Latin Common Turkic

Дарабоз - 29

Total number of words is 4044
Total number of unique words is 2327
33.7 of words are in the 2000 most common words
49.1 of words are in the 5000 most common words
56.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бес мың қол қазір дəл ортада, Қартыбаның Зайсанға құяр сағасында табан
тіреп тұрса керек. Ал көкжал Барақ бастаған сол қанат əскер Қалбаның
қалың бұйратын жаудан арылтып, Ертісті өрлей жылжығанда, Керей
Жəнібек батырдың оң қанат жасағы Барқытбелдің теріскейіндегі
торғауыттардың күшті қарсылығына ұшырап, аса көп ілгерілей алмаған.
Қолбасылар ішінен Қабанбайдың алғаш жолықтырған адамы да осы
Жəнібек болды. Оның үш мыңдай қолмен Баспан-Базар шатқалындағы
қалмақтармен тіресіп тұрғанына он күннен асып кетіпті.
Қабанбай бастабында мұндағы қазақ қолының бір тудың астында тізе
қосып ұжымдаса қимылдамай, күштерін бөлшектеп алғанына іштей ренжіп
еді. Бірақ кейін жағдайға қаныға келе қолбасылардың бұлай етпеске амалы
қалмағанына көзі жетті. Ең бастысы, мұндағы ойраттардың саны бұлар
ойлағаннан əлдеқайда көп болып шыққан. Мұндағы Қарғыба- Базар,
Шорға, Боғас, Манырақ өңірі сыңсып отырған торғауыттар. Ал торғауыт
дегенің — төрт ойраттың ішіндегі алған бетінен қайтпайтын ең бір
жауынгер тайпасы. Бұлар жəне Жоңғариядағы ішкі бүлікке де, Жетісу, Сыр
бойындағы қан төгіс соғыстарға да көп қатыспай, тың жатқан ұлыс. Қаружарағы сайлы, ат-көлігі күйлі... Одан ары барсаң, Алтай мен Сауырды
түгелімен ұранхайлар алып жатыр.
Бұл өлкеде ойрат ұлыстарының тым тығыз қоныстануының да өзіндік
себебі бар. Бір кезде, Жонғар хандығының түтіні түзу ұшып тұрған
заманда, оның иеліктері сонау Енесай, Байкөл, Обқа дейін жеткен ғой.
Өткен ғасырдың аяғында орыстар Сібір жерінен ойраттарды бірте-бірте
ығыстырып, көшпенділердің тынысы тарыла бастаған. Евенектер мен
торғауыттардың бір бөлігі буряттарға қосылып, Ресей боданына айналды
да, оған көнгісі келмегендері орыс бекіністерінен үркіп, түстікке, Ертістің
сол қапталына өтіп кетті. Олардың ойрат Ордасына таяу отыруды қалаған
ірі алпауыттары Енесайдан көшірген қырғыздармен бірге Алатауға дейін
ішкерілеп барды да, ал көпшілігі Алтай, Тарбағатай өңірінде мекендеп
қалып қойды. Өздері ежелден аңшылықты кəсіп еткен, атқан оғы жерге
түспейтін жауынгер, мерген халық еді. Орыс бекіністерімен алыс-беріс,
сауда жасап, іргелес отырғандықтан, бұларда пілтемен атылатын от қару да
жеткілікті көрінеді...
Арттарынан Қабанбай бастаған қалың қол келіп ошарылғанда,
Жəнібектің төбесі көкке жеткендей қатты қуанды. Қасына Жəдік Жантай
мен Шеруші Байтайлақ батырларды ертіп, түстік жерден алдынан шықты.
Небəрі екі айға созылған жорықтың бұларға оңайға түспегенін Жəнібектің
сырт келбетінен де аңғаруға болатындай. Сақал-мұрты ұйпаланып, жағы
суалып жүдеп кетіпті. Күнге күйіп тотыққан жүзінде, қанталап қызарып
кеткен көзінде ұйқы-күлкі көрмеген мазасыз күндердің ізі жатыр.
Əншейінде оттан-судан қайтпайтын өр мінезді батырдың қыры сынып,
жүні жығылып-ақ қалған екен. Соғыста қатты қайрат көрсетіп, жеке ерлік
жасау бар да, өз алдына қол бастап, ұрысты ұйымдастыру бар ғой. Мұндай
үлкен майданға бірінші рет тап болған батырдың ес жия алмай, сасып
жүргені байқалады.
— Ой, сардар аға, Сіздің келгеніңіз мұндай жақсы болар ма?! — дей
береді əлсін-əлі. — Бұрын кім білген, тұқымың құрғыр ойраттың бəрі
терістікте жүр екен ғой. Тек осы беттегі торғауыт пен ұранхайдың өзі үш
түмен əскерді еркін шығарып тұр. Біздің үш топқа бөлініп, екі
қанатымызды созбасқа амалымыз қалмады. Бір қанатты бос қалдырсаң
болғаны, ту сыртымыздан орап, қолма-қол қоршап алатын түрі бар.
— Мылтық көп пе өздерінде?
— Бəрінде емес, əрине. Бірақ əр мың адамнан от қару ұстаған жүз
мерген шытары анық. Жарты шақырым жерден топтасып тұрып атқанда,
жай оғындай жалын бүркіп, ортамызды ойып түсіреді. Амал не, қой
боғындай қорғасын талай боздақты қыршынынан қиып кетті.
— Ал бұл арада неге бөгеліп тұрсыңдар? Шабуылға шыққан кісі осылай
отыра ма екен?
— Мына Баспан шатқалында бірнеше мың қалмақ бекініп жатыр.
Соларды ешқайда шығармай қамап отырмыз. Түтіні — аузында, түлкісі —
түбінде...
— Қалмақты сен қамап отырсың ба, əлде шығысқа бір адым бастырмай,
сенің жолыңды олар бөгеп тұр ма? — деді Қабанбай езу тартып.
— Қалай десем екен. Соның екеуі де бар, сардар аға! — деді Жəнібек
ағынан жарылып. — Қалмақпен қоян-қолтық ұстасып қалдық та, ақыры
бір-бірімізден ажыраса алмай сіресіп тұрмыз. Шабуылмен алайық десек,
биік тұрғылардың бəрі солардың қолында. Асуда тұрған мергендер
мылтықтан оқ жаудырып, қия бастырмайды... Ал бұларды қалдырып кетуге
желкемізден түре соға ма деп тағы қорқамыз.
Қабанбай Жəнібектің жауға қарсы ешбір айла-тəсіл ойластырмай, текке
уақыт өткізіп алғанын іштей құптаған жоқ. Бірақ ойын ашық айтпай, сөз
аяғын əзілге бұрды:
— Əкең жаман еді... Соған тартып кеткенсің ғой! — деді бар кінəны
əлдеқашан сүйегі құрап қалған жездесі Бердəулетке аударып. — Əйтпесе,
түнделетіп барып, төбесінен тас домалатсаңдар да, бір амалын
таппадыңдар ма?!
— Қайтеміз енді... Əкеміз жай кісі болғанмен, нағашымыз мықты еді.
Сонда да қолымыздан ештеңе келмеді,— деп Жəнібек кəдімгідей
қызарақтап қалды. — Бір жағы, өздеріңізді күттік.
Інісіндей болып қолында өскен Жəнібекті Қабанбай аяп кетті. Он алты
жастағы Ерасыл баяғыда Өлжежырғалды құм қаптырған соң, Керей
ішіндегі апа-жездесін қара тартып, Нор Зайсанға барғанда, осы Жəнібек
аяғын апыл-тапыл басып жүрген бір жастағы бала еді. Өтіп бара жатқан
заман деген сол, əнеки... Қабанбайдың əпкесі Меруерт ұзын бойлы, кесек
бітімді, адуынды кісі болатын. Жəнібек сол анасына тартқан... Содан бірер
жыл бұрын Меруерт осы баласына жас босанып отырғанда, Бердəулеттің
үйіне бір сапардан қайтып келе жатқан Шақшақ Жəнібек батыр түсіп, ата-
анасының тілегі бойынша нəрестеге ат қойған екен: «Бесігін көтергенде
көңілім толды. Өз атымды қояйын: аты Жəнібек болсын! Біреулерге атын
атап боқтатпа, ат жалын тартып мінгенде, бетінен қағып тоқтатпа!» деп
бата беріпті... Ол кезде шаранасы кеппеген сəбиді батыр болар деп кім
ойлаған. Бердəулет байғұс бірталай жыл бала көрмей жүріп, бір ұлға қолы
жеткенде жарты дəулетін шашып, ұлан-асыр той жасаған көрінеді.
Марқұмның жаны осы баласының үстінде-тұғын. Қайта, оған қарағанда,
Меруерт əпкесі балаға зейіл, қатал кісі еді.
Ал Қабанбай кішкентай жиені Жəнібекті мойнына көтеріп жүріп
өсірген-ді. Бала да бұған əбден үйірлесіп, бауыр басып алған. Кейін бұл
жездесінің ауылында бес-алты жыл тұрып, өз еліне қайтқанда, осы Жəнібек
қыр соңынан қалмай, шырылдап жылағаны əлі есінде... Бірақ бұл айрылысу
ұзаққа созылған жоқ. Əкесі Бердəулет қайтыс болған соң, он жетіге жаңа
толған Жəнібек біраз жыл Қабанбайдың тəрбиесінде болды. Жаугершілікте
нағашы атасының қасында жүріп, əскери өнерге жетілді. Тек бертінде,
жасы жиырма беске толып, ел көзіне түскен соң ғана, өз еліне қайтып
барған... Қазір ер Жəнібек аталады. Бір ұлыстың бас батыры, əрі сөз ұстар
көсемі. Əйтсе де, кейінгі кезге дейін, тақа бір амалсыз жағдайда болмаса,
Жəнібек көп жорықтарда Қабанбайдан іргесін бөлмей, қанаттас, қатар
жүруші еді...
Қабанбай сол бір алыс жылдарды көз алдынан өткеріп, қиын-қыстау
күндерде өзіне сүйеніш, пана болған апа-жездесін көңілі босай еске алып,
бір сəт үнсіз отырды да, тез серпіліп, Жəнібектің жүзіне күле қарады.
— Ал, Бердəулеттің жалғызы, қалмаққа қарсы енді не істейтін ойың бар?
— Бердəулеттің жалғызы енді ештеңе де ойламайды, — деді Жəнібек
баяғы бала күнгі еркелігіне басып. — Оның қасында қазір қазақ əскерінің
бас сардары отыр... Сол не бұйырса, соны орындайды.
— Жарайды ендеше. Амалын тапсаң алынбайтын қамал жоқ. У бар екен,
оның заһарын қайтаратын усойқы да болуға тиіс! — деді Қабанбай. —
Алдымен жер жадысымен танысайық... Айтпақшы, бұл қалмақтарды азықтүлікпен кім қамдап тұр.
— Ойбай-ау, бұл таудың сай-саласы сыңсыған қалмақ емес пе?
Қызылтас пен Үштөбені, Базар өзенінің басын жайлаған торғауыттар
етекке əлі түскен жоқ. Былайша айтқанда, булар сол арт жақтағы елін
қорғап тұр деуге де болады.
— Олай болса, қалмақ қолының артқы елмен байланысын кесу керек
қой! — деді сардар. — Қалмақ өткен жерден қазақ та өтетін шығар... Біз
оларды қақпанға түскен көкжалдай, əлі-ақ ұрып аламыз!
Қабанбай сол күні күнгейден келген қолды жаудың көзіне түсірмей
түнделетіп əкеліп, бөктердегі мол сулы ұры сайлардың біріне жасырды да,
өзі ертеңінде қасына мыңбасы батырларды ертіп, жер шолуға шықты. Ал
Жəнібектің қолын күндегі орнынан қозғамай, əдейі көрінеуге қойды.
Барлаушылардың айтуынша, мұндағы қарулы қалмақ көп емес, ұзаса екіүш мыңның айналасы. Бірақ тауға апаратын көш жолдары мен ұрымтал
асуларға күні бұрын бекініп алған. Жаудың ордалы жыландай ұя салған бір
мекені — Базар өзенінің оң жақ қапталындағы Баспан үңгірі. Соның шығар
аузына от қарулы мергендерін қойып, ылдидан шабуылдаған қазақ əскерін
жақын жолатпай тұрған көрінеді. Ал жауды ту сыртынан айналып қоршап
алуға Жəнібектің жасағы аздық еткен.
— Иə, жауды жай түсірер жарағынан бұрын Барқытбелдің биіктері мен
шыңырау шатқалдары қорғап тұрған болды ғой, — деді Қабанбай сол
төңіректі аралап шыққан соң. — «Əлі жеткен алып та, шалып та жығады»
дейді ғой. Біз енді олардың ту сыртынан шығып, көк желкеден соғамыз!
Соны айтып, қыр астында жатқан əскер қосынына келді де, Баймұрат
пен Дəулетбайдың екі мың жігітін қараңғы түсе Базар өзенінің сол жақ
қапталындағы сезік тудырмас алыс сайлардың бірімен арты жонға қарай
аттандырып жіберді. Қайтарда қия жартастан өрмелеп төмен түсуге қажет
болар деп, ондаған арқан жинап берді. Жортуылшы жасақ түнімен жүріп
отырып, таң ата қалайда Баспан шатқалының қыр желкесіне жетуге тиіс
еді. Бұл мезетте ойдағы əскер де көрінеуге шығып, шабуылға дайын
тұрмақ. Қорғаныстағы жаудың есіл-дерті ылдидағы əскерге ауғанда, биікте
тұрғандар күтпеген жерден атой салып, ту сырттарынан дүрсе қоя беретін
болады.
Ертеңінде күн көтеріле бере етекте қалған əскер де түзем құрып,
біркелкі аяңмен асуға таман жақындап келе жатты. Онан-мұнан құрағанда
қазақ жасағында да елу-алпыстай шиті мылтықтар бар екен. Оларға
бəлендей сенім артпаса да, тым құрыса тарс еткен дауыс шығарсын деп,
мылтық асынғандарды əдейі алдыңғы қатарға орналастырды.
Қыркүйек айы туғалы таулы өңірде күз ызғары білініп, салқын түсе
бастаған. Бүгін тіпті көк жүзін бұлт торлап, жаңбыр жауатын сыңай
танытып тұр. Манадан күн райын батып келе жатқан Жəнібек:
— Апыр-ай, күн қатты жауып кетсе жер езіліп, таудағы жігіттерге бөгет
болар ма екен?! — деп алаңдаушылық білдірді.
— Жаңбыр жауса құдайдың бергені... Мен қайта жалпағынан болсын
деп тілеп келе жатырмын, — деді Қабанбай.
— Қалайша? Қарудан қайтпаған қалмақты жаңбырмен жасқамақсыз ба?
— Баламысың деген... Жанбырлы күні білтелі мылтықтың істен
шытатынын білмеуші ме едің? Білтесі дым тартқан соң, мылтық та — бір,
көсеуде де — бір.
— Апыр-ай, ə?.. Мынау бір есте болатын нəрсе екен! Бұдан кейін кілең
жауынды күні жауға шап демейсіз бе, одан да! — деп Жəнібек масайрап
қалды.
— Жауын-шашында ғана емес, таңертең шық түскен кезде, жалпы
бұлтты күндері дым тартқан мылтық білтесі от алып жарытпайды.
— Бітті ендеше!.. Əнегүннен бері «белі бүкір» бəледен текке қорқып
жүріппіз ғой! — деді Жəдік Жантай батыр.
Қалың қол шатқалдың аузына тақап келіп, түзем құрып тұрғанын ада
биенің бір сауымындай уақыт өткен. Əскердің алдыңғы сапында,
Қабанбайға таяу орналасқан Еспембет пен батыр Баянның, Оразымбет пен
Жəнібектің екі көздері — тау жақта. Бүгін қазақ жасағының қарасы
молайып қалғанын аңғарған болар, бөктердегі қалмақ қолының да
дүрлігісіп қалғаны байқалды. Мергендерін топ-топқа бөліп, қарбаласып
жүр... Дəл осы кезде арғы асулардың бірінен, əлдекім сақар қайнату үшін
алабота өртеп жатқандай, бірнеше жерден будақтаған түтін көтерілді. Бұл
«межелі жерге жеттік, шабуылға əзірміз» деп Баймұрат пен Дəулетбай
берген белгі еді.
Бұл мезетте қыбыладан соққан жел үдей түсіп, себелеп жаңбыр жауа
бастаған. Жау бекінген жерлер белгілі. Мыңбасылар нысаналы биіктерді
алдын ала бөлісіп алған-ды.
— Ал жолдарың болсын! Білтелі мылтықтан қалмаққа енді қайыр жоқ.
Тек бір жерге топырламай, жазыла шабыңдар! — деді қолбасы қасында
тұрған батырларға.
Осы сөздің ауыздан шығуы мұң екен, мыңдаған қол жер құйқасын
дүңкіте, өрге қарай аттың басын қоя берді. Ұрандаған айғай-сүреңнен
құлақ тұнады. Аспан астында:
— Я, аруақ!
— Ақжол-Қаптатай!
— Абылай-Абылай!
— Қабанбай-Қабанбай!
— Ұрып таста!
— Қан құстыр атаңа нəлеттерге! — деген сөздер ғана жаңғырып
тұрғандай.
Қабанбай ту ұстаған топпен бірге бір биікке көтеріліп, ұрыс алаңына
алыстан көз салып тұрған-ды. Сəлден соң сүрең салған тағы бір құдіретті
үн тау жақтан да естілгендей болды. Əрі-беріден соң екі жасақтың шатқал
ауында түйіскені аңғарылды... Қолбасының зейін сала күткені мылтық
даусы еді. Əр тұстан көксау қойдай күркілдеген бірнеше мылтық атылды
да, біраздан соң оның да үні өшті. Ілəйім, соның үні өшсе екен! Орып түсер
от қарудан құтылып, қылыш пен найзаға, садаққа бір кезек тисе, қазақ
əскері ешкімге есесін жібермейді.
Бұл жолы қазақ қолы қалмақты сан жағынан бірнеше есе орап кететін.
Көп көптігін істемей қоя ма. Ұлы сəскеде басталған шайқас шалқар түске
жетпей тыным тапты, сай-сайды паналаған жеке топтары болмаса,
торғауыттың тірі құтылғаны аз. Үш жүздейі ақ жалау көтеріп қолға түсті
де, қалғандары түгелге жуық харап болды.
Ұрыс аяқталған соң Қабанбай шайқас өткен жерлерді əдейі барып
аралады. Шынында да, Барқытбелдің мына тұсы жауды ту сыртынан барып
қоршамаса, төменгі жақтан төте барғанға алдыратын жер емес екен. Тау
шатқалына кіретін санаулы соқпақтар болмаса, басқа маңайдың бəрі — құзқия, жалама жартас. Əсіресе, «Баспан үңгірі» дегені бір ғажайып жер екен.
Ежелден ұры-қары мекендейтін белгілі орын болса керек. Жаугершілікте
төртауыттарғада таптырмас қамал болыпты. Түйелі көш өтіп кеткендей тас
үңгірі біраз жерге созылады да, арты жақ аузы ашық алаңға ұласады.
Аланның аумағы бір ауыл қоралы қойымен еркін сиып кетердей... Жаңағы
үңгір аузынан басқа сырттан келетін жол жоқ. Торғауыттың əскер басы
батырлары тас қақпаның аузына күшті күзет қойып, өздері жаңағы алаңда
үй тігіп, қаннен-қаперсіз жатқан көрінеді. Қазақтың құздағы бүркіт ұясына
талай шығып жүрген жанкешті жігіттері белдеріне арқан байлап,
төбелерінен топ ете түскенде, құдай ұрғанын бір-ақ біліпті. Көпшілігі
қолма-қол ұрыста қаза болып, бірнешеуі қолға түскен.
Сонымен, Баспан-Базардағы шайқас қазақ əскерінің үлкен жеңісімен
аяқталды. Əрине, соғыс құрбандықсыз болған ба. Осында екі-үш күн аял
жасап, ата жұрты үшін шайқаста шейіт кеткен алпыстай азаматты ақ арулап
жерледі.
Өз əскерлерінің қаралы хабарын ести салысымен, жайлауда отырған
қалың торғауыт та шығысқа қарай үрке көшкен-ді. Біреулері Қартыба,
Хабарасу арқылы Маңыраққа қарай асып түссе, енді бір бөлігі Өкпеті,
Қызылтасты басып, Тазтаута қарай тура тартыпты. Бірақ арттарынан
өкшелей жеткен қазақ жасағы торғауыт көшін жартылай басып қалды.
Қыруар малын, адамдарын олжаға түсірді. Ал ертерек қимылдап, аман
құтылғандарына да кері қайтар жол жоқ-тұғын. Қуғыншы жүздіктер
оларды Тазтаудан ары асырып, Жоңғар шебіне өткізіп салып қайтты...
Арада бірнеше күн өткенде қалын қол Барқытбелді бауырлай отырып,
Қарғыба өзенінің аңғарына келіп жетті. Бөгенбай бастаған қазақ əскерінің
ту тіккен жері будан сəл төменірек, Қарғыбаның көлге құяр сағасында екен.
Қабанбай өзіне қарасты негізгі қолды оты, суы мол тау бөктерінде
қалдырды да, өзі бір топ адаммен жасы үлкен аға батырға келіп сəлем
берді.
Бұл күнде алпыстың ішін мол аралап кеткен қарт батыр соңғы күндері
белінен шойырылып, атқа міне алмай жатыр екен. Бірақ сүйінші сұраған
жаушыдан Баспандағы жеңіс хабарын естігенде қуанышы қойнына симай,
қатты масаттаныпты. Ал Қабанбай келді дегенде шатырда шыдап отыра
алмай, сардардың атын өзі келіп ұстады. Белінің ауырғанына қарамай, көп
жылғы қанды көйлек досын айқара құшағына алды.
— Жеттің бе, Дарабозым?! Жан қысылғанда жанымнан табылатын
жампозым! — деп үш мəрте төс түйістірді. — Естіп жатырмын. Алғашқы
айқаста-ақ торғауыттың тосқауылын бұзып өтіпсің. Жеңіс қуанышы
ұзағынан болғай!
— Өз жағдайың қалай, Бөке? Дүрбітті дүрліктіріп, төртауытты
торғайдай тоздырып, қуып келесің бе, əйтеуір? — деген Қабанбай да
жарқын үн қатып.
— Шүкір... тым төтеден шауып төске озбасақта, Алланың берген
қуатында абыройсыз емеспіз! — деді Бөгенбай. Сірə, дəл осы сəтте
сегізкөзі қатты шаншып ауырып кеткен болар, қабағын шытына теңселіп
барып, қасында тұрған тарақты Байғозы батырдың білегіне сүйеніп қалды.
— Апырай, Бөке-ай, сіз кəдімгідей науқассыз ғой?! — деді Қабанбай да
батырдың екінші жағынан сүйемелдеп. — Сізге жылы оранып, қозғалмай
жату керек қой.
Бөгенбай шатырға кіріп, төрт қабаттап салған текемет пен көрпенің
үстіне жайғасқан соң да, кірігі тарқамай, түйіліп біраз отырды. Тек əлден
уақытта ғана сөйлеуге шамасы келген.
— Қалмақты қойшы, ол құрғыр үйреніскен жау ғой. Маған бəрінен де
мына белдің ауыруы батыңқырап тұр, — деді сол кіржиген қалпында. —
Бұдан екі жыл бұрын бір ұстап, тез жазылып кетіп еді. Биыл осы жорықты
күтіп тұрғандай, тағы да сайтандай сап ете қалғаны...
— Жастықта қар жастанып, мұз төсенген кезіміз аз болды ма, сіз
екеуіміздің? Соның зардабы ғой, жас ұлғайғанда білініп жатқан, — деді
Қабанбай, өзінің де оқта-текте белінің сырқырайтыны есіне түсіп.
Бөгенбай шағынғандай белінен ұстаған құяңның жайын əңгімелеп біраз
отырды да, жорық тақырыбына сонан кейін ғана ойысты.
— Естіп жатқан шығарсың, бұл торғауытың — хойт пен дүрбіттей емес,
томырықтау жұрт екен, — деді езу тартып. — Бұрын «орысты мылтық
беріп шетке қой» деуші еді қазақ. Мыналарға да солардан бірдеңе жұққан
ба, шетінен «құлдыр мамай» ұстаған мерген болып шықты. От қаруды
булар орыстан да, Еділ бойындағы торғауыттан да ала беретін көрінеді...
Жəзайыл9 мен мылтық қазақ үшін сыралғы болмаған, үрейлі неме ғой. Енді
қартайғанда Бөгенбай қол астындағы əскерін қырып алыпты дегізбейін деп,
басында қорқа соққаным рас. Келе-келе оның да сырын ала бастадық.
Торғауыт қанша тулағанымен, түбі қалмақ қой, қайда барар дейсің?! Ақыры
айналып келіп, қолға тұратын шығар, — деп батыр шаншудан қорғанғандай
оң қолымен бүйірін басып, кіржие күлді.
— Шолғыншылар не айтады? Бұдан былайғы торғауыттың топталып
қалың отырған жерлерін анықтай алдыңыз ба? — деді Қабанбай əңгімені
басқа арнаға бұрып.
— Барқытбелдің бұл беті — сонау Алтай, Сауырға дейін ойраттар
көптен орын теуіп қалған жерлер ғой. Жаудың əсіресе жиі отырған
қоныстары — Қарғыба-Базар мен Ойшілік, Боғас, одан ары Шорға мен
Маңырақ... Ал қалмақтар ерте қордаланған қара Ертіс пен Нор Зайсан,
Марқакөл мен Нарын төңірегінің əлі мұрты да бүлінген жоқ. Осылардың
қайсысына барсаң да, бізге оңайшылықпен орын босатайын деп тұрған
ойрат жоқ. Барлық жерде қасарысқан қарсылыққа жолығасың... Анадан
бері Қалба жақтан ығысқан қалмақ атаулы осыдан күншілік жердегі
Ойшілік пен Боғас бойында қол құрап жатыр деп естідім. Алдағы бір ауыр
шайқас, сөз жоқ, сол маңайда болмақ, — деп Бөгенбай аз-кем бөгелді де,
манадан көмейінде іркіп отырған негізгі ойына көшті. — Мен де бұдан
кейінгі жорықтың жайы не болады деп қатты қиналып отыр едім, дер
кезінде жақсы келдің, Дарабоз! Мамырдағы кеңесте ханың бастап,
қарашын қостап, мені бас қолбасы етіп сайладыңдар. Алда разы болсын!
Құрметтеріңе көп-көп рақмет! Ел үмітін ақтап, осы жорықты аяқтап-ақ
шығатын жөнім бар еді. Оған, міне, көріп отырсың, белінен мертіккен Ер
Тарғындай, қиралаңдап қалған түрім мынау... Амал жоқ, аттаныстың ендігі
тізгінін өзің ұстайсың, Дарабоз. Акшəуліде ту тігіп, құба қалмақты
Қалбадан — Қарғыбаға дейін түріп бердім ғой, осыған разы болыңдар!
Мына науқастың беті жаман. Егер, рұқсат етсеңдер, мен мүлде жатып
қалмай тұрғанда, елге жетіп алайын, — деді Қабанбайға шын қолқа салып.
Қабанбай қарт батырдың жағдайын көре тұра, оны бұдан ары ұрыс
майданында қал деп айтуға дəті шыдамады. Күн болса мынау — суытып
келе жатқан. Қалың қол қаңтарылып ол тұр, сондықтан соз бұйдаға салмай
бірден келісті.
— Жарайды, айтқаныңыз болсын, Бөке. Сізді мына қалпыңызда жорық
шатырында ұстау обал болар. Елге барып емделіңіз... Ал мен сіз бастаған
жорықты жол ортада қалдырмауға тырысармын! — деді шын ықыласымен.
— Бəрекелді! Осылай деріңді біліп ем, Дарабоз! Бөгенбайды берген
қазаққа Қабанбайды қоса бере салған бұл құдайдан айналып кетпейсің бе?!
— деп Бөгенбай да разы боп қалды.
Осыдан кейін көп бөгелмей, қасына жеткілікті жолсерік ерткен Бөгенбай
батыр өзіне тиесілі сый-сыяпат, олжасын алып, Ерейментауға жүріп кетті.
Алтай-Сауыр бағытындағы аттаныстың ендігі тауқыметі тағы да
Қабанбайдың мойнына түсті.
Жаңа қолбасы Барқытбел мен Алтай аралығында жайылып жатқан қазақ
əскерін енді бытыратпай, бір тудың астында ұстауға бел байлаған. Өйткені
бұдан былайғы жерде ұзын-ырғасы жүз елу шақырымға созылатын Зайсан
көлі бұл өлкені екіге бөліп тұр. Ертіс өзені ұлы көлге Қара Ертіс боп құяды
да, Ақ Ертіс боп ағып шығады. Егер көкжал Барақ бұрынғыдай Алтай
бағытымен тарта берсе, қашан көлді айналып өткенше екі əскердің арасы
үзіліп қалары сөзсіз. Сондықтан ол Күршім маңында жүрген көкжал
Барақты қарауындағы үш мың жасағымен бірге Қарғыба бойына шақыртып
алды.
Оның қарауындағылар негізінен Найманның Ергенекті тармағына
жататын Саржомарт, Бура, Көкжарлы, Терістаңбалы жігіттері болатын.
Көкжал Барақ қасындағы Бура Ақпантай, Саржомарт Танаш, Ақнайман
Жаман батырлармен бірлікте Ертістің сол жақ қапталымен жылжып
отырып, өткен екі айда əлденеше сəтті ұрыстар жүргізіпті. Ұрыс
алдындағы жекпе-жекте Барақ Күршім ноянды, Жаман батыр Доланқараны
құм қаптырыпты. Ең бастысы, бұлар торғауыттарды Қалбада байыз
таптырмай түре қуып, бұрын жылтыңдап бара беретін Жетісарай мен
Өскемен бекіністерінен бөліп тастаған. Ойрат нояндарының Жетісарайдан
оқ-дəрі, мылтық, бұл-шай артып келе жатқан сауда керуенін қолға
түсірген... Əрине, шейіт кеткендер де жоқ емес. Алғашқы арында ет
қызумен от қаруға қарсы шабамыз деп ондаған жігіт оққа ұшыпты. Əйтсе
де, көкжал Барақтың бұл сапардағы адуынды, кесек қимылына қолбасы дəн
риза болды.
— Сен Ертіс бойын онды-солды тəуір-ақ шарлғтан адамсың ғой, мына
көк көз көршілердің бізге деген пиғылы қалай? — деді Қабанбай екеуі
оңаша қалған бір сəтте, терістік жақты иегімен нұсқап.
— Кімді айтасыз? — аңғал батыр сөз астарын бірден түсіне алмай
қалды.
— Орыс қамалдарын айтам да... Өскемен жақтың аужайын түйдің бе?
Түтіні қалай ұшып тұр?
— Орыстар əзірше Ертістің бергі бетіне өткен жоқ. Дəл іргесінде жүріп
жатқан соғысқа тікелей араласпағанымен, қамал төңірегіне жəзайылдарын
құрып қойып, екі шоқып, бір қарап отыр, — деді Барақ əңгімесін
жалғастырып. — Бірақ солардың бізден гөрі ойраттарға бүйрегі бұра ма
деймін...
— Оны неден аңғардың?
— Орыстардың қазаққа сипатпайтын от қаруды ойраттан аямай
отырғанын өзініз білесіз. Осы жағдайдың өзі-ақ көңілге еріксіз күдік
тудырады... Жақында мынадай оқиға болды. Біздің Танаштың жігіттері
ойда-жоқта төртауыт жүздігімен ұшырасып қалып, тықсыра қуған екен.
Қалмақтар сасқанынан Өскемен қамалына барып тығылыпты. Ал күзетте
тұрған орыс əскерлері не істеген дейсіз ғой? Ойраттарды ішке тоқтаусыз
өткізіп жіберіп, біздің жігіттерді оқпен қарсы алған... Соған қарағанда,
ойратқа от қару ұстатып, қазаққа айдап салып отырған осылар емес пе
деген ой келеді.
— Орыстардың оғынан өлген кісі болды ма? — деді Қабанбай елең етіп.
— Үш жігіт оққа ұшты, екеуі жаралы...
— Бұдан өткен қандай қақтығыс болуы мүмкін? Ойраттарды ашықтанашық жақтау деген осы емес пе?! — деді
Қабанбай сұрланып. — Сен мұны жақсы айттың. Осы бүгін Абылайға
кісі шаптырамыз. Орынборына ма, Омбысына ма, елші жіберіп сөйлессін!
Қолма-қол ұрысқа болмаса, ел арасының жіңішке саясатына көп араласа
бермейтін Барақ бірдеңені бүлдіріп алған жоқпын ба дегендей, алып
денесін қайда сиғызарын білмей қопандап, ыңғайсызданып қалды. Ал
Қабанбай болса, аңғал батырдың мінезін қызықтап, əрі оның сырт
тұлғасына сүйсіне қарап отыр еді.
Əсілі, көкжал Барақ Көкжарлының Өтей деген атасынан тарайды.
Əкелері Шөрек ертеректе жау қолынан өліп, Барақ, Жаманқұл, Басар атты
үш бала жастай жетім қалғанды. Дегенмен, əкесінің інісі Шона батырдың
баулуымен жаңағы үш ұлдың үшеуі де жаужүрек батыр болып өсті.
Осылардың ішіндегі тұлпар мініп, ту ұстап, кейін бүкіл Ергенектінің қолын
бастағаны — көкжал Барақ. Ол бірінші рет жиырмаға толар-толмас
жасында, сонау Аңырақай соғысында-ақ көзге түскен. Қабанбайдың əлі көз
алдында: Барақ алғаш мұның жасағына келіп қосылғанда, қол-аяғы
серейген, бойы ебедейсіз ұзын, сырықтай балаң жігіт болатын. Кейін ғой,
оның бақан бойлы, жалпақ жауырынды, атпал азамат болып толысқаны...
Ал оның «көкжал» атануы — өзінің құдай жаратқан бітімінен. Зайыры,
арғы аталарынан келе жатқан нысана болса керек, Барақтың желкесінен
белдемесіне дейін, қыр арқасына біткен жал бар. Жігіттер жорықта
жүргенде талай шешіндіріп көрді ғой: кəдімгідей омыртқаның жігін
бойлай, арқаға біткен қалың түкті жал. Кейін жаратылыстың осы бір
нышанына батырдың бойына біткен қалың қайраты мен ерлік қасиеті сай
келді де, «көкжал Барақ» атанып кетті.
Осы жолы Барақпен бірге Қарғыба бойына қызу əңгіме, көңілді күлкі де
ере келгендей болып еді. Ол өзі тумысынан ақ көңіл, салдырлаған қызық
адам. Қашанда əйелсіз жүрмейтін əдетімен бұл жолы да кейінгі
тоқалдарының бірін жорыққа ала шыққан екен. Онысы, бас қоса қалғанда,
Баймұрат, Баян, Оразымбет секілді құрдастардың əзіл-қалжыңына
таусылмас азық болды. Барақтың əзірше қазақ-қалмағы аралас төрт
əйелінен өрбіген жиырма шақты баласы да тілге тиек болмай қалмайды.
— Əй, көкжал, осы сенің қатынсыз жүре алмайтын жының бар ма?
Қашанда құлынды биеше біреуін ертесің де жүресің, — деп алдымен батыр
Баян бастайды сөзді. Бірақ оған жаситын Барақ жоқ:
— Керек тастың ауырлығы бола ма? Бірде болмаса бірде қажет боп
қалады, — дейді жұртты ду күлдіріп. — Бəлем, көзің қызыққан соң айтып
отырсың ғой. Шамаң келсе, күн сайын құрыс-тұрысың жазылып,
ұрғашының қасынан өргенге не жетсін?!
— Е, бəсе, бұл Бəкен қатынды түр-түрімен неге жинай береді десем,
осындай мəні бар екен ғой! — дейді Баймұрат аңқаусып.
— Е, тəйірі, Барақтың да адам сияқты қалың төлеп, айттырып алған
қатыны — Тойбике ғана. Басқаларының бəрі — тегін олжадан түскен
жолбикелер! — деп мына жақтан Оразымбет өкірештейді.
Бəрі осылайша тұс-тұстан жабылып жатса да, Барақтың бақайынан
келмейді.
— Əй, сендерді кім ұстап тұр? Намыс бар ма өздеріңде? Бір-екі қатынға
зорға не болып жүріп, айтып отырған сөздерінің түрін! — дейді қолын
үмітсіздене сермеп. — Мəселен, мына мен əр жорықта қалмақтың бір
сұлуын құшпасам, айызым қанбайды... Сонан соң, жігіттер, қатынды алған
мақтан емес, қасына күн құрғатпай барған — мақтан. Ол байғұстарды
қаншырдай қатырып, бауырынан жаратпай, жыл сайын аузы-мұрнынан
шығара тойғызып қою керек... Əйел заты өз күйеуіне сонда ғана разы
болады. Солай емес пе, сардар аға? — деп, Барақтың кейде қолбасыдан
төрелік сұрайтыны бар.
Шатырдағы кешкі ас үстінде, немесе далада лаулап жанған от басында
осындай əңгімелер өрбиді. Көңілге қадалар тікені жоқ зілсіз əңгімелер. Күн
сайын қырғын соғысты бастан өткеріп, ажалдың қасынан жанап өтіп
жүретін, ертеңгі айқастан тірі қалар-қалмасы екіталай, тағдыры қыл
үстінде тұрған адамдар бір уақ осылай көңіл көтеріп, уақыт өткізеді.
XVII
Өткен ұрыстарда азды-көпті шығынға ұшыраған мыңдықтардың
қатарын толықтырып, қосынды қайта жасақтағанда Қабанбай қоластында
əлі де он бес мыңдай əскер бар еді. Əрине, ат арыған, адамдар қажыған.
Аламан əскердің ұзаққа созылған жорықтан титықтап шаршағаны
байқалып-ақ тұр. Əйтсе де қазақ сарбазын жан ұшырта алға жетелеген бір
құдіретті күш бар. Ол — ата жұртты азат ету арманы. Не де болса осы
жорықтың ақырына дейін шыдап, ақтық жеңісті өз көздерімен көргісі
келеді.
Сонан соң бұл аттаныстың бұрынғы соғыстардан айырмасы, əйтеуір,
нəтижесі көзге бадырайып көрініп тұр. Бір адым ілгері басқан сайын
қазаққа жаңа бір өлке, өріс, қоныс қосылып жатыр. Бұл соғыстағы ең үлкен
олжа — жер, өзіңнің ата қонысың. Бір кезде жоңғар түмендері де қазақ
даласына басып кіргенде, осы жер үшін барын салған болатын. Бүгін де
жердің қымбаттығы сонша, күшпен тартып алмасаң, өздігінен босататын
түрі жоқ...
Сондықтан Қабанбай жорыққа шығар алдында бүкіл əскерді сапқа тізіп
қойды да, көптің алдында тұрып, мынадай ұран тастады:
— Кімде-кім алдағы соғыста ерен ерлік көрсетсе, қай рудың жігіттері
береке-бірлік танытып, аттаныстың ақырына дейін шыдаса, осы өлкедегі ең
шұрайлы жер, шүйгін қоныс соларға беріледі!
Қашанда мал баққан қазақтың буынына түсіп кететін, ең зəру нəрсесі —
жер. Қалың қол ду көтеріп, бірден қостап кетті. Əр тұстан:
— Бəрекелді!
— Осы сөзің құдайға да, адамға да жөн тіпті!
— Көше-көше көк жұлын боп біттік. Əттең шіркін, мынау менің
қонысым деп, көк жайлауда көсіліп жататын күн болар ма екен?!
— Тек, атаңа нəлет, мына бір от бүркетін «белі бүкір» немесі пəле боп
тұр. Əйтпесе, ендігі Алтайдан бір-ақ шығатын едік! — дескен дауыстар
естіледі.
— Ендеше былай болсын, ағайындар! — деді колбасы жұрт дабыры
басыла берген кезде. — «Ел қонбай, ит тынбайды» дейді қазақ. Осы жерді
өзіміз азат етпесек, оны бізге ұстата қояйын деп тұрған ойрат жоқ. Атаның
аруағына сиынып, тағы бір ышқынып көрейік те... Тіпті жеңіске дейін көп
те қалған жоқ. Ойраттарды Барқытбелді бауырлата қуып, Алтайдан ары
асырып тастасақ болғаны!
Қабанбай осыдан кейін қасында тұрған Бараққа бұрылып, бірдеңе
айтқандай болды. Ол қолындағы көк туын сермеп, түземнің бас жағындағы
біреуге белгі берді. Сол-ақ екен, қосының сырт жағынан ерекше қару
асынған бір топ салт атты көрінді де, осылай қарай сап түзеп келе жатты.
Оның мəнісі былай еді. Бұлар осыдан бірер күн бұрын Барақтың əнегүні
ойрат керуенінен тартып алған екі жүздей білтелі мылтығына бұрыннан
қолда бар жүзден астам шитілерді қосып, үш жүздей сарбазды
қаруландырып қойған-ды. Бұрын қалың қазаққа сыралғы болмаған, атылса
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 30
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.