Latin Common Turkic

Дарабоз - 16

Total number of words is 4123
Total number of unique words is 2466
32.7 of words are in the 2000 most common words
47.8 of words are in the 5000 most common words
55.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бетінен жастар қалай қайтады?! Осы бізді қашанғы бесікке бөлей
бересіңдер, аталар? Біз де толғай-толғай жақ тартып, қолтығымызды бір
жазайықта... Үлкендер үйден ұзағысы келмесе, алыс жорыққа жеңіс
құмары қанбаған жастарды жіберіңіз, хан ием! Бөкең бізге батасын берсін!
— деді босағада тік тұрған қалпы.
Бұл сөзге де Абылай не дұрыс, не бұрыс деп жауап беріп жатпады. Тек
жалт еткен өткір кезінің қиығынан Еспембетке деген сүйініш байқалды.
Мұндай жауапты сапарға мандайының дымы кеппеген жастарды ғана
жібермесі тағы белгілі. Абылай жорыққа аттанатын адам таппай отырған
жоқ. Оны манадан бері қинаған қол астындағы қос тіреу — Қабанбай мен
Бөгенбайдың арасын ушықтырып алмай, арадан мəміле табудың амалы
болатын. Екеуінің де сөздері көңілге қонымды. Қайсысын қолдамақ керек?
Біреуін ашық жақтаса, екіншісінің сағы сынады. Біреуінің артында — алты
арыстың ағасы, азуы алты қарыс Арғын бар. Екіншісінің соңында — батыр
ұлдары көп, қара ағаштай қалың Найман тұр. Біреуі — ақ алмас алдаспаны,
екіншісі — қайраусыз қара қылышы. Тасырлықпен тасқа салып, жүзін
кетіріп алмау керек. Кейде екі оттың арасында қалған Абылайдың да хан
басымен осылай жалтақтайтын кезі болушы еді.
Ол əлдебір көмек күткендей, төрде отырған Бұқар жырауға қарады.
Бұқар манадан бері қолбасы батырлар сөзіне үнсіз құлақ түріп, алдына
өңгерген қара домбырасын сығымдай ұстаған күйі, оқта-текте күрсініп
қойып отырған-ды. Хан қабағын аңдасымен, томағасын сыпырған
бүркіттей, төңірегіне шүйіле қарап алды да, домбырасын бебеулете
жөнелді.
Қайран, жаужүрек жыраулар-ай! Көкірегінің түбіне кір сақтамайтын ақ
алмас ақындар тумаса, бұл дүние не болар еді?! Кейде хан айта алмайтын
ақиқатты сенің ғана айтып беретінің бар-ау!.. Бұқар біреуге соқтығар
алдында, қашанда ханның өзін құрбандыққа шалып, оны да біраз жерге
апарып тастайтыны болушы еді. Жыраудың бұл мінезіне Абылай да
сыралғы, рахаттана тыңдап отыра береді. Бұқар бұл жолы да сол дағдысына
басты. Ол Абылай мен Бөгенбайға арнаған əйгілі толғауын осы тұста айтып
еді:
Əй, Абылай, Абылай!
Сен — мен көргенде
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің.
Əбілмəмбет патшаға
Қызметкер болып тұр едің.
Қалқақтап жүріп күнелтіп,
Үйсін Төле билердің
Түйесін баққан құл едің.
Сен жиырма жасқа жеткен соң,
Алтын тұғыр үстінде
Ақ сұңқар құстай түледің.
Дəулет құсы қонды басыңа,
Қыдыр келді қасыңа.
Бақ үйінде түнедің,
Алыстан тоят тіледің...
Уа, сен Қанжығалы Бөгенбай,
Тоқымы кеппес ұры едің,
Түн қатып жəне жүр едің.
Қабанбайдан бұрын найзаңды
Қай жерде жауға тіредің?! —
деп жыр нөсерін төкпелеп келді де, домбырасын көлденең ұстаған күйі,
ендігі айтарын қара сөзбен жалғастырып əкетті.
— Уа, хан Абылай! Уа, Қанжығалы қарт Бөгенбай! Бұл Бұқарды жетпіс
асып, сексенге таяғанша қашанғы жанған отқа сала бересіңдер? Жоңғар
қалмағы ортаңа келіп ұя салған жылан еді. Сол жыланның ордасы осы
күнге дейін уын жайып, Ұлы жүздің жерінде жатыр. Жерін ғана беріп
қойған жоқ, мойнына бодандық бұғауын қоса киді. Жау тұқымын құртам
деген кісі алдымен оның ордасын талқандамас па?! Жан қиналмай келетін
жақсылық бар ма? Іргедегі жауды іліп түсіп, оңайдан олжа табуға
асықпаңдар, жігіттер. Сенің елден аяған ерлігің, бауырыңнан аяған
батырлығың кімге сеп? Қолыңнан келер шапағатың алдымен алақан жайған
ағайынға тисін. Ағайынды өкпеге қиса да, өлімге қиған кім бар еді? Бұл
қазақта қазір тоқсанға келген Төле биден үлкеніміз жоқ. Тіпті сол қадірлі
қартымыздан ұят болды ғой! Шықпа, жаным, шықпа деп,тісін тісіне қойып,
осы аттанысты ол күткелі қашан?! Жанын жалдап, сөзін бұлдап, жоңғар
қонтайжысын сый-сыяпат, алман-салықпен алдаусыратып, осы күнге дейін
ұстап келгені де жетер. Қашанғы шыдайды? Ол да бір күні құлайды ғой.
Қайран Төкең тым құрыса туған жерінің жаудан тазарғанын көзінің
тірісінде көріп кетсін! Менің тілімді алсаңдар, алғашқы жорықты сол Төле
биден бата алудан бастаңдар! — деп аз-кем тыныс алды да, ойын қайта
жалғады — Уа, Қанжығалы Бөгенбай, сенің ерлігің мен қайратыңда қапы
жоқ. Халқың саған разы. Бірақ, көңіліңе келмесін, мен бұл жолы Қаракерей
Қабанбай жағындамын. Оның айқайласа даусы жететін жердегі ата жұрты
Алакөлді жаудан босатуға асықпай, аттың басын алдымен қара шаңырақ
Қаратауға бұрам дегені құдайға да, адамға да жөн-ақ! — деп сөзін аяқтаған.
Ұйып тыңдаған жұрт үстерінен бір батпан жүк түскендей терең тыныс
тартты. Абылайдың да түсі жылып, шырайланып қалғаны байқалды. Бұқар
жыраудың сөзі қашанда хан жарлығының хабаршысындай болушы еді.
Абылайдың кейде шешуі қиын түйіндерді, осылайша, жыраудың дуалы
аузымен жеткізетіні осында отырған жұртқа ежелден мəлім-тұғын. Ең
ғажабы, ордада орныққан тəртіп бойынша, мұндайда Бұқар жыраудың
ащылы-тұщылы сөзін ешкім де көңіліне ауыр алмайтын-ды. Жырау —
ерекше жаралған ел еркесі. Ол пенденің сөзін емес, құдайдың аузына
салғанын айтады деп түсінетін. Бұқар билігін Бөгенбай да солай
қабылдады.
— Апыр-ай, Бұқар аға-ай! Ашық күнде найзағай ойнатып, дауыл
тұрғызып жібердің-ау! Жарайды, мен жеңілдім... Дарабозға бүйрегіңнің
бұрып тұрғанын, шалатын бала секілді, мана домбыра ұстасыңнан-ақ сезіп
едім! — деп Бөгенбай үйеңкінің түбіндей алып денесін селкілдете, қарққарқ күлді.
Осы жалғыз ауыз сөз кешеден бері ел еңсесін езген зіл салмақты қолмен
сылып тастағандай болып еді. Шатыр ішінде емен-жарқын күлкі,
жайдарылық орнады. Алдарына келген қымыз еселеніп қайта құйылған
тұста, Абылай да өз кесімін айтқан.
— Бəрекелді, Бұқар аға! Ауған түйені басқандай, бəрін орын-орнына
қойып бердіңіз-ау! — деді аласа сандал тақтың үстінде малдасын құрған
күйі, сəл шалқая түсіп. — Жұрт пікірі жарылып, бірден билік айтудың
қиын болған себебі, екі қолбасының да айтқан сөздері орынды еді. Таза
соғыс тəсілі жағынан алып қарағанда, Бөгенбай батырдың алысқа ат
сабылтып, артық шығын жасамай, алдымен іргедегі жауды бір жұмарлап
алайық дегені көңілге қонады. Бұлай еткенде жеңістің жеңілге түсетіні де,
жыланды бел-ден ұрып мертіктірсең, ар жағында басын мыжи салу қиынға
түспейтіні де рас. Бірақ қазіргі жағдай оған жар беріп тұр ма? Естіп
отырсыңдар, оңтүстікте ойран басталды. Жоңғардың мына қонтайжысы
бірнеше жыл бойы тек өз төңірегімен алысқан шəлдірік Цеван Доржи емес,
одан гөрі қарымдылығын байқатып отыр. Қоқанды қайтадан қолға
қондырып, Ташкентке тəртіп орнатып, енді байтақ қала Түркістанға қауіп
төндіруде. Көп жылдар көзімізден бұлбұл ұшқан бұл қалада қазір қазақтың
ұлы ханы Əбілмəмбет отырғанын естеріңнен шығармаңдар, жарандар!
Жоқ, жігіттер, жоңғар атының тұяғы бұдан кейін Түркістан топырағын
ешқашан баспауы керек! — дегенде Абылайдың даусы қаттырақ шығып
кетті. — Рас, Керей, Найманның ежелгі ата жұрты — Алтай мен
Барқытбел, Тоқта мен Барлық та ойрат қарауында жатыр. Бірақ, Орта жүз,
жауға жеріңді берсең де тізгініңді берген жоқсың ғой. Бірер жыл күте
тұруға болады. Ал Ұлы жүз руларының бодандық қамытын кигеніне, міне,
отыз жылдан асып барады. Содан бері ойраттардың Таласты талқандан,
Шуды шулатқаны, Арыс пен Сырдың екі арасын емін-еркін шаңдатқаны
жетеді... Ұлы жүз — өз бауырың болғанда, Қарақалпақ — қандас
ағайының. Бүгін солардың басына іс түскенде, қол ұшын беріп қорғамасақ,
кейінгі ұрпақ бізді кешіре ме?! Сонан кейін, — деді Абылай өз ойын
жинақтағандай. — Ташкент пен Түркістан маңындағы сатқын
саудагерлердің қолынан қазақтың бір емес, екі арысының қаны төгіліп
отыр. Осыдан он екі жыл бұрын Жолбарыс ханға төнген зауал биыл
Барақтың басын жұтты. Сол ерлердің де кегін алатын, құнын сұрайтын кез
жеткен жоқ па?! Міне, осының бəрін есепке алғанда, Дарабоздың ұсынғаны
— əділетті, ақ жол деп білемін. Бірақ оңтүстікке шағын жасақ емес, мұздай
қаруланған, ат-көлігі сай, кемінде екі түмен қол баруы керек. Қазақтың
аламан əскерін, қаһарлы қаруын көріп, дос сүйініп, дұспан күйінетін
болсын! Іске сəт, жігіттер!!!
Көпшілік осы байламға бірауыздан келісті. Қолбасы Қабанбай бастаған
екі түмен қол ертең-ақ түстікке қарай қозғалатын болды. Ортада
Қабанбайдың өзі тұрғанда, оң қанатты Малайсары, сол қанатты Барақ
сұлтанның үлкен ұлы Ханбаба басқарады. Атақты батырлардан Баян,
Оразымбет, Олжабай, Еспембет, Байғозы, Баймұраттар да осы топта еді.
Əрине, жаугершілік басталған соң, арттағы елді де қорғансыз қалдыруға
болмайды. Тосқауылда қалған енді бір түмен əскер Аягөз аңғарына барып,
сол маңда қос тігеді. Бұл ара — шығысқа да, түстікке де, Жетісу өңіріне де
ұрымтал. Арттағы елдің қай жерінде қауіп білінсе, жедел түрде жететін
болады. Арқадағы жасаққа басшылық ету Көкжарлы көкжал Барақ пен
керей Жəнібек батырға тапсырылды. Абылай мен Бөгенбай да биылша елге
қайтпай, қалған қосынның басы-қасында болмақ.
Ата жұртты жаудан азат ету жолындағы қазақтың ең соңғы ұлы
аттанысы, міне, осылай басталды. Бұл — 1751 қой жылының тамызы еді.
III
Арқадағы Қызыларай тауларынан бастау алып, аяғы Телікөлге барып
құятын Сарысу өзенінің ұзына бойы — жеті жүз шақырым, яғни мықты
атқа жеті-сегіз күндік жол. Қалың қол Қаракенгірді құлдап, Сарысуға
түскен соң, өзен аңғарын үнемі қамшылар жақ қапталына алып, түстікке
қарай үдере жортып келе жатқанына да, міне бірнеше күн болды.
Бұл — кəдімгі алдында шолғыншы ертауыл жасағы, ортада тұтқауыл
əскері, соңында сойыс малын айдап, азық-түлігін артқан бақауыл тобы бар,
ортадағы тұтқауыл əскердің өзі оң қол, сол қол жəне маңдай деп бөлінетін
аса үлкен қосын еді. Қазақта баяғы Аңырақай, Алакөл шайқасынан кейін ту
түбіне мұндай мол əскердің жиналғаны осы. Рас, ол жолы қазақ қолы отыз
мыңнан асып жығылған. Онда да қосынды үш топқа бөліп, маңдай əскерді
қолбасы Əбілқайырдың өзі, оң қолды Қанжығалы Бөгенбай, сол қолды
Қабанбай басқарған. Шіркін, ол да бір тасып-төгілген халық кегінің
көрінісіндей ғажайып мол күш еді ғой. Амал не, хан, сұлтандардың
алтыбақан ала ауыздығынан діттеген жеріне жетпей, қожырап кеткені
болмаса... Содан кейін-ақ үш жүздің басы қайта құралған жоқ. Бергі
қырқыншы жылдардағы Сары Манжы мен Цебданның шабуылынан
қорғану ұрыстарында да əp жерде бытыраған қазақ жасағының саны бес
мың, он мыңнан асқан емес.
Қалың қол құмды, шөлейт даланы қақ жара, ирек-ирек жол басатын
Сарысуды кейде жанап, кейде сəл қашықтап, бірақ ұлы аңғардан көз жазбай
жүріп келеді. Өйткені өзен аңғары болмаса, осыншама көп адам мен аткөлікті əрқандай мол сулы құдықтар да қамдай алмас еді. Қоңыр күздің
жақындап қалғанына қарамастан, əлі де аптап ыстықтың беті қайта
қоймаған. Күн бойы қыбыла жақтағы бетпақтың шөлінен көтерілген бір
аңызақ аңқанды кептіріп соғады да тұрады. Шалқар түстің шыжыған
ыстығы ат-көлікті қызылмай қып ағызып жіберетін болған соң, бұлар
жолды көбінше салқында өндіріп отырды.
Əйтседе аламан əскердің рухы жоғары, көңілі көтеріңкі. Көпшілігі —
мұндай жорыққа алғаш рет қатысқан жастар. Əлі жау төбесі көрінбесе де,
бірден жапырып жіберетіндеріне еш күмəндары болмай, алдағы айқас
аланына жеткенше іштей асығып, ширыға түседі. Ал бұрын қалмақпен
талай қидаласқан, бірақ арадағы толас кезінде ептеп шау тарта бастаған
сары тісті, сақа сарбаздардың да мынадай ұлы жорық кезінде дүр сілкініп,
қайта түлегендері байқалады. Қарт жауынгерлерге бұл сапар баяғы жастық
шақтарын еске салуымен қымбат еді. Өйткені мұндай алыс, аламан
жорықтың да ер-азаматты еліктіріп əкететін өзіндік қайталанбас сəнсалтанаты бар. Атты да, адамды да сынайтын күндізгі суыт жүрістер, кешкі
түнемеліктегі дала қостары, аспанның бар жұлдызы жерге түскендей, түнгі
далада жамырай жанған мың-сан оттар, дала қосының таңдайдан кетпес
дəм-тұзы, гу-гу əңгіме-дүкен, ең ақырында ер жастанып, тоқым төсеніп,
ашық аспан астында тұяқ серіппей қатып қалатын тəтті ұйқы... Осылардың
бəрі санатқа жаңа қосылған жас сарбаз үшін төтенше қызық еді.
Қабанбай бұл сапарда жалғыз емес, отбасы, бала-шағасымен келе
жатқан. Əу баста бұл жорыққа көптен аламан əскердің қатарында жүрген,
биыл жасы он сегізге толған кенжесі — Əлі қосылды. Сонан соң «алғашқы
жорыққа өзім ертіп шығам» деп бір кезде Назымға да берген уəдесі бар
екен. Бетінен қақпай ерке өсірген қайсар қыз ақыры айтқанын орындатып
тынды. Ең соңында «бəрің бірдей жорыққа аттансаң, мен қалай бір үйде
сопиып жалғыз отырам» деп бұларға Майсара қосақталды. Əйелдер жағы
күндіз сарбаздар санатында, қолбасы тобымен бірге жүреді де, кешке қарай
көбінше өздері бір қос болып, бақауыл əскердің басшысы Шағалақтың
қарауына көшеді.
Қашанда Қабанбай жасатында бақауыл тобын басқаратын Шағалақта —
өз ісінің нағыз білгірі. «Ас - адамның арқауы» болса, қосынның арқауын
босатпай алып жүретін кісі — осы Шақаң. Ол алыс жорықтарға қашанда
қапысыз дайындалады. Қолына өзі сұраған күш-көлік, азық-түлік, сойыс
малы түгел түсіп болмай, Шағалақты орнынан қозғалту қиын. Əр қостағы
аламан əскердің есебі, жорықтың қанша күнге созылатыны, жолдағы
құдықтар мен бұлақтар — бəрі соның алақанында. Ал үнемшілдігінде баға
жоқ — қолына түскен дүниені есеппен сығымдап ұстайды. Жорық үстінде
талғажау ететін құрт-ірімшігі, бауырсағы мен күлше наны əр сарбаздың
қоржынында, ішіне малта салынған шалап торсығы қанжығасында
жүргенімен, жасақтың ортақ қазанға күні түспей тұра ма. Сондайда
жүздіктерге бөлінетін сойыстан бірер тоқтыны, не жүрек жалғайтын бір
сықпа құртты есептен артық ала алмайсың. Шағалақтың əлгі: «мінсе ат шақ
келтірмейтін, ішсе ас шақ келтірмейтін, бұл не деген жалмауыз?!» деп
батырлардың өзін қыжыртып ұрсатыны осы тұста.
Əйтседе, бақауыл бастығынын көңілі түссе көл болатын да кездері бар.
Қоналқыға ертерек жетіп, уақыт кеңірек болған жағдайда Қабанбай
бастатқан қолбасы батырларды өз қосына қонаққа шақырады. Талайдан
қолға түспей кеткен, көбінесе жорық үстінде дайындалатын
көшпенділердің көне тағамдарын оның қолынан тек осы кезде жеуге
болады. Тас қуырдақ, қарын қуырдақ, жау-бүйрек, көмбе дейсіз бе,
алдыңызға түр-түрімен самсатып қояды. Тас қуырдақ та, көмбе мен қарын
қуырдақ та — əлі темір ыдыстар тарамаған, есте жоқ ескі заманда шыққан
тəсілдер ғой. Шағалақ — осы астарды əзірлеудің хас шебері.
Мұндайда жиірек қайталайтыны — қарын қуырдақ. Бұл əрі оңай, əрі тез
піседі. Тегінде қой-қозының, не қоңыр аңның өз еті өз қарнына сиып
кетеді. Қойды, не атып алған аңды боршалап, тұзын татытып, бар болса
аздап тау жуасы мен бұрыш қосып, пəкізелеп жуған қарынның ішіне
салады да, аузын түйреп, от мол жағылған жер ошақтың қозына көміп
тастайды. Сəл дем шығарып тұру үшін қарынның жоғарғы аузына
қурайдан түтік жалғап қойсаңыз тіпті жақсы. Арада бір ет асымдай уақыт
өткенде ашып алсаңыз, алдыңызда буы бұрқыраған «қарын қуырдағыңыз»
дайын тұрады... Жол үстінде аламандар күн сайын дерлік аң атып алады.
Кейде қалың қол үйірлі аңды қамалап та ұстайтыны бар. Мұндай күндері
жігіттер қос сайын көмбе, қарын қуырдақ жеп, жырғап қалады.
Бүгін жолға шыққандарына аптадан аса уақыт өтіп, қалың қол
Сарысудан Созаққа қарай бұрылатын тұста бұлар қоналқыға ертерек
аялдаған-ды. Қабанбай кеш бата қасына Малайсары мен Ханбабаны, тағы
бірнеше батырларды ертіп, Шағалақтың қосына келді. Майсара, Назымдар
да осында болатын. Жасында ер-азаматпен бірге талай жорыққа қатысқан
Майсараның соңғы жылдары үйден ұзап шыққаны осы еді. Ұзақ жолда жел
қағып, күнге күйіп, сəл тотыққаны болмаса, тордан босаған тұз құсындай
қайта түлеп, жасаңғырап алғаны байқалады. Аяғына шоңқима көксауыр
етік, үстіне кестелі жарғақ шалбар, қатипа камзол киіп алған. Оның
сыртында женіл бектер сауыт, басында алтынды болат дулыға. Кемер
белдікке қыстырып қойған қос өрім қолаң шашқа, жəудіреген ұяды нəркес
көз бен қайқы кірпікке қарап айырмасаң, саптағы сарбаздың өзі болған да
қалған... Ал Назым, құдауанда, шешесін айнытпай қайталаған көшірмесі
іспетті. Қазіргі емес, əрине, осыдан жиырма бес-отыз жыл бұрынғы. Киім
үлгісі, жүріс-тұрысына дейін айнымайды-ау, айнымайды. Қабанбай
қызынын бойынан баяғы, өзі алғаш танысқан кездегі Майсараны көріп,
таң-тамаша болады.
Майсараның бұл жолғы қуанышында шек жоқ. Құдай қосқан қосағынан,
ұл-қызынан бөлінбей қатар жүргеніне ғана емес, мына жорықтың үстінде
сəті түсіп, жалғыз ағасы Малайсарымен біраз күн бірге болғанына риза еді.
Алысқа ұзатылған күллі қазақ қыздары секілді, Майсара да төркін жұртын
іштей қатты сағынып жүретін. Ауыл арасы шалғай, ай түгіл жылында
көрісе бермейді. Қауіп-қатері мол, аласапыран жаугершілік болса мынау.
Сондай кездерде ол күйеуі мен балаларының амандығын бір тілесе, ағасы
Малайсарының саулығын екі тілеуші еді. Енді, міне, аз уақыт болса да,
ағаның ақ дидарын күнде көріп тұратындай жағдай туып отыр.
Заты, бұлардың тұқым-тегінде бір бауырмалдық бар. Малайсары да туыс
десе қолқа-жүрегін суырып беруге əзір, нағыз қон, қылдаған қазақтың өзі
екен. Қашан көрсең қарындасы мен жиендерін кезек құшақтап, құлындап,
үстіне түсіп жүргені. Соған қарап, Қабанбай өзін бала-шаға, отбасына тым
суық екенмін-ау деп шамалады. Ал Малайсары жиені Əліні осы сапарға
шыққалы күндіз-түні қасынан тастамайтын болған. Балаң жігіт қазір,
көбінше, Малайсары қосында жатады.
— «Үйдің жақсы болмағы ағашынан, ұлдың жақсы болмағы
нағашыдан» деп бұрынғылар тегін айтқан ба?! Ертең қайныңа барғанда,
сарбаз боп сайысқа түскенде, нағашылары ештеңе үйретпепті деп
жүрмесін. Өз əкең де қара жаяу кісі емес қой... Дегенмен, осы жорықтан
қайтқанша менің қасымда бол, — деген анада алғаш табысқан күні-ақ.
Содан бері Əліні жанынан шығармай, əр түрлі əскери өнерге баулып жүр...
Бақауыл тобындағы қасапшы, қазаншы, аспаз атаулы Шағалақтың
маңайында болатын. Қонақтар келісімен лезде солардың бəрін жауып
жіберді. Шеру соңында жүретін бұл топта сайысқа арналған бойдақ мал,
сауын биелер де аз болмайтын. Ертелі-кеш солардан сауған сүт кіші-гірім
сабаны лық толтырады. Шағалақ қонақтарын ең алдымен қой етінен
жасалған қарын қуырдақпен жəне күні бойы түйенің үстінде шайқалып,
бетіне қаймақшып май тұнған сары қымызбен сыйлады. Алыс жолдан
шөліркеп келген жұрт қуырдақтан қарбыта отырып, бір сүйретпе қымызды
лезде тауысқан. Арада тағы біраз уақыт өткенде дастарқанға мана түс
кезінде атып алған семіз арқардың еті келді. Қақталған не қазанға асылған
ет емес, бұзылмай тұтас пісірілген «көмбе». Бұл асты қалай əзірлеудің
əдісін бұрын жорыққа, не аңға шығып жүрген үлкендер болмаса,
жастардың көбі біле бермейтін-ді. Алғашында үлкен жайпақ астауға
салынған, қанша қырып тазаласа да сыртындағы күйесі кетіп үлгірмеген,
үйіткен қой ма десең оған да келіңкіремейтін, дөңбектей қара қошқыл
бірдеңені ортаға алып келгенде, Назым, Əлі, Мырзатай сияқты жастар
үдірейісіп қалды. Үлкендер де бірден қол соза қоймай, іркіліп отыр.
— Ал, жігіттер, неге бөгеліп отырсыңдар? Асқа бағыңдар! — деді
Шағалақ отырғандарға қулана көз жүгіртіп.
Пышағын қолына алып, алға таман ұмсынған Малайсары:
— Ay, Шақа-ау, мынаның қай жағынан бастаушы еді? Өзің жол
көрсетсейші, — деді көңілдене, жадырай күліп. Шағалақтың күткені де
сондай бір емеуірі болса керек:
— Ой, тəйір-ай, тақ бір қалмақтың ноянымен жекпе-жекке шығатындай,
о несі, ей?! — деп ұмтылып келіп, көмбені өзі жəукемдеуге кіріскен.
Сөйтсе, еш қиындығы жоқ екен. Шағалақ қолындағы пышақпен
іреңкіреп, айқыш-ұйқыш бірнеше сызық жүргізіп, қолымен ақырын
қопсытып еді, көмбенің сыртқы қабығы ет пен терінің жігімен қопарылып,
бөлек-бөлек түсіп қалды. Əне-міне дегенше астауда аршыған жұмыртқадай
аппақ еттің өзі қалып еді. Бабымен уылжып, жұмсақ піскені сонша, мүшемүшесін тартып қалсаң, сыдырылып қолыңа келеді. Ал енді дəмділігін
сұрама! Баяғы атамзаманнан келе жатқан, көшпенділердің нағыз жорық
үстінде жейтін асы. Қазан-ошақ та, су да керек емес, тек от болса жетеді.
Əзірлеуі мүлде қарапайым: қойды не қоңыр аңды бауыздап, бас-сирағын
бөлек алып, ішек-қарнын ақтарып тастайсың да, терінін кесілген жерлерін
қайта тігіп, жерден қазылған ошақтың қозына көміп коясың. От неғұрлым
мол жағылса, ет соғұрлым тез піседі...
— Шақан аға, сонда мұны бітеудей қалай тұздадыңыз? Мынаның дəмі
тұздаған төстіктен бір де кем емес! — деді Əлі қолына іліккен асықты
жіліктің етін жұлып жеп отырып.
— Ой, балам-ай, одан оңай нəрсе бар ма?! — деді оз өнеріне қапысыз
сенген Шағалақ масаттана күліп. — Ішек, қарын, өкпе-бауырын бөлек
алған соң, бүйрек май, шарбысымен қоса, іш жағын бір тұздап аласың.
Сонан соң қол мен санның, белдеменің қалың еттерін іреп, аздап түз
жіберсең болғаны... Осы жолы қара бұрыш пен қалампырым болмай қалды.
Əйтпесе бармақтарыңды сорып, тілдеріңді қоса жұтып қоятын едіəдер.
Бұлар пышақ үстінен үлескен көмбенің етін жеп, Шағалақтьың бал
бармақ іскерлігіне мақтау-мадақ сөздер айтысып, тағы біраз отырды.
Малайсары бірсыдырғы əнші еді. Қарындасы Майсараның«дауысыңды
сағындым, көке. Бір-екі əн айтып берші» деген өтінішін жерге баспай,
домбыраға қосылып, Арқаның кең тынысты, шырқау əндерінен бірнеше əн
айтты. Бұл күнде жасы елуден асып кеткен, еңсегей ірі денелі, нұр жүзді
Малайсарының қазір нағыз толысқан шағы. Қабанбай екеуі бір-біріне тек
жақын жегжат, туыс деп қарамай, қараулас құрбы, қанды көйлек жолдас
деп қатты сыйласатын. Керек десең, Қабанбайдың кезінде Майсараға
қосылуына себепші болған осы Малайсарының өзі еді...
Ақыры «Ақтабанға» ұласқан Жоңғар шабуылының үдеп тұрған шағы.
Ойрат əскері Сайрам мен Ташкентті басып алып, енді байтақ қала
Түркістанға қауіп төндіре бастаған. Оңтүстік өлкесінің ойран-ботқасы
шығып, Қаратаудың сай-саласы мен Сыр бойының қалың қопасы
босқындарға толып кетіп еді... Бір тұтас қазақ əскері жасақталып үлгірмей,
əр рудың батырлары соңынан ерген шағын қолмен жеке-жеке қорғанып
жүрген, аса қысылтаяң кез.
Жетісу мен Алатау бөктерін ерте иемденген ойраттар ең алдымен
Сырдың жоғарғы ағысы мен Талас, Шу бойын жайлаған Ұлы жүз руларын
басып қалды. Ол жылдары Ар- ғынның да біраз рулары Қаратаудың күнгейі
мен Сырдың орта ағысын қыстап, жаз жайлауда Сарысу бойлап, сонау Есіл,
Нұраға дейін көшіп жүретін. Бұларда жоңғардың алғашқы жойқын
шабуылының өтінде қалып, көп шығынға ұшырады. Тоқсандағы Əнет
бабаңның үріккен елдің көшіне ілесе алмай, жұртта қалатын кезі, міне, осы
тұс... Ал Алтай мен Барқытбел, Барлықтан шегінген Найман рулары, Арыс
бойын қыстайтын аз ауыл Садырдан басқасы, Арқада, Ұлытау мен Есіл
өңірін жайлап жүрді де, үркін-босқыннан бір шама қағыс қалды деуге
болады.
Қазақ даласының түкпір-түкпіріне «аттандап» жаушы шаптырған Болат
ханның жарлығымен, сол жылы Түркістанға алғашқылардың бірі боп,
Қабанбай да жеткен. Қасында жаушы-жаужаламда жиналған мың қаралы
ғана сарбазы бар. Арқадағы Орта жүз ханы Сəмекенің əскер жасақтауы тым
ұзаққа созылып бара жатқан соң, шыдай алмай асығыс аттанған беті-тұғын.
Келсе, əр тұста бытырап жүрген босқын жұрт əлі ес жиып үлгірмей, шағын
əскер топтары Түркістан маңына енді-енді ғана шоғырлана бастапты. Ол
бұрын көрмеген қазақтың талай батырларымен, соның ішінде
Малайсарымен де осы сапарда танысты. Онда Малайсарының жасы
жиырма беске жаңа толып, жау қайдалап, жалындап тұрған кезі. Оның
Қабанбайды бұрыннан естуі бар екен, екеуі тез тіл табысып, шүйіркелесіп
кетті.
Бұлар күндіз-түні шапқылап жүріп, сол төңіректен бес мыңдай қол
құрап, Түркістанды қорғауға бел байлаған. Алайда, арада көп уақыт өтпейақ, жолындағы елді өрттей жайпап келе жатқан Цеван Ребданның үш түмен
əскеріне бұлардың төтеп бере алмасы мəлім болды. Арқадағы Шақшақ
Жəнібек пен Қанжығалы Бөгенбай батыр қолбасылық еткен Сəмеке əскері
де, Арал, Қазалы төңірегінде құралып жатқан Əбілқайыр жасағы да уəделі
уақытта жетіп үлгірмеді. Амал жоқ, Түркістанды тастап шығуға тура
келген. Қазақтың ұлы тағында отырған Тəукенің ұлы Болатты бүкіл
ордасымен Қаратау асырып, Арқаға қоныс аудартты да, қашан жанағы
салқар көш Созақтан өтіп қара үзіп кеткенше; Қабанбай, Малайсары,
Сіргелі Елшібек, тағы басқа батырлар қолдарындағы аз күшпен жаудың
жолын бөгеп тұрды.
Жасы он алты-он жетіге жаңа келген, қорамсақты жақ асынып, ерлерше
киінсе де, онысы талдырмаш зипа бойын сырт көзден жасыра алмай тұрған
Майсарамен Қабанбай осы сапарда табысып еді. Малайсары Қаратаудағы
өзіне қарасты Бəсентиін ауылдарын Арқаға қарай көшіріп жіберіп, соңына
ерген үш жүз жігітпен хан ордасына ат басын бұрғанда, жалғыз қарындасы
Майсара ағасын қиып кете алмай, қарулы жасақтың құрамында қалған-ды.
Аламан əскер жетіспей, бір қолды екі ете алмай жатқан сол бір қарбалас
шақта Майсара садақтан оқ жаудыратын мергендер қатарында ұрысқа да
қатысып жүрді. Қабанбай мен Малайсарыға қолғабыс етіп, жасақтың
арасын жалғастыратын байланысшы-жаушы болған кездері де бар.
Қабанбай онда үйлі-баранды, екі-үш баланың əкесі болған кезі.
Майсараны бір көргеннен ұнатып, осы бір нəзік те, ержүрек аруға бар
ынтызары ауып тұрса да, мынадай жаугершілікте желіккенім жеңілтектік
болар деп, өзін əупіріммен зорға тежеп жүрген-ді. Қыз да оңаша
қағаберісте бұған отты жанарын жиі қадайтын сияқты ма, қалай?!
Тағдырдың бұйрығы ғой, бір күні ойда жоқта тап болған кездейсоқ жағдай
араларындағы бөгетті жұлып тастады да, екеуін ақыры қосып тынды... Бір
сөзбен айтқанда, Қабанбай қыз алдында қарыздар. Егер сол жолы төтеннен
келген ажалдан Майсара құтқарып қалмағанда, бұл бүйтіп Қабанбай
атанып, жер басып жүрер ме еді, жүрмес пе еді?!
Қазақ жасағы жаумен бетпе-бет тіресе кетуге шамасы келмегенімен,
кейде қойға шапқан бөрідей тұтқиылдан тиіп, қансырата қаша соғысып
жүрген кезі болатын. Сондай кезекті шайқастан кейін Арыстың көзден
тасалау қопалы жағасына қос тігіп, бірер күн ат шалдыруға тура келген. Бір
күні, ойында ештеңе жоқ, түскі ыстықта өзен жағасына барып, белуарына
дейін шешініп тастап, жуынып жатқан-ды. Дəл іргедегі қалың қамыс арасы
сылдырлағандай болса да, суатқа түскен аттардың бірі ме деп, бəлендей
мəн бермеді. Тек əлден уақытта арт жағынан ыңырсыған оқыс дыбыс
шығып, əлдебір нəрсе күрс етіп құлап түскенде ғана, артына жалт бурылды.
Қараса, жартылай жалаңаш біреу өзінен бес-алты қадам жерде етпетінен
түсіп, сұлап жатыр. Оң қолындағы екі жүзді алмас қанжардың сабын
сығымдап ұстаған күйі қатып қалыпты. Басында ештеңеге түсіне алмаса да,
оның мұнда неге келгенін сол қанжарға қарап пайымдағандай болды.
Əлгінің екі жауырынның арасынан қадалған сауыт бұзар сұр жебе арам
ойын іске асыртпай, орта жолда қырқып түскені көрініп тұр.
Қабанбай жалма-жан айналасына көз жіберіп, кенет өзінен қырық
қадамдай жерде, жарқабақтың үстінде тұрған
Майсараны көрді. Садағын иығына асқан күйі бері қарай беттеп келеді.
— Мынаны тырапай асырған сен бе, Майсара? — деген Қабанбай езу
тартып.
— Енді қайтейін... еркіне жіберсем, сізді жазым қылатын түрі бар, —
деді қаны қашып, əлі де өзіне-өзі келе алмай тұрған қыз.
— Бұл кім болды екен? Өзі қалмақ па, шүршіт пе? — Қабанбай жебені
суырып алды да, етпеттеп жатқан өлікті шалқасынан аударып тастады.
— Кім де болса, арғы жағадан осы жаңа ғана жүзіп өтті. Сірə, сіздің
шатырдан шығып, суға келгеніңізді біреулер алыстан аңдып отырса керек.
— Басында айдары бар... Нағыз қалмақ екен, — деді Қабанбай. — Ал
өзің қалай келдің бұл араға?
— Мен бе? — Майсара сəл күмілжіп қалды. — Мен сізден сəл төменірек
су жағасында кір шайып отырғам... Кенет арғы жағадан осылай қарай жүзіп
келе жатқан біреуді көзім шалды да, қалт етпей бақылаумен болдым.
— Періштем! — деді Қабанбай қыздың қолынан ұстап. — Мені ажалдан
алып қалған ақ тілеулі періштем өзің екенсің ғой... Міне, мен бүгіннен
бастап сенің жаудан түсірген олжаңмын. Ендігі өмірім сенікі! — Соны
айтып, Майсараны жерден жеп-жеңіл көтеріп алды да, үлбіреген ақ тамаққа
төне берді...
Ойхой, дүние-ай! Содан бері де, мінеки, ширек ғасырдан астам уақыт
өтіпті. Зырлап бара жатқан заман. Өзіңнің қартайғаныңды кейінгі жастарға
қарап білесің деген осы... Ол да бір жеңілістен көз ашпаған, аса ауыр
жылдар еді ғой. Ежелгі астана Түркістанды жау қолына қалдыру қазақ үшін
ең бір қаралы күн боп есептелген. Бəрі де — хан, сұлтандардың ала
ауыздығынан, билердің бейғамдығы мен қарашы халықтың етек
бастылығынан. Сəмеке ханның Арқадан аттандырған əскері, Түркістан
қолдан кеткен соң, орта жолда Болат ханның көшіне жолығып, келген
ізімен кейін қайтты. Ал Əбілқайырдың жасағы Шиелі маңында ойрат
қолынан күйрей жеңіліп, қоршауда қалу қаупі төнгенде, ханның езі аздаған
адаммен зорға сытылып шықты. «Ақтабанда» есеңгіреген қазақ елі арада
екі-үш жыл өткенде ғана ес жинады ғой. Бұланты бойындағы 1726-жылғы
алғашқы жеңіс шағын да болса жақсы нышанның басы тəрізденіп, ел
еңсесін бір көтеріп тастаған. Кейін ол Аңырақай мен Алакөлдегі қауырт
шабуылдарға ұласты. Бұл жеңістер, шынын айтқанда, билер мен
сұлтандарға сеніп қалмай, ел тізгінін өз қолдарына алған батырлардың
еңбегі болатын. Кейін «қалмақ қырылған» деп аталған Бұланты бойында
Бөгенбай, Қабанбай, Шақшақ Жəнібектен басқа Саңырақ, Тайлақ батырлар
да ерекше көзге түсіп еді. Соңғы екеуі қырқыншы жылдары Сыр
бойындағы Сары Манжыға қарсы соғыста жау қолынан мерт болды...
Бір жамандықтың бір жақсылығы бар деген рас. Қабанбай сол сапарда
шарасыздан Түркістанды жауға берсе де, соның қарымтасындай
Майсараны тауып қайтып еді. Еңсені езген ауыр кезеңде құр қол
тастамаған құдайдың онысына да шүкіршілік. Əйтседе, көңілінде қайтпас
қыжыл, өшпес дық қалған... Осы жолы аттанысты түстіктен бастайық деп
қасарысқан тағы бір себебі: батырдың көңілінде баяғыда осы өлкеде
қалмаққа кеткен есесін қайтарып, көп жылдар қыл арқандай мойнында
жүрген қарыздан бір құтылсам-ау деген арман бар еді.
Қонақтар еттен кейін тағы қымыз ішіп, əр түрлі əңгімемен дуылдасып
отырған-ды. Кенет Назым өзіне қарама-қарсы жайғасқан Мырзатайға жалтжұлт қарап алды да, үлкендерге бұрылып:
— Көкелер, рұқсат етсеңіздер, мына Мырзатай сіздерге күй шертіп
берем дейді, бұған қалай қарайсыздар? — деді күтпеген жерден. — Өзі
айтуға ұялып отыр.
— Бəрекелді! Ортамызда күйші отырса, неге тыңдамасқа? Тыңдаймыз!
— деп өнерге бейім Малайсары алдымен ыңғай білдірді.
Жұрт назары бірден есік жақта, Əлінің қасында отырған ұзын бойлы,
сымбатты жігітке ауды. Алайда Мырзатай отырыстың аяқастынан бұлай
бағыт аларын күтпеген сияқты. Жұқалған, аққұба жүзі ду етіп, құлағына
дейін қызарып кетті. Ерке қыз Назымның өзіне ғашық бұл жігітті үпемі
осылай отқа итеріп, оқыстан сынап отыратын əдеті. Ойын-тойда көкпар,
сайыс, жамбы ату секілді бəсекеге əдейі тұтқиылдан айдап салып та талай
ұялтқаны бар. Бір ғажабы, Мырзатай осының бəріне төзіп, əзірше сыр
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 17
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.