Latin Common Turkic

Дарабоз - 05

Total number of words is 4111
Total number of unique words is 2481
32.9 of words are in the 2000 most common words
47.8 of words are in the 5000 most common words
55.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жағасынан бүріп ұстай алды. Өлже мұндайды күтпесе керек, аң-таң сілейіп
тұрып қалған.
— Сен Өлжесің ғой, ə?
— Иə, — деді анау жұп-жуас жауап беріп.
— Осыдан бір ай шамасы бұрын қазақ ауылын шауып, Есенбайдай ердің
ішін жарып кеткен де — сен емессің бе? Ендеше, мен — сол Есенбайдың
інісі Ерасылмын. Қанға — қан! Кек қайтты деген осы болады! — деді де,
сол қолын жағадан босатпаған күйі, он қолындағы алмас қанжарды қақ
жүректің басына ұрып жіберді.
Өлже айғайлап дыбыс бергісі келді ме, əлде тынысы тарылып ауа
қармағаны ма, аузын арандай ашып, екі қолын алға соза теңселіп сəл тұрды
да, қанжарды қайта суырып алған кезде, етпетінен күрс етіп құлап түсті. Ақ
көйлектің омырауынан бұрқ еткен қанды көргенде, Ерасылдың басы
айналып кетіп еді. Қанжарын көк шөпке сүртпек болып еңкейе берді де,
буыны құрып, сылқ етіп отыра кетті. Егер дəл осы сəтте Ердене жетіп
келмегенде оқиғаның немен тынары белгісіз еді. Ол мұны жан дəрмен
тұрғызып алды да, əзірлеп қойған аттардың қасына əкелді. Ерасылды өзінің
Ардакүреңіне мінгізіп, ақбозды соның қосарына берген. Өзі де жүйрік
аттардың бірін таңдап мінсе керек. Арт жақта ит үріп, адамдар шулап,
болған істің байыбына барғанша, екеуі ауылдан едəуір ұзап кетіп еді.
Бұлар сол бетінде бірден Алакөлге тартпай, із жасырып, Барлықтың
батыс тұмсығын асып түсті де, тұп-тура терістікке, Барқытбелге қарай бет
алды. Түні бойы тізгін ұшымен шауып отырып, ертеңінде түске таман, арт
жақтарында қуғыншы жоғын білген соң ғана ат басын іркіп еді.
Айрылысатын шақта жеткен. Ердене ары ойлап-бері ойлап, ақыры еліне бір
табан болса да жақындай беруді жөн көрген. Екеуі жылап қоштасты.
Ердене жолдасының амандық хабарын айту үшін, Қатынсудың төменгі
сағасында отырған Мəмбет ауылдарына қарай кетті де, Ерасыл ертіс
бойына ұзатылған əпкесін қара тартып, Керей еліне бет түзеді...
Қабанбай батыр əңгімесін осылай аяқтаған кезде, манадан бері сілтідей
тынып тыңдап отырған жұрт араның ұясындай дуылдасып кетті.
— Қайран жастық дəурен, сенің кереметің — алда қандай қауіп барын
ойлатпайтын албырттығыңда ғой!
— Ұлы жорық жолы, кек жолы осылай басталған екен-ау!
— Жастық шақта адамның жаны артында, қартайғанда көз алдында
тұратыны несі екен? — десіп жатыр Ақтамберді, Төбет, Боранбайдай
үлкендер.
— Айтпақшы, Ердене байғұс не болды? Есіл қырғыз өз еліне аман-сау
жетті ме екен? — деді жігіттердің бірі елеңдеп.
— Жетті ғой... Ол біздің елмен бірге Аягөзге дейін шегініп барыпты да,
келесі жылы Қоқаннан келген сауда керуеніне ілесіп қырғызға қайтып
кетіпті, — деді Қабанбай, көз алдына баяғы түйеші жігітті елестеткендей,
жымия күліп. — Ана жылы Алатау жорығына қатысқан қырғыздардан
сұрастырғанымда, біреуі Ерденені білетін болып шықты. Бар екен байғұс.
Сондағы Бұғы ауылында тұрады екен. Балалы-шағалы, əл-ауқаты жаман
емес көрінеді. Арнайы сəлем айтып, əлгілерден бір боталы түйе сыйлық
беріп жібердім.
— Ой, Аллай, ə?!.. Ол байғұс та аман-есен жүріп жатыр екен-ау! —
десіп, ақ көңіл қазақ бұл хабарға да қуанып, қауқылдасып қалды.
— «Ер көрмеймін деген жерін үш көреді, ат баспаймын деген жерін үш
басады» деген ғой бұрынғылар. Сол рас екен. Жалған ісі ақиретке кетпей,
өмірде істеген жақсылығын, да, жаманшылығың да түптің түбінде
алдыңнан бір шығады екен, — деді сардар əңгімесін жалғастырып. —
Өлжежырғалдан өшімді алғаныммен, ашық майданда кездеспегенімді өзіме
мін санап, айызым қанбай, ашу-ызам тарқамай жүретін. Қазақты қан
қақсатып, Есенбай өліміне себепші болған Арсалаңның əлі күнге дейін жер
басып жүргені жанымды жегідей жейтін еді. Арада жеті жыл өткенде,
құдай көктен тілегенімді жерден беріп, Аягөз өзенінің бойында
Арсалаңмен кездесе кеткенім... Бұл — өздеріңіз білетін 1718 жылдың күзі
ғой. Əбілқайыр мен Қайып хан бастаған қазақ жасағы уəделі жерге жетіп
үлгірмей, біз бес мыңдай ғана қолмен жоңғар əскерінің алдыңғы шебіне
тосқауыл жасап тұрғанбыз. Бір күні аш бөрідей жаланған қалмақ мыңдығы
Ақшидегі ауылдарды шауып, тонап жатыр дегенді естіп, бес жүз қолмен
солай қарай тарттым. Келсек: төрт түлік малдан, іске татыр дүниесі мен
қыз-қырқынынан айрылып, ұлардай шулаған ел. Қалмақтар тонап алған
дүние-мүліктерін артынып-тартынып, біздің алдымызда ғана жолға шыққан
екен. Аз-кем ат шалдырып алып, біз де өкше ізіне түсіп бердік.
Қалмақ мыңдығын дүрбіт нояны Арсалаң бастап жүр дегенді естігенде,
тақ бір кептен көріспей кеткен туысымнан хабар алғандай қатты қуандым.
Атқа қамшыны баса түстік. Күн екіндіге еңкейе бергенде қоңыр Шəулінің
бергі бөктерінен жау қарасы да көрінді-ау! Төрт түлік малдың, көштің
жүрісімен баяу ілбіп барады екен. Алдын орай шапқан бізді көріп, олар да
жалма-жан түзем құра бастады. Мен де қарсы беткейге келіп, өз
жасағымды сапқа тұрғыздым. Ойым — қаптама соғысқа жол бермей,
алдымен қалайда Арсалаңмен жекпе-жекке шығу... Арамызға жүз қадамдай
ғана жер тастап, бір-бірімізге таяу келіп тұрдық. Онда ойраттардың əлі беті
қайтпаған үскінді кезі. Бізді жан екен деп менсінбей, ашық ажуа қылып,
қарқ-қарқ күліседі... Əсіресе саптың алдында түйедей қара қасқа атын
ойнақтатып, əрі-бері көлбеңдеп жүрген дулығалы дəу қараның айдыны
тіпті бөлек. Жеті жыл бойы бір көруге асық боп жүрген Арсалаңым сол боп
шықты.
Əсілі, қазақ-қалмақ үрдісінде жекпе-жекке шыққан батырлар алдымен
сөзбен сайысып, қатынша салғыласып жатады ғой. Өз басым бұрын
ондайды ұнатпай, текке уақыт өткізіп керегі не дейтінмін. Сөйтсем, оның
да қажет жері болады екен. Өте-мөте ұзында өшің, қысқада кегің кеткен қас
жауыңмен кездескенде осылайша сөзбен қажасып, іштегі дертті сыртқа
шығарып алмасаң айызын қанбайтын секілді. Былайша, арқа қоздырып,
ашу шақырып алғанға да септігі бар... Сондай ой болды ма, жоқ, əлде ата
жауым Арсаланды көргенде өзімді ұстай алмадым ба, астымдағы Қаракерді
қамшымен жанып жіберіп, ортаға ойқастап қалай шыға келгенімді өзім де
аңғармай қалдым.
— Осында тек қорғансыз қатын-қалашқа ғана шамасы келетін Арсалаң
деген ұры қалмақ бар дейді. Еркек болса шықсын, кəне, ортаға. Жауыздың
жанын жаһаннамға жіберейін! — деп айғай салдым, найзамды басымнан
асыра бұлғап қойып.
Ол да қайтпайтын ер екен, ойланып тұрмады, астындағы қара қасқаны
ойнақтатып, ортаға шыға берді. Менің де күш-қайратым толған, жиырма
беске келген кезім ғой. Талай шайқастың дəмін татып, жекпе-жектің де
қыры-сырын танып қалған шақ. Əйтсе де, Арсалаңның мені алымсынбай,
баласынып тұрғаны байқалады. Астындағы атына, үстіндегі сауытсайманына да сенетін секілді. Басына болат дулыға, үстіне шорайналы,
торғайкөз сауыт киген екен, анау-мынау қаруды дарытатын түрі жоқ.
— Əй, мынау қазақтың шəуілдеген күшігі не деп үріп тұр? — деді мені
найзасының ұшымен арт жағындағы серіктеріне нұсқай көрсетіп.
Нояндарын қолпаштап, бұл сөзге қалмақ жағы қыран-топан күлісіп қалды.
— Дүрбіттің дүрдиген төбеті, тас құдайыңа табынып, иманыңды айта
бер! Бұл майданнан сен бүгін тірі кетпейсің! — дедім мен де өршеленіп.
— Қап! Қазақтың тым құрыса аты-жөні белгілі, дені дұрыс біреуіне де
кезікпедім-ау! «Қанжығаңда жүрген кімнің басы?» деп сұраса не деймін,
жөніңді айтшы! — деді ол мені мүлде жасытып алғысы келіп.
Қалмақтың көмейіне құм құятын соңғы жауапты мен де түпке сақтап тұр
едім. Амал жоқ, соны жұмсадым.
— Ендеше, қапы қалма, Арсалаң! Мен — қазақтың Қабанбай деген
батырымын. Осыдан жеті жыл бұрын, он алты жасымда ағаң
Өлжежырғалды о дүниеге аттандырып едім. Міне, құдайдың құдіретін
көрдің бе, сенің де ажалың менен болайын деп тұр... Ал енді шамаң болса,
қорғанып бақ!
Менің сөзімнің əсер еткені сонша, ноянның кенет ұнжырғасы түсіп,
сілейіп тұрып қалды.
— Шын айтып тұрсың ба?! Өлжені өлтірген сен бе едің?! — деді даусы
жер астынан шыққандай құмығып.
— Рас. Соның алдында бір ай бұрын ғана Алакөлдегі қазақтың
жылқысын шауып, өрісте ағам Есенбайды қорлап өлтіргендерің естерінде
бар ма? Мен сол Есенбайдың кегін іздеп барғам. Еркек болсаң, сен де осы
жолы ағаңның кегін қайтарып қал! — деп бойымды ашу кернеп, найзамды
білеп, тұра ұмтылып едім, Арсалаң:
— Əй, қазақ, кезек қайда? Кезегімді бер... Ата салтын ұмыттың ба?! —
деп қалды.
Есте жоқ ескі заманда кім салып кеткен жол екенін құдай білсін, жекпежекте бірінші кезек қашанда қалмақ жағына беріледі. Сол үрдісті бұза
алмай, сонадай жерге барып күтіп тұрдым. Арсалаң да едəуір жерге шегініп
барып, бетін бері түзеді де, қара қасқа атқа қамшы басып, найзасын
оңтайлап тұра ұмтылды. Жұлдыздай ағып қатты келе жатыр. «Осы жолғы
соққыдан аман қалсам», — деп тұрмын ішімнен. Бұрын қаптама
шайқастарда қайрат көрсеткенім болмаса, жекпе-жекке бəлендей ысыла
қоймаған кезім. Қорқыныш пен қобалжуды тек алапат ашу ғана жеңіп
тұрғандай. Арсалаң құждай қайратты неме екен. Найзаның ұшы болат
қалқанға тигенде, құлақ тұндырған шақыр-шұқыр дауыс шығып, соққының
күштілігі мені аттан аударып кете жаздады... Ендігі кезек — менікі.
Қайтадан орнымызға барып тұрдық. Алғашқы жолы онша күш жұмсай
қоймадым. Қорғанысқа көшкен жаудың қалқан ұстасын барлап, осал жерін
көңілге түйіп, найзамен жай нұқыдым да өте шықтым. Амал жоқ, кезегің
келгенше қарсы жақтың тағы бір соққысын күтіп алуға тура келеді.
Арсалаңның келесі жолғы екпіні бұрынғысынан да қатты болды.
Қалқаным қақ бөлініп, қолымда тұтқасы ғана қалды ма деп едім, əйтеуір
аман екен. Бірақ аттан қшып кете жаздағаным анық. Кезек тағы да маған
тиді. Осы жолы қамтып қалсам деген ойым бар. Егер үш реткі найза
сілтеуден аман қалса, қарсы жақтың шоқпарға, не қылышқа көшуге еркі
бар. Ал менің қаһарлы қаруым — найза. Əттең, оңтайыма келтіріп, негізгі
нысанаға бір іліксем!.. Қаракерге қамшыны басып, сақпының тасындай
ағып келе жатырмын. Манағы алғашқы соққымды бойына тоғытпады ма,
Арсалаң «бала, шаманды байқап қалдық» дегендей, тым бейқам тұр. Мана
көріп алғам: сауытының жағасы жайдақ, өндіршегі ашық көрінеді. Маған
керегінің өзі де — сол. Найзаны кіндік тұстан, не қазан толмастан
қадайтын кісіше, еңкейе шауып келдім де, дəл қасына таяғанда көз ілеспес
жылдамдықпен өндіршекке ұрып кеп жібердім. Егер найзаның ұшы қате
тимесе, кеңірдек пен қызыл өңешті қоса түйреп, жұлынды жара, желкеден
бір-ақ шығуға тиіс еді. Иə, қате кетпепті, бəрі ойдағыдай, күні бұрын
есептегендей... Найзамен бауыздалған Арсалаң кескен теректей болып, ат
үстінен сұлап түсті де, қорқырап қала берді...
Одан арғысы белгілі ғой. Басшысынан айрылған соң ойраттар табан
тіреп қарсылық көрсете алмады. Біздің жігіттердің тегеуірініне шыдамай
қаша соғысып, олжаға алған кеп мал мен көш-керуенін тастап, Ақшəуліге
қарай жосып кетті. Қоршауға түсіп қалудан сескеніп, біз де бой салып қуа
қоймадық. Аттары нарау елу-алпысын ғана қылыш пен жебеге жем еттік те,
тізгін тарттық... Сөйтіп, Есенбайдың кегі жолындағы шайқас жеті жыл
дегенде зорға тыным тапты. Əлгі бұрынғылардың: «жалған ісі ақиретке
кетпейді» дегені рас екен! — деп Қабекең əңгімесін аяқтады.
V
Шығысқа қарай үдере көшкен қалың ел көп жылдан бері қол жетпес
армандай көз ұшында бұлдырап шалынатын Барқытбел бөктеріне де жетіп,
кереге жайғанына бірнеше күндер өтті. Соңғы жылдары мал тұяғы тимей,
соны күйінде тұрған бұл өлкенің биылғы көктеуі де айта қаларлықтай екен.
Əсіресе, əр сайынан бұрқырап бұлақ ағып жатқан Мыңбұлақ өңірінің көк
шалғыны тұсардан келіп, қараған-тобылғысы тегіс бүрлеп, ұзатылатын
қыздай жасанып-ақ тұр. Көктем шыққалы Аягөздің аядай аңғары мен
Балқаштың борбас құмына қамалған малшы қауым құйқалы, көк майсалы,
сулы-нулы жерге келіп, жасыл жаннатқа еніп кеткендей жырғап қалды.
Арғы жонның көгі жетіліп, қашан ел жайлауға шыққанша, көшпелі жұрт
осы бөктерде етек-жеңін жиып, біраз күн тыныстайтын болады.
Соңынан ерген қалың Қаракерей мен Төртуыл ауылдарын өздерінің
аталас ру жігі бойынша бөктердегі бұлақ-бастау бойларына бөле-жара
қондырып, өріс-қонысын белгілеп берген соң, Қабанбайдың өзі үш
Бəйжігіттің біраз ауылдарын бастап, жоңғар шебіне тақау, ең шығыс шетке
келіп қонып еді. Осылай етпеске амалы жоқ-ты. Жау жақ бетте
Қабанбайдың ақ туы желбіреп тұрса ғана былайғы жұрттың көңілі
орнығып, алаңсыз ұйықтайтын болады. Əрі дұшпанына көрсеткен қыры.
Қарсы алдында кім тұрғанын, кіммен сөйлесетінін олар да бірден білетін
болсын.
Бас қолбасының пайымдауынша, қазір қазаққа жетіспейтін бір нəрсе
бар. Ол — сенім. Кəдімгі өз ханына, өз батырына, өз күшіне деген сенім.
Жаумен шайқаста жеңіске жету үшін ең алдымен көпшіліктің көкірегіне
осы сенімді ұялату керек. Бір кезде Алаш ұлы дүниеге тым асқақ қарайтын,
ешкімді менсінбейтін-ді. Ол да жақсы емес екен. Сол асқақтықтың сазайын
тартты, мінеки... Дүние кезек, енді қоржынның екінші басы аулық тартып
тұр. Қазақ елі өзіне деген сенімнен қол үзіп, үрей мен қорқынышқа бой
алдырды. Бұл дертке шалдыққанына коп болған жоқ, ұзаса жиырма-отыз
жыл. «Ақтабан шұбырындының» алды-арты. Бір заманда етек-жеңін жимай
шалқып жататын ел, кейін жау қай жақтан келіп қалар екен деп
жалтақтайтын, аттан шықса-ақ үйін жығып, көше жөнелетін күйге түскен.
Зайыры, көптің көңіліндегі осы үрейді сейілтпей болмас. Ең алдымен
халық өз күшіне өзі сенетін босын. Өлсек өлерміз, бірақ туған жерді тастап,
бір адым шегінбеспіз деген берік байлам, сертті сенім болмайынша, құр
сандалбайдан ештеңе шықпайды...
Сондықтан да болар, əнегүні жаңа қонысқа келіп түскенде, əйелдер
жағы:
— Бұл жұртта қанша отырар екенбіз? Ауыр теңдерді шешіп, ақ үйлерді
тігеміз бе, əлде жеңіл-жекен, жолым үйлер дұрыс па? — деп бағдар
сұрағанда, Қабанбай:
— Барды аямаңдар. Дос сүйініп, дұшпан күйінетіндей жайнатып
қойыңдар. Енді бұдан кейін үркін-қорқын болмайды, — деп жұрттың
көңілін мүлде жайландырып тастаған.
Бүгін қонақтарымен бірге маңайдағы Мəмбет, Қарақұрсақ ауылдарын
аралап келе жатқанда байқады: жұрттың бəрі де жұмыртқадай жұтынған ақ
үйлерін тігіп, ауыл төңі-регінде төрт түлік малы шұрқырап, жердің көркін
енгізіп-ақ жіберген екен. Жаңадан бой көтерген жас отаулар қаншама!
Қабанбайдан тараған жеті ұлдың қазір Əліден басқасы түгел үйленген.
Бəйбішеден туған Үмбетей, Сырымбет, Байтоқ, Едіге сияқты үлкендер өз
алдына жеке ауыл боп кетті. Қабанбай қасындағы нөкерлерімен екі-үш
күннен бері сол балалар ортасында, Ханбибі бəйбішенің ауылында болып,
бүгін кіші əйелі Майсараның ауылына беттеп келе жатыр еді.
Кезеңге шыға келгенде-ақ, бір ұя қаз жұмыртқасындай болып, тізіліп
отырған ауылға көзі тойды. Əсіресе, тор жақтағы, босағасында қыл
шашақты жорық туы желбіреген, сегіз қанат ақ орданың айбыны бөлек.
Орданың сырты қандай еңселі, көрікті болса, іші де сондай жасаулы, сəнді
екен. Көптен бері қоймада, теңде жатқан киіз үйдің ағашы мен ақ шаңқан
туырлық, үзіктері, терме баулары, оюлаған ораулы шым шилері көрініске
жаңа ғана шығып, жарасым тапқаны байқалып тұр. Əр затта талғампаз,
ісмер қолдың ізі жатқандай. Осынау жасыл жайлау, ақ үйлердің арасында,
өзі де сол əсем дүниенің бір бөлшегіндей бұрала басып Майсара жүр. Ақ
кимешек-шаршысы, қос етек көйлегі мен оқалы камзолы зипа бойына құп
жарасқан, бəденді, сұлу əйел жаңа үй сыртында жасы үлкендерге алыстан
иіліп сəлем етіп, қашанғы əдетінше күйеуінің атын өзі келіп ұстаған. Ал
былайғы Еспембет, Баймұрат, Дəулетбайлар Майсарадай жеңгелерін
қолпаштап, жаңа қонысқа «Құтты болсын!» айтысты.
Құдайға шүкір, əзірше жағадан алған жау, төтеден төнген қауіп
байқалмайды. Соны ескеріп, қазақ көшін қорғап-қоршап, жаңа қонысқа
жеткізіп салуға сонау арттағы Аягөз, Балқаш, Шыңғыстаудан келген ел
ағалары өз жүздіктерін бастап, ертеңдер ауылдарына қайтуға тиіс еді.
Бұлардың ішінде Ақымбет-Сыбаннан — Ақтамберді, Еспембет, Қу
дауысты Құттыбай, Мұрыннан — Боранбай, Матайдан — Шоңқай,
Бөрібай, Қызайдан — Есенгелді, тағы басқа да белгілі би, батырлар бартұғын. Ағайын берекесіне дəн риза болған Қабанбай үзеңгілес досжарандары мен қанды көйлек батыр інілерін бүгін əдейі осы ауылға
түсіріп, соңғы рет сый-сыяпат көрсетіп, күтіп аттандыруды ниет еткен.
Əр ауыл жаңа жұртқа қонысымен көк жасаңға желі тартып, бие
байлаған-ды. Алғашқы уыз қымыздың да жақсы ашып, бабына келіп тұрған
кезі екен. Қонақтар бал қымыздан дəм татып, құтты мекен Барқытбел
шөбінің нəрін мақтасып отырғанда, Қабанбайдың кенжесі Əлі
жылқышылардың көмегімен қысырдың бір көк қасқа асау тайын есіктің
кезіне жетектеп əкеліп, үлкендерден бата сұрады. Осыдан кейін-ақ көптің
көңіліне тоқмейіл желік кіріп, гу-гу əңгіме дүкені қызып сала берген.
Бұлар бір ауық іргеде отырған ойраттар жайын сөз етісті. Əнегүні
көштің алды келісімен-ақ, Қабанбай қалмақша жақсы білетін бірнеше
жансызды шығысқа қарай түнделетіп аттандырып жіберген. Қалмақ тілін
білетіндер бұл төңіректе аз емес-ті. Түрлі себеппен əр жылдар келіп, қазақ
ішіне сіңіп кеткен қалмақтар да бар. Бұлардан басқа ойрат ордасында
тұтқында болып қайтқандар, қалмақ қызынан туған жиендер де жеткілікті...
Міне, осындайлардан бірнеше жігітті Байғана Шөрек батыр ертіп кеткен.
Өзі де қалмақшаға ағып тұрған сол Шөрек кеше жақсы хабар əкелді. Оның
айтуынша, дəл мына Құлыстайда бүгін-ертең қазаққа төніп тұрған қауіп
жоқ. Барқытбелдің бұл бетінде, Ақшəуліден ары Ұрыжар, Қатынсу, Еміл,
Алакөл бойларында негізінен төрт ойраттың хойт жəне дүрбіт аталатын
тайпалары жайлап отырған көрінеді. Бас тəйжілері — хойттан шыққан
жиырма бестегі жас ноян Əмірсана. Оның мықты боп тұрғаны — Халдан
Цереннің қарындасынан туған жиені... Одан ары терістікте Ақсуат, Зайсан,
Маңырақта, арғы жағы Алтай, Сауырға дейін атақты Церен Дондубаның
немересі, хан тұқымы — Дабашының иеліктері басталады. Бірақ дəл қазір
Əмірсана да, Дабашы да елде жоқ, Іледегі хан ордасына, құрылтайға кеткен
деседі.
— Қарапайым қалмақтардың айтуынша, бұл күнде Халдан Цереннің
артында қалған екі ұлы Цеван Доржи мен Лама Доржи арасында тақ
тартысы басталған. Осыған байланысты ойрат шонжарлары екіге бөлініп,
өз іштерінде іріткі туып жатса керек. Дабашы мен Əмірсана осыдан үш
жыл бұрын, Халдан Церен өлгенде таққа отырған жас жоңғар ханы Цеван
Доржи жағына шыққан екен. Егер, жаман айтпай жақсы жоқ, алдағы
уақытта билік Лама Доржиға өтіп кетсе, бұл екі ноянға қандай зауал төнері
белгісіз деседі. Қазір елде қалған кіші нояндар мен зайсандар хан
ордасынан сəт сайын хабар күтіп, əрі-сəрі күй кешіп отырған жайы бар.
Енді, бір жағынан, осындай аласапыранды пайдаланып, қазақтар тарпа
бассала ма деп, біз жаққа қатты жалтақтайды екен. Ел іші қарулы күзет,
самсаған сары қол. Олардың биыл батысқа қарай құлашын кең жая қоймай,
төрт түлік малын да шығысқа таман өрістетіп, етек-жеңін жинақы ұстап
отырған себебі сол екен, — деді Шөрек көңілге түйгендерін аз сөзбен баян
етіп.
— Олай болғанда біз жаққа екі шоқып, бір қарап, қатты сақ отыр екен
ғой. Қатал күзет астынан сендер іш жаққа қалай өтіп кеттіңдер? — деді
Тоқпақтан шыққан алыптың бірі Қасабай батыр Шөрекке қызыға қарап.
— Е, тəйірі, жау қанша қырағы болғанмен, осынау адыр-қырқа, ұры
сайдың қайсысын күзетіп отыр дейсің. Аттардың тұяғына киіз байпақ
кигіздік те, қарауыл шебінен түнделетіп өте шықтық, — деді Шөрек қулана
күліп. — Қанша дегенмен, қалмақ нағашы жұртым емес пе, жер жадысы
маған біршама таныс. Бəріміз де қалмақша киініп алғанбыз. Күндіз жоқ
іздеген адам болып, бір-бірден бытырап кетеміз де, түнге қарай
басқосамыз... Сенбесең, қасымдағы жігіттерден сұра, дүрбіт ішінде
шешемнің бір жамағайын туысы болушы еді, ойда-жоқта сол ұшырасып
қап, қараңғы түсе ауылына барып, бір малының басын мүжіп қайттық, —
деп алып денесін селкілдете қарқ-қарқ күлді.
Отырғандар да мəре-сəре күлісіп жатыр. Шөректің сөзін ешкім де бекер
дей алмады. Оның ертеде шабындыдан түскен қалмақ қызынан туғаны,
«Ақтабан шұбырынды» кезінде шешесімен бірге қалмақтардың қолында
кетіп, ол жақтан ержеткенде қайта қашып келгені рас еді. Үлкендер сол бір
көне тарихты еске алып, біраз гуілдесіп қалды.
— Қап, мұны білгенде, биыл қалмақты ес жиғызбай, нағыз түре қуатынақ жыл екен! Қашанда етек бастылықпен кеш қаламыз да жүреміз, — деді
манадан сөзге араласпай іштей ширығып отырған Еспембет қозғалақтап.
— Апыр-ай десейші! Биыл тұтқиылдан бассалғанда жоңғардың
жотасынан таспа тілгендей екенбіз-ау. Хан кеңесінде осы жағы қалай сөз
болмады екен? — деп оны ұрт мінезді, өткір тілді Шынқожа батыр да
қостады.
Бұл жай Қабанбайдың да іште жатқан қыжылы болатын. Бірақ
мыналардың алдында хан жарлығына шəк келтіру ордаға үлкен сенімсіздік
тудырар еді. Сондықтан сыртқа сыр бермей, шытынып сəл отырды да,
тамағын кенеп:
— Неге сөз болмасын. Хан кеңесінде осының бəрі де таразыға түсіп,
шешімін тапқан, — деді сол кеңесте бірге болған Ақтамберді мен
Боранбай, Төбет билерге кезек қарап. — Қатардағы қарашы ойлағанды хан
ойламаса, алтын тақта не қадір-қасиет қалады?! Тегінде, бір нəрсе
естеріңізде болсын, қанша ала ауыздық жайлады дегенмен, дəл қазір
жығыла кетейін деп тұрған жоңғар жоқ. Ауыл иті ала болғанмен, бөріні
көргенде бірігіп кетеді. Жаудың күшін кем санамаңдар, жігіттер. Өз
күшіңді — егіз десең, жаудың күшін сегіз де. Күні кеше соларды осал
санаймыз деп жүріп, «е, тəйірі, жаман қара қалмақтың қолынан не келеді»
деп жүріп, опық жеген жоқ па едік? Қалмақ осал болса, қазақ осы күнге
дейін торғайдай тозып, тарыдай шашылып жүрер ме еді?! — деп сəл аял
жасаған.
Жұрт енді жартасты жағадан қайтқан толқындай қайта серпіліп, əр
тұстан қолбасыны қоштаған үндер естілді.
— Рас-ау, шыр етіп жерге түскенде қан шеңгелдеп туатын атаңа нəлеттер
ғой олар.
— Соғыспаса қалмақтың ішкен асы бойына тарамайды...
— Адам жанын шыбын құрлы көрмейтін заты кəпір, дінсіздер емес пе!
— «Ханда қырық кісінің ақылы бар» дегендей, Əбілмəмбет пен
Абылайдың да бір ойлағаны бар шығар, — десіп, бірі атып, бірі қағады.
Қабанбай жау шебіне тым жақын жерде отырып, үлкен саясатты бұдан
ары талқыға салғысы келмеді білем, сөз аяғын əзілге айналдырып, басқа
арнаға бұрып жіберді.
— Солай, жігіттер. «Қайныңа да барарсың, пұшық күйеу де атанарсың»
депті ғой баяғыда біреу. Сол айтқандай, қалмақты да шабармыз, қайратты
да сынармыз. Сəл сабыр етсеңдер, тұлымдысын тұл етіп, айдарлысын құл
етіп, атажаудан кек алатын күнге де жетерміз! — деп аз бөгелді де,
қасындағы Ақтамбердіге бұрылып. — Одан да жаңа жұрттағы бие бау
мерекесінде əн мен жырға кезек беріп, көңіл көтерейік. Ендігі лебіз сізден,
жырау! — деді сəл иіле түсіп.
— Иə, сөйтіп бір серпілмесек, əбден жабы боп кеттік қой, түге!
— Елдің елдігі, ердің ерлігі — атыс-шабыс, аттаныста ғана емес,
салтанат сəнінде, сарқылмас əнінде жатады ғой! — десіп үй иесінің сөзін
Боранбай, Төбет билер де іле қостады.
Бұл күнде жасы жетпістің үстіне шығып кетсе де, əлі қайраты қайтпаған,
еңсегей ірі денелі, мол бурыл сақалды Ақтамберді түбінде сөз төркіні өзіне
қарай ойысарын алдын ала сезгендей, алдындағы еселеп қайта құйылған
қымыздан сіміре жұтып алды да, төменірек отырған ат-қосшысына иек
қақты. Лып етіп орнынан тұрған қағылез жігіт керегенің басындағы ала
қоржыннан қалақтай қара домбыра алып ұсынды. Жыраудың талай
жорықта бірге болған жан серігі. Домбырасын қолына алған соң, құлақ
күйін келтіріп, тиегіне дым бүркіп, орнықтырып қойды да, көпшілікке
қарап:
— Уа, жарандар, құдайдың мұнысына да шүкір деп, тəубе қылайық бір
мезгіл. Мына Дарабоз бен Борекең жақсы біледі, жастар, сендер де шетжағасын көрдіңдер: кеше ел басына күн туып, ер төсектен безініп, қайран
ел торғайдай тозып, қайың сауып кеткен бір шақта, күндердің күнінде
бүйтіп бас құраймыз, көк жайлауға ел қондырып, кек қасқа тай сойдырып,
масайраймыз деген кімнің ойында бар еді?! Ол көңілдегі қиял ғана еді ғой.
Сол ақын арманынан осыдан көп жыл бұрын, «Ақтабан шұбырынды»
кезінде мынадай бір жыр туған, соны айтып көрейін, — деп домбырасын
қоңырлата шертіп аз отырды да, жыр нөсерін төгілте жөнелді.
Тынысы кең, үні керемет күшті екен. А дегенде күндей күркіреп, зор
дауысының жеткен жеріне дейін ащы айғайға бір басып алады екен де,
содан соң қайта төмендеп, майда қоңыр бүлкілге түседі екен. Ара-арасында
арыстандай ақырып, тез қайта шарықтап, одан гөй-гөй бебеуге басып, мың
құбылып отыратыны тағы бар.
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз,
Күдеріден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екенбіз!
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай кез
Сауыт киер ме екенбіз!
Ор қояндай жүгінтіп,
Аш күзендей бүгілтіп,
Жолбарыстай шұбарды
Таңдап мінер ме екенбіз?!
Сол шұбарға мінген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екенбіз!
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екенбіз!
Тобыршықты əндіген
Толтыра тартар ма екенбіз!
Тобылғы сапты қамшы алып,
Тұмар мойын ат мініп,
Қоныс та қарар ма екенбіз!
Ел жазылып жайлауда,
Жақсылар кеңес құрғанда,
Мұртымыз өрге шаншылып
Бұрын да сөйлер ме екенбіз?!—
деп бір тоқтағанда, жұрт басында есінен танғандай жым-жырт отырып
қалды да, іле қызып тұрған қазанға бір кесек май тастап жібергендей ду
етіп, орданың ішін айғай-шу көміп кетті:
— Ой, бəрекелді!
— Жаса, Ақтамберді!
— Болашақты пайғамбардай болжаған нағыз көріпкел деп Сізді айтса
болады!
— Сол көксеген арманға да жеттік қой, мінеки! Бүгінгі күн ғой — айтып
отырғаны!
— Кəне, шуылдамай жыр естиік!
— Жырға кезек беріңдер! — десіп, көпшілік гуілдесіп бара жатыр еді,
жырау тыныштыққа шақырғандай, оң қолын сəл жоғары көтерді. Жұрт
тына қалған. Ақтамберді салалы келген балуан саусақтарымен қара
домбыраны алқымдап, əбден жанын шығара «жүр-жүрлетіп» алды да, жыр
маржанын қайтадан тізілдіре жөнелді.
Өзенге бие байлатып,
Төскейге орда орнатып,
Төрткілдеп ошақ қаздырып,
Төбел бие сойғызып,
Төменде бидің кеңесін
Біз де бір құрар ма екенбіз!
Құлаты тауға қол салып,
Садақтың оғын мол салып,
Бетпақтың ен бір шөлінен
Төтелеп жүріп жол салып,
Қолды бір бастар ма екенбіз!
Майданда дабыл қақтырып,
Ерлердің жолын аштырып,
Атасы басқа қалмақты
Жұртынан шауып бостырып,
Түйедегі наршасын,
Əлпештеген ханшасын
Ат артына мінгізіп,
Тегін бір олжа қылар ма екенбіз?! —
дегенде, жұрт шыдай алмай айғайға басып, есік жақта отырған
жастардың көбі орындарынан дүрк көтеріліп кетті. Көздері ұшқын атып,
осы қазір қарсы алдарынан жау шықса, таптап кететін түрлері бар.
Шағалақ, Дəулетбай секілді естияр адамдар дүрліккен қауымды тəртіпке
шақырып, қайта отырғызды.
— Ау, сабыр етсеңдерші, жігіттер-ау! Мыналар өлеңге сусап өлген бе,
түге?! Тым құрыса аяғына дейін тыңдасаңдаршы! — деп Шағалақ жасы
үлкендігін көрсетіп, жастарға ұрсып жүр.
— Ғапу етіңіздер, ағалар! — Қызу қанды Шынқожа орнына жайғаса
беріп, қайта тұрды. — Мынау — аттаныс алдында оқылатын жорық жыры
ғой нағыз! Мынадай жалынды жырдан кейін жауға аттанбай, қатынға ұқсап
от басында қалай отырып қаламыз, сардар аға! - деді сонан соң Қабанбайға
қарап. — Осы қазір қасыма екі жүз жігіт қосып беріңізші: ойраттың отанын
ойрандап, ен жайылған етегін бір түріп тастайын!
Қабанбай жас батыр Шынқожаны оттан-судан қайтпайтын осындай жау
жүректігі үшін жақсы көруші еді. Сондықтан оның алып-ұшпа, албырт
мінезіне де кешіріммен қарайтын.
— Сабыр-сабыр, батыр! Ашуды ақылға жеңдірейік, — деді батыр інісін
жас қырандай мəпелеп. — Жатқан жыланның құйрығын басып, өлермен
жауды өшіктіре беріп қайтеміз. Жеңіл-желпі барымта-сырымтамен бітпейді
біздің кегіміз. Қас дұшпанды қансырата соғатын ұлы аттанысқа да көп
уақыт қалған жоқ. Сабыр етіңдер!
Қара домбыра қайтадан бебеу қақты. Ақтамберді алмас жырмен ақ
семсерді қайрай беріп, от шығарып алармын деді ме, жырдың соңын
жайма-шуақ, бейбіт күнге қарай ойыстырды.
Кеуде бір жерді жол қылсам,
Шөлең бір жерді көл қылсам,
Құрап жанды көп жинап,
Өз алдына ел қылсам!
Асқар бір тауды жайласам
Желілеп бие байласам,
Күнде жиын, күнде той
Қыз-бозбала ойнатсам,
Тентегін түзеп байқа деп,
Ішінен биді сайлатсам!
Құлым бір ұлдай киінсе,
Көркемін көрген сүйінсе,
Атымтай жомарт секілді,
Атағым жұртқа білінсе!
Өзім бір бөлек жайласам,
Жігіттен нөкер сайласам,
Ойпаң жерге он отау,
Қыраң жерге қырық шатыр тігіп,
Қонағымды жайғасам!
Пышақтан малым кетпесе,
Қазаным оттан түспесе,
Ауылдан топыр үзілмей,
Ошақтың оты өшпесе!
Май жемесе қонағым,
Қан жемесе барағым,
Он кісіге жараса
Бір кісіге арнап тартқан табағым!!!
Ақтамберді осылайша үйдің ішін кернеген қоңыр-күмбір үнменен жыр
жолдарын төкпелеп келді де, кілт тоқтатып, домбырасын ірге жаққа сүйей
салды. Көпшілік бұл жолы да өрекпи көтеріліп, неше алуан қошемет сөздер
айтып жатыр:
— Əумин, айтқаның келсін, жырау!
— Аузың — періштенің аузы болғай!
— Өлмесек ол күнге де жетерміз!
— Алдымен атамекенді жаудан бір тазартып алайықшы. Əлі-ақ қой
үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман орнайды, — десіп сүйінген,
алқаған сөздер естіледі.
Боранбай би төрдің дəл төбесінде, Ақтамбердінің оң жақ қатарында
жүкке сүйеніп отырған-ды. Кенет сол жаққа күле қараған Еспембеттің:
— Ау, би-аға, мұныңыз қалай? — деген көңілді даусы естілді. — Өзге
жұрт жігерін жырмен жанып, жауға аттанамыз деп жатса, сіздің
жылағаныңызға жол болсын!
Көпшілік манадан бері дабыр-дұбырмен байқамапты. Борекең ұзын
бурыл сақалынан алты тарам жас ағып, жылап отыр екен. Өкініші, өксігі
жоқ, тас бастаудан шымырлап өзі бұлқып жатқан, ағыл-тегіл рахат
жасындай... Би көлдей орамалымен көзінің жасын сүртіп, ет бауыры езіле
күрсінді де:
— Əттең, дүние-ай! Неткен асыл арман еді... Шіркін, сол азат күнге
жетіп өлген кісінің де өкініші бола ма екен?! — деді көкірегі қарс айрылып.
— О не дегеніңіз, Биеке. Жоңғардың қақ қасына келіп отырғанымыз
мынау! Енді бір секірсек, қыр желкесіне міне түспейміз бе?! — деп Төбет
би оны жұбатып жатыр.
Ал асқақ жырдың жан дүниесін мүлде бағындырып, баурап алғаны
сонша, Қабанбай жаңағы əңгімелердің бірде-бірін елең қылмай, өз алдына
сілейіп бөлек отыр еді. Тұла бойы сезімге тұнып, көз алды неше алуан
суретке толып кетті. Көшпенді азат қазақтың арман-мүддесін бұдан артық
қалай əкеткізіп айтуға болады?! Жыраумен жұп жазбай бірге жүрген соңғы
жиырма-отыз жылда оны талай тыңдап жүріп, дəл бүгінгідей толқыған
емес... Жастық, жігіттік шағын Қаратау өңірінде өткізген Ақтамберді
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 06
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.