Latin Common Turkic

Дарабоз - 12

Total number of words is 4135
Total number of unique words is 2385
33.3 of words are in the 2000 most common words
49.3 of words are in the 5000 most common words
56.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Ол күнде қарындастан қайыр кетер,
Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер,
Ұлы-қызын өзгеге бодан болып,
Қайран ел, есіл жұртым сонда нетер?! —
дегенде, ку заманның түбі осылай құбыларын білген екен ғой! Асан атан
мұны осыдан үш жүз жыл бұрын, ноғай, қазақ екіге бөлініп, Орманбет би
ордадан кеткенде айтқан екен. Көріпкелі бар кісідей, болашақты қалай дəл
болжаған қайран сабаз?!
Бұл тұста дастарқан үстіне құрт, ірімшік, бауырсақ төгіліп, қазы-қарта,
сары май қойылып, шөліркеген жұрт қымызға бас қойған-ды. Үлкен сырлы
аяқтар қонақтар алдына бірден қатынап, қымыз қайта еселенген кезде,
Боранбай би Бұқар жырауға қарап, бір сауал тастады:
— Бұқар аға! Сізден бір жағдайды сұрап, біліп алайын деп жүр едім.
Жаңа өзіңіз айтқандай, қасиетіңнен айналайын қазақтың ұлы хандарының
бəрі дерлік қан майданда, қырғын соғыста жүріп жан қиған ғой. Атақты
Қасым хан мен Хақназарды алыңыз, Сайыпқыран Тəуекел мен еңсегей
бойлы Ер Есімді алыңыз, солардың қай-қайсысы да туған ел, ата жұрттың
бостандығы үшін басын берген...
Ал біз білмейтін есте жоқ ескі тауарыхта қазақтың хандары бірінің
басын бірі алған кезі болған ба? Əлде бұл сұмдықты бірінші рет Барақ
сұлтан бастап отыр ма? — деген-ді.
Бұқар жырау өлең-жырдың ғана майталманы емес, ата дəстүріне, хандар
шежіресіне де өте жүйрік кісі болатын. Алдындағы қымыздан сіміре жұтты
да, іле сөйлеп кетті:
— Сұрап алғаның жөн, қадірлі би. Бұл жағдай ертең сендердің билік
айтуларыңа да қажет! — деді жырау. — Мен білетін арғы-бергі тауарыхта
Алаш ұлы ертеде ғұн, сақ, қаңлы, қарлық, түрік-түркеш атанып, бірде отқа,
бірде бұтқа табынып жүрген кездерінде, қарындас бауырға қылыш сілтесе
сілтеген де болар, бірақ берітінде сəждеге бас қойып, хақ жолына түскен
қазақ қауымы өз алдына отау тіккен сонау Əз-Жəнібек заманынан бері тақ
үшін, бақ үшін қан төгіскен жері жоқ. Қазақта ханның басын хан алған бір
ғана жағдайды білем. Еңсегей бойлы ер Есім тақта отырған кезінде
Ташкент билеушісі Тұрсын ханның басын алған екен. Тұрсын бөтен емес,
сол Есім ханның ағасы Жалым сұлтанның ұлы еді. Бірақ ол мүлде басқа
жағдай. Тұрсын Жаркент билеушісі Ахмет ханмен ауыз жаласып, өзінше
қазақ хандығынан бөлініп кетпекші болды. Арада соғыс басталып, көп қан
төгілді. Ақыры Есім хан 1627-жылы Ташкентке басып кіріп, немере інісін
сол үшін жазалады. Сонда ғой, төсегінде жатқан Тұрсынды Марғасқа
жыраудың өлеңмен оятатыны:
Ей, Қатағанда хан — Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын!
Жазықсыз елді жылатып,
Жер тəңірісіп жатырсың.
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың.
Алтын тақта жатсаң да,
Қазаң жетті — қапылсың!
Еңсегей бойлы Ер Есім,
Есігіңе келіп тұр.
Алғалы тұр жаныңды,
Шашқалы тұр қаныңды! —
дегенде, Тұрсын хан орнынан атып тұрған екен. Сол сəтте-ақ Есімнің
алдаспаны опасыздың басын допша домалатып қағып түсіріпті...
— Бірақ сол үшін Есім ханды ешкім жазғырған жоқ қой, — деді,
Боранбай əңгімені өзі қалаған арнаға қарай бұрып. — Қайта ел бірлігін
қорғаған, əзезілдің жолын кескен деп бұқара халық жырға қосқан жоқ па?
Ал бүгінге келсек, өз басы хан болмағанмен, Барақ та — хан тұқымы. Оның
да істеп отырғаны — осыдан жүз жиырма жыл бұрынғы сол оқиғаның
қайталануы емес пе?
— Барақ сұлтанның ата-тегі, дəрежесі Əбілқайырдан кем түскенді
қойып, одан əлдеқайда жоғары тұр, — деді Бұқар жырау. — Ал
Əбілқайырдың қылығы баяғы Тұрсын ханға ұқсай ма, жоқ па, ол жағын,
қолында билігі бар адамсыңдар ғой, өздерің шешіңдер. Тек көпшілік
қауымның көңілінен шықсаңдар болғаны. Бүгіннің ғана емес, болашақ
ұрпақтың да... Болашақ ұрпақ Барақ пен Əбілқайырдың қайсысын ақтап,
қайсысына қарғыс айтады — билер үшін ең қиын нəрсе, міне, осыны дəл
болжай білу!
Дастарқан басында сөзден сөз туындап, əңгіме қыза түсті. Бұрынғы
өткен бабалардың ерлігі, билердің əділдігі, тапқыр шешендігі еске алынды.
Осындай бір сөздің кезегінде Абылай тағы да Бұқар жырауға қарап:
— Бұқар аға, əлгінде ғана Асан Қайғының бір өлеңін ауызға алып:
«қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар» дедіңіз ғой. Сол
сөздің мəнісі не? Қарағайдың басын шортан қалай шалады? Асан атамыз
нені меңзеп отыр осында? — деген əңгімені мүлде тың арнаға бұрып.
Жырау жауап беруге асықпай, жаратпаған кісіше бурыл тартқан қалың
қабағын төмен түсіріп, ойланып қалды. Сырт келбеті əлдебір жайды айтсам
ба, айтпасам ба деп, екі ұдай күй кешіп отырған кісіге ұқсайды. Бір мезетте
осындағы ханның да, қарашының да өз аузына қарап қалғанын аңғарды
білем, басын оқыс көтеріп, ірге жақта тұрған домбыраға қолын созды.
Қысы-жазы қанжығадан түспейтін жан серігі домбырасын алып, баяулата
шертіп тағы біраз отырды да:
— Ендеше, тыңда, Абылай! Оның шешуі, мен білсем, былай болады, —
деп біркелкі қоңыр дауыспен жырлай жөнелді.
Ханға жауап айтпасам,
Ханның көңілі қайтады.
Қандыра жауап қатпасам,
Халқым не деп айтады?
Хан Абылай, Абылай,
Қайғылы мұндай сөздерді,
Сұрамасаң нетеді?
Сұрағанда айтпасам,
Кісілігім кетеді.
Ал айтайын тыңдасаң,
Маған қаһар қылмасаң,
Қарағай — судан қашып,
Шөлге біткен бір дарақ
Шортан — шөлге шыдамсыз,
Балықтан шыққан бір қарақ.
Ойлама шортан ұшпас деп,
Қарағайға шықпас деп! —
деген тұсқа келгенде, жырау сəл тыныстағандай аз-кем бөгеліс жасады.
Былайғы жұрт əр тұстан:
— О, пəлі!
— Созақ емес пе?! — десіп қошемет білдіріп жатыр. Алайда Бұқар
қолпаш-қошеметке зəру кісі емес-ті.
Бейне жыр жолдарын дəл осы қазір өзі ойлап шығармай, ар жағынан
тəңірінің сыбырлап аузына салғанын ғана айтып отырғандай, күйлі-мұңлы
жолдарды үстемелетіп жалғастыра берді:
Күн батыстан бір дұшпан,
Ақыры шығар сол тұстан.
Құдайды білмес — діні жоқ,
Жамандықтан міні жоқ.
Түсі сары бір кəпір,
Аузы-басы жүн кəпір,
Басып кірер жұртыңа.
Жағалы шекпен кигізіп,
Бал май жағар мұртыңа.
Жебірлерге жем беріп,
Ел қамын жеген жақсыны
Сөйлетпей ұрар ұртына.
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды.
Қағазға жазар малынды,
Есепке алар барыңды.
Еліңді алар қолыңнан
Солдат алар ұлыңнан.
Тексізді төрге шығарып,
Басыңа сол күн туғанда,
Тендік тимес халқыңа.
Бұл айтқан сөзім, Абылай,
Болмай қалмас артында,
Құлақ сал мендей қартыңа!...
Жыр аяқталғанда, жұрттың қолпаштап қошемет жасауға да шамасы
келмей, үнсіз сілейіп отырып қалды. Тек əлден уақытта Абылай ғана ес
жиғандай болып еді:
— Ойпыр-ай, Бұқар ата-ай! Мынауыңыз неткен аяусыз, қасіретті жыр
еді?! Сұмдық қой... Дəл осы жолы тіліңізге шоқ түссін, айтқаныңыз
келмесін деп тілейік! — деген терең тыныс тартып.
— Қайтейін? Тəңірінің аузыма салып тұрған сөзі сол болса, мен
қайтейін?! — деп жырауда күрсінді. — Көкіректе жатқан запыранды
қолқалап шығарған өзің ғой, Абылай!
— Қазақта жоқ жосынды бастап, бодандық бұғауын мойнына ілген
Əбілқайыр хан болса келмеске кетті. Əлі де қаупіңіз бар ма, Бұқар ата? —
деді сөзге енді Бөгенбай батыр араласып.
— Əбілқайыр кетті-ау, бірақ оның басына киген құлдық ноқтасы бізге
мұра болып қалып қойды ғой! — деді Бұқар сұстанып, — Ертісті еңкейте,
Жайықты жағалата салған тас қамал, бекіністер күн өткен сайын қос
өкпеңнен қысып келеді. Оқпаны үңірейген от қару мен аңдыз əскер анау —
айнала қоршап тұрған! Қайда барып жан сақтайсың? Қалмақ та —
қазақтың сыңары. Еліңді шапқалы елу жыл болса да, əлі іргесін бекіткен
жоқ. Бір күні келген ізімен қайта көшері хақ... Мен мына қазық қаққан
жеріне қала тұрғызбай қоймайтын тас қамалды тажалдан қорқам. Кент
салғаны — кетпеске бекігені, қамал салғаны — қайтпауға қам жасағаны
емес пе? Дəл бүгін сен екеуіміздің басымызға зауал төне қоймас, хан
Абылай. Ертеңгі ұрпақтың көретін күні не болады, соны ойла!
Абылай бұдан ары сөзге араласпай, ақсұр жүзі қуқыл тартып, үнсіз
отырып қалды. Дəл қазір оның басында да сан алуан сұрақтар қайшыласып
жатыр еді. Əрине, мұның да Əбілқайыр ханға деген өкпесі қара қазандай.
Өкпе емес, өмірі тарқамас кекті ашу... Əбілқайыр лағынет қамытын бір өзі
ғана киіп қоймай, қазақ жерін сырттай саудалап, орысқа сатып кетсе,
болары болып, бояуы сіңген дүниені бұл қалай қалпына келтірмек? Бəлкім,
Əбілқайырды халықтың сол қарғысы мен болашақ ұрпақтың көз жасы
жібермеген шығар... Осы ойларын мыналарға ақтара айтқысы келіп бір
оқталды да, бірақ сот алдында сырын сыртқа жайғысы келмеді.
Бұл дүниеде суқаны сүймеген адамы Əбілқайыр болса да, Абылай оның
көзі тірісінде де, қайсы біреулерше, сырттай қыжыртып, ғайбат айтып
көрген емес. Енді өлген аруақтың соңынан топырақ шашып қайтеді. Ойлап
отырса, соңғы он-он бес жылда Əбілқайыр мен екеуі тіпті бет көріспепті.
Марқұмның ішінің тарлығы сонша, Абылайдан қазақтың хандығы түгіл,
орыс патшасының бодандығын қызғанушы еді. 1740 жылы Абылай мен
Əбілмəмбет Орынбор əкімі князъ Урусовтың шақыртуымен Ор бекінісіне
барғанда, Əбілқайыр сол жолы ұлдарын жіберіп, өзі кездесуге əдейі келмей
қалды... Орыс əкімдерінің маңына өзге хан-сұлтандардың келіп-кетуін
ұнатпай, қазақ даласының кілтін бір өзі ғана ұстап тұрғысы келді-ау!
Абылайдың онда жасы отызға тола қоймаған, орыс елінің мінезін, ішкітысқы жағдайын біліңкіремейтін, əлі ысылмаған бұла кезі ғой. Ор
бекінісіне барғанда, өз алдына бəлендей мақсат қоймай, Əбілмəмбет ханға
ілесіп барған-ды. Сол жолы Ұлы хан басымен Ор бекінісіне Əбілмəмбеттің
жетіп баруы да аңғырттық еді. Аңғырттық емес, ағаттық. Оны да,
Абылайды да үйде отырғызбаған — осы Əбілқайыр тобының арандатуы.
Ел ішінде Кіші жүзге орнаған «ұжмақ» туралы пыш-пыш əңгіменің тарап
кеткені сонша, сол жылдар орыс ұлығына барып қол тапсырмаған, орыс
қамалымен сауда-саттық жасамаған хан-сұлтанның қадірі қалмай бара
жатты... Оның үстіне дəл сол қарсаңда Цебдан мен Церен Дондоба
басқарған ойрат əскері Ертісті құлдай дүркін-дүркін шабуыл жасап, мазаны
əбден алып тұрған-ды.
1739 жылдың күзінен 1741 жылдың жазына дейін созылған бұл реткі
шабуыл негізінен Орта жүзге қаратылған еді. Ең қиыны, осының алдында
ғана Ойрат ордасы Омбы мен Орынборға елші жіберіп, шабуылдың бағытбағдарын солармен келісіп алғаны мəлім болды. Омбы əкімі П.Бутурлин
мен Орынбор əкімі В. Урусов қазақтың Ақ патшаға ант берген хансұлтандары мен батыр, билерін «бұларға тиіспейсің» деп қорғап қалыпты
да, ал орыс бекінісіне бармаған, Ақ патшаны мойындамаған хан, сұлтан,
батырларды «қалай тонасаң да өз еркің» деп ойраттарға сыртынан нұсқап
беріпті. Ертіс пен Есілдің бойымен кедергісіз, емін-еркін қозғалған Жоңғар
қолы, əсіресе Əбілмəмбет пен Абылайдың сары ізіне түсіп, солардың
соңынан ілескен Арғын, Найман, Керей ұлыстарын тонап, қанға бөктірді...
Міне, осындай жағдайда Əбілмəмбеттің бір ойы — орыс ұлығымен тіл
табысу арқылы ойраттың қысымынан құтылу болса, екінші бір ойлағаны —
Ақ патшадан от қару, əскери көмек сұрау болатын. Бірақ ондай көмек
берілмеді ғой. Князь Урусов кездесу кезінде ондаған зеңбіректен бір
мезгілде оқ атып, от қарудың құдіретін алыстан көрсеткені болмаса,
маңына жақын жолатпады. Айтпақшы, қонақтарының көзінше патшаға
қарсы бұлғаққа қатысқан башқұрттарды дарға асқан екен ғой... Қандай
қатігездік! Неткен дөрекілік. Одан өткен оспадарлық болмас! Өздерінше
орыс қаруына қарсы келген бұратана жұрттардың көретін күні осы дегенді
айдай əлемге паш еткен түрі.
Əрине, əдейі барған соң Əбілмəмбет пен Абылай да орыс елімен мəңгі
тату-тəтті тұруға, Ақ патшаға адал болуға, соғыспауға, ары-бері өткен
керуенді тонатпауға, бейбіт сауда-саттық жасауға ант беріп, қол қойды.
Бірақ келісім сөз ішінде, ұлықтардың кейін өздерінше аударып, түрлендіріп
алғанындай, «бодан боламыз, құзырыңа қараймыз» деген сөздер жоқ
болатын.
Дегенмен, Абылай сол бір сапардың өзінде-ақ көп нəрсеге көз жеткізіп
қайтты. Бүкіл Азияға астамси қарап, мейманасы тасып, мұртын ширатқан
сарыала шенді патша ұлығы, оның алдында елпектей бас шұлғып, адал
болуға, бодан болуға ант берген Кіші жүз қазағы, құба қалмақ, башқұрт
кісілері... Тіпті қарап тұрудың өзі жиіркенішті еді. Соғыста жеңіп шығып,
күшпен бағындырса бір сəрі ғой. Ал мұрты бүлінбей тұрып мүрит
болғандарды, бопсаға шыдамай бостандығынан айрылғандарды бұл
түсінбеген. Тіпті көп күшке, от қаруға төтеп бере алмай жеңілген күннің
өзінде, ақырғы деміне дейін бас имей, алысып өткен ерлер болды ғой.
Мəселен, өз кезінде Сібірдегі Көшім хан солай болды. Амалсыз ажал
құшты, бірақ құлдықты мойындаған жоқ...
Не керек, Абылайдың орыс қамалына баруының алды-арты осы болды.
Орынбордағы, Омбыдағы əкімдер талай мəрте шақырса да, ол жаққа екінші
рет аттап басқан емес. Хандығыңды заңдастырып, патшаға бекіттіріп
берейік деп те шырғалады. Бұл иілген жоқ. Өз халқының ақ киізге
отырғызып, хан көтергені жетпей ме? Орыс патшасының бекітуі буған не
керек?! «Олжасына ортақ болмайын. Солақ мұратына жетсін» деп бəрін
Əбілқайырға қалдырып кетіп еді. Енді оның ақыры мынадай болды.
Алыс болашақта кейінгі ұрпақ кімді даттап, кімді ақтап аларын бір
Алланың өзі білер, əйтсе де Əбілқайырдың мына өлімі, патша əкімдерінің
оны құнсыз, сұраусыз қалдыруы жұрт алдында біраз нəрсенің бетін ашқаны
анық. Демек, Ақ патша өз мүддесінен басқа ешкімге де, тіпті ен берілген,
бағынышты құлына да опа қылмайды деген сөз. Осыдан кейін жылуы жоқ,
жылмаң күлкіге қалай ғана ішің жылиды?!
Жарайды, Əбілқайырдың түскен жолы жалған, күмəнды жол дейік, оның
қарама-қарсысыңдағы мұның өз жолы дұрыс болғаны ма сонда? Ол қандай
жол? Қара тұяқтан хал кеткенше ешкімге тізгініңді бермеу, бас еркіңді,
бостандығыңды сақтау... Бір сөзбен айтқанда, бодандық жолы емес,
бостандық жолы! Бірақ ол енді мүмкін бе? Қол-аяғын байланып, жұлыныңа
пышақ тақалғанда жұлқынудың не орны бар? Патша əкімдері Əбілқайырды
керексіз қып тастаса, жана Бұқар жырау айтқандай, оны өз қажетіне
жаратып болып, қыл тұзақты мойынға шықпастай етіп салған соң, əз
күшіне сеніп істеп отыр. Қазақ жерін емін-еркін игеру үшін Ақ патшаға
«біз саған бодан боламыз» деп қол қойған бір жапырақ қағаз керек еді. Ол
қағаз қалталарында. Одан артық не керек? Қазақ жеріне кел дағы, қалаңды
салып, қаймағын қалқып ала бер!
«Ал егер Əбілқайыр сол жылы қатын патшаға қарайтынын білдіріп хат
жазбаса не болар еді? Одан бірдеңе өзгерер ме еді? — деген сауал қылт етті
Абылайдың көңілінде. — Иə, көп нəрсе басқаша болар еді. Алыс
болашақты кім білсін, тап осы жүз жылдықта олар қазақ жеріне қамалдар
салып, дəл қазіргідей ішкерілеп кетпес еді. Ал əскер кіргізсе ше? Онда,
амал жоқ, қасық қанымыз қалғанша соғысар едік. Жауынгер жұртымыз,
арқа тірейтін шетсіз-шексіз даламыз тұрғанда, тіпті солардан жеңілмеуіміз
де мүмкін ғой... Амалсыз жеңілген күннің өзінде ұрпақ алдында жүзіміз
жарық, құдай алдында иманымыз кəміл болар еді. Кейінгі немерелеріміз
бен шөберелерімізді əрі-сəрі күйге түсіріп, басын қатырмай, дос кім,
дұшпан кім, анықтап көрсетіп кетер едік...»
Абылай ауыр ойдан серпіліп, басын көтеріп алғанда, үйдегілер басқа бір
əңгіменің соңында отыр екен. Хан тізгінді қайтадан қолға алды. Отырған
үлкен-кішіге жағалап көз тастады да:
— Ал, жарандар, бүгінгі əңгіме осымен бітсін. Бір-екі күннен кейін
билер кенесі басталады. Олар Барақ сұлтанның ісін бір жағына
шығарғанша, алдағы аттаныс жайы мен алым-салық, ғүшыр-зекет
жөніндегі біраз шаруаны біз де бітіріп алармыз, — деді салқын жымиып.
Батырлар мен билер орындарынан тұрып, есікке қарай бет алды. Бұл
кезде күн де еңкейіп, батыстағы «Жеке батыр» шынының шоқтығына иек
артып қалған еді.
XIII
Сол күні түстен кейін Орынбордан келген орыс елшісі Угримов қасына
осы елдің жол бастаушы қазағы Жəпек пен тілмаш башқұрт Абзаловты
ертіп, Көкшетаудың хан ордасына таяу тұрған бір биік тұрғысына
көтерілді. Мақсат — босқа отырғанша жер көру, əсем табиғатты тамашалау,
одан қала берсе, түстікте тоя жеген бағлан еті мен сіреп ішкен қымыздың
тоғын басу.
Жүргіншілер сай табанындағы сонау бір мойнаққа дейін атпен келді де,
одан бергі қақпа тасты, қия жолдарда жүріс қиындап кеткен соң, жотаның
басына жаяу көтерілді. Жол бастаушы Жəпектің еркіне салса, оның жаяу
жүретін ойы жоқ, қандай биікке де атпен өрмелеп кете беретін түрі бар.
Былайша, тілмаш та сыр берер емес. Таулы жерде ат үстінде өбектеп жүре
алмаған — Артем Денисовичтің өзі еді. Бірақ онысын ашық мойындамай,
«ендігі қалған жолды жаяу басып, қан таратсақ қайтеді?» деп тілек
білдірген. Ток адамдарға өрге қарай жаяу жүру де оңайға түскен жоқ. Басаяғы жарты шақырым жерге үшеуі де алқынып қалды.
Бұлар қыр жалдың үстіне көтерілген соң өн бетін қызылды-жасылды
қына басқан сандық тастың үстіне жайғасып, терлерін сүртіп, аз-кем тыныс
алды. Ес жинап, жан-жаққа көз салғанда көрді ғой — еңбектерінің
өтелгенін... Міне, ғажап! Артем Денисовичтің көз алдында тұнып тұрған
тұтас бір сұлулық əлемі жатыр еді. Мына бір кемеліне келген қоңыр күзде
қарағай мен қайың аралас өскен ну орман сан алуан түрмен жүз құбылып,
көздің жауын алады. Жапырағы сары алтындай судыраған ақ қайың мен
мəңгі жасыл қарағай жазық ойпаттар мен биік беткейлерде кезектесе
өріліп, кемпірқосақ тəрізді қызық белдеулер жасайды екен. Сол көріністен
жанарыңды тайдырмай отыра бергің келеді.
Ақ қайың мен жасыл шыршаға орыс өлкесі де кедей емес-ті. Бірақ
мынау оған ұқсамайды. Мұндағы тау жоталары осы сұлулықты көкке
көтеріп, əдейі көрмеге қою үшін жаралғандай. Егер қазіргідей ойпаңда
тұрып жотаға, жотада тұрып ойпатқа қарамасаң, құр ит тұмсығы өтпейтін
меңіреу тайгадан ешкім ештеңе көре алмас еді ғой... Сол орманды өлкенің
ен бойы — ойдым-ойдым жасыл көлдер. Бейнебір қолдан жасағандай. Бұл
да бір шарада шайқалып жатқан қазақ қымызы дерсің!
Жəпектің айтуынша, мына оң қол жақтағы шаншылған биік шың —
Оқжетпес. Оның етегіндегі айнадай жарқыраған айдын көл — Бурабай!
Бейне бір табиғаттың өзі емес, ұлы суретшінің қолынан шыққан шедевр
іспетті. Сонау бір жал тұмсықтың арғы жағында Шортанды көлі де таяу
деседі. Ал осы маңның «Бурабай» аталатын себебі — ана бір көлденең
жота төменде тұрып қарасаң шөгіп жатқан бураны еске салады екен...
Мына сол қол жақта — «Жеке батыр» дейтін тағы бар. Шынында да,
көлденеңінен қараған кісіге қожыр-қожыр тау жотасы шалқасынан түсіп
ұйықтап жатқан дулығалы батырдан аумайды... Демек, мұндағы табиғат
құбылыстары өлі күйінде қалмай, халық санасында қайта жаңғырып,
өзінше бір ертегі-аңыздар туғызған.
Артем Денисович жол бастаушыдан əрнені бір сұрап, маңайына сұқтана
қарап ұзақ отырды. Қазақтың Көкше — дегені жасыл деген ұғымды
білдіреді дейді. Иə, айтса айтқандай-ақ бар екен. Ұшы-қиырсыз жап-жасыл
дүние бір үзілмей, көк жиекке дейін созылып кетіп жатыр. Əрине, қазақ
жерінің бəрі мұндай болмас. Көкшетауда сонысымен қадірлі шығар. Шетжағасын аралап көрді ғой: мына ЬІрғыз, Торғай, Қызылжар дегеніңіз —
шетсіз-шексіз, көк шалғынды, жазық дала. Егер əp бұлақтың, көлдің
бойынан жыпырлаған ақ ауылдарды, жер қайысқан төрт түлік малды
көрмесең, өзіңді бейне көк теңіздің ортасында қалғандай сезінер едің... Ал
мына Көкшетау, сөз жоқ, қазақ даласының гүл шоғы, сұлулықтың көкке
атылған фонтаны деуге болады.
Біраздан соң Жəпек тау тобылғысынан қамшыға сап алмақ болып,
тілмаш жана жол-жөнекей көзі шалып қалған қарақатты теруге құмартып,
орындарынан тұрып кетті де, Артем Денисович тау басында жалғыз қалды.
«Мынадай кең дүние, сұлу табиғат адам жанын да кең етпей, сұлу етпей
қоймас, — деді бір сəт қиялға берілген Угримов, — Ал қонақжайлыққа,
жомарттыққа келгенде дүниеде бұл елдің алдына түсетін халық, əй, жоқ
шығар!»
Əрине, Артем Денисович Қазақ ордасымен көп араластым, жете
зерттедім деп айта алмайды. Орыстың көне қаласы Новгородта туып өскен
Угримовтың жерлес-сыбайласы генерал Неплюевтың соңынан ілесіп,
Орынборға келгеніне бес-алты-ақ жыл болды. Неплюев Түркияда елші боп
тұрғанда да, оның қол астында біраз жыл істеген... Кейін астана
жағалаймын деп жүргенде сарай төңкерісінің толқынымен құрып кете
жаздап, Неплюевтың етегінен қайта ұстауға тура келді... Қазір елші ретінде
өмірінің көбі жол үстінде өтеді. Осының алдында бір-екі рет Əбілқайыр
ордасына, тағы бірде Жəнібек тарханның ауылына келіп қайтқаны бар. Ал
Жоңғар ордасында бірнеше рет болды... Сонда бір байқағаны: ақыл-парасат
жатынан болсын, кісілік, сəн-салтанат, байлық жағынан болсын, қазақтар
көшпенділердің бəрінен, тіпті Жоңғар қалмақтарынан да жоғары тұр.
Былайша айтқанда, қазақ елін — бəрінің қара шаңырағы десек, үш мың
жылға созылған түркі-монғол мəдениетінің алтын сандығы осыларда
қалған секілді. Артем Денисович ана жылы Неплюевпен бірге
Константинопольде жүргенде, Анатолия түріктері де ата жұртымыз —
Алтай таулары деп отырушы еді. Демек, бəрінің түп атасы бір болғаны.
Білтелі мылтық, от қару шыққалы, Еуропа елдері серілер мен
батырларды мойындауды қойды ғой. Ал мұнда бəрі қаз-қалпында.
Батырдың қадірі — хан-сұлтандардан бір де кем емес. Ал батырлық, ерлік
бағаланған жерде мəрттік, адамгершілік бірге жүретіні ақиқат... Мана хан
ордасының маңыңда кезіккен алыптың аты кім еді? Көктемде Жоңғариядан
келе жатып, ауылында болған, бір көрген танысы... Иə, Қабанбай батыр
екен ғой. Міне, нағыз батыр деп соны айт! Өзі біздің Илья Муромецтен
айнымайды... Илья Муромец те, Александр Невский де кезінде сондай-ақ
болған шығар...
Ал осы қазақтардың, қай жағынан алсаң да, өзінен бір саты төмен
тұрған ойраттардан ойсырай жеңілгені қызық. Бірақ соғыстың өз заңы бар.
Ол қоғам дамуының заңдылықтарына бағына бермейді. Инабатты адамды
қайдағы бір бұзақының ұрып жығатыны секілді, өркениетті өлкелер мен
кемелді, кентті елдердің кейде жабайылардан жəбір көретін кезі болады.
Ондайда парасатты — парықсыздық, қайырымдықты — қаталдық жеңеді.
Ал қаталдық — адамға деген өшпенділіктің өлшемі. Көрген кеңшіліктаршылығына, тартқан теперіш, жəбір-жапасына, тəрбиесіне қарай
өшпенділік сезімі əр елде əр түрлі жетіледі... Сірə, қазаққа жетіспейтін
нəрсе — осы қаталдық, өшпенділік болуға керек. Ал ойраттардың жөні
басқа. Шығыста Цин империясынан бір қысым көріп, терістіктегі Енесай
бойында Ресейден тағы таяқ жеп, еріксіз батысқа қарай ығысқан ойраттар
бүкіл ашу-кегін, қыжыл-ызасын іргедегі қазаққа төкпегенде, не істейді?
Білетіндердің айтуынша, соңғы үш жүз жылда қазақ ордасы дəл
бүгінгідей ауыр халге ұшырамаған көрінеді. Тəуке хан өлгеннен кейін-ақ
қазақтан береке қашып, жүз-жүзге бөлініп кеткен. Ойраттар осы ала
ауыздықтан пайдаланып, бұл елдің шығыс аймақтарын қапыда басып
алған... Қайран қалатын ештеңе жоқ, бəрі де белгілі, таныс жайлар. Сыртқы
жаудың шабуылынан əзірше аман тұр демесең, Петр өлген соң Ресей де дəл
осы кепті кимеп пе еді?! Бұларда қайта елді тығырықтан алып шығады деп
үміт артып отырған Абылай, Барақ, Қабанбай секілді тұлғалар бар. Ал
Ресейде Петрден соң тіпті тізгін ұстайтын ешкім қалмады ғой.
Шет-шегі жоқ, байтақ далада, əрине, адамдардың жолы сирек
қиылысады. Тақ үшін тартыс та, басқа қан төгіс қылмыстар да мұнда дəл
Еуропадағыдай түс алып отырған жоқ. Барақ сұлтанның Əбілқайыр ханды
өлтіруі секілді оқиғалар бұл елде ғасырда бір болатын сұмдық саналады
екен. Соны ертең билер сотына салып, күллі халық алдында ақ-қарасын
айырмақ. Алдауға, өтірік ақпарға, құпия қастыққа орын жоқ. Тіпті Абылай,
Əбілмəмбет секілді хандардың өзі билер сотынсыз ешкімді өлімге үкім ете
алмайтын көрінеді. Адамның басын жаңғырыққа салып шабу деген бұларда
атымен жоқ. Сізге бұдан артық қандай əділет, қандай демократия керек?
Осы елдің өзіндей кең, өзіндей шалқар, нағыз дала демократиясы!
Артем Денисович тау басында бір өзі отырып, жынды кісіше жымиып
күлді. Егер Ресейде, оның астанасы Петербургта қазір не болып жатқанын
білсе, мына елдің адамдары не айтар еді? Мүлде түңіліп, теріс қарап, безіп
кетуі де мүмкін-ау! Ресей — шығыс халықтары үшін жұмбақ. Бəлкім, сол
жұмбақтығымен де айбынды көрінетін шығар... Петрден кейін асты-үстіне
келген патша сарайындағы былықтарды, бір тəуірі, мұнда тірі жан білмейді
екен. Білсе, Абылай ғана бірдеңені сезеді. Бірақ оныкі де анық байлам емес,
ішкі бір түйсікпен ғана аңғаратындай... Кеше ордада оңаша сөйлесіп
отырғанда, Абылай əзіл-шыны аралас:
— Кешіріңіз, елші мырза. Сізден бір жағдайды ұғынып алайын деп едім:
сіздерде Петрден кейін таққа отырып жатқандар кілең бір қатын патшалар
ғой? Біреуі — патшаның əйелі, екіншісі — қарындасы, үшіншісі — қызы
дегендей. Не деген таусылмайтын патшайымдар бұл? Сонда патша
ағзамның артында еркек кіндік қалмағаны ма? — деген аса сыпайы түрде.
Угримов барша білік-білімімен-ақ жауап берді, əрине. Патша
мұрагерлері арасында еркектердің көп еместігін, Петрдің жалғыз ұлынан
қалған жалғыз немересі таққа отырғанымен өмірінің тым қысқа болғанын,
бірақ орыс жұртында ұлдан тараған ұрпақ пен қыздан туған жиеннің
мұрагерлік құқы бірдей екенін тəптіштеп-ақ түсіндірген сияқты еді. Бірақ
мұның айтқандары Абылайдың көкейіне қоныңқырамады. Шынында да,
қазірдің өзінде сегіз əйелі, отыздан астам баласы бар қазақтың ханына орыс
патшасының соңында таққа отырар бірде-бір тұяқ қалмағанын қалай
ұғындырарсың?! Сыпайылық сақтап ашып айтпаса да, Абылайдың бетəлпетінен баласыздықты — бақытсыздық, кемтарлық деп санайтыны,
əсіресе əйел патшаларды менсіне қоймайтыны байқалып тұрды.
Айтса айтқандай, ұлы Петрден кейін Ресейде «қатын патшалар» дəуірі
басталғаны өтірік емес. Біреу, не екеу болса бір сəрі ғой, таққа бірінен соң
бірі төрт əйел отырды. Патшаның өз қанынан тарағаны бар, жай көңіл
қосып, етегі тигені бар, кім қапысын тауып бұрын қимылдаса, таққа сол ие
болды.
Петрдың өлімі сарай маңында күтпеген қарбалас туғызды. Азия мен
Еуропаны бір-біріне қосақтап, Ресейді өгіздей өрге сүйреп келе жатқан
құдіретті патша небəрі елу үш жасында, бұлайша тез өліп қалады деп кім
ойлаған?! Өсиет жазылмаған, мұрагер де əзір емес-ті. Жалпы, Петр патша
мемлекет билігін өз уысында мықтап ұстағаны болмаса, от басының
бақытын көрмеген адам ғой. Алғашқы əйелі Евдокия — бояр
Лопухиндердің қызы болатын. Он жылдай отасқан соң күндестердің
шатыстыруымен монастырьге жіберіліп, ол байғұстың бар ғұмыры сонда
өтті. Одан туған жалғыз ұл — Алексей Петрович əкесі Петрге тартпай,
жігерсіз, ынжықтау болып өсті. Əкесіне қарсы бүлікке қатысып, одан
шетелге қашып барып, ақыры қор болып түрмеде өлді. Əйткенмен, одан да
бір ұл қалған. Еркек кіндіктен жер басып жүрген жалғыз мұрагер осы —
Петр Алексеевич еді. Петр өлгенде немересінің жасы онға жаңа толған.
Ал Петрдің екінші əйелі — Екатерина бұрын Марта Скавронская деген
атпен мəлім болған, əркімнің есігінде жүретін литван қызы еді.
Меншиковтардың үйінде қызметші боп жүрген Мартаға Петр патшаның
көзі түсіп, кейін нақсүйер ашынасына айналған. Дегенмен, оның да бағы
бар əйел екен. Некесіз жүріп-ақ патшадан үйелмелі-сүйелмелі екі қыз
тапты. Үлкені - Анна, кішісінің аты — Елизавета. Міне, осыдан кейін ғана
Петр патша Мартаға — Екатерина деген ат беріп, некесін қидырған. Үлкен
қызы Анна əкесінің көзі тірісінде-ақ Гольштейн герцогі Карл Фридрихқа
ұзатылған. Ал кіші қызы Елизавета əкесі өлгенде, он алтыға жаңа шыққан
кезі еді.
Сонымен, Петрдің артында қалған мұрагер дегеніміз осылар болатын.
Таққа кім отыруы керек? Бойжеткен екі қыздың бірі жөн бе, əлде жас та
болса еркек аты бар, он жасар немере дұрыс па? Не болмаса, бала-шағадан
гөрі тіс қаққан, патша жесірі — Марта-Екатеринаның өзі ыңғайлы ма?
Сарай маңында əркім əр жаққа тартқан біраз талас болды. Голыциндер,
Долгорукийлер, Черкасский мен Салтыковтар дауға белсене араласты. Не
керек, ақыры жесір патшайым Екатеринаның мерейі үстем болып шықты.
Бірақ жеңген — Екатерина емес, гвардияның қолдауына сүйенген
Меншиков еді. Кəдімгі Петр патшаның досы — Александр Меншиков.
Мартаның бетін ашқан алғашқы ашынасы... Сөйтіп, Ресей тағына тұңғыш
əйел патша — І-Екатерина келіп отырды да, іс жүзінде бар билік
Меншиковтың қолында болды. Бір қызығы, патшайым хат танымайтын кісі
екен. Таққа отырған соң, амал жоқ, құжатқа қол қоюды зорға үйреніпті
десіп жүрді білетіндер.
Алайда І-Екатеринаның да өмірі ұзаққа бармады. Бас-аяғы екі-ақ жыл
тақта отырды да, 1727 жылдың көктемінде о дүниеге аттанып кетті. Ойдажоқта қонған бақ буынына түсті ме, əлде күндіз-түні дамылсыз ішкен
шарапқа уланды ма, қол-аяғы топ болып, ісіп-кеуіп өлді десіп жүрді
көзімен көргендер.
Енді не істеу керек? Ресей тағына кім отыруға тиісті? Бұл кезде
Гольштейн герцогіне ұзатылған Анна Петровнаны есепке алмағанда,
астанада Петр əулетінен кіші қызы Елизавета мен немересі Петр
Алексеевич қана бар-тұғын. Əділетіне жүгінсек, кезек сол жылы он сегізге
келіп, айдай толысып тұрған царевна Елизавета сұлудікі еді. Бірақ таразы
басы бұл жолы да тең тұрмай, патша немересі Петр Алексеевич жағына
аунап кетті. Сөйтіп Ресей тағына II- Петр деген атпен он үш жасар еркек
кіндік отырды. Тақ тағдырын қолында ойнатқан — тағы да Меншиков
болатын. Өйткені бала патшаның бас уəзірі ретінде, ол бұдан кейін де
мемлекет тізгінін ұстап қалуға тиіс еді. Көп кешікпей жас патшаны өзінің
қызы Марияға атастырып, билігін мүлде бекемдеп тастаған. Бұрынғы
фельдмаршал Меншиков көп ұзамай генералиссимус атағын алды.
Осылайша кеңілі жайланған бас уəзір күйеу баласын мемлекет ісіне баулып
тəрбиелеуді өз мойнына алды да, жазу-сызуға, хат-шотқа үйретуді неміс
Остерманға тапсырды.
Бірақ II-Петр, бұл ойлағандай емес, өз ырқы болмаса ештемеге
көнбейтін, бері жығыл десең, ары жығылатын, безбүйрек, қыңыр бала боп
шықты. Оқуға зауқы жоқ, күндіз-түні ойыннан қолы босамайды. Қас
қылғандай, өзінің немере əпкесі, тақталасы кезінде Меншиковтың қас
жауына айналған Елизаветамен достасып алды. Одан Долгорукийлер
тобына қосылып, өңкей желбас жастар апталап, айлап аң аулап, сауық
құратынды шығарды. Əлде əккі неміс Остерманның айдап салуы, əлде
немере əпкесі Елизаветаның еліктіруі, не болмаса Долгорукийлердің теріс
ықпалы өтіп кетті ме, бала патша бірте-бірте қайын атасынан
қашқалақтайтынды шығарған. Оның сөзін жүре тыңдап, кейде тіпті
санаспайтын дəрежеге жеткен. Қалыңдығы Мариядан да суынып, оған
«суық мəрмəр» деген ат қойып алды... Ақыры бар пəле тағы да царевна
Елизаветадан шықты. Əпкесі Елизаветаның қаржыдан қысылып жүргенін
біліп, бала патша өз қазынасынан аздап ақша жіберіп тұратын. Бір жолы
онысын Меншиков біліп қалып, жіберілген ақшаны қайтарып алған-ды.
Сол-ақ мұң екен, бала патшаның талағы тарс айрылып, бір-ақ күнде
қаһарына мініп шыға келді.
Істің беті бұлайша теріс айналып кетер деп кім ойлаған?! Əсіресе,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 13
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.