Latin Common Turkic

Дарабоз - 17

Total number of words is 4055
Total number of unique words is 2318
35.2 of words are in the 2000 most common words
49.5 of words are in the 5000 most common words
57.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
алдырмай келеді. Осы Назымның сынына қайтсем толам деп, күндіз-түні
жаттығып жүріп, қазір жə деген сайыскер, жебесі жерге түспейтін мерген
боп алған... Құдасы Боранбай би жастардың тойын қашан қызықтаймыз
деп Қабанбайға жыл сайын кісі салады. Үйлену тойын əне-мінемен кейінге
қалдырып келе жатқан — тағы Назымның өзі. Ендігі істеп отырғаны
мынау... «Япыр-ай, бұл Мырзатай домбыра тарта алса жақсы болды-ау?!»
— Қабанбайдың жас жігітке қарадай жаны ашып кетті.
Төр жақтан ұсынылған домбыра бір кезде Мырзатайдың қолына жетті.
Қызара толқыған жүзінен, от ұшқындаған өткір көзінен жігітті қазір намыс
қысып тұрғаны байқалады. Əйтседе, домбыра ұстасы сенімді. Сүйрік
біткен салалы саусақтары садақ пен алдаспаннан гөрі домбыраға бейімірек
секілді. Жоқ, шаршы топқа түспегені болмаса, Мырзатай даулескер
домбырашы екен. Асықпай құлақ күйін келтіріп алды да, қара домбыраны
алқымдап, бебеулете жөнелді. Əйгілі Кетбұқаның «Ақсақ құланынан»
бастап, Керей елінің даңғайыр күйшісі Байжігіт пен Найман ішіне көп
тараған Нарбота күйлерінен атап-атап, бірнеше күй шертті. «Қайың
сауған», «Нар идірген», «Топай торы», «Кек төбет», «Сары өзен» күйлерін
кемеліне келтіре, жақсы шабытпен орындады. Мырзатай күй ырғағы сағаға
жетіп, алқымдағанда болмаса, перне бойын сығалап жатпай, көбінесе,
қарсы алдында жігітті қапыда қинағанына масайрап отырған Назымға
қарап тартады.
«Сен ғой — мені осы күйге түсірген. Сенің назың ғой! Сол сын мен
наздың аяқталар, бітер күні бар ма?!»дейтіндей. Əлді келген салалы
саусақтар əр пернені тапжылтпай дəл басып, ортекедей ойнаған оң қолына
көз ілеспейді. Соңғы күй аяқталғанда, жігіттің өзі де қара терге түсіп, қара
домбыраның да бар сөлін сығып алғандай болып еді.
Үлкендер дуылдасып, Мырзатайды алқаған мадақ сөздер айтып жатыр.
— Бəрекелді!
— Ой, өркенің өссін, шырағым!
— «Əке көрген оқ жонады» деген осы. Борекеңнің өзі де домбырашы
ғой. Баласына да қонған екен! - дескен лебіздер естілді.
— Жарайсың, Мырзатай! Сені жұрт алдында бір терлетейін деп едім,
сүрінбей-ақ кеттің! — деді Назым оған ойнақылана қарап.
Жігіт жүзінен шалқыған нұр байқалды. Оған басқа жұрттың алқаған
алғыс-батасынан гөрі Назымның осындай бір ауыз жылы сөзі əлдеқайда
қымбат тəрізді.
Осыдан кейін жолсоқты боп шаршап келген адамдар Қостарына тарап,
тынығуға қам жасаған. Қабанбай шатырына қайтар жолда, өзен бойын
жағалай қонған жасақ қостарын аралай жүрді. Қасында Майсара ғана бар.
Қырқында қайта құлпырған, көңілінде назы бар ерке əйел оң қолын
күйеуінің иығына артып, бүгін бір ерекше қылық танытып келеді. Ай
тумаған өлараның кезі еді. Бірақ құс жолындай созылып кеткен
жағалаудағы мың-сан от төңіректі самаладай жарық етіп түр.
— Біздің Назымның не білген ойы бар? Мырзатайды осылай азапқа
салып жүре бермек пе? — деді Қабанбай Жүрісін сəл баяулатып.
— Өзің ғой, ол қызды шолжаңдатып қойған. Елдің жиырмаға келген
ондай қыздары баяғыда ұзатылып кетті, — деді Майсара.
— Сонда не — Назымды ұстап тұрған? Əлде уағда байласқан басқа
адамы бар ма?
— Болған, — деді Майсара. — Биылға дейін қарайлап келгені сол ғой.
Бірақ ауыл арасы алыстаған соң ол жігіт уəдесінен айнып кетті. Көңілі енді
суитын шығар.
— Кім ол — Назымды налытып, сырт айналып жүрген? — Қабанбай
кенет ашу шақыра, Майсараны бүркіттей бүріп, өзіне қаратып алды.
— Барақ сұлтанның ортаншы ұлы Бөкей. Ана жылы Ұлытауда іргелес
отырғанда, біздің ауылдан шықпаушы еді... Сол кезде Назыммен сөз
байласқан ба, қалай. Бірақ ел іргесі бөлініп, көзден кеткен соң көңіл
құбылмай тұра ма. Бөкей биыл көктемде Əбілфейіз сұлтанның қызы Айымбикеге үйленіпті.
— Дұрыс болған... Бетінен жарылқасын! — деді Қабанбай əлі де
сабасына түсе қоймай. — Көрдің бе, төренің өле жатқаны қара қазақты
менсінбейді. Олар өз қанын артық санайтыны сонша, көзі қарайғанда
немере-шөбере қарындасын алудан да тайынбайды. Хан тұқымы неге азып
бара жатыр дейсің? Тым құрыса қазақтың жеті атасын сақтамаған
жетесіздігінен! — дегенде батырдың даусы қаттырақ шығып кеткен.
— Дабырламашы, біреу-міреу естіп қалып жүрер, — деп Майсара басу
айтты. — Ал Мырзатай жақсы жігіт. Назым үшін жанын үзуге бар ғой
айналайын... Байғұс балаға менің де жаным ашиды.
— Ендеше, Назыммен дұрыстап сөйлес, — деді батыр былай таман жүре
түсіп. — Қараның бəрі Қабанбай болмаса, төренің бəрі Абылай емес. Заты
төре екен деп құр тұлыпқа мөңірегенін қойсын... Берісі бес Байыс, арысы
қазақта Борекеңнің алдына түсетін кім бар?! Уəде — құдай сөзі. Көп сөзді
қойып, осы жорықтан қайтқан соң қызыңды құтты орнына қондыратын
бол! — деп біразға дейін үнсіз келе жатты да, өзімен-өзі тілдескендей: —
Шіркін, Абылайдың кемеңгерлігі сол ғой, қатын дегенді үйірімен: қазақтан,
қалмақтан, қарақалпақтан алса да, төренің қызына жүгірген жоқ. Шын
асылдың төреде емес, қара халықта жатқанын біледі ол! — дегенді қосып
қойды.
Бұлар көзге түспеуге тырысып, қалың əскердің арасымен үнсіз жүріп
келеді. Оннан-бестен қос-қосқа бөлінген сарбаздар əлі жата қоймапты. Су
жағалай тігілген қос, абы-лайша, итарқадан ине шаншар жер жоқ. Біреулері
шəугімдерін оттан түсіріп, шай ішуге кіріссе, енді біреулері жанған оттың
жарығында алқа-қотан жайғасып алып, əңгіме соғып отыр.
От басындағылар бірін-бірі анық көргенімен, түн қараңғылығында таяу
келіп тұрған былайғы адамды байқамайды екен. Қабанбай сондай бір
топтың қасына жақындап, əңгімелеріне құлақ тосты. Үстіне көнетоз көбе
киген егде сарбаз өзін анталай қоршаған жас жігіттерге басынан кешкен
əлдебір хикаясын баяндап отыр. Қалғандары соның аузына кіріп кетердей
өліп-өшіп тыңдап қалыпты. Былайша, егде сарбаздың түсі таныс сияқты...
Бірақ қанша ойланса да, аты-жөнін есіне түсіре алмады. Қабанбай жүре
бермек болып бір оқталды да, кенет сөз арасынан өз атын естіп қалып,
қайта іркілді.
— Түн тастай қараңғы. Күні бойы сіркіреп жауған жаңбыр енді ғана
толастаған, Түнде келіп ықтаған жеріміз — жартылай құлаған күмбезді
бейіт. Күздің қара суығы өңменімізден өтіп барады, — деді жанағы сарбаз.
— Бір мезетте қолбасымыз Қабанбай батыр: «жігіттер, бір-екеуін барып,
маңайдан отын тауып келіңдер. От жағып, киім кептірейік. Ыстық ас істеп
ішейік!» деп бұйырды. Атап айтпасада, бұл сөз қарсы алдында отырған
біздің Баймұратқа қаратылғандай болып еді...
Қабанбай мен Майсара əңгіменің қызығына елтіп, от басына жақындай
түсті. Не де болса ақырына дейін тыңдауға бекінген.
— Жүр, Берікбол, бірдеңе тауып келейік, — деп Баймұрат орнынан
көтеріле берді, — деді егде сарбаз əңгімесін жалғастырып, — мен болсам
— Баймұраттың ат қосшысымын. Құлқым соғып тұрмаса да, амалсыз
ілестім. Сыртқа шығып, маңайды шолып қарасақ, таяу арада тіске шұқыр
ештеңе байқалмайды. Айнала селеуден басқа ештеңе өспеген тақыр дала.
Мана жол-жөнекей көріп қалғанбыз, осыдан жарты шақырым жерде
айналасын шарбақпен қоршаған бір көне зират тұрған-ды. Амал жоқ, солай
қарай бет алдық. Мөлшерлі бейітті тез тауып, қурап тұрған тоқыма
шарбақтың бір шетінен сындырып ала бастадық. Баймұрат қопарып алған
талдарын бері тастап, мен бақшалап буып жатқанмын... Осы мезетте, құдай
басқа салмасын, бір сұмдық оқиға болды. Кенет ортадағы ескі бейіттен
уілдеген, шыңғырған бір жат дауыс шыққандай болды да, іле-шала түнтүнектің арасынан кебінін сүйреткен бірнеше аруақ ағараңдап шыға келді...
Мен тілім байланғандай, өне бойымнан əл кетіп, сілейіп тұрып қалғам. Сол
сəт арғы жақтан: «Əй, дінсіздер! Тірі дүниені тауысып болып, енді өлікті
тонайын дедіңдер ме? Құдайдың қаһарына ұшырамай тұрғанда тез кетіңдер
бұл арадан?! — деген қорқынышты үн естілді.
Мен қолымдағы жіпті тастай салып, тұра қашпақшы болып едім, бірақ
екі аяғым шегеленіп қалғандай орнымнан қозғала алмадым. Ал
Баймұраттың ойына ештеңе келетін емес. Алдаспанын қынабынан суырып
алды да:
— Қайт кейін! О несі, ей?! Өлген аруақ сен түгіл, тірі Қабанбай үсіп
өлейін деп жатыр. Осы арада қылышқа туралайын демесеңдер, к...терінді
қысып, көрлеріне барып жатыңдар! — деп əлгі аруақтарға тұра ұмтылғаны.
Мен сонда ғана есімді жинадым. Аруаққа да жан керек екен, жанағы
аппақ сұлбалар лезде көзден ғайып болды... Біз алған отынымызды асықпай
буып, манағы орнымызға қайтып келдік. Келсек, ескі күмбездің іші
дуылдаған күлкі... Мен есіктен кіре бере көрген сұмдығымды аптығып айта
бастап едім, жолдастарымыз одан арман даурығысты. Болған оқиғаны олар
өзімізден де жақсы біліп тұр... Қабанбай орнынан тұрып, Баймұратты
құшақтай алды: «Бəрекелді, бауырым! Бұқа бабаңа тартқан нағыз батыр
екенсің ғой!.. «Өлген аруақ сен түгіл, тірі Қабанбай үсіп өлгелі жатыр»
депсің-ау! Мынауың бір айта жүретін сөз болды!» — деп жас батырдың
маңдайынан сүйді.
— Сөйтсек, оқиға былай болған екен, — деді сарбаз сөзін сабақтап. —
Сол топтың ішінде Керей Жəнібек батыр да бар болатын. Баймұрат пен
Жəнібек құрдас, екеуі қатты ойнайтын-ды. Біз отынға баруға қамданғанда,
Жəнібектің ойына да бір қулық кіреді. Ескі бейіттен басқа жерде отын
жоғын сезеді де, Баймұратты қорқытпақ болады. Сол ойын қолбасыға
айтқан екен, жастарды сынағысы келген Қабекеңде қарсы болмапты. Сонан
соң Жəнібек қасына бір-екі жолдасын ертеді де, бізден бұрынырақ барып,
көйлек-дамбалдарымен ағараңдап, жаңағы бейітке жасырынады. Аруақ
кейпінде бізді шошытпақ болған солар екен... Міне, жігіттер, батыр деген
атқа ие болу үшін, осындай талай сыннан өтуге тура келеді. Енді ойлап
отырсам сол кезде Қабанбай қырық жаста, ал Баймұрат жиырма беске əлі
тола қоймаған...
Қолбасы жымиып күлді де, тықырын сездірмей кейін қарай бұрылып
кетті.
— Ананың айтып отырғаны шын ба? Қандай қорқынышты! — деді
Майсара қатарласа беріп.
— Шын болғанда қандай! Бəрі қаз-қалпында, — деді Қабанбай. — Сен
ұмытып қалғансың ғой. Əйтпесе бұл əңгіме кезінде Арқадағы бүкіл елге
тарап кеткен. Баймұраттың алғаш аруағын асырып, атын шығарған да осы
оқиға.
Сөз əлпеттеріне қарағанда, жаңағылар Баймұрат жасағындағы Төртуыл
жігіттері сияқты. Қабанбай жаңағы Берікбол атты сарбазды да енді есіне
түсіріп келеді. Қайда-а, одан бері де он бес жылдай уақыт өткен шығар. Сол
жолы іріктелген қырық жігіт Ұлытаудан аттанып, Жетісудағы қалмақтардан
жылқы алуға келген. Жортуыл кезінде күздің қара суығына ұрынып, көп
қиыншылық көргені, Баймұраттың жаңағыдай сыннан өткені, бəрі рас.
Əйтсе де сол жолы сапарлары сəтті болып еді. Іле бойында жатқан
қалмақтың бір қос жылқысын түп көтере айдап кеткендері есінде...
Құдауанда, бұл дүниеде еш нəрсе де ұмытылмайды екен-ау. Баяғыда естен
шығып кеткен болымсыз оқиға, міне, қайта жаңғырып, жастарға жалғасып
жатыр.
Қабанбай мен Майсара аламан əскердің кешкі қосын аралап, тағы біраз
жүрді. Қолбасының ойлағаны — көпшіліктің көңіл ауанын, Ұзақ жүрістің
қалай əсер еткенін білу-тұғын. Шүкір, сарбаздардың рухы көтеріңкі, алыс
жолға бой алдырмаған секілді. Демек, аламандар қанша қашық жол жүрсе
де, жорық мұратын жақсы сезінеді деген сөз... Əйтсе де, мына қарайған
халықтың жай саяхат үшін келе жатпағаны тағы белгілі еді. Алда жасанған
жау тұр. Бүгін жеңіс аңсап, желпініп отырған талай жас осы сапардан
қайтпай, алыс өлкеде жер жастануы да мүмкін ғой... Иə, солай болары хақ.
Оған амал бар ма?! Құрбандықсыз, шығынсыз, оңайшылықпен келетін
жеңіс жоқ. Қабанбайдың ендігі міндеті, — шамасы келсе, əр сарбазды
сақтау, құрбандықты мүмкіндігінше аз беру.
Бұлар шатырға қайтқанда шығыстан жарты шеке ай туып, үркер төбеден
ауып қалған еді. Мұндағылар оны күтіп отыр екен, алдағы шолғыншы
топтан жаушы келіпті. Еспембет бастаған ертауыл тобы Созаққа еш
кедергісіз кеше барып кірген көрінеді. Жол ашық — Жаңақорған,
Түркістанға дейін қауіп жоқ деседі. Арыстың бергі бетіне топталған Ұлы
жүз жасағы Арқадан қалың қол аттанғанын естіп, тағатсыздана күтіп
отырса керек.
Жақсылық хабар қолбасының көңілін орнықтыра түсті. Ол ертең таң
сəріде жорық дабылын қағуға жарлық берді де, Майсараны ертіп шатырына
қарай бет алды.
IV
Қалың қол Созаққа көп аялдаған жоқ. Қаратауды көктей өтіп, төте
жолмен күнгейге асып түсті де, Түркістанның қыр желкесінен шықты.
Бірақ Қабанбай қалаға əскер кіргізбеді. Астананы түстік жерден жанап өтіп,
қосынды тау бөктеріндегі от-өрісі мол өзен бойларының бірінде қалдырда
да, өзі қасына біраз адам ертіп, Əбілмəмбет ханға сəлем беріп қайтты.
Хан ордасы биыл жайлаудан ерте көшіп түссе де, алда əлдеқалай заман
болады деп, ақ сарайға кіруге асықпай, қала сыртындағы кең жазықта, киіз
үйде отыр екен. Əбіл-мəмбеттің биылғы жоңғар жорығынан қатты секем
алып, абыржып отырғаны мəлім болды. Тек Арқадан аттанған қолдың анық
хабарын естіген соң ғана жүрегі орнына түскен түрі бар. Ұлы хан қанша
сыр бермейін десе де, Ордаға Қабанбай батыр кіріп келгенде, қуанышын
жасыра алмай орнынан атып тұрды. Қолбасы тəртіп бойынша:
— Армысың, хан ием? Байтақ қала Түркістанға қалқан боп, қасиетті
Сырдың бойын жаудан тазарту үшін Орта жүз əскері құзырыңызға келіп
тұр! - деп оң қолын көкірегіне қойып, тəжім еткен.
Бірақ Əбілмəмбет бұл жолы салтты сақтап тұра алмады. Қос қанатын
жайған күйі Қабанбайдың мол құшағына сүңгіп кетті.
— Аман-есен жеттің бе, Дарабозым? Аламан əскер қалай? Алыс жолда
арып-шаршаған жоқсыңдар ма? — деп сұрақтың астына алды.
— Ат арымасын, азамат талмасын деп, əдейі жай жүріп келдік, хан ием!
Аламан əскер бабында. Ұрысқа бүгін кіруге де əзірмін! — деді Қабанбай.
— Бəрекелді! Екі түмен əскер — қазақтың қолына көптен түспеген күш
қой, — деп Əбілмəмбет хан алтын таққа қайта барып отырды. Қолына
асасын алып, мысасына мінсе де, өңіндегі мерейлі қуаныш əлі тараған жоқ.
— Қалай еді əлгі?.. Ертегілерде қанатымен дауыл соқтырып, жер түбінен
ұшып келетін самұрық құс болушы еді ғой. Оның келуін бастарына қауіп
төніп, жаны қыл үстінде тұрған балапандары асыға күтпейтін бе еді...
Мұндағы ел үшін сенің бұл келісің сол самұрық құстан бір де кем болған
жоқ, — деді ағынан жарылып.
— Рақмет, хан ием! Қолдан келгенін аянып қалмаспыз, — деді
Қабанбай. — Өз халдарыңыз қалай? Бұл жақта не қарекет болып жатыр?
Əбілмəмбет хан көңіл жұбанарлықтай мəнерлі ештеңе айта алмады. Сол
бұрынғы жағдаяттар. Өткен қыста Ташкент пен Сайрам төңірегіндегі Ұлы
жүз рулары Қоқан əміршілерімен астасып, осындағы жоңғар əкімдерін
қуып жіберіп, екі қаланы да бірнеше ай қолдарында ұстаған екен.
Биыл көктемде келген жазалаушы ойрат түмені қазақ жасағын көп
шығынға ұшыратып, батысқа қарай айдап тастапты. Ташкент пен
Сайрамды қайтарып алумен ғана тынбай, енді Түркістанға қауіп төндіріп
тұр. Ел іші күйзеліс үстінде. Ойрат қолы жүрген жолын өртше жайпап,
қазақ ауылдарын аяусыз тонап жатқан көрінеді.
Қабанбайдың бір аңғарғаны, Əбілмəмбет ашып айтпаса да, Жоңғар
жорығының бұлайша қабындап кетуіне Төле Биді кінəлайтын сияқты.
Жалпы қазақтың аттанысын күтпей, асығыстық жасады. Хан ордасымен
ақылдаспай, Қоқан бегі Əбдікерімге арқа сүйеймін деп, жатқан жыланның
құйрығын өзі барып басты. Енді, міне не болды? Əбдікерім өлген соң оның
орнына отырған Баба-бек ойратқа сатылды да, қазаққа тағы да апат алып
келді... Қазір Ұлы жүз батырлары Арыс бойында қайтадан қол жинап жатса
керек. Амал жоқ, Түркістандағы хан Ордасын қорғап тұрған Шапырашты
Наурызбай мен Сіргелі Тілеуке батырдың мыңдықтарын да сонда жіберуге
тура келген. Сырдың төменгі ағысындағы Алшын-Жаппас пен одан бергі
Қоңырат, Қыпшақ та қамсыз емес. Екіталай, қысылтаяң күн туса, сол
жақтан да көмек келе ме деген үміт бар.
— Енді уайымдайтын ештеңе жоқ. Алла сəтін салса, Сайын-Бөлектің он
бес мың қолына өзіміз де төтеп берерміз, — деді қолбасы хан көңілін
орнықтыра сөйлеп.
Қабанбай тобы бұдан ары Түркістанда көп бөгелген жоқ. Хан ордасынан
түстік ішіп, мұндағы ел жағдайына қанықты да, түстен кейін аттанып кетті.
Түркістаннан шығысқа қарай жүргенде бір-екі белдің астында Барақ
сұлтанның ауылы отыр екен. Жол-жөнекей сонда түсіп, марқұмға құран
оқыды. Майсара Барақтың екі бəйбішесімен де көз таныс, сыйлас болатын.
Əйелдер кəдімгідей дауыс айтып, жылап көрісті. Бас иесінен айрылу оңай
ма, Барақ ауылында баяғы салтанат жоқ, жетім-жесір адамдар тірлігінен бір
жүдеулік байқалады. Қайда қарасаң да, жан баласын шеніне келтірмейтін
айбатты сұлтанның орны үңірейіп білініп тұр.
Əйтсе де, артында қалғандар өз тірлігін істеп жатқан көрінеді. Барақтың
ана жылы ойраттан олжаға түсірген сұлу тоқалы Шаған-бикені əмеңгерім
деп Əбілмəмбеттің ұлы Əбілфейіз сұлтан алыпты. Ханқожа атты екі жасар
ұл да шешесімен бірге кеткен. Барақ балалары хан Ордасына арқа сүйемек
болып, бұл некеге қарсы бола қоймапты. Оның есесіне Барақтың ортаншы
ұлы Бөкей Əбілфейіздің қызы Айым-бикеге үйленген. Сөйтіп, хан
тұқымының өз қызықтары өздерінде, бір-біріне қарсы құда болып, той
тойлап жатқан түрлері бар.
Үлкендер дастарқан басында отырғанда, Назым ауылдағы қыз-қырқынға
қосылып, отау үйлерді аралап кеткен. Оның өзегін өртеген бар арманы —
Бөкей сұлтанды өзінен тартып əкеткен Айым-бикені қалайда бір көру еді.
Тіпті Назымды осы сапарға күштеп əкеліп қосқан себеп те сол болатын.
Ақыры өзінің бақ күндесін көріп, көңілі тынғандай болды. Айым-бике
деген атына сай келмейтін, əлі желек астында отырған еркек пішіндес,
қарасұр келіншекті көргенде, алғашында қызғаныштан жылап жібере
жаздаған. Бірақ іле-шала тағы бір сезімнің жетегімен керемет қуанып кетті
өзі. Айым-бикенің өзімен теңдесе алмайтын өңсіздігіне, Бокейдің таңдаған
адамының өзінен артық болмағанына қуанған... Осыдан кейін-ақ ерке қыз
тез есін жинап, бір тəкаппар күйге ауысты. Бөкей сұлтан ауылда екен. Ол оз
кінəсын сезіп қанша жалбақтаса да, қайсар қыз иілмеді...
Түркістан қаласын он бес-жиырма шақырым жерден айнала қоршаған:
Қарнақ, Шорнақ, Сунақатты қалашықтар бар-тұғын. Барақ ауылынан
аттанған соң, Қабанбай, Ханбаба бастаған бір топ əдейі Қарнаққа бұрылды.
Ондағы ойлары — осында Барақ сұлтанға у беріп өлтірген Камалидден
қожаның дерегін білу еді. Күткендеріндей-ақ, қанды қол қожа орнында
болмай шықты. Барақтың түбіне жетісімен, Ташкент жаққа тайып тұрған
екен, содан қайтып оралмапты. Қазір Қоқан əмірі Баба-бектің қарауында,
сол еңбегі үшін Марғұланға ма, Ходжентке ме, əкім боп сайланған көрінеді.
— Қайда қашып құтылар дейсің, табамыз! — деді Қабанбай қасындағы
Ханбабаны жұбатып. — Осы жолы жеті қат жер астына түсіп кетсе де
табамыз!
Арада екі-үш күн өткенде, Арқадан аттанған қалың қол Арыс өзенінің
батыс жағалауында бас құрап жатқан Ұлы жүз жасағымен түйісті. Мұндағы
аламан саны көп емес, əзірше бес мың мөлшерінде. Бұлар — негізінен
Ташкент пен Сайрам маңынан шегінгендер. Ұлы жүз батырлары аталмыш
қалаларды бір қыс қолдарында ұстағанымен, Жоңғариядан жөңкілген
Сайын-Бөлектің əскері мен Қоқан əміршісі Баба-бектің екі жақты
қысымына төтеп бере алмай, шегініс кезінде біраз шығынға ұшырапты.
Бұл күнде сексеннің сегізіне келген қарт Төле би де бұдан ары
Ташкентте қала алмай, қайта құралып жатқан жасақтың басы-қасында жүр
екен. Қазақтың ұлы биі Арқадан жеткен қалың қолды көргенде, қуаныштан
еңкілдеп жылап жіберді.
— Уа, пəруардигар! Сенде де көз бен құлақ бар екен-ау!.. Ертелі-кеш
мойныма бұршақ салып, талай-талай зар тілегімді арнап ем, естіген екенсің
ғой! Үш жүздің ұланы бір жерде бас қосып, ұлы аттанысқа шыққанын
көріп өлсем арманым жоқ деп Аллаға берген антым бар-ды. Уа, жаратқан
ием, бүгін алсаң да ризамын! — деп қуаныш үстінде, еңкейіп кеткен
еңсесін қайтадан тіктеп алғандай болды.
Ұлыс бегі алдын ала келген жаушыдан Арқадағы елдің жағдайынан да
жақсы хабар тауып, мəн-жайға қанып отырған секілді. Сөзінің соңын
Қабанбайға арнады:
— Естіп жатырмыз... Қазақтың өзінен гөрі «ұзын құлағы» бұрын жүреді
ғой. Найзаның ұшын қай тарапқа қаратамыз дегенде араларында əжептеуір
дау болған көрінеді... Сол кезде, ауған түйені басқандай, ханның да,
қарашының да назарын Қаратауға қарай бұрған өзін болыпсың, Дарабозым.
Не айтайын, құдай бағынды асырып, мəртебеңді көтере берсін! — деді
қолбасыға дəн риза екенін білдіріп.
Алғашқы қауышу сəтінде Қабанбай да іштей толқып, қатты тебіреніп
тұрған-ды:
— О не дегеніңіз, Төке?! Тəйірі, Түркістанда ту тігіп, Төле биден бата
алмаған жорықтың сəні болушы ма еді?! Сіздің бір ауыз сəлеміңіз аттың
басын осылай бұруға мəжбүр етті. Тек қазақ жері жаудан толық тазарып,
жеңісті өзіңізбен бірге тойлауға Алла нəсіп етсін! — деген ұлы биді қайта
құшақтап.
— Айтқаның келсін! Құдай бəрімізді сол күнге жеткізсін! — деді Төле
де толқи тіл қатып.
Осыдан үш жыл бұрын Сарысуда өткен хан кеңесінен кейін Төле биді
көріп тұрғаны осы ғой. Соңғы жылдар тауқыметі жеңіл тимеген болар,
қайран қарт шөгіңкіреп кетіпті. Оңай ма, Төленің Жолан деген баласы
ойрат ордасында аманатта жүр. Қайта соның бəрін елемей ереуіл бастап
жүргені нағыз ерлік десейші!
Қабанбайдың көптен кездесе алмай кеткен қарулас достары — Ұлы
жүзден шыққан ескі көз батырлар да осында екен. Алғашқы күн солармен
шұрқырасып табысумен өтті. Шапырашты Наурызбай мен Албан
Ханкелдіні, Шанышқылы Бердіқожа мен Шымыр Қойкелдіні, Сіргелі
Тілеуке мен Елшібекті, Жаныс Қыбырай мен Сиқым Рысбек батырларды
оқта-текте, зəумен хан кеңесіне келгенде болмаса, көп жылдан бері
көрмеген. Тіпті кейбіреулерімен баяғы Аңырақай соғысынан кейін
жолығудың сəті түспепті. Бердіқожа, Наурызбай, Тілеуке секілді Ұлы жүз
батырларының бір тобы Жоңғар шебін бұзып өтіп, Əбілмəмбет ордасы
маңында қол жинап, кейде Орта жүз жасағымен бірге шешуші жорықтарға
қатысып жүретін. Ал, көпшілігі ойрат қоластында қалған елді тастап кете
алмай, қиналған халыққа қайрат беріп дегендей, жаумен жағаласа жүріп,
алдағы аттанысты күтуге мəжбүр болған. Ханкелді, Қойкелді секілді
батырлар Ташкенттегі Төле бидің қасында болып, бодан жұртқа қайтсек
жеңілдік əпереміз деген ниетпен ел билігіне араласқан.
Бодандық бұғауын киіп, үнемі жаумен жағаласып тіршілік ету оңай
дейсің бе, Қабанбайға мұндағы кісілер құрт қартайып кеткен сияқты
көрінді. Басында «бəлкім, бұлардың кезіне мен де солай көрінермін» деп
ойлап еді. Жоқ шын айтса, бəрі бірауыздан:
— Көп өзгермепсің. Аздап толысқаның болмаса, сол баяғы жап-жас
қалпың! — деседі.
Албан Ханкелді батыр мұнымен қарайлас, ұзаса үш-төрт жас қана үлкен
сияқты еді. Қазір сақал-шашы ұнға малып алғандай қатты ағарып,
қартайып кетіпті. Қабанбаймен қайта-қайта құшақтасып, шұрқырасып
табысқандардың бірі сол болды.
— Біз де қарап жатқанымыз жоқ. Аңырақай шайқасынан кейін де
қалмақты іштен шалып, күресумен болдық, — дейді Ханкелді. — Бірақ
ұжымдасқан ұлы аттаныс болмаған соң, ауыл арасының ұрыс-қағысынан
бəлендей ештеңе өнбейді екен. Əміршінің бірін қуып жіберсең, орнына
екіншісі келеді. Қанша айтқанмен, бодан деген атымыз бар. Бірте-бірте сол
бодандыққа да халықтың еті үйреніп кете ме, қалай, тіпті кейінгі кезде
елден жасақ жинаудың өзі қиынға айналып барады... Былтыр қонтайжылар
ауысқан кезді пайдаланып, Ташкентті басып қаламыз ба деп едік, жемежемге келгенде қоқандықтар сатып кетті де, ойламаған жерден арандап
қалдық.
Айтып отырса, Албан ауылдарының да көрмегені жоқ. Ханкелдінің інісі
Пұсырман да ойрат Ордасында аманатта жүрген көрінеді. Мына бүліктен
кейін олардың тағдыры не болары белгісіз... Қазір көңіліне медеу тұтары,
аламан əскер ойынына қатысып жүрген, жасы жиырмаға жаңа ілінген
немересі бар екен. Ханкелді бір əредікте соны ертіп келіп, Қабанбайға
сəлем бергізді.
— Менің баяғы Түкі деген ұлымды білесің ғой. Ол өзі шаруа баққан,
жай момын жігіт болып өсті. Мынау — содан туған немеренің үлкені. Аты
— Райымбек! Жасынан қолына қару ұстап, əскер өнеріне жаттығып жүр.
Ендігі үмітім — осы балада... Сырттай сенің даңқыңды естіп, бір көруге
құмар боп жүруші еді, мінеки, оның да сəті түсті. Қолбасыдан бірдеңе
жұғар ма екен, сенін отырған жеріңе аунатып алсам ба деп тұрмын, —
дейді ағынан жарылып.
Райымбек балғын денелі жас болғанымен, қол-аяғы сом, апайтөс,
шымыр екен. Жанарында жарқылдаған от бар. Түбінде батыр шықса,
шығар-ақ!
— Өзің де қара жаяу емессің ғой, Ханеке. Немерең саған тартса да осал
адам болмайды, — деді Қабанбай қарулас жолдасын иығынан қағып.
Сонан кейін сағынысып көріскен бір адамы — Шанышқылы батыры
Бердіқожа. Бұл күнде жасы ұлғайып, шар тартқанымен əлі де қайраты
қайтып, тұғырдан тая қоймапты. Бұл — баяғыда Қабанбайдың мініп
жүрген аты жекпе-жекте майып болып, батыр жаяу қалғанда, астындағы
ақбоз тұлпарын түсіп беретін Бердіқожа ғой. Содан екеуі жан аяспас дос
болып кеткен. Бірдіқожа көп жыл бойы Қабанбаймен тізе қосып, Орта жүз
жасағында бірге соғысып жүрді. Жеке сайыста ойраттың талай мықтысын
құм қаптырған айтулы батырлардың бірі. Кейін, қырық үшінші жылы,
қазақ-жоңғар арасында бітімге қол қойылған соң, Бердіқожа да еліне
қайтқан. Шанышқылы-қатағанның ата мекені — ежелден Ташкент төңірегі
ғой. Еліне келген соң ұлыс бегі Төле биге үлкен арқа тірек, сүйеніш
болыпты.
— Шіркін, ол да бір дəурен екен ғой! — дейді Бердіқожа баяғы жорықта
жүрген кездерін еске алып. — Жауға кеткен кегіңді, көкіректегі шеріңді қан
майданда ақ найзаның ұшымен шешкен батырда арман бар ма?! Бірде қапы
кетсең, келесіде қарымта қайтарасың. Жалғанда азат басың ашық майданға
шыға алмай, бой бағып, іштен тынған жаман екен. Қырда қырғыз, ойда
өзбек, жотаңда жоңғар тұр. Осылардың бəрімен тіл табысып, ешкіні апа,
текені жезде деуің керек. Мен мынадай ортада Төле бидің миы ашып
кетпей, осы шырғалаңнан қалай жол тауып жүргеніне қайран қалам. Мені
қажытқан — аламан жорық, ащы тер емес, əркімге бір жалтақтаған
кіріптар елдің кінəмшыл тірлігі.
— Ештеңе етпес. Ер жігіт ел-жұрты үшін не көрмейді. Бəрінен де, соның
бəрі артта қалып, аман-есен көріскенімізді айтсайшы! — деп Қабанбай
қанды көйлек досын қайта құшақтады.
Сол күні кешке таман бұларға қасында жүздей аламаны бар Қарақалпақ
батыры Қылышбек келіп қосылды. Арқадан қалың əскер келгенін естіп,
Шыршық бойынан асығыс жеткен беті екен. Бұл да — Қабанбайдың ескі
достарының бірі. Баяғы жас кездерінде, Ордабасыда тізе түйістіріп,
Аңырақай, Алакөл шайқасына дейін бірге барған... Өзі соңғы күндері, сірə,
бел шешіп, көз шырымын алмаған сияқты. Қара қайыстай қатып-семіп,
бурыл тартқан сақал-мұрты ұйпаланып, қатты жүдеп кетіпті. Қолбасымен
төс түйістіріп құшақтасқанда, бір сəт буыны босап, көзіне жас алды.
— Жеткен екенсіңдер ғой, бауырларым! Мен су түбіне осы кеткеніміз
кеткен шығар деп, біржола үмітімді үзіп қойып ем... Қазақтай қорғаны бар
қарақалпақты да құдай ризықсыз жаратпаған екен! — деді сыздаған ішкі
шерін сыртқа шығарып.
— О не дегенің, Қылышбек-ау! Абылайға жолдаған бір ауыз сəлемің
аттың басын осылай бұруға себепші болды. Айшылық жолды алыссынбай,
осы сендер үшін келген жоқпыз ба?! — деді Қабанбай. — Ал өзіңнің елің
қайда? Қарақалпақ халқың қайда?
— Батыры олжалас, қатыны қалжалас, тел қозыдай егіз өскен ел едік,
телімге түсіп тоздық қой! — деді Қылышбек күрсініп. — Өзің білесің,
қырқыншы жылы Сары Манжының Сыр бойына салған ойраны кезінде
Қарақалпақ екіге бөлініп қалмап па еді. Ойраттар өздері басып қалған бес
мың түтінді қолдан шығарғысы келмей, Сырдың жоғары ағысына қарай
көшіргенде, Арал бойындағы төменгі бөлігін Кіші жүз ханы Əбілқайыр
иемденген. Бірақ, қара жер хабар айтпасын, біздің елге Əбілқайыр да опа
таптырмады ғой. Біресе Хиуаға қарай қуып, біресе Ырғыздан қоныс бермек
болып, онсыз да іріген елдің іш майын тауысып бітті... Содан
жандалбасамен, бір жағы жоңғарға доңайбат бола ма деп, Ақ патшаға біз де
елші жібергенбіз. Амал не, 1743 жылы Петрбордан таңбалы қағаз əкеле
жатқан Оразұлы Маманды жол-жөнекей Əбілқайыр ұстап алып, оның да
көзін құртып тынды... Өз басым қолдан күш кеткен соң, не де болса
халқыммен бірге көрейін деп, лажсыз қалмақ көшіне ілескенмін. Содан
бері қонтайжы мен Қоқан əміріне кезек жалтақтап, құлақкесті құлға
айналдық. Аманатын беріп, алым-салығын уақытында төлеп, бодандық
кіріптарлыққа етіміз үйреніп те қалып еді, биыл ойраттар аяқ астынан
қарақалпақты Жоңғарияға көшіру деген сұмдықты ойлап тапты. Түпкі
мақсаттары белгілі: бəрімізді пұтқа табындырып, өздері жорықта жүргенде
қалмақтың қойын бақтырып, қара мойын құл етпек. Қазір біздің елді
Шыршық бойына жинап, иіріп отыр. Түстіктегі жорық аяқталған соң,
Ыстықкөл арқылы өз жеріне асырып əкетпек...
— Сайын-Бөлек артына қарасын, боқты асырар! — деді Қабанбай
ширығып. — Сайрамды алысымен-ақ аттың басын Шыршыққа бұрамыз!
Сол күннің ертеңінде Қабанбай шатырында үлкен əскери кеңес өтті.
Мəслихатқа арқадан келген əскердің қолбасы, мыңбасылары мен осындағы
Ұлы жүз батырлары, қарақалпақ жігіттері түгел қатынасты. Жер жағдайын
жақсы білетін, таяуда ғана қалмақ қолымен шайқасып шыққан адамдардың
айтуынша, Сайын-Бөлек əскері қазір екіге бөлініп, Ташкент пен Сайрам
төңірегінде ел тонаудан қолы босамай жүрген көрінеді. Қалаларды күзетіп
тұрған жасауыл топтарын қоспағанда, жорықтағы жоңғар қолының саны
бəлендей көп емес, ұзаса бір түменнің айналасы. Мейлі тіпті екі түмен
болсын, дəл осы жолы қаһарына мінген қазқ əскері қандай жауға да төтеп
берері хақ. Тек бір ғана қауіп бар. Бұл күнде жоңғар сойылын соғып
отырған іргедегі Қоқан əміршісі Баба-бек қалай төңкеріледі? Қазақ əскері
қалмақпен жағаласып жатқанда, бір бүйірден солар келіп бөріктіріп
жүрмесе болғаны.
— Тəйірі, сол Баба-бектің қолынан бірдеңе келеді деп отырсыңдар ма?
— деді қоқандықтардың құлқын жақсы білетін Бердіқожа. — Баба-бек —
тарысы піскен елдің тауығы. Ертең жоңғарды жүндей түтіп, жапырып келе
жатқан қазақ əскерін көрсінші, «О, Қабанбай-ака, хош келдіңіз!» деп
алдыңнан шықпаса маған кел!
Батырлар əрі-бері ақылдаса келіп, алдағы сəрсенбінің сəтіне жорық
дабылын қағуға сөз байласты. Əрине, найзаның ұшын алғаш тірейтін жер
— тоғыз жолдың торабы Сайрам. Сонан кейінгі ең үлкен міндет —
Шыршықтағы Қарақалпақ ауылдарын қоршаудан босату. Осылайша, алдыартын тазалап алған соң, аттың басын Ташкентке қарай бұрады.
Бүгінгі батырлар кеңесіне Төле би де қатысып отырған. Соғыс тəсілдері
əңгіме болғанда жастарға ерік беріп, үнсіз тыңдап отырды да, ең соңғы
түйінді сөзді ұлы бидің өзі айтты.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 18
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.