Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 33

Total number of words is 4034
Total number of unique words is 2271
34.3 of words are in the 2000 most common words
49.6 of words are in the 5000 most common words
58.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жерден бір қылт еткен сай ішіндегі адамға оқ дари қоя ма!..— деп ағыза
жөнелген Əжіғалиды зорға тоқтатып еді.
Щитов Əжіғали сөзінің дəмді түйірін аршып жатпады.
— Вася екеуің тура Қожақметтің үйіне жетіңдер. Сен бастайсың.
Білесің ғой жүрер жолды? Басқасын Васяның өзі біледі. Тез сусында да
жүріп кет,— деп бұйырды...
Құныскерейдің байлаулы түп қазығы болып келген үйіне тез жетуге
серігімен Əжіғали қайта аттанды.
Ел арасымен асықпай жететін бұл ұзақ жолға Щитов та шықты.
Жалғыз бұлар ғана емес, тап сол күні Оралдан да əскер бөлімін
басқаратын Смышляев жіберген кішкене отряд Жымпитыдан
Қаратөбеге бет түзеген.
Щитовтың ойы — Құныскерейдің бір мықты қазығы Ақметшені жер
аударғаннан кейін жəне айналып соғатын бас себептің бірі Қаршыға
соңынан ерген соң бұл жаққа ол енді қайтып оралмайды. Гурьев пен
Орал: бірігіп соңына түскенін сезген бұл екі баскесер енді үй-ішін де
жетектеп кетер. Сондықтан қатыны мен баласын əкесіне қоса қолға
ұстай тұру керек...— дегендік еді.
3
Екінші күні,— дұрысы екінші түні,— қос аттап тынбай жортып,
аттары да, өздері де салығып, Құныскерей күн ұясынан көтеріле
берген шақта кішкене Қарасуға иек сүйеді. Бұл — елі өте сирек, бір
бүйірде «түн қатып, түс қашып» шаршап, талып жеткенде жан сая
табар жер еді. Түбі шұңғыл кішкене Қарасу көгінде бұлты тұрақсыз
аңызақ жылдарда да суы сарқылып қалмай, ал жауынды жазда
төңірегінен құсы мен аңы арылмайтын қызыл құмақ сары қасқа
даланың оңаша жатқан хауыз-кəусары. Бұрын да мұнда кезбежортуылшы əлденеше рет аялдаған. Ат белін көтеріп, бар азық
сарқылғанша жанға сабыр, тəнге тыныс беpiп, келесі асуға
дайындалған. Бүгін де сол мұнан бірнеше жыл бұрынғы əдетіне көшіп
Қарасудың арқа жақ бетіндегі қашық шыққан қара жыңғылға қаңтарып
ат басын байлады; өзі бөркін, шекпенін шешіп, сілкіп, тепсеңдеу жерге
қойып, үстін шолақ мылтықпен бастырды. Ұзақ уақыт жүресінен
отырып су жағасында беті-қолын жуды...
Қаршыға да оның істегенін бұлжытпай тəкірарлады. Ол су жағасына
жеткенде арғы жақ беттегі ертеңгі өрген аңды көріп:
— Аға, киік!— деп елеурей түсіп еді, бірақ Құныскерей оған көзін де
салмай:
— Атыңды қаңтар, жуын!— деп қысқа ғана бұйрық берді.
Жуынып, жайласып болғаннан кейін кешегідей жайдақ ауқат —
піскен ет пен қата бастаған қалаш жесті. Орыс қаласынан əкелген
солдат құтымен Қаршыға тұнықтан су алып шөл басты.
— Бала,— деді Құныскерей біраздан кейін, төсеген түйе жүн
шекпеніне қисайып жатып,— мына қырдың астында біздің үй қалды...
Созыла түсіп Құныскерей мойнын бұрған жаққа қарап еді, бірақ
Қаршыға ешбір қырды да, қыр бейнесін көзге іліктірерлік ешбір белгі
белдерді де көре алмады. Сөйтті де аң-таң болып, мойнын кері бұрып,
енді асықпай шақшасын қаға бастаған «ағасынан» көз алмай жас жігіт
те тынды.
— ...Ол қыр бұл жерден көзге көрінетін қыр емес, бір күн ұзағынан
жортып жететін жерде. Осы жерде біраз аялдағаннан кейін сол үйге
соғамыз. Үй барын білесің бе?
— Жоқ, — деді Қаршыға жұлып алғандай таңырқап.
— Бірақ таңырқаумен бірге оның жүзіне қуаныш лебі жүгіргендей
болды. Ол үш күннен бері өте аз тіл қатып, бүгін ғана ұзақ сөзге бет
алған қатал «ағаның» лебізін шаттық шыраймен, аса бір ризалық
ниетпен тыңдады, оның өзіне қарай ентелей түсті.
— ...Сол үйге барамыз. Онда жасы жетпіс беске келген атаң бар.
Қожақмет деген кісі. Інің бар... екі жаста. Аты Кенжеғали. Атаң
Кенжетай дейді. Сені...— Құныскерей мүдіріп қалды. Тағы да насыбай
иіскеп, шамырқанғандай көзін жұмып отырды да, қайта ашып,
баланың бетіне қарады.
— Сені атаң көрген жоқ. Көргеннен кейін не дейтінін өзі біледі.
Қаршатай дер ме, Қаршығажан дер ме, əлде басқа бір ат қояр ма,
білмеймін. Екінші шешең бар...
— Ол үй мұнан қанша жерде?
— Ол үй қанша жерде дейсің бе? Бірталай жер. Айттым ғой бір
күндік деп. Жақсы атқа бір күндік...— Ол аттарға қарап отырды да,
сөзін созды.— Мына аттармен бір күндік. Жайықтан екі күн, екі түн
асып, екі жүз елу шақырымдай жер қашықтадың. Соған қарай есептей
бер. Ана құбыла бет Тайсойған құмы, мына жақ Бүйректі. Сол
Тайсойғанда, еспе құмның іргесінде. Соларды алып шығып Арал
даласына, онан əрі Қарақалпақ деген елге асамыз. Сол жаққа барған соң
сен — оқуың керек. Саған ана үстіңе киіп келген сұр шинель жарасады
екен, бəлкім шинелділердің оқуын оқып бітірерсің?..
Қаршыға үндемеді. Ол тек Құныскерейдің айтқан əрбір сөздерінде
ерекше мағына бардай қадала тыңдады, аса зейін қойған пішін
көрсетті.
—...Сені Ақметше оқытты, білемін. Бірақ аса оқымадың. Көп оқуың
керек. Ана, əлгі...— деп біраз бөгеліп алып, Құныскерей Қаршығаның
ойын көз астымен сынап өтті. Баланың шын ықыласымен тыңдап
отырғанын көрді.—...Əлгі пыркарол қатарлы көп біліп шығу мақсат —
алыс мақсат...
— Қарақалпақ, алыс па, аға?— деді Қаршыға.
— Алыс!
— Ол жерге қуғыншы бара қоймас, ə?
— Солай деп ойлаймын. Сонда да айла-амалсыз іс бітпес. Бəріне де
тапқырлық керек.
— Жарайды. Қарақалпаққа барған соң оқуға кіремін.
Құныскерей бетін екінші жаққа бұрып, енді сол жақ шынтағына
сүйенді.
Ақтабан су жағасында əлденені аңдығандай басын жерге салып
жатыр еді, бір кезде оқша атылып орнынан тұра сала қырға қарай
шаба жөнелді де, қос шағыл шөкесінен аса түсіп жеміне бас салды, ілесе
«шыр» еткен дыбыс шықты, ит мысықтай зорманды басын езе сілкіпсілкіп жіберіп жерге тастай берді. Қайта бас салып қайта сілікті...
Тұра жүгірген Қаршыға оның қасына барғанда ол Қызыл құмақ
шөлейттің жалпақ денелі қоңды аңын жұмыстап та тастап еді...
— Үлкен бе екен?— деп сұрады қайтып келген Қаршығадан
Құныскерей.
— Еркек мысықтай.
— Өз тамағын өзі асырады итің...
— Ақылды хайуан. Күшік күнінен өзіме үйренген.
— Бірақ бізді əлгі Щитовтың қолына тура түсіре де жаздады.
— Олар ізіміздің қайда асқанын да білмей қалған шығар!
— Саспа. Талай кездесер...
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
Əлібек тағы асықты...
Енді оны Алматысына жету, көзге түспей жатып алу, оқудан өзгенің
бəрінен безу, артық уақытын тек қана өлеңге бөліп, барлық шерді енді
қағазға ғана төгу арманы алып ұшты...
Ол ағасының:
Сені Елекке дейін ат-арбамен апарып поезға мінгізіп жіберемін,—
дегеніне бірден көнді.
Көңілінде: «Саратов арқылы келсем бəлкім Гүлжиһан кездесер,—
деген бір үміт жарқ еткендей болды да, ізінше қайта сөнді.— Не үй
адресі жоқ, не кірер мектебін де білмеймін. Кімнен сұрап, қай жерден
іздемекпін?»— деді ол өзіне-өзі.
Жəне Саратов жолы ұзақ жол, Покровскіден түсіп паромға міну, онан
қайтадан поезға отыру, Ртищево мен Кинель, тағы сондай, бір түсіп,
бір міну, сарғайып поезд күту... Ұзақ, бүл жол өте ұзақ...
...Сонсоң... ақылдасар Жақияға, құшақтасып жатып сыр айтысар
Оразалыға жету. Олар не дер?! Үміттің үзілген жері осы ма?.. Жоқ! Тірі
жүрсем Гүлжиһанды тауып аламын! Жыл өтсін. Мейлі онан да көп
уақыт өтсін. Қалайда мен табамын! Сүйген жарды табамын!
...Уағдаласып едік қой. «Папам алдында ақылдасармыз»... деп еді ғой.
Бірақ бұған да кесе көлденең тұрды. Ойламаған себеп...
Көктем кезіндегідей тағы да арбада үш адам. Тағы да ағайынды қос
Жүнісов қатар отыр. Бірақ қастарында Сүлеймен жоқ. Көңіл ашар
Сүлейменнің желғабыз лебізі де жоқ. Еріксіз езу тарттыратын əңгімесі
тағы жоқ...
Аттар да алып ұшпайды. Қоңыр бүлкілмен ғана келеді. Жер
баспайтын қаракөктер емес. Жол да басқа. Онда дымқыл тозаңы
көтеріле түсіп қайта шөгіп жататын көктем жолы еді. Бетті желпіген
самал, күзен бел қыратты құшақтаған сағым, мұрынды қытықтаған
жусан иісі «жүр, жүр» деп тұрғандай. Жəне алда Гүлжиһан...
Қазір Теректіден Шыңғырлауға асатын шаңды қара жол бұдыры
мол, соқпағы жиі, мазасыз тақыр табан. Айнала жүдеу: көктемгі
далаптай қырдың өңі солғындап бозқоңыр далаға айналған. Қошқыл
белдерді де боз жусанның бір өзі қымтап, безгек бет шытырмен
əдіптеп қойғандай. Қыраттан құлаған көкжиек жылғалардың жағалауы
да ант-су ішкендей қуқыл. Сай қабағындағы көк көбелектердің
думанды базары алдақашан кейін қалды...
Бəрінен де ауыры — Гүлжиһан кейін қалды.
Арба үстінде төмен, жерге үңіліп келе жатқан Əлібек сол қолдағы
Жайық бетке қарап еді: алыстан көрінген жаға, жағалауды көмкерген
жал орман, онан арғы қала, бəрі де əрі қарай қашып бара жатқан
сияқты. Ол жалма-жан басын көтеріп алды. Бəрі əрілеп бара жатыр:
орман да, су да, қала да. Жалғыз-ақ Макаровтың тиірмендері
адырайған күйінде «қош айтысып» қол бұлғап тұрғандай.
Əлібек тағы үндемей қалды. «...Не айтар?! Аға жолы — даңғыл! Аға
көңілі шарықтап келеді. Аға! Елге де аға! Сөзін жұрт тыңдайды. Білімді
аға, басшы аға! Өлкесіне де риза! Өзіне де риза!»
«...Өзіне де риза! Өйткені білімді. Шарықтап келеді. Өйткені, көңілі
өсіңкі. Ал, мен... мен неге шарықтамаймын? Өйткені, жолым айнала
шырғал. Дегеніме жету — қолға ілікпейтін ғана арман! Шырғал емей
немене, жаздыгүні: «Жақсы ат мініп, жақсы киінген жас жігіт қара
сирақ кедей баласымен сөйлесе ме? Ол қараша үйге ат басын тірер ме,
алдында сегіз қанат ақ орда тұрғанда?— деп кекетті Қоғабай.— Мен
жақсы ат мінсем, жақсы киінсем, алыста оқысам, бұл қылмыс па? Əлде
тегі жаттың қызы да жат па?...»
— Бала, не ойлап келесің? Еліңді, жеріңді қайткенде көркейеді деп,
үлкен білім алып, сол біліміңді халқымның қайткенде кəдесіне
асырамын деп келе жатырсың ба?
Əлібек бұл жолы да тек:
— Ім-м,— деп қана тынды.
Бұл «імнің» мақұлдау да, мақұлдамау да емес екенін Хакім жақсы
сезді. Əйтеуір бір əрі-сəрі жауаптық үн.
— Анау алдымыздағы Ақ Сырттың арғы жағы Шыңғырлау өзені. Бұл
кəдімгі аузымен құс тістеген Баймағамбет сұлтанның басын жұтқан су.
Атышулы сұлтан-правитель жөніндегі аңызды естіп пе едің?— деді
ағасы.
Аңыз деген сөзге құлағы елең ете түсті де, бірақ əлі де самарқаулау
үнмен:
— Жоқ, естігенім жоқ,— деді інісі.
— Естімесең тыңда!— Хакім көтеріле түсіп, фаэтонның арқасына
сүйеніңкірей отырды.—«Айшуақов сұлтан құдайға қарсы асылық сөз
айтқан, сол үшін оның тəңірі жазасын берген, дейді жұрт. Бұл сөзде
үлкен сыр бар. Өмірде болған уақиғаға халық өз мағынасын береді,
бірақ кей кезде астарлап береді. Ойлаңқырасаң: «Тəңірі жазасын
берген» деген сөз: күнəкар жан сазайын тартады, өзінен де зор күштің
алдында жазасын тартады»,— дегендік. Ол зор күш— халық; халық
қаламаған нəрсенің бəрі — айып. «Гүнəһи» деген сөздің өзі қазақша
«айып» деген сөз ғой. Шеттен кірген «Гүнəһи, күнəкəр» дейтін сөздер...
Əлібек құлағын тоса қалды. Ағасы оның бар ынтасы аңыз тыңдауға
ауғанын жақсы сезді.
— ...Мағынасы зор сұлу аңыздар толып жатыр. Соның ең бір əдемісі...
қалай деуге болады: бас жұтпан қазалы жайға құрылған аңыз...
— Трагический.
— ...Солай. Трагический уақиғаға құрылған бұл аңыз сол сұлтанның
өлімі жайлы.
Жазғытұрым сұлтан Петербордан еліне қайтып келе жатыр екен
дейді. Қасында қырық жігіт нөкері болса керек. Ресейдің орманды,
өзенді жерінің бəрінен өтіп еліне жеткенде Шыңғырлау тасып жатыр
екен.
Шыңғырлау тасығанмен Жайық емес,
Біздерге өлең айту лайық емес...—
деп кəдімгі жалғыз қызы Зəурешті жоқтағанда, Медетханның өлеңге
қосқан Шыңғырлауы. Тасығанда өткел бермейтін Жайықтай болмаса
да, үстінен тіркесіп сең жүріп, ендеп кемерінен асып шалқып кеткен су
төренің жолын бөгеген. «Менің жолыма кесе көлденең тұратын не күш
бар?!» деп, менменсіген сұлтанның кеудесіне нан пісіп келе жатқан
сияқты. Өйткені шаруаны жер мен суына ие етіп, қараны хан ұлына
теңгеремін деп хан Жəңгір мен патша өкіметіне қарсы шыққан еңіреген
ер Махамбет Өтемісұлының басын кесіп алғаны үшін патша ағзамның
өз қолынан генерал-майор атағын алып, иығына оқалы погон тағып,
үстіне сарыала шекпен киіп қайтқан сапары екен. Құдіретті генералправитель сұлтанның «түу!» десе түкірігі жерге түспейтін кезі, жүрген
жерін дүбірлетіп, күймеге мініп қоңыраулатып, көлденең көк аттыға
жолын кестірмей, «жер əміршісі бір өзім» деп келе ме қалай! Алайда
дала өзенінің буырқанып, үйдей сеңдерді шопақ құрлы көрмей үйіріп
əкетіп жатқанын көрген нөкері:
— Байеке сұлтан, судың түсі суық, қарқыны қатты екен. Осы бетке
бір күн аялдап, тасқын бəсеңдеген соң өтсек қайтер?— десе:
— Судың қарқынынан Баймағамбет сұлтанның қарқыны кем
болғаны ма? Мініңдер қайыққа, салыңдар суға ескектеріңді, тартыңдар
тура арғы бетке!— деп бұйырыпты.
Өзі қайыққа алдымен секіріп мінген. Хан қаһарлы правитель заһары!
Сарыала шенді генерал сұлтанның бұйрығын екі ету қайда! Жігіттері
ескекке қол қойған...
Хакім тамағын кенеп, інісіне көз құйрығын тастады. Сұлу сөзге
елікпе жігіттің бар назары əңгімеде екен. «Түнерген бұлт ыдырап,
қабағы жадырай бастады» деп ойлады ағасы. Ал, інісі: «Қалай
суреттейді! Бұл да Баймағамбет сұлтанша көңілі аспандап келеді екен.
Əйтпесе, «көңіл шалқымаған жерде сөз де шалқымайды» деуші еді
біздің Жақия...» деп ойлады. Ол, көрер көзге серпіле түсті, əңгіменің
аяғын тыңдауға құштарланды.
...— Ендеп кеткен судың ен ортасынан өлдім-талдым деп теңселіп,
ырғалып, аунақшып, толқып жете берген қайықты ортаның
сарқырамасы үйіріп алады да кетеді... Өзіміз де талай көргенбіз ондай
ағысты, қайықтың қайығы, қайықшының қайықшысы алып өтеді
ондай жерден. Əсіресе, көктемгі мұз жүріп, сары ала суды түбімен
қотарып сапырылыстырып жатқан кезде зəреңді тас төбеңнен
шығарады. Су деген тілсіз жаудың бірі ғой,— деп Хакім қалай əсер
еткенін байқау үшін інісіне тағы да бұрылып қарады. Тұнжырап келе
жатқан студенттің ол бұрынғыдан да жадырай түскенін көрді.
—...Сөйтіп, сарқыраманың зікір салдырарлық, сүйрей жөнелген
арнасынан ескекшілері алып шыға алмаса керек. Жəне оның үстіне
қайықтың бір басы бата бастапты дейді. «Салмақтың ауыры қайықтың
артына түсті ме?!» деп сұлтан басына жылжиды, басына жылжыса —
енді тұмсығы батады. Қайта кері жылжыса — қайық бөксесі суға
көміледі. Жігіттерінде зəре қалмаса керек. «Я, Аллалап!» есе түседі.
Теңселген жақтан екінші жаққа қисайып, «əупірім!» деп, суға батып
баратқан басынан қайықтың екінші басына ығыса жөнеледі. Не керек
іс қиындыққа ұшырайды. Суға кету қаупі əзірейілдей-ақ төнеді.
«Жігіттер, менің салмағым басты білем, мен түсейін!» деп Баймағамбет
сұлтан беліне жібек белбеуді шарт буынып, екінші ұшын екі мықты
жігітке ұстатып суға секіреді. Атандай ірі жəне семіз сұлтан суға
«күмп» еткеннен кейін қайықтың басы шоршып шыға келеді. Бірақ
«күмп» еткен Баймағамбеттің жібек белбеуінің ұшы ғана екі жігіттің
қолында қалса керек, қорғасындай батқан сұлтанды оппа сарқырама
тастай батырып, əкеткен шұңғыма түбінен енді қайтып шығармай
қойған...
Əлібек басын шайқады.
— Қалғандары не ғыпты?
— ...Қалғандары аман шыққан. Асқанға тосқан! Мейманасы асып
асылық сөз айтқан Айшуақов төрені су жұтқан деседі халық. Бірақ,
халықтың көмейінде ол кезде айтылмай қалған сөз бар екен...
— Иə?
— ...Ол: «Баймағамбетті халық қарғысы атты! Халқының сүйер ұлы
Махамбеттің басын кестіріп, патшадан барып жандарал шенін алды!
Батырдың қанын төктіріп сары ала шекпен киді! Ақтық — өшпейді,
қаралық — ағармайды!» деген осы шығар...
— Сен, бала, жабықпа!—деді əрі-беріден кейін Хакім Əлібекке
белгілі өзінің байсалды үнімен.— Өмірде бəрі де кездеседі: қайғыру да,
қамығу да. Тіпті тарығу да кездеседі. Бірақ соның бəрі уақытша нəрсе...
«Мынау біздің Жақиядан да өткен философ қой,— деді ішінен
Əлібек ағасын кекетіп.— Оз басына түспегеннен кейін бəрі де оп-оңай,
бəрі де уақытша көрінеді... Ол құлағын түре түсті, өзі шалқайыңқырап
фаэтонның арқалығына сүйене отырды.
— Иə, не айтпақ едіңіз «бəрі уақытша» деп?
— ...Əлеуметтік уақиғалар да уақытша, жеке басқа кездесетін
жайлар да уақытша. Тіпті махаббат жайы да... Оның өртеп жібергендей
отты жалыны да уақытша. Сағаттап уақыт өткеннен кейін, күндер
жылжығаннан кейін оның жалыны да бəсеңдеп салқындайды...
Əлібек басын шайқады.
— Олай болмаған күнде өмірдің мəні де болмас еді...
— Өзіңіздің басыңызға түспегеннен кейін бəрі жəй əншейін, өткінші
нəрсе сияқты болып көрінеді,— деп салды Əлібек аптыға сөйлеп.
— Бəріміздің басымызда да болды. Бірақ, оны қайтесің ежіктеп. Ал,
Гүлжиһан жөнінде əлі... уақыт бар ғой. Оқуыңды бітіргенше ол қайда
барар дейсің?!
Мұнан кейін Əлібек те үндемеді, ағасы да іштен тынып ұзақ
отырды. Сонсоң ол інісіне ақыл айтты.
— Сен, бала, жабықпа. Өмір алда. Сендер білім алсын деп жаңа заман
мектеп есігін ашты. Бұрын жаңаша оқытатын бастауыш мектебі де
қолмен санағандай Қазақстан жоғары дəрежелі оқу орнына ие болды.
Ата-баба арман еткен университетін сендер үшін ашып отыр. Соны
бітіріп ертең елге келгенде танымастай өзгерістер болады. Білесің бе,
ана Ақметше, Дабыл, Қуанайларды неге жер аударып жатқанымызды?
— Бай, бекзат болған соң шығар.
— Тек қана ол емес. Қанауды жою үшін. Байлыққа бір адам ғана
емес, бар адам ие болу үшін. Жер аударылатын ең ірі қанаушылардың
саны Орал губернасында жетпіс-ақ адам. Яки жетпіс семья. Ал, барлық
халықтың саны бұл өлкедегі үш жүз елу мың. Мұның ішінен мал бағып,
егін егіп күн көруші жүз мың үй. Ертең осы жүз мың үйге барлық
шабындық, егістік жерді, балығы бар өзендер мен көлдерді беріп,
қолында бар құрал-саймандарына қосымша кооператив арқылы
тіршілікке керекті машина біткенді жеткізуге тырысамыз. Сонда
еңбегімен елді — ел, жерді — жер етіп отырған халық байлыққа өзін де
қарық қылады, баласын да оқытады, мектебін де салады, дəрігерлерін
де шығарады; үстіне киетін киім, астына мінетін машина, қолына
алатын құрал жасап отырған жұмысшы табын да астықпен, етпен
қамсыз етеді. Сонда жүз мың үйдің қабағы жарқ етпей ме? Ал, анау
жетпіс үй иесі пе істемек? Барған жерінде олар да сол өз еңбегімен өз
тамағын асырауға тиіс. Мына үйренген жерінде — қожа болып қалған
— бірі қой бағып, бірі жер жыртып, «соп-соптап соқаның соңында
жүрсе, басқалар көздеріне шұқып көрсетер дегендік. Бұл: ойлай келсең
— зəбір емес, адамшылық. Ақметшелер барған ауданның бір
шаруашылығында жалақы алып қызмет істесін, бір басының қамы
үшін дүние-мүлік жиғанша көп үшін, қауым үшін білімін жұмсасын
дегендік...
Бұл сөздер Əлібекке жаңа ұғым бергендей қатты əсер етті. Түсінікті.
Орынды. Аса дəлелді сияқты...
— Осылай, Əлібекжан! Сен оқуың керек, көп біліп, көп көруің керек.
Сен сезімтал жігітсің. Сезімталдық жақсы. Бірақ бір ғана жүректің
жетегімен кете беру — ақылға теңдік бермеу деген сөз. Ұдайы
нəрсенің тек жарқыраған əдемі жағын, жүрекке қонымды жағын ғана
қолдай берсең ақыл өз правосынан айрылып қалып, бар билікті жүрек
қана қолына ұстай кетпей ме? Солай емес пе? Бар нəрсеге де əділдік
керек. Адамның миы мен жүрегін біріне-бірін үстем қылып қойсаң
қиянат болмай ма?
Хакім күліп інісін құшақтай түсті. Інісі оған қарсы қимыл жасамады,
қайта ағасына басын сүйегендей жақындата берді. Бірінің сүйгісі,
бірінің сүйдіргісі келгендей өте ыстық, туысқандық сезім билеп кетті
де, бірақ естияр аға тоқтап қалды. Сонсоң кенет құшағын жазып
жіберді. Ал, інісі өзін-өзі іштей саралай бастады. «Осы мені сезімтал...
нəрсенің тек жүрекке қонымды жағын көреді дейді. Жақия да
«суреттеген нəрсеңнің ішкі сырын ашпайсың» деп сынайды. Мына
Хакім де сол пікірді айтып салды: «Жүрегіңнің жетегінде кете бересің»,
— дейді. Солай да шығар. Бірақ бұған мен кінəлімін бе? Сұлу қызды
сүйсем... Сұлу жерімді сүйсем... Сұлу адамды жақсы көрсем... Сұлу сөзге
бас исем... Сұлу жүрісті... сұлу істі... тек қана сұлулықты қаласам... мен
неғылам бұған...» деген оған бір елжіреу пайда болды. Ол ұзақ уақыт үн
қатпай бозарып отырып қалды.
Бұл біріне-бірі сырт пішіні аса ұқсас ағайынды екі пенденің бірі —
ми, бірі — жүрек сияқты еді. Ми ақыл ғой. Ал жүрекке тұтас билік
берген жан не болар?
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
1
Алматыға жеткенше, тіпті Совнарком үйіне кіргенше Хакім қатты
асығып еді — оның бар ниеті қалай да хал-жайды Ораз Исаевқа ақтару,
қалтқысыз ақтару болатын. Барды — бар деу, жоқты — жоқ деу еді.
«Бар бəле ауылдағы күрт өзгерісті көзімен көрмей сырттан
топшылауда. Шаруаның артельге кіргенде қанша көлігі бар еді, қанша
десе жер жыртуға шамасы келетін, бар eгic қалай шықты, қалай
орылып, қалай жиналды, міне осыны білмей жəне өткен қыста шөп
жетпей, оның үстіне қыс ұзап кетіп, бар малдың шығынға ұшырағанын
білмей астық пен ат дайындығын жүргізуге бола ма?..»
Міне, осы еді Хакімнің сұрамағы, кəдімгі өзінің тар кезеңдерде бірге
жортқан адал жолдасына, алғыр жолдасына, халық қадыр тұтқан үлкен
досқа...
Совнарком председателінің алдыңғы бөлмесіне кіріп келгенде,
кəдімгі өзіне таныс, өте таныс, бірақ көптен көрмеген Башмаков —
дембелше, нық денелі, шықшытты, дөңгелек жүзді, қорғасындай ауыр,
дүрс-дүрс сөйлейтін Башмаков: «Ба!» деп көзін адырайта қалды.
Бұл қарас, бұл кездесу Хакімнің жүрегіне мұңды сезім құйып жіберді,
ол қуану орнына жолдасы алдында қайғылы жайының қасіретті
құшағына қайтадан енгендей болды, өйткені кінəсізден кінəсіз,
айыпты жандай, партиялық ісін қорғауға, əлеуметтік абыройлы орнын
ақтап алуға шағынып келгені тап осы сəтте оған өліммен тең көрінді.
Əсіресе, мына, қорғасын құйған сақадай, қарауға да, отырысқа да
салмақты, жүзінен өмір оты шарпып тұрған, өзінің орнықты қалпында
нық отырған Совнарком председателінің көмекшісі, бұрынғы Чапаев
солдаты қатты əсер етті. «Мына бізді көрдің бе, Ораз екеумізді, бір
кезде Совет өкіметін қанымызды төгіп орнатысып едік, енді бүгін сол
өкіметтің басшылық қызметіндеміз»— дегендей көрінді. «Сен неғып
жүрсің, жүзің солып, қаның қашып, іреңің үрпі-түрпі?»— деп
таңданғандай...
— Оралдан келдің бе, Жүнісов?— деп Башмаков Хакімнің оң қолын
қос уыстап қысты.
Иə, елден... алыстан... поездан түскен бойым...
— Көрініп тұр өңіңнен де, гимнастеркеңнің ұйпалақ түрінен де.
Ұйықтамаған адамдай, көзің кіртиіп кеткен. Жəй... командировкамен
бе?
Нағыз қиын жауап жаңа ғана киліккендей.
— Шаруа болмаса келем бе?
— Отыр, отыр,— деді Василий Башмаков орындық ұсынып.
— Əрине, қауырт жұмыс болмаса мұнда келмейсіңдер ғой.
Хакімнің түйіле жауап бергенін сезіп жəне өлкелік прокуратураға
соқпай Совнаркомға тура келгенін «поездан түскен бойым» деген
сөзінен байқап, Башмаков əңгімені басқа жаққа бұрды.
— Жұмыс ауырлап кетті ғой, Хакім Жүнісович. Жалғыз облыс пен
ауданда ғана емес, крайдың өзінде тəулігіне он бес, он алты сағат
қызмет істейміз. Ораз Жанзакович крайкомда. Мəжілісте отыр.
Кешікпей келіп қалар. Жолығасың ғой?
— Əлбетте.
— Баяғыда көрер таңды көзіңмен атырып жүріп келіп, аялдамастан
қым-қиғаш іске кірісіп кетіп, ат үсті сусындап, тағы ілгері аса беретін
уақыт қазір ойыншық сияқты көрінеді. Ертеде ат үстінде, кеште ат
үстінде, жаның мұрның ұшында жүрген шақта «əттең жылы төсек,
алаңсыз ұйықтайтын үй» деп армандайтын едік. Тап ондай
болмағанмен қазір де таң атқанша отыратын шақтар болады. Облыста,
ауданда жұмыс ауыр шығар?..
– Менің жайымды естіген ғой... Жұмсартып көңілімді ауламақшы»
деп ойлады да Хакім:
– Иə, ол күндегі жұмыс ертегі сияқты болып бара жатыр,— дей
салды.
Хакім де, Башмаков та ойланып қалды. Хакім: «Менің хал-жайымды
кімнен білді екен?» деп əртүрлі ойға кетті де, бірақ «білсе де, білмесе
де өзім айтуға тиіспін. Бəрібір Оразға баян етем ғой»,— деп қорытты.
Ал, Башмаков ашық сөйлесті.
— Хакім Жүнісович, бəрі де ойлағанымыздай шешіледі,— деп
Башмаков оның ауыр ойын, дəл үстінен басқандай омырып жіберді.—
Есіңде ме біздің Лбищенск тұзағынан құдіреттің күшімен
құтылғанымыз? Құдірет дегеніміз біздің қайсарлығымыз ғой. Оған
қосымша: бізді құтқарған тілектес адамдар — ел адамдары. Файзолла
қайда қазір? Бізді Шалқар жағасында жасырып қойып, жеті күн асырап,
күтіп, ат-көлік тауып, Оралға жөнелткен Файзолла мен оның ағасы
ғой...
Хакімнің көңілі сергиін деді. Өткенді еске түсіріп, қилы күндердің
ащы-тұщы уақиғасын бөлісетін ескі жолдасқа белгілі даңқты тарихты
тағы бір қозғап өткісі келді ме, əйтеуір Башмаков он тоғызыншы
жылдың ауыр күзін көз алдына келтірді. Бергі беттегі момақан қазақ
ауылдарын, оның Файзолла сияқты ақжарқын жас жігіттерін дəріптей
бастады. Өзіне таныс əңгіме болса да Хакім оны тыңдай берді. Ащы
ойға тұщы əңгіме араласты.
2
Салмақпен баптап, шебер сөйлейтін секретарь бюрода бұл жолы да
ұтымды сөйледі. Дəлелдеуді керексітпейтін нəрселерді де сипатты
сөзбен жиектеп, цифрмен көмкерді.
— ...Қарағанды сияқты мол көмір беретін үшінші кочегарка
жасалды. Бұл ірі кочегарка бірінші бесжылдықты үш жылда орындау
үстінде. Өмір жүйкесіндей Түрксиб жолы Арқаның кəсіпорындарына
астық беретін оңтүстік аудандар мен республикаларға қол ұстатты.
Балқаш пен Қоңырат мыс қазаны ғана болып қоймақ емес,
Қазақстанның пролетариат туын тіккен əйгілі ошағы, сан жасты, сан
батыракты завод тілін білетін, завод өнерін игерген маман етіп
шығармақ.
Ауыл шаруашылығы ескі атамзаманғы өнімсіз ұсақ жəне тұрақсыз
қалыптан машинеленген, көп қолдан құралған, көп жерлі, көп өнімді,
көп салалы күшті шаруашылық түріне айналды... Алайда, бұрын
көрмеген бұл жаңа жолдан бас тартатындар да аз емес. Əсіресе, «Кім
кімді жеңбек?» дейтін тап күресінің жанып тұрған шағында артель
жолын жамандап, үркітетін сұмдардың жетегінде кеткендер де толып
жатыр... Бұл қиыншылық уақытша кездесетін, кездесіп те отырған асу
қиыншылығы. Бұған бой бермеу басты борыш, басты міндет...
Осындай ұтымды, сенімді сөзбен секретарь тыңдаушыларын
уысына мықтап қысып, тыпыр еткізбейтін халге жеткізді де, мəжіліс
басқарып отырған Исаевқа «мен болдым» деген ишара беріп, терезе
алдына оқшау тұрып қалды.
Ораз:
— Ендігі əңгіме мекенінен ығысқан халықты орын жайына қайтару,
теріс бағытта жүргендерін түсінік-насихат арқылы совет жолының
дұрыстығына көзін жеткізу. Əйтпеген күнде мұнан да ауыр күйзеліске
ұшырауы даусыз,— деп тұжырды...
3
Көргенше асығып, кабинетінде тағатсыз күтіп, армансыз
əңгімелесуге құмартқан Хакімнің «бар ісін» Совнарком председателі
бір сөзбен бітірді. Ол тіпті Хакім мəселесін əлдеқашан өзімен ойласып
шешіп-пішіп қойғандай:
— Иə, ден сау, Хакім. Ақтөбеге жүресің, сонда Ивановпен бірге
істеуге. Жұмысқа тағайындау қаулысы соңынан барады. Қазір бар күш,
бар жігер, бар ақылыңды көшкен елді ата қонысқа қайтаруға жұмса.
Жүдеген елге жəрдем беру тез ұйымдастырылсын. Біздікіне соққан
жоқсың ба?— деді түрегеліп көріскен Хакімнің қолын алып жатып.
Орнынан алыну, партиядан шығарылу, қынжылу, тарығу, күні-түні
ой кеміріп, «бұл қалай болды?» деп шешілмейтін сұрақтың
шырмауында ауға оралған сазандай бұлқыну қасіреті кездеспеген
нəрседей-ақ... Хакім бөгеліп қалды. Аздан кейін ғана ол Ораздың
барлық аяқ астынан жүктеген міндетінің ішінен бөліп алып:
– Біздікіне соққан жоқсың ба?» дейсің. Мен бір саяхатта жүрген
жандай! Сараға амандасу керек еді алдымен. Бірақ, жұрт: «Жұрағат
іздеп жүр» демесін деп, заңды жолмен келдім. Өзім поездан түскен
бойым, диқандар мейманханасына түстім,— деді Хакім Ораздың отыр
деген ишаратына қарамастан тұрған бойы жауап қатып.
— Юристер солай, заң жолымен жүреді.
Ораз енді күле сөйлеп, əзілдей бастады да, бірақ Хакімнің жолдан
тозаң тартқан жүзі сұрлана түскенін көріп, үнін өзгерте қойды.
— Оқасы жоқ. Сарамен кейін сөйлесерсің, екінші келгенде. Облыстан
келген бойым де.
— Облыстан емес. Мəскеуден.
— Ə, Мəскеуден! Мəскеуге барғаның өте жақсы болған. Сольцтен
телеграмма келді. Мықты телеграмма. Бұл қадамың жақсы қадам.
Ақылмен істелген...
— Басқа не істемекпіз. Шындықты бүркей береміз бе?
— Хал-жайды ауызша түсіндірдің бе?
— Ауызша да. Қағазша да. Облыста болған заңсыздықты Одақ
прокурорына мəлімдедім. Ал, ауыл шаруашылығындағы сорақы
істерді Ярославский мен Сольцтің атына жаздым. Жасыратыны жоқ,
барды — бар, жоқты — жоқ,— дедім.
— Сенің солай ететініңе күмəнданбаймын. Ал, ана қартпен тік
кеткенің...
Ораз сөз аяғын жұтты, Хакім мұны «əдеп сақтайды ғой» деп түсінді.
Ол, қысқаша хабарлады да, сөз аяғында:
— Ел табанында қадау-қадау əр жерде бірді-екілі үй ғана қалды.
Көпшілік Самар мен Сартау облыстарына жəне арғы бет Астрахань
облысына ауып кетті. Елді жұтаған үстіне жұтамасын деп осы үш
облыстың əкімшілік орындарына өтініш жасадым: жұтқа ұшырап
жатырмыз. Астық іздеп сағалаған қазақ шаруаларын совхоз төңірегіне
орналастыра тұрыңыз. Бəріміз де РСФСР қарамағындамыз,— дедім.
Самар мен Сартау жəрдемдесіп жатыр. Ал, осы істі «теріс» деп облыс
басшылары кінə тағады. Сірə, крайкомның бірінші секретарына:
«Жүнісов көшпенділікке жол ашты» десе керек. «Сені соттау аз» деді
маған «қартыңыз».
Ораз Хакім сөзін ойланып тыңдады.
— Жақсы, əңгіме осымен аяқталсын.
Совнарком тапсырмасы деп түсін.
Жаңағы
тапсырманы
— Обком қаулысы қалай болады?
— Сольц тоқта десе, оған бағынбайтын кім бар? Өзгереді ғой ол
қаулы. Бұған қарайлаудың керегі жоқ. Бəріне де уақыт керек. Бəрі де
өзгереді. Түсінікті ғой?
— Жарайды,— деді Хакім, басқа сөзге жол таппай.— Онда ертең
Ақтөбеге жүруге тура келеді.
Ораз сəл бөгеліп, əлденені есептегендей қабағын шытып тұрды да:
— Абзалы бүгін. Тап қазір жүріп кетуің керек. Өйткені жұмыс
қауырт,— Совнарком председателі жəрдемшісіне: — Жолдас Башмаков
мына Жүнісовке поезд билетін тез əперсін, Сырцовқа айтшы,— деді.
Сонсоң аздан кейін Хакімге!— Астанаға келгеніңді аса əшкерелей
бергенің жөн болмас. Заңды да, саясатты да, басқасын да менен кем
білмейсің ғой. Қане!— деп Хакімге қолын берді...
— Башмаков, біз Сəкен Сейфуллинге кіріп шығамыз. Сен үйін білесің
ғой?
— Білемін, Ураз Джанзакович.
— Білсең, кеттік.
Совнарком председателі Үкімет үйіне таяу жердегі Карл Маркс
көшесінде тұратын Сəкен Сейфуллиннің үйіне кетті. Асығыс аяңдаған
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 34
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.