Latin Common Turkic

Дарабоз - 01

Total number of words is 4114
Total number of unique words is 2346
32.4 of words are in the 2000 most common words
46.9 of words are in the 5000 most common words
54.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
БІРІНШІ БӨЛІМ
ЕКІНШІ БӨЛІМ

БІРІНШІ БӨЛІМ
ТОЛАС
Əй, Абылай, Абылай!
Сен — мен көргенде
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің.
Əбілмəмбет патшаға
Қызметкер болып тұр едің.
Қалқақтап жүріп күнелтіп,
Үйсін Төле билердің
Түйесін баққан құл едің.
Сен жиырма жасқа жеткен соң,
Алтын тұғыр үстінде
Ақ сұңқар құстай түледің.
Дəулет құсы қонды басына,
Қыдыр келді қасына.
Бақ үйінде түнедің,
Алыстан тоят тіледің...
Уа, сен Қанжығалы Бөгенбай,
Тоқымы кеппес ұры едің,
Түн қатып жəне жүр едің.
Қабанбайдан бұрын найзаңды
Қай жерде жауға тіредің?!
(Бұқар жырау)
I
Ғайсаның туған күнінен есептегенде, бір мың да жеті жүз қырық
сегізінші ұлу жылы, мамыр айының алғашқы жаңасында, Сарысу бойында
отырған Əбілмəмбет ханның ордасында, ежелгі ата салты бойынша, жылда
көктемде шақырылатын хан кеңесі өтіп жатты. Алаш ұранды қазақ бұл
күнде үшке бөлініп, Ұлы жүз жері Жоңғардың қоластында қалып, Кіші жүз
руларының дені орысқа бағынған Əбілқайыр ханның соңына ілесіп,
Əбілмəмбеттің құзырында негізінен Орта жүз ғана қалғанымен, осыдан
отыз жыл бұрын еткен қазақтың ұлы ханы Əз-Тəукенің аруағын сыйлаған
жұрт оның немересі отырған шаңырақты əлі де Ұлы орда деп білуші еді.
Бірақ киіз туырлықты қазақ түгел қарайтын Ұлы орданың баяғы айдыны
қазір жоқ, хан жарлығының да дуасы і кете бастаған. Біреулер орысты
жағаттап, екіншісі ойратқа кіріптар болып жүрген қазіргі жаугершілік
заманда кімнің кімге бағынып, қайда қоныстанғанын тектеп біліп отыру да
өте киын еді. Соған орай, екі-үш ай бұрын сауын айтылса да, кеңеске
шақырылған жұрттың біразы келмей қалды. Осы жолы қалайда бас
қосармыз, ел тағдырын бірге отырып ақылдасармыз деп күткен Кіші жүз
ханы Əбілхайыр да, оның балалары Нұралы мен Ералы сұлтандар да бұл
жаққа ат басын бұрмады. Өздерінше терезе теңестіргені, үлкен орданы
мойындамағаны. Жалпы, Əбілқайыр ен соңғы рет 1730 жылғы Жоңғарға
қарсы жорықтарға қатысып, қолбасы ретінде абыройға ие болып жүрді де,
Аңырақай соғысынан кейін сабынша бұзылды. Сол жылы қайтыс болған
Болаттың орнына мені ұлы хан етіп сайламадыңдар деп өкпелеп, өзіне
тиесілі əскермен ұрыс майданын тастап кеткен-ді. Содан қайтып Шығысқа
ат ізін салған жоқ. Батыстағы көршімен тіл табысып кетті де, Жоңғарға
қарсы соғысты жылы жауып қойды. Бұл жолы да: «Хан кеңесіне бара
алмаймын, Петрбордан келетін орыс елшісін күтіп отырмын» деп сəлем
айтыпты.
Торғай мен Ырғыз аралығында Кіші жүзбен жапсарлас отыратын,
Əбілқайырдың қарындасын тоқалдыққа алып, кейінгі кезде қайнағасымен
ым-жымы жарасып жақын жүретін Шақшақ Жəнібек те келер-келмесі
екіталай болып, дəл кеңес басталар алдында, бір топ нөкерімен ырғалыпжырғалып зорға жетті. Əсілі, Арғын ішінде Жеті момынның Шақшақ
бұтағынан тарайтын Қошқарұлы Жəнібек неше атасынан батырлық, билік
үзілмеген, Абылай хан тағына отырғанға дейін, Орта жүздегі төрт тіректің
бірі саналған, аса аруақты кісі еді. Бұқара халық өзі жасаған тізімде сол
төрт тіректі: «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты
Қазыбек, Шақшақұлы Жəнібек» деп ұйқастыруы жайдан-жай емес. Оның
Ақтабаннан кейін ертерек ес жинап, қол бастап, ту ұстаған еңбегін
ескергені, құрмет тұтқаны.
Алайда Шақшақ Жəнібек отызыншы жылдарға келгенде, бұрынғы
бағытын бірден өзгертіп, қайнағасы Əбілқайырдың əуеніне қосылып кетті.
Оның соңынан ерген Шақшақ пен Саржетім ауылдары Əбілмəмбет пен
Абылайға бірде бағынса, бірде бағынбай, көбінше Кіші жүзбен қанаттас
жайлайтын болған. Ресейге бодан болғандар ішінде Орта жүз рулары да бар
дегізіп, бұлар алғашқылардың бірі боп, Ақ патшаға ант берді. Содан кейінақ Шақшақ батыры Əбілқайырмен бірге орыс ұлықтарын жағалап кетті де,
Жоңғарға қарсы кейінгі ұрыстарға қатыспады. Осы жағдай Орта жүз
сұлтандары мен батырларының арасында Жəнібектің беделін күрт түсіріп
жіберген... Бұл жолы да оған бұрынғыдай құрақ ұшқан ешкім болмады.
Мұндай салқындықты Жəнібек те сезді, əрине. Сезді де, бұрынғыдан арман
шалқая түсті. Бұрын да пандығы мен сырбаздығы бір басына жететін кісі
еді, ана жылы Ақ патшадан тархан шенін алғаннан бері сəн-салтанатын
тіпті ат тарта алмайтын дəрежеге жетіпті... Əдейі қыр көрсеткені ме, бұл
жолы Əбілмəмбет ордасына жол-жөнекей амалсыз соққанын, бұдан ары
Петрбордан келетін орыс елшісі А.И.Тевкелев мырзамен жолығу үшін,
асығыс Орынборға жүретінін екі сөзінің бірінде қыстырып қалып отырды.
Оның есесіне, Сарысу бойында, Қаратаудың күнгейі мен Сырдың
төменгі ағысын жайлаған Кіші жүздің Тама, Табын, Алшын, Жаппас
руларының біраз батыр, билері ежелгі ата салтын бұзбай, кеңеске дер
кезінде келіп жетті. Бұлар негізінен Əбілқайырға бағынбай, Батыр
сұлтанның иелігінде жүрген рулар еді. Бұлардан басқа, соңғы жылдары ата
қоныстары, ел-жұрты жау қолында қалып, көбінше Əбілмəмбет ордасын
қорғап-қоршап жүретін Ұлы жүздің Наурызбай, Бердіқожа, Тілеуке
бастаған жаужүрек батырлары өз алдына бір төбе.
Осылардың бəрінін үстіне, кеңес басталарға дəл бір күн қалғанда сонау
Ташкенттен жасы сексеннен асқан Төле бидің келіп жетуі — орда
басындағыларға мерекеден кем болған жоқ. Ұлы би соңғы он-он бес жылда
өз елін артық қан төгістен аман сақтап қалу үшін, амалсыз Жоңғар
хандығына бодан болып, Халдан Цереннің Ташкенттегі басқағы болып
жүрген-ді. Сол жағдайымен кейінгі бірнеше жылда хан кеңесіне де қатыса
алмаған. Сексен бестегі қарттың көкірегі мұңмен шерге толы екен.
Көпшіліктің қошемет-құрметімен аттан түсіп, хан ордасына кіргенде көңілі
босап, күңіреніп кетті:
— О, жасаған! Ортадан ойып ордаға кірмегелі қай заман?! Алаш ұлы
осылай телімге түсіп, тентіреп кетеді деп кім ойлаған?! Дегенмен, жаратқан
құдайға мың да бір тəубе! Алтын тақты ақ ордам, өз орнында тапжылмай
тұр екенсің ғой! Қасиетіңнен айналайын, Əз-Тəукенің орны жоғалмаған
екен ғой! — деп сақалынан алты тарам жас ағып, тізерлеп отыра кетіп,
төрде тұрған алтын тақты сүйгенде, анау-мынауға селт етпейтін
батырлардың өзі көздеріне жас алып еді.
Ал əзірше басына ноқта кимеген Орта жүздің қол бастар батырлары мен
сөз бастар билері кеңеске түгелге жуық жиналды. Қашанда Абылай туынын
астынан табылатын Арғынның Бөгенбай, Олжабай, Малайсары, Сырымбет,
Байғозы секілді батырлары мен Бұқар, Үмбетей сынды жыраулары
əрқайсысы өз нөкерлерімен кеңес басталардан бірнеше күн бұрын келген
екен. Ертеңінде олардың үстіне Қабанбай батыр, Ақтамберді жырау,
Боранбай, Төбет, Қу дауысты Құттыбай билер бастатқан Найманның қалың
тобы келіп ошарылды. Бұларды қорғап-қоршаған: ер Еспембет, Есенгелді,
Баймұрат, Оразымбет, Көкжал Барақ, Тауасар, Дəулетбай секілді əйгілі
батырлары қаншама! Осыларға іле-шала ер Жəнібек бастаған Керей
кісілері мен батыр Баянды бас еткен Уақ жігіттері де келіп жетіп еді.
Арқадағы алты арыс түгел жиналғанда, Қаз дауысты Қазыбек
маңындағы Қаракесек ауылдарының тым-тырыс жатып алуы көңілге біраз
кірбең түсіргендей болды. Кəрі бидің өзі белден шойырылып, ауырып
жатырмын деп сəлем айтыпты. Бірақ бір кезде Əз-Тəукенің өзіне ақылшы
болған қарт Қазыбекті етектен тартып жібермеген — жасының жеткендігі
де, белдің құяңы да емес, соңғы жылдары əкесінің орнына сөз тізгінін
ұстаған Бекболат пен Абылай арасындағы қырбайлық болатын. Оған себеп
болған да — ағайын арасындағы күндестік, билік, бедел бəсекесі.
«Ағайынға қадірім жоқ — бетімді кереді, қатынға қадірім жоқ — етімді
көреді» депті ғой бағыда бір дəнішпан. Сол кеп қазір Абылай басына да
түсіп еді. Ана жылы, Сəмеке хан өлген соң Абылайды алғаш Орта жүзге
хан көтергенде, Арғын атаңның балалары өзара жарысқа түскендей, оған
алты рудан алты қыз беріп, алты отауды бір-ақ күнде əкеліп тігіп берген.
Кейін еттері үйрене келе əлгілер Абылайға қаһарлы хан емес, жай күйеу
бала ретінде қарай бастаған сыңайы бар. Қазақтың бұл мінезіне Абылай да
ырық бере қоймай, арада бет жыртысып, көңіл қалдыратын жайлар да
болып тұратын.
Бұл күнде хан ордасына өкпелеген ақсақал, би, атқамінер атаулы бес
уақыт намазын орыс бекіністеріне қарап оқитын əдет тапты ғой. Кейінгі
кезде Қазыбек төңірегі де хан мен сұлтанның басынан аттап, Орынбор мен
Омбыға тіке байланыс жасай бастаған. Қазақ арасындағы білікті кісілерді
өз жағына тартып, біріне-бірін айдап салуға келгенде патша əкімдері де
əбден əккіленіп алған-ды. Екі арада жүретін жансыз, саудагер, тілмаш
арқылы əркім-əркімге хат жазып, сый-сыяпат жіберіп отыратын. Ал оның
қарымтасына əлгі ақсақал, би, рубасы да қаза даласында, хан ордасында не
болып жатқанын таяу бекіністерге хабарлап отыруға тиіс еді. Абылай
осындай астыртын əрекеттерге қалай тиым салудың амалын таппай тісін
қайрап жүргенде, Омбыға хат апара жатқан сондай шабармандардың бірі
қолға түсіп қалған. Ботахан жəне Жанай деген — Қаракесек руының
жігіттері. Қоржындарын ақтарғанда, Сібір əкімдеріне деген тарту-таралғы
жəне Бекболаттың хаты табылды. Қазақ ордасы мен Жоңғар арасындағы
байланыс, келіп-кетіп жатқан елшілер жайындағы мəліметтер... Абылай
өзгелерге тиым болсын деді ме, əлгі екеуін де Орда маңына əкеліп зынданға
салып тастаған. Бірақ былайғы ел шын себебін білген жоқ. Ауыл арасында:
«Бір тойда Ботахан абайсызда Абылайдың қалпағын қағып түсіріпті. Хан
соған ашулы екен» деген əңгіме тарады... Жас жігіт Жанай жуас та, Ботахан
дегені бір көк долы көрінеді. Жеті күннен кейін зынданнан шық десе;
«көрге түскен адам тірі шықпайды» деп өз қарнын өзі есіп жіберіпті...
Осының арты үлкен дауға айналып, Бекболат бес мың қолмен Орданы
шаппақ болғанда, ел ішін егер қылмау үшін Абылай ақыры Ботаханға құн
төлеп құтылған-ды. Əйтсе де, арадағы сол мұз жібімей, «Бес Мейрам» деп
аталатын Арғын рулары орталарындағы аз ауыл төреге оқта-текте ірге күш
көрсетіп қоятын-ды.
Дегенмен, бұл жолы хан кеңесіне жаңағы Қазыбек айналасынан басқа,
Арғын, Найман, Керей, Уақ — төрт арыстың ел тұтқасын ұстаған беделді
билері мен ру басы ақсақалдары, түмен басы, мың басы батырлары түгелақ жиналған-ды. Қазір Əбілмəмбет ордасында отырғандарға бажайлап көз
салсаңыз, хан тұқымы саналатын ақсүйек сұлтан, оғланнан гөрі, қарашы
халық: батыр мен билердің басым екенін байқар едіңіз. Жаугершілік
заманда қашанда батырлардың мерейі үстем, мəртебесі биік. Əз-Тəукенің
өзі «Жеті жарғыда» қарулы сарбаздың бағын асырып кеткен. Бұл күнде
азаматтың абыройы ата даңқымен емес, ақ білектің күші, ақ найзаның
ұшымен өлшенеді. Тіпті хан, сұлтандардың арасында қайраты басым,
шайқасқа шайлықпай шыға алатын, жеке басының ерлігімен танылған
Абылай, Барақ, Əбілқайыр секілді бірен-саран ержүрек батырлары
болмаса, құр ақсүйек атын жамылып жүрген, бай болып елге пайдасы
тимеген, батыр боп жауға найзасы тимеген былайғы көп төрелерді жұрт
қазір көзге іле қоймайтын. Оларға қарағанда, қара да болса қайраты тиетін,
бақ қонған батырлардың беделі əлдеқайда жоғары еді.
Уақыт талабы туғызған осы дəстүр Ордадағы бүгінгі отырыстан да
айқын аңғарылады. Қақ төрде, бір кезде сайыпқыран Тəуекел, еңсегей
бойлы ер Есім, салқам Жəңгір, Əз-Тəуке тəрізді қазақтың ұлы хандары
отырған, қос балдағы мен арқалығын алтынмен аптаған еңселі сандал тақта
дəл қазір томашадай ғана боп Əбілмəмбет хан жайғасыпты. Жасы елудің
ішін аралап кетсе де артық ет жимаған, орта бойлы, жұқалтаң денесімен
ғана емес, ерлік-қайраты, атақ-айбынымен де ұлы тақтың оқпанын толтыра
алмағаны сезіледі. Бірақ Ұлы хан беделсіз емес-ті. Алды кең, берекенің
адамы. Үш жүздің тізгінін шамасы келгенше тең ұстауға тырысады.
Əбілқайырға ермеген Кіші жүздің кейбір рулары мен Жоңғар шебін бұзып
өткен Ұлы жүздің біраз батыр, билері қазір осы Əбілмəмбет төңірегінде.
Бəлендей тақ құмарлығы да жоқ еді. 1730 жылы қазақтың билері мен
сұлтандары əкесі Болаттың орнына оны күштеп сайлаған. Билік басына
Əбілқайырды келтірмеудің амалы... Ал Əбілмəмбеттің өз кіндігінен тараған
таланты сұлтандар бола тұра, болашақта ұлы тақты Абылайға өсиет етуі
соңғы жылдары оның беделін тіпті көтеріп жіберген. Əбілмəмбетті бұл
күнде ел бірлігін ойлаған əулие хан деседі... Міне, ол қазір де ақсары, ашаң
жүзінен бүлк еткен толқыныс нышаны білінбей, хан асасын сығымдай
ұстап, қарсы алдындағы бір ноқатқа қалшия қарап қалыпты.
Басқалар ханның оң-солына тең бөлініп, қос қабат қалы кілем, шағи
көрпелер үстінде, жас мөлшеріне, атақ дəрежесіне қарай орын алған.
Ханның оң жағында осындағы жұрттың жасы үлкені — Төле би, сол
жағында орта жүздің ханы Абылай отыр. Одан ары Бұқар жырау, Қаракерей
Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбай, Барақ сұлтан мен Жəнібек тархан,
Малайсары мен шапырашты Наурызбай, тағы басқа батыр, билер қос
қапталға бөліне жайғасыпты. Əбілфейіз, Уəли, Бөкей, Ханбаба сияқты
жасы кіші сұлтандар мен оғландар олардан əлдеқайда төмен, өздерімен
құрбы жас батырлармен бірге отыр.
Бір-біріне тіркестіріле тігілген он екі қанатты екі үлкен Ақ орда — Хан
ордасы өзге ақ үйлерден бөлек, малшы-қосшы төленгіт ауылдарынан қозы
көш жерде, көк жасаңға оқшау орнаған-ды. Қазіргі жаугершілік заманға,
көші-қонға лайықталып ықшамдалғанымен, Орда маңынан ерекше
салтанатты сұс байқалады. Артық адам жүрісі, төрт түлік мал шуы
естілмейді. Кіре беріс екі босағадан бастап орданың айналасын қарулы
жасауылдар қалт етпей күзетіп тұр. Түндігі айқара ашылған зəулім
шаңырақтан құйылған мол жарық алдымен алтын тақтың арқалығына
шағылып, одан айнала ұсталған сəнді жасау, кілем түктерінде ойнап, көз
қуандырады. Орда ішінде бір сəт жым-жырт тыныштық орнаған. Тек
іргеден ескен көктемгі салқын самал ғана сырттағы салқар дүниеден хабар
бергендей.
Жұрт түгел жайғасып, абыр-сабыр басылды-ау деген мезетте
Əбілмəмбет хан сөз бастап, кеңесте қаралатын істерді баян етті. Құлаққа
жағымды күмбірлеген қоңыр үнмен мүдіріссіз, еркін сөйлеп отыр. Қазақ
ордасының ішкі-сыртқы жағдайы, Жоңғар хандығымен ара-қатынас, көшіқон, өріс-қоныс мəселесі. Сонан соң рулар арасында көптен ушығып бітпей
келе жатқан жер дауы, жесір мұңына байланысты жайлар.
Осы айтылғандардың ішінде қазір үлкенді де, кішіні де қатты
толғандырып отырған мəселе — Қазақ-жоңғар қатынасы екені даусыз. Рас,
1743 жылғы бітімнен кейін екі ел арасында қан төгіске апаратын ұлығаусар
қақтығыс болған жоқ. Абылайды тұтқыннан босату үшін, əрі үсті-үстіне
үдей түскен Жоңғар жорығын бəсеңдету үшін жасалған бұл тоқтам, əрине,
барлық тармағы Жоңғар пайдасына шешілген, теңсіз бітім болды. Алайда
іштей арбасып, сырттай теке тіреске айналған осы бір толас кезең, əсіресе,
соғыстан қансырап шыққан қазақ хандығы үшін қажет еді. Шүкір, содан
кейінгі арадағы бес жыл із-тұссыз өткен жоқ. Халық ес жинап, етек жапты.
Қатары қатты сиреген ер-азаматтың орнын кейінгі жас буын келіп
бүтіндеді. Шапқыншылықта шағындалып қалған төрт түлік мал аз жылда
қайта мыңғырып, өріске сыймастай өсіп кетті. Қысқасы, соңғы жылдары
қазақ пен қалмақтың ара-салмағын теңестіретін таразы басында едəуір
өзгерістер болып еді.
Басында бағы, астында тағы бар, қолына мың сан əскер ұстаған қаһарлы
хан да ажал құрығынан қашып құтыла алмайды екен. Ең бастысы, осыдан
үш жыл бұрын бүкіл өмірін қазақ даласын жаулауға бағыштаған ойраттың
ең соңғы ұлы ханы — Халдан Церен өтті дүниеден. Осыдан кейін-ақ
жоңғар тағынан бақ қайтты деседі білетіндер. Ұлы қонтайжы көз жұма
салысымен-ақ, төрт ойрат арасында ырың-жырың тақ тартысы басталыпты.
Халдан Цереннің некелі-некесіз əйелдерінен туған қыздары біршама
болғанымен, таққа мұрагерлік ететіндей еркек кіндіктен үш-ақ ұл қалғанды. Күйек астынан туған үлкен ұлы Лама Доржи он тоғызда, ортаншы
заңды ұлы Цеван Доржи он үште, ал кенжесі Цеван Даши небəрі жеті жаста
болатын. Бұлардың сыртында жоңғар хандығының негізін қалаған Батур
қонтайжының тікелей ұрпағы, кезінде қалмақтың қайраусыз қара балтасы
атанған, əйгілі ноян Церен Дондубаның немересі — Дабашы мен Халдан
Цереннің қарындасынан туған жиені — жиырма үш жасар Əмірсана да хан
тағынан үміткер еді. Алайда құрылтай жиналысында Ойраттың орда
маңындағы шонжарлары əрі-бері ырғаса келіп, ақыры он үштегі ортаншы
ұлы Цеван Доржиға тоқтаған. Ел жуандарының ондағы ойлары — ешкімге
ырық бермейтін, тіс қаққан Лама Доржидан гөрі əлі оң-солын танымаған
жас баланы таққа отырғызып қойып, негізгі билікті өз қолдарында ұстау
еді. Бірақ, білетіндердің айтуынша, тақ үшін шайқас мұнымен тынбай, төрт
ойрат қазір де əлденеше жікке бөлініп, өзара қырқысып жатқан көрінеді.
Демек, өз ішіндегі осындай ала ауыздыққа байланысты, қазір Жоңғар
ордасының бұрынғы айдыны кеміп, етек-жеңін еріксіз жинай бастағаны
байқалады. Халдан Цереннің тұсында Ташкент маңына тігілген хан ордасы
өткен жылы Құлжаға қайта көшірілді. Өріс-қоныс жөнінде де қазақ жеріне
бұрынғыдай ентелей сұғынуды қойып, кемерінен қатқан теңіздей, күн
өткен сайын апшысы қуырылып бара жатқаны анық. Бірақ, сөйте тұра,
жоңғар жолбарысының бауырына басқан жемінен оңайшылықпен айрылар
түрі жоқ. Алтай мен Тарбағатай өлкесін ата қонысындай иемденіп алғаны
өз алдына, бүкіл Жетісу, Талас пен Шу өңірі, Сыр бойындағы қалалар əлі
де жау қолында жатыр... Міне, осындай жағдайда Қазақ ордасы не істеуі
керек? Жоңғар ордасындағы аласапыранды пайдаланып, қолында қалған
аймақтарды азат ету үшін аттаныс жариялау керек пе? Əлде əліптің артын
бағып, əлі де болса күте тұрған жөн бе? Əбілмəмбетхан осы жайларды ретретімен асықпай баяндап шықты да, ендігі кезек сендердікі дегендей,
отырғандарға жағалай көз салып өтті.
Сөзге келгенде қу бастан қуырдақтық ет алатын, қызыл тілден бал
тамызған небір шешендер бірінен соң бірі қамшы тастап, сөйлеп жатты.
Түбі жоңғарға қарсы жорыққа аттануға ешкім қарсы болмағанымен,
аттаныс мерзімін анықтауға келгенде, пікір екіге жарылды. Азшылық топ:
Барақ, Əбілфейіз сұлтандар мен Шақшақ Жəнібек секілді бірен-саран
билер жоңғарға əзірше соқтықпауды жақтады. Олардың да оз дəлелі бар:
бас қонтайжы Халдан Церен өлді дегенмен, дəл қазір жоңғардың əскер
қуаты қазақтан əлде-қайда басым. Мұндайда жатқан жыланның құйрығын
басып, оларды ашық айқасқа шақырғаннан гөрі, тақ таласынан туған ала
ауыздықты пайдаланып, елші жіберу арқылы сырттай қысым жасаған
тиімді. Осылайша, бейбіт бітіммен Түркістанды қайтарып алайық, Ұлы
орданы байтақ қалаға апарып тігейік. Əлі де екі-үш жыл күш топтап, əскер
жасақтап алған соң, қапысыз бір-ақ аттанайық деседі.
Бейбіт бітімді жақтаушылардың да көмейі белгілі. Əбілфейіз болса —
тұтқыннан босаған Абылайдың орнында бірер жыл Жоңғар ордасында
аманатта болып, содан жақында ғана қайтқан адам. Барақ сұлтанға келсек,
оның ортаншы ұлы Шығай оғлан əлі де жау қолында аманатта жүр. Бұл
екеуінің де жоңғарға қарсы қару көтермейміз деп жазып берген қол хаты
бар... Ал Жəнібек тарханның айтқандары — қонысы жоңғар шебінен алыс,
əзірше жаудан жəбір, жерден таршылық көрмеген, бейғам ағайынның етек
басты сөзі еді.
Əбілмəмбет те, Абылай да əзірше көмей көрсетіп, сыр ашпай, жұрттың
сөзін үнсіз тыңдаумен отыр. Əсіресе, өткір көзін ашық есіктен көрінген
көкжиектен айырмай, сазарып қалған Абылайдың жүзінен қазір қаһарлы
ашу байқалады. Іш қазандай қайнайды, күресуге дəрмен жоқ өзімен-өзі
іштей арпалысып отырғаны анық. Ол туралы қазір ел ішінде айтылатын
өсек-аяң, алып-қашты əңгіме де аз емес-ті. Қарақалпақтан өзі таңдап алған
бəйбішесі, оның үстіне бір-ақ күнде керуенімен көшіп келген Атығайқарауылдың алты қызы аз болғандай, Абылай тұтқыннан босап елге
қайтарында Халдан-Церен оған немерелес қарындасы Топыш сұлуды
қосқан. Желауыз жұрт қазір соны да сан-саққа жүгіртеді. Қазақ қолының
соңғы жылдары жоңғарға қарсы жорыққа аттанбау себебін де содан көреді:
«Абылай қалмақтың бір қиық кез, тобылғы торы сұлуын құшты да, өзге
дүниені ұмытып, күрік болған тауықтай жатып алды-ау! Жадыланып
қалған соң, қайын жұртқа қарсы қалай қару көтерсін?!» деп жаулары
таратқан қаңқу сөз оның құлағына жетпей жүр дейсің бе?! Осының бəрі
көкірекке шер боп байланып, кейде алды-артын ойлатпайтын ашу-ызаға
дес беріп алатыны да содан еді.
Кеңесте қолайлы сəтті қолдан бермей, таяу арада аттаныс жариялауды
жақтаған пікірлер де аз болған жоқ. Бұл жөнде қашанда желдің өті, жаудың
бетінде жүретін Керей, Найман батырлары мен Төле бастатқан Ұлы жүз
билерінің сөзі бір жерден шықты. Əсіресе, ата-қоныс, ел-жұрты жау
қолында қалып, Жоңғар хандығына ауыр алым-салық төлеп тұратын Ұлы
жүз азаматтарының араша тілеген ащы даусы кімді де болса елең
еткізерліктей. Бұл күнде жасы сексен беске келіп, сақал-шашы селеудей
ағарып кеткен Төле бидің сөзі жұртты бірден ұйытып алды.
Мен кəрі сүйегімді сүйретіп, жат қолында қалған сонау Ташкеттен
келгенде, жүрегімді жарған екі үлкен арман болатын, — деді жасы жетіп,
жағы түсуге айналса да жүрісінен жаңылмаған кəрі тарлан. — Оның бірі —
кешегі Əз-Тəукенің алтын тағын, ту тіккен ордасын көріп, көңілімді бір
демдеу еді, ол арманым орындалды. Бұдан кейін хан кеңесіне келіп,
ағайынның алтын жүзін көремін бе, жоқ па, ол жағы —Алланың ісі...
Екіншісі — атажұрттың жау қолынан ада-күде тазарып, азат-еркін ел
болғанын көріп өлсем деуші едім. Арман шіркін алтайы түлкідей бұлаңдап,
жеткізбейтін сиқы бар ма, қалай?!—деп ентігін басып сəл отырды. — Өмірі
басына ноқта кимеген, көзіне қамшы тимеген азат-асау ел едік. Тегінде
қасиетті халқымыздың қазақ деген есімі — азат деген сөзбен төркіндес.
Азаттықтан айрылғаны — қазақтың құрып біткені... Міне, Ұлы жүз
ұрпағының жоңғарға қарап қалғанына алдына елу жыл, артына отыз
жылдай уақыт өтті. Халықты артық қан төгістен үркін-босқыннан аман
сақтап қалу үшін, амал жоқ Халдан ханмен тіл табысуға тырыстық. Шама
жетпеске шара бар ма?! Кеше байтақ қала Түркістанда, Əз Тəукенің төрінде
отырған Төле би бүгін дұшпанға пенде болып, Ташкенттің босағасын
күзетсе, ол да — қызыл қарын жас баланың қамы еді. «Түйені жел қозғаса,
ешкіні аспаннан көр» дегендей, Төленің күйі осындай болғанда,
басқалардың жағдайы айтпаса да түсінікті. Жараны жасырып керегі не,
қандас бауырларын қазір қорлық пен зорлыққа көніп, қалмақтың қойын
бағып жүр. Алман-салық ауырлап барады. Мал-мүлік те ештеңе емес-ау, ең
қиыны, адамдардың құлдыққа еті өліп кете ме деп қорқамын. Маңдайыңа
құлдық таңбасы бір басылса, ол оңайшылықпен өшпейді. Қалмақтан
қағажу көргеніміз аздай, енді отбасы отаныңды орысқа билетпексіңдер ме?
Бодан-бодан дейсіндер. Боданнан — құл туады, құлдан — жетесіз, жасық
ұл туады... Сонда болашақ ұрпақтың жайы не болмақ?! — деп кеше ғана
жолсоқты боп шаршап келген есіл қарт тағы бір тыныс алды. — Мұндайда
аман кісі ақылды, есен кісі есті көрінетін де кез болады. Сұйылып бара
жатқан сөздеріңнен сондай бір кепті аңдадым-ау, ағайын. Əркім өз отының
басын, ауыл-аймағының амандығын ғана күйттесе, бұл қазақ ауызбірліктен
айрылып, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті деген сол емес пе.
Уа, жұртым, елім деп еңіреген ер қайда? Байтағы үшін басын берер батыр
қайда? Қазақ жерінің қақ жартысын жау табанына салып қойып, ішкен
асымыз қалай сіңеді бойымызға? Уа, айтыңдаршы, ханың бар, қарашың
бар, сендерден соны естиін деп келдім: жау қолында қалған жер жаннаты
Жетісу мен Орда тіккен оңтүстікті қашан қайтарып аламыз? — деп тақта
отырған Əбілмəмбет ханнан бастап, ел ағаларына жағалай көз салып өтті.
Орда ішінде уақыт тоқтап қалғандай, бір сəт өлі тыныштық орнады.
Асасын сығымдай ұстаған Əбілмəмбетхан сəл жөткірініп, «не айтасыңдар»
дегендей, қасындағы сұлтандарға, билер мен батырларға қарады. Төле
биден төменірек, Барақ сұлтан мен Қанжығалы Бөгенбай батырдың екі
ортасында отырған Қабанбай қышыған жеріне дəл тиген би лебізін қуаттап,
сөз айтуға оқтала бергені сол еді, ханның сол жағында, қарсы қапталда
жайғасқан Жəнібек тархан қолындағы бықсыған трубкасын керегенің
көгіне қағып қойып, сөйлейтін ыңғай танытты.
— Былай ғой, қадірлі Төке. Əр нəрсенің реті болады ғой... Жер қайысқан
қолыңды, қару-жарағыңды сайламай тұрып, жасанған жауға соқтығу —
өзіңді-өзің мерт етумен бірдей. Ақ патшаға арқа сүйемейінше жоңғарға
жалғыз өзіміздің шамамыз келе қояр ма екен?! «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын
деп, құлағынан айрылыпты» дегеннің кері келіп жүрмей ме? — деген
дауысын баппен соза түсіп.
Төле мана таңертеңнен бері-ақ Жəнібектің мынадай тар заманға
жараспайтын манаураған маңғаздығын, қолындағы темекісіне дейін
ұнатпай, арқасы құрысып отырған-ды. Шамырқанған шабыт үстінде қолмақол жауап қатты:
— Ал сенің қаптаған қалың қолың, қару-жарағын. қашан сай болады?
Əлде Алланың өзі аспаннан тастайды деп күтіп отырамыз ба? Бəлкім,
Əбілқайыр екеуің етегінің астына барып тығылған қатын патшаның
рақымы түсіп, жеріңді жаудан тазартып беретін шығар? Орыс — өнерлі
жұрт қой. Бірақ аузыңды ошақ, мұрныңды моржа етіп, түтін жұтқаннан
өзге үйренген өнерің бар ма сол елден?.. Айтпақшы, патшадан тархан
шенін алған екенсің-ау. Бірақ сол тархандығың ел қорғайтын қалқан
болмай, мойныңа салған арқан болып жүрмесін! — деп салды. Соны
айтып, соңғы бір сөздердің жөпелдемеде аузына қалай түскеніне өзі де
сүйсінгендей, лекіте күліп алды. Үлкендер жағы емен-жарқын қосыла
күліп, жастар үнсіз булығып төмен қарасты.
Төле бидің сөзіне сүйсінген Қабанбай батырдың қарқылдаған күлкісі
қаттырақ шығып кеткен еді. Жасы үлкен Жəнібекті табалағандай болдымау деп, өзін зорға тежеді. Маңайындағы серіктерінің қарағыштап
отырғанынан өзіне сөз реті келгенін де анық аңғарды.
Шынында да, ата қоныс Алтай мен баба жұрты Барқытбелден1 қол
үзгелі жер тапшылығын қатты көрген ұлыстар Керей мен Найман болатын.
Түтін саны жағынан болсын, ата үлесі жағынан болсын, олқы соқпайтын
қара ағаштай қалың Найманның Төлегетай тармағы өз бауырлары БалталыБағаналымен енші бөлісіп, қазір Ұлытау мен Балқаш арасына зорға сиып
отырса, шығыстағы Ергенекті Найман: Сарыжомарт пен Терістаңбалының,
Көкжарлы мен Бураның да көрген күні одан асып тұрған жоқ. Терістіктен
Ертісті бойлай бекініс қала салып жатқан орыс ығыстырса, шығыстан
жолбарыстай жортқан жоңғар қысып, олар да көптен бері Шыңғыстау мен
Қызылсу-Шардың арасында қыстырылып зорға отыр. Ап Шыңғыстаудың
күнгейі мен Лигоз, Ақшатау аралығында, сынадай қыстырылған Абақ
керейдің жағдайы тіпті мүшкіл еді. Рас, Арқаның кең даласын кезе берсе,
өріс-қоныс табылар да. Бірақ бұл екі ұлыстың да бар назары — батыста
емес, шығыста. Бір табан болса да ежелгі атамекендеріне жақындай бергісі
келеді.
Алайда дəл қазір халықтың көкейінде жатқан арман-тілекті айнытпай
түсінетін хан-сұлтан табыла қояр ма екен? Əр ұлыстың басында хан
тұқымы, ақ сүйек-сұлтан отыр. Найман — Барақ сұлтанға табиғы болғанда,
Керей — Əбілмəмбет ханның үлкен ұлы Əбілфейіз сұлтанның үлесінде. Əр
сұлтанның ұстанып жүрген өз саясаты бар. Халық қамынан бұрын кейде өз
бастарын бұлдап өткізгілері келеді... Қабанбай мұндайда батыр боп жауға
шауып қана қоймай, амалсыз дауға да түсіп кетуші еді. Ол қамшы ұстаған
оң қолын жоғары көтеріп, Əбілмəмбетке белгі берді.
— Сөйле, Қабанбай батыр. Сенін не білген ойың бар, ашып айтшы мына
жұртқа! — деді хан бұған еңсеріле бұрылып. Жұрт назары енді осылай
қарай ауып еді.
— Мен не дейін, хан ием? Кешегі Əз-Тəукенің алдын көрген Төле биден
сөз артылған жоқ. Күлбілтелемей көмейде жүрген ойды айтты, — деді
жеңсіз бектер сауыт киген алып денесін жеп-жеңіл қозғап, алға таман
ұмсына түсіп. — Бейбіт күн неге жаман болсын, егер төрт түлігің сай,
көңілің жай болса! Жарты жерің жау қолында жатқанда уайымсыз ұйқы,
қамырықсыз күлкі бола ма? Қазақта ана құрсағынан қан шеңгелдеп, соғыс
тілеп туған ешкім жоқ. Бірақ менің де бар арманым — əкемнің моласы
жатқан ата қонысымды көзімнің тірісінде азат ету. Құдай куə, сол арманға
жеткен күні қара найзамды қақ бөліп, лақтырып тастауға əзірмін... Қазақ
үшін жерден қымбат нəрсе жоқ. «Дұшпан астындағы атыңды сұраса, аяма.
Өйткені Қамбар ата аман болса, тұлпар тумай қоймайды. Дұшпан
қойныңдағы қатыныңды сұраса да, таршылық етпе. Өйткені, елін аман
болса, сен үшін тағы бір сұлу бойжетеді. Тек дұшпанға бір сүйем жер
беруші болма! Өйткені халық көбейгенмен, асыраушы жер ана ешқашан
үлкеймейді!» — деген екен қасиетіңнен айналайын арғы бабаларымыз. Сол
өсиет, шынымен-ақ, жадымыздан шыққаны ма?! Қазір қазақ жеріне келіп
туған ойрат ұлының соңы жиырмадан асып, найза ұстауға жараған екен.
Солар бірте-бірте осы өлкеге бауыр басып, күні ертең жер менікі демесіне
кім кепіл? — деп отырғандарға жағалай қарап өтті де, сөзін қайта жалғады.
Сондықтан аттанысты тым кешіктіре беруге болмайды ағайындар. Біздің
қазақтың бойкүйез, керенаулығы бұрында бастан асып жатушы еді. Осылай
əрекетсіз отыра берсек семсердің жүзі қайтып, ақ сауытты тот басып,
батырды бақташыға айналдырып аламыз ба деп қорқамын. Біз, əсілі, жау
келгенде жұдырықтай жұмылғанымызбен, арқамыз сəл босаса араздаса
қалатын жұртпыз ғой. Қазір өріс пен қоныстың тарлығынан жерге таласып,
бірінің жағасын бірі жыртатын күйге жетті. Кешегі ел қорғаған батырын —
бүгін жер дауы мен жесір дауын қуған барымташы...
— Сонда не істемек керек, Қабанбай батыр? Жер тапшылығынан
құтылудың амалын айтшы! — деді манадан тықыршып əрең отырған
Абылай оның сөзін бөліп.
— Басқалардың қандай ойы барын кім білсін, өз басым биыл жаз
Найман атаңның біраз ауылдарын бастап, шығысқа қарай қоныс аударсам
деп отырмын.
Мына сөзге жұрт тегіс үдірейісіп қалды. Орданың əр тұсынан:
— Қоныс аударғаны қалай?
— Жау шебіне жалғыз бармақсың ба, сонда?
— Бəлкім, Қабекең жоңғар нояндарымен тіл табысып, шығысқа біржола
бет бұрған шығар? —дескен үндер естіліп қалды.
— Қабанбайды сағынып отырған қалмақ жоғын білесіңдер ғой. Бал
ашып, бас қатырмай-ақ қойындар! — деді батыр езу тартып. —
Бұрынғыдай қазақ жеріне ішкерілеп енуге ардың да жүрегі шайлыққан
болар, соңғы жылдары Барқытбелдің батыс сілемі үнемі бос қалатын болып
жүр. Биыл қалың Қаракерей мен Төртуыл, Матай болып, сол өңірді
жайласақ деген ойымыз бар. Қалмақ қорықса қонысын берер, туласа
тұрысатын жерін айтар.
— Жау қазақ көшін қапыда бас салса, қансырап қалып жүрмейсіңбе,
Дарабозым2? - деді Əбілмəмбет бұған шүйіле қарап.
— Не қылар дейсіз, хан нем. Үйреніскен жау атысарға жақсы, қалмақты
жана көріп жүрген жоқпыз ғой. Тақаса қонып, тамырын басып көрейік те.
Арамыз асқынып бара жатса, хан жарлығымен санаспаған аңғал батырдың
оспадарлығына жабарсыз! — деп Қабанбай кеңк-кеңк күлді.
Найман басшысының бұл сөзін жерден тапшылық көріп отырған Абақ
керейдің бас батыры Жəнібек те қостады.
— Хан ием! — деген қызыл күрең жүзі бал-бұл жана, алға таман ұмсына
түсіп. — Бұл рет Дарабоздың кеші қанат-құйрықсыз болмас. Тар жерде
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 02
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.