Latin Common Turkic

Дарабоз - 25

Total number of words is 4079
Total number of unique words is 2431
32.7 of words are in the 2000 most common words
47.6 of words are in the 5000 most common words
55.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ілеспейтін хас шебердің өзі екен. Екі жақ үдемелей шабуылдап, төпелей
жөнелгенде, ақ алмастар кезек айқасып, көк жүзінде біразға дейін өріліп
тұрып қалады. Бұл күнде қазақ-қалмақ арасындағы қидаласу ешкімге
таңсық емес. Дүниенің қызығы қалмақ пен қалмақтың айқасқаны екен.
Қимылдарынан не қылайыны, кешірім-кеңшілігі жоқ, өліспей-беріспейтін
шексіз қаталдық аңғарылады. Оның үстіне мыналардікі қазақ ұғымына
мүлде жат-тұғын. Ағайынды өкпеге қиса да өлімге қимайтын қазекең
бүйтіп өз туысымен топ алдында шарпыспас еді. Туыстар жекпе-жекке
шыға қалса — сүйекке таңба, өмір бойы қыр соңынан қалмайтын əңгіме
болар еді.
Сондықтан да болар, мына сұмдыққа исі қазақ ауыздарын ашып қарап
қалыпты. Абылайдың да бар назары — сол екеуінде. Ол қазір көптен
дайындаған өз саясатының жемісін көріп тұрғандай. Қанды балақ түз
қыранын қолға үйретіп, қайырып əкеліп қасқырға салған саятшыдай, өз
өнеріне сырттай сүйсініп тұр ма, кім білсін?! Алайда жан алып, жан
беріскен ымырасыз айқас жүріп жатыр. Шабдар — інісінен гөрі шомбал,
мелжемді. Əмірсана — қырым еті жоқ, тарамыс, сида... Ал енді қидаласуда
титтей қапы жоқ. Адам бал асы қылыш пен қалқанды бүйтіп те үйлестіріп,
əдемі ұстауға болады екен! Қаруды кемел игергені соншалық, бірі
қарсыластың қапысын тауып қақ бөлетін жерде екіншісі қалай дүр қалқан
тосып үлгіреді. Сол шексіз шеберліктің арқасында бұлардың қимыл-əрекеті
өте оңай, тіпті ойнап жүрген сияқты болып та көрінуші еді...
— Əй, мыналар бізге көз қылу үшін əдейі істеп жүрген жоқ па? Тым
созылып кетті ғой?! — деген-ді, өз кезегінен айрылғанға нəумез боп тұрған
батыр Баян шыдай алмай.
— Жоқ, олай болмас. Қимылдарынан ондай селкеулік байқалмайды, —
деді Қабанбай нояндардан көз алмаған күйі.
Батыр Баян текке шүбəланып тұр екен. Шабдардың əлдеқалай аты
сүрінді ме, əлде қары талып, дер кезінде қорғанып үлгіре алмады ма, сəл
мүкіс кетіп еді, Əмірсана орайлы сəтті мүлт жібермеді. Қолындағы ақ
алмас оқыс жарқ етті де, жауының дулығалы басын допша қағып түсірді.
Мұның қас қағым сəтте, тым тез болғаны сонша, көз жазбай қарап
тұрғандар болмаса, біраз жұрт омырыла құлаған Шабдардың өлі денесі мен
бір шетке ер-тоқымымен ойнап шыға берген құла қасқаны ғана көріп
қалды.
Бұдан ары бөгелудің орны жоқ, Қабанбай енді қаптама ұрысқа белгі
беруге оқталып тұрған. Бірақ Əмірсана осы кезде артқы сапқа бірден қайта
қоймай, əлдене деп айғайлап, ойрат қолының алдынан көлденеңдей шапты.
Сол-ақ мұң екен, жоңғар қосыны ұйқы-тұйқы болып, іргесі сөгілді де,
үлкен бір бөлігі саптан шығып, Əмірсананың соңынан жосып берді. Бұлар,
негізінен, бұрын ноянның өз иелігінде болған, кейін амалсыз Шабдарға
бағынған ұлыстың адамдары еді. Мөлшері үш мыңнан кем болмас...
Кешікпей қазақ қолы да жаппай шабуылға өтті. Бірақ əскерінің үштен бірі
қарсы жаққа өтіп кетіп, қалғандарының да тауаны қайтып тұрған БайырМөңке ноян табан тіреп соғыса алмады. Біраз жерге дейін қаша ұрыс салып
барды да, оның ақыры жаппай жөңкілген босқынға айналды. Олардың да
жарым-жартысы шығынға ұшырап, ат-көлігі сай іріктелген топтары ғана
қашып құтылды.
Жоңғар қолының бұл шегінуі Жетісудағы ойрат күреңдерінің шығысқа
қарай жөңкіле көшуімен ұласты. Бұл өлкенің қоныс болмасын сезген
қарулы əскердің ендігі ойлағаны шұбырған көш пен төрт түлік малға
қалқан болу ғана еді. Мүмкіндігінше, көш пен малды алға жіберіп, соңынан
əскер қосындары жүріп отырды. Бірақ басынан бақ тайып, босқынға
айналған ел төгіліп-шашылмай, шығынға ұшырамай тұра ма, жер қайысқан
көп мал мен қыз-қырқын, бала-шаға қазақ жасағының қолында қалды.
Сайын-Бөлек пен Намеху-Жырғал нояндардың тізе қоса отырып қазақ
əскерін тосып алтан таты бір жері Қара- тал өңірі болатын. Бірақ бұл да
шабуылды түбегейлі тойтару емес, уақыттан ұту, көші-қонға аз да болса
тыныс беру қамынан туған далбаса еді. Бұл жердегі жекпе-жекте əнегүні
сытылып кеткен Байыр-Мөңке ноянды батыр Баян шауып өлтірді де, арты
қаптама соғысқа айналып, одан арғысы ойрат қолының күйрей жеңілуімен
аяқталды. Егер қазақ əскері қалмақтан тігерге тұяқ қалдырмай, қанға
бөктіруді мақсат етсе, ойрат қолын түп-түгел қоршап алып, қырып тастауға
да мүмкіндігі болып еді. Бірақ Абылай оған жібермеді. Қашқан əскердің
тым өкше ізіне де түспей, былайғы бейбіт елге де азуын көп батырмай,
ақсақтың аялына батып, тек жоңғар көшін өз жеріне асырып тастауды
қарастырған. Абылайдың ондағы ойы белгілі — бұл елдің іргесін
шайқалтпай аман қалдыру, болашақта ойрат тағына отыратын өзіне
тілектес нояндар арқылы Жоңғарияға өз ықпалын жүргізу.
Соған орай, қазақ қосынымен бірге келе жатқан Дабашы мен Əмірсана
да қара халықты қызғыштай қорып, жолай кезіккен ойрат əулетіне өз
беделдерін өткізуге тырысты. Олардың есі-дерті жоңғар ордасының ендігі
тіректері, əрі болашақ ойрат тағынан үміткерлер — Сайын-Бөлек пен
Намеху-Жырғалдың көзін құрту болатын. Бірақ ол екеуі оңайшылықпен
қолға түспеді. Қонтайжының қаһарынан қорыққандықтан, олар Жаркентте
соңғы рет соғыс ашқанымен, майданнан қай кезде, қалай шегініп кетудің
амалын алдын-ала ойластырып қойған-ды. Қорғас өзенінің бойында екі
түмен əскерден қалқан тұрғызып, жас нояндардың бірнешеуін жекпе-жекке
айдап салды да, олардың мерт болғанын көре салысымен, қаптама ұрыстың
артын күтпей, Құлжадағы ойрат ордасына қарай зытып отырды.
Қолбасылардың өздерін құрбандыққа шалып кеткенін сезген былайғы
əскер де ендігі жерде жан салып соғыса қоймады. Көпшілігі бас амандығын
ойлап, шегіне ұрыс салып барды да, едəуір ұзап алған соң, бір бөлігі
Құлжаға, екінші бөлігі Талқының асуымен Бұратолаға қарай жосып
берді.
Қазақ əскері де бұдан ары ішкерілеп сұғынбады. Талқының күнгей
бетіндегі Кеңсай аңғарында ат басын іркіп, тау өзені арқыраған осынау
жайлы қоныста қалың қол бір аптадай еру болды. Ойрат ордасы ту тіккен
Құлжа шаһары бұл арадан алыс емес-ті. Небəрі екі күндік жол. Дəл іргесіне
келіп тұрып, таққа қолдары жетпегенге Дабашы мен Əмірсана қатты
қапаланды. Екеуі екі жақтап Абылайға қолқа салған: «Екі түмен қол берсең,
Орданы бір-ақ күнде басып аламыз. Екі жұмыс қылмай, некесіз неменің
шаруасын біржола бітіріп келейік!» деп алақандарына түкіріп-ақ еді. Бірақ
қазақ ханы райынан қайтпады. Шолғыншылардың айтуынша, Лама Доржи
өзін қорғау үшін мұздай қаруланған тағы үш түмен əскерді Орда маңында
ұстап отырған көрінеді. Төрт айдан бері дамыл көрмей əбден титықтап
қажыған əскерді тын күшке қарсы айдап салу кешірілмес күнə болар еді.
Өстіп, екіұдай күйде отырғанда Абылайға Лама Доржидан елшілер келіп
қалды. Шамасы, қазақ ханы аздап ат шалдырып, тынығып алған соң Ордаға
ойран салып жүре ме деп, қонтайжы да қорқып отырса керек, елшілері тым
елпек, жүздері жылы, тілдері майда көрінді: «Қазақ хандығы өздеріне
тиесілі жерді түгелге жуық босатты ғой. Енді шекарадан өтіп, жоңғар
жұртын шаппай-ақ қойсын. Бітімге келейік. Бітімнің шарттары мен
баптары жөнінде алдағы уақытта келісе жатармыз» депті жоңғар
қонтайжысы.
Абылай өз тарапынан екі түрлі шарт қойды. Біріншісі — ойраттар
былтырдан бері қалпына келтірілген шекараны сөзсіз мойындап, ендігі
жерде Сыр бойындағы қалаларға, Алатау өңірі мен Жетісу жеріне аяқ
баспайтын болсын! Екіншісі, Тарбағатай мен Алтайды жəне Ертіс
бойындағы өзге де жерлерді түгел қайтарып берсін...
Осы талаппен елшілерді аттандырып жіберіп, өзі қасақана Құлжаның
желкесіне төніп барып тоқтаған. Арада төрт-бес күн өткенде жедел жауап
келді. Қонтайжы бірінші шартты түгел қабылдапты. Ал екінші шартқа
келгенде, ол да қарсы талап қойған: «Егер қазақ хандығы қашқын
нояндарды ұстап берсе, біз де сұраған жерлерін қайтаруға əзірміз» депті
Лама Доржи.
Бұл кезде қоңыр күз өтіп, қыс ызғары біліне бастаған-ды. Абылай
қонтайжының талабына екі ел арасындағы жағдайды алдағы хан кеңесінде
ақылдасып шешерміз деп сүйей салды жауап қайтарды да, кешікпей
əскердің бетін елге қарай бұрды. Бұл жолы олжа мол еді. Айдаған төрт
түлік малда есеп жоқ. Қазақ əскері қазір еркін тоят алған тоқ бүркітке
ұқсайтын-ды. Ал бабынан тайған қыранды түлкіге салуға болмайтынын
Абылай жақсы білуші еді.
Қалың қол артынып-тартынып Жаркентке жеткенде, Алатау бөктерінде
шағын ұрыстар жүргізіп жүрген Наурызбай, Ханкелді батырлардан да
қуанышты хабар келді. Ұлы жүз жасағы Шелек, Түрген, Шарын бойын
қалмақ күреңдерінен тазартып, бұл күнде қырғыздар басып жатқан
Қарқара, Нарынқолға жете тізгін тартыпты... Сонымен, қазақ əскері Жетісу
өңірін түгелге жуық, жаудан азат етіп, биылғы аттанысты абыроймен
аяқтады.
Қазақ даласының түкпір-түкпіріне жеңіс хабарын жеткізіп, сүйінші
сұраған жаушылар аттанды. Сол жақсылық хабармен бірге, Абылай
мынадай жарлық таратты: «шамасы келгендер биыл күзде, шамасы
келмеген шабан-шалан жұрт келесі көктемнен қалмай, Жоңғардан азат
етілген ежелгі ата-мекені — Жетісу мен Алатау алқабына көшетін болсын!»
делінген хан жарлығында. Абылайдың мұндағы көздегені — қалайда
жаудан босаған шекара аймақтарды иен тастамау, əрі көптен жер
тапшылығын көріп қысылып отырған рулардың өрісін кеңейту еді...
Бас қолбасы Қабанбай Арқадан аттанған қалың қолды Аягөз бойында
жан-жаққа таратып, өзі қасындағы жақын серіктерімен Ақшəулідегі елге
келгенде, қарашаның алғашқы қары жауып та қалған. Хош хабар таратып,
сүйінші сұраған жаушылардан күні бұрын құлақтанып отырған ел
адамдары көш жерден алдынан шықты. Ақтамберді жырау, Төбет би, Тама
батыр, Жүсіп-қожа бастаған əр ауылдың ақсақалдары бір топ, Баймұрат,
Дəулетбай, Шағалақ, Шынқожа, Шөрек секілді батыр інілер бір топ. Ең
соңында Майсараны, Мырзатай мен Назымды, Əлі мен Мүнейді
орталарына алып, бəйбішеден туған ұлдар мен немерелер келіпті... Жиыны
жүз қаралы кісі.
Қабанбайдың сонау жаз басында елден аттанып кеткеннен бері ауыл
адамдарымен көрісіп тұрғаны осы еді. Қатты сағынып қалған екен.
Үлкендермен тос түйістіре құшақ айқастырып, балаларын аймалап
беттерінен сүйді. Анада жорыққа аттанар алдында үлкен той жасап,
Назымды Боранбай ауылына ұзатқан-ды. Əкесін сағынған ерке қыз жыл
уағын күтпей-ақ төркіндеп келіп, күйеуі Мырзатай екеуі осында жүр екен.
Назым босаға аттап кеттім дейтін емес, бұрынғыша əкесінің мойнына
асылып, жиналған жұрттың жүйесін босатты... Ал Майсараның
сағынышты ыстық дидарын көргенде, оқтан да, оттан да қайтпаған
батырдың тас жүрегі табаға салған майдай еріп кетіп еді. Айлар бойы аттан
түспеген мазасыз күндер мен ер жастанып, тоқым төсеніп өткерген
ереуілді, бедеу түндердің сый-сыяпат, қарымтасы осы əйелдің ғана қолында
тұрғандай!
Айтпақшы, мына жақта өздерімен-өзі мəре-сəре болып шұрқырасып
жатқан тағы бір топ бар екен-ау. Ол — араға жыл салып, бала-шағасымен
жат жұртта қайта табысқан Банжыр тобы. Банжыр құданың жалғыз қызы
Мүнейді ғана емес, басқа туыс-жұрағатын да көптен көріп тұрғаны осы еді.
Тəйжінің өзі былтыр Шыңғыстауда жүргенде қазақ жігіттері көшіріп
əкелген бала-шаға, туыстары жат жерде азаматқа қолбайлау болғысы
келмей осында, Мүнейдің қасында қалып қойған-ды. Қабанбай құдасының
сағыныштан жүдеп жүргенін байқап, осы жолы Абылайдан əдейі сұрап
алған... Шіркін, сағыныш, мұң-зар, қайғы-қасірет адам баласына ортақ
нəрсе екен ғой. Байғұстар бас иелерін аман-есен көргенде қуаныштарында
шек болмай, жылап-еңіреп, өз тілдерінде бірдеңелерін айтып тауыса алмай
жатыр.
Көпшілік жорықтан қайтқан батырлармен қауышып, абыр-сабыр
басылған кезде, Ақтамберді жырау қарсы алушылар атынан бір басалқы
тілек айтты.
— «Хан — қалқан, батыр — қорған» дейді екен. Сенің туысың бізге
жақын болғанмен, қайратың мен айбатың — Алаш ұлына ортақ, Дарабоз!
Алыста жүрсең де күн сайын жеңіс дүбіріңді естіп, қуанып жаттық біз
дағы. Осы жолы Малайсары екеуіңнің дабысың қатты шықты ел ішінде...
Биыл ата жауыңды Жетісуда желкелесең, алдағы жылы Алтай таудан
асырып тастауға жазсын Алла-тағала! Аумин! — деп бетін сипады.
Əркімнің бір қастерлеген қимасы бар. Шағалақ құрдасы Қабанбаймен
құшақтасып көрісе сала, бар назарын Қубас атқа таман аударып еді. Қубас
та оны танып, оқыранып қойды. Шағалақ тұлпардың мойнынан құшақтап,
жалын тұтамдап көрді де, разы болғанынан қарқылдап күліп жіберді.
— Тү-у, сарамас!.. Мынаған дауа жоқ екен! — деп басын шайқап,
таңдайын қағып тұр. — Алты ай жаз жорықта жүрді дейтін емес, сол
көктемгі қалпы. Арымаған да семірмеген... Күн аралатып болса да биенің
сүтімен суарып тұр деп, анада Қасабайға өлердегімді айтып тапсырып едім,
бала-шағанның игілігін көргір сөзінде тұрған екен! — деп мəз-мейрам
болды. — Ал сен, Ерасыл, қанша керемет болсаң да, бұл жолы жағың
суалып, қатты жүдеп кетіпсің. Менсіз бабың келіспейді, қасыңнан
қалдырма деп құдайдың зарын қылдым, тыңдадың ба?! Мені тастап,
қосшылыққа Қасабайды алдың...
— Оның рас, Шақа! Атшы мен қосшы қанша көп болса да, сенің орның
бөлек қой! — деп Қабанбай да өзінің бала күннен бірге өскен досын мол
құшағына алып, арқасынан қақты.
Өстіп тұрғанда арт жақтан бір қостай жылқы айдап, жүкті түйелер
жетелеп, Қасабай батыр бастаған аламандар тобы қуып жетті. Олжа қарасы
мол көрінеді. Жорықтан қайтарда олжа үлесінен тиген сардардың өз
сыбағасы, қасына ерген серіктерінің нəпақасы. Қолбасыға үйірлі жылқы,
келелі түйе тигенде, əр сарбазға қосар ат, жетек аттар бұйырып, осылайша
əжептəуір мал басы құралған.
Əрине, олжа бар жерде сауға бар. Қазақ салтында олжаға түскен малды
жорықтан қайтқан батырлар жеке иемденбейді, алдарынан шыққан жоражолдасқа, көңілі жетер туысқа, жоқ-жітікке сауға қып үлестіреді. Мұндайда
азаматы жорықта өлген қаралы үйлерге үлес бөлінетіні тағы бар.
Өз дəулеті өзіне жететін Қабанбай қасына ерген жолдастарының қолын
қақпағанымен, өз басы жаудан түскен олжаға көп қызықпайтын-ды.
Қашанда жорықтан қайтар кезде басқа батырлардың: «Найзаңыздың ұшы,
білегіңіздің күші қарымтасыз кетпесін. Елге барғанда, сауға сұраған
жұрттан ыңғайсыз болар» деп бұтан да қомақты сыбата бөлетіні бар. Бірақ
оны жеке өзі пайдаланбай, елге келген соң ағайын-анжыға пышақ үстінен
үлестіріп беретін.
Бүгін де солай болды. Жол бойы Қасабай батыр ие боп əкеле жатқан
Қабанбайға тиесілі қырық-елу жылқы, ондаған түйе бар еді. Соларды сауға
дəметкен ағайынға бір-бірден бөліп берді. Жылқы ішінде көрнектісі —
қалмақ нояндары Қаскелең мен Батыр-Убашының тақымынан тартып алған
жирен арғымақ пен қара жорға болатын. Қара жорғаны Төртуыл батыры
Баймұратқа, жиренді өзі жақсы көретін Тума батыры Шынқожаға тарту
етті. Ал одан гөрі жөнсалдау, жуан тұғыр ат пен атан түйе тиген Дəулетбай
сыбағасын азырқанып, кəдімгідей өкпелеп қалғаны байқалды. Онысын
сардарға батып айта алмаса да, енді жол-жөнекей Қасабайды қажап келе
жатыр.
Өйткені осы жолы қолбасыға атқосшы боп ілескен Тоқпақ батыры
Қасабайдың үлесінде де бір үйір жылқы бар-тұғын. Əсілі, Қасабай өмір
бойы жортуыл-жорықта жүрсе де, артық дəулет бітпеген ер кедейдің бірі
еді. Намысқой батыр жаз жайлауда сабасы қаңсып қалғанда, түнге қарай
бай ағайындарының өрістегі биесін қуып əкеліп, қақтап сауып жібереді
екен деген де əңгіме тараған... Батырдың қолының қысқалығын білетін
Қабанбай осындай жорық кездерінде оның қолын олжадан қақпаушы еді.
Бір үйір жылқының сыртында, Қасабай осы жолы көңілі түсіп, баурында
кішкентай баласы бар қалмақтың бір сұлу жесірін де иемденіп келе
жатқан... Соны көрген Дəулетбай Тоқпақ батырын жездесініп (Қасабайдың
бəйбішесі Жұмық қызы болатын), əр саққа бір жүгіртіп келеді.
— Олжаның үлкені менің жездемде екен ғой. Қалмақтың жас сұлуын
құшқаны өз алдына, кілең бір құла жорғаның үйірін қайдан ғана тапты
екен? Жігіттер, осы бетімізбен барып, жездеме жылқысының құйрығын
майлатайық! — деп бір соқтыққан. Оған Қасабай да бой берер емес:
— Апаң болса қартайды. Жас балдыздардың бірін кішілікке алуға қолы
құрғыр қысқа. Сонан соң қалмақта болса аяқ алғау етпеске амалым қайсы?!
— деп сыпайы қалжыңмен жауап қайтарған.
— Соны айтам ғой мен дағы, — деп Дəулетбай да екілене түсті. — «Жас
иісті» үйге кіргізбес бұрын əуелі апамыздың ашуын алуын керек. Ол үшін
біз сияқты бауырларына бір-бір жарамды ат мінгізуге тура келеді...
Дəулетбайдың батырлығында қапы жоқ. Бірақ Қабанбай осы бір аталас
інісінің кейде тым малжанды боп кеткенін көргенде қатты кейіп қалушы
еді. Қазір де біреудің алдындағы бес садыра малға сұғын қадай бергенін
ұнатпай қалды.
— Əй, Дəулетбай! — деді шамырқанған кездегі əдетімен дауысын соза
сөйлеп. — Басқаға тиіссеңдер де, Қасабайдың үлесіне көздерің
қызармасын. Ол бұл малды да, жанды да басын ажалға тігіп жүріп,
арыстанның аузынан, түрікпеннің түбінен əкеле жатыр. Апаларыңа
жандарың ашыса, қорасына қой салып бермей, баяғыдан бері қайда
қалғансыңдар?!
Дəулетбай біразға дейін тысырайып, үндемей келе жатты да, ақыры өз
ойынан белгі беріп алды:
— Биыл біздің де олжаға батып, абыройға кенелетін жылымыз еді,
торғауыттың жолын бөгейсің деп, ауыл арасына иіріп қойған жоқ па?! —
деген іштегі қыжылын жасырмай. — Абылайға неміз жақпай қалды екен,
əйтеуір, бізді шөміштен қысуын бір қоймайды. Өзгесін не қылайын, иттің
ұлы итақай барып жатқан жорыққа да жібермеді-ау!
— Апыр-ай, құрдас-ай, сен де жылай береді екенсің! — деді Баймұрат
батыр оған қалжыңдап. — Ынсап қайда? Ақшəуліден көшкен қалмақтан
сен де қарбытып қалып едің ғой? Сонда шыққан мүйізің қайсы?
Баймұрат ойнаса да ойындағысын айтып келе жатқан. Биыл жаз
Ақшəуліні жайлаған дүрбіттер шығысқа қарай ығысқанда, осы Дəулетбай
бастаған жігіттер бірнеше дүркін қалмақтан жылқы тиіп алған-ды. Сол
жылқының біразын ешкіммен бөліспей, Дəулетбай өзі иемденіп кетіп,
жора-жолдастың өкпесіне қалған. Соны сардар естісін деп Баймұрат батыр
əдейі айтса, өзі жоқта Дəулетбай тарапынан тағы бір пендешіліктің
болғанын Қабанбай да тез пайымдады.
— Батырдан — барымташы, барымташыдан — ұры, ұрыдан — қары,
қарыдан — бəрі туады дейді екен. Батырлықтың бағын қайтарып, ақыр
ұрлыққа аттана бастадыңдар ма? — деді аталас інісіне түсін суыта қарап.
— Осы сендер ер жігіт жорыққа тек олжа алу үшін шығады деп
ойлайсыңдар-ау деймін. Түсіміз қашып, түн қатып, қабырғадан қан
кешкенде, осы бəріміз тек мал табу үшін жүр ме екенбіз? Рас, аттың тері,
ердің күші қайтуы керек. Бірақ оның да өлшемі бар. «Бүлінгеннен бүлдірге
алма» деген ата қазақтың сөзі қайда?! Ойратқа опа бермеген мал саған опа
берерін қайдан білдің?! — деп бір сəт ашумен түйіліп қалды да, аздан соң
сөзін қайта жалғады. — Ал енді хан жарлығына келсек, оның дұрысбұрыстығына билік айтатын сен емессің. Сенің ойлағаның — от басының
қамы болса, ханның ойлағаны — күллі қазақ даласының амандығы.
Былтырдан бері азат болған оңтүстік өлкесі мен Жетісу жері тақияңа тар
келіп тұр ма? Олжаның үлкені сол емес пе, біле білсең?! Абылай — біреу,
басқамыз соған —тіреу. Бұдан кейін Абылай туралы қалай болса солай
сөйлеген адам маған өкпелемесін! — деп қатаң ескертті де: — Шығысқа
шабуыл келер жылы басталады. Сонда көрерміз, жаусыраған жігітті! —
дегенді қосып қойды.
Жастар жағы алға таман озып кетіп, бұл əңгіме орта тұста келе жатқан
үлкендер арасында болып еді. Арада пайда болған болымсыз кірбеңді
Төртуыл Төбет би жуып-шайып, тез жадыратып жіберді.
— Шіркін, ақыл айтып, ашу шақырар ағаң болып, оны ілтипатпен иіліп
тыңдар іні табылса, одан жарасымды не бар бұл дүниеде?! «Ханда қырық
кісінің ақылы бар» дейді халық. Сірə, бұл ханның өз басын ғана емес,
қасындағы қырық уəзірін есепке алғаны шығар... Абылайдың қашанда
қолбасы батырлар сөзіне ден қоятынын хан кеңесінде мана көзіміз талай
көрген! — деп аз бөгелді де, айтар ойын қайта сабақтады. — Биылғы
аттаныстан менің түсінгенім: аңшылар түлкінің ініне түтін салғанда
ішіндегі аң тұншығып өліп қалмай атып шықсын деп, іннің екінші аузын
əдейі ашық қалдыратын... Абылайдың да биылша Барқытбел мен Алтайға
соқтықпағаны — онсыз да қансырап елетін жаралы жыртқышқа арандалып
қалмай, шегінетін жер қалдырғаны ма деп шамалаймын!
Осы сөзден кейін қолбасының да өңі жылып, сабасына түскендей болды.
«Қайран, кəрі тарлан-ай! Өзі қол бастап соғысқа кірмесе де, көкірегі қандай
даңғыл еді?! Адамның іште жатқан құпиясын сынық салғандай қалай дəп
басады?!» деп сұңтыла биге разы боп қалды.
Осы дүрмекпен бұлар ауылға жетіп қалғанын да аңғармаған. Мұнда да
қаптаған халық, сағынышты ыстық құшақтар... Мəмбет, Қожақұлға қараған
ауылдар жеке-жеке ақсарбас, көкқасқа жығып, бірнеше күн ұлан-асыр той
жасады. Жорықтан қайтқан батырлар тек осыдан кейін ғана уһ деп жан
шақырып, демалуға кіріскен.
Айлар бойы аттан түспеген мазасыз күндер, ұзаса күніне бірер сағат
қана көз шырымын алып, əйтпесе тіпті кірпік айқастырмай өтетін ұйқысыз
түндер артта қалды. Өмір мен өлім белдескен қанды қыртын соғыстың
айғай-сүреңі де қазір қыр асып кеткендей. Соның бəріне төзіп, шыдастық
берген адам жаны неткен сірі десейші! Қабанбай қатты қалжырағанын той
тарқап, үйіне келген соң ғана сезінді. Ендігі арманы — бір ұйқы. Кəдімгі
жорықтан қайтқан батырдың жолбарыс текті ұйқысы... Шағалақ жаққан
тасбулау моншадан кейін Майсараның мəпелі құшағында балқып барып
ұйықтап кеткен-ді. Содан екі тəулік бойы тұяқ серіппей, тек үшінші күн
дегенде басын көтерді.
Бұл күндері батырдың маңайын басып, мазалаған ешкім болған жоқ.
Сағынған бала-шағасы да батып кіре алмай, сырттан торуылдап қана
жүрген-ді. Батыр ұйқыдан оянысымен солар келіп ошарылды. Бірер күнді
балалары мен немерелерінің қоршауында өткізді. Осылайша ес жинаған
алғашқы күндердің бірінде, үйге сəлемдесушілердің бірі болып, құдасы
Банжыр тəйжі кірді. Əнегүнгідей емес, оның да өңіне қан жүгіріп,
шырайланып қалыпты.
— Келіңіз, тəйжі! Бала-шағаңызды көріп, көзайым болып, көңіліңіз
жайланды ма? -деп Қабанбай құдасына төрден орын ұсынды.
— Айтпаңыз, сардар! Балаларымды сағынып, құр сүлдерім жүруші еді,
мінеки, бір-ақ күнде қайта тірілдім, — деді Банжыр жадырай күліп. — Мен
бір нəрсеге таң қалам: бірін-бірі қырып-жоятындай осы адамдарға не
жетпейді екен? Кім-кімге де ең алдымен керегі — от басының тыныштығы,
көңілдің бүтіндігі емес пе?!
— Оныңыз рас, тəйжі. Ұзаққа созылған тынымсыз жорық, қырғын
соғыстан кейін өз отымның басына келіп, мен де бейішке кіргендей болып
отырмын, — деді Қабанбай.
Банжырдың мұнда тегін келмегені белгілі. Аздан соң алдына келген
қысырдың қою қымызынан ұрттай отырып, тың əңгіме бастады.
— Сардар, рұқсат етсеңіз, менде сізге айтар айрықша өтініш бар, — деді
үй иесіне құрметпен иіле түсіп.
— Ол не? Іркілмей айта беріңіз!
— Қазақ пен қалмақ жауласып, екі ел арасында соғыс жүріп жатыр
дегеніміз жоқ, құдай қосты — құда болдық. Қанымыз араласты. Ниет
бізден болғанда, ықылас сізден... Былтырдан бергі көрсеткен пейілдеріңізге
маған қарасты адамдар дəн риза... Егер оғаш көрмесеңіз, сардар, ойрат
ордасы қашан бір жайлы болып, тыныштық орнағанша, мен бала-шағаммен
осында қала тұрсам деймін...
— О не дегеніңіз, тəйжі?! Сізді қуып жатқан біреу бар ма? — деді
Қабанбай таңырқап.
— Жоға... Тек өзіңізбен ой бөлісіп, алдыңыздан өткенім ғой, — деді
Банжыр жүдеу жүзінен əлі де қасірет таңбасы сейілмей. — Жоңғария
күйреуге беталды. Ондай елде жуық арада тыныштық болмайды. Мен тіпті
тəңірден бір зауал төніп, ойрат əулеті жер бетінен өшіп кете ме деп қорқам.
Əй, түбі солай болатын шығар...
— Неге олай дейсіз, тəйжі? Абылай да, басқамыз да бірыңғай кек алудың
жолына түсіп, ойрат Ордасын қалайда құртуды ойлаған жеріміз жоқ. Соғыс
кезінде де, артық қан төкпей, бейбіт халықты қалай қорғап қалғанымызды
өз көзіңізбен көрдіңіз, — деді Қабанбай құдасының жүзіне барлай қарап.
— Ол жағы солай ғой. Қазақтар бұл жолы, шынында да, мейірімділік
көрсетті, — деді Банжыр. — Бірақ ойратты құртатын — сырттан келген
жау емес, ойраттың өздері... Біздің Əмірсана мен Шабдардың шайқасын
көрдіңіз: бір əкенің балалары қан майданда бірін-бірі өлтіріп тынған жоқ
па?! Көне кітапта жазылғандай, бұл — ақырзаманның нышаны... Жалпы
біздің қалмақтың басынан бақ тайып, қанымыз сұйылып барады. Əне, ұлы
қонтайжы Халдан Цереннің соңы не болды? Артында қалған үш ұл таққа
таласып, ақыры бірін-бірі құртып тынды. Біздің Əмірсананың ұстанғаны да
— тəңірінің жолы емес. Оның да көкірегіне əзезіл ұя салған... Туысы бір
ғой деп, соның соңынан ілесе-ілесе қажығаным сонша, осы жолы енді
қайтып көрместей болып, біржола қоштасып кеттім.
Ол осылай деп аз-кем ойланып отырды да, туыстар арасындағы бұл ел
біле бермейтін бір жайларды айтып кетті. Банжыр мен Əмірсананың бір
анадан — Халдан Цереннің қарындасынан туғаны рас. Бірақ екеуінің
жатыры бір болғанымен, əкелері бөлек көрінеді. Сөйтсе, мəселе былай
болыпты... Ойрат Ордасы қазаққа қарсы жорық жасамас бұрын алдымен
Қашқарияны өзіне қаратады да, сонан соң түстіктегі Тибетті де қосып
алғысы келеді. Жоңғар қонтайжысы Цеван Ребдан бастабында бұл мақсатқа
бейбіт жолмен-ақ жетпекші болған. Ол үшін Тибет билеушісі Лацзан
ханның ұлы Данжұнға өзінің қызы Боталақты қосады да, күйеу баласын
аманат ретінде өз қолында ұстайды. Онда Тибет өлкесінің сырттай
Маншың қағанатына тəуелді боп тұрған кезі. Сондықтан Лацзан хан
басында емексітіп уəде бергенімен, жеме-жемге келгенде шығыстағы
көршісінен қаймығып, ойрат одағына кіруден бас тартады.
Қонтайжының қаһарына мініп, қатты кететін жері осы тұс еді. Ең
алдымен өз қолында аманатта жүрген күйеу баласын қайнаған қазанға
салып, қинап өлтіреді. Сонан соң 1716 жылы немере інісі Церен
Дондобаны (қазіргі Дабашы ноянның əкесі) екі түмен əскермен Тибетке
аттандырып, Лацзан ханның басын алады да, қарауындағы елін күшпен
бағындырады.
Сөйтіп алғашқы күйеуінен осындай қайғылы жағдайда айрылған
Боталақ ханша бауырындағы үш жасар ұлымен жесір қалғанды. Тибет
ханзадасы Данжұннан қалған сол ұрпақ — осы Банжыр болатын. Əрине,
қонтайжының жиені жетімдік көрген жоқ, еншісіне тұтас бір ұлыс, толып
жатқан мал берілді. Боталақ ханша да жерде қалмады. Цеван Ребдан енді
оны Еділ бойынан таяуда қайтып оралған хойт тəйжісі — Бəншан Уйзерге
ұзатты. Күндес қатынның үстіне, тоқалдыққа барған. Содан коп кешікпей,
1722 жылы Əмірсана келді дүниеге. Сөйтіп, ата-тегі басқа болғанмен, бір
ананың құрсағынан өрбіген екі ұл бір-біріне тете, сүйеу болып, қатар
ержетіп еді. Дəрежелері тең — екеуі де хан жиені.
— Əкемнің өлімі санамда сайрап тұрмағанымен, еміс-еміс есімде, —
деді Банжыр əңгімесін жаңа арнаға түсіріп. — Тақ таласы өрши берсе, түбі
немен тынарын мен сонда-ақ түсінгем. Атам бір елдің ханы, əкем ханзада
болатын. Бірақ солар басына қонған бақ пен биліктен өлімнен басқа не
тапты? Ал қарадан шыққан Əмірсана хан болуға құмар. Ел ішіндегі тақ
таласына қаршадайынан араласып еді, содан əлі тыным-тағат тапқан жоқ...
Дабашының да көкейін тескен құрт — ойрат тағына бір отыру. Қанша
дегенмен хан əулеті ғой, Əмірсанадан гөрі оның құқы молырақ, əрине.
Атасы Церен Дондоба баяғы Батыр қонтайжының үлкен ұлы Сенге ханнан
тарайды...
— Е, солай деңіз... Атаңыз да, анаңыз да хан тұқымы, сіздің дəрежеңіз
Əмірсанадан гөрі жоғары екен! — деді Қабанбай сөзге араласып. — Біз де
бұдан былай сізді ханзада ретінде сыйлайтын боламыз.
— Е, тəйірі, ата даңқы қашанға дейін азық болар дейсің. Хандық та,
мұрагерлік те қалады ғой бір күні, — деді Банжыр қолын сермеп. —
Дегенмен, ата жұрттың жөні басқа. Кейде ойраттардан көңілім қалғанда, өз
жұртым — Тибетке кетіп қалғым келеді. Хан болуға емес, əрине.
Мойнымдағы қарызды өтеу үшін... Тибеттің байтақыты Ылхасса —
сіздердің Меккелеріңіз секілді, біздің дін орталығымыз ғой. Сонда барып,
жазықсыз құрбан болған ойрат əулетінің рухына дұға бағыштап, тəңірге
жалбарынсам деймін.
Қабанбай Банжыр ноянның əңгімесін тыңдай отырып, құдасына бір
түрлі жаны ашып кетті. Қайтсін байғұс, ағынан жарылып, бар сырын
ақтарып отыр. Демек, бұдан артық жақынды таппағаны ғой!
— Онда былай болсын, тəйжі! — деді құдасының көңілін орнықтыра
сөйлеп. — Қазақтың жері кең, көңілі одан да кең. Ойрат Ордасындағы
ойпыл-тойпыл басылғанша осында алаңсыз тұра беріңіздер. Арғы жағы
құдай ісі, бұйырғанын көре жатарсыздар... Мен тірі тұрсам сіздерді
шөміштен қысып, шетке қағатын ешкім болмас. Айтпақшы, біз əлі Мүней
келінімізге дұрыстап қалыңмал да айдата алғанымыз жоқ қой... Құда
қаласа, биыл жаз қораңызда қой, желіңізде бие, көшіңізде түйе болады.
Біздің ауылмен қанаттас көшіп-қонып жүре беріңіздер!
«Мың сіз-бізден бір шыж-мыж артық» деген ғой. Қазақ болсын, қалмақ
болсын, көшпендінің қорасында бес садыра мал жатпаса, көңіл шіркін
көнши ме?! Мына сөзге Банжыр байғұс мүлде жығылып түсті.
— Апыр-ай, сардар, Сізге не десем екен?! Аузыма тіпті сөз түспей
тұрғаны... Бəлкім, құдай бізге ойраттан көрмеген опаны қазақтан көруді
жазған шығар. Не дейін, бала-шағаңыздың игілігін көріңіз! Осы еткен
жақсылығыңыз менен қайтпаса, жаратушы тəңірден қайтсын! — деп қашан
үйден шығып кеткенше алғыс айтумен болды.
Қыс маусымына арнап ағаштан қиып салынған, еңсесі биік тошала үйде
қазір батырдың өзінен басқа ешкім жоқ. Ортада маздап жанған арша
томарының қызуы əлі қайта қоймаған. Қабанбай барқыт жағалы түйе жүн
шекпенін жамылған күйі күс жастықты шынтақтап, іргедегі көрпенің
үстіне қайтадан қисайды. Осылайша, сауыт-саймансыз, жаныңа да, тəніңе
де тыныс беріп, өз отыңның басында еркін көсіліп жатудың өзі арман екен
ғой. Əлденеден жүйе-жүйкесі балбырап, тұла бойы қоламтаға көмген жас
талдай балқығанын сезеді...
Əлгінде Банжыр құда не деп кетті өзі? Атыс-шабыстан, ел ішінің ырыңжырыңынан əбден қажыдым деді-ау... Иə, оған сенуге болады. Анасынан
қан шеңгелдеп туған біреу болмаса, қырғын соғыс кімді қажытпас дейсің...
Біз ел үшін, жер үшін, ата жұртымызды жау қолынан азат ету үшін алысып
жүрміз. Ал осы ойраттар не үшін арпалысады екен? Бақ үшін, тақ үшін,
жайлы қоныс үшін... Қиянат пен зорлық қой — басып өткен жерлері. Соны
жаңағы Банжырлар сезбейді дейсің бе? Сезеді, əрине. Сезген соң да
түңіледі дүниеден... Адамдар қызық. Бəрі де бақыт іздейді. Ал шын бақыт
түзде емес, өз отыңның басында бүркеніп қана жату екенін білмейді-ау
солар...
Ақыл-ойы марғау тартып, көзіне тағы бір тəтті ұйқының тығылғанын
андады. Тү-у, мына тыныштықты-ай, ə?! Əттең, дүние, соғыс аяқталса,
туған жер түгел азат болса... Алакөлдің бойына оңаша үй тігіп қойып,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 26
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.