Latin Common Turkic

Дарабоз - 08

Total number of words is 3969
Total number of unique words is 2298
33.9 of words are in the 2000 most common words
48.4 of words are in the 5000 most common words
55.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Ондай ат бір шықса, Құланбайдың жылқысынан шығады. Кейінгі
жылдар аламан шабыста сол ауылдың аттары бəйге бермей жүр, — деді
осындағы ел адамдарының бірі.
— Иə, Құланбай жылқысынан қазанаттар тұқымы үзілмеуші еді.
Сұрастырып көретін екен, — деп Боранбай да ойланып қалған.
Бұлардың Құланбай деп отырғаны — осы Боранбай бидің немере інісі.
Мұрын ішінде Мырзастан Қалқаман мен Мүлкаман тараса, Боранбай —
Қалқаманнан, Құланбай — Мүлкаманнан туады. Жасынан ел билігіне
араласып, ат үстінде жүрген Боранбай орташа дəулетті қанағат тұтқанда,
ата байлығы түгелімен дерлік Құланбайға қонғаны рас еді. Кейінгі
жаугершілік жылдары кімнің де болсын дəулеті шайқалып, төрт түлік малы
шағындалып қалды ғой. Соның өзінде қазір Құланбайда бес мыңдай
жылқы бар десетін. Ауылдарына зəумен жолы түсіп бір келгенде, батырға
тақымы толар ат мінгізбеуді ел атына намыс көрді білем, Боранбай сол
жерде отырып, туысы Құланбайға хат жаздырды.
Əуелі үшбу хаттың басында бұл елге Қабанбайдың қонаққа келіп
жатқанын, батырға жорықта мінетін ат керек екенін, ол ат басқа жерден
емес, Құланбай жылқысынан табылады деп үміт етіп отырғанын тəптіштеп
келді де, одан ары болашақ тұлпардың сынына тоқталды:
«Биіктігі өзіндей болсын, местігі өзімдей болсын. Желгенде екпінінен
жел ессе, аяңы Қазыбектің сөзіндей болсын. Құлағы қамыстай болсын, ерні
талыстай болсын. Екі көзі — ботаның көзіндей, шекесінің арасы қарыстай
болсын. Қабағы — бүркіттің қабағындай, шықшыты бураның сағағындай
болсын. Жылқыңыздан осындай бір тай табылса, мүсіні менің қойған
талабымдай болсын. Жануардың жалы жібектей, қасқа тісі күректей
болсын. Мойны қаздың мойнындай, жігері бабына келген түлектей болсын.
Белдемесі қанатты болсын, жаясы жалпақ, алапты болсын. Бір көргендер
үш көрерлік, осындай сұлу, жарақты болсын. Сауыры құлындай болсын,
кекілі балаға қойған тұлымдай болсын. Ерегесте ер серігі болатындай, ел
есінде қалатындай, өңі-түсі бірыңғай болсын. Денесі шымыр болсын, тұяғы
жұмыр болсын. Қуғанда құтқармайтын қайыспас тұғыр болсын. Құйрығы
төгіліп тұрсын, талданып сөгіліп тұрсын. Самсаған қалың қол ішінде
тұрпаты ерек бөлініп тұрсын. Тілерсегі төмен, екі бұты алшақ келіп,
артынан қарағанда төс сүйегі көрініп тұрсын!» деп сəлем хатты аяқтады да,
дереу қол-аяғы жеңіл бір жігіттен Құланбайға беріп жіберді.
Отырғандар əлі түрі-түсі белгісіз болашақ тұлпардан гөрі Боранбайдың
сыншылдығына, ақпа шешендігіне сүйсініп еді.
— Əй, осыншама қасиет бір бойынан табылатын қыл-құйрықты кезіге
қояр ма екен?!
— Тіпті Борекең айтқан сындардың жартысына толса да, нағыз тұлпар
боп шығар еді-ау! — десіп жатыр үйдегілер...
Кейін, жұрттың айтуынша, бұл хат Құланбайды да терең ойға қалдырған
көрінеді. Ел шетіне Қабанбай келіп жатыр дегенді естіп, Мұрынның басқа
да ақсақал, қарасақалы жиналып, ат жайын ақылдасыпты. Осыншама көп
жылқыдан батыр мінетін бір ат табылмау деген ел атына намыс. Бір амалын
табу керек. Ел қорғаны Қабанбай секілді батырға тұмарлы тұлпар мінгізіпті
деген ататының өзі неге тұрады?! Бірақ, қырсық қылғанда, Боранбайдың
қойып отырған талабы тым жоғары болып тұр. Атбегілер, сыншылар
жиналып, сол төңіректегі дəмелі деген талай жылқыны атаса да, барып
көргенде ешқайсысы айтылған сынға толмай қалды. Біреуінің жүрісі,
екіншісінің сүйек бітімі, үшіншісінің түсі келмейді. Ақырында қатты
дағдарып, тұйыққа тірелген Құланбай өзінің бас жылқышысы Өсербайды
шақырып, ақылдасқан екен.
— Ес білгелі жылқымен көзің шығып, осы түліктің ішінде келе
жатырсың ғой. Біздің жылқы қостарынан мынадай сынға толатын ат
табыла ма? — деп оған хат сөзін қайталап оқып беріпті.
Өсербай да бірден жауап бере алмай, желкесін қасып көп отырады. Бұл,
əсілі, Құланбайдың бес мың жылқысын түгел түстеп танитын, солардың
құлынындағы сақауы мен құнанындағы тісеуіне дейін қолдан өткеріп
жүрген, əрқандай асаудың албастысын қағып алып, тез жуасытатын,
Қамбар атаның сырына аса қанық жігіт еді. Өсербай көкала мен
торыаланың үйірлерін көз алдынан бір-бірлеп өткізгендей ұзақ ойланып
отырады да, бір мезетте жүзі бал-бұл жанып, басын көтеріп алады.
— Таптым, тақсыр! — дейді Құланбайға қарап. — Мен бірдеңе білсем,
қазір сіздің жылқыда бір ғана пырақ бар. Борекеңнің сынына бір толса, сол
толатын шығар.
— Не дейді-ау?!.. Аузыңа май! — дейді Құланбай орнынан ұшып кете
жаздап. — Қайда жүр ол пырағың?
— Осы өзіміздің жылқыда. Əкесі — қазақтың қазанаты, енесі —
түрікпеннің теке-жəуміті. Биыл дөнен. Соның өзінде бүкіл жылқыдан
шоқтығы асып тұрады. Енесі нағыз қашаған қуатын жүйріктің өзі еді.
Содан қайтып құлындаған жоқ, жаңағы торы дөненді үш жыл бойы арда
емізіп келеді... Жануар, торы дөненді айтам, құлын күнінде жеті күн бойы
желіге жатпай қойып еді. Сонда-ақ көзім түсіп, түбі тұлпар боп шығарсың
деп ырымдап едім. Айтқаным келді: қазір жердің өр-еңісін таңдамай
аунағанда, бесікше тербеліп, екі жағына кезек түсіп отырады... Егер
Ардаемген батырдың тақымына толмаса, онда Өсербай бұдан кейін қолына
құрық алмай-ақ қояды! — дейді ол нық сеніммен.
Құланбай əлі де сенер-сенбесін білмей, атбегілері мен сыншыларын
ертіп, жылқы қосына барыпты. Өсербай оларды қалың жылқыны аралатып,
өзіне таныс үйірдің қасына таман əкеледі де:
— Мен нұсқап көрсетпей-ақ қояйын. Осы жылқының арасынан
Ардаемгенді танымаған қазақтың көзі ағып кетсін! — деп, өзі тұла бойын
мақтаныш кернеп, бір шетте тұрып қалады.
Айтса айтқандай-ақ бар екен. Ардаемген көп жұлдыздың ішіндегі
шолпандай, көзге бірден оттай басылады. Тұлғасы нар түйедей
болғанымен, əлі құлын мүшесі бұзылмаған, нағыз томаға көз, тобылғы
торының өзі екен. Екі бұтының арасы ел көшкендей... Жаясы төңкерілген
астаудай. Жұмыр тұяқ, серке сан, қамыс құлақ, қаз мойын, жібек жалды...
қысқасы, Боранбай айтқан бар қасиет бір бойынан табылғандай.
— Осы!— дейді сыншылар бірауыздан. — Іздегеніміз — осы!
Қабанбайдай батырға осы Ардаемген ғана серік бола алады!
Сол күні кешке таман Боранбай ауылына сүйінші сұраған кісілер келді.
Батырға лайық ат табылыпты. Тек бір ғана шарты бар: осы отырған игі
жақсылар ертең түп қопарыла Құланбай ауылына барып, сыбағаларын жеп,
жұмбақ тұлпарды сол жерде ғана көруі керек.
Тəйірі, жайлауда екі қолын алдына сиғыза алмай ерігіп отырған жұртқа
қонаққа бару да сөз болып па. Ертеңінде Боранбай, Қабанбай бастаған топ
түстік жерде, Өкпетінін батыс сілемінде отырған Құланбай ауылына барып
ошарылды. Үй тігілген, тай сойылған... Ауыл үсті той өтіп жатқандай мəресəре. Бірақ Қабанбай қашан белгісіз тұлпарды көргенше, ішкен асы бойына
тарамай, тықыршумен болды.
Шалқар түстің шағы болатын. Жұрт қымыз ішіп, қуырдақ жеп бола
берген бір мезетте, даладан дабыр-дұбыр сөздер естіліп қалды.
— Өсербай ғой мынау!
— Ардаемгенді əкеле жатыр...
— Пай-пай, жануардың өзі де атан түйедей бар екен-ау! — дескен
дауыстар шығады.
Жалғыз Қабанбай емес, ат десе ішкен асын жерге қоятын қазақ біткеннің
құлағы елең ете түсті. Бұдан арты отырыста мəн қалмаған. Соны сезген зор
денелі, қызыл күрең жүзді, сұлу мұртты Құланбай өңінен бақыт нұры
шалқып, жадырай күлді де:
— Ардаемгенді əкелді білем. Бұдан ары батырдың төзімін тауыспай,
əуелі тұлпарды көзден кешіріп барып, дастарқанға сонан соң бір-ақ
жайғассақ қайтеді? — деді қонақтарына жағалай көз салып.
Осы сөздің ауыздан шығуы мұң екен, жұрт орындарынан дүрк көтеріліп,
жапырлай далаға беттеді. Үлкендер сыртқа шыққанда, Өсербай аттан түсіп,
Ардаемгенді кермеге байлап жатыр екен. Бəрі солай қарай аяңдады. Ауыл
адамдары да тайлы-таяғы қалмай еріп келеді. Бұлар жылқы көрмей жүрген
жоқ, батырға лайық тұлпар қандай болады, соны көрмек.
Қабанбай атандай адымдап, ен, алда келе жатқан. Алыстан а дегенде
көзіне шоқтай басылғаны — Ардаемгеннің түсі. Бірыңғай шымқай торы.
Сонан соң көзіне түскені — аттың есік пен төрдей тұрқы мен шоқтығының
биіктігі. Жұрт «атан түйедей» десе дегендей-ақ екен... Ал дəл қасына
келгенде, «мына жері былай» деп ештеңені бөліп айта алмады. Көзі бірден
тұнып кеткен. Жылқыда болатын асыл қасиеттің бəрі бір аттың басына
жинақталғанда, оның əлдебір мүшесін бөліп-жаруға болмайды екен. Бар
білетіні: Боранбай айтқан белгілердің көбі-ақ Ардаемгеннің бойынан
табылатыны анық. Оның көз алдында қазір алып күш пен асқан
сұлулықтың əсем үйлесімі тұр еді. Қуанғаннан Қабанбайдың көзінен жас
ыршып кетті.
— Жануарым-ай!.. Зарыққанда кездескен тұлпарым-ай! Дүниенің төрт
бұрышынан іздеп жүріп, ақыры өзіңді Өкпетінің өрінен таптым-ау! — деп
Ардаемгеннің мойнынан құшақтап, жібек жалына тұмсығын көме иіскеген.
Жануар Ардаемген де бірдеңені сезгендей оқыранып, жер тарпыды.
Былайғы жұртта жамырай құптап, шуылдасып тұр:
— Уа, тұлпарың құтты болсын, Қабанбай батыр!
— «Ат — ер қанаты» деген осы да...
— Жортқанда жолың болып, Ғайып-ерен, Қырық шілтен қолдасын!
— Əмісе жауынды жайратып, халқыңа құт-береке əкелетін бол! — десіп
ақ тілектерін айтып жатыр.
Көпшіліктің дабыр-дұбырына Боранбай ғана араласпай, əлі де
Ардаемгеннің маңайын төңіректеп жүр. Аттың аузын аштырып, тісіне,
таңдайына үңілді. Жалының астын, құйрығының түбін тұтамдап көрді.
Астаудай сауырын сипап, қабырға, белдемелерінің жігіне саусақ жүгіртіп
байқады. Бірақ бидің өңінде бөтен белгі жоқ, тек ырзалық бары байқалады.
Жай ырзалық емес, таңданыс, сүйініш! Ең соңында Ардаемгеннің алдыартын тағы бір айналып шықты да:
— Ғажап!.. Айтар жоқ! — деді Қабанбайға қарап. — Шүкір, қазақ
жерінде əлі де тұлпардың тұқымы үзілмеген екен!
Ардаемгеннің бойында мен айтқан сынның бəрі бар. Тіпті мен айтпаған
нышандар қаншама! Қабырғалары білектей. Қанша шапсаң белі
қайыспайтын қанатты тұлпар деп осыны айтады. Танауын көрдің бе, кішігірім адамның жұдырығы сиып кеткендей. Ентікпейтін кең тыныстың
белгісі. Тұяғы да құрыштан құйғандай жұп-жұмыр, қанша жортсаң да
табаны қызбас тарланның өзі... Жануардың мінезі қандай жайлы: алыс
сапар кезінде қойған жерінде тұратын, ен далада ер жастанып ұйықтап
кетсең, таң ата езі келіп оятатын нағыз тұлпар осы!.. Айтпақшы, ұмытып
барады екенмін ғой, — деді Боранбай Ардаемгеннің сулығынан ұстап, —
өзің жануардың бас бітіміне көз салшы: кез жарым кесер баста бір жапырақ
артық ет бар ма?! Деген бөкен қабақ, елік бастың өзі емес пе?! Айтайын
дегенім: Ардаемген деген өз аты да жаман емес. Бірақ тым ерке, тым
сыпайы. Сал-сері, бозбаланың атына жарасады... Маған бір ой келіп тұр:
Бұл тұлпарды «Қубас» деп атайық. Қаһарлы батырдың жан серік атына
осындай айбынды есім лайық. Бұған не дейсің?
— Болсын! — деген көңілі тасып тұрған Қабанбай ойланбастан.
— Қубас қазір дөнен, — деді Боранбай сөзін жалғап. — Бұл əлі бестісіне
дейін толады. Қашан кемеліне келіп толысқанша ер салушы болма. Шыда.
Жат жерде үйірін аңсап, жүдеп кетіп жүрер. Осы жолы енесімен бірге əкет.
Қашан суалғанша шер-құмардан шығып еметін болсын!
Бəрі де сол Боранбай айтқандай болды. Қубас ат өз енесі торы бедеуді
бестісіне дейін еміп, кейін қолдан беретін сүтке құныққан. Қабанбай оған
алты жасында ер салып, алыс сапарларға міне бастады. Соңғы жылдары
қазақ-қалмақ арасында азамат пен ат қарымын сынайтын ұлы дүбір шайқас
азайғанымен, қуғын, барымта, кіші-гірім қақтығыстар тоқтаған жоқ. Соның
бəрінде де Қубас көңілден шығып жүр. Ал іргелес отырған Арғын, Найман,
Керей елінде өтетін аламан бəйгеде əзірше алдына қара салмай келеді...
Сөйткен ағайынның қарызынан қалай құтылуға болады? Əсіресе,
Қубастай тұлпарға қолын жеткізген Борекеңнің — Боранбай бидің
қызметін қалай ұмытарсың?! Бүгін, міне, ол да сенің қимасыңды сұрап
отыр. Құдай қосса құда болайық деп, қиян шетке баласын жіберіп
отырғаны анау... Жастар өзара жарасса, ақ жол тілеп, бата бергеннен басқа
не амал бар?!
IX
Бұлар аламан ойыны өтетін жерге келгенде, жігіттер бірнеше топқа
бөлініп, жаттығуға кірісіп кеткен екен. Бір тобы жүз елу қадамдай жердегі
серкенің терісіне садақтан нысана атып, екінші бір тобы аттылы-жаяу
қидаласып жүр. Ойын кезінде ұстағандары — нағыз семсер емес, доғал деп
аталатын жай көк темір, немесе қатты ағаштан жонылып, бояп алған
қалақшалар. Алыстан қолбасының келе жатқанын көріп, жігіттер онан
əрмен екілене түседі.
Бірақ мына көрініске Қабанбайдың қабағы ашыла қоймады. Өйткені
Дəулетбайдың жүздігі түгел жиналмапты. Асып кетсе елу-алпыстай ғана
адам. Көпшілігі жүзбасының өзімен аталас Жұмық жігіттері. Бəйжігіт
ішінде қатты өскен ата — Жұмық. Бұл күнде өніп-өсіп, бұтақтанып кеткен,
алты Жұмық аталатын: Саты, Сайболат, Қараша, Қожан, Болат, Тəуке
ауылдары шындаса жүз емес, бес жүз жігіт шығара алады. Ал бүгінгі мына
тірліктері бетімен кеткен берекесіздіктен хабар бергендей.
Қолбасының қабағындағы кірбіңді байқап қалған Дəулетбайдың жаны
шырқырады. Аға алдында не деп ақталарын білмей, жігіттеріне сырттай
кіжініп, ұрысқан болып жүр.
— Иттер-ай!.. Кеше ғана əр ауылға кісі жіберіп, адамша тапсырып едім.
Көзің тайып кетсе істейтіндері осы. Бүгін Қожан ауылында той бар, бəрі
сонда жүр, дəу де болса...
Қабанбай əлі де қабағын аша қоймай, түсін суыққа салып, ренжи тіл
қатты.
— Біреуі тойға, екіншісі қойға кетсе, қолына қару алып ел қорғайтын кім
сонда?
— Бұл жұрт құдайын ұмытқан, — деді Дəулетбай өзінше себеп таппақ
болып. — Ел іргесі тынышталып, жау қарасы көрінбегенге арқаларын кеңге
салып, мүлде жайылып барады.
— Жау қарасы көрінбей тұр деп кім айтты саған? — деді Қабанбай мырс
етіп. — «Біз жақында қазақты шабамыз» деп, қалмақ қашан хабар айтушы
еді? Жау қашанда сенің осындай матқапы, бейғам кезіңді аңдиды.
— Соны айтам ғой. Біздің қазақты үнемі қауіп астында қылпылдатып
ұстау керек. Бір күн ноқта кимесе, асаусып шыға келеді... Сонан соң «құр
қасық ауыз жыртады» дегендей, өнімсіз ойыннан сарбаздар да жалығатын
секілді.
— Сонда не істеу керек, сенің ойыңша?
— Сарбаздардың дені бұрын ұрыс көрмеген жастар ғой. Соларды жорық
үстінде баулу керек пе деймін. Қасқыр екеш қасқыр да қойға шапқанда
бөлтіріктерін ерте жүріп, ауыздандырмайтын ба еді. Тұмсықтары жылы
қанға тиіп, дəніксін дегені... Мақұл көрсеңіз менде бір ой бар.
— Иə, айта бер! — деді Қабанбай жүзбасының жүзіне сынай қарап.
—Ақшəуліден ары Ұрыжар, Қатынсу бойында қалмақ ауылдары сыңсып
отыр ғой. Бір-екі дүркін түнделетіп барып жылқы алайық. Жігіттер
жорықтың дəмін татсын. Қалмақпен қақтығыс басталса, сонда көрейін мен
бұл елдің алаңсыз ұйықтап жатқанын!
— Осы ма, ойлап тапқан ақылың? — деді қолбасы өңінен сұсты ызғар
білініп. — Жаңа қасқыр туралы айттың ғой. Сен сол қасқырдың күшіктеген
кезінде, қашан бөлтіріктері жетілгенше, өз ұясына жақын жердегі ешкімнің
малына тимейтінін білесін бе? Өкше ізім білініп қалмасын, адамдар өшігіп,
ұяда жатқан ұрпағымды құртып жібермесін дегені... Бізде сол қасқыр
құрлы ақыл болмағаны ма? Дəл іргесінде отырып жылқысын шапсаң,
қалмақтың қарымта қайырмасын қайдан білдің? Алдырған кісінің қолы
қатты, ызасы зілді болады. Бір тумен қолмен қапыда келіп бассалса, қарсы
шабар қауқарың қайсы? Анау ма — аламан əскеріңнің түрі? Анық жүз
найзаның басын құрай алмай тұрып, оңай олжа тапқыларың келеді тағы...
— Сонау Ұлытаудан келіп, Жетісудағы жоңғарды талай қан қақсатып
кеткеніміз есіңізден шығып қалды ма, сардар аға? — деді Дəулетбай да
берісе қоймай.
— Есімде... Иə, өзің айтқандай, онда біз Ұлытауда болатынбыз.
Қалмақтар жылқысын Сарыарқаның қай қалтарысынан іздерін білмей,
сандалып қала беретін. Ал қазір іргесінде отырмыз ғой. Сойдақталған ізі
тұп-тура ауылыңа бастап əкелмей ме?!
Дəулетбай үндей алмай қалды. Аққұба жүзі күреңітіп, терлеп кетті өзі.
«Осы жігіт тым дүние қорлау болып бара жатқан жоқ па? — деп ойлады
Қабанбай ішінен. — Жаудан түскен олжаны бөлісуге келгенде көзі тұнып
кететіні болушы еді. Əлі де сол мінезінен арылмаған секілді».
Бірақ ол Дəулетбайды қайтпас қайсарлығы, ұрыста өле қимылдайтын
табандылығы үшін жақсы көретін-ді. Сондықтан ержүрек батырды тым
жасыта бергісі келмей:
— Дегенмен сарбаздарыңның ынтасы жаман көрінбейді, — деді əр
жерде жаттығу жасап жатқан аламандарға көз жіберіп. — Жүріңдер, таяу
барып тамашалайық.
Аттылы-жаяу бір топ жігіт қылыштасып жүрген екі сарбазға қызықтай
қарап тұр екен. Қолбасыға жамырай сəлемдесіп, жарыла жол берді.
Қабанбайдың таң қалғаны, мына екеуінің атқа мінбей, жаяу сайысып
жүргені еді. Көшпенділерде ежелден-ақ жаяу əскер болмаған. Жекпе-жек,
ұрыс-шайқастың бəрі дерлік ат үстінде өтеді ғой. Ал мыналар... Екі
сарбаздың қимылына бір сəт көз алмай қарап тұрды. Үстіне жеңіл бектер
сауыт киген, талдырмаш жігіт өзінен бойы əлдеқайда биік, алпамсадай
қараны жан таптырмай, үсті-үстіне шабуылдап, тықсырып барады.
— Əй, Қолбай, шегінбе... Жасқанбай алға ұмтыл! — деді Қараша Тама
батыр ат үстінен қопаңдап.
— Бұлар кімдер? Неге жаяу қалған? — деді Қабанбай манадан
жарыстың басы-қасында тұрған Тамаға бұрылып.
— Екеуі жаңа ғана нысана атудан жарысқа түскен. Содан араларында
ерегес туып, атқа мінуге мұршалары болмай қалды-ау деймін.
Қолбай деп тұрғаны Қараша ауылының жігіті екен. Ал анау Кенже деген
жас сарбаз — Саты, Дəулетбайдың немере інісі көрінеді. Нысана атудан
балаң жігітке есесі кеткен Қолбай ызаға булығып, қарсыласына қылышпен
тап берсе керек. Бəрі бір Жұмықтың баласы бола тұра, ауылдастардың
қанға қызып тұрғаны байқалады. Өзара намысқа шауып, іштей егесуден
ауыл басшылары Тама мен Дəулетбай да құр емес секілді.
— Кенжені сайысқа өзім үйреткем... Қолбайды тіпті қолына алар емес
қой, — деп Дəулетбай кəдімгідей желпініп тұр.
— Біздің Қолбай найзаласуға мықты. Көр де тұр, осыдан түбінде жекпежектің батыры шығады! — дейді Тама да өз жігітін көтермелеп.
Əйткенмен сайыс онша ұзаққа созылмады. Бір мезетте қара терге түсіп
болдырған Қолбайдың қолынан семсері ұшып кетті де, Кенже доғалының
ұшын оның кеудесіне тіреп тұра қалды.
— Жарайсың, Кенже!
— Намысты қолдан бермедің!..
— Күш атасын танымайды деген осы! — десіп ат үстіндегілер жас
жігітті көтермелеп тұр.
Кенже қидаласудың қызығында жүріп, қастарына кімдердің келіп
тұрғанын байқамаса керек. Кенет қолбасыны көзі шалып қалып, бері қарай
аяңдады.
— Армысыз, сардар аға! — деді он қолын кеудесіне қойып тұрып.
Өнінде алабұртқан жеңіс желігі бар.
— Бар бол, бауырым! — Қабанбай жігіттің он жақ иығына күміс
шырмалы сарыала қамшының ұшын тіреді. Бұл үлкен құрметтің белгісі еді.
— Аяқ алысын жақсы. Тек жылдамдығыңды үстемелей түс, — деді жылы
үн қатып. — Мергендігің қалай?
— Жаттығып жүрміз, — деді жігіт бал-бұл жанып. Көзінде от бар. Кімге
де болса жасымай тіке қарайды екен.
— Кəне, жебелеріңді көрсетші!
Кенже таяуда тұрған атына жүгіріп барып, ердің алдыңғы қасына іліп
қойған оқ толы қорамсағын алып келді. Қорамсағы сəнді, ұлпа жарғақтан
кестелеп тігілген. Жебелері əр алуан: көбе бұзар, қозы жауырын. Біренсаран томар оқ, тіз оқтар ұшырасады.
— Аңшылық құрады екенсің ғой? — деді Қабанбай томар оқтың бірін
ұстап көріп.
— Балқашта тіз оқпен үйрек атушы едік. Ал мына жақта кекіліктен
басқа ештеңе көрінбейді.
— Асықпа. Құстың көкесі — Алакөл мен Зайсанда. Садағыңды сайлай
бер!
— О-о, оған жететін күн болса!
— Жетесің! — деді Қабанбай. — Кəне, нысана атып көрші, қарымың
қандай екен?
Кенже садағын оңтайлап былай таман шықты да, өзінен екі жүз
қадамдай жердегі ақ ешкінің терісін көп көздемей-ақ тартып қалды. Сəл
ысқырып дыбыс шығарған сұр жебе иір доға жасап барып, ақ терінің қара
күйемен дөңгелектеп сызып қойған дəл ортасына барып қадалды.
— Жарайсың! — деді Қабанбай. — Атқан оғың əмісе осылай жерге
түспесін!
Сонан соң, сонадай жерде солбырайып тұрған Қолбайды шақырды
қасына.
— Əй, сен бері келші, жігітім. Қай ауылдансың? Жөніңді айтшы.
Қасына келгенде байқады: тым жас та емес, отызға келіп қалған жігіт.
Жаңағы жеңілістен кейін əлі есін жия алмай тұр ма, иіні түсіп, төмен қарай
береді. Былайша, денесі мығым, күш жағына сорлы емес секілді. Тек жігер
жетіспейді, жанарында от жоқ.
— Мен — Қолбаймын. Қараша Хамзаның баласымын, — дегеннен өзге
жарытып ештеңе айта алмады.
— Ау, өзің қарпуы жетпеген киіздей неге болбырап тұрсың? Аздап
былай ширасайшы! — деді қолбасы езу тартып. — Жеңілдім екен деп
жасыма! Дүние кезек: бұл жолы қапы кетсең, келесі жолы қарымта
қайтарасың... Өзің басыңды көтеріп, маған тура қарашы! Е, солай... Сен
азат елдің азат ұлысың, ұқтың ба? Біреудің қорасына кіріп, қолға түскен
ұрыға ұқсамай, еңсеңді көтеріп, басынды тік ұстап жүр. Есіңде болсын,
жауды айбындыратын — алып дене, асқан қайрат қана емес, мұқалмас
жігерің, қарсыласыңның өңменінен өтетін, кекке толы жанарың! Ұқтың ба?
— Ұқтым, - деді Қолбай зорлана езу тартып.
— Ұқсаң, бара ғой. Сені əлі де ширата түсуді Тама батыр қолға алатын
шығар.
Қабанбай сарбаздардың теңге ілу, қамшы тастау, найза шаншу секілді
ойындарын көзден кешіріп, тағы біраз жүрді де, ауылға қайтуға
ыңғайланды. Мына қасына ерген жастар аламан ойынын тамашалауға
қалды да, Тама мен Дəулетбай оны едəуір жерге дейін ұзатып салды.
Манағыдай емес, Дəулетбай көңілді. Кенженің мақтау естуі оның да
біраз кінəсын шайып кеткен секілді... Ал Тама батыр сардарға жанасалап,
манағы Қолбай жайын түсіндіріп келеді. Əкесі жоқ, жетім. Ана бір
жылдары шешесімен бірге қалмақтың қолына түсіп кеткен екен, елге
бертінде оралыпты. Тұтқында жүріп жасып қалған жайы бар. Əйтпесе күшқайрат жағы жетеді.
— Тұтқында болды дейсің бе? Ол жақта қанша жүрді екен? — деді
Қабанбай елең етіп.
— Жеті жыл шамасында оралды-ау деймін...
— Бəсе, өзім де бір кілтипаны бар-ау деп ойлап едім, — деді қолбасы
мұртын тістелеп. — Тұтқында ұзақ уақыт болғандарды жасақтан
босатыңдар. Шаруаларын істеп жүре берсін.
— Неге, сардар аға, сенбейсіз бе?
— Сенбегенде, мен оларды жау жағына шығып кетеді деп тұрғам жоқ.
Ұзаққа созылған кіріптарлық текке кетпейді, оның ой-санасына құлдық
таңбасы болып басылады. Сүйекке сіңген қорқыныш-үрейден ол бəрібір
арылмайды. Ал əскер ішінде қорқақтардың болуы — жұқпалы дерттен де
қатерлі.
— «Күшігінде таланған ит қасқыр алып жарытпайды» дегеніңіз ғой, —
деді Дəулетбай оны қостап.
— Иə, соған жақын. Мəселен, Қолбай манағы Кенжеден күші жетпей
жеңілген жоқ, жігері, тəуекелі жетпеді, — деп аз-кем бөгелді де, ендігі сөзін
Тама мен Дəулетбайға бірдей арнады. — Жалпы, естеріңде болатын жайт:
жігіттерді жасытпай еркін ұстаңдар. Əрбір сарбаз өзінің еркін елдің ерке
ұланы екенін бір сəт жадынан шығармасын. Құлдық — Алаш ұлына жат.
Ол не жеңеді, не азаттық үшін басын береді — екінің бірі!
Соны айтып, батырлармен қоштасты да, Қубастың бұлан, құйрық
жүрісімен ауылға қарай соза тартып жүріп кетті. Тағы да сол қазақтың
бейғамдығы, етек бастылығы туралы ойлар меңдеп келеді. Өз қарауындағы
елден тұрақты жасақ құрмақ болып қанша жанталасқанымен онысынан
ештеңе өнетін емес. Баяғыда Қасым хан мен Хақназар ханның, Тəуекел мен
Есімнің заманында, қазақ хандығы Сыр бойындағы қалаларға ие боп
тұрған кезде, бұл ел бекініс-қорған сайын тұрақты əскер ұстаған көрінеді.
Бірақ ол дəуір келмеске кеткелі қашан... Хан кеңесіңде Абылай дұрыс
айтты. Қазақтың қазіргі аламан əскер деп жүргені — қолдарына қаруды
амалсыз ұстаған малшы шаруа. Не керек, бұл жөнінен іргелес отырып,
итжығыс түсіп жүрген жоңғарға жете алмадық қой. Жалпы қалмақ
қауымын түп-түгел мал-жанымен көшіп жүрген əскер десек, олардың күшқуаты — темірдей тəртібі мен басқан ізіне қан ұйып қалатын
қаталдығында. Баяғы гүн дəуірінен, Шыңғысханнан қалған өнеге бар
оларда. Қанша дегенмен Қағанат басқарған ел ғой. Ал біздің қазекең
қашанда қапыда қалып, қорғаныста жүргені... Осы кіріптарлық пен құлдық
маңдайымызға мəңгі жазылып қалмаса не қылсын?!
Осындай ойлар құшағында бір-екі белдің астындағы ауылына да таяп
қалған. Кезеңге шыға келгенде байқады: ауыл маңы қара-құраға толып
кетіпті. Бір шетте шөгерілген жүкті түйелер, матастырылған ерттеулі
аттар... Бұлар кім болды екен?» деп таңданып үлгергенше, қарсы алдынан
сүліктей қаракөк атқа мінген Шынқожа батыр шауып шықты. Қысқаша
аман-сəлемнен кейін:
— Ой, сардар аға, келгеніңіз мұндай жақсы болар ма! Енді болмаса сізді
іздеп шыққалы тұр едім, — деді басына болат дулыға, үстіне жеңсіз көбе
киіп, бес қаруын асынып алған Шынқожа астындағы атын көкке
шапшытып.
— Иə, не боп қалды? Тыныштық па? Мына ошарылып жатқандарың
кімдер? — деді Қабанбай ауыл жақты нұсқап.
— Қалмақтар ғой... Елшіміз дейді. Араларында бір-екі орысы бар...
Қалғаны — Қашқардан шыққан саудагерлер.
— Орыс дейсің бе? Бізге келе жатыр ма екен?
— Жоқ. Жоңғардан қайтқан беті болса керек. Жетісарайға5 одан ары
Омбыға асатын көрінеді.
— Бұлар сендерге қалай кездесіп жүр?
— Біз бүгін қарауылда тұрдық қой. Күн көтеріле Алакөл жақ беттен бір
түйдек шаң көрінді. Аңысын аңдып күтіп жаттық та, жақындағанда тарпа
бассалдық. Ойраттардың кеудесі жоғары, тіпті жауап бергісі келмейді.
Қарсылық көрсеткендерін ептеп «ұшықтап» алдық.
— Шын елші болса, бекер тиіскенсіңдер, — деді қолбасы атын тебіне
түсіп. — Жүріңдер, бара сөйлесейік.
Бұлар кермеге аттарын байлап, қастарына жақындағанда, қонақ үйлердің
сыртындағы көгалда бірінің иығына бірі сүйеніп он-он бестей адам отыр
екен. Кілең қаусырма жағалы, өңірінен қиғаш түймелейтін қызыл күрең
шапан киген, қайырма қалпақты қалмақтар. Іштеріндегі екі орысты ғана
бос қойып, басқаларын қолын артына қайырып байлап тастапты.
Қалмақтың да тəуір киінген үш-төртеуі елші де, қалғандары күтуші,
қорғаушы, жасауылдар көрінеді.
Ал бірге келген саудагерлердің бұлармен тіпті ісі жоқ, тоғанақтарын
түсіріп, ауыл сыртына шатырларын тігіп, жаймаларын жая бастапты. Ауыл
адамдарының көпшілігі саудагерлер маңына топталса, енді бір бөлегі
елшілерді қоршап алыпты. Бұл елге қалмақ таңсық емес-ті. Жиналған
жұрттың бар назары — екі орыста. Олардың бірі — жас шамасын айырып
болмайтын қаба сақалды, мосқалдау кісі екен де, екіншісі — көгілдір
көздері аспандай мөлдіреген, жап-жас, шикіл сары жігіт. Екеуі де өз елінің
үлгісімен бір сыдырғы тəуір киінген: бастарында келіауыз бөрік, үстерінде
асыл бұлдан тігілген қайырма жағалы қаптал шапан. Сабалақ сарғыш
шаштары көздеріне түсіп, қою салқал-мұрттан бет-ауыздары зорға көрінеді.
— О, тоба, орыс деген осындай болады екен-ау!
— Көздерін қарашы, тұздай!
— Сақалдың көкесі осыларда екен. Мыналардың қасында біздің сақал
қойдық деп жүргеніміз бекершілік!
— Аузы түкті кəпірмісің деген осы-ay! Тым құрыса тамақ ішетін жерін
оңашалап, мұрттарын сəл басып қойса қайтеді екен?! — десіп, өмірі орыс
көрмеген жұрт таңырқаса гу-гу етеді.
Қабанбай жүргіншілердің қасына келіп, жағалай көз жүгірте қарап
шықты да:
— Иə, мырзалар, кім боласыздар? Қайдан келе жатқан адамсыздар? —
деді байыппен тіл қатып.
Əлгілердің арасында айдарын білемдеп өріп тастаған еңгезердей егде
қалмақ бар екен. Бəрінің атынан сол жауап қатты. Денесі дүрдей
көрінгенімен, даусы шəңкілдеп, бір түрлі қызық естіледі.
— Ал өзің кім боласың? Біз кез келген қазаққа жауап беруге тиіс
емеспіз, — деді суырдың айғырындай шақ-шақ етіп.
— Мен бе? Қаракерей Қабанбай батыр дегенді естулеріңіз бар шығар...
Мен сол кісімін.
Қабанбай атын естігенде қалмақ елшісінің көз шарасы үлкейіп, «мынау
шын айтып түр ма?» дегендей, батырдың бас-аяғына сүзіле қарап шықты.
— Солай де... Біздің талай ойраттың қанын төккен Қабанбай деген жəйт
бар деуші еді, сол сен екенсің ғой. Болса болар!
— Бірақ мен, елші мырза, ойрат ордасын əлі бір рет барып шапқан
емеспін, — деді Қабанбай езу тартып. — Ал қазақ жеріне қасқыр боп тиген
қалмақты аямағаным рас... Сонда кім дейміз сізді?
— Мен — орыс еліне сапар шегіп бара жатқан ұлы қонтайжының елшісі
— Ошыржап боламын! — деді елші өзін əлі де тым асқақ ұстап. — Ал
мына қасымдағы кісі — Жоңғар ордасына барып қайтқан орыс елшісі
Угримов мырза... Жігіттерің шетінен бейбастақ, тым əдепсіз екен.
Қаруымызды сыпырып алып, өзімізді зорлықпен байлап əкелді осында.
— Қолдарын шешіңдер! — деді қолбасы Шынқожаға бұрылып. — Бірақ
қаруларын бермей тура тұрыңдар.
Байлаудан босап, ес жиып алған соң, қалмақ елшісі қайтадан күшейе
бастады:
— Тарбағатайдың бұл қапталы түгелімен ұлы қонтайжының иелігінде
емес пе еді? Сендер бұл араға қалай келіп қалғансыңдар? — деген
маңғаздана түсіп.
Шамасы, Ошыржап елшінің сөздік қорында «сіз» деген сыпайы сөз жоқ
болуы керек. Əлде алдын-ала ықтырып алғысы келген түрі ме, кімге де
болса «сен» деп əспенси сөйлейді екен. Қабанбай мырс етіп күлді де:
— Жоңғар атының тұяғы тиді дегеніңіз болмаса, бұл өңір — қазақтың
байырғы мекені ғой, елші мырза. Мен білсем, ойрат қолының осы
шегінгені — шегінген. Келесі бір келгеніңізде, құдай бұйырса, сіз бен біз
Барлық тауының бауырында кездесетін шығармыз! — деді əр сөзін
балғамен ұрғандай шегелеп.
Ошыржап бұл сөзге жауап қатпай, батырды оқты көзімен ата бір қарап
қойды... Қабанбай есімі аталғанда екі орыс бір-біріне мəністі көз тастап,
өзара сөйлесіп отырған. Ошыржаппен арадағы əңгіме саябыр тапқан кезде,
жаңағы қаба сақалды егделеуі бұған қарап бірдеңелер айтты да, қалтасынан
түтікке салып шиыршықтаған қағаз алып ұсынды.
Қабанбай түтікшені қолына алып, орауын жазып көрді де:
Қап, мына теріс жазуды оқитын кісі керек қой! — деді айналасына
қарап: — Жүсіп-қожа қайда екен, шақырыңдаршы!
Бір жігіт жүгіре жөнеліп, əлден уақытта Жүсіп-қожаны ертіп келді.
— Молдеке, сіз орысша білуші ме едіңіз? Мына ирек жазуды оқуға
қалайсыз?
— Оқимыз ғой... Жас кезімде бұл жұрттың тілінен де хабардар болғаным
бар. Бірақ кейін құран кариммен араластырмайын деп, аузыма алмай кетіп
едім, — деді Жүсіп қағазға селқостау қол созып.
— Ештеңе етпейді. Зəруретпіз ғой... Адамдар арасына дəнекер болуды
Алла-тағала күнəға жазбас, — деді Қабанбай күліп.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 09
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.