Latin Common Turkic

Дарабоз - 28

Total number of words is 4109
Total number of unique words is 2358
33.5 of words are in the 2000 most common words
48.5 of words are in the 5000 most common words
55.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
дейін жоңғар шебінен өтіп кеткенін айтып келді. Тоқтаның бергі беті мен
Жоңғар қақпасының қос қапталында да ойрат əулеті жоқ деседі. Сірə,
осыдан бір ай шамасы бұрын Үшарал, Көктұманы басып өткен Абылай
жасағы Алакөлдің түстігін жайлаған қалмақ күреңдерін шығысқа таман
ысырып, өздерімен бірге ала кетсе керек.
Алайда Қабанбай Барлықтың батыс сілеміндегі арасан бұлағы бар кең
қоныста бір-екі күн ат шалдырып, жігіттерді тынықтырып алды да, қалың
қолды бастап Жоңғар қақпасына дейін барып қайтты. Бəрін өз көзімен
көруі, шекара шебіне оба-белгілер орнатып, ресми түрде жүріп өтуі керек
болатын.
Тəңірім-ай, қырық жылдан бері бұл өлкені көріп тұрғаны осы! Таныс
жер, таныс аспан. Осы жердің əр тасы, əр бұтасынан бір туыстық сезіледі.
Тү-у, мына бір сарайыңды ашып аңқылдаған салқын самалды-ай! Мана
танертең өткінші жаңбыр жауып өтіп еді. Сол жаңбырға бөрткен қараған
мен тобылғының, жусан мен изеннің иісі танауды жарып, əкетіп барады.
Алғаш шыр етіп жерге түскенде өкпесін қауып, нəр берген туыс ауа ғой
бұл! Бала кезінде қозы қайырған қоңыр белдер, жылқы жусатқан
жылғалар... Əкесі соғыста мерт болып, жолдастары сүйегін артып
əкелгенде, Қожақұл ауылы сонау бір қалын ши өскен көк өзекте отырушы
еді... Ал Ерасыл ағасы Есенбайдың кегін жоқтап, жалғыз өзі жорыққа
аттанғанда, Мəмбеттер бұл арадан үркіп, Қатынсу бойына шегініп кеткенді.
Қабанбай əскер қосынын бергі тау бөктерінде қалдырып, өзі шағын
қолмен Тоқтаның сыртына шықты. Өзіне таныс Сарыбелге көтерілгенде,
баяғы қырғыз жігіті Ерденемен кезігетін ескі қыстау, түнделетіп барып
Өлжежырғалды құм қаптыратын сонау бір өзен бойы көз алдында мен
мұндалап тұра қалды. О, жасаған! Содан бері арада қанша заман өтті
десейші!.. «Ат баспаймын деген жолын үш басады, ер көрмеймін деген
жерін үш көреді» деген рас екен. Əйтеуір, көруге жазыпты Алла-тағала.
Сонда өз туған жеріңді қайта айналып көру үшін, қырық жыл қырғынды
бастан өткеру қажет болғаны ғой?!
Бұлар Тоқтадан кері қайтамыз деп тұрғанда, шолғыншылар Тентек
өзенінің басындағы Үйгентас жайлауында қалмақ күреңдерінің қалпы
құрамай отырғанын айтып келді. Осыны ести салысымен Қабанбай
əскердің аттары нарау жарым-жартысын Барлық бөктеріне қайтарды да, өзі
үш мың қолмен Үйгентасқа қарай бет алды. Өйткені шекараның бұл
бетінде ойрат тұқымы қалмауға тиіс. Қалса, көзге шыққан сүйелдей, екі
жаққа да жаман əсер береді.
Алакөлге құятын Тентек өзенінің жоғарғы аңғарын жүздеген түтін
дүрбіт ауылдарының жайлап отырғаны рас екен. Елбасы нояндары мен
зайсандары Жоңғариядағы ішкі соғысқа аттанып, қалғандары қай жаққа бет
түзерін білмей, əзірше өздеріне сырттан төнген қауіп болмаған соң жұрт
көзінен қата беріс салқын жайлауда отырып қалған секілді. Бұл төңіректің
Үйгентас аталатын себебі: өзен бойындағы қазан шұңқыр кең алқапта
əлденеше үйілген оба, тастан қаланған бейіттер тұр. Сол тас обаның бірі —
қазақ жеріне тұңғыш баса көктеп кірген ойрат қонтайжысы Цеван
Ребданның моласы деген сөз бар... Мына қалмақ күредерінің табан тіреп
отырған тағы бір себебі: бес жүздей жасауыл осы молаларды қысы-жазы
күзететін көрінеді.
Сол жасауыл тобы бар, онан-мұнан құралған басқа да қарулы жасағы
бар, мыңдай қалмақ бас құрап қарсы шапқан болып еді. Оларды қазақтың
іріктелген үш мың жігіті бұйым құрлы көрген жоқ, ортаға таман енгізіп,
қоршап ала қойды да, лезде ұйпап жіберді. Бірақ өздері шіріген бай
немелер екен. Жігіттер төрт түлік малын олжалап, өздерін түп қотара
көшірді де, бөктерге қарай тырқыратып айдап түсті. Сол күйі қазақ жерінен
қоныс таптырмай, Жоңғар қақпасынан ары өткізіп тастады.
Айқас аяқталып, ап-сап басылған кезде Қабанбай бір топ адаммен өзен
бойындағы үйілген обаларды көруге келген. Өзен суы шаймайтындай
жасыл алқапқа жағалай қонған ауыл секілді қаз-қатар тізілген тас
бейіттер... Қонтайжының моласы делінген ен үлкені, əрі сəулеттісі дəл
ортада тұр. Аумағы — он екі қанат хан ордасындай, биіктігі — түйелі
кісінің бойындай. Аңғардың кесек-кесек жұмыр тасынан жымын білдірмей
əдемі жиналған. Біреулер əдейі келіп қопармаса, жауын-сөлге мизімей ұзақ
уақыт тұра беретін түрі бар. Қайдан білсін, ұрпақтарым осы жерде мəңгі
жасайды, солардың ортасында мен де мəңгі тұра берем деп ойлады ғой.
Қабанбай Қубас атты баяу бастырып, обаларды жеке-жеке тамашалап
көріп шықты да:
— Ойраттың ордасын ойрандасақ та жетер. Моласына соқтықпай-ақ
қоялық! — деді қасындағы серіктеріне естірте сөйлеп. — Қазақтың байтақ
жерінде кімдердің басы қалмаған?! Қайта қазақ жеріне кімдер басып
кіргенін, біздің кіммен соғысып қан төккенімізді келер ұрпаққа осы обалар
əйгілейтін болады.
— Моласы құрсын... Кəпірдің өлігіне тиісіп неміз бар?! Тек кейінгі бір
замандарда ойраттар осында ханымыздың басы жатыр деп жер даулап
жүрмесе болғаны! — деді Еспембет əлдебір уайымның шетін шығарып.
«Иə, ол да мүмкін-ау! — деген ой келді Қабанбайдың басына. — Осы бір
шығыс аймақтарға қазақтың да бір ханын жерлеп, Алаша ханның
моласындай басына күмбез тұрғызу керек еді... Бірақ қазақ хандары
шетінен əулие ғой. Мұндай түкпірге келіп жатар деймісің?! Бұл күнде
хандарды былай қойып, жай қарашы бектердің өзі Түркістандағы Қожа
Ахмет Яссауи мазарынан орын алғысы келеді... Əлде осынау шекара
шебіне өзім келіп жатсам ба екен? — деп ойлады ол, əлденеге тұла бойы
дір ете қалып. — Қазір емес, əрине. Кейін жасы жетіп, қартайған кезде...
Өмір бойы желдің өті, жаудың бетінде жүру пешенеме жазылған сыбағам
еді. Өлгенде де тек жатпай, қазақ жерінін бір шетін күзетіп жатпаймын
ба?!»
Арада тағы екі күн өткенде бұлар Барлықтың бауырындағы негізгі қолға
келіп қосылды. Анада кілең тау бөктерімен төтелей тартқан жасақ
Алакөлге бұрыла алмаған-ды. Қайтар жолда əдейі қол жағалап отырды.
Көлдің бұл жағалауы қоғалы қопа, нар қамыс өскен, жолбарыс жортар
қалың жыныс. Дəл арасанға бұрылар тұста құмдауыт, ашық алаң бар екен.
Осы арада басын саздауыт шиден алатын Жарбұлақ атты шағын жылға
ағып жатыр. Сол жылғаны бойлап жаңағы ашық алаңға шықты да, қалың
қол Алакөлге келіп ошарылды.
Қазір тамыз айының ортасы, күн қапырық ыстық болатын. Апта бойы ат
үстінде, бел шешпей, тер сасып жүрген сарбаздар аттарын матастырып
тастап, көлге барып тырдай жалаңаш қойып-қойып кетісті. Бірақ қыр
қазағы жүзе жөнелуге жоқ, бəрі дерлік тоғытқан қойдай топырлап бергі
жағалауда жүр.
Ал Қабанбай биік жарқабақтың басында көлден көз алмаған күйі ат
үстінде əлі тұр.
«Қайран Алакөл! Күндіз естен, түнде түстен шықпайтын асыл айдын,
саумал көлім! — деп іштей тебіренеді. — Шараға құйған қымыздай көбігің
сынып, кемеріңді сүзіп, бəз-баяғы сол орнында жатыр екенсің-ау,
жарықтығым! Ал мен сені бір көруге зар болып, өмір бойы аңсаумен
жүрдім...»
Кенет батыстан аңқылдап самал есіп қоя берген. Сол-ақ мұң екен, көл
беті көпіршіп, ала қанат толқынға толды да кетті. Бейне мың-сан аққулар
бір мезгілде келіп қона қалған секілді. Тү-у, танауды жарған мына бір етене
таныс иісті айтсайшы! Тұзды теңіздің, шалқар көлдің иісі... Ақыры
Қабанбай да шыдамай кетті. Аттан қарғып түсіп, шылбырын қосшысына
тастай берді де, апыл-тұпыл шешіне бастады. Найзасын жағалауға
шаншып, сауыт-сайман, киім-кешегін соның түбіне үйіп қойды да,
жартылай жалаңаштанып, көлдің жиегіне келді.
Бала кезінде Емілдің суына да, Алакөлге де талай шомылған. Біршама
жақсы жүзуші еді. Құрбыларының ішінде осы Шағалақ қана су жыландай
сусылдап, басы қайқайып, жеткізбейтін. Бірақ одан бері қанша заман өтті?!
Əйтседе, адам жас кезінде үйренген машығынан есейгенде де жаңылмайды
екен. Алыс жорық күндерінде Сырдарияға, не Ілеге жолы түсіп қалғанда,
бұл ұлы өзендердің ар жақ, бер жағына еркін малтып өте беретін-ді... Қазір
де көлді кешіп, шылбыр бойына дейін жалдап барды да, тереңге жете бере
құлаштап есе жөнелді.
Па, шіркін, дүниенің рахаты мұнда екен ғой! Тұла бойына бірден салқын
леп ұрды. Шөл қысып келе жатыр еді, ол да сап тиылды. Бойды бұған
қапырық ыстықта ізім-қайым жоқ болды. Қабанбай апайтөс, алып
денесімен жай қобыланып қана жатқан майда толқындарды кемедей
жарып, едəуір ұзап кетті. Бір мезгілде артына бұрылып қарап еді,
жағалаудағы адамдар құрттай құжынап, зорға шалынады. Басқа батырлар
қолбасының суға түскенін жаңа байқаса керек, «енді ұзамаңыз» дегендей,
қолдарын бұлғап шуласып тұр...
Қабанбай таты біраз жерге жүзіп барды да, кейін қайтты. Қайтқан жоқ,
айдын төсіне қол-аяғын жазып жіберіп, шалқалап жата кеткен. Қол суы
мақпалдай жұмсақ, əрі жылы екен. Батырды аялай аймалап, бесіктегі
сəбидей баяу ырғап тербетеді. «Қырық жыл ат үстінен түспей, əбден арыпшаршадың ғой. Сен де бір уақыт құшағымда байсал тауып, тыным алшы!»
дейтін секілді... Бір мезгілде қайтадан аунап түскен Қабанбай көлдің суын
киіздей қарпып, тағы біраз құлаштап алды. Жағалауға бірер арқан
бойындай аралықта ғана қимылын баяулатқан. Судан шыққысы келмейді.
Біреулер ит малтаумен бұған таяп келіп, бірақ одан ары ұзауға жүректері
дауаламай, кері қайтып жүр. Судың тазалығы сонша, көлдің түбі көрініп
жатыр. Қабанбай алабұғаша бірнеше рет шаншыла сүнгіп, бала күнгі
əдетімен, сонау тереңнен əр түрлі тастар алып шықты... Тек құмары қанып,
ыстығы басылғанда ғана жағалауға бет алып еді.
Киініп тұрып, тағы да қол бетіне қараған. Айдынның ортасындағы
Аралтөбе мына жерден тіпті тиіп түр. Өспеген де өшпеген, сол баяғы
қалпы. Қысы-жазы бірдей асау толқын тепкісіне қалай шыдап тұр екен?
Баяғыда жаз бойы соны тұратын Аралтөбеге қыста мұз қатқан соң Мəмбет
ауылдары мал апарып қыстатушы еді. Тек көктемде, мұз түспей тұрғанда
құрлыққа жетіп алуың керек... Айтпақшы, осы Аралтөбе жайында бір аңыз
бар сияқты еді-ау. Аңыз емес, болған оқиға.
Бір жылы Аралтөбені қыстап шыққан бай ауыл көктем шыға құрлыққа
көшіп келе жатқанда, аяқ астынан мұз ойылып кетіп, төрт түлік мал да,
шұбырған көш те харап болыпты. Жағалауға тек, аты сенімді байдың өзі
ғана аман шыққан деседі. Бала-шағасынан, бүкіл дəулетінен бір-ақ сəтте
айрылған бай бұл қасіретке шыдамай, көлге батып өлмекші болады... Тек
сол кезде жаратқан ием əлгіге үн қатқан екен дейді: «Пендем, сен өйтіп
күпірлік жасама. Осының бəрі менің əміріммен болып тұр. Бүгінге дейін
жасаған күнəң үшін мен сені жазаладым. Егер осы тауқыметке төзіп,
тəубеңе келіп, қайтадан хақ жолына түсер болсаң, мен саған алғанымның
бəрін қайтарып берем. Түбі қайыр болады...» депті... Əлгі адам Алланың
əміріне құлақ қояды. Жаңадан шаңырақ көтеріп, тірнектеп мал жия
бастайды. Арада тағы біраз жыл өткенде, сол адамның бала-шаға, малжаны түгенделіп, қайтадан байып кеткен деседі.
«Бұл Алакөл де, Аралтөбе де — тұрған бойы сын мен төзім ғой!
Шыдаған кісі ғана жетеді мұратқа деп тұрған жоқ па, мына қалпының өзі
де?! Мен де Алакөлмен қауышар осы бір арманды күнді қырық жыл күттім
емес пе?!» деп толғанды Қабанбай, ақ жоңқалана көпіршіп жатқан ала
қанат толқындарға сүзіле қарап тұрып.
Қолбасының көңілі бүгін керемет көтеріңкі еді. Өмірі мұндай тыныққан
емес — құр атқа мінгендей қунап қалыпты. Бұл кезде қолбасы
батырлардың бəрі киініп алып, мұны қоршап тұрған-ды.
— Бұл не тұрыс?! — деді Қабанбай қасындағы Баймұрат, Дəулетбай,
Шынқожаларға қарап. — Ақтарыңдар ақ түйенін, қарнын! От жағылып,
ошақ қазылсын!.. Бүгін осы арада жеңіс тойын бастаймыз!!!
Сол күні Алакөл жағасында ұлан-асыр той басталған. Айтып сойылған
ақсарбаста, көпке бұйырған көкқасқада есеп жоқ. Көл жағалай жорық
шағырлары тігілген-ді. Ет тау боп үйіліп, қымыз көл боп ақты. Ойынсауық, əн мен күйге де кезек енді тиіп еді.
XV
Той думаны тарқап, əскер қосыны енді елге қайтамыз деп тұрғанда,
шығыстан қуанышты хабар келді. Сүйінші! Осыдан бір жарым айдай
бұрын Жоңғар жеріне аттанған Абылай жасағы көп олжамен, аман-есен
қайтып келе жатқан көрінеді. Кешелер Жоңғар қақпасынан бері беттеген
қол бүгін кешке қарай осында келіп қалуға тиіс.
Қабанбай қасына мыңбасы, жүзбасы батырларын ертіп, түстік жерден
Абылайдың алдынан шықты. Айтса айтқандай, қазақ жасағы бұл жорықты
өте сəтті аяқтағаны көрініп тұр. Əскер қосыны жасыл тулары желбіреп,
қатары сиремей, оқ бойы алда келеді. Соңында ұбақ-шұбақ көш,
мыңғырған мал... Тынымсыз ұзақ жол мен атыс-шабыс қанша
қажытқанымен, батырлардың көңілі көтеріңкі, мерейлері үстем. Аралары
арқан бойы қалғанда Абылай да, Қабанбай да аттан түсіп, екі жақ бір-біріне
құшақ жая ұмтылысты.
— Алыс жорықтан аман-есен оралдың ба, хан ием? Əмісе Алла-тағалам
жар болып, абыройың ассын! Ата жауын қашанда табаныңда жатсын! —
деді Қабанбай, үш қайтара төс түйістіріп көріскеннен кейін.
— Өзің қалайсың, Дарабоз? Ел-жұрт тегіс аман ба? Ата-жұртыңа
азаттық туын тігіп, көзайым болдың ба?! — деді Абылай да батырдың екі
қарынан ұстаған күйі сілкілей ырғап қойып.
— Қарашы халқың, ереуілді елің түгел амандықта, хан ием! Азамат
атаулы ат үстінде. Барқытбел мен Барлықтың бұл бетінде тірі қалмақ
қалған жоқ. Дүрбітті дүркірете қуып, өз шебіне өткізіп тастадық! — деді
Қабанбай.
Абылай тал бойына əлі де артық ет біте қоймаған, еңсегей, ірі кісі
болатын. Бірақ Қабанбаймен қатар тұрғанда, бойы оның иығынан ғана
келіп, шарғаланып шалынады.
— Бəрекелді! Айың оңынан туған екен. Ұзағынан сүйіндірсін! — деді
хан жүзінде қуаныш нұры шалқып. — Дарабоз, сен өзің бұл өлкенің қай
жерінде туып едің?
— Нақты қай қоныс екені есімде жоқ. Қой қоздап жатқанда, осы
Алакөлдің шығыс жағалауында, Барлықтың бөктерінде дүниеге келіппін.
— Мыналар өзіңді туған жеріңе дұрыстап аунатты ма?
— Аунағанда қандай? Шалғынына шалқалап, айдыныма шомылып, бір
жасап қалдым! — деді Қабанбай ағынан жарылып.
Бұл кезде Малайсары, Баян батырлар да таяу келіп, ағайын жұртпен
көрісіп жатқан.
— Хан ием! Қолбасыны біз өзіміз аунатпасақ, басқалардың соған
батылы барды дейсің бе? — деді Малайсары сөзге араласып.
— Онда, кел! Əлі де кеш емес... Бұл Дарабоз будан кейін қолға түсе
бермейді! — деп желігіп алған Абылай мен Малайсары екі жақтап,
Қабанбайды атан түйедей шөктірді де, көк жасаңға əрі-бері аунатты.
Айнала ду-ду күлкі. Əр тұстан сүйінген, қуанған дауыстар естіледі.
— Жаса, Дарабоз!
— Қуанышың құтты болсын!
— Қырық жылдан кейін туған жердің бесігіне бөленіп, сəбилік шағыңа
қайта оралғандай болдын-ау! — десіп жатыр.
Бұлар сол күні Қабанбайдың шатырына келіп, той салтанатын қайта
жалғастырған. Қолбасылар жата-жастана əңгіме шертісіп, екі жақ та өткен
жорықтың хикаяларын баяндады. Айтыстарына қарағанда, Абылай жорығы
дер кезінде, əрі өте сəтті болған көрінеді. Ен бастысы, Намеху-Жырғалдың
əскерін жеңіп, Дабашыны ойрат тағына қайтадан отырғызып қайтыпты.
Əсілі, ойрат қонтайжысы Дабашыға қарсы бас көтерген Намеху-Жырғал
мен Сайын-Бөлек нояндар осал жау емес-ті. Екеуі де — ақсүйектер
арасында беделді, əскер ішінде ықпалды адамдар. Ал Дабашыны
орталықтан шалғай жатқан солтүстік аймақтар болмаса, Іле өңіріндегі
ойраттар көп біле бермейтін-ді. Оның үстіне Дабашы мен Əмірсананың бір
рет елден қуылып, ойраттың ата жауы — қазақ еліне қашып барды деген
атағы тағы бар... Сондықтан, Дабашы Лама Доржиды өлтіріп, хан тағына
қолы жеткенімен, оны Орда тірегі щорстар да, түтін саны мол дүрбіттер де
бірден мойындай қоймаған. Намеху-Жырғал мен Сайын-Бөлектің бүлігі аз
болғандай, бұларға соңғы сəтте дүрбіт шонжары Тоғыз-Кашка деген бір
қызыл көз пəле тағы қосылған. Осы үшеуі үш жақтан қысымға алып, арада
екі-үш ай өтпей қонтайжыны Ордадан еріксіз ығыстырған-ды. Шарасы
таусылған Дабашы Талқының кезеңінен аса қашып, Бұратола маңында қол
жинап жүрген Əмірсанаға келіп паналайды.
Ал бұл аралықта Намеху-Жырғал өзін ойрат ханы деп жариялап та
үлгерген. Бірақ ол онымен де тынбайды, өзіне Тоғыз-Кашканың əскерін
қосып алып, Дабашының өкше ізіне түседі. Бұл кезде Əмірсана мен
Дабашы да маңайларына бір түмендей қол жинап үлгірген-ді. Екі жақтың
əскері Жырғалаң өзенінің бойында ұшырасып, бірнеше дүркін кескілескен
ұрыс болады... Жоңғар қақпасы арқылы төтелей тартқан Абылай жасағы,
міне, дəл осы кезде ойламаған жерден жаудың қыр желкесінен шығады ғой.
Жан-жақтан қыспаққа алынып, тығырыққа тірелген Дабашы мен
Əмірсана тек осыдан кейін ғана еркін тыныстап, күш ала бастайды.
Намеху-Жырғал амалсыз əскерін екіге бөліп, Абылайға қарсы қол
аттандыруға мəжбүр болады. Бірақ Абылай келе жатқан қалмақ қолынан
күні бұрын хабар табады да, ұрымтал жерде қақпанға түсіріп, тас-талқанын
шығарады. Енді Намеху-Жырғал мен Тоғыз-Кашканың өз əскеріне
қоршауда қалу қаупі төнеді.
Намеху-Жырғал одақтас екі ноянның арасына жік салғысы келіп, бұдан
бұрын да Əмірсанаға астыртын кісі салған көрінеді. Ал ту сыртынан
жеңісті жорық жасап, шабуылдан келе жатқан қазақ əскерінің дүбірін
естігенде жаны қысылған жалған қонтайжы сол өтінішін тағы қайталапты.
— Егер опасыз Дабашыны тастап, менің жағыма шықсаң, жарты
хандығымды саған берейін. Бұрын жартылай Дабашыға қарап келген Алтай
мен Тарбағатай өлкесіндегі аймақтарға бұдан кейін бір өзің қожа боласың!
— дейді ол Əмірсанаға.
Білетіндердің айтуынша, мұндай батпан құйрықты көргенде Əмірсана
əжептəуір толқыған деседі. Қарсы жаққа өтіп кетуге, шынын айтқанда,
Дабашыдан емес, қазақ хандығынан жасқанған... Ақыры, солқылдақ
Əмірсана ең соңына дейін өз одақтасымен бірге болуға бел байлайды.
Сөйтіп, қысылтаяңда өзін бұлдап өткізгіеі келген əккі ноян «бұған не
айтасың?» дегендей, Намеху-Жырғалдың хатын Дабашыға көрсетеді...
Одақтасының құлқынын анау да түсіне қояды.
— Саған керегі жеке билік пе? Жанағы айтқан өлкелерді мен де сенің
қарауыңа берейін. Ойрат Ордасының құрамында кіші хан болып
отырарсың! — дейді Дабашы.
Сонымен, екі дос қайтадан тіл табысып, қас жауларын қақпанға
түсірудің қамына кіріседі. Алдымен екеуі жорта араздасып, əскерлерін
бөліп əкетіседі. Бұл дақпырт, əрине, қарсы жаққа да жетіп жатады... Сондай
күндердің бірінде Əмірсана қонтайжы Дабашының алтын зерлі қалпағы
мен қыл шашақты туын алып, ентігіп Намеху-Жырғалта жетеді ғой.
— Мен ойланып көріп, сенің ұсынысыңды қабылдадым. Дабашыны
ұйқыда жатқан жерінде қолға түсіріп, саған байлап əкелейін деп едім, əккі
неме күні бұрын сезіп қалып, құтылып кетті. Мынау — соның қалпағы мен
туы! — дейді айғақты заттарын табыс етіп.
Намеху-Жырғал осының өзіне-ақ мəз болады: Демек, көптен жұптары
жазылмай жүрген нояндардың арасына от түссе, Дабашының өрісі тарылды
деген сөз... Екі жақ шұрқырасып табысады. Əмірсана жаңа одақтасы
Намеху-Жырғал мен Тоғыз-Кашканы өз шатырына қонаққа шақырып, сол
күні ұлан-асыр той жасайды. Астау-астау ет тартылып, əркі дегенің дария
боп атады... Ақыры түннің бір уағында қонақтардың сілесі қатып, ұйқыға
кетеді ғой. Міне, дəл осы кезде дайын тұрған Дабашының адамдары келеді
де, əлгілерді шетінен бауыздап шығады... Бас кеткен соң басқалары не
істемек? Осы қырғыннан кейін Намеху-Жырғал əскерінің бір бөлігі
Дабашының қарауына еніп, қалғандары тоз-тозы шығып босып кетеді...
Жорық мақсаты орындалған соң, Абылай да ол жақта көп бөгелмеген
секілді. Соғыстан түскен олжасына қоса Дабашы мен Əмірсананың мол
сый-сыяпатына ие болып, елге қарай бет түзеген.
— Нояндар арасындағы үздіксіз қырқыстан ойрат жұрты да тозып
бітіпті, — деді Абылай əңгімесін аяқтай келе. — Бұлардың жай шаруа
баққан арат, албаты дейтін қалың бұқарасы бар. Солардың қай-қайсысының
да соғысқа құлқы жоқ... Ал ақ сүйектерінің тақ құмарлығын айтпа! Тақ
үшін туған бауырын шалып жіберуден тайынбады. Сол Дабашы мен
Намеху-Жырғал — бір-біріне ұзаса үш атадан қосылатын шөбере деп кім
айтады. Əмірсана болса — қыздан туған жиен. Ал істеп жүргендері — анау.
Надандық қой, əрине... Бұлар хандық дəрежені халық алдындағы қасиетті
парыз деп емес, тек билік пен байлықтың көзі деп ойлайтын секілді.
Абылай осы сөздерді айтқанда, іргелес жатқан қазақ пен қалмақты іштей
салыстырып отырғанын Қабанбай да аңғарып қалды. Қазақ бұл жөнде
қалмақтан көш ілгері тұр екен ғой. Мəселен, ұлы хан Əбілмəмбеттің көп
жылдан бері өз тағын аталасы Абылайға жалынып өткізе алмай жүргенін ел
ағалары жақсы біледі... Қандай кереғарлық?!
— Қалмақтар, қанша дегенмен, құдайларын балшықтан илеп алатын
дінсіз халық қой?! Өздерімен кетсін, бəтшағар! — деді Қабанбай ойлы
пішінде: — Сонымен, Дабашы ноян арманына жетіп, хан тағына отырды
ма, əйтеуір?
— Ол ойрат тағына бір отыруын отырды-ау. Бірақ бұдан былай сол
Дабашы мен Əмірсана екеуінің басы бір қазанға симай ма деп қорқамын.
Енді пəле шықса, сол екеуінің арасынан шығады...
— Олар біздің Барқытбел мен Алтайға жорық жасағанымызды біліп
отырған болар? Ол туралы не айтады өздері?
— Не айтушы еді? Ел қамын жеген Едігені көрмедім-ау мен солардан...
Жорық жайында сөз қозғасам: «Терістіктегі төртауыт пен дүрбіт ырықтан
шығып, құрық əкетіп жүр еді. Қайта соларды бері таман ығыстырып, бізге
бағындырып беріңдерші» деп өзімізге қолқа салады. Енді оларға
қарайлайтын ештеңе жоқ. Аттанысты жалғастыра беру керек! — деді
Абылай.
Осыдан кейін əр рудың батыр, билері бас қосқан отырыста Абылай тағы
бір маңызды мəселені сөз етті. Жай сөз емес, хан жарлығы. Жалпақ жұртқа
жеткізсем деп асығып келген сол ойын бірінші рет осында жария қылды.
— Өздерің білесіңдер, соңғы жылдары ақ білектің күші, ақ найзаның
ұшымен, талай ер-азаматты құрбандыққа бере отырып, қазақ жерінің
негізгі бөлігін жаудан босаттық. Мұрнағы жылы қасиетті Сыр бойында қан
төгіп, былтыр Жетісу үшін шайқассақ, биыл Барқытбел мен Барлыққа
қолымыз жетті. Ертең Ертіс өңірі мен Алтай азат болады! — деді хан
отырғандарға жағалай көз салып. — Ендігі мəселе: осы қоныстар иесі жоқ
жер сияқты бір күн де бос жатпауы керек. Ақшəуліден ары, Аягөз, Балқаш,
Шыңғыстау аралығында иін тіресіп отырған елдің біразы осы күзден
бастап-ақ осылай қарай көшетін болсын! Кімнің қай қонысқа ие болатынын
тəптіштеп, айтып жатпай-ақ қояйын. Жапсарлас жатқан Жалайырды есепке
алмағанда, бұл жаққа көшетіндер, негізінен, Найман атаң балалары ғой.
Енші бөлісу, қоныс үлесу жағын мына Дарабозды ортаға ала отырып,
өздеріңіз бір жайлы етерсіздер... Тек менің тілейтінім: атаның ұлы атаусыз,
ер еңбегі ескерусіз қалмасын!
Жер бөлісі, көші-қон қамы Қабанбайдың да көптен көңілінде жүрген
жайт болса керек. Абылайдың сөзін зейін қоя тыңдап отырды да, іле
жалғастырып əкетті.
— Жақсы айттың-ау, хан ием! Осы жағдай мені де көптен толғандырып
жүр еді. Ақсақалдармен ақылдасып, нобайы осылай болса деп, бір жоба да
жасап қойған ем. Көп талқысынан, хан қаулысынан өткізу үшін сол
жобамды айтып көрсем қайтеді? — деген көпшілікке қарап.
— Айтыңыз, сардар аға!
— Жұрт ертерек құлақтанып, көші-қонға дайындала берсін! — десті
отырғандар.
— Айтсам, менің ойым былай: əзірше жау қолынан босаған Барқытбел
мен Барлық, Жоңғар Алатауы мен Балқаш арасы ежелден бері-ақ
Найманның Төлегетай тармағы жайлаған жерлер,—деді Қабанбай сөзін
жалғастырып. — Осы өлкенің əр сайында ата-бабамыздың сүйегі жатыр.
Сондықтан əр ру, мүмкіндігінше, өзінің байырғы ата қонысына оралғаны
жөн сияқты. Барқытбелдің теріскейі əлі де жау қолында. Ол туралы əңгіме
кейін... Əзірше күнгейдегі ел жаңа қонысқа мына тəртіппен көшсе деп едім,
— деп сəл бөгелді де, ойын таратып айтып кетті. — Алдымен Жетісу
жерінен бастайықшы: соңғы жылдары Сыр бойынан көтеріліп, Балқашқа
иек арта, Іленің төменгі құйғанына келіп қоныс тепкен ағайындас ел бар.
Олар — ежелден бері Найман ұлысымен иық сүйесе қатар кешіп келе
жатқан, төсекте басы, төскейде малы қосылған Жалайырлар. Ел берекесін
ойлаған Ескелді, Балпықтай биі бар. Күні кеше осы жер үшін жан қиған
Тəттібайдай батыры бар. Сол ағайындар Іленің оң қапталынан бері қарай
өpic кеңіту үшін, Қаратал мен Көксудың қос алқабын сұрап отыр. Іштарлық
жасамайық. Аңдалас ағайын ортамыздан ойып, оң қанаттан келіп қоныс
алсын! Бұған не дейсіндер? — деп жұртқа жағалай көз салған.
Көпшілік дуылдасып, əр тұстан қостау сөздер естілді.
— Дүрыс-ақ!
— Жол — ата бал асы Жалайырдікі. Ойбай-ау, олар исі қазақ қастер
тұтқан ноқта ағасы емес пе?!
— Əлі топырағы да суып үлгірмеген Тəттібайдай қыршынның аруағын
қалай ұмытамыз? — десіп жатыр.
— Бəрекелді! Онда бұл сөз осымен бітсін! — деді Қабанбай. — Ал
Найманның өз ішіне келсек, «Ақтабаннан» кейін көп жылдар Балқаштың
сыртын, Аягөз бен Тоқырауынды жайлап келген Садыр мен Матай
былтырдан бері Ақсу мен Лепсіні өрлей көшіп, шығысқа қарай өрic
кеңіткенін білесіздер. Осылар сол үрдісін бұзбай, түстікте Жалайырмен
жапсарлас, шығыста Жоңғар шебіне дейін қанатын кең жая берсін. Лепсі
мен Қараталдың арасында, арқасын Алатауға тіреп, аяғын Балқашқа қарай
көсілсін. Ал Матайдың бір бұтағы Қызайды ағайыннан ажыратпай-ақ
қоялық. Оларда осылармен қанаттас, қатар қозғалсын. Бұған не дейсіңдер?
Бұл билікке Матай мен Садырдың Шоңқа, Тауасар, Алдияр секілді
батырлары дəн риза болып, тұс-тұстан қостап кетті.
— Дұрыс-ақ, сардар аға!
— Бұл айтқаның тіпті құдайға жөн!
— Біздің сіңірімізді созып басқа бір жаққа көшірмей, қонысты таяу
жерден бергенің тіпті оң болды! — десіп жатыр.
Тек Қызайдың биі, əрі батыры Есенгелді ғана бір сөз қыстырып қалды.
— Бұл күнде Қызай да құйрық-жалы төгілген бесті айғырдай ел болды.
Ендеше ол қашанғы Матай атаңның соңынан ілесіп, енесін қақтап еме
береді? Лажы болса, бізге де бір сыбаға жер берілсін. Ал жер жетпей жатса,
Қызай бұрынғы орнында, Аягөз, Ақшатау маңында қала тұрады, — деген,
жасы қырықтың ішін мол аралаған Есенгелді байсалды қалпын бұзбай.
— Айтқаның орынды, Есенгелді. Жұрттың бəрі шығысқа қарай
аунағанда, Аягөзді арда еміп, жеке жайласам дегенің тіпті жөн-ақ! — деді
Қабанбай. — Ал енді аяндап Қаракерейге келейік. Байыс балалары:
Ақымбет, Сыбан, Мұрын, Қыржы болып өздерінің қазіргі жайлы
қоныстары Шыңғыстау, Қалба, Аягөз аралығында қала берсін. Ал
Семізнайман аталатын Байсиық əулеті Ақшəулі, Балқаш, Алакөл арасын
алып жатқан кең өлкеге қоныс тепсін! Алакөлдің түстік жағы мен Тоқта
таудың сай-саласын Жаңбыршы мен Тоқпаққа қалдырып отырмын. Ал
Төлегетайдың шаңырағын ұстаған кенжесі Төртуыл атаңа төскейден ойып
орын берейік. Ұрыжардан — Ақшоқыға дейінгі Барқытбелдің бөктерін сол
ауылдар жайлайтын болсын! — деп айтар ойын жинақтағандай аз-кем
тыныстаған.
Осы кезде манадан бері ұлыстың ішкі əңгімесіне бой салып араласпай,
бірақ зейін қоя тыңдап отырған Абылай бір ауыз сөз қыстырды:
— Дарабоз-ау, өзіңді ұмытып кеткен жоқсың ба? Сонда Байыстың бір
бал асы Бəйжігіт қайда қалады? — деген жай ғана езу тартып.
— Өзімді неге ұмытайын, хан ием?! Менің орным — қашанда желдің
өті, жаудың беті ғой. Мен өзіме табиғы Мəмбет пен Қарақұрсақ ауылдарын
бастап, атамыздың басы қалған Барлықтың бауырына келіп қонсам деймін.
Барлық тауын басыма жастап, аяғымды Алакөлге созып жатып алсам,
менің үстімнен ешкім аттап өте қоймас! — деген лекіте күліп.
— Бəрекелді! Жоңғар қақпасының кілтін басқа ешкімге бермей, өзің
ұстайын деген екенсің, Дарабоз. Мұның тіпті құдайға жөн! — деп Абылай
да разы боп қалды.
Дəл осы тұста қашанда бірдемеге көңілі толмай өкпелеп жүретін Жұмық
батыры Дəулетбай ғана қарсы сұрақ қойды:
— Пəлі, сардар аға! Алыс-жуықтың бəріне қасыңыздан орын беріп
жатқанда, Бəйжігіттің қалған балалары Жұмық пен Тоғасты мүлде
атамадыңыз ғой? — деді кəдімгідей реніш білдіріп.
— Иə. Соны айтам-ау! Ағамыз қоныс болу кезінде бізді тіпті ұмытып
кетті-ау деймін?! — деп қалды Тоғас Қосай батыр да қосанжарлап.
— Соңғы түйенің жүгі ауыр. Тоғас пен Жұмықты əдейі кейінге
қалдырып отырмын, — деді Қабанбай күле тіл қатып: — Биыл, құда
қаласа, Барқытбелдің теріскей беті де жаудан тазармай ма? Бəйжігітке сол
жақтан тиген үлесті түгелімен сендер аласыңдар!
Қабанбай сөзін аяқтағанда, жиналған көпшілік тағы да дуылдасып кетті.
— Төрелігінде қапы жоқ. Ата жолы, түтін саны түгел ескерілген.
— Ойбай-ау, жау басып қалған осы жерлердің қарасын көрмегенде де
шыдадық емес пе?!
— Жана жұртқа бір қонып алайықшы. Танғы нəсіп — тəңірден. Арғы
жатын тағы көріп алармыз, — десіп жатыр...
Осының ертеңінде қалың қол дүрк көтеріле атқа қонып, Акшəуліге қарай
бет алды. Екі қол қосылғанда аламан əскердің өзі қазір бір түменнен асады.
Айдаған мал, шұбырған көш-керуені одан да көп. Бұлар араға бір қонып,
Ұрыжар аңғарына жеткенде, теріскей бетте жорықта жүрген Бөгенбай мен
көкжал Барақтан жаушылар келіп қалды:
— Ертістің сол қапталы мен Қалбаның қалың бұйратын кесіп өтіп,
Қарғыба-Базарға қарай өрлеп келеміз. Бірақ торғауыттар одан ары бастырар
емес. Бұл жақта от қару көп екен... ілгері жылжытпай діңкемізді құртып
тұрған — сол «белі бүкір» пəле. Лаж болса, қосымша əскер жіберіңіздер!
— депті ондағы қолбасылар.
Бұған дейінгі жорықтарда үнемі айы оңынан туып, беті қайтпай келе
жатқан Абылай мына жайсыз хабарды естігенде, қанын ішіне тартып,
сұрланып кетті.
— Қап! Ойраттың Ордасын ойрандап келе жатқанда, тосқауылды
торғауыттан көретін болдық-ау! Оларға от қару ұстатып, қолтығына дым
бүркіп отырған — орыстар ғой, дəу де болса?! Ал, Дарабоз, сіз бен бізге
биыл тыным жоқ екен. Ақшəуліде бірер апта ат шалдырып аламыз да,
терістікке аттанамыз! — деді қасындағы Қабанбайға ширыға тіл қатып.
XVI
Ақшəуліге келген соң жағдай тағы өзгерді. Ақырғы айқастың басықасында жүруге қатты құлшынған Абылай бұл жорыққа қатыса алмайтын
болды. Арттағы хан Ордасына Орынбордан да, ойрат жағынан да елшілер
келіп жатқаны туралы хабар жетіп, Қарқаралыға асығыс аттанып кетті.
Таяуда ойрат Ордасына елшілікке жібермек болып, Малайсарыны да өзімен
бірге ала кеткен. Сонымен алдағы аттаныстың бар ауыртпалығы тағы да
Қабанбайдың мойнына түсті.
Əскерді сұрыптап қайта құруға тура келген. Алакөл- Барлық бағытында
шайқасқан қол мен Жоңғария жорығына қатысқандарды біріктіргенде əлі
де бір түмендей əскер бар еді. Бірақ Құбанбай осылардың ішінен
жаралыларды, аты арып, тоны тозғандарды жəне əр ауылдағы биылғы
көші-қонға қажет болатын адамдарды шығарып тастады да, өз қоластына
жеті мыңдай ғана найза алып қалды. Сөйтіп əскердің бас-аяғын жинап,
бірер жұма ат тынықтырып алды да, қыркүйектің алғашқы жұлдыздарының
бірінде Ақшəулінің кезеңінен Өкпетіге қарай тіке асып түсті.
Алдарынан қарсы жолыққан жаушылардың хабарынан мұндағы қазақ
қосыны қазір үш бағытта соғысып жүргені мəлім болды. Бегенбай бастатан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 29
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.