Latin Common Turkic

Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны - 14

Total number of words is 3813
Total number of unique words is 2067
27.8 of words are in the 2000 most common words
40.3 of words are in the 5000 most common words
47.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жəне оны христиандардың түсінуі қиынға соғады. Өйткені яхудилер үшін –
еврей тілі, үнділер үшін - санскрит, мұсылмандар үшін араб тілі киелі
саналса, олардың мұндай қасиет тұтар тілдері жоқ. Құдайдың сөзі – Исаға
тиесілі жəне грекше жаңа өсиет киелі саналған емес. Дегенмен яхудилер
үшін Тəураттың мəні Құранға ұқсас. Олар Киелі кітаптың алдыңғы бес
кітабын оқығанда, тек жолма-жол көз жүгіртіп қана отырады. Көбінесе əр
сөзді дауыстап жаттайды. Өйткені Құдай Мұсаға, Синай тауында өзін
көрсеткенде, осы сөздер арқылы тілдесті деп сенеді. Кейде Рух
тыныстайтын жалын сияқты əрі-бері теңселіп отырады. Шындығын
айтқанда, яхудилер Киелі кітаптарын оқыған кезде Pentateuсh оқып, көп
жерін шамадан тыс жалықтыратын жəне көмескі деп табатын
христиандарға қарағанда, мүлдем өзгеше халге бөленеді.
Мұхаммедтің алғашқы жылнамашылары арабтардың Құранды тұңғыш
естіген сəтте қандай ғажайып əсер мен таңданысқа бөленгендерін əрдайым
əңгімеге өзек етеді. Біразы сол заматта бірден дінге кіріп кеткен, өйткені
мұндай айрықша керемет сөздер Құдайдың тарапынан ғана айтылуы мүмкін
деп ұйғарды. Дінге кіргендер көбінесе осы халді – қапаста бұйығып жатқан
сезімдері илəһи лебізбен оянып, рақат дариясына шомылғандай етіп
түсіндірді. Мұхаммедтің табанды қарсыласы, жас құрайыш Омар ибн əлХаттаб ескі дініне беріктігімен қоймай, тіпті пайғамбарды өлімге қия салуға
дайын тұрған жан болатын. Бірақ христиандарда Тарсустық Саулдың Исаны
көріп, дінге кіргені сияқты, Омар да Құранды естіген соң, исламды
қабылдады. Осы оқиғаға қатысты екі түсіндірме бар. Оның қай-қайсысы да
назар аударуға тұрарлық. Біріншісінде, Омар жасырын мұсылман болған
қарындасын жаңа сүрені тыңдап отырған кезде ұстап алады. «Мынау не
сандырақ?!» деп, ашуға булығып, үйге кіріп келеді жəне бейшара Фатиманы
аяғынан шалып құлатады. Бірақ қарындасының денесінен тамшылаған
қанды көріп, ұяттан өртенген жүзі өзгеріп сала береді. Үйден тұра қашқан
қаридың асығыста түсіріп алған парақтарын қолына алады. Хат танитын
құрайыштың бірі болғандықтан, оқи жөнеледі. Омар арабтың ауызша өлең
дəстүріне өте жүйрік еді. Ақындар қызыл тілді қалай шебер сөйлетуі
керектігі жөнінде одан ақыл-кеңес сұрайтын. Əйтсе де бұрын-соңды осы
тəрізді мəтінді кезіктірмепті. Таңғалып тұрып, «мына сөздер қандай
керемет, қандай ғажап еді» дейді жəне тап сол сəтте Алланың жаңа дініне
құлдық ұрады. Көркем сөз оның санасынан жеккөрініш сезімі мен соқыр
сенімін аластайды жəне зердесіне құйылады. Бір əсерлі өлең көңіл
түкпірінің тұнығын толқындата шайқап жібергенде, бəріміз осындай күй
кешетініміз бар. Екінші бір хикая бойынша, Омар бір түні Қағбада жалғыз
өзі Құран оқып отырған Мұхаммедке кез болады. Тыңдаған сайын елти
түседі. Омар гранит текшеге жабылған қамқаның (жібек матаның) шетін
бүркеніп, Пайғамбардың қарсы алдына дейін жақындап барғанын
байқамайды. Пайғамбар: «Арамызда Қағбаның қисуасынан басқа еш нəрсе
жоқ» деген кезде бүркенішін алып тастайды. Арабша сиқырлы əуезді
түйсінеді де: «Құранды тыңдаған кезде жүрегім жұмсарды, егіліп жыладым.
Ислам жүрегіме орнады» дейді. Құдайды «сыртқы» ақиқат деп
қабылдайтын түсініктен арылтып, Онымен əр иман келтірген жанның
санасын, жүрегі мен болмысын толтырған Құран еді.
Омар сияқты Құран арқылы дінге кірген басқа да мұсылмандардың
оқиғаларын Джордж Стейнердің «Шынайы болмыстар: Сөзімізде бір нəрсе
бар ма?» (Real Presences: Is There Anything In What we Say?) деген
кітабындағы өнер халімен салыстыруға болатын шығар. (тейнер «шынайы
сурет, əдебиет пен музыканың ақылға сыймайтын əсері» арқылы, «төл
болмысымыздың шырқау шыңына жете алатынымызды» ұғындырады. Осы
əсер бізді баурап, майдай ерітеді жəне «біздің қорғаншақ болмысымыздың
ұсақ бөлшегіне» дейін еніп, «өміріңді өзгерт» деп əмір береді. Мұндай
мəжілістен кейін үй-жай «бұрынғы қалпында қала алмайды». 20 Омар
сияқты мұсылмандардың осындай алай-түлей сезім дауылын бастан
кешіруі, бір алапат күштің оларды ұйқыларынан оятып, дəстүрлі тұрмыстіршілігінен суырып алуы – түсінікті жайт. Исламға кіруден бас тартқан
құрайыштар да, Құран оқылғанда мазасызданып, Оның өздері білетін
барлық ұғымдардан жоғары тұратынын байқайтын. Бұл бір бақсы немесе
бір жас ақынның шабытының жемісі емес. Бір сиқыршының күбірсыбырына да ұқсамайды. Исламға табан тіреп қарсы тұрған кейбір атақты
құрайыштардың бір сүрені тыңдаған кезде өзгеше бір күйге енгені жайлы да
хикаялар бар. Олар үшін Мұхаммед жаңа бір əдеби туынды жасап шығарған
сияқты еді. Бұл шығарманы кейбіреулер əлі тыңдауға дайын емес болса,
енді біреулерді əсерге бөленіп те үлгерді. Құранның осындай əсері болмаса,
Исламның тамыр жаюы мүмкін емес те еді.
Ескі яхудилердің алғашқы діни сенімдерін тастап, бірқұдайлықты қабылдау
үрдісінің жеті жүз жылға созылғанын білеміз. Алайда Мұхаммед қысқа ғана
мерзімде, яғни жиырма үш жылдың ішінде арабтардың өмірін түбегейлі
өзгертіп жіберді. Мұхаммедтің шайыр əрі пайғамбар ретіндегі еңбегі, ал
Құранның мəтін жəне илəһи тарту түріндегі сипаты – дін мен өнер
арасындағы терең байланысқа керемет мысал бола алады.
Уахи түскен алғашқы жылдары, Мұхаммед көбінесе діндес бауырларын
жастар арасынан тапты. Меккенің капиталистік өмір салты уақыт өткен
сайын олардың көңілдеріне кірбің түсіре берді. Əйелдер, құлдар мен ең
əлсіз тайпа мүшелері сияқты айрықша мəртебесі жоқ жəне бейтарап топтар
да пайғамбардың жақтастарына айналды. Бізге жеткен көне деректерге
қарағанда, Мекке жаппай Мұхаммедке жаңа түскен Алланың дінін
қабылдауға дайын жағдайда болды. Бұл жағдайға, жаңа дінге бай-бағландар
дұшпандықпен қарады. Бірақ құрайыштар Мұхаммед пұттарға табынуға
тыйым салғанға дейін оған ашық түрде қарсы шықпаған еді. Уахидың
алғашқы үш жылында Мұхаммедтің бірқұдайлық түсінікті аса қатты
насихаттамағаны жəне адамдардың əдеттегідей, Ұлық Құдай – Алламен
бірге, арабтардың басқа көне құдайларына табына береміз деп ойлағаны
белгілі. Алайда пайғамбар ескі құдайлар мен пұттар жайлы үкімін естірткен
кезде бір түнде бірнеше ізбасары оны тастап кетті. Мұсылмандар қорлық
пен азапқа ұшыраған азғана кісінің тобына айналды. Осыдан таухид
сенімінің сананың ауыр өзгерісін қажет ететінін көреміз. Алғашқы
христиандар сияқты алғашқы мұсылмандарға да қоғамға терең қауіп
төндіретін «атеистер» деген айып тағылды. Меккеде қала өркениеті ендіенді аяққа тұра бастаған еді. Сондықтан менмен жəне өзімшіл құрайыштар
оны тез жойылатын жетістікке балады. Рим тұрғындарының христиан
қанын талап еткені сияқты, көпшіліктің сондай қорқыныш пен үрейді
сезінуі мүмкін еді. Күллі құрайыш тайпасының аталарынан қалған
құдайларынан айырылып қаламыз деп, қобалжығанын байқаймыз. Көп
кешікпей Мұхаммедтің өз өміріне де қауіп төнді. Батыс ғалымдары
құрайыштың осы айырылысар сəтке келуін, Салман Рушдиден кейін жаман
аты жайылған əрі түгелдей жалған Шайтан Аяттары оқиғасымен
байланыстырады. Үш араб Құдайы Хижаз арабтары үшін өте маңызды еді.
Олар: əл-Лат (жай ғана «Құдай» дегенді білдіреді), əл-Узза (Күшті) жəне
Манат (тағдырды жазған еді. Сəйкесінше, Меккенің оңтүстік-шығысындағы
Тайф пен Нахлада жəне Қызыл теңіз жағасындағы Худайда мекенінде
оларға арнайы ғибадатханалар тұрғызылған. Бұл құдайлар Юнон немесе
Афина Паллада сияқты бастан-аяқ адамдық сипатпен көмкерілмеген еді.
Оларды, негізінен, Құдайдың қыздары деген мағынада – бəнат ул-лаһ деп
атайтын. Бірақ бұл толысқан бір пантеонның болғанын білдірмейтін.
Арабтар дерексіз ұғымдарды түсіндіру үшін, осындай туыстық терминдерді
қолданатын. Осылайша, бəнат əл-дəhp (тік. ауд.: «тағдырдың қыздары») сөзі
де сəтсіздік пен өзгерісті білдіретін. Бəнат ул-Лаһ ұғымы да тек «илəһи
болмыстар» деген мағынада қолданылуы мүмкін. Ғибадатханаларда бұл
құдайлар бет-бейнесі бар мүсін түрінде емес, алып тастар кейпінде көрініс
тапты. Көне Кенған тұрғындары да құдайларын осылай таспен бəдіздейтін.
Арабтар бұларға бас ұрып табына бермейтін, бірақ илəһи күштің негізі деп
танитын. Меккедегі Қағба сияқты Тайф. Нахла мен Худайда да арабтардың
ішкі дүниесінде маңызды рухани орталық ретінде сақталған еді. Есте жоқ
ескі дəуірден бері осыларға табынып, көңілдері жай табатын.
Шайтан аяттары хикаясы не Құранда, не қандай да бір ауызекі, не болмаса
жазба деректе кездеспейді. Пайғамбар туралы ең сенімді ғұмырнамалық
дерек ретінде танылған ибн Ысқақтың «Сиярында» (Sira) да жоқ. Тек
оныншы ғасырда өмір сүрген тарихшы Əбу Жафер əт-Табаридің (923 қатыс
болған) шығармасында ғана аз-кем айтылады. Онда пұттарды жоққа
шығарғаннан кейін, тайпасының өзінен суып кеткені Мұхаммедке ауыр
тиген жəне шайтаннан илһам алып, періштелер сияқты үш Құдайға да
шапағатшы ретінде, құрмет көрсетуге рұқсат ететін кейбір жалған аяттар
айтқан дейді. «Шайтан» аяттарына сəйкес, үш «Құдай» Алламен тең емес.
Ол мен адамдар арасында дəнекер бола алатын ұсақ рухани болмыстар ғана.
Кейін Жəбірейіл періште пайғамбарға бұл аяттардың шайтаннан келгенін
жəне Құраннан алып тастау керектігін, оның орнына bеnаtullab, яғни үш
Құдайдың елес пен алдамшы қиял екенін сипаттайтын мына аяттарды қоюы
қажет екенін жеткізген:
«(Шындарыңды айтыңдаршы, өздерің сиынатын) Лат пен Уззаны жəне
Манатарыңды (Мұхаммед секілді, осылай) 03 көздеріңмен көрдіңдер ме? ...
(Сендер табынған пұттардың барлығы да – өздеріңнің жəне атабабаларыңның ойдан шығарып, өздерің ат қойып əспеттеп алғандарың.
Ондай (жалған Құдайларға) қатысты Алла ешқандай да дəлел түсірген жоқ.
(Пұттарға табыну арқылы) өздеріңЫнің жалған долбарларыңа еріп,
қарапайым қажеттіліктеріңнің жетегіне жетілдіңдер. Жаратқан Иелеріңнен
сендерді тура жолға бастайтын нұсқаушы келіп еді ғой».
Құран аталарының пұттарға қатысты айтқан қатаң үкімі осы болатын. Бұл
аяттар Құранға енгізілгеннен кейін, құрайышпен бітімге келуге еш
мүмкіндік қалмады. Осы сəттен кейін Мұхаммед елді табанды түрде
таухидке үндеді жəне ширк (пұтқа табынушылық, тілдік мəнінде Аллаға
серік қосу) Исламда ең үлкен күнəға айналды. Шайтан аяттары оқиғасы
болды деген күннің өзінде, Мұхаммедтің көпқұдайлықпен келісімге келуі
мүмкін емес еді: «Шайтанның қызметі ту: ралы айтқанда, оның қандай да
бір сəтте Құранға нұқсан келтіргені жайлы ой қозғау дұрыс емес. Исламда
шайтанға христиан дініндегіден де артық төзімділік көрсетіледі. Құран
Қиямет күнінде шайтанның да кешірілетінін білдіреді. Арабтар «шайтан»
сөзін – бір адамның мінезіне ұқсату үшін немесе табиғи қалпынан айныған
кісіні сипаттау үшін жиі қолданады». Бұл оқиға Мұхаммедтің тіл жетпейтін
илəһи хабарды сөзбен баяндауға тырысқан кезде бастан өткізген машақатын
да көрсетуі мүмкін. Осы жағдай Құрандағы бірнеше пайғамбардың илəһи
үндеуді түсіндіруге тырысқан кезде «шайтани» елес көргендерін жəне
Құдайдың үнемі олардың ағаттықтарын түзетіп, жаңа жəне үстем уахилар
жібергенін сипаттау кезінде болуы ықтимал. Бұл мəселеге басқа бейтарап
қырынан келсек, Мұхаммедтің бүкіл өнер шеберлері сияқты жаңа илһамдар
келген сайын өз туындысын назардан өткеріп, жетілдіріп отыруы да мүмкін.
Мұхаммедтің пұтқа табыну мəселесінде құрайышпен бітімге келуден
үзілді-кесілді бас тартқаны туралы деректер жетерлік. Прагматик
болғандықтан, аса қатты маңызды емес деп тапқан мəселеде келісімге келуі
мүмкін еді. Бірақ құрайыш оған «көп Құдайдың бірін ең ұлық деп санап,
Мұхаммед пен мұсылмандар Аллаға табына берсін», бірақ бізге байырғы
Құдайларымызға табынуға рұқсат етсін деген талаппен келгенде, Мұхаммед
бірден бұл ұсыныстан бас тартты. Құранда бұл туралы былай делінген:
Сендердің табынған пұттарыңа мен ешуақытта табынбаймын... Өз сенімнанымдарыңа өздерің (жауаптысыңдар). Ал өз дінім үшін (Құдайдың
алдында) өзім жауап беремін.25 Мұсылмандар тек жалғыз Құдайға
бойсұнып, құрайыштар қатты байланып қалған «Құдайлар» мен байлық
секілді, жалған табыну объектілерінің азғыруына берілмеулері керек.
Адамгершіліктің негізі ретінде Құранда Құдайды ешбір жаратылысқа
ұқсатпау керектігі көрсетілген. Материалдық байлық пен төмен
мақұлықтарға арқа сүйеп, берілу – ширк. Пұтқа табыну – исламдағы ең
ауыр күнə. Пұтқа табынушылық құдайларына деген жиіркеніш дəл ежелгі
яхуди жазбаларындағыдай негізделген, яғни басқа құдайлар – еш пайдасыз.
Олар адамдарды ас-ауқатпен қамтамасыз ете алмайды. Мұндай əлсіздік –
«оларға өміріңді арнаудың ешқандай мəні жоқ» дегенді білдіреді. Мұсылман
тек жалғыз ақиқат – Алла екенін түсінуі керек:
«(Оларға) былай деп айтқын, (Уа, Мұхаммед): «Алла – Жалғыз, Дара!»
(Əлденеге деген) мұқтаждық Аллада жоқ. Ол тумаған да туылмаған. Оған
тең келер ешнəрсе жоқ».
Афанасий сияқты, христиандар да бір Жаратушының, болмыстың
қайнарының құтқарушы құдіретке ие екенін тілге тиек еткен. Бұл
көзқарастарын Үштік Құдай жəне Тірілу туралы насихаттарында да
баяндаған. Құран семиттік илəһи таухидқа негізделеді жəне «Құдайдың
перзенті бар» деген көзқарасты жоққа шығарады. Жер мен көкті жаратқан
Алладан басқа Құдай жоқ жəне тек ол ғана адамды құтқарып, оған рухани
жəне материалдық ризығын беріп тұрады. Тек Оның əс-самад «бүтін
жаратылыстың себепсіз Себебі» екеніне сену арқылы, мұсылмандар заман
мен кеңістіктен тыс ақиқатқа үн қоса алады. Жəне қоғамды бөлшектейтін
тайлааралық алауыздықтардың алдын алады. Мұхаммед таухидтің
рушылдық сананың дұшпаны екенін білетін еді. Бүкіл құлшылыққа
лайықты бір Құдайы жеке адаммен қатар, қоғамның да ынтымақ пен
бірлікте өмір сүруіне жол ашады.
Алайда Құдай туралы қарабайыр ұғым жоқ. Бұл - біз танып, түсіне қоятын
болмысқа ұқсамайтын жалғыз Құдай. Мұсылмандарды салатқа (яғни бес
уақыт намазға - ауд.) шақыратын Аллаһу əкбар (Алла Ұлық) тəкбірі Құдай
мен бүкіл басқа болмыстың, сондай-ақ Құдайдың өзі (əл-дхат) мен біздің Ол
туралы айта алатын нəрселердің арасын ажыратады. Сонымен қатар ол
туралы айтқан сөздеріміз бен оның Өзі (əз-Зат) арасындағы нəрселерді
айыруға мəжбүрлейді. Бірақ осы ақылға сыймайтын жəне қол жетпейтін
Құдай өзінің танылуын қалаған. Ескі дəстүрге қарағанда (хадис). Құдай
Мұхаммедке: «Мен жасырын бір қазына едім жəне танылғым келді. Мені
танысын деп, дүниені жараттым» деген. Табиғаттың нышандары (аят) мен
Құран аяттары төңірегінде ой толғап, мұсылмандар Құранда Құдайдың жүзі
(уəжбуллаһ) деп келетін илəһи əлемнің дүниеге арналған сипаты жайында
пікір қозғай алады. Алдыңғы екі діндегі сияқты ислам да, Құдайды тек ісəрекеті арқылы біле алатынымызды меңзейді, Құдай осылайша өзінің тіл
жетпес болмысын адамдардың шектеулі түсінігіне сай ұсынады. Құран
мұсылмандарды жан-жағынан қаусырған Құдайдың жүзі мен болмысын
тану үшін қажетті сана-сезімге қол жеткізулерін (тақуа) калайды: «...
Жүздеріңді қай тарапқа бұрсаңдар да, сол тараптан Алланы табасыңдар....».
26 Христиан дініндегі Əке түсінігі сияқты, Құран да Құдайды Шексіз
құбылыс деп сипаттайды, шынайы болмыс тек Оған ғана тəн: Жер бетіндегі
жан иелерінің барлығы жойылып, ғайып болады. Ұлылық пен шексіз
дарқандық иесі – Алла ғана мəңгі қалады. Құранда Құдайдың тоқсан тоғыз
аты немесе сипаты айтылған. Бұл есімдер оның ұлықтығын, жер-жаһандағы
бүкіл жаратылыстың бастауы екеніне мəн береді. Осылайша, əлем тек Ол
əл-Ғани (бай жəне шексіз) болғаны үшін бар.Ол тіршілікке жан берді (əлМубuu), Ол барлық нəрсені біледі (əл-Алим), Ол сөзді жаратқан (əлКалима). Сондықтан Онсыз тіршілік, білім мен сөздің болуы мүмкін емес.
Бұл – бір Құдайдың шынайы болмысы жəне құдіретінің айқын көрінісі.
Бірақ илəһи есімдер кейде бір-бірінің күшін жояды. Мəселен, Құдай əрі əлҚаһар үстем жəне дұшпандарына қаһар қылады, əрі əл-Халим соңына дейін
сабыр, шыдам көрсетеді. Ол əрі əл-Қабиз сығады, қысады, əрі əл-Басит
ашады, кеңейтеді. Əл-Хафыз төмендетеді жəне əр-Рафи жоғарылатады.
Құдайдың есімдері мұсылман иманында маңызды орынға ие: оларды жатқа
айтады, тəспімен зікір етеді жəне сонымен дұға қылады. Бұлардың бəрі
мұсылмандарға Құдайдың адами категорияларға кірмейтінін жəне
қарапайым танымдар аясына сыймайтынын аңғартады.
Уақыт өте келе аш-шахада – Исламның алғашқы шарты, мұсылмандық
иманның символы болды: «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед – Оның
елшісі». Бұл тек қана Алланың бар екенін мақұлдау ғана емес, сонымен
қатар Алланы жалғыз шынайы Ақиқат деп мойындау. Бір ғана шынайы
Ақиқат - Ол, сұлулық пен кемелдік Оған тəн: ғаламдағы бұл қасиеттерге
белгілі бір өлшемде ие болған тіршілік иелері мен болмыс атаулы жалғыз
шынайы Ақиқатқа жақындаған кезде ғана бұл қасиеттерге ие бола алады.
Шахада мұсылмандардың Құдайды мұрат қылып, тіршілігінің негізі ретінде
тануларын талап етеді. Құдайдың бірлігі туралы сөз, тек қана бəнат ал-лаһ
секілді құдайларға табынуды тыю дегенді, формалды түрде сандық
анықтауышты білдірмейді, оның орнына мұны адам мен қоғам тіршілігін
қозғаушы жалғыз қуатқа айналдыруға шақырады. Құдайдың бірлігін
шынайы тұтастыққа ие кез келген тұлғадан көруге болады. Бірақ бірлік
идеясы мұсылмандардан басқа да қауымдардың діни талпыныстарын
құрметтеуді талап етті. Құдай жалғыз, оның жалғыздығына сену – кез
келген ақиқат діннің басты сипаты. Жалғыз жоғары Ақиқатқа сенудің
сыртқы көріністері əртүрлі мəдени дəстүрлер арқылы айқындалуы да
мүмкін жəне əр топырақта өзіне тəн сипатта өзін көрсете береді, алайда
ақиқат діннің негізінде, арабтар ежелден Алла деп келген Ол болуы тиіс.
Алланың «көркем есімдерінің» бірі – əн-Нур, «Нұр». Құрандағы мына бір
белгілі аятта Құдай – барша білім мен Трансценденттінің көріністерін
қамтып қалуға септесетін мүмкіндік атаулының қайнар көзі:
«Алла – ғарыштар мен жерді түгел қамтыған нұр (Иесі). Алланың (мүміннің
жүрегіне салған иман) нұры – майшам орнатылған шырағдан дерсің. Бірақ
оны Шығыстан да, Батыстан да іздеме, таппайсың. Ол шам от тимесе де,
жана беретін киелі зəйтүн ағашының майымен жанады. Май шамның əйнегі
інжу-маржандай жарқыраған жарық жұлдызға да ұқсайды. Бара-бара
жарқырап, нұры биікке көтеріле беретін (мүміннің жүрегіндегі иман
нұрының теңеуі) – осы секілді...».
«-ка» жалғауы кұрандағы Құдай жайлы баяндаудың символикалық сипатын
танытады. əн-Нур Құдайдың өзі емес, ол сол Нұрмен өзінің сөзін (шырақ)
толтырады, кейін онымен адам жүрегін (нұрдың ұясын) жарқыратады.
Нұрды толықтай шырағданға да, шишаға да, шырағдан майына да телу
мүмкін емес. Тəпсiршiлердің айтуынша, исламның алғашқы кезеңдерінен
бастап, Нұр - уақыт пен кеңістіктен тыс илəһи Ақиқаты сипаттаудың ең
сəтті символдарының бірі. Бұл аяттардағы зəйтүн ағашы уахидың үзілмей
жалғасуының символы ретінде қабылдануы керек: зəйтүн ағашы бір
«түптен» шығады да, кейін əртүрлі діни тəжірибеге сайтармақталып кете
береді. Осылайша, шынайы уахи белгілі бір мəдениетпен немесе жергілікті
аймақпен шектелмей, салаланып тарай береді: ол – Батыста да емес,
Шығыста да емес.
Христиан Барака ибн Нəуфал, Мұхаммедті «шынайы пайғамбар» деп
мойындады, бірақ исламды қабылдау оның ойына кіріп-шықпады,
Мұхаммед те мұны ойға алған жоқ. Пайғамбар ешқашан яхудилер мен
христиандарды Алланың дініне шақырған жоқ (əрине, бұған тыйым жоқ
еді), өйткені оларға өздерінің төл уахиы жеткен еді. Құран өткен
пайғамбарлардың үгіті мен көрегендігін жоққа шығармайды, керісінше,
Құранда əрдайым адамзатқа ортақ діни тəжірибенің сабақтастығы еске
алынады. Мұның астын сызып көрсету керек, өйткені бүгінде
Батыстықтардың көпшілігі исламдағы атрибуттарға кеңпейілдік таныта
алмайды. Ал мұсылмандар о бастан яхудилер мен христиандарға қарағанда,
ешқашан өз уахиларын жалғыз ақиқат деп танытпаған болатын. Қазіргі
кездегі исламды жазғыруға себеп болып жатқан төзімсіздіктері – бір
Құдайға деген бəсекелестіктен туып жатқан жоқ, көбінесе басқа себептерге
байланысты.29 Мейлі кім болсын, қуатты Батыс елдері немесе араб
билеушілері болсын, егер əділетсіздікке жол берсе, (мысалы, Иран шахы
Мохаммед Риза Пехлеви секілді) мұсылмандар əділетсіздікке төзе алмайды.
Құран ешқандай да басқа діни көзқарастарды жалған немесе жетілмеген деп
айтпайды, əрбір пайғамбар керісінше өзінің алдындағының мұрасын
мақұлдап, дамытады. Құранда Құдайдың жердегі барша халыққа елші
жібергені айтылады. Ислам дəстүрі бойынша, мұндай елшілердің саны - 124
мыңдай, бұл символикалық сан, есепсіз көптікті білдіреді. Осылайша,
Құран оның үндеуі жаңалық емес екенін, мұсылмандар екіжүзділікке
салынбастан, өз сенімдерінің ежелгі діндермен жақындығын мойындаулары
керек екенін үнемі қайталап отырады:
«Егерде сендер кітап түскендердің өкілдерімен пікірталасқа түсе қалсаңдар,
сыпайы түрде сөйлесіп, (ойларыңды дəлелді түрде жеткізіңдер!) Олардың
арасындағы əпербақандарымен сөз қысқа. Оларға былай деп айтқын, (Уа,
Мұхаммед): «Бəріміз де (Алла тарапынан) бізге түсірілгенге жəне сендерге
түсірілгенге иман келтіріп сендік. Біздің Құдайымыз да, сендердің
Құдайларың да – бір (Алла). Біз (оған ғана құлдық ұрып, бас иеміз».
Құранның пайғамбарларға, арабтарға бұрыннан таныс Ыбырайым, Нұх,
Мұса жəне Иса секілді, яхуди жəне христиан пайғамбарларына ерекше орын
беруі – түсінікті жағдай. Бұлардан басқа Мидиян жəне Самуд секілді ежелгі
араб тайпаларына жіберілген Хұд пен Салих пайғамбарлардың да аты
аталады. Қазіргі мұсылмандар: «Егер Мұхаммед буддистер мен индуистер
жайлы естігенде, міндетті түрде олардың да данышпандарын Құранға қосар
еді» деп растайды. Пайғамбар дүниеден соң, Ислам халифатындағы осы
діндердің өкілдері дəл яхудилер мен христиандар секілді, толық еркіндікке
ие еді. Дəл осы түсінікпен мұсылмандар «Құран америкалық үндістер мен
австралиялық аборигендердің бақсылары мен қасиетті адамдарына да
құрметпен қараушы еді» дейді.
Мұхаммедтің уахидың сабақтастығы жайындағы сенімі көп ұзамай ауыр
сынаққа ұшырады. Құрайыштар арасындағы жіктен соң, мұсылмандар
Меккеде қала алмады. Тайпаластарының қолдауынан мақұрым қалған
құлдар мен азат жандар сондай азапты қуғынға ұшырады, кейбіреулері өліп
те қалды. Мұхаммедтің руы хашимге қарсы бойкот жарияланды.
Құрайыштар пайғамбардың отбасын өздеріне тізе бүгуге итермелемек
болды. Осындай жоқшылықтың қасіретінен сүйікті жары Хадиша қайтыс
болды. Мұхаммедтің өміріне қауіп төнді. Солтүстіктегі Иасриб
жазирасындағы мəжуси-арабтар мұсылмандарды өздеріне көшуге
шақырды. Бұл - арабтар үшін бұрын-соңды болмаған жағдай. Арабияда өз
тайпасына беріктік – өте қастерлі ұғым жəне тайпаластарымен қатынасты
үзіп шығу да тіршіліктің негізгі қағидаттарын бұзуды білдіреді. Сол
жылдары Иасрибті ежелден бері келе жатқан тайпааралық жанжалдар
бөлшектеп, өзара қырқысып жатқан тайпаларды татуластырудың мүмкіндігі
жоқ болатын. Көптеген мəжуси бұл түйткілдердің саяси һəм рухани шешімі
ретінде, исламды қабылдауға дайын еді. Иасрибте үш ірі яхуди тайпасы
өмір сүретін, олар арабтарды моральдық тұрғыдан бірқұдайлық дінге
дайындап келе жатқан еді. Яғни араб Құдайларын тəрк етуді құрайыштар
сияқты ауыр қабылдамаулары керек болатын. Қалай болғанда да, 622
жылдың жазында жетпіс шақты мұсылман отбасымен Меккеден Иасрибке
жолға шықты.
Хижрадан, яғни Иасрибқа (кейінірек мұсылмандар Мəдина деп атады,
мағынасы «қала» дегенді білдіреді) «қоныс аударудан» бір жыл бұрын,
Мұхаммед исламды өз түсінігіне сай иудаизмге жақындатып реформалай
бастады. Ұзақ жылдар оқшауланып өмір сүргеннен болса керек, ол ежелгі
дəстүрі берік діннің өкілдерімен кездесуді асыға күтті. Осыған байланысты
Пайғамбар мұсылмандарға яхудилердің демалыс күндерінде ораза ұстауды,
бұрынғыдай күніне екі рет емес, үш рет құлшылық етуді бұйырды.
Мұсылмандар яхуди əйелдеріне үйлене алатын жəне олардың тамақ ішу
ережелерін де ұстана алатын. Ең бастысы сол – мұсылмандар бұдан кейін
яхудилер мен христиандар секілді жүздерін Құдысқа бұрып құлшылық
жасаулары тиіс болды. Алғашында яхудилер Мұхаммедке мүмкіндік берді:
жазирада өмір сүру адам төзгісіз бола бастады. Олар сенімдеріне қатып
қалған мəжусилермен бірге мұсылмандарға күмəнмен қараса да, ерекше
сеніммен қарап көрді. Өйткені ол иудаизмге айқын сүйіспеншілікпен
қарайтын. Алайда уақыт өте келе яхудилер Мұхаммедке қарсы шығып,
Меккеден келген қоныс аударушыларға дұшпандық танытып жатқан
мəжусилерге қосылып кетті. Яхудилердің исламға деген жеккөрініштері
салмақты діни негізге табан тірейтін: яхудилер пайғамбарлық дəуірінің
аяқталғанына едəуір уақыт болғанына сенетін жəне бір Мессияның
(Мəсіхтің) келуін күтіп жүрген еді. Яхудилер де, христиандар да не болса да,
жаңа пайғамбарларды мойындамайтын. Сонымен қатар бұған саяси
түйсіктері де əсер етті: бұрын яхудилер өзара қырқысып жатқан араб
тайпаларының кез келгенімен одақ құрып, жазирада үлкен ықпалға ие
болып келіп еді, ал енді Мұхаммед жергілікті əулеттерді құрайыштармен
қосып, ішіне яхудилер де кіретін алып тайпалық одақ, яғни жаңа
мұсылмандық үмбетmi құрды. Яхудилердің дұшпандығы күн санап арта
берді, өйткені олардың Мəдинадағы жағдайлары қиындап, ықпалдары
əлсірей түсті. Олар үнемі мешітке келіп, «мұсылмандардың уағыздарын
тыңдап күлетін жəне олардың сенімдерін мазаққа айналдыратын». Киелі
кітаптармен бұрыннан таныс яхудилер Құраннан Інжілдегі сюжеттердің
бастапқы нұсқаларымен қиыспайтын тұстарды қиындықсыз тауып алатын.
Мұхаммедтің талпыныстары олардың күлкісін келтіретін, яхудилер зəрлі
тілмен кекетіп, «өзін» пайғамбар санайтын бұл адам тіпті жоғалған түйесін
де таба алмасы анық дейтін.
Яхудилердің қарсы реакциялары, бəлкім, Мұхаммед үшін өміріндегі ең
көңілін қалдырған ауыр жағдай болды. Бұл жағдай оның тұтас діни
көзқарастарына күмəн туғызды. Əйтсе де яхудилердің кейбір бөлігі оған өте
жылы достық қатынас танытты. Мүмкін, олар мұсылмандармен бірігуді
өздеріне жоғары міндет дел санаған болар. Олар Пайғамбармен Інжілді
талқылап, Оған яхудилердің теологиялық шабуылдарына қарсы тұрудың
жолдарын үйрететін жəне бұл жаңа мəліметтер Мұхаммедке өз
көзқарастарын дамытуға жəрдемдесетін. Мұхаммед алғаш рет бұған дейін
білмей келген пайғамбарлардың хронологиясын білді. Енді Ыбырайымның
Мұса мен Исадан бұрын өмір сүргенінің қаншалықты маңызды екенін ұқты.
Інжілді оқығанға дейін, Мұхаммедтің яхудилік пен христиандықты бір дін
деп білуі əбден мүмкін. Олардың арасындағы қайшылықтың қаншалықты
салмақты екенін, енді барынша айқын көре бастады. Сырттан бақылаушы
позициясында тұрған арабтар үшін, бұл екі дін арасындағы айырмашылық
болмашы ғана болып көрінетін. Тəурат пен Інжіл жолындағылардың
Ыбырайымның саф діні ханифийаға, раввиндердің Сөзді Қағидалары мен
Үштік Құдай секілді түсініксіз түпнұсқа емес элементтерді қосып
жібергенін ұғыну қисынды көрінетін. Оған қоса, Мұхаммед Көне əсиетте де
яхудилердің күпір халык (олардың пұтқа табынушылыққа қайтыл, өгізге
табынып кеткендері үшін) ретінде аталғанын білді. Барлық «ежелгі уахи
жұртының» теріс жолға түскенін жəне табиғатында барлық діннің бір екенін
табанды түрде баяндаса да, Құрандағы яхудилерге қатысты ауқымды
сынның болуы – олардың дұшпандығы мұсылмандарға қаншалықты ауыр
тигенін көрсетеді.
Мəдинадағы достық қатынастағы яхудилерден Мұхаммед Ыбырайымның
үлкен ұлы Ысмайылдың да өмір тарихын естiгi бiлдi. Інжіл бойынша,
Ыбырайымның тұңғышы – күңі Ажардан туады. Ысқаққа жүкті кезінде
қызғанышқа бой алдырған Сара күйеуінен күңді қуып жіберуді талап еткен.
Құдай Ыбырайымды жұбатып, Ысмайылдың да үлкен бір халықтың
түпатасы болатынын жеткізді. Арабиядағы яхудилер Інжілдегі баяндарды
жергілікті аңыздармен толықтырып, Ыбырайым Ажарды Ысмайылмен бірге
Мекке аңғарына апарып тастайды дейді. Ол жерде Құдай солардың қамын
жасап: жаңа туған нəресте шөл қысып, өлер шаққа таяғанда, Ол бұларға
қасиетті Зəмзəм бұлағының көзін ашты деп баяндады. Кейін Ыбырайым
бірнеше рет баласына келді жəне екеуі бірге, бір Құдайдың алғашқы
қасиетті үйі – Қағбаны қайта тұрғызды. Ысмайыл араб халқының атасы
болды. Бұл олардың да яхудилер сияқты Ыбырайымның ұрпағы екендерін
білдіреді. Бұл қисса Мұхаммедтің құлағына əдемі əуездей естілді. Ол
арабтарға киелі кітапты ана тілінде жеткізіп келеді жəне енді дінін де
аталарының қасиетімен байланыстыра алады. 634 жылдың қаңтарында
мұсылмандар мен яхудилердің ешқашан табыспайтындары анық белгілі
болған кезде Алланың жаңа діні өзінің толықтай тəуелсіздігін жариялады,
Мұхаммед мұсылмандарға жүздерін Құдысқа емес, Қағбаға қаратып
құлшылық қылуды бұйырды. Құбыланың ауысып, географиялық бағыттың
өзгеруі - кейінірек Мұхаммедтің ең батыл һəм жасампаз қадамы ретінде
бағаланды. Құлшылықта жүздерін ежелгі екі уахимен еш байланысы жоқ
Қағбаға бағыттай отырып, мұсылмандар үнсіз ғана өздерінің дəстүрлі
діндердің біріне де қатысы жоқ екенін жəне тек қана бір Құдайға құлшылық
ететіндерін негіздеді. Олар – бір Құдайлық дінді қиратып, жауласушы
топтарға бөлген бұзықтардың сектасы емес. Ислам, керісінше, иман
еткендерді ең алғашқы муслим, Құдайға шын беріліп, оның құрметіне
қасиетті үйді соққан Ыбырайымның түпкі дініне қайтарады:
«Нағыз тура жолды тапқыларың келсе, яхудилердің немесе насаралардың
жүрген жолына түсіңдер», - деді олар. - «Жоқ, біз (Құдайға) шын берілген
(ханифа) ыбырайымның дініндеміз. Ол ешуақытта да (Жаратқан Иемізге)
серік қоспаған!» - деп айтқын оларға, (ya, Мұхаммед). (Ей, иман
келтіргендер), оларға жəне де былай деп айтыңдар: «Біз Аллаға жəне бізге
түсірілген ақиқатқа иман келтіреміз. Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Жақып
жəне оның ұрпақтарына түсірілгенге, Раббылары тарапынан Мұса мен
Исаға жəне басқа да пайғамбарларға берілген (ақиқи кітаптарға) сенім
білдіреміз. Біз олардың ешқайсысын да бөле жармаймыз. (Бір Аллаға) ғана
бойсұнамыз».
Əрине, адамдар жорамалдап жасап алған ақиқатты, Құдайды ұмыту - нағыз
пұтқа табынушылық.
Мұсылмандық жыл санау - Мұхаммедтің туған күнімен де, алғашқы уахи
алған күнмен де басталмайды (жалпы алғанда, мұнда жаңалық боларлықтай
ештеңе жоқ еді), хижра жылынан, Мəдинаға қоныс аударып, мұсылмандар
илəһи қалауды өмірлеріне өзек етіп, сенімдерін куатты саяси күшке
айналдырған кезбен бастайды. Бұған дейін көзіміз жеткендей, Құран
бойынша барлық мұсылмандар əділдік пен теңдік үстемдік ететін қоғам
құрулары тиіс жəне мұсылмандар саяси міндеттеріне өте жауапкершілікпен
қарады. Бастапқыда Мұхаммед саяси көсем болуды ойламайтын, бірақ
алдын ала болжап білу мүмкін емес бұдан кейінгі оқиғалар Пайғамбарды
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны - 15