Latin Common Turkic

Дарабоз - 15

Total number of words is 4136
Total number of unique words is 2426
31.9 of words are in the 2000 most common words
48.0 of words are in the 5000 most common words
55.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жеткізбеу қонтайжының да ішкі тілегіне сай келеді. Тəңірім сақтасын,
қалмақ түгіл қазақтың өзіне ырық бермейтін Барақ сұлтан Ұлы жүзге хан
болса, сол күннің ертеңінде-ақ ойрат Ордасына қарсы бүлік шығарды дей
бер. Бопсамен отырған бодандықта, жыл сайын жиналатын алым-салықта
жайына қалады. Ендеше, Барақ сұлтан — Нұралы ханның ғана емес,
қонтайжының да ортақ жауы. Ондай адамды ешқашан хан тағына жолатуға
болмайды... Не керек, қорқау қасқырлар алыстан ұлыса табысып, барыскелістері жиілеп, елші дегендер екі арада сапырылыса бастаған.
Ойламаған жерден шырқ айналған мұндай шұғыл бет-бұрыс қазақтың
ғана берекесін алып қоймай, Орынбордағы орыс əкімдерін де қатты
абыржытты. Бұрынғы əдеттері бойынша, өз қызметтерінен кеткен мүкісті
қанша жасырғысы келгенімен, бұл жолы шын жағдайды Сыртқы істер
алқасына мəлімдеуге мəжбүр болды. Мына пəленнің алдын ала гөр деп,
олар а дегенде Абылайға қолқа салған. Белгілі жансыз М. Араповты Барақ
сұлтанға жұмсап, оған енді патшалық тарапынан ешқандай қауіп жоғын
ескертсе, А. Яковлев пен Я. Гуляевті кезек-кезек Нұралы ханға жіберіп,
жыл бойы дамыл таппады. Орыс əкімдерінің көздеген мақсаты — қайткен
күнде де Кіші жүз ханын жоңғарға жақындатпау, арадағы құдалықты
болдырмау еді.
Орынбор əкімдері қанша жанталасқандарымен, егер Жоңғар
қонтайжысы тағы бірер жыл тірі тұрғанда, бұл оқиғаның ақыры немен
тынары белгісіз тұғын. Осы қарсаңда ойраттың өз ішінде тақ тартысынан
туған қырқыстар басталып кетті де, «байтал түгіл бас қайғы» дегеннің кері
келіп, бəрі жайына қалды. Өткен 1750 жылқы жылының мамыр айында
Жоңғар қонтайжысы Цеван Доржи өзінің жатыры бөлек ағасы Лама
Доржидың қолынан қаза тапты да, қазақ ханшасын құшсам деген тілегіне
жете алмай кетті... Сірə, істің арты бұлай бітерін болжай алмай, Орынбор
əкімдерінің сасқаны болар, еш жазығы жоқ Намруна сұлу да осы оқиғаның
сəл алдында жұмбақ жағдайда қайтыс болды.
Бірақ, оның есесіне, Нұралы хан ойлаған арманына жетіп жығылды.
Түбі атылмай қоймайтын мылтық таңдайындағы оқ тəрізді, адам
пиғылындағы құпия қастық та аңдығанын алып жемей тынбайды. Қан ішер
Цеван Доржи өзі өлсе де, Барақтың көзін құртам деген уəдесін орындап
үлгерді...
Барақ сұлтан өткен жылы Қаратау асып, Түркістан, Арыс төңірегіне
барысымен Төле бимен тізе қоса отырып, Ұлы жүздің бытырап жүрген
руларын өз маңына топтай бастаған. Бодандық жағдайында бірден
бадырайып көзге түспесе де, əр жерде астыртын қарулы жасақ та
ұйымдасып қалып еді... Осы өткен мамырдың басында Ұлы жүздің ру басы
ақсақалдары мен батыр, билері Ордабасы деген жерде ұлы дүбір той жасап,
Барақ сұлтанды ақ киізге отырғызып, хан көтермек болатын. Абылай
Жоңғарға қарсы аттаныс мерзімін кейінге қалдырғанда, бір жағы, осы
Барақ сұлтанның оңтүстік өлкесіне орнығып, хан тағына отыруын күткенді. Арадағы келісім бойынша, осындағы Ұлы жүз, Қоңырат, Қыпшақ
жасағынан құралған əскер қосыны Арқадан аттанған қалың қолмен
Түркістанда түйісіп, ары қарай ұлы жорыққа бірге аттанбақшы еді... Амал
не, оған тағдыр жеткізбеді ғой. Жазмыштан озған кім бар? Алыстан қалап
шақырған қалың ел де, Барақтың өзі де ол арманға жете алмады. Өйткені
оған арналған ажал оғы тек қана шүріппенің басылуын күтіп, көптен дайын
тұрған-ды. Оқ емес, ішіне у толтырылған шынашақтай шиша. Рас, ол құты
көп уақытын жолда өткізді. Іледегі қонтайжының қолынан шыққан заһар
алдымен аса құпия түрде Қоқанға келді. Одан жылжи-жылжи Ташкентке
жетті. Сол жерде өзінің қанды қол қарақшысын күтіп, тағы біраз жатты.
Ақыры жендет табылды. Ол жендет басқа жақта емес, Түркістаннан небəрі
жиырма шақырым жерде, бір кезде мешіт-медресесімен даңқы шыққан,
күніне бес уақыт азан шақырылып, намаз оқылып жататын Қарнақ
қаласында отыр екен. Аузында Алласы, басында сəлдесі бар Камалидден
қожа. Қонтайжының салынған құтысы ақыры соның қолына кеп тиген.
Биылғы наурыз тойында Барақты өз үйіне дəмге шақырған қожа бір қалт
еткенде, сұлтанның ыдысына əлгі уды салып үлгірді. Сол қонақтан қатты
ауырып қайтқан есіл ер бір тəуліктей қиналып жатып, ертеңінде жан
тəсілім еткен...
Барақтың өлімі Абылайдың жанына қатты батты. Жалғыз Абылай ғана
емес, бұл қаза исі қазақтың қабырғасын қайыстырды. Көңіліне медеу
тұтып, арқа тіреп келген тағы бір бəйтерегін құлатты. Əбілқайырдың
өлімінен басталып, бірнеше жылға созылған Барақ сұлтан мен Нұралы хан
арасындағы тартыс, міне, осылай орны толмас қайғымен аяқталды.
Жоңғарға қарсы жорықтың кешеуілдеуіне себеп болған тағы бір жағдай
— ойрат Ордасындағы өзгерістерге байланысты. Өткен жылқы жылының
мамыр айында ойрат қонтайжысы Цеван Доржиды мүрдем кетіріп, оның
орнына Халдан Цереннің некесіз ұлы Лама Доржи отырған. Ресми таққа
отыру салтанаты өтісімен, жаңа қонтайжы Абылайға елші жіберіп, арнайы
хат жолдады. Жазған хатында: інісі Цеван Доржидың тұсында ел ішінің
оңбай бүлінгенін, көрші халықтармен де дұрыс қатынас орнамағанын айта
келіп, бұдан кейін қазақ-жоңғар арасының қалыпты жағдайға көшетініне
сенім білдіріпті.
Абылай бұл айтылғандардың жай көлгірлік екенін түсінді, əрине. Əйтсе
де, əліптің артын бағып, ойрат Ордасының бұдан кейінгі аяқ алысын
бақылаумен болды. Аттаныстың тағы бір жылға кейінге қалдырылуының
бір себебі осы еді... Биыл көктемде Жоңғарияға Малайсары мен Қу
дауысты Құттыбай бастаған қазақ елшілері барып қайтты. Ойрат
Ордасында соңғы жылдары тақ таласынан туған қырқыстың егжейтегжейін солар айтып келді.
Жоңғар тағында небəрі төрт-ақ жыл отырса да, Цеван Доржи өз
айналасына оңай тимеген көрінеді. Бастабында ақсүйек шонжарлар
хонтайжыны баласынып, иі жұмсақ жас жігітті өзіміз билеп-төстерміз деп
үміттенген екен, бірақ ол бала емес, пəле болып жабысыпты. Ең бастысы,
жас қонтайжы өзінен мықтының бəрінен үрейленетін, қоян жүрек қорқақ
болатын. Ал қорқақтардың қашанда қолы қанды, жолы зарлы болатыны
белгілі. Оның үстіне жас қонтайжының төңірегіне кілең бір өсекке үйір, іші
тар, қорқау ламалар мен залым зайсандар топталып алса керек. Солар үнемі
балаң жігіттің зəресін алып, өздері жек көретін нояндар мен ел
басшыларын қонтайжыға жау етіп көрсетіп, шетінен көздерін жойғыза
берген.
Ен алдымен құрбандыққа шалынған — ойраттың белгілі қолбасшысы,
қонтайжының Орта Азия мен Сыр бойындағы иеліктерін басқаратын Сары
Манжы ноян. Өз еліне бір кісідей еңбек сіңірген қалмақ сондай-ақ болар.
Сол ноян 1745-жылдың күзінде, Төле бидің ауылында қонақтап жатқан
жерінде, əлдекім у беріп өлтірді. Қонтайжының тапсырмасымен қастандық
жасаған ойраттардың өзі екенінде күмəн жоқ. Мақсат белгілі — жаласын
қазаққа жауып, тағы бір қанды қырғынға сылтау іздеу еді. Мұның салдары
Төле биге оңай соққан жоқ. Ойрат ордасының қаһарынан сескеніп, бір жыл
бойы Қоқан əміршісі Əбдікерім бектің панасында жүрді.
Келесі кезек атақты Цебдан ноянға келген. Бұл — қырқыншы жылдары
Арқа жеріне жойқын жорық жасап, қазақты қан қақсатқан, Абылайды аң
аулап жүрген жерінде қапыда қолға түсірген мықтының дəл өзі... Халдан
Церен өліп, Цеван Доржи таққа отырар қарсаңда Цебдан ноян Қоқанға
қарсы жорықта жүрген-ді. Өзі іштей əлі оң-солын танымаған жас баланың
таққа отыруына қарсы болатын. Аңғал батыр сол ойын жасырмай, əке
тағына қолы жетпей қалған Лама Доржиды жұбатып хат жазады. Хатта:
«он төрттегі бала ел басқарып жарыта ма? Əділетіне келсек, бұл жолғы
кезек сенікі. Жорықтан қайтқан соң ақылдасып көрерміз», — деген сөздер
бар еді. Хатты Орда маңындағылар қолға түсіріп, Цеван Доржиға əкеліп
тапсырған. Жас қонтайжы қаһарына мініп, дереу Цебданды ұстауға бұйрық
береді. Ноян қолға алынып, қатал күзетпен Құлжаға əкеле жатқанда жол
үстінде мерт болыпты. Біреу қастық істеді ме, əлде өзіне-өзі қол жұмсады
ма, — белгісіз.
Осыны көрген ойраттың басты адамдары ел қамын ойламайтын
делқұлыны тақтан тайдыруға бел байлаған. Қалмақ жұртында тақтан
тайдырудың бір ғана жолы бар. Ол — өлім. Бұл мақсатқа жету үшін олар
Цеван Доржидың он тоғыз жасар əпкесі Лам Байыр ханшаға қолқа салады.
«Бізді мына игі жақсыларға бүйідей тиген қанішер бауырыңнан құтқар.
Егер қонтайжының көзін құртсаң, əйел заты демей-ақ, орыс патшайымдары
секілді, біз де сені таққа отырғызайық» дейді бəрі бір ауыздан. Лам Байыр
ханша бұл ұсынысты қабылдаған көрінеді. Бірақ қастандық іске аспай
қалған. Тас жүрек ханша аңнан қайтқан інісіне у қосылған қымызды
қымсынбай-ақ ұсынған екен. Дəл осы арада қастарында тұрған Қотан емші
мен Баяншах лама секем алып қалып, сусынды қонтайжыға ішкізбей
қойыпты. Ойраттар үшін у салған тамақты анықтау да қиын емес-ті. Қу
мүйіз Қотан емші қалтасынан піл сүйегінен жасалған кішкентай таяқшасын
суырып алып, ыдысқа матырған екен — қымыз бұрқылдап қайнап кетіпті.
Осы жолғы сəтсіз қастандық əшкере болысымен, Цеван Доржидың
төңірегіндегілер жағдайды одан əрмен ушықтыра түскен. Соңғы екі жылда
қонтайжының қылышынан қан тамып тұрды десе де болғандай. Сол жолы
Орда маңынан үш жүзге жуық адам қолға алынды. Ал əпкесі Лам Байыр
ханшаның екі көзін ойып, Ақсу қаласына жер аударды. Осыдан кейін
нояндар мен зайсандарды үрей билеп алғаны сонша, шамасы келсе,
қонтайжы ордасына жоламауға тырысты. Алтай мен Тарбағатайдағы
Дабашы мен Əмірсана секілді білікті нояндар бірде жер шалғайлығын,
бірде ауырып қалғанын сылтауратып, тіпті хан кенесіне де қашқалақтап
келмейтін болған.
Əрине, мың асқанға — бір тосқан, мұндай жағдайда Цеван Доржиға да
зауал төнбеуі мүмкін емес-ті. Ақыры сол қаралы күн де жетті. Оған түрткі
болған — Ойрат əулетінің бəріне бірдей сүйікті, əйгілі Олзей ноянның
тұтқындалып, еш жазықсыз өлім жазасына кесілуі. Алайда үкім əлі
орындалмаған-ды. Олзей ертең ат құйрығына байланады деген күні түнде
ламалардың бірі оны қамаудан босатып жібереді. Беделді ноян бостандыққа
шығысымен өз жасақтарын бірден маңайына топтап, інісімен тақталас
Лама Доржимен де күш біріктіріп үлгірген. Бұл кезде қонтайжының
қасында тым аз адам қалып еді. Бүлікшілер Орданы көп қиындықсыз-ақ
басып алды. Бұлар Цеван Доржидың жұртқа жиі қолданатын жазасын өз
басына келтіріп, екі көзін ағызып жіберді де, Ақсу абақтысына жер
аударды. Сөйтіп, ойрат тағына бұл жолы Халдан Цереннің некесіз ұлы
Лама Доржи келіп отырған.
Бірақ тақ иесі ауысқанымен одан қазақ даласына, түстіктегі Қоқан мен
Қырғызға да ешқандай жеңілдік келген жоқ. «Бір қызым бар сорақы, екінші
қызым одан да сорақы» дегендей, туғанда қан шеңгелдеп қағынып туатын,
өз етін өзі жеген ойрат əулеті кімге жақсылық ойлар дейсің. Қайта жаңа
қонтайжы таққа отырысымен, Цеван Доржидың тұсында сəл босаңсып
қалған көрші елдерге деген қысымды бұрынғыдан арман күшейте түсті.
Сондықтан биыл Қарқаралыда өткен хан кеңесінде қазақ батырлары бір
ауыздан аттанысты енді кешіктіруге болмайды деген шешімге келіп еді.
II
Жайлау сары жұрт болып, мизам ұша бастаған, бірақ саялы, салқын
жерлерде жаз бояуы əлі оңып үлгірмеген тамыз айының тамылжыған бір
күнінде Кеңгір өзенінің шығыс жақ қабағындағы биік төбенің басына
күмістеген ер-тұрманы мен сауыт-сайманы күн нұрына шағылып, кілең
сəйгүлік ат мінген бір топ адам көтерілді. Бəрі де — əдейі іріктеліп
алынғандай атан жілік, апай төс, зор тұлғалы кісілер. Дəл ортадағы —
шоқтығынан сауырына дейін зер шашақты кежім жапқан сүліктей сұлу
жиреннің үстіндегі, жарқыраған дулығасы мен сап алтынның буына
ұстаған сары-ала сауыты да жұрттан ерекше, айбатты адам — Абылай
ханның өзі. Оның қасында тұр-тұлғасы ханнан гөрі кесегірек, мұздай болат
құрсанған қолбасылар: Қабанбай, Бөгенбай, Ер Жəнібек, Баян, Көкжал
Барақ, Оразымбет, Олжабай сынды батырлар мен Бұқар, Ақтамбердідей
жыраулар, Боранбай, Төбет, Бекболат тəрізді билер бар. Əбілфейіз,
Ханбаба, Уəли қатарлы жас сұлтандар да осы топта еді.
Бұлар мана таңертең өзен жағасындағы Алаша хан зиратына құран оқып
аттанған. Қазір де қызыл қыштары күн нұрына алаулап, сағымға орана сан
құбылған сол ғимарат қарсы бетте мен мұндалап көрініп тұр. Сонау бір
өзен иініндегі жасыл алаңқайда — Абылайдың ала шатыры, оның
айналасында қолбасы батырлардың жорық қостары. Сол тұстан аспан
түстес жасыл ту желбірейді. Одан төменірек өзеннің қос қапталын бойлай
əр алуан күрке, итарқа, абылайша тіккен қара қорым қалың қол бар.
Қашанда азық-түлігін артып, сойыс малын бірге айдап жүретін бақауыл
тобының қонысы да сол маңда. Той қып жатқан ауылдай түтіні будақтап,
қара-құрасы молайып, қарбаласып шалынады.
Абылай бастаған қолбасы батырлар осының алдында, сонау бір кең
қолатта түзем құрған əскер қосынын көзден кешіріп, мына бір самалды
төбеге жаңа ғана көтерілген беттері еді. Сол қалың қол қазір өз жүздік,
мыңдықтарымен топ-топ болып, хан алдында тағы бір рет көрініс бере,
төбенің баурайымен өтіп жатыр. Əскердің алды өз қостарына жеткенде,
арты əлі үзілген жоқ.
Абылай өңіндегі айбарлы сұс, екі қастың арасындағы мəңгі тарамайтын
қос сызық жасақтың жауынгерлік қалпын, жігіттердің жорыққа деген
құлшынысын көргенде сəл жазылайын деді. Қазіргі шырайында өз ісіне
деген нық сенім, қолда барды қанағат тұтқан жайдарылық бар. Рас, көңіл
шіркін будан гөрі жоғары болатын. Үш жүздің басы бірігіп, бүкіл қазақ
даласынан жеті түмен қол жиналса, жоңғарға қарсы үш майданда бір
мезгілде шабуылға өтіп, ата жұртты бір жылдың ішінде-ақ азат етсем деп
армандаған. Бірақ, амал не, ол арманы орындалмады ғой... Мына
жиналғаны — үш түменнен аспайды. Бұған да шүкіршілік. Жері шағын,
шəкене жұртқа бұл да əжептəуір əскер саналар еді. Ал қазақ даласы үшін
тым аз. Келте тон тəрізді, басыңа тартсаң аяғыңа жетпейді. Үш түмен
қолмен ұзаса бір майданда ғана соғысуға болады. Сонда алдымен найзаның
ұшын қай жаққа қарату керек? Сыр бойына ма, Жетісуға ма, əлде Алтайға
ма? Аз əскер арасы айшылық жол саналатын, ұшы-қиырсыз байтақ өлкенің
қай жыртығына жамау болады? Дəл қазір Абылайды қинап тұрған жай осы
еді.
Төбе басындағылар ру-руымен сап түзеген сарбаздар шеруі алдарынан
өтіп болғанша қалт етпей қарап тұрды. Бұлар, негізінен, Арқадағы төрт
арыс: Арғын, Найман, Керей, Уақ ұлыстарынан құралған қосын болатын.
Кіші жүзден Сарысу бойындағы Алшын, Тама жігіттері ғана бар. Ал Ұлы
жүз жағынан Балқаш маңындағы Жалайыр болмаса, басқасы биыл
оңтүстікке жазалау жорығын жасаған Жоңғар қолының қоршауынан шыға
алмай қалды... Шұбырып өтіп жатқан мыңдықтардың қайсысы қай рудан
екені сарбаздардың киім үлгісінен, мінген аттарының ен-таңбасынан-ақ
айқын аңтарылып тұр. Көз таңбалы артыңдар, тарақ таңбалы тарақтылар,
шот таңбалы Қаракерей мен балта-бақан таңбалы Балталы-бағаналылар,
ергенек таңбалы Бура, Көкжарлы, Саржомарт жігіттері... Төбе басында
тұрғандар хан қасында тым самбырлап кетпесе де, бір жағы Абылайдың
көңілін жайландырғысы келіп, əр тұстан мадақ сөздер айтып жатыр:
— Арғын жігіттерінің киім реті сəнді екен!
— Керей жасағының ат-көлігі əлей көрінеді. Мінгендері кілең желқұйын сəйгүлік пе деп қалдым ғой.
— Əй, бірақ қару-жарақ, сауыт-сайман жатынан Найман қолы
жеткізбейді.
— Болса болар, Найманның ұсталары Жезді мен Теміртауда қыс бойы
қылыш қайрап, сауыт соғып шықты емес пе?! — деседі. Бір-біріне деген
зəредей қызғанышы жоқ, шын сүйінген, таза көңілден шыққан лебіздер.
Əскер шеруі өтіп болып, өздері оңаша қалған сəтте Абылай қасындағы
серіктеріне бұрылды да:
— Бəрекелді! Əскеріміз аз да болса айбынды, сырт тұрпатына қарап-ақ
дос сүйініп, дұшпан күйінетіндей бар екен. Қалауын тапсаң осы қолмен де
біраз жауды жер жастандыруға болады! — деді жадырай тіл қатып. —
Жүріңіздер, құрметті қолбасылар, ендігі əңгімені шатырта барып, шөл
қандыра, жүрек жалғай отырып жалғастырайық.
Бұлар — бас-аяғы қырық-отыздай кісі жүре сөйлесіп, төменде көрініп
тұрған хан шатырына келіп түсті. Өзенге беті-қолдарын жуып, сəл
салқындап алған соң бəрі ішке кірген. Жорық шатыры хан ордасындай
болмағанымен, іші самаладай кең, жеңіл-желпі жасау-жабдықтан да құр
емес, еңселі, сəнді екен. Төрт таған тіреулермен тартып тастаған шатырдың
күмбезді төбесі салдау ағаштар шаншылған төрт бұрышты шаңыраққа
тіреледі. Оның сырты неше түрлі ою салынған, кенеп тысты ақ киізбен
жабылған. Қабырғасына қалы кілем, алаша тұтып, жерге де төрден есікке
дейін оюлы текемет, сырмақ, кілем, көрпе жайып тастаған.
Жорықта жүргенде де Абылайдың қолы ашық-тұғын. Тақа бір жау
жағадан алып тұрғанда болмаса, сарыала қазы мен салқын қымыз хан
шатырынан үзілмейді. Көп кешікпей даяшы жігіттер дастарқан жайып,
күміс шатыралы, сылдырмақты дəу тегенемен қолдаса көтеріп қымыз алып
келді. Енді бір жақтан қақталған тестік, жаубүйрек, жаңа сойылған тайдың
майлы қуырдағы да келіп қалды. Мұндайда түзде ішкен жорық асына жетер
не бар?! Батырлар қымыз толы шараларды бастарына жиі төңкеріп, қара
қуырдақ пен жаубүйректен де қарбыта асап жатыр.
Қымыз дастарқаны жиналып, ет келгенге дейінгі əредікте əңгіме желісі
тағы да алдағы жорық жайына ойысты. Батырлар арасында найзаның ұшын
қай бағытқа тірейміз деген мəселе əлі де шешімін таппай, əзірше пікір екіге
жарылып тұр.
А дегенде ауызға ілініп, жұрттан көбірек қолдау тапқан бірінші пікір —
алысқа ат сабылтып бармай-ақ, биылша таяу тұрған жауды түре қуып
тастау дегенге саяды. Рас, қасиетті Қаратау мен Сыр бойының, Ташкент,
Сайрам қалаларының əлі күнге дейін жау қолында жатуы да — бетке
шіркеу, сүйекке таңба. Бірақ биыл ол жаққа баруға кешігіп қалдық. Егер
Қаратау асып, Ташкент жорығына аттансақ, алыс жолда ат шалдығады. Дəл
қазір жау қайдалап, құлшынып тұрған əскердің арыны қайтады. Одан да
Балқаш айналып, ұрымтал жерден Аягөзге өтелік те, Акшəуліге қос тігіп,
қалың қолды екіге бөлейік. Бір бөлігі Қалба, Қарғыба, Манырақ бағытында
Барқытбелдің теріскейіндегі торғауыт пен ұранхайларды түре қусын да,
екінші тобы Алакөл, Еміл бойымен үрдіс шабуылдап, осындағы
дүрбіттерді Тоқта-Барлықтан асырып тастасын. Осылайша, ойрат
Ордасының оң қанатын бір қырқып түсірсек, бір жағы Қырғыз, Қоқанға
тірелетін сол қанатын қайыру қиынға түспейді. Оған дейін, түстіктегілер де
тірі жан ғой, өз беттерімен соғыса берсін... Біраз жұрттың көңілінен
шыққан бұл бағытты ұстанушы — Қанжығалы Бөгенбай батыр еді.
Ал Қабанбай бастаған екінші бір топ бұған мүлде қарама-қарсы бағыт
ұстады. Мына керегарлықты қараңыз: ұзақ жылдар бойы кіндік қаным
тамған Алакөл өңірі мен Тоқта-Барлықты жау қолынан босатсам-ау деп
көкірегі қарс айрылатын, сол үшін Найман көшін елден бұрын шығысқа
бұрған Қабанбай, енді келіп найзаның ұшын алдымен Барқытбелге емес,
Түркістан, Ташкенге қарай бұру керек деп отырып алды. Əзірше бұл пікірді
жақтаушылар онша көп емес. Қайта батырдың бұл мінезіне
таңырқаушылар мен наразылардың қатары молдау сияқты. Кейбір
батырлар, əсіресе, бір табан болса да ата қонысқа жақындай беруді
қалайтын Керей, Найман жігіттері ашық қарсы шықпағанымен, өзара
күңкілдері көбейіп, қырыс қабақ таныта бастаған... Ал Абылай болса, екі
жақты кезек тыңдағанымен, əзірше ешқайсысына сенікі дұрыс деп оң
шырай білдірмей, сыр ұшығын ұстатпаған күйі үнсіз отыр. Ханның
кереметінің өзі де ішінде не барын жан баласына сездірмейтін осы бір
түпсіз терең шыңыраулығында жатыр еді.
Ал Қабанбайдың да көңілге қонымды, ешкімді бұлтартпас дəлелдері
бар-тұғын. Тек соның тереңде жатқан астарына үңілер көз, ұғынар құлақ
керек. Оны бір шалса, Абылайдың ғана жүйрік көңілі шалған болар. Соған
сенгендіктен де райынан қайтпай, ақырына дейін қасарысып қалған.
Қолбасының ойынша, қазір оңтүстік өлкесі түгелдей өртке шалынып
отыр. Ол — еткен жылы қоқандықтар салған өрт. Сол өртті дер кезінде
өшірмесе, Ұлы жүз рулары қырғынға ұшырап, қосақ арасында босқа кетуі
мүмкін. Халдан Церен өлген соң, Қоқан билеушілері ойрат Ордасына бірде
бағынса, бірде бағынбай, өздерін еркін сезіне бастаған. Əсіресе, Əбдікерім
бектің тұсында қоқандықтар Бұқар əміріне арқа сүйеп, қонтайжыға алымсалық төлеуден бас тартқан-ды. Оларды жазалауға жіберген ойрат əскері
бір рет сəтсіздікке ұшырады. Үнемі ашық далада соғысып үйренген
қалмақтар қаланын тас қамал, тар көшесіне келгенде өздерін мүлде
ебедейсіз сезініп, қала саудагерлерінің емексіткен өтірік күлкісін де аңдай
алмай қалған. Ойрат қолы Қоқан қамалын қоршағанда, қала əміршілері бар
əскерін іште тығып ұстапты да, қаланың қақпасын айқара ашып,
сырттағыларға дəм-тұздарын көтеріп шығыпты. Тақ бір той өткізген
немелердей керней-зұрнайларын тартып, қалмақтардың есін шығарып
жіберген. Ойында ештеңе жоқ ойрат əскері салтанатпен ішке кіре бастайды.
Бірақ бəрі емес, жарым-жартылай енген кезде қоқандықтар қақпаны тарс
жауып алады. Сонан сон-ақ қоршауда қалған əскер атаулыны кескілеуге
кіріседі ғой... Не керек, сол жолы қалмақтарды енді қайтып қала қақпасына
жоламайтындай етіп, еселерін мықтап бір қайтарады.
Қоқандықтардың бұл жеңісінен кейін енді Ташкент төңірегіндегі
құрамалар көтеріледі. Əбдікерім бекке арқа сүйеген Төле би мен Ханкелді
батыр бастаған Ұлы жүз жасағы Ташкенттегі жоңғар əміршісі Парван-бек
дегенді қуып шығып, қала билігін біраз уақыт өз қолдарына алады...
Алайда бұл еркіндік ұзаққа бармады. Өткен жылы, күзде Қоқан əміршісі
Əбдікерім бек қайтыс болды да, бұл өлкедегі жоңғарға қарсы майдан қатты
əлсіреді. Əбдікерімнің орнына отыруға енді оның немере інілері Баба-бек
пен Ерден бек арасында қырқыс басталған. Ақыры тақ тартысында
жеңілген Баба-бек Жоңғарияға қашып кеткен-ді. Онда барған соң, ол
қонтайжыға Қоқанды ғана сатып қоймай, Ташкент пен Түркістанды да
бағындырып бермек болып, осыдан бір ай бұрын ойраттың он бес мыңдай
əскерін бастап келіп еді. Əскер басы Сайын-Бөлек ноян мұнда келісімен-ақ
жоңғар үстемдігін қайтадан нығайтуға кіріскен. Ерден бекті Қоқаннан қуып
шығып, оның орнына Баба-бекті отырғызды. Уақытша Ташкент пен
Сайрамға билік жүргізген Ұлы жүз кісілері де, амал жоқ, Түркістанға қарай
шегінуге мəжбүр болды. Бұл күнде əбден дандайсып, бетімен кеткен ойрат
əскері Ташкент төңірегіндегі «Құрама» деп аталатын қазақ ауылдарын
шауып, көздеріне түскен мұсылман əулетін қанға бөктіріп жатқан көрінеді.
Таяуда қос-қос атпен жан ұшырып жеткен Төле бидің жаушылары
Абылайға осындай суық хабар əкелді.
Осының артынан іле-шала жедел көмек сұраған тағы бір жаушы
Қарақалпақ батыры Қылышбектен келіп еді. Қырқыншы жылдардағы Сары
Манжы бастаған жоңғар түмендерінің Сыр бойына жасаған үрдіс шабуылы
кезінде Қарақалпақ халқы екіге жарылып, Арал маңындағы төменгі бөлігі
Кіші жүзге барып паналаған. Ана жылы Барақ сұлтан мен Əбілқайыр хан
таласатын Қарақалпақ ауылдары осылар болатын. Ал Сырдың жоғарғы
ағысындағы екінші бөлігі, амал жоқ, Жоңғар бодандығын қабылдаған.
Ауыр да болса алым-салығын төлеп, Ұлы жүз руларымен аралас-құралас
жүріп жатқан-ды. Жақында солардың басына тағы бір зауал төніпті. Ойрат
қонтайжысы өзіне бағынышты Қарақалпақ ауылдарын Жоңғарияға күштеп
көшіруге жарлық шығарған. Қазір ойраттар үш мың түтін қарақалпақты бір
жерге иіріп қойып, өз жерлеріне айдап əкету қамында көрінеді. Қылышбек
таяуда Абылайға жолдаған хатында осы жайларды баяндай келіп: «ҚазақҚарақалпақ бір атадан тараған қандас бауыр едік. Бізді жат қолында
шырылдатпай қол ұшын беріп, құтқара көріңдер!» деп сəлем айтыпты.
Осыны өткен жиында Абылай аузынан естігенде, алыстағы ағайынның
зар-тілегі Қабанбайдың ет-жүрегін езіп жібергендей болып еді. Демек, дəл
қазір оқиғалардың шиыршық атып, шиеленісіп тұрған жері — Арқа да,
Алтай да емес, оңтүстік өлкесі. Ата қонысын түгелдей жау басып алған
Ұлы жүз руларының Жоңғар хандығына бодан болып, ауыр алым-салық
төлеп, Талас пен Шу, Арыс пен Сыр бойындағы аядай жерге тығылып
отырғандарына да бірталай уақыт болды. Алдына жарты ғасыр, артына
отыз жыл. Төле би бастаған ел басшыларының да алдағы аттанысты күтекүте төзімі таусылған болар. Қандас ағайыннан қайырым болмаған соң,
амал жоқ, Қоқанға қол артпағанда қайтеді. Ендеше қазақ əскері өз
шабуылын басқа емес, ұшқын түссе-ақ лау ете қалғалы тұрған оңтүстіктен
бастауы керек. Рас, қазақ жерінің ала-құласы жоқ. Əйткенмен, қасиетті
Қаратау мен Сырдың, байтақ қала Түркістанның жөні бөлек. Алдымен осы
өлкені жаудан тазартпайынша азаттықтың ауылы алыс. Соғыста мерейің
қанша үстем болып, қарымта қайтарсаң да, басқа жердегі жеңістер көзге
көрінбей, жай ұсақ-түйек ұтыс болып қала береді.
Сонан соң, əзірше ешкімге тіс жарып, ештеңе айтпаса да, Қабанбайды
түстікке тарта беретін тағы бір жайт бар. Ол — Барақ сұлтанның сол
өлкеде қапыда мерт болуы. Барақтың алып денесін у жайлап, жантəсілім
етерде, марқұм екі адамның атын ауызға алған екен. «Арқаға — Абылай
мен Қабанбайға жетіңдер. Солар менің қанымды сұраусыз қалдырмас!»
депті қасындағы балаларына. Əнеугүні Барақтың үлкен ұлы Ханбаба
сұлтан əке аманатын жылап отырып жеткізгенде, Қабанбай опырыла
күңіреніп, марқұмның сол сəлемін жерге тастамасқа серт еткен... Иə, бұл
осы сапарда қалайда Қарнақ қаласына соғуы керек. Барақтай ердің түбіне
жеткен зұлымды: қалмағы ма, қазағы ма, қожасы ма, тауып алып, шаршы
топтың алдында жазалауы керек. Онсыз аруақ разы болмайды, өзінің де
айызы қанып, ашуы тарқамайды...
Əнеугүннен бері аламан əскердің бас-аяғы жиналып болғанша, бұл
мəселе бірнеше рет талқыға түссе де, көпшілік тоқ етер түйінге келе алмай
тарасқан-ды. Енді соза берудің орны жоқ. Бүгінгі отырыста жорықтың
беталысы қалайда айқындалуы керек еді.
— Сонымен, не істейтін болдық, жарандар? Жауға шабар уақытты дауға
сарп етпейік. Келелі кеңес, орынды ой, соны сөз айтатын кім бар? Бас
батырлар не дейді? Толғаныстан соң тоғысқан түйін бар ма, əлде сол
бұрынғы сөздерінде тапжылмай тұрып қалдыңдар ма? — деді Абылай, қос
қапталында отырған Бөгенбай мен Қабанбайға кезек қарап.
Шатыр ішінде бір мезет өлі тыныштық орнады. Демін ішіне алып, қатып
қалған дүниенің шырқын кермедегі аттардың əлденеге шайнасып, тебіскені
ғана бұзатындай.
— Мен айтарымды айтқанмын. Ендігі билік өзіңде, хан ием! — деді
Бөгенбай жұрт назары өзіне аунағанын сезіп. — Іздеген жауың іргеңде
тұрғанда, алыс аймаққа ат сабылтатын не жөніміз бар? Алакөл, Алтайдағы
қалмақ пен Сыр бойындағы қалмақтың ала-құласы жоқ, бəрі бір қалмақ
емес пе? Мұндағысының белін опырсаң, Сырдағысының өзі-ақ сылқ етіп
құлап түсеріне мен кепіл... Жарайды, мына ыстықта оңтүстікке сапар
шектік дейік. Сонда ат арытып, тон тоздырып, сенделіп Сырға жеткен
əскердің желі оңынан тұра қоя ма? Жорық мұраты — жеңіс. Мен енді
қартайғанда жұрттың обалына қалып, неғайбыл жолға шыққым келмейді.
Күші тасығандар барсын, беттерінен қақпаймын. Ал өзім биылша Арғын
жасағымен Арқа жерінде қала тұрам, — деп шатырдың діңгегіне арқасын
бере, шалқая отырды. Əр тұстан қостаған сөздер естіліп қалды.
— Рас-ау, тандап соғысатындай бұл қалмақтың жорға-жүйрігі бар ма?
— Іргедегі жауды іліп түссек, қашықтағысы қайда барады? Жанына таяқ
батса, ертең өзі-ақ іздеп келмей ме?!
— Соғыстың жай-жапсарын Бөкеңнен артық кім біледі? Алыс сапардың
арты неге соғарын ол кісі алдын-ала сезіп отыр ғой! — десіп жатыр. Мұны
айтқан — Олжабай, Мамай, Бекболаттар болатын.
Кімнің түтіні қалай ұшарын жақсы білетін Абылай оларға бір-бір қарап
өтті де, енді Қабанбайға бұрылды:
— Ал, сен не айтасың, Дарабоз? Іргедегі жауды місе тұтпай, алысты неге
көкседің, соны айтшы! — деген сұсты қалпын өзгертпей.
Қабанбай жаңа ғана қалтасынан шақшасын алып, екі танауына алмакезек насыбай атып отырған. Кенет атандай ақырып, түшкіріп салды да:
— Иншалла, айтқаным келеді екен! — деп жадырай күлді. — Осы
отырғандардың ішінде жау шебіне менен жақын барып қонған кісі жоқ, хан
ием. Барқытбелдің бауырында мен олардың төбесін күнде көріп отырамын.
Ата жұртым — Алакөл де иек астында тиіп тұр... Мен жау таңдап жүргем
жоқ, жауды жеңер жер таңдап отырмын. Қаратау — қара шаңырағың
болғанда, Түркістан — ту тіккен ордаң емес пе еді?! Сырдың бойы —
қашанда сынға түсер жерің. Осы үшеуі жау қолында жатқанда, ауыл
арасының қай жеңісін аужал тұтайын? Қасиетіңнен айналайын Қасым хан
мен Хақназар хан, кешегі сайыпқыран Тəуекел баһадүр Сыр бойындағы сол
қалалар үшін басын берген жоқ па еді?! Солар қазақ даласы тарлық еткен
соң соғысып па? Ойраттар неге Түркістан мен Ташкентке талақтай
жабысып, ойран сала береді? Өйткені, ырыс көзі — базар мен байлық сол
жақта... «Алтын басым аман қалса, алты-ақ күнде тірілем» дейді екен
жылан екеш жылан да. Мен білсем, ойраттың омыртқасын үзу аз, оны қақ
маңдайдан соғып, алдымен басын мыжып тастау керек! Оның бер жағында,
құлдықта құлын дауысы шығып, көмек күтіп отырған Ұлы жүз ауылдары
анау! Өрісі басқа болғанмен күйісі бірге, қандас бауырың Қарақалпақтың
теперіш көріп, телімге түсіп жатқаны — мынау! Осындайда жақыныңа қол
ұшын беруге жарамасаң, елдігің мен ерлігіңнен не қайыр?! Жоқ, жігіттер,
мен ағайынның шырқыраған дауысын естіп отырып, ауыл арасындағы
айқасты аужал тұта алмаймын. Елім дегендерің еріндер соңымнан! Мен, не
де болса, ат басын түстікке бұрам! — деген кең маңдайлы қарасұр жүзі ішкі
толқыныстан біртүрлі қошқыл тартып.
Қабанбайды да қостаушылар аз болған жоқ. Əр тұстан:
— Дұрыс қой... Барды айттың, Дарабоз!
— Ауылы алыс екен деп, ағайынға қол ұшын бермей қалай отырасың?
— Ел қамын жеген Едігенің сөзі осындай-ақ болар!..
— Дарабоздың ойлағаны, əйтеуір, қалмақпен қандасу емес, алты
Алаштың қамы ғой, — десіп жатыр.
Мұны айтқан — Көкжал Барақ, Ер Жəнібек, Малайсары, Баян батырлар.
Бұлардан басқа екі оттың арасында, қай жаққа беттерін біле алмай
қысылып отырғандар да бар. Үнсіздік бұл жолы да ұзаққа созылып бара
жатыр еді. Осы тұста Бөгенбай өз ойларының жұртқа жетіңкіремей
отырғанын сезді ме, тамағын кенеп, тағы бір сөз қосты.
— Ағайын-туыс дейсіңдер... Сол ағайынды сен бірге санағанмен, олар
өздерін бөлек санаса не істейсіңдер? Беттерін бері бұрудың орнына, қит
етсе Қоқанмен қолдаса кетеді... Олар да іргелі ел емес пе, күндері бізге
қарап қалып па? Ойда өзбегі, қырда қырғызы бар, бір шарасын
қарастырмай ма?! Айт пен тойда ақсақал боп төрді бермей, жау келгенде
жасымси қалатыны несі солардың? Олардың жаны тəтті болғанда, басқалар
далаға тастай алмай жүр ме екен?! Тағы да қайталап айтам: түстікке деген
жорықты биыл емес, келер жылға қалдырайық. Жетеге тимей жеңіс жоқ.
Биылша шыдасын да ширасын! — деген отырғандарға жағалай көз тастап.
Əр тұстан қостаған үндер көбейіп, көпшілік тағы дуылдасып бара
жатқан. Кенет əлдекімнің:
— Хан ием! — деп саңқ еткен даусы естілді. Есік жақта отырған
Еспембет екен. Жұрт назары солай қарай ауды. — Қарттың сөзін тыңдасаң,
қанды жорықтан қажығанын айтады. Бірақ қарт қажыған екен деп, алған
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 16
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.