Latin Common Turkic

Дарабоз - 27

Total number of words is 4046
Total number of unique words is 2316
32.8 of words are in the 2000 most common words
48.1 of words are in the 5000 most common words
55.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
өзен мен Шəуешек деген қала бар. Солтүстік меже — сол ара. Ал түстігіміз
Еміл, Алакөл, Токта-Барлықтауына дейін кете береді. Бұл жолы қалмақты
Емілді өрлете, Барлықты бауырлата қуып, Жоңғар қақпасынан ары өткізіп
тастасаңдар болғаны!..
— Е, жақын екен ғой!
— Қараүңгір дегенің ұзаса үш күншілік жол емес пе?!
— Тоқта-Барлықтының төбесі, əне, көрініп тұр. Бірер айда қалмақтың
апай-топайын шығармаймыз ба?! — десіп жер жадысын білетіндер
қуанысып тұр.
Алайда бұл екі ара онша қашық болмағанымен, кейбіреулер ойлағандай,
желе-жортып өте шытатын керуен жолы емес-ті. Алдағы Ұрыжар, Қатынсу
бойы, Еміл мен Алакөл алқабы сыңсыған қалмақ. Қалмақ болғанда, əлі
маңдайы тасқа тиіп, меселі қайтып көрмеген жанкешті дүрбіттер. Олардың
қырық жылдан астам бауыр басып қалған шұрайлы өлкені оңайшылықпен
қолдан бермесі анық.
Рас, қазір ойраттар өз ішінен бірнеше жікке бөлініп, өзара қырқысып
жатыр. Бас нояндар мен əскер басылар Дабашының немесе НамехуЖырғалдың төңірегінде жүр. Ал шеткері жатқан ұлыстар бір-біріне көмек
берерлік халде емес. Тарбағатайдың теріскейі мен Ертіс бойындағы
торғауыттар таяуда өздеріне қарсы қозғалған Бөгенбай мен көкжал Барақ
қолынан қорғану қамында болатын. Түстіктегі хошауыттар, шорстар мен
хойттар Алатау өңірінде Ұлы жүз жасағы мен Қоқанға қарсы шайқасып
жатқан-ды... Қысқасы, Жоңғар хандығының қазіргі жағдайы түс-тұстан
қамалаған арлан төбеттерінің арасына түскен көкжал қасқырды еске салар
еді.
Əйтседе, осының бəріне бой бермей отырған ойрат əулетінің
қайсарлығында қапы жоқ. Көзін соғыспен ашқан жұрт қой бұлар. Ойраттың
тұрақты əскері қайсы, жай шаруасы қайсы — айырып алу киын. Əскердің
бəрі — кешіп жүрген малшы, малшының бəрі — қару ұстаған əскер...
Қазақтардың биыл Аягөзде қол жинап, Ақшəуліде ту тігіп, жорыққа
аттанғанын дүрбіттер де естіп отырған сияқты.
Найза ұстауға жарайтын еркек кіндігін атқа қондырып, жау қолына
алдымен түседі-ау деген жылқысы мен ірі қарасын шығысқа қарай
беттетіп, қаруын қайрап, жүгін буып дегендей, неге де болсын əзір
отырғаны байқалады.
Ақшəуліге тақау қонған шеткі күреңдер қазақ қолының қарасын
шалысымен-ақ, жаппай ірге көтеріп, шығысқа қарай көше жөнелген.
Қазақтар көшкен елді бөгемей, төрт түлік малын ғана басып қалды.
Асығыста киіз үйлер, жасау-жабдық та қалып жатыр... Дүрбіттердің күре
салдырып, көптен қордаланған бір мекені Ұрыжар маңы болатын. Ал
қалмақтың құдай үйі — күре тұрған жерді жан сала қорғайтын əдеті. Қазақ
жасағы табан тіреген алғашқы қарсылыққа осы арада жолықты.
Əскер саны көп емес, ұзаса төрт мыңның айналасы. Ұрыжар өзенінің
батыс қабағында кəдімгідей түзем құрып, данғыра-дабыл соғып, ұрыстың
бүкіл үрдісімен-ақ қарсы алды. Сан жағынан басым қазақ қолы да тым
астамшылық көрсетпей, тұрыстық беретін жерге таяп келіп тоқтаған.
Алдын-ала белгіленген түзем тəртібі бойынша, Еспембет мыңдығы —
маңдайда, Баймұрат пен Шынқожа — екі қанатта, Есенгелді мен Дəулетбай
артқы тұтқауылда тұр. Қаптама ұрыс кезінде кімнің қақ маңдайдан соғып,
кімдердің қос бүйірден қысқаштай қысатыны күні бұрын тəптіштеліп,
белгіленіп қойылған-ды.
Мұндай кездесу жекпе-жексіз өтпейтіні белгілі. Əсілі, жеке сайысқа
шақыруға əскер саны аз, əлсіз жақ көбірек мүдделі. Мақсат — уақыттан
ұту, сəті түсіп жатса жаудың бас батырын мерт қылып, сағын сындыру, сол
арқылы күш теңестіру... Мұнда да солай болды. Көп кешікпей қарсы
жақтан қалмақтың қаба жалды, жатаған торысына мінген біреу ортаға
көлбеңдеп шыға берді. Қалмақ жағы:
— Жекпе-жек!
— Жекпе-жек! — десіп шуласып тұр.
Қазақ жасағында бұрын жеке сайысқа шығып ысылған батырлар аз
емес-ті. Қабанбай маңындағы Баймұрат, Дəулетбай, Еспембеттер осы
жолғы кезек менікі дегендей, қаруларын сайлап дайын тұрған. Бірақ жас
батыр Шынқожа бəрінің алдын орап кетті. Астындағы кертөбелді ойната
бастырып, қолбасыға тақай берді де:
— Қалмақ батыры да жас жігіт екен, сардар аға. Тақ бір маған арнап
жібергендей тең-тұсым көрінеді. Аттаныстың алғашқы айқасы ғой...
Батаңызды беріңіз! — деген, аттан қарғып түсіп, бір тізерлеген күйі.
Қабанбай алғашқы сайысқа тіс қаққан, егде батырлардың бірін шығарам
ба деп тұр еді, бірақ жігіттің меселін қайтарғысы келмеді.
— Жолын болсын, бауырым! Жауынды жайратып, абыроймен қайт! —
деді ықылас білдіріп.
Шынқожа бұдан ары бөгелген жоқ. Лып етіп атына мінді де, Кертөбелге
қамшыны басып жіберіп, құйғыта жөнелді.
Екі жақта аттарын баяу бастырып, айқас аланына тақау келіп тұрысты.
Дəл ортада қолбасыны қоршай Еспембет жасағы орын алған. Қабанбайдың
кенжесі Əлі мен қыз, келіні де осы топта еді. Əсіресе, бастарына алтынды
дулыға, үстеріне жеңіл бектер сауыт киіп, садақ асынып, семсер ілген қос
ару — Мүней мен Назым егіз қозыдай жарасып, көздің жауын алады.
Жастар əрнені сөз етіп, өз алдарына бөлек тұрған-ды. Ортадағы қалмақ
батырынан көз алмай қарап қалған Мүней кенет əлденеден шошынғандай:
— О, тəңірім! Мынау — Серенжап қой! — деп қалды.
— Ол кім — Серенжап деген? — деді қасында тұрған Назым да сол
жаққа көз салып.
— Қолқа зайсанның баласы. Атақты сайыскер, жүрген жері лаң еді...
Аттеріс қайнағаны жазым етіп жүрмесе жарады...
— Сен оны қайдан танисың? — деген мына жақтан Əлі де қандауырдай
қадалып.
— Е, танымай... Қолқа зайзан əкемнің қоластында, біздің ауылға таяу
отыратын.
— Біздің Шынқожа батыр сенің Серенжабынды қазір-ақ жер қаптырады!
— деді əлденеге қиғытып қалған Əлі.
— Оны менің Серенжабым деп кім айтты саған? деген Мүней де
беріспей.
Бұл кезде Шынқожа мен Серенжап арасындағы айқас басталып та
кеткен. Бұлар егде батырларша тəжікелесіп жатпай, бірден қаруға қол
қойған-ды. Əзірге бір-екіден найза сілтесіп өтті. Шақылдаған найзаның
қышырлаған қалқанның дыбысы естіледі. Қалмақ батырының астындағы
жатаған торы сағымдай сусыған жылдам жылқы екен. Иесінің де
қимылына көз ілеспейді. Көкжалды шалған тазыдай оп-оңай орағытып,
найзаны оңды-солды сілтегенде, əншейінде шапшаң саналатын
Шынқожаның өзі зорға қорғанып жүр.
Ал Мүнейдің екі көзі — қарсы жақтағы қалмақтарда. Дүниенің астыүстіне келіп, алмасып кеткені сонша, жас келін көз алдындағы мына
көріністі санасына сидыра алмай тұрған. Күні кеше ана тұрғандар мұның
ауылдасы, қандасы, туысы саналатын. Бүгін қас дұшпанға айналып,
қарама-қарсы беттесіп тұр... Сонда бұл қазір кімнің тілеуін тілеуі керек?
Дос, туыс кім? Дұшпан кім? Қарсы алдында — тілі, діні, қаны бір
қалмақтар. Қасында — қиын күнде пана болған, алақанға салып аялаған,
жар құшағын ашқан қазақтар... О, тəңірім, адамды өстіп те азапқа салады
екенсің-ау!
«Бірақ осы қалмақтардың діні, тілі бірге болғанмен, тілегі, ділі бір ме?
— деген ой келді Мүнейдің басына. — Тілегі, ділі бірге болса, осылар
менің Əмірсана көкем мен əкем Банжырды неге сидырмады? Дабашы мен
Намеху- Жырғал неге бір-біріне қарсы жан алып, жан берісіп жүр?
Қалмақтардың өздері неге бір-бірімен жауласады?!»
Осы арада əкесінің биыл көктемде Жоңғарияға аттанарда айтқан соңғы
сөзі түсті есіне: «біздің ойраттар құдайдың қарғысына ұшырады. Түбі не
болары белгісіз. Сен енді бізді ойламай, келген жеріңнің тілеуін тіле,
қызым! — деп еді қоштасып тұрып. — Сен енді Банжырдың ғана қызы
емес, Қабанбайдың келінісің... Ал Қабанбай жалғыз саған ғана емес,
бəрімізге де пана болуға жарайтын адам».
Осы сөздерді еске алысымен жалт етіп, өзінен сəл қиғаш, саптың
алдында тұрған қайын атасы Қабанбайға қараған. Мың кісінің ішінен бойы
асып, қазақтар «Қубас» деп атайтын нардай құбақан торының үстінде
таудай болып жеке тұр. Егескен жауын жерге тықпай қоймайтыны сырт
тұлғасынан-ақ көрініп тұрғандай. Ал осы таудай қазақтың керемет
мейірімді, балажан екенін Мүней күнде көріп жүр. Өз қызы Назымнан кем
көрмейді Мүнейді. «Шаңырақ иесі — кенже келін» деп, ауыл адамдары да
мұны ерекше құрметтейді. Жалпы, қазақтар — қалмақтай қатал емес,
ақкөңіл, мейірімді... Осы ойлардың басына келуі мұң екен, Мүнейді əлдебір
мақтаныш сезім кернеді. «Иə, мен — қазақтың, бас батыры Қабанбайдың
келінімін» деді іштей күбірлеп.
Ортада Шынқожа мен Серенжап əлі шайқасып жүр. Жас келін өз
ойымен əлек болып тұрып, жаңа аңғармай қалыпты. Ат арыны басылып,
білек талған шамада екі батыр найзаларын жерге шаныша салып,
қидаласуға көшкен екен. Əсілі Шынқожаның қаһарлы қаруы қылыш болса
керек, айқын басымдық байқалады. Қарсыласын жан таптырмай
тықсырғанда, анау ұршықтай үйіріліп, тез тайқып кетіп жүр. Ал келесі бір
кезекте Серенжап өршелене ұмтылып, көз ілеспес жылдамдықпен үстіүстіне төпелей жөнеледі. Екеуінің де қимылында қапы жоқ. Күн нұрына
шағылған қос алдаспан кезек қайшыласып, қамшыдай өрілгенде,
батырлардың басында лапылдап алау жанғандай əсер қалдырады.
Серенжаптың атақты сайыскер екенін Мүней жақсы біледі. Осы бір
басбұзар, тентек жігіттен жұрттың бəрі жасқанатын-ды. Ал Мүней одан
қатты қорқушы еді. Оның көзі түссе болды, жылан арбаған торғайдай
қалтырап қоя беретін. Серенжаптың жасы бұдан он жастай үлкен болса да,
өзіне өліп-өшіп қараған еркектің уытты жанарын бұл бірінші рет осы
жігіттен сезінді. Онда Мүнейдің он төртке жана шыққан кезі. Əлгі
жанардың сумақы, өткірлігі сонша, қатты тіксініп, қорқып кеткен. Жиынтойда, немесе əскер ойыны кезінде оның көзіне түспеуге тырысушы еді.
Сонда да бəрібір, сұқ көздің бір қалтарыста қисынын тауып, өзіне қадалып
тұртанын сезетін... Кейін Серенжап Мүнейді айттырмақ болып, Банжыр
ноянға кісі де салған. Бірақ мұның əкесі «құдаларды» тізесіне де
отырғызбай, құр ауыз қайтарды. «Қолқа зайсанның баласы шамасына
қарасын. Ол ханзаданың қызын алуға əлі жеткен жоқ» депті қысқа
қайырып. Содан кейін ғой, Серенжаптын Банжыр ноянға өштесіп жүргені.
Алдыңғы жылы ел іші екіге бөлінгенде, ол өзінше Банжырдан кек алмақ
болып, Шабдардың жасағына қосылып кетті... Ендігісі мынау — өлсе өз
бетінше өлмей, Мүнейдің дəл алдына келіп, майдан ашып тұрған!..
Сайыс созылған сайын қолбасы Қабанбайдың көңіліне де қобалжу кіре
бастап еді. Мыналар бірін-бірі жеңе алмай, жекпе-жектің тең аяқталуы да
мүмкін-ау. Иə, мұндай жағдай өте сирек, бірақ ілуде бір кездесіп тұрады.
Екі батыр да қалжырап, бес қарудың қайсысын қолданса да ештеңе
шықпай, сайыстың қызығы кете бастағанда, əр екі жақтың қолбасылары
көрініске шығады да, жекпе-жекті тоқтады. Бұдан ары сайысқа басқа
батырлар шығуы мүмкін. Не уақытша бітімге келіп, ұрысты орта жолдан
үзіп тастауы да ғажап емес. Алайда, қалмақ жағы болмаса, дəл қазір
қазақтың бітім сұрайтын жөні жоқ Демек, мұның арты жаппай шабуыл
деген сөз. Осы жайды Баймұрат пен Еспембетке ескертпек болып оқтала
бергені сол еді, кенет арттағы қалың қол шу ете түсті... Дереу ұрыс алаңына
жалт қараған. Көзіне алғаш түскені — Серенжаптың қолындағы қалқаны
мен қылышы ұшып кетіпті де, өзі қалмақы ердің қасынан ұстап, еңкейе
тұқырып қалыпты. Ал Шынқожа үзеңгіге шіренген күйі, алдаспанын
құлаштай көтеріп, қас жауын көк желкеден қия шабуға ұмсынып қалған
екен. Сілтесе болғаны, дулығалы бас домалап жерге түскелі тұр... Төңіректе
тырс еткен дыбыс жоқ. Екі жақта сілтідей тынып қалған. Алайда Шынқожа
қару жұмсамады. Əлдебір ой түскендей, қылышын жайлап қынабына
салды да, қалмақ батырын шылбырынан іліп алып, өз тобына қарай
жетелей жөнелді.
Қастарына келгенде байқады: Серенжап жаралы екен. Торғай көз бадана
сауыттың əр жерінен шыпылдап қан шығып тұр. Ұлы денеге дендеп
дарымаса да, қыпшақы қылыштың қандауыр ұшы тұла-бойын шұрқ-шұрқ
қылып шабақтай беріпті. Оң жақ бетін де кеңсірігімен қоса ырсита тіліп
түскен екен. Саулап аққан қызыл жоса қан үсті-басын жу-ып кетіпті.
Арттағы қалың топқа жете бере, есінен танған Серенжап аттан ауып түсіп
қалды.
Шынқожаның да сол жақ иығы мен қара санына найзаның ұшы
дарыпты. Бірақ жеңіс буына мастанған жас батыр жеділ жараны елейтін
емес, қолбасыға қарап ақсия күлді де:
— Қалмақ та болса ер екен! Жаралы жігітті өлтіруге дəтім бармады, —
деді ақталғандай.
Қабанбай бұларды дереу арттағы бақауыл топқа жөнелтті. Жау жағынан
жекпе-жекке шығам деп талпынған ешкім көрінбеген соң, жедел дабыл
қақтырып, жаппай шабуылға белгі берген. Манадан арқасы қозып,
тықыршып əрең тұрған жігіттер тасқын селдей бірден лап қойды. Айғайұран құлақ тұндырады. Қалмақтар да тайсала қоймай, біразға дейін тіресіп
бақты, əрине. Алайда қырғын шайқас бір шай қайнатымнан аспады. Қазақ
қолының екі қанаттан орап бара жатқанын сезіп, ойраттар аттарының
басын кері бұрып алған. Бұрынырақ қимылдағаны тым-тырақай қаша
жөнелді де, көпшілігі қоршаудан шыға алмай, қолға түсті.
Кілең жүйрік ат мінген Еспембеттің ертауыл тобы қашқан жаудың өкше
ізіне түскен-ді. Арада ет асым уақыт өткенде олар да қайтып оралды. Тақа
бір шалдырмай кеткені, ұры сайларда бұғып қалғаны болмаса, бірталайынақ жебеге жем қылған түрлері бар. Бұл жасақта жастар көп. Əлі, Мырзатай,
Назым, Мүней секілді Қабанбайдың өз балалары да осы топта болатын.
Мыңбасы Еспембет бұларды шеттерінен мақтап келді. Жастардың бəрі де
мергендігімен көзге түскен. Соның ішінде, əсіресе, Мүнейдің басынан құс
ұшырар емес.
— Келініңіз өзіңізге тартыпты, сардар аға. Жіберген жебесі жерге түскен
жоқ. Əй, жаудың кемінде он шақтысын бір өзі жер қаптырған шығар-ау! —
деген сүйінішін жасырмай.
— Мүнейдің аты ұшқыр. Ол басқамыздан гөрі жауға бір табан жақын
жүрді, —деді Əлі қызарақтап. Бірақ Назым оның сөзін өрге бастырған жоқ:
— Жарайды, Əлі... Намыстанбай-ақ қой. Кең жерде нысана атысып та
көрдік емес пе: біздің Мүней Мырзатай екеуіңнен əлдеқайда мерген! — деп
бауыры мен күйеуін оп-оңай жығып берді.
Жастардың жаудан қайтпас ерлігіне Қабанбай да мерейленіп тұр еді.
— Бəрекелді, балаларым! Алғашқы қадамдарың сəтті болған екен... Осы
беттеріңнен таймаңдар! Құда қаласа, Барлықтың баурайына ту тігіп, ата
жұртқа барып аунайтын кез де алыс емес! — деп балаларын кезек-кезек
құшағына алып, əсіресе, келіні Мүнейге мол ықылас білдірді.
Қолбасыны бұл жолы таңдандырған — Мүнейдің мергендігі де емес,
төркін жұртына, кешегі қандас бауырларына қарсы қолы қалт етпей оқ
атуы. Жас келінді, өз тілегі бойынша, осы жорыққа ертуін ертіп шықса да,
ұрыс кезінде өзін қалай ұстар екен деп іштей алаңдап жүруші еді. Бүгін
көңілі орныққандай болды. Обалы кəнеки, Мүней алғашқы сыннан
сүрінбей өтті.
«Бұлар — айтқан сертінде нық тұратын, бір беткей, берік халық қой.
Мұсылман дінін қабылдап, қазақтың бесігін тербеткен екен, қалмақ
қыздары бұл жолдан ешқашан айнымайды, — деп ойлады Қабанбай өзі
білетін біраз əйелдерді еске түсіріп. — «Қатын алсаң қалмақтан, төріңде
жатып салмақтан» деп Бұқар жырау тегін айтты дейсің бе?! Түбі менің осы
келінім де келешек өніп-өсер ұрпағымның құт-берекесі болар-ау!» деді
іштей ырым етіп.
Бұлар Ұрыжар бойында бірер күн еру болып, алғашқы жеңіс тойын
мерекеледі. Көпшілік мəре-сəре. Қос сайын көкқасқа жытып, ақсарбас
сойып жатқан жұрт... Көңілге қаяу түсірмесе де, қуанышқа керетар болған
бір ғана жай: сол күннің ертеңінде тұтқындағы Серенжап қана өзін-өзі мерт
етіпті. Емшілер оның жарасын таңып, дəрі-дəрмек ішкізіп, бетін бері
қаратқан сияқты еді. Алайда қалмақ батыры жарық дүниеде қалғысы
келмеген. Қалтасында жүрген уы бар екен, соны ішіпті де, сеспей қатыпты.
«Кəпір неме жаһилдығына басқан-ау» десті былайғы естіген жұрт. Бірақ
шын себебіне үңілген ешкім болмады. Серенжап таңертең ғана аман-сау,
итарқаның көлеңкесінде отырған-ды. Кенет ол төмендегі бұлақ бойынан
Мүнейді көріп қалды. Таңданған жоқ, оның қазақ арасында екенін білетінді. Қасында — қазақтың жап-жас жігіті. «Қабанбай батырға келін боп түсті
деп еді. Мынау — күйеуі бол- ды-ау, шамасы» деп ойлады ішінен. Екеуі су
жағасында қарама-қарсы отырып, беті-қолдарын жуды. Бір-біріне су
шашып ойнады. Содан кейін бірін-бірі қуып, тал айнала жүгірді дейсің,
сықылықтап күлді дейсің... Бір мезетте бұраңдап, жорға сүрінген Мүней
жігіттің қолына түсіп қалып еді, ана пəле тас қып құшақтап, шалқалай
күлген қыздың ақ торғын тамағына сүліктей жабыссын келіп!..
Серенжап дол осы сəтке дейін өмір мен өлімнің қайсысын таңдарын
білмей, екідай күйде отырған-ды. Мына көріністен кейін берік бекімге
келді. Ол қыз көзіне мынадай міскін халде көрінгісі келмеген. «Кеше
масқара болып жеңілгенімді де Мүней көріп тұрды-ау!» деген бір ғана
ойдың өзі жігіттің өзегін өртеп кетіп еді... Ол бұдан ары көп ойланып
жатпады. Жан дəрмен ішкі қалтасында жүрген шынашақтай шишаны
іздеген. Сонысы орнынан табылғанда, кереметтей қуанып кетті өзі...
XIV
Қазақ қолы шығысқа қарай жылжыған сайын, Қабанбайдың көзі жеткен
бір нəрсе: жалпы ойрат əулеті зауал шағына жақындап, күні батуға
айналған екен. Байтақ елдің басынан бақ тайды дегенше, оның ханын да,
қарашысын да қырсық шалды дей бер. Өйткені жер басып жүрген əрбір
жеке адам өз елімен тағдырлас. Еліңнің тасы өрге домалап, туы биікте
желбіреп тұрған кезде, сен де өрсің, өжетсің. Жебең жерге түспейді,
қылышың қара тасты қақ бөледі. Ал туың төмен жығылып, ел еңсесі
еңкейген кезде, бəрі басқаша: ханыңда қасиет қалмайды, байың балпан,
батырың жалтаң тартады. Қосқан итің қыңыр жүгіріп, тілеп ұшқан құсын
түлкі алмайды.
Дүрбіттер Қатынсу бойында тағы бір рет бас құрап, өздерінше тұрыстық
бермек болған. Бірақ ол талаптарынан да ештеңе шықпады. Жеке сайысқа
шақырған Бадынжап зай-санды Жұмық Дəулетбай батыр екі айналымға
келтірмей найзамен іліп тастады. Жеңіс құсының түбегейлі қолға
қонғанына Қабанбайдың күмəны қалмаған. Ендігісі тек уақытқа
байланысты. Сондықтан ол асыққан жоқ. Ұрыстарды мүмкіндігінше
шығынсыз өткеруге тырысып, межелі жерге қарай біртіндеп ілгерілей
берді. Төрт түлік малын тастап, Ақшоқыдан аса қашқан дүрбіт кешіне де
кедергі жасамады. Үрей билеп, үрке кешкен қалмақтар, жыртық қаптан
сусыған тарыдай, жоңғар шебіне қарай шұбыра босып жатыр... Соғысқан
екенсің, уақытша үстемдік құратын оның да өз заңы бар. Сол заң бойынша
жігіттердің қолын олжадан қақпады. Төрт түлік мал дейсің бе, жасаужабдық, асыл бұйым дейсің бе, өңі тəуір қыз-қырқын, бала-шаға дейсің бе
— бəрі де қолға түскен. Бірақ қолбасы олжаға айналған адам мен мал-
мүлікті қашан бөліске түскенше шабуылдағы əскер арасына тоқтатпай,
бақауыл тобын басқаратын Шағалақтың қарауына жіберткізіп отырды.
Бұлар тау бөктерін жайлаған ойраттарды Ақшоқыдан ары асырып,
Қаракітат өзенінен өткізіп тастады да, тізгін тартты. Өйткені «Ақтабаннан»
бұрынғы жоңғар шебі осы тұс болатын. Сол маңда екі-үш күн еру болып,
биік төбелер басына шекаралық оба-белгілер орнатты да, ат басын түстікке
қарай бұрды.
Бұл арадан Барлықтың батыс сілеміне дейін ұзаса екі күншілік жол.
Одан ары Алакөл де тиіп тұр. Бірақ бұлар асықпады. Бақтыны бауырлап,
Қарабас биігінен асып түскен соң, Арқарлы қыратының шығыс қапталын
ала жайлап жылжыды да отырды. Екі аралықтағы Еміл, Шағантоғай
өзендерінің
бойларында
сыңсыған
қалың
қалмақ
бар-ды.
Шолғыншылардың айтуынша, олар да бас құрап, қорғанысқа дайындалып
жатқан көрінеді. Алайда Қабанбай олар күткендей ел ішіне бірден сұғына
қоймады. Алдымен жер жадысын жақсы білетін Қасабай, Шөрек, Есенгелді
бастаған жолбасар жүздіктерді жіберіп, Еміл бойынан бірнеше дүркін
жылқы айдатып алды. Мұнысы —əдейі алыстан жасаған айбары.
Мұндайда жаудың тікелей шапқанынан гөрі «ойбай, келіп қалды!» дескен
дүмпуі қиын болады. Бопсаға шыдағаны отырсын, шыдай алмағаны үрей
билеп, үрке берсін.
Қолбасының бұл ойы да көздеген жерден дəл шықты. Бұлар түстікке
жылжыған сайын қалмақ күреңдерінің іргесі сөгіліп, алды шығысқа қарай
ығыса бастаған... Көшпей табан тіреп отырып қалғандары да аз емес.
Дүрбіт зайсандары ұйымдастырған сондай бір қарулы топ Шағантоғай
өзенінің бойында кəдімгідей қарсылық көрсетті.
Жау қарасы көп емес, ұзаса үш мыңның о жақ, бу жағында. Онда да
ойлағандары — қазақ əскерінің шабуылын түбегейлі тоқтату емес,
уақыттан ұту, алды қозғалып, арты абыр-сабыр жүк артып жатқан
күреңдерді аман-есен бел асырып жіберу болса керек. Өйткені қимылдары
тым сылбыр. Өздерінше түзем құрып, шыңдауыл соғып, ұрыстың барлық
үрдісін сақтағандай көрінгенімен, біразға дейін ортаға ешкімді шығармай,
найқалып жүріп алды.
Қазақ қолының жарты шақырымдай жерге келіп күтіп тұрғандарына да
əжептəуір уақыт өткен. Еспембет мына кідіріске шыдай алмай:
— Сардар ата, мыналардікі — көрінеу уақыт созу ғой. Осылардың
ырғалып, жырғалғанын күтіп тұрамыз ба? Одан да қақ маңдайдан тура
соғып, таптап өте шықсақ қайтеді?! — деген астындағы теңбілкөкті көкке
шапшытып.
— Асықпа! Асыққан — сайтанның ісі, — деді Қабанбай байсалды
қалпын бұзбай. — Соғыстың да өз заңы, жол-жоралғысы бар. Оны қалай
болса солай аттап өтуге болмайды.
— Күшіміз қаптал жетіп тұрған соң алып та, шалып та жықпаймыз ба,
сардар аға?!
— Онсыз да ашынған жауды тым қыса бермейік те! — деді қолбасы. —
Жарайды, қалмақтың мыңы қырылар. Бірақ сенің жүзіңді ала жығылады
ғой... Мен жеңісті бірер сағатқа тездетем деп, жүз шаңыраққа қара ту ілдіре
алмаймын!
— Соғыс болған соң құрбандықсыз бола ма?!
— Құрбандық — шарасыздықтан болатын нəрсе. Ал мыналардың онсыз
да құйысқаны көтеріліп тұрған жоқ па?! Дұшпан көзі қып жекпе-жекке
шықса шығар. Сонан кейін-ақ шығысқа қарай жосып бермесе, маған кел!
Айтқанындай-ақ, дəл осы сəтте қарсы жақтан астында құйрық-жалы
төгілген қаракөк аты бар бір дəу қалмақ желе-шоқырақтап ортаға шыға
берді. Арт жақта тұрғандары «жекпе-жекке» басып даурыққанымен, жеке
шыққаны онша желігіп те кеткен жоқ. Соған қарағанда, талай шайқасты
бастан өткерген, қырықпа сақал қырқылжыңның өзі болса керек.
Қазақ жасағы қазір Барлық тауының батыс баурайына жақын, бас
қолбасы Қабанбайдың кіндік қаны тамған жерге таяу келіп тұр. Осы бір
соңғы шайқаста қайрат көрсетіп, көзге түсіп қалуға батырлардың бəрі-ақ
ынталы болатын. Тіпті Еспембет, Дəулетбай, Қасабай батырлардың
арасында ептеген бəсеке де жоқ емес-ті. Бұрын да емеурін танытып,
ентелеп жүрген сол жігіттер қолбасының алдына қатар келіп, рұқсат
сұрады... Қабанбай жақсы көретін інілерінің қайсысына кезек берсем екен
деп, сəл ойланып қалған. Бірақ дəл осы кезде Төртуылдың бас батыры
Баймұрат əлгілердің алдын орап, көлденеңдеп тұра қалды.
Баймұрат кезінде жекпе-жектің хас шебері атанып, даңқы ерте шыққан
батыр болса да, өз басы анау-мынауға желп етпейтін, өте байсалды кісітұғын. Кейінгі кезде жеке сайысқа да көп сұғынбай, ал қаптама ұрыста
қабыландай қайрат көрсетіп, қалың қолға жол ашып отыратын-ды. Сол
Баймұрат бүгін төтенше мінез танытып, ортаға шықты да:
— Амал жоқ, жігіттер, бұл жолы кезекті маған бересіңдер! — деді
жаңағы үшеуіне күле қарап. — Ауыл өздеріңдікі ғой... Мен де өзімді
соңына сақтап жүр едім. Қабекеңнің туған жерінде маған да бір сыбаға
тиетін шығар?!
Сөз тапқанға қолқа жоқ. Қаракерейдің үш батыры ата баласы —
Төртуыл батырына жол берді. Батырлар арасындағы бəсекенің ойда жоқта
оп-оңай шешілгеніне Қабанбай да разы еді.
— Жолың болсын, Баймұрат батыр! Расындада, бұл жолы кезек сенікі...
Бұқа бабаңның аруағы қолдап, жауынды жайратып қайт! — деді шын
ықыласымен.
Осы сөздің ауыздан шығуы мүңекең Баймұратта астындағы Нарқызылға
қамшыны басып жіберіп, айқас аланына құйғыта жөнелді. Аты белгілі егде
батырлар сайысқа шыққанда алдымен жөн сұрасып, реті келсе
қарсыласына ащы-ащы сөздер айтып, аруақ шақырып, арқа қоздырып
алатын əдеті ғой. Мұндайда тауып айтылған бір сөз мірдің отынан кем
болмайды. Арттағы қалың қолдың да намысына тиіп, жігерін қоздыратын
— осы сөздер... Қалмақ батырының денесі домбай болғанымен, даусы
жағымсыз, шіңкілдеген неме екен:
— Ал жөніңді айт!.. Кімсің сен? Тал түсте ел шауып, бүлік бастап
жүрген қай бұзақысың? — деп қасына жақындаған Баймұратқа бірден
дүрсе қоя берді.
— Ата жұртын азат етуге кімдердің келе жатқанын естімей, білмей
отырған шығарсың жаманнан қатты?! — деді Баймұрат астындағы атын
көкке шапшыта, тізгінін зорға тежеп. — Осы қазір жаныңды алатын
əзірейіл — атақты Бұқа батырдың немересі — Баймұрат батыр мен болам!
Осы жердің қожасы, қазақ қолын бастап келе жатқан əйгілі Қабанбай батыр
əне тұр... Ал енді жұрт тақалған күшіктей шəуілдеген өзің кімсің?
Қабанбай атын естігенде қалмақ батыры айтар сөзінен жаңылғандай, сəл
мүдіріп қалды.
— Мен бе? Мен — баяғы Өлжежырғал ноянның немересі — МөңкеЖырғалмын!— деді даусын барынша айбынды шығаруға тырысып. —
Қабанбайда атамның құны бар еді. Жақсы болды ғой... Ендеше маған сол
қолбасыларыңның өзі шықсын!
— Ойдойт дегенің!.. Дəмесін қарай гөр! — Баймұрат маңайды басына
көтере қарқ-қарқ күлді. — Сен, бəлкім, жекпе-жекке Абылай ханды
шақыратын шығарсың?! Қабанбай сен сияқтыларға қолын былғамайды.
Алдымен мына мені жеңіп ал! Егер басқамызды баудай түсіріп, шақ
келтірмей бара жатсаң Қабанбай да қарап тұрмас. Кəне, сайысқа шығасын
ба? Жоқ əлде осылай мылжыңдасып тұрамыз ба? — Баймұрат соны айтып
атының басын бұрды да, межелі жерге қарай шаба жөнелді.
Қалмақ батырының жанағы сөзін анық естіген Қабанбай өз құлағына өзі
сенбей, таңданып тұр. «Мынау, шынында баяғы Өлжежырғалдың немересі
ме екен? Иə, солай болуы да мүмкін-ау! — деп ойлады іштей есепке көшіп.
— Өтіп бара жатқан заман... Өлжені өлтіргенде Қабанбай он алты жаста
еді. Содан бері де, мінеки, аттай қырық жыл өтіпті. Айтпақшы, сол жылы
оның бір ұлы қайнына аттанғалы жатыр емес пе еді... Тіпті сонда туған
бала да қырыққа келіп қалыпты-ау! — деді басын шайқап. — Бəрінен де
бұл құдайдың шеберлігін айтпайсың ба?! Барлық тауда Өлженің өлімінен
басталған қанды кек қырық жылдан кейін айналып келіп, оның немересінің
қанымен аяқталса, тағдырдың бұл да бір хикметі шығар?!»
Қабанбайдың ойын кенет жер жаңғырта көтерілген айғай-ұран бөліп
жіберді.
— Абылай-Абылай!
— Қабанбай-Қабанбай!!
— Баймұрат-Баймұрат!!!
— Түйреп таста атана нəлетті! — дескен дауыстар құлақ тұндырады.
Ұрыс аланында айқас қызып жатыр еді. Баймұрат пен Мөңке-Жырғал
екі-үш дүркін найза сілтесіп өтті. Қабанбай Төртуыл батырының қалт
жібермес кəнігі шеберлігіне разы боп, сүйсіне қарап тұр. Баймұраттың жай
күндегі мінезі сондай ауыр болғанмен, шайқастағы қимылы шалт, көз
ілеспейді. Қайратының қапталдығы, машығының молдығы бірден
аңғарылған. Қалмақ батыры қара терге түсіп, əр жолы көктен төнген көк
сүңгіге əрең легенде тосқауыл қойып жүр. Бір рет Баймұраттың найзасы
төс сүйектің тұсынан ілініп те қалып еді, Мөңкенің аты оқыс жалт беріп,
иесін бір қатерден сақтап қалды.
Əлде төртінші, əлде бесінші реткі сұрапыл соққыдан қалмақтың
қолындағы болат қалқан тұтқасынан үзіліп, сонадай жерге ұшып кетті.
Жекпе-жекте қалқансыз қалу анық ажалға бас қоюмен бірдей. Ұрыс
тамашасына берілген жұрт Баймұрат енді найзаны қай тұстан қадар екен
деп, соны күтіп тұрған. Қалқансыз қалған Мөңке-Жырғал да қолындағы
найзасын онды-солды сермеп жанталасты. Алайда Баймұрат бұл жолы
елдің есіне келмеген мүлде тосын тəсіл қолданды. Ердің алдыңғы
қапталында «барып кел» аталатын шоқпары жүруші еді. Бұл — екі
құлаштай шынжыр бауы бар, бір ұшы ердің алдыңғы шеттігіне бекітілген,
аумағы кіші-гірім құмандай домалақ шойын... Екпіндеп шауып келе жатқан
беті «барып келді» ілгегінен ағытып алды да, найзаның өтінен қалай
жалтарудың амалын таппай жанталасқан Мөңке-Жырғалды тұсынан өте
бере дулығалы бастан көздеп тұрып, бар пəрменімен періп кеп жіберді.
Сол күйі артына қарамастан, ағындап өте берген. Өйткені мұндай
соққыдан ешкімнің сау қалмасына, қалмақ батырының қазір-ақ ат үстінен
кескен теректей қопарыла құлап түсеріне сенімі кəміл еді. МөңкеЖырғалдың жусанды далада шаң қауып жатқанын ол едəуір ұзап барып,
артына қайрылғанда ғана көрді.
Манадан осыны күтіп тұрғандай, дүрбіттер де атының басын шығысқа
қарай бұра берген. Олардың соңынан қазақ жасағы да лап қойды. Ең алда
алдаспандары күн нұрына шағылған сақа сарбаздар, олардан сəл кейінірек
садақшы жас мергендер кетіп барады. Атқа жеңіл, қимылы ширақ
жастардың көзге түсетін кезі де, міне, осы тұс.
Əлі, Мүней, Мырзатай, Назым төртеуі бүгін де жұп жазбай, қатар шауып
келе жатқан. Ұзаса жүз, жүз елу қадам жердегі жау əскерін ту сыртынан
санап ату — жастарға бір түрлі қызық, əрі мергендігіңді сынауға
таптырмайтын нысана. Қазақтар секілді дүрбіттердің де сауыт кигені
некен-саяқ. Көпшілігі — киіз тұтқырлы, не желең шапанды бейбақтар. Көк
желкеден кездей тартылған садақ оғына оп-оңай жем болады. Қозы
жауырын, не сауыт бұзар жебелердің ысқыра зулай ұшып, жауырын ортаға
қалай барып қадалғаны, жаңа ғана далаңдап шауып бара жатқан салт
аттының екі етегі жайылып, аттан қалай ұшып түскені, не үзенгіде
сүйретіліп бара жатқаны бəрі-бəрі көз алдыңда өтіп жатады. Мынаған обал
болды-ау деп ойлауға мұрша жоқ. Өйткені соғыстың заңы солай. Сен оны
өлтірмесең, ол сені өлтіреді.
Бұлар қашқан дүрбіттерді Еміл мен Шағантоғай аңғарын өрлете,
Барлықты бауырлата қуып, түстік жерге барғанда тізгін тартты. Қарулы
шеріктің құтылып кеткендері тым аз. Көпшілігі қылыш пен жебеге жем
болып, қазақ жерінде қансырап қалып қойды. Қуғыншылар күн бата жер
қайысқан көп малды алдарына салып, табыспен оралды. Олжаға түскен
қыз-қатын, бала-шаға да баршылық.
Тақа бір асырауға көнбейтін тағысы, не ақсүйек бекзадасы болмаса,
былайғы қалмақтар қазаққа тұтқын болуды бəлендей жан шошырлық нəрсе
деп ойламайтын. Өйткені қазақта құл базары жоқ. Тұтқындар құлдыққа
сатылмайды. Айдау, қинау, қамау, қапас азабын да тартпайды. Қазақ
қауымында олжаға түскен адамдар ерікті. Ұрыста қолға түскен ересек
адамдар, егер өзі қаласа, тұтқын айырбастаған кезде еліне қайтады да,
шабындыдан түскен бала-шағаны қазақтар өз бауырына салып, ұлын-ұл,
қызын-қыз етеді. Ал жас əйелдер осындағы ер-азаматтың заңды зайыбына
айналады. Олжаға түскен қыз-келіншекке таңдау берілгенде: «мен
пəленшекеңе тием!» деп кергитінін қайтерсің!.. Қазақтың кең қолтық
мінезінен туған бұл дəстүр мынау байтақ далада халық санын кемітпеудің,
жаугершілікте селдіреп қалған ұрпақтың орнын толтырудың басты бір
амалы еді.
Қалың қол сеп жайып, Емілдің төменгі сағасы мен Алакөл жағалауын,
Барлықтың батыс сілемін түгел сүзіп шықты. Жан-жаққа аттанған
шолғыншылар бұл төңіректе тірі қалмақтың қалмағанын, тайлы-таяғына
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 28
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.