Latin Common Turkic

Дарабоз - 26

Total number of words is 4111
Total number of unique words is 2320
32.0 of words are in the 2000 most common words
47.3 of words are in the 5000 most common words
55.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
армансыз бір тынығар еді. Көк теңіз! Мың-сан сауысқан... жоқ, сауысқан
емес, мың-сан аққу қонып отырғандай ала қанат, ақбас толқындар... Сол
толқынның шуылын тыңдап, шіркін, ұйықтай берер еді, ұйықтай берер
еді...
Сыртқы есікті сықырлатпай ашып, Майсара ішке кіргенде, күйеуі
əлдеқашан тəтті ұйқының құшағында жатқан-ды. Жорықтан кейінгі
батырдың ұзақ ұйқысы бұл əйелге таң емес. «Осы батырлар да қызық-ау!
Неге кіріссе де, қабырғасын қаусата, түбін түсіре кірісетіні несі екен?!» деп
жымиды да қойды. Сонан соң күйеуінің күпісін кеудесіне таман тартып
жапты да, аяғының ұшымен басып шығып кетті.
XII
Мешін өтіп, тауық кіретін 1753-жылдың қысы Арқа жерінде өте қатты
болды. Сол жылы желтоқсан туа аттың жалпақ тізесінен келетін қалың қар
жауып, арты ақ түтек боранға айналды да, оның соңы түу деген түкірігің
жерге түспейтін үскірік аязға ұласты. Көшпелі қазақ ауылдары қыс бойы
күнкөріс малдарын жұтқа бермей, аман сақтау үшін арпалысты. Бір тəуірі,
ел іргесі тыныш, азаматтар ауылда-тұғын. Осының алдында ғана жауын
жеңіп, жорықтан қайтқан жігіттер қылышы мен найзасын тастай бере
қолдарына құрық алып, енді дүлей табиғатпен жағаласты. Бірақ, соған
қарамастан, азаматы, ат-көлігі сай кісілер болмаса, көп ауылдар жұтқа
ұшырап, тіпті кей жерлерде тігерге тұяқ қалмай, жүген ұстап қалғандар да
бар. Əйтеуір, адам шығыны жоқ көрінеді. Егер наурыздан кейін күн
жылынып, қар тез еріп кетпегенде, жыл ақыры неге апарып соғары
белгісіз-тұғын.
Қыс бойы жұтпен жағаласқан қазақ елінің бір көзі төрт түлік малда
болса, екінші көзін іргедегі ойрат Ордасынан айырған жоқ. Оған себеп,
жыл басында-ақ ел ішінде: «Жоңғарияда биыл қыс жайлы көрінеді.
Ойраттар қашқын нояндарды ұстау үшін, Орта жүзге əскер атандырады
екен», деген дақпырт тараған. Дегенмен, осы бір алыпқашты сөздің
астарында шындықта жоқ емес-ті. Қонтайжы Лама Доржи бір жатынан,
бітім сұрап Абылайға елші жіберсе, екінші жағынан, өткен жылдың есесін
қайыру үшін Бұратола маңында Орта жүзге қарсы қол топтап жатқаны да
рас еді. Тіпті Сайын-Бөлек ноян бастаған он бес мың əскер шекараға таяп
келіп, Жоңғар қақпасындағы жолдың ашылуын күтіп тұрған-ды. Егер ойрат
əскері сол бетінде келіп, шығыстан тарпа бассалса, қыстан қалт-құлт етіп
əрең шыққан қазақ қауымына сұмдық апат боп төнері анық еді.
Дегенмен, құдай сақтады. Əлде қалмақтың қайтқан бағы, əлде қазақтың
өрлеген ырысы... Жоңғар жолбарысы кек қайтармақ болып қанша
шабынғанымен, қазақ ханы Абылай бұл жолы да оның алдын орап кетті.
Ол Сайын-Бөлектің көп қолмен қазақ шекарасында, Бұратолада жүргенін,
Намеху-Жырғалдың бір түмен əскермен оңтүстікте бас көтерген қырғызға
қарсы аттанғанын естіді де, ешкімнің ойына келмейтін бір құпия жорық
дайындады. Дабашы мен Əмірсананың төңірегіне топталған үш мыңдай
қалмақ жасағына қазақтың сайдың тасындай іріктелген екі мың жігітін
қосты да, бес мың қолды Жаркент жолымен Құлжаға қарай суыт
аттандырып жіберді. Аса құпия əзірленген бұл жорықтың мəн-жайын
Абылайдың өзінен басқа Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, Көкжал Барақ
секілді қолбасы батырлар ғана білді.
Қонтайжы Лама Доржи қақаған қыс ішінде қазақ жағынан дəл мұндай
қауіп төнер деп күтпеген-ді. Басты нояндар жорыққа аттанып, басқалары
қыс қамымен өз ұлыстарына тарап, Орда маңында екі мыңдай ғана
жасауыл əскер қалған. Сол күні жас қонтайжы əкірге лықия тойып алып,
əлі ыстық-суығы басылмаған тағы бір Қашқар сұлуының қойнында жатқан-
ды... Бас-аяғы жинақы, қару-жарағы сай бес мың қолмен қалаға түнделетіп
кірген Дабашы мен Əмірсана 1753-жылы қаңтардың 13-жұлдызында хан
Ордасын қоршады да, Лама Доржиды жылы төсектен суырып алды.
Ортақ жауға қарсы бірлікте күресіп жүргені болмаса, болашақ ойрат
ханы кім болады дегенде, Дабашы мен Əмірсана арасында əзірше бір
бəтуаға келген ашық келісім жоқ-тұғын. Бəлкім, Лама Доржидың қанын кім
бұрын ұрттаса, хан тағына сол отыратын шығар. Қолын артына қайырып,
алдына желкелеп алып келген қонтайжыны Дабашы тілге келтірмеді.
Əлденеге асыққандай, Əмірсанадан бұрынырақ қимылдап, қанжарын қақ
жүректің басынан салып жіберді де:
— Бұта түбінен жаралған арам неме, осымен сенің дəуренің бітті! —
деп, қанжардың алаулаған жүзіндегі жып жылы қанды рахаттана жалап
алды.
Сонымен, үш жылдай ойраттағында отырған Лама Доржи да небəрі
жиырма жеті жасында бұл дүниеден өте шықты. Соның артынан көп
кешікпей Дабашы өзін Жоңғарияның жаңа қонтайжысымын деп
жариялаған. Қазақ шебінде тұрған əскерді кері шақырып, Сайын-Бөлекті
қамауға алды. Тек қырғыз жерінде жүрген Намеху-Жырғал ғана қолға
түспеді. Жаңа контайжының неше рет бұйрық жіберіп шақыртқанына
қарамай, өз қарауындағы бір түмен қолмен түстік жақта қыңырайып жатып
алды. Мұны көріп, Дабашының билігін мойындағысы келмеген Орда
маңындағы басқа да кейбір ақсүйектер түстікке қарай ойысқан. Сөйтіп
жаңа қонтайжыға бағынбай, ашық қыр көрсеткен тағы бір топ пайда болды.
Бақталас топтың басында тұрған — баяғы Сары Манжы ноянның баласы
Намеху-Жырғал. Ол да — Батыр қонтайжының əулеті. Ата тегі, ақсүйектік
дəрежесі, мұрагерлік құқы Дабашыдан бірде кем емес. Кешікпей
əрқайсысы өзіне тиесілі ұлыстарын белгілеп, жанталаса əскер топтап, тақ
үшін басталатын тағы бір шайқас жақындап келе жатты.
Міне, осындай жағайда қазақ хандығы не істеуі керек? Ел ішін жайлаған
жұт, халық басына түскен ауыршылық болса мынау! Биылша аш-арық
елдің аялына батып, бейтараптық сақтай ма? Жоқ əлде қазақ жері толық
азат болғанша қару тастамай, аттанысты жалғастыра бере ме? Жылда
мамыр айында шақырылатын дəстүрлі хан кеңесінде, міне, осы түйіндер өз
шешімін табуы керек еді.
Алдын ала хабарлағанындай, биыл хан кеңесі бұрынғыдай Сарысу
бойында емес, Абылайдың жазғы ордасы — Қарқаралыда өтетін болған.
Оның бір себебі жұттан шыққан елдің жоқ-жітік, жадау тірлігі болса,
екінші себеп: биыл басты оқиғалар өтетін шығыс аймаққа жұрт назарын
көбірек аудару еді.
Күткеніндей-ақ, биылғы кеңес үш жүздің басын түгел қоса алмады.
Жиналғандар —негізінен, Арқаны жайлаған Орта жүздің төрт арысы:
Арғын, Найман, Керей, Уақ кісілері. Ұлы жүзден — Балқаш төңірегіндегі
Жалайырдың Ескелді, Балпық секілді билері келсе, Кіші жүзден — Сарысу
бойындағы Тама руының бірер батырлары ғана қатысты. Көп рулар алыста
жатып сəлем жолдапты. Айтатын сылтаулары — жер шалғайлығы, биылғы
қыстан көп ауылдардың жұтқа ұшырап, тым жүдеп шыққандығы...
Жағасынан алған жаудың қолы сəл босап, басынан құрық, малынан сырық
кетсе-ақ болғаны, арқасы кеңіп, керенау тарта қалатын — біздің қазақтың
əдеті ғой ежелден. Кіші жүз тағында отырған Нұралы ханнан о бастан үміт
жоқ-тұғын. Əкесі Əбілқайыр сияқты ол да соңғы жылдары шығыс
майданнан мүлде қол үзіп, Орынбор əкімдерінің сызып берген жолымен
ғана жүретін болған...
Ал Жоңғар бодандығынан таяуда ғана құтылып, əлі толық ес жия
қоймаған Ұлы жүз рулары биыл да ту түбіне келе алмады. Оның үстіне,
оңтүстік жақ көктем шығысымен көші-қонның əлегінде жүрген көрінеді.
Көп жылдар бойы аядай Арыс пен Ташкент төңірегінде ұйлығып отырған
қалың ел қазір жаппай ірге көтеріп, Талас пен Шу бойына, бергі Алатау
бөктеріндегі ата қоныстарына оралып жатса керек. Тұтас елдің жаңа жерге
көшуі оңай ма, мұндайда ағайын арасында өріс-қонысқа таласқан даушардың да қоса жүретін əдеті... Ол да ештеңе емес-ау, былтыр ғана бетін
қайтарып, бел асырып тастаған Нарынқол, Кеген, Шонжы өңіріндегі
ойраттар мен қырғыздар биыл түстікке жорық жасаған Намеху-Жырғалдың
түменімен бірге қайта оралып, сонда көшіп барған Албан ауылдарын кері
қуған ба, ол да оңай тимесе керек. Сірə, Алатаудың сол бөктерінде биыл да
əжептəуір қақтығыстар болатын түрі бар...
Ханкелді мен Наурызбай, Бердіқожа батырлар үшбу хат- тарында осы
себептердің бəрін жіпке тізе келіп, осы жолы хан кенесіне қатыса
алмайтындарына өкініш білдіріпті.
Абылай ашудан жарыла жаздап барып, сабырға жеңдірді. Амал не, биыл
тоқсанға толып, тұғырдан тайған Төле бидің орны үңірейіп тұр. Иə, ұлы
бидің қадірі жыл өткен сайын білінері сөзсіз. Түбі оңтүстік өлкесі тағы да
жанған өрттің дау-жанжалдың ошағына айналмаса не қылсын?!
Міне, осындай жағдайда Абылайдың қолда барды қанағат тұтпасқа
амалы қалмаған. Хан кеңесі өтетін жерде биыл жылдағыдай молшылық,
сəн-салтанат та байқалмайды. Ханның ала шатырына Орта жүздің əр
улысынан келген жетпіс-сексендей ғана адам жиналды. Бұл хан кеңесінен
гөрі аттаныс алдындағы əскери кеңеске келіңкірейді.
Абылайдың қабағы қату, түсі суық. Бет əлпетінде əлденеге алаңдап,
шиыршық атқан адамның қалпы бар. Кейінгі кезде хан Ордасына астыртын
түсіп жатқан мəліметтер де бəлендей көңіл көншітерлік емес еді. Рас,
Ойрат ордасы ендігі жерде қауіпті жау болудан қалды. Жоңғар тағында
кеше ғана қазаққа күні түскен, бұдан кейін де күні түсетін адамдар отыр.
Бірақ ондағы жағдай əлі де тұрақты емес. Жан-жақтан өре түрегелген азулы
нояндар Дабашы мен Əмірсананы қаншаға шыдатары белгісіз. НамехуЖырғал түстік жақтан өзіне одақтас іздеп, Қоқанның жана əмірі Ерден
бекпен жəне қырғыз манаптарымен келісімге келген көрінеді. Қырғызға
Ыстықкөл аймағын қайтарудың сыртында, соған шекаралас Шонжы,
Нарынқол, Кегеннен қоныс бермек болып, соңын қарымтасына олардан
əскери көмек алуға келіскен... Əркімнің өз көйлегі өзіне жақын деген осы.
Кеше қазақтың басына екіталай күн туғанда қол ұшын созбаған ағайын
енді, міне, оның жауымен тіл табысып, өз үлесін қамтып қалуға əзір отыр.
Бұлар да ештеңе емес-ау, Жоңғарияның түбіне жететін ен үлкен апат
шығыстан төне ме деген қауіп бар. Соңғы жиырма шақты жылда жоңғар
хандығының əр қимылын бақылап, маужырап тыныш жатқан Маншың
айдаһары кейінгі кезде батыста байлаулы тұрған тоқтысына қарап, сілекейі
шұбыра бастаған деседі. Əзірше үрей тудырып дабыраламаса да, шекара
бойына біртіндеп əскер топтап жатқаны анық. Көршілері тас санаса, бұл
ежелден құм санап отыратын халық қой. Өз жемін қай күні тарпа
бассаларын бір құдайдың өзі білсін. Ол батысқа қол созған бетте Жоңғария
мен Қашқарияны ғана жұтып тынса жақсы. Олардан тоят таппай, бірден
қазақ даласына ауыз салса не болмақ? Бəріне болмағанмен, бұрын-соңды
жоңғар басып алған жерлерге көз қызартуы мүмкін ғой. Сондықтан арқаны
кеңге салып жата беруге жағдай жоқ. Биыл қалайда шығыс аймақтарды
қалмақтан тазартып, қазақ жерінің байырғы шекарасын қалпына келтіріп
үлгірмесе болмайды.
Ал батыстағы орыс патшалығына келсек, олардың көкейін тескен өз
мақсаты бар. Ордаға келіп-кетіп жүрген тілмаштар мен тыңшылардың
айтуынша (бір тəуірі: мұндайлар екі жаққа бірдей қызмет ете беретін),
Орынбор мен Сібір өкімдері қазақ хандығы мен ойрат Ордасының тым
жақындасып кетуінен сескенетін секілді. Жоңғар тағына басқа емес,
Абылай қанатының астындағы нояндардың отыруын олар осы бірлесудің
басы деп есептеген. Намеху-Жырғалдың қолтығына су бүркіп, Дабашыға
қарсы айдап салып отырған біреулердін бары сөзсіз. Жақында Орынбор
əкімдері И. Неплюев пен А. Тевкелев екеуі бірдей қол қойып, патшайым
Елизавета Петровнаға жолдаған хаттарында, дəл осы кезеңде НамехуЖырғалға көмек көрсету арқылы Жоңғарияны Ресей бодандығына
кіргізудің сəті түсіп тұрғаны жайында төндіре жазуы көңілге күдік
ұялатпай қоймайды... Егер Ақ патша Еженханның алдын орап, Жоңғарияны
өз құзырына кіргізіп алса, қазақтың соры қайнады дей бер. Онда екі ортада
қалған қазақ хандығының қол-аяғы мүлде байланып, тыпыр етуге шамасы
келмейді. Демек, қазақ елі үшін дəл осы сəтте Жоңғарияның жойылып та
кетпей, ешкімге бодан да болмай, өз жерінде аман-есен тұрғаны керек.
Жоңғардың жойылуы — шығыс жағының лыпасыз, жалаңаш қалғаны...
Абылай кеңеске жиналғандардан қазіргі ішкі-тысқы жағдайды
жасырмай, жан-жақты баяндап шықты. Биылғы жылдың ауырлығына хан
аузынан шыққан зілмауыр сөздер қосылып, еңселерін езгендей, билер мен
батырлар біразға дейін ойға шомып, үнсіз отырып қалды. Əлден уақытта оң
қанатта отырған көкжал Барақ қана алып денесін ебедейсіз қозғап,
сөйлейтін ыңғай танытқан. Бұл өзі ерлігі мен қайратында қапы жоқ,
қарсыласын жерге тықпай қоймайтын күш иесі болғанымен, Орда
маңының ой-шұқырына бойлай бермейтін аңғал батыр еді. Өзі Абылаймен
құрдаспын деп, хан алдында еркін сөйлей беретін-ді. Бүгін де сол мінезіне
басып:
— Ойыңның ұзын-ырғасын ұқсам да, кей сөзіңді түсіне алмай қалдымау, хан ием! Сонымен не болды өзі? Ойратқа қарсы соғысамыз ба, жоқ, əлде
жəрдем береміз бе? — деді отырғандарға жағалай көз тастап. —
Басқаларыңды білмеймін, менің қалмаққа кеткен есем əлі қайтқан жоқ. Ата
жұртым Алтайға жетпей тоқтаман!
— Ойпыр-ай, құрдас-ай, қалмақтың бір емес, үш қызын бірдей құшсаң
да кегің қайтпай жүр ме? Сенде де нысап жоқ екен! — деп қалды қарсы
бетте отырған Балталы Оразымбет батыр əзілдеп.
Барақтың қазіргі төрт əйелінің үшеуі шынында қалмақ қызы болатын.
Отырғандар ду күліп, қарық боп қалды. Бірақ оған жаси қоятын көкжал
Барақ жоқ-тұғын:
— Ішің күйсе тұз жала! Олжаға түскен ойрат сұлуларына таңдау
берілгенде, мына саған көз қырын да салмай: «Бараққа тием» деп майысып
тұрса, мен не істеймін?! — деп жұртты тағы бір күлдіріп алды да: — Бірақ
мен жалғыз ба екенмін? Қазақта қалмақтан қатын алмаған, не келін
түсірмеген хан мен қарашы болса көрсетші, кəне! — деп сөз ұшығын
Абылай мен Қабанбайға да тигізіп өткен.
Абылай оны бірден аңғарып қалды да:
— Əй, көкжалым-ай, аңғалсың-ау! Бізде бір-бірден болса, сенде тіпті
үшеуі бар екен ғой. Жұрт соны айтып отырған жоқ па? — деп рахаттана
күлді.
Əңгімеге əзіл араласып, тоң-торыс отырған жұртты жадыратып, тілжақтың да тиегін ағытқандай болып еді.
— Жаңа сен аңғармай қалған екенсің, Барақ батыр! — деді Абылай енді
байсалды қалыпқа көшіп. — Жоңғарды қорғаштап отырған ешкім жоқ.
Қайта қазақ жерін қалмақтан тезірек босатып, шеттен бірер қауіп төнсе, өз
шекарамызды бекемдеп, дайын отырайық деген жоқпын ба? Биыл
Барқытбел мен Алтайды қалайда жаудан тазартуымыз керек. Қаруыңды
қайрай бер: Алтайға бет алған жорықтың бір қанатын өзің бастайсың,
көкжалым!
Осы тұста əңгімеге Қанжығалы Бөгенбай батыр араласты:
— Қырық бірдің қырқына шыдаған жан біріне де шыдайды. Ақырғы
айқасқа қылша мойнымыз талша, бəріміз де əзірміз! — деді ол сөзін
Абылайға қаратып. — Бірақ біз кімге қарсы соғысамыз? Өз қолымызбен
таққа отырғызған достарымыз: Дабашы мен Əмірсанаға қарсы ма, əлде
басқаларына ма? Жаңа қонтайжы бейбіт бітімге келсе, ендігі қалған қазақ
жерін соғыссыз-ақ қайтарып бермес пе екен?
— Иə, Бөкең дұрыс айтады. Ол жағын да ойласу керек: Егер ойраттар
мəмілеге келіп, Барқытбел мен Алтайды қайтарса, бəлкім, қан төгістің
қажеті болмай қалар, — деп оны Малайсары да қостады.
Абылай айтар ойын жинақтағандай, аласа сандал тақтың үстінде шалқая
түсіп, сəл ойланып отырды да:
— Дабашы ойрат тағына бір отыруын отырды-ау. Бірақ бақталастары
соның құйрығын қоныс таптыра қояр ма екен?! — деді көпшілікті бір
шолып өтіп. — Ол жақтан кеше ғана хабар келді. Намеху-Жырғал мен
Сайын-Бөлектің əскері жақында Дабашыны Құлжадан қуып шығыпты. Хан
ордасынан еріксіз ығысқан қонтайжы, амал жоқ, солтүстіктегі Əмірсана
ұлысына қарай бет алған көрінеді. Қазір Манас пен Жырталаң өзендерінің
бойында кескілескен ұрыс жүріп жатса керек... Əмірсананың да жағдайы
мықты емес. Ертіс өңіріндегі торғауыттар мен Еміл бойындағы дүрбіттің
кейбір басшылары Намеху-Жырғал жағына шығып, өздерінің ұлыс бегіне
қарсы бас көтерген деседі... Қысқасы, Дабашы мен Əмірсана бұл күнде
өзімізден көмек дəметіп, қазақ қолының тезірек атқа қонуын күтіп отыр, —
Абылай соны айтып Қабанбай жаққа бұрылды да: — Дарабоз, сен
ойраттармен көршісің ғой. Ол жақтың жағдайын мына жұртқа түсіндірші,
— дегенді қосып қойды.
Иə, іргедегі ойраттың жай-күйіне Қабанбайдың қанық екені рас. Осылай
қарай аттанар алдында бұған Əмірсанадан арнайы елші келген. Ноянның
Қабанбайға жолдаған сəлемі өз алдына, сол ауылдағы атасы Банжырға хат
жазып, тез арада қазақ əскерін бастап əкелуін сұрапты. «Əзірше ырықтан
шығып, құрық əкетіп тұрғандар — Тарбағатайдың теріскейіндегі
торғауыттар мен күнгейіндегі дүрбіттер. Лаж болса, қазақтар биыл
найзаның ұшын осы жаққа қаратсын!» депті үшбу хатта... Банжыр байғұс
«бұдан кейін ойрат ісіне араласпаспын-ау!» деп ант-су ішіп-ақ жүруші еді,
əлгі хаттан кейін інісінің тілегін жерге тастай алмай, тым құрыса ұлысты
ұстауға көмегім тиер деп, өз төңірегіндегі аздаған қолмен Жоңғарияға
аттанып та кетті...
Қабанбай осы жайларды қысқаша баяндап өтті де:
— Иншалла, іс оңына айналатын шығар, хан ием! Өйткені құланның
қасынуына мылтықтың басылуы тіпті дəл келіп тұр, — деді ол ханның да,
қаранын да көңілін орнық-тыра сөйлеп. — Май сұрасаң — міне, құйрық!
Біздің биылғы аттаныс бағытымыз да — сол бүлік шығарып жүрген
төртауыт пен дүрбіт емес пе?! Ендеше бөгелетін не бар? Жорық мерзімін
белгілеп, əскер санын анықтап, іске кірісуіміз керек.
Əрі-бері ақылдаса келіп, хан кеңесіне жиналғандар аттаныс мерзімі
шілденің басы болсын деген бəтуаға тоқтады. Оған дейін мал семіреді,
қыстан көтерем боп шыққан ат-көліктің де жілігіне май жүгіреді. Əскер
санына келсек, ол ең аз дегенде екі түменнен кем болмауы керек... Ал бас
қолбасы кім болады? Оң қол, сол қол деген кімдер? Əр ұлыс қанша жасақ
шығарады? — деген мəселені Абылай өз қолына алып, ары қарай таратып
əкетті.
— Ақырғы айқастың ауыр жүгі, Орта жүз, тағы да өздеpiне түскелі тұр,
— деді ол əлденеге уыттана ширығып. — Бұл «киіз кімдікі болса — білек
соныкі» дегендігім емес, биылғы жағдайдың өзі осыған əкеліп отыр.
Арқаның қатал қысынан жілік майы үзіліп, жүдеп шыққан жұртың мынау.
Жаудың қолы жағасынан ажырап, тынысы сəл кеңіген күні құдайын
ұмытып, өзгеде ісі болмайтын етек-басты еліңнің түрі анау... Өзіңнен басқа
кімге сеніп, кімді аужал тұтарсың. Сондықтан осындағы хан мен сұлтан,
батыр мен би, жыршы мен жырау ертеңнен бастап атқа қонып, ер-азаматты
ту түбіне жинайтын болайық! — деп бір тоқтады.
— Уа, Артын аға баласы! — деді сонан соң тер жақта отырған Бөгенбай,
Малайсары, Олжабай, Байғозы батырларға қарап. — Сен өрісім кең,
қонысым шалғай, жау шебінен бір табан алыс жатырмын деме.
Ағалығыңды осы жолы да бір көрсет! Егер Ертіс пен Еміл алқабын жау
қолынан босатып, Керей мен Найман шығысқа қарай серпілсе, исі қазақ
игілікке жетеді. Сенің де өрісің кеңіп, көсіліп бір тыныстайсың... Уа,
Қанжығалы Бөгенбай! Бұл күнде Орта жүзде өзіңнен жасы үлкен батыр
жоқ. Биылғы аттаныста қазақ əскерінің бас қолбасшысы сен боласың.
Қандас бауыр, аңдалас ағайынды ата жұртына бастап барып, өз қолыңмен
қондырасың!
— Бəрекелді!.. Əміріңе құлдық, хан ием! — деп бұл күнде алпыстың
ішін мол аралап кетсе де, əлі де тұғырдан таймаған Бөгенбай батыр оң
қолын кеудесіне қойып, сəл иілді.
— Уа, қара ағаштай қалың Найман! Дана туған Дарабоз! — деді
Абылай, енді сол қанатта отырған Қабанбай, Ақтамберді, көкжал Барақ,
Оразымбет, Есенгелді, Баймұрат батырларға бұрылып. — Күні кеше
шығысқа елден бұрын шеру тартқан сендер едіңдер. Барқытбелдің батыс
сілеміне ат басын тіреп, аңсатқан Алакөлді алыстан тамашалап, ТоқтаБарлықтың төбесін көріп отырғандарыңа да біраз жылдар өтті. Күшқуаттың кемдігінен, не жігердің жетпеуінен емес, ағайынның аялына
бағып, аттаныс кезегін күттіңдер. Хан жарлығына құлақ асып, Түркістанды
тұғырына қондырдың. Сырдың бойын сыпыра сүзіп, талас қала Ташкентке
қол ұшын бердің. Ата жауды Алатаудан алас-тап, Жетісудан желкелеп қуып
шыққанда да, майданның қызу ортасында сендер жүрдіңдер. Алаш ұранды
ағайыннан аянып қалған жерің жоқ. Рақмет, бауырларым! Бүгін, міне, кезек
өздеріңе келіп, ата жұртты азат етер күн туды. Есептескен ел болмайды.
Қандас бауырдан қарымта қайтпады, аттың тері, ердің еңбегі төленбеді деп
тарықпаңдар. Илегеніміз — бір терінің пұшпағы, қорғағанымыз — бір
қазақтың даласы. Жаңа айттым ғой: биылғы жүк ауыры — өздерінде.
Найман атан баласы өзінің ежелгі салтын сақтап, биыл да бір түмен қолмен
ту түбінен табылар деп сенемін!
— Ол жағына қам жеме, хан ием! Дəл биыл ата жұрттың жолында
құрбандыққа шалынбаған мал мен жан адыра! Найманның бойында жаны
бар, бауырынан саритын еркегі тегіс атқа қонарына сене бер! — деді
Қабанбай əлденеге қатуланып.
Абылай енді оң қанатта жайғасқан ер Жəнібек, Батыр Баян, Байтайлақ,
Жантай сынды Керей мен Уақ кісілеріне назар салды:
— Уа, найзасының ұшы алтын ағайынды Керей, Уақ! Ту көтерген
Тұтрыл ханның, Еркөкше мен Ерқосайдың ұрпағы! Сендерге де арнап
айтар сөзім бар. Бір кезде Алтайдан — Сырта, Сырдан қайта қырға көшкен
асау-арда ел едің. Сол көшкеннен мол көшіп, еш жерге табан тіремей, əлі
күнге дейін ата жұртты аңсаумен келе жатырсың. Енді, міне, ат айналып
қазығын табар, сол Алтайға қайта оралар кез келді... Ал сен, ер Жəнібек! —
деді сонан соң, бұл күнде қырықтың қырқасына жана ілінген Керейдің бас
батырына көз тоқтатып. — бір жыл туған тол едік. Бұ жолы шығысқа қарай
бет алған Керей көшін сен баста! Сенімен қанаттас, оң жағында батыр
Баяның, сол жағыңда көкжал Барағың жүріп отырар. Бірақ байқаңдар:
өңкей құрдас біріңе-бірің сеніп, жұрт алдында ұятқа қалып жүрмеңдер! —
деп сөз соңында қатар-құрбыларына қатаң талап қойды.
Аты аталған үшеуі уəделескендей орындарынан қатар ұшып тұрып,
қысқа-қысқа серт ұстатты.
— Ел қонбай, ит тынбайды. Бұл жолы атамекенге жетіп, аттың басын
бір-ақ тартамыз, хан ием! — деді Жəнібек батыр.
— Бұл сапарда ат арыды, тон тозды десем, Еркөкшенің аруағына
тапсыр! — деді батыр Баян.
— Мен де бір қайраусыз қара қылышың едім. Дəл осы жолы сілтемесең
саған серт, өтпей қалсам маған серт! — деді көкжал Барақ.
Осымен хан кеңесі де аяқталды. Кеңеске келген хан мен қараның, би мен
батырдың тілегі бір жерден шыққанына жұрттың бəрі разы болды. Əр
ұлысты өз алдына жатқан бір қойма десек, сол қоймалардың қоңыраулатып
ашар кілтін хан Абылай дəл түсіре білуші еді. Алдағы аттанысқа құрметті
қолбасы етіп Қанжығалы Бөгенбай батырды қойғаны да өте орынды.
Арқадағы қалың Арғынды атқа қондырудың ең төте жолы осы екенін
əркім-ақ іштей пайымдаған. Абылай шатырында соңғы рет дəм татқан
батырлар енді бір жарым айдан кейін Аягөз аңғарында бас түйістірмек
болып, ел-елге асығыс аттанып кетті.
XIII
Аттанысқа дейінгі бір жарым айда Қабанбайдың өзі де, Ақтамберді,
Боранбай, Төбет, Есенгелді, Құттыбай секілді ел басшылары да тынымтағат тапқан жоқ. Олар Қарқаралыдан қайтар жолда-ақ бүкіл Шыңғыс
алқабын, Қызыл- су-Шар мен Қалба өңірін жайлаған Найман руларын
түгелге жуық аралап шыққан. Ақтамберді ағыл-тегіл жыр айтып, Боранбай,
Төбет, Құттыбайлар атаның аруағын шақыра қарасөздің майын тамызып,
қатал қыстан есеңгіреп шыққан елді қайта бір серпілткендей болып еді.
Бұл маңайдағы ауылдар — атамекенге жетуді арман етіп, осы аттанысты
көптен күтіп отырған ел ғой. Жылдың ауырлығына, тұрмыстың
күйзеушілігіне қарамай, бірден құлшыныс танытты. Аз күнде қаружарағын сайлап, жылқыдағы күйі тəуір аттарын ұстап мініп, азамат атаулы
ер үстіне қонып та қалған. Егер аттаныс сəтімен аяқталса, мынадай ашаламан, жоқ-жітік кезде қалмақтан олжа түсіріп қайтамыз ба деген
үміткерлер де жоқ емес.
Маусымның аяқ шенінде Аягөз өзенінің бойында, тоғыз таңбалы
Найманнан бір түмендей қол жиналды. Шежіре бойынша, Найман ұлысы
мынадай үш буынға бөлінуші еді: Найман атаңнан Белгібай туса, оның
бəйбішесінен тарайтын төрт Төлегетай: Тортуыл, Қаракерей, Матай, Садыр
— бір буын. Сонан соң ортаншы əйелден туды делінетін ергенекті Найман:
Көкжарлы, Бура, Сарыжомарт, Терістаңбалы — бір буын. Осыларға тете,
бірақ «Ақтабаннан» кейін іргесі бөлініп кеткен Балталы мен Бағаналы —
бір буын. Найманның осы тоғыз баласына таңба үлестіргенде, ең кенжесі
оныншы отауға таңба жетпей қалып, бір ағасының таңбасын теріс
басқандықтан, Терістаңбалы аталыпты деген сөз бар. Əйтседе, осы аталған
үш тармақтың өрісі басқа болғанмен, жусауы бірге еді. Төлегетай жағы
Барқытбел — Зайсан, Шыңғыстау — Алакөл арасын жайлап, Ергенекті
Найман Ертіс бойын мекендеп, Балталы мен Бағаналы Ұлытау өңірінде
жүрсе де, жаугершілікте ежелгі берекесінен айрылмай, қашанда бір тудың
астынан табылатын. Аз-көбі, қою-сұйығы аралас, жаңағы тоғыз таңбалы
Найманның əрқайсысы бір-бір мыңнан жасақ шығарғанда, мал-басы өсіпөнген, түтін саны мол Қаракерейге қашанда екі үлес тиюші еді. Биыл да сол
үрдіс сақталды. Мойны қашық жердегі басқа ұлыстар келіп жеткенше,
іргелес жатқан Найман қосыны уəделі жерде күтіп тұрды.
Шілденің алғашқы жаңасында Арғынның алты мыңдай қолын бастап,
Бөгенбай, Олжабай, Малайсары батырлар келіп жеткен. Оның артынан ілешала Керей-Уақтың бес мыңға жуық жігітін ертіп батыр Баян мен ер
Жəнібек келіп түсті. Əскердің басы құралған соң бұлар Аягөз өзенінің
басындағы Ақшəуліге ту тігіп, кəдімгідей жорық дайындығына кіріскен.
Дəл осы тұста Қарқаралыдан қасында бір мыңдай Төлеңгіті бар Абылай да
келіп қалып еді. Кешікпей бұлардың үстіне күтпеген жерден тағы бір
шағын қол келіп қосылды. Бұл — соңына ерген екі мың сайдауыл сарбазы
бар Ералы сұлтан еді.
Жалпы, Кіші жүздің Сарысу, Сыр, Арал төңірегіндегі руларын билейтін
Ералы сұлтан кейінгі кезде ағасы Нұралы ханның қиыс тартқанына
қарамастан, Абылайға бір табан жақын жүруші еді. Ол əнегүнгі хан
кеңесіне де қатыспақ болған екен, Нұралы хан мен Орынбор əкімдері
шырғалап жібермей қалыпты. Бірақ аттаныс дүбірін естігенде шыдап жата
алмаған... Мұндайда кімнің аузына қақпақ боласың. Біреулер: «Орынбор
əкімдері Абылайдың аяқ алысын аңду үшін жансыз ретінде Кіші жүз
сұлтанын əдейі жіберіп отыр» десе, енді біреулер: «Бауыры езіліп бара
жатса бұрын қайда қалыпты? Ералы сұлтан биылғы ақырғы айқасқа олжа
алу үшін келді» десіп, сырттай тон пішкендер де болды. Бірақ, қалай
болғанда да, алыстағы ағайынның осынша жерге ат арытып келуі мұндағы
жұрттың еңсесін бір көтеріп тастағаны анық.
Абылайды ортаға ала отырып, қолбасы батырлар ақылдасқанда, аттаныс
екі батытта, Барқытбелдің күнгейі мен теріскейінде бір мезгілде басталсын
деген бəтуаға келісті. Осы арада əскер үш топқа бөлінген. Құрамында
көкжал Барақ, ер Жəнібек, Оразымбет, Олжабай, Байғозы, Ақпантай
батырлар бар Бөгенбай бастаған бір түмен əскер сол-түстіктегі Қалба,
Қарғыба-Базар, Шорға бағытына түсті де, негізінен Төлегетай жасағынан
құралған, Қабанбайдың өзі бастаған бес-алты мың қол күнгейде, Қатынсу,
Еміл, Алакөл, Барлық бағытында жылжитын болды.
— Осы жолы Дарабоздың обалына қалмайық Алакөлге бет алған
жорықты өзі бастап, ата жұртына азаттық туын өзі тігіп, шер-құмардан бір
шықсын! — деп ұсыныс жасаған Абылайдың өзі еді.
Ал Малайсары, батыр Баян, Ералы сұлтан басқарған бес мың сарбазды
Абылай өз қарауына алып қалды. Ондағы ойы — Жоңғар қақпасы арқылы
төте жолмен Бұратолаға асып түсіп, сол манда Намеху-Жырғалмен
соғысып жүрген Əмірсана мен Дабашыға қол ұшын бермек. Ат-көлік, қаружарағы сай бұл төтенше топты ханның өзі бастап баратын сыңайы бар.
Бұл жолы Қабанбайдың өз қоластында қалғаны: Есенгелді, Еспембет,
Баймұрат, Дəулетбай, Қасабай, Шынқожа бастаған мыңдықтар болатын.
Сардар жорық алдында жасақты сапқа тұрғызып, бір шеттен мұқият қарап
шықты. Аламан əскер арасында талай соғысты бастан өткеріп, қалмақпен
талай қидаласқан сары тісті, сақа сарбаздар да, мұндай жорықта батын
бірінші рет сынағалы тұрған жас жігіттер де аз емес-ті. Қабанбай басқа
жұртқа үлгі болсын деп, осы жолы өзіне қарасты жеті ұлдың ауылдағы малжанға ие болатын Үмбетей мен Байтоқтан басқасын түгел атқа қондырған.
Бұларға Мырзатай, Назым сияқты қыз-күйеулер мен Мүней секілді жас
келіндер де қалмай ере шықты. Солардың біразы Дəулетбай жасағына, Əлі
бастаған жастар жағы Еспембеттің ертауыл тобына қосылыпты. Бұл
жастардың бəрі де əлі күнге дейін өз көздерімен көрмеген, тек үлкендердің
əңгімесінен ғана білетін ата жұртқа жеткенше асық еді.
Найманның бұл рулары ежелден жаумен жағаласып, күнде қылыш
суырысып келе жатқан сыралғы жұрт қой. Сауыт-сайман, қару-жарағы
біршама толық көрінді. Тек ат-көлік жағы əлі жетіле қоймаған. Күйсіздеу.
Амал жоқ, қолда барды қанағат етуге тура келеді. Бір тəуірі, ат арып, тон
тозатындай жорық жолы қашық емес, жаудың шебі іргеде тиіп тұр...
Қабанбай мың басы батырларын соңынан ертіп, Қубастың алшаңдаған
аяңымен саптағы сарбаздарды бір айналып шықты да, орта тұсқа тоқтап,
жорық алдындағы сөзін айтты.
— Ал, бауырларым! — деген саңқылдаған зор дауыспен. — Ата жұртқа
ат басын бұрсақ-ау деген бір арман күндіз есімізден, түнде түсімізден
шықпаушы еді. Міне, бүгін сол аңсаған күнге де жеттік. Қайда барам,
кіммен соғысам дейгін емес, ата жауың — алдында. Туған жердің сайсаласы, ой-шұқыры — жадында. «Айдаболдың асына шаппағанда, атаңның
басына шабасың ба?» депті ғой баяғыда біреу. Сол айтқандай, қимылдап
қалатын кездерің келді. Мұндай арманды күнге жеткен де бар, жетпеген де
бар, жігіттер. Жеткеніміз жете алмағанымыздың кегін алайық! Басқа не
айтам: жортқанда жолдарың болсын! Ата-бабаның аруағы қолдасын
сендерді!!!
Əр саптың алдында қолбасымен талай жорықта бірге болған жасамыс
сарбаздар тұр еді, солар əр тұстан найзаларын көкке сермеп:
— Жаса, Қабанбай!
— Тəңір төбесіне тұтсын!
— Бұл күнді біз күткелі қашан?!
— Қазаққа талай жеңіс əперіп едің, енді Барлыққа қарай басташы. Ердік
соңыңнан! — десіп дуылдасып кетті.
Осындағы мыңбасы батырлардың ең жасы — Тума, Тоқмақ, Байғана
жігіттерін бастап жүрген Шынқожа болатын. Өзі мыңбасылық шенге биыл
жетіп, алып ұшқан көңілі əлі басылмай тұрған-ды. Қабанбай алдында өзін
еркін ұстайтын əдетімен, сол бір сұрақ қойды:
— Ақшəуліде ту тігіп, ата жауға қарсы атқа қондық. Сонда тізгін тартар
жеріміз қай мөлшер, сардар аға? Байқамай ет қызумен шүршіт асып кетіп
жүрмейік. Тоқтайтын тұсымызды бір айтып қойыңызшы, — деген жұртты
ду күлдіріп.
Аттаныс алдында сарбаздың сағы сынбай, көңілді жүргені бек жақсы.
Қабанбай да қосыла күліп, əзілдей жауап қатты:
— Əзірше аттың басын ірікпей шабуылдай бер, бауырым! Межелі
жерден ағындап өтіп бара жатсаң, шаужайыңа жармасып: «батыр, сабыр ет.
Осы алған жеріміз де жетеді» деп ескертеміз ғой! — дегенде көпшілік тағы
дуылдасып қалды. Алайда сардар тез байсалды қалыпқа көшіп еді. —
Баратын жеріміз тым алыс емес. Барқытбелді бөктерлеп жүріп отырғанда,
Қатынсудан өтіп, Ақшоқыдан ары ассаң, түстік жерде Қараүңгip дейтін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 27
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.