Latin Common Turkic

Дарабоз - 14

Total number of words is 4154
Total number of unique words is 2318
32.2 of words are in the 2000 most common words
47.5 of words are in the 5000 most common words
55.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қауымынан өш алу жолына түсті. Ақ патшаның қолтығына барып тығылып,
қазақ жерін орыстарға сатты. Сол арқылы шексіз билікке қол артпақ болды.
Əбілқайыр — ең алдымен қазақ халқының алдында күнəһар. Азат елдің
асау басына құлдық ноқтасын əкеліп кигізген сол ғой. Сол қылмысы үшін
оны үш жүздің билер соты жауапқа тартып, дарға асуы керек еді... Бірақ
оған жете алмай, менің қолымнан ажал тапты.
— Солай деңіз... Ал, Əбілқайыр ханның жеке өз басыңа тигізген зияны,
тағы басқа өштік-қастығы болды ма?
— Ол жағы көп-ақ. Тіпті айтып түгескісіз. Əбілқайыр жеке менің ғана
емес, қазақтың Əбілмəмбет, Абылай секілді хан-сұлтандарын жамандап,
жұрт алдында беделін түсіруге тырысты. «Барақ жоңғар хандығына
сатылып кетті» деп дүйім елге өсек таратқан да — сол... Ал, мал-мүлік
жағына келсек, өткен жылы Қайып ханның маған Хиуадан жөнелткен
қырық түйе тоғанағын жолда тонап алғанын айтсам да жеткілікті. Мен
сонда-ақ қолма-қол қарымта қайтарып, Əбілқайыр Ордасын шауып алуыма
болатын еді. Бірақ ел берекесі бұзылмасын, дүние үшін қырқысып жатыр
демесін деп, оны да қуып жатпадым...
Билерге арналып бөлек тігілген үйлерде тергеу осылайша жүріп жатты.
Абылай да, басқа батырлар да бұл іске араласқан жоқ. Орта жүз ханы бар
міндетті билер сотына тапсырды да, өзі қасына Қабанбай, Бөгенбай,
Малайсары, Көкжал Барақ, Ер Жəнібек, Есенгелді бастаған əр елдің
батырларын алып, келер жылға белгіленген аттаныс жайын ақылдасумен
болды.
Бəрінің ортақ түйінге келгеніндей, ойрат Ордасында қазір бұрынғы
айбын жоқ. Сыр бойындағы қалалардан бірте-бірте шегініп, жақында
ежелгі байтақ қала Түркістанды қайтарып беруі — осының айғағы. Бірақ
Ташкент шаһары, Талас пен Шу бойы, Іле алқабы, қысқасы бүкіл Жетісу
əлі де ойраттардың қолында. Оған алтынды Алтай мен бақ қонған
Барқытбелді, құт дарыған Құлыстай7 өлкесін қосыңыз. Алдына жарты
ғасыр, артына ширек ғасыр бауыр басып қалған аймақтарды
оңайшылықпен қолдан шығарар түрі жоқ. Қалайда соғыссыз ештеңе
бітпейді. Алда тұрған ең соңғы шешуші шайқасқа осы бастан дайындалу
керек. Ол үшін əр рудың батыры мен басшысы өз қарауында қанша түтін
бар, əр ру жарамды жорық атымен, бес қаруын сай етіп, қанша сарбаз
шығара алады? Осының мөлшері тез арада анықталсын делінді. Ежелгі
дəстүр бойынша, Абылайдың межесі былай екен: Артын мен Найман бipбip түменнен, Керей-Уақ, Қоңырат-Қыпшақ екеуара бір түменнен деп
есептегенде, Орта жүз төрт түмен əскер шығаруға тиіс... Кіші жүз рулары
түгел қатыса қоймас. Мына оқиғадан кейін Нұралы, Ералы сұлтандар
бұрынғыдан да қиыс тартуы мүмкін ғой. Əйтсе де, аттаныс хабарын естіп,
құлағына қиқу тисе, жауынгер ел хан жарлығына қарап отырмай, бері
салғанда бір түмен қолмен қосылары сөзсіз. Сыр, Сарысу бойындағы:
Əбілқайырға ермеген Алшын, Жаппас, Тама, Табын рулары алдымен қол
ұшын берерінде күмəн жоқ... Ал түгелдей жоңғар қол астында қалып,
болашақ аттанысты төрт көзімен күтіп отырған Ұлы жүз рулары бұл жолы
жан сала қимылдауға тиіс. Олардан бір түмен, əлде екі түмен əскер қалайда
шығып тұр.
— Əттен, дүние-ай! Алдағы аттаныста жеті түмен қол ту түбіне
жиналса, жоңғарды жүндей түтер едім-ау! — деді Абылай хан алақанын
ысқылап. — Айтпақшы, осыдан отыз жыл бұрын, «Ақтабанның» кезінде,
қазақ жеріне басып кіргенде ойрат Ордасында да жеті түмен əскер болған
ғой. Жалған ісі ақиретке кетпес. Біз де сондағы «сый табағын» өз алдарына
тартармыз!
Бірақ оған дейін істелетін жұмыс бастан асады. Əр ұлыс өз дарқанұсталарын Жезді мен Теміртауға аттандырып, қыс бойы қару-жарақ, сауытсайман соғумен айналысуы керек. Садақ иетін, жебе жасайтын, ер-тұрман
өретін шеберлер де бөгелмей іске кірісетін болсын. Ұсталарды сойыспен
қамдау, көмекке қарулы азаматтар болу ру басыларына жүктеледі. Əскердің
артқы шебі — бақауыл тобын жасақтауды да мың басы, түмен басылар осы
бастан ойластырғаны жөн. Аттаныс мерзімі — алдағы жылдың мамыры. Ту
тігіліп, түзем құратын жер — Ұлытау өңірі. Ал соғыс қай бағытта жүреді?
Найзаның ұшын алдымен Сыр бойына тірейміз бе, Жетісуға бұрамыз ба, не
болмаса жауды терістіктен, Ертіс пен Емілді өрлете қуамыз ба, ол жағы
кезінде, жоңғар Ордасының осал жері қай тұста деген сауалға орай
шешілетін болады. Аттаныс мерзімін, əскер санын əзірше дабыраламай,
дайындық жұмыстары өте құпия, əрі мұқият жүретін болсын деген бəтуаға
келісті.
Қолбасы батырлар Абылайды орталарына ала отырып, алдағы аттаныс
жөнін бір жайлы етіп болғанша, билер соты да Барақ сұлтанның ісін аяқтап
қалған еді. Айыптаушы да, ақтаушы да, ағайынның дəнекер сөзін айтатын
да — осы жеті бидің ішінде-тұғын. Төбе би осылардың бəрін тыңдап
болған соң ғана, үкім айтуға тиіс. Айғақ-куəларды түгел тыңдап болды.
Барақ сұлтаннан неше дүркін жауап алынды. Ата-баба дəс түрі, қазақтың
ежелгі жол-жобасы мұқият тəптіштелді. Қасым ханның қасқа жолы, Есім
ханның ескі жолы, одан қала берсе, Əз-Тəукенің «Жеті жарғысы» əр
құлақта қайта жаңғырып, олардың, əсіресе, кісі өлімі, құн дауы жөніндегі
қағидалары қайтадан сарапқа түсті.
Өз елінің сөзін ұстап, өлген хандарының құнын даулап келген Кіші жүз
тобының басшысы — Шекті Сырлыбай биден де сөз қалған жоқ. Негізгі
даугер ретінде қайта-қайта қамшы тастап, арыла сөйлеген кісінің бірі сол
болды. Ал қорғаушы би Боранбай да ешкімге есесін жіберетін кісі емес-ті.
Өліге обал, тіріге қиянат болмасын деп, жанған өртке қанатымен су сепкен
қарлығаштай, ол да Барақ сұлтанды барынша қорғап бақты... Негізінен осы
екі бағытта өрбіген билер сөзі көпке дейін бір түйінге келе алмай,
тұйықтала берген. Көпшілік ендігі түгел сөздің тоқ етер түйінін төбе би
Қазыбектен күтіп отыр еді. Үкім айтылар күн жақындаған сайын, жұрт
шыдамы жұқарып, тықырши бастаған.
Қазыбек бүгін билік айтады деген күні Қабанбай ежелгі дағдысымен
ерте тұрып, хан Ордасының сырт жағындағы төбеге қарай аяңдады. Күздің
таяп қалғаны ма, таңғы ауада бой сергітіп, ұйқы ашатындай салқын сыз
бар. Шыққа малынып, күмістей жылтыраған киіз бетегенің үстімен
тайғанақтап, зорға жүріп келе жатқан-ды. Төбенің баурайына таяп
қалғанда, кенет арт жағынан аяқ тықыры естілді. Бұрылып қараса, соңынан
Барақ сұлтан келе жатыр екен. Аяғын жітірек басып, қатарласа берді.
Бүгінгі таңды, сірə, ұйқысыз өткерген болар, қаны қашып, сұрланып
алыпты.
— Қайырлы таң, Дарабоз! Жақсы жатып, жайлы тұрдың ба? — деді
даусы сəл тұтқырланып.
— Шүкір. Өзің қалайсың, сұлтан? Бүгін тым ерте тұрып кетіпсің ғой?
— Неменеге алағызатынымды білмеймін, соңғы күндері ұйқымның
қашыңқырап жүргені, — деді Барақ баяу күрсініп. — Өзің білесің, қорқу,
қобалжу дегендер менің əдетімде жоқ нəрселер ғой. Қанжарымды қанға
малып, Əбілқайырды о дүниеге аттандырған күні де дəл бұлай елегізген
жоқ едім.
— Қорқудан емес, қобалжудан болар, — деді Қабанбай. — Ел келесі,
жұрт талқысы деген оңай ма. Бəрі бір кісіге қаратылғанда, сөздің де бел
қайыстырар салмағы болады.
— Сірə, солай шығар... Бəрінен де күткен жаман екен. Бас-аяғын бір-ақ
күнде бітіретін белгілі нəрсені билер де сағыздай созып жіберді.
Бұлар хан Ордасы мен төлеңгіт ауылының екі ортасындағы биік дөңнің
басына шығып, шығыстан алаулай көтерілген күнді, ояна бастаған тіршілік
дүниесін тамашалап біраз тұрды. Күнмен жарыса таяу бір маңнан
бозторғай көтеріліп, бейне аспан төсіне іліп қойған күміс қоңыраудай
сыңғырлап қоя берді. Төлеңгіт ауылынан төрт түлік мал өpe бастаған. Əр
ошақтың басынан шудадай шұбатылған түтін көтеріліп, ақ жаулықты
əйелдер əдеттегі тірлік қамына кірісіпті.
— Өйтіп, қатты күйзелетіндей ештеңе жоқ, сұлтан! — деді Қабанбай
Барақтың жүзіне барлай көз салып. — Əрі кеткенде құн алар, ел-жұрт
болып көтерерміз. Жалғыз емессің. «У ішсең — руыңмен» дейді қазақ.
Артында қара ағаштай қалың ел тұрғанын ұмытпа.
Барақтың өз басы, өзге сұлтандардай емес, артық дəулет жинамайтын
кісі еді. Қолы ашық, дастарқаны мол, кірісінен шығысы көп болатын.
Қабанбайдың көңіліне разы боп қалды.
— Рақмет, Дарабоз... Тəңір жарылқасын! Сен осылай демесең, Қабанбай
болармысың! — деді даусына сəл-пəл діріл араласып. — Айдың-күннің
аманында артына сөз ілескен жаман екен ғой. Қаңқу сөзден гөрі қан
майданда қас жауыңмен ашық айқасқаның мың артық... Ал енді сенер
болсаң, мені қинайтын — бүгінгі билер кесімі де емес, мүлде басқа жай...
— Ол не сонда?
— Болашақ ұрпақтың үкімі! Заман озады, заң тозады, ұрпақ ауысады.
Бірақ қазақ шежіресінде Барақ пен Əбілқайыр оқиғасы ұмытылмай,
таразының екі басында тұра берері хақ. Сол бейтаныс, болашақ ұрпақ кімге
алғыс, кімге қарғыс айтар екен? Солар сорлы Барақты түсіне ме? Мені бір
сойыл көтерген содыр, қан құмар қарақшы деп жүрме-се болғаны да!
Қабанбай бəрінен де бұрын Барақтың айтқан сертте тапжылмай тұрып
қалатын табандылығын, жаудан қайтпас көзсіз ерлігін ерекше бағалаушы
еді. Өткенге өкінбесе де, болашақты болжай алмай, əлі де толқу үстінде
тұрған сұлтанды іштей аяп кетті.
— Келер ұрпақтың да ой-пікірі бір жерден шықпас, — деді Қабанбай
толғана тіл қатып. — Азат ұлдың сөзі бар да, ноқталы құлдың сөзі бар.
Қайсысын аужал тұтарсың?! Құбылмалы дүние талай аударылар да
төңкерілер. Əр буын өз заманының үйретінді сөзін айтар. Əйтсе де, менің
бір сенетінім — түптің түбінде азаттық пен ақиқаттың мерейі үстем болары
хақ!
— Рақмет! Айтқанын келсін, Дарабоз!.. Маған да керегі — бүгін бар да
ертең жоқ, бетіндегі көбігі емес, түбіндегі тұнығы ғой. Кейінгі ұрпақ
дұғасына қоспаса да, атымды шулатпай, тыныш ұйықтатса болғаны! — деп
сұлтан аз ойланып тұрды да, кенет бір ойнақы, көңілді қалыпқа көшті. —
Тіпті менің екі дүниеде өкінерім жоқ. Мен де, қалай дегенмен, тауарых
бетінде өз таңбамды қалдырдым емес пе... Тəйірі, əр заманда бір Барақ
тумас деймісің. Солар өшірмейді менің атымды! Əбілқайыр хан екеуіміз
енді мəңгі ажырамастай қосақталдық. Өзің айтқандай, дүние бірде бетін,
бірде сыртын берер. Əбілқайыр екеуіміз заман ауысқан сайын жармақтың
екі бетіндей кезек жалт етіп, итжығыс түсеміз де отырамыз! — деп өзінің
қайғысыз, дарқан кезіндегідей қарқылдап тұрып күлді...
Сол күні ұлы сəске кезінде хан Ордасының маңы құжынаған халыққа
толып кетті. Жан-жақтан аттылы-жаяу ағылған адамдар толастар емес. Бəрі
де бүгін жария болар үкімді өз құлақтарымен естігісі келеді. Мана
таңертеңгі мезгілде-ақ ағылған жұрттың ауқымын байқаған соң билер соты
Орда маңында емес, ауыл сыртындағы жүрекше төбенің баурайында өтсін
деп ұйғарысқан. Қазір салт атты төлеңгіттер опыр-топыр көп қауымды
Орда маңына жолатпай, сол төбеге қарай қайырмақтап жүр.
Мына төбенің баурайы, шынында да, көк майсада жамбастап жатып,
нағыз сөз тыңдайтын жер екен. Біреулер аттарын өрелеп жіберіп, енді
біреулері матастыра қаңтарып қойып, жұрт қатарлы орын алып жатыр.
Кімдер жоқ дейсің бұл дүрмектің ішінде: бай мен бағлан да, сұлтан мен
оғлан да, баты жанған батыр мен сан соғыста жаумен қидаласқан сары тісті
сарбаз да осында. Биенің екі сауымының арасында, не өрістегі қой
үйездеген кезде сөз тыңдап келе қоялық деп тұра шапқан малшы-қосшы,
жылқышы да осы маңда. Енді, міне, сол сөз құмар қауым тыматынын,
билер жақ құлатын жымқырып алып, өліп-өшіп əңгіме тыңдап отыр.
Төбе басына Абылай бастаған батырлар тобы бір бөлек, билер тобы бір
бөлек келіп түсті. Солардың соңын ала бір топ сұлтан, оғландардың
қоршауында Барақ та келе жатты. Жұрт назары бірден сол жаққа ауған.
Көпшілік əр тұстан:
— Əне, Барақ сұлтан да келе жатыр!
— Ой, ерім-ай, ə!..
— Қайсысы, бергі шеткісі ме?
— Жоға, анау бір ортадағы ақжал жиреннің үстіндегі дəуді көрдің бе?..
— Пай-пай, өзі де жігіттің сырттаны екен ғой!
— Əрине, енді қалай деп ойлап едің?! Оңай кісі Ақ патшаға арқа сүйеген
Əбілқайырдай ханның басын ала ма? — десіп гу-гу етеді.
Абыр-сабыр басылып, жұрт түгел жайғасып болды-ау деген мезетте, кең
жайылған масаты кілем үстінде, билер қоршауында отырған төбе би — Қаз
дауысты Қазыбек орнынан көтерілді. Бұл күнде жасы сексеннен асқан
бидің бетінің əрі, көзінің нұры тайып, денесі апшып шөге бастағанымен,
қаздай қаңқылдаған əсем даусы əлі сызат түспей жақсы сақталған екен.
Қара сөзге келгенде алдына жан салмайтын майталман жорғалығымен
жұртты лезде өзіне қаратып алды.
Ол ең алдымен Əбілқайыр — Барақ ісіне байланысты даудың толық
тергеу-тексеруден етіп аяқталғанын хабарлады. Айналасы аптаға созылған
уақыт ішінде ондаған куəдан жауап алынған. Үш жүзден сайланған жеті би
мен олардың көмекшілері күні-түні тынбай тергеу жүргізген. Қазір
мəселенің басы ашық, көңілде күмəн, күдік туғызар қалтарыс ештеңе
қалған жоқ. Əбілқайыр ханды жоқтап, Барақ сұлтанды айыптайтын сөздің
тізгінін Шекті Сырлыбай би ұстаса, Барақ сұлтанды ақтайтын сөздің
бұйдасын Найман Боранбай би ұстаған. Олардың бүгінге дейінгі жеріне
жеткізе айтқан жүгініс сөздері билер тобына мəлім болғанымен, дəлелді
даудың түйінін көпшілік қауым өз құлақтарымен естіген жоқ. Сондықтан
үкім айтылар алдында даугер билерге сөз берілмек. Алдымен қамшы
тастап, сөз сұраған — Шекті биі Сырлыбай болды.
— Біздің айтар сөзіміз — жаптым жала, жақтым күйе емес, сорғалаған
қан, сойдақталған ізбен келіп отырмыз! — деді ол, сөзімді дүйім жұрт түгел
естісін дегендей саңқылдай үн қатып. — Айғақ-куə — алдыңызда. Дəл
осыдан жалтарып кетер жайың жоқ, ағайын. «Хан болсын, ханға лайық заң
болсын. Би болсын, би түсетін үй болсын. Абыз болсын, абыз сыйлау парыз
болсын!» демеп пе еді күні кеше, есіміңнен айналайын Есім хан. Заман
азды, заң тозды екен деп, бейбастықты бетімен жіберсек, не болады бұл
дүние? Жазыққа -жаза, айыпқа — анжы болмайтын ба еді?! Құлға да күн
төлейді бұл заманда. Ал Əбілқайыр кім еді? Алысқа салар арысың, жауға
бермес намысың емес пе еді? Айыбы тоқалдан туды демесең, ол да жеті
атасынан қаракөк үзілмеген Əз-Жəнібек əулеті. Басына бақ қонып, кезінде
кіші Ордаға хан сайланды. Өз тұсында бағы мен беделі бəріңнен асып,
қазақ əскеріне қолбасы да болды... Кейде ағайын танымаған асылға
алыстағы жаттың көзі түседі. Осы өзіміздің Ырғызда отырып-ақ, сонау
Петрбордағы Ақ патшаның назарына ілікті. Орыс əкімінің оң тізесінен
орын алып, сый-құрметіне бөленді. Кəне, айтыңдаршы, Ақ патшадан
таңбалы қағаз алып, заңды түрде таққа отырған Əбілқайырдан басқа кімің
бар? Өзгенің құрметіне бөленген арысымызды өзіміз бағаламасақ,
əділдігіміз, елдігіміз қайсы? Хан құнсыз, батыр пұлсыз болғанда, өзгенің
көрген күні не болады? — дегенде Сырлыбайдың даусы тіпті ащырақ
шығып кеткен.
Қазыбек оның сөзін бөліп:
— Даугер би, тоқ етер түйініңді айтшы. Не тілейсің? — деді баяу тіл
қатып.
— Не тілеуші едім? Қысасқа — қан, оқысқа — құн! Əбілқайыр ханның
өлімі оқыстан емес, қысастан болғаны хақ. Абдолла əулеті құныкер Барақ
сұлтанның қанын ұрттамай тынбаймыз деп отыр. Тентекке тиым, ұрпаққа
үлгі болу үшін, мұндайда қанға — қан, жанға — жан алса да артық емес...
Ал құнға келетін болсақ, оның жөні бір басқа. Ердің құны — екі жүз
жылқы болғанда, төре мен қожаның құны — жеті есе. Əбілқайыр — төре,
жай төре емес, бір елдің ханы. Ал ханда қырық кісінің ақылы болатынын
білесіздер... Төбе би осының бəрін есепке алып, əділ кесімін айтар деп
сенемін!
Осы кезде манадан бері қарсыласының сөзін қалт жібермей тыңдап,
тықыршып зорға шыдап отырған Боранбай би тамағын кенеп, жез
шырмалы сарыала қамшысын екі бүктеген күйі ортаға тастады.
— Сөйле, Боранбай би. Сен не айтасың? — деді Қазыбек саңқ етіп.
— Мен не айтушы ем, алты арыстың ағасы — қадірлі Қазеке?! Мен
айтсам, əлекке салар əрекені емес, берекені айтам. «Түгел сөздің түбі бір,
түп атасы - Майқы би» демекші, бұл қазақ-қалмақта өзіңізден асатын сөз
бар ма? «Жетпеген билік жеті ұлықтың есігін аштырады» дейді. Сіз
отырғанда, ондай күдікке орын жок! — деп Боранбай аз- кем тыныстады.
— «Қанға — қан. жанға — жан» деп ышқыну — ақылдың сөзі емес, а
дегенде ауызға түсер ашудың сөзі. «Алдырған — албырт, анасының қойнын
ашар» дегендей, Кіші жүз биі, бəлкім, аңғармай айтып қалған шығар.
Əйтпесе, балшықтан адам жасай алмай отырған заманда, күні кеше
аруағынан айналайын Əз-Тəуке, қанға — қан төлеуді құн төлеуге
алмастырғанын кім білмейді?.. Ел бірлігін ойламай, ерегеске жол берсек,
сойыл көтерген содыр əр ауылдан табылады. Ұлыс арасын ушықтырмай,
сойылды тастап, сөзге келейік, ағайын! Кейде семсер үстінде серт
жүрмейтін де кез болады. Жолға жүгінгеннің жөні осы екен деп, баяғы қара
қисынға сала бермей, жаңа заманның парқын ажыратып, байыбына барып
сөйлейік... Əбілқайыр хан болғанда, Барақты хан емес деп кім айтады? Ата
тегі Əбілқайырдан да жоғары, жеті атасынан хандық үзілмеген, нағыз қара
көктің тұқымы. Ханның басын хан алғанда, арасында қарашы жүрмес
болар. Осы біз шамамызды білмей шарқ ұрып отырған жоқпыз ба?.. Уа,
жарандар, о заманда, бұ заман, хан басына құн сұраған кісіні естіпбілгендеріңіз бар ма? Хандар қашанда жау қолынан өледі — амал жоқ,
жазмыштан келген қазасы. Тек ілуде бір жағдайда ғана өз елінде жүріп, кісі
қолынан мерт болады. Ол — халықтан алған жазасы. Əбілқайырды қанша
дəріптегенмен, ол халықтың қарғысына ұшыраған адам болатын. Сол
қарғыс жібермеді оны. «Мың асқанға — бір тосқан». Тура келген зауалдан
Ақ патшаның таңбалы қағазы да қорғап қала алмады, — деп Боранбай аз
бөгелді де, құлаққа жағымды қоңыр əуенмен қайта сөйлеп кетті:
— Екінші айтарым: Əбілқайыр ханға біреу у берсе, не аңдаусызда
қапысын тапса — əңгіме басқа. Ол нағыз семсер үстінде серт жүрмес
жекпе-жекте, өлім мен өмір белдескен жағдайда қаза тапты ғой. Егер Барақ
сұлтан өзін қорғап қылыш суырмаса, оны Əбілқайыр өлтіруі мүмкін еді.
Оның үстіне, куəлардың бірауыздан атап айтқанындай, Барақ сұлтан
жанжал шыққан жерге өзі іздеп бармаған. Керісінше, Барақты іздеп келіп,
алдымен қол жұмсаған — Əбілқайыр ханның өзі. Қарсы жақтың тіпті
қорғанбасқа амалы қалмаған... Ендеше Барақтың басы қылмыстан ада.
Тіріге сабақ, өткенге салауат деп, бұл істі осымен тындырайық, ағайын!
Егер Əбілқайырдың аруағын сыйлайтынымыз рас болса, тірісінде жұртты
шулатқаны аздай, өлгеннен кейін де марқұмның басын жылқыға шағып,
сау-даласпай-ақ қоялық!
Сонымен, жұрт алдында даугер де, қорғаушы би де сөйлеп өтті. Екеуінің
де сөзі орнықты, дəлелді көрінген. Бұл сөз дегеннің құдіретін қойсайшы!
Сырлыбайды тыңдап отырсаң, қанды қол Барақ бұл жолы құн төлеп қана
қойса, женіл құтылғаны. Кіші жүз жағы қанға — қан алмай тынбауы керек
секілді. Ал Боранбайды тыңдап отырсаң, өз еліне опасыздық жасап,
қарғысқа ұшыраған хан жазасыз кетпей, түбінде біреуден ажал табуы керек
екен. Қаны тасыған бұзақыны бұғалықтап, өз міндетін адал атқарған Барақ
сұлтанға тек алғыс айту қажет секілді. Көпшіліктің бір түйінге келе алмай
толқығаны байқалады.
Дегенмен өлі де бір белес бар. Ең соңғы бұлжымас билікті Төбе би
айтуға тиіс. Қалың ел сілтідей тынып, енді соның аузына қараған. Тіріні
аруаққа жығып бере ме, əлде тірінің тіршілігінен де бір жаналық көре ме?
Алда Əбілқайыр жолы, Абылай жолы, Барақ жолы деген тарау-тарау жол
жатыр, қайсысын артық санайды? Таңдау — ұлы бидің еркінде... Жалпы,
бұл — күн дауы да, құлқын дауы да емес, екі жол, екі бағыттың тартысытұғын. Қысқасы, ұлы аттаныс алдында тұрған қазақ елінің бұдан кейінгі
көп жағдайы бүгін айтылар билікке байланысты еді.
Басында пұшпақ бөрік, тобығына түскен жасыл жібек шапаны бар
Қазыбек оюлы текемет, масаты кілем үстінде, басқа билерден бойы асып,
биік тақта отырған-ды. Тамағын қаңқ еткізіп бір кенеп алды да, аса таяғына
сүйенген күйі, біркелкі төселген мəнермен сөйлеп кетті:
— Уа, менің қажырлы халқым, жауынгер жұртым! — деген қаз дауысын
кернейдей созып. — Сен маған ризасың ба, жоқ па, мен саған өле-өлгенше
ризамын, елім. Кеше Əз-Тəукенің заманында, он үш жасымда билікке
араласып едім, содан жетпіс жыл бойы төбеден түсірген жоқсыңдар. Ердің
құны, жердің дауы, жесір мұны — бəрі-бəрі алдымнан тарады. «Əділ билік
— алтын таразы» дейді екен. Əзірге қылдан тайып, жан баласын жылатқан,
таразыдан жеп, əй кəпір атанған жерім жоқ. Сөзімнің алмасы, аузымның
дуасы бар кезде қазақ-қалмақты қатар шұлғытқан шақтарым да болды.
Енді, міне, заман азған, заң тозған дəуірде жыртығыңа жамау, талған
өзегіңе талғажау бола алармын ба? Алайда, сөзіме сенсеңдер, мына
сексеннен асқан жасымда, ел қонбаған шөлге, құс қонбаған көлге кезігіп
отырмын. Осы ғұмырымда ер өлтіріп, Ертіс бұзған, Шуды шулатып,
Таласты талқандаған небір телі мен тентекті көрсем де, менің тұсымда
ханның басын хан алған жағдай ұшыраспаған екен. Тек баяғы Есім ханның
тұсында Ташкентте Қатағанға хан болған Тұрсын-Мұхамет қана немере
ағасы Есім ханның қолынан ажал тауыпты. Ол да өз пиғылынан, ел бірлігін
сатқан опасыз ретінде жазаға тартылған, — деп кəрі би тыныстап алғысы
келгендей біраз бөгелді.
— Қанша асып-тассаң да, аты жүйрік ажал құрытынан адам пендесі
қашып құтылмайды екен. Енді, міне, кезек Əбілқайыр ханға келіп отыр, —
деді сөзін онан ары жалғап. — Өмірімді ұзартам, билігімді молайтам деп
жанталасқан адам, əне, сондай-ақ болар. Марқұмның туысында, ерлігінде
қапы жоқ еді. Бірақ, амал не, таңдаған жолы жалған боп шықты...
Əбілқайыр хан мен Барақ сұлтанның жандасуы — əдеттегі тақ таласы, не
енші бөлісі емес, саясат сайысы, бағдар қақтығысы... Мен білсем, біздің
халқымыз тағы да тоғыз жолдың торабында тұр. Алаш ұлы — ежелдің ен
күнінен басына ноқта кимеген, жүген-құрық тимеген асау, арда ел едік. Ел
аман, жұрт тынышта жоқ сұмдықты бастаған, мойнына құлдық қамытын
киіп, бостандығын бодандыққа айырбастаған — осы Əбілқайыр болды. Иə,
əдепкіде қиыннан жол тапқандай көрінген. Құдіреті күшті Ақ патша
қазақты өз панасына алып, жел жағына ық, жау жағына қорған болады деп
сенгенбіз. Қашпаған сиырдың уызына иегі қышыған сондай дəмегөйлердің
бірі — кəрі шөңге, мына мен едім. Əбілмəмбет пен Абылай жана
беталысты түсінбей, етектен тартып жүр ме деп, осылардың басынан аттап,
орыс ұлығымен хат жазысып, сый-сыяпат алысқан кездерім де болды. Жаза
басқанымды енді біліп отырмын. Ақ патша жəйін жатқан жалпақ елді,
қаймана қазақты жарылқамақ түгілі құзырына құлдық ұрған ханның өзіне
опа бермеді ғой. Алатын мөрлі қағазын алып, қазақ жерін айналдыра
салатын қамалын салып болған соң, қамсауы жоқ жыртық тондай жұртына
тастап жүре берді. Бұл — бəріміз үшін сабақ, туысқандар! Əбілқайыр хан
қазақтың азат басын саудалап, ағайынды алжастырғаны үшін жазықты еді,
ақыры соның сазайын тартты. Енді бүгін халықтың қарғысына ұшыраған
күнəһар пендеге бола көзіміздің жасын көлдетпей-ақ қоялық!
— Екіншіден, — деді қарт Қазыбек сөзін жалғап. — Ашыққан — ұры,
ашынған — долы. Барақ сұлтанның ақ алмасы көптен қайраулы жүрсе де,
өш алу үшін Əбілқайырды əдейі іздеп бармаған. Əлде қан тартып, ажал
айдаған болар, бұл жолы да Бараққа ханның өзі келіп соқтыққан. Оның
сұлтанға жасаған қысасы бір бұл емес, өткен жылы Барақ ауылына
Хиуадан жіберілген керуенді тонап алғаны тағы бар. Осы жолы да шығысқа
қарай ауа көшкен қарақалпақ ауылдарын шаппақ болып, соңынан қуып
келе жатқанда, Барақ сұлтанмен ойда-жоқта ұшырасқан. Бұл арада
қапысын аңдыған қастық ізі байқалмайды. Барақ сұлтан Кіші жүз ханын
ашық майданда, семсер үстінде серт жүрмес, адал жекпе-жекте өлтірген.
Бата тимесе, қате тию де жоқ, табандап тұрып, тап жыққан... Өздеріңіз
білесіздер, Барақ — жай қарашы емес, ханзада. Əбілқайырмен қылыш
айқастыруға ата тегі де, дəрежесі де жетіп тұр. Сондықтан мен бұл жолы
Барақ сұлтанды айып-анжыдан ада, коды күнəдан таза деп есептеймін! Ал
Əбілқайыр хан о дүниеде өз күнəсы үшін құдай алдында жауап бере жатар.
Бұл дүниеде құны сұраусыз. Менің айтар билігім осы, халайық!
Осы сөздің ауыздан шығуы мұң екен, манадан демдерін ішіне алып,
тықырши тыңдап отырған жұрт маңайдағы құз-жартасты бастарына көтере,
дуылдасып кетті:
— Жаса, Қазыбек би!
— Қара қылды қақ жарды деген осы!
— Тура биде туған жоқ. Өзін де аямады ғой кəрі тарлан...
— Бұл — ғасырда бір айтылар билік болды.
— Жаса, Барақ сұлтан, жасай бер!
— Атың өшкір Əбілқайыр бодандық бұғауын өзімен бірге ала кетсін! —
дескен сөздер маңайдағы құз-қияға жаңғырытып, көпке дейін басылмай
тұрды.
Кейде жеті ағайынды жұттың қабаттасып, қатар келетіні секілді,
айналайын жақсылықтың да жалқы жүрмейтін əдеті ғой. Жұрт əділ үкімге
көңілдерін демдеп, абыр-сабыр басыла берген кезде, көпшілік алыстан
жолданған тағы бір қуанышқа ортақ болды. Кеше Ұлы жүзден тізгін
ұшымен кештетіп жеткен жаушы Абылайға Төле биден хат əкеліп
тапсырыпты. Ол да бүгінгі оқиғаға тікелей байланысты: «Егер Барақтың
басы даудан арылып, ағарып шыққандай болса, сұлтанды көп бөгемей,
біздің елге жіберіңіздер. Жолбарыс хан өлгелі бос тұрған Ұлы жүз тағына
Барақты хан көтергіміз келеді!» — депті ұлыс бегі Төле би.
Бұл хат қалың көпшілікке бір жерде тоғысқан Үш жүздің тілегіндей əсер
етіп, онсыз да тасып төгілген халық мерейін бұрынғыдан да аспандатып
жіберді.
Қос қабат қуаныш көп кешікпей көшкен ел, соққан желмен бірге бүкіл
қазақ даласына тарады. Ер-азамат атаулы бір күн де болса еңсе көтеріп,
бұрынғы бұла-бостан күндеріне қайта оралғандай болып еді. Алда ұлы
аттаныс, жоңғарға қарсы жорық күтіп тұр. Азаттық аңсаған халық — қазір
зар күйіне келген қыран іспетті. Осынау көңілді көкке өрлеткен бүгінгі
күннің өшпес рухы ата жаумен айқаста талай азаматқа талғажау болары
анық.

 
ЕКІНШІ БӨЛІМ
АТТАНЫС
I
Барақ пен Əбілқайырдың ісі қаралатын Көкшетаудағы билер кенесінен
кейін де арада үш жылдай уақыт өтті. Атыс-шабыс, арпалысы аз
болғанымен аңдысуы көп, без бүйрек, бедеу жылдар. Бұлыңғыр болашақты
кім болжай алған. Қазақ даласының іші-сыртында белең алған, күтпеген
оқиғалар келер жазда жорыққа шығамыз деп талпынған Абылай жоспарын
іске асыртпай, аттаныс мерзімі амалсыз кейінге қалдырылған-ды. Əрине,
алыстан келіп, асатынан төнген апат тағы жоқ. Етектен тартып жібермеген
— осы елдің жетекке жүрмес енжарлығы, уəделі күні дайын тұратын
тұрақты əскердің болмауы, қазақтың мəңгі бітпейтін алты бақан ала
ауыздығы.
Тірі Барақ пен өлі Əбілқайырдың дауы, жұрт ойлағандай, сондағы билер
кесімімен біте қойған жоқ. Əке тағынан үміткер Нұралы сұлтан алғашында
ағайын ауқымына бағынып, əрі Орынбор əкімдерінің айтқанынан шыға
алмай, қойдан қоңыр мінез танытып еді. Бірақ келесі жылы Кіші жүзге хан
сайланып, өзін бекіткен патша жарлығы қолына тиісімен ескі дауды қайта
жаңғыртты. Қас жауым Барақтың қанын ұрттамай тынбаймын деп,
қалшылдап отырып алған. Əбілқайырдың асы берілісімен, маңайына біраз
қол жинап, Барақ сұлтанның ұлысын шаппақшы да болды... Қазақтың өз
ішінде қырғын соғыс болайын деп жатқанда, сыртқы жауға аттанып, не
мархадам табасың?! Келесі жылан жылынын жазы, міне, осының əлегімен
өтті.
Алайда Орта жүз ханымен қолбасы батырларының Барақты
оңайшылықпен бере қоймасын сезді ме, əлде желкесінде тұрған көкжал
арынан қаймықты ма, əйтеуір жеме-жемге келгенде, қару көтеріп шығуға
Нұралының тəуекелі жетпеді. Оның үстіне бұл кезде Барақ сұлтан өзіне
қарасты біраз ауылдармен Сарысуды құлдай көшіп, Жоңғар қоластындағы
Ұлы жүз шегіне өтіп алған болатын. Өз ұлыстарына хан көтермек болып
арнайы шақырған адамын Ұлы жүз билері де ендігі жерде ешкімге
қорлатпасы анық еді.
Нұралының өзегіне өрт кетіріп, тынышын алған нəрсе де — əкесінің
кегінен бұрын Барақтың осы елден ерек хан көтерілу хабары-тұғын. Оның
ойынша, осыдан он жыл бұрын қаза тапқан Ұлы жүз ханы Жолбарыстың
орнын Шығай хан əулеті емес, Өсекеден тарайтын тоқал қатын балалары
басуы керек. Өйткені, Жолбарыс — бөтен емес, Əбілқайырдың туған ағасы.
Ендеше таққа отыруға мұнын інілерінің бірін неге шақырмайды? Ұлы жүз
билерінің ата жолымен санаспай, бір жақта жатқан қанды қол Барақты
таңдауы, — сыпайылап айтқанда, аруақ аттағандық, Əбілқайырдың көзі
жұмылмай жатып, Абдолланың əулетін басынғандығы. Ал Нұралы ондай
қорлыққа көніп отыра алмайды.
Қарулы қақтығыстан ештеңе өнбесіне көзі жеткен соң, Кіші жүз ханы
одан гөрі сенімдірек, басқа бір тəсілге көшті. Ол енді ойрат Ордасына
жақындасу арқылы бұл оқиғаның алдын орамақ болған. Есіл-дерті —
қайткен күнде де Барақты хан тағына жеткізбей, көзін құрту. Осыдан үштөрт жыл бұрын Əбілқайыр хан орыс əкімдеріне өкпелеп, кезекті бір
құбылған шағында Ойраттың жас қонтайжысы Цеван Доржиға астыртын
елші жіберіп: «мен саған бойжетіп отырған қызымды берейін. Жегжат
болайық. Оның қарымтасына сен маған байтақ қала Түркістанды бер»
деген тілегі бар екен. Оған қонтайжының да көніп қалған сыңайы бар ма,
қалай? Əйтеуір, Нұралы хан мынадай қысылтаяң шақта сол сөзді қайта
тірілтіп, өз қажетіне пайдаланып қалуға асықты. Сол үшін өз тарапынан
ойрат Ордасына кісі салып, Əбілқайырдың қалмақ əйелінен туған қызы
Намрунаны Цеван Доржиға ұзатпақшы болды. Байғұс қызға осының
алдында ғана Досалы сұлтан құда түсіп, қалыңдық ойнап жүретін-ді.
Нұралы хан етқызуда оған да қарап жатпады.
Кіші жүз ханының бұл құдалыққа құлшына кіріскені сонша, болашақ
күйеу балаға алтын қылыш тарту етіп, ойрат Ордасы қойған шарттардың
бəрін қабылдады. Көптен бері қолында жоңғар-қалмақтан түскен біраз
тұтқындар жүруші еді, солардың бəрін қайтарып берді. Бұдан кейін
ойраттарға қарсы қол көтермеуге, орыс қалаларына барып сауда жасайтын
ойрат керуендерін тонамауға уағда байласты. Қарындастың қалыңмалы мен
осыншама сый-сыяпаттың болымсыз ғана бодауы бар. Ол үшін тіпті
Түркістанды да қайтармай-ақ қойсын, тек Ұлы жүз тағына отырмай
тұрғанда Барақ сұлтанның көзін құртып, басын алып берсе болғаны! Ал
егер алда-жалда Ұлы жүзге төре тұқымынан хан көтеру қажет болса,
осында Өсеке əулеті жетіп жатыр. Нұралы ханның інілері — Ералы сұлтан
ба, əлде Айшуақ пен Қожақымет сұлтандардың бірі ме, барады да отыра
салады.
Ойда-жоқта тап болған мынадай батпан құйрықтан алтын тақтың буына
піскен жоңғардың жас қонтайжысы да теріс кете алмады. Тышқақ лақ
шығын шығармастан қазақтың ай мен күндей ханшасын құшса, сол арқылы
Нұралы ханды өзіне бейімдеп, Ақ патшаның иегінің астындағы Кіші жүзге
ықпалын жүргізсе, оған бұдан артық не керек?! Тек əлгі Барақ сұлтаны
құрғыр оңайшылықпен қолға түсе қойса... Алайда Барақты хан тағына
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 15
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.