Latin Common Turkic

Дарабоз - 18

Total number of words is 4070
Total number of unique words is 2312
34.2 of words are in the 2000 most common words
50.0 of words are in the 5000 most common words
58.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— «Қорқақты қуа берсе, батыр боп шығады» деген сөз бар. Қазақтың да
ел болып, есе қайтаратын кезі келді білем! — деді ұлыс бегі шөгіңкіреп
кеткен кəрі денесін қайта тіктеп. — Ала болып та, бала болып та көрдік
қой. Қашанғы бармақ тістеп, сан соғып қала береміз?! Айтқан сөздерің
көңілге қонады, жігіттер. Осы жолы ойрат əулетіне бір тықыр таянғанына
көзім жетіп отыр. Бірақ сол аз күнгі жеңіс болмасын. Ақыр білек сыбанып,
беріспеске бет алған екенсіңдер, қалмақты жай үркітіп қана қоймай, енді
қайтып бұл жаққа аяқ баспайтын етіп қуыңдар... Сол үшін Дарабоздай дана
қолбасшы келіп отыр ортамызға. Бəрімізге соның айтқаны заң бол сын!
Егер, — деді ол үй иесі ретінде төменірек жайғасқан Ұлы жүз батырларына
жағалай көз салып, — «ауыл итінің құйрығы қайқы» деп, қолбасының
айтқанына көнбей, бұра тартатын бұралқы табылса, менен жақсылық
күтпесін!
Ұлыс бегі осыны айтқанда, Ұлы жүз жігіттері жамырай үн қатып,
шуылдасып кетті:
— Құдай сақтасын! О не дегеніңіз, Төке?!
— Tап осы жолы берекеден безген кісі оңбас!
— Ойбай-ау, өмір бойы аңсап күткеніміз осы аттаныс емес пе еді?!
— Төбеге келіп ту тігіп, Дарабоздың өзі дабыл қағып отырса, бұдан
артық құдайдан тілегеніміз не? — десіп жатыр.
Теле би ендігі бір сөзін төрде отырған Ханбаба сұлтанға арнап айтып
еді:
— Бүгін бар да ертең жоқ, буынып-түйінген жолаушыдай, біз де бір
қонақпыз ғой. Төрт көздерің түгел отырғанда айтып қояйын, — деді
жұртты тағы да аузына қаратып. — Егер жаны жəннатта болғыр Барақ
сұлтан тірі болса, ендігі халық қалауымен хан тағына көтеріліп, осы
аттаныстың басында өзі жүрер еді. Сұм тағдыр оған жеткізбеді ғой. Бірақ
біздің сол тілегіміз — тілек. Барақ кеткенмен ұрпағы қалды артында.
Жеріміз жаудан тазарған соң, құда қаласа, Ұлы жүз тағына Барақ
балаларының бірін отырғызамыз ба деген ойымыз бар. Жол кімдікі? Ол
жағын өздерің шешерсіңдер. Бізге Шығай хан əулетінің ала-құласы жоқ, —
деді өз байламын жалпы жұртқа жария қылып...
Осымен кеңес те аяқталған.
Сəрсенбі күні таң саз бере жорық дабылы қағылып, тұс-тұстан керней
тартылды. Арада енді біраз уақыт өткенде жер қайысқан қалың қол тегіс
атқа да қонып қалып еді. Арқадан келген екі түмен əскерге əзірше бес
мыңнан сəл асып жығылатын Ұлы жүз жасағы қосылып, Арыстың
жайылмалау тұсынан кешіп өтті де, шығысқа қарай шеру тартты. Көптен
бері бұл өлкеде қазақ рухының дəуірлеп көкке шалқыған кезі осы шығар.
Аламан əскердің жеңіске деген құлшынысында шек жоқ. Əттең, шіркін,
əмісе осылай мерейің үстем, күшің басым болғанға не жетсін?! Мұндайда
ездің өзі ерге айналып, əр сарбаздың бойына керемет желік бітеді. Қаружарағы күн нұрына шағылып, маңдай алдында жасыл туы желбіреген
мынадай құдіретті шеруге қосылғанда, жақында ғана жаудан жеңіліс тауып,
жүні жығылып жүрген жігіттер дүр сілкіне қайта түлеп, танымастай
өзгеріп кетті.
Төле бидің ақылымен Ұлы жүз жасағына қолбасы болып, Шапырашты
Наурызбай батыр тағайындалған. Ол талай жылдан бері-ақ жоңғар
үстемдігін мойындамай, үнемі Ұлы Орда ханы Əбілмəмбет туының
астынан табылып, жорықтарда Орта жүз қолымен тізе қоса, бірге соғысып
жүрген тəжірибелі батырлардың бірі еді. Жасы қырық бестерге енді келген,
бақан бойлы, жалпақ жауырынды Наурызбай астындағы қаракөк
арғымағын ойнақтатып, Ұлы жүз жасағын бастап келеді. Қасында оң қол,
сол қол көмекшілері: Шанышқылы Бердікожа мен Сіргелі Тілеуке бар. Ал
бұлардан басқа Ханкелді, Елшібек, Қойкелді, Қыбырай секілді батырлар
əрқайсысы өз руынан құралған мыңдықтардың қасында.
Қолбасы Қабанбай кеше жорыққа аттанар алдында əскерді үш топқа
бөліп, жер жадысын жақсы білетін Ұлы жүз жасағын əдейі маңдайға
шығарған. Еспембеттің қарауындағы ертауыл жасағымен бірге өзі де осы
топқа қосылды. Малайсары батыр мен Ханбаба сұлтан басқарған Арқа
жігіттері қос қапталда. Жау əскері, сөз жоқ, алдымен маңдай топқа келіп
соқтығады. Сол кезде қапталдағы түмендер тез қоршап алып, құртып
жіберу көзделген. Бұрын жауға талай есесі кетіп жүрген Ұлы жүз
батырлары енді сол ызасы өткен ойрат қолының тезірек кездесуін тілеп,
тықыршып келеді.
Келесі күні ұлы сəске болмай-ақ бұлардың көктен тілегенін жерден
берді. Маңдай топ ертерек атқа қонып, суыт жүріп келе жатқан. Сайрамға
түстік жер қалған шамада алдыңғы жақтан мұнартқан қалың шаң көрінді.
Оның жайылған мал, не айдаған жылқы емес, атты əскер екенін кəнігі
көздер бірден айырған. Кеше бұлар ойда жоқта Қазығұрт маңында қазақ
ауылдарын тонап жүрген қалмақ жүздігімен ұшырасып қалып, жан-жақтан
қамалағанда, əлгілердің аты жүйрік бірнешеуі құтылып кетіп еді. Мыналар,
дəу де болса, шығысқа шеру тартқан қазақ қолының хабарын солардан
естіп, əдейі қарсы аттанған ойрат əскері болуы керек!
Кеше қолға түскендердің айтуынша, түстікке жіберілген ойрат
қосынының қолбасшысы Сайын-Бөлек негізгі əскерімен Ташкент
төңірегінде қалыпты. Бес мыңдай қолмен Сайрамға келіп, ел тонап, сайран
салып жүрген — аты-шулы Сары Манжы ноянның баласы Намеху-Жырғал
деген көрінеді. Бұл да — баяғы Батыр қонтайжыдан тараған, ойрат тағынан
үміткер ақсүйектердің бірі. Бірақ қанша мықты болса да, қазақ қолының
күш-қуатын анықтап алмай тұрып, бірден қарсы аттанған албырт ноянның
мына көзсіздігіне Қабанбай таңданып қалды. Əйтсе де, сəл артта келе
жатқан қос қапталдағы Малайсары мен Ханбабаға жау жасағының таяу
екенін ескертіп, кісі шаптырды. Алда қандай жағдай қалыптасса да қапы
қалмауы керек еді.
Ештеңеден секем алмай тура тартып келе жатқан ойрат қолының мына
беталысына қарағанда, олар, сірə, Арқадан келген негізгі қосыннан
хабарсыз секілді. Мына жорықты анада батысқа қарай шегініп кеткен Ұлы
жүз жасағының біраз күш топтап алып, қайта оралған беті деп ойласа
керек. Сол жеңіске мастанған баяғы марқа көңілмен, жүрістерін
бəсеңдетпеген күйі, бір шақырымдай таяп келді де, сап түзеп, ұрысқа
əзірлене бастады.
Оқ жетпес жерге келіп, қазақ əскері де түзем құрған. Екі жақта да дабыл
қағылып, шыңдауыл ұрылып, керней тартылып жатыр.
— Тым асығып кетпе. Қос қанаттағы əскер ұрымтал жерге жеткенше,
мыналарды жекпе-жекпен айналдыра тұр, — деді Қабанбай қасындағы
Наурызбайға.
Ойрат қолының да жекпе-жексіз тоқтайтын түрі жоқ. Реті келсе ежелгі
өктемдікпен Ұлы жүз жасағын сөзбен ықтырып, ұрыссыз-ақ бетін
қайтарып тастамақ па, қалай. Көп кешікпей астында есік пен төрдей құла
жирен аты бар, қасына екі нөкер ерткен қалмақ нояны бері таман келді де,
ер үстінде шіреніп тұрып, айғай салды.
— Əй, хасақтар, қайыр сұрағандай телмеңдеп тағы қайтып келдіңдер
ме? Сендерге Ташкент пен Сайрамның маңайын баспаңдар деп əнегүні
айтқанымыз қайда? Сендер бүйте берсеңдер, енді Түркістаннан
айырыласыңдар! — деді өзінше балдыр-батпақ тілмен қазақша сөйлегенсіп.
Құла атты қалмақтың кім екенін Ұлы жүз жігіттері бірден таныды:
— Мынау — қаны сұйық Намжыл-Шеріктің өзі ғой!
— Сайрамның жаңа əміршісі, қазақтың қанын судай төккен сұмпайы
осы! — деп шу ете қалды.
Астамсыған ноянға қарсы сөзіне сөз қайтаратын, əрі алғашқы сайыста
жеңіс əперетін, тіс қаққан, сенімді батырлардың бірі шығуы керек еді.
— Əнегүні осы иттің ызасы əбден өтіп еді. Сазайын өзім тартқызайын
ба? — деді Наурызбай қызынып.
— Сабыр ет. Өзіңнің қолбасы екеніңді ұмытпа! — деді Қабанбай.
— Намжыл-Шеріктің қолынан қарақалпақ қаны да аз төгілген жоқ.
Осыған тіпті мені жіберіңдерші! — деді Қылышбек қару-жарағын сайлап.
— Жоқ, сен тұра тұр! — деді оған Сіргелі Елшібек батыр қарсы болып.
— Осында қаптаған қазақ тұрғанда, қарақалпақтың жалғызын жардан
ұшырғанымыз ұят болар. Намжыл-Шеріктің құйып қойған қарсыласы —
мына мен ғой. Осыған көптен қолым қышып жүруші еді.
— Қолың қышып тұрса, кезек сенікі, Елшібек батыр! — деді Қабанбай
уақыттың созылып бара жатқанын сезіп. — Жолың болсын! Кердеңдеген
нояннан кек алып қайт!
Қазақ жағының бірден жауап қата қоймай іркілгенін қалмақ нояны
қорықтыға жорыса керек, бұрынғыдан ары айдындана түсті:
— Оу, хасақтар, басында ет қызуымен келіп қалсаңдар да, сөйлесуге
жүректерің шыдамай тұр-ау, шамасы! Бодандық антын бұзып, бүлік
бастаған Төле би қайда? Қонтайжыға опасыздық жасағаны үшін, ол
шалдарың əлі-ақ сазайын тартады!
Дəл осы мезетте астындағы қаракер атқа қамшыны басып жіберіп,
Елшібек батыр да ортаға шыға берген. Бұл — баяғы «Ақтабан» тұсында
Қабанбай, Малайсарылармен бірге Түркістан қорғанысына қатысатын
Елшібек. Ол кезде əлі жиырма беске келе қоймаған балғын жас еді. Қазір
елудің қырқасына шығыпты. Ерлігінде қапы жоқ, бірақ астындағы аты
нараулау екен. Теке тіреске төтеп берсе жарады... Қолбасы осыны ойлап
үлгіргенше болмады, Елшібектің:
— Атаңа нəлет, ит қалмақ, аузыңа келгенді көкімей, шық былай,
тұрысатын жеріңе! Əйтпесе, осы тұрған бетінде басынды қағып түсіремін!
— деген айбынды даусы естілді.
— Əй, хасақтар, сендер шынымен-ақ соғысқалы тұрсыңдар ма? — деді
Намжыл-Шерік əлі де сенер-сенбесін білмей. — Ташкент пен Сайрамнан
бас сауғалап қашқандарын кеше ғана емес пе еді? Аяқ астынан мұндай
желік қайдан бітті сендерге?
— Əй, мынау өзі мылжың екен ғой! — деді Елшібек күйініп. — Өлетін
адам көп сөйлейді деуші еді... Бой жасағаның ба бұл? Кəне, қатын
болмасаң, шық былай!
Соны айтып, найзасын басынан асыра бұлғап-бұлғап қойды. Соған ілесе
қазақ жағынан құдіретті үн көтерілген:
— Жекпе-жек! Жекпе-жек!
Өзінше бодан елді жөнге салмақ болған Сайрам əміршісі НамжылШеріктің енді жекпе-жекке шықпасына амалы қалмады. Бұл кезде
түземдегі əскер де аттарын баяу бастырып, бір-біріне тақау келіп тұрғанды. Əлгі екеуі аттарының басын бұрып, қажетті қашықтыққа дейін
шегінісіп кетті де, əлден уақытта бір-біріне өшіге ұмтылды. Қазақ жағы
жер жаңғырықтыра ұрандасып тұр.
— Бəйдібек! Қарасай!
— Ақжол! Абылай!
— Қабанбай-Қабанбай!
Салт бойынша, алғашқы найзаны қалмақ сілтеп, Елшібек қалқанмен
қағып үлгірген болар, ортада арпақ-тқрпақ айқас басталып, шақыр-шұқыр
дыбыс шықты да, ат екпінімен өтіп кетісті. Осылайша қас жауынын, осал
жерін аңдыған қағысулар бірнеше рет қайталанды. Үшінші əлде төртінші
ретте Елшібектің найзасы діттеген жеріне дəл тиді білем, екі батыр бірінбірін ала алмай, ат үстінде шайнасып тұрып қалысты. Нағыз білек ұйытып,
тақым талдыратын ауыр сəт еді. Азаматтың ғана емес, аттың күші де
сыналатын шақ. Қалмақтың астындағы құла жирен тым арынды, əрі талай
жекпе-жекте тəсіл алған жылқы екен. Алдыңғы екі аяқты көкке көтере тік
шапшып, омыраумен
келіп соққан кезде, Елшібектің қаракері екпінге шыдамай, шөке түсіп
жата кеткені... Жұрт шу ете түсті.
Қап, есіл Елшібек-ай, қор болдың-ау! — деп қалды Қабанбай да шыдай
алмай.
— Қаракер жаздай жайлаған күнқақты неме ғой... Кісі осындай атпен де
сайысқа шығады екен?! — деді Наурызбай да мұртын тістелеп.
Ат ағынымен өте беріп, қайта бұрылған қалмақ ноянының табалаған
күлкісі естілді. Енді ол жығылған аттың үзеңгісінен аяғын шығара алмай
жанталасып жатқан Елшібекке не істесе де ерікті еді. Төбеден əзірейілдей
төніп келіп, шоқпармен ұра ма, найза сілтей ме, өз қолында-тұғын...
Бірақ дəл осы сəтте күтпеген жағдай болды. Өзінің ертауыл
мыңдығымен ең маңдайда тұрған Еспембеттің ақжал атпен жұлдыздай
ағып, ұрыс аланына қалай жетіп барғанын екі жақта аңдамай қалды.
Қолында сала құлаш қайқы қылыш пен қалқаннан басқа ештеңе жоқ.
Барған бойда Елшібектің ту сыртынан төніп қалған Намжыл-Шеріктің
алдын орап, кес-кестей берді.
Қабанбай сонда ғана «үһ» деп тыныс алғандай болды. Əлі де айқастың
немен тынары белгісіз. Еспембеттің қаһарлы қаруы — қылыш, сонан соң
тездік болатын. Əйтеуір соған сеніп тұр. Оқиғаның бұлайша тұс аларын
қалмақ нояны да күтпесе керек. Басында сасып қалып, құла жиренмен
ұршықтай үйірілді де, көк сүңгіні кезей ол да ұмтылды. Екінші жақтан
Еспембетте жанаса берген. Намжыл-Шерік найза сілтеп үлгірмеді. Кенет
Еспембеттің қолындағы алдаспан жарқ етті де, қалмақтың дулығалы басы
допша домалап жерге түсті. Ал бассыз дене құла жиреннің үстінде əлі кетіп
барады. Осының бəрі қас қағым сəтте, тым тез болғаны сонша, екі жақ та
ештеңенің байыбына бара алмай аңырып қалыпты. Қан майданда жаяу
қалған Елшібек Еспембеттің үзеңгісіне жармасып, өз тобына қосылғанда
ғана, жұрт ес жинады.
— Енді не тұрыс бар? Қаптама шабуылға белгі бер! — деді Қабанбай
қасындағы Наурызбайға қарап.
Соны айтып, өзі жаңа ғана ұрыс алаңынан оралған жігіттерге назар
аударды. Бұл кезде Елшібек қосар аттардың біріне мініп үлгірген-ді. Өңінде
қан-сөл қалмай, бозарып кетіпті.
— Жасыма... Соғыста ондай-ондай болады, — деді қолбасы
қамшысының бүктеулі басын оның иығына тигізіп. — Кінə сенде емес,
атта. Аман қалғаныңа шүкіршілік ет. — Сонан соң əлі ентігін баса алмай
тұрған Еспембетке бұрылды. — Жарайсың, бауырым! Қалмақты құм
қаптырғаның өз алдына, бəрінен де азаматты арашалап қалғаның абырой
болды.
Бұл кезде қазақ қолының алды қаптама ұрысқа араласып та кеткен.
Еспембет өзіне айтылған алғысты шала-шарпы тыңдады да, сайыпқыран
жігіттерін бастап, жау тобына қырғидай шүйілді.
Қолбасы қоян-қолтық ұрысқа сұғынып кірген жоқ. Қасына ту түбінде
тұрған Ханкелді, Бердіқожа, Елшібектерді ертіп, биіктеу бір төбенің басына
көтерілді. Осы арадан майдан даласы алақанға салғандай айқын көрініп
тұр. Ұрыстың ұзаққа созылмайтыны, көп күттірмей жеңістің қолға
қонатыны онсыз да белгілі еді. Қабанбай ат үстінен айқас жүріп жатқан
алаңға аз-кем қарап тұрды да, қасындағы Елшібекке тіл қатты:
— Сенің астыңнан қашанда бір жақсы ат үзілмеуші еді... Қанатсыз
қалған екенсін-ау! — деді манағы əңгімеге қайта оралып.
— Е-е, біздің қолдан тұлпар тұқымы үзілгелі қашан! — деп Елшібек
күрсінді. — Бұл елге тəуір жылқы бітсе, ойраттар құтайтпады ғой. Кіріптар
күйде жүріп, ат баптайтындай болдық па?
— Есінде ме, баяғыда төрт аяғын билеп басатын бір керемет керқұла
атың болушы еді... Ұмытпасам, Аңырақай жорығында сол атыңа көз тіккен
қалмақ мергенін қапы қалдырған жоқ па едің?!
—Е, есте болғанда қандай! Керқұла күні бүгінге дейін түсіме кіреді, —
деді Елшібек мұңайып.
Бұл осыдан жиырма жылдай бұрын əскер арасында кең тараған əңгіме
еді. Іле бойындағы бір қысаңда қалмақ мергені ұрымтал жерге жайғасып
алып, қазақ жасағын асудан өткізбей, таяп барған адамды білтелі
мылтықпен түсіре беріпті. Сонда осы Елшібекке бір ой келіп, астындағы
атын ойнақтата, сəнмен бастырып, əлгі мергенге əдейі жақындарты... Ал
керқұла атқа пенде баласынын қызықпауы мүмкін емес-ті. Жаңағы қалмақ
мергені де сүліктей сұлу сəйгүлікті қолға түсіргісі келіп, дəл қасына
таяғанша күтіп отыра беріпті. Сол күні ауа бұлыңғыр болса керек. Сөйтіп
отырғанда мылтық білтесі дым тартып, от алмай қалады да, Елшібек қайта
оқтауға үлгіртпей, қалмақты шауып өлтіреді...
Төбе басындағылар осыны əңгіме етіп, етектегі шайқасты қалт жібермей
бақылап тұрған. Қалмақ қолы биенің бір сауымындай ғана тіресіп тұрды
да, қаша ұрыс салып, шегіне бастады. Өйткені тап осы мезгілде, даланың
шаңын аспанға көтеріп, екі бүйірден Малайсары мен Ханбабаның
түмендері де көрініс берген. Олардың алдыңғы легі құйындай ұйытқып,
қан майданға араласса, екінші бір тобы жаудың ту сыртын орай шауып еді.
Ойрат қолын бастаған Намеху-Жырғал енді сəл кешіксе қақпанға түсерін
сезді де, аттың басын шығысқа бұруға мəжбүр болды.
Ол осыншама көп əскердің аспаннан түспегенін, Арқадан қалың қол
келіп жеткенін енді білді, əрине. Ойрат ноянының зəре-құты қашқаны
соншалық, осының алдында ғана өздері аттанған Сайрамға бұрылуға да
мұршасы болмай, Ташкент қайдасың деп жосып берді. Бірақ қатары
бұзылып қашқан əскерде не береке болады? Бұрынырақ қимылдаған, ат
көлігі сай жырындылары ғана құтылды да, көпшілігі қылышқа туралып,
жебеге жем болды. Қара жерде тойым бар ма?! Кеше ғана өздері шаңдатқан
қазақ даласы басқыншы жаудың ыстық қанын кенезесі кепкендей сіміріп
жатты.
Бұл — көп жылдардан кейін қазақ мерейін үстем еткен, оңтүстік
өлкесіндегі алғашқы жеңіс еді. Қалың қол қашқан жаудың өкше-ізіне түсіп
қуып жатпады.
— Соларға бола ат арытып қайтеміз? Барсын, — деді Қабанбай
шайқастан соң, қолбасылар жиналған кезде. — Қашанда қашқын əскер
қатарға қосылып жарытпайды, қайта іш жақтағыларға іріткі салып, үрей
туғызады. Барып тығылатын жері — Ташкент қой, амандық болса, оған да
жетеміз.
Бұлар қақпасы айқара ашылған Сайрам қаласына кіріп, əбден қос үрей
болған жұрттың көңілін орнықтырып, осы маңда бірер күн ат шалдырды
да, алдағы жорыққа дайындала бастады.
V
Бұл кезде Арқадан қалың қол жетіп, көптен күткен ұлы аттаныстың
басталғаны туралы хабар бүкіл оңтүстік өңіріне жайылып болған-ды. Ол
жаңалық қазақ даласымен ғана шектелмей, мына жағы қырғыз, ана жағы
Ташкент, Марғұлан, Қоқанға дейін жетіп жатқаны сөзсіз. Бұрын ашық
күреске шығуға тəуекелі жетпей, қыздырманың қызыл тіліне бола
арандалып қалмайық деп, əліптің артын бағып жатқан Талас пен Шу, Арыс
пен Сыр бойының талай рубасы, ақсақалдары Сайрам жеңісінен кейін атқа
қонып, тұс-тұстан ағыла бастады. Арада бірер апта өткенде, Ұлы жүз
жасағының саны бір түменге жақындап қалып еді.
Қабанбай Қарақалпақ көшін қайтарып əкелу үшін Малайсарының
түменін Шыршық бойына аттандырды да, өзі қалған əскермен Ташкентті
барып қоршады. Қоршағанда, қалың қолды қала төңірегіндегі тақырға
иірмей, жоңғар əскері шегінеді-ау, немесе оларға сырттан көмек келеді-ау
деген жолдардың аузын алып, оты-суы мол тау бөктеріне шатыр тігіп,
жатып алды. Ташкенттің тас қамал, тар көшесінде соғысқысы келмей,
ойраттардың, не де болса, кеңірек, ашық алаңға шығуын күткен. Ал СайынБөлек əскерінің қалалы жерде ұзақ шыдауы мүмкін емес-ті. Атқа шөп,
əскерге азық керек. Бір күні түтінге қақалған түлкідей іннен атып шығары
анық. Оның үстіне қазақ қосыны жорықтағы Малайсары жасағын күтуі
керек еді.
Арада үш-төрт күн өткенде, Қабанбай шатырына Марғұлан жақтан
қасында жүздей нөкері бар Ерден бек келіп түсті. Бұл — əйгілі Қоқан
хандығының негізін қалаған Əбдірахым бектің кіші ұлы, қазір
қонтайжының қолшоқпары боп жүрген Баба-бектің туған інісі.
Əсілі, Қоқан дегеніміз — осы ғасырдың бас кезінде ғана Бұхар
хандығынан бөлініп шыққан ел ғой. Алғашында Бұқар өміріне қарсы бүлік
бастап, дербес билікке қол жеткізген — Фергана мен Қашқардың дəруішқожалары болатын. Оларды 1710-жылы Өзбек ұлыстарынан шыққан
Шахрух-бек ығыстырып, тізгінді өз қолына алды. Кейін, Шахрух-бек
қайтыс болған соң, оның орнын үлкен ұлы Əбдірахым иеленді. Ол көп
ұзамай Марғұлан, Ходжент, Самарханды бағындырып, қоластына бүкіл
Ферғана ойпатын біріктірді. Ескі қорған деген жерден өзіне арнап бекініс
салдырды да, кешікпей əлгі қамал-қала Қоқан атанды. Əбдірахым бекті
жұрттың «Қоқан хандығының іргесін қалады» дейтіні сондықтан.
Отызыншы жылдардың соңын ала Əбдірахым өліп, оның орнына інісі
Əбдікерім-бек отырды. Ол əскери өнерге біршама жетік, көп оқыған, білікті
адам болатын. Бірақ мұның тұсында Қоқан хандығы Халдан Цереннің
шабуылына ұшырап, біраз жыл жоңғарға бодан болып тұрды. Тек
қырқыншы жылдары Бұхара мен Хиуаны парсылар басып алғанда,
Əбдікерім-бек Нəдір шақтың қолтығына кіріп, ойраттардың шеңгелінен сəл
босағандай болып еді. Обалы нешік, Əбдікерім-бек өле-өлгенше Жоңғар
шапқыншылығына қарсы күресумен өтті. Орта Азиядағы бүлікті басуға
жіберген ойрат əскерін бір-екі рет амалын тауып жеңді де... Əсілі, Ұлы жүз
атынан қол қойып, жоңғар бодандығын қабылдаған — Жолбарыс хан ғой.
Ол өлген соң, Ташкент шаһары бұрынғыдай бірде жоңғарға бағынса, бірде
Қоқанға қарап кетіп отырды. Төле бидің кереметі: Ташкент кімге қараса да,
оның қосалқы əміршілігінен айрылған жоқ. Бұрын билікті Жолбарыс
ханмен бөліссе, кейін Ташкентті ойрат əмірі Парванбек пен бірге билеп
тұрды. Бірақ осындағы мұсылман халықтарының соры — қазағы, өзбегі,
қырғызы болсын, жоңғарға қарсы күш біріктірмей, жеке-жеке жем болып,
кейде тіпті өзара қырқысып кетуінде еді. Ала ауыздықтың көбі, негізінен,
тоғыз жолдың торабы — осы Ташкентке таласудан басталатын. Қайта
кейінгі жылдары Əбдікерім-бекке ой түсіп, Төле би арқылы қазақ
хандығымен одақтасуды ойластыра бастаған. Алайда тағдыр оны ойлаған
мақсатына жеткізбеді. Əбдікерім-бектің өткен жылы тым тез ауырып, оқыс
өліп кетуіне қарағанда, оның да ажалы ойрат ордасынан болды ма деген
күдік бар.
Əбдікерім-бек өлген соң, былтыр Қоқан тағына оның немере інісі, баяғы
Əбдірахым-бектің кіші ұлы, осы Ерден бек отырған-ды. Бірақ ол билік
басында ұзақ байырқалай алмады. Ерден бек таққа отырысымен
Жоңғарияға қашып кеткен ағасы Баба-бек биыл көктемде ойрат ордасынан
қол бастап келді де, туған інісін Қоқан қаласынан қуып шықты... Əйтсе де
тақ құмар Ерден бектің əлі де əке мұрасынан үміті үзілмеген еді. Ол
жоңғарға қарсы аттанған қазақ əскері Ташкентке қарай келе жатыр дегенді
естіп, жүрегі жарылардай қуанған. Мұны ол тағдырдың өзіне асатынан
жіберген сыйындай көріп, қолбасы Қабанбаймен жолығу үшін, бүгін
асығыс жеткен беті еді.
Жасы қырыққа жаңа келген, орта бойлы, қырықпа қара сақалды Қоқан
бекзадасы иненің көзінен өтердей тым пысық екен. Қолбасыға сый-сыяпат
ретінде екі ақбоз ат, бірнеше түйеге артылған бұл-шай, жеміс-жидек ала
келіпті. Онысын бір-бірден көрініске шығарып, əрқайсысының қайдан
келгенін, қайда жасалғанын айтып, тақ бір сатқалы тұрған заттай санап
өткізді. Ол да ештеңе емес-ау, асты-үстіңе түсіп бəйек болғанда, сыйқұрметін тым асырып жібереді. Сонан соң шектен тыс мүлəйімсіп, тым
тəтті сөйлейді екен. Онысы, бəлкім, оз ортасында жарасатын да шығар, ал
бұрын сарт-сауанмен көп үйірлігі жоқ Арқаның асау қазағына адамды
алдап тұрған секілді, біртүрлі күмəнды көрінеді.
Ерден бектің сөзін тыңдап отырсаң, мұсылман қауымыңда қазақтан
асқан батыр халық жоқ. Ойрат қаруы ма ұйғыр да, өзбек те, қырғыз да
қарсылықсыз бағынғанғанда, тек қазақ қана төтеп беріп, тіресуге жарады.
Немере ағасы Əбдікерім-бек өз тұсында жоңғарға қарсы талай бас көтерген
екен, тек сатқындардың кесірінен арманына жете алмай кетіпті... Қазіргі
сондай опасыздың бірі — өз ағасы Баба-бек. Осы жолы қара басының қамы
үшін Қоқанды ойраттарға сатып, жау əскерін бастап келген де — сол.
Сондықтан жоңғарды жоямын деген адам алдымен Баба-бекті құртуы
керек. Дəл қазір Қоқан əмірінде қазақ қолымен тіресер шама жоқ. Əгарки,
баһадүр Қабанбай ака Қоқанға екі түмен əскер аттандырса, Баба-бекті опоңай қолға түсіруге болады... Ал Ерден бектің өзі — хақ жолынан
таймайтын, Əбдікерім-бектің өсиетін екі етпейтін, Алланың адал құлы.
Егер осы жолы қазақ ағайындар Баба-бектің көзін құртып, Қоқан тағына
Ерден бекті отырғызып кетсе, бұл өмір бойы қазақ хандығына қызмет етуге
əзір.
Қолбасы Қабанбайдың қолында Қоқанды шабындар деген хан жарлығы
жоқ-тұғын. Əйтсе де, дəл қазір ойраттың одақтасы боп отырған Қоқан
билеушілерінің бұлайша екіге жарылуын жақсылыққа жорыды да, əзірше
Ерден бекті сыртқа теппей, есек дəмемен ұстай тұрғанды жөн көрді.
— Қазақ хандығы марқұм ағаңыз Əбдікерім-бектің жоңғарға қарсы ісқимылдарын жоғары бағалап, өз одақтасы ретінде үлкен үміт артушы еді.
Баба-бек оның өсиетіне опасыздық жасаған екен, демек, ол — сізге ғана
жау емес, біздің де дұшпанымыз. Бірақ бізге дəл қазір екі жақты майдан
ашу қиын болар. Алдымен Ташкентті жау қолынан босатып, ойраттарды
бір қуып тастайық. Жоңғардың жұлыны үзілсе, Баба-бектің жарасы жеңіл
ғой, — деп қазақтың ұзын арқау, кек тұсауына салды.
Ерден бек қолбасыдан шыға бере, Ханбаба сұлтан бастаған жас
батырлардың да басын айналдырып, еліктіріп қойыпты. Ханбабаның осы
жорыққа шыққаннан бергі бір арманы — əкесі Барақ сұлтанды у беріп
өлтірген Қарнақ қожасы Камалидденді қалайда қолға түсіріп, жұрт
алдында жазалау еді. Əнегүні қожаны бірден іздемек болғанда Қабанбай ол
істі кейінге қалдырып, Ташкенттің жаудан тазаруына қаратып қойған.
Ханбабаның осы бір осал жерін қайдан біліп алғаны белгісіз, Ерден бек
келісімен сол мəселе қайта жаңғырды.
— Сіздің қас жауыңыз Камалидден қожа қазір Ходжент шаһарында əкім
болып отыр. Баба-бектің оң қолы. Егер таңдаулы мың сарбаз берсеңіз, мен
жол бастап барып, кожаный, қол-аяғын байлап, алдыңызға салайын! — деп
төндіріпті Қоқан бекзадасы. Соны естігелі Ханбаба əлсін-əлі Қабанбайға
келіп:
— Малайсары қайтып оралғанша əлі біраз уақыт бар. Осы əредікті
пайдаланып, əккі қожа құлақтанбай тұрғанда қолға түсірейік! - деп өтініп
жүріп, ақыры қолбасыны көндірді.
Ходжент бұл арадан онша қашық емес-ті. Мəселенің төркіні марқұм
Барақтың киелі кегіне байланысты болған соң тоқтата алмаған. Бір жағы,
осы сапарда Ерден бекті де сынап кергісі келіп еді. Қанды қол қожаны
ұстап əкелуге Ертауыл мыңдығын аттандырды да, Қоқан бекзадасының
тұзағына түсіп қалмай, əр қадамын қадағалап отыруды Еспембетке мықтап
тапсырды.
Əйтседе, сапар сəтті аяқталды. Арада үш күн өтіп, төртінші күн дегенде
жортуылға аттанғандар Камалидден қожаны қол-аяғын байлап алып келді.
Ерден бек сөзінде тұрып, қалаға түн ішінде кіріпті де, ұйқыда қаперсіз
жатқан қожаның дəл үстінен түсіріпті. Қала əкімінің екі жүзге жуық
қорғаушы жасауылдары бар екен, олардың қарсыласқандарын жер
жастандырып, бағынғандарын байлап тастапты. Камалидден қожа шіріген
бай неме екен. Барған жігіттер ат терінін өтеуі деп, мал-мүлкін де, қанизак
əйелдерін де пышақ үстінен бөліп алған көрінеді.
Барақтай ердің түбіне жеткен сұмның сұрқын көріп, жөн-жосығын білу
үшін, Қабанбай оны шатырына əкелдірген. Қасына Ханбабаны алып, екеуі
біраз тергеу жүргізді. Ат үстіндегі суыт жүрісті көтере алмай, қожаның
кетеуі кетіңкіреп қалған екен, таңдай жібітіп, сусып ішкен соң барып тілге
келді. Қарсы алдында — жасы алпысты алқымдаған, сирек сақал, мысық
мұрт, қас-кірпіксіз, жылан көз біреу отыр. Аузында — Алла, басында сəлде. Былай қарасаң, тірі пендеге қиянат жасайды дейтін емес, бейне
мешіт мінбəрінен жаңа түскен қазіреттей. Ал істеп жүрген ісі...
Бір ғажабы: Камалидден қожа, қайсы біреулерше бұлтарып-жалтармай,
бірден турасына көшті.
— Құдайшылығыңды айтшы, қожа, Барақ сұлтанның ажалына себеп
болған кісі — сенсің ғой? — деген алғашқы сұраққа:
— Барақтың түбіне жеткен — мен емес, жоңғар қонтайжысы Цеван
Доржи, — деп жауап берді.
— Бірақ қылмыс сенің үйінде жасалды ғой. Сұлтанның ішкен асына у
қосып берген жендет сен емессің бе?
Қожа бұл сұраққа жылдам жауап бере қоймай, аз-кем бөгеліс жасады.
— Сөйле, жауыз неме, неге үндемейсің? — деген Хан-баба сұлтан
шыдай алмай.
— Сөйлегенде не айтам? Мен — бар болғаны хан жарлығын
орындаушымын. Басқаны білмеймін! — деп қожа бастапқы сөзін тағы
қайталады.
— Қонтайжы саған Барақ сұлтанды өлтір деп өзі бұйырды ма? — деді
Қабанбай.
— Жоқ. Маған хан жарлығын Баба-бектің адамдары жеткізді.
Қызметімнің өтеуіне Ходженттің əкімдігін ұсынған да — солар...
— Адам өмірін арам дүниеге сатқан екенсің ғой? — деді Қабанбай
қабағын түйіп. — Өзің білесің, қазақ өздігінен ешкімге тиіспейді. Ал біреу
опасыздық жасаса, ешқашан кегін кешпейді. Осының артында сұрауы
болар-ау, іргелі ел кейін жазаға тартып жүрер-ау деп ойламадың ба?
Қожа əлдебір жас баланың сөзін қызықтағандай, езуі жайылып күлді.
— Жолына көлденең тұрған адамды жойып отыру — ен далада еркін
өскен қазаққа ғана сұмдық көрінер. Ал отырықты, кентті елдерде тақ үшін
күн сайын қан төгіліп жатады...
— Солай де... Сен үшін бұл тіпті қылмысқа жатпайтын, жай нəрсе
болды ғой?! — Қабанбай оның сөзін бөліп жіберді. — Ал біз сені опасыз
сатқын, қанды қол қарақшы деп есептейміз. Осы қылмысың үшін өзің
қандай жазаға лайықпын деп ойлайсың?
Камалидден таңданғандай иығын көтерді:
— Асып кетсе өлімге бұйыратын шығарсыңдар. Одан өткен қандай жаза
болуы мүмкін? Өмір кейде картаның ойыны сияқты ғой... Бұл жолы ұтыс
— сіздер жақта!
— Тү-у, мынаған дауа болмас! — деп түңілді Қабанбай. — Нағыз кесіп
алса қан шықпас бетпақтың өзі ғой — мынау?! — Сонан соң қасындағы
Ханбабаға бұрылды да. — мен жауап алып болдым. Қанды мойын
құныкеріңді енді не істесең де өзің біл! — деді. Тұла бойымен үркіп, қатты
түршігіп кетіп еді. Ойпыр-ай, мынадай да қаныпезер болады екен!
Босағада тұрған екі жасауыл қожаны орнынан тұрғызып, желкелеп
əкетіп бара жатқан. Есікке таяғанда дат сұрағандай артына бұрылды:
— Рұқсат етсең бір сауалым бар, Қабанбай батыр?
— Иə, не айтпақсың?
— Сонау Арқа жерінен əдейі мені ұстау үшін келдіңдер ме? Небəрі мың
сарбазбен жоңғар шегіне қалай өттіңдер?
Мына сөзді естігенде, Қабанбай оның айтқандарын санасына сидыра
алмай аңырап қалды да, кенет қарқылдап күліп жіберді:
— Беу, мына қожа жай қанішер жендет қана ма десем, ештеңеден хабары
жоқ, бітеу неме болды ғой! — деді Хан-бабаға бұрылып. — Оу, сенің мың
сарбазың не айтып тұрған? Біз найзасының ұшы алтын, сайыпқыран үш
түмен қолмен қасиетті Сыр өлкесін жаудан тазартып келе жатқан жоқпыз
ба?! Сен сиынған қонтайжының күні бітті. Ойрат атының тұяғы бұдан
кейін бұл жақты баспайтын болады. Көп ұзамай Баба-бектің де күлі көкке
ұшады. Енді түсіндің бе? Əй, мынау əлі де сенбей тұр-ау деймін? Ертең
бүкіл əскерді сапқа тұрғызып, мынаны алдынан өткізіңдерші! Тым құрыса
өлерінің алдында қазақ елінің құдіретін өз көзімен көріп кетсін! — деді
қаһарланған кезіндегі əдетімен түгі сыртына шығып.
Сол күннің ертеңінде Малайсарының түмені де қайтып оралған. Жорық
ойдағыдай сəтті аяқталыпты. Үш мың түтіннен астам Қарақалпақ көшін
қырғыз жерінің шегінде қуып жетіп, мал-жанымен түгел кері қайтарыпты.
Көшті қорғап бара жатқан екі мыңдай жоңғар шерігі оңайшылықпен
беріспей қарсыласқан екен, қазақ жасағы басым күшпен селдей жапырып,
ұзақ тіресуге мұршасын келтірмепті.
Бұл қарақалпақ батыры Қылышбектің ең бақытты күні еді. Малайсары
тобымен бірге келген ол атынан домалай түсті де, шатыр алдында тұрған
қолбасыға келіп тізе бүкті.
— Даңқың артып, тəңір сені төбесіне тұтсын, Дарабоз! Жан алқымға
келгенде жəрдем қолын созған қазақ ағайынның осы жақсылығын өмір
бойы ұмытпаспын-ау! Өзім ғана емес, кеудесінде жаны бар қарақалпақ
əулетіне осыны өле-өлгенше ұмытпа деп өсиет етермін. Басқа не айтайын,
құл болып құрдымға кеткен жерімізден суырып алдыңдар ғой, бауырлар! —
деген бурыл сақалынан қуаныш жасы тамшылап.
Қабанбай оны тізерлеп отырған жерінен тез тұрғызып, құшағына алды.
— Қуанышыңа ортақпын, бауырым! Қазақпен Қарақалпақтың қашанда
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 19
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.