Latin Common Turkic

Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны - 10

Total number of words is 3792
Total number of unique words is 2049
27.5 of words are in the 2000 most common words
38.4 of words are in the 5000 most common words
45.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
азғантай тобы былай дейді: «Құдай бүкіл əлемді жəне аспан денелерінің
қозғалысын тастап, жер бетіндегілерді ұмытты да, назарын тек бізге салды».
40 Рим билігі алғашқы христиандарды көп жағдайда «дінсіздігі» үшін
қудалады. Өйткені құдайлықтың жаңа жобасы римдік моральға түрпідей
тиді. Дəстүрлі құдайларға құрметсіздік танытқан христиандардан – халық
онсыз да құлағалы тұрған – мемлекеттің қоғамдық тəртіптің түбіне жетеді
деп үрейленді. Христиандықты өркениеттің барлық жетістіктерін елемейтін
тағылық дін деп санады.
Сонда да ІІ ғасырдың соңына қарай шынайы білімді пұтқа табынушылар
христиандыққа кіре бастайды. Олар семиттердің тəураттық Құдайын грекримдік идеалдармен үйлестіре алды. Сондай ғалымдардың бірі
Александриялық Климент (шамамен 150-215) болды, ол, алдымен, Афинада
философияны үйренеді. Климент Яхве мен грек ойшылдарының Құдайы бір
екеніне күмəн келтірмеді. Ол Платонды «антикалық Мұса» деп атады.
Алайда Клименттің теологиясы апостол Павелді де, Исаның өзін де
барынша таңғалдыратын еді. Платон мен Аристотельдегідей, Климентте
Құдайдың басты сипаттамасы араthеia болып қала берді: Ол түгелімен
сезімсіз, өзгеріссіз жəне немқұрайлы. Құдайдың тыныштығы мен өзөзін
билеуіне еліктеу арқылы христиандар құдайлық болмысты иелене алады.
Клименттің өмірге қатысты тəсілі кезінде раввиндер егжей-тегжейлі жасап
шығарған əдел ережелерін еске түсірді. Айырмашылығы тек мынада еді:
Климент постулаттарының стоиктердің идеалдарымен ортақ тұстары көп
болатын. Құдайлық тыныштық христиандар үшін өмірдің əрбір сəтінде үлгі
болуы керек еді: түзу отыруы керек, жай сөйлеуі керек, қарқылдап күлмеуі
керек жəне үнсіздігі нəтижесінде адам жанының тереңдіктерінде жатқан
Құдайға ұқсас – шексіз ішкі Тыныштықты сезінеді. Құдай мен адамдар
арасында терең шыңырау жоқ - құдайлық идеалмен біріккен христиан
онымен «баспанасын, ішіп-жемi мен өмірінің түрлі адамгершілік
ынталарын бөлісетін»11 құдайлық достықтың қатысуын сезеді.
Дегенмен Климент те Исаның «Тірі Құдай болғанына, оның да азап
шеккенін жəне қазір құрметке ие»? екеніне сенді. «Зығыр орамалмен белін
байлап, олардың аяғын жуған, бойсұнған «Құдай жəне ғаламның
иесі»болғаны күмəнсіз. Исаға еліктей отырып, христиан да Құдайға ұқсас
болады. Құдайлық кіршіксіз жəне немқұрайлы. Шындығында, Иса
құдайлық логос еді. «Адамдар адамнан қалай Құдай болуды үйрене алуы
үшін»тəнге ие болды. Дəл осындай идеяларды Батыста Лион епископы
Ириней (130-200) насихаттады: Иса Логос, құдайлық жоба болды. Ол
Логосқа айналған соң, барлық адам дамуының сатыларын киелі қылады да,
актерлер өз кейіпкерлерінің образына қалай енсе, дəл солай өзіне барлық
нəрседе еліктейтін христиандар үшін үлгіге айналды. Осылай христиан өз
əлеуетін өмірде іске асырады. Климент те, Иреней де яхуди Құдайын өз
дəуірлері мен мəдениеттерінің көзқарастарына бейімдегісі келді. Бұл Құдай
өте сақ жəне осал пайғамбарлар Құдайымен ұқсастығы аз болса да,
Клименттің apathеia доктринасы – христиандықтағы Құдайдың басты
концепциясына айналды. Грек əлемінде адамдар өзгергіш те атаққұмар
сезімдерден жоғары тұрып, адамнан жоғары тыныштыққа қол жеткізгілері
келді. Өзінің ішкі қайшылығына қарамастан, дəл осы идеал соңында
жеңіске жетеді.
Климент те теологияның маңызды мəселелерін сырттай айналып өтті.
Екіаяқты пенде бір мезетте қалайша Логос немесе құдайлық жоба бола
алады? Исаның Құдайлығы туралы тұжырымдардың мəні неде? «Логос»
пен «Құдай ұлы» түсініктері сəйкес келе ме, эллиндік дүниеде осы көне
еврей атағының мəні неде? Немқұрайлы Құдай Исада қалайша азап шегеді?
Өздері əлемде Құдай бір деп талап етеді де, Исаның құдайлығын неге алға
тартады? ІІ ғ. христиандар бұл мəселелерді ерекше өткір түйсіне бастайды.
Алдымен, Сабеллий деген əлдебір римдік (ол туралы ешқандай мəлімет
жоқ): «Əке», «Ұл» жəне «Рух» сынды тəураттық түсініктерді, театрдағы
екіжүзділердің дауыстарын қатты шығару үшін қолданатын
бетперделерімен (personae) салыстыруға болады» деп жобалады. Жалғыз
Құдай əлемге əлдебір «жүз» арқылы көрінеді. Сабеллийдің шəкірттері
болды. Бірақ христиандардың көпшілігін оның теориясы үрейлендірді:
Ұлының рөлін ойнаған Құдай азап шеккендей болады, мұндай ой
көпшілікке ұнаған жоқ. Сол дəуірде Самосаттық Павел (260-272 ж.
аралығында – Антиохия епископы) де одан кем ыза туғызбады, оның
ойынша, Иса қарапайым адам болды. Онда ғибадатханадағы өмір сынды,
Сөз бен Құдайдың даналығы болды. 264 ж. Антиохия синоды Павел
теологиясын жарамсыз деп табады. Ол епископ атағын Пальмира
патшайымы Зенобияның берген жəрдемі арқасында сақтай алады. Көріп
отырғанымыздай, христиандар үшін Исаның құдайлық болмысына деген
сенімділігі мен Құдайдың жалғыз екеніне деген сенімін бір араға келтіру
мүлде оңай болмаған. 202 ж. Климент Құдыс епископы маңындағы
дінбасылық қызмет үшін Александрияны тастап кетеді де, жаңа дінге
кіргендерге арналған мектебіндегі орнын, тамаша шəкірті Ориген басады.
Ол сол кезде жиырма жаста болатын. Бала кезінде Ориген аспанға апаратын
сенімді жолдың азаптану екеніне ерекше сенетін. Төрт жыл бұрын Аренада
əкесі Леонид қайтыс болып, Ориген оның салған жолына түскісі келеді.
Бірақ анасы оның киімдерін тығып қойып, райынан қайтарады. Бастапқыда
Ориген христиандық өмір бүкіл əлеммен күресті білдіреді деген сенімге
сүйенеді. Бірақ кейін ол ойынан бас тартады да, өзінің христиандық
платонизм нұсқасын жасайды. Құдай мен дүниелік өмір арасындағы
шыңыраудан тек ауыр азаптардың арқасында өтуге болады деген сенімін
жаңа теологияға ауыстырады. Яғни əлем мен Құдайдың арасында
үзілмейтін байланыс барына айрықша назар аударады. Бұл жарқын,
оптимистік, шаттыққа толы рухани доктрина болды: отанымыз бен нағыз
болмыс Құдайдың өзіне жеткенше, христиандық болмыс баспалдақтарымен
жоғары көтеріле береді.
Платоншы ретінде Ориген Құдай мен жанның туыстығына сенді: Құдай
туралы таным – адам баласына тумысынан тəн. Оны арнайы
жаттығулардың көмегімен «еске түсіруге» жəне қайта жандандыруға
болады. Платондық философия мен семиттік аңыздар арасын үйлестіру
жəне Інжілді түсіндіру үшін арнайы символдық тəсілді жасап шығарады.
Мəселен, Мессияның Мəриям ана құрсағында еркексіз бітуін - құдайлық
даналықтың адам жанында туындауы деп түсінді. Бұдан басқа Ориген
кейбір гностиктердің идеяларына өзгерістер енгізді. Оның теориясы
бойынша, барлық рухани əлем тұрғындары бастапқыда өзін Логос,
құдайлық Сөз жəне Даналық кейпіндегі Құдайда көрген. Бірақ біртіндеп
олар мұндай кемелдікті көруден жалығады да, құдайлық əлемнен бөлініп
шығады. Осылай қуылған олар тəн қаласына түседі. Бұл олардың
азғындауларының соңғы шегі болды. Дегенмен үміттен қол үзуге болмайды:
жан Құдайға орала алады, ол үшін ол ұзақ та қиын жолды бастан кешіруі
керек, бұл жол өлімнен кейін де жалғасады. Ерте ме, кеш пе əркім тəн
қаласынан шығады, жыныстық белгілерден арылып, таза рухқа айналады,
Көрініс (теория) жанға Құдай туралы білімді көп береді. Бұл білім, Платон
үйреткендей, өзі құдайлық болып кеткенше, тəнді көркейте бермек. Құдай –
толыққанды жұмбақ, Оны сөзбен не идеялармен суреттеу мүмкін емес;
дегенмен жан мен Оның болмысы бір болғандықтан, ол Құдайды тану
қабілетіне ие. Логосты көру - адамның барынша табиғи амалы, өйткені
барлық рухы бар жаратылыстар (logikoi) о бастан бір-біріне тең. Жандар
азғындап, жоғары əлемнен қуылғанда, онда тек бұрынғыша құдайлық Сөзді
көруші бір ғана рух қалады. Бұл болашақ адам - Мессияның рухы, ал біздің
жан - оныкіне ұқсас. Исаның құдайлық болмысына сенім тек кезеңдік нəрсе
ғана болды, бұл біздің əрі қарайғы жолымызда көмектеседі, түптің түбінде,
Құдайды жүзбе-жүз көретін сəтте одан айнып кетуге тура келеді. ІХ ғасырда
Шіркеу Оригеннің көптеген идеясын «діннен безгендік» деп айыптайды.
Ориген де, Климент те Құдай əлемді ештеңеден (ex nihilo) жаратты дегенге
сенбеді, алайда бұл концепция кейіннен ортодоксалды христиандық
доктринасына енеді. Оригеннің Мессияның құдайлық болмысы мен
адамзаттың құтылу жолына қатысты түсініктеріне келсек, олар кейінгі
ресми пікірге мүлде қайшы болды. Ориген Исаның өлімімен жалпылама
«құтқарылуға» болатынына сенбеген. Ол əркім Құдайға өз жолымен барады
деген болатын. Алайда Ориген мен Климент осындай ойларын айтып,
өздерінің платонизмінің христиандық нұсқасын жасап жатқан уақытта, əлі
ешқандай ресми доктрина болмаған болатын. Құдай əлемімізді жаратты ма
жəне əр адам қандай деңгейде құдайлық болмысқа ие екенін ешкім білген
жоқ. Ортодоксалды сенім тек IV-V ғғ. буырқанған дəуірлерінде азапты
соғыстардан кейін қалыптасты.
Сірə да, ең алдымен, Оригеннің өзін-өзі еркектіктен айырғанымен аты
шыққан. Інжілде Иса кейбір адамдардың Аспан Патшалығы үшін өздерін
азбанқұлға (əтекке) айналдырғаны туралы айтады жəне Ориген оның осы
сөздеріне иланған. Кейінгі антика дəуірінде еркектіктен айыру біршама кең
тараған ота болатын; Ориген өзіне-өзі пышақ жұмсауға құштар емес еді.
Əулие Иероним (342-420) секілді кейбір Батыс теологтеріне тəн –
жыныстық жаратылысқа жүйке дертіне шалдыққандай – жеккөрінішпен
қарайтын сезімнің ықпалымен шешім қабылдаған жоқ. Британдық ғалым
Питер Браунның болжамынша, ол бұл арқылы адамның жуық арада жан
үстемдік ететін беймəлім халі туралы өз ілімін танытудың талпынысын
жасаған болуы мүмкін. Шамасы, құдайланудың ұзақ үдерісінің барысында
жыныс секілді өзгермейтін құбылыстар жоғалатын сыңайлы, өйткені
Құдайдың не еркектік, не əйелдік сипаты жоқ. Философқа ұзын сақал
(даналық белгісі) тəн болған заманда, Оригеннің тегіс беті мен жіңішке
дауысы таңғаларлықтай қызық көрінген еді.
Плотин (205-270) Александрияда Оригеннің бұрынғы ұстазы Аммоний
Саккастың қарауында оқиды, оқуы біткен соң, рим əскері қатарына
жазылады. Бұл іс оны арман еткен Үндістанға баруына көмектеседі деп,
іштей үміттенеді. Жорық сəтсіз аяқталып, Плотин Антиохияға қашады. Ол
кейін Римде беделді философия мектебін құрады. Плотин туралы мəлімет
өте аз. Ол аса тұйық адам болған. Өзі туралы ешқашан ештеңе айтпаған,
тіпті туған күндерін де атап өтпеген. Цельс сияқты, Плотин де
христиандыққа «күмəнді дін» деп қарады. Дегенмен монотеистік үш діннің
ізбасарлары болашақ бүкіл ұрпақтарына үлкен ықпал етті. Сол себептен
оның Құдай туралы түсініктерін егжей-тегжейлі қарастыру керек. Плотин
идеялары философия тарихының өзіндік кіріспе бөлімі іспетті болды. Ол
өзінен бұрынғы грек ой-пікірінің 800 жылында орын алған барлық ірі
ағымдарды зерттеп шығады жəне оларды кемел деңгейге жеткізгені
соншалық - тіпті біздің танымал замандастарымызды, мəселен, Томас Элиот
жəне Анри Бергсонды да шабыттандырды. Платон ойларына сүйенген
Плотин, өзін-өзі тануды мақсат еткен көзқарастар жүйесін жасап шығады.
Өзіне дейінгілер сияқты, ол да əлемнің құрылымын ғылыми тұрғыда
түсіндіруге ұмтылған жоқ немесе өмірдің туындауының материалдық
себептерін табуға тырыспады. Ол қоршаған ортаның объективті түсінігін
іздестірмеген, керісінше шəкірттерін өздеріне үңілуге жəне өз жандарының
тереңдіктерін зерттеуге шақырды.
Адамдар өздерінің жан дүниесіндегі қолайсыздықты іштей түйсінеді. Олар
мұндайда өз-өздеріне кереғар күй кешеді, өзгелермен тіл табыса алмайды.
Өздерінің ішкі болмысынан айырылып, бағдарынан жаңылады. Біздің
күнделікті тіршілігімізді дауқұмарлық пен қарапайымдылықтың жоқтығы
сипаттайтын тəрізді. Дегенмен біз шаршамастан, өзімізді қоршаған əртүрлі
құбылыстарды əлдебір жүйелі тұтастыққа алып келуге үнемі тырысамыз.
Жақынымызға қарап тұрып, біз оның қолын, аяғы мен басын жеке-жеке
қарастырмаймыз, жеке-жеке болып көрінетін мүшелерден əдетте адамның
тұтас бейнесін жасап шығамыз. Бұл бірлікке деген ынта – адам ойының
негізгі қасиеті. Плотиннің пікірінше, ол барша заттардың мəнін бейнелейтін
көрінеді. Платонның ақылына сүйенсек, болмыстың түпкі ақиқатын табу
үшін, жан өзін-өзі қайта жаңғыртуы, тазару (katharsis) кезеңінен өтуі жəне
мəңгілікті түйсінуі (theoria) тиіс. Жан ғарыш пен сезімдік əлем шегінен
шығып кетуге, тіпті ақылының табиғи мүмкіндіктерінен асып кетуге
тырысуы керек. Осылай ғана ақиқаттың өзегіне үңіле аласың. Бұл – сыртқы
ақиқатқа деген ұмтылыс емес, керісінше, өз ақылыңның терең құпияларына
бойлау, тіпті «іштің сыртқа ашылуы».
Жоғары ақиқат – бұл о бастан бар бүтіндік, Плотин оны «Алғашқы
жалғыздық» деп атаған. Барлық болмыс, өмірде бар болғаны үшін, осы
құдіреті күшті ақиқатқа қарыздар. Алғашқы жалғыздық
қарапайымдылықтың өзі болғандықтан, ол туралы айтатын ештеңе жоқ.
Оның мəніне кереғар келетін қасиеттер жоқ болғандықтан, əдеттегі тілмен
оны жеткізе алмайсың. Алғашқы жалғыздық бар. Дəл осы себептен оның
есімі жоқ: «Егер де Алғашқы жалғыздық туралы нақты ойланар болсақ,дейді Плотин, – Тыныштық ол туралы көптеген ақиқаттың бетін ашар
еді».** Алғашқы жалғыздық бар деп те айтуға болмайды, өйткені оның өзі
Болмыс - ол «зат емес, əйтпесе басқалардан несімен ерекшеленер еді».
Бұған Плотин мынаны қосады: Алғашқы жалғыздық – бұл «Барлығы жəне
Ештеңе; бар заттың бірі де емес, бірақ сонымен бірге солардың əрқайсысы
да». Кейін көзіміз жеткендей, мұндай ойлар Құдай баянының лейтмотиві
болады.
Тыныштық та толыққанды ақиқат емес, Плотиннің нақтылауынша, адамдар
құдайлықты толық тани алмайды. Алғашқы жалғыздық құпиялы сырмен
қоршалған болса, бұл мүмкін болмас еді. Ол өз-өзінен жоғарылап,
Қарапайымдылығының шегінен шыққанда, біз сияқты шетін жаратылысқа,
түсінікті болады. Мұндай құдайлықтың өз-өзінен жоғарылауын «экстаз»
деп атауға болады. Өйткені бұл «өзінен шығу» таза жомарттық актісі болып
табылады. «Алғашқы жалғыздық кемел болған соң, ешкімді іздемейді,
ешбір мұқтаждығы, қалауы жоқ, оның өзі барлығына толы, осы кемелдік
бөгде бір нəрсені жасады». *° Бұл жерде жеке ештеңе жоқ. Плотиннің
ойынша, Алғашқы жалғыздық адами сипаттардан, соның ішінде жекеліктен
ада. Мінсіз қарапайым Қайнар көздің барлық болмысты неліктен
жаратқанын түсіндіру үшін философ көне мифке бет бұрды жəне
эманацияларды бірқатар аналогиялармен суреттейді. Күннен шыққан сəуле
болсын немесе оттан шыққан ыстық болсын, ыстық болған сайын оның
қарабайыр жүрегіне жақындай түседі. Плотиннің Алғашқы жалғыздықты
дөңгелектің ортасымен салыстыруы оның сүйікті метафорасы болды. Ол
өзінен шығатын барлық дөңгелектерді өзіне сыйдыра алады. Эманациялар
суға тасталған тастан шығатын дөңгелектерге ұқсайды. Бірақ кезекті жұп
Құдайлардың алдындағыдан туындап, өз ата-анасынан кемелірек жəне
қуаттырақ болатын «Энум Элиш» сынды мифтерден айырмашылығы –
мұның бəрі Плотин жүйесінде керісінше. Гностиктердегі секілді болмыс
өзінің Алғашқы жалғыздығындағы бастауынан алыстаған сайын əлсірей
береді.
Алғашқы жалғыздықтың алғашқы екі эманациясын Плотин құдайлық деп
санады. Өйткені дəл солар адамдарға Құдай болмысын тануға жəне оған
қатысты болуға мүмкіндік береді. Бұл эманациялар Алғашқы жалғыздықпен
қосылып, құдайлық Үштікті құрайды, бұл идея біздің қазіргі Үштік туралы
түсінігімізге ұқсайды. Бірінші эманация, Ум (нус), Плотин жүйесінде
платондық идеялардың патшалығына сəйкес келді. Ум арқылы Алғашқы
жалғыздықтың қарапайымдылығы интуитивті деңгейде, тікелей білім
арқылы болса да, қолжетімді болады. Бұл мүлде азап ойлардың, ұзақ
пайымдаулардың нəтижесінде алынатын білімдер емес. Бұл білім тікелей,
белгілі бір затты қабылдайтын сезім ағзаларының таңданысына ұқсайды.
Жалғыздан Умның шыққанындай, Умнан шығатын жанның (псюхе)
кемелдігі сəл аздау, бұл деңгейде білімді пайым жолымен алады. Сондықтан
оған қарапайымдылық пен бірізділік жетіспейді. Жан бізге мəлім
шынайылыққа сəйкес келеді. Материалды жəне рухани болмыстың басқа
барлық элементі Жаннан келіп шығады. Ол өзінде бар бірлік пен үндестікті
біздің əлемімізге жеткізеді. Тағы бір нақтылап өту керек: Плотиндегі Үштік,
Алғашқы жалғыздық – ум – Жан – «əлдебір жердегі» əлдеқандай бір Құдай
емес. Оның көзқарасынша, Құдай барлық ғарышты ішіне сыйғызып тұр, ал
Құдай – барлығында болатын барлық нəрсе. Алғашқы жалғыздықтың
абсолюттік болмысына қаншалықты қатыстылығы болуына қарай төменгі
жаратылыс өмір сүреді.
Эманациялардың шығу ағысы Алғашқы жалғыздыққа қайту қозғалысымен
бəсеңдейді. Ой-əрекетіміздің арқасында жəне қайшылықтар мен көптікке
деген сенімсіздіктен, бүкіл жаратылғандар жалғыздықты сағына
мұңаятынын, яғни Алғашқы жалғыздыққа ұмтылатынын біз білеміз. Бұл –
жоғары ақиқатқа көтерілу емес, ой түбіне іштей үңілу. Жан ұмытылған
қарапайымдылыққа ие болуы керек жəне өзінің табиғи болмысына қайтуы
керек. Барлық жандар əлдебір уақытта сол бір ақиқаттан туындағандықтан,
адамзатты ортасында дирижері бар үлкен хормен салыстыруға болады. Бір
əнші қалып қойған жағдайда ырғақтағы үйлесімділік бұзылады. Егер де
барлығы дирижерге назар аударып, оны тыңдайтын болса, адамзаттың
біртұтас əні тамаша шырқала жөнеледі. Өйткені «əркім міндетіне сай жəне
онымен үндесе əн шырқайды».
Алғашқы жалғыздықтың мүлде тұлғалығы, жынысы жоқ, ол бізге мүлде
назар аудармайды. Сонымен бірге Ум (нус) - грамматикалық жағынан
алғанда, ер тегіне жататын ұғым, ал Жан (псюхе) – əйел текті, бұдан
шығатыны, Плотин екі бастаманың тепе-теңдігі мен келісімі туралы көне
пұтқа табынушылық түсінігін сақтап қалуға тырысқан. Інжілдік Құдайдан
айырмашылығы – Алғашқы жалғыздық алдымыздан шығып, үйіне
бастамайды. Оның бізге ықыласы жоқ, бізді жақсы көрмейді жəне өзін бізге
ашпайды. Алғашқы жалғыздық өзінен басқа ештеңені білмейді. Дегенмен
кейде адам жаны Алғашқы жалғыздықты экстатикалық қабылдау сəттеріне
таңдана қарайды. Плотин философиясы – логикалық үдеріс емес, рухани
ізденіс:
«Сондықтан біз осы жерден тезірек кетіп, (жанды) байлаған тəн құрсауынан
құтылып, барлық күшті Құдаймен бірігуге жұмсауға тырысуымыз керек,
онымен толық бірігу үшін бойымызда бірде-бір кедергі қалмауы керек.
Мұндай бірлікке қол жеткізгендер, Құдайды көргендер мүмкіндігінше
(табиғатымызға лайық) одан өзін көреді, рухани нұр жарығымен
сəулеленеді, тіпті өзін таза, жіңішке нұр ретінде көреді. Ол өзін Құдайға
айналғандай, тіпті өзін Құдай деп көреді...» 33
Бұл Құдай бізге бөгде болмыс емес, өзіміздің бір бөлшегіміз болды.
«Жалғызды тану ғылыммен, оймен емес, тек тікелей (оның) қатысуынан
(парусия) жүзеге асады, бұл кез келген ғылымнан жоғары болады». +
Христиандық біртіндеп платондық идеялар билеген салаларға жақындап
келе жатты. Кейінірек христиандық ойшылдар өздерінің діни əсерлерін
түсіндіруге əрекет жасаған кезде, Плотин мен оның пұтқа табынушы
ізбасарларының неоплатондық ойларына жүгінулері табиғи болып көрінді.
Көзі ашықтық ұғымы тұлғасыз, адами категориялардан тысқары болса да,
адам табиғатына жақын болу – Плотин білім алуды армандаған Үндістандағы индуистік жəне буддистік мектептердің түсініктеріне жақын
болды. Осылайша, үстірт айырмашылықтарға қарамастан, ақиқат туралы
монотеистік түсініктер басқа философиялармен терең туыстық байланыста
болды. Адамдар Абсолют туралы ойланбайтын тұста, міндетті түрде ұқсас
қорытындылар мен толғаныстарға келетін сияқты. Қатысу сезімі, экстаз бен
Ақиқатқа деген құрмет – нирвана, Алғашқы жалғыздық не құдай болсын бұлар адамдар мəңгі ұмтылатын ақыл мен қабылдаудың табиғи халдері.
Христиандардың бірі грек əлемімен тату-тəтті болғысы келсе, басқалары,
керісінше, олармен еш байланысқа бармады. Қуғын кезеңінің басталуын
білдірген 170 жылдан кейін, Фригияда (қазіргі Түркия территориясы)
Монтан атты, Құдай бейнесі іспетті, жаңа пайғамбар пайда болды. «Мен адамға енген Аса Құдіретті Құдаймын, – деді ол. – Мен əке, Ұл, жəне оның
серіктері Присцилла мен Максимилланың Шапағатшысы (параклет) жоғары
лауазымына лайық болдым». Монтанизм ұстамсыз, апокалиптік сенім
болды жəне Құдайдың қорқынышты портретін бейнеледі. Оның жолын
қуушылар дүниеден бас тартып, қатал тақуалықта өмір сүру ғана емес,
Құдайға апарар жалғыз жол – ауыр азаптар екеніне сенді. Сенім үшін
азапты өлім – Мессияның екінші келуін жақындатуы тиіс болды:
азапталушылар зұлымдық күштермен күресетін Құдайдың əскерлері болды.
Бұл қатал ілім христиандардың бойында ұйықтап жатқан экстремизмді
оятты: монтанизм, өрт сияқты, Фригия, Фракия, Сирия мен Галлияны
жылдам шарпыды. Ол əсіресе Солтүстік Африкада берік орнықты, бұл
жерде бұрыннан адам құрбандығын талап ететін құдайларға үйреніскен
болатын. Сонымен қатар алғаш туған сəбилерді құрбандыққа шалатын Ваал
культіне император тек 14 ғасырда тыйым сала алған еді. Көп кешікпей
монтанизм бүлігі – Рим шіркеуінің жетекші теологі болған Тертуллиан
сынды - танымал ойшылдарды да еліктіре бастайды. Шығыста Климент пен
Ориген бейбітшілікті, Құдайға қуана қайтуды насихаттаса, Батыс шіркеуінің
қорқынышты Құдайы үшін құтқарылудың құны тек азапты өлім болды. Сол
дəуірлерде христиандық Батыс Еуропа мен Солтүстік Африкада үстемдік
ету үшін күресті, бастапқыда-ақ онда қаталдық пен шектен шығушылыққа
деген бейімділік көрініс бере бастайды.
Дəл сол уақытта Шығыста христиандық жылдам тарала отырып, 235 жылы
Рим империясының үстем дініне айналады. Христиандар біртұтас сенім
қағидасы бар, яғни шектен шықпайтын жəне теріс қылықтарсыз ғаламдық
Шіркеу турасында жиі айта бастайды. Ортодоксалды теологтер
гностиктердің, маркиониттер мен монтаниттердің суыққабақ
дүниетанымдарын түбірімен жойып, орта жолды таңдады. Христиандық
қалалық дінге айналып, мистерийлер культінен де, біржақты тақуалықтан
да бас тартты. Көбінесе өзіне грек-рим əлеміне түсінікті дін приниптерін
жасауға қабілетті, жоғары білімді адамдарды баурады. Жаңа дін əйелдерге
де үн қатты: жазбаларда айтылғандай, Мессия еркек те, əйел де болмаған,
ерлер əйелдеріне, Мессия Шіркеуге қалай қамқор болса, солай жəрдем
көрсетулеріне үндеді. Басқаша айтар болсақ, христиандық кезінде
иудаизмді қызықты етіп көрсеткен артықшылықтарға ие бола бастады.
Оның үстіне, сүндеттелуді немесе Бөтен Заңға бағынуды талап етпеді.
Шіркеу бекіткен қайырымдылық жəне мейірімділік жүйесі, христиандар
арасындағы бауырлас жақындастық пұтқа табынушыларға ерекше əсер етті.
Көп жылғы сыртқы қуғындаулар мен ішкі жікке бөлінушілікпен күрес,
Шіркеуді өз империясының құрылымын миниатюрада қайталаған əрекетшіл
институтқа айналдырды. Ол да ұлтаралық, құрылтай, халықаралық жəне
экуменді сипатта болып, тəжірибелі лауазым иелері басқарды.
Мұндай шіркеу тұрақты қуаты бар күшке айналды да, ақырында өз
қатарына император Константинді тартты. Ол 312 жылы Милвий көпірі
маңындағы шайқастан кейін жаңа дінді қабылдайды. Ал келесі жылы оны
заңдастырады. Осыдан бастап христиандарға мүлікке иелік етуге, ашық
ғибадат жасауға жəне қоғамдық өмірге тең құқылы түрде араласуға рұқсат
етілді. Пұтқа табынушылық екі ғасырға жуық шарықтап тұрғанмен,
христиандық империяның мемлекеттік діні пайда болды. Жаңа дін уəде
еткен материалдық игіліктер, оған кірушілердің санын көбейтті. Көп ұзамай
əуелде жеккөрінішті секта болып басталған, сабырлыққа шақырған
байырғы шіркеу баршадан өз заңдары мен көзқарастарын мойындауды
талап етті. Христиандық жеңісінің себептері анықталмай келеді. Оның Рим
империясының көмегінсіз табысқа жетуінің мүлде мүмкін емесі белгілі.
Бірақ бұл жағдай да барлық сұрақтарға жауап табуға жол ашпай отыр.
Христиандық діні үнемі бақытсыздықтарға душар болатын, оны табысты
деп айту қиын еді. Көп кешіктірмей шешуді қажет еткен мəселе Құдай
доктринасы болды. Константиннің шіркеуді сыртқы қатерден құтқарғаны
сол-ақ еді, енді оның ішінде христиандарды бірқатар ымыраға келмейтін
шептерге бөліп тастаған жаңа қауіл ірге тепті.
IV. ҮШТІК: ХРИСТИАН ҚҰДАЙЫ
320-жылдар шамасында Мысыр, Сирия жəне Кіші Азия шіркеулерінде қызу
діни пікірталастар жүріп жатты. Теңізшілер мен саяхатшылар тек əке ғана
шынайы, танып білуге болмайтын жəне жалғыз Құдай екенін, ал Ұл о
бастан бар болмаған жəне мəңгілік емес деп есептеді. Өйткені өмір мен
болмысты оған Əке сыйлағанын халық арасында кең тараған өлеңдеріне
қосып айтты. Бізге моншашының шомылушымен Ұлдың жоқтан
жаратылғаны туралы əңгімесі; ақша айырбастаушының теңге ауыстыруды
өтінген кезде алғаш жаратылған əлем мен мəңгі Құдай арасындағы
айырмашылық жөнінде айтқан ұзақ түсіндірмелері; наубайшының сатып
алушылармен əңгімесінде Ұлдан гөрі Əкенің жиі-жиі еске салғаны белгілі.
Халық адамның ақылы жете бермес тақырыптарды қазіргі күні футбол
ойынын талдағандай ықыласпен талқылады. Туындаған даудың себепкері
даусы жұмсақ əрі құлаққа жағымды, ал жүзі шексіз уайымға толы
александриялық пресвитер (дін қызметкері) Арий (Ариус) болатын.
Жергілікті епископ Александрдың Арий көтерген мəселелерге назар
аудармауы, тіпті мұны теріске шығаруы оған оңайға тимеді: қалайша Иса
Əкесі секілді Құдай бола алады? Арий Мессияның құдайлығын жоққа
шығармайды. Расында да, оны «құдіретті Құдай» жəне «толық Құдай»?
дейді. Бірақ ол Мессияны табиғатына қарап Құдай деп атауды «Құдайға тіл
тигізу» деп түсінеді, өйткені Иса Əкесінің өзінен ұлы екенін нақты айтқан.
Александр мен оның тамаша жас шəкірті бұл діннің нəзік мəселесіне
қатысты əдеттегідей жай ғана емес екенін тез арада ұғына қойды. Арий
Құдайдың табиғаты туралы өмірлік маңызы зор сауалдарды алға тартты.
Оған қоса, шебер насихатшы Арий өз идеяларын музыкаға көшіріп, ізінше
халық ол жайларды өздерінің епископтарымен бірге қызу талқылай
бастады.
Пікірталастың шарықтау шегіне жеткені соншалық – бұған император
Константиннің өзі де кірісіп кетіп, мəселені шешу үшін қазіргі Түркия
аумағындағы Никейге Синод жиынын шақырады. Қазіргі таңда Арий есімі
діни сандырақтың баламасына айналды. Дегенмен сол дау өршіген тұста
Арийдің қателесіп не қателеспегені жөнінде ресми ортодоксалды пікір
айқындалмаған болатын. Оның мəлімдемесінде жаңа ештеңе жоқ еді: дəл
сондай доктринаны кезінде екі тарап та өте құрметпен қарайтын Ориген де
уағыздаған болатын. Алайда Ориген дəуірімен салыстырғанда,
Александрияның зиялы ортасы біршама өзгерді. Көпшілік платондық
Құдайдың інжілдік Құдаймен толық үйлесетініне күмəнмен қарай бастады.
Мəселен, кез келген платоншыны Арий, Александр мен Афанасий ұстанған
идеялар таңғалдырды:Олар киелі мəтін негізінде: «Құдай əлемді жоқтан (ex
nihilo) жаратты», деп айтты. «Болмыс кітабында» бұл туралы ештеңе
айтылмаған: дінбасының (Р) пайымдауынша, Құдай əлемді алғашқы
хаостан жаратты. Осылайша, Құдайдың ғаламды жоқтан бар етіп жарату
түсінігі - теологиядағы үлкен жаңалық болды. Гректерге мұндай ой мүлде
жат еді. Мұндай ой Клименттің де, Оригеннің де басына келмеген, олар
эманациялардың платондық жүйесін қатты ұстанды. Бірақ ІV ғасырда-ақ
христиандар «əлем əлсіз де əлжуаз құрылым» деген гностиктердің
көзқарасын қолдады. Бұл əлем Құдайдан түпсіз шыңыраумен бөлінді.
Жаратылыстың жаңа доктринасы еx nihilo тіршілігі түгелімен Құдай еркіне
тəуелді болған əлемнің түбегейлі жалғанын нақтылай түсті. Гректік
танымдардың өзгешелігі, Құдай мен адамды енді туыстық қатынастар
байланыстырмайтын еді. Құдай əрбір болмысты түпсіз бостықтан жекежеке алып шықты. Кез келген мезетте жаратылыстың əрбір бөлшегіне
көмектесе алмайтын. Құдайдан бастау алатын болмыстың иерархиялық ұлы
тізбегі жойылды. Сонымен бірге құдайлық мананы біздің əлемге көшіретін
рухани болмыстардың аралық əлемі де жоғалды. Ендігі жерде адамдар өз
бетінше Құдайға тіршілік сатысымен бара алмайтын болды. Мəңгілік
құтқаруды адамға тек Құдай сыйлай алды. Ол алдымен адамды бостықтан
алып шықты, содан кейін ғана оған өмір берді.
Христиандар өздерін Исаның өлімі жəне қайта тірілуі арқылы құтқарғанын
біледі, олар жойылудан сақталып қалды жəне күндердің күнінде болмыс
пен өмір сипаты бар Құдаймен қауышатынына үміттенді. Иса қандай да бір
кереметтің арқасында Құдай мен адамды бөліп тұрған кедергіден өте алды.
Бірақ Иса мұны қалай істеді? Ұлы тұңғиықтың қай жағында тұрды? Ендігі
жерде Плерома жоқ, көптеген делдал мен эондар мекендеген Кемелдік
кеңістігі жоқ. Екі нұсқа ғана қалған болатын: Мессия — Сөз, не құдайлық
əлемге (қазір онда тек Құдай бар), не жалған дүниеге тəн болды. Арий мен
Афанасий оны шыңыраудың екі жағына орналастырды: біріншісі –
жаратылған əлемге, екіншісі – Құдай патшалығына.
Арий қайталанбайтын Құдай мен оның жаратқандары арасын түбегейлі
түрде ажыратып көрсетуге тырысты. Епископ Александрға жазған хатында
былай дейді: «Құдай – «жалғыз, туылмаған, мəңгі жəне түпсіз, жалғыз,
шынайы, өлмейді, дана, рахымды жəне аса құдіретті». Арий Киелі кітапты
өте жетік білді жəне Мессия – Сөздің табиғаты тек біз сияқты бола
алатынын дəлелдейтін тұтас ауқымды мəтіндермен қаруланды. «Əңгімелер
кітабындағы» үзінді өте маңызды. Яғни Құдай Даналықты ең бастапқыда
жаратқан.* Онда Даналық жаратылыс қаруы ретінде айтылған, бұл ой
Иоанн Інжілінің алғашқы шумақтарында қайталанып қолданылады.
Алғашқыда Сөз Құдайда болған:
«Барлығы Содан бастау алды,
Онсыз бірде-бір нəрсе жаратылмас еді».
Логос жаратқандарға тіршілік беруде дəнекер ретінде Құдайдың қолындағы
құрал болды. Осылайша, Сөз қалған жаратылыстан мүлдем ажыратылды
жəне аса жоғары статусты иеленді. Басқа жағынан алып қарасақ, Сөздің өзі
де жаратылған, бұл оны Құдайдың өзінен мүлде бөлектеді.
Иоанн Богослов нақты Исаның Логос екенін, Логоҫтың Құдай екенін
түсіндірді. Арийдің айтуынша, ол табиғатынан Құдай емес, тек Құдай
тарапынан құдайлық деңгейге жоғарылатылған. Логостың бізден ерекшелігі
– оны Құдай Өзі, ал қалғандарын Сөз арқылы жаратқан. Адамға айналған
Логостың Құдай əмірін орындайтынын болжай білген Жаратушы, Исаға о
бастан құдайлық сипат беріп дəріптеген. Дегенмен Исаның құдайлығы
əуелден бар емес, бұл – тек сыйлық, марапат. Өз ойларын Арий жазба
дəлелдермен негіздеп отырған. Исаның Құдайды «Əке» деп атауының
өзінде айырмашылық барына нұсқайды. Əкелік мəртебе болмысының о
бастан барынан жəне ұлынан жоғары тұрғанынан білінеді. Арий, сонымен
бірге Исаның бойсұнуы мен əлсіздігі туралы айтылған Інжілдегі үзінділерге
де сілтеме жасайды. Арийдің дұшпандары не десе де, онда Исаны қаралау
ниеті болмады, Арий Исаның қайырымдылығына жəне адамдарды
құтқарған жазаны бас иіп қабылдағанына құрметпен қарады. Арийдің
Құдайы — грек философтарының Құдайына жақын: Ол алыста жəне біздің
əлемімізден тыс. Осы себептен де Арий гректердің құтқарылу идеясына көп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны - 11