Latin Common Turkic

Дарабоз - 30

Total number of words is 4039
Total number of unique words is 2336
33.1 of words are in the 2000 most common words
47.2 of words are in the 5000 most common words
55.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
аузынан жалын құсып, тарс еткен даусы үрей тудыратын мүлде жат қару.
Бұл жақта торғауыттың мерейін үстем етіп тұрған да — осы пəле.
Сондықтан Қабанбай, өз басы мылтықты бəлендей əтуер тұтпаса да, көптің
көңілін орнықтыру үшін, əдейі дұшпан көзі етіп, арнайы мергендер тобын
ұйымдастырған... Міне, қазір Орақбай батырдың басқаруындағы көк темір
құрсаған үш жүз сарбаз түземдегі əскердің алдынан өтіп келеді.
— Қымбатты бауырларым! — деді Қабанбай санқ етіп, жаңағы
мергендер тобы орта тұсқа келіп тоқтаған кезде. — Ұранхай мен ойраттың
көңілімізге үрей тудырып, көзге ұрып тұрған бір артықшылығы — осы
мылтық емес пе еді?!
Көріп тұрсыңдар, сол атышулы от қаруға біздің де қолымыз жете
бастады. Біздің қазақ: «Белі бүкір, алысқа түкір» деп жұмбақтағаны
болмаса, бұрын бұл пəлені қолына ұстап көрмеген. Бірақ «қару алсаң
мылтық ал: қарның ашса — тамағың, жаяу жүрсең — таяғың» деп
Ақтамберді тегін айтты дейсің бе. Заманымызға қарай шыққан жана
қарудың игілігін енді біз де көретін боламыз. Ендігі жерде қаһарлы қаруы
бар деп қаймықпаңдар қалмақтан! Оқ-дəрі жағы жеткілікті... мергендеріміз
құралайды көзге атады. Бұдан кейін біз де жаудың өз бидайын өзіне
қуырып, от қаруды торғауыттың тобына қарай ала өгіздей мөңіретеміз!
Қалың қол дуылдай қостап, жер-көкті таты да басына көтерді.
— Сауап болған екен!
— Көрсін иттер, күлдір-мамайдың қазақтың қолында да бар екенін!
— Өзі қанша тұрады? Үй басы бір-бірден алып қоятын неме екен...
— Осы орыстар да қызық, ойратқа сатқан қаруын бізге неге сатпайды?
— Бұл өзі қой күзеткенге жақсы. Түнде бір-екі рет тарс еткізсең, қораға
қасқыр жоламайды, — дескен сөздер де əр тұстан шақпақша шағылады...
Қабанбай, осылайша, жігіттердің жігерін шарыққа ұстағандай қылпыта
жанып алды да, сол күні қалың қолды бастап, шығысқа қарай бет түзеді.
Салт бойынша, бұл жолы да əскерді əлденеше топқа бөлген. Көкжал Барақ
бастаған бес мың қол — ортада. Оның қасында Еспембеттің ертауыл
жасағы мен манағы мылтық асынған мергендер тобы бар. Жəнібек, Баян,
Жантай батырлар бастаған Керей, Уақ жігіттері — сол қанатта. Баймұрат
батыр қолбасылық еткен Оразымбет, Дəулетбай, Шынқожа мыңдықтары —
оң қанатта. Ал Шағалаққа қарасты барша бақауыл топтары артыныптартынып, арт жақта бөлек келе жатыр.
Бұлар осы бетінде жақында ғана жайлаудан түсіп, Ойшілік, Боғас,
Арғанаты аралығында күзем алып отырған торғауыт күреңдерін келіп
шапты. Бұл маңнан əзірше арнайы бас құраған іргелі əскер кезіге қоймады.
Ел шетіне ілінгенде «қайт-қайттап» қарсы шапқан бірер мыңдай қарулы
қалмақты екпіндеп келе жатқан қалың қол шыбын шаққан құрлы көрген
жоқ, шырпыдай жапырып, баса-көктеп өте шықты. Толып жатқан түйесі
мен қос-қос жылқысын қолға түсірді. Олжа ретінде бақауыл тобына барып
жатқан бала-шаға, қыз-қырқын жағы да аз емес... Алайда Қабанбай жан
сауғалап үрке көшкен былайғы бейбіт елдің жолын тоспады. Табаны тайғақ
босқындар барған жерінде үрей тудырып, көңілдерін қобалжыта берсін
дейтін ежелгі дағдысы бойынша, бетінен қақпай қоя берді.
Əзірше қарсы шабар қалың əскердің төбесі көрінбейді. Қолға түскен
тұтқындардың айтуына қарағанда, қалмақ қолы алдағы Үш Бошан, Шорға
бойында, сондағы торғауыт нояны Балдынзаның төңірегіне топталып
жатқан көрінеді. Білетіндер рас айтса, бұл Балдынза — бұрын қонтайжы
Лама Доржиды қолдап келген, былтырдан бері Дабашы мен Əмірсанаға
бағынбай бүлік шығарып, Намеху-Жырғал жағында соғысқан кісі. Өзі
патша бекіністеріне де жиі қатынап, қару-жарақ алып, көп жылдар орыс
пен ойратты жалғастырып тұрған. Демек, қазаққа ежелден қаны қас, бейбіт
бітімге көнбейтін қызыл көз, қырсық нояндардың бірі болса керек. Онысы
ел шетіне іліне бере-ақ мəлім болды.
Тарбағатайдың осы тұсында Жақсы Арғанаты жəне Жаман Арғанаты
деген екі бөлек тау терістікке қарай қатар салбырап, көлденеңдей созылып
жататын. Қазақ əскері соның Жақсысынан өтіп, Жаманына жақындағанда,
əр төбенің басынан түтін будақтап, əлдебір атты кісілер көрініс берді де,
тағы біраз жүргенде, арғы жағынан шаңдатқан қалың қолдың да қарасы
көрінді. Екі жақ та жүрістерін тежеген жоқ, желе-шоқырақпен суыт жүріп
келіп, бір-біріне жарты шақырымдай қалғанда ғана тізгін тартты.
Қабанбай қарсы жақтың əр қимылын бағып алдыңғы қатарда келе
жатқан. Алдырған — албырт. Қазір қалмақтан бəрін де күтуге болады.
Ашынған жау алды-артына қарамай бірден дүрсе қоя бере ме, жоқ, əлде
түзем құра тоқтап, ұрыстың ежелгі үрдісін сақтай ма? Қолбасы осының
екеуіне де іштей дайындалып, жол-жөнекей мыңбасы батырларға əмірпəрменін беріп те қойған. Бірақ ойраттардың мына келісіне қарағанда,
бірден шабуылдауға олардың да жүректері дауаламай, əліптің артын бағып
қалғаны байқалады... Осыны қапысыз аңғарған көкжал Барақ:
— Жекпе-жек болатын түрі бар-ау, сардар аға! Егер бəкін-шүкін
жастардың бірі шықпай, тақымға толар тарланы кезіксе, осы жолы мені
жіберіңіз! — деді ол астындағы бұқа мойын көк тұлпардың шап айылын
қайта тартып тұрып:
— Болсын, Барақ батыр! Бірақ сен ойраттарға менің сəлемімді айта бар:
егер олар қажетсіз қан төгіске бармай, қазақ жерін ерікті түрде босататын
болса, малына да, көшіне де тиіспей, Жоңғар шебіне аман-есен өткізіп
тастаймыз! — деді Қабанбай.
— Алдарынан өтермін, бірақ жалынбаспын! — деді Барақ бес қаруын
сайлап, атына қайта мініп жатып: — Бітімге келмесе тіпті жақсы.
Құлашымыз енді жазылып келе жатқанда несіне асығамыз? Қоңыр күздің
салқынын төске алып, əлі де біраз ойранды салмаймыз ба?!
Бұл кезде екі жақ та ақырын-ақырын жылжып, оқ жетер, дауыс естілер
жерге дейін жақындай түскен. Жау қарасы онша аз да емес. Ел ішіндегі
тосқауыл топтарын қоспағанда, мына келіп тұрғанының өзі жеті-сегіз
мыңнан кем болмас... Көп кешікпей екі жақтан да дабыл қағылып,
шыңдауыл ұрылды. Бұл — ұрысқа дайынбыз деген белгі. Сол-ақ мұң екен,
қарсы жақтан ер-тұрманы сəнді, қара жал, қара құйрық құлаға мінген біреу
ортаға шоқырақтатып шыға берді. Сол қолында — қалқан, оң қолында —
найза. Өзі сауыт-сайманы күнге шағылған, шомбал денелі, егде қалмақ
екен. Өріп қойган добалдай айдары алтынды дулығаның желкесінен
салбырап шығып тұр.
— Құдай берді... Мынау — нағыз маған лайықтап соққан шойқараның
өзі екен! — деді Барақ екі көзі оттай жайнап. — Сəн-салтанаты жұрттан
бөлек, осы неме əлгі Балдынзаның өзі болмасын?! Бата беріңіз, сардар
аға!.. Мен, қайсысы болса да, атаңа нəлеттің шаруасын бітіріп қайтайын!
— Жолың болсын, Көкжалым! Сенің жекпе-жегің жеңістің басы болсын!
Атаның аруағы қолдап, жауынды жайратып қайт! — деп Қабанбай ықылас
білдірді.
Барақ көк тұлпарды қамшымен жанып жіберіп, ортаға бірден шауып
шықты. Сол күй қалмақ батырын таптап кетердей қасына екпіндеп жетіп
барды да:
— Мен — қазақ-қалмаққа бірдей аты шыққан əйгілі көкжал Барақпын!
Ал сен кім боласың? Құрбандыққа байлаған құр кеуденің бірі боп, мені
ұятқа қалдырып жүрме! — деді күркіреген зор дауыспен.
— Құр кеудені тапқан екенсің! — деп қалмақ батыры гүж-гүж етіп,
оқырана күлді. — Торгауыттың топ жарган нояны Балдынзаны танымай,
осы күнге дейін не бітіріп жүрсің?!
— Естісем құлағым керең болсын! — деді Барақ басын шайқап. —
Барқытбелдің бір қуысында тығылып жатқан көп суырдың бірі болдың ғой,
шамасы?! Дегенмен, салымың бар екен: басқа емес, Барақтың қолынан
аттанасың о дүниеге!
— Өзің де қапыда қалмай, иманыңды айта бер, Барақ батыр!
— Көп сөзді қой да, ақыл-есіңнің барында тыңдап ал! — деді Барақ көк
тұлпарын көкке шапшыта, айбат көрсетіп. — Қолбасы Қабанбайдың ойрат
əулетіне жолдаған сəлемі бар еді. Соны жеткізейін. Талас пен Шуда, Арыс
пен Сырда, Алатау мен Алакөлде тірі қалмақ қалдырмай айдап
тастағанымызды естіген шығарсың? Біз енді аттың басын Алтайға тіремей
тоқтамаймыз... Сондықтан «Төртауыттар топырлап текке қырылмасын.
Қазақ жерін өз еріктерімен босатсын» дейді Қабанбай. Жоңғар жеріне
көшеміз дегендерге жол бос. Малына да, жаяына да тимей, Барқытбелден
асырып тастамақ... Міне, осы — қолбасының айт деп тапсырған аманаты!
Бірақ қалмақ нояны дəл қазір оның сөзін құлағына ілер жағдайда емес
еді.
— Нор Зайсан мен Алтайды қазақ жері деп кім айтты саған? — деді
бүйірін таянып. — Біздің Тарбағатайға да «Барқытбел» деп өздеріңше ат
қойып алыпсыңдар! Естерінде болсын, мына тұрған қалың торғауыт пен
дүрбіт туып-өскен жерін тастап ешқайда көшпейді. Солай емес пе? Мен
дұрыс айтып тұрмын ба? — деп артындағы қара нор қолға бұрылған. Солақ мұң екен, қалмақ жағы:
— Дұрыс айтасың, ноян!
— Туған жерді қолдан берді деген не сұмдық?!
— Өлсек сүйегіміз осында қалады! — десіп шуылдасып кетті.
— Ол жағын өздерің білесіңдер. Мен айтып қарызымнан құтылдым, —
деді Барақ. — Онда не тұрыс бар? Ал, Балдынза, шамаң келсе қорғанып
бақ!
Көкжал Барақ соны айтып, сүңгісін оңтайлаған күйі, межелі жерге дейін
шегініп кетті. Екі жақта жер жаңғырта ұрандасып тұр. Дегенмен:
— Жекпе-жек!
— Жекпе-жек!!
— Іліп таста кəпір немені! — дескен қазақ үні басымдау естіледі.
Барақ пен Балдынза бір-біріне өршелене ұмтылысып, бір-екі дүркін қару
сілтесіп өтті. Шақылдаған найза, шақырлаған қалқан дабысы қатты
шыққанымен, екеуі де ұлы денеге дарыта алған жоқ. Күштері тепе-тең
түсіп, қапы кетер кезеңді аңдысып қалған қалпы бар. Барақтың
қолындағысы жай найза емес, ұңғысы ортан беліне дейін келетін, анаумынау кісі көтеріп шаба алмастай алты қырлы, ауыр сүңгі болатын. Ол
екпіндеп жанасар тұста қалмақтың астындағы құла ат қос аяқтай көкке
шапшып, оңтайына келтірмей жүрген-ді. Сондай бір кезекті шабуыл
сəтінде Барақ оң қолындағы сүңгіні басына асыра, үйіре толғап келді де,
қас жауына шылбыр бойы қалғанда құлаштай лақтырды. Қалмақ қалқан
тосып үлгірмеген. Егер мынадай жойқын күшпен зулаған көк сүңгі діттеген
жеріне дəл тисе, ұлы кеудені қақ жарып өтері кəміл еді. Алайда ауыр найза
адамға жетпей, дəл осы сəтте көкке қарғыған құла аттың тура өндіршегіне
барып қадалды. Қадалғанда, төс сүйекті жара екі-үш сүйемдей еніп кетті.
Жануар арқырай кісінеп, шыңғыра тулады. Ат омырауына шаншылған
сүңгі біразға дейін бұлғаңдап, суырылмай жүрді де, бір мезетте барып түсіп
қалды. Сол сəт найзаның орнынан шүмектеп қан ақтарылды да, бейшара
құла тұмсығымен жер сүзіп, етпетінен түсті. Бір ғажабы; үстіндегі
Балдынза жығылған жоқ. Ат мойнынан аса біраз жерге дейін шатқаяқтап
барды да, найзасына сүйенген күйі төрт тағандап тұра қалды. Бұл кезде ат
ағынымен ұзап кеткен Барақ қолына енді алдаспанын алып, қайта оралып
келе жатқан.
— Жігіт болсаң аттан түс! Күш сынасамыз! — деді қолындағы найзасы
мен қалқанын лақтырып жіберген қалмақ батыры, шеңгелдерін жаза,
тарбия тұра қалып.
Батырдың батырлығы əйтеуір жауды жайратқанында емес, қалай
жеңгенінде ғой. Егер көкжал Барақ дəл қазір ат үстінде тұрып, құр қол
жаяуға қару сілтесе, оны қалмақ түгіл қазақтың өзі кешірмес еді. Олай ету
көшпенділер заңына қайшы... Барақ та ер ғой, ойланбастан аттан қарғып
түсті. Көк тұлпарды қамшымен бір салып, өз тобына қарай айдап жіберді
де, қолындағы алдаспаны мен қалқанын ол да лақтырып тастады. Енді,
міне, екі дəу атылатын жолбарысша шеңгелдерін жазып, бір-біріне тақап
келеді.
Сөйтіп, күтпеген жерден ат үстіндегі жекпе-жектің күш сынасар палуан
күресіне айналып кетуі екі жақты да дүр сілкіндірді. Бұл — тіпті сайыстан
гөрі де арқа қоздырып, намыс отын қатты тұтандыратын нəрсе. Қазаққалмақ бір мезгіл өздерінің соғысып жатқанын ұмытып, тақ бір ас пен
тойдағы палуан күресін тамашалағандай алға таман ентелесіп, бір-біріне
жақындай түсті. Əсіресе, қазақ жағы қатты дүрлігіңкі:
— Я, аруақ!
— Көтере соқ, көкжал Барақ!
— Атаң жаудан қайтып көрген жоқ! Намысты қолдан берме! — десіп
дуылдасып тұр.
Аттан түскенде анық байқалды, Балдынза да үйелмендей ірі неме екен.
Бақан бойлы Барақтан гөрі жуан сіңір, мелжемділеу ме, қалай?! Екеуі а
дегенде шаппа-шұп ұстасып, арпақ-тұрпақ алыса кетті де, тез ажырасты.
Үстеріндегі торғай көз тоқыма сауыттар қолтықтарын еркін жаздырмай,
ұстасқанда қолдан сусып шыға береді...
Жекпе-жек сайыстың ақыры аяқ астынан бұлай боп шыққанына
Қабанбай іштей қобалжып тұрған. Барақтың ұрыстағы ерлігіне, қайратына
шүбə келтірмесе де, оның күреске түсіп белдескенін көріп тұрғаны осы.
— Біздің Барақ күреске қалай еді өзі? Əдіс-айла бірдеңесі бар ма? —
деді қасындағы жігіттерге бұрылып.
— Көкжалдың асау жамбасы бар... Соған бір іліндірсе, жан баласын
шыдатпайды! — деді Барақпен бала жастан бірге өскен Жаман батыр.
Əйткенмен, екі дəу бірін-бірі ала алмай, сүт пісірімдей жүріп қалды.
Оқта-текте қоян қолтық келіп, тіресе кетеді де, сүйек сықырлап, сіңір
созылған шамада қайтадан ажырасып, шеңгелдерін жаза тарбиысып
қалады. Табан астындағы тас уатылып, айқас аланының қыртысы лезде
тозып кетті. Əлде ауыр киімді алыптарды тер басып кетті ме екен, Барақ
əлсін-əлі еңкейіп, жерден топырақ қармап жүрген-ді. Бір мезгілде
уысындағы топырақты Балдынзаның бетіне шашып жіберді де, атылып
барып тіктесе кетті. Шамасы, «асау жамбастың» сəті осы жолы түссе керек,
былайғы жұрт та шу ете қалған. Ақырғы айқастың көз ілеспестей жылдам
өткені сонша, көпшілік Балдынзаның екі аяғы көктен кеп, шаншыла
құлағанын бір-ақ көріп қалды.
Шаң сейліп, у-шу басылып, жұрт назары тегіс солай ауған келесі сəтте,
көкжал Барақ төбедей боп, қалмақ батырының кеудесінде отыр еді. Ол
кенет қынындағы қанжарын суырып алды да:
— Балдынза! — деді саңқ етіп: — Ажалмен бүгін бір емес, екінші рет
беттесіп тұрсың. Енді өкінішің жоқ шығар. Бірақ манағы айтқаным —
айтқан, егер еліңмен бірге ірге көтеріп, күнгейге көшетін болсаң, қаныңа
ортақ болмайын. Саған жан — олжа, бізге жер мен мал — олжа... Осымен
бітіссек қайтеді?
— Мен де қатын емеспін, екі сөйлейтін! — деді Балдынза да қырылдай
дауыстап. — Осыдан кейін мені жер басып жүреді деп ойлайсың ба?!
Өлтіріп кет, Барақ батыр!
— Ендеше өз обалың өзіңе, ноян! Төгілгелі тұрған торғауыт қаны —
сенің мойныңда! — деп көкжал Барақ қолындағы екі жүзді алмас
қанжарын қақ жүректің басынан ұрып жіберуге оңтайлана берді де, ойына
тағы бірдеңе түскендей іркіліп қалды. — Жоқ, мен сені қазір өлтірмейді
екенмін. Сен тірі қалып, «жер менікі» дейтін ойраттың осы өлкеден қалай
тоз-тозы шығып босқанын өз көзіңмен көруің керек. Ендігі жерде сенің
өмірің — менің қолымда. Басыңды қашан алсам да өзім білем! — деп
қанжарын қынабына салып, Балдынзаны сүйрегендей орнынан тұрғызып
алды да, өз тобына қарай алып жүрді.
Орта жолда алдынан шыққан Жаман батыр жетегіндегі көк тулпарды
Барақтың алдына көлденең тарта берген. Енді біреулер Балдынзаны
бассалып, байлап алып жатты.
Бұдан ары күтіп тұрудың орны жоқ. Қабанбай жаппай шабуылға белгі
берді. Сол-ақ мұң екен, манадан арқасы қозып əрең тұрған қазақ түмені
бірден лап қойды. Қалмақтар да өліспей беріспейтінін білдіріп, қарсы
ұмтылған. Бірақ жақын жерден басталған жанталаста мылтықтарын оқтап
үлгірмеді. Сан жағынан басым, əрі мұндай ұрыстардың талайын өткеріп
келе жатқан қазақ əскері жау жағын лезде жапырып, тиген жерін оңдырмай
ойып түсті.
Обалы кəнеки, торғауыттар да барын салды. Əйтседе, олардың қазіргі
əрекетінде өз күшінедеген нақты сенімнен гөрі бұрын мұндай қырғын
соғысты бастан кешпеген, жеңілістің ащы дəмін татпаған ноқайлық,
өлермендік басым еді. Ақыры қалмақ жаты биенің бір сауымындай
шыдастық берді де, кенет қазақ əскерінің екі бүйірден бірдей орап бара
жатқанын сезіп, шығысқа қарай жалт берді. Жартысына жуығы шығынға
ұшырап, біразы қоршауда қалып, сытылып шыққандары Маңыраққа қарай
бет түзеді. Олардың өкше ізіне түскен қазақ қолының бір бөлігі жауды
Толағай тауға дейін қуып барды да, одан ары ат сабылтып жатпады. Жалпы,
Қабанбай қашқан жаудың қыр соңынан қалмай қоюды білместік деп
есептейтін. Қалмақпен соғыс бір күнде бітпейді. Ертеңгі айқасқа атты да,
азаматты да тың сақтау керек. Қорқақтың көзі — төртеу. Қашқан жау аққан
сел тəрізді, жолындағысын өзімен бірге ала кетеді.
Оның есесіне қазақ қолы Шорта мен Ласты аралығында отырған қалмақ
күреңдерін басып қалды. Қарсы жақтың күшін анық пайымдамай, өз
нояндарының жалған доңайбатына, көпірме сөзіне сенген торғауыттар
жайлаудан түскен күйі бейғам отыр екен. Сондайлардың көбі-ақ малжанымен қолға түсті.
Шабындыға тап болған күреңдердің ішінде Балдынза ноянның ордасы
да бар еді. Көп жылдар теріскейдегі торғауытты жеке билеп, тұлыптай
сорған ойрат ақсүйегінің байлығы бастан асып, осы өлкені түгел алып
жатқан-ды. Ақтылы қой, алалы жылқысы тұтасымен қолға түсіп, қазақ
қосыны олжаға батты. Алайда бұл реткі олжаның ең қастерлісі, малы да,
басқасы да емес, ноянның он жеті - он тоғыздарға келіп бой жетіп отырған,
ай мен күндей екі қарындасы еді. Екеуі де — қалмақ жұртында сирек
ұшырасатын тана көз, оймақ ауыз, аққұбаның əдемісі. Үлкенінің аты —
Барын, кішісінің аты — Шарын екен. Үріп ауызға салғандай сүйкімді
сұлуларды көргенде, батырлардың бірталайының-ақ көңіліне құрт түскен.
Көкжал Барақтан бастап Жəнібек, Еспембет, Дəулетбайлардың да пиғылы
бұзылып, қыздар орналасқан бақауыл қостарын жиі торуылдайтын болған.
Ер-азаматтың бір осал жері — ақ жаулық қой, қашанда. Мал үшін, жер
үшін түс жыртыспайтын ағайын, ұрғашы жұртына келгенде, кейде арадан
өрт шығып, бітіспес жауға айналуы да мүмкін. Осыны есепке алған
қолбасы жорықтың соңын күтпей-ақ, мына бір арқыраған азбандардың
көңілін тезірек тындырғысы келді. Төсек жаңғыртқысы келген дəмелі
жігіттерді түгел жинап, бір шетке тізіп қойды да, тұтқын қыздарды да
ортаға əкелдіріп, олжа үлесу заңы бойынша аруларға таңдау берді.
Кімнің ойында не жоқ дейсің. Елуден төменгі, қырықтың қырқасына
шыққан қырқылжыңдардың көбі-ақ үсті-бастарын түзеп, сақал-мұрттарын
басып, қыз алдында айбынды да асқақ көрінуге тырысады... Əйтседе,
көшпелі елде туып, жаугершілікпен көзін ашқан, зерделі қыз-келіншектер
де дайындықсыз емес-ті. Əрқайсысының өз ойлағаны, көңіліне түйген
кісілері бар. Бастарына қандай тауқымет түскенін, түбі осы бір
қылкөпірден өтпей қоймайтынын жақсы білетін ондай қыздар арада өткен
екі-үш күнде белгілі қазақ батырларының жас мөлшерін, ел ішіндегі беделі
мен отбасында кімдері бар екенін алдын-ала сұрастырып біліп алған-ды.
Балдынзаны жекпе-жекте басым күшпен жеңсе де, Барақ батырдың оны
өлтірмей тірі алып қалғаны, ал ағаларының дəл қазір сол Барақтың жан
жолдасы Жаман батырдың қолында тұтқында жатқаны да екі қызға мəлім
еді. Олар бүгінгі таңдауда өздеріне лайықты күйеу тауып қана қоймай,
болашақта сол ағаларын аман алып қалуға бел байлаған... Кезек соларға
келгенде, Барын сұлу орнынан тұрып:
— Артық туған көкжал Барақ, ағатайым Балдынза ноянның қасықтай
қанын қиғанда, мен неге ондай азаматқа жанымды қимаймын?! Ездің
қойнында жатқанша, ердің аяғын құшқаным артық... Мен бесінші болып
барсам да, Барақ батырды таңдадым! — деп бұрала басып барды да, дəл
ортада тұрған батырдың білегінен ұстады.
Əпкесінің соңынан іле орнынан тұрған кіші қыз Шарынның сөзі де
қысқа болды:
— Қазақтың көкжал Барағы қайсымызға жетеді?! Мен аты Жаман болса
да заты асыл Жаман батырға тиемін! — деп Ақнайман Жаман батырдың
қолтығына барып тығылды.
Торғауыттың ауқатты, текті жерінен шыққан, өңі түзу басқа қызкеліншектері де өзі таңдаған қазақ жігіттерінің етегінен ұстап, жан-жаққа
тарап кетіп жатыр. Араларында сыры кетсе де сыны кетпеген, əлі де бала
тауып берерлік күйі бар кексе қатындар да ұшырасады. Кейбіреулері тіпті
екі-үштен бала жетектеп жүр... Қазекең мұндай «көйлегімен туған»
балаларды да сыртқа теппейді. «Бұқа кімдікі болса оныкі болсын, бұзау
өзімдікі» дейтін қағида бар. Қазақтың осы мінезін жақсы білетін тұтқын
əйелдер, басында жылап-сықтаса да, өзінің жаңа жағдайына тез көндігіп
кетуші еді.
Айнала айғай-шу, көңілді күлкі. Өзіне үлес тимей қалып, бір-бірінен
сауға сұрап жүргендер де жоқ емес... Ал қыз жетектеген жігіттердің бірден
мерейі тасып, шоқтығы асып шыға келген. Соғыста ерлік көрсетіп, көзге
түсу — бір басқа да, мұндайда ару қыздардың таңдауына ілігудің жөні тіпті
бөлек. Ер-азамат үшін бұдан асқан мəртебе, сый-сыяпат болмас...
Құрбы-құрдастарының біразы Барақты қоршап алыпты:
— Мына көкжалдың салымын-ай, ə?!
— Жұпар кіндік қой нағыз!
— Не кереметі барын кім білсін, əйтеуір ұрғашы жұрты осыны көрсе
болды, желімдей жабыса қалады!
— Кеше Балдынзаға қолы батпай қойып еді. Сонда көкжалдың бір ені
ішінде жатыр екен ғой! — десіп, Баймұрат, Оразымбет, Еспембеттер бір
атып, бірі қағады. Оларға мына жақтан Дəулетбай қосылды.
— Əй, көкжал, сен қысырақтың үйіріндей бес қатын алып, пайғамбар
межесінен асып кетпе... Сауға деген қайда? Сен, жөн білсең, мына жас
иісіңді маған бер!
Бұларға келгенде Барақтың қайтарар жауабы да дайын тұрушы еді.
— Жоқ, жігіттер, өрістегі малымды талап алсаңдар да қолдарыңды
қақпаймын. Тек əйел жағына қолқа салмаңдар! — дейді қарқ-қарқ күліп. —
Ал артығын міндеп, жуанды жонып жеймін десеңдер, алдымен ана сегіз
қатын ұстап отырған Абылайды талапайға салыңдар!
Сол күні əр қоста ақсарбастар айтып сойылып, жолдары болып ару
құшқан азаматтар кіші-гірім той жасады. Бірақ қолбасы əскер арқауын
босатқан жоқ. Сəл ерік берсең болғаны, жігіттердің жайылып кететін түрі
бар. Сондықтан жеңіс қызуын суытпай, келесі күні-ақ жаңа жорыққа
аттанды. Ендігі беталыс — Маңырақ. Шолғыншылар əнегүннен бері
қашқан-пысқан қалмақтың бəрі сонда жиналып, қайтадан күш топтап
жатқанын айтып келген.
Маңырақ — Барқытбел сілемдерінің Сауырға ұласар тұсында
солтүстікке қарай созылып жатқан өз алдына бір бөлек тау. Мол сулы,
шүйгін шөпті, кең қоныс. Ойраттардың соңғы жарты тасырда бауыр басып,
мекен тепкен бір жері осы еді. Кейін, осыдан біраз жыл өткен соң, əйгілі
Үмбетей жыраудың:
Қозы Маңырақ, қой Маңырақ
Арасы толған көп қалмақ.
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай таудан асырдың.
Ақшəуілге қос тігіп,
Ауыр қол жидырып алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың.
Қабанбай мен Бөгенбай,
Арғын менен Найманға
Қоныс қылып қалдырдың! —
деп жырға қосқанындай, тарихта жоңғарға қарсы жойқын ұрыстың бірі
осы Маңырақ маңында болып еді.
Шорғадағы шайқастан кейін, Маңырақты жайлаған, одан ары Күзуін,
Шілікті, Шағанобада отырған торғауыт пен дүрбіт тегіс атқа қонып, қазақ
қолын бір тойтарсақ осында тойтарамыз деп, Маңыраққа келіп бекінген-ді.
Ұзын-ырғасы жеті-сегіз мыңдай əскер сол таудың қиын кезең, биік
тұрғыларына алдын ала орналасып, қазақ жасағының жолын тосып
жатқанына да бірнеше күн болған.
Жекпе-жек сайыстан да, ашық алаңдағы бетпе-бет ұрыстан да жүректері
шайлыққан ойраттар енді осылай жол торыған бұқпантай тəсілге көшіп еді.
Олары нəтижесіз де болған жоқ. Алғашқы арынмен тебіндей жетіп барған
шолғыншылардың бірі тобы күтпеген жерден тосқауылға кездесіп,
арандалып қалды. Бұл топты бастаған — жер жағдайын жақсы білетін, бұл
күнде жасы жетпістен асып, Бəйжігіттің ақсақалына айналған Сайболат
Тама батыр болатын. Сол кісі қасына Дəулетбай жасағындағы Жұмық
жігіттерін ертіп, жау жақты барлап келуге өзі тіленіп аттанған-ды.
Шолғыншылар тау бөктерлеп барып, Маңырақтың қыр желкесінен асып
түспек болғанда, кезеңде жасырынып жатқан ойраттар білтелі мылтықтан
бір мезгілде оқ жаудырып, жиырма шақты адам шейіт боп кетті. Оққа
ұшқандардың ішінде Тама батырдың өзі жəне Дəулетбайдың немере інісі,
жас талап Кенже батыр бар еді.
Осылайша қайғылы қан төгіспен сəтсіз басталған Манырақ шайқасы
едəуір ұзаққа созылды. Жер жадысын пайдаланып жақсы бекінген жау ұры
сай, биік тұрғыларға мергендерін үстемелей орналастырып, бірнеше күн
бойы Маңырақтың маңын бастырмады... Ақыры мұнда да БаспанБазардағы ұрыс тəсілін қолданып, жаудың ту сыртынан орап келуден басқа
амал қалмаған. Ол үшін Баймұрат, Дəулетбай, Еспембет бастаған үш мың
қолды Күзуін айналдырып, Маңырақтың шығыс жағына түнделете өткізіп
жіберуге тура келді. Олар жаудың артқы елмен байланысын үзе, көзге
түспей кен айналып келгенше екі-үш күндей уақыт керек еді. Дегенмен,
жігіттер діттеген жерлеріне уəделі мерзімде жетіп үлгіріпті. Ойраттардың
бар назары батысқа ауып тұрғанда, олар тау асып келіп, жаудың ту
сыртынан шабуыл жасады.
Шығыс тараптан айғай-сүрең естіліп, ойраттар алақтап артына
бұрылғанда, мына жақтан көкжал Барақ, Жəнібек, Оразымбет, Ақпантай,
Шынқожа, Жаман батырлар бастаған қалың қол да ат басын қоя берген.
— Абылай-Абылай!
— Қабанбай-Қабанбай!
— Қаптағай-Қаптагай!
— Ошыбай-Ошыбай! — деген айғай-ұран мен тарсылдаған мылтық
үнінен бүкіл Маңырақ тауы жаңғырығып, дүние төнкерілгендей болып еді.
Бұл ұрыста Дəулетбай батыр бастаған Жұмық жігіттері ерекше көзге
түсті. Қадірменді қарттары Тама батыр мен жас қыршын Кенженің оқыста
жау оғынан мерт болуы азаматтардың кегін қайнатып, қатты ызаландырған.
Əншейінде əр қадамын аңдап басып, сақ жүретін Дəулетбай бұл жолы
өлер-тірілерін ұмытып, үнемі алдыңғы шепте шабуылдаумен болды.
Батырдың көзіне қан толып, бет-əлпеті де жан шошырлықтай өзгеріп
кеткен. Шамасы, мұндай жанкешті өлермендіктен ажалдың өзі де
қаймығатын болуы керек, ақ көбігі шыққан төрт төбелдің үстінде
ұршықтай үйіріліп, алдаспанын онды-солды сілтегенде, бейне орман отап
келе жатқандай, жау ортасын қақ жарып, арттағы əскерге жол ашып
отырды...
Екі жақты қыспақта қалған ойраттардың ет асымдай ғана шайқасуға
шамасы келді. Ақыры қатарлары сиреп, мүлде құрып кету қаупі төнген
кезде, қаша ұрыс салып, түстікке қарай бет түзеген. Бірақ қанына қарайған
қазақ қосыны бұл жолы олардың қыр соңынан қалмады. Сол беті
Шіліктінің кең жазығына да тұрақтатпай, Күзуіннен ары асырып, Сары
Емілді құлдата, Құлыстайға өткізіп жіберді. Аман құтылғандары тым аз,
ұзаса бір жарым мыңдай ғана адам болар. Ал қалғандары түгел дерлік
Маңырақтың сай-саласы мен Шілікті жазығында ажал тапты... Əрине,
қазақ жағында да едəуір шығын бар. Ұрыстан кейін əскерді түстеп
түгендегенде, ұзын саны үш жүзден астам азаматтың шейіт кеткені
анықталды.
Ақшəуліден басталған биылғы жорықта Маңырақ соғысы ең қымбатқа
түскен шайқас болды. Тағы да жүздеген қазақ шаңырағы қара
жамылатынын ойлағанда, Қабанбайдың қабырғасы сөгіліп, қатты
қайғырды. Амал не, құрбандықты қанша аз беруге тырысқанымен қолынан
келгені осы болды. Осы арада əскерге бір жұмадай тыныс беріп, шейіт
кеткендерді ақ арулап жерледі. Маңырақтың бір қойнауынан əрқайсысына
жеке-жеке қабір қазылған. Жерлеу алдында үш жүз елудей арыс азаматты
қаз-қатар салып қойып, Жүсіп-қожа жаназа шығарып еді, қазаққа бəрінен
қиын тигені сол болды... Жерлеу аяқталған соң, қаза тапқандардың рухына
құран оқылып, Шілікті жазығында ас берілді.
Бұл кезде қазан айы орталап, күн де салқын тарта бастаған. Маңырақта
бел омыртқасы үзіліп күйрей жеңілген торғауыттар бұдан ары қарсыласуға
жарамады. Жаппай ірге көтеріп, күнгейдегі жоңғар шебіне қарай бет
түзеген. Біразы Шатаноба, Күзуін асуларымен ұжымдаса көшсе,
қалғандарының оған да мұршасы болмай, Тарбағатайдың қуыс-қуысын
сағалап, босып кетті. Жер қайысқан көп мал мен көшке ілесе алмай қалған
бала-шаға, қатын-қалаш қазақ əскерінің қолына түсті...
Дегенмен, Барын сұлу ақыры өз мақсатына жетіп тынды. Ол небəрі он
шақты күннің ішінде-ақ көкжал Барақтың нақ сүйеріне айналған. Күн
сайын батырдың құлақ етін жеп жүріп, атасы Балдынзаны тұтқыннан
босаттырды. Барақ қолбасыға бар беделін салып отырып алған... Ақыры
Қабанбай Балдынзамен сөйлесіп көріп, оның тозып жүрген торғауытты
жинап, күнгейге көшіріп əкетуге келісімін алған соң, ноянға бостандық
беруге рұқсат етті...
Бірақ аттаныс əлі аяқталған жоқ-ты. Алда тағы бір үлкен шайқас тұр.
Ендігі беталыс — Қара Ертістің басы мен Өр Алтайдағы ұранхайлар. Азкем ат шалдырып алған соң, осыларды күнгейге таман бір ысырып тастаса,
биылғы жорық өз мақсатын толық орындады деп қаймықпай айтуға
болады.
Алайда күтпеген жағдай қазақ əскерінің міндетін күрт жеңілдетіп
жіберді. Қосынның бас-аяғын жинап, ертеңдер жорыққа аттанамыз деп
отырғанда, Қабанбай шатырына шығыстағы Сауыр тауын бөктерлеген
бөгде жүрісті отыз шақты адам келіп түсті. Бəрі де — шошақ тымақ,
шоңқима етік киген ұранхайлар. Ең ғажабы, бұларды бастап келген кім
дейсіз ғой? Банжыр ноян... Кəдімгі Əмірсананың ағасы, Қабанбайдың туған
құдасы — Банжыр! Қонақтар аттан түсіп жатқанда, Қабанбай өз көзіне өзі
сенбегендей бір сəт қарап қалды да, ақыры сол екеніне шүбəсы қалмаған
соң, екеуі шұрқыраса табысты. Құдасын өткен қыстан бері көріп тұрғаны
осы еді. Банжырдың бала-шаға, туыс-жұраты əлі де Қабанбай ауылында
болатын. Арттағы үй-ішінің аман-саулығын естіп, ол да масайрап қалды.
Айтып отырса, биыл көктемнен бері Банжыр ноянның да бармаған жері,
баспаған тауы жоқ көрінеді. Дабашыны қайтадан таққа отырғызамыз, өз
ұлысында Əмірсананың билігін қалпына келтіреміз деп, жаз бойы тыным
таппаған. Құдай қолдап, бұрқынның ықыласы бұларға ауып, əйтеуір бүлік
басы Намеху-Жырғалды жеңген көрінеді. Дабашы қайтадан Іледегі ойрат
тағына барып орнығыпты... Алайда бұлар ана жылы сүргінде жүргенде,
қонтайжы бұл жақтағы ұйып отырған ұлысты талапайға салып, көрінгеннің
қарауына бөліп жіберсе керек. Күнгейдегі дүрбіт өз алдына, теріскейдегі
торғауыт өз алдына быт-шыты шығып бытырап кеткен. Енді сол тоз-тозы
шыққан тайпалардың басын құрап, Əмірсананың құзырына жинап беру
міндеті тұр. Сол үшін Банжыр ноян көптен бері аттан түспей, бұл жолы
Қобық пен Қостолағайды, Алтай мен Сауырды аралап келе жатқан беті
екен.
Қазақ əскерінің биыл Ертіс бойымен, Барқытбел, Алтай бағытында
торғауыттарды түре қуып, Жоңғарияға қарай көшіріп жатқанынан бұлар да
хабардар. Əмірсана мен Дабашыға бірде бағынса, бірде бағынбайтын
тоңмойын торғауытты жуасытып, өз ұлысына бағындырып бергеніне
қуанбаса ренжімейді... Ал Алтай, Сауырдағы ұранхайларға келсек, олардың
жөні мүлде басқа. Жалпы ұранхай ұлысы төрт ойраттың санатына
кірмегенімен, тілі, əдет-салты жағынан осылармен ағайындас, көп
уақыттан бері жоңғар хандығының құрамында өз міндетін адал атқарып
келе жатқан ел ғой. Бұлар — ойраттардың Халқа-монғол бетінде тұрған
болат қалқаны. Соңғы жылдары Дабашы мен Əмірсананы ең ақырына
дейін қолдағандар да — осы ұранхайлар. Ендеше ойрат нояндары да
ұранхай ұлысын қазақ əскерінің шабуылынан қорғауы керек. Қорғағанда
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 31
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.