Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 15

Total number of words is 4175
Total number of unique words is 2122
36.8 of words are in the 2000 most common words
52.3 of words are in the 5000 most common words
60.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
зирек бала жеңіл-желпі кітапты ежіктеп оқи бастаған-ды. Ал, мына
қаладағы мекемелердің маңдайшасына ірі əріптермен əшекейлеп
жазылған жазуларды ол тез-ақ оқып кетті. «Жымпиты уездік ақша
бөлімі», «Жымпиты уездік қаріп-қасерлер махкамасы», «Жымпиты
уездік қосшы-кедейлер қоғамы» дегендерді ол көш жерден-ақ оқып
танитын болды. Жəне оларды бір-біріне шатастырмай арналған
қағаздарды қолма-қол тапсыруға жаттығып қалды. Бірақ Құрманды
қинаған нəрселер де аз болған жоқ. Сырт көрінісін жақсы айырып,
жазуын бұлжытпай дұрыс оқыса да, көп мекемелердің істейтін істерін
ұға алмай-ақ қойды.
«Ақша бөлімі дейді. Сонда осында аңша жасап шығара ма екен? Онда
ақша санап жатқан адамдар неге жоқ? Əлде ақшаны жасырып санап,
текшелей ме екен?» деп ойлады ол бір күні ақша бөліміне жолдаған
ашулы Басекенің конвертін тапсырып шығып. Оның бұл ойын əдейі
шатастырайын дегендей, тап сол ақша бөлімінің жанындағы «Уездік
қаріп-қасерлер махкамасы» деген бұрын бір керген жазу көзіне
көлденеңдей қалды.
«Мүсəпірлер жинала ма екен бұл үйде? Олар не бітірмекші мұнда
жиналып? Əлде мүсəпірлерге киім-тамақ бере ме екен? Солай шығар.
Сорлыларды қорғайды ғой Хакім-ақамдар. Қазына оларға жəрдем
беретін болар. Мен де барсам қайтер еді?.. Хакім-ақамнан сұрасам
нетті?! Жоқ, мен мүсəпір емеспін, денім сау, көзім бар, қолды-аяқты
неге жұмсаса да бара алатын адаммын ғой, Хакім-ақамнан сұрауым да
ұят болар, үлкен кісі. Сонсоң мені ол оқуға кіргіземін деді ғой. Оңысам
мен де қызметкер болар ем, нашандік болсам Əжіғали сияқты мылтық
асынған... болсам, нетті! Қойшыдан шыққан ғой батыр да, би де Сырым
сияқты, жұрт не дер еді мені көрсе сонда?!»
Бір кезде ол балалық қиялға шомып кетті, кенеттен оның ойына
Халима түсе қалды. Бұл бірінші рет ойлауы еді оның үйін, апасын...
«...Жылап жүр ғой мені ойлап, жалғыз қалған сорлы қыз» деді ол
даусын шығарып. Сөйтті де, біреу бұл сөзімді естіп қалды ма деп
айналасына жалт-жұлт қарай қалды. Бірақ оның бұл ойын да, сөзін де
бүйірінен сарт ете қалған тас кесек бөліп жіберді. Ол ыршып түсті де,
бүйірін басып отыра кетті. Кесек домалап бара жатыр. Кəдімгі ат
тұяғына шеңгелдеп қатқан темірдей тас балшық, көгілдірленіп
шыңылтыр тартқан нағыз тастан да қатты кесек. Сол қолымен тастың
қан-қақсатып кеткен жерін басып отырып, ол оң қолымен кесекке
жармасты. Неге екені белгісіз, бұл «өзінен-өзі» адасып келіп оқша
қадалған кесекті жұдырығына мықтап қысып, орнынан тұрды, ал сол
қолын енді ұйып ауыра бастаған бүйірінен алмай, жан-жағына көз
жіберді. Арт жағында қаңқайып тұрған дəу клуб, онан əрі Жаншаның
қоспақ дүкені, қатарласқан лапкелер. Клуб пен қоспақ дүкеннің
жарлары қорасан шыққан адамның бетіндей қожыр-қожыр, итарқалап
жапқан төбесінен төмен сорғалаған жырашықтар тəрізді, осылып
жатыр. Құрманның көзі əлденеден күдіктенгеннен дүкеннің сырт
жағындағы тəртіпсіз шөмелеленген жəшіктерге түсті. Белдік қайыс
темірлері оңды-солды қайрылып қалған жəшіктердің кейбіреулері
əдейі біреу сүйреп апарғандай шашылып алыста жатыр, енді біреулері
алқа-қотан дөңгеленіп, бірінің үстіне бірі текшеленіп қалыпты — ішіне
адам паналайтын кіші-гірім қос тəрізді. Жəшіктердің төңірегінде де,
дүкеннің арт жағында да жан жоқ — айнала жым-жырт, қыбырсыз,
иесіз алаң...
Айнала қарап, сəл кідіргеннен кейін Құрман бүйірін қолымен басқан
күйі ілгері жылжи түсті. Екі-үш адым аттап үлгерместен оның құлағын
ащы ысқырық жарып жібергендей болды да:
— Тоқта!—деген баланың жекірісі қосыла шықты.
Ол шошып кеткендей кілт тұра қалды. Күтпеген жерден шыққан
мұндай кенет бұйрық пен бұрын естіп көрмеген жексұрын ысқырық
оған өзгеше əсер етті: қолы-басы дірілдеп, арқасы шымырлап жүре
берді. «Жын ба? Адам ба?» деген ой жалт етті. Ысқырық шыққан
жəшіктер жаңқа ол қалай бұрылғанын да білмей қалды. Алқа-қотан
иірілген жəшіктердің арасынан өзі шамалас, ербиген үрпек бас бала
шыға келді. Шыға келген жоқ, ол жалма-жан мұның алдын орай,
келемеш еткен адамша, ернін шығарып ербең-ербең етті. Дір ете
қалған жүрегі аз-мұз орнына түскендей ышқына бір рет қатты дем
алып, Құрман аруақ тəрізді бет-аузы кір-кір, үсті алба-жұлба баланы
көріп:
— А, сен бе едің, тас кесекті бүйірден қадаған!— деп қарсы адымдай
түсті.
Оның қатты тістенгеннен жағы қарысып қалған сияқтанды, ол
алдындағы үрпек бас баланы алып ұрып, жермен-жексен етпекші боп
ұмтылды. Оның бүйірінің ауырғаны да жоғалып кетті, ол қолына
қысқан көк шыңылтыр кесектің қалай оқталып, қолынан қалай шығып
кеткенін де байқамай қалды.
Үрпек бас бала майырылып кеткендей бүктетіле қалды, пəрменмен
ытқыған кесек онан желі тартым жер əрі зулап, əлдеқайда барып түсті.
Құрман кесектен басын бұрып қалып, өзіне тигіздірмегенін бойын
жазғанда ғана сезді.
— Жүр, əйда?— деді бала оған жəшіктерге қарай иек көтеріп.
Құрман мырс ете қалды. Оған мына түрсіз жүдеу баланың бұйрығы
қолынан келмейтін іске ұмтылған арсыздықтың бір əлсіз түрі
сияқтанып кетті.
— Мұның үмітінің зорын қара,— деді ол басын шайқап.— Кесек
жіберген сен бе, сүдінсіз сұмырай?
Құрман басынан төмен қарай баланың түрі мен түсін көзімен түгел
жіліктеп шықты: шаштары селтиіп, басы суың торғайдың төбе
шашындай үрпиіп кеткен, беті айғыз-айғыз, өңінің қандай екенін
айырып болар емес, мойын жүні жұлынған үйректің мойнындай
қылқиып қалған; үстіндегі шалбары мен көйлегінің кірі бес батпан
жəне балағы, жеңі өрім-өрім...
— Маған əлі бұйырып қояды мына түрімен, үріп қалса құлап кетейін
деп тұрып.— Ойына кесектің ащы бүйірден соққаны түсе қалып,— сен
бе деп сұрап тұрмын кесектеген?
Ол балаға жұдырығын түйіп ұмтыла түсті. Арың бала ықпады: бұл
жұдырығын түйсе, ол ернін жымқырып Құрманның көзіне қадала
қалды: «Кім бұрын тайынар екен?» дегендей айбат шегіп, ит көрген
мысықша күдірейе берді.
— Неге кесектейсің өтіп бара жатқан кісіні?
шеруаттандырып жіберейін бе осы тұрған жеріңде?
Шекеңді
Арық бала түсінбей қалды.
— Не дейсің? Қалай дедің?
— Шекеңді тоқпақтай қылып ісіріп жіберейін бе деймін.
— А, солай де!
— Солай!
— Сен ауылдан келген баласың ғой?
— Онда сенің қандай шаруаң бар?
— Сен бізге жүр, шаруаны сонсоң айтам.
— Уаһы, нашандік! Қайда жүр дейсің?
Құрманның кекесінін түсінбей қалды ма, əлде өз ниетін тез
ұқтырғысы келді ме — əйтеуір оны əлде бір жаққа шақыра түсті.
— Жүр, көрсетейін қайда баратыныңды, алыс жер емес...
Құрман кек алу ниетін қоя салып, оның не ойы барын анықтай
түскісі келді.
— Кімсің өзің? Қайда жүр дейсің? Үйің қайда?
— Үйдің не керегі бар саған? Жүр деймін, ілгері,. көресің, барған соң
көресің.
— Қайда барған соң?
— Ана жерге,— деп ол тағы да жəшіктерге қарай иегін қақты.
— Жоқ, мен үйге бара жатырмын. Сен ана жəшіктердің ішіне түнеп
шыққан боларсың, түріңнен көрініп тұр...
— Сенің түріңнің оңып тұрғаны да шамалы. Ана басыңдағы
фуражкені əуелі дұрыстап кие білсең етті, қырдың қотыр табан май
мұрын қойшысы. Көйлегінің сыртынан белбеу буынған болыпты,
қалаша киіну сенің неңді алған?! Əлде сен де оқуға кіргің келе ме?
Құрман «осы сұмырай бірдемені байқап тұр ма?» деп белбеуін
дұрыстап жіберіп, фуражкесін қайта киді.
— Жыртық тесікке күледі дейді. «Қотыр табан қойшы» деп кемітеді,
сенің өзіңнің түрің, қойшыдан артық деп тұрсың ба? Оқуға кіргенде
қайтесің — кіремін.
— Адаспа, қотыр қойшы. Қойшы екеніңді мен бірден білдім. Бетің
жап-жалпақ, қарның шəрмиіп, танауың желдеп тұр, жүр бізге.
— Ай, сен таяқ жемес бұрын тарт жөніңе. Айттым ғой: шекеңді
шеруаттандырып жіберемін деп...
Бала ысқырып қалды да, құлағын жарып кете жаздаған ысқырықтан
селт еткен Құрманды құлақ шекеден салып жіберді. Шекеден аңсызда
сарт ете қалған тастай жұдырық көк кесектен де қатты тиді.
Құрманның көзінен от жарқ ете түсіп, басы айналып кетті. Оның
жұдырық тиген жағы жып-жылы бола қалды да, сол жаң бетіне су
сорғалағандай сезді. Оң қолымен бетін ұстай алып, ол шекеден жосып
кеткен қызыл қанды көрді. Қаннан шошып не қыларын білмей, өзіненөзі кері шегіне түсті. Бұл кезде алқа-қотан үйілген жəшіктерден екінші
бала шыға келді. Мұның қолында кеспелтек қара таяқ көрінді. Шекеден
соққан бірінші бала оң қолын артына ұстап шегінген Құрманға тағы да
жақындады. Оның қолында жə темір, жə тас барын жаңа ғана түсінді.
Жұдырықпен соққанға шекенің қанамай, ісіп қана шыға келетінін ол
жақсы білетін. Бірінің таяғы, бірінің темірі бар бұл рақымсыз екі балаға
қару жасап қайрат көрсете алмайтынын сезіп шегіне-шегіне дүкеннің
халық бар жағына қарай өтуге тырысты. Бірақ ол көзін арық бала мен
таяқ ұстаған екінші тоқ бетті баладан алмады — аңдысып шегінді: егер
ұмтыла қалса, қапысын тауып, арықты жанды жерінен түйіп жіберуге
жұдырығын жаны кеткенше жымқырды. «Əттең қолында қаруы бар,
əйтпесе мына ербиген періні бір соққанда ұшырып жіберер едім» деп
кіжінді Құрман. Бірақ оның мына екі жауы қапы қаларлық емес — оны
қансыратып ұрып жығып, əбден бетін қайырып, илеп алайық деген
адамша көздерінен рақымсыз ұшқын атып, иттей талауға əзір еді.
— Жақындама, жақындасаң мойныңды үзіп жіберемін!— деді
Құрман тістеніп, алда келе жатқан арық балаға.
Оның неге өшіккенін, не үшін жазықсыздан жазықсыз кесек
лақтырып, таспен соғып шекесін қанатқанын Құрман түсінген жоқ
тіпті ол бұл қорғансыз балалардың неліктен жəшік арасына
жасырынатынын, неге өз бетімен жүріп, қолынан не келсе соны
істейтінін де, өзін қай жаққа жетелейтінін де ұқпады, ұғуға уақыты да
болмады. Ол тек жан дəрмен күн «тағы бір жеріме зақым келтірер» деп
шегіншектей берді. Оның бақытына қарай жұрттың көп жүрмейтін бұл
оңаша бұрышына бір əйел шыға келді де, екі бала түк көрмеген
адамша жалт бұрылып, өз жөніне кете барды.
— Шырағым-ау, басыңды кім жарып кетті?— деді əйел шошынып.
Құрман үндемеді. Əйел Құрманды елден келген бала деп ойлады ма,
əлде əке-шешесі жоқ бала деді ме — бетіне сəл көз тоқтатып тұрды да
аянышты үнмен:
— Міскін. Бет-аузыңды даладай еткен. Ана бір сұмырайлар ғой
шамасы, мына оңаша жерде екеулеп ұрған. Құдайдан безген бұл жалаң
аяқтарды дегдомға апарып қамайтын да кісі жоқ. Үйің қайда, кімнің
баласысың? Бар, бетіңді жу. Міскін, өлтіріп қоя жаздаған ғой өзіңді,—
деді.
Əйелге жауап беріп жатуға мына түрімен арланып жəне
шынашарына ілмейтін арық баладан зəбір көргеніне зығыры қайнап,
Құрман тура көпірге қарай тартты. Тағы да əлгілер соңыма түсер деген
оймен ол артына қарап қойып, жүгіре түсті.
Құрман тереңдігі тізеден зорға асатын, көпірдің оң жағындары,
өзеннің айдынсымақ жалпақ жеріне келді де, жалма-жан балағын
түрініп жіберіп, суды кешіп барып тұнықтау жерден бетін жуды. Қан
мен терге боялып түтіккен беті əрі тазарып, əрі салқындай түсті,
астының батпағы көтеріліп лайланған жерден аттаңқырап ілгері
барды да ол еңкейіп тұрып қос қолдап бірнеше рет аузын толтыра
суды жұтып, жұтып жіберіп кері шықты. Бүгінгі ауыр күннің зілі
бойынан жаңа ғана түскендей, ол су жағасының салқын лебіне бетін
төсеп, көк шөптің үстіне отыра кетті.
«Қап! Қапыда соғып кеткенін. Əйтпесе, мен оның желкесін үзетін
едім», деп опынды ол жоқ жерден көрген зəбірі есінен кетпей. Бірақ
оның бұл опынышты ойын бөлген жабулы атын жетектеп келіп су
жағасына тоқтаған жалпақ қызыл кісі болды. Аттың жабуын сыпырып
тастап бұл адам жамылып келген шекпенін, аяғындағы жеңіл
шабатасын жерге тастай салып, сүмбідей жирен атты жетектеп
өзеннің ішіне еніп жөнелді. Құрман орнынан ұшып түрегелді, бұл да
аттың соңынан еріп, судың нақ жағасына келіп:
— Ағай!— деп қалды.
Бұл сөз оның аузынан еріксіз шықты. Ол екі көзін ат пен адамға
кезек қадады. Ат Дабылдың қос жирен атының кішісі, бірақ жетектеп
келген адам бұрын көрмеген, елде жоқ, бүтін Бұланда жоқ кісі. «Бұл
қалай? Əлде Дабыл бай атын сатып жіберді ме екен? Қалай сатады? Екі
аттың бұл кішісін Нахияға арнаған, жалғыз қызының, кіші қызының
төл аты! Əлде мына кісі ұрлап əкелді ме? Үстіне жапқан жабуымен,
шылбырымен əкеткені ме?.. Жоқ, оқыған адам... Сақалын қырған
келісті кісі. Өзі қандай семіз кісі! Үлкен нашандік пе əлде. Сұрап алды
ма байдан...»
Толып жатқан түсініксіз шым-шытырық сұрақтар Құрманның ойын
əр саққа тартып кетті. Ол екі көзін аттан айырмай, судың ортасына
таман атты бауырлатып апарып жуа бастаған қызыл кісінің қимылына
қарады. Шідертінің суына атты мініп барып Құрман да, Рақымғали да
жүздіріп жалдап алатын. Ал мына ісісі шүберекті суға малып алып
аттың сауырын, белін, қабырғасын сипап жуады. «Олай етпесе мына су
тайыз — ат жүзбейді. Қызыл кісі біледі. Көпті көрген адам шығар.
Шүберекпен ысып-ысып жуғанда оның тері де, жабысқан шаң-топырақ
та қалмайтын шығар».
Ат шынында да бірнеше минуттен кейін жылмиып шыға келді.
Қызыл кісі оны шетке алып шығып, шүберегімен көк саз жұққан
тұсарлығын, шашасын тазартты да, жабуын қайтадан жапты.
Тамашалап қарап тұрған балаға ол назарын да аударған жоқ. Шекпенін
бос жамылып, шабатасын аяғына іле-сала келген ізімен қайта кетті.
Аң-таң болған Құрман неге екені белгісіз жиренді жетектеген зор
денелі, семіз, мұртты қызыл кісінің соңынан кете барды.
2
Жирен атты жетектеген қызыл шырайлы толық кісі үлкен қарағай
үйге келіп, оның біп-биік бітеу қақпасын ашпай, бір бүйіріндегі жанама
есіктен аулаға кіріп кетті. Есі-дерті өзінің тел тайындай болып қалған
жұмыр жиренде болып, Құрман да ізінше кішкене есіктің алдына келіп
тоқтады. «Неге келді? Жирен атта оның қандай жұмысы бар? Байдың
аты кімнің қолында кетсе, оның қолында кетсін. Құрманға мұнан
келер-кетер не бар?» Мұны ойлаған бала жоқ. Тек ол бұрыннан осы
жиренге бір мінуге, жұрт көзінде көлбектетіп аяңдатуға, судан
қайтқанда иесінің көзін ала беріп, тасалау жерде құйындатып шауып
алуға құмар еді. Оның балалық қиялы «менің атым болса жалын тарап,
құйрығын күлтелеп, күндіз көлеңкеде, түнде ауыл сыртында оттатып
шекесінен қаратар едім. Бəйгеде алдына қара салмай келтіріп,
пəленшенің Құйын жирені дегізер едім. Өзімнен басқа жанды жуытпас
едім, шашасына шаң тигізбей бағар едім. Сүт беріп, сұлы жегізер едім»
дегізген құм жирен ғой.
Ол елде жүргендегі əлдене бір бұлдыр үміт жетектеп, ұлпа қарды
əшекейлеп, көрмеген қызыл түлкінің сиқырлы ізіне ере беретін əдеті
билеп, ат соңынан ере түсіп еді.
Қызыл шырайлы, қара мұртты, толық денелі кісі Айтан еді. Бірақ
Құрман оның Айтан екенін, Айтанның уездік тергеуші екенін, мына
үлкен қарағай үйде тұратынын, оның қаладағы уатком, уком,
упрокурор, усоттан кейінгі ұлық екенін, тіпті ел аузында осының
бəрінен де бұл қызыл кісінің құдіреті күшті екенін білген жоқ-ты. Бірақ
сол сағатта-ақ ол бұл үй таныс адамның үйі екенін аңғара бастады.
— Мен бүгін кешірек қайтармын, отағасы,— деді есіктің арғы
жағынан Құрманның құлағына өте-мөте таныс əйел даусы.
«Бұл кім еді?» деп ойлап тапқанша болмай, кішкене есіктен Шолпан
шыға келді. Құрман сасып қалып кері шегінді.
— Құрманғали!— деген əйелдің таңданған даусы екінші көшеге
естілерлік қатты шығып кетті.— Құрманғали! Сен қайдан білдің біздің
бұл үйде тұратынымызды. Қонақ бола келдің бе? Жүр, жүр. Үйге жүр.
Əлденеден қымсынып қызара түскен Құрман, қапелімде жауап таба
алмай, кері шегіне берді.
— Құрманғали!.. Сен кімнен ұялып тұрсың? Жүр.
— Апа, мен əлдеқалай келіп қалдым.
— Жоқ, жоқ, үйге жүр.
— Апа, мен қағаз апарып əлгі,— кеңсенің аты оның аузына түсе
қоймады,— келе жатып, сіздікіне əлдеқалай келіп ңалдым.
— Бұл жолы əлдеқалай келсең — екіншіде арнап кел. Қалайда кел,
қонақ бол. Мен Шолпан апаң ғой...
Шолпан баланың өткен жолы ұялып қалғанын есіне түсіріп, күліп
жіберді. Құрман онан əрі қызара түсті.
— Жарайды, жарайды! Жас күнімізде бəріміз де ұялшақ болғанбыз,
үлкейген соң оны ұмытып та кеттік. Сен де ұмытасың, кешікпей,
Құрманғали.
Құрман үн қатпады.
Қалай қарай жүресің, Құрманғали? Мен кеңсеге барамын, ана Совет
көшесіне. Хакім ағам кеңсесіне...
Онда жүр. Біраз жер бірге жүреді екенбіз. Ал, мына біздің үйдің қай
жерде екенін жақсылап біліп ал келесің ғой? Қашан келесің. Кеңседен
шыққан соң мен үйде боламын. Қай кезде келсең де, мені үйден
табасың...
Құрман үндеместен басын изеп қойды. Аз уақыт жүргеннен кейін
шолпан баланы сөйлетіп, бой үйрету үшін əңгімеге жетектей берді.
Бүгін қайда болдың, Құрманғали?
Үйде... кеңседе болдым.
Қай кеңсеге қағаз апардың, бүгін?
Қосшыға, ақша бөліміне.
Қазір қай жақтан келе жатырсың?
Өзен жағасына барып... — Құрман мүдіріп қалды да бірақ шынын
айтты, — бетімді жудым,— деді.
А су басына барып жуынып салқындаған екенсің ғой. Суға жүзе
білетін бе едің?
Білемін Шідерті бойындамыз ғой. Тайлақтың сағасында.
Шідерті тайыз су ғой. Жазды күні үзіліп-үзіліп кей жері кеуіп
қалады. Онда жүзетін жер де аз шығар. Біздің Аңқатыны айтсайшы,
айдынына құлаш ұрып жағасына жағалық ойнайтын...
IIІолпан еріксіз күрсініп қалды. Ол Аңқаты жағасында өскен жас
шағын, қасіреті мол болса да, қызықты балалық кезін бір сəт көз
алдынан тізбектеп өткізді. Бірнеше минут үнсіз жүріп, əлде не нəрсе
ойына сап ете түскендей, Құрманның бетіне жалт қарады да:
— Сен сол Дабыл байдың қой-қозысын бақтым десейші. Солай,
қарағым, жетімдік қиын нəрсе. Əке, шеше...— Əйел тағы да күрсініп
қалды да, балаға сыр бермейін деп ойлап,— сен бақыттысың,
Құрманғали. Сені оқуға кіргізетін кісі бар. Сен адам болып кетесің. Сені
адам етіп шығарады, сен бəрін де ұмытасың,— деді ол балаға.
Бала да күрсіне түсті.
— Менің апам да оқыса,— деді ол ақырын ғана.
Шолпан жалт қарады.
— Апам оқыса? Апаң қазір қайда? Кімнің қолында? Не істейді?— деді
əйел сұрақ үстіне сұрақ жаудырып.
Құрман бейне бір оның апасын жұрттың бəрі білетіндей қайран
қалып:
— Сіз естіген жоқ па едіңіз, Халиманың қай жерде тұратынын?— деп
Шолпанның əдемі қара торы жүзіне қарай қалды да, көзін жалма-жан
бұрып əкетті. Ол төмен қарап, естілер-естілмес үнмен қызара түсіп,—
сол байдың сиырын сауады, мен қойын баққан байдың. Ана сіздің
аулаға жирен аты келген Дабылдың,— деді сөзінің соңын сыбырлап
қана, аузынан зорға шығарып.
Тап сол сəт оны бірінші көргендегідей əлдеқайдан пайда болған
ұялшақтық буды, оның үстіне апасының аянышты күйде қалғанына
өзегі өртеніп кеткендей қайғырып, кенет көңілі бұзылып жүре берді.
Бірақ Шолпан Құрманның бұл босауын басқаша түсінді. Оның
құлағына: «Сіздің аулаға жирен аты келген Дабылдың... қорлығы»
деген үн келді. Ол Құрманға кілт бұрылып:
— Тоқта. Қалай дедің? Жирен ат?.. Жирен атты сен қайдан көрдің?—
деп қолынан ұстап тұра қалды.
Бала басын көтерместен, даусы дірілдеген күйі:
— Құйын жирен... Дабылдың екі жиренінің бірі... Қызының аты.
Үлкені өзінің аты. Жаңа əлгі жуан қызыл кісі өзенге жуып əкелген ат.
Жабуы да сол өзінікі. Ақ кенептен тіккен, шетін кестелеп,— деді.
— Жақсы!— деді Шолпан.
Оның арғы жағында айтылмай қалған сөзді Құрман аңғарған жоқ.
Əйелдің не оймен үйіне қарай бұрылғанын да білген жоқ, тек қана тез
жөнелген əйелге бұрылып бір қарап алды да, бала прокурор кеңсесіне
қарай жүре берді.
3
...Шым-шытырық көп оқиға бірімен-бірі мидай араласып, олардың
тінін тауып, шырмауын жазып алу үлкен күшке түскендей болып
кетті...
«Жол үстіндегі қызыл нарлы кім болды? Ол Құныс болса, ал, мына
Щитов баласының қолға түсіргені кім? Ол мүмкін басқа адам шығар?
Онда мұны Құныспен неге шатастырады?
Кешегі «Ақметшеге ақым кеткен, анда-санда тигізген ағайындық
қолғабысымыз үшін ат мініп, сауын сауып, керегінде құрал-сайман да
алып отырамыз»— деп безектеген Таңқыбай қосшы, үйіне бара сала
өзгере қалғаны үлкен ойға түсіретін жайт. Оның бір күнде санасезіміне күрт өзгеріс кіріп, өмір бойы ища десуге дəрмені келмеген
Ақметшеден бірден бірнеше жыл ала алмай жүрген ақысын сұрағаны
ғажап батырлық, адам нанбайтын батылдық. Əлде менің сөзім
көкейіне қонып кетті ме? Ай, олай болмас-ақ! Жəне жалғыз Таңқыбай
емес, Сəрсенғали мен Серікқали қосарлана арыз əкелді. Ал, бұл астарлы
нəрсе болса Ақметшенің көздегені малының санын азайту ма?
Соншама жомарттық жолға түскені ме? Мына батырақ-жалшыларға
болсын дегені ме? Жоқ, олай болмас-ақ! Болмас-ақ!
Мына менің інілерімнің қылығын жұрт қалай бағалар? Бірі байдың
қызына үйленіп отаулы, малды, жиһазды келіншек алу ниетінде. Ал,
екіншісі... жоқ, мына сияқты сынды кезеңде аяғын шалыс басқан
жастарға ақыл бермеу, дұрыс жол сілтемеу, қолдамау, демемеу не
болып шығады?! Бұл ақыл беру ме, əлде сүйген адамына қоспау əрекеті
ме?! Онда бұл адамшылық бола ма? Адамшылық... Адамшылық шын
сүюмен байланысты емес пе, шын сүйгенін, ғашығын алуға бөгет
жасау, əрине, адамшылыққа қарсы. Ал, мал үшін, бақ үшін үйлену —
сүйгендік пе екен? Əділбек Дабылдың қызын көрген де жоқ, көріп
сөйлескен де жоқ... Сыртынан біреудің айтуымен үйлену — мал үшін
емей не?.. Ол ақылды бала, бір бет, ер мінез болғанымен түсінетін
тентек. Оны тоқтатуға болады. Сүлекең оны тоқтатуға тиіс. Ал, Əлібек
ше? Қайда баратынын айтпай, ақылдаспай өз бетімен кеткен...
жеңгесінің қостауымен кеткен. Меңдіқыз, сен байқамайсың, ақкөңілдік
сенің түбіңе жетеді. Туысқандық сезім — кіршіксіз сезім. Бірақ ақылға
салу керек емес пе еді. Əдемілік, сүйіспеншілік ақылмен өлшеніп,
адамшылықпен салмақтанбас болар ма...».
Хакім бұрылып далаға, сонау алысқа, көз жетпейтін ұшан теңіз
жалпақ қырдың көк жиекпен ұштасып кеткен көгілдір мұнарына көз
қадады. Терезенің көзінен де кең даласы емін-еркін ендеп жатыр:
айнала теп-тегіс көз сүрінерлік тауы сирек, адыры да аз, шалқыған
суға да қат құла тұз. Жайықтың жасаң алқабына жеткенше, қашып
шыққан меңдей, некен-саяқ кездесетін ат басын тірер ағашынан өзге
орманнан жұда сары жазық. Сонда да оның төбе-төмпешігіне дейін,
жыра-жықпыл, сай-саласына дейін көлшімек көгерісі мен жылап аққан
жылғасына дейін, Қызыл Құмақты дөңіне дейін, кемпір шашты селеу
жапқан бедеу беліне дейін алақаныңда тұрғандай. Бəрінен өз аты бар,
бəрінің өз бейнесі өзінде, бəрі таныс, бəрі басқан жер, бəрі жылы, бəрі
ойда... бəрі көкке бөленіп, жауқазыны жалбырап тұрған сияқты: киік
оты — кілем, бозы — төсек, жанбастап жатып жан саябырлатарлық.
Хакімнің мұрнына ащы боз жусан иісі келгендей болды. Ол орнынан
тұрып кетті де, əлденені ұмытып қалған адамша төмен қарап ойланып
қалды.
...Иə, анау Шежін жақ бетегелі, жылқының жері. Арғымаққа шатыс
алалы жылқы өссе... асыл тұқымды жылқы. Түйе ше?»
— Бездельник! Қаңғыбас! Тəртіпсіз ескен... Қайда жүрдің күні бойы?
— деп сөгісі мен сұрағы аралас Басекенің күйіп-піскен даусы оның
ойын үзіп жіберді.
Алдыңғы бөлменің есігін ашып қалып ол терлеп-тепшіп, ентігіп
кіріп келген Құрманды көріп, күліп жіберді . Жаңа фуражкені едірейте
киіп, күннің ыстығына қарамастан бала белін тас қылып қайыс
белбеумен буынып алған: кек көйлектің тік жағасы иегін тіреп тұр —
жел қарысар дегендей бар түймесін тегіс салыпты. Хакімді кере сала,
хатшыға жауап қатпастан ол аяғын ілгері аттай түсті.
— Ақырын. Асықпа,— деді Хакім Құрманның ентіккен жүрегі
орнына түссін деп,— отыр, деміңді ал.— Сөйтті де оның əр нəрсені
байқағыш кезі Құрманның шекесіндегі таңбаны байқап қалып: —
Шекеңе не болған? Əлде балалармен төбелестің бе?— деді.
Асығып келіп айтары іркіліп қалған бала бірден жауап таба алмады.
Өйткені, арың баланың шекесін жарғаны оның есінен шығып та
үлгерген-ді. Жəне бала оны Хакімнен жасыру ниетінде еді:
— Əлгі... осында бір сүмірейген бұзық бала таспен соғып,— деп
мүдірді Құрман.
Мұндай оқиғаларға аса толқи қоймайтын прокурор баланы жұбата
сөйледі:
— Аса қауіпті жара емес. Алайда саң жүру керек, Құрман. Төбелесуге
жарамайды. Көзіңе жə басқа жеріңе зақым келтіруі мүмкін. Таспен
соқты дейсің бе? Қандай бала? Кім баласы ол?
— Көшеде қаңғып жүретін бұзық балалар. Дүкен артында. Өтіп бара
жатыр едім, бүйірден тас кесекпен қойып қалды бұғып жатып. Тас
атқан сен бе деп едім, шекеме аңсызда темірмен соқты... Енді біреуі
таяқ алып ұмтылды бұзықтар. Түрі адам қорқарлық албастылардың.
— Ымм...— деп созып тұрды да, Хакім оның ілкі ойын ашқысы
келген адамша:—осыны айтайын деп шығып па едің, Құрман?— деді.
— Жоқ, Хакім аға. Мен Дабылдың жирен атын көрдім...
Құрман оған көргенін бастан-аяқ айтып берді.
Түсі өзгеріп кеткен Айтан Ақбасовқа Хакім орындық көрсетіп:
— Айтеке, отырыңыз, отырыңыз, қалай, аман-есен барып
қайттыңыз ба? Арба бермеді деп маған ғой əнеугүні өкпелеп кеттіңіз,
ə? Шыны: өзім Бұлдыртыға барып қайтармын деп ойлап едім, бірақ
осындағы жұмыспен айналысып шыға алмай қалдым. Бұлдыртыға
келесі жұмада шықпақшы болып отырмын. Бос тұрса арба аямаймын
ғой,— деді күліп.
Шолпанның жан жағадан жармасып: «Жирен атты қайдан алдың?»
деп қысқанына түтігіп шыққан тергеуші, прокурор шақырып жатыр
дегенде: «Ол да осыны сұрай ма?!» деп сасып кіріп еді. Қазір
жайбарақат түрде сөз бастап, өте жылы лебіз көрсеткен Хакімге қатты
риза болып кетті.
— Жоқ, Хаке, мен сізге өкпелеп қайтейін. Жоңқа қабақ тыржитатын
бала емеспіз ғой. Алыс жер емес, Шідертіге салт барып қайтудың өзі
рақат. Салт ат адамның көңілін ашады. Шаңға бөленіп арбамен жүру
шынын айтсам тұншықтырып бітеді. Əсіресе, тымырсық күні арба
ауыр. Мен амалсыздан сұрадым ғой, бар болғыр, жоқ жерден бір
сыздауық пайда болып,— деп күлді Айтан да, көңілді прокурордың
ыңғайына көшіп. Сөйтті де, ол өзінің ежелден алдын орай сөйлеп, күдік
келтіретін жерді білдірмей сипап өтетін əдетінше «ат-арбалы»
болғанын құлаққа салды.— Тəңір жарылқағыр ауылсовет арбасын
беріп, арғы Ащысайға трантаспен барып қайттым. Жол шаңды болса
да, ерден арба жанбасқа тыныш болды.
— Ауылсовет дегендер арбаға үйір емес, олар салт жүргенді артың
көреді...
— Иə, олардың жұмысы да сондай тез жүруді, жолсызбен де, күн
демей, түн демей жүре беруді керек етеді ғой.
— Арбасын атымен берді ме?— деп сұрады Хакім, тергеушіден
жүзін бұрып терезеге қарап.
Айтан оған тіксіне қарай қалды. Бірақ Хакім мойнын бұрмады,
тергеушінің жүзіндегі құбылысты əлде ол байқағысы келмей ме,
əйтеуір далаға қараған қалпында қалды.
— Иə, атымен...— деп Айтан оның жүзін бақты.
— Фамилиясы кім екен ол ауылсоветтің?
— Маймокин.
— Маймокин. Қызық фамилия екен. Кім, Булан ба?
— Кім біледі соның руының кім екенін. Таныс кісі еді былтырдан
бері. Шідертіде əлденеше рет болғанмын бұдан бұрын да. Оны неге
сұрадыңыз, Хаке?
Хакім оның бетіне енді тура қарады.
— Жирен ат шығар?
Айтанның өңі бұзыла бастады, бірақ ол даусын өзгертпеді.
— Жирен, жирен ат.
— Жирен ат Маймокиндікі емес — Дабыл байдікі.
— Бұл сөзді мен жаңа Шолпаннан да естідім. Мұны қалай түсінуге
болады, Хаке?
— Шолпаннан естіген, естімегеніңіз маған онша қажетті жай емес.
Ал, маған аттың байдікі болғаны аса ұнамды көрінбей тұр.
Айтан дауыс көтерді.
— Менің ізіме түсу бола ма мұның аты? Мен əуелден де
Шолпанмен... сезетінмін... Менің ұжданыма шаң тигізуге кірістіңіз бе?!
Болмас. Ол тереңге кетер.
Байқаңыз, ондай право ешкімге берілген жоқ,— деді ол орнынан
ұшып түрегеліп.
Айтанның қолы дірілдеп кетті, өңі қуқылдана бастады, тершіген
маңдайын алақанының сыртымен сыпырып тастап, жағасының
түймесіне жармасты. Бірақ дірілдеген қолы оны бірден ағыта алмай
əуреленді.
— Сіз сабырмен сөйлеңіз, қызбаңыз. Сонсоң бір нəрсе мен екінші
нəрсені қойыртпақтамаңыз. Шолпанмен... деп ақырын жұтқан сөздің
бұл жерде орны жоқ. Ал, ұждан мəселесіне көшуге ерте, бекер
аптығасыз. Право жөнінде де артық сөзді қыстыра салудың мағынасы
аз,— деді Хакім тағы да терезеге қарап.
— Мен байдан ат алып, арба жеккенім жоқ, прокурор жолдас.
Маймокиннің ат-арбасымен келгенім рас, оны жалғыз сіз емес,
жұрттың бəрі біледі, құйрығыма шиқан шығып, ерге отыра алмаған соң
сұрап алдым, оның ат-арбасын.
— Жақсы, жақсы. Ат-арбаны Маймокин берсін, сіз оны
Маймокиндікі деп санауыңыз да мүмкін. Алайда ат байдікі, сол өзіңіз
жауап алуға барған Дабыл байдың қос жиренінің бірі.— Хакім есікті
ашып,— Құрман, бері кел,— деді алдыңғы бөлмедегі балаға.
Есіктен кіре берген балаға тесіле қарап, Айтан «қайда көрген бала?»
деп қабағын түйе түсті.
— Құрман, жирен ат кімдікі, мына ағаңа айтшы,— деді Хакім балаға.
Құрман жат сабақ оқыған балаша əлгіде Хакімге айтқан əңгімесін
мүдірместен бір-ақ сыпыртты: ол аттың түр-түсін, артқы шашасының
ағын, кекілінің өрілгенін, жабуының кестелі жиегін, маңдайының
жұлдызы оймақтай ғана екенін, үлкен жиреннен анағұрлым аласа
жəне жіңішке екенін, Дабыл байдың бұл кіші қызы Нахияның төл тайы
екенін, бірін қалдырмай мөлдірете соқты. Соңында: «Құйын жиренді
ағай жаңа көпір жанына жетектеп апарып жабуын сыпырып жуып,
тазартып, қайтадан жабулап, қарағай үйдің үлкен қақпасын ашпай,
жанындағы кішкене есіктен кіргізіп, түкпірдегі қораға байлады. Мен
қолымда өскен жирен тайды қимай соңынан еріп жүре беріппін... Қақпа
алдында Шолпан апай кездесіп, мені осы жерге дейін ертіп келді. Мен
жирен аттың Дабыл байдікі екенін Шолпан апайға да айттым. Шолпан
апай кеңсесіне бармай, орта жолдан кейін қайтып кетті»,— деді бала
Хакімнен көзін алмастан, анау күнгі рапорт берген милиция
начальнигі Əжіғали сияқты қозғалмай тік тұрып.
Əлгіде бозғыл тартқан Айтан бір мезет қып-қызыл болып кетті.
— Мені Мамокиннің алдағаны ма?! Байдың аты болса мен оның
маңына да жоламаймын ғой,— деп тері молайған етті маңдайын енді
орамалмен сүрткіштеп даусын көтере сөйлеген тергеуші бірден
жұмсарып жүре берді.— Бірақ бұл қателікті екінші əрі жібермен. Бұл
маған үлкен сабаң болды. Маймокинді жалған сөйлейді деп ойлаған
жоқ едім. Менің кісіге сенгіштігім өзіме зиян болды. Ол суайттың атын
да, арбасын да беріп жіберейін,— деп күңкілдеді ол есікке қарай
бұрылып.
— Қыз жөніндегі арыз қайда?— деді Хакім есіктен шығып бара
жатқан Айтанға.
— Арызды тергеп-тексердім... Тəжімұраттан беріп жіберейін
материалды.
— Тез беріп жіберіңіз.
Бір сағаттан кейін Хакім уездік милицияның аға сақшысы Əжіғали
Тəтеновты шақырып алып, Шідерті ауыл советінің председателі
Маймокинді, сол ауылдың азаматы Дабыл Мақметовты жəне байдың
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 16
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.