Latin Common Turkic

Дарабоз - 03

Total number of words is 4071
Total number of unique words is 2398
31.1 of words are in the 2000 most common words
46.1 of words are in the 5000 most common words
52.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Жырау, аузыңыз дуалы, көңіліңіз хақ еді. Балама бата беріңізші! —
деді бақандай қолдарын алға созып.
Ақтамберді бөгелген жоқ. Бүлдіргелі қамшысын оң қолына ілген күйі ат
үстінде алақанын жайды да, шұбырта жөнелді.
Əуелі құдай оңдасын,
Оң жолына бастасын.
Қайыперен, қырық шілтен,
Əулиелер қолдасын!
Қарсы келген дұшпаның
Табанға түсіп сорласын.
Атасы басқа қалмақтың
Əмісе жолы болмасын!
Ат артына мінгестір
Əлпештеген ханшасын.
Əкең Дарабоздай батыр бол,
Жұртына салған олжасын!
— Аллауакбар! — деп бетін сипады.
Қабанбай қара қоңыр жүзі бір ағарып, бір бозарып, қатты толқып тұр
еді.
— Айтқаныңыз келсін, жырау! Аузыңыз періштенің аузы болғай! — деді
даусы тұтқырланып. Сонан соң баласына бұрылды да: — Ал жолың
болсын, ұлым! Дəулетбайдың жасағына бар. Айтқанын тыңда! — дегенді
қосып қойды.
Төбе басындағы топ елдің ең соңғы легі мойын созып, көш жолына
түскенше тағы біраз байырқалап тұрды да, орындарынан дүрк қозғалып,
бір белдің астында құралып жатқан жасаққа қарай бет түзеді. Айтқандайақ, бұлар келгенде Дəулетбай, Баймұрат бастатқан батырлар аламан əскерді
жүз-жүзден бөліп, түзем құрып жүр екен. Жалпы қаралдысы үш мыңнан
кем болмас. Сонау шетте Еспембет бастап келген Сыбан, Мұрын жігіттері
бір бөлек тұр. Қабанбайлар тобы арқан бойы таяғанда аламан əскер даланы
басына көтере:
— Алла жар болсын!
— Дарабоздың даңқы артсын!
— Жаса, Ақтамберді жырау!
- Қабанбай!.. Қабанбай! — десіп көп дауыспен ұранмен қарсы алды.
Қабанбай, Ақтамберді бастаған топ қасына əр рудың батырларын ертіп,
қатар-қатар сап құрған аламандарды көзден кешіріп, жағалай қарап шықты.
Ежелден келе жатқан үрдіс бойынша, қазақта əскер құрамы ру-тайпаға
қарай жасақталатын. Русыз өріс-қонысты бөлісу, əскер жинау мүмкін еместі. Əр рудың ағасы — əскердің де басы. Бүгін де сол жоба сақталған.
Маңдайда Қабанбайдың өз ауылы - Мəмбет-Қарақұрсақ жүздігі, Жұмық,
Тоғас жүздіктері болып, Бəйжігіт қолы бірыңғай тұр. Дəл ортаға
Найманның үлкен аталары Матай, Төртуыл, Қызай жүздіктерін қойыпты
да, одан ары Тума, Тоқпақ, Семізнайман жігіттері орын алыпты. Ал
ағайынды көшірісіп, жаңа жұртқа жеткізіп салу үшін сонау Шыңғыстау,
Ақшатаудан келген Батыс атаңның балалары ең соңында, сол қанатта бөлек
тұр.
Бұл, əсілі, алыс жорықты мақсат тұтқан аттаныс та, не жау шабуылын
күткен қорғаныс та емес, былайша сақтық үшін көш қалқаны ретінде
құрылған ертауыл жасағы еді. Үлкен аттаныс кезіндегідей: оң қол, сол қол,
тұтқауыл, тосқауыл, бақауыл жасағы дегендер мұнда қарастырылмаған...
Қабанбай əр жүздіктің алдында сəл-пəл аялдап, жігіттердің қал-күйін сұрап
келе жатты. Бір байқағаны, неменеге жетісіп тұрғанын кім білсін, əйтеуір,
жауынгерлердің көңілдері көтеріңкі екен. Араларында талай жорықты
бастан кешірген, сан рет қалмақпен қидаласып, соғыстың ащы-тұщы дəмін
татқан жасамыс сарбаздар бірталай болғанымен, көпшілігі əлі жаумен
бетпе-бет келіп көрмеген сары ауыз жастар көрінеді. Арадағы кіші-гірім
қақтығыс, барымта-сырымта болмаса, қазақ-қалмақ арасында үлкен қан
төгістер өтпегелі, міне, бес жылдан асып барады. Мына бір мұрттары
тебіндеп, иегіне енді ғана түк шығып келе жатқан жастардың көбі — сол
соңғы толас кезінде ержеткендер. Қырық жыл қырғын болса да, халық
құрымайды екен ғой. Алдыңғылардың қатары селдіресе, оның орнын
өртеңге шыққан алшындай, кейінгі ұрпақ басады. Қазір, несін айтасың,
осындағы талай жастың жаумен тезірек шайқасып, өз талайын сынағанша
тағаты жетпей, асығып тұрғаны анық.
Аламандардың киім үлгісі, сауыт-сайман, қару-жарағы да ала-құла.
Біреу көбе, біреу бадана, енді біреулері тот басқан ескі кіреуке киіп алыпты.
Тіпті болат сауыт қолдарына түспей, сірі құяқ, киіз тұтқыр киіп алғандары
қаншама. Дулыға дегендерің үштің бірінде ғана. Қару-жарақ та солай. Біреу
найза, біреу шоқпар, біреу айбалта ұстаған. Тек қылыш пен қалқан, садақ
жағы жалпыласыпты. Тобыршығы алуан түрлі: сауыт бұзары, қозы
жауырыны бар, қайың оқты қорамсақтары толық көрінеді. Қабанбай жас
сарбаздардың бірнешеуін ортаға шақырып, əлгілердің қылыш, найзаларын
қылпытып көрді. Жақтарын иіп байқады. Кейбіреулеріне көңілі толмай,
іштен тына күрсінді. Əйтеуір, жан алқымға алып, жағаласып тұрған жау
жоқ, əзірше көш қалқаны болуға жарап тұр. Тек бірнешеуінің аттары
жарамсыз екен, бүгін-ертең ат ауыстыруға кеңес берді.
— «Жаман ат жауға қалдырады, жаман қатын дауға қалдырады» дегенді
естуің бар ма? Мына көк шолақпен не тындырам деп жүрсің? — деген,
жауыр көк биесін желқомдап мінген, үстінде киіз тұтқыры бар жүдеу өнді
егде жігітке қарап тұрып. — Жорықта ер қанаты ат екенін ұмыттың ба?
— Бары осы болды, сардар аға. Тəуір аты құрғыр қолға түспей... — жігіт
міңгірлеп төмен қарады.
— Қай ауылдансың? Жүзбасың не қарап жүр?
Көк биелі сарбаз Тоқпақ руынан екен. Жүзбасы Қасабай батыр
шырылдап араға түсті:
- Əй, Күркебай-ай, қарадай жерге қараттың-ау адамды... «Жортуыл сенің
не теңің? Ауылдағы малға қара» деп талай айттым осыған. Тыңдамай ілесіп
алған өзі...
Қысылғаны болар, Күркебай ырсыңдап күле береді.
- Тəуір көлікті қалмақ жылқысынан ұстап мінеміз ғой... Сонан соң, сол
жақтан қатынның да ыңғайы келіп қала ма деп...
- Мəссаған, керек болса! Оу, сен қатын іздеп шыққан кісі болдың ғой? —
деді Қабанбай мырс-мырс күліп.
- Қатын алсақ, былай нетеміз бе деп... Былай үй болып дегендей.
Қалмақта қыз-келіншек көп деген соң...
Күркебайдың мінезі жігіттерге қанық сияқты. Бəрі қыран-топан күлісіп
жатыр.
- Жарайды, талабыңды қайтармайық... Бірақ саптың сиқын кетірмей,
мынаған дұрыс ат, ер-тұрман тауып бер, — деп жүзбасыға тапсырды да,
Қабанбай атын тебініп, келесі топқа қарай жүріп кетті.
Бұл елдің əлде бағы, əлде соры: қазақта ежелдің ен күнінен-ақ тұрақты
əскер болмаған ғой. Қарулы жасақ осындай аттаныс, не қорғаныс кезінде
жол-жөнекей, атүсті жиналады. Киіз туырлықты Алаш елі екі лек3 əскер
шығаратын Қасым ханның кезінде солай болған. Қазір де солай. Қазақтың
ұлы хандары Хақназар мен Тəуекел, Есім мен Жəңгір де тұрақты əскер
ұстауды қанша армандаса да, қолдары жетпей-ақ кетті. Оған қазақтың
бытыраңқы, көшпелі тірлігі мүмкіндік бермеген. Əзірше көшпенділерден
тұрақты əскерге қол жеткізгені — жоңғарлар ғана. Қанша айтқанмен
Шыңғыс хағанның салып кеткен жолы бар емес пе, бүкіл қалмақ қауымын
тұтасымен көшіп жүрген əскер десе болады... Ал қазақтікі - ұзын арқау, кең
тұсау. Мұнда жасақтың нақты санын белгілеген де ешкім жоқ. Жалпы жоба
бойынша, түтін басы бір сарбаз деп мөлшерленеді...
Ұлы аттаныс кездерінде Наймандар қашанда бір түмен əскер шығарып
келген. Қабанбайдың өзі де түмен бастап, Алаш туының астына талай
барып тұрған-ды. Қазір де сол сан кеміген жоқ. Егер күні бұрын жаушы
шаптырып, шындап дабыл қағылса, бұл күнде қара ағаштай қалын
Найманнан бір емес, үш түмен қол жиналатыны күмəнсыз. Бірақ Найман
ұлысы жаугершілікке, өріс-қоныс таршылығына байланысты дəл қазір
үшке бөлініп жатыр. Жоңғар шабуылы басталғанда Аягөз, Балқаш бойынан
ығысқан Балталы-Бағаналы Ұлытау, Жезді өңіріне ауып барды да, сол
жақты мекендеп қалып қойды. Ертіс бойын құлдай, Алтайдан ауған:
Терістаңбалы, Сарыжомарт, Көкжарлы, Бура да əлі күнге дейін жау басып
алған ата қонысына жете алмай, Шыңғыстау мен Қызылсу-Шардың
ортасында сығылысып зорға отыр. Ал бір кезде Барқытбелдін күнгейі мен
теріскейіне симай сыңсып отыратын, түстігі Тоқта-Барлық, Алатауды
жайлаған Қаракерей, Төртуыл, Матай мен Садыр əулеті жоңғардан
ығысып, Арқаға ауды да, ақыры «Ақтабан шұбырындыға» тап болып, қатты
тозып кеткен. Содан көп жылдан кейін ес жинап, бытыраған елдің басын
қосып, көштің бетін шығысқа — атамекенге қарай бұрғаны осы еді.
Қабанбай əскер жасағын бұдан ары ұстап тұрғысы келмеді. Түземдегі
жүздіктерді жағалай көзден көшіріп шыққан соң, батырларды шақырып
алды да, қысқа-қысқа жарлық берді. Қарулы жасақ көштен тым қара үзіп
кетпей, бес-он шақырымдай алда жүріп отыруға тиіс. Жан-жаққа
шолғыншылар жіберіп, олардан түскен мəліметті сардарға хабарлап
отырулары керек. Қолбасының рұқсатынсыз бейбіт елді шабуға, қалмақ
шебін бұзуға болмайды. Тек ойда жоқта жау шабуылына тап болғанда ғана
қылыш суыруға ерікті. Осылардың бəрін қадағалай тапсырып, жігіттерге
жол болсын айтты да, өзі қасындағы ақсақал, билерді ертіп, көш соңынан
жүріп кетті.
Бұл көш — баяғы Қасым хан заманындағы, одан бергі Хақназар,
Тəуекел, Есім хандар тұсындағы көк күймеге мініп, көлден-көлге қонып,
Сырдан — Есілге дейін, Балқаштан — Барқытбелге дейін жол бойы сəн
түзеп, сауық құратын, соныға мал оттатып, асықпай айлап жылжитын,
салтанатты салқар көш емес-ті. Қазақтан ондай сəн қалғалы қашан! Соңғы
жарты ғасырда əр он жыл сайын соқпа дерттей, тойымсыз жұттай қайталап
отырған жаугершілік халықтың қанатын қырқып, үрдіс, салттардың
талайын үзіп жіберді. Ежелгі көш жолдары бұзылды. Қайта мынау — ұрысқағыссыз өткен соңғы бес жылда халықтың ес жинап, етек жапқаны ғой.
Əйтпесе, кешегі «Ақтабан шұбырынды» заманында қазақтың талай
тайпасы көшке ілесе алмай, жаяу-жалпы босқынға айналған жоқ па еді?!
Шіркін, қайтқан қаздай тізілген қазақтың сол бір көші-ай! Қазақ
ұғымында, көш — салтанат, көш — бəсеке. Осынау жарық дүниеге паш
етер тіршілік көрмесі. Қазақ жор-ғасы мен жүйрігін көшкенде мінеді.
Біркиер асылын көшкенде киеді. Кілем-кілшесі, оюлы сырмағы жүк үстіне
жабылады. Сөйтіп жасыл жайлау, бұла табиғат аясында өзінше бір бой
жазады... Əйтседе, бүгінгі мына көштің, өткен күндермен салыстырғанда,
тым жұпыны, жүдеу екенін сырт көз бірден-ақ аңғарар еді. Əр лектің алдын
түйелі көштер бастағанымен, арт жағы өгізге артқан, атқа теңдеген, ырдуан
арбаларға тиеген қара шобырға айналып кетеді. Өз алдарына ат тауып міне
алмай, жүк үстіне жабысқан, кебежеде отырған кемпір-шал, мойындары
қылқиған бала-шаға қаншама! Амал не, қабырғаң қанша қайысқанмен,
жұтаған жұртты немен жеберсің? Аш-жалаңаш кедейді байға қалай
теңерсің?!
Қабанбайлар тобы əр көштің тұсынан өткен сайын, ауыл ағалары
алдарынан шауып шығып, сəлем беріп, тілдесіп қалып жатыр. Бір тəуірі:
бұқара жұрттың еңсесі көтеріңкі, көңіл ауаны жақсы екен. Үлкен-кіші
демей, бəрі де ежелгі атамекенге бір табан болса да жақындатып, жаңа кең
қонысқа əкеле жатқан бас қолбасыға сəулелі үмітпен мейірлене қарайды.
Əрине, жау шебіне жақын барып қонамыз дегенге əлдебір қорқынышпен
қобалжып келе жатқандар да жоқ емес. Соған орай, көш маңындағы
былайғы халық та қамсыз емес сияқты. Ер-азаматтың көбінің-ақ сауытсайманы үстінде, бес қаруы бойында. Бірер қауіпі төнсе, осы көш бойынанақ жүздеген сарбаздың суырылып шығары кəміл.
Бүгін күн де шайдай ашық еді. Бұлтсыз аспан жасыл тудай желбіреп түр.
Балқаш бойындағы шоқ-шоқтораңғы, жыңғыл өскен еспе құмнан ұзап,
төскейге таман жақындаған сайын, жер құйқасы қалыңдап, боз жусанды,
бетегелі, көк майсалы кең алқаптар басталған. Күн қыза келе көк жүзіне
бозторғайлар көтеріліп, мына мыңғырған тіршілік иелерін қуана қарсы
алғандай, берекелі бейбіт күнді мадақтап, жырға қосқандай болады.
Биылғы ұлу жылының қысы қарлы, көктемі жаңбырлы болып еді. Күн
нұрына қаныққан жусанды дала, босанған əйелдей бусанып, емірене бөртіп
жатыр.
Алды аяңдап, арты желіп, алшаңдай басқан Қубас аттың бұлаң құйрық
жүрісіне Боранбайдың боз жорғасы зорға ілесіп, Ақтамберді бастаған біраз
жұрт арт жақта сөлкектеп желіп келе жатты. Тізгін тежемей, атының
жүрісін қызықтап, шылбыр бойы алда келе жатқан Қабанбай қазір өз
көкірегінде де əлденеге алабұртқан тағатсыздық барын сезеді. Əлдене жүржүрлеп шақырғандай, алыс көкжиекке жиі қарағыштай береді. Дəл маңдай
алдында, сонау бір қиыр терістікте шөке түсіп жата кеткен жолбарыстай,
тұмсығы сүйірленіп бітетін Барқытбел жатыр көсіліп. Бұл оның аласа
адырға айналған батыс сілемі ғана. Ал осы тауды бөктерлеп жүре берсең,
сонау Сауырға дейін мықты атқа жеті күншілік жол. Соның бəрі — бұл
күнде жоңғар иелігінде... Ал шығыс жаққа қараса, күн астында сағымға
оранып, сонау алыс-алыстан жоңғар Алатауы мен етегі Алакөлге малынып
жатқан Тоқта-Барлық таулары мұнартқандай болады.
Қайран Алакөл! Алакөлді көрмегелі қай заман?! Сəл жел тұрса
шарадағы қымыздай көбігі сынып, бейне көл бетіне сан мың аққу қонып
отырғандай, ап-ала боп жатушы еді. Сол көрініске ата қазақ Барлықтың
жотасына шығып қарап тұрған да, «Алакөл» деп ат қоя салған. Əттең,
дүние-ай, өзің туып өскен сол көлдің жайсаң жағалауын жау ойнағына
беріп қойып, Қабанбай басыңмен сен де тірі жүрсің-ау!
Батырдың маңдайынан сұп-суық тер шықты. Бадана сауыттың бас
ілгегін ағытып, басынан кіші-гірім қазандай дулығасын алды. Барқытбел
жақтан лүпіп соққан самалға омырауын тосып, сəл тыныстады. Екі қастың
түйіскен жерінен аз жоғары, дəл маңдайда білінер-білінбес қоян-тобығы
болушы еді. Қабақ түйіп қатуланған кезіндегідей сол тобық əрі-бері ойнап
кетті.
Ойлап қараса, дəл осы өлкеге қазақ көшінің із салмағанына қырық
жылдан асып барады екен. Қалмақ қолы осы ғасырдың бас кезінде-ақ
Барқытбелдің күнгейі мен Тоқта-Барлық, Алакөл маңынан қазақ ауылдарын
ығыстыра бастаған. Ойраттар қазақтың жайбарақат, бейғамдығын
пайдаланып, қашанда қапыда соғып келді емес пе. 1702 жылғы Барлықтағы
алғашқы айқаста ғой, мұның əкесі Қожақұл батырдың аз адаммен қоршауда
қалып, ақыры ауыр жарақаттан мерт болғаны. Онда Қабанбайдың,
Қабанбай емес, Ерасылдың жетіге жаңа толған кезі. Сол жыл ел үріккенде,
түңғыш рет жеке атқа мініп, тізгінін өзі ұстап жүргені есінде. Араға біраз
уақыт салып, яғни 1711 жылы қалмақтар Жоңғар қақпасынан тағы бір рет
асып төгілді. Осы жолы жылқыға шапқан жау қолынан ағасы Есенбай қаза
тапты. Сонан кейін көп ұзамай қазақ ауылдары Тоқта-Барлықтан түп
қопарылып, батысқа қарай ауған-ды. Содан бері қалың Қаракерей де,
Матай мен Төртуыл да ол жаққа аттап баса алған жоқ. Рас, аламан əскер
сапындағы жарақты ер-азамат жортуыл-жорық кездерінде бірнеше рет
қалмақ қолын тықсырып, Алакөлге дейін барып қайтқаны бар. Ал туған
жерін сағынған кəрі-құртаң, қатын-қалаш пен ол өлкені тек үлкендердің
əңгімесінен ғана білетін жас əулеттің көп жылдан кейін шығысқа ат басын
бұрғаны осы еді.
III
Қабанбай, Ақтамберді, Боранбайлар тобы суыт жүріп отырып, бір
мезгілде көштің алдыңғы легін қуып жетті. Бұлар — арысы Мəмбет, берісі
Қожақұлдан тараған, Қабан-байдың өзіне табиғы ауылдар еді. Ат-көлігі,
азаматы сай, салтанатты, сəнді көш. Жақсы жарақтанған жүздей аламан
көшті жан-жағынан қоршап келеді. Бестен-оннан бір-біріне тіркелген жүкті
түйелер, күміс ер-тұрманды, жуан-жуас ат мініп, көш бұйдасын ұстаған
салауатты бəйбіше, сұлу, сəнді келіншектер. Жол-жөнекей атқарылатын
жауапты міндеттен ада, тек көштің сəнін кіргізу үшін жаралғандай,
алтындаған ер-тұрманы күн нұрына шағылып, саусылдап бос жүрген,
жарау атты қыз-бозбала өзінше бір топ құраған.
Үлкендер алдыңғы көшке жақындағанда, үстіне аппақ берен, басына
алтынды жеңіл дулыға киіп, садақ асынған бір жас ұлан жаңағы қызылдыжасылды, дулы топтан бөлінді де, астындағы сүліктей жирен жорғасын
тайпалтқан күйі қарсы алдарынан көлденеңдей берді. Жақұттай аппақ
тістерін жарқырата, сонадайдан ақсия күліп келеді.
— Армысыздар, көкелер? — деді бұлар есік пен төрдей қалғанда даусы
санқ етіп.
— Бар бол, балам!
— Көш көлікті болсын! - десті разы болған үлкендер. Біреулері
шырамытып, екінші біреулері нақты болжай алмай тұр.
Бұл келген — Қабанбайдың кіші əйелі Майсарадан туған, жасынан ұлша
киіндіріп, шолжың өсірген ерке қыз — Назым болатын. Кішкентайынан
мына тұрған үлкендердің алдына талай отырып, иығына шығып
өскендіктен, ешкімнен қысылып-қымтырылмай, өзін тым еркін ұстап тұр.
Əйтсе де əкенің қырағы көзі Назымның қабағындағы кірбіңді бірден
аңдады.
— Назыкенжан-ау, жайың жараспай, өзің бірдемеге ренжіп жүрсің ғой?
— деді қызын айналып-үйріліп.
— Жəй, əншейін...
— Сені біреу ренжіткен-ау! Айтшы, кім ол? Кім де болса Барқытбелден
асырып жіберейін!
— Апам! — деді Назым езу тартып. — Апамды асырып жіберіңізші...
Аламандар қосына Əліні жіберді де, маған келгенде тістей қатып отырып
алды.
— Ə, солай ма? — Қабанбай қарқылдап күліп жіберді. — Бəлем, апаң
тұра тұрсын!.. Бірақ көшті қорғауға да кісі керек қой. Қазір көрініп тұрған
жау жоқ. Сол Əлі аламан əскер боп, бірдеңе бітірер дейсің бе. Оның есесіне
сені алғашқы жорыққа өзім ертіп шығам.
— Шын ба, көке?
— Əлбетте. Мен сені қашан алдап едім?! — деді атын тебініп, жүре
сөйлеген Қабанбай.
— Əлі сайыста менен талай рет ұтылған, — деді Назым да қатарласып.
— Ол жүз қадам жердегі тулаққа он оқтың жетеуін зорға тигізгенде, мен
тоғызын түйредім!
— Əлі де болса жаттыға түс. Нағыз мергеннің атқан оғы жерге түспеуге
тиіс, — деді көкесі. — Ал енді біздің көшке барып айт: мына шөлдеп келе
жатқан кісілерге сусын əзірлесін.
Назым жирен жорғаның тізгінін босатып, салдырта жөнелді. Боранбай
би соңғы бір-екі жылда Назымға түстеп қарамаған екен. Қазір оның
солқылдап бой жеткенін, толыса келе нағыз хаса сұлуға айналарын сезіп,
іштей сұқтанып қалды. Кенже ұлы Мырзатай жиырмаға толғанша
үйленбей, қыз таңдап, бұлғақтап жүр еді. Соған мына Назымды көрсететін
екен!.. Бірақ сырттай сыр бермеді. Қабанбайға бұрылды да:
— Мына балаң да болайын деп тұр-ау! Құдайым құмыр жасын ұзақ
қылғай! — деді ұзаңқырап кеткен Назымның соңынан қарап тұрып.
— Айтқаныңыз келсін, биеке! Тентектің ұлдардан қалысқысы жоқ, —
деді Қабанбай да қызының соңынан қуана қарап. — Майсараның өзі ғой —
осы баланы сайыс пен садаққа баулып жүрген!
Əрқайсысы жеке ауыл боп кеткен Қабанбайдың үлкен ұлдары:Үмбетей,
Едіге, Байтоқ, Сырымбеттер көш басында жүр екен. Бəрі жамырап
алдарынан шығып, сəлем берісті. Жолаушылар да өз тарапынан бəйбішелер
мен азаматтарға «қош байсалды, қоныс жайлы болсын!» деген тілек
айтысты. Қабанбайдың бəйбішесі, керей қызы Ханбибі бұл күнде жасы
елуге келіп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, бір елдің анасындай білікті
адам еді. Қабанбайдан тараған жеті ұл, бес қыздың көпшілігі — осы
Ханбибінің құрсағынан. Мал-жанға ие болып отырған адуын бəйбіше
көшті сəл кідіртіп, азық-түлік, сусын артылған түйеден кішілеу сабаны
алдырды да, жүргіншілерге үлкен сырлы аяқпен қымыз ұсына бастады.
Ал бұл кезде жасы қырыққа келіп қалса да нұры таймаған, сұңғақ
бойлы, қызыл шырайлы Майсара сонадайдан аттан түсіп, жаяулап келіп,
Ақтамберді, Боранбайдай үлкендерге əдеппен тізесін бүгіп, сəлем етіп
тұрған-ды. Бəсентиін Малайсары батырдың қарындасы, Қабанбайдың
жорық жолында табысқан сүйіктісі, кезінде жұрт «Гауһар қыз» атап кеткен
атақты Майсара осы еді. Кимешегінің екі жағы мен маңдайына оқалы зер
жүргізген, үстіне тобығына түскен қос етекті көк торғын көйлек, күрең
қатипа камзол киген қазіргі қалпында да жаңа түскен келіндей сызылып
тұр. Мына түрінде Майсараны садақ тарту мен семсерлесуден алдына жан
салмайтын, сайыстан күш сынасқысы келген қайындарының қамау терін
сығып алатын хас жауынгер десе ешкім сенбейтіндей. Үлкендердің
алдында ибамен сəлем етіп, сырлы аяқпен майысып тұрып қымыз
ұсынғанда, жетпіске келген шалдардың өзі құйрықтары қоныс таппай,
қауқалақтап қалды.
Еркектер атқа қонарда, Майсара ұялы нəркес көздерін тұндыра, күйеуіне
жəудірей қарап алды да:
— Батыр, бүгін еру болатын жеріміз əлі алыс па? Бір күн де болса балашаға күйзелмейтін, суатты, жайлы қоныс болса игі еді?! - деді назы да,
тілегі де аралас, аса бір биязы үнмен.
Оған қам жеме. Осы жүргенде бəрімізде сол жайлы қоныс үшін келе
жатқан жоқпыз ба?! — деп Қабанбай жүре сөйлеп, атына қарай бет алған.
Майсара үйдегі əдетінше Қубастың сұлулығынан ұстап тұрып, күйеуін
қолтығынан алып өзі аттандырды.
Аттың белін суытып, қымызға қанып алған үлкендер енді көштен
озыңқырап, өздерінше бір ошарылған топ құрап, суыт жүріп кетті. Əр
ауылдың ру басы ақсақалдары мен беделді билерінің енді бір алуан
əңгімесі алдағы өріс-қоныс жайына ойысып еді. Мөлшермен қай рудың қай
тұсқа қонатыны əнегүнгі бір бас қосуда алдын ала белгіленіп қойылған.
Енді соны жер көріп, жұрт шола келе, көш жөнекей іс жүзіне асыру керек.
Ел тұтқасын ұстаған ұлыс билері мен ақсақалдары арғы-бергіге ой
жібере отырып, ақыры мынадай бəтуаға келген. Ана жылғыдай емес, халық
өсіп-өніп жатыр, төрт түлік малдың да басы қайта құралып қалды.
Мұндайда, əрине, Найманның қалың ауылдарын тар жерге қатар қондыру
мүмкін емес. Сонымен бірге жаугершілік заманда, əсіресе, жау шебіне
тақау отырған кезде, əркім əр жақтан қоныс іздеп, тым бытырап кетудің де
реті жоқ. Қазақ пен қалмақ арасында ұлы аттаныс, қырғын соғыс болмаған
күннің өзінде жылқы алу, барымта, кіші-гірім атыс-шабыс толас таппайды.
Сондықтан аталас ағайын іргелерін тым алшақ ұстамай, қанаттас, қатарлас
қонғаны мақұл. Жəне де қашан дүние тынышталғанша ат белдеуде, бес
қару керегенің басында тұратын болсын! Əлдеқалай ел шетіне жау тиіп,
«аттан!» деген ұран көтерілсе, қолма-қол атқа мініп, ту түбіне жиналудың
бірден-бір жолы осы.
Сонымен бірге «тірлікте — жерін кен болсын, өлгенде — көрің кең
болсын» деген бұрынғылардың өсиетін де ұмытпаған жөн. Қолдан келсе
малдың орны толар-ау, жердің орны толмайды. Осының бəрін есепке алып,
ақылдаса келгенде, Кенже Матай мен Қаракерейдің Байыс тармағы
Шыңғыстаудан шығысқа қарай созылған қазіргі қонысында қалғаны жөн
деп тапты ақсақалдар. Ал Қызай ауылдары солармен иық сүйесе, Аягөз,
Ақшатау алқабын қоныс етсін. Төлегейтайдың бір баласы Төртуыл мен
Қаракерейдің Байжігіт тармағы, Аягөздің шығыс қапталына өтіп,
қалмақтан босаған Мыңбұлақ, Ақши, Өкпетіге дейін барып, Барқытбелдің
батыс сілеміне ат басын тіресін. Ал былайғы Тума, Тоқпақ, Семізнайман
аталатын Байсиық əулеті Алакөл мен Балқаштың екі аралығындағы ен
жазықты қоныс етіп, жоңғарға жон көрсете тақау келіп отырсын. Сонда
ертең аттаныс, не қорғаныс кезінде бір тудың астына жиналатын Найман
ұлысы бір-бірінен қол үзіп қалмайды, əрі жерден де ұтылмайды.
Балқаштың батысынан — Ұлытауға дейінгі аралықты Балталы-Бағаналы
жайласа, Ертістің сол жақ қапталындағы Қалба мен Қызылсу, Шар бойында
Көкжарлы, Бура, Терістаңбалы, Сарыжомарт отырады. Бұлардың бəрі де —
шекара бойында жоңғар шапқыншылығына ең алдымен ұшырап, ата
қоныстарын амалсыз жау қолында қалдырғандар. Бірақ оның есесіне, ертең
Жоңғарға қарсы ұлы аттаныс басталса, жақын жерден жауға алдымен
шабатындар да, қалмақтан босаған қоныстарға бұрынырақ барып
жететіндер де осылар болмақ. Демек, Қабанбай батырдың бұл жолы ұлыс
көшін шығысқа бұруы тегін емес, оның астарында болашақ ұрпақ қамынан
туған талай жайттар жатыр еді.
Сонымен, Аягөздің төменгі сағасынан қопарыла қозғалған қалың ел
алғашқы күндері түйдегімен тұтас келді де, арада апта өткенде, алдыңғы
лектің мойны озғындап, кеш қатары сирей бастаған. Жол-жөнекей талай
ауылдар өздеріне бөлінген мекен-қоныстарға көш басын бұрып, бөлініп
қалып жатыр. Ай, Таңсық, Шаңырау, Қаракөл тұсынан өтіп, Мыңбұлаққа
жақындағанда үш Бəйжігіт пен Төртуыл, ішінара Тума, Тоқпақ ауылдары
ғана іріктеліп қалып еді. Бұлар енді бірер ай бөктерде отырып, ел іргесі
тыныш болса, жердің көгі жетіле арғы Барқытбел төсіндегі жайлауға
шықпақ. Мұндайда көпке қорған, жұртқа қалқан ретінде, осылардың
бəрінен озғындап барып, елдің шеті, жаудың бетіне Қабанбай өз ордасын
қондырмақ еді.
Алға барып-келіп жүрген шолғыншы топтың айтуынша, Ақшəуліге
дейін жау қарасы көрінбейді деседі. Төменгі Итішпестің Алакөлін жағалап,
қалың қопаны қыстап шығатын дүрбіттер биыл бұл жаққа ат ізін салмаған.
Əйтсе де, сақтықта қорлық жоқ, ел шетінде Қабанбай қарауылда тұрса,
былайғы жұрт тыныш ұйықтайтын болады...
Hеше күннен бері жер жадысын бағдарлап, жайылым-суаты мол бұлақбастау маңына жол бойы ел қондырып келе жатқан ақсақалдар тобы бүгін
сəске түс шамасында Мыңбұлақтың етегіндегі көк адырда бір төбенің
басына шығып, төңірекке көз салып тұрған-ды. Кенет бір қырқаның
астынан айқай-сүрең салып, көлденеңдей шапқан топ аттыға көздері түсті.
«Бұл не пəле?» дегендей, жұрт елеңдесіп қалған. Жау дейін десе жауға
ұқсамайды. Қырық-елу адам бұлай еліріп шаппаса керек. Былайша көкпар
тартып жүрген ел адамдарына да келіңкіремейді. Бұл не сонда? Бері
таяғанда мəлім болды: қасқыр ма, түлкі ме, əйтеуір, бір аңды ұтылай қуған
таяудағы бір көштің жастары екен. Араларында тай-құнанға мінген балалар
да қаптап жүр. Барлығы даурыға сүрең салып:
— Ұр! Ұрып таста...
— Алдын орай шабындар!
— Қабанбай! Қабанбай! — десіп құйғыта шауып барады.
Бас сардар ұнатыңқырамай қабағын кіржитіп, теріс айналды. Айғай-ұран
тынар емес: «Қабанбай!.. Қабанбай!»
— Əй, қайсың барсың? Бейбіт күнде жаман ырым бастап, жұрттың
жүрегін алған анау саппастарды тоқтатыңдаршы! — деді сол түнерген
қалпында.
— Көкжал ғой, сардар аға... Мыналар көкжал қуып барады екен! — деді
атқосшы жігіттердің бірі өзі де елеңдеп, үлкендерді де еліктіргісі келіп.
— Көкжал болса қайтейін?! Қуа берсін, тек ұран шақырмасын! — деді
сардар. — Бұл не? Жауға шапсада «Қабанбай», көкжал қуса да «Қабанбай!»
Басқа сөз құрып қалған ба?!
Сөз мəнісін енді түсінген серіктері жамырай күлісті. Қабанбайдың өзі
болмаса, бұл ұранға басқалардың құлақтары əлдеқашан үйренген. Бəлендей
сөкет көріп тұрған жоқ. Осы тұрғандардың бірталайынан жасы үлкен Төбет
би лекіте күліп алды да, бір басалқы сөз айтты:
— Шырағым, Дарабоз-ау, оған несіне ренжисің? Құда қаласа, ұлыстың
ұраны болды деген осы. Енді оны ештеңемен де тоқтата алмайсың. Қазақта
қазір көзі тірісінде ұранға айналған екі-ақ адам бар. Абылай мен Қабанбай!
Енді ол ауыздан-ауызға көшіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді.
— Қазірше екеу болғанымен, кейін тағы қосылады ғой, — деді Боранбай
би оны қостап. — Ұрпақ ұлғая келе, ұлыстың ғана емес, əр рудың өз ұраны
болады. Бүгінгі əр елден шыққан аруақты батырлар күні ертең ұранға
айналмасына кім кепіл?!
Бұлар аттарын баяу бастырып, жүре сөйлесіп келе жатқан-ды. Қабанбай
екі бидің əңгімесін ақырына дейін тыңдамай, алға түсе берді. Жастардың
жаңағы айғай-сүрені құлағында əлі жаңғырығып тұр. «Қабанбай...
Қабанбай!» Кім ол — Қабанбай деген? Бұған қатысы жоқ бейтаныс есімдей
құлағына біртүрлі тосын естіледі. «Қабанбайдың» бұған қосымша ат болып
тіркелгеніне, міне, табаны күректей отыз жыл. Ақтабанның алдында,
ойраттардан ойсырай жеңілген Аягөздегі сəтсіз ұрыс кезінде алғаш рет осы
атпен елге танылып еді, содан бері талақ боп жабысты да қалды... Ол аз
болғандай, енді «Дарабоз» дегенді шығарыпты. Бір кісінің атын
құйқылжытып өзгерте беруге неге құмар екен осы жұрт? Ата-анасының
бесікке саларда азан шақырып қойған аты — Қабанбай да, Дарабоз да емес,
Ерасыл болатын. Осы аты кімнен кем еді? Өзіне керемет ұнайтын. Ойлап
отырса, уайым-қайғының не екенін білмейтін, ең алаңсыз, бақытты шағы
да сол Ерасыл боп жүрген кезі екен. Қазір мұның бала күнгі атын біреу
білсе, біреу білмейді. Мұны Ерасыл деп атайтын — құрдасы Шағалақ пен
бəйбішесі Ханбибі ғана. Онда да үй-іші боп оңаша отырғанда... Жұрт
көзінше олар да «Сардар» деп сызылып қалады. Құдауанда, адам кейде өз
атын естуге зар болады екен ғой!
Əй, бұл қазақ біреуге ат қойып, айдар тағуға келгенде алдына жан
салмайды-ау! Ең алдымен бұған ат қоюды ауылдағы жеңгелері бастады.
Салт бойынша қайнысына ат қою қажет болғанда «Нар бала» дегенді ойлап
тапқан — солар. Құдай бұған қара күш пен денені о бастан-ақ аямай берген
ғой. Он үш жасар кезінде-ақ бойы үлкендермен теңесіп, ауыл арасына
мінген тай-құнанның белін қайыстырып, екі тізесі көліктің мойнын қағып
жүретін-ді. Осыны көрген жеңгелер аясын ба, мұнын сорайған бойына
қарап, «Нар бала» деген айдарды тақты да жіберді.
Қайран жастық шақ, ол да бір дəурен екен ғой! Тұла бойға симай
қабындап тұратын күшті қайда жұмсарын білмей еріккендіктен, желі
басындағы асау құлындарды тырп еткізбей құйрығынан ұстап тұра
қалғанды қызық көруші еді. Бертін келе көктемде жылқы таңбалағанда,
құлағына қол апартпайтын небір шу асау дөнен-бестілер Ерасылдың
қолына түскенде жыны қағылып, қалш-қалш етіп тұрып қалатын-ды... Тек
қара күш қана емес, соғыс өнеріне де ерте жетілді. Жеті жасынан жақ
тартуды үйренген. Анау-мынау жігіт икемге келтіріп ие алмайтын, əкесі
Қожақұлдан қалған қара садақты бұл он үш жасында адырнасын аңыратып
еркін тартатын болды. Жас өспірім балалар екіге бөлініп, «қазақ-қалмақ»
болып қидаласқанда Ерасылға ешқайсысы төтеп бере алмайтын. Ал
«қарсыласына» найза сілтегенде қимылына көз ілеспеуші еді. Ат үстінде
шауып келе жатып жердегі түйенің құмалағын найзамен іліп кете беретін.
Жастайынан сүйекке сіңген сол машық кейін кəдеге асып, төтелей төнген
талай ажалдан құтқарып қалған анық.
Алайда, құдай куə, үлкейгенде батыр болам, қол бастап, ту ұстаймын
деп бұл ешқашан ойлаған емес. Ал енді дос болсын, қас болсын, адам
қанына ортақ болу, кісі өлтіру дегенді бұл тіпті елестетіп те көрмеген.
Сөйтсе, бойдағы артық қайрат алдағы жаманшылыққа, жаугершілікке
көрініп тұр екен ғой. Содан бері талай қан төгілді. Жаусырап келген
дулығалы бастардың талайы қанжығада кетті...
Мына кереғарлықты қойсайшы, керек десеңіз, Ерасыл бала кезінде
соғысты бүкіл болмысымен жек көретін-ді. Бүл жеті жасқа шыққан жылы
бір шайқаста қалмақ қолынан оңбай жеңіліп, бастары салбырап, иіндері
түсіп қайтқан ауылдастары тұла бойы аяусыз кескіленіп, қансырап өлген
əкесі Қожақұлдың сүйегін өзінің төл аты Теңбіл көкке артып əкелгенде, жас
бала соғыстың не екенін жан-тəнімен сезінген. Демек, соғыс дегеніміз —
қасірет-қайғы, көз жасы, жетімдік екен ғой. Өлім хабары сұмдық суық боп
естілген. Əйтсе де, əке өлімі жанына қанша батса да, əлде балалығы шығар,
оншалық жасып кетпеді. Тез жұбанған. Батыр кісі соғыста өлмегенде
қайтушы еді?! Осылай ойлаған да қойған... Кейін ержеткен кездегі ағасы
Есенбайдың өлімі ғой, Ерасылды намыс отына күйдіріп, көзсіз ерлікке
жетелеген...
Батырдың ой желісін сəл арт жақта келе жатқан серіктерінің гу-гу
сөздері бөліп кетті. Ақылдасып қойғандай, олар да адам аттарына
байланысты əңгіме айтып келеді екен. Сыңайы, бір алуан сөз Төртуыл
Төбет бидің төңірегінен өрбісе керек. Ақтамберді бір сөздің кезегінде
қадірлі бидің аты неге Төбет қойылғанын сұраған ба, қалай? Текең соған
енді жауап айтып келе жатқан секілді:
— Сұрап қалдың ғой, Ақа, айтайын. Жалпы біздің түрік əулетінде
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 04
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.