Latin Common Turkic

Дарабоз - 11

Total number of words is 4098
Total number of unique words is 2314
34.4 of words are in the 2000 most common words
50.9 of words are in the 5000 most common words
57.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
арман бұларды қатты жақындастырып жіберген. Содан бері Есенгелдіні
азаттық жолында ақырына дейін алысатын, жауды жеңбей кегі бітпейтін
нағыз сенімді серік, қайтпас қайсар іні деп танып еді...
Үйдегілер кейінірек аңғарды: ауылда қонақ күтуден басқа тағы бір
қарбалас бары байқалады. Мана кеш батқалы Есенгелдінің өзі қонақтардың
қасына орнығып отыра алмай, əлденеге алаңдап жүрген сияқты еді, енді бір
мезетте ішке кіріп, үлкендерден кешірім сұрағандай қысыла тұрып жөнін
айтты. Көрші отау үйлердің бірінде əйелі толғатып жатыр екен. Мана
күндіз бұлар келгенде тып-тыныш жүрген кісі аяқастынан сыр беріпті.
Сірə, бірден жан алқымға алып, қатты келген толғақ созылыңқырап, ана
байғұс қиналып тұр ма, басқа ауыл адамдарының жүзінен де қобалжу
білінеді.
— Толғақ ғайыптың ісі ғой. Ойда-жоқта осылай қабаттасып тұрғаны! —
деді қаптаған жаудан қайтпайтын қайран ер мұндайда шарасыздық
танытып.
— Е, құдай сəтін салып, аман-есен қол-аяғын бауырына алсын!
— Алланың рахымы мол ғой, келініміз тікенінен арылсын...
— Құдай бұйырса шілдеханаға қатысатын болдық қой! — десіп жатыр
төрде отырған үлкендер.
Есенгелді бұдан кейін де байырқалап отыра қоймай, алаң көңілмен
кіріп-шығып жүрген-ді.
— Сардар аға! — деді бір мезетте қонақ үйге қайта оралып. — Сіз құдай
артық жаратқан шарапатты адамсыз ғой. Кісеңіз бен қылышыңызды
беріңізші: қысылғанда келініңізге медет беріп, бөгет боп тұрған ібілісшайтан болса қуып тастар ма екен?!
Қабанбай сөзге келген жоқ. Орнынан лып етіп тұрды да, керегенің
басында ілулі тұрған сарала кісесі мен сала құлаш қыпшақы қылышын
қынабымен бірге өз қолымен алып берді.
— Мə, ала ғой! Ырым еткен екенсің, тəңір жар болсын, бауырым!
Есенгелді кісе мен қылышты аса бір киелі затты ұстағандай тəуе етіп,
ерніне тигізді де, асығыс шығып кетті. Қонақүйде отырғандар əңгімелерін
тоқтатып, бір сəт үнсіз қалған. Бəрінің өңінде əлденені күткен мазасыздық,
қобалжу бар. Адам баласының дүниеге келуі қандай қиын еді?! Шауып
алар жау емес, не билік айтар дау емес. Осында отырған батыр да, би де
түгел дəрменсіз. Уақыт өткен сайын Қабанбай да шиыршық атып,
мазасыздана бастады. Үй иесінің жаңағы ырымынан кейін болашақ
нəрестенің тағдыры өзіне қарап тұрғандай, біртүрлі ыңғайсызданып отыр.
«Япыр-ай, қырықтың бірі қыдыр деуші еді. Құдайы қонақ болып отырғанда
қадамымыз құтты, қол-аяғымыз жеңіл болса екен! — деп тіледі ішінен. —
Я, құдай, жан ғып жаратқаның рас болса, байғұс анаға оң толғағын бере
гөр!».
Арада өткен бие сауымындай уақыт жылдай ұзақ көрінді! Мұндайда
айтылар əңгіменің де қиюы қашады екен. Арғы-бергі шежіреге жүйрік
Төбет би осының алдында ғана сонау Есім хан заманынан сөз қозғап отыр
еді, жұрт назары басқаға ауып кеткен соң, ол да тоқтап қалды. Адамдардың
жүйкесі жұқарып, шыдамы бітіп, шыңғырта бұраған домбыра ішегіндей бір
күйге жеткен. Толғатқан жалғыз ғана əйел емес, дүние түгел толғатып
тұрғандай.
Дəл осы мезгілде... Əлде құдай сəт сағатын салды ма, əлде құрсақта
жатқан сəбидің жарық көрер мерзімі жаңа толды ма, не болмаса даңқты
батырдың кісесі мен қылышы əлі құрыған анаға шынында да күш-қайрат,
медет берді ме, əйтеуір, көрші үйлердің бірінен шар ете қалған жас
нəрестенің даусы естілді.
Үйде отырған үлкендер үстерінен зіл батпан жүк түскендей дуылдасып,
төңірек лезде қуаныш үніне толып кетті. Кешікпей Есенгелді кірді үйге:
— Сүйінші, сардар аға! Дүниеге ұл келді! Өз елін жаудан қорғайтын
тағы бір сарбаз келді! — деді қуаныштан өңі бал-бұл жанып. — Айналайын
ағатай, бұл да сіздің шарапатыңыз!...
— Япыр-ай, жақсы болды-ау! Ал сүйіншіңді, ала ғой! Туманның бауы
берік болсын! — деді Қабанбай да толқи тіл қатып. — Бірақ мен туралы
жаңағыдай күпірлік сөз айтпа. Ебепке себеп демесең, бəрі бір Алланың
қолында.
Ол бүгіннен бастап өзі жайында тағы бір аңыздың тарайтынын ойлап,
бір жағы содан қысылып отыр еді. Үйдегілер дуылдай жамырасып,
Есенгелдіге құтты болсын айтты:
— Иə, кішкентайдың бауы берік болсын!
— «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген осы!..
— Иншалла, сардардың шарапаты тиген бала ғой, ол да жаужүрек батыр
болатын шығар! — десіп жатыр.
Біраз күттіріп, қобалжытып келген қуаныш қандай! Бұдан ары ақ
түйенің қарны жарылғандай, мереке-шаттық шарасынан асып,
қонақасының арты тойға айналып кетіп еді. Лезде ауылдың əнші-күйші,
жыршылары жиналып, дырду-думан түннің бір уағына дейін толастаған
жоқ.
Ертеңінде түске таман Ақтамберді, Боранбай, Еспембет, Құттыбай
бастаған Мұрын мен Сыбанның атқа мінер басты адамдары да келіп
жеткен. Солар келісімен оңаша тігілген үйлерде өріс-қоныс тарлығынан
туған ағайын арасының дау-шары жөнінде əңгіме басталып кетті. Жер
таласы кезінде екі ел арасында қақтығыс туып, Қызай жағының бір-екі
жігіті соққыға жығылған екен, соның да айып-анжысы қоса сөз болды.
Қабанбай екі жағын да арылта сөйлетіп, кезек тыңдап алды да, билік
айтуды Қаракерей мен Матайға бірдей ара ағайын есептелетін Төртуыл
Төбет биге жүктеді. Əсілі, Төбет қара қылды қақ жарған туралығымен исі
Орта жүзге даңқы шыққан беделді билердің бірі еді. Қазақтың арғы-бергі
заң, дəстүріне жүйрік, кімнен де болса тайсалмай, бетке айтатын мінезі бар.
Оның үстіне Төртуыл — төрт Төлегетайдың кенжесі. Қай жағынан да жол
сонікі еді. Тертуылдың бір бұтағы Ақбарақтан: Бұқа, Шөтік, Елтізер,
Сүйіндік тараса, Төбет би мен Баймұрат батыр — Бұқаның немересі-тұғын.
Арғы атасы Бұқа батыр — Салқам Жəнгірдің тұсында қол бастап, ел
құрметіне бөленген кісі. Ойраттар ең алғаш Алтайдан бері асып,
Барқытбелге сұғына кіргенде, көпке дейін табан тіреп, арыстандай алысқан
ерлердің бірі сол Бұқа батыр болатын.
Бұқа əр жолы ұрысқа шығар алдында: «Өліп кетсем амал жоқ, ал көзім
тіріде туған жердің топырағын ата жауыма бастырмаспын!» дейді екен.
Батыр сол сөзінде тұрды. Ата жұртынан бір адым шегінбей, ақыры күші
басым жаудың қоршауында ерлікпен қаза тапты. Ерлік болғанда тіпті
төтенше. Бұқа батыр шағын ғана жасақпен келе жатып, ойламаған жерден
ойрат əскерімен бетпе-бет кездесіп қалады да, қаптама соғысқа күші аздық
ететін болған соң, амал жоқ, қалмақ батырларын жекпе-жекке шақыра
беріпті. Сол арада едел-жедел бес бірдей қалмақтың басын қағып алады.
Ақыры қарсы жақ шыдамай кетіп, арты қаптама ұрысқа айналады.
Қазақтар көп күшке төтеп бере алмай қырғын тауып, өне бойынан қан
саулаған Бұқа əбден əлсірегенде барып, қолға түсіпті. Ойраттардың да
қанына қарайып өшіккені сонша, оншақтысы қабатынан келіп, жаралы
батырды уыққа шанышқан шаңырақтай, найзаның ұшымен тік көтеріп
алған көрінеді. Сонда есіл ер соңғы рет тіл қатып: «атаңа нəлет, ит қалмақ,
өлсем де сендердің төбелерінде тұрмын ғой!» деген екен. Сол сөзі кейін
нақыл боп, жалпақ елге жайылып кетті... Батырдың зираты бұл күнде
Қарғыба өзенінің басында, «Бұқа шоқысы» аталатын Барқытбелдің бір
шатқалында жатыр... Осы күнге дейін Төртуылдың келіндері батыр
атамыздың аты кетеді деп, зеңгібабаның еркегін «зор мойын» деп
əспеттейді.
Қабанбайдай қолдаушысы қолына билік берген соң Төбет би тартынған
жоқ. Əңгімені арыдан қозғап, Қаракерей мен Матайдың, Мұрын мен
Қызайдың асты-үстін жездей қақтап, орағытып келді де, кесімді сөзін бірақ айтты:
— Қайран, Бореке-ай! Дарияның қасынан құдық қазғандай, сен отырған
жерде сөз бастап, билік айтам деп ойлап па едім. Бұл төңіректе өзіңнен
асар сөз бар ма еді? Телі мен тентегіңді тия алмай бүгін, міне, аулыңа топ
түсіріп отырсың. «Періште қалғып кетсе, жын-сайтан ойына келгенін
істейді» деген екен бұрынғылар... От басының кикілжіңі өрши-өрши
ағайын кеселіне айналыпты. Ендеше мені де бір тыңдаңдар, жарандар! —
деп Қаракерейдің бас биі Боранбайды жеңіл-желпі түйреп өтті де, сөзін
онан ары жалғап əкетті. Төбе бидің бұл сөзінде Боранбайға қаратылған
құрметпен бірге ағайынның өкпе-наласы да бар еді.
— У а, Мұрын мен Қызай! Екеуің ежелден бері-ақ бір түйенің қос
өркешіндей, бір биенің қос емшегіндей күп жарасып, егіз өскен ел едің.
Арыға барсақ, екеуің — бір Төлегетайдың баласы, беріге келсек — бір
кісінің қызынан туған бөлесің. Аналарың — апалы-сіңлілі Нұрбике мен
Күнбике — Ұлы жүз бір Бəйдібектің қызы емес пе еді?! Нұрбикені
енелерімен аттас болған соң, абысындары «Қызай» атандырса, Күнбике
анамыз мұрындылау кісі болған соң қайындары қалжыңдап, «Мұрын»
атандырып жіберіпті. Сөйтіп етектерінен ұл саулаған қазақтың екі қызы екі
рулы елге ана болып қана қоймай, сол елдердің есіміне, ұранына
айналыпты. Бұл күнде Мұрынның келіндері арғы əжеміздің аты кетеді деп,
бұл елді «Беттік көркі» деп атайтынын өздеріңіз білесіздер, — дегенде үй
іші дүрлігіп, қозғалақтап кетті. Мұрын мен Қызайдың əйел аты екенін
естісе де, екеуі бір кісінің қызы дегенді біреу білсе, біреу білмейді екен.
Əсіресе, бертінде, жаугершілікте туған жастар жағы біліңкіремейді. Əр
тұстан:
— Япыр-ай, солай екен-ау!
— Қандасып жүрсек, қарын бөле боп шықтық қой...
— Аруақ аттағандай, бізді құдай ұрған екен! — дескен дауыстар естіліп
қалды.
— Солай, жарандар! Мен мұны жанымнан шығарып отырғам жоқ,
атадан балаға мұра боп қалған шежіренің сөзі осы, — деп Төбет би сөз
тізгінін қайтадан қолына алды. — «Екі аяқтыда бөле тату, төрт аяқтыда
бота тату» дейді біздің қазақ. Жатыры жақын, өнеге-тəлімі ортақ болған
соң айтқан шығар... Мұрын, сен бөлеңді бөтен санап, жақыныңды жарға
итергенде не мархадам табасың? Қызай, сен өз ағайыныңа өкпелеп, түсіңді
суыққа салғанда қайда барып оңасың? Бұл қылықтарыңа кешегі Нұрбике
мен Күнбике аналарымыздың аруағы күңіренбей ме?! Бетеге кетеді, бет
қалады. Бір бұлақтың суына, бір сайдың шөбіне бола түс жыртыспаңдар,
ағайын! Береке керек бұл күнде. Бір қолдың бес саусағы — жұмылса ғана
жұдырық, жеке тұрса қылдырық. Жауыңа сыр алдырма, жақынның көңілін
қалдырма. Көңіл сиса жер жетеді қазаққа. Абылайдай ханың, Дарабоздай
батырың аман болса, өрісің əлі де кеңи береді. Басыңа Барқытбелді жастап,
аяғыңды Алакөл, Балқашқа созып, еркін көсілетін күн алыс емес. Соған
дейін барға қанағат, жоққа салауат етіңдер. Сондықтан менің айтар билігім:
Мұрын баса-көктеп тартып алған екі қонысты Қызайға қайтарсын.
Естуімше, екі жақта да сойылға жығылып, сорпа ішіп жатқандар бар
көрінеді. «Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса — жең ішінде». Тепсініскен
тентектер бір-біріне сый-сыяпат апарып, кешірім сұрасын... Ал екі рудың
ағасы Боранбай мен Есенгелді астындағы аттарын ауыстырып мінсін де,
осымен дау тынсын!
Төбет бидің кесіміне екі жақ та қарсы ештеңе айта алмады. Бүйрек
бұрары, бұра тартары жоқ, ағайынның əділ сөзі деп бағалаған. Өз
көңіліндегі межені дөп басқан сұңғыла биге Қабанбай да дəн риза болды.
Ертеңінде қонақтар аттарын ерттеп, жол жүрудің қамына кірісті. Осы
төңіректен қосылған Боранбай, Ақтамберді, Құттыбайлар да солармен
бірге аттанбақ. Ендігі беталыстары — Көкшетаудағы Абылай ордасы. Екі
ара — жайлап жүрген кісіге жарты айшылық жол. Мұндай алыс сапарға
шығардағы əдет бойынша, жүргіншілер қос артып, сойыс қамдап алысты.
Дəл аттанар алдындағы сəскелік қымыз үстінде Есенгелді əлі бесікке де
салынбаған əнеугүнгі кішкентай нəрестені құндағымен көтеріп келді.
— Сардар аға! Мынау — əлгі əуелі құдай, сонан соң өз шарапатыңызбен
дүниеге келген бала ғой. Сізден қалған жəдігер-ескерткіш болсын, осыған
енді дуалы аузыңызбен ат қойып беріңіз! — деді есік көзінде тік тұрған
қалпы.
— Солай ма? Апыр-ай, ə... бұл жігітке — кім деп ат қойсақ екен?! —
Қабанбай жөпелдемеде не айтарын білмей, абдырап қалды. Əркім əр түрлі
кеңес беріп жатыр. Төбет би:
— Осы балаға өз атынды қойсаң қайтеді? Кейін еске алып, айта
жүргенге жақсы! — деп еді, Боранбай отырып:
— Əй, өз атың ауырлау болады ғой. Кішкентай неме көтере алмай
жүрмесе! — деп сақтық білдірді.
Бұл кезде Қабанбай орнынан сəл көтеріліп, жас баланы қолына алған
болатын.
— Осы балаға ықыласым түсіп тұр. Өз атымды-ақ қояйын, — деді
Есенгелдіге қарап. — Менің атымды көтере алса — Қабанбай болар.
Көтере алмаса — Жаманбай болар! — деп жұртты бір күлдіріп алды да,
нəрестенің құлағына еңкейіп тұрып: «сенің атың — Қабанбай!» — деп үш
рет айғайлады.
Көпшілік жан-жақтан жамырай қолпаштап:
— Дəу жігіт болсын!
— Қабекең секілді бұл да елін қорғайтын аруақты батыр болып өссін!
— Тіпті осы атты аман-есен көтеріп жүрудің өзі бір қазаққа аз олжа емес
қой! — десіп гу-гу етеді...
Сонымен, тағы бір Қабанбай келді дүниеге. Ол үлкен Қабанбайдың
орнын не басар, не баспас, əйтеуір, тірі жүрсін деп тілесті үйдегілер... Бірақ
күндердің күнінде осы құртақандай сəбиден талай ұрпақ өніп-өсерін,
олардың Қызай ішінде Қабанбай деген белгілі руға айналып, арада екі жүз
жыл өткенде сол рудан өз елінің азаттығы үшін ақтық деміне дейін айқасар
нағыз ерлердің шығатынын онда ешкім болжаған жоқ еді.
XII
Ұрымтал, төте жолдармен суыт жүріп отырған Найман кісілері жолжөнекей Қарқаралы, Баянауылды басып, айналасы он неше күн шамасында
Көкшетаудың да қарасын көріп қалып еді. Сапар алыс дегенмен, жүріс
жайлы болды. Жол бойындағы Қаракесек, Атығай-Қарауыл, Қанжығалы
руларын аралай, белгілі ауылдарға қона-түстене отырып, Абылай ордасына
уəделі мерзімнен екі-үш күн бұрын жетті.
Алғашында Арғын улысының бас сұлтаны бола жүріп, 1735-жылы
Сəмеке хан өлген соң, Орта жүзге хан көтерілген Абылайдың Көкшетауды
жайлап қалуы жайдан-жай емес-ті. Арғын аға баласы, алты арыстың ішінде
жөн-жосығы үлкен еді. Қарымы мол, өрісі кең, əрі Əбілмəмбет ханның
қолдауымен Абылайды алғаш таққа мінгізген іргелі жұрт. Ақтабаннан кейін
Арқаның ен даласын еркін иемденіп, бөлініп жарылмай тұтас отырған ел
де — осы Арғындар. Бұлар бұдан кейін бір жақтан қоныс іздеп, ауа
көшпейтіндей болып, түбегейлі орныққан. Ал ежелгі ата қонысы
жоңғардың қарауында қалып, əлі де көші-қон үстінде ірге тебе алмай, əр
жерде шашырап жүрген Наймандар мен Керей, Уақ туралы оны айтуға
болмас еді. Сондықтан ақсүйек хан əулеті өзара сыбаға бөліскенде: Найман
ұлысы Барақ сұлтанның үлесіне тиіп, Керей-Уақтың тізгіні Əбілмəмбет
ханның үлкен ұлы Əбілфейіздің қолына берілді де, Арқадағы қалың
Арғынның ортасын ойып, Абылайдың өзі қоныс тепкен.
Абылайдай азулы сұлтанды алысқа жібермей, орталарында ұстауға
Арғын рулары да мүдделі-тұғын. Өйткені таяу болашақта тек Орта жүз
ғана емес, үш жүздің ұлы тағына Абылай отыруға тиіс болатын. Келешек
тақ мұрагері туралы сөз болғанда, ұлы хан Əбілмəмбет өз балаларының
ешқайсысын ауызға алмай, тақ иесі деп Абылайды атаған. Бұл — осыдан
бес жыл бұрын, Абылай жоңғар тұтқынынан босап келгенде, той үстінде
айтылған сөз еді. Əбілмəмбеттің: «ол үшін менің өлімімді күтіп отыру шарт
емес. Абылай қай күні Ұлы хан болғысы келсе, тағымды түсіп беруге
əзірмін!» деген сөзі көптің көңілінен шығып, өз хандарына деген құрметсенімдері арта түскен. Бірақ тақ мұрагері əзірше асығар емес. Ел билігі
бірте-бірте əз құзырына ете бастағанымен, немере ағасының астындағы
тағы мен басындағы бағына қызыққан жоқ.
Оның есесіне Артын рулары Абылайды енді ешқайда жылжымастай
етіп, іргесін бекіте түсті. Хан ықласы тек біреуімізге тана ауып кетпесін
деген қауіппен, өзара бəсекеге түскендей, Арғынның азулы деген алты руы
алты қызын бір күнде көшіріп əкеліп, орданың қасына ақ отауларды тізіп
тастады. Сонымен, Абылайдың қазіргі сегіз əйелінің бірі — қарақалпақ,
екіншісі — қалмақ та, қалған алтауы — түгел Арғын қыздары-тұғын. Əйтсе
де, уақыт өте келе мəлім болғанындай, мұның да екі жағы бірдей екен.
Құдалық, қан араласу адамдар арасын жақындата түскенімен, «күйеу
атымен құл тасы» деп қарайтын қазаққа хан қадірін кетіретін жері тағы бар.
Күнде көріп араласып жүрген соң, ағайын арасында ырың-жырың, даужанжал да болмай тұрмайды. Соңғы жылдардағы Абылай мен Бекболат
арасындағы араздық — осының бір дəлелі. Мұндайда Орта жүз ханы
қасындағы қайын жұртынан гөрі алыстағы ара ағайын Найман мен КерейУаққа көбірек арқа сүйеп, таразы басын теңгеріп отыратын. Ал кейінгі
кезде Абылайдың Ордадан ұзап, алыс жорыққа аттанбауын жеңіл ауыз
жігіттер сан-саққа жүгіртіп, оның басты себебін жас иіс жаңа отаулардың
көбеюінен көріп жүр.
Абылай ордасы биыл да Көкшетаудың Бурабай көліне жақын, шоқ-шоқ
қайың, қарағай өскен, көк шалғынды сұлу бөктерінде отыр екен. Уақыт
шалқар түстің шамасы болатын. Кезеңге шыға келгенде жасыл алаңқайға
қатарлай тігілген көп ақ үйлі, сəнді ауыл бірден жарқ етіп көзге түсті. Одан
ары бір шақырымдай жерде малшы-қосшы, төлеңгіттер ауылы қарауытады.
Хан ордасынан да, ханымдар жайғасқан ақ отаулардан да бөлегірек, бір
шетте қаз-қатар қонақ үйлер тігілген. Жүргіншілер алдан шауып шыққан
төлеңгіт-жасауылдың бастауымен сол үйлердің сырт жағындағы кермеге
келіп тоқтады. Жасы үлкен ақсақалдарды, батыр, билерді аттан қолтықтай
түсіріп, құрақ ұшып жүрген даяшы жігіттер... Алыс жолдан келген құрметті
адамдар алдымен осы қонақ үйлерде бел шешіп, шөл қандырып, ханға
сонан кейін ғана тілдесіп, сəлем беруге тиіс еді. Найман кісілері өздеріне
арналған ортадағы үлкен ақ үйге келіп кірді.
Кермедегі алуан таңбалы, түрліше ер-тұрманды аттарға, көрші үйлердегі
абыр-сабыр қимыл, дабыр-дұбыр əңгімеге қарағанда, таяу маңдағы Арғын
ғана емес, алыстағы Керей-Уақтың, тіпті Ұлытау Наймандарының да атқа
мінер игі жақсылары кешелі-бүгін келіп болған секілді. Бұлар асықпай
жайғасып, қымыз ішіп отырғанда, көрші үйлердің бірінен Бағаналы батыры
Оразымбет келді. Қырыққа жасы енді ілінген, жалпақ жауырынды, сақал-
мұрты сиректеу, ұзын сары жігіт есіктен кірген бойда даурыға сəлем беріп,
төрдегі үлкендермен төс түйістіре амандасып шықты. Мұнысы —
басқалардан менің жөнім бөлек, жүрісім алыс болғанмен, туысым бірге,
міне, өз үйіріме қосылдым дегенді ашық білдіргені. Онымен шұрқырасып
бола бергенде Қызылсу-Шар, Қалба төңірегінен келген Көкжарлы Көкжал
Барақ пен Бура Ақпантай, Саржомарт Танаш батырлар келіп қосылды.
Сөйтіп, көптен көріспеген Найман батырлары бүгін хан ордасында қайта
бас қосып, дуылдасып қалып еді.
Оразымбеттер Ұлытаудан кеше келіп түсіпті. Бұлармен қатарлас өз
тобымен Барақ сұлтан да келіп жеткен көрінеді. Кеңеске келген басты
адамдар қазір Абылай айналасында. Енді бəрі жиналып, төбе би — Қаз
дауысты Қазыбекті күтіп отырса керек. Қазыбек келсе болғаны, Барақтың
ісін қарайтын билер кеңесі өз жұмысын бастап кетпек. Оразымбеттің сонан
кейін бір айтқан жаңалығы — хан ордасына сонау Орынбордан орыс елшісі
келіп жатқан тəрізді. Елшінің бұл жолы қандай мақсатпен келгенін əзірше
былайғы жұрт біле бермейді.
Алыстан келген жүргіншілер шел басып, жүрек жалғап алған соң,
Абылайға сəлемдесу үшін бір тобы хан ордасына қарай бет алды. Бəрі емес,
əрине. Қазір Қабанбай қасында əр рудан бір-бір адам: Ақтамберді,
Боранбай, Төбет билермен қоса батырлардан Көкжал Барақ, Оразымбет,
Баймұрат, Есенгелді, Еспембеттер ғана бар...
Орта жолда бұлар хан ордасынан шығып келе жатқан бір оқшау топпен
ұшырасып қалды. Өңшең шошақ бөрікті, қамқа шапандарының етегі
пұшпағына түскен, қаба сақалды біреулер. Шетінен шегір көз, шикіл сары.
Сірə, орыс елшілері осылар болса керек. Қабанбай тобы ізетпен бас изесіп
өте бермек болып еді, ен алда келе жатқан еңгезердей басшысы бұлардың
тұсына таяғанда аз кідіріп, өз тілінде бірдеңе айтты. Таныс кісідей езуі
жайыла күліп тұр. Қабанбай енді ғана шырамытты: осыдан екі-үш ай
бұрын ойрат ордасынан қайтып келе жатқан орыс елшісінің дəл өзі. Тоба,
мұның да жүрмейтін жері жоқ екен! Ол мұны көрген жерден таныса керек,
қасына тілмашын шақырып алды да:
— Сау-саламатсыз ба, Қабанбай батыр? Міне, көрдіңіз бе, дүние қандай
тар?! Сізбен тағы кездестік! — деді көңілдене тіл қатып.
— Елші мырза, өзіңіз де аман-сау барсыз ба? Сізді бұл жолы жоңғар
сапарында емес, Қазақ ордасында көргеніме қуаныштымын! — деді
Қабанбай да сəл байырқалап.
— Елшінің көрген күні осы ғой: бірде онда, бірде мұнда, — деді
Угримов ескі таныстарша жан тарта сөйлеп. — Біз жана ғана Абылай
сұлтанның қабылдауында болып, қоштасып шықтық. Ертеңдер, құда
қаласа, жүріп кетеміз бе деп тұрмыз.
— Жолыңыз болсын, елші мырза. Қазақ ордасына келуіңіздің алды-арты
бұл болмас.
— Мен де солай ойлаймын. Қош болыңыз!
Екі топ бір-бірінен ұзай берді. Қабанбай ойланып қалды. Елшінің
Абылайды хан демей сұлтан деп атағанын есіне алды. Орыс өкіметі өз
бекімінен өткен Əбілқайыр мен Əбілмəмбеттен басқаны хан ретінде
танымайды деуші еді, сол рас болды ғой... Сонда қалай? Қазақ ордасында
кімнің хан, кімнің сұлтан екенін солар белгілеуі керек пе?!
Хан ордасы — бір-біріне тіркестіре тігілген екі үй. Төргісі — уығын
атпен жүріп шанышатын он екі қанатты, ою-өрнекті ақ орда да, ауыздағысы
— одан гөрі ықшамырақ, бірақ сыртқы сəні бірдей, сегіз қанатты ақ үй.
Ауыз үйдің сыртқы босағасында алдаспан асынып, найза ұстаған екі
жасауың тұр. Ішке кірген кісілер артық қару-жарағын ауыз үйде қалдырып
кетуге тиіс еді. Қабанбайды көрген жасауыл бегі қалбалақтап, əшекейлі
жарма есікті өзі барып ашты.
Абылай орданың сол жақ қапталына
қағып, алтын жалатқан аласа тақтың
адамдарынан: Барақ пен Əбілфейіз
Қанжығалы Бөгенбай батыр ғана бар.
бетте:
таман, арқалығына күміс шытыра
үстінде отыр екен. Қасында ел
сұлтандар, Бұқар жырау мен
Қабанбай табалдырықтан аттаған
— Армысың, хан ием! — деп оң қолын кеудесіне қойып иілген кезде,
Абылай да орнынан көтеріле берді.
— Бар бол, Дарабозым! Алыс жолдан арып-шаршамай, аман-есен жеттің
бе? — деп тос түйістіре, құшақтасып көрісті.
Жасы сексеннің сеңгіріне таянса да, Бұқар атаң да əлі тың болатын. Бəрі
де орындарынан тұрып, сағынысқан ағайынмен шұрқыраса амандасты.
Ақтамберді мен Қабанбай төрге озып, Бұқардың қасынан орын алды да,
қалғандары одан төменірек, жасына қарай жайғасып жатыр.
Абылайдың биыл отыз жеті мүшеліне толып, кемеліне келген кезі.
Алтын зерлі айыр қалпақпен екі өңіріне, жаға-жеңіне зер тұтқан жібек
шапан тал бойына құп жарасып, тақ үстінде айбынданып отыр. Осының
алдында тана кіріп шыққан орыс елшілігі оң аяғымен келген бе, бүгін өзі
айрықша көңілді екен. Найман батырларын көргенде бұрынғыдан ары
масайрап, мерейлене түсті.
— Ел-жұртың тегіс аман ба, қадірлі Дарабоз? Құрметті ел ағалары, жаңа
қоныс қалай? Жаудың төбесін көріп отырмаса, нағыз батырлардың ішкен
асы бойына тарамайды деуші еді, қалмақ шебіне жақындап, көңілдерің
орнына түсті ме? — деді жадырай тіл қатып.
— Шүкір, хан ием! Ұлытау өңірінен қопарыла көшкен қалың ел
Барқытбелдің батыс сілеміне барып тұмсық тірегенбіз. Əйтеуір, түбі
баратын жеріміз ғой деп, жат жұртпен таласа-тармаса жайлап жатқан
жайымыз бар, — деді Қабанбай көп атынан жауап беріп. — Бірақ жаудың
шебін жұбаныш етіп қайтейік. Көрмей-білмей, қақтығыспай жүрген қалмақ
па? Қайран ел атамекенге бір табан болса да жақындап, əзірше туған
жердің төбесін көргеніне де дəн риза...
— Əй, білмеймін, Дарабоз. Тəйжіге тай сойдырып, ерулік жеп жүргеніңе
қарағанда, жағдайың жаман емес сияқты! — деп Абылай рахаттана күлді.
«Жеткізген екен ғой... Бəрін естіп-біліп отыр екен! — деп ойлады
Қабанбай. — Əй, бұл қазақтың ұзын құлағына дауа болмас. Ел
жеткізбегенді жел жеткізеді деген осы да».
— Бəрінен де қалмақ тəйжісінен ат мініп, атан жетелегенін айтпайсың
ба?! Дарабоздың биыл шығысқа қарай елпілдеп, ерте көшуінің сыры енді
мəлім болды! — деді, бұдан бес-алты жас үлкен болса да қалжыңдап ойнай
беретін Бөгенбай батыр сөзге араласып.
Отырғандар жан-жақтан ұтылап, бастырмалатып бара жатқан соң,
Қабанбайға да қару айтуға тура келді:
— Дұрыс айтасың, хан нем! Əлде қазақтың аруағының асқаны шығар, не
болмаса қаптаған қалың көшті көріп қалмақтың сасқаны шығар, сондай бір
сапардың болғаны рас. Дұшпаннан түк тартсаң да олжа дейді ғой. Соған
өзім де қайранмын, — деп көңілдене күлді де, сөзінің соңын Бөгенбай
батырға арнады. — Сен екеуіміз, Бөке, қалмақпен аз айқасқан жоқпыз ғой.
Бірақ қас жауымның төрінде отырып, сый-сыяпат көрем деп кім ойлаған?!
Бұл тірлікте оған да қол жетті.
— Қалай десеңдер де, Қабанбай батыр осы жолы өзінің Дарабоздығын
тағы бір рет көрсетті. Жауды мысымен басу дейді мұның атын, — деді
манадан бері əңгімеге араласпай үнсіз отырған Бұқар жырау бешпентінің
қалтасынан шытыралы мүйіз шақшасын ала беріп.
— Иə, бұл да бір біткен іс болды! — деді Абылай өзінін байсалды
қалпын қайта тауып. — «Үйреніскен жау атысарға жақсы» дегендей,
қалмақпен алыстан аңдысқанша, осылай етегін баса, тықсыра барып
қонғандарың өте дұрыс болды. Жақында Əмірсанадан хат алдым. Оларда
дəл қазір қазақ көшін қайта серпіп тастайтындай қауқар жоқ секілді...
Қабанбай манадан бері қарсы бетте үнсіз отырған Барақ сұлтанға енді
ғана түстеп қараған. Ақсұр жүзі қуқыл тартып, жақ еті ортайып, соңғы
күндері едəуір жүдеп қалған екен. Биік қабақ астындағы от шашқан өткір
көзі мен шалғысы тоқ қара мұрты ғана қаз қалпында. Əйтседе иіні түспей,
еңсесін тік ұстап отыр. Өзіне Қабанбай назарының ұзағырақ аялдап
қалғанын сезді ме, сұлтан бұған жалт етіп, күлімсірей қарады. Айтар сөзі
де тілінің ұшында тұр екен:
— Анада шығысқа бірге көшейік дегенде, сенің тілінді алмап едім,
Қабанбай батыр. Сөйтсем, Əбілқайыр сорлының ажалына көрініп тұр екен
ғой... Естіп жатқан шығарсың: айдын-күннің аманында хан ордасына істі
боп келіп отырмын! — деді дауысынан болар-болмас діріл байқалып.
Ол, осылайша, үзеңгілес батыр досына сыр айтып, мұң шаққандай
болып еді. Қабанбай талай соғыста бірге болған ер көңілді Барақты іштей
аяп кетті:
— «Қысасқа — қан, оқысқа — құн» деген ғой хан жарығысында. Əдейі
істемеген шығарсың, сұлтан. Сілтеген сойылдың бата тигенінен кейде қате
тигені көп болады, — деп Барақтың аузына сөз салғандай болып еді. Бірақ
теріс азу, қиқар сұлтан ондай жеңілдікке жармасқысы келмеді.
— Өйтіп, талқыға түсерде тал қармап, сыныққа сылтау іздеп қайтейін.
Тіпті «арсыз қолым істеді, арлы бетім ұялды» деп мүлəйімситін де жайым
жоқ. Қолмен істегенді мойынмен көтерем де... Бейбіт күнде қанжарымның
қанға боялғаны рас. Бірақ ол ағуға тиісті арам қан болатын!
Барақ сырттай қанша байсалды көрінуге тырысқанымен, іштей қатты
жұқарып, ширығып отырғаны байқалады. Тағатсыздана, таусыла сөйлеген
сұлтанға Абылай басу айтты.
— Жə, сұлтан, сабыр ет. Əлден от алып, қамысқа түсіп қайтесің.
Айғаққа жүгініп, арыла сөйлейтін кез алда. Билер соты онсыз да астыүстінді жездей қақтап, теріңді шығарып тергейтін болар. Əзірше бал ашып,
бас ауыртпай, атар оғымызды артқа сақтайық! — деген-ді.
Бұл сөзге Барақ та келісті:
— Жарайды, мен қойдым. Тіпті ендігі əңгімеге араласпай, мен осы жеке
кетейінші! Мана орыс елшісі шақырып еді, рұқсат етсеңіздер, соған
барайын, — деп орнынан тұрды да, есікке қарай бет алды.
Басқалар мəн-жайға бұрыннан қанып отырған секілді. Абылай енді жаңа
келген Найман кісілеріне бұрылып, шұғыл шақырылған кеңестің
жағдайымен таныстырды. Ақыры кісі өлімімен тынған Əбілқайыр мен
Барақ арасындағы үлкен дау, салт бойынша, Ұлы хан ордасында,
Əбілмəмбет алдында бітуге тиіс екен. Бірақ үлкен орда биыл жаз қарбалас
үстінде, ежелгі астана — Түркістанға көшіп жатқандықтан, бұл істі
қарауды Абылайға тапсырыпты. Барақ негізінен Орта жүз сұлтаны
болғандықтан, құн дауының шығыны мен шешімін əдейі осы елдің өз
келесіне қалдырған көрінеді.
Міне, дəл осы мəселеге байланысты Орынбордағы орыс əкімі
Неплюевтен де арнайы елші келіп жатыр. Шынын айту керек, Абылай ең
үлкен қауіпті сол жақтан күтіп еді.
Қанша дегенмен, Əбілқайыр Ақ патшаның құзырындағы адам ғой.
Патша əкімдері өз қарауындағы ханның өліміне құн төлегем деуге де, тіпті
қанды мойын қылмыскерді жазалау үшін Барақты ұстап бер деп қатаң
талап қоюға да қақылы еді. Алайда, бір ғажабы, олар ондай ұшқарылыққа
бармаған. Əбілқайыр — Барақ арасындағы жанжалды қазақтың ішкі
мəселесі деп қарап, оның ақ-қарасын айыруды хан ордасының өзіне
қалдырған. Басында Нұралы мен Ералы сұлтандар əке өлімін іздеусіз
қалдырғысы келмей намысқа шауып, «қанға — қан аламыз» деп, өздерінше
біраз қызынған екен, Орынбор əкімдерінің аужайын түйген соң, олар да
басылып қалыпты. Əбілқайырдың өз кіндігінен тараған сұлтан ұлдары
селқостық танытқан соң, Кіші жүздің өзге атқа мінер ақсақалдары да бел
шешіп, білек сыбана қоймапты. Қазір кіші жүзде болары болған Əбілқайыр
өлімінен гөрі, хан тағына енді кім отырады деген мəселе белең алып тұрған
көрінеді.
«Есіл Əбілқайыр-ай, осыншама қор болармысың?! — деп ойлады
Қабанбай жаны түршігіп. — «Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді»
деген осы екен ғой. Неткен қайғылы хал еді?! Сонда қалай, ол бейшараның
енді орысқа да, қазаққа да қажеті болмай қалғаны ма?»
— Сонымен бұл істі үш жүздің сарапшылары түгел қатысқан билер соты
қарауға тиіс, — деді Абылай сөзін жалғастырып. — Құдияр би бастаған
Ұлы жүз адамдары мен Сырлыбай бастаған Кіші жүз билері кеше келіп
түсті. Енді осындағы Орта жүз билерін жасақтауымыз керек. Кеңес құрып,
үкім айтуға жеті би жеткілікті десек, бір орын қашанда Найман атаңдікі
ғой. Кімді ұйғарасыздар, ерік өздеріңізде. Ертеңге дейін ойланып жауабын
беріңіздер.
Бірақ Найман кісілерінің жауабы дайын болатын. Бұлар қаралатын
мəселені күні бұрын болжап, билер алқасынан орын беріп жатса
ұсынармыз деп, орталарынан Боранбай биді ұйғарысып та қойған. Бəрі бір
ауыздан соны атады.
Сонымен бұл əңгіме де шешімін тапқандай болды. Бұл кезде даяшы
жігіттер төр алдына дастарқан жайып, қымыз құя бастаған. Қонақ үйдегі
сый-сыбаға өз алдына, ең қадірлі деген кісілер Ордада хан қолынан дəм
татуға тиіс еді.
— О, қу заман, қу заман! Ендігі көрсетейін дегенің осы ма еді?! — деді
манадан құс жастықта шынтақтап жатқан Бұқар жырау осы кезде басын
көтеріп. — Əбілқайыр, теріс те болса, хан деген аты бар еді, тым құрыса
нағыз ерлерге ұқсап, жау қолынан да қаза таппады-ау! Оның да ажалы ауыл
арасынан аспады. Біреу орыстың, біреу ойраттың жыртысын жыртып, қан
болды деген не сұмдық?! Қасиетіңнен айналайын, қайран Асан Қайғы:
Бұдан соң қилы-қилы заман болар,
Заман озып, заң тозып, жаман болар.
Қарағайдың басына шортан шығып,
Балалардың дəурені тамам болар.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 12
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.