Latin Common Turkic

Ағайынды Жүнісовтер - 21

Total number of words is 4155
Total number of unique words is 2139
37.8 of words are in the 2000 most common words
51.8 of words are in the 5000 most common words
60.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
да көңіл аудармады. Өз жұмысымен кеше кетіп, қаладан бүгін қайтып
келгендей-ақ Ақметше оған:
— Енді қайтып қалаға бармайтын болсаң, шөп басына бар. Күн
ашықта пішенді жинап үйіп алған жөн,— деді.
Ал өмірі Ақметше сияқты атақты адамның алдында аузын ашып
көрмеген жалшы Акбар қалада не көріп, не қойғанын баяндай алмады.
Ол тек жаутаң-жаутаң қарап:
— Жақсы, жақсы,— деген қылапсыз жауаппен, айыпты адамдай,
атын жегіп, арбасына торсығын салып, қырға шығудың қамына кірісе
берді.
Бір қымбат затын ұмытып кеткендей, қалтасына қолын салып,
қайта суырып, əдетінше сақалын алыстан бір сипап өтті де, Ақметше
арбаға мініп жатқан Акбардан:
— Осы сен Құныс деген қазақты бұрын-соңды көргенің бар ма?—
деп сұрады.
Акбар шошып кеткен жанша, оның бетіне жалт қарады. «Не дер
екен» деп күтіп тұрған Ақметше бұл момақан пішінді, аңғал денелі
адамның қара қоңыр жүзінен, желді күнгі есіп өткен жүрдек қара
бұлттай, жауып кеткен үрейлі қорқыныш пердесін көрді. Шаруаның
тілі де сөзге орала алмай қалды білем, ол тек қорыққан балаша, арбаға
арқасын тіреп басын шайқай берді. «Бұл кісі де маған сенбей ме?
Андағы əкім де сол сұрқияны менің бір танысымдай-ақ қайта-қайта
сұрағыштап еді» деп қысылды шаруа. Акбар алты аласы, бес бересі жоқ
бұл шығанды неге сұрайтынын, өмірі жүзін көрмеген, атын да тек
алыстан естіген ол бас кесердің неге керек болып қалғанын білген
жоқ-ты. Нағыз шынын көз үрейімен ұқтырған Ақбардан Ақметше енді
қайтып сөз тартпады.
— Иə, оны көрмегенің жақсы болған. Жүре бер,— деді.
Шаруаның қалаға барғаны Ақметшеге аса қажет еместігі де, оның
Құныстан бихабарлығы да осындай бір-ақ ауыз сөзбен бітті.
Сол күнгі түн айдың өлі арасында кездесетін əрі жұп-жұмсақ, əрі
шымқай қара, даланың қара мақпалдай түндерінің бірі еді. Ақметше
үйден шыққан бойы шағын ауылдың күншығыс жақ шетіндегі əйелі де,
өзі де пішен басына кеткен Акбардың бос үйіне қарай жүрді. Қолының
оң саусағындай белгілі бұл бірі кіші, бірі кеуделірек, бірі бозғыл, бірі
қоп-қоңыр, көгенге тізген қозыдай томпиып тұрған киіз үйлердің
есігін Ақметше жеті түнде де жаңылмай ашатын. Дағдылы бағытпен
бұл жолы да ол көздеген шеткі үйге, аяғына əлде не бір ойлар
оратылып қалғандай, бас көтерместен төмен қарап жүріп келе жатты.
Не көп, ой көп, не шексіз, ой шексіз ғой. Бірақ сол шексіз шұбатылған
ойдың бір ұшы оны қазір жүргізбей алдын орап алған сияқты: Ол:
«Акбарды шын алжасып шақырды ма, əлде тергеу орнының бұл
айласы ма?!
Мұны кім ашады? Дағдылы күніне — мейрамға ңар- сы арлан бөрі
соғар ма екен, əлде оның жолында да бөгет кездесті ме?» деген
шырмауықтай оралған ой еді.
Есігін түсіріп, сықырлауығын жіппен іле салған үлкен Акбардың
өзіне сай келмейтін жұдырықтай кішкене үйіне ол тура келіп жетті.
Бейуақта жан жүрмейтінін біле тұрса да, ол үйге кірмес бұрын
айналаға бір көз жіберіп алып, үйдің арт жағына мойнын созып еді,
керегеге сүйенген сырықтай ұзын, өте жіңішке адам бейнесін көрді. Ол
жалма-жан басын кері тартып алып аңдыған адамның дыбысын бақты.
Жым-жырт тына қалған дүние. Көзге түртсе көрінбес қара түн.
Шымқай қара көк аспан. Жамыраған үлкен жұлдыздар жерге қарай
өріп, салбырай түскен. Не қимылдаған қыбыр жоқ, не шөп қозғар жел,
құлақ ұстар дыбыс жоқ. Бəрі іштен тынып қалғандай болды. Ақметше
де үнсіз қалды. Бір кез оның жоққа сенбейтін зəресі толқып кеткендей
болды да, екі ұшты сенімсіз «əлде елес, əлде адам» деген күдікке
тірелді: «Адам болса бұл кім? Не қылып тұр?». Көзіне сенбей, ол жұмып
қалып қайта ашты да, мазасыз бір шыбын-шіркейді қағып жібергендей
оң қолымен маңдайын сипап өтті. Екінші рет мойын созғанда үй
артында тұрған адам оған өте ұзын, төбесі үзіктің етегінен əлдеқайда
асып, өзі қаққан қазықтай, шаншылып қалған сияқтанды.
— Бұл кім?— деді Ақметше өзінің əдеттегі қоңыр үнін өзгертпеуге
тырысып. Бірақ оның тұла бойы шымырлап кетті.
«Щитовтың жансызы ғой бұл» деген ой жалт етті оның басына. Үйге
сүйеніп тұрған адам əдейі сынайын дегендей жауап қатпады да,
орнынан сəл жылжып шетке қарай қозғалды. «Шынымен менің соңыма
түскен екен... Акбарды жауапқа алуы тегін болмады. Əлде ол бір
жаманшылыққа жол сілтеді ме?»— деген бұрынғыдан да күдікті ойлар
келді. Не де болса тез шешу үшін бұл жұмбақты:
— Кімсің сен? Неғылып тұрсың бұл жерде. Шық былай!— деді ол
өктем үнмен.
Аңдыған адам бір адым шетке қарай басып:
— Мен,— деді.
Ақметшенің тізесі еріксіз бүгіліп кеткендей болды да, отыра кетті.
Үй жанында тұрған Қаршыға екен.
Ол буынының дірілін басып, сəл кідірді де, балаға да отыр деп
қолымен ишарат етті. Бала жақындай түсті, бірақ отырмады, əкесінен
əлдене бір бұйрық күткендей қарсы алдында тұрып қалды.
— Сен бұл үйдің артында кімді күзетіп тұрсың?— деді ол Қаршығаға
ақырын ғана.
Қаршыға үндемеді. Оның жауап қатпағаны Ақметшені екінші
жұмбаққа тіреді.
«Бұл жерде қандай жұмысы бар? Бұл да менің торыған адамымды
сырттан бақылай ма?» деп ойлады да:
— Үйге қайт. Саған бұл жерде еш нəрсе жоқ. Есіттің бе?— деді ол
Қаршығаға бұйрық үнмен.
— Ана ешкі тұяқ туысқаның жаулық жолға түсті,— деді Қаршыға
тістеніп.
Отырған Ақметшеге оның тістенгені айқын естіліп қалды.
— Ол қандай жаулық?
— Үйінде комсомол бар. Қас қарайған соң келді екеуі...
Ақметше құлағын түре түсті. «Ешкі тұяқ туысқаның» дегені
Таңқыбай екеніне күманданған жоқ, бірақ «комсомолдың» кім екенін
ол анықтау үшін:
— Қайдағы комсомол?— деп сұрады.
— Болжаском.
Баласымен де, ағайындарымен де көп сөйлеспейтін Ақметше енді
қайтып Қаршығадан еш нəрсе сұрамады. Ол аз ойланып алғаннан
кейін:
— Бар, ұйықта. Жұрттың аяғын тыя алмассың,— деді.
Бала жігіт бұйрықты екі етпеді. Үнсіз-түнсіз бұрылды да, өз үйіне
қарай жүре берді. Аздан кейін ол қараңғы түннің тас қойнына еніп
жоғалып кетті де, Ақметше тұсаумен байлай салған сықырлауықты
босатып, қос босағаның етек киізін шешіп төмен ысырып жіберді. Өзі
үйге кірді. Көз бөгер жасау-жиһаз жоқ үйдің ішінде ол ұзақ отырып,
сақар алдындағы тауық шақырғаннан кейін үйіне қайтты. Оның күткен
Құнысы келмеді...
Түні бойы ұйықтамай таң саз бергенде ғана басын жастыққа
қисайтқан Ақметше сиыр сəскеде тұрып, үлкен үйінде шай ішіп
отырды. Түнде күткен адамының келмегені, «ешкі тұяқ туысқаның
жаулық жолға түсті» деген Қаршығаның тістенген хабары жəне түн
қатып жүрмейтін болыстық комсомолдар комитеті хатшысының суыт
жүрісі, оның күдіктеніп жүрген көңіліне қорқынышты үрей енгізді.
«Кенет өзгеріс болса Таңқыбай неге хабарламайды? Түнделетіп
болжаском неге оның үйіне еріп келеді? Мұның бұл жүрісіне Қаршыға
неліктен қастерін тікті? Оразаның ақырғы түні мен ғарапа кешінде
жылма-жыл бес парызының біріндей, алжаспай төбе көрсететін Құныс
қолды болды ма, əлде деспісінен жаңылды ма?»
Бұл суың сұрақтардың ол жамандық жағын топшылап көрді:
«Қосшы ұйымы Ақметшені де ең зиянды тап жауларының бірі деп
таныды... Таңқыбай сыр шашар деп болыстық басшылар оның қасына
адамын қосып жіберді. Болжаскомның түнделетіп жүруі осымен
байланысты.
Құныс қолды болды, жə болмаса ізіне тағы да отряд түсті... Қауіп пен
үміттің жағаласып жүретіні мəлім, ол уатком председателінің: «Көпке
үлгі боларлық мал тұқымын асылдандыру жөніндегі игі тəжірибеңізді
қолдаймын» дегенін қалқан тұтты. Осы бір берік қалқанға соғылып
жан-жақтан төнген жау найзасы майрыла бастағандай болды. Сонда да
ол баласының түндегі Таңқыбай жөніндегі тістеніп айтқан сөзін түптеу
үшін, шыны аяғын төңкеріп жатып:
— Оның сен қастығын қайдан білдің?— деп сұрады.
Қаршыға ойланбастан, жауабын күні бұрын саптап қойғандай:
— Қас адам ғана қас кісіні ертіп келеді,— деді. Сөйтті де:— Ишан
келе жатыр,— деп мырс ете қалып, етегі түрулі тұрған үйдің оң жағына
қарай иегін шошайтты. Өзі жалма-жан орнынан тұрып кетті.
Баласының иек қаққан жағына мойнын бұрды да, Ақметше ауылдың
арғы жақ тұсынан боз атпен ілбіп аяңдай таң-тамаша қалғандай
айналаға көз тастап келе жатқан ақ сəлделі адамды көрді. «Мынау
Қуанай ишан ба? Бұл жарықтық қай жаққа барады», деді ол ішінен. Ол
көзіне сенбегендей, қабағын түйіп қайта жазып, қадала қарады:
аттылы белгілі Қуанай ишан сияқтанды; үстінде ақ мұнара шапан,
басында сəлде. Үлкен аттың үстіндегі қомақты түрі де хазіреттің
белгілі ірі денесі...
Аттылы адам Ақметшенің өз үйінен аулағырақ қонған бір шоғыр
ауылдың алдыңғы жағына шықты да, шеткі үйдің жанында сəл
кідірістеп қалды. Үйден шыққан екі-үш еркек оған иіліп-бүгіліп сəлем
беріп, атақты дін иесіне тағзым ете бастады. Тұс-тұстан жүгірген
балалардың саны да лезде молая түсті. Аттылы адам жөн сұрап
жатпастан, біреулерге тек бас изегендей белгі беріп ілгері аса берді;
елеурей қалған жандарға ол бет бұрмастан тура Ақметшенің үйіне
беттеді. Бұл жерге ете сирек келетін, тіпті Ақметшені онша жарата
бермейтін ишанның ойламаған жерден келіп қалғаны оған тағы да бір
түсініксіз жұмбақтың түйіні тəрізденіп кетті. Не де болса бұл жайдың
мəнін келе жатқан қонақтың өзінен білермін деген оймен:
— Қаршыға, ана хазіреттің алдынан шығып, тізгінін ұста, аттан
түсіріп, үйге кіргіз,— деді де, Ақметше шай құралын жиып жатқан
əйелге: — тез жина да отауға кет,— деді.
— Мен аттан түсірмесем де өзі бірдеме етер,— деп өмірі мұндай
жайда езу тартпайтын Қаршыға күліп жіберді.
Балаға қабағын түйіп Ақметше:
— Бұл саған адырая қалатын əнеугүнгі Əлібек емес, көргенсіздік
жасама, тез қарсылап ал қонақты,— деп зекіп тастады.
Бала амалсыз үйден шығып кетті. Бірақ Ақметше төр алдына
түрегеліп өзі көрпе-жастық тастап, өзінің отыратын орнын да
ыңғайлап үлгіргенше қонақ үйге кіріп те келді. Құрметті қонаққа
көрісуге қолын соза қарсы ұмтылған үй иесі кенет тоқтай қалды...
Оның ишан деп қарсылағаны Құныс болып шықты. Үйге еңкейіп енген
«қонақ» та, оны түрегеліп құрметпен қарсы алмақшы болған үй иесі де
аз уақыт үнсіз тұрып қалды.
— Бұл қай жүріс?— деді үй иесі, аттың жабуын жапқан түйедей
серейіп, о жер, бұ жері шапаннан шығып тұрған, сəлдесі де күлкі үшін
басқа орай салған сияқты ерсі көрінген Құныстан.
Ақметше бұл тосын келген шығанның мына жүрісін де, түрін де
жаратпады. Ол шүйіркелесіп, амандасып жатудан бас тартып, іргесін
бірден аулақ салатын жанша қатал үн қатты. О бастан-ақ жылы жүзді
жақындық шырайға үйреніп көрмеген Құныс,
Ақметшенің ызғарлы түрін көріп, ұсына түскен қолын кері тартып
алды.
— Менің қай жүрісім, қай ісім жымдасып жатушы еді. Көрінім
жерден көзге түсетін қожаның ала қоржынындай теңселген, бұл да бір
жүріс-тағы, отағасы,— деді ол, ебедейсіздеу түрде төрге таман жылжи
түсіп, рұқсатсыз жə отыра кетудің, жə сазарып тұрып қалудың жөнін
таппай. Ол есік жақтағы Қаршығаға мойнын бұрып: — Кел бері, бала,
сен де үркіп тұрсың ба?! Кел, кел!— деді.
Жүзі жайнай түскен бұл қарақұстың балапанына ұқсас сида қара
жігіт ілгері аттай түсті де, рұқсат күткендей Ақметшеге көз қиығын
салып, кідіріп қалды.
— Бұл жүріс өзінен де, өзгеден де біржола безген жанның жүрісі.
Сондықтан...— дей беріп еді Ақметше созып сөйлеп, Құныс оны бөліп
кетті.
— Сондықтан ат ізін аулақ салсаң етті демексіз ғой?
— Сондықтан ұстара тимеген мұрт пен сақалға сəлденің керегі не?
Түйе жүн шекпеннің үстінен тізеден келмейтін шапан жамылып,
дуанаша селкілдегенше Жүністің баласының алдына тізе бүккенің
артық еді. Ол, бəлкім...
Ақметше бұл жолы сөзін тауыспай, əдейі бөгелді. Құныс тағы да
аузына келіп қалған өз болжалын айтып салды.
— Ол, бəлкім, кешірім əперер еді демексіз бе?— деді ол, бұл жолы
болмашы езу тартып.
Бірақ Ақметше түсін де бұзбады, үнін де жұмсартпады.
— ...Ол, бəлкім, саған кешірім əперемін деп жібекпен бетіңді желпіп,
«адасқанның айыбы жоқ» деп арқадан қағып отырып, он жыл бойы
істеген ісіңді, көрген-білгеніңді, кіммен жолығып, кіммен қабаң
қағысқаныңды жіпке тізіп, тілектес, сыбайлас біткеннің бəрін жиып
алып, біреуін Румға, біреуін Қырымға, енді біреулерін о дүниенің
төріне қолымен апарып отырғызып тыныш болар еді. Сонда əңгіме
ұзаққа созылмай, тез бітер еді.
Құныс танымайтын адамындай, Ақметшенің бетіне томағасын
сыпырып алған бүркітше шүйіле қалды. Оның жанарынан от
ұшқындап, зəр шашылып жатқандай болды. Бірақ Ақметше жібудің
орнына, енді түсіндің бе деген кісіше қабағын түйе түсіп:
— Отыр!— деп бұйрық етті.
Бет тамыры көре кезге жыбырлап кеткен Құныс, тіпті бірден-екі
дірілі күшейе бастаған сіңірлі білегін түріне түсіп, қолын қанжардың
қынабына апарып, қайтадан кері тартты: бар қаны ішке тартылып, бас
салар жауы алдында тұрғандай ашу кернеп көгеріп жүре берді.
— Отыр!— деді Ақметше оған екінші рет. Сөйтті де түсі де, түрі де
өзгеше бұл екі адамның сөзі мен қимылына бағып қалған Қаршығаға:
— Қымыз қүй!— деп иек қақты.
Құныс бірден-бірге жығылып бара жатқан жанша, тізерлей бүгіліп,
бір жанбастай келіп, төр алдындағы көрпеге түйеше шөкті. Ол ешкімге
қарамады. Екі көзі тесіп жіберердей-ақ текеметтің əлдене бір қошқар
мүйізді оймышына қадалып отырып қалды. Бір сəт үнсіз етті. Үйде тек
сабадан құя бастаған қымыздың жұмсақ сырылы ғана ағаш табақтың
түбін қылқылдатып жатты.
Баланың үлкен шұбар аяққа құйып қойған қымызын Құныс орталап
сіміріп алды да, енді сенің жұмысың бітті ғой дегендей, басындағы
орашолақтау ораған сəлдесін жіңішке жұрынды сұппа бөркінен
тарқатып алып жерге қойды. Қоныштағы шақшасын суырып алып
насыбай иіскеді. Жаңағы түтеп кеткен үлкен ашудың жүзін сусын мен
насыбай біржола қайырып тастамасын деген оймен Ақметше тағы
оның ары мен намысының уын шығара түсті.
— Сенің батылдығың, күшің, бір беткей қайсарлығың менде жоқ.
Мергендігіңді сөз қылмағанда, тапқырлығың да теңдесін тапқан емес.
Қысқасы сенің орныңда мен бола алмайтыным, менің орнымда сенің
отыра алмайтының əуелден тағдырдың басқан таңбасы. Сенің əлің
келмейтін адам анау уезде отырған Жүністің баласы. Оның қолында
құралды күш, заң, бүтін үкімет бар. Оның үстіне ол жігіттің ең күшті
жағы дініне берік. Дініне берік деген соз алдына қойған мақсатына көзі
жеткен, онан таймайды деген сөз. Сенің қайда жүргеніңді, не істеп
жүргеніңді ол сөз жоқ біліп отыр, білмесе білуге тырысып жатыр. Бірақ
қолында деректі дəлелі болмағаннан кейін, оның əлдеқашан осылай
қарай сілтеген найзасы дөп тимей келеді. Міне, осыны сезбеген кісі,
осыны ойламаған кісі өз басынан біржола безген адам болып
табылады. Менің «бұл жүрісің өз басыңнан біржола безген жанның
жүрісі» деуімнің мəнісі осы,— деді Ақметше.
— Мұртыма сүмелек мұз қатып, қасқиған қаңтарда Тілеубердінің
жылқысын қуып алғанда аяғыңды жазым бастың деп айтқан жоқ
едіңіз.
— Сен өткенді қозғама. Ол кезде намыс пен абыройдың жетегімен
жүргенсің.
— Əлі де сол.
— Онда бұлай етіп «кіш-кіш» деп бұзау қайырған жанша сиыр түсте
ауылға келмейді.
— Қорықпаңыз, менің өлімім басқаның басына зіл түсірмейді.
Қасқырдай күндіз жонда жортып, түн ел тору қажытты.
— Оны баста ойлау керек еді.
— Жақсы,— деді Құныс үнін жұмсартып, қойнынан бүктеулі қағаз
суырып: — кешірім бермейтіні ақиқат болса, мына қағаз бос сөз болды
ғой,— деп ол уысына қысып қағазды жұмарлай түсті.
Ақметше қағазға кезін тікті, бірақ оған қол созбады. Тек «шынымен
алданғаны ма?» деген ой алдын орағыштай берді. Сонда да ол қағазды
«бері əкел!» демей:
— Шынымен кешірім сұрадың ба? Біреуге жаздырып бердің бе, əлде
жүзбе-жүз сөйлестің бе?— деді.
— Жүзбе-жүз.
Ақметшенің кабағы қатулана түсті.
— Иə, қай жерде?
— Кеше, үйінде. Жаңағы өз айтқан сөзіңіз... Екеуіңіз бір жерден
шықтыңыз. Кешірім сұрап əперемін деді, Қаруыңды тапсыр деді.
Қолыма мына қағазды ұстатты.
Құныстың ұсынған қағазын алып, бірақ оған көзін сала қоймай,
Ақметше əңгіменің арғы жағын білуге асықты.
— Сонсоң кімге бардың?— деп сұрады ол Құныстан жүзін бұрмай.
— Келген ізіммен қаладан қайта шығып кеттім. Осында келуге
асықтым.
— Е, солай етпегенде, жекжатты тегіс аралайын демесең!
— Кекетпеңіз,— деді Құныс сəл мұңая түсіп,— он жылдан астам
уақыт ішіндегі ізгі жүзін көрмеген əулие Қуекеңе де бас иіп, жүз
сипауға болмай ма! Батагөй ишанның алдына жүгініп аң ниетпен
тəубеге келмегімді айттым...
— Жақсы ниет, маңдайыңнан жарылғасын демеген шығар-ақ!— деп
қалды Ақметше тағы да ащы кекесіннің ұшын көрсетіп.
— Маңдайыңнан жарылғасын дегені емес пе! «Бір тəңірі өзі қазы, сол
қазыға жүгін» деді. Жəне «басыңды сəждеге бұрсаң сəлдемді ора,
иығыңа шапанымды жамыл» деп шығарып салды.
«Прокурор бұйрық етпей, Құнысқа əкімшілік жолмен қысымшылық
көрсетуге ешкімнің правосы. жоқ, өйткені ол бұрынғы ауыр күнəсын
жеңілдету ниетімен өз өтенінен тергеу орнына бас иді... Прокурор X.
Жүнісов» деген қағаздағы екі-ақ ауыз сезді тез оңып шығып Ақметше:
— Солай жазуға тиіс. Шамам шама. Жүнісов бұйрық бермей, сені
ешкім ұстай алмайды. Ал оның қай күні қандай бұйрық берерін өзінен
басқа ешкім де білмейді. Болысқа соққан жоқсың ғой?
— Жоқ. Ишаннан шыққалы ат басын тірегенім осы жер.
— Тамақ əзірлет. Көрдің ғой, үйде «хазірет» отырғанын! Үйге ешкім
кіруші болмасын. Бөтен адам келсе «ишан бар, үстіне түсуге рұқсат
жоқ» де. Ауылдың бала-шағасын маңдатпа,— деді ол Қаршығаға.
Қаршыға үйден шығып кетті.
Көп күннен бері қатты толқып, жолдағы Хакімнің сөзі мен
айдаладағы Жолмұқан палуанның сүйектен етер сөздерінен кейін
«кессең басым мінекей» деуге таяу қалған Құныс енді ол ниетінен
қайтуға бет бұрды. Қағазды көрмей тұрып, не істеп келгенін білмей
тұрып, алда не боларын қолмен қойғандай болжаған Ақметшенің
мойын бұрғызбайтын сөзі мен кекесінді тілі оның кекшіл кеудесін
қайта ісіндіріп жіберді.
— Басын кесіп қанжығаға байлауым керек еді бұл тұзақ салушының.
Бірақ сөзінде қылап, жүзінде бүкпе білінбеген соң, сөзге тұрысар
қазақтың cap қасқа жігіті екен деп қалдым,— деді Құныс əлгідегі
жұмсара түскен суың қабағы қайтадан қар бүркіп.
— Бас кесуді жөн деп түсінбе. Иін тіресер ерліктің күні өлі туған жоқ,
— деді Ақметше əлденені меңзең. Бірақ түсі тағы да өзгере түскен
Құныс бұл сөздің ішкі үніне құлақ тоспады. Ал Ақметше өз ойын
тиянақтауға тырысты.— Үйінде кездессең сыр ашысуға да жетектеген
шығар прокурор?— деді.
— Тағы не сыр ашпақ? Бар сыр қолында: менің Текеден қару тасуға
барған сапарымды, Абылаевты жер соқтырып кеткенін бірінші
жолыққанда-ақ алдыма жайған. «Ақметшенің қорасын күзетуден не
таптың?» деген улы сөзді қыстырудан да тайынған жоқ.
— Бəрін бопсалап ашты де!
— Бопса емес, бəрін түгел алдыма жайды: менің жолым басқа.
Ақметшенің жолы басқа. Баладан басқа біздің арамызда көпір жоқ. Ол
көпірдің өзі де он жылдан бері ойдан шығып барады. Олар қазір бір
жағада, мен екінші жағадамын,— дедім.
Ақметше үнсіз қалды. Құныс əлденеше рет оны сөзге шақырып керіп
еді, бірақ тіл қатпауға ант берген адамша, ол түйсініп басын
шайқаумен ғана жауап берді. Қонақтың атын суарып, шатыр астына
байлап, алдына жем аралас көк шөп салып жайғастырған Қаршыға
астың қамымен болып, отау жақта көбірек айналды. Ас ішер
алдындағы екеуінің үзіп-үзіп айтқан əңгімелеріне ол қолға су құйып
жүріп қана құлағын тосты.
— Бес-он күн аялдауыңа болар! Қыстау жаққа ешкім бара қоймас.
Пішеншілер алыс,— деді Ақметше оған.
— Аңшылар ше?
— Олар алдымен осы жерді торыр. Ол жаққа да көз салуы мүмкін.
Онда өз қамыңды өзің жасайсың...
Ас жеп болғаннан кейін аң мұнара шапан киген, аң шалмалы
«ишанды» Қоспа мешітіне қарай шығарып салуға салт атпен Қаршыға
бірге кетті.
Ақметше үй сыртына шығып, қонақты аттандырып жіберді.
2
Болыстың жастар комитетінің хатшысы Таңқыбайды «менің
кедейім» дейтін. Бұлай деуіне себебі де молды. Пысық Таңқыбайды
алдымен қосшы ұйымына бейімдеген сол Шынғалиев еді. Тек қана оны
ұйымға кіргізіп қойған жоқ, сауатын ашуға да көп көмек етті. Оның
үстіне Шынғалиев Таңқыбайды қасына көбірек ертетін. Əсіресе,
демалыс күндері оны ертіп шығып келген құс атуға да құштарлығын
асырып жүрген. Қай жерге ертіп барамын десең де, не жұмысқа
жұмсасаң да, бұл елпілдеп тұрған шаруадан бір де қайт жоқ, ере береді,
жүре береді. Тапсырған істі жəне орындамай тынбайды. Нағыз атқа
жеңіл құбаша адамы Шынғалиев оның үйіне көбірек келіп, тіпті жиіжиі қонып кетіп жүрді. Ақметшенің аң ордасы, кілемді үйі, кроваты,
төсегі кедейшіл Шынғалиевке о бастан-ақ жат көрінген. Ол детдомда
тəрбиеленіп жүрген кезде де бай мен биге өзгеше өштікпен есті.
Сондықтан ол Ақметшеге əдейі көрсетіп, төріне төсеуге дұрыс киізі де
жоқ Таңқыбайдың үйіне келіп қонып жүрді. Ертеңгілікте қызыл күрең
шайға қанып, күн сəскеге келгенде сары қымызды сапырып ішудің
орнына ол қосшы кедейдің үйінен сарысу тістеп, сұйық шай ішіп
аттана беретін. Сол «менің кедейім» атанған Таңқыбайына Шынғалиев
бүгін де:
— Тəке, сіздің ауылға барамын. Кетіп қалмаңыз,— деді.
Бұған қуанып кеткен Таңқыбай:
— Əрине, біздің үйге қонбай қайда қонайын деп едің,— деп мəз
болып қалды.
Кешке дейін Таңқыбай жастар кеңсесіне бір емес, əлденеше рет
келіп:
— Қауғабай, жүретін уақытта маған дауыста. Мен аттарды
дайындайын,— деумен болды.
Бірақ Таңқыбай сан рет келсе де, Шынғалиевтің түстен кейін
бастаған жиналысы күн ұясына кіргенше аяқталмай қойды. Шыдай
алмаған Таңқыбай да қалбалақтап, үй төңірегінен шыға алмады. Ол
үйге кіруге де бата алмады. Қаншама жақсы көрсе де Шынғалиевтің
мінезі жаман, тілі де ащы. Өткен жолы əлдеқалай жастар мəжілісінің
үстіне кіріп келгенде Шынғалиев оған: «Отағасы, бұл қосшының
жиналысы емес, жастардың жиналысы. Тіміскіленіп көрінген жерге
басыңды сұға берме», деп тастағанды. Содан бері ол аяғын байқап
басып, күнəлы адамдай Шынғалиевқа жалтаң-жалтаң қарап қойып,
оның қасы мен қабағын аңдитын еді. Ал бүгін «бірге қайтамыз, сіздің
ауылға барамын» дегеннен кейін Таңқыбайдың тақаты қалмады.
Қайта-қайта келе берді. Ең соңында, тұсаулы аттарды үйдің тап
іргесіне жетектеп алып келіп «уақыт болды, шық» дегендей етті. Атты
да, Таңқыбайды да көзі шалып қалғанмен, болыстық жастар комитеті
шыға қоймады. Ол сөйлеп жатыр еді. Еріксіз құлақ түрген Таңқыбай
үздік-үздік:
— ... Ақметше сияқты табы жат адамдарды айдап жіберген күні...
Таңқыбай сияқты кедейлер... езілген, тұншыққан кедейлер... «уһ!» деп
демін алады... Жерге, малға, еңбекке қожа...— деген сөздерді айқын
есітті. Байлардан теңдік алу, ақысын алу дегенді ауызбен ғана емес, өз
көзімен көрген Таңқыбай бұл сөздерге таңданған жоқ. Оны селт
еттірген «Ақметше сияқты табы жат адамдарды айдап жіберген күні»
деген сөздер болды. Ол құлағын түре түсті, тіпті үйге жақындай
бастады. Бірақ қас қылғандай мəжіліс бітіп, үйдегілер дүр етіп
орындарынан тұра бастады. Шулап, сөйлеп шыққан комсомолдардың
ең соңынан Қауғабай Шынғалиев те шықты.
Таңқыбаймен екеуі «Шеген құдыққа» асты.
«...Ақметшені айдап жіберген күні Таңқыбай сияқты кедейлер уһ деп
демін алады». Бұл сөздің мағынасын Таңқыбай жақсы түсінеді. Бірақ
оның аса ұғына бермейтін бір жайы. «Ақметшені қайда айдайды? Барса
келмеске ме?» Бұрын патша заманындағы «барса келмеске айдайды»,
«Сібір жібереді», «Тескен тау өтіп кетеді» дегендер Таңқыбайдың
құлағына таныс сөздер. Ал «Ақметшені айдау...»
Таңқыбай басын шайқап келе жатты. Қауғабайдан сұрауға батылы
бармады. «Барса келмес» қай жерде екен?— деп те ойлап, бірақ оның
ел екенін, жер екенін айыра алмай кішкене адамның кішкене ойы
ешбір қолға ұстар дəйек таппай келе жатты...
— Тəке,— деді Шынғалиев бір сəт аттың тізгінін қытыңқырап ұстап,
өзі ер үстінде Таңқыбайға қарай бүтін денесімен бұрылып.— Көп
жылдардан кейін осы жерде не болатынын білесің бе?
Ойы бөлініп кеткен Таңқыбай:
— Лəпбəй?— деді түсінбей қалып.
— Көп жылдардан кейін... айталық он-он бес жылдан кейін осы
жерде не болатынын білесің бе?
— Қайдан білейін, қарағым. Көп жыл өткен соң не болатынын бір
құдайдың өзі...— деп қалды да Таңқыбай «құдай» деген сөзді
Шынғалневтің жаратпайтыны есіне түсіп кетіп, аяғын бұра салды.—
Көп жыл өткен соң не болатынын біз қайдан білейік. Біз надан
адамбыз. Өздеріңіз сияқты көп оқыған жігіттер болмаса.
— Дегенмен топшылап көріңізші: мəселен, екеуіміз осы жерде келе
жаттық, сонда не мініп келе жатар едік? Жолда не көрер едік?
Ойланыңызшы, Тəке.
Ойлауға онша алғыр, болжауға өте бай болмаса да, Таңқыбай кейде
жауапты тез табатын да еді.
— Ақметшенің қаз мойын қара көктеріне мініп келе жатамыз да,
басқа не мінейік,— деді ол жіп-жіңішке даусымен.
Сөйтті де, ол өз сөзінен өзі шошып кетті. Əлсіз даусы қасындағы
Шынғалиевтен əрі асып жығылмаса да, мұны ол бүтін ел естіп
қалғандай көрді.
— Жоқ,— деді Шынғалиев.
Таңқыбай оган жалт қарады.
— Мен қателестім білем, Қауғабай. Оқасы жоқ, қателессем
қателесейін. Біз надан адамбыз.
Ол ішінен Шынғалиевтің «жоқ» деген жауабын жақсы көріп қалды.
«Қаз мойын қара көктерді емес. Біреудің малы біреуге тимей-ақ
қойсын... əркімдікі өзіне бұйырсын...»
— Қателестің, Тəке. Мықтап қателестің. Біз Ақметшенің қаз мойын
қара көктеріне мініп келе жатпаймыз. Қаз мойынға міну он-он бес
жылдан кейін түкке тұрмайтын болады. Атпен жүру — жаяу
жүргенмен бірдей болады.
Таңқыбай енді таңырқай қарады. Шынғалиевті өте білгіш, өте
сөйлегіш деп ішінен риза болатын, сонымен қатар онан сескенетін де
еді. Бұл жолы оның сөзінен сескене бастады. «Тағы қандай бəле» деп
сескенді ол.
— Біз он жылдан кейін атпен жүрмейміз. Ат қалады, өгіз
ұмытылады. Жаяу жүру деген ертегі тəрізді тыңдауға жақсы, бірақ
нанбайтын əңгімеге айналады. Неге дейсің ғой, Тəке? Тыңда: мына
біздің дала, өзіміздің осы Тайпақтан бергі дала, анау Қашарсойғаннан
арғы, Шалқарға шейін, бір жағы Сабындыкөлге шейін жайылып жатқан
жалпақ дала машинаға лық толады, егін көлге біткен құрақтай осы
алқапты тұтас алып жатады. Тас жолдар салынады. Тас жолдардың екі
жағына мына телеграмм ағашындай тізілген бағандарда электр
жанып, түнді күндізгідей етеді. Ал сіз бен біз фордзонға мініп ызғытып
келе жатамыз. Кəдімгі ана жылғы Совнарком Сəкен мініп келетін
фордпондай машинаға. Он шақырым жер он минуттік жол болады.
Міне, қателескенің, Тəке. Солай болады, тап осы айтқанымдай болады.
Ат деген не тəйірі. Өгізден ат жақсы, ал аттан машина жақсы екені
əлдеқашаннан белгілі, Төке. Жүз аттың сүйрегенін бір машина көзіңді
ашып-жұмғанша қалаған жеріңе жеткізіп береді. Міне, машина заманы
осылай болады. Біз машинаға мінеміз, Тəке. Сөз жоқ оған.
— Шешем он сегізінші жылы сүзектен қайтыс болды. Ал əкейді...
банды атып кетті. Кəдімгі атышулы қарақшы,— деп бөгеле түсті де,—
Құныс қарақшы,— деді тістенгендей, даусы түйткілденіп.
— Апырым-ай, солай ма еді,— деп Таңқыбай селк ете түсті.— Мен
көптен бері сұрайын деп, бірақ бата алмай жүр ем. Сол сұрқия жуырда
осы маңға келіп кетіпті... Мен өзім көргенім жоқ, жұрт солай дейді. Рас
па, өтірік пе білмеймін, əйтеуір осындай бір жаманат бар. Біздің Сəрсен
біледі анығын.
— Не дейсің? Құныс?
— Сəрсен біледі анығын. Мен ауылда болғаным жоқ...
Шынғалиев қанша тырысса да, Таңқыбайдан ауыз тұшырлық əңгіме
шықпады. Ол Сəрсенмен əңгімелесуге асықты.
Кеш келген қонаққа шайдан өзге не тамақ əзірлеуге білмей, еріне
жалтаңдай қалған Қибатқа:
— Қайның келді, Қибат. Кебеже түбінде бірдемең болса қазанға сал.
Алдымен шайыңды əкел,— деді Таңқыбай, қайның деген сөзді
мұқамдап айтуға тырысып.
Кебеже түбінде сыңар омыртқа мен бір жілік барын үй иесі жақсы
білетін. Бірақ оған салатын нанның жоғын ол аңғарған жоқ. Жалғыз-ақ
қолындағы бары — санаулы қонақ асының молына қомданып, жоғына
қысылатын əйел:
— Үйде ұн жоқ еді, би қайнағанікіне барып келе қойсаң,— деп күбір
етті де, самаурын қоя бастады. Бірақ əйелінің бұл сөзін естімеді білем,
қонақтың отыратын жеріне қолымен шаңын қағып жіберіп, көрпе
салды да, Таңқыбай жаңағы Шынғалиевтің жолда айтқан əңгімесін
айта бастаудың қамын көздеді. Ол бұл көп білетін қонағынан бүгін кеш
түсінбейтін нəрселерін біріндеп сұрап, бір өзі оңаша отырып əңгімеге
қаңбақша болды.
Аздан кейін Қибат кебежесін ашып, қазан көтеру жабдығына кірісті.
Табаққа салған етті көтеріп əйел үйден шыға бергенде Қаршыға қарсы
кездесе кетті. Күнде осы кезде Сəрсендікіне де, өзінің үйіне де бір
соғып кететін бұл «ерке жігіттің» бейсеуіт жүрісіне Қибат көңіл
аударған жоқ, оның үйдегілердің əңгімесіне құлақ тоса қалғанын да
елеген жоқ. Тіпті елеген күнде де ерке өскен бір бетті сотқар мырзаны
«неғылып тұрсың» деп мұқшау да қиын еді.
— Ерке жігіт, үйге кір. Қонақпен əңгімелес, жақсы келдің,— деді
əйел өте-мөте сыпайы сөйлесуге тырысып.
— Тақа ағаны папам шақырады,— деді Қаршыға дүңк еткен
тоқпақтай қатаң үнмен. Қай уақытта да жай сөйлесуді білмейтін
қарақұс кейіпті, бөрі қарасты Қаршығаның үнінен бүл жолы ызғар есіп
кеткен сияқтанды. Қибат сəл жол беріп шетірек шықты да, таңырңап
тоқтай қалды.
— Танымай тұрсың ба?— деді Қаршыға кісі алатын бурадай төніп.—
Əлде Тақа аға деген сөзге ақырдың ба? Тақа аға емес, ешкі тұяқ
Таңқыбай керек. Папам шақырады...
Əйел қорқып кетті. Төніп келген Қаршығаның қара сүр беті түтеп
кеткендей сезілді. Ал даусы бұрынғысынан да өктем шықты. Жалмажан кері бұрылып, табағын көтерген күйі Қибат Шынғалиевпен
əңгімеге кіріскен еріне:
— Би қайнаға шақырып жатыр дейді... Ерке жігіт келіп тұр,— деді
даусы дірілдеп.
Таңқыбай орнынан қалай тұрғанын өзі де білмей қалды. Үйден
жүгіре шыққан күйі Ақметшенікіне қарай үкідей ұшты. Бірден неге
келмедің десе не дер? Кеңсе басында не жаңалық бар деп сұраса не
айтпақ?.. Сонсоң мына... комсомол түнделетіп неге келді деп қалса...
Оның қалтаңдаған қарға адымын екі аттап-ақ өкшелеп келіп:
— Бері жүр!— деді Қаршыға, оң қолымен иығынан жүре тартып.
Таңқыбай екпінмен омақатып кете жаздады да, Қаршығаның бұрған
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ағайынды Жүнісовтер - 22
  • Parts
  • Ағайынды Жүнісовтер - 01
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2234
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 02
    Total number of words is 4152
    Total number of unique words is 2232
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 03
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2165
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 04
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2158
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 05
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 1776
    42.0 of words are in the 2000 most common words
    57.8 of words are in the 5000 most common words
    64.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 06
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2187
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 07
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2123
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 08
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2240
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 09
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2004
    37.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 10
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2091
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 11
    Total number of words is 4167
    Total number of unique words is 2067
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 12
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2217
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 13
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2154
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 14
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2247
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 15
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2122
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 16
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2159
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 17
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2073
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 18
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2224
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 19
    Total number of words is 4193
    Total number of unique words is 2231
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 20
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2260
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 21
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2139
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 22
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2284
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 23
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2152
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 24
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2264
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 25
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 2153
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 26
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2137
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 27
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2244
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 28
    Total number of words is 4157
    Total number of unique words is 2240
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 29
    Total number of words is 4175
    Total number of unique words is 2120
    38.3 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 30
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 2160
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 31
    Total number of words is 4095
    Total number of unique words is 2173
    36.7 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 32
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2081
    38.4 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 33
    Total number of words is 4034
    Total number of unique words is 2271
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 34
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2167
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 35
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2089
    37.9 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ағайынды Жүнісовтер - 36
    Total number of words is 1972
    Total number of unique words is 1205
    43.1 of words are in the 2000 most common words
    57.1 of words are in the 5000 most common words
    63.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.