Latin Common Turkic

Дарабоз - 07

Total number of words is 4113
Total number of unique words is 2311
35.4 of words are in the 2000 most common words
50.4 of words are in the 5000 most common words
57.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Бек дұрыс айтасыз, ханым. Алладан үміт үзбеңіз, — деді Жүсіп-қожа
ойын нықтай түсіп. — Отыз күн оразаңызды ұстап, бес уақыт намазды қаза
қылмай, шын көңілден мүнəжат етсеңіз, сіз үшін оның сауабы өте зор.
Хатта, дін қарындас мұсылманның сауабынан да зор болуы мүмкін.
Əсілі, екі діннің, əр түрлі сенімнің арасында кезек ауытқып жүргенде, о
дүниедегі жағдайым қалай болар екен деген бір қорқыныш Шойқара
байғұстың да ойынан шықпайтын болса керек. Молданың əлгі сөзінен
кейін мерейі тасып, шырайланып қалды.
— Апыр-ай, мынау өзі бір біткен жұмыс болды-ау! — деді Шағалақ
ұжмаққа осы қазір еніп кететіндей желпініп. — Бұл дүниеде не бай болып
бағымыз ашылмады, не батыр боп атағымыз шықпады. Тым құрыса о
дүниенің рахатын көрелік те.
— Демек, біздің Шақаңнан олжалы кісі болмады ғой. Бұл дүниенің
қызығы мен о дүниенің иманы қабатынан қанжығасында кетті-ау! — деді
Қабанбай əдейі сөз тудыру үшін.
— Əрине! — Шағалақ шалқайыңқырап отырды. — Ол үшін мына мен
сияқты сауабы мол, шапағатты шаруалар тындыру керек. Мəселен, мына
саған да қалмақтан қатын алудың талай реті келді ғой. Небір тұлымы
желбіреген, қима бел, тобылғы торыны өзіңе сыртынан нұсқап көрсеттім
де. Соған көндің бе? Майсарадан аса алмай, майрылдың да қалдың. Енді,
міне, Шойқара екеуіміз қол ұстасып, бейіште жеміс теріп жүргенімізде,
сендер ауыздарыңның суы құрып, босағада қарап тұратын болдыңдар!
Бұл сөзге үйдегілердің бəрі қыран-топан күлісіп жатыр.
— Қап, мына Шақанды-ай, ə?! — деді Майсара қызарақтай күліп. Сонан
соң күйеуі жаққа жалт етіп бір қарады да: — əлі де кеш емес, осынын
ызасына келесі жолы қалмақтың бір сұлуын алып-ақ келші! — дегенді
қосып қойды.
Ерігіп отырған жұртқа шариғат айтам деп шатаққа қалған Жүсіпқожа
əңгіменің аяғы əзіл-қалжыңға ұласып кеткенін ұнатыңқырамай, əрі
Шағалақты жұрттың бəрінен, тіпті Қабанбайдан да жоғары қойғанына
ыңғайсызданып, қысыла бастаған-ды.
— Шағалақ əпенді, сіз өйтіп асылық етпеңіз, — деді амалсыздан
əңгіменің бетін басқа арнаға бұрып. — Алланың рахметіне мастанып
күпірлік қылсаңыз, ғұмыр бойы жинаған сауабыңызды бір-ақ күнде төгіп
алуыңыз да бек мүмкін, — деп сəл іркіліп барып, сөзін қайта жалғады. —
Ал бəріміздің қамқор иеміз — Дарабоз үшін сіз онша қиналмай-ақ
қойыңыз. Бұл кісінің орны — онсыз да бейіштің төрінде. Бір құдайдың
жүзін бар ғұмырын діні жат дұшпанға қарсы қылыш сермеп өткерген,
өлсем шейіт, қалсам — қазымын деп басын күнде қатерге тігіп, дін
исламның жолын қорғаған халық қаһарманы көрмесе, енді кім көруге
тиіс?! Бұл жағынан Дарабоздың еңбегі пайғамбарымыз Мухаммед
расулалланың сүйікті серіктері — төрт шаһаряр халифаттардай
болмағанмен, солардан бергі сахабалармен қатар тұрады, — деп салды, бас
қолбасыдан о дүниенің бар жақсылығын аямай.
«Ал, қалай екен?» дегендей, Қабанбай мойнын бұрып, Шағалаққа иек
қаққан. Ол аса күйінген адамның қалпына түсіп, алдындағы қымызды
басына төңкере бір-ақ сімірді де:
— Белгілі болды. Құдай жарықтық та күштілер жағында екен ғой. Жаңа
ғана осы жұрттан иығым асып отыр еді, баяғы таз кебіме қайта түстім-ау!
— деді тап бір сол үшін қатты күйзеліп отырған кісідей.
«Бар ғұмыры аттың жалы, атанның қомында өтіп, мүлде ауыздықсыз
өскен осы қазақтарға шариғат айтып отырған — мен де саппаспын-ау!» деп
ойлады Жүсіп-қожа, өзіне-өзі қатты кейіп. Сол ішкі ширығудың əсері ме,
енді бірден үй иесіне бұрылып, əдейі келген жұмысына көшті.
Айтып отырғаны Қабанбайды да, басқаны да елең еткізерлік, үлкен
жаңалық еді. Жай жаңалық емес, қаралы хабар. Кеше Арқа жақтан Жүсіпқожаға арнайы кісі келген екен, соның əкелген хабары.
— Қарасақалды өлтіріп кетіпті! — деді ол қысқа қайырып. — Ауыл
сыртына мал көздей шыққан жерінде біреу білтелі мылтықпен атып кеткен.
Кім екенін білмейді... Сөйтіп дүниенің төрт бұрышын кезген атақты
жиһангез ақыры кісі қолынан мерт болыпты.
— Апыр-ай, қарағайдың қарсы біткен бұтағындай, ол да бір қайсар жан
еді. Аңдып жүріп қапысын тапқан екен- ау! — деп Қабанбай дұға қылып,
бетін сипады. Қарасақалды жақсы білетін үйдегі басқа адамдар да «иманды
болсын марқұм!» десті, қаралы хабарды естігенде түстерін суытып.
Жүсіп-қожаның ендігі бұйымтайы: ертеңдер сол жаққа аттануға рұқсат
сұрай келіпті. Кешегі башқұрттағы бұлғақ кезінде қарулас, ниеттес болған,
бастарына екіталай күн туғанда қазақ даласына бірге ауып келген қанды
көйлек жолдас еді. Топырақ салуға нəсіп етпесе де, басына барып құран
оқып қайтпақ.
— Ниетіңіз қалыс екен, жолыңыз болсын! — деді Қабанбай. — Біздің
атымыздан да дұға бағыштап, құран-хатым түсіріп қайтыңыз!
Қаралы хабардың жан-дүниесіне қатты əсер еткені соншалық, Жүсіпқожа шығып кеткеннен кейін де ой-қиялы көпке дейін Қарасақал
төңірегінен ұзай алмады. Көктемде бұлар Тоқырауын бойынан бері
қозғалғанда марқұм көштен бөлініп, қайын жұрты Қазыбек ауылына
қосылу ниетінде Қарқаралы-Қазылық жаққа бет алып еді. Байғұсты қан
тартып тұр екен-ау сонда... Ал енді Қарасақалды кім өлтіруі мүмкін?
Батыстан келді ме, əлде шығыстан келді ме? Иə, оның басына бəйге
тіккендер аз ба еді? Кім де болса — орыс пен ойраттың əдейі жіберген
жансыздарының бірі.
Қазақтар «Қарасақал» атандырып жібергенімен, оның бір басында аты
да, атағы да жеткілікті еді. Ол — ноғай сұл¬таны Герей, ол — башқұрт бегі
Меңдіғұл Юлаев, ол — қалмақ ханзадасы Шуно Доба... Əйтеуір, жұрттың
көбі Қарасақалдың кім екенін біле алмай-ақ кетті ғой. Оның құпиясын
бөлісіп, сырына ортақ болған некен-саяқ адамдардың бірі — Қабанбайтұғын.
Ол алғаш рет Башқұрт арасында Қырымнан ауып келген ноғай
бекзадасы Герей деген атпен мəлім болды. Бұл — 1740-жылдың басы,
башқұрт елі түгел атқа қонып, патшаға қарсы бұлғақтың нағыз қызып
жатқан кезі еді. Башқұрт бектері бірінің айтқанына бірі көнбей, билікке
таласып, енді өздеріне бас болатын, ақсүйек хан тұқымынан шыққан ара
ағайын іздеп жүрген-ді. Іздегенге-сұраған, Қарасақал осы шартқа дəл келе
кетті. Ақсүйек пе десең — ақсүйек, бекзада ма десең — бекзада. Ноғай
сұлтанының баласы — Герейден артық қандай кісі керек?! Оның үстіне
аузында иманы, қолында құраны бар адам. Оқу-білімге жетік, Ыстамбұлдан
асып, Мекке-Мединеге дейін барып келген. Құдай өзіне кескін-келбет, күшқайратты да аямай бере салған. Атқан оғы жерге түспейтін мерген, ат үсті
сайысында жан шақ келтірмейтін жауынгер... Сонымен, не керек,
көтерілісшілердің бір тобы ноғай сұлтанының баласы Герейді — Меңдіғұл
Юлаев деген атпен өздеріне хан сайлаған.
Алайда көп ұзамай көтеріліс сəтсіздікке ұшырады. 1740- жылдың
жазында бұлғаққа қатысқан башқұрттар қанды қырғынға тап болды. Патша
əкімдері қолға түскен бүлікшілерді топ-тобымен айдап əкеліп дарға асты.
Тек жүздеген қолмен Қарасақал ғана қоршауды бұзып шығып, қазақ
даласына өтіп кеткен. Қазақтың кең даласы кімдерге пана болмаған?!
Қашқын башқұрттар бестен-оннан бөлініп, əр ауылға сіңіп кетті.
Қарасақалдың өкше-ізін байқап қалған Орынбор шекара комиссиясының
бастығы князь Урусов та оның соңына тəуір-ақ түсіп көрді. Шақшақ
Бөгенбай батыр Қарасақалды ұстап беруді міндетіне алған екен. Бірақ
онысынан ештеңе шықпады. Қашқындар Орта жүзге ішкерілеп енді де,
Абылай мен Барақтың, Қабанбайдың қорғауына ие болып, соңына
түскендерге қамшысының ұшын да бермей кетті. Орынбор əкімдері
Қарасақалдың сары ізіне түсуді бертінге дейін тоқтатқан жоқ. «Егер елге
қайтып келіп, қаруыңды тапсырсаң, өткен істі қуыстырмаймыз» деп оған
кісі салып та көрді. Алайда бүлік басы алған бетінен айныған жоқ.
Осы бетінде үндемей жүре берсе оған келер ешқандай пəле жоқ
болатын. Бірақ Қарасақал тумысында тыныш жүре алмайтын адам еді. Ол
патша əкімдерінің құрығынан құтылған соң, өзін қалмақ ханзадасы Шуно
Доба батырмын деп жариялап, енді ойрат ордасының зəресін алды.
Арыстандай айбатты Халдан Цереннің өзі күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан
айрылды. Жалғанда ел аузындағы аңызды, өсек-аяңды тоқтату қиын екен.
Адам айтса нанғысыз «Шуно батыр» туралы аңыз шықты да, қазақ-қалмақ
арасын лезде жайлап алды. Халдан Церен əкесі бір, шешесі бөлек тақталас
інісі Шуно Добаның əкелері Цеван Рабдан өлген соң бас сауғалап, Еділ
бойындағы нағашысы Аюке ханға қашып кеткенін, сол жақта бес жылдай
тұрып, ақыры 1732 жылы жансыздар у беріп өлтіргенін, құрым киізге
оралған денесі өртеліп, күлін көкке шашып жібергенін жақсы біледі. Ол
баяғыда марқұм болған Шуно Добаның аруағынан емес, мына шыққан
аңыздан қорқады. Аңыз бойынша, Шуно батыр ол жолы өлмеген. Өзіне
сондай қауіп барын, біреулердің астыртын қастық сайлап жүргенін алдынала сезіп, қашып құтылып кеткен. Денесі құрым киізге оралып өртелген,
күлі көкке шашылған — басқа адам. Шуно батыр тірі. Міне, дүние жүзін
аралап, ілім-білім жинап, əкесінің алтын тағына ие болу үшін қайта оралып
отыр.
Халдан Цереннің бақ күндестері мен хан саясатына наразылар бұл
аңызды одан əрмен құтыртып, өршітіп əкеткен. Өзгесін қойшы, «өзіміздің
заңды мұрагерімізге барамыз» деп, ойраттардың топ-тобымен қазақ
ордасына қашқанын қайтерсің. Ал, мықты болсаң, ел ішін жайлап кеткен
алып қашты əңгімені тоқтатып көр! Ойрат ханы тағында отырып
арыстандай шабынды. Қазақ ордасына дүркін-дүркін елші жіберіп, жалған
Шуно батырды, яғни Қарасақалды ұстап беруді талап етті. «Егер кімде-кім
Қарасақалдың тірідей өзін, не кесілген басын əкелсе, ат басындай алтын
берем» деп те жарлық шашты. Бірақ жалған мұрагерді қолына түсіре
алмады. 1743 жылы Абылайды тұтқыннан босатқан кезде де Халдан
Цереннің қойған бір шарты — Қарасақалды ұстап беру болатын. Барақтың
баласы Шығайды аманаттан қайтарғанда да, орнына Қарасақалдың басын
əкеліп бер деп өтінген. Бірақ ауылға келген қонақты жəбірлеп, біреуге
ұстап беру қазақтың мейман-достық салтына жатпайтын болғандықтан,
жоңғар ханының ол тілегі орындалмады.
Сонымен, ол ел ішінде қалмақ ханзадасы Шуно батыр болып жүріп
жатты. Түрік тілдеріне жетік, қалмақша да мүдіріссіз жақсы сөйлейді. Ол
буддадан уаз кешіп, исламға бой ұруын жоңғар ақсүйектері мен ламалардан
көңілім қалып, безіп шыққандығым деп түсіндіретін. Осы қылығы күллі
мұсылманның көңілінен шығып, жанашырлығын оятқан еді. Шуно Доба
жоңғар ордасынан жастау кезінде, бұдан жиырма жыл бұрын кеткен ғой.
Білетіндердің айтуынша, Қарасақал қалмақ ханзадасына қатты ұқсайтын
көрінеді.
Қарасақал, негізінен, Найман ұлысын паналап, Барақ сұлтанмен тез тіл
табысып кетті. Барақ өзі бас құда боп барып, Қаракесек ауылдарынан қыз
алып берді. Екеуінің ымы-жымы бірігіп, жоңғарға қарсы жорықтарға да
бірге аттанып жүрді. Қарасақал, не үшін екен, Қарақалпаққа — жиі
шабуылдап, қашанда сол жақтан мол олжамен оралатын... Ал марқұмның
жүрек жұтқан ерлігі мен қайратында қапы жоқ еді. Қабанбай оны сол көзсіз
батырлығы үшін сыйлайтын-ды. Оның тіпті ешқандай да қалмақ ханзадасы
емес екенін іші сезсе де, қалайда басына іс түсіп жүрген азамат қой деп,
түп-тұқиянын көп қазбаламайтын. Қарасақал өзінің кім екенін биыл
көктемде, ел екіге айрылып, Қабанбай көші шығысқа беттер қарсаңда бірақ айтты. Онда да көпшілік алдында, жария түрде емес, оңаша шығарып,
құпия сыр етіп айтқан. Сөйтсе, қоштасып жүр екен ғой, байғұс. Наурыз
кезінде ауылға келіп, екі-үш күн қонақ болып қайтқан-ды.
— Мен, жұрт айтып жүргендей, ноғай бекзадасы Герей де, башқұрт бегі
Меңдіғұл Юлаев та, қалмақ ханзадасы Шуно Доба да емес, баяғы
қарақалпақ əмірі Хасанның кенже ұлы Байболатпын! — деп еді сол жолы
ағынан жарылып. —Амалсыздан басқаға өтірік айтсам да, сіздің алдыңызда
күнəға батқым келмейді. Əкем Хасан осы ғасырдың басында Үргенішті
билеп тұрғанда, Хиуа ханының қаһарына ілігіп, тірі қалмасына көзі жеткен
соң, амалсыз бас сауғалап қашуға тура келді. Атырау мен Жайықтың бергі
беті пана болмай, Еділден ары қалмақ даласына өтіп кеттік. Əкем
қарбаласта басқа үрім-бұтағын тастап, өзінің екі баласын — он бестегі
Есім мен он жасар мені ертуге ғана шамасы келген. Біз қалмақ жерінде ұзақ
тұрдық. Əкеме ақыры сол жақтан топырақ бұйырды. Кейін Хиуа тағына
басқалар ауысып келіп, кеңшілік алған Есім елге қайтты да, мен жат өлкеде
тұрып қалдым, — деп əңгімесін бастаған Байболат-Қарасақал бастан өткен
хикметтерін сол жолы түгел баяндап беріп еді.
Қалмақ тілін Еділ бойында жүргенде үйреніпті. Ойрат ордасының
ханзадасы Шуно Добамен де сол жақта, Аюке ханның елінде ұшырасқан.
Екеуі де бастарына күн туып, жер ауып жүрген жандар болғандықтан,
бұлар тез тіл табысып, Байболат біраз уақыт ханзаданың қасында нөкер боп
жүреді. Шуно байғұстың ішкі сырына ортақтасып, арман-қиялын бөліседі.
Оңаша қалған кездерінде бұған не айтпаушы еді сорлы ханзада?! Күндердің
күнінде ұлы жоңғар еліне қалай оралатынын, опасыз Халдан Цереннің
басын алып, өзінің заңды сыбағасы — алтын таққа қалай отыратынын,
ойрат елі бұл қуанышты қалай тойлайтынын, осы бүгін болып жатқандай,
майын тамыза баяндаушы еді. Егер ондай күн туса, Байболатты Үргеніш
қана емес, бүкіл Хиуағахан көтеруге уəде берген... Бірақ ол арманға екеуі
де жете алмады ғой. Сары ізіне түсіп, жең ұшынан жалғасқан Халдан
Цереннің жансыздары қапысын тауып, есіл ердің түбіне жетті.
Қарасақалдың өзін «Шуно батырмын» деп жариялау себебі, қайран
ханзаданың аруағын сыйлап, еске алғандықтан көрінеді. Мақсат — Шуно
Добаның өзі болмаса да, көзі ретінде, аз күн де болса атын қайта тірілтіп,
Халдан Цереннің зəресін алу. Сол арқылы Жоңғар ордасына іріткі салу.
Оның қазақ сұлтандары мен батырларының қолдауына не болуы да
сондықтан еді.
— Жарайды, өзің қарақалпақ екенсің. Сүйте тұра дүркін-дүркін
қарақалпақты неге шабасын? — деген Қабанбай бір сөздің кезегінде.
Сөйтсе, оның да себебі бар екен. Төменгі қарақалпақты қазір билеп
отырған Шайбек хан — мұның немере інісі, яғни баяғы Есімнің баласы
көрінеді. Қарасақал қазақ даласына келісімен, інісіне өзінің амандығынан
хабар берген. Екеуі астыртын араласып тұрады. Алайда өз халқы Шайбекке
түгел бағынбай, бір бөлігі өзбек бегі — Абдірахман жағына ауытқи беретін
тəрізді. Қарақалпақты шапқанда, бұл бəрін емес, жанағы немере інісі
нұсқап берген, өзбек бегіне бейім ауылдарды ғана шабады екен.
Сол жолы Қарасақал басына іс түскен қиын-қыстау күндерде өзіне арқа
тірек, пана болған Қабанбайға шын жүректен ризашылығын білдіріп, бұл
рет шығысқа бет алған көшке ілесе алмайтынына кешірім сұраған. Ашып
айтпаса да, Жоңғар хандығына тым тақау баруға қаймығатыны, одан гөрі
қазақ даласының қалың қатпарлы орталығында жүргенді қолай көретіні
сезіліп тұрды. Əлде тірлігіне төнген қауіп барын ет жүрегі сезіп жүрді ме
екен, сол жолы жер түбіне кетіп бара жатқандай, Қабанбаймен қайта-қайта
төс түйістіріп, қимай қоштасқан-ды...
Сөйткен Қарасақал да өте шықты дүниеден. Сонда ол байғұстың түбіне
жеткен кім болды екен? Əлде Барақ сұлтаннан келді ме? Жоқ, олай болмас.
Қанша дегенмен хан тұқымы, ақсүйек деген аты бар. Халдан Цереннің көзі
тірісінде аман алып қалған Қарасақалдың басын енді оның қырық пышақ
боп қырқысып жатқан балаларына апарып бермек пе? Дегенмен, кім де
болса, оның ажалы сырттан келді. Көптен соңына түскен орыс пен
ойраттың жымысқы жансыздарының бірі... Əлде қарақалпақ жағынан
бірдеменің иісін сезген Хиуаның алысқа сілтер қисық қылышы ма?
Əйтеуір, көршілердің бірінен келгені анық. Қарасақал секілді адамның
төсекте жатып, өз ажалынан өлуі мүмкін емес қой. Ондайлар қашанда кісі
қолынан ажал табады...
Қабанбай бір сəт ойға шомып отырып қалған екен. Кенет үй сыртынан ат
дүбірі естіліп, біреулердің түсіп жатқаны байқалды. Кешікпей соза сəлем
берісіп, ішке Дəулетбай бастаған екі-үш жігіт кірді. Зор денелі, қияқ
мұртты, аққұба, сұлу жүзді Дəулетбай — қазір Байжігіт қолын бастап
жүрген дəмелі батырлардың бірі. Бүгін оның жүздігі аламан ойынын
өткізбек екен. Жаттығуды көзден кешіруге сардар өзі бара ма, əлде өзге
батырлардың біріне тапсыра ма, соны білуге келіпті.
VІІ
— Барамыз. Ат ерттеп жүргелі отырмыз, — деді Қабанбай іле жауап
қатып. — Айтпақшы, бүгін қарауылда жүрген кімдер? Ел іргесі тыныш па?
Шолғыншылар не айтады?
— Қарауылда Шынқожаның жігіттері жүр, — деді Дəулетбай алдындағы
қымыздан түшіркене сіміріп. — Біз көшіп келгелі қалмақтарда жандана
бастаған көрінеді. Ақшəулінің бергі бетінде олардың да қарауыл шебі
пайда болыпты.
— Əрине. Іргесіне келіп ошарылған елді көрмей, білмей отыр дейсің
бе?!
— Қымызға қанған Қабанбай дастарқаннан сəл шегініп, шытыралы
мүйіз шақшадан алақанына насыбай түсіріп, танауына шымшып атты да,
атандай ақырып, түшкіріп салды.
— Дүрбіттер биыл бері сұғынуға батпағанымен, жақында Ақшəулі
бөктеріне қалың көш келіп орнады, — деді Дəулетбай сөзін жалғап. —
Иттер əбден олжаға кенеліп, асып-тасып алған ғой. Шетінен мыңғырған
бай ауылдар көрінеді.
— Кімдер екен? Анықтау керек! — деді Қабанбай. Сонан соң
Дəулетбайдың төменгі жағында отырған киім реті сəнді, бейтаныс
бозбалаға назар салды. Бұрын көрмеген адамы.
— Бұл бауырымыз — Боранбай бидің кенжесі Мырзатай деген азамат,
— деді, жасынан сардардың қас-қабығын бағып өскен Дəулетбай көкейдегі
сұрауды айтқызбай-ақ ұғынып. — Анада Борекең еліне аттанарда «бір
баламды осында жіберейін. Аламан əскердің ішінде жүріп, өнер үйренсін»
деп тапсырып кеткен. Келгеніне екі-үш күн болды.
— Е-е, жөн-жөн... Ол жақтағы ел-жұрт аман ба, айналайын? Борекеңнің
дені-қарны сау ма?
— Бəрі аманшылық, сардар аға. Əкем сізге дұғай-дұғай сəлем айтты.
Жадағай жібек шапан ішінен бадана сауыт, шошақ дулыға киген жас
жігіт сарбаздан гөрі ойын-тойда серуендеп жүрген серіге ұқсайды...
Қабанбайдың іші қылп ете қалды. Мырзатайдың аламан ойынын үйренуге
жайдан-жай келмегені белгілі. Есіне əнегүні Боранбайдың оңашалап айтқан
сөзі түсті.
113
— Балаларымыз бір-біріне тегі, екен. Түбімізді сүйек айырсын. Құда
болайық! — деп қолқа салған.
Қабанбай қапияда не десін. Қызын жат жұртқа қимай, іші құрғыр
қоңқылдап тұрса да, жақсы көретін, сыйлас ағайынның бетін бірден
қайтарып тастамай:
— Өзіңіз де көріп жүрсіз, Бореке, Назым əлі жас, əрі тым ерке өскен
бала ғой. Өз таңдауы болмаса, ешкімнің ырқына көнбес. Балалар бірін-бірі
көріп таныссын. Егер дəм-тұздары жарасып жатса, біз қайда барамыз?! —
деп сүйей салды жауап қайтарған.
Ендеше, мына Мырзатай əскер ойынын сылтауратып, Назымды көруге
келіп жүр. Бұйрық біледі ғой. Былайша, жаман бала көрінбейді.
- Ал онда неге отырмыз? Аттанайық, — деді Қабанбай əлденеге
ширығып.
VIII
Арада сүт пісірімдей уақыт өткенде, біраз адам атқа қонып, аламан
ойыны өтетін алаңға қарай келе жатты. Алда Қабанбай, Дəулетбай бастаған
үлкендер бір бөлек, олардың соңын ала Əлі мен Назымды қоршаған жігітжелең, жастар тобы бір бөлек. Алды аяңдап, арты желіп отыратын
Қубастың бұлаң құйрық жүрісіне жай аяңмен ілесе алмай, шоқырақтап,
желе шауып келе жатқандар да бар. Жануар біраздан бері мінілмей, тоқым
сатынып қалған ба, жер қыртысын топылта, жүріс тілегендей етсіз басын
изеп тастап, алшаңдай басып келеді.
Қабанбай осы Қубастың үстінде ғана өзін еркін сезінуші еді. Өзге
жылқыға мінсе, арқасына ер батқандай қайқалақтап, тілерсегі майысып,
мазаны кетіреді. Қубас жоқта ылғида қосар ат алып жүретіні сондықтан.
Əлгі Шағалақтың «көліктің сорына туғансың. Қарыс жерге ат
алмастырасың» деп ұрсатыны да осындай кездерде. Жай жүріске, ауыл
арасына шыдамаған қылқұйрық алыс сапарға, ауыр шайқасқа қалай төтеп
берсін-ау! Ондай жабымен жорыққа шыға қалсаң, қусаң, жетіп, қашсаң
құтыла аласың ба?!
Жастау кезінде, сидам бойлы, сыптығыр шағында көп байқалмаушы еді,
жасы қырыққа жетіп толысқан тұста атты талғап мінбеске шарасы
қалмаған. Не керек, қашан Қубасқа қолы жеткенше аттың зарын тəуір-ақ
тартты ғой. Жарамды, жақсы аттар болмады емес, болды. Бірақ солардың
біразы оққа ұшып, кейбіреуі мертігіп, əйтеуір, құтаймады. Əсіресе, шын
тұлпардың керек болатын жері — жекпе-жекте ғой. Қайратың қанша тасып
тұрғанмен, атың əлсіз болса, жігерің құм болып, жау қолында қалдым дей
бер. «Жаман ат жауға қалдырады, жаман қатын дауға қалдырады» дегенді
бұрынғылар тегін айтты дейсің бе. Бұл сөздің шындығына осы өмірінде
талай рет көзі жетті.
Əрине, жекпе-жекке де қалмақтың өзіне-өзі сенген, не қазаққа əбден
қаны қарайып, кегі кеткен мықтысы шығады. Жаудың есі-дерті — сені
найзамен іліп тастау, не шоқпармен ұрып миыңды бырқырату, не болмаса
қылышпен шауып, дулығалы басыңды допша домалату. Сенің де
ойлайтының — сол. Міне, сол сəтте төніп келе жатқан өлімнен жақсы ат
қана құтқарады. Иесіне не керек екенін тақым қысуынан-ақ сезеді-ау есті
жылқылар! Қарсы келе жатқан соққыдан жалтару, иесіне найза дарытпай
тікесінен тік шапшу — осының бəрі дағдыға айналған машықтан туады.
Мəселен, екі жақтан ағызып келген екі дəу бір-біріне найза шанышып, қатқабат құрыш көбені, не шарайналы бадана сауытты қақырата бұзып өте
алмай, қан түкіре қасарысқан кезде, мұндай теке тіреске аттың аты ғана
төтеп береді. Ал азамат ердің күшіне шыдамаған анау-мынау жылқы
тілерсегі майысып, тізесі бүгіліп, жата кетеді.
Басқа емес, сондай бір масқараны осыдан біраз жыл бұрын
Қабанбайдың да басынан кешкені бар. Алакөл бойындағы атақты ұрыстың
қарсаңы. Үш жүздің əскеріне қолбасы болып бекіген Əбілқайыр
Балқаштың шығысына ту тігіп, қол жинап жатқан-ды. Уəделі орынға
уақытында жету үшін Қабанбай бір түмен қолмен Ұлытаудан шығып, солай
қарай суыт жүріп келе жатты. Бірақ үлкен қосынға күншілік жер қалғанда,
ойламаған жерден ойраттың қалың қолына ұшыраса кеткені. Жалтарып
кетуге жағдай жоқ. Тал түсте қарсы кезіккен жаумен не де болса шайқасуға
тура келген. Қазақ қолын олар да күтпесе керек, аз уақыт ішінде екі жақта
асығыс түзем құрып үлгірді. Қазақ-қалмақтың ежелгі салты бойынша,
мұндай ұрыс жекпе-жексіз өтпейді. Тілдесіп жөн сұрасқанда, қалмақ қолын
дүрбіттің Арқауыл деген нояны бастап келе жатқаны мəлім болды. Анық
саны белгісіз, бірақ сырт көзге жау қарасы молдау екені байқалады. Көп
кешікпей құйрық-жалы төгілген, нардай қаракөк атты ойқастатқан бір дəу
өз шебінен бөлінді де, орта тұсқа келіп, күндей күркіреген зор дауыспен:
— Бұдан бұрын жеті рет жекпе-жекке шығып, қазақтың жеті батырының
басын жұтқан, асыл текті Арқауыл батыр мен боламын! Естуімше,
араларында Қаракерей Қабанбай бар дейді ғой. Сол немеге көптен қаным
қайнап жүруші еді. Сенің де ажал сағатың жеткен екен. Қатын болмасаң,
кəне, шық былай! — деп айғай салды.
Аламан əскер ішінде бұрын талай жекпе-жекке шығып, сыннан өткен
басқа да айтулы батырлар бар болатын. Мұндайда ту ұстаушы қолбасының
бірден сайысқа шығуы шарт емес-ті. Алайда намысқа тиер сөз айтып,
арнайы атын атап шақырған соң, шегінетін жер қалмады. Қабанбайдың да
жасы отыз беске жаңа келіп, күш-қайраты бойына симай, жау қайда деп
жалындап тұрған кезі. Іздегенге — сұраған, астындағы Кертөбел атқа
қамшыны басып жіберіп, бұл да көлденеңдеп шыға берді. Арқауыл дегені
— айдары тоқпақтай, ердің үстіне екі бүктеліп зорға сиып отырған,
қырықтың ішіндегі қырқылжыңның өзі екен. Атаңа нəлет, қайдан үйреніп
алғанын кім білсін, қазақшаға судай ағып тұр.
— Иманыңды айта бер, Қабанбай батыр! Сендер шейіт болуға
құмарсыңдар ғой: тым құрыса ана дүниеде ұжмаққа барар ма екенсің?! —
деп келемеждей күлді.
— Ал сенде айтатын иман да жоқ қой, арам неме. Бəрібір жаһаннамнан
бір-ақ шағасың. Одан да көп сөзді қойып, кезегіңді ал! — деді Қабанбай да
арыстандай ақырып.
Арқауыл қаракөкке қамшы басып, елу қадамдай шегініп барды да,
найзасын оңтайлап, бейне жер бетіндегі ең бір өш адамы қарсы алдында
тұрғандай, қиық көзі қанталап, өлермен дене ұмтылды. Иттің қарымы
қатты екен. Шақыр-шұқыр қадалған ақ найзаның ұшын Қабанбай болат
тысты қалқанмен зорға қағып үлгерді. Сол күйі екі жақат екпінімен ете
шығысты. Ендігі кезек — мұныкі. Кертөбелмен ағызып келе жатып
көздегені — кіреукелі сауыттың тамақ түймесінің астындағы шұрқылтай,
не болмаса төс сүйектен төмен, қазантолмастың басы. Осы екі нүктеден
қадалған көк сүңгі талай жауын о дүниеге аттандырған. Бүгінге дейін мүлт
кетіп көрген жоқ. Бірақ бұл жолы шұрқылтайдан шаншудың сəті түспеді.
Найзасын биіктеу ұстап, жауын алдарқатып келді де, қазантолмастың басы
осы-ay деп, құлаштай сермеді. Алайда астындағы Кертөбел жүріске жайлы
болғанмен, жекпе-жек сайыста жалтақ, жасқаншақ жылқы екен. Ығыса
шауып, жалт берген кезде көк сүңгінің ұшы тайғанақтап барып, қадалған
жерден шығып-ақ кеткені.
Амал жоқ, келесі кезекті күтуге тура келген. Арқауылдың бұл жолғы
соққысының сұмдық қатты тигені сонша, құрыш қалқанды қақ бөле
жаздады. Соққы бұлай қайталана берсе, жан шыдатар түрі жоқ. Осы жолы
қалайда қамтып қалу керек. Қабанбай бұл жолы тура төс сүйектің астын
көздеді. Бір тəуірі, найзасы діттеген жерге дəл тиді. Екі аттың сұмдық
екпінімен алты қырлы көк сүңгі торғай көз, қос қабат сауытты қақырата
бұзып, ұлы денеге еніп бара жатты. Бірақ бұл үшін аса жойқын күш керек
еді. Ал күш жағы мұнда жеткілікті болатын. Найза сабын толғай бұрап,
өңменінен өткізбек болғанда, жамандатқыр Кертөбел зіл батпан тегеуірінге
шыдамай, тізесі бүгіліп шөге бастағаны. Енді аз болса шөке түсіп, жатып
қалатын түрі бар.
«Өлген деген осы шығар! - деп ойлады Қабанбай. — Қазір найзаның
ұшы тайып кетеді. Сонан соң ана жəйт төбемнен төніп келеді де, күрзімен
бір-ақ ұрады-ау!».
Бұдан арғысы өзіне де бүгінге дейін бұлыңғыр. Адам айтса нанғысыз
сонша күштің қайдан келгенін кім білсін, əйтеуір, Арқауылды кіндік
тұсынан шанышқан күйі ат үстінен тік көтеріп əкеткені есінде... Тамашалап
қарап тұрғандар да қалай болғанын анық аңғара алмапты. Біреулері: «жерге
түсе қалып, жаяу шайқастың» дейді. Енді біреулер: «шөке түскен аттың
үстінде отырып-ақ, қалмақты найзамен көтеріп əкеттің» дейді. Əйтеуір,
бəрі де адам ажыратып үлгірместей қас қағым сəтте болғаны хақ. Бұл есін
жиғанда, қаракөк арғымақ осқырынып, ойнап шыға берді де, Кертөбел,
сірə, бір жері майып болған секілді, иесін жаяу қалдырып, сол орнынан
тұрмай жатып қалды. Сонадай жерде Арқауыл жатыр төбедей болып.
Найзаның ұшы қабырғасын қаусатып, бел омыртқасын опырып өткендей
болып еді, тіл тартпай кеткенге ұқсайды.
Арғы жағы — қаптама соғыс. Қалың қалмақ жан ашуы үстінде ортада
жаяу қалған Қабанбайды таптап өтуі де мүмкін еді. Дəл осы сəтте арт
жақтан келе қалған Шанышқылы Бердіқожа батыр өзінің əйгілі ақбоз атын
мұның алдына көлденең тарта қойғаны... Басшысынан айрылған қалмақ
қолы бұдан ары табан тіреп соғыса алмады. Рухы үстем қазақ жігіттері
өздерінен саны басым жауды бет қаратпай түре қуып, толық жеңіске жетті.
Шіркін, Бердіқожалар нағыз ер еді ғой! Ол содан кейін де жанына
балаған ақбозын бұдан қайтып алған жоқ. Ұрыс аяқталған соң Қабанбай
рақмет айтып, атын өзіне қайырмақ болғанда, Бердіқожа:
— Жоқ, Қабеке, мен енді сізден бұл атты алмаймын. Мен бірдеңе білсем,
ақбоз нағыз иесін жаңа тапқан секілді. Алыс жол, алапат жорықта сізге
серік болсын! — деп шылбырын зорлағандай мұнын қолына қайта
ұстатқан.
Қабанбай сол ақбозды бертінге дейін мініп жүрді. Жануар өзі де нар
түйедей, ұзақ жүрісте белі бір босамайтын, тұлпар текті жылқы еді.
Қырқыншы жылдары Шыңғыстаудағы шайқаста оққа ұшты. Айтпақшы,
Қабанбайдың «Дарабоз» атануына себепші болған да — сол ақбоз аттұғын. Неше күн бойы алдырмаған Шағандағы жау бекінісіне қарсы қалың
қолды бастап тұра шапқанда, ақбозбен оқ бойы алға шығып кеткенін
батырдың өзі де аңғармапты ғой. Сонда төбе басында ту ұстап, ұрыс
алаңын көзбен шолып тұрған Абылай:
— Ay, мына дара бозың кім? Өзі тым алға шығып кетті ғой... Көзсіз
батыр мерт болмаса игі еді! — деп əрі сүйсініп, əрі қатты алаңдаған екен.
Кейін, ойрат қолын ойсырата жеңіп, Шаған шатқалынан айдап
шыққанда, мана ақбозға мініп дара шапқан батырдың Қабанбай екенін
біліп, Абылай қатты разы болған-ды.
— Қайраусыз өтер қара қылышым-ай! Даңққа жеткізген дара бозым сен
екенсің ғой! Егер биікке бекініп алған жау қамалына қалың қолды көтеріп
сен шаппағанда, бүгінгі шайқастың немен бітері неғайбыл еді. Бүгіннен
бастап Қабанбай атың хан ұранына айналып, жорықтағы есімің Дарабоз
болсын! — деп құшағына алып, үстіне алтын зерлі тонын жапқан.
— «Дарабоз» дедің бе, хан ием? Апыр-ай, онсыз да менің жұрт қойған
атым аз емес еді! — деген Қабанбай қарқ-қарқ күліп.
— Білем. Сен екеуіміз азан шақыртып қойған өз атымызды ұмытқалы
қашан! Бірақ сенің бүгінгі ерлігің өз алдына бір ат қоюға татиды, — деп,
сол күні анау-мынауға желп етпейтін Абылай масайраған қуаныш үстінде
өз байламын көпшілік алдында жариялап жіберген...
Алайда сол соғыста атақты ақбоз оққа ұшып мерт болды да, Қабанбай
жақсы аттың зарын қайта тартты. Былайша, Бəйжігітте жылқы көп-ақ.
Мəмбет-Қарақұрсақтың өз дəулеті де жетіп жатыр. Бірақ сол көп
жылқының ішінен батырға лайық бір тұлпар шықпады деген не сұмдық?!
Əлде жақсы аттар шабындыда жау қолына түсіп кетті ме, не болмаса есі
шыққан ел ат-айғыр сұрыптаудан қалған ба, əйтеуір, тұлпардың тұқымы
күрт азайып кеткені анық еді. Былай қарасаң жорта да, жортақы да, жүйрік
те толып жатыр. Бірақ, керегі не, алыс жорықта белі босаңсымайтын,
жаумен жекпе-жекте Қабанбайға қанат бітірер тұлпар жоқ. Əлгі Бұқар
жыраудың:
Жал-құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз!
Қалың малы арзан деп,
Жаманнан қатын алмаңыз!
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас.
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас! —
деп зарлайтыны осы екен ғой. Батырға серік болар бір тұлпар табылар
деп, жалғыз Бəйжігіт қана емес, исі Қаракерей ат іздеп сабылды. Бірақ жай
сəнге мінетін бұт артар көлік болмаса, көңілдегі жылқы табылмады.
Сөйтіп жүргенде, осыдан жеті-сегіз жыл бұрын, ел жайлауда отырғанда,
Қабанбай қасына бір топ адам ертіп, ел ішінің əлдебір шаруасымен
Қаракерейдің Мұрын бұтағына жататын Боранбай бидің ауылына барып
түскен. Мұрын — бес Байыстың бірі, исі Бəйжігітке нағашы саналады.
Бастығы Боранбайдың өзі болып, бүкіл ел Қабанбайды құрақ ұшып қарсы
алды. Тай сойылып, қымыз құйылып жатыр. Дастарқан басында сөзден сөз
шығып, əңгіме тағы да ат жөніне қарай ойысты. Боранбай бұл өлкедегі
атақты атбегі, белгілі ат сыншыларының бірі еді. Ол кісі бұрын да
Қабанбайға лайық ат іздеп, көз-құлақ боп жүреді екен. Бұл төңіректен де
ондай жылқының табылмағанын өкінішпен айтып отырды.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 08
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.