Latin Common Turkic

Дарабоз - 20

Total number of words is 4070
Total number of unique words is 2334
32.4 of words are in the 2000 most common words
46.8 of words are in the 5000 most common words
53.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бөліне көшпей ме біздің қазақ?! — деді басынан дулығасын шешіп,
маңдайының терін сүртіп тұрған Ханбаба.
Көп кешікпей төменде жүріп жатқан шайқас та тоқтады. Қоршаудағы
ойрат əскерінің қалдығы бұдан ары қарсыласудың пайдасыз екенін сезген
болар, ақ жалау көтеріп, бағынғанын білдірді... Ұрыс аяқталысымен
сардардың маңына қолбасы батырлар жинала бастаған. Үсті-бастарын шаңтозаң басып, аттары болдырып, қанды қырғыннан жаңа шығып тұрса да,
көңілдері көтеріңкі, рухтары үстем. Бəрінің өңінде жеңіс нұры шалқиды.
Қашанда сұрапыл соғыстан кейін адамда осындай бір сəт болады. Өзіңнің
аман қалғанына бір қуансаң, жеңіске жеткен ел мерейі қолтығыңнан демеп,
бейнебір көк жүзінде қалықтағандай күй кешесің. Өз басынан сан рет
өткерген сол сезімді бүгін батыр інілерінің жүзінен қапысыз таныған
Қабанбай əдейі атынан түсіп, қасына келген Малайсары мен Наурызбайды,
Ханбаба сұлтанды айқара құшақтап, арқаларынан қақты:
— Бəрекелді, жігіттер! Əмісе осылай абыройларың асып, аруақ-құдай
жар болсын! Сендерге хан атынан, халық атынан мың да бір алғыс! — деді
тебірене тіл қатып.
Түс ауа өлі мен тірінің ұзын есебі де мəлім боп қалған. Жоңғардың екі
нояны, шынында да, өздерін қорғау үшін, ең таңдаулы деген үш мыңдай
қолды ертіп кетіпті. Əдейі тосқауылда қалдырғаны бар, қоршауды бұзып
өтуге үлгірмей қалғаны бар, жалпы ұрысқа қатысқаны он мыңдай адам
көрінеді. Соның жарымынан астамы жер жастанып, одан қалғаны
түгелімен қолға түскен... Əрине, қазақ жағынан да шығын бар. Қалмақпен
салыстырғанда, көп емес төрт жүздей адам. Иə, салыстырғанда ғана солай.
Əйтпесе, бұл да аз шығын емес-ті. Төрт жүз шаңыраққа түскен қайғықасіретті, жылау-жоқтаудың салмағын немен өлшеуге болады?
Қашқан жаудың өкше ізіне түскен Еспембет пен бағыр Баянның жасағы
да кешке таман қайтып оралды. Қаша ұрыс салған Сайын-Бөлек жолдағы
қырқа кезеңге тосқауыл қойып, қуғыншыларды шеніне жақындатпапты.
Əккі ноян ез төңірегіне кілең аттары жарамды, қару-жарағы сай
жанкештілерді əдейі іріктеп, күні бұрын дайындалса керек. Оның үстіне бір
талайында жырақтан тиетін от қару бар екен, солар алыстан атқылап,
бірнеше сарбазды жарадар еткен. Əрине, қазақ жігіттері де біраз қалмақты
жебеге түйреген. Содан бұлар жауды Шыршыққа дейін қуып барыпты да,
амалсыз тізгін тартыпты. Одан ары өгдеп қуа беруге арғы жақтағы қырғыз
манаптарының іш пиғылына сенбеген.
— Жарайсыңдар, жігіттер! Дегенмен, Сайын-Бөлекті бұл жаққа енді
баспастай етіп, сүрі боғын бір түсірген екенсіңдер! — деді осы жеңісті
қанағат тұтқан Қабанбай. — Бір жолға бара тұрсын. Құда қаласа, біз
онымен əлі талай кездесеміз!
Осы арада əскер қосыны бір жұмадай ат шалдырып, аял жасады. Абылай
мен Əбілмəмбет хандарға жеңіс хабарын жеткізуге қос-қос атпен
жаушылар аттанды. Ұрыста ерлікпен жан қиған қарулас серіктерін ақ
арулап жерледі. Тұтқынға түскен қалмақтардың ат-көлік, қару-жарағын
сыпырып алып, Ташкентке айдатып жіберген. Қашан ойрат ордасынан
жоқшы келгенше, сонда қамауда ұстамақ. Ал өліктерін, сол тұтқындарға
бірнеше жерден ор қаздырып, өздеріне көмдірді... Өлілер мен тірілердің
арасынан сарбаздардың шарқ ұрып іздегені — сатқын Мəметқұл болатын.
Бірақ оны еш жерден таппады. Опасыз неме ертерек бас сауғалап, жаңа
қожаларымен бірге кетсе керек.
Ойрат əскері неше айдан бері Ташкент пен Сайрам төңірегіндегі қалалар
мен ауылдардан тонап алған мал-мүлікті жүздеген түйеге артып бара жатыр
екен. Тірі мал да, көш-керуен де түгелімен қолға түсті. Кейбір іздеп
келгендері өз дүниесін танып алды да, қалған мүлік-мүкəмал сарбаздардың
олжасына айналды.
Өмір мен өлім белдескен майдан шебінде уақыттың қалай өткені
білінбейді. Бұлар жан алып, жан беріп, ата жаумен алысып жүргенде
қыркүйек өтіп, қазан туды. Бірақ оңтүстіктің қоңыр күзі əлі жазға бергісіз,
тамылжып тұр. Ташкент түбіндегі шешуші жеңістен кейін Қабанбай
Арқадан келген əскердің негізгі құрамын Арыс бойына ат шалдыруға
жіберді де, өзі қорғаушы ұландар жүздігі мен Еспембеттің ертауыл
жасағын алып, қала маңында аялдап қалды.
Жауды жеңіп, бетін қайтарып қана қою аз, енді сол жеңісті осындағы
жұрттың зердесіне орнықтыру қажет. Бұл жолғы жорық бұрын да талай
қайталанған көп бұлғақтың бірі емес, азаттық жолындағы ақтық айқас
екенін, бодандық та, босқындық та осымен біткенін бұқара халық толық
сезінуі керек. Ол үшін жеңімпаз əскердің де, қолбасының да бірден
аттанып кетпей, осы маңайда біраз күн байырқалап тұрғаны жон. Бұл,
басқа емес, осының бəрін ой елегінен өткізген ұлыс бегі Төле бидің тілегі
еді.
Ташкент түбіндегі ұрыс аяқталған соң, арада үш-төрт күн өткенде, Төле
би тау бөктеріндегі көк жасаңға көп үй тіктіріп, ұлан асыр той жасады. Сол
ғой кезінде өз шатырына көк қасқа сойдырып, Қабанбайды əр рудың бас
батырларымен бірге арнайы қонақ еткен. Шат-шадыман, қуаныш-күлкіге
толы сол отырыста ұлы би Арқадан келген батыр інілеріне арнап, бір
басалқы тілек айтты:
— Рақмет, бауырларым! Əмісе абыройларын асып, мерейлерін үстем
бола берсін! Көзімнің тірісінде ата жұртымның азат болғанын, сірə, көре
алмай кетермін деп жүруші едім. Аллаға шүкір, сол арманыма қолымды
жеткіздіңдер. Басымыз бірігіп, тіземіз қосылмай жүр екен ғой. Басымыз
біріксе — жеңілмес жау, алынбас қамал жоқ екен. Байқадыңдар ма, бір-ақ
күнде қамкөңіл халқымыз дүр сілкініп, ұлымыз ұланға, қызымыз қыранға
айналған жоқ па?! — деп аз тыныстап алды да, сөзін қайта жалғады. —
Алайда отыз жыл бойы ойраттың тепкісін көрген оңтүстік өлкесі —
Арқаның азат сахарасы емес, соны да бір еске алып қойыңдар. Арқаның
халқы бірыңғай, арман-тілегі ортақ, əлі басына ноқта кимеген асау ел ғой.
Ал мұнда шұбар аттың жүніндей онан-мұнан құралған жұртымыз бар.
Бастарына түскен құлдықтың тақия таңбасы бір күнде кете қоя ма. Ұзақ
жыл мойынға мініп келген ойраттың ойраны өз алдына, күн шығыста қоқан
қағып Қоқаның, күн батыста бурадай шабынып Бұхарың тұр. Іргеміздегі
қандас бауыр саналатын қырғыз манаптары да бір күн бие, бір күн түйе...
Сол айнала жанған алау оттың ортасында, қайтсек азулының аузында,
тырнақтының шеңгелінде кетпейміз деп, пəруана боп біз жүрміз... Мен де
бір араларында жүрген аз күндік қонақпын. Тілегім — құдай енді осы
берекеден айырмасын! «Баяғыда жауынды бір жеңіп бергенбіз» деп,
Арқада алаңсыз жатып алмай, бұдан кейін де оңтүстікке қол ұшын беріп,
көз-құлақ бола жүріңдер! — деп ақ селеу қастың астынан Қабанбайға
қулана қарап алды да, сөз аяғын əзілге бұрды. — «Алпамыс» жыры есінде
ме, Дарабоз? Алпамыс батыр зынданнан босап шығып, Тайшық ханның
əскерін талқандап, одан Қаракөз ханшаға үйленіп, хан тағына Кейқуатты
отырғызған соң, ата жұрты Жиделібай- сынға қайтпайтын ба еді. Сонда
Кейқуат байғұс зар еңіреп: «ойбай-ау, сен кеткен соң менің күнім не
болады? Мыналар мені жеп қояды ғой» деп жылайтыны бар емес пе?!
Сонда Алпамыс оған мынадай ақыл үйретеді: «Мен өз еркіммен кетпейін.
Сен маған жұрт көзінше: «қаңғырған неме, көзіме көрінбей жоғал!» деп
ақыратын бол. Мен қорқып, тұра қашқан болайын. Сөйтсең, ой, мына
Кейқуат ер екен ғой деп, жұрттың бəрі сенен айбынатын болады» депті...
Сол айтқандай, Дарабоз, сен бірден қозғалып кетпей, мына тоқсандағы
Төлені Ташкент шаһарына өз қолынмен орнықтырып, бұқара халықпен
дидарласып дегендей, асықпай аттанарсың! — деген шын қолқа салып.
«Қайран, Төке-ай, əр сөзінің астарында мың-сан мағына жатады-ау!» деп
тебіренді Қабанбай ішінен. Өзінің Алпамыс емесін, Теле бидің Кейқуат
емесін біледі. Бірақ ұлы би қазіргі жағдайды қалай ишаралап дəл жеткізді
десейші! Оның көз алдында Төленің тұлғасы бұрынғыдан да биіктеп бара
жатты. Өзі айтқандай, осыншама өрттің ортасында алған бағыттан
жаңылмай, тізгініңді тең ұстап отыру оңай дейсің бе? Төленің кіші ұлы
Жолан бірталайдан бері ойрат ордасында аманатта жүр. Мына соғыстан
кейін оның күні не болмақ? Бірақ əнегүннен бері би сол баласын ауызға да
алған жоқ. Неткен қайсарлық?! Мына кісінің қасында Арқадағы Орта жүз
билерінің дауға түсіп, тау қопардық дегені жай тіл безеген еркелік екен ғой.
Өзі біреуге кіріптар бола отырып, Ташкент сияқты қалаға билік жүргізу
əркімнің қолынан келер іс емес.
Бəрі де сол ұлы бидің айтқанындай болды. Əскер қосыны Арысқа таман
қозғалып кетісімен, мұнда қалған мыңдықтар Төле биді ортаға алып,
Ташкентке қарай бет түзеді. Бұл қала соңғы бірнеше ғасырда қазақ
хандығына қарағанымен, тұрғындары тым ала-құла болатын. Халқының
дені қазақ, əрине. Бірақ одан басқасы да жетеді. Кім жоқ дейсің бұл
шаһарда?! Қоқанның қожасы, Самарханның сарты, Бұхардың өзбегі дейсің
бе, қайшыалысып қаптап жүр. Ал Ташкенттің айнала-төңірегі тұнып тұрған
қазақ деуге болады. Бұл өлке — ежелден бері-ақ Қатаған, Қанды,
Шанышқылылардың мекені. «Ақтабан шұбырынды» кезінде Алатау алқабы
мен Шу, Талас, бойынан ығысқан Ұлы жүздің өзге рулары да осы төңірекке
келіп орын тепті. Қазір бұлардың ішінде бұрынғы ру жігін сақтап жекежеке отырғаны да, басқа рулармен мидай араласып, «Құрама» деп аталатын
топқа қосылып кеткені де бар.
Төле би мен Қабанбай бастаған қазақ əскерін Ташкент жұртшылығы зор
салтанатпен қарсы алды. Қала қақпасынан кіре берген сəтте-ақ ақсақалдар
дəм-тұздарын көтеріп алдарынан шықты. Қала халқы тайлы-таяғы қалмай
көшеде жүр. Домбырамен жыр төккен қазақ, керней-зұрнайларын озаңдата
тартқан өзбек, құйындай ұйтқып, шыр көбелек билеген тəжік — бүкіл
шаһарды бастарына көтерді.
Ал көп жылдар Ташкенттің тізгінін ұстаған Төле би, жағдайға қарай, бұл
қаладан талай рет шегініп, талай рет қайтып оралған-ды. Бəлкім, бұл
жолғысы мəңгілік, ең ақырғы оралуы шығар... Қашанда ұлылар бірін-бірі
алыстан таныған ғой. Ойраттың ұлы қонтайжысы Халдан Церен өлеөлгенше Төле бимен сыйласып етті. Ол Ұлы жүз жерін басып алған соң,
бұл елді Төле бисіз ұстап тұра алмайтынын жақсы білді. Жалпы бодан
елдің тізгінін Жолбарыс ханға ұстатты да, 1733-жылы Төле биді Ташкентке
əмірші етіп қойды. Ол осы қызметте Халдан Церен өлгенше, он екі жыл
бойы тапжылмай отырды. Өз еліне қорған болуды ойлаған ұлыс бегінің
бұлай мəмілеге бармасқа амалы да жоқ еді. Балаларын кезек-кезек ойрат
ордасына аманатқа беріп, əр жылы елден жиналатын алым-салығын
уағында еткізіп, екі жақты да қан төгіске жібермей, халықты ғадылдікпен
басқарып отырды. Тек Халдан Церен өлген соң тепе-тендік бұзылып,
таразы басына өзгерістер ене бастаған. Таққа отырған жаңа мұрагерлердің
əрқайсысы Ташкентке өз əміршілерін жіберіп, Төлені биліктен тайдыруға
тырысты. Ол енді қосалқы ғана міндет атқарды. Сөйтіп жүргенде, осында
уланып өлген Сары Манжы ноянның жаласын Теле биге жауып, соның
кесірінен бір жылдай Қоқанда бас сауғалай тұруға мəжбүр болды. Тек
келесі жылы қала жұртшылығының қолдауымен ғана өз орнына қайтып
оралған. Ал Жоңғариядан жіберілген əміршілердің халықты қан қақсатып
бұлап-талаудан езге білетіндері жоқ еді. Осы қиянатқа шыдамаған қала
тұрғындары мен айналадағы «құрамалар» еткен жылы ойрат үстемдігіне
қарсы көтерілгенде, ұлыс бегі сол күрестің басы-қасында жүрді. Бірақ,
амал не, Қоқан əмірі Баба-бек пен Ташкент билікшісі Парвабек
Жоңғариядан əскер бастап келіп, бұлғаққа қатысқандар аяусыз
жанышталды. Міне, осы кезде Ұлы жүз жасағымен бірге Төле бидің де
Ташкенттен шегінбеске амалы қалмаған.
Енді, міне, ұлыс бегі құзырындағы қалаға езі ғана оралып қоймай,
азаттық əкеле жатыр. Халық өз көсемдерін сағынып қалған екен. Ат үстінде
келе жатқан Төленің үзеңгісіне жармасып, етегінен сүйіп, жүргізер емес.
Көшенің əр тұсынан:
— Жаса, Төле би!
— Айналайын, əулием-ай! Құтты орныңа қайта оралып келдің-ау
ақыры!
— Жаса, Қабанбай баһадүр!
— Бас баһадүр Қабанбай ақам келмесе, атаңа нəлет қалмақтар бізге есетеңдік берер ме еді?! — дескен дауыстар естіледі.
Жеңіс хабарын бұл маңайдағы жұрт түгел естіп, құлақтанып отыр екен.
Естіп қана қоймаған, көздерімен көрген. Əсіресе, осыдан үш-төрт күн
бұрын атты жасауылдардың неше мың тұтқын қалмақты кешенің
ортасымен айдап өтуі қала тұрғындарына қатты əсер етсе керек. Ташкентте
бірнеше күн бойы қуаныш тасқыны басылмай, жұрт масайрап, той
жасаумен болды.
Қаладағы алғашқы қарқын басылып, той-томалақ өткен соң, Төле би мен
Қабанбайды Ташкентке таяу отырған Бердіқожа, Ханкелді батырлар
қонаққа шақырды. Бұл топта əнегүннен бері бақауыл əскердің құрамында
жүрген Қабанбайдың бала-шағасы — Майсара, Əлі, Назымдар да бар еді.
Шанышқылы мен Албан ауылдары жаугершілікте дəулеттері шағындалып,
жүдеңкіреп қалғанымен сыр бермей, ақ үйлерін тігіп, дүрілдетіп той
өткізді. Əсіресе, Ханкелді батырдың бір шашылатын жөні келіпті. Немересі
Райымбек осы жорықта ел аузына ілініп, Ташкент түбіндегі шайқаста
жақсы қырынан танылған екен. Атасы соны зор қуаныш етіп, үлкендердің
батасын алды.
Осыдан кейін Төле би Ташкентке қайтып кетті де, Қабанбай қасына
Бердіқожаны ертіп, «Құрама» аталатын елді тағы екі-үш күн аралады.
Бұрын сырттай естігені болмаса бұл жұртпен жақын танысқаны осы жолы
ғана. Айтса айтқандай, «Құрама» десе — құрама екен. Бұларға қазақ
руларының араласпағаны, əй, жоқ-ақ шығар. Көпшілігі — «Ақтабан
шұбырынды» кезінде Жетісудан, Қаратаудың күңгейі мен Талас, Шу
бойынан ауғандар. Бұлардың негізгі бөлігі Сырдың жоғарғы ағысына,
Ташкент, Сайрам төңірегіне табан тіресе, алды тіпті одан да ары етіп,
Ферғана, Марғұлан асып кеткендер де бар көрінеді. Руын сұрасаң, шетінен
Қатаған, Қанды, Дулат, Қоңырат, Найман болып шығады. Бірақ тұтас
отырған ешкім жоқ, бəрі мидай былығып, араласып кеткен.
Құрамалар көшпенділіктен қол үзіп, отырықшылыққа бейімделе
бастапты. Ақ үйлі... Ақ үйлі емес-ау, жай киіз үйлі ауылдардың өзі сирек
ұшырасады. Ығы-жығы, қотандай салынған там үйлер, жəпірейген жер
кепелер... Бұл байғұстардың жауға қарсы ошаң етіп шыға алмай, не бір
жаққа ауып кеше алмай, жер тағандап қалған себебі осы екен. Бір тəуірі:
түстіктегі кентті халықтарға еліктеп, егіншілікпен айналыса бастапты.
Сауда-саттыққа да бейім көрінеді. Тұрмыс-салт, киім үлгісі, соз саптауында
да өзбек мəнері байқалады. «Мыналар осы қалпымен жүре берсе, түбі жат
болып кетпесе не қылсын?!» деп ойлады Қабанбай қапаланып.
«Найманбыз» дегендердің жөн-жосығын сұрап көріп еді, көпшілігі
бұрын Қаратауды жайлаған Садырлар екен. Ішінара Қаракерей, Бағаналы,
Матайлар да ұшырасады. Бəрі де — «Ақтабанның» алды-артында
келгендер.
— Елге қайтыңдар, осы жолы көшіріп əкетейін. Жаудың беті қайтты ғой,
жайлы қоныс ол жақтан да табылады, — деп сыр тартып көрген.
Үлкендер ежелгі ата жұртын сағынып, елге қайтқысы келгенімен,
жастар жағы өздері туып-өскен үйреншікті жерін қимайтын көрінеді. Бір
бəтуаға табан тіремеген, итіс-тартыс дүние. Көші-қонды кейінге қалдыра
береді.
— Алдымен жер жəннаты Жетісу, Барқытбел мен Алтай жау қолынан
босасын. Сонан соң асықпай көшерміз, — дегенді айтады.
Жерді де, қонысты да біреулер азат қып, дайындап қоюы керек. Ал
«Туған жерді жаудан азат етем, сол үшін қасық қаным қалғанша
шайқасамын!» — деген сөздер ауыздарынан шығар емес... Мінездерінен
үйірінен адасқан тағылық, əлдебір жатырқау, саяқтық байқалады. Қасқыр
тартқан қойлардың бірнеше күнге дейін жайылмай мəңгіріп қалатыны
болушы еді, бұл да соған ұқсас бірдеңе... Ең бастысы, бұларда ру жоқ. Ру
болмаған соң, елді аузына қаратар ақсақал, не би жоқ. Арқа қоздырар ортақ
ұран жоқ. Ұран болмаған соң, айғай салып атқа қонар батыр да шыға
қоймайды. Күнкөріс қамы демесең, ел намысын ойлар пенде азайған
секілді. Бұлар, сірə, қазақ болудан кеткен. Ал басқа халыққа айналып
үлгірмеген. Əлгі ортадағы, не ол емес, не бұл емес, шөре-шөре жұрт
дегеніміз осы болар, шамасы?!
«Осыларды аздырмай-тоздырмай қатарта қосам деп алысып жүрген
қайран Төле би қажымағанда қайтеді?! — деп ойлады Қабанбай. — Не
істеу керек? Қолынан келгені — жат жұрттың тепкісінен құтқарды. Ендігі
жерде ағайын қайда жүрсе де аман болсын дегеннен басқа не бар?!»
Қабанбай Ташкентке қайтып оралғанда қазан айы да орталанып қалғанды. Қалаға Абылай ханнан жаушы келіп жатыр екен. Түстіктегі жеңіс
хабарын естіп, Арқадағы ел зор қуаныш үстінде көрінеді. Бірақ, соған
қарамастан, Абылай жорықтағы əскерді бастап тез елге қайтсын деп
бұйырыпты. Оған себеп: Жоңғарияда биыл жаз бойы хандыққа таласып
соғысып жүрген Дабашы мен Əмірсана нояндар жақында қонтайжы Лама
Доржи əскерінен оңбай жеңіліп, қазақ ордасына келіп бас сауғалапты.
Соларды қолға түсіру үшін, ойрат қонтайжысы Орта жүзге қарсы жаңа
жорық ұйымдастыра ма деген қауіп бар. Демек, əскер қосыны дəл қазір бұл
жақтан гөрі Арқа жеріне көбірек қажет болғаны.
Бас қолбасы ертеңдер елге аттанам деп отырғанда, Ташкентке Қоқан
əмірі Баба-бектен де елшілер келіп қалды. Баба-бек Қабанбай мен Төле
биге дұғай-дұғай сəлем айтып, Ташкент түбіндегі зор жеңіспен
құттықтаған. «Біз Сайын-Бөлек ноянға, қанша жалынып сұраса да, қол
ұшын бермедік. Бұл —қазақ кардашларға жасаған көмегіміз» депті.
Қабанбай таң қалды: «қайдағы көмек? Бұлар түймедейін түйедей қып,
тіпті орнасы жоқ нəрсенің өзін бұлдап өткізеді екен-ау!»
Сөйте тұра Баба-бек ойрат ордасының жанкүйер делдалы ретінде
сөйлейді. Əнегүні тұтқынға түскен көп қалмақты қалай қайтаруға болады
дегенді сұрапты.
Қазақ жағы өзара ақылдасып, мынадай жауап қайтарды: жалпы жоңғар
жерінде əр жылдары тұтқынға түскен, күшпен айдап əкетілген қазақтар аз
емес. Ұлы жүздің əр руынан аманатқа жіберілген жігіттер қаншама.
Мəселен, Төле бидің кіші ұлы Жолан, Ханкелді батырдың інісі Пұсырман
бастатқан талай азаматтар əлі күнге дейін ойрат ордасында жүр. Қонтайжы
соларды түгел босатсын да, тұтқындарын қайтарып алсын. Бұл жолғы
тұтқын саны қандай айырбасқа да артығымен жетіп тұр. Жай адамдар
баспа-бас болғанда, аманатта жүрген əр азаматқа қырық қалмақ
қайтарылсын делінді. Сонымен бұл жұмыс та сəтімен аяқталғандай болып
еді.
Қабанбай бұдан ары көп бөгелген жоқ, сол күннің ертеңінде Ташкенттен
аттанып кетті. Төле би, Бердіқожа, Ханкелді бастатқан Ұлы жүз кісілері
оны Қазығұрт тауына дейін шығарып салды. Осы маңда Төле бидің өзіне
табиғы, Дулаттың Жаныс тармағына қарайтын біраз ел барды. Осында
батырларға соңғы рет қонақасы беріліп, келген жолдарыңа деп сый-сыяпат
көрсетілді. Қабанбайдың өзіне бесік жамбы, атан түйе бастатқан бір тоғыз
сый тартылып, Майсара, Əлі, Назымдарға алтын зерлі қамқа тондар
жабылды. Қасына ерген белгілі батырларға бір-бірден сəйгүлік ат
жетелетті.
— Мен бұрын жаумен алысып, сүйегіме қарысып, сыр бермей жүреді
екенмін. Жасым жетті ме, əлде жеңіс қуанышы буыныма түсіп кетті ме,
шаршап-шалдыққанымды енді біліп отырмын, — деді Төле би қоштасарда.
— Келер жылы хан кеңесіне бара алам ба, жоқ па, бір Алла біледі.
Абылайға менен дұғай-дұғай сəлем айтыңдар. Биылғы жеңістің ізін
суытпай, аттаныс қарқынын үдете берсін. Ойрат ордасының да ойраны
шығып, өз ішінен іріп жатқан көрінеді. Сол қарбаласты қапысыз
пайдалансын. Құдайға шүкір, өз тізгініміз қолымызға тиді ғой, бұл жақта
біз де қарап жатпаспыз.
Соны айтып, аз бөгеліп отырды да, үзеңгі жолдасы Қаз дауысты
Қазыбекті еске алды:
— Кеше, аруағыңнан айналайын Əз-Тəукенің тұсында Қазыбек, Төле,
Əйтеке атанып, үшеуіміз ошақтың үш бұтындай, орданы тіреп тұрған бір
заман болып еді. Жасы үлкен Əйтеке ерте кетті арамыздан. Қазір ескіден
қалған көз — Қазыбек екеуіміз ғана. Көріспегелі арада біраз жылдар өтіпті.
Адам кейде өз тұрғыласын сағынады екен. Қазыбектің менен үш-төрт жас
кішілігі бар. Бірақ ол да шау тартқан-ау, шамасы, аға деп хал сұрауға
жарамады, — деп шабыт шақырғандай дүр сілкініп, қозғалақтап кетті де,
сыйлас інісіне арнап екі ауыз өлең айтты. — Кəне, осы өлеңді Қазыбектен
қаймықпай кім айтып барады?
— Мен айтып барайын! — деді төмерінек отырған Еспембет орнынан
түрегеліп. — Бас кеспек болсадағы тіл кеспек жоқ. Бұл сөзіңізді Қазыбекке
мен-ақ жеткізейін...
Атыс-шабыссыз өткен он шақты күнде Арыс бойындағы аламан
əскердің аттары тынығып, сарбаздар да қунап қалыпты. Жан-жақтағы
ауылдар əскер қосынына күн сайын сойыс қамдап, саба-саба қымыз артып
əкеліп, күтімдері де жаман болмаған көрінеді. Қабанбай осы арада екі-үш
күн аялдап, жайылыңқырап кеткен əскердің бас-аяғын жинап, жорық
тəртібіне келтіріп алды да, Арқаға қарай қозғалып кетті. Қайтар жолда
анадағы Түркістан, Созақ, Сарысу бағытымен емес, Жоңғар шебінің іргесін
баса, Талас, Шу, Балқаш арқылы, кілең ел ішімен жүруді жөн көрген. Бұл
жүріс əрі төте, əрі жолдағы руларды ұйқыдан оятып, ұлы аттаныс ұранына
тарту үшін қажет еді.
Айтты-айтпады, бұл өңір бұдан бұрынғы қазақ-қалмақ ұрыстарына да,
биылғы соңғы жорыққа да қатыспай, қағаберіс қалып келген. Ойраттар
Алатаудың бұл қапталын тұтқиылдан ерте басып қалды да, содан бері
уысынан шығарған жоқ. Баяғы Аңырақай жорығында бірер жыл кейін
серпілгенімен, артынан қазақ қолы қожырап тараған кезде, қайта
ошарылды. Осыдан кейін бұл төңіректегі шабан-шалан рулар тағдырға
амалсыз бойсұнып, қонтайжыға алым-салығын төлеп, ата жұрттарында
малдарын бағып жүріп жатқан-ды. «Адам үш күннен кейін көрге де
үйренеді» дейді. Бірте-бірте бодандық халге де еттері үйрене бастаған.
Кедей-кепшігі таяу отырған қалмақтың қойын бағып, ауқатты, əлділері
ойрат əулетімен құдандалы жегжат болып, қоян-қолтық араласып кеткен.
Тек қалмақтардың кілең шұрайлы қоныстарды иеленіп алғаны, тəуір ат,
тəуір қыз көрсе тартып алатыны, жырық етек ламалар мен жалаң бұт
кешілдердің қазақты пұтқа табындырмақ болып басынғаны ғана жанға
батушы еді.
Мұндағы ауылдар көп жыл бойы қазақ хандығы аттанысқа əне шығады,
міне шығады деумен күте-күте, ақыры үміттерін үзіп қойған секілді. Анада
Ташкент, Сайрам маңындағы жеңістің дақпырты алғаш жеткенде де, аузы
күйген жұрт бəлендей сене қоймаған. Енді, міне, жасыл туы желбіреп,
қолдарына шашақты найза ұстаған, ақ берен сауыттары күн нұрына
шағылып, дулығалары көк тіреген қазақ əскері үстеріне келіп ошарылғанда,
момын елдің қуанышында шек болған жоқ... Асау-арда Алаш ұлы əлі де бар
екен, өлмеген екен! Бəрі бірдей құлдық бұғауына көнбеген екен. Мына жер
қайысқан қалын қол — соның айғағы. «Сабыр түбі — сары алтын,
сарғайған жетер мұратқа» деп, өлмеген жан мұндай күнге де жетеді екен!
Қайран ел бір-ақ күнде бодандық бұғауын сыпырып тастап, қайта
түлегендей болып еді. Ақсарбасын айтып, көк қасқасын жығып, мəре-сəре
болған жұрт. Аттап бассаң, алдыңнан қонақасы, той дастарқаны күтіп
тұрады. Əскер қосыны тым суыт жүріп кетпей, көптің қалауы бойынша, əр
жерге ат шалдырып, аялдауға тура келді.
Талас пен Шу аңғарында, тау бөктеріндегі ең шұрайлы жерлерде иін
тіресіп отырған щорс, хойт, дүрбіт тайпасына жататын ойрат күреңдері бар
екен. Бірақ олардың бас көтерер ноян, зайсандары Жоңғариядағы бүлікті
басуға кетіпті де, мұнда қалған малшы-қосшы көп халық қазақ əскеріне
қарсы қару көтеріп шыға алмады. Қайта, керісінше, жайлаудан түсіп, енді
етектегі қыстауларына қарай бет алған кептеген қалмақ көштері, қазақ қолы
ел шетіне ілінісімен, көліктерінің басын кері бұрып, қайтадан қырғыз
жеріне қарай ойысты. Ал бұрыннан бөктерде отырғандары асығыс үйлерін
жығып, үркіп көше бастаған.
Қабанбай жорықтан қайтқан батырлар мен сарбаздарды олжадан қыспау
үшін, ойрат шонжарларының біраз жылқысын тиіп алуға ерік бергенімен,
былайғы бейбіт елді шабуға жібермеді. Оразымбет, Баян, Еспембет секілді
қызу қанды батырлар:
— Жауды аяған жаралы. Ойрат əулетінің өз қылығын өзіне істеп,
«Ақтабан» қып бостырып жіберсек қайтеді? Өле-өлгенше естерінен
кетпейтіндей, енді қайтып бас көтере алмайтындай етіп, біз де бір ойранды
салайық! — деп құлшынып-ақ еді, бірақ бас қолбасы ондай оңай олжаға
барғысы келмеді.
— Жоқ, жігіттер, мені артық күнəға итермелемеңдер! Хан жарлығын
абыроймен орындадық, биылша осыны қанағат тұтайық. Қалмақтар
жерінді босатып, өздігінен үркіп көшіп жатса, одан артық құдайдан
тілегенің не? «Қорқақты қуа берсең батыр болады» деген сөз бар.
Ашындырсаң, олар да қарап қалмайды. Тіпті жорықтан қажып келе жатқан
қолды опырып түсуі де мүмкін, — деп жігіттерді басып тастады.
Шу бойына келгенде ол Наурызбай, Бердіқожа, Тілеуке бастатқан Ұлы
жүз батырларымен қош айтысты. Келесі көктемде Жетісу мен Алтай,
Барқытбел бағытында жойқын шабуыл басталатыны əркімге-ақ аян еді.
Сондықтан Ұлы жүз жасағы тым бытырап кетпей, биылша екі жаққа да
ұрымтал осы Шу бойын қыстап шығатын болып сөз байласты. Келер
жылға дейін қосымша қол жинап, ат-көлік, қару-жарағын толықтап, алдағы
аттанысқа сақадай сай тұрмақ.
Бұл кезде қараша айы туып, күн де суыта бастаған. Қар қалыңдап, жол
бекіп, боран-шашынға ұрынбай тұрғанда елге жетіп қалуды ойлаған қалың
қол Балқашты бетке алып, суыт жүріп кетті.
VII
Сыр бойына аттанған əскердің жеңіс хабары Арқа жеріне əлдеқашан
жетіп, қазақ даласы қуаныштан толқып тұр екен. Енді сол жеңімпаз əскер
жасыл туларын желбіретіп, қатары көп бүлінбей орталарына аман-есен
оралғанда халық мерейі тасып төгілгендей болды. Алғаш жауған ақша
қардың тозаңын аспанға шығарып, ауыл-ауылдан сүйінші сұрап
шапқылаған жаушылар. Күншілік жерден азаматтарының алдынан шығып,
қаумаласа қарсы алған ағайын жұрт.
Осының алдында ғана өз еліне симаған ойрат нояндары Дабашы мен
Əмірсананың қазақ жеріне қашып келуі ел еңсесін бір көтеріп тастаған
екен. Мына жағдай халықтың болашаққа деген сенімін тіпті бекіте түсті. Ел
іші гу-гу əңгіме:
— Сырдағы жеңіс — бар жеңістің басы болғай!
— «Жалған ісі ақиретке кетпес» деген осы!
— Атаның аруағы қолдап, біздің де күш ала бастағанымыз ғой бұл.
— Ойрат бағының осы қайтқаны — қайтқан!
— Бəрінен де, əншейінде жер тəңірімсіп жүретін қалмақ нояндарының
өз ішінен іріп, қазаққа келіп пана сұрағанын айтпайсың ба?!
— Біздің Абылай ханның да айласына арқан бойламайды-ау. Біраз жыл
неге тым-тырыс жатып алды десек, түбінде дүниенің кезегі осылай
айналарын есептеп отыр екен ғой! — десіп гуілдескенде, ауыл-үйлердің
түндігі желп-желп етеді.
Бас қолбасшыны ел де қалған Дəулетбай, Қасабай, Шынқожа секілді
батыр інілері Аягөз бойында тосқауылдап, күтіп жүр екен. Екі жақ
шұрқырасып табысты. Қабанбай сыртқа сыр бермесе де, жау шебіне жақын
қонған ауылдардың жайын көп ойлап, алаңдап келіп еді, көңілі бірден
орнына түскендей болды. Қабанбайдың оңтүстік өңіріне жорыққа
аттанғанын естіп, өшіккен жау оның ұлысын əдейі келіп шабуы мүмкін
деген мəселе жазда, аттаныс алдында да сөз болған. Сол қауіптің алдын алу
үшін, Абылаймен ақылдаса отырып, Дəулетбай мен Шынқожа басқарған
екі мыңдай жасақты ел ішінде əдейі қалдырған-ды. Əйтеуір, абырой
болғанда, іштей іріген ойраттар өз бастарымен əлек болып, ондай
жырындылыққа бармапты.
Қабанбайға осы арада Абылайдың да əлі Көкшетауға қайтпай, бұларды
Қарқаралыдағы жазғы ордасында күтіп жатқаны мəлім болды. Сондықтан
ол қарауындағы қосынды ел-елге таратып, қасындағы Майсара,
Назымдарды да елден келген кісілерге қосып ауылға қайтарып жіберді де,
өзі əр рудың мыңбасы батырларын ертіп, небəрі жүз қаралы қолмен
Қарқаралыға жүріп кетті...
Абылайдың да жорықтан қайтқандарды асыға күтіп отырғаны рас екен.
Батырлардың келе жатқан хабарын естігенде, Ордада шыдап отыра алмай,
қозыкөш жерден алдынан шықты. Екі жақта жақындай бере жүрістерін
тежеп, арқан бойы жер қалғанда аттан түсті. Абылай қасында: Қазыбек,
Бөгенбай, Бұқар жырау, Шақшақ Жəнібектер бар екен. Бұл жақтан:
Қабанбай, Малайсары, Ханбаба, Баян, Байғозылар алға таман іріктеле
берген. Хан, Сұлтан, Қарашы деп жатпай, аңсап көріскен ағайын бір-біріне
тұра ұмтылысты. Тостер түйісіп, құшақтар айқасты. Тек алғашқы ап-сап
басылғаннан кейін ғана, Қабанбай еңсесін тіктеп:
— Хан ием! Өз жарлығың бойынша оңтүстікке аттанған қазақ ғаскері
Сыр бойын жаудан тазартып, Ташкент пен Сайрамды ойраттардан азат етіп,
бəлендей үлкен шығынға ұшырамай, аман-есен оралды, — деді Абылайға
қарата саңқылдай тіл қатып.
— Бəрекелді, Дарабозым! Бəрекелді, сайыпқыран ерлерім! — деп
Абылай жарқын жүз, қуанышты көңілмен, жорықтан қайтқан батырларды
кезек құшақтап, иықтарынан қақты. — Жарайсыңдар, бауырлар!
Айдаһардың жеті басын түгел қақпағанмен, белден соғып мертіктірді деген
осы. Бұл ерліктеріңді Алаш ұлы əрдайым алғыспен еске алатын болады.
— Саған да мың алғыс, хан ием! — деді Малайсары оң қолын кеудесіне
қоя тəжім етіп. — Ағайынға ара түсіп, қол аттандырғаның үшін бұғаудан
босаған исі қазақ пен қарақалпақ өзіне дұғай-дұғай сəлем айтты.
— Сəлемет болсын! Естіп жатырмын. Жау жағадан алып тұрғанда
түстікке дер кезінде жеткен екенсіңдер! — деді Абылай да масаттанып. —
Кəне, ендігі əңгімені Ордаға барған соң жалғастырайық.
Бəрі атқа қонып, бір белдің астындағы тоғай арасына тігілген хан
Ордасына қарай бет алды. Жас батырлар мен нөкерлер арнайы тігілген
үйлерге, қолбасы, мыңбасылар Абылайдың өз ордасына түсті. Күні бұрын
мал сойылып, қазан көтерілгені, алда мол күтім бары байқалды. Көп
ұзамай жұрт дастарқан басына жайғасып, алыс жолдан оптығып келген
батырлар қысырдың қою қымызына, қазы-қарта мен ыстық қуырдыққа
кірісіп те кетіп еді.
Ас үстінде əңгіме қайта қызды. Оңтүстік өлкесінің хал-ахуалы,
Түркістандағы Əбілмəмбет ордасы, ұлыс бегі Төле бидің күй-жайы тілге
тиек етілді. Сайрам, Ташкент түбіндегі ұрыстар, Қарақалпақ ауылдарын
құтқару, ең ақырында ойрат қолының ойсырай жеңіліп, Сайын-Бөлек ноян
мен Намеху-Жырғалдың қалай қашып құтылғаны да сөз болмай қалған
жоқ... Бір сөздің кезегінде Қаз дауысты Қазыбек отырып:
— Япыр-ай, көзінің тірісінде ата жаудан кек қайтарып, қайран Төкең бір
жасап қалған екен ғой! Төленің саулығы қалай екен? Тың ба өзі? — деп ұлы
бидің жағдайын қайталап сұрады.
— О-о, тың болғанда қандай! Кəрі тарлан біз түстікте жүрген екі ай
бойында бел шешіп, аттан түскен жоқ, — деді Қабанбай сүйінішін
жасырмай. — Тек Ташкентке қайтадан орнығып, көңілі жайланған соң ғана
аздап бой алдырғанын байқатты, — соны айтып, əлдене есіне түскендей,
езу тартып күлді де. — Айтпақшы, Қазыбек аға, Төле бидің сізге жолдаған
бір-екі ауыз сəлемі бар еді... Қалай еді өзі? — деп қасындағы жолдастарына
қараған.
Соны күткендей, есік жақта жастар арасында отырған Еспембет
орнынан көтеріле берді де:
— Мен сол өлеңді сізге жеткізем деп уағда беріп, жаттап алып едім.
Мойныма қарыз болмасын, айтып көрейін, — деп тақпақтай жөнелді:
Қақ жарған қара қылды Қазыбегім,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 21
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.