Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 32

Total number of words is 4072
Total number of unique words is 2081
38.4 of words are in the 2000 most common words
52.8 of words are in the 5000 most common words
59.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Ал, бұл жастық өміріндегі ең бір сəтті сағаттан кейін, түске таяу
қызы жатқан өзінің Оралдағы ескі пəтеріне Ақметше жетіп келді.
Қызының да қуанышы қойнына сыймай кетті, қыздан кейін көп заман
дəмдес болған абыстайдың да төбесі көкке жеткендей болды.
— Адамға қастық етпейтін, ізгі тілекті жандарды бір Алланың өзі
қолдайды. Міне, енді құтылдыңыз кіріптарлықтан, қайыры болсын,
Ақметше абзи. Құдай ғұмыр берсін. Гүлжиһанның қызығын көрсетсін,
— деді əйел бата қылып.
Сөйтті де, Ақметшенің хал-жайын тыныққаннан кейін сұрау үшін,
əйел оның əзір моншаға түсіп жуынуын, таза киім киіп, шəй ішіп, үй
тамағын жеуін, сөйтіп «рахатлануын» қамсыз етті.
Ақметше абыстайға алғыс айтып, айтқанын орындап бұрынғы
тіршілігін қайта қолға ала бастады. Ол отыра қалып хат жазды, оны
конвертке салып жəне телеграмм текстін жазды.
— Гүлжиһан,— деді əдетінше сақалын жұмсақ саусағымен бір сипап
өтіп.— Өмір ұзақ, жол қиын. Оның ұзақтығына да, қиындығына да адам
көнеді. Көнбеске шарасы да жоқ. Сонымен бірге ер қадамын аңдап
бисуға, əрбір ісін ойлап істеуге, ақылға салып істеуге тиісті. Мен мына
кіріптарлықта отырған күндерімде көп нəрсені қайта қарап, қайтадан
заман ыңғайымен əрекет етуге бел байладым. Алдымен сенің оқуың
жайлы. Бүгін сен Саратовқа жүріп кет. Поезбен жеті-сегіз сағаттық жол.
Мен қазір сені қарсылап алыңыз деп сондағы тілектес, білетін адамға
телеграмм соғамын. Қарсыласа жақсы, егерде бір себептермен
қарсылай алмай қалса, онда мына адреспен сол кісінің үйіне бар. Ол
кісі ауыл шаруашылық институтының профессоры Тулайков дейтін
кісі. Менің хатымды тапсыр. Оған сені Саратовтың медициналық
институтына түсіруге, сонда оқуға жəрдемдесіңіз деп сұрадым. Ғалым
адам. Менің сырласып жүрген, ақылдасып жүрген адамым. Ол қолдан
келгенін аямас деп ойлаймын. Ал, өзімді бүгін-ертең Жетісуға
жүргізеді. Мына Оралдан, Орал губернасынан жетпіс шақты адамды
жер аударуға қаулы шықты. Соның бірі мен. Бізді жинап, қызыл
вагонге отырғызып, əскери конвоймен жеткізбекші. Сондықтан мені
əзірге бəрібір сенен бөлек əкетеді. Бұған сен қайғырма, егерде оқуға
түсетін болсаң, онда Саратовта қала бер... Қыс каникулға келерсің. Мен
орналасқаннан кейін хал-жайымды айтып Тулайковтың адресіне хат
жазармын. Түсіндің ғой, Гүлжиһан?!
Гүлжиһан екі көзін əкесінен алмай тыңдап еді, басын изеді де, мырс
етті...
— Жылама. Сен жыласаң, сенің жылағаныңды көріп менің көңілім
босаса, көлденең көрген адамдар не дер!
Қыз қоя қойды. Ол, тіпті түсі қуқылданып, өзін-өзі уыстап қысып
алғандай, түйіле қалды. Оның үні де берік шықты.
— Папа, мен бəрін де орындаймын. Қам жеме,— деді.
Басқа еш нəрсе айтпады. Түстен кейін «Шеген құдықтан» əкелген
сандықшаны ашып, Ақметше бірер жүз сом ақша алды да аузын қайта
бекітті... Ақшасын қызына ұстатты.
— Профессордың үйі тап осы пəтердей сенімді. Керегінше жұмсай
бер... Керек кезде маған да аударарсың.
Сандықша салған чемоданды қолына алып, Гүлжиһан поезға мініп
Саратовқа жүріп те кетті...
3
Кешке ымырт жабыла абыстайдың қарағай қақпасына арбалы адам
келіп тірелді де, ізінше қызыл нардың «маңқ» еткен маңғаз дауысы
ілесе шықты. Аспалы шамды жақтырмай қара көлеңкелеу бөлмеде
Ақметше ойға шомып отыр еді, нар даусынан ол селк ете түсті де,
орнынан қалай тұрып кеткенін өзі де білмей қалды. Жалма-жан
терезеге ұмтылды. Бұл бөлменің терезелері ауланың ішіне қарайтын
еді, ал, биік қақпаның сыртындағы нар көзге түсе қоймады, тек қана
аулада жүрген абыстайдың:
— Ей, Алла, түйемен келген əлгі малай ма əлде,— деген даусы
естілді жəне оның қақпаға қарай жүрген қарасыны елестеді.
Сөз бар ма! Нар даусы! Кəдімгі қызыл нардың. Оның атақты қызыл
нарының. Жаздыгүні Құныскерей жегіп, осы жаққа келіп еді осындай
нармен. Жегіп жүрген төрт-бес нардың бір-бірінен айырмасы бар ма?
Бəрі қызыл. Бəрі бауырынан жараған. Бəрінің даусы да бірдей. Бір
қарағанда өздерін де, даусын да ешкім айыра аларлық емес. Жалғыз
ғана өзі айырады. Ортаншы нар. Үшеуі де бір аруанадан тараған.
Кішісінен ортаншысы қоңырлау, ортаншысынан үлкені қоңырқай. Ал
даусы: кішісінің даусы нəзігірек. Өзінің шығарған асыл тұқымы ғой.
Ақметшенің жүрегі шымырлап кеткендей болды да, аздан кейін жиіжиі соға бастады. Ол мұны сезіп қана қойған жоқ, жүректің соққан
дыбысын құлағы да шалды.
Əдет күшті. Қаншама толқыса да, жай қалыпта қалса да, айтар сөз
дестелене бастағанда оның саусақтары, еріксіз, сұлу қара сақалды бір
сүзіп өтеді. Ал, бұл жолы сүзбеді де, сипамады да. Саусақтар сақалға
жетер-жетпесте əлденені жұлқып қалғандай болды. Өзі шошып кетті,
оның ойына: «сақалымды жұлып алмадым ба?»— деген жаман ырым
сап етті. Жоқ! Сабырлы Ақметше, бұл жолы да, ұшқыр сезімге жол
бермеді. Ол кері шегінді...
— Ақметше абзи, Гүлжиһанның елге жіберген əлгі малайы... Əділбек
келді,— деп абыстай жалма-жан шам жақты.
— Білем, абыстай. Гүлжиһан айтқан. Нардың даусынан таныдым...
Рақмет. Шам жаққаныңыз жақсы болды. Үйдің іші қараңғы тартып еді...
Бірақ, шам жарығы оның жүзіндегі өзгерісті бірден байқатқандай
еді. Абақтыда аз отырса да оның өңі көрер көзге солғын тартқан-ды. Ал
қазір қарақоңыр ашаң жүз қуқылданып жүре беріп еді. Ол тез ойын да,
бойын да жинап алды. Бостық, əлсіздік, керек кезде ой мен қимылды
шырмайтын дəрменсіздік онымен ұзақ жолдас болып көрмеген, тіпті
мұндай нəрселер оның сүйегіне бітпеген де шығар!
Ойда жоқ жерден Ақметшенің жүрегін толқытып жіберген, көп жыл
бойы бағып-қағып өсірген малдың тəттілігін кенеттен көңілге құйған,
көп суреттерді көз алдына алып келген, күрт қопарылған өмірін
көлденең тартқан нар даусының ащы əсерін тез жеңді, ойлы сөзге,
келген жігіттің сыр-сипатына көшіп кетті.
— Шамалауымша, бұл келген жас жігіт адамшылығы мол, жөнжосықты жақсы білетін бала. Əкесі марқұм ақылды, қайратты,
қатарының алды болған кісі еді. Байтоллаға барып тауап қылған ізгі
жан еді,— деді ол əйелге келген Əділбекті сырттан таныстырып.
— Көрдім. Жақсы малай. Гүлжиһан да таныстырған... Міне, өзі де
келді. Жоғары шық, малай... Əділбек, жоғары шық. Ақметше абзи —
мына кісі. Сізге жиен бола ма? Гүлжиһанның əтиісі?— деді ол есіктен
кіре бастаған Əділбекті қарсылап.
— Уа, жоғары шық, жоғары шық, кішкене нағашы,— деді Ақметше
бейне бір еш нəрсе кездеспеген, ешбір жаманшылық, қиыншылықты
көрмеген жанша күлімсіреп.
— Ассалаумағалайкүм!— деп Əділбек аяңдаңқырап келіп Ақметшеге
көрісті де, оның алған сəлемін, айтқан сөздерін, тұрысын, қозғалысын,
жүз əлпетін ойына мықтап түйіп алайын деген адамша қарап, өлшеп
тұрып қалды. Алайда амандасудан əрі бірін-бірі бұрын көрмеген бұл
екеуінің сөзі өрлей алмады. Ел жайын сұрауға Ақметшеге əрі ауыр, əрі
келіссіз көрінді, ал түрмеден қалай босанғанын сұрау Əділбектің
ойынша орынсыз нəрсе еді. Дегенмен Əділбек аздан кейін сөз тапты.
— Ерте-ақ келіп едім. Мұнанайға əкелген малдарды тез
жайғастырсам да берекесіз бір жандарға кездесіп, кешке дейін қағазмағаз деген пəлесімен айналып қалдым,— деді.
«Малдарды тез жайғастырсам да» деген сөз Ақметшеге түсінікті сөз.
Жəне «жайғастырғанына» іштей риза болып қалса да, бұған да ол
жауап сөз қайтара қоймады.
— Гүлжиһан көрінбейді, бір жаққа шығып кетті ме?— деді тағы да
Əділбек.
Оған тура жауап бермей Ақметше:
— Гүлжиһанның қазір жұмысы да, жұмыстан басқа мамандық алу
мəселесі де бір басына жетіп жатыр... Иə, шешең дені сау ма, Əділбек?
Қартайған да шығар ол кісі?— деді.
— Сау, Ақа. Қартаяды ғой, жасы келіп қалды... Өз денсаулығыңыз
қалай?
— Жақсы, əзірге.
— Жуынып, тамақ ішіңіз,— деді абыстай Əділбекке.— Ақметше
абзи, шəй дайындадым.
Əйел бөлмеден шығып кетісімен Əділбек қойны-қонышынан ақша
суыра бастады: бешпетінің ішкі қалтасынан, шалбарының жəне жеңіл
қара етігінің қонышынан үш түйдек текшелеген червонецтарды бір
жерге қосып, қыртысын жазып, баптап, аздап тараштай түсіп, сонсоң
сəл ойланып алып:
— Үш мың жеті жүз қырық бес сом, Ақа. Гүлжиһанның тапсырмасын
тəңір жарылқағыр əлгі Жолмұхан палуан жарым-жартылап орындап
қойған екен. Қалған төрт бие мен жеті нарды бүгін Мұнанай базарына
алып келіп саттым. «Қағазы жоқ» деп осындағы саудагер Асан шатақ
шығарып, бірақ менің Хакім Жүнісовтің інісі екенімді білген соң аузын
жапты. Санап алыңыз. Сатылмаған тек мына жегіп келген нар мен
аяғы аңсап қалған бір көк бие. Биені үйге тастап кеттім. Соңынан оны
да біреуге соғымға өткіземін,— деді.
4
Ақша жайып тастай беруді сүймейді, мұны Əділбек жақсы біледі.
Кімге кім сенген! Мал — көз құрты, ақша онан да жаман... Оған көз
тікпейтін, оны текшелеп қалтаға салып, сонсоң сыртынан басып-басып
қойып, мұртын сипамайтын жан бар ма!
Ақметше бірден ұмтылмады, ол ойланып, ақшаға қарап аз тұрды да,
қолын ұсынбас бұрын:
— Шырағым, мұның... ерлік. Мұндай заманда... жақынға қол беру,
оның мал-мүлкін жинастырып, оны шашау шығармай сақтап қалу көп
адамның қолынан келе бермейді. Бұл шын ерлік. Үлкен адамшылық.
Басқа не дейін мен, шырағым!—деді. Сонсоң ол ақшаны Əділбектің
қолынан алып, кереуеттің үстіне қойды. Жасырмады. Санамады да.
Мұндай сабырлылығына қайран қалып, Əділбек оған жауап қайыруды
ұмытып кетті.
— Ақа, бұл ерлік емес. Мұндай оп-оңай ғана істей салатын, дайын
малды сатып ақшасын ала қоятын нəрсе ерлік болса, жұрт шетінен
батыр атанбай ма! Гүлжиһан жұмсады, мен бардым. Жақынға
жақындық іс істеу борыш қой,— деді.
Ақметше оған назар салмай төмен қарап тұрып сөзін тыңдады.
— Шырағым, жолдан шаршап келдің, тынық. Ұйқыңды қандыр.
Еліңде де істейтін шаруаң бар шығар. Ал, Гүлжиһан жиенің... Саратовқа
жүріп кетті. Сонда оқуға орналаспақ еді. Сендерге оқу керек...
мамандық оқуды кездеу керек,— деді.
— Мұнда енді қайтып келмей ме Гүлжиһан?— деді Əділбек шошып
кеткендей.
— «Адамның басы — Алланың добы» дейтін Жүкең нағашым. Талай
келер де Оралға... Бəлкім кездесерсіңдер де, кім біледі. Егер де
Гүлжиһан...
Ақметше ойланып қалды. Оның айтар сөзі көріне тіл ұшында
қалғандай болды... «Гүлжиһан тағы да» «Шеген құдыққа» жүрер болса,
сен жəрдемдесерсің. Ол жерде үлкен байлық қазынасы қалды
қызымның»,— демекші еді ол. Бірақ, бұл жолы айта алмай бөгеліп
қалды. Мұның орнына:
— ...Хат-хабар бере қалса, керек жерде көмегіңді аямассың,— деді.
Мұнан кейін ол сыртқа қарай бет алды.
Əділбек айтар сөзін үлгеріп айта алмай қалды. Бірақ ол «ертең тағы
сөйлесерміз» деген үмітке иек сүйеді. Өйтпесе аша түсу керек еді:
«Хат-хабар бере қалса, керек жерде көмегіңді аямассың» деген не сөз?
Қандай көмек керек? Хат-хабарды қайдан жібереді Гүлжиһан? «Бəлкім
кездесерсіңдер»,— дейді. Жұмбақ. Бəрі жұмбақ! «Сендерге оқу керек!
Мамандық оқуды көздеу керек!» Əрине, үлкен оқымысты болсаң...
Ақметшедей маман болсаң...
Əділбек аула ішінде, өзі жегіп келген көк арбаның үстінде,
ауылдағыдай жұмсақ көк шөптің үстінде жатып үздік-үздік ойлардың
арасына сүңгіп бара жатқандай болды. Ол ұйықтап кетті...
5
Қатты ұйқыда жатқан Əділбекті Ақметше оятты. Күн сəске түс
болып қалған.
— Əділбек, тұр, шырағым. Мен жүрейін деп жатырмын...
Көзін ашып, қайда жатқанын есіне түсіруге тырысқан Əділбектің ең
алдымен көргені қарулы милиционер болды. Не екенін, тағы не болып
қалғанын түсіне алмай, Ақметше мен милиционерге кезек қараған жас
жігітке Ақметше енді түсіндіре бастады.
— Мына кісі бізді Жетісуға апарып тастайтын жігіттердің бірі. Қазір
тез темір жол станциясына жету керек. Сен түйе жегіп апарып
тастасаң қалай болар екен, жиен?
— Жақсы. Ақа. Жақсы. Апармағанда...— деп Əділбек сасқалақтап,
бетін де жумастан лапас астындағы шөп жеп тұрған түйесін жеге
бастады.
Бұл арба əзірлегенше үйден қос чемоданын, буған көрпе-жастығын
көтеріп Ақметше де, абыстай да шығып келе жатыр екен. Əділбек
жалма-жан Ақметшенің қолындағы жүкті арбаға салды, абыстайға
жəрдемдесті.
— Бұл қалай болды, Ақа? Апырым-ай, күтпеген жерден... мен бұлай
болады деп ойлаған жоқ едім...
Баланың сөзіне Ақметше бірден жауап қайтармады. Ол жүгін арбаға
салған соң, абыстаймен қол алысып қоштасты да арбаға мінді.
Милиционерге:
— Отырыңыз, отырыңыз, мына жер жайлырақ шығар,— деп
арбаның жүксіз, қалың етіп шөп салған алдыңғы жағын көрсетті.
Сөйтті де; — Ал шырақ, Əділбек, кəне мін. Осы көшемен тарта бер.
Бағзалды білесің ғой қай жақта екенін?— деді.
Арба жүре бергенде:
— Акметше абзи, хапа болмаңыз, жүгіңізді соңынан өзім жіберемін.
Бəлкім Гүлжиһан да келіп үлгірер,— деді қолын көтеріп бұлғай түскен
абыстай...
— Ақаң ақылды ғой. Ақаң қайда жүрсе де бір басының қор болмауын
көздер. Мен оған имандай сенем. Ана сорлы, надан, сасық байларды
айтсайшы Қабыл сияқты. Малдан өзге үйінде жиһазы да жоқ... Ал,
Ақаңның құдайға шүкір сандықшасы...— деп қалды жас жігіт байқамай.
Ол абыстаймен қыз жөнінде ашыңқырап ақылдасқысы келіп еді,
бірақ абыстай терең сыр айта алмады. Əділбек:
— Гүлжиһан келсе маған тез хабар етсін, абыстай. Мұндағы
заттарын орналастыруға көмектесетін адам керек қой,— деді.
— Кім білсін, келер-келмесін. Əйбірі біздə тұра береді. Абзи хабар
етсе өзіне жібереміз.
Гүлжиһанның келер-келмесін, Ақметшенің енді қайтып оралароралмасын, əрине ешбір адам білуі мүмкін емес, мұны Əділбек
алдақашан сезген. Сонда да үміт дүниесі, өкінішті көз жазып қалу оны
тебірендіре берді.
Күздің күніндей түнеріп Əділбек нарын жекті де, абыстаймен
қоштасып шығуға үйге кірді.
— Абыстай, мен келесі жұмада қалаға келетін шаруам бар, көргенше
сау тұрыңыз. Гүлжиһанның хабарын сіз арқылы алармын, хош!— деді.
— Хош, хош, Əділбек!
Үйден шыға бергенде қақпадан кіріп келе жатқан Əлібекті көріп, ол
баспалдақтың үстінде қозғалмай тұрды да қалды.
Əлібек! Кəдімгі Əлібек! Күліп келе жатыр! Ойында еш нəрсе де жоқ,
мəз-мəйрам адамның кейпі бар.
— Əділ, сен де келіп қалдың ба? Үй іші аман ба?
Ол інісін құшақтамақшы болып ұмтыла түсіп еді, Əділбек кері
шегініп қабағын қарс жапты.
— Мұны не дейді? Той өткен соң... даңғыра!— дей ме?!.
— Əділ... не дейсің? Қандай той өткен соң?..
Інісінің түнерген жүзінен жəне өңменінен итермелегендей, бұл суық
лепті сөзінен ол бір сұмдықтың болып қалғанын сезе бастады. Ежелден
бір-бірінің көз қарасынан да не ойлағанын ұғыса қоятын егіз қозыдай
тел өскен бұл екеуі сəл уақыт түсінісе алмаған жанша бөгеліп қалды.
Сонсоң бұрыннан еркін сөйлеп, билеп-төстеуге бейім өскен кішісі
ағасына ащы тілін қадай сөйледі.
— Қандай той өткен соң, деп сұрайсың ба? Қандай той болушы еді
сенікінен басқа! Сенің тойыңды тойлап болып, батасын оқып,
дастарқанын, міне жинап, жүргелі жатырмын...
— Сен дұрыстап жөніңді айт... Қашан келдің елден? Гүлжиһан үйде
ме? Енді қай жаққа жүргелі жатырсың?
Əділбек те ағасының қазір ғана Алматыдан келіп тұрмағанын енді
байқады.
— Өзің қашан келіп едің?
— Екі күн болды.
— Екі күннен бері қайда жүрсің?
— Жымпитыға барып Меңдіқызды көшіріп келдім.
— Солай де! Меңдіқыздар да осында келді ме! Онда екеуіңді де жиен
атаң күте алмады. Бүгін жүргізіп жіберді... Жүре қойған жөн. Əзірше
вокзалдан кете қоймаған шығар...
Əлібек есік алдындағы забел тақтаға отыра кетті...
Əділбек оның мүшкіл халын көріп аяғандай болды. «Алыстан іздеп
келуін келген, бірақ баяғы бөз солпық қалпында аузын ашып босқа
жүрген ғой. Келгеннен соң қалыңдығымен сөйлесіп əңгімені бір жерге
түймей ме екен. Е, дəрменсіз «бейшара-ай!.. Бұл Гүлжиһанмен сөйлесе
де алмай қалған шығар...»
— Келгеніңе екі күн болса, Гүлжиһанды көріп сөйлескен шығарсың.
Ол саған оқуға жүретінін айтқан жоқ па еді?
— Жоқ.
— Қайда оқитынын?
— Жоқ.
— Онда ендеше еш нəрсенің де басын аша алмағансың. Əй, өзім де
солай деп шамалап едім.
— Дұрыстап айтсайшы, қайдағы оқу? Əкесімен бірге кеткен жоқ па?
— Оқуға жүретінін айтпаса, басқасын естіген шығарсың?
— Сенің қалай əкелгеніңді, «Шеген құдыққа» барғандарыңды,
əкесінің тұтқында екенін бəрін де айтты. Басқа əңгімені Ақаңның
алдында сен келген соң айтпақшы болып ұйғарып едік...
— Алматыға алып кетуді ме?
— Егерде Ақаң мақұл тапса...
Əділбек сəл ойланды да басын шайқады. Сонсоң ағасына өкпе
артқандай қынжылып сөйледі.
— Менен білімің артық. Көргенің көп. Бірақ ебің жоқ. Батылдығың
да... жоқ. Екеумізге қатынды ана Хакім Жүнісов алып бермейді. Өйткені
оның ұғымынша бұл өткен заманның салты: қалың мал беру, құда түсу,
келіншекті көру, ұзатып əкелу, жиһазын түгендеу... Осы сияқты толып
жатқан ескі салт бізге лайық емес деседі. Ол өз салтымен жүрсін. Оған
қарсылық жоқ. Ал, сен өзіңнің жақсы көрген адамыңды алуға қақың бар
ғой. Елде «сүйдім-күйдім» деп жатыр ғой комсомолдар. Сен неге солай
етпейсің? Алдақашан Алматыға алып кететін қыз еді. Көзден таса
болған соң əкесі де, сенің мықты ағаң да əңгімені қысқартатын еді.
Осының бірі жоқ. Ісіңе жыным келіп, бардым да қызды анау-мынауына
қарамай алып келдім. «Əкеме жолықтыр»,— деді,— əкесіне
жолықтырдым. «Елге алып бар» деді,— еліне алып бардым. Тіпті
əкесіне де, өзіне де жеткендей жасырған қазынасын қазып əкеліп
бердім, малын ақшалап əкесінің қалтасына салдым. Осының бəрін
реттегенде, сенің келіп алып, келіншегіңді қолынан ұстап алып
жетектеп жүрмей, Жымпитыға жөнелгенің не? Хакім Жүнісов
семьясын көшіре алмай қалар деп қорықтың ба? Құдіретті прокурор
бір милицияны жіберсе, Меңдіқызды алдына салып əлдилеп те келер.
Қызық жігітсің. Енді мынау: Гүлжиһан Саратовқа оқуға кеткен.
Ақметшені пойызға мінгізіп апаратын жеріне алып кетті. Менің
байқауымша... тура солай деу қиын... Бірақ, менің көңілім қара қашып
тұр: сені ағаң да алдаған бола ма деймін. Ол уақыт оздырып, сені анаумынаумен айналдыру саясатын қолданбағай!
— Алдағаны ма сонда мені?
— Кім біледі?.. Басында-ақ ағаң сенің бұл қызға үйленуіңе көнген
жоқ. Бұл жөнінде маған желкесін күжірейтті. Əйеліне де ұрысқан
шығар. Бірақ, «мен де Жүністің баласымын» дедім, «Əкемнің қосқан,
бата қылған ісін орындау борышым» дедім. Шауып алатын кісі жоқ
мені бұл үшін. Осыған қарағанда жəне өзі айдап жіберген кісінің қызын
қалай да алдырмауға тырыспаса! «Алдады» деп кінəлауға да көп дəлел
керек, əрине... Ал, Ақаң: «Гүлжиһанға да, саған да мамандық оқуын оқу
керек» деді. Оның ақылы — ақыл-ақ. Гүлжиһан əкесі сияқты білім алса
— керегі сол ғой. Сондықтан алдын ала болжайтын Ақаң зар еңіретіп
қызын конвоймен айдатпай, өз бетімен жүріп ысылсын деп оқуға
аттандырған шығар. Қандай оқуға кіретінін, адресі қалай екенін мен
білмеймін, өйткені бұл жөнінде менімен ақылдасқан жоқ. Мен түгіл
сенімен де ақылдаса қоймас еді... Жалғыз-ақ кеше Ақаңның: «Гүлжиһан
қайда?»—деп сұрағанымда: «Оның жұмысы көп қой, шырағым. Оқуға
орналасу оңай іс емес, орналаса қалса жоғары дəрежелі білім алып
шығу онан да қиын. Тəуекел деп Саратовқа жібердім»,— деді де қойды.
Ал, мына абыстай бүгін «Гүлжиһан енді қайтып Оралға келе қоймас!»—
дегенді айтады. Енді не істейсің?
Көңілі көтеріліп шалқымаған кезде Əлібек аузын ашпайтын еді.
Ішіне сыймай ақтарған інісінің бар үмітті бір-ақ үзерлік, өзек өртерлік
сөзі оны жанышып, езіп жібергендей болды. Басы бірден төмен
салбырап кетті. Көз алдына қап-қара тұман қаптап кеткендей, бар
дүние қарауытып жүре берді. Не демек? Не айтпақ? «Рақмет, Əділжан,
бəрін де орындаған екенсің, бірақ өзім оқсатпадым!»— демек пе!.. Ол
тек қана:
— Өзім де білмеймін енді не істерімді. Маған енді еш нəрсе де қалған
жоқ... Алматыға қайту ғана қалды...— деп күбірледі.
— Алматыға қайту қиын жұмыс болмас... Ана жалғыз кеткен
Гүлжиһанды тауып алу қиын болар. Бірақ өзің қайрат көрсетпесең, сен
үшін басқалардың басы ауыра қоймас...— деп жігер бергендей болды
Əділбек.
Ол інісінің бұл сөзіне құлақ қоймады.
— Қош! Мен ауылға кеттім. Жұмыс көп. Мамам жалғыз. Меңдіқызға
да сəлем! Біріміз қызын іздеп келіп, біріміз пойызға шығарып салып
Ақметшенің соңынан жүргенімізді көрсе, ағаң тағы ренжір. Мен оларға
соқпай-ақ жүріп кеттім,— деді Əділбек оған.
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
1
Қосшы кедейлер жиналыса қалды.
Аудан басшысы түгіл, ауылнай шақырып жатыр десе де үймелей
түсетін халық, бұл жолы еркек-əйелі, бала-шағасы қалмай келді.
Əсіресе, «Ақметшенің үйіне жиналсын!» деген сөзге өзгеше мəн
бергендей. Өзара əңгіме алдымен үй төңірегінде болды.
— Шіркін-ай, Ақаң да үйді салдыра білген-ау. Асты-үсті тегіс
қарағай, жары күйген кірпіш, іші Текедегі бай ноғайдың үйіндей əдемі.
Сейіл, сен білесің ғой, осы үйге қанша қаржы жұмсады екен Ақаң?—
деді Жаңабай дейтін орта жасқа келген пысық шаруа.
Еті тірі, жөн-жосық білетін, сөзге де шебер Сейіл тамсана түсті.
— Сіз, қанша қаржы шығарды екен дейсіз, ал, мен осы үйге кім
қожайын болып қалар екен деп, соны ойлап отырмын.
— Оны Қарабай атком айтар. Ол біледі ғой. Жиналыс ашатын сол
кісінің өзі деседі. Үйден басқа жегетін көлік, толып жатқан құралсайман да бар.
— Қарабай атком келсе, тағы бір жаңалық əкелген шығар. Бірігіп
жер жыртыңдар демесе?
— Бірігіп жырт деуін дер... Сонда қалай болғаны, бас басымызға
дестелеп бөліп алып жыртамыз ба? Əлде əуелі жыртып алып, соңынан
бірдей етіп бөлісер ме екенбіз?
— Сен де қызық сөйлейсің, Жəке, артель бөлу дегенді мен былай
түсінемін: анау Миуалы сайдан арғы жонды тұтасынан жыртамыз.
Қарызға алған тұқымды себеміз. Шыққан егінді орып-жинап аламыз.
Сонсоң бастырамыз. Қанша астық түседі, соны қанша үй болса соншаға
бөлеміз. Елу пұттан тие ме, жүз пұттан тие ме, белгілі болады. Егін бір
жерге ала, бір жерге құла шығуы мүмкін. Сен бөліп алып жыртқан
жеріңнен екі жүз пұт астық жинасам, онда тегістік, теңдік қайсы?
Баяғы біреу бай, біреу кедей болып шығады оның түбі...
Жəкең ойланыңқырап отырды да, көршісінің бұл бірлестік
əрекетінен мін тапты.
— Сейіл, сен əрине көп білесің. Сөзіңнің мағыналы болуы сол бізден
көп білгендіктен. Сонымен бірге, мен сенің сөзіңді миға олай салып,
бұлай салып төңкерістіріп көргенімде, бір жері шүбə туғызады. Ол
шүбə туғызатын жері мынау: айталық, қазір мына он жеті қосшы
мүшесі болып бірлестік құрдық. Ана Мұқаметшин малынан тиген сегіз
түйені, екі темір сабанды, үш тырманы жəне басқа қамыт, сайман, арба
бүргендерді ортаға салып бірлестік мүлкі еттік.
Ертең жер жырттық. Сенің айтқаныңдай: ордың, жинадық,
бастырдық, ұшырдық, сонсоң бөлістік. Айталық жетпіс-сексен пұттан
астық тиді, он жеті үйге.
Сонда сен əйелің мен екеуің жұмыс істедіңдер. Мен екі баламмен
бірге басы-қасында болып еңбек еттім. Ал ана Тұрмағамбет бір өзі ғана
жұмыс істейді. Өйткені əйелі дімкес, жұмысқа жарамайды. Үй
шаруасының өзіне де зорға деп жарайды. Көкірек ауру, ілмиіп аяғын
əрең басады. Сонда деймін-ау, Тұрмағамбет те жетпіс-сексен пұт, сен де
əйелің мен екеуіңе жетпіс-сексен пұт, үш кісінің еңбегіне мен де жетпіссексен пұт аламын ба? Мұның қай жері тегістік, теңдік? Мен де
түсінбеймін...
Өзара əңгіме Қарабай кіріп келгеннен кейін су сепкендей болды.
— Ақаңның орнына отырар ма екен?— деп біреу күңк етіп еді, жұрт
оған жауап бермей, есіктен кірген Қарабай Көзеевке қарай қалысты.
Қарабай отырмады. Бірі сəкіге, бірі орындықтарға, ал, көпшілігі
жүресінен еденде отырған адамдардың бір шетін ала ол терезе алдына
қарай өтіп кетті. Ақметшенің үлкен қара столының жанына тоқтап,
келген күйі отырғандармен түрегеліп тұрып лебіз қатысты.
— Аман-есен боларсыңдар, ағайындар?!...
— Шүкір, Қареке!
— Шүкір, əзірге...
— Өзіңіз де аман-сау жүрсіз бе?
— ...Ал, ағайындар,— деді ол, жұрт сабыр тұта бастаған кезде.— Мен
сіздермен шаруашылың жөнінде əңгімелесейін деп келдім. Міне, енді
бəрі көптікі — мына үй де, ана жылқылар да, кеше ғана өздерің бір
жерге жинақтаған қамыт пен доғалар, түйенің иін ағаштары, көк
арбалар мен дүрежкелер, екі темір сабан, екі темір тырма, екі шөп
машинасы, тағы да толып жатқан тырнауыш, айыр сияқты ұсақ
құралдар. Ал, осыларды қожайынның берік қолы болмаса жоғалтып
аламыз. Бүгін түнде бірнеше жылқы ұрланып кетті. Ертең қанша
жылқы жоғалатыны мəлімсіз. Құрал-сайман да сол сияқты. Менің
ойымша: артель болып күш біріктіріп жер жыртамыз деп «əу» дескен
қосшы мүшелерінің бірін бастың, бірін оның орынбасары, бірін
есепшісі етіп қойған мақұл. Сонда құрал-сайманға да, мал мен мүлікке
де жауапты, барлық іске де жауапты өздеріңнің адамдарың болады.
Бұған қалай қарайсыңдар?
— Аталы сөз,— деді Жаңабай.— Өте əділ сөз. Өз ішімізден бастық
керек.
— Мен де Жəкеңнің сөзін қолдаймын. Қарекең дəл айтты.
Жауапкершілік болмаса береке болмайды. Мысалы, мына өзіміз
отырған үй күтім болмаса, біреу ие болмаса, ертең-ақ есік-терезесі
үңірейіп, бұрышы құлап, сылағы түсіп, істен шығады. Мал мен құралсайман да тап сондай. Көрінгеннің қолында кетуі мүмкін.
— Дұрыс-ақ.
— Дұрыс.
— Онда қане басқарушыға кімді көмекші, яки орынбасар етуіміз
керек?
— Жолмұханға орынбасар, мен мына Сейіл болса деймін. Сейілдің
қолынан орынбасарлық қана емес, онан да үлкен, онан да зор істерді
істеу келеді. Бəріңіз де білесіз, қосшы кедейдің сөзін сөйлеп, жерін
бөлісіп, шабындық-егістік мəселесін басқарысып келе жатқан осы
Сейіл ғой,— деді Жаңабай.
Отырғандар шулап:
— Дұрыс.
— Дұрыс!— десті.
Сейілді он жеті үй кедейдің шаруашылығын күйттейтін басқарушы
Жолмұханға орынбасар етуді мақұлдасты.
Мұнан кейін Қарабай:
— Ағайындар-ау, осы жыл бойы əлгі құдайдан безген Құныскерейді
қолға түсіре алмай ит-əуреге түсіп келдік. Ақыры ол қанішер комсомол
хатшысын атып кетті. Ақметшенің бүгінгі жоқ болып шыққан алтыжеті жылқысын қуып кеткен де сол. Осыны қалай етеміз? Он жыл бойы
қолға түспей келген себебі: оны байлар қолдады, билер демеді, хазірет
пен молдалар батагөйі болды. Ал, сол соғылғанды біз неге көрмейміз?
Көрсек неге оны хабарламаймыз? Хабарлау ғана емес, көп болып соны
неге қолға түсірмейміз? Əлде ол кешегі Ақметшеден артық па? Бұл
қалай өзі? Түнде осы ауылға баласы келіп кеткен деседі. Оның
келгеніне соңына еріп кеткен иті айғақ. Ит қана емес, басқа да
дəлелдер мол...
Жұрт төмен қарап отырды да, аздан кейін ғана серпілді.
Қарабайдың сөзі кінəлағандай əсер етіп, бəріне де үлкен ауыр ой
салды.
— Рас,— деді Сейіл.— Неге хабарламаймыз, неге айтпаймыз, неге
ұстамаймыз? Əлде оны ұстауға біздің айла-амалымыз жетпей ме, көп
болып жабылсақ əліміз жетпей ме?
— Қырып кетеді...
— Қойшы, Жəке. «Қырып кетеді, қырып кетеді» деп үрейлене
берудің өзі кесір.
— Ойбай-ау, ұсынғаны қате кетіп көрмеген сұр мерген ғой.
— Мергендігі рас, бірақ оның мергендігі емес қол бөгейтін.
Аяйтындар бар,— деп Сейіл Сəрсенге қарап еді, жұрт соның көзін
бағып отырғандай, теп-тегіс Сəрсенге бақты.
Сəрсеннің Ақметшеге басқадан жақын екенін жəне түнде келген
суыт жүрісті аттылы оның есігінің алдына тоқтағаны ат заңдағанынан
белгілі болғанын Қарабай да естіп келген. Əдетінше бір жөткіріп алып,
ол:
— Сен, қосшы кедей, бай туысқаныңа бұруыңды қой. Оған сенің
жаның ашығанмен, оның сені жарылқағаны шамалы.
— «Е-һе-һе»,— деді атком ағасы.— Ақметше саған жаны ашыса мына
дүниенің бірқатарын бөліп берер еді ғой баяғыдан бері.
Төмен қарап отырған Сəрсен жалма-жан басын көтеріп алып:
— Бəрі қате, Қареке. Мен ешкімді көргенім де жоқ, ешкімге жаным
да ашыған емес. Жұрт тек «осы жақын ағайыны» деп жорамалмен
айтады, не деп қарған десең де қарғана алам. Көрмегеніме, білмегеніме
ант бер десеңіз, ант та бере аламын...
— Жарайды, жарайды. Ант та берме, жаның да ашымасын. Көрсең
көрдім де, көрмесең көрмедім де. Мұнан былай қарай осылай болсын,
келістік қой?
— Садағаң кетейін, Қареке. Не айтсаң соны істейін. Тек күйдіре
көрмеңіз...
— Осы Сəрсеннің өзіне берсеңдер қайтеді есеп-қисап жұмысын?
Малдың да, дүниенің де, үй-күйдің жайын да өзі жақсы біледі ғой.
Солай емес пе, ə?
— Тап осы дұрыс екен!
— Осылай болсын!
— Табылған ақыл. Оның өзі есепші болады мал-мүлікке.
Осындай түйінге келіп жəне Ақметшенің үлкен үйін «ортақ үй —
кеңсе» есебінде тұрсын деп мақұлдасты. Сəрсен оған бас-көз болады
десті. Бірақ үйді-үйіне тарап бара жатып Жəкең мен Сейіл өзара
шынын айтысты:
— «Жаның ашымасын» дейді-ау. Сонда да біреудің мүлкін иемдену
күпіршілік сияқты ауыр көрінеді.
— Маған да солай көрінеді. Тіпті «бүлінген елден бүлдіргі алма» деп,
осының өзі бұйырса болар еді...
2
Бір сөзінде Губчеканың басшысы əзіл-қалжыңы аралас Щитовқа:
— Қожахметов сендерді ойыншыққа айналдырып жібермесін.
Жасырынбақ ойнаған бала сияқты: «мен мұндамын» деп хабарлайды,
сендер оған шауып барасыңдар, бірақ ол жерден оның өзі түгіл ізін де
таппай қаласыңдар,— деп күлген.
Щитов оған өзінің көзі жеткен, бірақ бірден ауызына түсе қоймаған:
«Қазақ даласы да, қазақ ауылы да тек жасырынбақ ойнауға
жаратылған. Сүңгіп кетсең құмынан шыға алмайсың, кіріп кетсең
өрістегі мал мен малшының арасында құмнан да жаман малтығасың.
Оның жүретін жерін, жататын жерін дəл айтатын бір кезеуші
болсайшы! «Ойбай, ол бұл жаққа келмейді!», «Ол Жем жағында!», «Ол
Сағыздың бойында...», «Ол Тайсойған бетте!»—дейді. Болмаса:
«Астағпыралла, ол пəлені айта көрмеңіз. Бетін аулақ қылсын!», «Оны
құдай көрсетпесін!»— деп азар да безер болады», деген шын
себептерді айтпады, мұндай белгілі дəлелдерді алға салуды жөн
көрмеді. Ол тек қана:
— Тегіс сол бəлекеттің соңында жүрміз,— деді.
Əжіғали кешке дейін бір хабар бермей, түнделетіп ауыл Советке
жеткенде Щитов оның бір сөлекет уақиғаға кездескенін баяндамай-ақ
білді.
— Қалай кеткенін байқадың ба? Тек соны айтшы,— деді.
— Атымды атып өлтірді. Өзім бір... оғым дарымаса да зəре-құтын
алдым, сайды бетке ұстап жөней бергенде оқты жаудырып бердім.
Бірақ бөрі төбесінен кетті. Ол — сайда, мен — қырда, ол — зытып
барады, мен — атсыз қара жаяу. Тек жүгіріп атып қуып келемін. Əр
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 33
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.