Latin Common Turkic

Дарабоз - 04

Total number of words is 4171
Total number of unique words is 2300
35.5 of words are in the 2000 most common words
51.4 of words are in the 5000 most common words
58.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ежелден батыр ұлдарының атын алып күш иесі — жыртқыш жануарлар
есімімен атайтын бір қызық əдет болған. Сол дəстүрді аталарымыз əлі
күнге ұстанып келеді. Əлгі аттардың ішінде: Бұқа, Бура, Арыстан,
Жолбарыс, Қабан, Төбет, Барақ дегендер жиі ұшырасады. Найман
ұлысының алғашқы атақты ханы — Тайбұқа екенін білесіздер. Одан бергі
заманда өткен Бұқалар қаншама. Мəселен, мына Баймұрат батыр
екеуіміздің арғы атамыз — Жəңгір хан тұсында өткен Бұқа батыр... Ал
Төбет — менің азан шақырып қойған атым. Əкеміздің бұрынғы балалары
тоқтамай өле берген соң, мені туа салысымен қаншықтың бауырына салып
емізіпті де, атымды Төбет қойыпты... Е, бұл аттың мəн-мағынасы сөз
сайысы кезінде алдымнан талай шықты ғой. Айтпақшы, ана жылы қызық
болды, — деп алып Төбет би басынан кешкен бір жайды əңгімелеп кетті.
Бұрын шет-жағасын естісе де, Қабанбай да атының басын тежеп, əңгімеге
құлақ салды.
Ана жылы Арғын-Найман арасындағы бір дау кезінде атақты
Қаздауысты Қазыбектің баласы Бекболат би əдейі сөзден сүріндіру үшін
осы Төбетке мынадай сұрақ қойыпты:
— Найманның батыры — Қабан, сұлтаны — Барақ, биі — Төбет боп
келетіні несі? Мұның өзі жай ма, жоқ, əлде аттарың заттарыңа сай ма? Қара
ағаштай қалың Найман, көптігіңді көрсетіп, қара күшке салғанды қашан
қоясыңдар? - депті. Сонда осы Төбет би бөгелместен:
— Жөн айтасың, Бекболат. Екі аяқты, төрт аяқты, қос қанатты деп
жіктегеніміз болмаса, жалпы жан-жануардың түбі бір ғой! Түбі бірге
болмаса, əкең Қазыбектің дауысы қазға ұқсар ма еді?! Батырым — Қабан
болса, қалмақты қамыстай шалып қырған шығар. Сұлтаным Барақ атанса,
қотанын қасқырға бермей, алысқанын алып ұрған шығар. Ал менің атым —
Төбет, еліме айбар, жауыма бөгет. Сырттағы ел басынбасын, ешкімнің сөзін
басынан асырмасын деп əдейі қойған шығар! — деген екен.
Сонда манадан бері екеуінің сөзін үнсіз тыңдап отырған Қазыбек:
— Қой, Бекболат, жеңілдің. Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз
қайта айналып иесін табады. Жатқан жыланның құйрығын басқан өзің ғой.
Сол айыбың үшін, қонақтардың шаруасын бітіріп, жолға сал! — деп
баласын өзі жығып беріпті...
Бұрын да талай естіген, қанық жайлары болса да, ат үстінде келе жатқан
үлкендер Төбет биді көтермелеп, Қаздауысты Қазыбектің əділдігіне
сүйсініп, дабырласып қалды. Осылайша, ежелден белгілі əңгімелердің өзін
қайталап, пысықтап отыратын əдеттері. Сол үрдіс бойынша жағалап
отырып, ендігі əңгіменің беталысы Қабанбайдың қалай Қабанбай аталуына
келіп тірелді. Соны батырдың өз аузынан бір естімек. Жастар жағы тіке
тілек айтуға батпай, жасы үлкен, əрі сардар алдында өзін еркін ұстайтын
Ақтамбердіні алға салған.
— Қабанбай атың бұл күнде ұлыс ұранына айналды, Дарабоз. Осы бір
қасиетті сөз о баста, кім де болса, бір дуалы ауыздан шыққаны хақ, — деді
қарт жырау самбырлап, қатты сөйлейтін əдетімен. — Бірақ осы оқиғаны
жұрт құбылтып əр түрлі айтады. Біреулер алғаш жауға шапқанда
«Қабанбайлап» шауып, сол ат қалып қойыпты десе, енді біреулер «баяғыда
Керей ішіне бой тасалап барғанда, өзін жұртқа Қабанбаймын деп
таныстырып, жат жерде солай аталып кетіпті» дегенді айтады. Осының
анығы қалай? Соны өз аузыңнан бір естиікші! — деген шын қолқа салып.
— Дарабоздың жас кезінде ел ішінде тұрақтай алмай, Керейге жылыстап
кетуі де бір қызық хикая. Соны мына кейінгі жастардың біле жүргені артық
болмайды, — деп қатар келе жатқан Боранбай би де қостаған рай тынытты.
Қабанбай үлкендердің сөзін жыға алмады. Атының басын тежеп, аяңға
түсірді де:
— Ой, тəйірі-ай, ол қайбір жетіскен əңгіме дейсің. Іш қазандай
қайнайды, күресуге дəрмен жоқ. Жаудан қайтсек кек аламыз деп
жанталасқа түскен заман еді ғой! — деп сəл ойланып қалды. — Алдымен
Қабанбай деген аттың қалай пайда болғанынан бастайын. Маған бұл атты
қойып жүрген — əулие де, машайықта емес, өзімнің жездем, осы ер
Жəнібектің əкесі — Бердəулет марқұм ғой! — деп алып, ұзын сонар əңгіме
бастады.
Онда Ерасылдың он алтыдан он жетіге жаңа шыққан кезі. Осының
алдында ғана қалмақ шебіне жасырынып барып, ойраттың Өлжежырғал
деген ноянын құм қаптырып, із жасыру үшін шалғайдағы Керей еліне өтіп
кеткен-ді. Өз ағайындарына өкпелеп, керейдегі апа-жездесінің қолында
бірнеше жыл тұрып қалған. Ел азаматтарымен бірге жылқы күзетісіп, аратұра жұрт қатарлы жортуылға да шығып қояды. Ұмытпаса, мұның құдалар
ауылына алғаш барған жылы. Бір күні Зайсан көл жағасында жылқы
қайырып жүріп, ойда жоқта бір тобыр жабайы шошқаға тап болғаны бар.
Қамыс арасынан шыға келген құнан өгіздей қара қабан Ерасылға қарай
оқтай атылды. Екі ұртынан сорайып шығып тұрған аппақ азу тісі, əй,
жарты кезден кем болмас. Бұл да жан дəрмен өндіршектен найза салып
үлгірді. Арам неменің даусы мұндай ащы болар ма, найзасын бойлата
сұғып, қайта суырып алам дегенше қалың қопадан екіншісі шыға келді. Бұл
жолы найза сілтеп үлгірмеді, азу тісі сойдиған əлгі пəленің жанап өте
бергені сол еді — астындағы аты көкке шапшып барып, омақаса құлап
түсті. Сөйтсе, пышақтай азу тіспен шаптан шалып өткен екен. Жануар
ішек-қарны ақтарылып, қорқырап қала берді. Бұл жығылған аттың
үзеңгісінен аяғын босатып, тұрам дегенше, əлгі сонадай жерге ағындап өте
шыққан қабан кері бұрылып, енді бұған қарай өңмендеп ұшып келеді екен.
Енді не де болса жаяу айқасуға тура келді. Ақ сояу тіс пен ақ найзаның
қайсысы бұрын тиері белгісіз. Қас пен көздің арасындай ғана уақыт. Əлі
ентігін басып үлгірмеген еді, өндіршекке кезелген ақ найза тайқып кетіп,
тақыр қолтықтың астынан қадалды. Ерасыл да найзаны бар күшімен
сермеген-ді, оған ағындап келе жатқан қабанның екпіні қосылып, ұңғысына
дейін еніп кетті. Сірə, найзаның ұшы жүректі жарып өткен болар, қара
қабан серең етіп құлап түсті...
Мұның қасында жүрген өзі құралпы балаң жігіт мана қабанның қарасын
көрісімен-ақ, ауылға қарай тұра шапқан екен, сол барып бүкіл елді
дүрліктіріпті. Ауыл адамдары шапқылап жеткенде, Ерасыл шабы жарылған
атты бауыздап тастап, бір тастың үстінде демал ып отырған-ды. Екі жерде
екі қабан жатыр теңкиіп. Ерасылдың аман отырғанын кергенде, Бердəулет
жездесінің қуанғанын айтпа! Балдызын қапсыра құшақтап, екі бетінен
алма-кезек сүйе берген.
— Өй, сен өзің жігіт екенсің ғой! Батыр деп мына сені айт! — дей береді
əлсін-əлі. Өңкиген бойы ғана ма десем... Батыр болғанда, нағыз Қабанның
өзі екенсің! Уа, жарандар, мұның атын бүгіннен бастап «Қабан батыр» деп
атайық! - демесі бар ма.
Жездесінің аузы мұндай дуалы болар ма, қуаныш үстінде əзілмен
айтылған бір ауыз сөз кешікпей төңіректегі елге тарап, бұл аяқастынан
«Қабан батыр» атанды да кетті. Сол жылы күзде Сауырдағы шайқаста
ойрат батыры Долан Дашыға қарсы жекпе-жекке Ерасыл ел қойып алған
осы жаңа атымен шықты... Ол Керей арасында бес жылдай тұрып,
Ханбибіге үйленіп, кейін Байжігіт ішіне қайта оралған соң, да бұл ат қалған
жоқ. 1718-жылғы Аягөз шайқасына ол енді Қабанбай атымен қатысып еді.
Рас, бұл жолы қазақ жасағы жоңғардың жойқын күшіне төтеп бере алмады.
Əйтсе де осы соғыста көзге түсіп, қалмақ нояны Арсаланды жер
жастандырған Қабанбайдың даңқ тұғырына көтерілгені анық. Ал арада
тағы бес жыл етіп, қайран ел «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған ауыр
күндерде Қабанбай есімі бүкіл қазақ даласына тарап кеткен-ді...
Бұл кезде жүргіншілер Мыңбұлақтың тас бастаулы қайнарларының
біріне көштен бұрын жетіп, ат шалдырып отырған-ды. Осы арада
қанжығада шайқалып келген сусыннан бір-бір тостаған қымыз ішіп, аз-кем
тыныстады. Бірақ əңгіме желісі үзілген жоқ. Көк жасаңға алқа-қотан
жайғасып, насыбай атысып отырған бір шамада, əлі де əңгіме əсерінен
шыға алмаған жас батыр Еспембет өзінің өжет те өр мінезіне басып,
Қабакеңнің қарсы алдына жүгініп отыра кетті де:
— Ал енді, сардар аға, бүгін бір ала қаптың аузы шешіліп, əңгіменің
тиегі ағытылған күн ғой. Сіздің он алты жасыңызда жауға жеке-дара
аттанып, ойрат ордасына ойран салғаныңыз жайында да ел ішінде əр түрлі
аңыздар айтылады. Əлгі Бұқар жыраудың Қанжығалы Бөгенбайға:
«Қабанбайдан бұрын найзаңды қай жерде жауға тіредің?» дейтіні де,
бəлкім, содан шығар. Сол алғашқы айқасыңызды да өз аузыңыздан бір
естиікші! — деген шын қолқа салып.
Еспембет — Қабанбайдың үлкен үміт артқан інілерінің бірі. Алғаш рет
жиырма бес жасында Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында көзге түсіп еді,
содан бері ел құрметіне бөленумен келеді. Ақымбет, Сыбан, Мұрыннан
құралған жасақтың мың басы батыры. Сол елдердің найза ұстаған батыры
ғана емес, сөз ұстаған биі де. Өзі де екі иығына екі кісі мінгендей, апай төс,
алып жігіт болатын. Сардар оның ақсия күліп отырған жайдары жүзіне
сүйсіне қарап алды да:
— Шырағым-ау, ол бір ұзақ хикая ғой, — деді ауыр денесін теңселте
ырғалып қойып.
— Оразаға көшкен ермек. Қарап отырғанша əңгіме болсын.
— Аттар да көк балаусаға бас қойып, қадалып жатыр екен, отығып
алсын! — десті үлкендер.
Қабанбай бұл кезде алыста қалған балалық шақты оймен шарлағандай
назарын шығысқа бұрып, алыс көкжиектен бұлдырап көрінген көгілдір
тауларға қадала қарап отырған-ды. Құлаққа жағымды, күмбірлеген қоңыр
үнмен əңгімесін бастап кетті.
IV
Қожақұл батырдың көзі жұмылған соң бас иесінен айрылған аз ауыл
Мəмбеттің құты аша бастап еді. Əсіресе аталас ағайыны Күшік батыр
дүниеден өтіп, Өмір батыр тұғырдан тайып қартайған кезде бұл елді ит те,
құс та басынатын болған. Емілдің бас жағында иін тіресіп, іргелес отырған
ойраттар Барлық тауын кенерелеп келіп, жыл сайын Алакөл бойындағы
Мəмбет ауылдарын шауып, тал түсте жылқыларын айдап əкете беретін əдет
тапты. Сондай бір кезекті шапқыншылық кезінде қалмақтар жылқы күзетіп
жүрген ағасы Есенбайды қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Аямас жауыздар
қанжармен жас жігіттің қарнын жарып, шала-жансар күйінде далаға тастап
кетіпті. Жылқышылар болған оқиғаны ауылға хабарлап, ел жиналып
жеткенше қайран ер о дүниеге аттанып та кетіп еді. Ерасыл қанға боялып
жансыз жатқан ағасын көргенде өзін тоқтата алмай, аттан ауып түсіп,
өгіздей өкіріп, үстіне құлағаны есінде... Есенбай ағасы былайша батыр
тұлғалы болмағанымен, адам баласы өлімге қимайтындай керемет көрікті
жігіт еді. Батырлық, жауынгерліктен гөрі əн-күйге, серілікке бейім-тұғын.
Ал жалғыз інісі Ерасыл дегенде, шығарда жаны басқа, маңдайынан
шертпей, қатты еркелетуші еді. Соның арқасында əкесінің де жоқтығы
білінбей, жетімдік көрмей, бұла боп өскен.
Аға өлімінен кейін, он алтыға жаңа толып, əлі оң-солын танып
үлгірмеген Ерасыл көзге қамшы тигендей мəңгіріп қалды. Адам баласы өз
ажалынан өлмей, зорлықпен, кісі қолынан мерт болғаны қандай қиын еді?!
Əсіресе, қорлағаны, азаптап өлтіргені!.. Иттер-ай, көзі қиып қалай ғана қол
жұмсады екен?! Есенбайдай азаматтың қаны текке кетпес, қалмаққа қолма-
қол аттанармыз, қарымта қайтарармыз деп ойлаған. Жоқ, олай болмады.
Бəрінен де жанға батқаны — елдің етек бастылығы, асықпайтын
ағайынның керенаулығы. Басында бүкіл Мəмбет, Қарақұрсақ болып
ақылдасты. Сонан соң үш Бəйжігітке хабар салды. Игі жақсылар бас қосып,
олар сонау жер түбінде — Түркістанда отырған Тəуке ханға шағым айту
қажет десті. Не керек, əйтеуір, іргедегі қалмаққа аттанып кек қайтаратын,
тым құрыса жауға қыр көрсетіп, азаматтың құнын сұрайтын бір пенде
табылмады ғой.
Ерасылдың күте-күте төзімі таусылып бітті. Ағайынның аужайына
қараса, Есенбай үшін есе қайтару былай тұрсын, жуық арада қалмаққа
қарай қадам басатын түрлері жоқ. Намыс дегенді ұмытқан-ау бұл жұрт?!
Сонда ер-азаматтың қаны есепсіз, сұраусыз кеткені ме? Ағасын атаусыз
қалдырып, бұл қалай ел бетіне қарап, жер басып жүреді? Күндіз күлкі,
түнде ұйқыдан айрылып, əбден жүдеп кетті өзі... Ақыры тəуекелге бел
байлаған Ерасыл не де болса қалмаққа жалғыз аттанбақ болды. Қанға —
қан, жанға — жан! Ағасынан жаны артық па? Осы жолы не Есенбайды
өлтірген қалмақты тауып, қанын ішеді. Не ағасының артынан бұл да мерт
болады — екінің бірі! Барар бағыты белгілі. Білетіндердің айтуынша, бұл
елді қан қақсатып, жылқы əкетіп жүрген Олжежырғал мен Арсалаң —
Апакөлден тым алыс емес. Тоқта тауының шығыс бауырында, небəрі түстік
жерде отырған көрінеді... Ақыры қас жауынан кек алмай жаны жай
таппасына көзі жетті де, жылқыдан өзінің төл аты — Ардакүреңді ұстап
мініп, ешкімге жөнін айтпастан, шығысты бетке алып тартып отырды.
Қоржында — екі-үш күндік азығы. Қаруы — əкесінен қалған төрт қырлы
қаратамақ найза, қайқы қара қылыш пен екі жүзді алмас қанжары бар.
«Жалғыздың жары — құдай деуші еді. Уа, пəруардигар, өзің жолымды
оңғара гөр!» деп тіледі ішінен.
Мұның аты ерлік пе, есерлік пе, жіп тағу қиын еді. Сірə, екеуі де емес,
жастық албырттық болар. Көкірегі қорқыныш, үрей атаулыдан ада, тек тұла
бойды кернеген кекті ашу ғана бар. Ол екі күн бойы аялсыз суыт жүріп
отырып, Тоқтаның сыртына шықты да, кеш бата Сарыбелге келіп бекінді.
Бұл бір сай-саласынан сарқырап бұлақ ағып жатқан, қойнау-қойнауында
қайың, тал, терек сыңсып өскен, шұрайлы қоныс болатын. Жер жадысы
Ерасылға бала күннен жақсы таныс. Соңғы жылдары жаудан жасқанып
жоламай кеткені болмаса, əкесі Қожақұлдың тұсында Мəмбет ауылдары
бұл өңірді емін-еркін жайлап, көшіп-қонып жүретін-ді. Осыдан былай
қарай қалмақ шебі тым тақау. Ерасыл түні бойы тоғай арасында бекініп
жатты да, ертеңінде бір тұрғыға шығып, төңірегіне бажайлап көз жіберді.
Мөлшерлегеніндей-ақ, Сарыбелдің шығыс қапталына қалмақ ауылдары
сұғына кіріп отыр екен. Əр тұстан қора-қора қой, үйездеген жылқы
көрінеді. Бүгін-ертең қазақтар жағынан қауіп төнер-ay деп күтпейтін болса
керек, əр ауылдың ошағынан жұлындай шаншылған түтін көтеріліп,
төңіректен мəре-сəре бейғамдық байқалады. Биік жотадан төмен түскен
Ерасыл мал көздеп жүрген адам болып, тағы біраз ішкеріледі. Бір сайдың
аузында қордалы ескі қыстаудың орны бар екен. Сол маңда қалың алабота
мен қалақайдың басын шалып бір топ түйе жайылып жүр.
Ерасыл бұлақ бойындағы шіліктің арасына кіріп, атын қаңтарып қойды
да, сол арада бір ет асымдай баспалап отырды. Қоржынынан піскен ет,
бауырсақ, құрт алып жеп, торсықтан қымыз құйып ішіп, əлденіп алды.
Сірə, бақташы болар, əлден уақытта қолына таяқ ұстаған бір жаяу бұдан
төменірек, су жағасына таман келді де, жым-жылас көрінбей кетті.
Бұлай отыра берудің орны жоқ. Ерасылға қалайда біреумен тілдесіп, жөн
сұрауы керек еді. Ол үшін əлгі жаяудан қолайлысы болмас. Не қылар
дейсің, қару-жарағы жоқ көрінеді. Алыса кетсе бір адамға шамасы қаптал
жететінін біледі. Тек сөйлесу, ұғынысу жағы қалай болар екен? Амал жоқ,
бірдеме қып сөйлеседі де. Бұл көріп жүргенде, тақа бір ноқай біреуі
болмаса, əр екі қалмақтың бірі қазақша біледі. Кейбіреуі қазақша мақалдап
сөйлегенде өзіңді жаңылдырады. Мынаның да төбесі тесік шығар. Тіпті
болмай бара жатса, мұнын өзінін де бес-алты ауыз қалмақшасы бар, ымдаса
да бірдеме қып түсінесер... Ол үшін алдымен оны шу шығартпай қолға
түсіру керек. Сол оймен талдың арасын баспалап, əлгіге мысық табандап
жақындай берген.
Кенет, мөлшермен қырық-елу қадамдай қалғанда, құлағына əлдебір
талмаусыраған əн естілгендей болды. Əн бе, жыр ма, əлде сыңсыған жоқтау
зары ма, əйтеуір, адамның сай-сүйегін сырқыратқандай мұңды əуен.
Дыбысын білдірмей, жолбарыстай жымып, тағы да он-он бес қадамдай
ілгері жылжыды... Міне, ғажап! Ау, мынау қалмақша емес, басқа бір тілде
айтып отыр ғой. Қазақша дейін десе, оған келіңкіремейді. Бірақ сөздері
түсінікті. Əн əуені де қазақ пен қалмақтың арасынан шыққандай. Ерасыл əр
сөзін қалт жібермей, ұғуға тырысты.
Алатоо асып кеткенім,
Түбіме, қалмақ, жеткенің-ай...
Туған жер, сенен көз жазып,
Арманда болып еткенім-ай! —
деп қайырады да, жалын ата ah ұрып, бебеулеп кетеді.
«Мынау қазақта, қалмақта емес, қырғыз болды-ау, шамасы, — деп
ойлады Ерасыл. — Сондай бір ел барын естігені болмаса, өмірі тірі
қырғызды көріп отырғаны осы. Сонда бұл не қып жүр қалмақтың
арасында? Осы жақта Сібірден ауып келген кəпір қырғыз дейтіндер бар
деуші еді, əлде солардың бірі ме екен?»
Бұқпантайлап келіп, шіліктің арасынан сығалады. Қараса, жас шамасы
өзінен сəл қалыңқы, өңі қазаққа келіңкірейтін бір жасөспірім жігіт
белуарына дейін шешініп тастап, көйлегінің битін қарап отыр. Өзі тым
жүдеу, бұғанасы шодырайып, қабырғасы сыртынан санап алғандай ырсиып
көрініп тұр. Өзі шарға бойлы, ешкінің асығындай ғана шəкене жігіт екен.
Ерасыл қарсыласының шама-шарқын байқаған соң, қанжарын қынына
салды да, талдың арасынан жаймен шығып көрініс берді. Бейтаныс жігіт ит
көрген мысық бастанып, орнынан атып тұрды. Жан дəрмен анадай жерде
жатқан таяғына ұмтылған. Бірақ таяққа одан гөрі Ерасыл бұрын жетті.
— Қорықпа, мен саған тиіспеймін, — деді əлгіге жылы жүзбен күле
қарап.
— Неден қорқам? Мына сенен қорқам ба? — деді анау да өзінше айбат
шегіп.
— Кімсің сен? Қырғызсың ба, қалмақсың ба?
— Оны қайтейін деп едің?.. Өзің кімсің?
— Мен — қазақпын...
— Мен — қырғызбын, — деді анау, сəл сабасына түсіп. — Қазақтардың
ауылы алыста ғой. Мұнда қалай келіп қалдың?
— Жоқ іздеп жүрмін.
Қырғыз мұның алпамсадай тұр-тұлғасына, киім киісіне сынай қарап сəл
тұрды да, қарсыласудан пайда жоғын сезді-ау деймін, тез жуасып, жерде
жатқан көйлегін алып кие бастады.
— Сен қайдан жүрсің мұнда? Кəпір қырғызсың ба, əлде мұсылман
қырғызсың ба? — деді Ерасыл бейтанысты əңгімеге шақырып.
— Кəпір қырғыз қандай болады? — Бейтаныс жігіт мұның бетіне
аңырая қарады.
— Мешітке барып намаз оқисың ба, əлде күреге барып пұтқа табынасың
ба дегенім ғой...
— Күреге табынатындар шығыста, Орқашар, Жəйір, жақта тұрады. Мен
— Алатау қырғызымын.
— Солай де... Онда өзіміздің бауыр екенсің ғой. Отыр, əңгімелесейік, —
деп Ерасыл көк шөптің үстіне тізе бүкті. — Атың кім?
— Ердене.
Ерасылдың сəл де болса іші жылып қалды. Үлкендердің əңгімесінен
Алатау жайлаған байырғы қырғыздар қазақ жағында да, осы ғасырдың
басында ойраттар Енесайдан көшіріп əкелген кəпір қырғыздар жоңғардың
сойылын соғып жүр деп еститін. Мына Ердененің мұсылман болғанына да
шүкіршілік.
— Мұнда не ғып жүрсің? Қай ауылдансың? — деді Ерасыл сыр тарта
сөйлеп.
— Түйе бағып жүрмін. Өлженің түйелерін... Естуің бар шығар, дүрбіттің
батыры.
— Солай де... — Өлженің атын естігенде Ерасыл елең ете қалды. Бірақ
сыр бермеуге тырысты. — Өзің бұлардың қолына қалай түсіп жүрсің?
— Шабынды да...
— Көп болды ма келгеніңе?
— Жеті жасымда əкелген. Содан бері осылардың қолындамын.
Қазаққа жан тартқаны ма, жоқ, басқа бір ойлағаны бар ма, Ердене бұдан
ары тосырқамай, тез шүйіркелесіп кетті. Өзі адамның іші-бауырына еніп
тұратын, сөзуар, ашық жігіт екен. Алғашқы аз əңгіменің үстінде-ақ осы
маңайдағы дүрбіттердің жағдайынан едəуір хабардар етті. Бүл төңіректің
қожасы — қалмақтың батыры, əрі баукеспе ұрылары, ағайынды екі жігіт —
Өлжежырғал мен Арсалаң дегендер болып шықты. Мына төбесі көрініп
тұрған ауыл — Өлженікі. Арсаланның ауылы да қашық емес, бір белдің
астында отыр. Олардың осыдан бір ай шамасы бұрын қазақ ауылын шауып,
көп жылқы əкелгенін де Ердене сайрап біліп тұр. Жорықтан қайтқан
қалмақтардың əңгімесінен естіп қалыпты: жылқы баққан қазақ жігітінің
түбіне жеткен — Өлженің өзі екен. Басқалар қанына ортақ болмай байлап
кетейік дегенде, Өлже оларға көнбей өз қолымен жарып кеткен.
— Өлже қазір тойға дайындалып жатыр, — деді Ердене бір сөздің
кезегінде. — Қазақтан əкелген жылқының қақ жарымын беріп, үлкен ұлына
қатын айттырған. Жақында құдаларына аттанады.
— Қашан? — Ерасыл дауысының қалай қатты шығып кеткенін аңғармай
қалды.
— Екі-үш күнде...
Ердене түске қарай ауылға қайтты да, күн еңкейе қайта оралды.
Даладағы жүргіншіге деп кепкен құрт, жас ірімшік əкеліпті... Ерасылдың
бұдан ары бөгелуге төзімі жетпеді. Не де болса тəуекелге бел буып, түйеші
жігітке бар сырын ақтарды. Бұл — жылқы іздеп жүрген жоқ, кек қуып
келген адам. Ағасын қорлап өлтірген Өлже мен Арсаланның бірін о
дүниеге аттандырып қанын ішпесе, құмары тарқамайды. Тіпті сол жолда
мерт болса да, əлгілердің бірін жастанып барып өледі... Ежелден қазаққырғыз ағайындас ел едік. Осыған Ердененің қандай көмегі бар? Тар жерде
азаматқа қол ұшын бере ала ма?
Сыр ашуын ашса да, жат жерде тап болған бейтаныс жігіттің бұған
қалай қарарын білмей қатты қобалжыған. Бірақ, бір ғажабы, Ердене мұның
ойға алған мақсатынан ешқандай оғаштық таппады... Сөйтсе, оның да
көкірегінде беріш боп байланған, қалмаққа кеткен кегі бар көрінеді.
Осыдан он шақты жыл бұрын қырғызбен екі арадағы кезекті бір қанды
шайқаста ойраттар мұның əкесін өлтіріп, шешесі екеуін көп адаммен бірге
олжаға түсірген. Шешесінің ажарына қызыққан Өлже ноян өзіне күйек
астынан жалғасар күн етпек болған екен, сорлы ана қорлыққа шыдамай,
осыдан үш-төрт жыл бұрын құсадан өліпті. Өлерінде жалғыз ұлға табыстап
кеткен өсиеті бар: «Əкеңнің құнын, анаңның мұңын өмірі есіңнен шығарма.
Ата жауыңның есігінде құлдық қамытын киіп жүре бермей, тірі болсаң өз
еліңді табарсың» депті көз жұмар алдында. Амал не, жер шалғай болып,
əзірге ана аманатын орындай алмай жүр...
— Бəсе, жай жүрген адам емессің-ау деп өзім де ойлап едім, — деді ол
Ерасылды ыждаһатпен тыңдап алып. — Жігіт екенсің! Тəйірі, қас жауынан
кек қайырмаған жігіт еркек пе?! Бірақ сен соны қалай іске асырасың?
Өлжені жекпе-жекке шақырасың ба?
Ерасыл бұл жағын өзі де ойламаған екен, нақты жауап айта алмады.
— Жауымды жекпе-жекте жайратсам арманым болмас еді. Тіпті сол
жолда өліп кетсем де өкініші жоқ. Бірақ мені оған жеткізбейді ғой. Жалғыз
атты жолаушы екенімді білген соң, əй-шəй жоқ, басымды қағып алмасына
кім кепіл? Ол да ештеңе емес-ау, мына сен секілді табанға салып, сіріге
тігіп, қорлай ма деп қорқамын.
— Иə, ол да мүмкін. Бұлар тұтқын қазақтарға тым қатал... Сонда не
істемек ойың бар?
— Мені Өлжеге оңаша жерде жолықтырсаң! Қалтарыста қапысын
тапсам...
— Оның да жөн екен. Əйтпесе, ол жауыз саған оңайшылықпен алдыра
қоймас. — деді Ердене. — Қолымнан келген көмекті аянып қалмаспын.
Бірақ саған қояр менің де бір шартым бар.
— Не сұрайсың? Айт! — деді Ерасыл ширығып.
— Құдай жолымызды оңғарып, Өлже сұмды о дүниеге аттандырсақ, мен
бұл жерде қала алмаймын ғой. Мен де зытам сенімен бірге... Одан ары
қырғыз асып кетуіме қол ұшын бересің бе?
Ерасыл қуанғанынан қарқылдап күліп жіберді.
— Ой, Ердене, өзің əлі бала екенсің ғой. Соны да сөзім бар деп айтып
отырсын ба? Қазаққа жеткенің — қырғызға жеткенін емес пе?.. Аман
қалсам, қырғызға сені мен жеткізем. Мен жеткізе алмасам, қалың қазақ елі
бар, солар жеткізеді!
Ердененің көңілі орныққандай болды. Ерасыл оған өз жағдайын
бүкпелемей түгел айтты. Бұл жолы ағайындарына көңілі толмай, өкпелеп
аттанғанын да жасырмады. Соңынан қуғын түссе, өз ауылына бастап
барып, ағайынға салмақ салғысы келмейді. Қайта із жасырып, басқа бір
жаққа беттеуі керек. Ердене алыссынбаса, мұнымен бірге АлтайСауырдағы керей еліне жүрсін. Сондағы апа-жездесіне паналай тұрады да,
ап-сап басылған соң қырғызға өзі апарып салады. Ал бұл жолды тым бұрыс
деп санаса, Ерасылдың сəлемін алып, Бəйжігіт ішіне тете тартады. Одан
ары қырғыз асып кету қиынға соқпайды... Екеуі жағдайға қарай осы екі
жолдың бірін таңдайтын болып, серт байласты.
Ерасыл тоғай арасында тағы бір күн жатты. Күндіз көзге түсу қауіпті.
Қалмақтардың Сарыбелдің жотасына қойған қарауыл қосы бар екен. Олар
жоңғар қақпасынын қыр желкесіне шығып, батыстан көз алмай қарап
отырады да, қазақ жағынан əлдебір шаң, қара-құра көрінсе, дереу арттағы
елге хабарлайды. Қарауылдары күн сайын ауысып тұратын көрінеді.
Ертеңінде түстен кейін түйеші жігіт тосын хабар əкелді. Өлже ертең
таңертең осы төңіректің сорпаға шығар біраз қалмағын ертіп, арғы
Бұратола жақтағы құдасына жүретін болыпты. Аттарын ерттеп, қоржынқоланын сайлап, дайын отыр деуге болады. Бүгін күйеу жігіттің тоқым
қағар тойы. Осы кеш қалайда қимылдап қалу керек.
Ерасылдың денесі бір ысып, бір суыды. «Я, аруақ, өзің жар бола гөр!»
деп тіледі ішінен. Алай-түлей өрекпіген көңілі көпке дейін басылмады. Не
өмір, не өлім! Неде болса бүгін түнде бəрі де шешіледі. Өлем деп
қорықпайды: мұның жаны əкесі Қожақұлдан, ағасы Есенбайдан артық
емес. Тек тар жерде тая соғам ба, ойға алған мақсатымды орындай алмай
кетем бе деп жүрексінеді. Егер қас жауын қапысыз соғып, ағасының
аруағын риза етсе, арғы жағында дүние төңкеріліп түссе де бұған бəрібір.
Көлденең көзге сезік тудырмау үшін Ердене кеш бата түйесін айдап
ауылға қайтты. Арадағы келісім бойынша, ел орынға отырып, қас қарайған
мезгілде, ауылға ақырын аяңдап Ерасыл да жақындады. Ай тумаған,
өлараның кезі еді. Түн бояуы бетке жұққандай қап-қара. Əр үйдің
алдындағы жерошақ басында алаулап жанған от сыртқы дүниені көзден
жасырып, төңіректегі түн түнегін одан əрмен қоюлата түседі. Той жасап
жатқан ауыл абыр-сабыр, біреуді-біреу біліп болар емес. Ауыл сыртындағы
кермеде көп ат байлаулы тұр екен. Ерасыл едəуір жерде аттан түсіп, жаяу
жетелеп келді де, Ардакүреңді ұзын керменің бір шетіне байлай салды.
Ердененің де сол маңда тықыршып тұрғанына көп болған. Мұны қолынан
жетелеп, шөккен түйелердің ара-арасымен ертіп келді де, шет жақтағы
өзінің жыртық қосына енгізіп жіберді.
— Осы жерден қозғалма. Қалмақтар əркіге4 енді ғана бас қойды. Біраз
сілтесін... Қимылдайтын кезде өзім келіп айтам, — деді құлағына
сыбырлап.
Ердене содан кейін де бірнеше рет соқты. Түйешінің шоқпыт күркесіне
өзінен басқа кіріп шығатын пенде жоқ көрінеді. Бір келгенінде қолына
дүмбілездеу піскен тоқпақ жілік ұстатып кетті.
— Жортар аттың тоғы жақсы. Ар жағына ел қондырып ал! — дейді
əзілдеп.
Келгені қандай тез болса, кеткені одан да тез. Басқан ізін білдірмейді.
Содан сүт пісірімдей жоғалып кетті де, қайта оралды.
— Қалмақтар ет жеуге кірісті. Жүр, сен алдымен Өлжені дұрыстап көріп
ал. Қараңғыда байқамай басқа біреуінің қарнын жарқыратып жүрме! —
деді мұның бүйірінен түртіп.
Соны айтып, далаға ертіп шыққан. Ердене оны сырт жақпен алыс
айналдырып, ортадағы үлкен ақбоз үйдің қасына алып келді. Қалмақ
үйлерінің керегесі кең болғанымен, уығы қарынсыз, тұрқы жалпақ,
жатағандау келеді екен. Сыртынан қарағанда шаңырағы ортасына түскелі
тұрғандай... Далада ешкім жоқ. Жұрттың бəрі ішке кіріп, көшпенділер
тірлігінің ең бір рахат шағы — етке бас қойған кезі болса керек. Ердене
үзіктің жиегін күні бұрын көтеріп, түйенің көзіндей саңлау жасап қойған
екен. Содан ішке сығалап біраз тұрды да, Ерасылды ымдап қасына
шақырды.
— Жақсылап көріп ал. Өлже дегеніңіз — анау бір ақ көйлектің
омырауын ашып тастап, шіреніп отырған, басында тоқпақтай тұлымы бар
жуан қара, — деді сыбыр етіп.
Айтқанындай-ақ, жұрттың етке сұғына бас қойған қарбалас шағы екен.
Ұрттары бұлтылдап, желкелері бүлкілдесіп кетіпті. Күні бойы түлкі құрсақ
боп жүретін көшпенділердің жүрек жалғап, қарбытып қалатын кезі осы.
Мына қалпында жау шапты десе де бұрылатын түрлері жоқ. Үй иесінің қай
тұста отыратынын жақсы білетін Ердене жаңағы саңлауды соған қарамақарсы жақтан əдейі ашса керек, екі-үш жерден қойған балауыз шамның
жарығында Өлже үйелмендей болып анық көрініп тұр. Қолына қалмақтың
сыйлы асы — кетпектей жауырын ұстаған екен, соның етін қасқырша
жұлып, опырып жеп отыр. Ерасыл қас жауына соңғы рет тағы бір қадала
қарап алды да, кейін шегініп кетті.
— Бұл ауылда одан өзге ақ көйлек киген ешкім жоқ. Жаңыла қоймассың,
— деді Ердене күркеге қайтып келген соң... — Мінетін аттарды белгілеп
қойдым. Ал қалғандарының айылын қиып, үзеңгі бауларын үзіп тастармын.
— Өлжені қай жерден күтеміз?
— Қазір ет жеп, сорпа-су ішіп алған соң, жиналғандар үйді-үйлеріне
тарайды. Өлженің жатар алдында кермеде таң асып тұратын ақбозды бір
көріп қайтатыны бар. Сол сəтті қолдан жібермеу керек.
Бұдан арғы оқиғаның бəрі дерлік сол Ердене айтқандай болып шықты.
Бақташының пысықтығында баға жоқ. Қолма-қол бір-екі түйені кермеге
таяу əкеліп шөгерді де, Ерасылды солардың далдасына жасырды. Осы
арада ұзақ күтуге тура келген. Үй жақтан əркіге тойған қалмақтардың
дулыған əні басылар емес. Ара-арасында сым ішекті əлдебір аспаптың
шіңкілдеген жіңішке үні талып жетіп, кейде оған қыл қобыздың боздағаны
қосылып кетеді.
Мұндайда уақыттың жылжымай қоятын əдеті ғой. Мүмкін арада
оншалық көп уақыт өтпеген де шығар, бірақ алда не боларын білмей
тықыршып отырған Ерасылға сол аз мерзімнің өзі жылдай ұзақ көрінді...
Дегенмен түн ортасы ауа, «Темірқазыққа» арқандаулы ақбоз ат пен көкбоз
атты торуылдаған «Жеті қарақшы» жамбасқа түсе берген шақта,
дабырласқан жұрт сыртқа шығып, жан-жаққа тарай бастады.
Абыр-сабыр басылып, ел аяғы сирегеннен кейін де арада біраз уақыт
өтті. Бірақ Өлженің қарасы көрінбейді. «Егер Өлже осы бетінде далаға
шықпай, əркінің қызуымен төсегіне қисая кетсе, не істеймін? — деген ой
келді Ерасылға. — Онда ел ұйықтаған соң үйге кіріп, кеудесіне міне
түскеннен басқа амал жоқ...»
Сол əредікте үлкен үй жақтан ағараңдаған бір сұлба көрінді. Түн
қараңғылығында зорайып көрінген əлгі дəу есік алдында қарнын сипап,
есінеп біраз тұрды да, сырт жақтағы бұтаға қарай аяңдады. Сол жақта азкем бөгеліп, үйге таман жүріңкіреп барды да, əлдене есіне түскендей қайта
бұрылды. Ойында ештеңе жоқ, тұп-тура кермеге қарай келе жатыр.
«Я, аруақ, өзің қолдай гөр!» деді қанжарының сабын сығымдай түскен
Ерасыл. Жүрегі кеуде қуысын жарып жіберердей атқалақтап, тым қатты
соғып кетті. Ойлап қараса, бүгінге дейін адам өлтірмек түгіл, мал бауыздап
көрмеген екен. Мал сою — ересектердің ісі ғой қашанда. Рас, бір рет атып
алған арқарды бауыздағаны бар. Оның өзі тыпырлап жатқан жаралы аң
болатын... Енді, шынымен-ақ, адам қанын мойнына жүктейтін болғаны ма?
Амал не, құдайдың өзі басқа салған соң... бұдан ары бөгелуге болмайды.
Ол лып етіп түйенің қалқасынан шықты да, кермедегі аттардың арасына
кіріп кетті. Шет жаққа байланған ақбоздың өз иесін танып оқыранғаны,
Өлженің ат жалын тарап, кекілінен, сауырынан сипап тұрғаны байқалды.
«Бұл ит аңдаусызда, ес-тұссыз өле салмай, кімнің қолынан, не үшін ажал
тапқанын біліп кетуі керек!» деген ой сап етті Ерасылға. Сол оймен
аттардың далдасынан шыға келді де, үйге қарай бұрыла берген қалмақты
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 05
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.