Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 02

Total number of words is 4152
Total number of unique words is 2232
37.5 of words are in the 2000 most common words
52.1 of words are in the 5000 most common words
59.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
танымайсың ба? Мына сияқты адамды бір көрмегенің ғажап екен,—
деді студент, өте-мөте желпіне сөйлеп.
— Қарағым-ау, мен Кіші жүзді басынан аяғына дейін аралап шықты
дейсің бе, соншама. Сонау Қаракөл мен Қарабау, сонау Үйшік маңайын
жайлаған үш Сиықтың бір перзенті шығар. Адырайған неме, Адай
болса да ғажап емес. Бірақ ол жақ арба жекпейді деуші еді, мынауың
арба жекпек түгіл, бір жеті жол үстінде жүрген жортуылшы ма деп
қалдым: түйесі жарау, аты ащы терсіз көрінеді,— деді де, Сүлеймен арт
жағына қарап қойып: — сөзінің түрін көрдің бе, толайым ұрып-жығып
кетейін деп тұрған адамның сөзі. «Құда түспексің бе, аты-жөнімді
қайтесің?» деп жекіреді жəне немене деді, «киіт киюге зауқым жоқ» дей
ме, а? Мінезі сойылды содырдың мінезі. Қарсы келсең оллаһи ұрып
жығудан да тайынбас. Мені жұмық деп кемітеді...
— Жұмық дегені ештеме емес, күл басына шөгіп алып, тырқиып
жататын атанша көрінесің дейді. Тілі қандай, тоқпақтай,— деп күлді
Əлібек. Сүлеймен оның сөзін жөндеп бақты.
— Мен Нарботаның баласымын дегенсін айтқаны ғой, атан деп.
Атаншаның нарға тұрарлығы да болады, онымен кеміте алмайды. Мен
де оны бақырауық қара нар деп айта аламын.
— Аты-жөнін білмесем де, бұл адамның Ақметшенікі екенін мен
əлдеқашан танығанмын. Оған аттай он жыл өтті... Ол күнде бұ кісі
керуенші еді, Ақметшенің керуенін басқарушы еді, тап осы сияқты
өңкей қызыл нарларға пургон жегіп, Жымпиты үкіметінің Оралдан
қару-жарағын тиеп жеткізіп беруші еді. Бірақ мен оның атақты
Құныскерей екенін білген жоқ едім...— Сөзін аяқтамай Хакім Əлібекке
жалт қарады. Əлібектің түсі құп-қу болып кетті. Сүлеймен:
— Қой, байғұс! Əлгі нарлы... Құныскерей?.. Атақты Құныскерей?
Хакімжан, шын айтамысың?— деді шошып. Ол жалма-жан оқыс
бұрылып артта, алыста қалған қызыл қарлыға қарай қадалып қалды.
Бірақ қызыл нарлы белестен əрі, көзден тасаланып қалып еді, мойнын
бұрып тағы да көз жіберген Хакімге де, үрейлі пішінмен іздеген
Сүлейменге де көрінбеді.
— Сол! Түрі, түсі, жүрісі, аты, бəрі — сонікі. Сендер бірақ, сыр
бермеңдер. Еш нəрсе білмеген болыңдар. Мен əбден байқайын мүмкін
ол ат шалдырған жерде тағы да кездесер.
— Қой, байғұс мен нанарымды да, нанбасымды да білмей келе
жатырмын, Хакімжан. Сен оны əбден байқайын дейсің, малғұн, өлтіріп
кетер ол бас салып. Абзалы, біздің кездеспегеніміз мақұл болар.
Белкүллі, сол болып шықса — қатер. Мен қорқып келе жатырмын...
Қорыққан жоқпын-ау, қатер жасар деп сескеніп келе жатырмын.
Ойбай-ау, ойыншық емес қой, бүтін губерна, бүтін əскер қуып қолына
түсіре алмай жүрген жоқ па?
— Қой, Сүлеке, өлтіре салатын немене, басқа кісінің жаны жоқ деп
ойлайсың ба, кездескен жерде қисая кететін. Жұрт əншейін айта береді
асырып, қорқатын еш нəрсе жоқ.. Бүтін губерна қуғанын қайдан
есіттің?
— Ойбай, қарағым-ау, жұрт осы күні қыбырлағанның бəрін естиді.
Былтыр құмда, Адай бетте, қолға түсіре алмай қайтып келіпті ғой. Елу
əскер бір ай қуып, аяғында ұстаған жерде айрылып қалыпты. Ондай
жүрегінің жүні бар адамды адам батып ұстай алар ма? Ұстауға келтіре
ме, ұшып бара жатқан қарғаны қара тұмсықтан атып түсіретін қу
жебелі сұр мергенді. Құдай оның бетін аулақ қылсын де... Əй, бəсе,
қимылы жаман еді-ау, иттің...
Сүлеймен тағы да арт жаққа көз тастады.
— Тегін адам емес екенін мен бірден-ақ оның түрінен байқап едім,
бəсе қимылы бөлек еді. Дегенмен, мен оның жүретін жолы, жүретін
емес жортатын жолы жықпыл-жықпыл жыралар мен тобылғысы ат
бойы тау бөктері шығар деуші едім. Ал қонақтайтын жері қара құсы
қасқая қонып отыратын атам заманғы құлап қалған қара қорғандар, иə
болмаса сары бұйра құмның қазан шұңғылды қия түбі деп түсінуші ем.
Бірақ ол ісімнен қорықсын. Арба үстінде түк білмеген жанша бұғып
отырып, айналасындағы отыз-қырық шақырым жердегі қарсы
қимылдаған адамды бүркітше жалт қарап көзімен бірақ шалатын
шығар. Сонсоң арғы жағы белгілі ғой: жарау қызыл нардың өзі де желіп
кеткенде анау-мынау атты ілестірмейтін болар. Оның үстіне анау бота
тірсек боз ат нардың қабырғасында бос байлаулы. Бəсе, бəсе. Тегін
адам емес екеніне менің шегім жоқ. Құныс, Құныс болмаса, сондай бір
жойқын жортуылшы. Сөз жоқ, даланың Робин Гуды,— деді Əлібек.
Оның əлгінде ғана қуқылдана түскен жұқа жүзіне қыза сөйлеген
сөзбен бірге қызыл шырай ойнап кетті де, көздері жайнаңдай қалды.
— Ойпырмай, шынымен сол Құныс дейсіңдер ме? Сол болса, онда
бұл масқара ғой! Қауіп қой, жол жүруге қауіп қой! Менің зəремді алдың
сен, Хакімжан.
— Зəрең кететін еш нəрсе жоқ, Сүлеке. Ол қарадан қарап жүріп
адамға ұрынбайды, соңына түскендерге өшігеді. Кім біледі... осы
жөнінде арам ойы болмаса...— деп Хакім сөзін тауыспай, тамағын
кенеп бөгеліп қалды.
— Біздің кім екенімізді ол білмейтін шығар?— деп сұрады Əлібек
ағасынан. «Соңынан түскендерге өшігеді» деген сөзді «прокурор, сот,
тергеушілерге қас екен ғой» деп ойлап.
— Мен оны бұрын көргенмен, ол мені көрмеген шығар.
— Бағана Сүлекең: «қасында Жаншадай прокуроры бар адам жұмық
бола ма» деп салды ғой, сонан сезбесе?
— Қара басқанда мен солай дедім бе? Əй, мені де ұрып өлтіретін кісі
жоқ-ау, сірə. Рас, рас сөйдедім білем. Əй, қара басқанда құдай тілден
жаздырады ғой! Əй, мені де ұрып өлтіретін кісі жоқ-ау, сірə. Мықтылық
көрсету неге керек еді, мүлəйімсіп «жұмық» бола қоймай. Құдай жұпжуас жұмық-ақ қылып жаратпаған екен...
— Батырды қара, састы!— деп күлді Хакім Сүлейменді кекетіп.—
Тал түсте жалғыз адам өзіндей үш кісіні тақымына басып əкетпекші
ме? Сонда біз кім болғанымыз, Сүлеке, бөрікпен соғып алатын, кəдімгі
қармаққа шаншатын сары шегіртке болдық па?
— Ойбай-ау, бүтін жұртқа, қыруар əскерге болмаған адам бізді
бұйым көре ме? Малғұнның тек жолын аулақ қылсын.
— Жолы аулақ емес, біздің жолмен айқасып-ақ қалды. Ана қырдың
астында келе жатыр ғой. Не ойлап келе жатыр екен өзі. Біз сияқты ол
да кім екенімізді болжап келе ме, кім білсін,— деп, Əлібек Сүлейменнің
үрейін ұшыра түсті.
Қасындағы екеуінің күдігін сейілту үшін Хакім Құныскерей
жөніндегі халық арасына таралып кеткен лақапты артық айтылған
семіз сөздерден арши бастады.
— Құныскерейді ұстауға шыққан адамдардың саны елу де емес,
қырық та емес жəне ол əскер тəртібіне жетік солдаттар да емес. Мұны
жұрт əншейін сырлап айтады, шектен тыс асырып жібереді. Оны
ұстауға шыққан кəдімгі өзіміздің ана жылғы Ащысай болысында
милиционер болып жүрген Əжіғали. Қазір Əжіғали — уездік милиция
бөлімінде аға сақшы, Əрине, Əжіғали орны келген жерде асырыңқырап
айтатын мінезден де құр алақан емес. Дегенмен, өзі қайратты жəне аса
өткір жігіт, көп адамның қолынан келмейтін істі оп-оңай орындай салу
оған кейде бұйым да болмай шығады. Оның осындай жақтарын еске
алып, біз Құныскерейдің елдегі байланысын ашуды, соңына түсіп
жүріп, бұл қашқынды қолға түсіруді тапсырғанбыз. Ол бір ай бойы
жансыз болып, іздестіре келе Құныстың қайда барып, қайда жүргенін
ашқан. Бірақ елде оның сыбыршысы аз емес, тіпті астас, амалдастары
да бар.
Осылардың бірі Əжіғалиды танып қалып, оның жəй жүрмегенін,
Құныстың ізіне түсіп жүргенін сезген. Осыдан кейін бұл аты шулы
қашқын соғып кететін жерлеріне соқпай, ала жаздай бір көрінбей
қойған. Қызылқоға жаққа, Қаратөбеден əрі құм арасына сіңіп кеткен.
Бұл енді ел ішінен аңдуды қойып, құмнан іздеуге шыққан. Əрине,
Əжіғали да жалғыз емес, елден алған оның да басшылары мен
қосшылары болған. Кəдімгі аңға шыққан адамдардай бұғып, кейде
жаяулап «осы маңдасың-ау» деген жерлерді тінткілей береді. Со керек,
сөйтіп жүріп бір күні үстінен шығады.
— Иə, менің естігенім басқарақ.
— Сонсоң. О дəу пері-ай, құм арасында жатқан ғой... Сүлеймен бір
қырындап отырып козладан еңкейіп тыңдады.
— Рас болса, жатқан жері елден жиырма бес-отыз шақырымдай жер
екен. Күндіз құмда болып, түнде ел табанына келіп қона-түстеніп
жүрген көрінеді. Жатқан жері шұп-шұңғыл бір ойпаң Итшағыл дейтін
жер екен дейді. Айналасы жан сирек басатын қарталанған сары құм
көрінеді. Бұлар əнтектік еткен. Алдымен өзін ұстауға ұмтылмай, атын
ұстап алу керек еді. Оның аты сол төңіректе, ол да бір ойпаңда оттап
тұрды ғой. Өзін көргеннен кейін атты есіне де алмаған. Қалайда тек
бас салып ұстау əрекетімен болған. Жəне қайтып ұстамақшы болған
десейші? Құныс түйе жүн шекпенінің жағасын көтеріп, бетін күннен
көлкештеп қойып, шалқасынан түсіп ұйықтап жатыр дейді. Əжіғали
айтады: Жұмыс бітті, ғайыптан тайып кетпесе, атқа жайдақ мінгізіп,
екі аяғын салақтатып, құмнан соққан арлан қасқырдай тісін ақситып,
ауылға айдап барамын ғой-ақ; деп ойлап ем, қайтесің ақымақтық
жасадым, жер соқтырып кетті!» дейді.
Əрине, жер соқтырмағанда!— деп, Əлібек Хакімнің аузынан шыққан
келесі сөзді қағып алатындай ентелей түсіп тоқтады.
— Қайтып жер соқтырмасын? Ұйықтап жатқан адамды бас салып
байлап алудың орнына айқайлап оятыпты. Кəдімгі баяғының
батырларынша, қапы қалмасын деп тұр-тұрлап айқай салған ғой.
Əрине, оянған күнде де бұлардың бір адамға əлі келерлік еді, өйткені
бір қора жан: екі аға милиционер үш кіші сақшы жəне «оның үстіне
волисполкомның екі мықты шабарманы бар, соңғы екеуінің қолында
құс мылтық болғанмен, ана бесеуінің қаруы нағыз қару ғой. Күш бұлар
жағында, ептеп айлалап амал еткенде, тырп еткізбеуге болатын еді.
Ұйықтап жатқан адамды ұстай алмады деген не сұмдық. Мұнан кейін
жұрт не демесін: «Құныскерейдің аруағы бар екен, ұйықтап жатқанда
үстінде көлегейлеп тұрады екен, тұрса басында, отырса қасында
күзетіп тұрады екен, қарсы келген адамды пысы басып қол
көтертпейді екен»— деген əңгіме жайылып кетті,— деп Хакім риза
болмаған пішінмен қолын бір сілтеп қойды да, арт жағына қарады.
— Иə, онан кейін қалай болыпты?
— ...Онан кейін қалай болушы еді,— деді Хакім бұрылып
жайласыңқырап отырып,— əлгі талайды көрген қу Мүйіз, сүзеген
бұқаша айналасындағыларды бір жайпап тастап, өз жөнімен кете
барған. Мұндай тар жерде аспай-саспай қимылдау əдісін ол жақсы
біледі. ғой жəне алдарқатып айлалап құтылып кетуге қандай шебер
десейші! Өзі де сергек жатқан болу керек, айқай шығар-шықпастан-ақ
басын жерден жұлып алыпты. Сөйтіпті де, қоршалап алған қарулы
адамдарды көргеннен кейін бір шынтақтап тағы да қисая кетіпті. «Е,
өздерің бе, əйтеуір, келіп тұрған өздерің болсаңдар болғаны! Шегір көз
орыс пен шақша бас татар келмесе болды. Көптен бері кездестіре
алмай жүргенім осы өздерің. Қайда апарсаңдар да мейілдерің.
Алдымен бір насыбай атып алайын, сонан кейін əкете беріңдер»,—
депті де жалма-жан қонышынан шақшасын суырып алып, тырнағына
насыбай толтырып қағып-қағып жібереді, оның бұл жайбарақат түрде,
ойында түк жоқ жантайып жатып насыбайын атқанын көріп, əлгі
біздің, қуғыншылар шынымен-ақ берілді десе керек, бұлардың ойынан
қашады деген күдік мүлдем шығып кеткенге ұқсайды. Ол да тап осы
қамсыз сəтті күткен. Қайрат қылады деген баскесер: «Келіңдер,
келіңдер, өзім де сендерді күтіп жүр едім» дегеннен кейін аңырып
тұрып қалады. Бірқатары кезенген мылтықтарын кері тартып,
шаппасынан сұқ қолдарын да шығарып алған білем.. Мүмкін, кейбір
ашық ауыздың есі кетіп, жылан арбаған боз торғайдай қалшиып тұрып
қалған да шығар. Əйтеуір, не керек, атып тұрып оңға-солға зуылдата
сермеген ұп-ұзын қайқы қара қылыштың жарқылдаған жүзін ғана
көріп қалады. Қол қатудың орнына біздің майталмандар тырақайлап
кері қашқан ба, қалай, өйткені тап сол минутте оның қалайша
сытылып кеткенін ешқайсысы дəлелдеп айтып бере алмайды. «Не
болғанын білмей қалдық, елу-алпыс қадамдай жердегі құмның
жонынан бір-ақ қарғып түсіп, біз ол жерге жете бергенде ,екінші
жотаға іліккенін көрдік. Атып едік оғымыз дарымады. Ал қайрыла
беріп, ол біздің екі атымызды атып құлатып кетті. Бірі менің атым оққа
ұшқан. Жұмсақ құм болғандықтан жаным қалды, əйтпесе, он-он бес
метрдей ұшып түсіп төбемнен шаншылып қалдым» дейді Əжіғали. Не
керек, ұзын сөздің қысқасы: бұлар есін жиып үлгіргенше, Құныскерей
екінші құм төбенің астында тұрған атына мініп алып жықпыл-жықпыл
құмға суырша сүңгіп кетеді.
— Аты алдын тоса қалады деседі ғой, сондай қысылшаң кезде,
бағанағы боз ат па екен сол? Жəне атын өмірде тұсамайтын көрінеді,
бос қояды дейді.
— ...Солай деседі. Үйретіп тастаған əскер аты сияқты шығар.
Ұрының қатыны өзіне лайық деп, аты да суыт жүріске, тар жерде
тарпаң басып сытылып шығуға үйренген ғой, жылқы ақылды хайуан,
тəсіл-тəртіпті жақсы ұғып, бұлжытпай орындайды.
— Құныскерей ұры емес, басын қорғап жүрген ер ғой, ондай бір
тентек ел ішінде жүрмей ме екен, оны ұстап неге керек. Ешкімге зияны
жоқ,— деді інісі Хакімге.
— Кім айтты оны, зияны жоқ деп?
— Жұрттың бəрі айтады... Басында милиция ағасын атып тастаған
соң, бұл ерегесіп олардың бір бастығын өлтіріп кеткен.
Хакім інісінің жүзіне қарай қалды. Оның бұл сөзді балалық көңілімен
айтқанын көріп басын шайқады, бірақ қарсы жауап қатпады.
3
Үш жолаушы ат шалдыруға көпір аузындағы каршеунік əйелдің
үйіне түсті. Бұл жүргіншіге мəлім, пəтер ұстайтын Кербез деген əйел
болатын.
Жолаушылар үйге кіріп, жуынып, таранып, əйелдің үнемі қайнап
тұратын əзір шайына отыра бергенде, «мен де келдім» дегендей таныс
қызыл нардың «маңқ» еткен даусы естілді. Неге екені белгісіз
Сүлеймен селк ете түсті. Ағайынды екеуі бірінің бетіне бірі қарай
қалып, көзімен «сол» десті. Сонымен бірге Əлібектің жүзінде əлденеге
желігіп, елегізген шырай пайда бола қалды. Оның ақ сұр бетіндегі
жіңішкелеу келген қоңыр сызат қастары жоғары көтеріліп кетті,
байқаған жанға жұқа танауы да сəл едірейе түскендей болды. «Шай-су
ішуге тап осы бөлмеге кіретін шығар. Бұл заманның Робин Гудын өз
көзіммен көретін болдым» деп ойлады ол.
— Тағы да бір қонақ келді,— деді Кербез, құйған шайды Хакімдердің
алдына ысыра түсіп.
Сөйтті де ол тез сыртқа шығып, кешікпей қайта оралды.
— Бір жолаушы түсуге рұқсат сұрап тұр. Сіздердің үстеріңізге
кіргізсем, ренжімес пе екенсіздер,— деп сұрады əйел.
— Сол ғой. Түсе берсін,— деп Əлібек ағасына күбір ете қалды.
Хакім қолына ұстаған шыны аяғын дастарқанға қойды да, азырақ
ойлана түсіп:
— Уақасы жоқ, кірсін. Танитын адамыңыз ба еді?— деп Кербезге
тіке қарады.
Хакімнің сынай қараған пішінін жұмсартқысы келген адамша əйел
қылықты қулықпен қабағын керді де, көзінің қиығын бір жоғары, бір
төмен тастап:
• — Сіз сияқты, осы жолмен өткен сайын бір шай ішіп кететін адам,
— деді.
«Бұлай қарамасаң сен Кербез болармысың, құдай атқан, көзін қалай
қиғаштайды! Əлде əдейі істеп тұрсың ба, анау қызыл нарлының атыжөнін бүркеу үшін?» деп ойлады Хакім. Бірақ ол əйелдің жылмағай
сөзін де, аса жайдарлы қас-қабағын да байқамаған болды. Қолға қайта
алған шайын жиілете ұрттап, тезірек ішуге тырысты... Айнала ашық
есік-терезеден кірген даланың жұмсақ желі үйдің бұрыш-бұрышын
қыдырып, тынысты жеңілдетуге келгендей бетті үрмелей түседі. «Бұл
пəлекет қайта-қайта əдейі кездесіп, бір пəле істегелі жүр ме, болмаса
əлдеқалай ұшырасып қалды ма? Енді не болар екен?» деген күдікті
оймен үйдегі үшеуі үн-түнсіз, есікке қарап қойып, шайларын іше берді.
Түйелі жолаушы нардың басын оқшауырақ тұрған қораға тіреді де,
қабырғадағы аттың тізгінін шешіп, көлеңкеге байлады. Сөйтті де
туарулы қос қара көк атты көзімен бір сүзіп өтіп, үйдің терезе-есік
жақтарын барлады. Сыртта өзінен басқа жан жоқ екеніне көзі жеткен
адамша ол шапшаңдап, арбасына еңкейіп қапшық тəрізді кенепке
ораған нəрсені төсеніштің астынан суырып алды да, бала түгіл үлкен
кісінің де бойы жетпестей биік қораның төбесіне қолын созып əрірекке
тастай салды.
— Шай тəтті болсын, мырзалар. Су басында кездескен көзтаныс
қазақпын бағанағы,— деді ол есіктен кірген бойы Хакімге қарап, сонан
кейін төменде отырған Сүлейменге:
— Атаншаның баласы, сен жасың кіші жəне ебдейлі жігіт көрінесің,
маған сыртқа шығып жəрдемдесіп жіберші, болмашы ғана бір шаруа
бар еді,— деп есіктен кері шыға берді.
Қобалжыңқырап отырған Сүлеймен жауап қатпастан оның соңынан
ілесе шықты. Басында сескенсе де, манағыдай емес қызыл қарлыға көзі
үйреніп те қалған сияқты. Өзінен біржарым есе ұзын оның бойына,
жұмыр да иықсыздау келген томар тəрізді денесіне, аршындап басқан
адымына ол айызы қанғандай қарап келеді.
— Мына тоқтының терісін сыпыр да, етін тұтасымен Кербездің
қазанына тоғыт. Тез қимылда. Күн еңкейгенше пісетін болсын.
Қасыңдағы мырзалармен дастарқандасып, атаның асынан ауыз тиелік,
— деді қораның қараңғы бұрышына байлаулы тұрған марқаны
көрсетіп.
Сүлеймен оның сөзін екі етпей, алдында құрдай жорғалады.
— Мен қазір «ə» дегенше жайғастырайын,— деді «ол жалма-жан
тоқтының аяғын буып жатып.
Қызыл нарлы қолына ұстай кірген ала қоржынды бұрышқа сүйей
салды да, сенекке шығып жуынып, үйге қайта кірді. Сүлейменді тысқа
неге шақырғанын біліп бұл тосын жолаушының не пиғылы барын да
түсіне алмай, шай ішіп отырған екеуі дағдарып қалып еді, нарлы көп
күттірмей-ақ дастарқанға жақындап келіп, молдасын құрды да, көзі
астымен қарап отырған Хакімге тіл қатты.
Пыркарол мырза, қырдың жуан қоныш, кең шекпенді қара
қазағынан жиренбессіз. Жол ортақ, əкім ортақ деген бар. Мені сонау
Қызылқоғадан, сізді Қызылүйден жетелеп мынау Кербездің үйіндегі
дəм кездестірген шығар, кəне, шай ішейік.
Сөйтті де ол шайын еселеп, тас құман астындағы шоғын жаңартып,
шай құюға қайта кіріскен Кербезге қоржыннан алып мəмпəси, қағазға
түйген тəтті нан ұсынды.
Əлібек ілкі елегізе қарап отырған күйі оның жүріс-тұрысын, жүз
құбылысын шашау шығармастан жадына түйе бастады, сөзін
мұқамына шейін бұлжытпай қағып алуға тырысты. Ал, Хакім мəнжайын өзіне айтқызуға тырысып, тікелеп жөн сұрауға кірісті. Ол:
— «Птицу определяют по полету» деген орыстың бір нақылы бар.
Мұны қазақша дəл аударуға келе бермейді» ал мағынасы: «құстың
дабысынан, аттың шабысынан байқа»— дегенге жақын. Жуан
қонышты, кең шекпенді болғанмен, мал баққан қара қазақ емес
екеніңіз, жүрісіңізден де, сөз саптауыңыздан да көрініп тұр, жол
болсын, қарымыңыз кім, ат маңдайы қай жақ?— деді өзінің жай
қалыпты сабырлы пішінімен.
Бейтаныс жолаушы бір сəт бөгеліп қалып, əлденені іздегендей, сол
қолымен жағын сипай түсті де, ұзын иегінің нақ ұшына қашып шыққан
шоқ сақалын ұстады, оны да тастай беріп дастарқандағы нанға
жармасты. Сонсоң ол нанды көтеріп, Хакімге:
— Өзіңіз білесіз, біздің қыр елінде нан таңсық. Соны көрген соң, жөн
сұрауды да ұмытып кеттім. Бұл да менің надан қазақтығым ғой менің
қарымым Кете, Қаратөбе болысындағы Кете, жетінші ауылмыз. Текеде
болдым, ауыл жаққа қайтып барамын,— деді.
— Мен Қаратөбе болысын жақсы білуші ем, бірақ жетінші ауылда
Кете барын естімеп ем.
Хакімнің бұл ру жөнінде сенбеген сөзіне дəлел-жауап қайырмастан
қарлы жолаушы өзін таныстыра түсті.
— Шаруаның қатарына қоспауыңызға да болады мені, өйткені
қызметкер болып та есептелемін, мұны сіз топшыладыңыз, қазынаға
мал алу, тері-терсек жинау секілді қызметкер мен шаруаның екі
ортасындағы бір əсіреңке жұмыс. Осы сапар Текеге мал тапсырып келе
жатырмын.
— Ім,— деді Хакім сенбеген мұқаммен. Сөйтті де күдігімді сезіп
қалды ма деп шапшаңдап,— жақсы кəсіп қой малмен айналысу. Көп
мал ма еді?— деді.
— Жоқ, елу-алпыстай ірі қара, жүзге тарта жандық,— дей салды ол
немкеттілеу үнмен, қолын ербең еткізіп. Хакім əңгімені үзбей,
тергегіштік тəсілмен тамамдай түсті.
— Мен сізді танимын... Мұнан он жыл бұрын Текеде көргенмін. Онда
сіз керуенмен жүретін едіңіз ғой... Атыңыз...
— Менің атым,— деп, күдікті жолаушы жұлып алғандай Хакімнің
сөзін бөліп кетті. Бірақ Хакімге тура қарамай, басын изей түскен
Əлібекке сырлас адамындай-ақ күлімсірей қалды.— Қызық өзі. Менің
атымды айтам-ау. Қазекең шала молдасыз жүреме, əжем марқұм үйде
болмапты да кəрі шешем, топырағың торқа болғыр, ізгі жан еді, оның
үстіне құлағының аздап тосаңы да болатын. Өмірі адам атын дұрыс
айтып көрген кісі емес еді, ұдайы біреумен біреуді шатастырумен
отыратын. Молда азан шақырып, менің құлағыма айқайлағанда,
көтеріп ұстап тұрған шешемнің құлағына молданың «əкпары» ұялап
қалған. Кəдімгі азанның «алла акпары» ортасынан үзіліп аяғы ат
болып естілгенде, атым Акпар болып қалған. Молданың қойған аты
«Байболсын» сияқты бір ат екен. Бірақ шешем Акпар деп ұғып, сол ат
ат болып қалыпты ғой. Бірақ басында сəті түспеген ат, бері келген соң,
онан да зор сəтсіздікке ұшырады. Еңгезердей болып өскен сиқыма
қарап жұрт: «Дəуқара», «Ұзынқара», «Капсағайқара», «Дығалқара» деп
атап Акпарымнан да айрылып, осы күні жеңгелерім «Қапсағай қайным,
келіндерім «Зор қайнаға» дейді. Құдай біледі деп айтайын, бағанағы су
басында көргеннен бері сіздер де «Ұзынқара», «Нарлықара» деп келе
жатқан боларсыздар. Оқасы жоқ «Акпар» деген сөздің өзі де
молдаларша «дығал» көрінеді ғой. Дығал екенім рас. Солай емес пе,
інішегім, ə?— деп ол Əлібекке қарап қолқылдап күліп қойды.
Шайын тастай салып күлген Кербезге Əлібектің бала күлкісі
қосылып, үй іші сылқылдаған күлкіге батты.
Бірақ Хакімге оның бүл қуақылығы аралас тілмəр жауабы келеке
еткендей көрінді. «Сөз сонарына салып ізіңді осылай бүркемекші
болдың ба сен, жарты бас! Отырған орнынан тыпыр еткізбей тұтқынға
алсам ба екен езін? Əбден басынып алған. Губернаның шеті былай
тұрсын, тапа-тал түсте қаланың қақ ортасынан шығып, үлкен жолдың
үстінде: «Мені көрдің бе? Көргенде не істейсің? Міне, жүрмін, жүргенім
былай тұрсын, қасыңда-ақ отырмын, істе қолыңнан келгенін»- дегені
ғой бүл. Мына жəйіттен кейін менің прокурорлық құдіретіме жұрт не
демекші! «Прокурор Жүнісов бір дастарқанның үстіне қатар отырып
тағам татып, біле тұра, тани тұра, қол қата алмай қоя берді» демей ме?!
Жақсы. Тұтқынға алайын. Мұның қарсыласпай алдыма түсіп, бүлкілдей
беруіне кім кепіл? Қару жұмсамасына кімнің көзі жетеді? Бойында
қаруының бары да сөзсіз ғой. Өз күшіне, өз айласына сенгеннен кейін
отыр ғой, бұл кесепат! Əйтпесе, тергеушіге, заң бақылаушыға жуи ма
мұндай жаннан безген қарақшы...»
Біріне-бірі қайшы ойлар, бірімен-бірі жағаласқан күдігі мол əрі-сəрі
болжалдар Хакімнің басын аз уақыттың ішінде бірі кіріп, бірі шыққан
жəрмеңкеге айналдырып жіберді. Ол бөгелеп қалды — нарлының
сөзіне басын иə шайқап, иə иземестен тұнжырай түсті.
Басында бұл жұмбақ жолаушының пішіні мен жүрісіне есі кетіп, енді
оның сөзге жүйріктігіне ден қойған Əлібек аузын ашып қалды да, ал
қызыл нарлы, көбінесе, сол жас жігітке қарап сөйлеп отыр еді. Сөйте
тұра Хакімнің жүзіндегі құбылысты ол бірден байқап қалды.
— Менің адыр-бұдыр сөздеріме сіз құлақ қоймаңыз, мына інімді
күлдіру үшін сөзді шоқпыт киімдей алба-жұлба етіп айтып отырмын.
Сай-саласы көп қырдың адамдары да өзіне сай ойлы-қырлы келеді ғой„
оқығаны да, наданы да, молдасы да, қожасы да аралас. Соның бірі мына
біз. Сіз мені «шырамытамын» дедіңіз бе? Не көп, мен сияқты қазақ көп.
Солардың біреуімен шатастырып отырған шығарсыз, өйткені сізді
керіп те отырғаным, дастарқандас болуым да осы бірінші рет. Жəне
өмірімде керуен айдап көрген емеспін,— деді ол үнін де өзгертіп, сөзін
де салмақтап сөйлеп.
— Ақметше Мұқаметшин деген кісіні сіз білетін шығарсыз? Мына
қызыл нар соның нарларының тұқымы ғой.
— Ақметшені естуім бар, ол Тайпақ болысы, Алтеке ғой. Мен
Қаратөбенікімін. Руым — Кете. Айттым ғой. Сіз біреумен шатастырып
отырсыз. Оқасы жоқ, ондай-ондай бола береді. Қызыл нар дейсіз бе?
Біздің арғы құм бетімізде, сонау Қызылқоға жақ тегісімен нарлы
келеді. Нардың, əрине, қызылы да, қарасы да бар. «Шынымен
шатастырып отырмын ба? Өзіне-өзі тым сенімді, ешбір күдік
қалдырмай сөйлейді. Бұл қалай болды?»— деп ойлады Хакім, ілкі
ойынан біржола безбесе де, солқылдақтау халде қалып.
Шайдың соңына Сүлеймен де келіп ілікті.
— Күшің, құдай біледі деп айтайын, отағасы, нардың күшінен де көп
шығар, мұқым бір қолмен сүйреп кеттің-ау бүгін біздің паэтонды. Пайпай, өзіңді біздің ІІІайдолламен күрестірер ме еді, шіркін, бүтін ел
қарар еді қызығыңа. Шайдоллалар кескен томар сықылды да, ал,
отағасы, сен бейне бір дəу терек секілдісің, кəдімгі төбесіне қарасаң
бөркің түсерлік күжбан терек. Анау саған төменнен əкесіне жармасқан
балаша қарар еді. Бірақ оның сандары ана қызыл нардың
шонданындай, желкесі, кəдімгі өзінің қызыл бұқасының шүйдесіндей.
Екеуің белдессең, тірі қызық сонда болар еді. Мына қол, мына
тірсекпен өзің оны бір көтеруге бүркіттей-ақ бүріп кетер ең. Бірақ ол,
белкүллі тарғыл мысықтай дік ете қалар еді, жығылмас еді, жығылмай
қоймас та еді. Егерде Шайдолла көтеріп əкетсе мына дəу теректі, құдай
біледі деп айтайын, жер солқылдамаса да, бір майысып кетер еді. Ол
үйірген күнде не керек, мына тірсектер жерден көтерілмей
тырылдатып бір ор қазып берер еді. Пай-пай, Құныскерей дегенің
осындай екен ғой, мұны да кердік,— деді Сүлеймен алдына қойған
шайды қолына да алмастан, есі кетіп сөйлеп.
— Тəйт, не оттап отырсың өзің!— Нарлы оған көзін жалт төңкеріп
қарап жекіріп тастады.— Қайдағы Құныскерей, есінен танған
тайлақша неме!
Сүлеймен жасып қалды. Ол соғып жібере ме деген адамша аңырын
жылжып, сөзге кіріспей тыңдап отырған Кербезге таман ығысты.
— Шай ішіңіз, шай суып барады,— деді əйел, көре көзге жұрттың
назарын басқа жаққа аударуға тырысып.
Бұл кезде Хакім кері шегініңкіреп отырып, портфелінен бір қалың
дəптер суырып алып, соның шимайланған беттеріне көз қиығын сала
бастап еді.
«...Ұзын бойлы, қапсағай қара кісі. Жасы қырықтың аз-маз үстінде.
Сиректеу мұрты бар: сақалы ұзын иегіне қашып шыққан — шоқша
сақал. Жалпақ емес, бірақ жұмыр, əлді дене. Түрі бір қараған кісіге
қарақұс реңді: қасы, қабағы жабыңқы, қолдары ұзын жəне тарамыс
тамырлы...»
Арғы жағын оқымай, ол дəптерді жаба салды да: «Ақиқат сол. Сол
атышулы Құныскерейдің өзі» деп түйді іштей.
— Сен қайда жоғалып кеттің, Сүлеке?— деді Хакім. Бірақ ол
Сүлейменнің: «Марқаның терісін сыпырып бердім» деген жауабына
құлақ салмастан, нарлы жолаушыға бетін бұрып: — Құныскерей
дегеннен есіме түсті-ау. Отағасы, қалай, ел іші тыныштық па? Ол
батырдан не хабар бар?— деп сұрады немкеттілеу үнмен.
— Жаманат білінбейді... Батыр дегеніңіз кім? Айып болмаса айта
отырыңыз,— деп, нарлы Сүлейменге меңзеген қатал үнін жұмсарта
қойды. Оның түрі де кенет жай қалпына көшті, түйіле түскен қаһарлы
қабақ қыртысынан арылып жүре берді.
— Сіздің жақта Құныскерейді батыр демей ме? Көргендер солай деп
мақтайды ғой. Бірақ шын батыр адам елін, жерін тастап жыражықпылды бетке ұстап құм сағаламас болар еді. Мына өзіңіз құсап
қасқиып жүрмес пе ел ішінде. Сірə, батыр деген ат ана сіздің жетектегі
бозыңыз секілді босқа байланып жүрген шығар.
Хакімнің намысты шымырлатарлық ащы кекесіні көздеген жеріне
дөп тиді ме, əлде көптен бері кеудеге сыймай келген қамығу зары
ернектеп кетті ме, əйтеуір, қарауға қатал, қаны ішіне тартылған кəрлі
жанның үні балқып шықты.
— Ел не демейді, кейде барды жасырып айтады, кейде жоқты
асырып айтады. Батыр атанамын деп жүр дейсіз бе, ұядан айырылған
безгелдектей шөке-шөкені паналап, суынған орынға қайта орала
алмай жүрген бір пенде шығар,— деді ол өте бəсең, сыбырлай сөйлеп.
Хакім оның жаңа ғана жалт еткен шұңғылдау көздің түбіндегі
жанарды буалдыр шалып өткенін байқап қалды.
— Рас,— деді прокурор, буынды бекітуге мұрша бермей ілесе
жетектеп.— Айдалада ұрылған дауылпаздан үркіп, кейде əккі болған
сары қауырсын қаз да көпке дейін көліне қона алмайды — қауырсыны
қатпаған көгілдіріне орала алмайды, босқа қиқулап, босқа ойқастайды.
Құныскерей де тап осындай ұясынан босқа безіп жүрген жан көрінеді.
Көп жыл өтті, ескі жара жазылды, ескі əңгіме ұмытылды. Енді келіп
кешірім сұраса — ұсынған басты қылыш кесе ме — ашылды түндік,
қайнады қазан, орын от басында.
Ұзақ уақыт екеуі де кездесіп қалған кездерін айыра алмай тұрды да,
аңырында нарлы жолаушы темен қарап:
— Мейманасы асып кеткен шығар, əйтпесе, елінің жағасы бүтін
болуын тілейтін ездеріңіз сияқты азаматы барын білмей жүр дейсіз бе,
— деп еді, Хакім тағы да іліп əкетті.
— Үкіметтің қолы ұзын, мейманасы асқанды бұғаулауға құрығы
жетеді. Сонда да адасқанның алды жөн — өзі қайрылар, өз үйірін өзі
табар деп жүруі хақ.
— Қайрылуға намыс жібермесе, не істейсіз. Басында егесіп қан
төгіскен деседі жұрт. Ол бастамаған егесті, еруліге қарулы іс істептімыс. Адамның өмірі — құмырысқаның илеуі емес пе, бір рақымсыз аяң
оны бұзып-тапап кетсе, оған назарын салмаса — құмырысқа да басқа
жерге кешпей ме. Ол айтып отырған адамыңыздың елден шығып
кетуіне осындай себептер итермелеген бе, қалай. Мен, əрине,
естігенімді айтып отырмын. Мүмкін бұл олай да болмас. Ал, мəгəр
осылай болса, намыс егеске ұрындырса, егес иін тіресерлік тентектік
жолға сілтесе, бəрі бір емес пе — мың жасаған Сүлеймен де керде. Бүл
жалғанның күзеген тайдың құйрығындай шолақ теріне біреу күндей
күркіреп шығамын деп əлек болады, біреу жыланша жорғалап жетемін
деп пұшайман, біреу боқ аударған қоңыздай жинап-теріп
мехнаттанумен күні зая. Бəрінің де болар жері — тереңдігі кісі бойы
қол ұсынымға жетер-жетпес қуыс.
— Алайда, өмірдің тері қаншама шолақ көрінсе де бірқыдыру жер.
Оған адам адамша жетеді: алқалаған азаматтың ортасында, қатын мен
баланың алдында құрметке бөленген ағалық, аталық салтпен
аттанады алыс сапарға. Бөрідей жортақтап, күзендей бүгіліп жол тору
— лайық емес алшаңдай басып жүретін азаматқа. Сіз оған бір табан
болса да жақынсыз ғой, керсеңіз ауызша, көрмесеңіз тамыр-таныс
арқылы сəлем айтыңыз: маған келсін, сөйлессін. Үкіметтен кешірім
сұрасын,— деп Хакім орнынан түрегелді.
Ол: «Əңгіменің ұшы түйілді, бұдан кейін қалайда бір сыр берер, езі
аяғымен келіп қаруын тапсырмаса да қазықты айналған арқандаулы
аттай, төңіректеп бір соқпай кетпес. Сонан кейін арғы жағын тағы
көрермін» деп ойлады.
Прокурордың жүруге ыңғайланғанын сезіп, нарлы жолаушы да ас
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 03
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.