Latin Common Turkic

Дарабоз - 06

Total number of words is 4062
Total number of unique words is 2492
32.3 of words are in the 2000 most common words
46.8 of words are in the 5000 most common words
54.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Сыбан руымен бірге Арқа жеріне «Ақтабан шұбырындыдан» кейін келгенді. Ақындық пен батырлықты қатар ұстанған жырау жас кезінде Бұхарға,
Хиуаға қарсы қорғаныс ұрыстарына қатысып, басқыншы жау əскерімен
талай-талай қидаласқан. Қара найзадан қолы қалт етсе қара домбыраға
жармасып, Алаш ұлын азаттық жолындағы күреске үндеумен болыпты. Ал
Қабанбай жасағына келіп қосылғанда, Ақтамбердінің жігіт ағасы атанып,
қырықтың жуан ішін аралап кеткен кезі еді. Сонда да ұрыс майданынан
шет қалып көрген емес. Қиын-қыстау шақтарда жекпе-жекке де шығып,
қалмақтың менменсіген небір ноянын құм қаптырғаны бар. Ал қаптама
ұрыс кездерінде жыраудың жебесі жерге түспес мергендігіне,
сайыскерлігіне жас батырлардың өзі қайран қалады.
Алайда қолбасыны тəнті еткен — Ақтамбердінің батырлығынан гөрі,
оның ақындығы, өлең сөздің құдыреті. Батырлық, байлық кімде жоқ?
Қазақта батыр туған ұл аз ба?! Ал өнердің жөні басқа. Жыраудың түзем
құрған сарбаздар алдында қырандай саңқылдап, жыр айтқан кезін көрсең
ғой! Сиқырлы сездер əр жауынгерді шарыққа ұстағандай, рухын көтере
аруақтандырып, қайтпас қара семсерге айналдырады. Соның бір кереметін
бүгін, міне, тағы көріп отыр. Санасында сан қилы ойлар сапырылысқан
Қабанбай бір кезде еңсесін тіктеп, үлкен отты жанарын жыраудан айырмай
сəл отырды да:
— Қайран, Ақа-ай! Қадіріңді білмей жүр екенбіз ғой? Бір өзіңнің
бойында қаптаған қалың қолға татырлық қайрат жатыр екен-ау! Əр сөзің
садақ тартқан сарбаз, мылтықты мергенге айналып, атой салып бара
жатқандай сезілді жаңа маған. Ханның қаһарына, қолбасының жарлығына
қозғала бермейтін қазақ баласын ұйқыдан бір оятса, сенің дабылды
жырларын ғана оятар-ау! Не айтайын, жасай бер, қадірлі Ақа! Алдағы ұлы
аттанысты, қазақ жерінің басқыншы жаудан тазарғанын Алла-тағала сіз бен
бізге аман-есен көруге жазсын! — деп бір басалқы тілек айтты.
Көпшіліктің тасып төгілген алқау-алғасына Дарабоздың дана сөзі
қосылып, осы отырыста Ақтамбердінің шоқтығы тіпті биіктей түскен.
Жыраудың ақсұр жүзінде қан ойнап, қызара толқып отырды да:
— Апыр-ай, сардар қарағым-ай, ағаңның төбесін жеті қат көкке бір-ақ
жеткіздің-ау! Көктен сауып, жерден тауып алды дейтін емес, қашанда
біздің айтарымыз — осы елдің тілегі ғой. Халықтың қамырық мұңы, ашукегі кейде осылай еріксіз тілге оралатыны бар, — деді тебірене үн қатып.
Үй ішінде бір сəт тыныштық орнап, бəрі де жырауды бүгін көріп
отырғандай сүйсіне қарап қалыпты. Осы отырғандардың арасында жас та
болса ел көзіне түсіп, Қаракерей ішінде Боранбайдан кейін сөз тізгінін
ұстап жүрген талапты азаматтың бірі — Қу дауысты Құттыбай еді.
Сөйлегенде
дауысы
аққудың
үніндей
сұңқылдап,
сызылып
шығатындықтан, ел-жұрт үмітті азаматын əкесі Нар дауысты Нарынбайға
ұқсатып, «Қу дауысты Құттыбай» атап кеткен. Қазір де сол жігіт тамағын
қудай қаңқылдатып, бір кенеп алды да сөз бастады:
— Туған елің — тұмарлы тұлпарың болғанда, хан — ноқта, би —
ауыздық, батыр — қамшы дейді екен. Сонда алысқа ататын қозы жауырын
жүйрік жебең — ақынның жыры болғаны да. Шынында да, дулығалы
батыры, дуалы ауыз биі бар халықтың жыраққа сілтер жырауы болмаса,
орны үңірейіп бос қалады екен-ау! Басқаны былай қойғанда, қазір бір
Бұқар ағаңның өзі хан ордасының сəнін кіргізіп, айбарын асырып отырған
жоқ па?! Қарадан шықса да хан ұлына теңеліп, ел ұранына айналған, дара
туған Дарабоз бір бəйтерек болғанда, оның бұтағына қырандар ұя салмас
па, бұлбұлдар келіп қонбас па? Тек тіл-көзден аулақ, əмісе төрт көзіміз
түгел, қанат-құйрығымыз бүтін болғай! — деп осы отырған жұрт тілегін
жеткізген.
Тегінде, қара сөздің майын тамызып, тайпалған жорғадай майда
сөйлейтін Құттыбайдың өлең-жырға да бейімі бар-тұғын. Тек бірден
сурылып жырлап кетуге Бұқар мен Ақтамбердідей алыптардың мысы
басып, иба сақтап жүрген. Ал өзі Ташкентке он жыл бек болған атақты би
Нар дауысты Нарынбайдан туса да, қашанда биден жырауды жоғары
қойып, оларды тəңірінің айрықша жаратқан асыл заты деп санайтын-ды...
Бірақ ол дəл осы сəтте өзі жетпеген арманға ұрпағы жетерін, қазір ел ісіне
араласа бастаған Байғара деген ұлының исі Найманға билік айтып, кейін
одан өрбіген Ақтайлақ атты немересі мен Сабырбай атты шөбересінің
атақты би, əрі даңғайыр ақын боларын білген жоқ еді.
Жырға қанбай қалған жұртшылық кеу-кеулеп, осы елге кең тараған тағы
бір əңгімені жыраудың өз аузынан естігісі келді. Ол сөзді бастаған ел
ішіндегі дау-шарға құлақ түре жүретін Еспембет еді.
— Ақа, ана бір жылы Дарбозбен бірге Арғын ішіне құн даулап барғанда,
Үмбетей жыраумен сөз қағысып қалатыныңыз бар ғой. Мына жастар
естісін: соны бір айтып беріңізші! — деген-ді.
Ақтамберді көп тілегін жерге тастамай, қолына қара домбырасын қайта
алып, алдымен ол жырдың неден туғанын айтып өтті. Жыраулардың үнемі
сыртқы жауға қарсы аттаныс жырын айтып қана қоймай, кейде ағайын
арасының дау-шарына да араласатын кезі болады. Ал бұл реткі мажыра
мынадан туып еді.
Онда бұл ел Ұлытау өңірін жайлап жүрген. Əр тараптан ауа көшкен
рулардың Арқа жерінде иін тіресіп, тым тығыз отыратын кезі. Осы
өзімізбен аталас Сыбанның бір жігіті Арғын ішінде айттырып қойған
қалыңдығына ұрын барып жатқан мезгілде, қызға көңілі кеткен сол
ауылдың бір сотқары қызғаныштан күйеуді жанжалға киліктіріп, қапыда
қанжар салып өлтіргені бар. Жесір дауының ақыры құн дауына ұласып, екі
елді егер қылған шатақтың соңы қан төгіске дейін бара жаздаған. Екі жақ
алма-кезек жарты жарысып, барымта алыса бастады. Ақыры дау ұлғайып,
билердің бітіміне көнбейтін шақ туғанда, Арғын жағынан Қанжығалы
Бөгенбай шығып, Найман елінен біраз қолмен Қабанбай мен Ақтамберді
баруға тура келген. Мұндайда қанға қызбайтын кім бар, Бөгенбайға
Үмбетей жырау ере келген екен. Мойнында қан қарызы бола тұра,
«қорыққан бұрын жұдырықтайды» дегеннің кебін істеп, алдымен
соқтыққан сол Үмбетей болды. Əдейі даугерлердің бетін қайтарып
тастағысы келді ме:
Ей, Ақтамберді, Қабанбай!
Суытпа босқа түсінді,
Қайрама онша тісіңді,
Сырт тазасы не керек,
Тазарт əуел ішіңді.
Салмақтасаң айта ғой,
Хан алдында күшіңді.
Елімді иесіз деймісің,
Ерімді киесіз деймісің,
Алты арысқа білдірмей,
Басып жеймін деймісің?!
Батпан-батпан мінің бар,
Қабынбай, бітім қылыңдар! —
деп, Абылай ордасының өздеріне бір табан таяу тұрғанын бу көрді ме,
жырмен жайпап əкетіп бара жатты. Сонда Ақтамберді де шыдай алмай,
домбырасын жұлып ап, мынадай жауап айтып еді:
Уа, қарт Бөгенбай!
Құяр жауын аспаннан,
Қара бұлт торласа,
Пəлекет елде көбейер,
Жігітті жігіт қорласа.
Ақбөкен келіп жығылар,
Алдын қазып орласа.
Пенденің бағы ашылмас,
Маңдайы қалың сорласа,
Дұшпан қорлап не қылмақ,
Бақыт басқа орнаса.
Қынаптан қылыш суырмай,
Қарысқан жау бүлк етпес.
Жуылмай қастың қанымен,
Намысқа тиген кір кетпес.
Шабыссаң, кəне, шығып көр,
Жау емессің күш жетпес!
Дарабоздай қолбасы
Абыройын кірлетпес.
Ұрын келген күйеу қайда,
Жесір қайда тіл өтпес?!
Жендетті көрсет көзіме,
Желіккен басты кім кеспес.
Еліңді жүндей түткізіп,
Қанды көбік жұтқызып,
Жайратармыз осы кеш!..
Ақыры жыраулар жығыса алмай, билер бітісе алмай, ушығып бара
жатқан бұл дауға қарулас, қанды көйлек достар Қабанбай мен Бөгенбай
араласып, Арғын ауылдарына жесірдің қалың малына қоса, айыпанжысымен ер жігіттің құнын төлетіп, ағайын арасын зорға бітістірген. Сол
жайды бүгін жыраудың өз аузынан естігенде намысқа қызған жігіттер қайта
елеуреп, бір дүрлігісіп қалып еді. «Тəйірі, Дарабоздай батыры,
Ақтамбердідей ақыны бар елді кім жəбірлей алушы еді» десіп, көкіректерін
мақтаныш кернеп, масайрап қалды.
Бұл күнді осындай қызу əңгіме, өлең-жырмен өткізген қонақтар
ертеңінде сəскелік қымызға қанып алып аттанатын болды. Жағаласып
тұрған жау төбесі көрінбеген соң, ер-азаматты текке қамап ұстамайық
дескен. Бірақ арттағы ел тым жайылып кетпей, бес қаруын сайлап, сақ
отыруы керек. Бірер қауіп төнсе, алғашқы дабыл қағылған сəтте, Қабанбай
туының астына жиналатын болып келісті.
Мұндайда қазақтың жол-жоралғысын да ұмытуға болмайды. Қабанбай
бейбіт күннің берекесі, ағайынның сый-сыяпаты деп, дəл аттанарда
Ақтамберді, Төбет, Боранбайдай үлкендерге атан түйе жетелетіп, Есенгелді,
Еспембет, Баймұрат, Бөрібай секілді əр елдің бас батырларына бір-бір
сəйгүлік ат мінгізді.
VI
Ала шапқын жаугершіліктен, үркін-қорқыннан ада, берекелі бейбіт
күндер баяу жылжып өтіп жатты. Қалмақтан төнер қауіп жоғы сезілген соң,
ел арқасы кеңіп, ауыл арасында ерулік, қонақасы, той-томалақ көбейді.
Алыс-беріс қалыңмалы төленіп бітсе де, ұзатудың сəті түспей жүрген талай
қыз осы биыл құтты орнына қонып жатыр. Бұдан басқа есік көру, ұрын
бару, сүндет той дейсіз бе, бұл күнде ел іргесі жиі отырған Ақши, Нарын,
Мыңбұлақ, Қарақол өңірі абыр-сабыр қарбалас үстінде еді.
Қазір ақ молайған, мал семірген уақыт. Жаугершілікте жоқ-жұты күй
кешіп, жадап-жүдеген жұрт арадағы осындай кеңшілікте ойын-тойларын
өткізіп, өздерінше еңсе көтеріп дегендей жырғап қалатын əдеті. Несі бар,
тойласын. Қайран ел осы бір аз күнгі қызықты аңсап күткелі қай заман?!
Олар да бір мезгіл адамша алаңсыз өмір сүрсін. Ал халықтың тыныштығын
қорғау — қолбасы сардардың, батыр мен сарбаздың міндеті. Осының бəрін
ой таразысына салған Қабанбай шығыс шепке қойылған күзет қарауылын
босаңсытқан жоқ. Əр рудың батырлары өз жүздігімен кезектесіп, барлауға
шығып отырады. Мұның сыртында түнге қарай ер-азамат аттан түспейтін
жылқы күзеті тағы бар. Əр сəрсенбі сайын Қабанбайдың өзі атқа мініп,
аламан əскердің жаттығу ойындарын көзден кешіреді.
Бүгін де сондай сəрсенбінің бірі еді. Таңертең өрістен жылқы қайтып,
жұрт мініс аттарын ұстап, бие байлап жатқан шақта, Қабанбай күндегі
əдетінше, ауыл сыртындағы дөңнің басына көтерілді. Осы арадан айналатөңірек алақанға салғандай қалай айқын көрінсе, төбе басындағы қарауыл
шоқыдай боп шалынатын сардардың алып тұлғасын да былайғы ел бірден
байқаушы еді. Ол жандана бастаған ауыл тірлігіне, сонау тепсеңдегі бие бау
басында жылқышы-сауыншылардың асау құлындарды қалай құрықтап
ұстағанына тамашалай қарап біраз тұрды. Адамдар мəре-сəре. Бейбіт өмір
қайтадан күшіне еніп, қыза бастапты. Жақын арада жау бары, осыдан біраз
жыл бұрын бұл өлкеде қиян-кескі, қырғын соғыс болғаны мүлде естен
шығып кеткендей.
«Адамдар бақуат, бейбіт өмірге əбден зарығып, шөлдеп қалған екен-ау!
— деп ойлады батыр ауыл жақтан көз алмаған күйі. — Осы соғыс деген
пəленің қайғы-зар, азап-сордан өзге адамзатқа берері бар ма? Бірақ, амалың
қайсы, əлімжеттік, зорлық бар жерде соғыс жалғаса береді. Бейуаз біреудің
қанына ортақ болайын деп ойлайсың ба... Ел намысы, ата кегі ғой —
шыдатпайтын».
Қабанбай іштен тына күрсінді. Күн ашық, аспан тұнық күндері шығыс
көкжиектен Тоқта-Барлық сілемдері белдеулене бұлдырап, алыстан
мұнартып тұрушы еді. Сол жаққа көзінің нұры талғанша қадалып ұзақ
қарады. Жаңа көтерілген күн астында көгілдір белдеу ап-анық көрініп тұр
екен. Одан бері, түстікке таман, сағымға бөккен бозғылт мұнар бар. Əлде
Алакөлден көтерілген бу ма екен? Кіндік қаны тамған сол өлке қазір жат
қолында дегенге ақылы жеткенмен, көңілі сенбейді. Əттең, дүние-ай, көзіңе
көрініп тұрған жердің топырағын баса алмаудан өткен қасірет бар ма екен?!
Туған жерден ата жауды ақтабан қып айдап шығу да оңай болмас. Алда
жойқын соғыс күтіп тұр. Қайран ел, өмір мен өлім белдескен сол ауыр
сыннан қабырғаң қайыспай қалай өтер екенсің?!
Ол жайлы-жайсыз хабар əкелетін суыт жүріс, беймезгіл шаң көріне ме
деп, алыс-алыстарға көз салып, төбе басында тағы біраз тұрды да, бір
мезгілде атандай алп-алп басып, ауылға қарай аяңдады. Үйірден жаңа ғана
ұстап əкелінген мініс аттары тұр екен кермеде. Қабанбай Қубасты көре
кетпек болып, солай қарай бұрылды. Жануар Қубас ат та иесін алыстан
танып, оқыранып жіберген. Көп жылқының ішінде нар түйедей болып
кезге оқшау шалынатын тұлпарының қасына барып, сала құлаш мойнынан
құшақтады. Жал-құйрығын тарап, астаудай төңкерілген сауырынан сипады.
Ат та мұның иығына иегін төсеп, өзінше амандасу ырымын жасады.
Бірдеме дəметіп түр. Иесі қалтасынан алып ұсынған бір түйір тұзды
мақпалдай жұмсақ еріндерімен қарпып, күтірлете шайнады.
«Жануарым-ай, сенін де көптен бері ащы терің алынбай жүр-ау!» деп
тұлпарының жалын ұстап көрген. Сол қалыпты ғана еті бар, тоқжарау
қалпы. Қанша құр жүрсе де, қапталына май жинап семірмейді. Оның
есесіне сүліктей сұлу құлын мүшесін сақтап қалған. Қазірдің өзінде он екі
жасар, сары қайрақ, сақа жылқы дейтін емес, сол баяғы өзі алғаш көрген,
дөненіне дейін арда емген, құбақан торы қалпында... Осы қазір ер салып,
бəйгеге қоссаң, не жорыққа аттансаң, тан асуым кем болды, жын-тоғым
басылмады деп шағынбас еді.
Арт жағынан шыққан дабыр-дұбырға бұрылып қараса, кенже ұлы Əлі
мен Шағалақ екен. Шағалақтың қолында бір көнек сүті бар. Биенің жаңа
ғана сауылған саумал сүті. Қубас аттың күнде таңертең ішіп тұратын
сыбағасы. Ат болғанша арда еміп, əбден құныққандікі шығар, сүтін
уағында бермесең, желі басына оқыранып өзі келіп тұрады. Қазір де
шылбырын шешер-шешпестен көнекке қарай ұмтылды. Шағалақ: «тəк,
жануарым, тəк!» деп аттың басына зорға ие болып жүр. Көнекте сүт мол
еді, Қубас мейірі қанғанша сімірді де, басын бір-ақ көтерді. Түбінде тағы
біраз сүт қалған-ды.
— Сарқынын маған беріңізші! — деді Əлі Шағалаққа қиыла қарап.
— Оны қайтейін деп едің? Ішесің бе?
— Жоға, Сұркөжекке берем, — деді бала жігіт кермеде тұрған сұр
дөненін көрсетіп. — Жануар тұлпар болып шығар ма екен, Қубастың
сарқытын ішкізіп көрейін.
— Солай ма? Мынаның ырымшылын қарай гөр! — Шағалақ қарқ-қарқ
күлді. — Мə, ала ғой... Əй, бірақ сенің Көжегіңе тұлпарлық қайда?
Бала жігіт мəз болып, көнектегі сүттің, қалғанын сұр дөненнің аузына
тосты.
Осы ауылдың мал-жанына бас-көз боп жүрудің сыртында, Қубастың
бабы мен күтімі де Шағалақтың мойнында еді. Тұлпардың маңына өзінен
басқа көп ешкімді жолатпайды. Жылқыдан ұстап əкелетін де, жауын-
шашында, не аптап ыстық күндерде арнайы тігілген ақбоз үйге кіргізіп
байлайтын да - Шақаңның өзі. Алыс жортуыл, сыйлы сапар болмаса, бұл
атты Қабанбайдың өзіне де өне бойы мінгізе бермейді. «Андағы салмаққа
не шақ келеді. Аттың арқасын езіп тастайсың» деп Қубасты қызғыштай
қорып жүргені. Оны азырқансаң: «Жау келгенде ел қорғап, қайраты тигені
болмаса, əншейінде не тамаққа тойып бермейтін, не көлік шақ
келтірмейтін, бұл батыры түскірлер — құдайдың масылы ғой!» деп
бұрқылдап ұрсатыны тағы бар.
Бұл төңіректе Қабанбайға беті-жүзіне қарамай тіке сөйлейтін жалғыз
адам — осы Шағалақ. «Ит ұяласын қаппайды» дегендей, жас кездерінен-ақ
екеуінің арасы солай қалыптасқан... Міне, қазір де Шақаң торы тұлпарды
баласындай мəпелеп, сылап-сипап, кермеге апарып байлады да, аттың басаяғына тағы бір рет көз салып өтіп:
— Ей, Ерасыл, мен бірдеңе білсем, алда сені бір суыт жүріс күтіп тұр, —
деді Қабанбайға қарап.
— Оны қайдан білдің? Құлағыңа жын сыбырлады ма?
— Қубас ішін тарта береді... Жəне ұзақ жайылмай, өзін-өзі жаратып жүр.
— Е, құдай сақтасын, əзірге ондай сыбыс білінбейді ғой.
— Жорыққа шықпағанның өзінде алыс сапарға жол түсуі мүмкін ғой.
— Онда бүгін Қубасқа ер салшы. Мен де бұл «жігіттің» аужайын түйіп
көрейін.
— Қойшы, ауыл арасына ма? — деді Шағалақ ұнатпай. — Таяу жердің
тепкісіне ана Салкүрең мен Нарқызыл да жарап тұр емес пе?!
— Бүгін аламандар ойынына барамыз. Сарбаздар алдына шыққанда
жорық кезіндегідей ат-көлігім сай болсын дегенім де! — деді Қабанбай
шынын айтып.
— Тоқпақ Қасабай батыр жақында əкесі Шақарға ас беріп, аламан бəйге
шабайын деп жатыр. Не істейміз? Қубасты қосамыз ба? — Шағалақ енді
тың əңгіме бастады.
— Оған біраз дайындық, бап керек емес пе?
— Е, тəйірі, Қубасқа не бап керек?! Тек жері тым жақын боп жүрмесе
болғаны...
Қабанбай ойланып қалды. Өзге жылқыдай Қубастың бап талғап
жатпайтыны рас. Жорық жолында, үздіксіз тоқым астында жүріп те,
бəйгеден қара үзіп келе беретін. Бірақ бұл жолы ауыл арасының дырдуына
ат сабылтып жатқысы келмеді.
— Тоқпаққа сəлем айт: Қубасты текке терлетпей, бəйгесін шаппай
берсін! — деді қысқа қайырып.
Осы бір сəтте үй жақтан ерке қыз Назым көрінді. Көші-қон, жорық
кезіндегідей үстіне қызыл қатипа, жеңсіз камзол, кестелі шалбар, аяғына
биік өкшелі көксауыр етік киген. Қынай беліне кемер белдік буынып,
құндыз бөрік астындағы қос өрім қолаң шашын сол белдікке қыстырып
қойыпты. Былайша еркек-шора, жүрдім-бардым киінгендей көрінгенімен,
жүргенде балғын денесі қоғадай майысып, бойжеткеннің сұлулық сəнін
жасыра алмай тұр.
Ерке қыз келген бойда əкесінің мойнына асыла кетуге бір оқталды да,
қасында тұрған Шағалақтан жасқанды. Қабанбай қанша жауға қатал, елге
бедел болғанымен, от басында бала десе қоңқылдап тұратын, кəдімгі кең
қолтық қазақтың өзі еді. Əлде бала-шағасын сағындырып, түзде көп
жүргендіктен бе, үйге келсе болғаны, балалары мен немерелері мойнына
мініп, иығына шығып, қойны-қоншы балаға толып кететін. Мына Назым да
дап-дардай болғанша əкесінің иығына шығып кетуден тартынбайды.
— Көке, сіздерді кіші апам шайға шақырып жатыр, — деді Назым
ізетпен иіліп. Алдыңғы ағаларына еліктеп, Əлі мен Назым да өз шешелері
Майсараны «кіші апа» деп атап кеткен. Ханбибінін аты — «дəу апа».
— Жүр, бірге отырып шай ішейік, — деді үйге қарай бет алған Қабанбай
Шағалаққа бұрылып.
— Шай дейсің бе?.. Біздің Шойқара да дастарқан жайып жатқан сияқты
еді.
— Шойқараның шайы қайда қашар дейсің. Барасың ғой.
Бұлар кіргенде Майсара отауына дастарқан жасап, шайын демдеп, күтіп
отыр екен. Өткен жылы Омбыдан қайтқан Бұхар саудагерлерінен сатып
алған үлкен ақ самауыр екі иінінен дем алып, ентігіп тұр. Дастарқан толы
құрт, ірімшік, бауырсақ, жент, тоңазыған ет... Əрдайым қонақ-қопсы,
жүргінші басып жататын бұл ауылда мұндай оңаша отырыс тым сирек
болушы еді. Бүгін Майсара отауынан жылы ұядай бір рахат леп еседі.
Аталас туыс, əрі Қабанбаймен жасы құрбы Шағалақ Майсараға да бата
сөйлеп, қалжыңдаса беретін. Мынадай молшылықтың үстінен шыққанда,
Шақаң тіпті шалқып кетті.
— Армысың, ақ жеңеше? Ұйқыңыз қанып, жақсы жатып, жай тұрдыңыз
ба? Пай-пай... Тіл-аузым тасқа!.. Жаңа жұртқа қонғалы қарға аунаған
түлкідей құлпырып барасың-ау, жеңеше! Кейде Дарабоздың дара қалғаны
теріс емес-ау, сірə?! — деген дастарқан шетіне жайғасып жатып. Оның бұл
əзіліне Майсара да жасып қалған жоқ:
— Қойыңызшы, Шақа, қайдағыны айтпай... Өз келіншегіңіз жас болған
соң, ойын керек-ау сізге! — деп ағы ақ, қызылы қызыл, түрлене қалған есті
əйел сүйкімін арттыра сыңғырай күлді. — Оданда бəкіңізді шығарып, ет
турай отырыңыз.
— О, біздің Шойқараны айтасың ба? Құдай атқыр, ол да менің сорыма
күн сайын гүл ашып келеді, — деді табақтағы тайдың жас қазысына қолын
соза берген Шақаң құтыңдай күліп. — Несін айтасың, таудан-тастан
қайтпаған Шағалақтың жүрегі қалмақтың бір қызынан қайтты ғой, əйтеуір.
— Ə, бəлем, солай ма екен?! Біздің келін əбден мойындатқан екен-ау
өзіңді. Асқанға — тосқан, менменсіген жігітке сол керек!
Оған Шағалақтың да тоқтайтын түрі жоқ.
— Енді қалай деп ең, жеңеше! Өзің қазақтың бас батырын бауырыңа
басқан соң, жұрттың бəрін қайраты қайтпайтын Қабанбай деп ойлайсың-ау,
шамасы?! — деп ол да өзінше тобықтан қағып жатыр.
Бірақ Майсара да ойламаған жерден шықты:
— Не керек, біздің үйдегіден де өзің оздың ғой, Шақа. Қалмақты жеңуін
Қабанбай жеңеді де, қыздарының қызығын серіктері көреді десіп жүр ғой
білетіндер.
— Ой, тіліңе шоқ түссін, жеңеше! Оны кім айтып жүр екен? — деп
Шағалақ маңдайының терін сүртті.
Қабанбай қайын мен жеңгенің қағысқан қалжыңына екі иіні селкілдеп,
рахаттана күліп отырған. Майсараға разы болатыны: қайындары қанша
жабылып, тұзақ құрып жатса да, өмірі сөзден жығылмайды. Жоқтан өзгеге
шамданып, ашу шақыратын да ол емес. Бірде осы Шағалақ, Дəулетбай
секілді жігіттер Майсараны ортаға алып:
— Айтыңызшы, жеңеше: алдына жау, астына ат шақ келтірмейтін алып
ағамыздың тегеуірініне осы сіз қалай шыдап жүрсіз? — деген көрінеді.
Сонда Майсара ойланбастан:
— Ой, тəйірі-ай, соны да сөзім бар деп сөйлеп отырсыңдар ма? Жанжануар өз жеміне өзі қақала ма екен?! — деп жауап беріпті.
Жігіттер арасына таралып кеткен сол əңгіме бір күні айналып келіп,
Қабанбайдың құлағына да жеткен. «Қап, мына қатынның ызасын-ай, ə?!»
деген сонда тісін басып. Бірақ ұрғашы жұрты қалмақтың нояны емес қой жекпе-жекте жер қаптыратын. Қабекең намысқа тыртысып, өзін-өзі қанша
қайраса да, осы күнге дейін өз əйелін жеңе алмай-ақ келеді.
Ол қазір де Майсараның əлі нұры таймаған келісті жүзіне ұрлана қарап
қойды. «Біздің үйдегіден сен оздың» деді-ау жаңа Шағалаққа. Дегенмен,
бұған мін тағу үшін емес, мақтанып айтқаны көрініп тұр. Тəйірі, қалмақтан
қатын алам десе, қолынан келмеп пе Қабанбайдың?! Олжаға түскен
ойраттың небір қиық көз сұлуларын жолдастарына жомарттықпен үлестіріп
бергенде, бір тəуірін өзі иемденуіне болатын еді ғой... Айтпақшы, тұтқын
əйелдерге берілетін «таңдау» заңы бойынша, «мен Қабанбай батырға тием»
деп киғылық салған қыздар да болған. Бірақ бұл ондай тегін олжаға
қызықпады. Талай рет делебесі қозып, іштей толқыса да, жеме-жемге
келгенде өзін ұстап қалды. Қас жауыммен қанымды араластырсам, кеше
солардың қолынан ажал тапқан аруақтар күңіреніп жүре ме деп бір
жасқанса, сонан кейінгі ең басты себеп — осы Майсараның өзі. Бəденді
жас əйел қызға бергісіз қылығымен, ыстық ықылас-пейілімен əзірше мұны
тыпыр еткізбей, өз қасында ұстап келеді.
Ал, Шағалаққа келетін болсақ, оның жөні мүлде басқа. Оныкі де асыптасқандықтан емес, зəруліктен. Ана бір жылдары осы Шағалақ əйелі дімкəс
болып, туған баласы тоқтамай, шынымен-ақ, дүниеден ұрпақсыз өткенім бе
деп қатты уайымдап жүретін. Сырттай сыр бермесе де, жолдастың зармұңы Қабанбайға да батушы еді. Сөйтіп торығып жүргенде тағдыр оны
ойламаған жерден олжаға кезіктірді. Ұмытпаса отызыншы жылдардың
ортасы ма екен, Ертіс бойындағы бір соғыста қалмақ қолын қазақ жеңіп,
бұлар жаудың толып жатқан мал-жанын басып қалған-ды. Тұтқынға
түскендер арасында қалмақтың қиғаш қас, тобылғы торы сұлулары да аз
емес-ті. Мұндай жорық кезінде аламан əскердің азық-түлігін дайындап,
көбінше артқы бақауыл топта жүретін Шағалақ тұтқын əйелдерді аралап
жүріп, əлгілердің арасынан балпанақтай бала емізіп отырған бір келіншекті
көзі шалады да, бірден құлап түседі... Дереу қолбасы Қабанбайға келіп
қолқа салған.
— Атасы басқа, діні жат демесек, бұлар да адам баласы ғой, осылармен
қанымды араластырып көрсем қайтеді? Бəлкім, буданның бауы берік
болып, соңымнан бір жаман ілесер ме екен? — деп əлгі келіншекті қоярдақоймай жүріп сұрап алған. Ол да күйеуі соғыста өлген жесір сорлы екен,
елге келген соң көп ұзамай некесін қидырды. Келіншектің қалмақша
Шойхор деген тəп-тəуір аты бар-тұғын. Кешікпей Шағалақтың өзі бастап,
көпшілік қостап, «Шойқара» атандырып жіберді.
Дегенмен, Шағалақтың бұл ырымы қырын кеткен жоқ. Шойқараның
қадамы құтты болып, айналасы он шақты жылдың ішінде бес бала тауып
берді. Үш ұл, екі қыз. Бір қызығы; ұлдарының бəрі — шешесі секілді қиық
көз, жалпақ бет қара да, қыздары əкесіне тартқан: шетінен көк көз, шикіл
сары. Балаларының алды қазір он үш-он төртке келіп, мал түлігі боп қалды.
Шақаң көңілденген шақтарында: «басқаларың не десең, о деңдер, өз басым
қалмақтан зиян көргем жоқ. Қайта қатынға жарып, көгеріп-көктеп
отырмын» деп жұртты күлдіретіні бар. Қалжыңы емес, шыны.
Бала жастан құлын-тайдай тебісіп, қатар өскен Шаталақ қысы-жазы
Қабанбаймен ірге ажыратпай бірге отыратын. Еншісі бөлек болғанымен,
мініс көлігі, сауыны мен соғымы Қабанбайдың мойнында. Шағалаққа
берілген еркіндікті оның бала-шағасы да пайдалана беретін. «Кімді айтсаң,
сол келеді» дегендей, міне, босағадан Шойқараның өзі де көрінді. Жасы
отыздың ішіне енді ілінген, етті-жеңді, қараторы əйел есіктен сөйлей кіріп
келе жатты:
— Үйбай-ау, біздің үйдегі қайда құрып кетті десем, жайы жарасып,
тамағын тауып жүр екен ғой? — деп табалдырықтан аттай бере, үлкен
шаңыраққа оң тізесін бүгіп сəлем істеді. Сонан соң етегіне оралып еріп
жүрген үш жастағы шот маңдай қара ұлды желкеден бір нұқып қалды да:
— Кетші əрі, қағынғыр, осы-ақ желімдей жабысып қалмайды екен! — деп
Майсараның төменгі жағынан орын алды.
— Ұл тап, келінжан!.. Тəңір жарылқасын! Еңкейгенде егізден болсын!
— деді Қабанбай əдейі əзіл араластырып. Оған Шойқара да қайтатын емес.
— Шама-шарқымызша тауып-ақ жүрміз ғой, қайнаға. Ал енді егіз жағын
ініңіздің қауқары біледі, — деді жайнаң қағып.
— Ой, бəрекелді! Біздің келін өстіп турасын бір-ақ айтады да, қарап
отырады, — деп Қабанбай үйді басына көтере қарқ-қарқ күлді. — Ау,
Шақа, сен өзің келінге қолбайлау боп жүр екенсің-ау.
— Қанша бауырыңа басқаныңмен, жаудың қызы ғой, айтып отырған
сөзін қарашы! — деп Шағалақ кəдімгідей қызарақтап қалды...
Бұл күнде қазақта қос қатын алғандар көп. Тіпті ішінара үштен, төрттен
алғандар да ұшырасады. Бірақ осының өзі — асқандықтан, не болмаса төрт
əйел алуға дейін рұқсат ететін ислам шариғатының жомарттығынан емес,
басқа амалдың жоқтығынан, шарасыздықтан. Өйткені жаугершілік
жылдары ер-азаматтың басы қатты кеміп кетті. Қыз күйеусіз, қатын байсыз
қалатын күн туды. Қазір қызы бар үйге құда түсу — құт қонғанмен бірдей.
Балалары ер жетіп, қолды-аяққа жарыған бəйбішелер болмаса, күйеуі
соғыста өлген былайғы жас əйелдер алатын əмеңгер шыққанына қуанады.
Бəлкім, Мухаммед пайғамбар да көп əйел алуға кеңшілік ететін заңды
арабтардың азаматы азайған осындай соғыс кезінде шығарған болар-ау...
Ал көшпенділерде шаңырақ атаулы бас иесіз отыра алмайды. Жетімжесірдің малына ие, басына қорған керек. Мұндайда өз туысыңнан артық
жанашырды қайдан табасың? Сондықтан «аға өлсе — іні мұра, іні өлсе —
аға мұра» демеске амалдары жоқ. Кейде жігіттер қатын алудан əбден
зəрезеп болып, ат-тонын ала қашса да, ақсақалдар жеңгесіне, не жесіріне
оларды күшпен үйлендіреді. Осының бəрі де түптеп келгенде, халық
ретінде құрып кетпеудің, артқа ұрпақ қалдырудың амалы...
Бірде Қытайдан, бірде Бұхардан сауда керуені арқылы келіп жататын
қызыл шай — қазақтың қанға сіңген тұрақты асы емес-ті. Шайға əйелдер
жағы болмаса, еркектер онша құныға қоймай, жаз шығып, бие
байланысымен, «хан сусыны» — қымызға қарай ауып кететін. Бүгін де
солай болды. Кешікпей дастарқан қайта жаңғырып, бір жігіт күміс
шытыралы, сылдырмақты, үлкен қоңыр тегенемен қымыз алып келді.
Бұл кезде, күндегі дағды бойынша, батырға сəлем беріп, үлкен
шаңырақтан қымыз ішу үшін көрші-қолаң, туыстар келе бастаған.
Алдымен кіргендердің бірі — үстіне ақсұр шапан киіп, басына сəлде ораған
Жүсіп-қожа. Əсілі, бұл қожаның өкше ізі — башқұрт жұртынан. Осындағы
Əлі бастатқан біраз балаға қара танытып, калимаға тілін келтіріп жүрген
молдасы, əрі Қабанбайға хатшылық міндет атқарады. Ара-тұра өлгенге
құран-хатым
түсіріп,
жас
бүлдіршіндердің
шүметейін
шетіп,
мұсылмандыққа бейімдеп қоятыны тағы бар... Сол кісі табалдырықтан
аттай бере оң қолын кеудесіне басып, жіңішке əйел дауысымен соза сəлем
берді де, қыр қазағынша баса-көктемей, босағада əдеп сақтап тұрып қалды.
— Төрлетіңіз, молдеке. Жоғары шығыңыз! — деді Қабанбай өзінің оң
жақ қатарынан орын сайлап.
Жүсіп-қожа кебісін босағада қалдырып, мəсінің былпылдаған майда
жүрісімен төрге озды. Қос-қабат көрпенің үстіне басқалар сияқты малдас
құрып жайылмай, шəкіртше жүгініп отырды да, іштей күбірлеп дұға оқып,
дастарқан батасын жасады. Тек содан кейін ғана:
— Қалай, барша жамағат, Алланың рахметінде аман ұйықтап
тұрдыңыздар ма? Дарабоз əпенді, өз хал-ахуалыңыз жақсы ма? — деп
отырғандарға жағалай көз салып өтті.
Қабанбайдың бірадар сопылығы бастан асып тұрмаса да, қожа-молданы
аузында дұғасы бар деп қатты сыйлайтын-ды. Қазір де сол əдетпен:
— Шүкір, молдеке. Өзіңіздің қайыр-дұғаңызда қалқақтап жүріп
жатырмыз, — деп кеседегі қымызды Жүсіпқожаға өз қолымен ұсынды.
Бұл күнде осы елдің ішінде Қабанбайды пана тұтып, ағайын арасына
сіңіп жүрген башқұрт-ноғайдан, сарт-сауан, қалмақтан да біраз адамдар
бар. Солардың басым көпшілігі — əлдебір жағдайда басына іс түсіп, қуғын
көргендер, өз еліне симағандар. Сондай бір топ 1740-жылы башқұрттардың
патшаға қарсы көтерілісі жеңіліске ұшырағанда, жазалаушы əскердің
қысымына шыдамай, осы елге келіп паналаған. Оларды кезінде орыс пен
ойратты бірдей қан қақсатқан аты шулы Қарасақал бастап келіп еді. Мына
Жүсіп-қожа да — сол босқындардың бірі. Мұнда келген соң қазақтың
күйеуі соғыста өлген көп жесірінің біріне үйленді де, осы елде тұрып
қалды. Аузында пəтихасы бар адам неге жаман болсын, алғаш
келгендегідей емес, аз жылда ауқаттанып, шыр біте бастаған...
Бұл келісінде ел ағасы Қабанбайға айтар төтенше шаруасы бар секілді.
Бірақ оған жеткізбей, орта жолдан Шағалақ киіп кетті.
— Молдеке, өзіңді күнде көріп жүрсем де, бір нəрсені сұрап алуға құнт
қылмай жүргенім, — деді ол арғы жағынан келіп тұрған күлкі табын мүлде
сездірмеуге тырысып. — Мені ғой өзіңіз білесіз: ділі бірге болғанмен, діні
бөтен бір адамды үйіме кіргізіп, мұсылманшылыққа баулып жүрген жайым
бар. Осындай неке жайында шариғатта не айтады? Кəпір қызына
үйленгенім күнə ма? Əлде маған ақиретте сауабы тие ме? — деген бетпішінін аса бір мүлəйім қалыпқа келтіріп.
Есік жақтан мырс-мырс күлкі естілді. Бірақ Жүсіпқожа əңгіме астарын
аңғарған жоқ. Кеседегі қымызды орталата ішіп, орнына қойды да:
— О не дегеніңіз, Шағалақ мырза? Сіздің ғайри діннің адамын Исламшариге енгізуге себепкер болуыңыз зор сауапқа жатады. Мухаммед
үммəтіне қосылған ондай пендені Алла-тағала уəтабараканың өзі сүйікті
құлым деп танып, хатта бейіштен орын берері хақ, — деді ағынан
жарылып.
— Айтқаныңыз келсін, Жүсеке! Аузыңыз — періштенің аузы болғай! —
деп Шағалақ қолма-қол айқұлақтанып шыға келді. — Естідің бе, бəйбіше,
менің арқамда қазақ кіре алмайтын бейішке сен кіретін болдың!
— Менің етегімнен ұстасаң, сен де дал ада қалмассың, — деді Шойқара
да қарап отырмай. — Бұрқынның қарғысына ұшырадық. Енді Аллаға
сиынғаннан басқа не қалды біз пақырға?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 07
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.