Latin Common Turkic

Дарабоз - 02

Total number of words is 4101
Total number of unique words is 2361
34.0 of words are in the 2000 most common words
48.7 of words are in the 5000 most common words
56.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
таяқ сілтесіп, өріс-қоныс үшін ағайынмен ащы болғанша, жаумен
жағаласып өлген мың артық емес пе?! Биыл жаз, Алла сəтін салса, біз дағы
бауыр басқан Бақанастан жыла көшіп, тым құрыса Қалбаның қалың
бұйратына тұмсық тіресек деген ойымыз бар.
Бұл сөздің тұсында да Əбілмəмбет пен Абылай не құптаған, не теріске
шығарған рай танытпай, үнсіз қалды. Тек Абылайдың қасында отырған
Бұқар жырау ғана:
— Жөн-ақ! Талаптарыңа нұр жаусын, қос қыраным! — деп қалды, хан
ордасында өзін еркін ұстайтын əдетімен. — Ата жауларыңды алысқа айдап
тастамағанмен, осылайша омырау көрсетіп, тықыр таятып қоям дегендерін
көңілге қонады. Дүниеде бекер жатқан ештеңе жоқ, судың да сұрауы
болғаны сияқты, малдың киесі, жердің иесі бар екенін олар да сезетін
болсын!
Бұқар атаңның айтқан лебізі — қашан да хан жарлығының
хабаршысындай болушы еді. Қабанбай оны жақсылыққа жорып:
— Айтқаныңыз келсін, жырау! — деп басын изеді.
— Бұған сен не айтасың, Барақ сұлтан? Бұл ұлыстарға бас ие болып
жүрген — сен ғой? — деді кенет Əбілмəмбет Бараққа бұрылып.
Шынында да, Қабанбайдың бір аңдыған адамы Барақ болатын. Қалай
дегенмен, хан тұқымы, аузы дуалы ақсүйек. Найман ұлысын көптен
уысына ұстап келеді. Оның үстіне, Шығай хан əулеті, арысы ұзын оқты
Онданнан, берісі Көшек сұлтаннан тарайтын Барақтың кейде қарашы түгіл
ханға да ырық бермей кететін сыңар езулігі тағы бар. Ал енді Барақтың
ерлігінде, қайсарлығында қапы жоқ. Қабанбай оны сол қасиеттері үшін
сыйлайтын-ды. Асау сұлтан қазір қай жағына беттер екен? Жоқ, көптің
ауқымынан да шыға алмады. Қабанбай жаққа жалт етіп бір қарады да:
Қалмақты түре қумасақ та, бір табан болса да шығысқа таман жылжып,
салмақ сала, иықтасып отырғанның əбестігі жоқ, — деді жасы елудің ішіне
ілінсе де, сақал-шашына қылау түспеген, еңсегей бойлы, қарасұр Барақ. —
Əзер болса, арада аздаған қақтығыс туар. Онда тұрған не бар? Қайта ұлы
аттаныс алдында ер қайратын сынап, қолтық жазып қаламыз. Алда-жалда
Ордаға сөз келтірмейміз десек, — деген Əбілмəмбетке қарап сəл иіле түсіп.
— Жердің таршылығын, кейбір рулардың амалсыз жоңғар шебіне таяу
барып жайлайтынын хабарлап, Ойрат ордасына елші жібере салған артық
болмайды.
— Шығысқа өзінде қоныс аударасың ба, Барақ сұлтан? — деді Абылай
оған сынай қарап.
— Жоқ. Мен Найман атанның өзге ауылдарымен бірге Ұлытауда қала
тұрам. Бəріміз бірдей қопарыла көшсек, жау секем алуы мүмкін ғой. Бар
есікті түгел жаппай, шығар ауызды өзімізде қалдырайық та.
Түсінікті. Демек, Барақтың да əзірге жоңғармен жұлқысып жатқысы
келмейді. Мұндайда жау бетіне жұмсайтын сол баяғы қара қылыш
Қабанбай бар, соның қолымен от көсегісі келеді...
Осы тұста жиналған жұртты тегіс күлдіріп, бір сергітіп тастаған қызық
жағдай болды. Бүгінгі хан кеңесіне бір емес, екі Бөгенбай қатысып
отырған-ды. Бірі — əйгілі батыр Қанжығалы Бөгенбайда, екіншісі —
Жəнібек тарханның ағасы, Шақшақ Бөгенбай. Екіншісі де — батыр. ƏзТəукенің тұсында, 1710-жылы өткен Қарақұмдағы кеңесте біраз уақыт
қазақ жасағына қолбасы боп сайланған — осы Шақшақ Бөгенбай еді.
Қанжығалы Бөгенбайдан бір мүшел үлкен, жасы жетпістен асқан қарт
батырлардың бірі. Соңғы жылдары інісі Жəнібек тарханмен бірге, көбінесе,
Əбілқайыр ханның төңірегінде жүретін. 1731-жылы күзде орыс елшісі
А.И.Тевкелевті өлімнен арашалап қалған, Ақ патшаға бодан болам деп
алғаш ант берген адамдардың бірі... Осы екі Бөгенбайды, арада бірнеше
ғасыр өткенде тарихшылар мен жазушылардың шатастырып жүретініндей,
кейде өз замандастары да жиі ауыстырып ала беретін. Ана жылы Шақшақ
Бөгенбайдың жылқысын шаппақ боп келген Башқұрт барымташылары
қапылыста Қанжығалы Бөгенбайдың ауылына соқтығып, таяқ жеп, қолға
түскені бар-ды...
Əбілмəмбет хан Ордада аттас екі батырдың отырғанын андамады ма,
əлде əдейі сынағысы келді ме, тұтқиылдан:
— Бөгенбай батыр, неге үндемей отырсың? Сөз кезегі — сенікі! — деп
қалғаны.
Қос Бөгенбай біріне-бірі қарап аңтарылып қалды. Əсіресе, Шақшақ
Бөгенбай інісі Жəнібек тарханнан кейін өзіне сөз тиеді деп күтпесе керек,
сасқалақтап берекесі кетті.
— Тақсыр... Хан ием! Біз мұнда екі Бөгенбай бармыз ғой, — деді ұялған
тек тұрмастың кебін келтіріп.
Əбілмəмбет ханның былайша иі жұмсақ, алды кең болғанымен, өз
əулетіне тəн қаталдықтан ол да құр алақан емес еді.
— Сен, Шақшақ Бөгенбай, жасың үлкен болғанмен, көптен бері біздің
ордамен араласпай кеттің ғой. Ішкі жағдайымызды біле бермессің. Бүгін
бізге жауға қарсы күнде қылыш сермеген Қанжығалы Бөгенбайдың лебізі
қымбат! — деді міз бақпастан.
Байғұс батырды бұдан өткен қорлау болмас. Шақшақ Бөгенбайдың
өңінде бір тамшы қан қалмай, сұрланған күйі төмен қарап кетті. Ал жасы
алпысқа келсе де əлі қайраты қайтпаған Қанжығалы Бөгенбай тумысынан
сөзге құмар адам емес-ті. Үйеңкінің түбіндей төртпақ денесін жеп-жеңіл
қозғап, алға таман ұмсынды да, шүйдесі құж-құж, қауғадай басын кекжите,
Əбілмəмбетке күле қарады.
— Хан ием, маған сез сөйлетіп қайтесің?! Мені сөз беріп дауға
салғанша, қолыма қара тамақ найза ұстатып жауға сал. Сенің жарлығың —
мен үшін заң, хан ием. Тіпті бүгін аттан десең де əзірмін. Бір түмен
əскермен ту түбінен табылам! — деген қысқа қайырып.
Бəрекелді! Айдының аса берсін, Бөгенбай батыр! — деп Əбілмəмбетте
разы боп қалды.
Аты аталып қалған соң, үндемей кетуді намыс көрді ме, оның сөзін
Шақшақ Бөгенбай іліп əкетті.
— Көріп отырмын: ақылға кенде емессіңдер. Дегенмен алыстан келген
ағайынға да бір уақ құлақ асыңдар, — деген ашумен аптыға, жылдамдата
сөйлеп. — Түйенің танығаны — жапырақ. Қазақтың аңдығаны — қалмақ
қой, баяғы. Дүниеде қазақтан өзге ел жоқ па, қалмақтан өзге жау жоқ па?!
Ақ патшадай арыстанға арқа сүйесек, Жоңғар жолбарысы өзі-ақ құйрығын
қысып, жолын таппас па еді. Орыстың от қарулы мың аламаны көмекке
келсе, қалмақты түре қуып тастауға сол да жетіп жатыр. Ол үшін Ақ
патшаның құзырына бас иіңдер. Оған өз қолдарың жетпесе, Əбілқайыр
ханның беделін пайдаланыңдар!..
Əңгіме осы тұсқа келгенде, манадан бері бір сұрланып, бір қызарып,
əрең отырған Барақ сұлтан қарқылдап күліп жіберді:
— Бөгенбай батыр, жасың үлкен ағасың. Ерлігін мен қайратыңда қапы
жоқ. Бірақ аңғалсың-ау! — деді күлкісін тез тиып. — «Батыр — аңғал»
деген осы да... Əбілқайырдың ел-жұртты алдаған ертегісіне шынымен-ақ
сеніп жүрсің бе? Жолбарыстан қашып, арыстанның аузына барып түс
дейсің. Арыстан жұтпайды деп кім айтты? Қазақ даласын басынан бастап
мүжиін бе, əлде аяқ жағынан кеміргенім жөн бе деп, қазірдің өзінде-ақ
сілекейі шұбырып, жалақтап отырған жоқ па? Сендердікі — əлгі «өлетін
бала молаға қарай қашады» дегеннің кері ғой! — деп сəл бөгелді де, кенет
өңі сұрланып қатайып алды. — Сонан кейін бір айтарым: мен отырған
жерде əлгі өзін пір тұтқан екі жүзді сұмырайдың атын атаушы болма.
Əбілқайыр — ар-ұяттан безген, халықтың қарғысына ұшыраған адам. Сол
арамдығы, опасыздығы үшін əлі-ақ сазайын тартады!
Дау-шар бұдан ары созыла берсе, ағайын арасы ушығып кетуі де мүмкін
еді. Сондықтан Əбілмəмбет те Барақ пен Шақшақ Бөгенбайға сенікі дұрыс,
сенікі бұрыс деп тəптіштеп жатпады. Ең қиыны, Барақта, Бөгенбай да
жалғыз емес. Мұндайда өкпелеген ағайын өзі ғана кетпейді, қазақ үшін
қасқалдақтың қанындай бірер мың сарбазды соңынан ерте кетеді. Берекебірлігі жоқ, бəтуасыз елге хан болған адамның да маңдайының соры бес
елі...
Əбілмəмбет Алаштың алтын тағын көзге күйік қылмай, осыдан бес жыл
бұрын Абылай аман-есен тұтқыннан босап елге оралғанда, соған бергісі
келген. Бұл тілегін сонан бері де сан рет қайталады. «Тақ мұрагері —
Абылай» деп ел-жұртқа жария етіп қойғалы қашан! Алайда, не ойлағаны
барын кім білсін, шөбере інісі əзірше ұлы таққа отыруға асығар емес. Орта
жүз ханы жəне бас сардар міндетін қанағат тұтып, жүріп жатқан жайы бар.
Баяғыда «Абылайлап» жауға шапқан түйеші баланың ерлігін қапысыз
танып, бағын ашқан — осы Əбілмəмбет қой. Сол жақсылығын ұмытсын
ба?! Сондықтан Абылай: «Əз-Тəукенің əулеті тірі тұрғанда қолындағы
асасына жармаспаймын» деп ант етіпті деседі білетіндер... Əйтсе де, Ұлы
хан аузымен айтылатын көп жарлықтардың түп-төркіні қайдан шығып
жатқаны бұл күнде əркімге-ақ аян еді.
Əбілмəмбет бұл жолы да Абылайдың атын атап, түсін түстеген жоқ.
«Түбінде тақ иесі — өзің ғой. Мына халқыңа не айтасың?» дегенді сəл
иіліп, айрықша мəн бере қараған ізетті көзқарасымен-ақ ұқтырды.
Жұрт назары бірден ұлы ханның оң тізесін баса жайғасқан Абылайға
ауды. Отыз жеті мүшелін биыл ғана толтырған, тұла бойында артық ет жоқ,
бірақ сүйегі тұтас, сіңірлі келген, сұңғақ бойлы Абылай үстіне өңіріне інжу
төккен қызыл қамқа шапан, басына сол түстес айыр қалпақ киіп, қос
жанарын манағы бір ноқаттан айырмай, қадала қарап отырған-ды. Оның
кереметі де — оқтай қадалатын осы қос жанарда. Шаншылып тұра
қарағанда қаймықпайтын, назарын бұрып əкетпейтін пенде баласы, əй, жоқ
шығар. Ат жақты ақсұр жүзіне құп жарасқан қылаусыз сақал-мұрты мен екі
қастың арасындағы өмірі жазылмайтын қос сызық оның бет-əлпетін əрі
сұлу, əрі сұсты етіп көрсетеді. Ол бірден сөйлеп кетуге асықпай, тамағын
кенеп, Ордада отырған жұртты тағы бір рет көзбен шолып өтті.
- Асыл текті хан ием! Ел ағасы сұлтандар мен билер, айбарынан жау
ыққан қаһарман батырлар! — деп аз бөгеліс жасады. — Жаңа сіздерді
тыңдап отырғанда маған мынадай ой келді. Қазақты құртатын жау —
сыртта емес, өз бойымызда, ниет-пиғылымызда. Оның аты — ала ауыздық,
береке-бірліктің жоқтығы. Сірə, осы дерт түбімізге жететін шығар бір
күні... Арғы-бергі тауарыхқа көз жіберіңіздерші: қара қалмақ қашан
қазақтан жоғары тұрып еді?! Кешегі Тəуекел ханның тұсында Торғауыт пен
Дүрбіт босағамызда жүрген боданымыз емес пе еді? Уақыт оза келе төрт
ойрат бірігіп, терезесі тең елге айналды. Жай теңеліп қана қойған жоқ,
қазақ жерінің қақ жартысын басып алып, тұлымдыңды тұл, айдарлынды
құл етті. Айтыңыздаршы, құрметті ел ағалары, осының сыры неде? — деп
тағы да көпшілікке қараған. Бірақ суырылып жауап айтқан ешкім болмады.
— Мен білсем, күні бүгінге дейін жоңғардың құдіреті ауыз бірлігінде,
əскер арасында орнатқан темір тəртібінде болып келді. Жекпе-жек
майданда, шағын шайқаста əрбір қазақ қалмақтан кем түспейді. Тіпті
қайраты басым, аруағы үстем болуы да мүмкін. Ал түменнен түзем құрып,
қаптама шабуылға келгенде қалмақтар қашанда ортамызды ойып түсіп
отырады. Немесе қазақ жан-жаққа сауын айтып, жасақ жинап болғанша,
қалмақ қапияда басып кіреді... Өздеріңіз білесіздер, қазақта тұрақты əскер
жоқ. Біздің аламан əскер деп жүргеніміз — қолына амалсыз қару алған
кешегі малшы, бақташы, немесе қыз аңдыған бозбала. Ал Жоңғардың бүкіл
халқы — əскер. Бала-шаға, мал-жанымен бірге көшіп жүрген əскер десе
болады...
— Қазір «Ақтабан шұбырынды» аталып жүрген ұлы босқын
жылдарында да ойраттар біздің осы бейқамдығымызды, етек
бастылығымызды пайдаланды, — деді Абылай қолтығы жазыла түсіп. —
Дəл іргеңде тұрған жаудың саған қарсы əскер жасақтап жатқанын сезбеу,
небəрі үш түмен əскер ел шетіне ілінгенде соның жолына кесе-көлденең
тұра алмау деген сұмдық қой! Бұдан өткен бейшаралық, бейғамдық болар
ма?! Міне, соның зардабын əлі тартып келеміз... Ардақты ақсақалдар!
Қадірлі Төке! — деді сонан соң төрде отырған Төле биге бұрылып. — Мана
сіз: «ел қорғайтын ер қайда? Бостандық үшін басын берер батыр қайда?»
деп ел ұранын көтердіңіз. Өрендеріңізге өкпе айттыңыз. Орынды. Əдейі
намысқа тиіп, қайрағаныңыз шығар. Бірақ дəл сондай өкпе-назды мына біз
сіздерге айтсақ не дер едіңіз? Сол жылдары, жаны жəннатта болғыр Тəуке
хан о дүниеге аттанғанымен, Орда маңында сол кісі билік басына қойған
біраз үлкендер бар едіңіздер ғой? Осыншама сорақылыққа қалай жол
бердіңіздер? Халыққа қалқан болу, қауіптің алдын алу, əскерді əзір ұстау —
сіздердің парыздарыңыз еді ғой?!
Төр алдында үнсіз мүлгіп отырған Төле би осы тұста селт етіп басын
көтеріп алды. Қалай-қалай сілтейді мына Абылай хан? Жаудан
жеңілгенімізге, шегінгенімізге алдымен, аға ұрпақ сендер кінəлысыңдар
деп отыр-ау мына көкжал бөрі. Сөзінде қисын жоқ емес. Сөз тəркіні Төлеге
қаратылғанмен, оның бір ұшығы жасы үлкен Жəнібек тархан мен сол
қарсаңда қазақ əскерінің қолбасшысы саналған Шақшақ Бөгенбайға да тиіп
жатыр еді. Олар да қозғалақтап қалды. Ал Төленің көз алдына осыдан
жиырма неше жыл бұрын, «Ақтабанның» келесі жылы өз ауылына келіп,
түйе баққан он үш жасар Сабалақ деген бала елестеді. Айтпақшы, шаш
тырнағы өскен, алба-жұлба түріне қарап, «Сабалақ» деген атты да өзі
қойған еді-ау осыған... Сондағы ешкімнен қаймықпайтын отты жанар,
сондағы шалқақ кеуде, тəкаппар көзқарас. Түйеші баланың тегін адам емес
екенін бұл сонда-ақ қапысыз таныған-ды. Бірақ оның хан тұқымы екенін,
болашақта елге тұтқа боларын кім болжай алған?! Ауылда бір жаз жүрді де,
жөнін айтпай, сырын ашпай, жұмбақ күйінде кете барды-ау! Осы жігіттің
ішкі сырын қазір де дəл аңғарған кісі бар ма екен?!
Төле қарт бойын тез жинады. Абылайдың жауап күтіп отырғанын аңдап:
Е-е, хан Абылай! Өкпең орынсыз демеймін. Бірақ Төленің қай өкінішін
түгендейін деп едің? Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой —
бұл да бір. Ақыл айтар Төле қашанда бар еді. Бірақ, сөз бір, құлақ екеу
болғанмен, кейде соны тыңдайтын пенде табыла бермеді ғой,— 'ІІ-ІІ терең
күрсінді.
— Айыпқа бұйырма, қадірлі би! — деді Абылай басын сəл иіп. —
Кезінде айтылмаған сөздің əкесі өледі. Табалағаным емес, орайы келгенде
айтып отырғаным... Рас, аз жылдан соң қайтадан ес жинадық. Қорғаныс
қажеті қазақтың басын еріксіз біріктірді. Жиырма алтыншы жылы Ұлытау,
Бұланты бағытында жаудың бетін қайырсақ, отызыншы жылғы Аңырақай,
Алакөл соғысында мерейіміз үстем болып, қалмаққа кеткен есемізді
мықтап бір қайтардық. Түбегейлі жеңіс тіпті жақын, өз қолымызда тұрдыау! Егер содан ары жоңғарға ес жиғызбай, жаппай аттаныс жариялап,
шабуылды үдете түскенде, басқыншы жаудың халық қаһарына төтеп
берері-бермесі екіталай еді. Бірақ, амал қанша, қазақтың береке-бірлігі бір
жеңістен артылмады. Кешікпей Қазақ ордасы үшке бөлінді. Ұлы жүз жері
түгелге жуық жау қолында қала берді. Жолбарыс хан халықты қанды кекке
шақырып, жаумен шайқасқаннан гөрі жоңғарға алым-салық төлеп, бодан
болғанды артық санады.
— Одан басқа амалы қалмады ғой, хан ием! Халықты қанды қырғыннан
аман сақтап қалудың жалғыз жолы сол болды емес пе?! — деді Төле би
оның сөзін бөліп.
— Иə, солай да болды... Қапыда жау басып қалған елдің кебі босқынға
ұшырап, ал кешпей қалғандарының қарсы аттануға қауқары жетпеді.
Қадірлі Төке, сіз де ел амандығы үшін Халдан Церенмен бейбіт бітімге
келіп, соның құзырында он екі жыл бойы Ташкентте əкім болып
тұрдыңыз... Жарайды, мұның бəрі лажсыздан болған нəрсе ғой. Қазаққа ең
қиын тигені бұл да емес. Ен қиыны — іштен шыққан сатқындық. Болаттың
орнына мені үш жүзге хан көтермедіңдер деп өкпелеген Əбілқайырдың, өзі
бас қолбасы бола тұра, соңынан ерген Кіші жүз жасағымен бірге
Аңырақайдағы ұрыс даласын тастап кеткені қазаққа аса ауыр тиді. Мен
Əбілқайыр ханды Ақ патшамен əмпей болып, өз елін сырттай саудалағаны
үшін де емес, ең зəру шақта ел ішіне іріткі салып, біртұтас қазақ қолын
ыдыратқаны үшін кешірмеймін. Лағынет! Лағынет жаусын Əбілқайыр
ханға!
Осыны айтқанда Абылайдың даусы қаттырақ шығып кеткен. Орданың
іші дүрлігіп барып, қайтадан сабасына түсті:
— Міне, содан бері де жиырма жылға жуық уақыт өтті. Рас, осы уақыт
ішінде біз тараптан үлкен аттаныс болған жоқ. Кіші-гірім ұрыстарда
қалмақты бірде жеңсек, бірде жеңіліп, алма-кезек күй кешіп келеміз.
Қырық үшінші жылы амалсыздан теңсіз бітімге барып едік, биыл оның да
мерзімі аяқталды. Кəне, жоңғардың жонын тілем, ойрат ордасын талқан
етем дейтін кім бар? Жолына кесе көлденең тұрмайық... Бірақ жеңіс кілті
— тек аттаныста, қан төгісте ғана ма? Кейде оңтайлы сəтті күтіп, жаудың
аңысын анду да соғыс амалына жатады. Мəселен, осыдан бес жыл, не үш
жыл бұрын жауға қарсы аттаныс жасай алар ма едік? Жоқ. Басында біраз
ойран салғанымызбен, ақыры жеңіліспен бітіп, онсыз да қансыраған
халықты текке қырғынға ұшыратар едік. Ал бүгін, байқаған адамға,
жоңғардың баяғы айбыны жоқ. Халдан Церен өлгелі араларына жік түсіп,
олар да қазір қазақтың кебін киюде. Былтырдан бері қалмақпен күшіміз
теңелді. Алдағы жылы асып түсеміз. Демек, ата жауға қарсы аттанар күн
жақын деген сөз. Ұзаса бір жыл, əлде екі жыл. Алаш ұранына шаппаған, ту
түбіне жиналмаған хан мен сұлтанды, би мен батырды сонда көріп аламыз!
— Бірақ ойрат ордасының күші əлі де мығым, — деді Абылай. —
Шығыс Түркістан ұйғырлары ойраттарға осыдан жетпіс жыл бұрын
қарсылықсыз бағынған. Содан бері жоңғарды астықпен, бұл-шаймен,
жеміс-жидекпен қамдап келе жатқан — Қашқария қалалары. Бұл күнде
Қоқан мен Қырғыз да — жоңғар боданы. Өздеріңіз білесіздер, қырғыз
манаптары қаны бір қазаққа қол ұшын берудің орнына қалмақ
нояндарымен ауыз жаласып кетті... Бұрын шығыс жақ оқта-текте Маншың
хандығы шабуылдап, жоңғарды жұмалап алушы еді, соңғы жылдары олар
Халқа-монғолдарды бауырына басты да, ойрат ордасымен бейбіт бітім
жасасты. Ойраттар орыс елімен де достық қатынаста... Демек, дəл қазір
Жоңғар хандығымен тіресіп тұрған қазақтан басқа халық жоқ. Бізге тек өз
күшімізге сүйенуге тура келеді. Сырттағы көрші елдерден көмек күту —
қашпаған сиырдың уызы. Немесе, қалай еді əлгі, қошқардың бірдеңесі
үзіліп түседі деп соңынан салпақтап, аштан өлген қасқырдың кебі... Барған
жерің — Балқан тау, ол да біздің көрген тау. Осы жұрт «Ойбай, Əбілқайыр
хан ақыл тауып кетті! Орыстармен сауда істеп, қару алып, жырғап жатыр»
деп дүрліктірген соң, қырқыншы жылы орыс бекінісіне біз де барып
көргенбіз, — деді Абылай куəға тартқысы келгендей, тақта отырған
Əбілмəмбетке қарап қойып. — Бəрі бекер, алып қашты əңгіме болып
шықты. Үміт үзе беріңдер, орыстар бізге жəрдемге андыз əскер де, от қару
да бермейді. Дайын соғыс қаруын бермек түгіл, жуырда Ақ патша бұратана
жұрттарға суық қару жасайтындай шалғы, орақ, күрек, балта секілді темір
бұйымдар сатылмасын деп жарлық шығарыпты. Жай қара темірді қимай
отырған олар бізге от қару беретін бе еді?! Əбілқайырдың халыққа берген
тағы бір уəдесі — Еділ-Жайық екі өзеннің арасына ел қондыру болатын. Ақ
патша ол тілегін де қабылдамай тастады. Сұмдық қой: əрі-бері өткен қазақ
малы жайылмасын деп, Жайықтың оң жақ қапталын əлденеше шақырымға
дейін от қойып, өртеп жіберген! Ал, шығысқа қарай жылжып көшу жөніне
келсек, Дорабоздың бұл талабын құптаймын, — деді Абылай. — Білсе
барымта, білмесе сырымта... Ойраттан енді үрейленбей, шама келсе
ішкерілеп ене берген жөн. Барқытбелдің күнгей, теріскейі — қазір Дабашы
мен Əмірсана нояндардың қарауында. Тек сезік тудырып, үркітіп
алмасаңдар болғаны...
Бүгінгі əңгіме осымен біткен. Рулар арасындағы жер дауы мен жесір
дауын, өріс-қоныс жайын сез еткен хан кеңесі тағы екі күнге созылды.
Соңғы күні кешке жұрт қонақ үйлерде арнайы айтып сойылған
көкқасқаның етін жеп, əн мен жыр, қызық думанға кезек беріп, түн
ортасына дейін отырды да, ертеңінде өз ұлыстарына қарай бет түзеді.
II
Осыдан арада тура он бес күн өткенде, Балқаштың теріскей жағасы мен
Тоқырауын жəне Аягөз өзендерінің екі аралығын көктеп отырған қалың ел
шығысқа қарай дүрк көтерілді. Биыл қар кетіп, жаздың шеті жылт етісіменақ Найманның Төлегейтайдан тарайтын төрт арысы: Қаракерей, Садыр,
Матай, Төртуыл ауылдары Ұлытау өңірінен шығысқа қарай жылжып, осы
бір ұрымтал өлкеге əдейі қоныс аударған-ды. Жылдағы тəртіп бойынша
көші-қон жөніндегі хан жарлығын күтсе де, тілектерінің қабыл боларына
сенімді еді. Сарысудағы хан кенесінен қайтқан Қабанбайдың «кешеміз»
деген жалғыз ауыз сөзі жағалай отырған қалың елді бір-ақ күнде атқа
қондырған.
Қазақ үшін көшу деген де сөз болып па, тəйірі. Қазақтың жаңа қонысқа
көшкені — қанатты құстың ұшқаны тəрізді. Көшпенділер үшін жазаның
үлкені — жыл бойы жұрт жаңаламай, бір жерде отыру. Түз құсы
қанатымды қалай қағам, көк жүзіне қалай көтерілем деп ойлап жатпайтыны
секілді, жүздеген ауыл, сан мыңдаған адам ит арқасы қиянға қалай жетер
екенбіз деп, бұлар да бас қатырып уайымдаған жоқ. Осы бір көш шеруін
көптен күтіп, буынып-түйініп отырған ауылдар кеше ел ағасынан хабар
тиісімен төрт түлік малын түгендеп, түйелерін қомдап, көш аттарын
матастырып қойды да, бүгін таң ата үйлерін жығып, биенің бір
сауымындай уақытта жүктерін артып та болды. Арада тағы бір сүт
пісірімдей мерзім өткенде, қора-қора мал мен лек-лек түйелі көштер
қайтқан қаздай тізіліп, шығыс солтүстікке қарай бұйда созып бара жатты.
Атам заманнан бері қалыптасқан көшпенділердің өмір машығы, жедел
қимылы кейінгі жаугершілік жылдары тіпті кемеліне келіп, бұрынғыдан
ары ширай түскен-ді. Енді бірер сағаттан кейін келер жау болса, кеше ғана
осы өлкеде шимайдай боп отырған қалың ауылдың жұртын сипап қалары
сөзсіз. Бұлар да — өз кəсіптерінің нағыз шеберлері. Атан түйелерге
бастыра жүк артып, қыл арқанның бір ұшын белдеріне шалып алған
жігіттер, бір-біріне «алдысың ба, артысың ба?» деп алып, шірене
тартқанда, қимылдарына көз ілеспейді. Ал əйелдер жағы сабақты жібін,
сынық бұрауын жұртқа тастамайды. Азаматтарға қысқа-қысқа бұйрық
беріп, əр затты өз орнына қойғызады да, ең соңында бесіктегі баласын ат
үстінен іліп алып, түйесін жетектеп жүре береді... Рас, бүгінгі көріністе
жаугершілікте болатын ондай ала бөтен қарбалас, үркін-қорқын
байқалмайды. Бұл, əсілі, бейбіт елдің алыс жайлауға қарай бет алған
салтанатты, салқар көштерінің бірі еді.
Мана шығыстан құлан иектеп тақ атқанда ортадағы үлкен ауылдан
аттанып, қасындағы бір топ адаммен Аягөз өзенінің сол жақ қапталындағы
биік төбенің басына көтерілген Қабанбай батыр етектегі елдің осындай
қауырт тірлігін түгел шолып, көріп тұрған-ды. Бас сардар азаматтардың
жіті қимылына дəн риза болды. Қарауындағы жұрт бақуат, бейбіт тұрмысқа
бой алдырып, салбөкселеніп қалды ма деп еді, жоқ, қайран ел ежелгі
жауынгерлік салтынан айнымаған екен! Бұл күнде жасы елудің ішіне енді
ілінген батыр, басындағы алтынды болат дулығасы көкжиектен жаңа
шыққан күн нұрына шағылып, жаздық қамқа бешпент сыртынан торғай көз
ақ бадана сауыт киген алып денесін жеңіл қозғап, жұрт «Қубас» атандырып
жіберген жал-құйрығы сұйықтау, түйедей торы аттың үстінде үзенгіге
шірене сəл көтерілді де:
— Əй, мыналар ерледі! Жұрттың бəрі жүгін артып болып, тегіс-ақ атқа
қонып қалған екен. Жолымыз болғай- ақ! — деді қасындағы серіктеріне
бұрылып.
Қазір Қабанбай қасында Қаракерейдің Байыс тармағынан шыққан
аруақты жырау Ақтамберді, оның аталас жақыны, жігіт ағасы Қу дауысты
Құттыбай, Мұрыннан Боранбай би, Төртуыл Төбет би, Қызай Есенгелді
батыр, тағы басқа Найманның басты кісілері бар еді. Осылардың ішінде
бəрінен жолы да, жасы да үлкені, бірақ жетпістен асып кетсе де əлі қайраты
қайтпаған, ұзақ өмірінде бұхармен де, қалмақпен де талай қидаласқан,
ақындығына батырлығы сай, көпті көрген көнесі осы Ақтамберді болатын.
Мына құжынаған қалың елді, сап түзеген лек-лек көш шеруін көрген
жыраудың арқасы қозып, шыдай алмай тұр екен. Қапсағай ірі денесін
жылдам жинап, іле тіл қатты:
— Мен де соны көріп, сүйсініп тұрмын, жігіттер. Қайран ел аядай жерде
қысылып-қымтырылып, қанатын еркін жаза алмай келген екен-ау! Көш
тізгіні қолға тигенде, қырандай дүр сілкінуін қарашы! Мынадай
ұжымдасқан ұлысты қандай ғана жау басынар?! Не дейін, тіл-аузым —
тасқа!.. Көшің көлікті, қонар қонысың құтты болсын, Дарабозым! — деген
сөзінің соңын Қабанбайға арнап.
— Айтқаның келсін, жырау! Бұл жай көш емес, жорық көші ғой. Бір
тəңірдің өзі жар болсын! — деді Қабанбай да, алды созылып бел асып
кеткенде арты ошарылып ойда жатқан көш керуеннен көз айырмаған күйі,
толқи тіл қатып.
Осы кезде орнынан жылжып кеткен шоғыр-шоғыр көш тізбегінен үзіліп
шығып, осылай қарай етектерін жел көтере аңдыздай шапқан аттылардың
да қарасы көрініп еді. Бұлар əр рудың ақсақал ағасы, қол астында жүзжүзден аламан əскері бар жас батырлар-тұғын. Осындайда қайраты тиетін
атпал азаматтар таң атқалы өз ауылының жүгін артысып, көшін түзеп
берген соң, енді бас сардарға сəлем беріп, жағдайды хабарлауға келе
жатқан беттері. Бəрі де жақындай бере жүрістерін тежеп, төбе басындағы
үлкендерге:
— Көш көлікті болсын, сардар аға!
— Тəңір жар болсын!
Шөп жұғымды, ақ мол болсын! — десіп жамырай сəлем берісті.
Алдымен жеткендердің қатарында Қабанбайдың руластары: Жұмықтан
Дəулетбай, Тоғас Қосай, Сыбаннан ер Еспембет, Тумадан Шынқожа,
Тоқпақ Қасабайлар бар еді.
Екінші бір жақтан Төртуыл батыры Баймұрат пен Байғана Шөрек, Матай
Тентек, Бөрібай батырлар келді. Бұлардың бəрі де алды қырыққа, арты
отызға жана ілінген дəуперім жастар болатын. Жігіттердің жүздері жайраң,
көңілдері мейрам. Əрқайсысы емен-жарқын тіл қатып, күш-көліктің
жеткілікті болғанын, көшкен жұртта сынық бұрау да қалмай, тегіс жолға
түскенін баян етті.
Қабанбай бастарына болат дулыға, үстеріне жеңсіз көбе киген, белдеріне
наркескен қылыш байлап, иықтарына қорамсақты жақ асынған батырларға
жағалай қарап өтті. Бəрі де — күні кеше өзі баулып өсірген, нағыз сен тұр,
мен атайын, сайыпқыран азаматтар. Таяуда əр рудың ең жанкешті деген
қарулы, мерген жігіттерінен жүздіктер іріктеліп, кеп жылқы мен қалың
көшті қорғап-қоршап жүретін ертауыл жасақ құрылған-ды. Қолбасы —
Дəулетбай, он қолы — Шынқожа, сол қолы — Баймұрат болсын п.ескен.
Ұзын саны үш мыңдай адам ат-көлік, қару-жарақтарын сынап, аламан
ойындар өткізіп жатқанына да біршама уақыт болған. Кеше бұларға
Шыңғыстаудан бес жүз қолмен Еспембет келіп қосылды. Қабанбай енді сол
жігіттерге кезек қарап алды да:
— Қалай, сарбаздарың сай, қару-жарақтарың қапысыз ба? Бізге енді
аламан əскерлеріңді көрсетпейсіңдер ме? — деді езу тартып.
— Бəрі дайын, сардар аға!
— Қарулы жасақ мына белдің астына жиналып жатыр, — десті
Дəулетбай мен Шынқожа қатар жауап қатып.
— Бұл төңіректен əзірге кезенген жау кезіге қоймас. Дегенмен сақ
болыңдар! — деді Қабанбай түсін суытып. — Ойрат шебіне тым жақын
келіп тұрғанымызды естеріңнен шығармаңдар.
— Алаң болмаңыз, сардар аға!
— Тəйірі, жоңғарды жаңа көріп жүр дейсіз бе?! — деп жігіттер тым
сенімді тұр.
— Əй, дегенмен байқаңдар. Бір бүйірден шыға келіп, бөріктіріп
жүрмесін! — деді Боранбай би де сақтық айтып.
— Шолғыншылар Барқытбел жақтан кеше ғана оралды ғой. Ақшəуліден
бері тірі қалмақ ұшыраспапты, — деді Баймұрат батыр жұрттың көңілін
біржола орнықтыра сөйлеп.
— Лəйім, солай болсын. Əйтсе де, «жау жоқ деме — жар астында» деген
ғой. Жоңғардың жол басар бөрілері ойламаған жерден сан соқтырып кетуі
ғажап емес. Сақ болыңдар, қырандарым!— деп Ақтамберді де сөзге
араласты.
Осыдан кейін Баймұрат, Шынқожа, Дəулетбайлар аламан əскерді жорық
алдында тағы бір рет тəртіпке келтірмек болып жүріп кетті де, үлкендер сол
орында тұрып қалды. Көп өтпей жер құйқасын топылта басып, екі-үш
салтатты қосылды бұлардың тобына. Бұл келгендер — сардардың өз
ауылының көшін жолға салып, қолы енді ғана босаған Шағалақ жəне
Қабанбайдың кенже ұлы, он бес-он алтылар шамасындағы жас ұлан Əлі
болатын. Кекілінің астында танадай ғана төбелі бар, күрең бестісін жайтаң
қаққызып, бұрынырақ жеткен балаң жігіт үлкендерге сонадайдан дауыстап
сəлем берді.
— Орта толсын, қадірменді əкелер мен ағалар! Көш байсалды, қоныс
жайлы болсын! — деп тізгін тартқаны сол еді, астындағы күрең төбел де
сəлем еткісі келгендей, алдыңғы екі аяғын көкке көтере, тік шапшып
барып, қайта түсті.
— Айтқаның келсін!
— Ортамыздың кем жері өзіңмен толсын!
— Əй, мынау — Қабекеңнің кенжесі ме?
— Қайдан шыға келген хас батыр десек, өзіміздің Əлі екен ғой? — десіп
үлкендер жағы қауқылдасып қалды.
Айтты-айтпады, бойында бес қаруы түгел балаң жігіттің сырт тұлғасы
жұрт назарын бірден аударған. Басында күн нұрына шағылған алтынды
болат дулыға, үстінде қылауы түспеген ақ берен сауыт. Беліне қайқы
қылыш тағынып, иығына қорамсақты жақ асынған. Білекте — қалқан,
тақымында ұзын сапты көк сүңгі. Осы қазір жекпе-жекке шығуға бата
сұрай келген батыр дерсің. Қабанбай баласының мына пошымына қарап,
мұртының астынан жымиып күлді де:
— Балам-ау, бізден əлі жау қарасы алыс қой? Жайшылықта атыңның
жүгін ауырлатып, бар қаруыңды түгел асынып алғаның не? — деді жай
еркелеткен үнмен.
— Ер қаруы қыз жасауы емес — қашан ұзатылғанша сандыққа салып
қоятын! — деді екі көзі шоқтай жайнаған бала əкесіне қаймықпай қарап. —
Жорыққа аттанған жігіттің бес қаруы бойында болуы керек.
— Жаумен шайқасар күн алда. Күш-қайратың толғанша сабыр ет, балам.
— Өзіңіз қалмақ батыры Өлжежырғалды құм қаптырғанда неше жаста
едіңіз, көке?
Қабанбай қарқылдап күліп жіберді:
— Қап, мынау бүгін мені олай да, былай да аунатып жеді- ау!... Осының
бəрін үйретіп қойған сен емессің бе, Шағалақ?
Шарға бойлы Шағалақ үйелмені үйдей, жалдас қоңырдың үстінде əкелібалалы екеуінің əңгімесін күле тыңдап, түбінде сөз төркіні өзіне соғарын
сезгендей, насыбайын атып қойып, үнсіз күтіп тұрған-ды. Бөгелместен іле
жауап қатты:
— Е, бөрінің бөлтірігі азу тісі шыққан соң қойға шаппай тұра ма! Əкесі
— Қабанбай, нағашысы — Малайсары болса, бұл баладан бұдан басқа не
күтесің?! Одан да құр сөзге жұбатпай, жас батырдың сауыт-сайманына
көрімдік бер! — деген, қашанда Қабанбай алдында еркін сөйлейтін
əдетімен.
— Ə, бəсе, қу Шағалақ, манадан осылай демейсің бе?! Əлінің қаружарағының көрімдігі — атан түйе болсын! — деді батыр сөзге келместен.
Бала жігіттің өңі бал-бұл жанып, көмейінде айта алмай тұрған тағы бір
даты бар адамдай, əкесіне жалтақтап қарай берген. Бұл тілегін де Шағалақ
жеткізді.
— Əлі бүгіннен бастап аламан əскерге қосылам дейді. Сол үшін жаңа
ғана шешесінен рұқсат алып шықты. Енді өзіңнен бата сұрай келіп түр.
— О, дұрыс-ақ!
— Талабыңа нұр жаусын!
— Сапарың оң болсын! — десіп жатты былайғы үлкендер.
Қабанбай сəл ойланып қалып, қасындағы Ақтамбердіге бұрылды да:
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 03
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.