Latin Common Turkic

Дарабоз - 22

Total number of words is 4085
Total number of unique words is 2211
31.8 of words are in the 2000 most common words
46.3 of words are in the 5000 most common words
54.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жақтан пəле төнбесе, ол — қазақтың қолынан келер нəрсе емес. Ал қазақ
жерін қайтарып алуға келсек, оны да оп-оңай ұстата салайын деп тұрған
ойрат жоқ. Ендеше, жаудың жарылғаны — біздің ырысымыз. Сол
мүмкіндікті қолдан шығармауымыз керек. Дабашы мен Əмірсананы
құдайдың өзі арамызға айдап келген екен, қайта олардың қолына да қару
ұстатып, қатарымызға алайық. Нояндарды қолдайтын қалмақ былай
шықсын да, қалғандары тұрысатын жерін айтсын!
Бұлайша тым кесіп сөйлеу Қабанбайдың əдетінде жоқ-тұғын. Өзіндегі
бедел мен салмақты түгел жұмсамай, өлшеп пайдалануға тырысушы еді...
Жаңағы сөзі Əбілмəмбеттің де шымбайына батып кеткен болар:
— Апыр-ай, Дарабоз, сен тым қатты кеттің-ау! — деді ол жұқалтаң,
аққұба жүзі дуылдай күреңітіп. — «Киіз кімдікі болса, білек соныкі»
дегендей, түбі жаумен шайқасатын — сендер ғой. Егер қайраттарың қаптал
жетіп тұрса, қалмақты қалай жығам десеңдер де ерік өздеріңде.
- Кешір, хан ием! Батыр деген атты көтеріп жүрген соң, батыра сөйлеп
жатқан түріміз ғой, — деп Қабанбай да жуып-шайған болды.
Ақыры нояндарды қорғау бағыты үстемдік алды. Орынбор əкімдерінің
шегелеп жібергеніне қарамастан, бұл ұсынысты ең соңында Ералы сұлтан
мен Дəуіт тархан да қолдап шықты. Олай болған таты бір себебі,
Ташкенттен келген Ұлы жүз батырлары Бердіқожа мен Ханкелді кеңеске
Төле бидің сəлемін жеткізген.
Төле би осыдан екі ай шамасы бұрын былтырғы тұтқын қалмақтар мен
аманатта жүрген қазақ жігіттерін алмастыру мақсатында ойрат ордасына
барып қайтқан-ды. Қолынан күш кеткен қонтайжы өзінше биге жылы қабақ
танытып: «біз енді Ұлы жүзден бұрынғыдай аманат та алмайық, алымсалықты да азайтайық. Бірақ сырт биліктерің бізде болсын» деп тəуір-ақ
шырғалаған көрінеді. Төле би жау ордасында отырып не десін, қонтайжыға
ашық уəде бермей, үмітін де үздірмей, жай есек дəмелі етіп, өз баласы
Жолан бастатқан аманаттарды алып қайтқан... Ұлы бидің сол сапардан
түйгенім деп, ел басшыларына айтқан сəлемі де — нояндарды қайтармау
дегенге саяды.
«Дабашы мен Əмірсана уақытша жеңіліс тауып, кіріптар халге
түскенімен, ойрат Ордасында олардың жақтастары жеткілікті... Дүние
шіркін ертең қалай төңкерілерін кім білсін. Сол нояндарды қолға ұстау
арқылы жаудың күшін ыдыратып, біраз қалмақты өз жағымызға тартуға
болады» депті ұлыс бегі.
Бұл отырғандардың ішінде, басқаны мойындамаса да, ел арасындағы
саясатта Төле бидің білігіне шек келтіретіндер жоқ еді. Осыдан кейін мана
қарсы пікір айтқандардың өзі де бері қарай аунап түскен.
Ал алдағы аттаныс жөніне келгенде бұра тартқан бөтен пікір болған
жоқ. Бəрі бір ауыздан биылғы жазды жоңғарға қарсы шабуыл жазы болсын
деп шешті. Тек найзаның ұшын алдымен қай тұсқа бағыттау керек деген
сұрақ төңірегінде əркелкі тұжырымдар айтылды.
Батырлар мен билердің бір тобы биылша төменгі Талас, Шу өңірін жау
қалдығынан тазартып, сонан кейін негізгі күшті Жетісуға салайық. Сөйтіп
Іле алқабына орналасқан ойрат ордасының дəл өкпе тұсынан қысайық
дегенді ұсынды. Мұны айтқан Ұлы жүз жігіттерінің де түпкі ойын түсінуге
болады. Бұрын Жетісуды мекен еткен қалың Шапырашты мен Жалайыр,
Албан, Суан мен Дулат ежелгі ата жұртынан айрылып, Арыс пен Сыр
бойындағы тар жерге қамалып отырғалы қай заман. Бұл рулардың да
қанатын кеңге жайып, өз мекендеріне оралатын мезгілі жетті. Алдағы
аттаныс жайында да Төле бидің арнайы айтқан сəлемі бар екен. Наурызбай
мен Ханкелді батырлар кезектесе отырып, бидің сөзін айнытпай жеткізді:
— Ойрат ордасының қазақтан беті қайтып əлсірегенін сезген болар,
қазір оған қарсы қару көтеретіндер көбейе бастады. Нарын, Ыстықкөл
маңында қырғыздар бас көтерсе, Ферғана, Ош тұсынан қоқандықтар да өз
үлесін алып қалмақ. Биыл көктемде Ерден бек атасы Баба-бектің түбіне
жетіп, ақыры Қоқан билігін өз қолына алған-ды. Бұларды көрген
Қашқарияның ұйғырлары да тек жатпасы анық. Сондықтан қазақ хандығы
тізгінді қолдан бермей, шабуылын əлгілермен қапталдас, түстік жақтан
бастағаны жөн, — депті Төле би.
Ал Керей Жəнібек батыр мен Найманнан шыққан Көкжал Барақ,
Ақпантай, Танаш батырлар да өз ұлыстарының тар жерде сығылысып зорға
отырғанын, шама келсе шабуылды Барқытбел, Алтай бағытына бұрып,
қоныс кеңейту керектігін баса айтысты. Бұлардың да бұлтартпас дəлелдері
бар: орыстар Ертісті өрлеп, Жетісарай мен Өскеменге ғана бекіністер салып
қоймай, кейінгі кезде құрлыққа да қол соза бастаған. Осылайша етек басты
болып, бөгеле берсек, қазақ жерінің шығыс аймақтары аузы түкті жат
жұрттың тырнағында кетуі мүмкін. Сондықтан ең алдымен төтенше қатер
төніп тұрған шығыс шебімізді бекемдеуіміз қажет...
Абылай кешеден бері батыр, билерге емін-еркін кезек беріп, жұрттың
айтқан сөзін де, айтпай көмейіне бүккен ойын да жақсы пайымдап отырған.
Ол осы бас қосуда бір нəрсені бүкіл болмысымен қапысыз сезінгендей
болды. Бір сөзбен айтқанда, асығу керек екен! Ойрат күні батуға тақау. Ал
жеңілген елден əркім-ақ жырым-шеттік олжа алтысы келеді. Сондықтан
қазақ елі өз сыбағасын ешкімге жібермей, қамдап қалуы керек... Мыналар
Қырғыз бен Қоқанды айтып отыр. Осындайда шығыстан Маншың
айдаһары бас көтеріп, Жоңғарияны бір шетінен жұта бастаса не болмақ?
Жұтқан екен, оның адал-арамына, сенікі-менікі дегенге қарай ма? Жоңғар
атының тұяғы тиген қазақ жерін қоса қылғытуы да мүмкін ғой. Ал ондай
қауіп бар. Жүргінші саудагерлердің айтуынша, Маншың хандығы өзіне
бағынышты Халқа-монғол мен ішкі Шахар, Көкнордан жаппай əскер
жинап, қарулы қосынның алдын Жоңғармен шекаралас Баркөл, Құмыл
аймақтарына топтап жатқан көрінеді. Боғдахан баяғыдан бері қалмақты
қазаққа айдап салып, екі жақтыңда күшін əбден əлсіретті. Енді, міне, сəті
келіп тұрғанда, өз құрбандығының мойнын бұрай салуы ғажап емес.
Жоқ, асықпаса болмайды екен. Əттең, күш-қуаты жетпейді ғой. Күш
жетсе, оңтүстік, солтүстік деп бөлмей-ақ, барлық майданда бір мезгілде
шабуылдаса, қандай ғажап болар еді! Дегенмен, қолдағы мүмкіншілікті əлі
де болса салмақтап көру керек.
— Жарандар! Қазақтың мынау керексіз деп шетке шығарып тастайтын
басы артық жері жоқ. Жер жəннаты Жетісуды кімге қиярсың? Құт қонған
Барқытбел мен Алтайды қалай жау табанына тастап қоярсың?! Бірақ сол
жерлерді азат ету үшін алдымен қарулы жасақ, аламан əскер керек қой! —
деді ол жұртты тегіс аузына қаратып. — Кəне, қай ұлыс қанша қол
шығарады? Əуелі шама-шарқымызды бір мөлшерлеп алайықшы. Сонан соң
көрпемізге қарай көсілерміз.
Соны айтып, Ордада отырған жұртты өткір жанарымен жағалай сүзіп
шыққан. Ұлыс басшылары мен батырлар бірін-бірі алға салғысы келгендей,
біразға дейін тым-тырыс отырып қалды.
— Неге үндемейсіңдер? Ендеше кезегімен үлкендетіп бастайық: кəне,
Ұлы жүз батырлары не айтады?
— Биыл, құдайға шүкір, Ұлы жүз жасағы бір түменнен кем болмас, хан
ием! — деді Шапырашты Наурызбай бəрінің атынан жауап беріп.
— Бəрекелді! Ұлы жүз — бұғаудан босаған жолбарыс қой. Нағыз жан
аямай жұлқысатын кезек сендердікі! — деді Абылай разы болып. — Ендігі
сөзді алыстан ат өксітіп келген Кіші жүз кісілеріне берейік.
Кіші жүздің жігіттері ақылдасқандай өзара күбірлесті де, ақырында
Ералы сұлтан сөз алды:
— Мұндайда арық айтып, семіз шыққан жақсы ғой, Ханаға! Биыл кіші
жүз батырлары да кемінде бес мың қолмен ту түбінен табылары хақ.
Амандық болса, жасақты өзім бастап əкелемін!
— Бəрекелді! Үш жүздің əскері бір жерге түйісті деген дақпырттың
өзінен-ақ дұшпанның зəре-құты қалмас! — деді Абылай, ер намысын
қоздырғысы келгендей жорта елеуіреп. — Ал енді, ормандай көп Орта жүз,
сендер не айтасыңдар?
Арқадағы төрт арыстың қолбасылары: Қабанбай, Бөгенбай, Жəнібек,
Баян батырлар бірыңғай шоғырланып отырған-ды. Алдымен аға баласы
саналатын, жасы үлкені — Қанжығалы Бөгенбай батыр сөз алды:
— Есім ханнан бері келе жатқан ескі салтта: Арғын мен Найман
қашанда бір-бір түменнен əскер шығарып келген ғой, хан ием! Бұл жолы да
сол мөлшер сақталсын, — деп Қабанбайға қарап еді, ол құптағандай басын
изеді. — Ал Керей атаң мен Уақ бауырлар шама-шарқына қарай өздері
айтар.
«Шама-шарқы» дегенге Керейдің намысқой батыры Жəнібек қитығып
қалды:
— Ата жұртымыз Алтайға аттанар күн туса, Ашамайлыны білмеймін,
Абақ керей бес мың қолмен атқа қонады! — деді қызыл күрең жүзі сəл
қуқыл тартып.
— Бəрекелді! Ал енді батыр Баян не айтар екен?
— Мен не айтайын, хан ием?! Ерқосай мен Еркөкшенің тұқымы екені
рас болса, біздің жігіттер де үйде бұтып жатпас. Атымыз Уақ болғанмен
затымыз ірі. Біз де бес қаруы сай бес мыңдай қол қосамыз! — деді Баян
ағалары Сары мен Өтеген батырларға қарап қойып.
— Бəрекелді! Беталысымыз жаман емес, қазірдің өзінде төрт түменнің
басы құралып қалды, — деді Абылай Ордадағы жұртты тағы бір рет шолып
өтіп. — Бірақ бұл əлі сөз ғана. Маған көпірткен құрғақ уəде емес, ту
түбінде тұратын қарулы сарбаз керек. Үш жыл бойы сауын айтып жүріп,
өткен жылы үш түмен қолды зорға жинағанымыз естерінде бар ма? Ал
биыл қапы қалып жүрмеңдер: жоңғардан босаған жаңа қоныстар тек қан
төгіп, қайрат көрсеткен руларға беріледі.
Əр тұстан құптап-қостаған дауыстар естіліп, Орданың іші гуілдесіп
кетті:
— Құдай сақтасын, мұндайда бұғып қалатындай не көрініпті?
— Ойбай-ау, баяғыдан бері құса боп, күтіп жүргеніміз осы емес пе?!
— Құда қаласа, биыл қалмақтан қарымта қайтарып, олжа түсіретін
жылымыз ғой! Тақа бір үміті кесілген біреу болмаса, үйде жататын еразамат,табылмас! — десіп жатыр.
— Олай болса, шілденің алғашқы жаңасында, Балқаш көлдің жағасында,
ту түбінде табысайық! — деді Абылай тізгінді қайтадан өз қолына алып. —
Оған дейін ат əлденеді, ақ молаяды. Ал найзаның ұшын қай бағыттарға
қаратамыз дегенді қазір емес, жиналған əскердің мөлшеріне қарай, кезінде
белгілеген жөн шығар. Егер ту түбіне, шынында да, сайдың тасындай төрт
түмен қол жиналып жатса, оның бəрін бір жерге үйіп-төкпей-ақ, жұрт
айтқандай үшке бөліп, неге үш айыр найзаға айналдырмасқа?! Бір түмен
қол Талас пен Шу аңғарын өрлей жылжыса, ортадағы екі түмен қол Жетісу
— Алакөл бағытында ұрыс жүргізеді. Ал төртінші түмен Барқытбелді
бауырлата, Алтайға қарай атой салады. Сөйтіп, біз Жоңғар шебін Алтай
мен Алатау арасында бір мезгілде тарпа бассалатын боламыз!
— Бұлай еткенде майдан арасы ішектей созылып, күшіміз тым бытырап
кетпей ме, Абылайжан? — деген Əбілмəмбет сақтық айтып.
— Бұл түбегейлі тоқтам емес, хан-ата! Əзіргі болжам ғана... Əй, бірақ
төрт түмен əскер ту түбіне жинала қояр ма екен?! — деді Абылай. —
Дарабоз, сен не айтасың бұл туралы?
Қабанбай мұндай сұрақты күтпей бейқамдау отыр еді:
— Оның бəрі, өзің айтқандай, əскердің қарымына байланысты, хан нем!
— деді ол бойын тез жинап. — Жасақ саны жетіп тұрса, неше жерден
майдан ашам десең де əбестігі жоқ. Айтқандай, біздің күшіміз бөлінгенде,
жаудың күші бөлінбей ме екен? Амалы құрыған ойраттар да əскерін əр
тұсқа бір бөліп, тосқауыл қоюға тырыспай ма? Бірақ олар бұл жолы негізгі
соққыны өз ордасына ұрымтал Іле бойынан күтері анық. Соған орай, біздің
əскердің де ен жауынгер тобы осы тұста болғаны жөн.
Осымен, хан кеңесіндегі басты түйіндер шешім тауып, енді тек ел
ішіндегі көші-қон, өріс-қоныс жайы, рулар арасында бітпей келе жатқан
ескі даулар ғана қалып еді. Қолбасы батырлар аттаныс, əскер мəселесін
біржайлы еткен соң, ендігі шаруаға білектерін сыбанып билер кірісті...
Арада екі айға жуық уақыт өткенде, айтқандай-ақ, Балқаш жағалауына
қазақ қосыны шоғырлана бастаған. Орта жүз қолы Абылай өзі ту тіккен
Аягөз өзенінің төменгі сағасына жиналса, Ұлы жүз жасағы Балқаштың
түстік жағындағы Күрті, Топар төңірегіне топтасып жатты. Ал Кіші жүзден
əзірге дерек жоқ. Ералы сұлтанды біреулер айнытып тастады ма, əлде жер
шалғайлығынан жете алмай жатыр ма деп екі ұдай күйде отырғанда,
Абылайға суық хабар жетті. Осы жақында, жетпістен асқан жасында
Шақшақ Жəнібек қайтыс болыпты... Бұл күнде Əбілқайыр əулеті мен
іргелес отырған Кіші жүздің басқа да батыр, билері сол Жəнібек тарханның
ауылында көрінеді... Ауыр қаза, əрине. Бірақ оған қарап жорықты тоқтатуға
болмайтын еді. Бəрі ақылдасып, орталарынан Қанжығалы Бөгенбай
батырды қасына əр рудың басты билерін қосып, бата оқырға жіберді де,
басқалары өз істерін жалғастыра берді...
Ту түбіне Орта жүз рулары да түгел келе қойған жоқ. Осы таяуда болып
өткен бір оқиғаға байланысты Қызылсу-Шар, Шыңғыс өңіріндегі біраз
рулардың биылғы жорыққа қатыса алмайтыны мəлім болды. Таты сол
Дабашы мен Əмірсананың қырсығы... Бұл төңіректегі ауылдар қашқын
нояндардың өз ортасында жүргенін білсе де, жуық арада олардың соңынан
қуғыншы келеді-ау деп күтпеген. Қалың ел осы көктемде батырлары мен
билерін хан кеңесіне аттандырып жіберіп, өздері жабағы жүндерін қырқып,
тай-құнанын таңбалап, бейқам жатқан-ды. Əккі қонтайжы осы бір кезенді
өз мүддесіне өте ұтымды пайдаланды.
Бұрын да бұл маңайдан Дабашы мен Əмірсанаға қосыламыз деп, оқтатекте шағын-шағын топ болып, босқын қалмақтар өтіп жататын. Ойраттар
Шорға бойынан жолға шығуға дайындалып жатқан сондай бір топты қолға
түсіреді де, қашқын нояндардың мекен-жайын біліп алған соң, əлгі
жасақтың орнына Батыр-Убашы ноян бастаған өз əскерін аттандырады. Аткөлігі сай, қару-жарағы қапысыз, арнайы сұрыпталған үш мың кісі.
Тапсырылған міндет — қайткен күнде де Дабашы мен Əмірсананы тірідей
қолға түсіру, тіпті болмаса өлтіріп басын əкелу.
Бұлар бұл сапарда Қалбаның қалың бұйраты мен Қызылсу, Шарды
басып, жолдағы елге «бұрынғы нояндарымызға бара жатырмыз» деп
мəлімдейді де, Шыңғыстау жаққа еш кедергісіз өтіп кетеді. Батыр-Убашы
қырқыншы жылдары бұл өлкені талай шапқан, жер жағдайына қанық неме
болатын. Сол беті түнделетіп келіп, таң ата Орда тауында отырған Қайып
пен Өтеген батырдың ауылдарын қоршайды. Абырой болғанда, бұл кезде
Дабашы мен Əмірсана да, оның ағасы Банжыр да ауылда жоқ еді. Олар
осының алдында тана Абылайдың шақыртуымен, қастарына Өтеген
батырды ертіп, Қарқаралыға кеткен-ді. Қашқындарды ұстай алмай
ызаланған ойраттар енді қазақ ауылдарын қанға бөктіріп, қырып-жоюға
кіріседі. Қапыда қалған Қайып батыр аз қолмен қоршауды бұзып шығам
дегенде оқ тиіп мерт болады...
Қысқасы, ойрат қолы осы сапарда бейбіт жатқан қазақ ауылдарына
ойына келгенін істеп, аяусыз ойран салады. Ел тонап, жылқы алудың
сыртында, қашқын қалмақтардың қарымтасы деп, қазақтың біраз еразаматын, қыз-келіншектерін байлап-матап олжа етеді. Бұл жолы
шабылғандар — негізінен Арқат, Орда тауларындағы Уақ пен шығыста
Жоңғар шебіне таяу отырған Бура, Матай, Ақнайман ауылдары еді.
Бұл батыр-билердің көбі əлі Сарысудағы кеңестен қайтып үлгірмеген
кезі болатын. Соған Қарағанда, ойраттар хан кеңесінің орны мен өтетін
мерзімін дəл мөлшерлеген секілді. Кеңеске кеткендердің ішінен елге
алдымен жеткені — Көкжарлы көкжал Барақ пен Ақнайман Жаман батыр
екен. Екеуі елге келген бойда осыдан бір жұма бұрын Əмірсанаға
қосыламыз деп мұздай қаруланған үш мың қалмақтың батысқа қарай өтіп
кеткенін естиді де, көңілдеріне секем алып қалады. «Қашқын-босқын
біреулер болса, қару-жарағы бұлай сай болмаса керек еді ғой» деп, Барақ
дереу жігіттерін жинап, із шалып байқайды. Ақыры ойлағаны дəл келіп,
Шардың төменгі ағысында көп жылқы айдап, тұтқын шұбыртып келе
жатқан ойрат қолымен ұшыраса кетеді ғой.
Тығыз-таяңда Барақ пен Жаман екеуі екі мыңдай ғана қол құрап үлгірген
екен. Əйтсе де, жау қарасын алыстан шалып, ұрысқа ұрымтал жерді күнібұрын таңдап алады да, тұтқиылдан шабуыл жасайды. Ұрының арты қуыс.
Тосқауылда жатқан қазақ қолының мөлшерін нақты біле алмаған
ойраттардың бірден ұйқы-тұйқысы шығып, табан тірей алмай, қаша
соғысыпты. Жұрттың айтуынша, осы ұрыста көкжал Барақ көкжалдығын
таты бір танытса керек. Алдаспаны жарқылдап, қарсы келген қалмақты
шетінен құм қаптырып, ерен ерлік көрсетіпті. Оны көрген қазақтың əзге
жігіттері де жан аямай өршелене қимылдаған... Ақыры қалмақ жағы
ашкөздікпен айдап əкеле жатқан көп жылқысын, тонап алған дүниемүліктерін, тұтқындарды тастап, өздері бас сауғалауға мəжбүр болыпты.
Айтыстарына қарағанда, екі жақтан да шығын аз болмаған. Əйтеуір, түбі
қайыр, қазақ жігіттері ұрланып келген жаудың өкше-ізіне түсіп, Қалбадан
асыра қуып тастаған көрінеді.
Дегенмен, қапыда соққан жау шабуылы шығыс шептегі қазақ руларының
көңіліне қаяу түсірмей қойған жоқ. Ел ішінде «осының бəрі қашқын
нояндардың кесірі» деген наразылық туа бастады. «Күйелі ағашқа
жұтысқан екенсің, өзің де былғанбай қалмайсың. Осы қалмақтардың ішкі
дауына араласып неміз бар еді?! Осылай боларын əлдеқашан білгенбіз!» —
дескен сəуегейлер де көбейіп кетті. Бұрынғыдай емес, жұрт күн сайын
шығыстан жаңа қауіп күтетін болған. Міне, осындай жағдайда, Қайыптай
ел атасынан, талай қыршын боздақтарынан айрылған Уақ ауылдары мен
жау шебіне жақын отырған басқа да рулардың алыс жорыққа азамат
аттандыруы екіталай нəрсе еді.
Əйткенмен, Балқаш жағасына іргедегі Арғын мен Найман ұлыстарынан
екі түмендей қол жиналды. Бұлардың соңын ала, қасына Жəдік Жантай мен
Шерушінің жас перісі Байтайлақ батырды ертіп, бес мың қолмен керей
Жəнібек те келіп жетті. Бұл кезде Ұлы жүз жасағы да бері таман жақындап,
Іленің Балқашқа құятын сағасына қос тіккен. Наурызбай, Бердіқожа,
Ханкелді, Тілеуке батырлардың хан шатырына келіп түскеніне де бірнеше
күн болды. Олар Абылайдың жау шебіне аттандырған шолғыншыжансыздарының қайта оралуын күтіп жатқан-ды. Алдымен қарсы жақтың
қай тұста қанша əскері барын анықтап біліп алып, аттаныс бағытын сонан
соң бір-ақ белгілейік дескен.
Көп ұзамай хан қолына қажетті мəліметтер де жиналып қалды.
Жансыздардың айтуынша, өткен жылы Қабанбай жорығы кезінде Талас,
Шу бойынан кейін серпілген қалмақ күреңдері биыл ол жаққа ішкерілемей,
Шудың жоғарғы ағысы мен Ыстықкөлдің теріскей жағын жайлап отырған
көрінеді. Бірақ, оның есесіне, Алатаудың бергі қапталындағы Суықтөбе
төңірегі мен Алматы, Талғар, Түрген ойпатын қоныстанған ойраттардың
əлі де іргесі сөгіле қоймаған. Ал қалмақтар ерте бауыр басқан Жетісудың
Іле, Қаратал, Ақсу алқабы да сыңсыған жау: Алакөл, Тоқта-Барлыққа дейін
қалпы құрамай, сол күйінде отыр деседі.
Осы айтылған елді мекендердің əрқайсысында жоңғар шебін күзетіп
тұрған қарулы жасақ бар. Əскер саны əрқилы: біреуінде — мың, тағы
біреуінде — бес жүз. Ал қонтайжы негізгі қосындарын елдің арғы
түкпірінде, тасада ұстап отырған көрінеді. Қабанбайдың əнегүнгі болжамы
дұрыс шықты. Олар, шынында да, негізгі соққыны Іле мен Алакөл тұсынан
күтіп отырса керек. Соған орай, мұздай қаруланған екі түмен əскер Іленің
оң қапталында, Жаркент төңірегінде тұр дейді. Қолбасы — кəдімгі су
жұқпас Сайын-Бөлек. Қашқын нояндарды жазалау үшін, Орта жүзге қарсы
жорыққа дайындалған тағы бір түмен қол Жоңғар қақпасының сыртындағы
Бұратола маңында деседі. Əзірше Қазақ əскерінің үрдіс шабуылын
тойтаруға арналған қонтайжының негізгі күштері осылар.
Абылайдың жорық шатырында өткен кеңесте осы аталған жайлар егжейтегжейлі сөз болды. Өз күштері жан-жақты сараланып, жау күшіне баға
берілді. Ең соңында ақылдаса келіп, əзірше ту түбіне жиналған үш түмен
əскерді бір-біріне жалғас екі майданға бөлуді ұйғарысты. Негізінен Ұлы
жүз жігіттерінен құралған бір түмен қол Іленің сол жақ қапталы мен
Алатау бөктерін жаудан тазартуға аттанады. Қолбасы — Шапырашты
Наурызбай батыр. Оның оң қолы — Албан Ханкелді батыр да, сол қолы —
Шанышқылы Бердіқожа.
Ал Іленің оң жақ қапталы мен Алакөл арасындағы ұланғайыр өлкеде,
негізінен, Орта жүз жасағы ұрыс салатын болады. Қарауында екі түмен
əскері бар бұл майданның қолбасысы — Бəсентиін Малайсары батыр.
Оның он, қолы — Керей Ер Жəнібек те, сол қолы — Көкжарлы көкжал
Барақ. Ал Қаракерей Қабанбай осы екі майданды үйлестіріп отыратын Бас
сардар болып белгіленді. Батырлар кеңесі Қара Ертіс, Алтай өлкесіне
шабуылдауды биылша қоя тұрған жөн деп тапты.
— Биылғы аттаныс, иншалла, жоңғар қалмақтарына қарсы ең соңғы,
шешуші шайқастың бірі болады! — деді Абылай кеңес аяқталар сəтте. —
Аттаныс мақсаты — бұрынғыдай ойраттарға тиіп-қашып соққы беру, не
олжа алып қайту емес, қазақ жерін жаудан біржола тазарту. Сондықтан
жүріп өткен жолымызда жоңғардың бірде-бір күреңін қалдырмай, енді бұл
жаққа жау аятын баспайтын етіп, тиісті межеден асырып тастауымыз керек.
Ал межені өздерің білесіңдер: ол — «Ақтабаннан» бұрынғы, осы ғасырдың
басындағы жер бөлігі. Түстікте Хантəңірінің бауырынан басталып, Жоңғар
Алатауын жоталайды да, ортада Тоқта-Барлықты көктей өтіп, Барқытбел,
Алтайға қарай тұтасып кетеді. Ал шытыс шегіміз — Өр Алтай, қасиетті
Қара Ертістің басы...
— Хан ием! — деді Қабанбай осы тұста оның сөзін болт, — Жоңғар
қалмағы кейінгі жүз жылдықта бауыр басып, мекен теуіп қалды дегеніңіз
болмаса, біздің ата-жұртымыз одан да арыта кетпей ме? Іленің басы мен
Тəңіртаудың терістік қапталы, сонау Баркөл, Құмыл, Қобдаға дейін ежелгі
Үйсіннің, Найман мен Керейдің жері емес пе еді? Соның бəрін жоңғар
иелігіне қалдырғанымыз ба?!
— Бұл айтып отырғаның тым арғы тауарых қой, Дарабоз! — деді
Абылай езу тартып. — Арғы жағын қуа берсең, бабалар мекені терістікте
Орхон-енесайга, шығыста Қытай қорғанына дейін созыла беретіні рас.
Бірақ содан бері арада қанша ықылым заман өтті. Тəңіртау мен Алтайдың
арасына қалмақтар келіп қоныс тепкеніне де, міне, екі ғасырдың жүзі ауып
барады... Біз бұл сапар тым арыға бармай-ақ, Əз-Тəуке таққа отырған
кездегі жерлерімізді қайтарып алсақ та жетеді! — Соны айтып аз-кем
бөгелді де: — Қарта да болса халық, қанша жау дегенмен ойраттар да бір
жерде жасауы керек қой, — деді жадырай күліп. — Көктемде хан кеңесінде
айтылған Əбілмəмбет ханның бір сөзінде жан бар. Шынында да, біздің
түпкі ниетіміз ойрат əулетін біржола құртып жіберу емес, тек ата
жұртымызды азат ету емес пе? Аспан асты кең. Ойраттар да өз жерінде
өмір сүре берсін. Тек бізге жауығып, көз алартпаса болғаны. Шығыстағы
Ұлы көршімен қоян-қолтық, қабырғалас тұрғаннан гөрі, арамызда сондай
бір қалқанның болғаны жақсы... Сондықтан аттаныс кезінде былайғы
бейбіт халықты қанға бөктіруден аулақ болайық. Біз құдайларын
балшықтан илеп алатын мəжуси де, шоқынды жұрт та емес, хақ жолындағы
мұсылманбыз, обал тұрған жерде сауап барын ұмытпайық. Ал олжа жөніне
келсек, ата салты сақталады. Төрт түлік мал, асыл жиһаз, қыз-қатын — ер
олжасы. Бірақ əдептен озу, ашкөздік болмасын.
Осымен кеңес те аяқталып, қолбасы батырлар қосындарына тарай
бастаған. Абылайдың өзі əскердің негізгі құрамы топтасқан Жетісу
майданында қалатын болды да, Бас сардар Қабанбай алғашқы кезеңде
шабуылды ширата түсу үшін, біраз уақыт Ұлы жүз жасағында болуды
дұрыс деп тапты. Ол Найман мыңдықтарын түгелімен Көкжал Барақтың
қарауына берді де, өзі қасына ұландар жүздігі мен Еспембеттің ертауыл
тобын ғана алып қалды.
IX
Тамыздың алғашқы жұлдызында Балқаш бойынан көтерілген Ұлы жүз
жасағы жол-жөнекей Бақанас, Күрті даласын басып өтіп, Алатау бөктеріне
қарай бет түзеді. Ойраттар қыс күндері мал отарлатқанда болмаса жаз
бетінде бұл өлкелер елсіз, иен жатушы еді. Қалмақ күреңдерінің көбі қазір
жайлауда, немесе бергі тау бөктерінде. Бұлардың шашыраңқы қазақ
ауылынан бір айырмашылығы: елу-алпыс, кейде тіпті жүз түтінге дейін
қотандасып, бір жерде отырады. Демек, қазақтан гөрі қалмақтар соғыс
жағдайына бейімдірек. Алғашқы дабыл қағылысымен өр күреңдегі қару
ұстауға жарайтын еркек атаулы дереу атқа қонып, өз зайсандарының
қасынан табылуға міндетті.
Алатаудың бұл бөктеріне қалмақтың бауыр басқанына да, міне, қырықотыз жылдан асып барады. Кейінгі жас буыны түгел дерлік осында туыпөскендіктен, бұл өлке бір кезде қазақтың жері еді-ау, басымыздан бақ
тайған күні, бұл арадан көшеміз-ау деген ой кəперлеріне кіріп-шықпайтын.
Өздерінше əбден тапжылмастай болып, ел жиі отыратын үлкен өзен
бойларына дін орталығы — пұтхана-күрелерін салып, қордаланып алған.
Бұл маңда көптен шекара шебін ұстап тұрған Шамалхандай батыры, осы
төңіректегі ел қысқаша «Хаскелең» атап кеткен Хасар лама секілді дін
басылары Алатаудың осы тұсын жеке-дара билеп, əбден мыңғырып байып
кеткен-ді. Мына бетінде енді бірер ұрпақ ауысса, бұл жер ежелден
ойраттық ата жұрты деп айтуға да жүздері жанбас еді.
Қазақ хандығы биыл əскер топтап, жоңғарға қарсы жорыққа аттаныпты
дегенді бұлар да естімей жатқан жоқ, естіді, əрине. Бірақ көздеріне шел,
көкіректеріне жел бітіп, əбден əспенсіп алғаны сонша, соның бəрін жай
дақпыртқа жорыған түрі бар. Тіпті қазақтың аттанысқа шыққаны рас
болған күнде де, «əй, солар қайте қояр дейсің» дейтін көркеуде өктемдік
бар еді.
Қазақ қолы Ақшиден өтіп, Айдарлыға таяғанда, қалмақтың ен жайылып
жатқан қалың түйесі мен екі қос жылқысының үстінен шықты. Алдымен
ұшырасқан шолғыншылар тобы-тұғын. Сірə, оларды жай жылқы алуға келе
жатқан жортуылшы ұрылар деп ойласа керек, бақташы қалмақтар сескене
қоймай, «қайт-қайттап» қарсы шапты. Тіпті бұрын жеткені сойыл
айқастырып та қалып еді. Бірақ артта келе жатқан қара қорым қолды көріп,
жан дəрмен қайта қашты. Біразы жебеге жем болып, жарым-жартысы
құтылып кетті.
— Қап, мыналар жан-жаққа аттандап, іш жақтағы елді түгел
құлақтандыратын болды-ау! — деп өкінді қолбасылар. Дегенмен, екі қос
жылқы мен бес жүздей түйені басып қалған қазақ əскері алғашқы
қадамдарын жақсылыққа жорыған.
Осы арада Қабанбай уақыттан, əрі жолдан ұту үшін жасақты екі топқа
бөлді. Қарауында Тілеуке, Қойкелді батырлар бар Бердіқожа бастатқан бес
мың қолды Мəтібұлақ, Қопа, Қордай жағына жіберді де, өзі Шапырашты,
Албан жігіттерінен құралған Наурызбай, Ханкелді, Байсейіт тобын бастап,
Қарғалы, Қаскелең, Алматы бағытына қарай тура тартты.
Ханкелді секілді жасамыс, егде батырлар бұл өлкенің жер жадысын
жақсы біледі. Шығыстан жоңғар шабуылы басталып, албандар ата
жұртынан ауғанда, Ханкелді жиырмадан жаңа асқан жігіт екен. Басында
бұлар ойраттардың қысымына төтеп бере алмай, Шалкөде, Қарқара
жайлауынан шегініп, біраз уақыт осы Алматы, Талғар, Ақсай аңғарына
тұрақтаған көрінеді. Кейін «Ақтабан шұбырынды» кезінде бұл жер де
қоныс болмай, еріксіз түстікке қарай ығысқан. Қазір жасақтың алдыңғы
легінде келе жатқан Ханкелді жас кезінде талай шарлаған жерлерін еске
алып, көз ұшында арсаланып көрінген Алатау сілемдерін Қабанбайға
сырттай таныстырып келеді.
— Оң қол жақтағы сонау бір басына бұлт үйіріліп, дара тұрған биік тау
— Суықтөбе. Бұл маңда заңғар шыңдардың молдығы ғой, оның төбе
атанып тұрғаны... Одан ары созылып жатқан — Бұтымүйіз, Бесмойнақ
жайлаулары. Ал мына сол қанаттағы жасыл текшелер Үшқоңыр, Көктөбе,
Құлансаз... Бұл бөктерге өз басым соңғы рет баяғы Аңырақай жорығы
кезінде бір келіп едім, содан кейін ат басын тіреп тұрғаным осы.
«Ақтабаннан» көп кейін туған мына Райымбектер, — деді өзіне тақау келе
жатқан немересін нұсқап, — ата жұртын көрген жоқ, тек үлкендердің
əңгімесінен ғана біледі. Жалғанда туып-өскен жерінді бір көруге зар болып,
құсаланған жаман екен ғой...
— Иə, ол жағы басымызда бар... Ол да бір ортақ шер ғой! — деді
Қабанбай күрсініп. — Менің туған жерім — Тоқта-Барлықты да əлі
күнгедейін қалмақбасып жатыр. Күн ашық күндері біз отырған жерден, ана
Суықтөбе секілді, бұлдырап көрініп тұрады. Тоқтаның төбесі көрінген күні
жайым жарасып, көңілді жүрем де, күн бұлттанып, тұман тұмшалағанда,
əлденеге жабырқап, сіркем су көтермейді...
— Апыр-ай, шынында да, мұнымыз бір екен-ау! — деді Ханкелді
тебіреніп. — Аттың басын алдымен сол Алакөл, Тоқтаға бурам десең, саған
қазір қарсы келер кім бар еді?! Өзіңді емес — өзгені, ауылдасты емес —
ағайынды ойладың. Бұл да — сенің қол жетпес ірілігін, Дарабоз!
Бұлар əңгіме қызығымен аңғармай қалыпты: сонау бір биіктен етектерін
жел көтере, еңкейе шапқан екі салт атты сай табанына жарыса құлап,
көрінбей кетті де, əлден уақытта қылт етіп қайта шықты. Алға озып кеткен
шолғыншы жігіттер екен.
— Мына жақта Қаскелең күресінен аттанған қалың қол осылай қарай
беттеп келеді, — деді бадырақ көздеу қара жігіт аптыға тіл қатып.
— Мөлшермен қай тұста?
— Қаралдысы қанша адам? — деді Наурызбай мен Ханкелді қабаттаса
сұрақ қойып.
— Екі-үш қырқаның астында... Жоламан тəтемнің айтуынша, жау
қарасы бес мыңнан кем болмас.
— Жоламанның өзі қайда?
— Ол кісі қарауылда қалды. Жау бағдары анықталғанша күте тұрмақ.
— Бұл — Шамалхан ноянның жасағы шығар-ау, дəу де болса... Одан
басқа бұл маңда мол əскер ұстайтын ешкім жоқ сияқты еді, — деді
Ханкелді өзінше болжам жасап.
Қанша дегенмен, жаумен алғашқы бетпе-бет келулері ғой, жігіттердің
абыржып қалғаны байқалды.
— Не істейміз? Түзем құрамыз ба? — деген Наурызбай үнінде де
толқыныс ізі бар.
— Ұрыс дабылы қағылсын! Жау жақындағанша, сен ана бір тұрғыны
иемденіп ал! — деді Қабанбай. — Бірақ əскердің бəрін қырқаның басына
шығарма. Ту түбінде үш мыңдай найза қалдыр да, қалған екі мыңды екі
қанатта, қалтарыста ұста.
Дабыл қағылып, керней тартылды. Жер құйқасын топылта басқан
əскердің негізгі бөлімі көрінеуге шығып түзем құрды да, Байсейіт пен
Молдабайдың жігіттері қос қанаттағы ұры сайға барып жасырынды.
Бұлардың тұрған жері — биік жалдың басы. Бет алды — тақтайдай
керілген кең жазық. Жау əскері қанша болса да алыстан көзге түсіп, ашық
алаңмен тана келе алады.
Күн кіші бесінге таяп қалған мезгіл еді. Арада сүт пісірімдей уақыт
өткенде қарсы беттен жау қарасы да көрініс берді. Қабанбай көз
мөлшермен бір қарағанда-ақ байқап үлгерді: жау жарты əскерін тосқауылда
қалдырып кетпесе, мына келе жатқаны үш мыңнан аспайды. Кілең семіз
сəйгүлік мінген, қару-жарағы сайлы, жүрістері үскінді. Сырт пошымдарына
қарағанда, бұлар қонтайжының қалыпқа түскен жорық əскері емес, осы
маңдағы шекара шебінде тұрған жасауылдар тобы секілді.
Бірден қаптама соғыс ашуға қалмақтардың да жүрегі дауаламай, жарты
шақырымдай тақап келіп, түзем құрды. Дабыл қағып, шыңдауыл ұрғаны
байқалды. Демек, ұрыс жекпе-жекпен басталып, дəстүрлі қалыпта өтеді
деген сөз. Сонымен бірге, мұндай келіс мына топтың ішінде өзіне сенімді
қолбасы, не атақты батыр бар дегенді де білдіруші еді.
— Жеке сайысқа шығамыз деп тіленген жігіттер бар ма еді? Матқапы
боп жүрмесін, — деді қолбасы Наурызбайға бұрылып.
Ұлы жүз жасағында, үлкендерді қоспағанда, кейін көзге түсіп жүрген
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 23
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.