Latin Common Turkic

Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны - 05

Total number of words is 3720
Total number of unique words is 2182
27.8 of words are in the 2000 most common words
39.4 of words are in the 5000 most common words
45.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Рудольф Ото «Қасиеттілік идеясы» (The Idea of the Holy) деген
классикалық еңбегінде трансцендентті ақиқатпен бетпе-бет келгенде
туындайтын бұл үрейлі халдерді туѕtеrium terrіbile et fascinans
(қорқынышты жəне толқытатын құпия) деп анықтайды: қорқынышты
болатыны, естен тандыратын толқыныс түрінде келіп, бізді қалыпты жəне
жұбанышты күйден беліп тастайды, ал таңғалдыратын себебі еріксіз
құштарлыққа бөлейді. Осылайша түгелімен жанды баурайтын халдерді
Отто музыкалық немесе эротикалық əсерлерге теңейді, рационалды ештеңе
жоқ: туындайтын сезімдерді сөзбен немесе ақылмен жеткізу мүмкін емес.
Сондай-ақ мүлде Бөтендікті «бар» деп те айта алмайсың, өйткені Бөтендік
əдеттегі ақиқаттың шегінен шығатын құбылыс. «Кіндік кезеңнің»
жаңартылған Яхвесі бұрынғыша «соғыс Құдайы» (саваоф) болып қала
берді. Сонымен қатар ол енді жалғыз израйл халқының жақтаушысы, тайпа
қудайы шеңберінен шықты. Оның атағы Уəде Етілген Жермен шектелмей,
бүкіл жер бетіне тарады.
Исайя нұрлану арқылы тыныштық пен рақатқа кенелген Будда емес. Ол
адамдар арасында кемел ұстаз да бола алмады. Оның орнына өлiмшi үрейге
тап болып, жанұшыра шыңғырды:
«Қасіретке қалдым-ау, енді құритын болдым! Себебі мен - күнəһармын,
аузымнан шыққан сөздерім арам, Жəне сөйлеген сөздері арам халықтың
арасында тұрып жатырмын. Сонда да мен Патшаны - əлемнің иесін өз
көзіммен көрдім».
Яхвенiң танылмас қасиеттілігіне таңғалған ол өзінің ұсақтығын, ғұрып
жолында таза емес екенін ғана түйсіне алды. Будда немесе йогадан
айырмашылығы – Исайя рухани жаттығулармен айналысқан жоқ. Бұл
халдер оның басына кенеттен келді де, өзінің жойқын күшімен таптап өтті.
Періштелердің бірі қолында жанып тұрған көмірмен Исайяның жанына
ұшып келіп, Құдай сөзін айта алуы үшін оның аузын тазалайды. Көптеген
пайғамбар Құдай атынан сөйлегенде, іштей зор кедергіні жеңіп, үлкен
қиындықпен тіл қатқан не мүлде жақ ашпаған. Бүкіл пайғамбарлықтың
үлгісі болған Мұсаға Құдай жанбайтын бұтадан тіл қатып, оның перғауын
мен Израйл балаларына өз Сөзін жеткізуін жүктегенде, Мұса сенімсіз түрде:
«Мен баяу сөйлеймін жəне тілім байланып қала береді», – дейді. Құдайды
бұл кедергі тоқтатпайды да, Ол Мұсаның орнына ағасы Ааронды сөйлейтін
етіп шешеді. Пайғамбарлар туралы аңыздарға енген осы тұрақты мотив
Құдай сөзін жеткізудің қиындығын меңзейді. Пайғамбарлар құдайлық
уахиды таратуға ешқашан ұмтылмаған жəне мұндай қиын да азапты
тапсырманы орындауға құлшыныс танытпаған. Израил Құдайының жоғары
билік символына айналуы еш кедергісіз, күрессіз жəне қиындықсыз өтуі
мүмкін емес еді.
Үнділер Брахманды ешқашан ұлы патша деп бейнелемеген, өйткені
олардың Құдайы адами түсініктермен парықтағанға көнбейді. Исайяның
көргендерін де сол күйінше қабылдау қажетсіз: бұл – тек сипаттауға мүмкін
емес нəрсені суреттеп беру əрекеті. Сондықтан пайғамбар бастан
кешкендерін баяндау үшін өз мəдениетінде орныққан мифтік дəстүрлерді
шартты түрде пайдаланып отырады. Яхве жырларында жиі кездесетіндей,
Ваал, Мардук немесе Дагон? сынды Құдайлар өз ғибадатханасындағы билік
тағында отырады. Дегенмен бұл мифтік символиканың арғы жағында сол
кездегі Израилда шексіз ақиқат туралы орын алған мүлде басқа түсінік
бүркемеленген: онда Құдаймен кездесу адаммен сөйлесуге ұқсайды. Үрейлі
болмысына қарамастан, Яхве сөйлейді, ал Исайя жауап беруге мəжбүр.
Упанишад данышпандары мұндайды ойларына да ала алмас еді: БрахманАтманмен жүздесу мен сөйлесу толығымен антропоморфизмге апаратын.
Яхве: «Мен кімді жіберсем екен? Біз үшін кім барар екен?» – деп сұрағанда,
Исайя Мұсаның бұрынғы сөздерін қайталап: – «Міне, мен бармын!
(хинени), мені жібер», - деп жауап қатады. Құдайдың көрінуіндегі мақсат –
пайғамбардың көзін ашу емес, оның алдына нақты міндет қою. Құдайдың
алдында, ең алдымен, көреген тұр, бірақ оның сұңғыла көргіштігінің ақыры
– білім алу (буддизмдегідей) емес, əрекет ету. Пайғамбарлық – ең алдымен,
бойсұну, содан соң ғана мистикалық көрегендік. Əу баста белгілі болғандай,
жүктелген міндет оңай емес. Семиттер үшін оның кереғарлығы да – əдепкі
нəрсе: Яхве Исайяға халық Оның хабарына құлақ аспайтынын сол сəтінде
ескертеді, бірақ пайғамбар көпшіліктің Құдай сөзінен бас тартқанына
мойымауы керек — «Бар да, бұл халыққа жеткіз: құлақтарыңмен естісеңдер
де ойланбайсыңдар, көздеріңмен көрсеңдер де сенбейсіңдер». Арада жеті
жүз жыл өткеннен кейін, өзінің түсінуге ауыр тиген ескерту хабарын халық
тыңдаудан бас тартқанда, Иса да осы сөздерді айтады? Адамзат көз алдында
бір сəт жарқ еткен ақиқаттың өзінен əсерленбейді. Исайя заманында
израилдықтарға соғыс пен жойылу қаупі төнген кезде, Яхве үрейлі хабар
жеткізіп, «қалаларың қаңырайды, жерлерінде тұрғылықты жұрт, үйлеріңде
тірі жан қалмайды» дейді. Солтүстік патшалық жау табанында тапталып, он
тайпа жойылған 722 жылға дейін, Иҫайя тірі жүрген болуы ықтимал. Б.д.д.
701 жылы Сеннахирим қолбасшылық еткен айбынды ассириялық əскер
Иудеяға баса көктеп кіріп, қырық алты қала мен қамалды қоршайды.
Тұтқынға түскен əскербасыларын қазыққа отырғызып өлтіреді, екі мыңға
жуық израилдықты қуғын-сүргінге ұшыратады, ал яхуди патшасы «торға
қамалған құстай» Құдыс түрмесіне жабылады. Исайяның алдында
ағайындарына осындай – болмай қоймайтын бақытсыздықтар жайында
хабар жеткізу міндеті тұрды:
«Орасан опат-ойран барады бұл жерді
Тіпті оның оннан бірі аман қалып, қалпына келсе де,
Бəрібір қайтадан талан-таражға ұшырайды.
Бірақ шабылса да, пісте ағашы мен емен секілді,
Олар тамырын сақтайды.
Осылайша, қасиетті тұқым оның тамырына айналады».
Кез келген сəуегей саясаткер мұндай апатты алдын ала болжайтын еді.
Алайда Исайяның келешек ауыртпалықтарға көріпкел көзқарасының өзі
адам шошырлық жаңалық болды. Мұсаның байырғы соғысқұмар Құдайы –
Ассирияны ымырасыз дұшпаны санайтын болса, Исайяның Құдайы
басқыншыларды өзінің қолшоқпары деп таныды. Израилдықтардың жерін
қаңыратып, елін аңыратқан тіпті де | Саргон мен Сеннаҳирим емес, мұны
жасаған – Құдайдың өзі – «осылайша Құдай адамдарды жоқ қылады».
Бұл ерекшелік – «Кіндік кезең» пайғамбарларының барлығына тəн.
Алдымен, Израил Құдайы өзін пұтқа табынушылықтан ерекшелеп,
мифология мен ғұрыптар дүниесінен жер бетіне түсіп, тарихи оқиғаларға
араласады. Жаңа пайғамбарлардың пайымынша, саяси трагедия да, жеңіс те
Құдайдың ісі, енді тек Оның өзі ғана тарихты жасаушы əрі оған билік
жүргізуші. Оған барлық халық құлшылық етеді. Ассирияға да оңай соқпасы
анық, өйткені оның патшалары Ұлы Жаратушының қолындағы қолшоқпар
ғана болғанын түсіне алған жоқ. Ақыр соңында, Ассирияның ерте ме, кеш
пе жойылатынын Яхве болжап бергендіктен, алыс болашақтан əлдебір үміт
оты ұшқындап көрінеді. Бірақ бірде-бір израилдық халықтың өзі шолақ
саясат пен əділетсіздік салдарынан сау басына сақина тілеп алғанын
тыңдағысы келмейді. Бұрын Иисус Навин, Гедеон мен Дəуіт патшаның
əскерлерін соғысқа аттандырған, Яхвенiң 722 мен 701 жылдары
Ассирияның жеңімпаз жорықтарын да өзі жоспарлағаны туралы хабар,
əрине, ешкімді қуанта қоймас еді. Ол неге өзі «таңдаулы халық» деп атаған
жұртқа қысастық жасады? Исайн сипаттап кеткен Жаратушы бейнесінде кез
келген тілекті орындайтын бұрынғы сиқыршыдан жұрнақ та қалмаған.
Ендігі жерде Яхве көбінесе адамдарды тіршіліктің қасірет-қайғысын
бастарынан кешіруге мəжбүрлейді. Бұдан былай Исайя сынды
пайғамбарлар да мифтік дəуірдің аясына қайтаратын байырғы культтік
салт-санадан пана іздемейтін болған, оның орнына тайпаластарын болып
жатқан тарихи оқиғаларды шынайы бағамдауға, сондай-ақ Құдайдың
ескертуші уахиларына ден қоюға міндетеді.
Мұсаның Құдайы – жеңімпаз, ал Исайяның Құдайы қайғыға бой алдырған.
Бізге жеткен пайғамбарлық мазмұны — Уəде Етілген Жер халқына өте
жағымсыз тиетін мынадай шағымдарға толы: өгіз бен есек өз иелерін біледі,
«ал Израил Мені білмейді, Менің халқым ұғынбайды». 12 Яхве
ғибадатханада құрбандық шалуға ашық қарсылық білдіреді. Оған
бұзаулардың ішек-қарын майы да, теке мен қозылардың қаны да, үйітілген
құрбандықтардан шыққан мүңкіген иіс те жиіркенішті көрінеді. Ол жаңа
туған айды, мейрамдар мен тəуап етуді жек көреді. Исайяның бұл сөздерін
тыңдағандардың зəре-құты қалмаса керек, өйткені осы секілді ғұрыптық
рəсімдер Таяу Шығыста діннің мəнін ашатын. Пұтқа табынушылар
солардың көмегімен жоғалтқан күшін қайтадан қалпына келтіретін, ал
ғибадатханалардың сəн-салтанаты олардың мəртебесін айқындайтын. Бірақ
Яхве үшін бұлардың еш мəні болмады. Мəдениетті əлемнің көптеген
данышпаны мен ойшылы сияқты, Исайя да сыртқы сипаттың жеткіліксіз
екенін түсіне бастағанды. Израилдықтар өз дінінің қасиетті мəніне
бойлайтын уақыттың жеткенін ұғуы тиіс, сондықтан Яхве құрбандықты
емес, бауырмалдықты қалады:
«Сендердің жалбарынышты сөздерің жиілеген кезде,
Мен естімеймін: сендердің уыстарың қанға толы.
Жуыныңдар,тазаланыңдар,
Менің көз алдымдағы зұлымдықтарыңды жоқ қылыңдар,
Жамандық жасауды тоқтатыңдар;
Жақсылық жасауды үйреніңдер,
Шындықты іздеңдер,
Езілгенді құтқарыңдар,
Жетімді қорғаңдар,
Жесірге пана болыңдар».
Пайғамбарлар «Кіндік кезеңнің» барлық ірі діндерінің айрықша белгісіне
айналған өзекті сипатын өз парасатымен анықтады. Сол замандарда
мəдениетті əлемнің əр түкпірінде діни толқыныстарды күнделікті
тіршілікпен үйлестіре білуге үндеген, мұны сенімнің басты сынағы деп
бірауыздан пайымдаған жаңа идеологиялар пайда болды. Уақыттан
тысқары мифтер патшалығы да, əдепкі ҒИбадатханалық рəсімдер де
маңызын төмендетті. Уахиды бастан кешкен адам - құж-құж қайнаған
өмірдің ортасына қайта оралып, бүкіл тіршілік иесіне бауырмалдығын
танытса игі.
Пайғамбарлардың мұндай əлеуметтік мұраты ежелгі Яхве культінде Синай
дəуірінен бері жасап келе жатқан болатын: Шығу оқиғасы Құдайдың
əлсіздер мен езілгендер жағына ойысқанын айқын көрсетті. Исайя
жолдауларының ерекшелігі сонда - ендi израилдықтардың өздері
қанаушылар атанды. Исаия заманында дəл осындай хабарды аласапыранға
киліккен Солтүстік патшалықтың барлық тарапына екі уағызшы таратқан.
Оның алғашқысы Амос - Исайя секілді текті тайпадан емес, сол жердегі
қарапайым көптің бірі, фeкoялық қойшы. Шамамен б.д.д. 752 ж. Амос та
кенеттен ғажайып көрініске куə болып, соның əсерімен Израилдың
солтүстігін кезіп кетеді. Ол Вефильдің ескі ғибадатханасына баса көктеп
кіріп, қорқынышты болжамдарын айтып, онда өткізіліп жатқан рəсімнің
шырқын бұзады. Амасия абызы көріпкелді қуып жібермекші болады, оның
желбуаз сөздерінен білімсіз қойшыны кемсіткені көрініп тұрады. Абыз,
əлбетте, Амосты сол кездері топ-тобымен елді аралап, балгерлікпен
күнелтіп жүрген жалған көріпкелдер қатарына жатқызады. «Көріпкел! –
дейді ол Амосқа. – Бұл арадан кетіп, Иудея жеріне бар,сол жақта наныңды
тауып жеп, болжамыңды айта бер. Ал Вефильде көріпкелдік жасама,
өйткені бұл орын – патшаның қасиетті мекені жəне Үйі». Бірақ Амос
абыржыған жоқ, бойын тіктеп алды да, тайсалмастан өзінің көріпкел екенін,
Яхвенiң нағыз елшісі екенін айтты: «Мен, пайғамбар емеспін жəне
пайғамбардың баласы да емеспін, мен қойшы болғанмын жəне тұт
жинағанмын. Бірақ Құдайым мені қойшылықтан босатып, былай деді: - бар
да, Менің Израилдық xалқыма көріпкелдік жаса».15 Сонымен, Вефиль
халқы Яхве сөзін тыңдағысы келе ме? Егер құлақ асса, олар үшін басқа да
хабар бар: əйелдерінің намысы тапталады, балалары өлтіріледі, ал өздері
Израйл жерінен жырақта, қуғында жүріп ажал құшады.
Жалғыздық – пайғамбарлардың нəсібі. Амос сияқтылар үнемі жалғыз
болатын, өйткені бұрынғының қалыпты ырғағы мен заңдарын бұзатын.
Олар өз тағдырларына иелік ете алмады, маңдайларына жазылғанды көрді.
Амос қатты күйзелісті басынан кешіруі ықтимал, тіпті ерік-ықтиярынан
айырылып қалды. Қаласын-қаламасын, сəуегейлік етуге мəжбүр болды.
Міне, оның өз хабары:
«Арыстан ақыра бастады, кім діріл қақпайды? Құдайдан пəрмен келді, кім
көріпкелдік жасамайды?».
Буддадан айырмашылығы Амос өзін-өзі «өшіру» – нирванаға бойсұнбады.
Яхве оны түгел еркіне көндіріп, басқа əлемге көшірді. Амос қоғамдық
əділет пен жанашырлықтың маңызына айрықша мəн берген алғашқы
пайғамбар болды. Будда секілді, ол да азап шеккен адамзаттың дертіне
ортақтасты. Амостың уағызының нəтижесінде Яхве каналғандардың
қорғаны болып, мұң-мұқтажын айта алмайтын бейшара кедейлердің үніне
айналды. Ол пайғамбарлығына кіріскен сəтте Яхве атынан Құдыс
ғибадатханасынан бар даусымен үрей тудыра жар салды: «Ол бүкіл Таяу
Шығыстағы, оның ішінде Иудея мен Израилдағы апаттарды көріп тұр.
Израилдықтардың пұтқа табынушылардан (гойим) артық болып тұрғаны
шамалы, бірақ Яхвенiң олардан айырмашылығы, кедейлердің жапа шегуіне
төзбейді. Ол бірде-бір алдау, зорлық-зомбылық жəне шектен шыққан
қатыгездікті кезінен таса қылмайды: «Жаратушы Яхве атымен уəде берді:
шынымен де, ешқашан олардың бірде-бір ісін ұмытпаймын!»? Осыдан
кейін де Яхве Израилды көкке көтеріп, гойимді төмендететін Жаза күнін
күтуге олардың дəті шыдай ма? Опасыздарды үлкен қасірет күтіп тұр:
«Сендерге жаза күні не үшін керек? Ол – жарық емес, қараңғы қапас».
Сендер өздеріңді Құдайдың таңдаулы халҚымыз деп санайсыңдар ма?
Сендер сол күйі өсиеттің мəнін түсінбедіңдер: ол – артықшылық емес,
жауапкершілік. Мысыр жерінен өзім алып шыққан барлық тайпалар үшін
былай деймін:
«Жердегі барлық тайпалардың арасынан Мен сендерді таңдадым,
сондықтан сендердің жасаған барлық озбырлықтарыңның жауабын
сендерден аламын», – деп, - сендер үшін, Израил ұлдары үшін айтқан
Жаратушының сөзін тыңдаңдар!».
Өсиет Израйл ұлдарының барлығын Құдай таңдағанын, яғни олардың
əрбіріне Құдайдың мейірімді болатынын білдірді. Құдай тарих барысына
Израйлды мадақтау үшін емес, қоғамдық əділеттілікті сақтау үшін де
араласады. Міне, бұл – Оның басты мақсаты; тіпті қажет десе, Ол өз
жерінде шындықты ассириялық əскердің күшімен болса да орнатады.
Израилдықтардың көпшілігінің пайғамбар ұсынған Яхвемен байланыс
жасаудан бас тартып, мұншалық жауапкершілік артпайтын Құдыстағы
ғибадатханада құрбандық шалу ғұрыптары бар дінді немесе көне
Ханаандық құнарлылық культтерін таңдағандары тегін емес. Мұндай
құбылысты қазіргі таңда да байқауға болады: діни ізгілікті
ұстанатындардың қатары өте аз, басқалар өз-өздерін синагога, шіркеу
немесе мешіттегі жария ғибадатпен алдарқатады.
Амос дəуірінде Израилда бұрынғыдай Көне Ханаанның сенімдері өріс
жайды. Б.д.д. X ғасырда тиеровоам патша Дана мен Вефиль киелі
орындарына екі культтік бұзауды орнатады. Амостың замандасы Осия
пайғамбардың куəландыруы бойынша екі ғасыр өткен соң да израилдықтар
осы ғибадатханаларда құнарлылық пен жыныстық қосылу салттарын
өткізіп отырған. 20 Қарапайым халық арасында, басқа құдайлар секілді,
Яхвенiң де жұбайы бар деп сенгендер болған сияқты: жуырдағы
археологиялық қазбалар кезінде, «Яхве мен оның Асираты» деген жазба
табылған болатын. Осияны мазалағаны – осы, өйткені өзге Құдайларға,
мəселен, Ваалға сиынғандар да болды. Сөйтіп, израилдықтар өсиет
шарттарын бұзды. Осы пайғамбардың аузымен Яхве былай дейді: «Себебі
мен құрбандықтарды емес, мейірімділікті (хесед – «махаббат») жəне
құдайтанымды (даат элохим – «құдайды тану») қалаймын». 21 Меңзеліп
тұрғаны теологиялық білімдер емес, өйткені даат көне еврейлік uада (yada)
– «тану» етістігінен келіп шығып, сексуалды реңкке ие, мəселен, былай
дейді: «Адам өз əйелін – Хауаны таныды». Көне ханаандық түсінік
бойынша, Ваал құнарлы топыраққа үйленген болып, адамдар осы одақтың
құрметіне ғұрыптық оргиялар ұйымдастырған. Өсиет дəуірінен бастап Яхве
Израил халқымен некелесті, осылайша Ваалды орнынан ығыстырды деп
дəлелдеген Осия, сол себепті де, бұдан былай құнарлы жердің иесі – Ваал
емес, Яхве екенін түсінетін уақыт жеткенін айтады. Осияның Құдайы
бұрынғыша Израилды сүйіктісі ретінде жоқтайды, оны азғырушы Ваалдан
қайтарып алуға белін бекем буған:
«Сол күн туғанда, – деді Жаратушы, - сен мені «жұбайым» деп атарсың,
ендігі жерде Мені «Ваал» деп атамайсың.
Оның (Израилдың – ауд.) көкейінен Ваал есімін өшіріп, оны ешуақытта еске
алмайтындай етемін».
Егер Амос, ең алдымен, қоғам кемшіліктерін байқаған болса, Осия
израилдықтардың дініне терең мəн жетіспейтіні хақында ой қозғайды.
Оның «Құдайды тануы» хеседпен байланысты, яғни көзге ұрып тұрған
жария ғибадатқа қарағанда, Яхвеге шын көңілмен, рухани тұрғыдан
құлшылық еткенді артық санайды.
Осияның баяны пайғамбарлардың Яхве бейнесін қалай дамытқанын
егжейтегжейлі ашып көрсетті. Бастапқы əрекетінде-ақ Яхве Осияға «бар да,
жезөкшеге үйлен (эшет цеюним), «өйткені Құдайынан бас тартқан осы ел
əбден жезөкшелік жолына түскен» деп оғаш бұйрық береді. Бірақ,
анығында, Құдай Осияға тіпті де көше бойлаған бикешті тауып алуға əмір
етпеген: эшет цеюним (тік. ауд.: «жүрісі жеңіл əйел») сөз тіркесі тұла бойын
желік буған талғамсыз əйелді немесе құнарлылық культіне қатысатын
ғибадатхана жезөкшесін білдіреді. Мұндай культтің кең таралуына
Осияның алаңдаушылық танытқанына қарағанда, əйелі Гомерь Ваал
ғибадатханаларының бірінде «қасиеті» жезөкше болғанға ұқсайды. Ендеше,
бұл неке Яхвенiң қыдырымпаз Израилмен қарым-қатынасының символына
айналған. Осия мен Гомерьдің үш баласы болды, олардың əрқайсысына
мағынасының астары көп, тағдырлы есімдер қойылған: Үлкен ұлын атақты
соғыс алаңының құрметіне – Израель, қызын - Лоруxама (сүйкімсіз, бағы
ашылмаған), кіші ұлын Лоамми (менің халқым емес) деп атаған. Үшінші
перзенттің тууы Израйлмен арадағы анттың бұзылуын былайша білдірді:
«Сендер Менің халқым емессіңдер, Мен сендердің құдайларың
болмаймын». Өз халқының тарихын жағымды етіп көрсетуге ұмтылушылық
пайғамбарларды түрлі түсініксіз əрекеттерге итермелегеніне көзіміз əлі
талай рет жетеді. Бірақ, мəлім болғандай, Осияның некесі салқынқанды
есептің бір бөлшегі емес екен. Пайғамбарлық хабарлар Гомерьдің
балаларды туған соң ғана эшет ценнимге айналғанын айқын көрсетеді. Осия
мұндай некені Құдайдың маңдайына жазып қойғанын кейіннен түсінген
секілді. Əйелінен айырылу ащы сабақ болды да, ол Ваал сияқты құдайларға
табынған бүкіл халқы Өзін сатып кеткенде, Яхвенің қандай күйге түскенін
түсінді. Əуелде Осия Гомерьден теріс айналып, оны мəңгіге ұмыту керектігі
туралы ойдың құшағында болады. Заңдар, шынында, көзіне шөп салған
əйелмен ажырасу қажет екенін айтты. Бірақ Осия жұбайын бұрынғыша
жақсы көреді, ақырында, оны іздеп тауып, жаңа қожайынынан сатып алады.
Өзінің Гомерьді қайтарып алуға ұмтылған əрекетінен ол Яхвенiң де
Израйлға тағы бір мүмкіндік беруге дайын екенінің дəлелін көреді.
Құдайға адами сезімдері мен ойларын таңа отырып, пайғамбарлар Оны
өздерінің бітім-болмысына ұқсатып жасап алды, ал мұның зор маңызы бар
еді. Патша əулетінің мүшесі Исайя Яхвені билеуші деп білді. Амос Құдайға
кедейлерге деген мейірімді дарытты, ал Осия Құдайды алданған, бірақ əлі
де болса жұбайына деген сағыныштан елжіреген күйеу бейнесінде көрді.
Барлық діннің бастауында антропоморфизмнің белгілі бір сипаттары
жатады. Адамнан өте алыс Құдай, мəселен, аристотельдік қозғалмайтын
Қозғаушы ешқашан рухани ізденістерге жетелемейді. Осындай
сипаттамалар айналымға енгенше, əжептəуір пайдалы əрі қолайлы. Адам
тұрпатындағы Құдайдың қиялдағы бейнесі қоғамның тағдырына
алаңдаушылық сезімін қозғағанын тағы да айта кеткен жөн, мысалы,
индуизмде мұндай нəрсе болмаған. Бірқұдайлықтың үш дініне де Исайя мен
Амостың қоғамдық теңдікке ынта-ықыласы мен «социалистік»
адамгершілік қағидалары тəн болды. Көне еврейлер əлеуметтік
қамсыздандыру жүйесін енгізген əлемдегі бірінші халық болуы ықтимал.
Бұл пұтқа табынушы көршілерінің зор таңданысын туғызды.
Барлық пайғамбарлар сияқты, Осия да пұтқа табынушылық үрейінен
арылмаған. Ол қолдан жасалған құдайларға сиынғандары үшін солтүстік
тайпалардың Құдайдың пəрменімен тартатын азабын ашық бейнелейді:
«Міне, олар күнəларының үстіне күнə жамады: өздері үшін ұғымдарына сай
етіп, күмістен пұт жасап алды – түгелімен суретшілердің жұмысы. Сондайақ олар құрбандық шалған адамдарға «бұзауларды сүйіңдер» деді».
Бұл – əрине, ханаандық сенімнің үстірт жəне əділетсіз сипаттамасы. Бабыл
жəне Ханаан тұрғындары бейнелерге ешқашан құдайлық сипат телімеген,
олар тіпті де tоut соurt пұттарға табынбаған. Пұттар тек құдайлық
символдары ғана болды. Əуелдегі ғажайып оқиғалар туралы мифтер
сияқты, пұттар да сенім жолындағы адамдардың ойын тұңғиық мазмұнға
бойлату үшін жасалған болатын. Эсагил ғибадатханасындағы Мардуктың
мүсіні мен Ханаандағы Асират құрметіне соғылған тас ескерткіштер
ешқашан құдайларға теңестірілмеген. Олар тек адамдарға өмірдің асқақ
тұстарын түйсінуге көмектесетін нəрселер есебінде ғана болды. Дегенмен
ара-тұра пайғамбарлар пұтқа табынушыларды мазақ етіп жəне оларға
келемеждеп тіл тигізетін. Қолдан жасалған пұттар, олардың ойынша, алтын
мен күмістен басқа ештеңе емес, оларды кез келген шебер бір-екі сағатта
жасай алады. Пұттардың көзі көрмейтін, құлақтары естімейтін, аяқтары
қозғалмайтын, сондықтан оларды арбаға салып алып жүретін, бір сөзбен
айтқанда, олар – бақшада тұрған қарақшы секілді, ұсқынсыз да санасыз
хайуанат тектес жансыз зат. Израил Элохимі ондай құдайларды элилим «болмағыр» деп атаған. Оларға сиынған гойимдер нағыз ақымақтар болды
жəне Яхве оларды жек көретін.
Қазір біз, өкінішке орай, Бір Құдайға табынушылықтың үйреншікті сипаты
болып бара жатқан төзімсіздікке үйрендік, ол басқа құдайларға деген
өшпенділік салдарынан жаңа діндарлықтың сəулесін көруге мүмкіндік
бермейді. Пұтқа табынушылық қашан да төзімділік сенімі болды: жаңа
құдай бұрынғы культтерге қауіпті болмаса, оған дəстүрлі пантеонда қашан
да орын табылатын. Ескі құдайларға деген төзімсіздік байырғы танымтүсініктердің орнын «Кіндік кезеңнің» жаңа идеологиялары алмастырған
кездерде де болмаған. Индуизм мен буддизм құдайларды жек көруге емес,
олардан жоғары болуға үйрететінін ілгеріде айтып өткенбіз. Израилдық
пайғамбарлар Яхвемен бəсекеге түскен құдайларды көрген мезетте ашудан
булығатын. Көне еврей мəтіндеріне көз жүгіртсек, «пұтқа
табынушылықтың» жаңа күнəсі мен «жалған құдайларға» сиыну –
пайғамбарлардың жиіркеніш сезімін арттырған. Мұндай қатынас – Шіркеу
əкейлерінің жыныстық қатынасқа деген жеккөрінішіне ұқсас болуы
ықтимал. Бұл жердегі мəселе - рационалды, байсалды ой машығында емес,
жан күйзелісінен шаршағанда, бұрқ ететін эмоционалды жарылыста болып
тұр. Пайғамбарлар іштей өздерінің діни құлқынан қауіптенген болуы да
мүмкін. Терең түйсігі арқылы Яхве туралы өз түсініктерінің пұтқа
табынушылықпен əлдебір ұқсастығын сезінулері де ықтимал, өйткені Оны
да олар адам бейнесінде жəне оған ұқсата жаратқан.
Христиандықтың жыныстық қарым-қатынасқа қатысты көзқарасымен
салыстыру - тағы бір басқа мəселенің бетін ашады. Ол заманда
израилдықтардың көбі пұтқа табынушылық құдайларының барын ашық
түрде мойындады. Кейбір қауымдарда Яхве біртіндеп Ханаан (мəселен,
Осия Ваалға қарағанда Жаратушының құнарлық жұмыстарын əлдеқайда
жақсы жүргізетінін əбден байыптап береді) жерлеріндегі элохимдердің
қызметінің бір бөлігін қабылдады, бірақ белгілі себептермен шексіз батыл
Яхвеге израилдықтар, əсіресе олардың əйелдер қауымы ерекше құрметтеген
əйел құдайлар – Асират, Иштар жəне Анатты орнынан тайдыруы қиынға
соқты. Монотеистердің құдайымыз жыныстық бөліністен жоғары деп антсу ішулеріне қарамастан, Яхве, ең алдымен, еркектік сипатымен танылды,
дегенмен кейін көзіміз жететіндей, бұл жағдайды түзетуге əрекет
жасағандар да болды. Бұл Яхвенiң əуелде тайпа деңгейіндегі соғыс құдайы
болғанымен түсіндіріледі. Алайда оның əйел құдайлармен бақталастығынан
«Кіндік кезеңнің» бір жағымсыз қыры көрінді: əйелдердің қоғамдағы
мəртебесі аласарған еді. Алғашқы қауымдық құрылыста əйелдердің көп
жағдайда еркектерден үстем тұрғаны шүбəсіз. Көне діндердегі ұлы əйел
құдайлардың беделі əйел затына деген құрметті айқын аңғартады. Бірақ
қалалардың пайда болуы жəне дамуы жауынгерлік қабілеті мен білек күші
сынды еркекке тəн қасиеттердің маңызын арттырды. Əйелдер өркениетті
əлемнің жаңа кезеңінде шетке шығарылып, қоғамның төменгі санатына
ығыстырылды. Олардың халі əсіресе Грекияда өте мүшкіл болды. Мұны
Шығыстың патриархалды салтын күстаналауға бейім күллі Батыс
жұртшылығы есте сақтауы тиіс. Грек демократиялық идеалдарының
афиналық əйелдерге шарапаты тимеді, оларды қаласта ұстап, кембағал
жандар есебінде сыртқа тепті. Израил қоғамы да сол уақытта еркектердің
артықшылығына басымырақ мəн берді. Бағзы дəуірлерде əйелдер
ықпалдырақ болып, содан өздерін еркектермен тең санағандары анық.
Мəселен, Девора секілді əйелдер тіпті əскери жорықты басқарған.
Израилдықтар, əрине, Юдиф мен Эсфирдің қаһармандық ерліктерін
бұрынғыша мадақтады, бірақ Яхве Ханаан мен Таяу Шығыстың басқа
құдайларын жеңіл, жалғыз Құдайға айналғанда, дін істерімен тек еркектер
айналысты. Əйел құдайлар ығыстырылды да, бұл жаңа өркениетті əлемнің
айрықша сипатына айналған мəдени өзгерістердің белгісі болды.
Жеңіс Яхвеге оңайлықпен бұйырған жоқ. Ол аса қуатты, қатыгездікті жəне
күресті қажет етті. Басқаша айтқанда, Бір Құдайдың жаңа діні израилдықтар
арасына индуизм мен буддизм сынды оңай тараған жоқ. Яхве ескі
құдайларды бейбіт жолмен жеңе алмас та еді. Діндарларды өзіне қарату
үшін аянбай күресу керек болды. Бұған 82-жыр (псалом) дəлел бола алады,
онда Жаратушы бабылдық жəне ханаандық мифологияда ерекше маңызға
ие болған құдайлық Мəжілістің төрінен көрінеді:
«Яхве құдайлар жиынында (Илу Кеңесінде) бой түзеп тұрып,
Құдайлар арасында үкім айтты.29
Сендер қашанға дейін əділетсіз үкім шығарып,
Залымдарға жылы қарайсыңдар.
Кедей мен жетімге үкімін беріңдер,
Қаналған мен қайыршыға əділетті болыңдар,
Кедей мен қайыршыны құтқарыңдар,
Оларды залымдардың қолынан азат етіңдер!
Білмейді, ойланбайды, қараңғылықта жүр,
Жер түбірімен теңселіп тұр.
Мен айттым: сендер – Құдайсыңдар жəне барлығың –
Ұлы Жаратушының (Эль-Элион) ұлдарысыңдар.
Бірақ адамдар сияқты сендер өлесіңдер,
Кез келген ханзада сияқты құлдырайсыңдар».
Ежелден бері Илу басқарып келе жатқан Мəжіліске ашық қарсы шыққан
Яхве басқа құдайларды — «өзекті қоғамдық мəселелерді шешуге
қауқарсыз» деп кінəлайды. Ол жаңа, мейірімді рухы бар пайғамбарлардың
бейнесін білдірді, ал Оның «əріптестері» өткен дəуірлерде əділдік пен
теңдік орнату үшін ештеңе де жасамады. Бұрынғы уақыттарда Яхве оларды
элохим, Ұлы Құдайдың ұлдары деп мойындауға дайын еді, бірақ енді
құдайлар өздерінің қажетсіз болып қалғандарын толық айғақтады. Олар
қарапайым адамдар сияқты өледі. Жыр авторы өліммен қорқытып қана
қоймай, одан əрі кесімді əрекетке барады: Израилда əлі де сиынушылары
көп болуы ықтимал Илудің билігін Яхвеге алып береді.
Тəуратта жеккөрінішпен суреттелуіне қарамастан, пұтқа табынушылықта
қорқынышты ештеңе жоқ еді. Ерекше махаббатпен жасалған құдай бейнесін
– берілмейтін ақиқатты кейіптеген пұтпен шатастырып алғанда, ол
сорақылық болып көрінетін. Кейіннен яхудилер, христиандар мен
мұсылмандар абсолютті ақиқаттың дəл осындай символдарын дамыта келе,
индуистік жəне буддистік көзқарастарға жақын идеяларға ойысты.
Дегенмен мұндай адамдар саусақпен санарлықтай еді. Қалғандары ондай
талпынысқа құлық танытпады. Олар өздерінің Құдай туралы түсініктері —
«Оның жоғары құпиясымен нақты үйлеседі» дегенге аңғалдықпен сенді.
«Пұттар» дінінің қауіптілігі яхуди патшасы Иосияның билік құрған
заманында, б.д.д. 622 жылға қарай айқындала бастады. Ол Яхвемен қатар
ханаандық құдайларға сиынуды қолдаған өзінің ізашарлары Манассия
(б.д.д. 687-642) мен Амонның (б.д.д. 642-640) жүйесіз қисынан өзгертуді
армандады. Тіпті Манасcия ғибадатханаға Асираттың бейнесін орнатып,
оның айналасында құнарлылық культі өркен жайған еді. Израилдықтардың
көбі Асиратты құрмет тұтып, тіпті оны Яхвенiң жұбайы деп иланғандықтан,
бұл салттарда Құдайды кемсіту бар деп, тек сеніміне шынайы берілген
иеговалықтар ғана деп ойлады. Алайда Иосия Яхве культін нығайтуды
көздеп, ғибадатханада жөндеу жұмыстарын бастады. Жұмысшылар бүгешігесіне дейін барлығын қайта жаңалап жатқан кезде, басты дін қызметшісі
Хелкия Мұсаның Израил ұрпағына оқып берген соңғы уағызы туралы хикая
баяндалған ескі қолжазбаны тауып алады. Хелкия кітапты патшаның
көшірмешісі Шафанға ұсынады, ал ол оны Иосияға дауыстап оқып береді.
Оқиғаны ақырына дейін тыңдаған жас патша ауыр тебіреніске түсіп,
үстіндегі киімін жыртады: Яхвенiң оның ата-бабаларына неліктен ашулы
болғаны енді түсінікті болды. Олар Мұсаның бұлжымас өсиеттерін толық
бұзған екен!31
Хелкия тапқан «Заң кітабының» Тəураттың аса маңызды мəтіндерінің бірі
болғанына еш күмəн жоқ. Қазір бұл мəтін «Қайталанған заң» деп аталады.
Дінді қайта жаңартушылардың қолына дөп түскен бұл «табылым»
турасында түрлі жорамалдар айтылған. Тіпті баз біреулер кітапты құпия
түрде Хелкия мен Шафанның өздері жазды деп есептеген. Оған Иосия жиі
кеңесіп тұрған көріпкел əйел Алдама (Олдана) көмектескен-мыс. Бізге
нақты белгілі ештеңе жоқ, бірақ бұл кітап – жетінші ғасырдағы
Израилдықтардың соны сипаттағы төзімсіздігін бейнелейтіні сөзсіз. Мұса
өзінің соңғы уағызында өсиетті жаңа негізгі қағидамен - Израилды
Құдайдың таңдағаны идеясымен толықтырады. Яхве өзінің жұртын басқа
халықтан жақсы болғаны үшін емес, оған деген үлкен махаббатының
нəтижесінде даралайды. Есесіне, Ол өзіне толық мойынсұнуды жəне басқа
құдайлардан мүлде бас тартуды талап етті. «Қайталанған заң» өзегінде кейін
иудаистер үшін сенім символына айналған мына сөздер тұрды:
«Тыңда (шема), Израил: Құдай, біздің Құдай (Яхве – біздің элохим), Құдай –
жалғыз (эход), бар. Құдайыңды жақсы көр, бүкіл жүрегіңмен, бүкіл
жаныңмен, барлық күшіңмен. Саған Мен бүгін өсиет етіп тұрған осы сөздер
жүрегіңде болғай!»
Израилды Құдайдың таңдауы оны гойимдардан оқшаулады, сондықтан
мəтін авторы Мұсаға мына талаптарды айтқызды: Уəде Етілген жерге
келісімен, оның халқы жергілікті халықтармен байланысқа түспеуі керек –
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны - 06