Latin Common Turkic

Дарабоз - 13

Total number of words is 4126
Total number of unique words is 2287
33.9 of words are in the 2000 most common words
49.2 of words are in the 5000 most common words
56.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Меншиковтың кəперінде ештеңе жоқ болатын. Кешегі ұлы Петрдің оң қолы
болған Александр Меншиков патша сарайын ғана емес, бүкіл Ресейді өз
меншігіндей көруші еді. Қарғадай баладан қатер төнер деп үш ұйықтаса
түсіне кірмеген... Бозөкпе балаң қиын болып шықты. Кісі емес, тақ
сөйлейді екен ғой мұндайда. Он үш жасар баланың қолында қандай құдірет
тұрғанын ол осы жолы бірінші рет аңғарды. Қарсы алдында кеше ғана өз
қолымен таққа отырғызған ойын баласы емес, бет бақтырмас дүлей күш,
тілсіз апат тұрғандай сезінген. Сақалынан алты тарам жас ағып, жалынды,
жалпайды — ештеңе шықпады.
Əйелі мен қызы барып аяғын құшты — жібімеді. Көкжалдың тұқымы,
көкбет неме сол райынан қайтпаған, сазарған күйі қалды.
Ертеңінде-ақ бала патшаның жарлығы шықты. Меншиковтың бүкіл
мансабы мен атақ-дəрежесін сыпырып алып, өзін бала-шағасымен Рязаньға
жер аударды. Əйтеуір, мал-мүлкін өзінде қалдырып еді. Бірақ Меншиков
көші Рязаньға жеткенше, патша қаһары біртіндеп күшейе берді. Қолдарына
жаңа жарлық ұстап, бекет сайын арттарынан шапқыншылар қуып жетіп
отырды. Алғашқы үкім асығыста тым жеңіл боп кетіпті. Меншиковтың
бүкіл мал-мүлкі тəркіге алынсын деп бір келді. Сонан соң өзі үй-ішімен
Рязаньға емес, Сібірге, Тобыл қаласынан мың шақырым шалғайдағы
Березовка қалашығына жер аударылсын деп екі келді... Ақыры солай болды
да. Мемлекеттік қылмыскер Меншиков 1728-жылдың жазында, қатал күзет
астында, меңіреу түпкір Березовкадан бір-ақ шықты. Осында бірнеше ай
қамауда жатып, кейін сол маңда еркін тіршілік етуге рұқсат алған. Енді
өзіне үй салып алудың қамына кіріскенде, келесі жылы миына қан
құйылып өлді. Сөйтіп, ұлы Петрдің үзеңгі жолдасы, Ресей үшін көп нəрсе
істеген қайран Меншиков та небəрі елу алты жасында, əлдебір шалдуар
баланың шəлкес мінезінен, Сібір жерінде қорлықпен өлді.
Бірақ бұл қылығымен бала патшаның да көсегесі көгере қоймады. Ол
кейінгі кезде бүгіндей Долгорукийлердің ықпалына өтіп, жас Иван
Долгорукийді өзіне кемергер қып алып, Алексей Долгорукийдің қызы
Екатерина сұлуға үйленбекші болған. Патша сарайында жастардың құда
түсу рəсімі жасалып, үйлену салтанаты келесі айға қалдырылған-ды... Бірақ
дүниені қырсық шалып, тарихтың дөңгелегі теріс айналайын десе оңай
екен ғой. 1730-жылы қаңтардың басында II-Петр патша шешекпен ауырып,
қатты жығылды да, содан қайта тұрмады. Үйленем деген күніне тұп-тура
бір апта қалғанда, Романовтар əулетінен қалған ең соңғы еркек кіндік те
қайтпас сапарға аттанды.
Енді қайтпек керек? Мына бетінде Ресей тағына патша құтаяр түрі
көрінбейді. Міне, Петрден бергі бес жыл ішінде жұрт осымен үшінші рет
патша сайлағалы отыр... Ендігі кезек кімдікі? Тақ иесі болатын тағы кімдер
бар?
— Оған бас қатырып керегі не? Əнеки, ұлы патшамыздың қызы —
Елизавета Петровна бар емес пе?! Қазір жасы жиырмаға толған, дер шағы!
— десті бұрын Меншиковқа қарсы оппозицияда жүрген Долгорукийлер.
— Жоқ, ол болмайды! - десті Голыциндер мен Салтыковтар тобы. —
Елизавета патша қаны болғанымен, некесіз туған. Оның үстіне жеңіл жүрісі
көп. Төңірегіне қыз-бозбаланы жинап алып, күндіз-түні сауық құрғаннан
өзге бітірері жоқ. Ондай адам Ресейді қалай басқарады?!
Осылайша, пікір қақ жарылып, «япыр-ай, қай жыныстан болса да,
Романовтар əулетінен таққа отырар ешкім табылмағаны ма? Патша тағы
қалайда бос тұрмауы керек қой» деп жұрт аңтарылып тұрғанда, біреулер
қиуадан жол тауып кетті. Бар екен! Бар болғанда, тұп-тура Романов
əулетінен! Жұрт манадан бері айналсоқтап, Петрдің маңынан ұзамапты ғой.
Сол ары таман барсаң, мен мұндалап көрініп тұр екен!
Ұлы Петрдің туған ағасы, əкелері Алексей Михайлович өлген соң,
əпкелері София Алексеевнаның көмегімен біраз жыл Ресей тағында
Петрмен бірге отырған марқұм Иван Алексеевич бар емес пе?! Сол
Иванның артында ұл қалмағанымен, əйелі Просковия Салтыковадан туған
бірнеше қыздары бар. Соның ең көрнектісі — жастай Курляндия герцогіне
ұзатылып, көптен бері герцогиня Курляндская деген атпен жесір отырған
Анна Иоановна. Дəл қазір Ресей тағына бұдан ыңғайлы адамды іздеп табу
қиын десті сарай маңындағы бір топ... Жоғарғы құпия кеңесте небəрі сегіз
адам; төрт Долгорукий, екі Голыцин, сонан соң канцлер Головкин мен
вице-канцлер Остерман ғана бар-тұғын. Жеме-жемге келгенде бəрі де Анна
Иоановнаны қолдап шықты. Олар тек бір ғана шарт қойды. Жоғарғы
кеңестің ролін күшейтіп, самодержавьяны конституциялық монархияға
айналдыру керек. Осыған көнсе, Аннаға біздің қарсылығымыз жоқ десті
олар.
Сонымен не керек, ұзақ жыл герцогиня Курляндская атанған отыз жеті
жастағы жесір əйел Анна Иоановна Ресей тағына келіп отырды. Ол денесі
қандай зор болса, мінезі де соған лайық, адуын əйел боп шықты. Қолына
билік тиіп, таққа отырысымен, Жоғарғы кеңестің ролін күшейткені сол,
нағашысы Салтыковтардың көмегімен олардың тас-талқанын шығарды.
«Сендер сайламасаңдар да мен тақ мұрагері, патша əулеті болатынмын»
деді ол кеңес мүшелеріне. Бұрынғы патша ІІ-Петрдің төңірегінде жүрген
Долгорукийлерді шетінен соттап, жер аударды да, қалғандарын таратып
жіберді. Өзімен бірге Курляндиядан ертіп келген Фаворит-ашынасы —
Эрнест Иоганн Бирон деген немісті канцлер қып тағайындады да, мемлекет
билігін соған біржола өткізіп берді. Сыртқы істерді вице-канцлер
Остерманта тапсырып, қорғаныс министрлігіне фельдмаршал Минихты
сайлап, мемлекет тізгінін түгелімен немістердің қолына ұстатты да, өзі
жарлықтарға қол қойып қана, рахат-қызық өмір кешті.
Айтты-айтпады, Анна Иоановнаның қолы бос, ермегі мол еді. Жүйрік
аттар жинады. Патша атқорасында түрлі тұқымнан төрт жүзге жуық
сəйгүліктер тұрды. Англиядан қымбат батаға аңшы иттер сатып алдырды.
Сонысына қарай өзі əжептəуір мерген еді. Нысана атудан жалықпайтын.
Ұшқан құс көрсе, көшеде келе жатып та, балконда тұрып та ата беретін...
Сонан кейінгі бір ермегі — əр губерниядан жинатып алдырған сайқымазақ, əнші-жыршы, ертегіші əйелдер. Кешке қарай соларды жарыстырып
қойып, қызығына қарап отырғаны.
Сонан кейінгі ең басты, əрі өте маңызды қызметі — қас жауы
Долгорукийлердің соңынан шырақ алып түсу болды. Бұл əулетті қуғындау
бүкіл отызыншы жылдардың өн бойына созылды десе болғандай. Бұл
тағдырдың тəлкегін қойсайшы: кеше Меншиковтар айдалып барған
Березовкаға енді Долгорукийлер барып қамалды. Ақыры тіпті адам аяйтын
дəрежеге жеткен. Кешегі патша қалыңдығы Екатерина сұлу ұзақ жыл Томск
монастырында тұншықты. Ең соңғы Новгородта өткен сотта
Долгорукийлердің басты адамдары түгел өлім жазасына кесілді. Қылмысы
аса ауыр деп саналған Иван мен Алексей Долгорукийлер қол-аяғы
шабылып, жан төзгісіз азаппен өлтірілсе, өзгелерінің жай ғана басы
алынды.
Бірақ қанша асып-тассаң да, құтқармайтын құрық бар. Оның аты —
ажал. Ресейді артық-кемі жоқ, тұп-тура он жыл билеп, қылышынан қан
тамған Анна Иоановна да ақыры бүйрек ауруынан қайтыс болды.
Патшайымның өзі жастай жесір қалып, бала көтермеген кісі ғой. Кейінгі
Биронмен бірге өткізген жылдарын жеңіл ауыз жұрт неше саққа жүгіртеді.
Анна Иоановна жүкті болған сайын, Биронның əйелі Беннига ішіне жастық
тығып жүріп, нəресте дүниеге келісімен бауырына салып алады екен деп те
соғатындар бар. Анық-танығын кім андып түр дейсіз.
Алайда жұрт бұл жолы мұрагер іздеп əуре болмады. Анна Иоановна өз
құрсағынан бала болмаған соң, мұрагер мəселесін əлдеқашан шешіп
қойған-ды. 1731-жылы шыққан манифесте: «патшайымның сіңлісі —
герцогиня Бранкенбургскаядан туған жалғыз қыз Христина бойжеткенде
күйеуге шығып, ұл туатын болса, болашақ Ресей тағына сол отырады» деп
ап-анық жазылған. Осыдан кейін он үш жасар Христина арада екі жыл
өткенде провославье дінін қабылдап, енді Анна Леопольдовна деген атпен
аренаға шығып еді.
Болашақ Ресей тағының тағдыры соған қарап тұрғандықтан, Аннаның
əкесі Карл Леопольдеге тез арада қызына неміс ақсүйектерінің бірінен
күйеу табу тапсырылған. Ол байғұс Австрия мен Пруссияны шарлап жүріп,
Брауншвейгский əулетінің принці Антон-Ульрих Беверский дегенді зорға
тауып келді. Асып тұрған ештеңесі жоқ, ақ кірпік, ақ көз, ұзын сарының
бірі.
Анна Леопольдовна басында күйеуді менсінбей тулағанымен, патша
жарлығынан аттап қайда барады. Ақыры 1739 жылы екеуінің үйлену тойы
болған. Ендігі жатса-тұрса құдайдан тілейтіндері — бір бала... Асықпаса
болмайтын еді. Өйткені Анна Иоановнаның науқасы жанына қатты батып
жүрген. Жаман айтпай жақсы жоқ, олай-бұлай болып кетсе, Ресей тағын
Петрдің қызы Елизавета басып қалмау үшін, мына Аннасы құрғыр тезірек
бірдеңе табуы керек... Дегенмен күйеу жігіт ерледі: 1740 жылы Анна
Леопольдовна аман-есен босанып, мұрагер ұл тапты. Баланың атын Иван
қойған. Енді, құда қаласа, ата жұрты жатынан таза неміс, тек нағашы
əжесінің ғана орысқа аздап шатысы бар сол бала Ресей тағына отыратын
болады.
Патшайым Анна Иоановна қайтыс болғанда, мұрагер III-Иванның
туғанына төрт айдан жаңа ғана асып еді... Сонымен, патшаңыз дайын! Енді
тек сəби патша ержеткенше, оның ісін жүргізетін регент-уəзір тағайындау
керек. Уəзір кім болады? Мұндайда, салт бойынша, баланың ата-анасы
регент болуға тиіс-тұғын. Бірақ сарай маңындағылар бұрын ел басқарып
көрмеген Антон Ульрих пен Анна Леопольдовнаны бұл орынға
олқысынды. Ақыры бəрі ақылдасып, əрі өлім аузында жатқан
патшайымның көңілінен шығуға тырысып, регенттікке Биронды ұсынған.
Анна Иоановнаның бұған қалай қарағаны жайында жұрт əр түрлі айтады.
Біреулер Биронның кандидатурасын патшайым қолдапты десе, енді
біреулер «Саған осының керегі не еді? Байғұс-ау, мен өлген соң мыналар
сені түтіп жейді ғой» деп ескертіпті дейді. Бұл, əсілі, екеуара айтылған
əңгіме ғой, көлденең куə жоқ.
Əйткенмен, Анна Иоановна жайдан-жай қауіптенбеген болар, Бирон
қанша əккі болғанымен, бұл орында ұзақ отыра алмады. Оның өз билігін
тым асыра пайдаланып жүргенін аңдаған соғыс министрі Миних сəби
патшаның ата-анасымен тіл біріктіріп, 1740-жылдьщ қарашасында
Биронды қамауға алды да, регенттікті Анна Леопольдовнаға тартып
əперді... Бұл енді, шынын айтқанда, Ресей билігін қолына ұстап тұрған
немістердің арасындағы тартыс еді. Кейін бұл оқиға туралы орыс
зиялылары арасында: «Миних пен Биронның асқаны сонша, орыс
мемлекетін бір саптыаяқ сыра құрлы көрмей, бірінен-бірі жұлып алды-ау!»
деген ащы мысқыл тарады.
Бірақ сəби патша ІІІ-Иванның арқасында билік басына келген Анна мен
Антонның да дəурені ұзаққа бармады. Ресей тағының орысқа үш қайнаса
сорпасы қосылмайтын қайдағы біреулердің қолына өтіп кеткені əркімнің-ақ
зығырданын қайнатып, наразылығын тудыра бастаған. Əсіресе, əскерлер
арасында ызалы толқу өріс алды. Байырғы офицерлер мен солдаттар ішінде
баяғы ұлы Петрдің тəрбиесін көрген ескі көздері де аз емес-ті. Солар бас
қосып, қаланың бір шетінде өзінше өмір сүріп жатқан царевна Елизаветаны
іздеп тапты.
— Матушка! Сен Петрден қалған жалғыз тұяқсың. Біз сені əкеңнің
орнына таққа отырғызамыз! — деді олар бір ауыздан.
Елизавета бірден келісті. Ең соңғы мүмкіндікті қолдан шығарғысы
келмеген. Солдаттар мен офицерлер айтқан сөздерінде тұрды. Патша
сарайына тақау орналасқан Преображенский полкі түгел көтерілді. Сөйтіп,
1741-жылғы желтоқсанның аязды кешінде əскерлер қыстық сарай мен
жаздық сарайды бірдей қоршауға алып, кінəсыз сəби III-Иванды орнынан
түсірді де, патшайым Елизавета Петровнаны отыз екі жасында таққа
отырғызды.
Міне, содан бері де жеті жылға жуық уақыт өтіпті. Əсілі, Елизавета —
Петр өлгеннен бергі он бес жыл ішінде таққа отырған төртінші əйел патша.
Əзірше көзі тірі билеуші жайында жаман сөз айту ыңғайсыз. Ұлы мəртебелі
патшайым ел үмітін ақтап, əкесінің салған сара жолымен, жеті миллион
орыс əулетін (1744 жылғы халық санағы бойынша, алты жарым миллион)
бақытты болашаққа бастай берерінде күмəн жоқ... Тек ендігі мұрагер кім
болады? Мəселе сонда. Патшайым Елизавета Петровна өмірі күйеуге
тимеген кісі ғой. Бұдан кейін де түтін түтетіп, семья құруы екіталай. Демек
бұл кісі де ұрпақсыз өтеді деген сөз.
Қазір Романовтар əулетінде таққа отыруға қақылы деп есептелетін бір
ғана адам бар. Ол да — орыс емес, неміс, қыздан туған жиен. Елизаветаның
туған əпкесі, баяғы Гольштейн герцогіне ұзатылған Анна Петровна бар
емес пе. Аннаның өзі əлдеқашан қайтыс болған. Бірақ содан туған принц —
Карл Петр Ульрих деген ұл бар. Қазір жасы жиырмаға келіп қалды. Бұл
күнде күллі Ресей соның тілеуін тілеп отыр. Сол жігіт таққа отырса, «қатын
патшалар» дəуірі аяқтала ма деген үміт бар...
Бірақ ол үміт ақталмады. Шынында да, болашақты болжау қиын ғой.
Айтқандайын-ақ, енді он үш жылдан кейін, яғни 1761-жылы жаңағы неміс
бекзадасының III-Петр деген атпен Ресей тағына келіп отыратынын, алайда
ол бір жылға жетер-жетпесте əйелінің бұйрығымен өлтіріліп, сол сұрқия
неміс əйелі ІІ-Екатерина деген атпен Ресейді осы ғасырдың соңына дейін,
отыз бес жыл бойы билейтінін дəл қазір Угримов білген жоқ еді. Ал арада
тура бір ғасыр өткенде, орыстың ұлы революционер-демократы Герцен
деген кісі осы кезеңге баға бере келіп: «Петрге дейінгі Ресей жаңа дəуірге
жезөкшелер үйі арқылы өтті» деп кесіп айтатынын да мына заманда
отырып болжау мүмкін емес-ті.
Сонымен, Бірінші Петр өлгеннен бері Ресей сарай төңкерісінен көз
ашқан жоқ. Соның əрқайсысында қанша адам түрмеде шіріді, қанша адам
жаңғырықта басын берді?! Аузымен құс тістеген кешегі Меншиковтер,
Долгорукийлер қайда? Ресей қашанға дейін бирондар мен остермандардың
аузына қарап отырмақ? Ресейде осы сұрақтарға жауап беретін, жапа
шеккендердің ақ-қарасын айыратын кім бар?! Қазақ даласында бір
Əбілқайырдың өлімі қаншама дау, қаншама сілкініс туғызды. Ал Ресейдегі
жүздеп, мыңдап кетіп жатқан құрбандарды тектеп сұрайтын бір пенде жоқ.
Осындай елдің құлап қалмай, не біреулер басып алмай, жұрт қатарлы
тіршілік етіп жатқанына қайран қаласың! Жай тіршілік етіп қоймай, құдай
сəтін салса, бүкіл Азияны өзіне қаратып, қанатын кең жайған қағанатқа
айналмақ. Əйтеуір, іргетасы мықты, халқы жауынгер, ұлы Петр орнынан
қозғап жіберген ерен күш бар, сол екпінмен келе жатыр.
Дегенмен, Ресей де — құдай тегін жаратпаған, ырысты, салымды ел ғой.
Əсілі, Ресей империясы жаңа жерлер игеруді Еуропадағы елдердің бəрінен
кеш бастады. Ағылшындар, испандар, португалдар, француздар көк
мұхитты көктей өтіп, жер шарын бөліске салып жүргенде, орыс əулеті əлі
орманнан ұзап шықпаған-ды. Алтын орданың қыспағынан құтылған соң ес
жинап, Қазан мен Қажытарханды қаратып алғаны кеше ғана. Сонан соң
Шығысқа беттеп, Орал таудан асып түскеніне небəрі бір жарым ғасырдың
жүзі болыпты. Бірақ бұл елдің салымдылығы — құдай несібесін шалғайдан
емес, дəл іргесінен бергендігінде. Басқа елдер сияқты отарды мұхиттың
арғы жағынан іздеген жоқ, жапсарлас отырған көрші халықтарды бірінен
соң бірін өзіне қосып ала берді. Алтын орда ыдыраған соң бұл төңіректе
оның жолына кесе-көлденең туратын да ешкім қалмаған. Сондықтан тым
асығып та кетпеді. Орал таудан асып түсіп, Сібір жері арқылы сонау Тынық
мұхит жағалауына жеткенше тұтас бір ғасыр қажет болды. Он жетінші
ғасыр деп аталатын жүз жыл. Бұл жорықта орыс қаруына Көшім
хандығынан өзге ошаң етіп қарсы тұрар ешкім болған жоқ. Көкжал
Көшімнің өзі де он жылға зорға төтеп берді... Одан ары қырғыз бен
хахастың, Сақа жұрты мен тағы басқа орман халықтарының қарсылығын
бұйым құрлы көрмей, жыл сайын бір бекет ілгерілеп қойып, шығысқа
қарай жылжи берген. Ресейде содан бері қаһарлы Иваннан бастап қаншама
патша ауысты. Бірақ шығысқа қаратылған жаулау саясаты өзгермей сол
қалпында қала берді.
Ал қазақ ордасының ойламаған жерден Ресейге кіріптар болуын
тағдырдың төтенше тартқан сыйы десе де болады. Өткен ғасырда орыс
жасағы қалың тайганы қақ жарып, шығысқа қарай жылжығанда, оң жақ
бүйірде кең байтақ қазақ даласы қалып бара жатқанын Мəскеу мемлекеті
білмеді емес, білді. Бірақ бұрылуға мұршасы болмады. Анығырақ айтқанда,
жүрегі дауаламады. Түркілермен соғысу қашанда оңай емес-ті. Оның
үстіне кешегі Алтын Орданың басты тірегі болған қазақ хандығы əлі де
ешкімнің тісі батпайтын іргелі ел саналатын. Осыдан небəрі екі ғасыр
бұрын қазақтың саны орыспен теңдес екен. Қасым ханның тұсында
қазақтар екі лек6 əскерді майданға еркін шығаратын болған... Қазақтың
арғы жағында Бухара, Хиуа, Қоқан, Хорезміңіз жатыр. Бұлардың бəрі де
лек-лек əскер шығара алатын қуатты мемлекеттер. Сондықтан Ресей
патшалығы əзірше бұл аймақтарға соқтықпай жанап өтуді жөн көрген.
Білетіндердің айтуынша, Бірінші Петр 1721-жылы Ресейдің империя
екенін əлемге əйгілеп, өзін «император» деп жариялаған кезде, ол қазақ
даласы туралы алғаш рет армандаған көрінеді: «Біз қайткен күнде де
Қырғыз (қазақ) даласын өзімізге қосып алуымыз керек. Бұл дала —
Азияның кілті, Үнді мұхитына апаратын қақпа. Бізге бұл өлкені бейбіт жол
мен, соғыссыз бағындырған тиімді. Сондықтан қазақ хандарының біріне
«біз Ресейге бодан боламыз» деген қағаз жаздырып алуымыз керек. Ол
қағаз мейлі миллион сомға түссе де өзін ақтайды» деген екен. Бірақ бұл ол
кезде «шіркін, солай болса!» деген тойымсыз патшаның тəтті қиялы ғана
еді.
Петр өлген соң Сыртқы істер алқасы мен Азия департаменті оның бұл
өсиетін орындауға қам жасаған. 1726- жылы Ресеймен шектес өлкелерге
қолына жем шанышқан қармақ ұстатып, башқұрт саудагері Мақсұт Юсупов
тəрізді адамдар жіберілді. Бұлар ең алдымен Кіші жүзді бөле-жара билеп
отырған Əбілқайыр хан мен Қайып ханның баласы Батыр сұлтанның
тамырын басып көруі керек еді. Бірақ олар қазақ даласын қанша шарласа
да, бұл жолы қармақты ешкім қаба қоймады. Бұл осының алдында ғана
шығыстан Жоңғар қалмақтары басып кіріп, ортақ жаудан қорғану үшін
қазақтардың басы уақытша біріге қалған кез болатын. Батыр сұлтан бірден
ыршып түсіпті де, қомағай Əбілқайыр қармақтағы жемді қимай біраз
айналсоқтағанымен, жеме-жемге келгенде оның да жүрегі дауаламапты.
Кейін мəлім болғанындай, Əбілқайыр сол тұста қазақ əскеріне бас қолбасы
боп сайланып, абыройы артып, енді жарымжан Болаттың орнына Үш жүзге
хан болам ба деп дəмеленіп жүрген кезі екен.
Сонымен Юсупов тобы барған сапарынан құр қол қайтты да, жоғарыда
отырғандар бұл сəтсіздікті тарихи жағдайдың əлі пісіп жетілмегеніне
жорып, əзірше қазақ даласынан үміт үзіп қойған-ды. Мұның артынан көп
кешікпей I-Екатерина өліп, Меншиков биліктен кетіп, екі аралықта IIПетрдің орнын Анна Иоановна басып, патша сарайы маңында аласапыран
туып кетті де, қайдағы бір қазақ даласы туралы ойлауға мұрша болмаған.
Сарай төңкерісі, ішкі бүлік өз алдына, бұл жылдары Ресейдің сыртқы
елдермен қатынасы да бəлендей кісі қызығарлық емес еді. Парсылармен
арадағы бітім бұзылып, Қаратеңіз бен Қырым үшін Түркиямен тағы да көз
алартысып, өзара соғыс одақтарына біріккен Англия, Франция, Австрия,
Швеция секілді Еуропа елдерінің де қылт-сылт мінезі көбейіп тұрған...
Сарай маңындағылар елді тығырықтан қалай шығарамыз, империя іргесін
қалай бекемдейміз деп басы қатып отырғанда, тағдыр оларға ойламаған
жерден «Қазақ даласы» атты төтенше сый əкеліп тартты.
Міне, ғажап! Сенесің бе, сенбейсің бе?! Осыдан бес жыл бұрын қолға
түспей кеткен қазақтың асау ханы Əбілқайыр биыл қанды қармақты өзі
келіп қауыпты. Уфадағы Ресей өкілдігі арқылы патшайым Анна
Иоановнаға хат жазып, өзінің қоластындағы Кіші жүз руларымен бірге Ақ
патшаға бодан болатынын білдірген... Бұл хабарға сарай маңындағылар
əжептəуір дүрлігісіп қалды. Əсіресе, Анна Иоановна қатты масайраған. Бір
кезде ұлы Петрдің өзі қол жеткізе алмай, қиялдап қана кеткен ұлы арман
бүгін мұның тұсында өзінен-өзі іске асып жатса, бұдан артық не керек?!
Кездейсоқ табыс патшайымның əйелге тəн жеңсік көңілін көтеріп-ақ
тастады. Бұл оған: «міне, көрдіңдер ме, менің ұлы мəртебемді алыстағы
танғұттардың өзі танып жатыр!» деп жауларына мақтану үшін де қажет еді.
Рас, Сыртқы істер алқасындағылардың айтуынша, Əбілқайыр қазақ
даласында бəлендей беделді хан емес көрінеді. Мына хатты да Ұлы ордаға
хан болсам деген арманы орындалмай, өз қандастарынан өш алу үшін
жазып отыр деседі... Мейлі, туыстарына өшікпек түгіл, ішіне қан қатып
қалсын! Жын ұрып, сайтан соғып кетсін!.. Əйтеуір, хат иесі — қазақтың
заңды хандарының бірі болса жетіп жатыр. Тезірек елші аттандыру керек!
Жабайыларға сенім бар ма, айнып қалмай тұрғанда Əбілқайырдан ант
қабылдап, «өз еркімізбен Ресей патшалығының құзырына бағынамыз»
деген саяси құжатқа қол қойдырып алған жөн. Қазақ жерін айналдыра
бекініс салып, ішкерілеп еніп алғанша Əбілқайыр хан аман тұрса, арғы
жағында жер жұтып кетсе де өзі білсін.
Басында Анна Иоановнаның желпілдетуімен елшілікке осындағы
графтар мен князьдардың бірі, тіпті болмаса сарай маңындағы беделді
боярлардың бірі көп нөкермен барсын делінген. Бірақ жер түбіне баратын
мұндай сəн-салтанатты шеруді қазынадағы қаржы көтермейтін болды.
Ақырында қазақ даласына аттанатын елшілер мəртебесі бірте-бірте
кішірейіп, ең соңында Сыртқы істер алқасының тілмашы, шоқынған
башқұрт Тевкелевке келіп тірелген. Құзырыңа қараймын деп өзі жалпылдап
хат жазып отырған, түкпірдегі қазақтың тоқалдан туған кіші ханына осы да
жетіп қалар дескен-ді.
Обалы кəнеки, Мəмбет мырза Кіші жүз ордасында бір жылға жуық
жүріп, тапсырылған міндетті артығымен орындап қайтты. Ең қиыны:
Əбілқайыр хан Ресейге жіберген хатын ешкіммен ақылдаспай, хан
кеңесінен өткізбей, өз атынан астыртын жолдаған екен, Мəмбет мырза бұл
заңсыздықтың да олқы жерін толтырып, ретін тауыпты. Азын-аулақ
қаржыға қыр елінде таптырмайтын біраз сыйлықтар ала кетіп еді, ауыл
ақсақалдарына соларын үлестіріп жүріп, əйтеуір, сол жолы Əбілқайыр
бастатқан Кіші жүздің бір топ ру басыларынан ант алып қайтқан.
Осыдан кейін-ақ қазақ жеріне қарқынды шабуыл басталды. Патшайым
Анна Иоановна мұны өз тұсындағы із қалдырар, ең үлкен тарихи оқиға деп
біліп, бұл даланы жаулаудан қаржы жағын аяған жоқ. Шығысқа жорық
жасаймын дегендерді шетінен қолдап отырды. 1734-жылы Кирилов
экспедициясы келіп, Ор өзенінің Жайыққа құйған сағасында Ор бекінісін
сала бастады. Небəрі он-он бес жылдың ішінде Жайық шебі салынып бітіп,
ол Есіл жүйесі арқылы Ертіс шебіне жалғасты. Енді бұл қамалдар тізбегі
Атырау, Арал теңіздерін басып, Сырдарияның бойымен шығысқа таман
созылса, тек қазақ даласы ғана емес, бүкіл Орта Азия қолда деген сөз.
Сөйтіп бір хаттан басталған екі ел арасындағы қатынас аз жылда қанша
өзгеріс əкелді өмірге. Біреуге — бақ, біреуге — сор. Ресей астанасына
басын зорға сидырып жүрген бұратана жұрт өкілі Мəмбет мырза
тілмаштықтан генералға дейін көтерілді. Ал қыр елінің асау ханы
Əбілқайыр өз еркімен киген темір ноқтадан азат басын шығара алмай,
ақыры, мінеки, өзін-өзі мерт қылды. Обалы — Тевкелевтің мойнында.
Əбілқайырдың басына ұжмақ орнатпақ болып, оған патшаның аузынан
шықпаған уəделерді беріп жүріп, тіпті Үш жүзге хан етіп бекіттірем
дегенге дейін барып, байғұсты торға түсірген сол ғой! Ал Орынбор шекара
комиссиясының бастығы Неплюев екеуі айтқанын орындатып алған соң,
қазақ ханын керек те қылмай, далаға тастап кетті... Обал-ақ!
Əбілқайыр хан өлерінің алдында ғана Орынборға келіп, генерал
Тевкелевпен жəне Неплюевпен ұзақ сөйлескен-ді. Сірə, тіл табыспаған
болар, қазақ ханы сол күні бас терісі келіспей, тым ашулы аттанды десіп
жүрді білетіндер. Араларында қандай əңгіме болды екен? Не десе де, екі
жақ ат кекілін кесісіп, араздасып айрылғаны белгілі. Орынбор əкімдері
бұдан бұрын да Əбілқайырды ұнатпай, одан қалай құтылудың амалын
таппай жүретін. Соған қарағанда... Астыртын Барақ сұлтанға да хабар
беріп, Əбілқайырға айдап салған біздің жансыздар емес пе екен?! Иə, біздің
адамдардан бəрін де күтуге болады... Кезінде Биронның тыңшылары
«Долгорукийлермен байланысың бар» деп, мұның өз соңына қанша түсті.
Егер Неплюев мұны сол жолы Түркия жаққа ертіп кетпегенде, Угримовтың
дəл бұлай аман отыруы екіталай еді.
Орынбор əкімдері, не үшін екен, бұл жолы өлген Əбілқайырдың
соңынан сұрау салып, тектеп жатқысы келмеді. Сырттай сыр бермесе де,
қуанып қалғандары анық. «Өтірік айтқан жерінде көп тұрма» дегендей,
олар үшін екі ел арасындағы тоқтамға алғаш қол қойған кісінің тезірек
көзден тайғаны жақсы. Анау қайда, мына уəдеңді неге орындамадың деп
енді ешкім де сенімен таласпайтын болады. Сонымен бірге Орынборда
отырғандар Əбілқайыр өліміне байланысты қазақ арасының ушықпай,
даудың бейбіт жолмен тез бітуін қалаған. Басты нəрсе — əлдебір ханның
өлуі емес, бодан елдің бүтіндігі, шекара бойының тыныштығы. Құдай оның
бетін ары қылсын, егер мына дала кемерінен асып толқитын болса, Ертіс
пен Жайықтың жағалауындағы бекіністерді жым-жылас шайып кетуі де
мүмкін ғой!
Дау өршімей тез бітуі үшін қазаққа бұл жолы да Қаз дауысты Қазыбек
сынды аузы дуалы би керек еді. Абылай мен Қазыбек арасының салқын
екенін жақсы білетін алаяқ Неплюев осы жолы кəрі биге арнайы хат жазып
берген. Угримов ол сəлемін жеткізді. Сөзінде тұрса, төбе би бүгін-ертең
осында келіп қалуға тиіс.
«Сонымен ертең билер соты, — деді Артем Денисович көк жүзінде
қалқып жүрген жалқы қыранға қарап отырып. — Айтпақшы, бұл елде не
түрме, не зындан, не жер аудару сияқты жазалау орны жоқ қой. Барақ
сұлтанға билер қандай жаза кесуі мүмкін? Қызық... Сонда бұл ел сотсыз,
абақтысыз мына байтақ даланы қалай тəртіпке келтіреді екен? Сотқары мен
содырын, ұрысы мен қарақшысын қалай тияды?»
Бұл кезде күн екінтіге қарай еңкейіп, жол бастаушы Жəпек пен тілмаш
Абзалов та қайтып оралған-ды. Жəпек қамшының сабына деп бір қолтық
қызыл тобылғы қиып алыпты, Абзалов жарты шелектей қарақат теріпті.
Үшеуі орындарынан тұрып, төменде қалған аттарына қарай аяңдады.
XIV
Ертеңінде түске таман Абылай Ордасына, қасында бір топ адамы бар,
қазақтың ұлы биі Қаз дауысты Қазыбек келіп түсті. Бұл күнде жасы
сексеннен асып кеткен кəрі бидің соңғы үш-төрт жылда Ордаға ат басын
тіреп тұрғаны осы еді. Біреулер оның себебін күлге шөккен қарт бурадай
бидің жасының жеткеніне, биліктен кеткеніне жорыса, енді біреулер
Абылаймен арадағы салқындыққа саятын-ды. Қалай болған күнде де,
ағайын арасы екіге жарылғалы тұрған алмағайып кезеңде, бір кезде сонау
Əз-Тəукенің өзіне ақылшы болған Қазыбектің бүгін ту түбінен табылғанын
қалың бұқара жақсылыққа балады.
— Қайтсын-ай! Биде бедел, ханда қадір қалмай бара жатқан соң, кəрі
тарлан үйде шыдап жата алмаған ғой!
— Кəрі кеудесін сүйретіп, сонау Қарқаралыдан бұл келгені де — келісақ!
— Иншалла, ұлы бидің өзі келді. Енді ағайын араздығы тиылып, ел
ішінде құт-береке орнайтын шығар! — десті қашанда жақсылықтан үміт
үзбейтін бұқара халық.
Көпшілікті қатты разы еткен тағы бір жайт — Қазыбек келіп түскенде,
Абылай хан əдет бойынша Ордада күтіп отырмай, жұрт қатарлы алдынан
шығып, бидің атының басын өзі барып ұстады. Ол осы қылығымен-ақ
арадағы тонды ерітіп жібергендей болып еді. Бұған халықта, Қазыбектің өзі
де дəн риза болды. Кəрі би аттан түсіп, Абылайды құшақтағанда, жартастан
сығылып шыққан сөлдей, көзінде екі тамшы жас тұрды. Осы бір көріністе
— ағайынға деген сағыныш та, кəрілікке шаққан мұң да, кішіге жасаған
кешірім де жатыр еді.
Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, үш жүздің ең жүйрік деген жеті
биі ертеңінде екі жақтың ризашылығымен Қазыбекті төбе би сайлап алып,
іске кірісіп те кетті. Былай да басы ашық мəселені тергеп-тексеріп, аныққанығына жету мұндай шиелі даудың талайын алдынан өткерген сұңғыла
билер үшін бəлендей қиынға түскен жоқ. Алдымен қайғылы қаза кезінде
Əбілқайырдың жəне Барақтың қасында болған куəлардан жауап алынды.
Куəлар тіпті көп болатын. Ішінара бұра тартқандары болғанымен, түбін
қуып келгенде бəрінің сөзі бір жерден шықты.
Кіші жүз шегінен бөліне көшкен қарақалпақ ауылдарын Барақ сұлтан
қамқорлыққа алып, Ұлытау өңірінен қоныс бермекке көшіріп əкеле
жатқанда, осы көшке Op бекінісінен қайтып келе жатқан Əбілқайыр
ұшыраса кетеді. Біреулер ойда-жоқта кездейсоқ ұшырасты дейді. Енді
біреулер қарақалпақ көшінің мəнісін алдын ала естіп, күндік жерден əдейі
бұрылып келді дейді. Қалай болғанда да, одан келіп-кететін ештеңе жоқ еді.
Ал жер жадысын, ұрыс болған орынның жолдан тым бұрыс екенін есепке
алғанда, Əбілқайыр кездейсоқ емес, сонша жерге əдейі іздеп келгені анық.
Серіктерінің айтуынша, патша əкімі Тевкелевпен арадағы əңгімеге ханның
көңілі толмай, Ор қамалынан тым қатуланып аттанған көрінеді. Осы ашу
үстінде қасындағы небəрі қырық-отыз адаммен Барақ тобына əдейі келіп
соқтыққан. Ханның бұйрығы бойынша, алдымен қылыш суырып, найза
сілтеген — Əбілқайырдың адамдары екен. Арты жаты белгілі — қиян-кескі
ұрыс басталыпты. Екі жақтан да біраз жігіт жарақат алып, ат жалын
құшады. Кейінірек Барақ тобына көштегі қарақалпақ жігіттері көмекке
келіп, хан нөкерлерін ығыстыра бастайды... Міне, дəл осындай сəтте
Əбілқайыр хан Барақ сұлтанға ақыра айғайлап:
— Қызыл көз пəле, қырсық жауым, осы сен-ақ алдымнан кес-кестеп
шыға бердің-ау! Қазақ даласы қанша шексіз дегенмен сен екеуіміз үшін тар
болғаны ғой... Кəне, қатын болмасаң, шық былай! — деп тебінте
ұмтылыпты.
Ол бір əркім өз басын қорғап, жан алып, жан берген қарбалас шақ еді.
Басым күшке төтеп бере алмай қаша ұрыс салған хан нөкерлері бір мезетте
арттарына бұрылып қараса, қанға боялып, аттан құлап жатқан
Əбілқайырды көреді... Осы тұста куəлардың сөзі екіге жарылады. Біреулер:
«Əбілқайыр хан қылышын жалаңдатып шауып барған сəттен-ақ, Барақ
сұлтан қақ жүректің басынан алдаспанын салып үлгірді» десе, енді
біреулер: «Барақ сұлтан ханды алдымен шоқпармен ұрып аттан құлатты да,
қанжарды содан кейін барып салды» дегенді айтады. Екеуі де істің мəнін
өзгертпейтін кіші-гірім нəрселер.
— Хан сауытсыз, дулығасыз болатын. Ат үстіндегі айқаста Барақтың
қолындағы ақ алмас дəл жүректің басынан қадалыпты — деді жан тəсілім
етерде марқұмның басын сүйеген серіктерінің бірі. Сірə, осының сөзі
дұрыстыққа келетін секілді.
Оқиғаның мөлшермен дəл осыған жуық болғанын Барақ сұлтанның өзі
де жоққа шығармайды. Əрқайсысынан жеке-жеке жауап алынса да,
ақылдасып қойғандай, ол да куəлардың сөзін қайталады.
— Ал бұған дейін Əбілқайыр ханмен араларында қыжыл, қысас, өштік,
араздық болып па еді? — деді Қазыбек би түгелге жуық ағарып кеткен
бурыл қастың астынан сығырая қарап отырып.
— Болғанда қандай! — деді Барақ сұлтан көзі жайнап. — Ол опасызды
мен өмір бойы жек көретінмін. Ал ана жылы Аңырақай соғысынан кейін
қазақ қолын бөлшектеп, жоңғарға қарсы ұрыс даласын тастап кеткеннен
бері оған мүлде қаным қатып қалған...
— Иə, сонан кейін?
— Сонан кейін ол өзін ұлы Ордаға хан сайламағаны үшін, қазақ
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 14
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.