Latin Common Turkic

Дарабоз - 19

Total number of words is 4060
Total number of unique words is 2215
34.4 of words are in the 2000 most common words
50.7 of words are in the 5000 most common words
58.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
атар таңы мен шығар күні бір емес пе еді? Бауырларымыз шырылдап жау
қолында жатқанда ара түс-песек ағайындығымыз қайсы?! Бодандық пен
бостандықтың ащы дəмін бірге татқан екенсің, енді, міне, жеңісті де бірге
тойлауға хақың бар! — деп Қарақалпақ батырына шын көңілден құтты бол
сын айтты.
Осыдан кейін Қылышбек көп бөгелген жоқ. Бостандық алған ауылдарын
Сырды құлдата көшіріп, ежелгі мекендеріне қондыру үшін, асығыс аттанып
кетті. Сол күні қазақ əскерінің ту тіккен ордасына əнегүні Арыс өңірінде
аялдап қалған Төле би келіп түсті. Ел аралаған сапары жеміссіз емес. Шу,
Талас, Қазығұрт төңірегіндегі ауылдардың бас құрап, қол жинап жатқанын
айтып келді.
Бұлар қанды қол Камалидден қожаға қандай жаза бұйыруды ұлы бидің
келуіне қаратып қойған-ды. Төле би оны бұрыннан жақсы біледі екен. Ол
ойрат ордасының осындағы төтенше тапсырмалар орындайтын жансызы
көрінеді. Барақ сұлтанның ғана қанын арқалап қоймай, халыққа жасаған
одан басқа да қиянаты бастан асады. Сондықтан Камалидденді жай
жазалап қою аз. Итке ит өлімі керек. Көшпенділерде аса бір сұмдық
жағдайда ғана қолданылатын жазаның ауыр түрі болушы еді. Бұл жолы
қаһарына мініп, қатайып алған Төле би опасыз қожаға соны бұйырды:
— Ол жауызға бола қолдарыңды былғап əуре болмаңдар. Мойнына қыл
арқан тағыңдар да, асау аттың құйрығына байлап жіберіңдер! — деді қысқа
қайырып.
Үкім сол күні орындалды. Мойнына құрым киіз ілінген Камалидден
қожа ең алдымен түземдегі əскердің алдынан өткізілді. Сонан соң жанжақтан жиналған жергілікті қауым алдында бар қылмысы жария етілді. Сол
арада үкім оқылып, қылмыскер жылқыдан жаңа ғана ұстап əкелінген құр
айғырдың құйрығына байланды. Келесі бір сəтте қожаның тұлыптай
домаланған арам денесі əр жерге бір соғылып, қыр асып бара жатты...
Əнегүннен бері жорықта жүрген түмендердің қайта оралуын күткен
қазақ қосыны енді, не де болса, Ташкентке басып кіруге бел байлаған. Жау
əскерінің бұлар күткендей жуық арада ашық алаңға шығар түрі жоқ.
Жоңғар — қолбасшылары Сайын-Бөлек пен Намеху-Жырғал, інге кірген
суырдай, қала қақпасын тарс бекітіп, тым-тырыс жатып алды. Бұдан ары
бөгелсе əскердің арыны қайтатын болған соң, Қабанбай қасына қолбасы
батырларын жинап алып, қамалға шабуылдаудың жоспарын жасауға
кіріскен. Алайда дəл осы мезгілде Ташкент маңында жортып жүрген Ерден
бектің адамдары тосын хабар жеткізді: ойрат əскері ертең кешке, түн
қараңғысында қаланың түстік қақпасынан шығып, Қоқанға қарай бет
түземек көрінеді. Ерден бектің хабарына күдік келтіруге болар еді, бірақ
Ташкентке астыртын жіберген Төле би мен Ханкелді батырдың жігіттері де
нақ осы хабарды айнытпай айтып келді. Демек, жау жасағын сүңгілеп
тұрғызған бір тықырдың таянғаны хақ.
Ерден бектің сөзіне қарағанда, жоңғар нояндары Сайын-Бөлек пен
Намеху-Жырғалдың апта бойы шегеленіп қалғандай Ташкентте бадалып
жатып алуы жайдан-жай емес. Олар Сайрам түбіндегі жеңілістен кейін,
арттағы ойрат ордасына жəне Қоқан əміршісі Баба-бекке жаушы
шаптырып, екі жақтан да көмек күткен көрінеді. Бірақ ешқайсысынан
жəрдем келе қоймаған. Жоңғар қонтайжысы Лама Доржи мұндағы
нояндарына көмекке əскер аттандырудың орнына, Сыр бойындағы
қалаларды тастап, тез елге қайтыңдар деген бұйрық жіберіпті. Өйткені осы
таяуда ойраттың өз ішінен бүлік шыққан. Қонтайжының өзі қолдағы
əскерімен солтүстіктегі тақ талас жаулары Дабашы мен Əмірсана тобына
қарсы ұрысқа аттанған деседі... Ал Баба-бек басындағы бағы, астындағы
тағы үшін ойрат ордасына қанша қарыздар болса да, түбі немен тынары
неғайбыл қазақ-қалмақ шайқасына бас сұққысы келмей, əзірше əліптің
артын бағып отырса керек... Демек, күн өткен сайын əскері азықсыз, аттары
жем-шөпсіз қалып, əрең шыдап отырған Сайын-Бөлектің енді арттан келер
көмектен үміті үзілген соң, Ташкенттен шегінбеске амалы қалмаған. Əккі
неме қала қақпасынан өзінше дыбысын білдірмей түн жамылып шығып
кетпек. Арғы ойы белгілі: жол-жөнекей Баба-бекті өзіне қалқан қып қойып,
одан ары Ақсу кезеңі арқылы Жонғарияға асып түспек.
Іздегенге сұраған, қазақ қолбасыларына да керегі осы еді. Əйтседе,
ойрат нояндары өз күшіне əлі де сенімді сияқты. Сайын-Бөлектің негізгі
əскеріне анада Сайрамнан шегінген топтар қосылды. Оның сыртында
маңдайдағы қалалар мен ауыл-ауылдан салық жинап, ел тонап жүрген
жасауыл шеріктері де жан-жақтан қашып келіп, осы Ташкентке дамылсыз
құйылып жатқан. Солардың бəрін қосып есептегенде, қазір түстіктегі
жоңғар əскерінің саны он бес мыңнан асып жығылады. Бұл аз күш емес,
əрине. Қапысыз қаруланған мұндай қолмен кез келген қоршауды жарып
өтіп, ойға алған жағыңа үдере тартуға болады. Ал əскер басындағы СайынБөлек ноян — мұндай қыспақтың талайынан жол тауып шыққан қу
мүйіздің өзі.
Осынын бəрін есепке алған Қабанбай не де болса ойрат əскерін қала
қақпасынан тым ұзатпай соғудың жолын қарастырды. Ұрымтал жерде ұрыс
салу үшін ертерек қимылдап, қалайда жаудың алдын орауы керек еді. Соз
жоқ, Сайын-Бөлектің бір көзі қалада болса, бір көзі қазақ қолы ошарылып
жатқан далада. Сондықтан қолбасы жасаққа кейінірек қосылып, қазір
Бердіқожа жаттықтырып жүрген бес мың жігітті əлдебір есеппен
тосқауылда қалдырды да, кеш батысымен əскер орналасқан төскейге отты
күндегіден де молырақ жақтырып, ен даланы шоқ жұлдыздай жайнатып
қойды. Сонан соң үркер көтеріле қалың қолды атқа қондырған. Сол бетінде
бұлар суыт жүріспен қаланы алыстан орағытып өтіп, Қоқан жолына жетті
де, Ташкенттен он бес шақырымдай жерде тізгін тартты. Осы маңдағы ұры
сай, адыр-қырқасы мол, тасалау жерді əдейі таңдаған. Қашан атойлап алдан
шыққанша, қай қалтарыста қанша əскер жатқанын тірі пенде сезер емес.
Əйткенмен, алда аса сұрапыл, шешуші шайқас күтіп тұрғаны кімге де
болса айқын еді. Сондықтан бас қолбасы əскердің түзем тəртібін сəл
өзгертті. Бұл жолы қасқа маңдайға Малайсарының түменін қойды да, он
қолға Ханбаба сұлтанды, сол қолға Наурызбайды жіберді. Төбе-төбеге
қарауыл қойып, қалғандары сай-сайға аттарын матастырып, көзге түспеу
жағын ойластырған. Егерде жаудың ертауыл қолы алдымен жетер болса,
өткізіп жіберіп, көк желкеден қуа соғуды Еспембетке тапсырды.
Əлден уақытта шығыс жақ құлан иектеніп, таң да белгі бере бастаған.
Қалың əскерді сəтімен қозғап, сезік тудырмай, ұрымтал тұсқа əкелуін
əкелсе де, Қабанбай көңілінде əлі де əлденеге алаңдаған қобалжу бар. Сары
тақым Сайын-Бөлек бұдан қулығын асырып, əдейі жалған лақап таратып,
жеме-жемге келгенде Қоқан бағытына емес, терістікке қарай тіке тартуы да
мүмкін ғой... Олай болғанда, тосқауылда қалдырған Бердіқожаның
жігіттері күші басым жауды ұстап тұра алмай, бұларға хабар бергенше
Сайын-Бөлектің ұзап кетері анық. Бірақ соғыста тəуекелсіз жеңіс жоқ. Ішкі
бір түйсіктің алдамасына сенеді. Жоңғар нояны, қанша жанкешті болса да,
жолында сенімді одақтасы Қоқан тұрғанда көпе-көрінеу ажалға қарсы шаба
қоймас.
Осылайша алуан ойлар қамалаған Қабанбай Қубас атты баяу бастырып,
тебе басында қарауылда тұрған Малайсарының қасына келді. Таң алдында
бірер сағат мызғығаны болмаса, бүгінгі түнді бұлардың бəрі де ұйқысыз
өткерген. Кірпіктері қатып, түстері қашыңқырап тұр. Бірақ, қашанда
жағасы жайлау, анау-мынауға айылын жимайтын Малайсары сыр беретін
емес, қолбасыны көңілдене қарсы алды.
— Бүгін Сайын-Бөлекті шүркіл8 басып қалған жоқ па екен? Жол
бойында қылт еткен қара көрінбейді ғой, тіпті? — деді етігінің қонышынан
ұзындығы бір сүйем шытыралы шақшасын суырып жатып.
— Түлкісі түбінде, түтіні аузында. Жан керек болса, қайда барар дейсің,
бір келер, — деді Қабанбай да насыбайға қол созып. — Дайындығың
қалай? Жаумен бетпе-бет келіп қалғандай болсаң, сайысқа шығатындарды
сайладың ба?
— Е, тəйір-ай, оған не дайындық керек?! Біздің түменде жекпе-жекке
шықсам-ау деп қолы қышып жүрген мыңбасы батырлардың өзі толып
жатыр. Солардың біріне кезек тиетін шығар.
Айтса айтқандай, Малайсарының жасағында жұрт таныған айтулы
батырлар аз емес-ті. Кейінгі жас перілерді былай қойғанда, Баян, Байғозы,
Оразымбет, Баймұрат,
Бөрібай, Еспембет секілді мүйізі шаңырақтай жолбасар жігіттер осы
топта болатын. Оның үстіне қазақ салтында «жекпе-жекке сен шық» деп
ешкімге бұйырмайды. Кегі қайнап, арқасы қозған батырдың өзі тіленіп,
қолбасыдан бата сұрауы керек... Алайда дəл қазір Малайсарыны мүлде
басқа бір ойлар мазалап тұрған секілді. Күн шығар алдында бадырайып
айқын көрінген адыр-қырқаны жанарымен тінте, төңірегін түгел шолып
шықты да, Қабанбайға қарап:
— Маған салсаң, дəл бүгін сол Сайын-Бөлекті сайысқа шақырып
əтуерлемей-ақ қойсақ деймін, — деді əлі де іш пікірін аша қоймай.
— Неге? Жүрегің шайлығып тұр ма?
— Жоға, жүрек шайлығатындай көрмей-білмей жүрген қалмақ па?!
Олардан күшіміз басым екені рас қой? Ендеше тұтқиылдан шыға келіп,
бірден жайпап өтсек қайтеді? Мына жердің ыңғайы да соған келіп тұр...
— Жекпе-жекке сен емес, олар шақырса не істейсің? Ата салтын
бұзасың ба?
— Соған қарамасақ... Күші жеткен алып та, шалып та жығады. Оқ жетер
жерге таянғанда тасадан шыға келіп, тасқын селдей таптап өте шықсақ!
Меніңше, жеңістің ең тете жолы осы сияқты.
— Қаптама соғыс кезінде əлгі Сайын-Бөлек қу із тастап, құтылып кетіп
жүрмесе? — деді Қабанбай ойланып қалып. — Қарбаласта қапы қалмау
үшін мен бүгін сонымен күш сынассам ба деп едім.
— Пай-пай, Дарабоз-ай! Сен де бір жекпе-жектен жалықпайды екенсің!
— деп Малайсары қарқылдап күлді. — Сайын-Бөлек қайда барады? Соның
сары ізіне түсуді мен-ақ мойныма алайын.
Малайсары сөзінің де жаны бар. Əсілі, жекпе-жек сайыс күш тепе-тең
түскен жағдайда, немесе сəл кемдеу соғып тұрғанда қажетірек. Ондайда
жолың болып, жаудың бас батырын жер жастандырсаң, айбатың асып,
күшің екі еселенді дей бер. Ал əскер саны айқын басым болған жағдайда,
қарсы жаққа таңдау бермей, өз дегеніңе көндіруге де болады.
— Ол жағын ретіне қарай көрейік, — деді Қабанбай. Жау əскері бері
қарай сезіксіз тарта бере ме, болмаса əлденеден секем алып, алыстан
аңдысып тұрып қала ма, ендігісі соған байланысты. Дегенмен, осының
қайсысына да əзір тұрайық.
Бұлар сөзге айналып тұрып байқамапты. Кенет қарауылда тұрған
жігіттердің бірі:
— Шаң... Шаң көрінеді. Келе жатыр! — деп дауыстады.
Бəрі жапа-тармағай батыс жаққа назар аударған. Шынында да, көз
ұшында көлбей созылған бір буалдыр шаң көрінеді. Ұбақ-шұбақ
түйдектелген қою шаң емес, бір тұтас белдеуленген бозғылт мұнар. Тізгін
ұшы, ұзақ шабысқа, не cау желіске салмай, біркелкі үрдіс аяңмен келе
жатқан қалың қолдың тұяқ тозаңы.
Қабанбай енді ғана еркін тыныстады. Дереу қос қанаттағы Ханбаба
сұлтан мен Наурызбайға кісі шаптырып, қаптама шабуылға дайын тұруын
бұйырды. Сондай бұйрықты таяу тұрған өз түменіне Малайсары да
жолдады. Қалтарыстағы қалың қол қару-жарағын сайлап, тегіс атқа қона
бастаған... Əлден уақытта мыңбасы батырлар Байғозы мен Оразымбет келді
бұлардың қасына.
— Сонымен, қалай болды өзі? Бірден ұрысқа кіретін болдық па? — деді
Оразымбет қолбасыға жақындап.
— Солай да болуы мүмкін. Тасадан шыға келіп, тарпа бассалсақ деген
ой бар.
Жастары қырыққа енді ілінген бұл екі батыр құрдас. Ұзын бойлы, иір
сары Оразымбет бұйра сақал төртпақ Байғозыға жымыңдай қарап алды да:
— Қап, бүгін жекпе-жекке кім шығады деп мына Қозы екеуіміз таласып
келе жатыр едік, — деді өкінген сыңай танытып.
— Иə, кезек кімдікі деп ұйғардыңдар? — деді Малайсары əдейі сөз
шығару үшін.
— Құдайшылығына келсек, кезек менікі ғой қашанда, — деп Оразымбет
лекіте күлді. — Бірақ мына Қозы: «сен болсаң бір атадан жалғыз едің. Мен
болсам көп Қозының бірімін. Осы жолғы еркек тоқты — құрбандық мен
болайын. Оның үстіне, Арғынның ноқта ағасы деген атым бар», — деп
ырыққа көнбей тұр.
— Ой, жағыңа жылан жұмыртқаласын! «Құрбандығы» несі, ей, айтып
тұрған?! Бұл қазаққа жаның ашыса да жақпайсың, — деп Байғозы мойнын
бұрып əкетті. — Былжырамай насыбайыңды əкелші оданда!
Үлкендер құрдастардың қалжың сөзіне жадырай күлді. Əзілдің
астарында шындық бар. Балталы Оразымбет батырдың екі ағасы бірдей
жау қолынан мерт болып, бір атадан жалғыз қалғаны да рас. Ал
Байғозының оған Қарағанда құйрық-жалы бүтін еді. Тəуке хан тұсында
даңқы шыққан Тарақты Наймантай батырдан бөрідей-бөрідей алты ұл
туған. Аттары да ұйқас. Жарықтық балаларын Аққозы, Жанғозы, Байғозы...
деп тізе беріпті. Өздері қанжығалы Бөгенбай батырдың əпкесінен туған
жиен боп келеді... Наймантай балаларын түрлі тəсілмен сынағанда, қақаған
аязда кеудесін ашып жататын осы ортаншы ұлға көңілі толған деседі. Сол
сөз тегін болмас, Байғозы бұл күнде Арғынның бас батырларының біріне
айналып еді.
Шүйкедей есілген шаң белдеуі бірте-бірте жақындап, бозғылт мұнар
арасынан алдыңғы лектің қара-құрасы да көріне бастады. Енді бір сүт
пісірімде тұспа-тұс келіп қалары сөзсіз. Қылт-қылт етіп төбе басында
тұрған қарауылдардың көзі — қазір Малайсары қолындағы қыл шашақты
жасыл туда. Сол туды оңды-солды сермеп, белгі берсе болғаны, қазақ қолы
қырқаның астынан шыға келіп, тасқын судай төгілуге əзір тұр.
Бірақ дəл осы мезгілде бұлар күтпеген жағдай болды. Наурызбай жасағы
орналасқан сол қанаттан сүліктей қара атқа мінген, қара киімді біреу кенет
оқтай атылып шыға келді де, жоңғар қолына қарай ағыза жөнелді. Өзінің
аты мұндай ұшқыр болар ма, бірден бауыр жазып, сапқының тасындай
зырлап барады. Бастабында түкке түсінбеген қолбасылар бір-біріне аңырып
қарай берген. Тек шамалы уақыттан кейін ғана оның жау жағына хабар
беруге асыққан сатқын екенін пайымдады. Қара атты бұл кезде оқ жетер
жерден ұзап кеткен. Соңынан қусаң, да шалдыратын емес. Демек барлық
құпия ашылды, түні бойы төккен тер, ойластырылған əдіс-айла текке кетті
деген сөз. Апыр-ай, осынша жұрттың еңбегін селге жіберген бұл кім болды
екен?!
— Мынау сұмдық болды ғой?! Енді не істейміз?! — деді анау-мынауға
іш жимайтын Малайсарының өзі шиыршық атып.
Қабанбай да қатты ашуланған кездегі əдетінше түгі сыртына шығып,
сұрланып кетіп еді. Өмір бойы қырғын соғыстың ішінде келе жатып
мынадай сұмдықты бірінші рет көруі. Бірақ бас қолбасы мұндайда сыр
бермеуі керек. Өзін-өзі ұстауға қанша күш жұмсағанын кім білсін, аз
үнсіздіктен кейін:
— Сəл сабыр етіңдер, жігіттер. Қалмақтар нендей амал жасар екен,
соған қарай көрерміз, — деді байсалды үн қатып. — Қырық темірдің
қылауынан құралған, ала-құла жұрт қой — бұл өлкенің адамдары.
Жоңғарға қарсы жорық ілгері баспай, сонша жылдан бері қайран Төле
бидің еңбегі неге еш боп жүр дейсің? Осындайлар ғой етектен тартып,
іштен ірітіп, жібермей жүрген!
Бұл кезде жаңағы жалғыз қара жау əскерінің алдыңғы легіне барып та
қалған. Сол арада бейғам келе жатқан ойрат қолының ұмар-жұмар
сапырылысып, ошарылып қалқаны байқалды. Сайын-Бөлек қазір не істер
екен? Не де болса, алған бетінен таймай, тəуекел етіп қарсы шаба ма, əлде
жалт бұрылып, кейін шегіне ме? Қабанбай соған жіп таға алмай бөгеліп
тұр.
Осы мезетте арт жақтан аттарын танауратып үш-төрт кісі келді
бұлардың қасына. Түмен басы Наурызбай екен. Жанында Жалайыр
Тəттібай батыр мен Дулаттың Сиқым бұтағынан шыққан Рысбек батыр бар.
Жақындай бере аттан түсіп, қырқаның үстіне жаяу көтерілді.
— Бұл не? Қалмаққа хабаршы жіберіп қойып, ендігі жүрістеріне жол
болсын! — деді əлі де сабасына түсе қоймаған Қабанбай қаһарына қайта
мініп.
— Сондай бір оқыс жағдай өтті, сардар. Сізге соның мəнісін айтайық
деп əдейі келіп тұрмыз, — деді Наурызбай төмен қарап. Намысқой
батырдың қатты қорланып тұрғаны байқалады.
— Кім ол? Қай рудың адамы? Аты-жөнін, туыс-тегін білесіңдер ме?
— Ол неме менің жүздігімде жүруші еді... Аты — Мəметқұл! — деді
Рысбек күмілжи тіл қатып. — Руын сұрамаппын. Əйтеуір, осы маңайдағы
құрамадан шыққан біреу. Біздің жасаққа таяуда, Ташкент маңында
қосылған. «Қалмаққа кеткен кегім бар. Соны бір қайтарсам-ау!» деп
алақанына түкіруші еді, сөйтсек алдаған екен ғой, иттің баласы... Өзінің
ажалы жоқ неме екен. Біздің жігіттер жабыла садақ тартып еді, бірде-біреуі
дарымады.
— Шеттеріңнен мергенсіңдер ғой, шамасы! — деді Қабанбай ызалана
мырс етіп. — Егер жасағыңның бəрі осындайлардан құралса, жетіскен
екенбіз.
Осы тұста сөзге Тəттібай батыр араласты:
— Құрама болғанда, сол Мəметқұлдың түбі шикі деседі. Оны менің
жүздігімдегі бір жігіт жақсы таниды екен. Сүйегі — қожа, оның ішінде
əнегүнгі Камалидден қожаның немере інісі көрінеді. Мəметқұл бұрын
Коқанда, Баба-бектің əскерінде болған ба, бір шатағы бар...
— Əне, көрдің бе, кіммен табақтас боп жүргеніңді! — деді қолбасы тағы
да Рысбекке қарап. — Ол, əрине, ағасы үшін кек алды. Алғанда,
қарымтасын келістіріп қайтарды! Ал сенің жүрісің мынау... Жарайды, қазір
саған ештеңе демей-ақ қояйын. Бірақ ертең осы қылығың үшін Төле бидің
алдында жауап бересің! — деп ескертті де, осымен сөз бітті дегендей,
назарын қарсы жаққа қарай бұрып əкетті.
Қалмақ қолымен ара қашықтық ұзаса екі шақырымдай ғана болар. Кенет
қарсы жақтағы қалың нөпірден үш салт-атты бөлінді де, бері қарай тура
салды.
— Қалмақтар елші жіберген болды ғой. Қолдарында ақ жалауы бар, —
деді өткір көзі қиырдағыны шалатын Малайсары.
Бұл — Сайын-Бөлектің шын ниеті ме, əлде алдаусыратып, уақыт ұтқысы
келген қулығы ма? — деді Қабанбай да қарсы жақтан көз алмаған күйі.
Бұл мезгілде жаңағы елшілер тобы төбенің баурайына таяп қалған-ды.
Бұлар да тегіс атқа мініп, алдарынан көрініс берді. Үш елші есік пен төрдей
жерге келіп тізгін тартты. Егделеу екі қалмақтың ортасында ер-тұрман,
сауыт-сайманы ерекше сəнді, батыр тұлғалы жас жігіт тұр. Сірə, топ
бастығы сол болуға керек:
— Бас қолбасы Қабанбай батыр бар ғой араларыңызда? Мені
Қабанбайға ойрат əскерінің қолбасшысы Сайын-Бөлек ноян жіберді, —
деді əлгі жігіт сөз бастап.
— Іздеген адамың осында. Өзін кім боласың? — деді Қабанбай атын
тебіне, алға таман жылжып.
— Қабанбай батыр сіз екенсіз ғой! Бəсе, өзім де солай мөлшерлеп едім...
Мен кезінде қазақ жерін өзіңізбен қатар талай шаңдатқан, атақты Сары
Манжы ноянның ұлы Намеху-Жырғал боламын! — деді жігіт маңызданып.
— Ал менің оң жағымда тұрған — Ойрат ордасының құрметті адамы
Баяншах лама, — деп сауыт-саймансыз, төбесіне шоңқима қалпақ
қондырып, үстіне жырық етек, қаусырмалы қызыл шапан киген, егде
қалмақты меңзеді.
Елшінің əдеті ғой — қашан қара тұяқтан хал кеткенше, сыр бергісі
келмей сырдаңсып тұратын. Мыналардың пошымынан да соны аңғарған
Қабанбай езу тартып күлді.
— Солай де... Сары Манжының баласымын де. Анада Сайрам түбінде
алды-артыңа қарамай қашқаныңды көріп, сені басқа біреу ме деп қалып
едім...
Жас ноянның намысқойлығы бір басына жететін болса керек, құлағына
дейін қызарып кетті.
— Біз онда жер қайысқан көп қолмен ойда-жоқта ұшырасып қалдық қой.
Күшіміз тең болмаған соң шегініп кеткеніміз рас...
— Жарайды, ол өткен іс қой. Келген бұйымтайыңды айт! — деді
Қабанбай түсін суытып.
— Ұлы мəртебелі, сайыпқыран Сайын-Бөлек ноян Сізге сəлем айтты.
Біздің ұлы қонтайжы мен Абылай ханның арасында бір-бірімізбен
соғыспаймыз деген бейбіт бітім бар. Сондықтан Орта жүз əскері біздің
жолымызды бөгемей, елімізге қоя берсін дейді... Ал Ұлы жүз — біздің
боданымыз. Төле бидің жəне басқа да рубасыларының қонтайжыға қарсы
қол көтермеймін деп, аманатқа жіберген балалары əлі біздің қолымызда.
Олар да сол сөзінде тұрып, бұл бүлікке қатыспасын дейді... Қазақ-қалмақ
киіз туырлықты, ағайындас ел едік. Екі жақ қан төгіске бармай,
тыныштықпен тарасайық деген тілек айтады.
— Ал бұл тілектеріңді қабылдамасақ не болады? — деді Қабанбай
елшілердің жүзіне барлай қарап.
— Онда, амал жоқ, соғысуға тура келеді. Бірақ көп қан төгіледі ғой.
— Қызық екен... Жоңғар нояндары қашаннан бері қаннан қорқатын
болып еді?! — Қабанбай еріксіз езу тартты. — Қан төкпеудің бір ғана жолы
бар: ойрат қолы түгелімен қаруын тастап, тұтқынға берілсін. Ат-көлік,
қару-жарақтарыңды сыпырып аламыз да, өздеріңді аман-есен шекарадан
өткізіп береміз.
— Бұл шартыңыз — келісімге келмейтін кісінің сөзі. Есіңізде болсын,
ойрат əулеті өлсе де бес қаруын бойынан тастамайды!
— Ол жағын өздерің білесіңдер, — деді Қабанбай. — Бірақ
қолбасыларына айта бар: Абылай мен Халдан Церен арасындағы бітім
мерзімі біткелі қашан! Сендер, сірə, жорықта жүріп естімегенсіңдер ғой:
Қазақ хандығы биыл ойрат ордасына қарсы соғыс жариялап, ұлы аттанысқа
шыққан. Біз өз жерімізді жаудан тазартуымыз керек. Ұлы жүздің
бодандығы да осымен аяқталды. Бұдан кейін жоңғар атының тұяғы қазақ
жерін баспайтын болады. Түсініп тұрсың ба? Түсінсең, осы сөзімді СайынБөлек ноянға жеткізерсің!
Осы тұста сөзге манадан бері үнсіз тұрған Баяншах лама араласты.
— Естіп жатырмыз, күштерің бізді екі орайтын көрінеді, — деді ол
қылтанақ өспеген жып-жылтыр иегін сипап қойып. — Бірақ екі жақтан да
көп қан төгіледі ғой... Соғысқан соң, əрине, біз де аянып қалмаймыз. Тіпті
əр үш қалмақ бір қазақты ала жығылғанда да, сіздерден де біраз шығын
болады. Бізді аямасаңдар да, өз бауырларыңа жандарың ашитын шығар?..
Бір сөзбен айтқанда, мыңдаған адамның қаны сенің мойныңда тұр,
Қабанбай батыр. Кейін құдай алдына барғанда, не деп жауап бересің?
«Мынаны қарай гөр! Қалай-қалай орағытады мына қалмақтарың?!»
Қабанбай бір сəт көз алдына мұрты бүлінбей, еліне аман кетіп бара жатқан
жоңғар қолын ойша елестетіп көрген. Тіпті ақылға симайды екен. Арттағы
қалың ел, қарулы сарбаз не айтады? Бүкіл дүние артын ашып күлмей ме?!
— Жоқ! Біз жерімізге басып кірген жауды жазасыз жібере алмаймыз! —
деді шорт кесіп. — Бізді қазақ хандығы бітім жасап келуге емес, ата
жаумен аянбай айқасуға жіберген. Көп күшпен азға зорлық жасауды
бастаған біз емес, Жоңғар нояндары болатын. Бүгінгі қолбасыларың
Сайын-Бөлек те, өз əкең Сары Манжы да бейбіт жатқан қазақ ауылдарын
қанға бөктіріп, талай рет шырылдатқан. Қайтейік, ұзаса соның бір
қарымтасы шығар, — деп аз-кем бөгелді де. — Біз өз жеріміз үшін, əділет
үшін соғысып жүрміз. Хақ жолында қанша құрбандық берсек те, Аллатағала бізді кешіреді, — деді Баяншах ламаның жүзіне тура қарап тұрып.
— Бұл — ақырғы сөзіңіз ғой, Қабанбай батыр?
— Иə, не қару тастап бағыну, не соғыс — екінің бірі! Биенің бір
сауымындай уақыт берем. Оған дейін жауап болмаса, қазақ əскері жаппай
шабуылға аттанады.
Үш қалмақ бір-біріне мəністі көз тастап, атының басын бұра берген.
Кенет:
— Тоқтаңдар! — деді Қабанбай қайта дауыстап. — Сайын-Бөлек ноянға
сəлем айтыңдар: қапыда колға түсіп, көр болам деп қауіптенбесін. Қанша
дегенмен, бір елдің, бетке ұстар қолбасшысы ғой. Мен оны жекпе-жекке
шақырам.
Демек қан майданда, адал шайқаста ерлерше өлуге мүмкіндігі бар.
Қалмақ елшілері келген ізімен кері қайтты. Бұл кезде Қабанбай
төңірегіне Ханбаба, Малайсары, Наурызбай бастатқан қолбасы батырлар
тегіс жиналып қалған-ды. Қалмақ қолының қай жолды таңдайтыны туралы
əркім өз болжамын айтып жатыр.
— Құдайдың мұнысына да шүкір! Жолбарыстай жортқан жоңғар
нояндары күндердің күнінде бүйтіп жансауға сұрайды деп кім ойлаған?! —
деді Шапырашты Наурызбай көп жылдардан кейін қолға қонған үстемдікке
шын масаттанып.
— Əй, бірақ соғыспен көзі шыққан, сырқынды Сайын-Бөлек екені рас
болса, оңайшылықпен беріле қоймас, — деп Малайсары басын шайқады.
— Əккі неме түлкі қулығын түпке сақтап отыр ма деп қорқам.
— «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деп, əлгі сатқынның
қырсығы ғой. Əйтпесе дəл осы мезгілде майдан қызып жататын еді, — деп
мінезі ауыр, көп сөзге үйірлігі жоқ Ханбаба сұлтан да ширығып тұр.
Күн арқан бойы көтеріліп қалған. Дүниеде бірдеңені сарылып күткеннен
жаман не бар. Одан гөрі қан майданға қойып кетіп, қолма-қол айқасқанның
өзі артық. Қалмақ елшілерінің өз тобына барып қосылғанына да біраз
уақыт болды. Əлі тырс еткен дыбыс жоқ. Жұрт шыдамы шыңғырта бұраған
домбыра ішегіндей шегіне жетіп тұр... Кенет Қабанбайдың көкірек
түкпірінен бір түйсік бас көтергендей болды: «Сайын-Бөлекке сенбе. Ол
ешқашан берілмейді».
— Жігіттер, өз түмендеріңе барып, сақадай сай тұрыңдар! Енді бір сүт
пісірімдей мерзімде жауап болмаса, ұрысты бастаймыз! — деді нық
сеніммен. — Малайсары маңдайдан соққанда, Ханбаба мен Наурызбай қос
бүйірден қысып, қоршап алыңдар!
Қолбасының жарлығын естісімен, батырлар өз жасағына тез тарап
кеткен. Көп ұзамай əр тұстан дабыл қағылып, керней тартылды. Бірақ жау
əскерінің бергі қатары қара нор болып, əлі сетінемей тұр... Дəл осы
мезгілде оң қанаттағы Ханбаба жасағынан атын танауратып шабарман
жетті. Өр жақтағы шеткі қарауылдар байқап қалыпты: Ойрат қолының
артқы легі қырқаның астындағы ұры сайды өрлеп, терістікке қарай
қозғалып кеткен көрінеді. Қашан ұзап алғанша секем алдырмай, шаң да
шығармай, баяу жылжып бара жатқан түрі бар.
— Əй, бəсе, айтпадым ба?! Бұл Сайын-Бөлектен бəрін де күтуге болады.
Əскердің бір бөлігін тосқауылда қалдырып, өзі таса жермен тайып
отырған-ау зəлім неме! — деді Малайсары санын соғып.
— Солай болды. Тез шабуылға белгі бер! — деді Қабанбай түтігіп.
Сонан соң жаңағы шабарманға бұрылды. — Сен жылдам барып Ханбаба
сұлтанға хабарла: он, қанат ұрымтал ғой, қашқан қалмақтың алдын орауға
күш салсын! Ал қоршаудан құтылып кеткендері болса, Еспембеттің
ертауыл тобы жаудың өкше ізіне түссін!
Малайсары қолындағы жасыл туды оңды-солды бұлғап, шабуылға белгі
берген. Сол-ақ мұң екен, тұс-тұстан «аттандаған» құдіретті үн көтерілді де,
тасада тұрған қалың қол ұрыс даласына қарай тасқын судай ағытылды.
Адыр-қырқада ине шанышар бос орын қалмай, қаптаған қалың атты əскер
емес, қара жердің өзі қозғалып бара жатқандай көрінген. Төңірекке түгел
жан бітіп, салт атты адамдар даланың бұлшық етіндей бұлтылдап, ойнап
бара жатты. Қабанбай өз өмірінде небір қаптама соғысты өткере жүріп,
қазақ қолының дəл мынадай ұжымдасқан, үрдіс шабуылын кезіктірген
емес-ті. Ол төбе басында осынау ұлы көрініске масаттанғандай бір сəт
қарап тұрды да, өзін қорғаушы ұландар жүздігімен бірге, бүгін ұрыс қатты
қызады-ау деген оң қанатқа қарай жүріп кетті.
Бұлар сол бетінде майдан даласына тақау барып, тағы бір қырқаның
басына көтерілді. Айнала төңіректі мұнар басып кетіпті. Шудаланған қою
шаңның арасынан а дегенде байқағаны, түгел болмағанмен, жау əскерінің
негізгі бөлігі қоршауда қалған секілді. Қырғын шайқас екі жерде жүріп
жатыр. Бірі — алғашқы жол бойында тосқауылда қалған əскер төңірегінде,
екіншісі — одан екі-үш шақырымдай жоғары, екі қырқаның арасындағы
жазық алаңда. Сірə, Ханбабаның жасағы терістікке қарай шұбырған қалмақ
қолының алдын орай алмаса да, бел ортасынан қиып түскен тəрізді. Ал
ертерек қамтып, алдымен қозғалған нояндар тобы ұзап кетсе керек,
қуғыншылардан əзірше хабар жоқ.
Əйткенмен, Қабанбай айналасына кəнігі көзбен қарап жіберіп, бүгінгі
ұрыстың тағдыры шешіліп қалғанын аңдады. Биікте тұрған қолбасыға,
əсіресе, мына екінші лектің шайқасы ап-анық көрініп тұр. Қара құрым
қазақ қолы кең шеңбер жасап, жау əскерін қоршап алыпты да, темір құрсау
бірте-бірте тарылып, сақинадай сығып барады. Егер қалмақ жағы ақ жалау
көтеріп, өздіктерінен берілмесе, мына қақпаннан тірі пенде құтылатын түрі
жоқ. Бірде ортаға қарай топтап тартылған жебелер зуылдаса, енді бірде
қайқы қылыш пен қара тамақ көк сүңгі кезек алады. Шыңғыра секірген
аттар мен өкіре құлаған адам үні келеді құлаққа.
Кенет қолбасының санасында манағы Баяншах ламаның күстана сөзі
қайта жаңғырғандай болды: «босқа қан төгіледі ғой. Осынша адамның
обалы сенің мойнында, Қабанбай батыр. Кейін құдай алдына барғанда, не
деп жауап бересің?..» Қан төгілсе бұл қайтпек?! Мына қалмақтарды осы
өлкеге біреу шақырып келіп пе? Обалы болса, ойрат əулетін соғысқа айдап
салған қонтайжыға, қала берді — осынша адамды оққа байлап кеткен
Сайын-Бөлек ноянға болсын! Бейбіт жатқан елге шаңды жорық жасап, қан
төгуді бастаған — солар ғой... Соғыс — аққан сел, жанған өрт секілді, ол да
бір апат. Өрт апаты бір басталған екен, қашан қарқыны қайтып, төңірегін
жалмап біткенше, оны ешкім де тоқтата алмайды.
Кешікпей керуен жолы үстіндегі төменгі ұрыстың тыным тапқаны мəлім
болды. Сол қанаттағы Наурызбай жасағы мен маңдайдағы Малайсары
түменінің бір бөлігі солай қарай ойысқан сияқты еді. Екеуі екі жақтап,
биенің бір сауымына жеткізбей, ұйпап жібергені байқалады. Ол жақтағы
ұрыстан босаған жасақтың алды енді терістікке қарай төңкерілді.
Осы сəтте ту түбінде тұрған Қабанбайдың қасына, астындағы қаракөк
арғымақтың ақ көбігін шығарып, Ханбаба сұлтан келді. Ұрыстың қызу
ортасынан шыққан беті болса керек, өңі өрт өшіргендей түтігіп кетіпті.
Қолындағы жалаң қылышының жүзінен қан тамып тұр. «Не істейміз?
Ақырына дейін қыра береміз бе?» деген сұрау бар бет əлпетінде.
— Ұрысты тоқтатып, тірі қалғандарын тұтқынға алыңдар! — деді
қолбасы оның ойын айтқызбай ұғынып.
Ханбаба ұрыс алаңына шабарман шаптырды да, өзі қолбасыға бүгінгі
шайқастың барысын баяндады. Айтысына қарағанда, алғаш ат басын қоя
беріп шабуылға өткен кезде-ақ, Ханбаба өз түменімен қашқан қалмақтың
алдын орауға тырысыпты. Бірақ екі орта бірталай жер, бұлар көлденеңнен
қиып алғанша, жау əскерінің алдыңғы легі едəуір ұзап кетіпті. Содан батыр
Баянның мыңдығы мен Еспембеттің ертауыл жасағын қашқан жаудың
соңынан жіберіп, өзі негізгі қолмен ойраттардың орта бөлігін қоршап
қалған көрінеді.
— Сайын-Бөлек ноян қайда? Қоршауды жарып өткен жаудың мөлшерін
біле алдыңдар ма? — деді қолбасы тағатсызданып.
— Құтылып кеткені екі-үш мыңнан аса қоймас. Сайын-Бөлек пен
Намеху-Жырғал, сөз жоқ, сол топтың ішінде кетті.
— Қара жүрек иттер-ай! Қалған əскерін күл болмасаң бұл бол деп,
құрбандыққа шалып кеткені ме сонда?
— Солай болғаны да. Діні қатты ғой бұлардың... Обал-сауаппен санасып
жатпайды. Аламан əскері де өз нояндары үшін басын беруге əзір.
Қабанбай ойына əлдене түскендей басын шайқап күлді.
— Ойрат əулетінің осы қаталдығы ғой, бүгінге дейін бет қаратпай
келген. Өзін аямаған өзгені қалай оңдырады?! Ал бізде басқаша... Қазақ
қолбасшысы əлдебір рудың мың жігітін жау қолына жеке тастап кетсе, өмір
бойы арылмас өкпеге қалар еді.
— Жай өкпелеп қана қойса жақсы ғой. Сол күні-ақ ат кекілін кесісіп,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Дарабоз - 20
  • Parts
  • Дарабоз - 01
    Total number of words is 4114
    Total number of unique words is 2346
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 02
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2361
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 03
    Total number of words is 4071
    Total number of unique words is 2398
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 04
    Total number of words is 4171
    Total number of unique words is 2300
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 05
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2481
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 06
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2492
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 07
    Total number of words is 4113
    Total number of unique words is 2311
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 08
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2298
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 09
    Total number of words is 4015
    Total number of unique words is 2284
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 10
    Total number of words is 4131
    Total number of unique words is 2380
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 11
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2314
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 12
    Total number of words is 4135
    Total number of unique words is 2385
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 13
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2287
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 14
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2318
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 15
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2426
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 16
    Total number of words is 4123
    Total number of unique words is 2466
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 17
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2318
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 18
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2312
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 19
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 20
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2334
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 21
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2296
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 22
    Total number of words is 4085
    Total number of unique words is 2211
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 23
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2265
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 24
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 2194
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 25
    Total number of words is 4079
    Total number of unique words is 2431
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 26
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2320
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 27
    Total number of words is 4046
    Total number of unique words is 2316
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 28
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2358
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 29
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2327
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 30
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2336
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Дарабоз - 31
    Total number of words is 1989
    Total number of unique words is 1292
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.