекшінің
үстемдігін нығайтамыз; қанаудан халас болған еңбектің жемісін
арттырамыз; бақытты өмір жасаймыз, деп уəде береміз!— деді.
Жұрт ұзақ уақыт үнсіз қалды. Сонсоң бірер адам тамақтарын кенеп,
қозғала түскен кезде, Қарабай:
— Сөз уездік партия комитетінің хатшысы Дəулетов жолдасқа
беріледі!— деп өзі кері шегінді.
— Жолдастар! Мен соңғы кездегі өзгерістермен байланысты
төмендегі үш сұраққа жауап бере сөйлегім келеді. Мұның біріншісі —
адамды адам өлтіріп, қан төгу қашан тыйылады? Екіншісі — біздің
басты байлығымыз не нəрседе? Үшінші — ауылды дəулетті,
мəдениетті етудің жолы қандай? Міне, осы үш мəселеге қысқаша түрде
жауап бермекпін.
Адал шаруа Еламанұлы мен комсомол қайраткері Шынғалиев
жолдастың жау қолынан қаза тапқанын уездік атқару комитетінің
төрағасы Козеев жолдас айтып өтті. Бұл өте ауыр жəне аңдаусызда тап
болған өкінішті қаза. Мұның өкінішті болатыны жау жасырынып жүріп
қапыда бас салды. Бұл ашықтан-ашық майданға шыққан бұрынғы
басты жаулар емес, солардың түн жамылып келіп қораға шабатын
бөрідей елден аулаң жүрген қалдығы, азғыны. Өздеріңізге белгілі
азамат соғысы кезінде майдандасып қан төгістік, ол кездегі дұшпан
помещиктер, фабрика-завод иесі алпауыттар, ірі бай мен билер,
солардың сойылын соғушы аң генералдар мен аң офицерлер еді.
Бұлардың бəрін тас-талқан етіп, Қызыл əскер ап-сап қылғаннан кейін
20-ыншы, 21-інші жылдары банды мазалады. Ол ақ бандыны
құртқаннан кейін, енді міне елдегі бай-бектерді паналап жүрген бас
кесерлер төбе көрсетті. Жауласу, соғысу, жазықсыз қан төгу деген
зұлымдықтың түп-тамыры еңбексіз байитын қанаушы таптың
қалдырған жексұрын мұрасы. Еңбексіз баюдың өзі қылмыс. Ал сол
қылмысты құрту үшін қанаушы тапты жою міндет. Оны, əрине, қырып
тастау жолымен құртпаймыз. Еңбек еттіру жолымен жоямыз. Мысалы:
мына Ақметше Мұхаметшинге жақында сот болды. Сол сотта оның
кедейлерді қалай жегені ашылды. Он-он бес жыл жұмыс істеп келген
адамдарға Ақметшенің төлеген ақысын есептесең күніне ширек
тиыннан келмейді екен. Мұндай тегін мал табу жолын жалшыны
қанау, оның нəрін борсықтай сору дейміз. Міне, осыны жойып,
Ақметше, Дабыл, Салық сияқтыларды еріксіз еңбекке қосқан кезде
жұрт тыныш болады. Адамды адам өлтіру жойылады.
Қазақ халқы көшпелі, мал баққан, момын халық; еңбекті сүйетін,
жігерлі халық. Бірақ осы халықты билеуші тап мəдениеттен тыс,
білімнен тыс, өнімді кəсіптен тыс ұстады. Əбілхайыр ханнан өрбіген
жүз елу сұлтан тайпа-тайпаға бөліп, билеп келді. Арқада Абылайдың
ұрпағы хандық құрса, Жетісуда Тезек төре дəурендеді; Хиуада
Аспандияр, Барақ сұлтандар отырса, Бөкейде Нұралының əулеті өкімін
жүргізді. Осы толып жатқан сұлтандардың айдауымен Ресей
патшалығының қарауында жүрген кезде соңғы 150 жылдың ішінде
қазақ елін «өркендету» үшін жұмсалған қаражатты адам басына
шақсаң 6 сом 60 тиыннан келеді екен. Ал мұны жыл есебіне
айналдырсақ — жылына бір адамға төрт тиыннан ақша жұмсалған.
Міне, билеуші таптың істеген игілік ісі. Мұндай қаражатқа бала
оқытып, ауруды емдеп, қала салып, көпір тұрғызып болар ма? Бір
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 23
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.