Latin Common Turkic

Дарабоз - 10

Total number of words is 4131
Total number of unique words is 2380
34.5 of words are in the 2000 most common words
49.1 of words are in the 5000 most common words
56.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
əкеміз Үйзер-хошы деген кісі Еділ бойынан көшіп келіп, Халдан Цереннің
қарындасына үйленгеннен кейін ғана соғыс ісіне араласа бастады. 1723
жылы біздің жоңғар əскері қазақ жеріне басып кіргенде, мына мен жеті
жаста, ал менің інім Əмірсана небəрі бір жастағы бала болатынбыз.
Осыдан-ақ байқап отырсыздар, екі елдің арасын егер қылған өткендегі
қырғын соғыстарға біздің титтей араласымыз жоқ.
Банжыр осылайша кілең қонақтарының көңілінен шығатын жағымды
сөздер айтып отырды. Соған қарап, бұл батыл қадамның жайдан-жай
жасалмағанын, мұның бір ұшы сонау Орқашар тауын жайлаған
Əмірсанамен жалғасып жатқанын аңғару қиын емес еді. Əйтеуір, Жоңғар
ордасының дəл қазір қақ жарылып тұрғаны, таяу мезгілде тақ үшін тағы бір
шайқас басталатыны, сол кезде кейбір нояндардың қазақ хандығын арқа
сүйеу еткісі келетіні бесенеден белгілі еді.
Үй иесінің он үш-он төрттерге келіп қалған Мүней атты ерке қызы бар
екен. Балаларының үлкені, суының тұнығы. Бозбалаша киініп, бес қаруын
асынып, күні бойы аттан түспейтін көрінеді. Қонақтардан жасқанбай, үйге
еркін кіріп-шығып жүр. Тал шыбықтай майысқан жасөспірім қыз толыса
келе хаса сұлудың өзі болып шығарында күмəн жоқ.
— Біздің көгенбасы үлкеніміз, — деді Банжыр қызы далаға шығып
кеткен кезде. Сонан соң төрде, əкесіне таяу жайғасқан бозбала Əліге
күлімдей қарап отырды да, Қабанбайға бұрылып. — Біздің тұңғышымыз
сіздің кенжеңізге тұстас келеді екен. Ежелден төскейде малы, төсекте басы
қосылған елміз ғой, егер қалың малына шыдасаңыздар, құдалықтан да
қашпаймыз, — деп қарқылдап күлді.
Бұл сөзге қонақтар да разы болысып, дуылдасып қалды. Сірə, Мүней
қызды бір көргеннен ұнатып қалған ба, мұндай құдалыққа Əлінің өзі де
кетəрі емес сияқты, екі беті бал-бұл жанып, үлкендер не айтар екен
дегендей, əкесінің аузына қарап қалыпты.
— Несі бар, біздің қазақ кейде қалмақтың хандары мен нояндарынан
зардап шексе де, қыздарынан еш жамандық көрген жоқ, — деді Қабанбай.
— Қалмақ қызынан өсіп-өніп, ұрпақ жайған қазақ аз емес. Кешегі ұлы
ханымыз Əз-Тəуке де Жəңгір ханның қалмақ əйелінен туған. Бүгінгі бас
иеміз Абылай да қалмақ ханшасын құшып отыр... Дəм-тұзымыз жарасып
жатса, ата жолынан біз де қашпаймыз, құрметті тəйжі!
— Ой, бəрекелді! «Судың алдын шым бөгейді, даудың алдын қыз
бөгейді» дейді біздің қазақ — Болашақ татулыққа балаларымыз дəнекер
боп жатса, оған жететін не бар?! — деді Төбет би де оны қостап.
— «Жақсы сөз — жарым ырыс» дейді ғой. Қудай сол тілекке жеткізсін,
— деді арадағы əңгімеге мейірлене түскен Банжыр. — Осы мен бір нəрсені
түсінбеймін. Біреуінің желкесінде Қытай айдаһары, екіншісінің желкесінде
Ақ патшадай арыстан төніп тұрғанда, өзара жауласатындай осы біздің қазақ
пен қалмаққа не жетпей барады? Бір-бірімізді қанға бөктіріп, қыспаққа
алғанда не ұшпаққа шығамыз? Одан да ауыз бірлікке келіп, елдігімізді,
күшімізді сақтағанымыз жөн емес пе? Қырық жылғы кегімізді қуа бермей,
тіл табысатын, татуласатын мезгіл жеткен жоқ па? Осыған сіз қалай
қарайсыз, Қабанбай батыр?
Қабанбай алдындағы қымыздан бірер жұтып, сəл ойланып отырды да,
көсіле сөйлеп кетті.
— Сөзіңді бекер демеймін, құрметті тəйжі. Қазақ-қалмақ киіз
туырлықты, ағаш уықты, өмір бойы қатар көшіп-қонған ел едік. Кейде
шабыстық, кейде табыстық. Төрт ойрат Қытай мен Халқадан ығысып,
батысқа қоныс аударғанда, алдымен көшкен дүрбіт пен торғауыт қазақтың
қолтығына кіріп, біраз жыл сайыпқыран Тəуекел ханның құзырына
бағынды. Кейін қалың торғауыт, жаңа өзің айтқандай, кең қоныс іздеп
Еділге көшті. Аяғына тұсау, жолына бөгет болғамыз жоқ Арада көп жылдар
өткенде, хойттар мен торғауыттың тең жарымы Жоңғарияға қайта жөңкілді.
Оған да кесе-көлденең тұрмадық... Сөйтсек, ойрат ордасы қазаққа қай
жағынан тиісерін білмей орағытып жүр екен ғой, — деп аз-кем тыныстады.
— Жаңа бір сөзіңде өз əулетіңнің қазаққа қарсы жорыққа қатыспағанын
еске салдың. Бəлкім, солай да шығар. Бірақ есінде болсын, тегінде бəле
бастап, соғыс ашқан — Қазақ хандығы емес, Ойрат ордасы... Ал маған
келетін болсақ, əкем Қожақұл да, арғы атам Мəмбет батыр да қалмақ
қолынан қаза тапты. Туған ағам Есенбайды жиырмаға шығар-шықпасында
дүрбіттер өлтіріп кетті. Жалғыз мен емес, осындағы азаматтардың ішінде
жоңғар шапқыншылығынан зардап шекпеген, от басы аман отырған бірі
жоқ. Осыдан-ақ біле бер — кімнің кегі кімге кетіп жатқанын...
— Бірақ, құрметті сардар, осы күнге дейін соның есесін он есе, жүз есе
ғып қайтарған боларсыз? Қазір бұл елде Қабанбай батыр келе жатыр десе,
жылаған бала уанады. — деді Банжыр оның сөзін бөліп.
— Артық айтып отырсың, тəйжі! — деді Қабанбай сəл-пəл шытынып. —
Өйтіп үрей туғызатындай, əзірге ойрат еліне ойран салған жерім жоқ. Керек
десең, туған жерім Тоқта-Барлықты бүгінге дейін дүрбіттер жайлап отыр.
Судың да сұрауы бар, төрелігін өзің-ақ айтшы, осының бəрін жоқтамай,
тектемей, қазақ қалай тыным табады? Бізге ешкімнің бір сабақ жібінің
қажеті жоқ, тек өз жерімізді қайтарып алсақ болғаны!
Банжыр затында алды-артын ойлай білетін аңғарлы, ақылды жігіт
секілді. Жүйелі сөзге таласпай, жығылған түр байқатты.
— Айтқан сөзіңізде қапы жоқ, Қабанбай батыр. «Біреуге ор қазба, ор
қазсаң терең қазба — өзің түсесің» деп мен де ағайындарыма үнемі айтып
жүрем. Бірақ бізді кім тыңдап жатыр? Сіздерде қалай екен, бізде хан
ордасында отырғандар дүниедегі ең ақылды адам өзіміз деп ойлайды, —
деп сөз аяғын əзілге айналдырды.
— Ұлыс бегі Əмірсана ноянға менен сəлем айт, — деді Қабанбай əлі де
сабасына түсе қоймай. — Еліне бейбіт береке тілеп, бізбен тату тұрғысы
келсе, əр кезде қолдан кеткен қазақ жерін түгел қайтарсын. Өздігінен
қайтармайды екен, алда бір ұлы шайқастың күтіп тұрғаны анық. Бүгін,
міне, сіз бен біз ойнап-күліп, бір дастарқаннан дəм татып отырмыз. Ертең
екеуіміз қан майданда жекпе-жекке шықпасымызға кім кепіл? Кімнің басы
кімнің қанжығасында кетерін Алла білер, əйтеуір, ақ найзаға кезек тиген
соң, аянып қалмасымыз хақ, — деп ұзын мойын Банжырдың ой түсіп
тұрған шұрқылтайына бір қарап қойды. — Зорлық жүрген жерде адалдық,
достық адыра қалады. Жаңа айттым ғой: бейбіт бітімге келудің бір ғана
жолы бар. Ол — басып алған қазақ жерін қарымтасыз қайтару.
Үй иесі сөзге шалымды, өте сезімтал жігіт екен. Қонақтар мен екі арада
əлдебір салқындық орнай қалғанын аңғарды да, тез ойнақы қалыпқа көшіп:
— Бұрқынның өзі сақтасын, соғыспен қорқытпаңызшы кісіні! Қаны
тасыған өзге қалмақтар не істесе де өзі білсін.
Ал өз басым Қабанбай батырға қарсы жекпе-жекке шығатындай,
жанымды тастай алмай жүргем жоқ! — деп өзі де күліп, жұртты да күлкіге
қарық қылды.
Осыдан кейін екі жақ та аңдысқан ресми сөздерге көп барысқан жоқ.
Сол күні түстен кейін қонақтар қалмақ жігіттерінің ат үсті ойындарын
тамашалады. Қазақ жігіттері теңге ату жарысына қатысқан. Абырой
болғанда, елу қадам жердегі сырықтың басынан күміс теңгені атып түсіріп,
бас бəйгені Баймұрат батыр жеңіп алды...
Ертеңінде қонақтар үй иесінен рұқсат сұрап, қайтудың қамына кіріскен.
Банжырдың күні бұрын əзірлеген сый-сыяпаты бар екен. Қалмақ жылқысы
шетінен қара бола ма, қалай, дəл аттанарда Қабанбайға сүліктей қара жорға
ат мінгізіп, атан түйе жетелетті. Қалған ақсақалдар мен басты батырларды
да құр қоймай, оларға да бір-бірден сəйгүлік тарту етті.
Сөйтіп, қазақтар өздерінің аңдысқан ата жауы қалмақ ауылында қонақ
болып, көп сый-сыяпат көріп, олжамен оралған-ды. Бұл, шын мəнінде,
үлкен бір жорықта жауды ойсырата жеңіп қайтқанмен пара-пар еді. Жоқ,
тіпті маңызы жағынан одан да жоғары деуге болады. Майдандағыдай қан
төгіп, құрбандық берген ешкім жоқ. Қас дұшпанды айбынымен ықтырып,
мысымен басты деген осы емес пе?! Осыдан артық не керек бұл елге?
Жалғыз Қабанбай ғана емес, оған ілескен жас батырлардың да мерейі өсіп,
еңсесі көтеріліп-ақ қалған... Тек ойда-жоқта Арқа жақтан жеткен жайсыз
хабар қолбасының тасыған көңілін су сепкендей басып тастады.
Бүгін түс əлетінде Тор жайлауда отырған Қабанбай ауылына бір топ
адаммен, сонау Ақшатаудағы Қызайдың бас батыры Есенгелді келіп
түскен-ді. Солар алғашқы аман-сəлемнен кейін, қымыз ішіп отырғанда,
Арқадағы елдің жай-күйін баяндай келіп, бұл манай əлі құлақтана
қоймаған тосын хабар айтты. Осыдан біраз күн бұрын Барақ сұлтан Кіші
жүздің ханы Əбілқайырды өлтіріп кетіпті.
— Өлтіргені қалай?! Не айтып отырсың өзің?! — Қабанбай күтпеген
суық хабарға селт етіп, шошына қараған.
Есенгелді де бұл оқиғаны анық өз көзімен көрмеген. Осылай қарай
жүргелі отырғанда, Ұлытау жақтан келген жолаушылардан естіпті. Қан
төгістің нақты қалай болғанын ол да тəптіштеп айтып бере алмады.
— Əсілі, жамандық жатпайды ғой. Əзірше ұзын құлақтың жеткізгені
осы, — деді ол екі ұштылау жауап беріп. — Əйтсе де, Əбілқайырдың қаза
тапқаны рас сияқты. Жұрттың айтуынша, Торғай мен Ырғыз өзенінің
аралығында үлкен қақтығыс болған. Əбілқайыр хан Қарақалпақ көшін
шапқалы келе жатқанда, Барақ сұлтан ара түсе ме, əлде Барақ сұлтан
бастап бара жатқан көштің соңынан Əбілқайыр қуып жете ме, əйтеуір,
екеуі көш жөнекей кездеседі. Өзіңіз білесіз, бұлар бір-біріне бұрыннан тісін
басып жүрген жандар ғой. Сол арада қақтығыс болып, Барақ сұлтан жекпежекте Əбілқайыр ханды шауып өлтірген.
— Сұмдық қой буұл!.. Қазаққа ендігі жетпегені осы еді! — Қабанбай
аузына басқа сөз түспей, үнсіз түнеріп отырып қалды.
Тұла бойын ыза ма, өкініш пе, жіп тағуға болмайтын қат-қабат сезімдер
билеп алған. Сонымен бірге шарасыздық та бар еді. Оның жанына батып,
күйзелткен нəрсе — əрі-беріден соң, Əбілқайыр ханның мезгілсіз мерт
болуы да емес, үш жүздің басын енді құраймыз ба деп жүргенде, ел ішінің
қайта бүлінгені, тағы бір өнімсіз даудың басталғаны еді.
Əбілқайыр мен Барақ арасының барған сайын шиеленісіп, бітіспес
өштікке айналып бара жатқанын осы жұрттың бəрі білетін. Алайда араздық
түбі бұлайша өліммен тынар деп ешкім де ойлаған емес-ті. О заманда, бұ
заман, бұл елде ағайынды өкпеге қиса да өлімге қиған бар ма еді?! Қазақ
қазақ болғалы ата жаумен айқаста, қан майданда басын берген ержүрек
хандар аз емес. Бірақ бұрынды-сонды өз ханының басын өзі алған жайт
болмаған. Мұндай қатыгездік — діні жат, тілі жат, тақ үшін туған əкесін де
аямайтын кəпір қауымына тана тəн болып есептелетін. Ханнан қадір, елден
береке кетті деген осы, əрине.
Барақ пен Əбілқайыр, басқа уақыт құрып қалғандай, тап мына ұлы
аттаныстың алдында қылыш суырысқанын көрмейсің бе?! Жоңғар ордасы
іштей іріп, қырқысып жатыр деп, соның əлсірегенін күтіп отырғанда, қас
қылғандай, мына хан-сұлтандардың ел ішін тағы да ала-тайдай бүлдіргенін
қарашы! Мұнын арты жақсылыққа соқпайтыны белгілі. Өз хандары қанға
боялып жатқанда, Кіші жүз шонжарлары қандай əуенге басарын құдай
білсін. Үйіне жеткен бөрідей азуларын айға білеп жүрген Нұралы мен
Ералы сұлтандар əкелерінің құнын жоқтамай, үнсіз қалар деймісің?! Қанға
— қан, жанға — жан деп, Барақтың соңына түсуі де мүмкін-ау! Өзінің
қарауындағы ханы, құзырындағы құлы Əбілқайырдың қазасына Ақ патша
да ара түспей, сұрау салмай қарап отырмас. Осының бəрін есепке алғанда,
ел ішінде тағы бір жазылмас жара, бітпес пəле басталды дей бер...
«Қара жер хабар бермесін» дейді ғой мұндайда. Шындығына келсе,
Қабанбай əу бастан-ақ Əбілқайырды ұнатпайтын. Бұл дегенде оның да ішібауыры елжіреп тұрғаны шамалы еді. Екеуі өмір бойы салқын сəлемнен
арыға барған емес. Ақтабаннан кейін қазақ хандарының арасында еті тірісі,
əрі соғыс өнеріне икемдісі сол болды да, Əбілқайыр біраз жыл қазақ
əскеріне қолбасы боп жүрді. Бірнеше ұрыста ханның қарамағында соғысуға
тура келді. Сонда бір байқағаны: Əбілқайыр өзінің хан тұқымы, ақсүйек
екенін бір сəт ұмытпайтын, қарадан шыққан батырларға асқақтап
жоғарыдан қарайтын, мінезі ұйтқымалы, қытымыр адам сияқты көрінген.
Оның жатса-тұрса ойлайтыны — қазақ жерін жау қолынан босату емес, əл
үстінде жатқан Болаттын орнын басып, үш жүзге хан болу десіп жүрді білетіндер. Шұбаркөл, Бұланты бойындағы, Балқаш жағасындағы алғашқы
жеңістен кейін, ол тіпті бұрынғыдан да мейманасы тасып, əспенсіп кеткен.
Ал, шындығына келгенде, бұл жеңістер — Əбілқайырдың енбегі емес,
кемерінен асып буырқанған халық кегінің қарымтасы, сол халықты
соңдарынан ерте білген батырлар еңбегінің жемісі еді. Қабанбай өзін
айтпай-ақ қойсын, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жəнібек, Жасыбай,
Малайсары, Саңырақ, Баян, Тайлақ батырлардың даңқы сол кезде
көтерілген. Бірақ Əбілқайыр соның бəрін бір өзі иемденгісі келді. Ол
Əбілмəмбет пен Барақ сұлтандарға да отандасым, қандас бауырым деп
емес, хан тағына барар жолдағы қарсыласым, бақталасым деп қарады.
Сұлтандар мен батырларды бір-біріне айдап салып, араға жік түсіріп, содан
өзі пайда көрмекші де болды-ау!
Ең бастысы, ханның іші шынашақ айналмайтын тым тар еді. 1730
жылғы Аңырақай шайқасында он сегіз жасар Əбілмансұр жекпе-жекте
қалмақ ханзадасы Шарыштың басын алып, «Абылайлап» жауға шапқанда,
белгісіз балаң жігітке жұрт назары бірден аударылған. Əбілмансұр осыдан
кейін-ақ Абылай атанып, оның ерлігі көпке дейін сөз болып жүрді. Не үшін
екен, жас сұлтанның асқан ерлігін тек қолбасы Əбілқайыр ғана
жақтырмады. Батырлар бас қосқан бір жиында Абылай есімін ататқызбай:
— Пай-пай, жігіттер-ай, алдындағы атан түйені көрмей, артында
шашылып қалған құмалағын көреді екенсіңдер. Ата-бабаларың өмірі жауға
шаппағандай, атын шығарғалы жүрген қайдағы бір өлерменнің ісін сонша
мадақтағандарың не? — деп өлердей кейігені есінде.
Батырлар арасында Əбілқайыр тек өзінің қарындасын алған күйеуі
Шақшақ Жəнібекті ғана бауырына тартып, оны көпе-көрінеу Орта жүз
қолынан бөліп əкетті десе де болады. Аттаныс, не қорғаныс алдындағы
кеңесте ұрыстың амал-айласы сөз болғанда, ол өз сөзінен басқаға құлақ аса
қоймайтын. Жауды алдарқатып қақпанға түсіру, қос бүйірден қысу, ойдажоқта көк желкеден соғу сияқты сыннан өткен ежелгі тəсілдердің талайы
оның тұсында іске қосылмай қалды. Сол үшін Қабанбайдың да,
Қанжығалы Бөгенбайдың да қолбасымен талай рет түс шайысып қалғаны
бар. Қызу қанды Малайсары батыр бір жолы оны қылышпен турап тастай
жаздап, қасындағы серіктері қамалап зорға ұстап қалған... Əбілқайырдың
осы қылықтары айналасы бірер жылдың ішінде-ақ қазақтың іліп алар игі
жақсыларын түгел түңілдіріп болған-ды. Оның енді бұдан ары əскер
басында қалу-қалмауы екіталай еді. Əбілқайыр да, басқалар да науқасы
созылыңқырап кеткен Болат ханның беті қалай қарарын күтіп жүрген.
Болаттың өлімі күлкілдеген талай бітеу жараның бетін ашты.
Сол жылы күзде босап қалған Үш жүздің ұлы тағына жаңадан хан
сайланды. Шарға түскен адам үшеу еді. Біреуі — Əз-Тəукенің немересі,
Болаттың үлкен ұлы Əбілмəмбет те, екіншісі — Болаттың інісі, Орта жүз
ханы Сəмеке, Үшіншісі — Кіші жүз ханы, əрі бас қолбасы Əбілқайыр.
Былайғы жұрттың көбі-ақ Ұлы хан осы жолы Əбілқайыр болады десіп
жүрген. Бірақ хан сайлауы кезінде билер мен ақсақалдар ақылдасып
қойғандай, бір ауыздан Əбілмəмбет жағына шығып кетті.... Сондағы
Əбілқайырдың тұлан тұтып тулағанын көрсең! Көп кешікпей-ақ оның қазақ
жерін жаудан азат ету үшін емес, тек хан тағына бола соғысып жүргені
əшкере болды. Мені Ұлы ордаға хан көтермедіңдер деп өкпелеп,
Алакөлдегі айқастың соңын күтпестен, Кіші жүз жасағын соңынан ертті де,
ұрыс даласын тастап жүре берді. Оның соңынан көп кешікпей Шақшақ
Жəнібек кетті бөлініп. Сəмеке ханның ішіне де қызғаныш құрты түсті....
Егер сол жолы қазақ қолы бытырамай, жоңғарға қарсы шабуылды үдете
бергенде, қазақ жері жаудан əлдеқашан азат болар ма еді, қайтер еді.
Олай дейтіні; дəл сол жылдары Цеван Ребдан өліп, күндес қатыннан
туған екі ұл — Халдан Церен мен Шуно Доба таққа таласып, ойрат
ордасынан береке кетіп тұрған-ды. Оның үстіне шығыстан Қытайдың
кезекті бір шабуылы басталып, екі оттың арасында қалған жоңғардың
негізгі күші сол жақта жүр еді... Амал не, құдайдың өзі қисынын келтіріп
тұрған мүмкіндікті біздің қазақ пайдалана алмады. Ала ауыздықтың
қырсығынан, қолда тұрған жеңіс қызыл түлкідей бұлаңдап, қыр асты да
жүре берді. Əбілқайырды жек көргенде, Қабанбай оның басқа ұсақ-түйек
мінездерін емес, тап сол жолғы опасыздығын кешірмейді.
Əбілқайыр содан бері шығыс аймаққа ат ізін салып, жоңғарға қарсы
бірде-бір ұрысқа қатысқан жоқ. Ырғыз бойына барды да, тым-тырыс жатып
алды. Жоқ, тыныш жатпапты. Өз туыстарынан өш алып, есе қайтару үшін,
алыстағы Ақ патшаға хат жазып, қарауындағы қарашы халқымен бірге
орысқа бодан болатынын білдіріпті. Ашу үстінде азат басын құлдық
ноқтасына қалай сұғып алғанын өзі де аңғармай қалса керек. Ресейдің де
аңдығаны осы ма, кім білсін, кешікпей Петрбордан бір шоқынған башқұрт
келіп, Əбілқайырға да ант ішкізіп, шоқындырыпты десіп жүрді білетіндер.
Бұл елдің Əбілқайырды көрмегеніне қанша жыл болды өзі? Тіпті өңітүсін де ұмыта бастапты-ау... Соңғы рет Қабанбай оны Сəмеке ханның
жаназасында көрген. Одан бері де он бес жылдың жүзі болыпты-ау.
Əбілқайырдың онда жасы қырыққа жаңа ілінген, сақал-шашына қылау
түспеген, ақборықтай əдемі кезі еді. Кейін көргендер тым ерте баршындап,
қартайып кетіпті десіп жүрді. Бəлкім, солай да шығар. Біреудің құзырына
құл болып бағыну, патша əкімдерінің көңілін қалай табам деп жалбақтау,
балаларын алма-кезек аманатқа беру оңай дейсің бе? Соңғы жылдары кілең
екі оттың ортасында, ұстараның жүзінде өмір сүрді ғой марқұм. Онымен
бірге адасып опық жегендер, арт жақта лағынет айтып, қарғыс
жаудырғандар қаншама!
Ақ патшаның күшімен Үш жүзді өзіне қаратып, Ұлы ордаға хан болғысы
келіп еді, қазақтың басын қосқысы келмеген қожалары ол ниетін
қолдамады. Орыстан от қару, үйретілген аңдыз əскер алып, соның
құдіретімен жоңғарды түре қуып, қазақ-қалмақты таң қалдырмақ болып
еді, Ақ патша көшпелі бодан жұртқа сенбеді ме, от қарудың маңына
жолатпады. Ең соңында Еділ-Жайық екі өзеннің арасынан қоныс алып, тым
құрыса соңынан ерген рулардың өрісін кенейтпек болған: Жайықтың жаңа
қожалары жер бермек түгіл бекіністерінің маңынан да жүргізбеді. Не керек,
ылғи бір сағым қуып сандалумен, құсалықпен өтті ғой марқұмның бар
өмірі. Зайыры, патша əкімдері Əбілқайырдың «бодан болам» деген бір
жапырақ қағазын алып алған соң, оны керек те қылмай тастап қойды-ау
деймін... Соған қарағанда, байғұсты қан тартты ма, əлде жарық дүниеден
уаз кешіп, Барақтың қайқы қылышының астына өзі барып түсті ме, кім
білсін?!
Қалай болған күнде де, хан түбіне сұлтанның жетуі жақсылық емес. Рас,
Барақ та — хан тұқымы, кешегі Шығай ханның шөбересі. Бірақ бəрібір
қазаққа жат қылық, іштей іріп тозайын деген елдің кеспірі. Əбілқайырды —
терісінен туған жұттың жұлдызындай, құдай о баста қыңыр жүгіртіп еді,
ақыры ол да өз түбіне жетіп тынды. Бірақ жамандық, жаулық атаулы
осымен тына ма? Ол салған солақай соқпақ ертең-ақ шұбырынды жолға
айналып, бүгін ол киген құлдық ноқтасы ертең болашақ ұрпақтың басынан
түспей қойып жүрмей ме? Міне, бар гəп осында...
Қабанбайдың басында осындай сан алуан сұрақтар туындап, тығырыққа
тіреліп отырған бір тұста Есенгелді əдейілеп келген шаруасын айтты. Бұл
да — көңіл көншітерлік əңгіме емес, ағайын арасының мəңгі бітпейтін
ырың-жырыңы. Шыңғыстау, Ақшатау, Аягөз өңірінде иін тіресіп, үймелеп
отырған Қаракерейдің Мұрын, Сыбан тармағы мен Матай-Қызай арасында
биыл жаз жайлауда өріс-қонысқа таласқан қақтығыстар болыпты.
Қаракерей жағы Ырғыздан таяуда көшіп келген Тобықтыларға, құдажегжат ретінде, біраз қоныс кесіп беріп, оның есесіне көршілес отырған
Қызай ауылдарын шөміштен қысқан жайлары бар көрінеді. Содан, қашанда
ел берекесін ойлайтын Есенгелді ағайын арасын ушықтырмай, қызу қанды
Қызай жігіттеріне əсте-əсте басу айтып, əуелі сардардың алдынан өту үшін
осында əдейі келіпті... Қабанбай оның сөзін ширыға тыңдап отырды да:
— Жер дауы өpic тарлығынан туып отыр ма, əлде көңіл тарлығынан ба?
Көңіл сиса, Шыңғыс өңірінде қоныс деген жеткілікті емес пе? Бөгде болса
бір жөн, бір Төлегетайдың баласы өзара тіл табыса алмағандарың ба? Сол
елде Ақтамберді мен Боранбайдан, Құттыбай мен Еспембеттен асатын дау
бар ма еді? Олар қайда жүр? — деп Есенгелдіге ажырая қарады.
Қызай батыры қолбасының тым ашулы отырғанын сезіп, қипақтап
қалды. «Қап, Əбілқайыр туралы жайсыз хабардан кейін осы əңгімені бекер
бастадым-ау» деп өкінді ішінен.
— Олар бар ғой... Бəрі бар, — деді ол бұл жолы да жер жылжыса
жылжымайтын сырбаз мінезінен жаңылмай. — «Лұхман Хакімнің өз емі
өзіне ем болмапты» деген сөз бар. «Ит ұяласын қаппайды, қапса да тісі
батпайды» дегенді де осы ел тегін айтып жүрген жоқ. Ауылдағының аузы
сасық деп, өз ағайындары солардың айтқан уəжіне көнбей жүр-ау деймін...
Сонан соң, амал жоқ, «қашқанның да, қуғанның да сиынары — бір құдай»
деп, алдымен өзіңізге келіп отырмын, сардар аға!
Қабанбай ойланып қалды. Иə, осының бəрі тек көңіл тарлығынан емес,
қу жердің тапшылығынан. Руларды да атақоныстан айырып, мидай
былықтырған жаугершіліктің салдары. Бұрын Найманның Қаракерей,
Матай рулары Шыңғыстау өлкесін қалмақтан босатқан соң өздері жеке
иемденіп, еркін жайлап жатушы еді. Соңғы бес-алты жылдың көлемінде
аржағынан Тобықтылар келіп қол созды. Күшпен емес, əрине,
ағайыншылық жолымен. Бұл кезде Тобықтыда күш көрсетерлік қауқар жоқ
болатын. «Ақтабан шұбырынды» заманында Арқа жерін айнала көшіп,
қатты арып-тозған рудың бірі — осы Тобықтылар. Бұлар а дегенде Сыр
бойынан үркіп, Жайықтың жоғарғы ағысына, Ордың қарағашына дейін
барған-ды. Кейін Кіші жүз Ресейге қарап, Ор өзенінің бойына орыстар
қамал орната бастағанда, үріккен жылқыдай қайта серпіліп, Ырғыз бен
Торғай аралығына келіп қоныстанған. Бірақ бұл жер де оларға тұрақты
пана болмады. Қара тартып барған туысы, Жеті момынның бірі — Шақшақ
Жəнібектің де орысқа бет бұрғанын байқап, Тобықтының басшысы Мамай
батыр енді көш бұйдасын шығысқа қарай бұрып еді. Əлгі Тобықты
Қараменде бидің:
Басында Сырдан көшіп, Орға келдік,
Табан тиіп жүре алмай зорға келдік.
Құл алдында құрулы талқы деген,
Бұл жаққа баққа келмей, сорға келдік! —
дейтіні дəл осы кез.
Мамай батыр бастаған Тобықтының он шақты ауылы сол көшкеннен мол
көшіп, Көкен, Орда, Доғалаң тауларының бөктеріне келіп қоныстанған-ды.
Қазір де Уақ пен Найманның аралығында сынадай сығылысып отырған
жайы бар. Бірақ бұлар шағын да болса көп көшіп, ысылған ауылдар еді.
Мамай сияқты батыры, сұрыпталған сойдауыл азаматтары, Қараменде,
Кеңгірбай тəрізді еті тірі билері бар. Орда, Доғалаң маңына келісімен
іргелес отырған Найман руларымен қыз алысып, қыз берісіп, тез-ақ
араласып кеткен. Алыстан арып-ашып келген аз ауыл ағайынға бұдан басқа
ұтымды жолдың өзі де жоқ еді. Соңғы кезде Тобықтылар Көкен, Доғалаң
төңірегіндегі Уақ ауылдарымен сиыспай, түстікке қарай жылжып,
Шыңғыстауға бір табан жақындай түскен... Солардың дүмпуі енді, міне,
Матай мен Мұрын арасында жер таласын туғызып отыр.
Осы жайларды бір сəт оймен шолған Қабанбай жол-жораға жетік, жорға
тілді Есенгелдіге жан тарта жылып қарады. Қызай басшысының қайсы
біреулерше бар кінəны қарсы жаққа аудара салмай, «сөздерін тыңдата
алмай жүр, жер тапшылығын олар да көріп отыр» деп ағайынды арашалап,
көп түйіндерді астарлап, майдалап жеткізгеніне разы болды.
— Жарайды, оның да бір жөні табылар. Есіктен кіре сала төр менікі деп
жатса, Тобықтыға да тоқтау салып қоярмыз. Айтып отырғаның — ет пен
терінің арасындағы ұшық қой, құдай сəтін салса бір үшкіргеннен қалмас!
— деп көңілдене күлді. — Манағы айтқан хабарың шын болса, бүгін-ертең
Арқа жақтан шапқыншы келмес деймісің. Шамасы, сендер жаққа жол түсіп
тұр ма, қалай? Оған дейін осында бола тұрындар.
Айтқанындай-ақ, арада екі-үш күн өткенде, Абылай ордасынан жаушы
келді. Əр рудың атқа мінер ақсақалдары мен билерін ертіп, туар айдың
ортасында ордаға жетсін делінген. Шұғыл шақырылған кеңестің
Əбілқайыр-Барақ ісіне қатысты екені айтпаса да түсінікті. Айтылған
мерзімге əлі де айға жуық уақыт бар. Қабанбай қасына Есенгелдіні,
Төртуыл Төбет би мен Жұмық Тама батырды ертіп, ал Ақтамберді,
Боранбай, Еспембет бастаған Мұрын, Сыбан кісілерін жол-жөнекей қосып
алмақ болып, алыс сапарға аттанып кетті.
XI
Жол бойы бұлақ, бастау құр емес, қанатын жайып қатар қонған ауылдар.
Биыл көктемде Арқадан ауып, ұлы көшке ілескен қалың Бəйжігіт пен Тума,
Тоқпақ, Семізнайманы бар, Қаракерей əулеті жана қонысқа жапа-тармағай
жайғасқаны байқалады. Ақши мен Аягөздің басын сонау Өкпетіге дейін
Төртуылдар жайласа, Аягөздің орта ағысы мен Ақшатау, Шыңғыстау өңірін
Мұрын мен Сыбан, Матай мен Қызай алып жатыр еді. Қабанбай іштей
шүкірлік етті. Қырық жыл қырғын болса да, халық шіркін құрымай-ды екен
ғой. Аз жылда өртенге шыққан алшындай қайта қаулап, өсіп кетіпті. Түтін
саны ғана емес, жарықтық төрт түлік малдың да басы құралып қалған екен.
Осылай ел іргесі тыныш болып, аман-есен тұрса, түбі қара ағаштай қалын
Найман ен жайылған ежелгі қалпына қайта баратын түрі бар.
Қалың ел бас қолбасының жолын бөгеп, жүргізер емес. Бір малға бата
жасатқысы келетіндер, тым құрыса үйге түсіп, қымыз ішіп аттаныңыз
дейтіндер қаншама! Айтар алғыс, ықылас-пейілде шек жоқ. Қазақтың ұзын
құлағы Қабанбайдың əнегүнгі Банжыр ауылына барған сапарын əсірелей
дəріптеп, жалпақ елге жайып болған көрінеді: «Қабанбай отыз адаммен
барып-ақ, ойраттың тəубесін бойына түсіріпті. Қалмақ ханы қонаққа
шақырып, кешірім сұрапты. Аяғына жығылып, ат-шапан айып төлепті!»
деп гуілдескенде, киіз үйлердің түндігі желп-желп етеді.
Сонан кейін бір байқағаны: қазақтың кəрі-жасы алдағы аттанысты асыға
күтеді екен. Қалмақты шығысқа қарай түре қусақ-ау, сөйтіп, ел ырысы
Емілді, Тоқта мен Барлықты, алтынды Алтай мен Марқакел, Зайсанды
аман-есен көрсек-ау дегенде, көкіректері қарс айрылады. Сол күнге қашан
жетерін əрқайсысы қолбасының өз аузынан естігісі келеді...
Алдын тосып, шылбырына оралатын ағайын күндіз жүргізбейтін болған
соң, жүргіншілер енді кешкі салқынмен түнделете жортуды жөн көрген.
Осылайша араға үш қонып, төртінші күн дегенде, бұлар Ақшатауда
отырған Есенгелдінің ауылына келіп түсті. Кешелер жолда келе жатып-ақ,
көршілес отырған Мұрын мен Сыбанға, Төртуыл, Матайға кісі шаптырып,
алдағы сапардың да жайын хабарлап, ақсақал-билердің осында шұғыл
жиналуын бұйырған.
Қабанбайдың бұл рет жол бойындағы қалың Қаракерейді қақ жарып
өтіп, Қызай ауылына атбасын тіреуінде де үлкен мəн бар еді. Əсілі,
қазақтың өз ішіндегі дау-шарды тындырғаннан гөрі сыртқы жаумен
шайқасқан əлде-қайда жеңілірек. Өмір мен өлім белдескен қырғын соғыста,
əйтеуір, мəселенің басы ашық қой: не жеңесің, не жеңілесің. Адам тағдыры
ақ білектің күші, ақ найзаның ұшында, көз алдында көрінеу шешіліп
жатады... Ал өз ішіңдегі ағайынның көңілін табу, ел бірлігіне нұқсан
келтірмей əділет таразысын тең ұстау дегенің — жатқан бір қиямет. «Ауру
— астан, дау — қарындастан» дегенді бұл қазақ неге айтты дейсің?! Жеке
адамдар ғана емес, рулар мүддесі безбенге түсетін мұндай жағдайда іргелі,
жуан ауылдардың шамына тиіп өкпелетпеу, шəкене, шағын руларды шетке
қақпай, шөміштен қыспай, сыбағаны тең болу асқан білгірлікті, жітілікті
қажет етеді. Билік айту қиын емес-ау, біліп айту қиын. Мұндайда
Қабанбайдың талай рет сыннан өткізіп, көптен ұстанып жүрген өз жолы
бар. Ол — əлсізді демеу, жақын туыс пен алыс ағайын дауласып алдына
келсе, туыстан гөрі ағайынның жоғын жоқтау! Қанша қарманса да, таразы
басын тең ұстаудың бұдан басқа жолын таппаған.
Бас сардардың жол бойындағы елдің ешқайсысына тоқтамай, өз
ауылдарына келіп түсуі Есенгелді бастаған Қызай жігіттерінің еңсесін
көтеріп-ақ тастады. Қонақтарды арнайы тігілген ақ үйлерге түсіріп, сойыс
қамдап, қарбаласып жүр. Жоңғар шабуылы қазақтың талай руларын құтты
қонысынан айырып, қалыптасқан тіршілік қалпын бұзып, кіріптар, босқын
күйге түсірді ғой. Сондай арып-тозған елдің бірі — осы Қызайлар. Осылар
өздерінің бауыр басқан ежелгі ата мекендерінде жүрсе, бүйтіп өріс-қоныс
дауы туар ма еді? Əншейінде алыстан сыйласып, бал жаласып отырған
ағайынды бір-бірімен араз, ащы ететін де — жердің тапшылығы.
Əсілі, Матайдың Аталық атты бұтағынан тарайтын Қызайлар баяғы ел
іргесі тыныш кезде Алатау бөктеріндегі Ақсу, Қапал, Қаратал бойын алып
жатқан, бақарлы-шақарлы, өніп-өскен жұрт еді. Сол жерлерді жау қолында
қалдырып, ойда-жоқта босқындыққа ұшырап, көрінгенге кірме атанып
жүргені — соңғы отыз-қырық жылдың айналасы.
Жоңғар қақпасы арқылы Жетісуға ойрат қолы басып кіргенде, осы
Есенгелді жеті-сегіздегі бала екен. Жау əскері жақындап қалғанда, əкесі
Қудайназар батыр қалың елді мал-жан, бала-шағасымен Арқаға қарай
көшіріп жіберіп, өзі жүз жігітпен қалмақтардың жолын бөгей түру үшін
асуды күзетіп қалған көрінеді. Əйелі кішкентай екі ұлын бір атқа
міңгестіріп, көшпен бірге кете барады да, бойжеткен жалғыз қызы
Күлайым əкесін қиып кете алмай, тосқауыл топтың қасында қалады.
Күлайым атқан оғы жерге түспейтін асқан мерген екен. Қиын асудың
шығар аузына бекінген жүз жігіт қара құрым қалмақты екі күн бойы бері
өткізбей, арыстанша алысады. Жақын келгенін жебеге түйреп, алыста сай
табанында жүргендеріне тас домалатып, жау əскерін көп шығынға
ұшыратады. Ақыры оқтары таусылып, əбден титықтап қалжыраған кезде
ғана асуды қолдан беруге мəжбүр болады.
Ең аяныштысы — жаңағы жүз жігіттің бірде-бірі тірі қалмапты. Не бас
сауғалап қашпаған. Бəрі де туған жер, ата қоныстары үшін жан қиған...
Арада біраз уақыт өткенде, үріккен елден адамдар шығып, қалғандардың
хабарын білейік деп қайта оралғанда, шетінен жебеге түйреліп жайрап
жатқан жігіттерді көреді... Алдымен Құдайназар батырдың қасындағы
қызына оқ тисе керек. Қайран ер қызын қорғаштап орнынан көтеріле
бергенде, өзінің де ту сыртынан ажал жебесі қадалып, екеуі құшақтасқан
күйі жан үзіпті. Барғандар сол жерде əрқайсысына жеке-жеке қабір қазып,
құрбандарды арулап көміпті. Көргендердің айтуынша, «Қызай қорымы»
аталатын тас бейіттер сол маңда əлі де тұрған көрінеді.
Осы оқиғаны Қабанбайға ана бір жылы Есенгелдінің өзі айтып бергенді. Көкірегі қарс айрыла, көзіне жас ала отырып əңгімелеген. Не үшін екен,
осы əңгімеден кейін ол Есенгелдіні бұрынғыдан ары жан тартып, жақсы
көріп кетті. Қазір ойлап отырса, екеуінің мұңы бір екен ғой. Азаттық үшін
алысып, жау қолында қаза тапқан əкелер, қыршын кеткен апалар мен
ағалар... Бұл тірлікте туған жерімізді қайта барып көрсек-ау деген ортақ
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 11
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.