Latin Common Turkic

Дарабоз - 09

Total number of words is 4015
Total number of unique words is 2284
35.0 of words are in the 2000 most common words
49.8 of words are in the 5000 most common words
58.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Жүсіп-қожа Хусни хатпен өрнектей жазылған құжатқа көз жүгіртіп
қарап шықты да:
— Орынбордағы орыс ұлығы берген куəлік қағазы екен. Елші Угримов
мырза Жоңғар ордасына барады. Жол-жөнекей Қазақ ордасын басып өтеді.
Арадағы келісім бойынша, елшіге ешкім тосқындық жасамайды делінген...
Аяғына мөр басылып, шекара комиссиясының қолы қойылған, — деді ол əр
сезін мəнерлей созып.
Тамашаға қарап тұрған ауыл адамдары дуылдасып:
— Апыр-ай, біздің молда орысшаға да ағып тұр екен-ау!
— Хат таныған кісіге осы жазу біткеннің төркіні бір ме деймін...
— Тəйірі, орыс тілі құраннан қиын дейсің бе? Бəрі де қалам-шариптің
қасиеті ғой! — дескен дауыстар естіледі.
Тілмаш табылғанға орыстар да қуанып, енді Жүсіп-қожаға бірдеңелерді
бастырмалата айтып жатыр. Ара-арасында «Қабанбай батыр» дегені
құлаққа жылы естілгенімен, басқасын ұғып тұрған ешкім жоқ. Қаба
сақалдыны зейін қоя тыңдап алды да, Жүсіп-қожа ежіктеп аудара бастады:
— Орыс елшісі айтады: біздің үлкен ұлықтар Қабанбай батырды
сырттай естіп біліп отыр дейді. Бүгін Сізді сəті түсіп көргеніне өте
қуанышты... Егер Қабанбай батыр біздің бекіністерге қонаққа, не саудамен
келсе, құшақ жая қарсы аламыз дейді.
— Онда мыналарға түсіндіріп айт! — деді Қабанбай. — Ізгі ниетіне
рақмет де. Дəм тартып жатса, алда барыс-келіс жасармыз. Алыстан келген
сый елдің елшісі ғой, үйге кіріп сусындасын. Бүгін осында қонақ болсын!
— Сонан соң жоңғар елшісі Ошыржапқа бұрылды. — Қазір арамызда
жаугершілік болғанымен, қазақ-қалмақ киіз туырлықты, ағаш уықты
ағайындас елміз ғой. Сіз де, елші мырза, қонақ үйге кіріп, бір малдың
басына бата жасап кетіңіз!
Соны айтып, елшілерге мал сойып, қонақасы беруді жігіттерге тапсырды
да, өзі қасына Шынқожаны ертіп, үйге қарай бет алды. Ішке кірсе, Майсара
қызыл танау қарбалас үстінде екен. Əлдебір теңдерді ақтарып, қымбат аң
терілерін алып жатыр. Мына келген саудагерлерге өткізіп, қажетті
бұйымдар сатып алмақ. Ауыл адамдарына, əсіресе, əйелдер үшін қайдағы
бір елшіден гөрі оқта-текте сағындырып келетін Бұхар мен Қашқардың
саудагерлері əлдеқайда сыйлы еді.
— Қатындардың көктен тілегенін жерден бергені-ай! — деді Қабанбай
лекіте күліп. — Күн қапырық екен. Қымыз əкелдірші.
— Қазір, қазір! — деді асыққан Майсара теңнен алынған қасқыр, қарсақ,
түлкі терілерін қызметші əйелге бөлек-бөлек будырып жатып. — Енді
қайтейік? Ержеткен ұл, бойжеткен қыз ұстап отырмыз. Жасау-жабдық
алуымыз керек. Мұндай керуен ауылға күнде келе бере ме?
— Ендеше, рақметіңізді маған айтыңыз, жеңеше! — деп Шынқожа сөзге
араласты. — Мен ғой — бұларды алдыма сап айдап əкелген. Əйтпесе, төте
жолмен тарта беруі де мүмкін еді.
— Үйбай-ау, аттеріс қайным да келіп қалған ба? — Қарбаласқан
Майсара босағада тұрған жігітті енді байқады. Аталары Қожақұлдың аты
кетеді деп, бұл ауылдың əйелдері Шынқожаны «аттеріс» деп атайтын. —
Саған да рақмет, айналайын! Құдай өзіңе оңынан жолықтырыпты.
— Бұлар сонда асыл теріден басқаны алмай ма? Малға айырбастауға
қалай екен? — деді Қабанбай төрдегі орнына жайғаса бастап.
— Ол жағын сөйлескеніміз жоқ. Əзірше алып жатқаны — тек тері, —
деді буынып-түйініп болып қалған Майсара. — Өзің де сол жаққа
барсайшы. Бəлкім, зəру заттар кездесіп қалар.
Майсара даяшы жігітке дастарқан жайғызып, қымыз əкелдірді де, өзі бір
топ əйелді бастап, асығыс жөнелді. Таңертеңнен ат үстінде жүріп, шөліркеп
келген батырлар қымызға бас қойған. Алғашқы екі-үш кесесін жедел-жедел
тартып жіберіп, шөл басып алған Шынқожа қолбасыға мынадай сұрақ
қойды.
— Осы мен бірдеңе білсем, ежелден-ақ Ақ патша мен ойрат ордасының
ымы-жымы бір-ау деймін. Араларында елші көп жүреді ғой? Осылар бізге
қарсы одақ құрып жүрген жоқ па екен?
— Кім білсін. Ашық шартқа қол қоймағандарымен өзара ішкі есеппен
табысулары əбден мүмкін. Ақ патшаның бізге сипатпаған мылтығы мен
зеңбірегін ойраттың қолынан көргенде, мен де сондай ойда қаламын.
— Ал біздің Əбілқайыр хан не бітіріп жүр? Оның да орыс патшасымен
достасқанына біраз уақыт болды емес пе? Орыс төрелерін өзіне бейімдей
алмағаны ма?
Қабанбай жымиып күлді. Жас та болса Шынқожаның алғырлығына,
пайымдылығына разы боп қалды. Бірақ жас батырдың көкірегін кернеген
қай сұрағына жауап беріп үлгірерсің.
— Сол Əбілқайырдың да орыс ұлықтарының алдында беделі кетіп
болды-ау деймін. Естуімше, ол биыл көктемде тақ мұрагері Цеван Доржиға
қызымды берем деп Жоңғар ордасына елші жіберіпті... Орыспен достасып
шекесі қызған кісінің қылығы емес қой бұл.
— Ал саған керек болса! — Шынқожа аңырайып отырып қалды. —
Əбілқайырыңыз сонда екі арада жүрген шөре-шөре біреу болды ғой?
— Соған жақын. Ал орыс — ойрат арасына келсек, Ақ патша жоңғарды
біржола күшейтіп жібермегенімен, ептеп қолтығына дым бүркіп қойғанды
теріс көрмейді.
— Неге? Қазақта басып алсын дегені ме сондағы ойлары? — деді
Шынқожа жанарынан от ұшқындап.
— Қазақ жерін жоңғарға тұтасымен ұстата саларлықтай, Ақ патшаға
ондай кең пейілдікті кім берсін?! Арамдықтың астары одан гөрі тереңде.
Жоңғар хандығы шығыстан тыныштық бермей қыса түссе, Абылай мен
Əбілмəмбет өздері-ақ келіп қолтығымызға тығылады деп ойлайды.
— Олардың осы ойын Абылай біле ме?
— Білгенде қандай! Ол қазір жоңғар жолбарысы мен Ақ патшаарыстанның əр қимылын бағып отыр.
— Құрысын. Мұның өзі анау-мынау адамның миы жетпейтін, бытысып
жатқан пəле десеңізші! — деді Шынқожа қолын сермеп...
Біраз жүрек жалғап, қымызға қанып алған соң, бұлар далалаға шығып,
жаңағы жайма базар жаққа беталды. Қас пен көздің арасында қала орнап
қалған ба дерсін, ауыл сыртындағы тепсеңге қызыл ала, көкала
шатырларды тігіп тастапты. Қашқардан шыққаны бар, Бұхар айналып
келгені бар, кілең ала шапанды, ала тақиялы сарт-сауан қаптап жүр... Не
жоқ дейсің бұл жаймаларда: Қашқардың матасы мен былғарысы, қытай
жібегі, шыны-шəйнек, ыдыстар, Бұхар кілемі, Ауған мен Парсының сауытсайманы, алдаспан қылышы, неше алуан дəрі-дəрмек, бояу дейсіңбе, мыңсан түспен құлпырып, көздің жауын алады.
Бұл саудагер дегендер де айрықша қызық жаратылған жандар ғой. Бүкіл
аспан асты осылардың өз үйі тəрізді. Ешкімді алаламайды, ешкімді
жатырқамайды. Қазақсың ба, қалмақсың ба, орыссың ба — оларға бəрібір.
Ел мен елдің арасындағы шекара да оларға бөгет емес. Саудагерде дос та,
дұшпан да жоқ, тек сатып алушы — қаридар ғана бар. Қазақ пен қалмақтың
қырық жыл бойы қырқысып жатқаны олардың қабырғасына батпайды.
Қайта сонысы жақсы. Соғыс ел басына мұқтаждық əкеледі, зəру заттар
көбейеді. Мына сияқты сауда керуендері соғысқан əскердің ара-арасымен
өтіп, өз кəсібін істей береді. Қайда барса да — аңсап күтіп отырған халық.
Тап бір қырық жыл көрмеген туысын көргендей, жамырап алдарынан
шығады.
«Бір есептен, бұлардікі де үлкен еңбек қой, — деп ойлады Қабанбай
жаймаларды аралап келе жатып. — Қысы-жазы қаланы далаға жалғап,
аттың жалы, атанның қомында көшіп жүру оңай дейсің бе?! Біз ғой, төрт
түлік малдан төл алғанымызға мəзбіз. Ол да — табиғаттың тартқан сыйы.
Ал мыналар тиыннан тиын тудырады ғой. Өлі заттың өзін өрбітіп,
арасынан пайда түсіреді».
Қашанда отырықты, кентті халықтардың ұпайы түгел, өздеріне келетін
пайда мен зиянды тез аңғарады. Міне, ойраттардың Оңтүстік Қашқарияны
басып алғанына жетпіс жылдан асып барады. Есепке жүйрік ұйғырлар
жоңғардың қайқы қылышына өздерінің төтеп бере алмасын жақсы біледі.
Қаласын, қыстағын тастап, бір жаққа ауа көшетін де жағдайлары жоқ. Өз
шамаларын өлшеп көрді де, бір тал оқ шығармай, жоңғарға бағына салды.
Қашқарияда ойраттар қызығатын жайылым жерлер де көп емес-ті. Оларға
керегі — сауда базары, ұйғырдың матасы мен кілемі, астығы мен жемісжидегі. Алым-салығын уағында төлейді. Басқа бұйым керек пе? Мархамат,
келіңіз де пұлын төлеп ала беріңіз!
Сөйтіп, ұйғыр халқы көп жылдан бері сырттан келген зорлыққа жер
тағандап шыдап келеді. Дегенмен ешқайда көшіп босқан жоқ, өздерінің
қара орын, хан тағында отыр. Түптің түбінде есебі түгел. Қазір олар
сауданың арқасында, ел қожасымыз деп шіренген қалмақтардың да
қалтасын қағып алатын болған. Мінеки, жоңғар түмендерінің ат тұяғы
жетпейтін жерде Қашқар саудагерлері емін-еркін жортып жүр. Бір тартқан
жəбірі — ойраттар Қашқарияның біраз ұйғырларын Іле бойына күштеп
көшіріп əкеліп, егін салдырып жатқан көрінеді. Мұнда да үлкен ұтылыс
жоқ. Қайта өрісі кеңіп, жаңа, құнарлы жерлерге қоныстанып жатыр...
Жалпы, баяғы Мойыншор тұсында дəуірлеген ұйғыр мемлекеті IХғасырда қырғыздар тарапынан талқандалып, ыдырағаннан кейін, бұл жұрт
отырықты елге айналып, атыс-шабыс, жаугершіліктен бойын аулақ
ұстайтын болған. Соғыстан гөрі кəсіпке, бейбіт тірлікке бейімдеу. Бұлар
Шыңғыс ханды да, одан кейінгі Шағатай-моғолды да қан төгіссіз, қол
қусырып күтіп алған. Қазіргі ойраттармен ара-қатынасы да солай. Өзінен
күші басым əрқандай жат жұрттық басқыншыны «келің, ака!» деп
қошеметтеп қарсы алады да, кетерінде анасынан бір боқтап шығарып
салады...
Қабанбай осындағы қыр қазағы мен қала саудагерінің тілдесу, арбасу
тəсіліне қарап біраз тұрды. Көшпенді қазақ сауданың қай қитұрқысын біліп
жатыр. Бірақ, өзінше, сонысын сездіргісі келмейді.
— Əй, тамыр, мынауың қанша тұрады? — дейді ауыл адамы əлдебір
етікті, не камзолды көрсетіп.
— Бір мысқал алтын, немесе екі түлкінің терісі.
— Тү-у, удай қымбат қой, тегі! — дейді қазекең, тақ бір талай базарды
аралап, дүниенің арзан-қымбатын түгел біліп тұрған адамдай.
— Енді қанша бересің?
— Бір түлкінің терісі де жетіп қалар. Өйткені түлкі деген сенің алдыңа
«мə, терімді ала ғой!» деп өзі келіп жатпайды. Қансонарда ізіне түсіп,
құмай тазыға, не қыран бүркітке алдыруың керек... Көрдің бе, қанша
машақат?
— Етік те өздігінен тігіле салмайды, ака! Алдымен теріні илеу керек,
былғары жасау керек...
— Сенікі, сірə, сатпайтын дүние болды ғой! — деп қазақ та өзінше
қулық жасап, кетуге ыңғайланады.
— Онда түлкінің үстіне бір қарсақ қосыңыз!
Осылайша айырбас-сауда жалғаса береді. Мына келгендер несиеге
бұйым бермейді екен. Айтты-айтпады, тұрлаусыз, ойпыл-тойпыл,
жаугершілік заманда кейін көшпелі қазақты қай қуыстан іздеп жүреді?
Ілуде-бір болмаса, тірі малға да айырбас жасамайтын көрінеді. Мынадай
ұры-қары көп кезде бағып-қағуды, қоралап айдап жүруді қиынсынады.
Майсара ет қызумен біраз дүниеге сауда жасаған екен, əкелген терілері
соның жартысына да жетпей қалыпты. Бұйымды кері қайтарайын десе көзі
қимайды. Бір мезетте сол маңайда жүрген Қабанбайға жүгіріп келді.
— Аң терілері аздық етіп жатыр. Енді қайттік? Мыналармен сөйлесші:
жетпегеніне мал алар ма екен?
— Нағыз делдалды жаңа таптың! — деді Қабанбай қалжыңдап.
Əйтсе де, «батырға да жан керек» дегендей, əйел сөзін далаға тастауға
болмайды. Амал жоқ, керуен басын шақыртты. Басына зерлі тақия, үстіне
жасыл жолақты жадағай шаман киіп, мөлідей қап-қара сақал-мұртын
дөңгелете шырпып қойған керуен басы майлы қасықтай жылмаң қағады.
— Баһадүр ака! Сіздің атағыңызды алыста жүрсек те естіп жатамыз.
Сізді бүкіл түркі жұрты біледі. Əдейі кіріп сəлем бергелі тұр едім, өзіңіз
келгеніңіз қандай тамаша болды! — деп асты-үстіне түсті.
— Алдымен саудаңды реттеп алсайшы. Сəлем қайда қашады, — деп
күлді Қабанбай. — Мына біздің бəйбішенің əкелген терілері жетпей жатқан
көрінеді. Кемтігін малмен толтыратын бол. Жарамды ат аласың ба, түйе
аласың ба, таңдау өзіңде, — деген.
Керуен басы қатты қиналған түр байқатып, сəл ойланып тұрды да:
— Баһадүр ака! Біз əсілі тірі малға айырбас жасамаймыз. Жер шалғай,
жаугершілік заманда айдап жеткізуі қиын... Ал сіз үшін бəрін де істеуге
болады! — деді иіле тағзым етіп.
— Малдан қорықпа! — деді Қабанбай. — Өзің бара жатқан
«Жетісарайға» дейін түгел біздің ұлыстың адамдары. Ешкім қиянат
жасамасын деп, қолыңа қағаз жазып берсем, жете ме?
— Əп, бəракалда, Баһадүр ака! Егер ондай қағаз жазып берсеңіз, онда ірі
қара малға алаңсыз айырбас жасап, жəне ол малды орыс қаласына өткізіп,
екі жақты пайда табар едік! — деген керуен басы қуанышын жасыра алмай.
Майсара төлеуіне атан өгіз, ат беретін болып, тағы біраз дүние алды.
Осында керуен келіп жатыр дегенді естіп, кезең астында отырған Ханбибі
де жеткен екен. Қабанбай қос күндесті бəсеке таластырмай, бəйбішенің де
көңілін тауып, керек-жарағын түгендеп алып берді.
Ертеңінде елшілер тобы өздерінше бөлек жолға шығатын болды да,
сауда керуені осы ауылда əлі де бірер күн аялдап, асықпай ел аралап жүруге
бел байлады. Бұрын олар бұл төңіректі елсіз, иен жатыр деп ойлап, жеке
жүруге жүректері дауаламай, елшілерге əдейі ілесе шыққан екен. Енді,
міне, саудаға сусап отырған шимандай елдің үстінен түсіп, Қабанбайдан
сенім қағаз алған соң, қорқыныш жайына қалды. Бұларға керегі де осы еді.
Жол-жөнекей қазақ ауылдарымен сауда жасап барады да, жинап алған асыл
терілері мен төрт түлік малды орыс қалаларына бұлдап өткізіп, ол жақтан
алған бұйымды қайтарда тағы саудалайтын болады.
Елшілер аттанар алдында Қабанбай əдейі қош айтуға келген. Кешеден
бергі сый-құрметке риза болып, көңілдері жайланған жолаушылардың
қабақтары ашылып, қунап қалыпты. Өзінше ешкімді менсінбей, шіреніп
шекесінен қарайтын Ошыржап та бүгін тоңторыс күйден шығып, жылы
шырай танытты.
— Шығысқа қарай жайдан-жай көшпеген шығарсыз, Қабанбай батыр.
Батысқа бас ұрғаннан гөрі, біздің ұлы қонтайжыға бір табан болса да
жақындағаныңыз ғой бұл. Ойрат жұртына деген ықалыс-пейіліңізді
кешеден бергі құрметіңізден де көріп жатырмын, — деді ол өз сөзіне əр
алуан астар беріп.
Оған Қабанбай да іле жауап қатты:
— Дұрыс айтасыз, мархабатты Ошыржап. Мен өз басым ешкімге
жаулық тілемейтін адаммын. Қазақ — қашанда қонақжай халық. Кімге де
болсын төріміз дайын. Ал көш жайына келетін болсақ, қонтайжыға емес,
өзім туып-өскен атамекенге бет алып бара жатқаным рас. Өзіңіз жолда
көрген де шығарсыз, қазір Жоңғар қақпасы атанып жүрген ТоқтаБарлықтың бауырында менің əкемнің бейіті жатыр.
Сірə, көштің басын кіндік қаным тамған сол өлкеге тіремей
тоқтамаспын! — деді өзінің сертті сөзін тағы да қайталап.
Ошыржап та өтірік күліп, өзінше сөз астарын аңдамаған болды.
— Бəсе, ежелден-ақ ауылымыз аралас, қойымыз қоралас екен ғой. Біздің
ұлы қонтайжының қолтығы кең. Тіл табысып, татулассақ қазақ-қалмаққа
жер деген жетеді! — деп аяқ жағын жаймашуақтап жіберді.
Қазақ батырына орыс елшісі Угримовтың да айтары бар екен. Дəл
жүрерде Қабанбайды оңашалап, тілмаштыққа Жүсіп-қожаны шақырып,
бірнеше сауалға жауап беруін өтінді.
— Қазақ елі үш жүзге бөлінеді екен. Ұлы жүз түгелімен дерлік жоңғар
қол астында. Ал Кіші жүз ханы Əбілқайырдың осыдан он бес жылдай
бұрын Ресей патшалығына бодан боламыз деп ант бергенін өзіңіз білесіз.
Сонда Орта жүздің не ойлағаны бар? Орта жүз ханы Əбілмəмбет пен
Абылай сұлтан 1740 жылы Ор бекінісіне барып, Ақ патшаға адалдық,
сауда-саттық туралы келісімге қол қойды да, содан қайтып ол жаққа ат ізін
салмай кетті. Осының себебін білесіз бе? — деген мұның бетіне сынай
қарап.
Орыс елшісі былайша аңқаусырағанымен екі ел арасындағы қатынасты
жақсы білетін, байыпты адам екені байқалады.
— Ол жағын, елші мырза, сол Ор бекінісіне барып, келісімге қол қойған
Əбілмəмбет пен Абылай хандардың өздерінен сұрағаныңыз жон ғой, —
деді Қабанбай езу тартып. — Мен ол сапарда болған жоқпын. Біз болсақ —
қара халықтан шыққан батырлармыз. Сіздерше айтқанда, əскер басы.
Мемлекет аралық мəселені бізде хандар мен сұлтандар шешеді.
Қабанбайдың шетелдік қонаққа сыр ашқысы келмей тұрғанын елші де
түсінді. Көгілдір көзі ұшқындап, көдедей ұйысқан сақал-мұртын тулата
күлді де:
— Бекер олай дейсіз, Қабанбай батыр. Қазір қазақ елін басқаруда
батырлардың үлесі өте жоғары екенін біз жақсы білеміз. Мəселен, Жəнібек
батыр, Сіздер оны Шақшақ Жəнібек дейсіздер ғой, өзіне қарасты біраз
рулармен бірге Ресей патшалығының қамқорлығына бөленіп отыр. Ал
сіздің беделіңіз қазір кез келген сұлтаннан жоғары. Соған қарамастан, осы
күнге дейін Ресеймен арадағы бірде-бір келіссөзге, не ант беруге
қатыспауыңыз қалай? — деді ортан қолдай ғып орап алған темекісін
құшырлана сорып. Іле-шала танауынан будақтаған көк түтін сақал-мұртына
сіңіп, бейне орман өртеніп жатқандай бір кейіпке түсті.
— Ел мен елдің арасындағы татулық, достық қатынасты мен де
құрметтеймін, — деді Қабанбай. — Əйткенмен азаттықты бəрінен жоғары
қоямын. Біреуге кіріптар болуға, бодандыққа жан-тəніммен қарсымын.
Əсілі батырдың парызы — өз елін жат жұртқа бағынышты ету, құлдыққа
түсіру емес, қолынан келсе оның бостандығын қорғау, туған жеріне көз
алартқан жауды жолатпау. Мен өз міндетімді осылай түсінемін.
— Бірақ көп жылдан бері қазақ жерінін бір бөлегі жоңғардың табанында
жатыр ғой. Оған қалай төзіп жүрсіздер? Ресейге арқа сүйемеген жағдайда
ертеңгі күніміз бұдан да мүшкіл болады деп ойламайсыздар ма? — деді
елші батырдан əлі де көзін айырмай.
— Қапыда соққан жоңғар қолының біраз жыл үстем болғаны рас, — деді
Қабанбай. — Бірақ қазақ елінің жағдайы дəл сіз ойлағандай мүшкіл емес.
Біз таяу жылдардың ішінде, ешкімнің көмегінсіз-ақ, басқыншыларды туған
жерден айдап шығатын боламыз. Міне, көріп тұрсыз ғой, жау шебіне
қаншалық тақау келіп отырғанымызды!
— Иə-иə, осыдан екі ай бұрын мен жүріп өткенде бұл өлке мүлде иен
жатыр еді, — деді елші оны қостап. — Сонымен, жақында шабуылға
шығасыздар ғой, шамасы?
— Ол жағын кесіп айта алмаймын. Аттаныс мерзімін бізде хан кеңесі
шешеді.
«Тағы да бұлтарып кетті... Бəсе, Абылай хан неге қыңыр тарта береді
десек, арт жағында тіреп тұрған осындай жау-жүрек батырлары бар екен
ғой» деп ойлады Угримов. Бірақ сырттай сыр берген жоқ.
— Айтпақшы, қазір Барақ сұлтан қай қоныста отыр? Біз жүретін
Семипалат жолында емес пе? — деп əңгімені мүлде басқа арнаға бұрып
жіберді.
— Барақтың ауылы сіздерге тым бұрыс қой. Ол қазір Ұлытау өңірінде,
Кеңгір өзенінің бойында отырған болар...
Елшілер сəскелік қымызға қанып алған соң көп бөгелмей аттанып кетті.
Арадағы əңгімеден Қабанбайдың бір аңғарғаны: патша əкімдері Орта
жүздің басты адамдарын сырттай жіпке тізіп, зерттеп біліп отыр екен. Ант
ұстауға кімдер келді, кімдер келмеді, кімнің желі қай жақтан соғады — бəрі
алақандарында. Қазақ даласы — қазір қамсауы жоқ, жыртық қостай. Отыз
тістен шыққан сөз отыз рулы елге кетеді. Қайшыалысып жатқан елшілер —
мынау. Күпінің битіндей еріп жүрген саудагерлер — анау. Ел ішіндегі
жағдай, өсек-аяң орыс əкімдерінің құлағына жетпей жатыр дейсің бе?!
Арада бір-екі күн өткенде, саудагерлер де шатырларын жығып,
тоғанақтарын арта бастаған. Дəл жүрерде керуен басы Дəуіт келді
батырдың үйіне. Рақметін айтып, қоштасып аттанбақ. Құр қол емес, əрине,
тарту-таралғысы бар: Қабанбайға күміс құндақты парсы қылышын,
Майсараға шым жібектен тоқылған Кашмир шəлісін сыйға тартты. Сөз
лəміне қарағанда, «Баһадүр акасына» дəн риза. Саудасы күсет болып, шашетектен пайда түсіріпті. Бұдан кейін де бұл елге жиі-жиі келіп тұрмақ...
Бірақ негізгі бұйымтайы бұл да емес, көмейінде астыртын айтар сөзі бар
секілді. Дастарқан жиналып, үйде екеуі оңаша қалған кезде сыздықтатып
əңгіме бастады.
Керуен басы жай ғана саудагер емес, патшалықтар арасындағы ахуалдан
мол хабардар, əсіресе Жоңғар ордасының қазіргі жағдайын жақсы білетін
сұңғыла кісі болып шықты. Саудасын істей жүре ақпарат жинап, біреуге
біреудің сəлемін жеткізіп, құпия тапсырмалар орындайтыны көрініп тұр.
Бұл сапарында да Қабанбайға қазіргі ойраттың хан тағынан үміткер,
азулы нояндарының бірі — Əмірсананың ауызша айтқан сəлемін ала
келіпті. Барқытбелдің күнгейі мен теріскейін мекендейтін хойттар мен
Дүрбіттердің жас нояны дəл іргесіне Қабанбай бастаған Найман көшінің
ошарыла қонғанын естіп-біліп отырған көрінеді. Дүрбіттің кіші нояндары
мен желғабыз жайсаңдары өздерінше намысқа шауып, қазақ көшінің алдын
түре қумақ болғанда, Əмірсана басу айтып тоқтатыпты. Түбі ұлыс бегінің
қазақ хандығымен түс жыртысатын ойы жоқ секілді. Бірақ хан ордасының
басынан аттап арнайы елші жіберуге жүрегі дауаламай, мұндайда парызқарызы жоқ, ел аралап жүре беретін Дəуіт сияқты сауда адамын қолай
көрген. Дəл аттанарда Əмірсана бұрыннан таныс керуен басын оңашалап:
«Қабанбай батырға сəлем айт: іргелес келіп қонған екен, мүмкіндігінше
тату-тəтті көрші болайық. Əзірше біздің ұлыс тарапынан қазаққа қауіп төне
қоймас. Олар да бізге жаулық ойламасын. Өз басым қазақ ордасымен
одақтасу жағындамын. Осы сəлемімді көлденең көз жоқ жерде батырдың
өзіне ғана жеткізерсің» депті.
— Əмірсана мұндай сəлемді жалғыз маған ғана айтпаған болар? Хан
ордасына жолдаған талап-тілегі жоқ па? — деді Қабанбай саудагерге сынай
қарап.
— Иə, айтпақшы, Абылай ханға жазған хаты бар. Омбыға барар жолда
Көкшетауға соғып, өз қолыммен табыстаймын, — деді керуен басы, «міне,
көрдіңіз бе, сізден ештеңе жасырмаймын» дегенді көз қарасымен ұқтырып.
Қабанбай ойланып қалды. Бұл не сонда? Ноянның бұл сəлемі жай
алдаусыратқан бұлаң құйрық емес пе? Бізді қамсыздандырып қойып, бір
күні қапыда соғып жүрмес пе екен? Осы күдігінің шет-жағасын шығарып
еді, Дəуіт саудагер басын шайқап күлді:
— Əй, олай бола қоймас. Қалмақ нояны да өзінің ертеңгі күнін ойламас
дейсіз бе?!
Оның айтуынша, қазір Жоңғар ордасы екіге жарылып тұр. Əмірсана,
Дабашы бастаған нояндар осыдан екі-үш жыл бұрын Халдан Цереннің
ортаншы ұлы Цеван Доржиды əкесінің орнына таққа отырғызып, жас
баланы өз ықпалдарында ұстамақ болған екен, оған щорс тайпасынан
шыққан ақсүйек шонжарлар көнбей, бүлік шығарып жатқан көрінеді. Олар
хан тағына өз қолайларына жағатын, Халдан Цереннің некесіз ұлы Лама
Доржиды отырғызбақ. Егер билік басына кесіп алса қан шықпайтын безбүйрек Лама Доржи келсе, қан төгіс, қырқыстың əкесі сонда болады.
Əмірсана, Дабашылар, міне, осыдан қауіптенеді екен. Ертең əлдеқандай
заман орнап, бастарына күн туғандай болса, іргелес отырған қазақ елін
пана тұтқысы келе ме, кім білсін қандай ойда жүргенін... Керуен басы
осыларды айта келіп:
— Баһадүр ака! Ежелден тіліміз, дініміз бір, дін қарындас, туысқан елміз
ғой. Өз басым қашанда қазақ бауырлар жағындамын, — деді оң қолын
жүрегінің тұсына қойып тұрып. — Біздің Қашқарияда əзірше жоңғарға
қарсы бас көтерер шама жоқ. Ана жылы сіздер қақ маңдайдан соққанда,
біздер көк желкеден түре қуатын жөніміз бар еді, ол да қолымыздан
келмеді... Сондықтан шама-шарқымша сіздерге қызмет еткім келеді.
— Рақмет, бауырым! Сенің адал көңіліңе сенем ғой. Жортқанда жолың
болсын! — деді Қабанбай қоштасарда. — Қайтарда ауылға соғып, көргенбілгеніңді айта кетерсің.
— Келемін, баһадүр ака! Сөз жоқ, келемін! — деді Дəуіт басы жерге
жеткенше иіліп.
Сауда керуені қозғалып кеткен соң, Қабанбай естіген-білгендерін ой
таразысына салып, ұзақ отырды. Аңдысқан жауының алыста жатып,
жалбақтап сəлем жолдауы — əрине, жақсылықтың белгісі. Ойрат
шонжарларының қазақ елімен санаса бастағаны. Абылай Сарысудағы хан
кеңесінде отырып: «өткен жылы жоңғардың күші бізден басым еді, биыл
тепе-теңге жақындадық. Ал келесі жылы асып түсеміз» дегенде, ол өз
мүмкіндігімізді ғана емес, жау күшінің қалай ыдырайтынын да есепке
алған екен ғой... Бірақ ол осының бəрін қалай болжап білді? Əлде Жоңғар
ордасымен астыртын қатынасы бар ма? Əй, солай болар. Қанша дегенмен,
Халдан Цереннің алдын көріп, екі жыл сол елде текке жүрді дейсің бе?!
Білетіндердің айтуынша, ол өне бойы қамауда отырмаған. Мырза тұтқын
ретінде қалауынша ел аралап, емін-еркін қыдырып жүрген. Тіпті Дабашы,
Əмірсана секілді жас нояндар Абылайға айрықша ілтипат білдіріп, ойынтойға, серуенге шақырып, көп құрмет көрсеткен. Демек, сондағы
сыйластық ізі əлі суымағаны ғой. Əмірсана мен Дабашы бұрын да
Абылайға астыртын кісі жіберіп, жағдайды хабарлап отырмағанына кім
кепіл?!
Сонда мұның аты не? Жеке адамдар арасындағы дара сыйластық па,
жоқ, əлде екі елдің болашағына құрылған саясат па? Бірақ бұл Абылайға
шексіз сенеді. Ол халықтың мүддесін аттап, əлдебір ойрат ноянымен құпия
одақ құратын кісі емес. Саудада достық болмайтыны секілді, соғыста да
солқылдақтық жүрмейді. Қазір хан мен қараны, би мен батырды
біріктіретін бір ғана мақсат бар. Ол — қазақ жерін жау қолынан азат ету.
Осы мақсат жолында ақырына дейін алысатын адамдармен Қабанбай дос
та, одан бас тартып, түлкі бұлтаққа салатындармен бітіспес жау. Ол хан ба,
қара ма, бəрібір, тұрысатын жерін айтсын, қылышын қанға малмай
тынбайды.
X
Биылғы жайлау үсті үркін-шапқыннан ада, мамыражай, бейбіт өтті. Бірбіріне жау саналып келген екі ел Ақшəулінің қос қапталын иін тіресіп қатар
жайласа да, əзірше көз алартысқан ешкім болған жоқ. Қазақ шаруасы да,
қалмақ араты да қантөгіс соғыстан, атыс-шабыстан əбден қажыған-ды. Екі
жаққа да тыныштық керек еді. Егер қырғын соғысқа зорлап итермелейтін
қонтайжы мен хан, ноян мен сұлтан бітімге келсе, былайғы қарапайым
халық өзара барыс-келіс жасап, араласып кететін түрі бар. Бұрынғыдай
барымта-сырымта да жоқ, ары-бері өткен аяқты малды екі жақ та
қиянатсыз қайырып беретін болған.
Бұрынғы соғыстарда қолға түскен, не шабындыда кеткен қазақтың талай
жігіттері қарыс жердегі дүрбіт ауылдарында тұтқын боп сорлап жүреді
екен. Ауыл арасы жақындағанда солардың көбі аман-есен елге оралды.
Тағдырдың жазуымен қазаққа келін болып, арттағы туыс-жұрағатын бір
көруге зар боп жүрген қалмақтың талай қызы осы жазда төркініне барып
қайтты.
Қасына əйелі Шойқараны ертіп, қалмақ жұртына қайындап барған
жігіттің бірі — Шағалақ. Шойқараның туыстарымен табысуы да қызық. Бір
күні, ойында ештеңе жоқ, қатындармен бірге көрші ауылға тойға бара
жатса, жол-жөнекей мал қарап жүрген қалмақтың жылқышысы кездесе
кетеді. Түс салып қараса, əлгі адам Шойқараның туған ағасы болып
шығады. Екеуі сол арада аттан түсе қалып, бассалып көріседі... Жөн сұраса
келгенде, ауылдары екі-үш кезең астында, тіпті жақын отырғаны мəлім
болады. Не керек, сол жолы Шағалақ қайнағасын үйіне ертіп келіп, қонақ
қылып, ат мінгізіп жіберген. Арада апта өткенде Шойқара бала-шағасын
шұбыртып, төркіндеп барып та қайтты. Шешесі əлі тірі екен. Əлдеқашан
өлдіге санап, үміт үзіп қойған қызын көргенде байғұс кемпір қуаныштан
жүрегі жарыла жаздапты. Шағалақ қайын жұртынан түйе жетелеп, ат мініп
қайтты.
— Білмей жүреді екенбіз ғой, «Алтын шыққан жерді белден қаз» деп,
баяғыдан қалмақты жағалауым керек екен... Бəрінен бұрын біздің үйдегі
көген көздер жақыннан бері нағашысы бар балаға ұқсап қалды! — деп
Шақаң қазір мұртын сылап отырады.
Шағалақтың жыры біте берген кезде ауылда төтенше жаналық болды.
Ақшəуліден ары, Ұрыжарда отырған хойт тəйжісі Банжыр Қабанбайды
ерулікке шақырып, арнайы кісі жіберіпті. Бұл тіпті күтпеген жағдай еді...
Аңдысқан жау болғанымен баруға тура келеді. Қазақ ұғымында дəмнен
үлкен ештеңе жоқ. Шақырғанға бармасаң, қорыққанға, не менсінбегенге
жоруы мүмкін. Мұндайда сақтық ойлап, бұғып қалу — намыс. Ал Банжыр
менсінбейтіндей кісі емес еді. Атақты Халдан Цереннің қарындасынан
туған жиені, Əмірсана ноянның емшектес ағасы... Қабанбай қасына Төбет
биді алып жəне Дəулетбай, Баймұрат, Шынқожа бастатқан отыздай жігіт
ертіп, қалмақ ауылына баруға жолға шықты.
Басында қырсық жау қонаққа əдейі шақырып отыр ма, қапыда қолға
түсіріп, қырып тастай ма, не болмаса тамаққа у қосып бере ме деген сияқты
күдіктер де көп айтылған. Бірақ екі жақ бет көрісе келе сенімсіздік бұлты
тез сейілді.
Бұлар əр бұлақтың басында иін тіресіп қонған қалмақ күрендерін аралай
отырып, Банжыр ауылына ертеңінде түсте жеткен. Ұзаққа созылған үздіксіз
соғыс ойраттардың да тоба қазығына жетіп, əбден тоздырғаны байқалады.
Уақытша үстемдік алған, жеңген ел дейтін емес, қайда қарасаң да жақжұты, жүдеу тірлік көзге ұрады. Тіпті мыналардың қасында қазақтың азыптозды дегені бекер сияқты. Əр ауылда уығы қарынсыз, жатаған боз үйлер
некен-саяқ. Қалғаны — дауыл ұрып кеткендей қаптаған қара лашықтар.
Жерге симай мыңғырып жатқан бəлендей көп мал да байқалмайды.
«Көн қатса қалыбына барады». Бұлардың да соғыстан олжа тауып,
шекесі қызғаны шамалы екен, — деп ойлады Қабанбай іштей толғанып. —
«Бүлінгеннен бүлдірге алма» дегенді қазақ бекер айтты дейсің бе. Дүниеде
олжадан байыған кім бар? Біреуге жасаған зорлығың түптің түбінде өзіңе
қорлық боп төнеді екен-ау!»
Үстіне қара мақпал шапан киіп, астына су төгілмес қара жорға ат мінген
Банжыр бір топ адаммен Қабанбайды қозы көш жерден қарсы алды. Жасы
отыздың ішіне енді ілінген, еңгезердей иір қара жігіт екен. Киім киісінен
де, жүріс-тұрысынан да дəулетіне сəулеті сай, текті атаның баласы екені
көрініп тұр. Көш жерден қонақтың алдынан шыққаны — қорыққандығы не
туысынын кемдігі емес, үлкенді сыйлағандық деп түсіндірді Банжырдың
өзі.
Бұдан кейінгі сый-сыяпат та аса жоғары деңгейде өтті. Қонақтар үшін
арнайы үй тігілген, бие байланған. Қалмақтардың үй тұрмысы, ыдыс-аяғы
ластау болушы еді, жоқ, мұнда тазалық жағы көз қуантады. Бəрі де инежіптен енді шыққан жаңа дүниелер. Қазақтар бір жерімізден мін тағып
кетпесін деп, қатты дайындалғаны байқалып-ақ тұр. Банжыр қазақ салтын
жақсы біледі екен. Қонақасыға əкелген құла қасқа байталға бата істетті де,
қонақтардың көңіліне келмесін деді ме, қазақтың өзіне бауыздатты.
Үй иесі қазақша ағып кетпегенімен, бір шама таза сөйлейді. Дастарқан
басында өздерінің ата-баба, зəузаты жөнінде əңгімелеп отырды. Бұлар
тегіннен ойрат ішінде «ақ тулы Хойт» аталатын ақсүйектер əулетіне жатады
екен. Арғы аталары XVII-ғасырдың 30-жылдары торғауыт тəйжісі Хо
Урлюкке ілесіп, Еділ бойына ауып барған көрінеді. Кейін, арада алпыс
жылдай уақыт өткенде, хойт əулеті сондағы торғауыт ханы Аюкемен
сиыспай, осы жүз жылдық басында Сібір жері арқылы Жоңғарияға қайта
оралыпты.
— Демек, біздің аталарымыз өткен дəуірдегі қазақ-қалмақ қақтығысына
қатысқан жоқ, — деді Банжыр қонақтарының алдында ақталғандай болып.
— Керек десеңіз, арғы əжелеріміздің бірі қазақ болған көрінеді. Содан ба,
қазаққа бүйрегіміз бұрып тұрады, — деп емен-жарқын күліп алды. — Ал
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 10
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.