Latin Common Turkic

Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны - 36

Total number of words is 2460
Total number of unique words is 1502
23.2 of words are in the 2000 most common words
34.9 of words are in the 5000 most common words
41.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Мистиктердің кейбір мінезін дарытуға болады. Мистик ұласқан биік санаға
жете алмасақ та, Құдайдың қарапайым мəнде емес екенін білеміз. Мəселен,
«Құдай» сөзінің тіл жетпейтін бір ақиқаттың символы екенін көреміз. Бізді
мистикалық агностицизм, догмалық сеніммен мұндай күрделі
тақырыптарға аяқ басудан сақтандырып тұрады. Алайда бұл білім жүректе
сезілмесе, кісі мінезіне дарымаса, мəнсіз ертегі сияқты көрінуі мүмкін.
Бояулы мистицизм бір өлеңді оған жазылған сын арқылы білуге болатыны
сияқты кемшілігі бар бейнеде көрініс табады.
Мистицизмнің түсінуге ауыр болатын ілім ретінде қабылданғанын көрдік.
Бұл мистиктер ел-жұрттың жаппай құпияны түсінуін қаламайды деген сөз
емес. Тылсымның шындығы тек арнайы тəрбиеден кейін ғана сананың
сезімдері арқылы қабылдануы тиіс. Қисынды, рационалистік қабілетпен
берілсе, бұл жол басқа бір мəнге айнып кетуі мүмкін.
Израил пайғамбарлары өз сезімдері мен тəжірибесін Құдаймен
байланыстырғалы бері бірқұдайшылдар өздері үшін бір Құдай жасап алды.
Құдай бетпе-бет келіп жолығатын басқа бір болмыс сияқты ашық құбылыс
түрінде көрінуі сирек. Бүгінде адамдардың көбі бұл жаратушы əрекетке
деген құштарлығын жоғалтып алғандай көрінеді. Бұл жағдай апатқа
бастамайды. Діни идеялар іске алғысыз болып қалғанда өз-өзінен жоқ
болып кетеді. Тəжірибе дəуірінде адамның Құдай түйсігі кəдеге жарамай
жатса, көштен қалады. Сонда да тарихта адамдар руханият негізі болатын
жаңа символдарды ұдайы туғызып отырды. Адамдар əуестік сезімі мен
өмірдің киелі мəнін сақтау үшін əрдайым сенім ағымына ілесіп отырған.
Қазіргі заманның сипатына айналған мəнсіздік, жатсыну, аноним мен азап
олардың Құдай не қандай да бір нəрсені, не екені маңызсыз деп ойлап, сенім
жасай алмаған осы сəтті меңзейтін сияқты. Көпшілік үмітсіздік дертіне
түсті.
Құрама Штаттарда тұрғындардың тоқсан тоғыз пайызының Құдайға
сенеміз дегенін білеміз. Сонымен бірге Америкада фундаментализмнің,
уахилықтың жəне радикализмнің «дайын» үстем түрлерінің кең таралуы
сенімді сетiнетті. Қылмыстың көбеюі, есірткіге құмарлық жəне өлім
жазасының жандануы да рухани тұрғыдан саламатты қоғамның нышаны
емес. Еуропада бір кездері адам санасында Құдай тұрса, қазір ол жер босап
қалған. Бұл құрғақ жалғыздықты Ницшенің өжет атеизмiнен барынша өзге
сипатта алғаш рет танытқан адамдардың бірі – Томас Харди. 1900 жылдың
30 желтоқсанында, жиырмасыншы ғасырдың табалдырығында жазылған
«Түнектегі шымшық» өлеңінде өмірдің мəні ішінде сенім туғыза алмаған
рухтың өлімін сипаттайды:
«Шағын бір бақша есігіне сүйендім,
Аязды түннің түнегінде.
Қыстың қары күннің əлсіз көзін,
Қайғы мен мұңға батырды.
Шырмауықтай бұтақтарға оралып тұрды,
Аспанды перделеп тұрды,
Сынық арфаның ішегіндей термелеп тұрды.
Айналадағы барлық адамдар,
Ошақтың басына үйірілді.
Мекеннің өткір жолдары.
Ғасырдың шаршаған денесі сынды,
Шұңқырлар - бұлтты көлеңке,
Жел – өлімнің арасындай.
Тұқым мен төлдің дауысы,
Қаттылық пен құрғақтықтан жиырылған.
Топырақтағы əрбір рух,
Мен сияқты зауықсыз.
Сол кезде бір үн шықты,
Басымның үстіндегі жалаңаш сүргіннен.
Болмашы бір қуаныштың
Жүректен шыққан кешкі дұғасы еді.
Жəне кəрі шымшық, мінезі жасық, арық жəне ұсақ,
Желден ұрпиген мамығы.
Осылай рухын Ұлғайған қасіретке қосуды жөн көрді.
Мұндай шабыт толы үнге арналған,
Илəһи жоқ-ты бірақ та.
Дүнияуи нəрсе таңдалған,
Жақында əлде жырақта.
Ол жерде дірілдейтінмін,
Қайырлы түн тілеп баршаға.
Естімегем əрі білмейтінмін,
Киелі үмітім бар еді аңсаған».
Адамдар бостық пен жалғыздыққа шыдай алмайды. Жаңа мəн жарату
арқылы бостықты толтырады. Фундаментализмнің пұттары Құдайдың
орнын басатындай мықты емес. Жиырма бірінші ғасыр үшін жалынды
сенім жасай алсақ, бəлкім, кейбір дəрістер мен ескертпелер үшін Құдайдың
тарихын ой елегінен тағы бір мəрте өткізуіміз қажет.
ГЛОССАРИЙ
А
Аватар - үнді мифологиясында адам кейпінде жер бетіне түскен Құдай.
Жалпыға ортақ мəнде илəһи құдірет көрінісі немесе бейнесі саналатын
адам.
Адамилану - Құдайдың адам кейпінде көрініс табуы.
Алам ал-мисал (арабша) - саф бейнелер əлемі: ислам мистиктері мен
пайымдаушы-философтарын
Кұдайға ұластыратын архетиптік қиял дүниесі.
Апатия (грекше) - сабырлылық, тыныштық, салқынқандылық - ежелгі грек
философиясынан енген жəне христиандардың Құдай туралы түсінігінде
ешқандай қасірет пен өзгерістерге жауап бер мейтін Құдай ретінде маңызды
орын алатын илəһи сипаттар.
Апофатикалық (грекше) - үнсіз. Грек-христиандар Құдайдың жұмбағы мен
тіл жетпес болмысына мəн беру үшін кез келген теологиялық қағидада
үнсіздік, қайшылық жəне шектеу болу қажет деген сенімге келген.
Архетип – ежелгі құдайлардың илəһи əлемімен теңестірілетін осы дүниенің
төл жəне түпкі бейнесі.
Мəжуси сенімінде жердегі əлемге тəн нəрсенің бəрі тылсым əлемнің
көшірмесі немесе көрінісі деп саналады (қараңыз: алам ал-мисал).
Атман (үнді тілінде) - Брахманның киелі күші. Бұл қасиет əр адамның
бойында бар жəне оны кез келген адам аша алады.
Ахл ал-хадис (арабша) - «Хадис қауымы», дəстүршiлдер - мутазилиттердің
рационалистік түсіндір месіне қарама-қайшы, Құран мен хадисті сөзбе-сөз
тəпсірлеген мұсылмандар.
Ашкенази (ивритше: «Аllemagne» сөзінен бұрмаланған) — Германияның
яхуди тұрғындары жəне Еуропаның шығыс пен батыс бөліктері.
Аят (арабша) – белгі,тəмсіл. Құранға сай Алланың біздің əлемімізде өзін
киелі мəтін арқылы танытуы.
Б
Банат аллах (арабша) - «Құдайдың қыздары». Құранда бұл ұғым үш пұтқа:
əл-Лат, əл-Узза мен Манатқа қатысты айтылады.
Батин (арабша) – Құранның жасырын мəні.
Батини - өзін діннің эзотерикалық, мистикалық мəнін табуға арнаған
мұсылман. Бақа (арабша) – болу. Сопылық мистицизмде - бастапқы кемелді
«Менге» оралу. Құдайда қайта оралусыз еріп кету (фəна) мистикасының
сопылық тұжырымдамасы.
Бодхисаттва (үнді тілінде) – будда ілімінде «болу» деген сөз. Надандық
түнегінде азап шеккен адамдарды қолдап-қорғау үшін өзінің нирванасын
баяулатқан адам. Брахман (үнді тілінде) - бар тіршілікке қуат беретін киелі
күш. Болмыстың қасиетті мəні дегенді білдіретін термин.
Будда (үнді тілінде) - нұрға бөленген адам. Бұл дəреже нирванаға жеткен кез
келген ер мен əйелге беріледі. Бірақ көбінесе буддизмнің негізін салған
Сиддхартха Гаутамаға қатысты қолданылады.
Бхакти (үнді тілінде) - буддаға немесе адам бейнесінде жерге түскен үнді
құдайларына табыну.
В
Веда (көпше: Ведалар). Қараңыз: Риг-Веда.
Г
Гетик (парсыша) – біз өмір сүріп жатқан жəне сезімімізбен қабылдай алатын
жер əлемі.
Гой (ивритше; көпше: гойим) – яхуди емес, діні бөлек мəжуси.
Ғ
Ғалым (арабша; көпше: ғұлама) – мұсылман білгірлері.
Ғұлама (арабша: илм). Қараңыз: ғалымдар.
Д
Даналық (ивритше: хохма; грекше: софия). Киелі жазбаға сай: илəһи
болмыстың адами сипатқа енуі.
Құдайдың біздің əлемдегі əрекетін адам санасына лайық түрде сипаттау
(Құдайдың қол жетпес болмысынан ерекшелігі).
Догма. Христиан-гректер Шіркеудің жасырын, құпия дəстүрлерін сипаттау
үшін қолданған. Бұл ұғым мистиканы білдіреді жəне символдық кейіпте
көрініс табады. Батыста догма бірте-бірте категориялық жəне ресми
бекітілген пікірлер жиынтығы деген мəнге ие болды.
Ж
Жəһилия (арабша). Надандық дəуірі. Мұсылмандар бұл ұғымды исламға
дейінгі Арабия кезеңін сипаттау үшін қолданған.
З
Занн (арабша) – болжал сөз. Бұл ұғым Құранда мақсатсыз кəламдық
жорамалдарды білдіреді.
Зиккурат - Шумер-вавилондық ғибадатхана-мұнара. Сырт бейнесі əлемнің
əр түкпірінен табылған пирамидаларға ұқсайды. Зиккураттың төбесінде
адамдар өз құдайымен жүздесе алады деп сенген. Сондықтан оған үлкен тас
саты қойылатын болған.
Зікір (арабша) - Құранда айтылғандай, «Алланы еске алу». Сопылықта зікір
мантра сияқты Құдайдың есімдерін жиі қайталап көп айтуды білдіреді.
И
Иджтихад (арабша) – Тəуелсіз тұжырым.
Имам (арабша). Шиға ағымында: Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы
Əлидің ұрпақтары. Имамдар илəһи құдіреттің көрінісіне баланған.
Сүнниттер имам деп мешітте құлшылық жүргізетін адамды атайды.
ипостась (грекше) – адамның ішкі табиғатының сыртқа көрініс беруі. Мəні
жағынан адам немесе болмыс өз-өзінен бар дегенді білдіретін оuѕia
(essence) ұғымына қарама-қарсы. Бұл адамды сырттай танып-білуге
болатын қасиет. Гректер бұл ұғымды Құдайдың жасырын үш сипаты:
Құдай-Əке, Құдай-¥л жəне Киелі Рухты білдіру үшін қолданған.
Исихазм (грекше). Исихия: ішкі үнсіздік, сабыр. Сөз бен ұғымнан тартынған
грек-правослаа мистиктері үнсіз ойға берілуді дамытып шығарған.
Ислам (арабша) – (Құдайға) мойынсұну.
Ишрақ (арабша) – нұрлану. Яхья Сухрауарди Ишрақ философия жəне
руханият мектебінің негізін салған.
Йога (үнді тілінде) - Үндістанда дамып-жетілген ежелгі ілім, ақыл
қуатының «бірігуі». Йога шоғырлану тəсілдерін қолдана отырып, йог үнсіз,
рақат, сабырлы күйге бөлейтін ақиқатты терең сезіну сезімін дамытады.
К
Кенозис (грекше) – босап қалу.
Керигма (грекше). Христиан гректер анық жəне түсінікті тілмен берілген
Шіркеу ілімін осы ұғыммен атаған. Мəні жағынан догма ұғымына қарамақайшы.
Калам (арабша, тік, ауд.: «тартыс») – Құранды рациональды жолмен
тəпсірлеуге талпыныс.
Киелі Рух. Раббис Шехинамен бірге Құдайдың жердегі тіршілікке
араласуын білдіру үшін қолданған.
Біздің танып-білетін Құдайымыз мен ақылға мүлдем сыймайтын Құдайды
бір-бірінен ажыратудың жолы. Христиан дінінде Киелі Рух Үштік сенімнің
үшінші «жүзіне» айналған.
Киелілік - кене иврит тілінде: калдош – Құдайдың барлық жаратылысқа
мүлдем ұқсамайтын өзгешелігі; Құдай мен ажалды пенде арасындағы түпсіз
айырмашылық.
Кіндік кезең - тарихшылар бетбұрыс кезең ретінде қабылдаған б.д.д. 800
жылдан 200 жылға дейінгі дəуір. Бұл уақытта өркениетті əлемде əлемдік
діндер пайда болып, дами бастады.
Күштер (грекше: «dynameis») – Құдайдың «күштері». Гректер бұл ұғымды
Құдайдың əлемдегі əрекетін білдіру үшін қолданған. Бұл мəнде Ол өзінің
ақылға сыймас болмысынан түбегейлі ерекшеленеді.
Қағба (арабша) - Мекке орталығында орналасқан тік төртбұрышты ғимарат.
Қажылық (арабша) – мұсылмандардың Меккеге зиярат етуі.
Қайықтың қирауы. Исаак Лурия каббализмінде əлем жаратылмай тұрып
болған жарылысты білдіреді. Қайықтар қирағаннан кейін илəһи нұрдың
ұшқындары жерге түсіп, материямен араласып кетеді.
Қуат (грекше «energies») – Құдайдың біздің санамызға сай келетін жердегі
«əрекеті». «Күштер» (dynameis) сияқты бұл ұғым адамның Құдай туралы
түсінігі мен оның ой жетпейтін, шексіз бол
мысының арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
Құдайдың көрінісі (грекше: «ерiphania») – Құдайдың немесе құдайлық
адам кейпінде көрініс табуы.
Л
Логос (грекше) - пайым; анықтама; сөз. Грек дін ғалымдары Құдай
«Логосын» Көне өсиетте көрініс беретін илəһи Даналықпен, сонымен бірге
Иоанн Інжілінің алғысөзінде айтылатын сөзбен теңестіреді.
M
Мана. Бастапқыда бұл термин Оңтүстік теңіз аралдарындағы көрінбейтін
күштерді сипаттаған. Олар барлық материалды əлемге дендей еніп, қандай
да бір киелі, құдіретті күшті түйсінуге жетелеген.
Медресе (арабша) – ислам ілімдері мектебі.
Менок (парсыша) - болмыстың көкке тəн, архетиптік шеңбері.
Меркава (ивритше) - соғыс арбасы. (Қар.: Тақ мистицизмі)
Мəжусилік – құдіретті, тылсым Құдайға емес, қолдан жасалған пұттарға
табыну. Мицва (ивритше, көпше: Мицвот) – өсиет
Мишна (кене ивритше) - таннайм деп аталатын алғашқы раввиндер
құрастырған яхуди Заңдар жиынтығы. Мишна заңдары алты үлкен жəне
алпыс үш ұсақ бөліктерге бөлінеді. Мишна Тəураттың заңдық ережелері
мен тəпсірлерінің негізі.
Мутазилиттер (арабша) - Құранды рационалды жолмен тəпсірлеуге
тырысқан ислам ағымы.
Мүслім (арабша) – Құдайға сенетін адам.
Н
Нирвана (үнді тілінде, тіқ. ауд.: «өшу», «жоғалу»). Буддистер бұл ұғымды
ұлы ақиқатты, адам өмірінің мақсаты мен ақырын, азаптың тоқтауын
білдіру үшін қолданған. Нирвана, Құдай (монотеизмнің жоғарғы мақсаты)
сияқты мүлдем басқа өлшемдерге жататындықтан, ақылмен танып,
айқындауға келмейді.
О
Ойкумена (грекше) – өркениетті əлем.
Омоусия (грекше, тік. ауд.: «бір тектен өрбіген»). Афанасий мен оның
ізбасарлары Иса Құдай Əкенің болмысына (усия) ие, сондықтан дəл сондай
Құдай еді деген сенімді білдіру үшін қолданған.
Ортодокс, ортодоксия (грекше, тік. ауд.: «дұрыс ілім»). Христиан гректер бұл
ұғымды шіркеу қағидасын қолдайтындарды еретиктерден (мəселен, ариан
немесе несториан) ерекшелеу үшін пайдаланған. Сонымен қатар бұл термин
дін Заңының қатаң сақталуын уағыздайтын дəстүрлі иудаизмді де білдіреді.
П
Пайғамбар - Құдайдың қалауын жеткізетін адам.
Парцуф (ивритше, көпше: парцуфим) - бет-жүз; сырт əлпет; Үштік сенімдегі
жүз бөлігі. Жекелеген каббала мектептерінің қағидасы бойынша қол жетпес
Құдай адамға өзін əртүрлі «əлпетте» көрсетеді. Оның əрқайсысының өзіне
тəн қасиеті бар. Патриархтар. Бұл ұғым Ыбырайым, Ысқақ пен Жақыпты,
яғни израильдықтардың арғы аталарын білдіреді.
Персона (көпше: personae) – актердің театрланған көріністе ойнау үшін əрі
даусы көрермендерге толық естілу үшін тағатын маскасы. Батыс
христиандары Үштік сенімнің үш ипостасын білдіру үшін қолданған. Бұл
үш «персона» Əке, Ұл мен Киелі Рух. Пір (арабша) – мұсылман
мистиктерінің рухани жетекшісі.
Р
Риг-веда - б.д.д. 1500-900 жылдары дүниеге келген жəне Үнді жазығына
басып кіріп, Үндістан түбегінің тұрғындарына өз сенімдерін күштеп таңған
арийлердің діни түсінігін білдіретін мадақ өлеңдер жинағы.
С
Салат (арабша: ас-салят) – мінəжат, намаз деген ұғымды білдіреді.
Исламның ең негізгі бес парызының бірі.
Сефардтар - испандық яхудилер
Сефира (ивритше, көпше: сефирот) – «Есептеу». Каббалада Құдайдың өзін
көрсетуінің он сатысы. Он сефирот мыналар:
1. Кетер Элион: Асыл Тəж.
2. Хохма: Даналық.
3. Бина: Сана.
4. Хесед: Махаббат-мейірім.
5. Дин: Əділ төрелік.
6. Тиферет: Сұлулық.
7. Нецаҳ: Төзімділік.
8. Ход: Ұлылық.
9. Месод: Негіз.
10. Малкут: Патшалық. Баламасы: Шехина.
Суфи, суфизм – исламдағы мистиктер мен мистикалық ағым. Бұл атаудың
шығуына Мұхаммед пен оның серіктерінің, алғашқы сопылардың жүннен
тоқылған шекпен (арабша С-В-Ф) киіп жүретіні себеп болған. Сүннет
(арабша) - діни тəжірибе. Мұхаммед пайғамбардың мінез-құлқы мен
əрекетіне еліктеуден туған өмір салты.
Сүннилік - ахл ал-сунна: бұл термин Ислам дінін Құран, хадис жəне сүннет
пен шариғатқа сай ұстанатын мұсылмандарға қатысты айтылады. Олар осы
арқылы имамға мəн беретін шиғалардан ерекшеленеді.
Т
Тақ мистицизмі – яхуди мистицизмінің ежелгі түрі. Басты арқауы Меркава
(Меркабе) – Иезекиил пайғамбарға көрінген Көк Күйме туралы ойдан
өрбиді. Бейнелеп айтқанда – Құдайдың өз сара йының қисапсыз бөлмесі
арқылы көктегі тағына отыруының қиялдағы сəті.
Талмұд (ивритше, тік. ауд.: «оқу» не «үйрену») - көне яхуди Заңы
жинағының Раввиндер құрастырған қатаң-ортодоксалды тəпсірі. (Қар.:
Мишна)
Таннайм (ивритше) - Мишна деген атпен танылған, ауызша яхуди Заңының
көне жинағын құрасты рып, түзету енгізген раввин-ғұламалар мен
құқықшылардың алғашқы толқыны.
Тариқат (арабша) – сопылық бауырластық.
Таухид (арабша) - бірлік. Құдайдың ұлы бірлігін, сонымен бірге кез келген
мұсылманды Құдайға толық иман келтіруге жетелейтін тұтастықты
білдіретін ұғым.
Тəуил (арабша) – Құранның символикалық, мистикалық түсіндірмесі.
Кейбір эзотерикалық ағымдар, əсіресе ысмайылшылар осы тəсілге жүгінген.
Тəурат (ивритше) - Киелі кітаптың «Болмыс», «Көшу», «Левит», «Сандар»
мен «Екінші заң» атты алғашқы бес кітабына енген Мұса пайғамбардың
өсиеттері.
Тиккун (ивритше) – қалпына келтіру. Исаак Лурия каббаласында ыдыстар
қираған кезде шартарапқа шашылып кеткен илəһи ұшқындардың Құдайға
қайта оралуы.
Tфилин (ивритше) - Шема мəтіндерін сақтауға арналған қара қорапшалар.
Ол филактерия деп те аталады. Кəмелетке толған яхудилер Тəуратта
айтылғандай (Екінші заң 6:4 -7), таңғы құлшылықта оны маңдайы мен сол
қолымен кеуде тұсына тигізіп ұстап тұрады.
У
Упанишадтар (үнді тілінде) – «Кіндік кезеңде» (б.д.д. VIII – II ғасырлар)
құрастырылған көне үнді киелі мəтіндері.
Усия (грекше) – болмыс, маңыз. Бір объектінің қайталанбас мəнін ақылмен
танып-білу; адамның немесе болмыстың ішкі мазмұны. Құдай мəселесінде
бұл ұғым адам танымы мен тəжірибесінен жырақ илəһи болмысты
білдіреді.
Үмбет (арабша) - мұсылман қауымдастығы.
Ұ
Ұлы Құдай - адамдардың көбі негізгі Құдай жəне əлемнің жаратушысы
ретінде құрметтейтін ұлы құдірет. Уақыт өте келе Ұлы Құдайдың
пантеондағы орнын барынша жақын жəне қолжетімді құдайлар мен
құдайлықтар басты. Сонымен қатар Көк Құдайы ретінде де белгілі.
Ф
Файласуф (арабша) - философ. Ислам халифатындағы өзін фалсафаның
рациональды жəне ғылыми идеалдарына арнаған мұсылман немесе яхуди.
Фалсафа (арабша) - философия. Ислам ілімін көне грек рационализмі
аясында түсіндіруге талпыну.
Фана (арабша) – жойылу. Сопылық мистикада Құдайға тылсым түрде сіңіп
жоғалу.
Х
Хадис (арабша, көпше: ахадис) - Мұхаммед пайғамбардың өнегелі сөздерін
жинақтау дəстүрі. Хижра (арабша) - 622 жылы Мұхаммед пен алғашқы
мұсылмандардың Меккеден Мəдинаға қоныс аударуы. Бұл оқиға исламдағы
жыл санау жүйесіне негіз болды.
Ц
Цимцум (ивритше, тік, ауд.: «қысқарту», «қысу»). Луриан каббаласы
бойынша, Құдай ғаламды жаратқанда бос кеңістік болу үшін өзін
«қысқартқан». Осылайша
Цимцум кенозис – босау, өзін-өзі шектеу ретінде көрініс табады.
Ш
Шариғат - Құран мен хадистерге негізделген исламның қасиетті заңы.
Шахадат – мұсылмандардың өз сенімін жария етуі: «Алладан басқа Құдай
жоқ екеніне жəне Мұхаммедтің Оның елшісі екеніне куəлік беремін».
Шема – яхудилердің сенімін жария етуі: «Тыңда (shema), Израиль:
Құдайым, Құдайым, Бір жəне Барым» (Екінші заң 4:4).
Шехина (көне иврит тілінде шакан: «шатырды құру») - раввиндердің
қағидасы бойынша, Құдайдың жер тіршілігіне араласуын, яғни Оның
ақылға сыймас болмысынан ажырап, адам санасына сайкелуін білдіретін
термин. Каббалада он сефироттың соңғысымен теңестіріледі.
Шиға - Əлиді жақтаушылар тобы. Шиғалар ислам үмбетін Мұхаммед
пайғамбардың күйеу баласы жəне немере інісі Əли ибн Əбу Тəліптің
ұрпақтары (имамдар) басқаруы тиіс деп санайды.
Шиур кома (ивритше) – биікті өлшеу. V ғасырға жататын апокрифтік
мистикалық мəтін. Мұнда Иезекиил көрген күймедегі тақта отырған Құдай
келбеті сипатталады.
І
Ілім (арабша) – Құдай туралы құпия «білім». Шиға мұсылмандардың пікірі
бойынша оны имамдарғана меңгерген.
Э
Экстаз (грекше, тік. ауд.: «жаннан кешу»). Дін ілімі тілінде киелі Құдайдың
кенозисін білдіреді. Ол бұл кезде адамның ұласуына жол ашу үшін өзін
бақылау халінен арылады.
Эль. Ханаанның ежелгі Жоғарғы құдайы, сонымен бірге Израиль халқының
түп аталары Ыбырайым, Ысқақ жəне Жақыптың Құдайы ретінде аталады.
Эманация - уақыттан тыс ойша үдерістер. Бұл процесс барысында бірегей
қайнар көзден (монотеистік түсіндірмеде – Құдайдан) ретімен болмыс
иерархиясының əртүрлі сатылары келіп шығады. Иудаизмде, христиандық
пен исламда кейбір философтар мен мистиктер осы ежелгі метафораны
тіршіліктің пайда болуын сипаттау үшін қолданған. Бұл теория ресми түрде
монотеистік доктринада бекітілген Жаратушының əлемді бір сəтте жарату
қағидасына қайшы келеді.
Эн соф (ивритше: «ұшы-қиыры жоқ») – яхуди Каббала мистикалық ілімі
бойынша Құдайдың тіл жетпейтін тылсым болмысы.
Энума Элиш – əлемнің жаралуын баяндайтын Вавилон дастаны. Жаңа жыл
кезінде жырланатын болған.
Я
Яхве - Израиль құдайының есімі. Бастапқыда Яхве өзге халықтың Құдайы
болуы мүмкін. Кейінірек Мұсаның іс-əрекетінің нəтижесінде яхудилерге
енді. Б.д.д. ІІІ – ІІ ғасырлардан бері яхудилер YHWH Киелі есімін
атамайтын болды.

You have read 1 text from Kazakh literature.